Latin Common Turkic

Аққан жұлдыз - 19

Total number of words is 3753
Total number of unique words is 2114
32.6 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Сол маңайда Үй мен Тобыл өзендері түйіскен жерде қазақша «Қырықбойдақ», орысша – «Устьуйск» аталатын, Обаған мен Тобыл
өзендері түйісетін тұста қазақша – «Бағлан», орысша – Звериноголовск»
аталатын казак-орыс станицалары бары бізге жоғарғы тараулардан белгілі.
Бұл маңайда балықшылық кəсібімен ең алғаш осы станицалардың казакорыстары шұғылданған да, кейін қазақ кедейлерінен жұмысшы жалдап,
содан қазақтар да біртіндеп бұл кəсіпке араласа бастаған.
Бірақ ұлт пен ұлтты шағыстырып ұстайтын патшашылдық заманда,
казак-орыстар өздерін «жоғары», қазақтарды «төмен» санап, станицаларға
қарайтын жерге де, суға да қазақтарды маңайлатпаған, малдарын
жақындатпаған, жақындап келсе айдап ап, қайтармаған, кейде, айдап алған
малды сіңіріп те кеткен. Мысалы, жоғарыда аталған атаман Андрей
Бородин, Жайық қазақтарының 8000 жылқысын Еділ қалмақтарына
айдатып, олар патшаға шағым беріп, патшадан «қайтарт» деген əмір
келгенде, өзі меншіктенген тең жартысын қайтармаған. Ақыры, сол жұмыс
«басына жетіп» қызметінен алынған.
Қырықбойдақ пен Бағлан казак-орыстары да сөйтіп, тəуелді жерлерінің
суына қазақтан,өз бетімен балық аулаушылары жолатпаған. Сондықтан
қазақ балықшылары казак-орыстардың «он шақырымдық жолақ» (полоса)
аталатын жеріне бас сұға алмай, жолақтан тыс «Теңізден» аулайтын болған.
Айтушылар, «Теңіз жағасында алғаш қазақтар мен казак-орыстардың
кедейлері бірігіп аулаған еді, себебі: қайықтар мен аулар орыста ғана, көлік
қазақтарда ғана болған еді» деседі.
Басында солай құрылған бұл «артельдің» аяғы не боп кеткенін ешкім де
білмейді. Маңайдағы елдің тек қана білетіні, неше түрлі халықтар араласып
кеткен, іштерінде құлақ естімеген елдердің адамдары бар. Расында да
солай. Бұлардың ішінде орыс, қазақ, башқұрт, татар, остяк, чуваш, қалмақ,
тунгус, поляк, швед, чукшы, нанай, якут, бурят сияқты толып жатқан
елдердің «өкілдері» бар. Олардың көбі Сібірге айдалып барған
«қылмыстылардан» қашқан: «поселыцик», «ворнак» аталатындар. Бұл екі
лақапты да патша үкіметі тұрған елге: «талаушылар, кісі өлтірушілер» деп
жариялағандықтан (сондайлардың болғаны да рас), бейбіт елден олардың
маңына жолайтын жан өте сирек болады. Қашқындардың бұлайша
топталуына үкімет көңіл бөліп, алғаш қудалады да, артынан, біріншіден,
балық кəсібімен шұғылдануына көзі жетіп, екіншіден, - осындай
кəсіпшілдер əр жерде молаюын еске алып, тек сырттарынан ғана
бақылатты да, ішкі істеріне араласпады.
«Ішкі істері» дегенде, лақабы «қаңғырған» (бродяжное) аталған бұл
мекенде, қанша жан тұрып жататыны мəлімсіз. Сырт хабарға қарағанда
«кейде – толып, кейде – солып» дегендей, бір жылдары молайып, бір
жылдары азайып кетеді. Үй сандары да сондай. Басым көпшілігі қамыстан
құралатын, олардың кейі – күрке, кейі – үй-сымақ, кейі – барақ болатын.
Төбесі сырғауылмен жабылған, сығырайған кіп-кішкене терезелері бар
шым үйлер сирек кездесетін «қаңғырған», құрылыс жағынан не қазақ
қыстауына, не орыс селосына ұқсамайтын ығы-жығы бірдеме.
Көпшілігі қашқындардан құралатын «қаңғырғанның» адамдары
орталарынан біреуін «атаман» сайлап алады да, өзге ешбір үкіметке
бағынбайды. «Қаңғырғанның» ішкі, сыртқы істерінің бəрі атаманның
қолында; балықшыларға керекті аспаптарды, басқа кейбір жабдықтарды
табатын да сол, ауланған балықтарды сəудегерге өткізетін де сол, кəсіптік
ішкі жұмыстарында əмірші де сол. Оның айтқанын ешкім қалт етпейді.
Ертерек құрылған «артельдің» атамандары əртүрлі болып жүрді де,
біздің жолаушылар қаңғырғанға барардан он шақты жыл бұрын Кирила
Курагин деген кісіні атаман қойды. Оның да негізі қашқын болғанмен,
патша үкіметінің жергілікті əкімдеріне жақты да, «сұрағанын алып,
қалағанын беріп» дегендей, жағымды адамдарының біріне айналды.
Курагин өзінен бұрынғы атамандардың бəрінен күшті шығып, «артельді»,
ашса – аясында, жұмса – жұмырында ұстады. Оның мінезіне, қылығына
қарап, қарамағындағылар əлденеше ат қойып алды. Орыстар жағы оны
көзінше «Кирила» деп есімімен атады да, атылар мылтықтай мінезіне
қарап, сыртынан «Курагин» деген фамилиясының орнына «Курок» десті,
онысы – мылтықтың шапқысы» дегені. Қазақтар «Кириланы», – «Керала»
деп, «Курагинды» – «Құрақтың баласы» деп атады. Тəртіпке қатты Курагин
ісінде əділ болды. Сондықтан орыстар жағы оны «Мифодий» деп те атады,
онысы – орыстың көне тарихында айтылатын – Кирилл Мифодий есімді
əулиенің атын қосуы.
«Ұры байымайды., сұқ семірмейді» дегендей, құралуына талай жыл
өткенмен, «қаңғырғаннан» шаруа жинап ауқатты болған адам естілмейді.
Онда тұрғандардың ешқайсысында жеке меншік жоқ. Күн көрістері, тек
балыққа ғана байланысты. «Жұтқан жұтамайды» дегендей, балығы көп
жылдар болмаса, тапшы жылдарда бүйірі шығып тоймайды да, бірақ аштан
да өлмейді: жоқшылық жылдары, тұздаған балықты татумен де күнін көре
береді. Балықтан басқа қорек, олардың ілуде біреуінде ғана болмаса,
өзгелерінде жоқ. Сөйте тұра, бір ғажабы, маңайдағы ауыл-селоларға
емінбейді, олардың еш нəрсесіне тимейді, ашты – тоқты болса да, барын
қанағат қып отыра береді.
Біздің жолаушылар осы «Қаңғырғанға» болдырған атпен салпақтап əрең
жеткенде, тұрғындарының бəрі түгелімен іс əрекетінде еді. Жан-жағынан
құяр, я шығар өзендері жоқ бұл көлде балықтың жүретін де, жүрмейтін де
кездері болады. Кейде балықтар көлдің ортасындағы «айдын» аталатын
тереңіне тығылып жатып алады да, төңірегіне құрған ауларға бірен-саран
қаңғыбастары ғана ілегіп, жапа-тармағай түсу болмайды. Тереңге салатын
ау, бұл «артельде» жоқ. Ал кейде, əсіресе қалың жаңбыр болардың
алдында, тереңдегі балықтар сайызға, жиектегі қамыс арасына қаптай
шығып, ауларды толтыра ілінеді де балықшылар мəре боп қалады.
Бүгін де солай болған еді. Ауыр ауларды кешке дейін тартып түгескен
балықшылар, енді қазаға қамалғандарды сүзуге кіріскен. «Қаза» дейтіні
қамыстан қошқар мүйіздендіре кең ғып жасаған қоршау. Аузында аудан
жасаған, алқымы тар шонтайы бар, оған балықтардың кіруі оңай да, біренсараны ғана болмаса, басқаларының шығуы қиын. Осы қазаның ішіне бірер
қап шегіртке төксе, оған жаны құмар балықтар таласа кіреді де, қайта шыға
алмай қамалып қалады. Кейде осындай қазалардың іші балықтарға тұна
толып, аулаушылар шелекпен сүзіп ала береді. «Қаза» яғни «ажал» аталуы
да сондықтан болу керек. Жақсы жасалған қазалар – балықтардың ажал
орны.
Бүгін аулар ғана емес, қазалар да лық толған еді. Жинауға жағдай да
толық. Осы мезгілде толыққан ай, аспаннан күн еңкейе бозамықтанып
көріне бастады да, күн сəулесі қоңырланған сайын жарқырай түсіп, қас
қарая, құммен аршыған жез легендей жалтырап кетті, жарығы даланы
күндізгідей жарқыратып жіберді. Бұл көлдің былай да көп масасы, мұндай
кезде тіпті молайып, тобымен ұшқанда, кешіп келе жатқан бұлт
сияқтанады. Бүгін де солай. Бірақ жалаңаш-жалпы болғанмен, масалардың
шағуына еті өліп кеткен балықшылар оған қарар емес: аудағы балықтарды
тартып, қазадағыларын дамылсыз қалқып жатыр.
Жол торабы Қаңғырғанның, шетіне таяна бітетін еді де, арғы шетінен
тағы басталатын еді. Ол шетіне, не Қаңғырғанды орап қыратпен бару керек
те, не егер жүйесін тапса, ішімен бару керек. Абаның екеуімен де жүргені
бар, орау оңай да, аралау қиын. Солардың қайсысымен жүруді білмеген
Аба, босаң жортақтап келе жатқан аттардың басын тежеңкіреп Шыңғысқа
бетін бұрып, мəнісін айтып еді, ол жөн айтудың орнына:
– Бағлан қанша еді, бұдан? – деді.
– Жиырма, жиырма бес молынан болар, – деді Аба.
– Аттар жеткізе ала ма бүгін?
– Қайдам, тым босаңсып келеді.
– Қонуға бола ма, мұның өзіне?
– Қайдам, маса буып жүрмесе.
– Көп бола ма масасы?
– Ойбай, ол да бір хан - ием, бұлт та бір.
– Онда балық жейміз де, аттанып кетіп, арғы масасы жоқ қыратқа
қонамыз.
Сол кезде, кешке қарай тынып қалған жел көл жақтан баяу есе бастады,
ол жолаушылардың мұрнына балық иісін əкелді.
– Қайда ол балықтар? – деді Шоқан Абаға.
– Кел жағасында ғой деймін. Жас балықтың иісі. Тегі аударын тартып
жатқан болу керек.
– Білесің бе, ол тұсты?
– Көргенім бар.
– Ендеше, айда аттарды.
Шыңғыс үндемеді. Аба онысын «ризаласуы» деп ұқты. Расында да
солай: «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» деген ұғымдағы қазақ, əсіресе, барған жерінде дастарқаны жаюлы тұратын Шыңғыс, қандай жыраққа
сапар шексе де азық алмайтын. «Бүгін Бағланға жетеміз» деген дəмемен,
бұл жолы да сөйткен. Бірақ «қырсыққан жол» ол ырқына көнбей, «Бағланға
ерте жетеміз» деп аттанған олар түнге ұрынып, қарындары мейлінше
ашқан, сондықтан Шоқан түгіл өзі де таңсық көретін балықтан жей кетуге
оның құлқы соға қалды.
Аба Қаңғырғанның ішіне қарай жөн тартты. Ондағы ізі қиқы-шойқы
тұрақ жайларының арасынан болдырған аттар түгіл, тың аттар да аяқтарын
аяңнан артық баса алмас еді. Қараңғыда ол іздерді тауып басу мүмкін де
емес еді. Тек, бұл түнде айдын, жарық болуынан ғана, біздің жолаушылар
аттарының басын əлденеге тірей, əлденеге арбалары соқтыға, сылбыр
аяңмен жылжып келе жатыр. Кей тұстарда сыналанып етерлік сүрлеу таба
алмай, тоқырап та қалады. Ондайда Аба арбадан түсе қалып, төңіректі жая
шолып келеді. Бұндай халде, құдайдың дес берісінде, Жылан-сырттардың
болдырып жеткені жақсы болды. Тың күйлерінде кірсе, ең алдымен, сырт
көрінісі жалба-жұлба Қаңғырғанның ішіне кірмек түгіл, анадайдан үркіп
лаға-лаға қашар еді, ал, күшпен кіргізе қалса, көрінген күркеге соқтығып,
сүйкенсе құлап түскелі тұрған тұрақтың талайы бүлінер еді, талайы
жемірілер еді...
Жел айдап əкелді ме, əлде, қамыстан жасалған үй - сымақтардың
арасында тұнып тұрды ма, Қаңғырғанға жолаушылар кіре бере ду ете
түскен қалың маса үстерін бұрқыраған шаңдай жапты да кетті. Денелерінің
ашық жерлеріне олай қаптай қонып, ашындыра шаға бастанғанда
жолаушылар жандарын қайда қоярға білмей жан таласты.
– Шатырды көтерейік – деді Шыңғыс сасқанынан.
Ол көтеріліп, өңірі жабылғанмен, ішінде лық тола қалып қойған
масалардың қараңғыда үймелей шағулары əлгіден де басым болып кетті.
Қашып құтылар жер жоқ, қорғалар дəрмен жоқ жолаушылар денелерін
жұлмалап уқаланды да қалды. Бір ертегіде, жорықтан қалжырап келе
жатқан əлде бір батыр, айдалада жата кетіп, «сол араның илеуіндегі
құмырсқалар жеп қойыпты» деген сөз бар еді. Жолаушыларға «мына
масалар да сөйтер ме екен?!» дегендей қауіп туды.
Мұндай шағуды көрмеген Шоқан, күйменің ішінен жерге атып түсті де,
жел жақтан естілген шуларға қарай бар пəрменімен зытты...
Өзге жолаушылар да «өлдім-талдым» дегенде, шуласып көл суатында
балық ісімен шұғылданған жұртқа жетті. Олар сол шуласқан қалпымен
іштеріне кіріп кеткен Шоқанды қоршай қалған екен.
Өйтпегенде ше?! Аспаннан түсті ме, жерден шықты ма, – өмірлерінде
көрмеген бір бала душар бола қалды! Неткен бала бұл осыншама əдемі
киінген?!.
Қандай бала екенін жəне қайдан келген бала екенін білгісі келген
көпшілік бірін-бірі тыңдамастан, əр тілде шуласа сұрау беріп жатыр.
Шоқан олардың шуынан да, түрлерінен де зəресі кетіп, топ қасқыр қамаған
қойдай, жан-жағына үрейлене қарайды.
Өйтпегенде ше?!.. Əйелі – еркегі, жасы-кəрісі аралас түстері талай түрлі
бұл адамдардың үсті-бастары далба-дұлба... бəрі де тірі аруақтай арық!..
Өмірінде бұндайларды көрмеген не қылған жандар екенін білмеген Шоқан
қашып шығайын десе, қорқынышты адамдар төңірегін қалың қоршап алған
шығар.
Шуласа қоршап, түнере төнген тірі аруақтардың сақинасы тарыла кеп
қысуға айналғандай таянып қалған шақта, үрейі ұшқан Шоқан шыңғыра
бақырып жіберді. Бұл топқа осы кезде кейінгі жолаушылар да жетті.
Баласының ащы даусы құлағына шалынған Шыңғыс:
– Мынау, біздің Қанашжанның даусы ғой, ойбай! – деп күймеден қарғып
түсіп топқа жүгірді. Ол қалың топты кимелеп ішіне кіруге тырмысты.
– Мынауы кім?! – деген дауыстары шығып кетті Шыңғысты
көргендердің.
Көпшілік көңіл бөле бастаса, сап-сары ала киінген, қылыш асынған
біреу.
Көңілдері Шыңғысқа бөлінген көптің арасынан қысыла-қымтырыла
өткен Шоқан əкесіне жетті де, қасқыр көргенде енесінің бауырына
тығылатын бұзаудай Шыңғыстың мундирінің ұзын, кең етегіне кіріп кетті.
– Мынау офицер! – деп қалды əлдекім Шыңғысты.
– Полковник! – деді біреу.
«Полковник!», «Қырғыздан?!», «Қазақтан!» «Чиновник!..», «Шишка!»
деп таңданған дауыстар сапырылысып кетті...
Біреулерінің Драгомировті де шулай қоршаған дауыстары шығып жатыр.
«Қайдан жүр?!.» «Неге жүр?!» деген дауыстар араның ұясындай
гуілдеді. Қамай қоршап, шуласқан топтан Шыңғыстың денесі тітіркеніп
кетті, бірақ, ол ересек еркектік қалпына бағып, қазақша жəне орысша қысқа
сөздермен жөнін айта бастады.
– Ə, Шыңғыс осы екен ғой? – деген дауыстары естілді, əлдене
қазақтардың.
– Бұл да қолға түседі екен ғой? – десті біреулер. Шыңғыстың зəресі ұша
түсті...
Топтың қоршауы тарыла бастады, дауыстары зілдене бастады,
айбындары қатая бастады; құты қаша түскен Шыңғыс, не істерге білмей,
тұла бойынан мұздай тер құйылып кетті. Қалың қасқырдың қамауына
түскен өгіздей, оның көздері шарасынан шығып, қазір бассалып
талауларын күтіп, дəрменсіз кескінмен маңына алақ-жұлақ қарай берді,
мундир ішінен денесіне жабысып, тұла-бойы діріл қаққан Шоқанды,
бауырына қыса түсті...
Шыңғыс пен Шоқанның осы үрейден тарсылдай соққан жүректері
жарылып кетер ме еді, қайтер еді, егер сол бір сəтте құлақтарына аюдың
ақырғанындай зор дауыс сап ете қалмаса!.. Жұрт сол «аюдан»
қорыққандай, көл жақ беттен жол аша берді. Қамалған орнында қатып
қалған Шыңғыстың ашылған жолмен келе жатқан адамға көзі түссе, биік,
толық денелі, жалпақ жауырынды біреу, үстінде етегі тізеден келетін
қарасұр көйлегі бар, жалаң аяқ, жалаң бас, бет бейнесі - батуға таянған
толған айдай, сол беттің мұрны мен көз аумағынан басқа тұсына қаптай
шыққан, ай жарығымен ақ бурыл көрінетін сақал мен мұрттың, шықшыт
тұсы, сол түсті дудар шашпен тұтасып кеткен. Екі миығынан төмен
салбыраған, қалыңдығы табан уыс мұрттың шұбатылған үш жағы кеудесіне
түседі, күзеп жүретін сақалы тікенденіп, былай да жалпақ бет-аузын
дүрдитіп жіберген, қалың қабағынан кезінің үстіне төгілген қою қастары,
анау-мынау сақалдай желпілдейді.
Шыңғысқа оның мына түр-түрпаты, қиссаларда жырланатын əзірет –
Əліге ұқсап кетті. Оны ақындар:
Бейне бір ірі қылып тастан ойған,
Ұзыны, көлденеңі бірдей бойдан;
Сапары екі мұрттың екі жақта,
Тамаша құлағынан орап қойған! –
деп қастерлейтін. Мынау да сол сияқты. Шыңғыс та «бұл араның
тұрғындарында да атаман бар» дегенді естіген. Бірақ, аты-жөнін білмейтін.
«Мынау келе жатқан сол емес пе екен?» деген ой кіріп кетті Шыңғысқа.
«Болмауы да мүмкін» деген ой қатар жарысты Шыңғыстың басында,
өйткені оның ұғымында, «атаман» дегендер əскерше киініп, қару асынып
жүретін адамдар.
– Кəне, бытыраңдар! – деді келе жатқан адам, ығысқан топқа жөн
сілтегендей, жайған құшақтарын екі жаққа сермеп.
Топ бытырай жөнелді.
– Здравие желаю, Ваше благородие! – деді жақындаған «дəу» Шыңғысқа
честь беріп. – Атаман Курагин!..
Шыңғыстың Омбыда оқып жүрген кезінде, бұндай амандасуға қолданып
үйренген бір сөзі, «очень приятно» еді. Əлгінде денесін билеп алған
қорқыныш сезім əлі де арылып болмаған ол, даусы дірілдеп, кəнігі сезін
зорға айтты. Сол кезде жүгіріп келген Аба:
– Хан-ием-ай, құдай сақтады-ау! – деп жылап жіберді.
– Рас, құдай сақтады, ақ-сары бас құрмалдық! – деді Шыңғыс, демін енді
ғана еркін ап.
«Сақтағаны» да рас. Курагин келіп қалмағанда, Шыңғысты өлтіріп
жіберетін күш желке жағында даяр тұр еді. Құсмұрынға бекініс орнай, ата
мекенінен күшпенен кешірілген Тағышы руының кейбір кедейлері осы
қаңғырғаннан ғана тауып, күндерін көріп келе жатқан. Олар Шыңғыстың
осы бетке сапар шегуін естіп отырған. Естіртуші – осы маңайдағы КешебеКерейден шыққан, атанның Шоңы дейтін бидің баласы Тұралы.
Шоң бізге еткен тараулардан белгілі – Естеместің Есенейімен бөле екен.
Ол осы Түбектегі Балта, Кешебені түгелімен ергізіп, жусатып тұрған адам.
Шыңғыс пен Есенейдің араздығында ол Есенейді жақтаған.
«Аға сұлтандығынан түскен Шыңғыс, баласын ертіп Омбыға жүреді
екен» деген хабар жəне қай жолмен жүру хабары алыстағы Есенейге
жеткеннен кейін, ол Шоңға арнаулы кісі жіберіп, «шамасы келсе тірі
еткізбесін» деген өтініш айтқан. Шоң Балта Кешебенің өзі сенетін
адамдарының басын қосып, не істеуді жасырын ақылдасқан. Сонда,
«Кешебенің белінің бірі» дейтін Бекентайдың Мырза боқысы.
– Естуімше, олардың Теңіздегі балықшылардан балық жеуге
тоқырайтын түрлері бар, сөйте қалса, біреу қапысын тауып өлтіреді, –
деген.
Бұл қастықты Теңіздегі Қаңғырғанда жасырын ұйымдастыруға
Мырзабоқының баласы – Нұрқанмен, Шоңның баласы Тұралы жұмсалған.
Олар құпия түрде əркімнің тамырын басып көріп, ақыры, тегі – тағышы, есі
–дүлейлеу Бұқпан есімді балуан біреуге тоқыраған. Оның əкесі –
Құтпанды, «Кенесарыға хабаршы болдың», деп, Шыңғыс ерген патша
əскері тірідей турап өлтірген екен. Сондықтан Нұрқан мен Тұралының
ішкірнелеп азғырған сөзіне ол көне кетті. Уəделері: «құдай оңдап» Шыңғыс
балықшыларға тоқырай қалса, Бұқпан Шыңғыстың қапысын тауып, оңаша
бір жерде қылжита салады.
Бұқпанға бүйтудің сəті түсе кетті. Балықшылар қамаған жат адамның
Шыңғыс екенін білген соң, Бұқпан жақын жерден, уысын толтыратын
домалақ темір тауып алды да, кісі – кісінің арасымен, қамауда тұрған
Шыңғыстың тура сыртынан жақындай берді. «Сəті түсті» деп іштей
қуанған ол, уысындағы темірмен Шыңғысты періп жіберуге ыңғайлана
берген шақта, Курагиннің «тараңдар!» деп өкірген даусы шығып қалды.
Жұрт ыдырай бастағанда соғудың реті жоқ, – көзге түсіп қалуы мүмкін,
«мылқау» дегенмен оған да жан керек.
Солайша «құдай сақтап» аман қалған Шыңғыспен тіл қатысып, аз сезбен
танысқан Курагин:
– Үйге жүріңіз, мейман болыңыз, – деді.
«Сондай бір правитель бар, қазақ, офицер, орыс тілін біледі» дегенді
Курагин бұрын естіген еді. Ал, мына жолы, көлден балық сүзіп, ауыр ауды
жиекке мықшия тартып шыға берген оған, əлдекім:
– Балықшылар бір офицерді қамап өлтіргелі жатыр, – деген хабар
жеткізді.
Романов тұқымдарына қаны қас Курагин, орыс армиясының мундирін
қатты сыйлайтын еді, сондықтан «офицерді өлтіргелі жатыр» деген хабарға
елеңдей қап, шеті қырға іліккен ауды серіктеріне тастай жүгірді, сонда
көргені – Шыңғыс. Бұған дейін құлағы естіген правительді енді көзі көр
соң жəне орыс армиясының полковниктің чинінде көрген соң, шын
ықласымен сыйлап жібермек болды.
– Біздің, үйге қарай! – деді ол, жолаушылардың алдына түсе беріп.
Маса буып өлтіріп бара жатқан Шыңғыстың Қаңғырғанда тоқтағысы
келмей-ақ, ілгері жүріп кеткісі-ақ, келіп тұр, бірақ ризашылық сұрамастан
үйіне шақырған, жаңа ғана өлімнен арашалап қалған Курагиннің «біздің
үйге» деп бастауына ермей қалуды ұят көріп тұр, əрі қаймығып тұр,
сондықтан:
– Кеттік! – деді ол серіктеріне.
– Атпен барсақ қайтеді, хан-ием? – деді Аба.
– Жақын жер, – деді, қазақ тілін түсінетін Курагин.
– Ендеше күймеге бар да, біздің соңымыздан ер! – деді Шыңғыс Абаға,
өзі жылжып бара жатқан Курагиннің соңына түсіп.
Өзгелер де ерді. Күймеге барған Аба, иелері жаяу кетіп бара жатқанда
арбаға мінуді ерсі көріп, бері қарап тұрған аттардың басын əрі қарай бұрды
да жетектей бастады. Сол кезде күйменің артқы жағы шоңқаң ете түсті, жер
сызған күпшектерді аттар тарта алмай тұрып қалды... «Не болды?!»
дегендей, Аба арбаның артын қараса, екі доңғалақ та арасынан ажырап
жерге түскен! Арыстың топырақ қапқан тұмсықтарын көтеріп байқаса,
екеуінің тұмылдырығы жоқ!..
«Шоқ, шоқ!» дегендей, жан-жақтан күліп жіберген дауыстар естілді.
Жалтақтап қараса, жан адам көрінбейді. Дыбыстарынан абайласа,
маңайдағы күркелерді тасалап тұрған сияқты...
– « Құдай ұрған екен ғой! – деген даусы шығып кетті Абаның.
Шыңғыстың былай да естігіш құлағы, балықшылардың қамауына
түскеннен кейін тіпті өткірленіп, болмашы сыбыстарды да сезе бастап еді,
сол өткір құлақ Абаның даусын шала қалды да:
– Уа, не болды, Аба? – деді анадайдан, тоқырап.
– Арбаның артқы екі доңғалағының тұмылдырығы жоқ!..
– Не дейді?!.. – деді Шыңғыс шошыған үнмен, – олар қайда ?!
– Манағы қоршауда қалғанда біреулер ұрлап алған болу керек.
– Доңғалақтар ше?
– Олар бар. Тұмылдырығы болмаған соң түсіп қалды.
Сасқан Шыңғыс болған оқиғаны білген тілімен Курагинге түсіндіре
бастады.
– Естіп тұрмын, – деді ол. – Ұрлаған адам суға лақтырып үлгермесе,
табылады бұрандылар!
– Кəне, келіңдер мұнда? – деді Курагин жуан даусын қатал шығарып,
төңірегіне қолдарын бұлғап.
Жан-жақтағы күркелердің арасынан, илеуінен өрген құмырысқадай
қаптаған адамдар шыға келді...
– Жақын, жақын... мұнда!... – деді Курагин қараңдаған адамдарды
қолдарының қимылымен қасына саумалап.
Ғажап!.. Курагин жан-жақтан жылжып келе жатқан жұртты, маңайдағы
темірлерді тартатын магниттей баурап тұр!.. Не деген қуат!..
Маңына ошарылған көпті, Курагин соңынан шұбатып, шоңқиып жатқан
арбаға апарды да:
– Мына арыстардың бұрандылары таң атқанша табылсын да,
доңғалақтары орнына қойылып, күйме бұрынғы қалпына келсін! – деді.
Жұртта үн жоқ.
– Кеттік! – деді Курагин Шыңғысқа.
– Айтқаныңыз орындала ма? – деді Шыңғыс Курагинге.
– Не деп тұрсың? – деді Курагин жəбірленген дауыспен. – Патшаның,
яғни Николай Павлович Романовтың айтқанын орындамайсыз ба, сіз, Ваше
благородие?
– Что ты бог с тобой! – деді Шыңғыс орысшалап, сұраудан шошынып. –
Мүмкін бе ол?
– Мəселе сонда, – деді Курагин. – Бұл араның патшасы – менмін. Менің
сөзімді екі етер адам бұнда жоқ. Кеттік!
Курагин жылжи берді.
– Аба, сен осы арада бол, – деді Шыңғыс. – Аттарды ағыт та, күймеге
байлап, жел жағынан түтін сал. Əйтпесе, мына қалың маса шыдатпас.
– Болмайды ол! – деді Курагин тоқырап. – Өрт кетеді. Жаман болады
онда.
– Атшы от маңында болады, – деді Шыңғыс.
– Бəрібір, – деді Курагин бұйрықты дауыспен. – От жағуға ұлықсат жоқ.
– Қайда паналайды? – деді Шыңғыс.
– Оны өзі тапсын. Кеттік.
Жылжи жөнелген Курагин Абаға қолын безеп:
– Тұтатпа отты, өзін бірге өртенесің! – деді.
Қалған жолаушылар Курагинге ерді.
Шыңғысқа «осынын, өзі əдейі тықтырып қойған жоқ па екен
тұмылдырықтарды?» деген ой келді.
Курагиннің күркесі алыс емес екен. Алдында қамысты тігінен тұрғызып
қоршаған кен, ауласы бар екен. Соның бір түкпірінде оба сияқтанып
томпайған, қарайған бірдеме көрінеді. Соған таянғанда:
– Біздің сарай осы, – деді Курагин қонақтарға. – Мана сізге, – деді ол,
бетін Шыңғысқа бұрып, – өзімді «осы араның патшасымын» дедім ғой.
Патшасы екенім рас. Бірақ, менің патшалығымда, Романовтардың
патшалығындай байлық жоқ, сондықтан менің сарайым да олардікіне
ұқсамайды. Бірақ бұндағы тиыштық патша сарайынан артық. Бұл сарайда
масадан басқа талаушы жоқ. Ал, Романовтар сарайында...Курагин тұтыға
қалды да:
– Ол жайда кейін айтам, қазір күркеге кіреміз, – деді.
Қабырғаларын шымнан қалаған, төбесін қамыспен жапқан, есік орнына
да қыспақтағы қамысты ұстаған, іші тар, төбесі аласа бұл күркеде,
Курагиннің күтуші шалы - Прохор ұйықтап жатыр еді. Курагин күркенің
топсасыз есігін өн бойымен қопарып алды да, қараңғы ішіне үңіліп:
– Проша ағай! – деп дыбыс берді.
– Ə - əу! – деген, ұйқыдан оянған адамның даусы естілді.
– Шық бермен қарай, Проша ағай!..
Ыс иісі бұрқыраған қап-қараңғы үңгірден, бозамық түсті шаш, сақалы
дударланған, етегі тізесінен темен түскен кең жыртық, қара сұр көйлегі бар,
имиген кішірек, арық денелі шал шыға келді. Шоқанға ол, ертегіден естіген
Қаңбақ шалға ұқсап кетті.
– Менің камердинерім – Проша ағай, – деп таныстырды Курагин, шалды
қонақтарына.
– Қонақ келді, – деді Прохорға, – жəй қонақ емес, салмақты қонақ, Его
благородие полковник!..
Шал басын тізесіне дейін иіп, Шыңғысқа ізет көрсетті. Шоқан мен
Драгомировке басын ғана шұлғыды.
– Кəрəсін бар ма? – деді Курагин шалға.
– Жоқ-сь, Ваше стенство! – деді шал. Оның əйелге ұқсаған жіңішке
даусы, Шоқанға шалды қызықтыра түсті.
– Шырақ ше?
– Бар-сь, Ваше-ство.
– Түнге жете ме?
– Жоқ-сь Ваше-ство... Ай тез туып көтерілді ғой, Ваше-ство... одан кейін
шырақданның керегі жоқ қой, Ваше-ство...
– Ендеше күркеге кір де шырақ тұтат, ай көтерілгенше жаға тұрамыз.
Күркеге кірген шал біразға дейін оралмады, ашық есіктен жарық та
жылтырамады.
– Бізде шақпақтан басқа оттық жоқ, – деді Курагин, – шалдың бөгелуі
содан. Тістері түсіп, лебі əлсіреген қарт отты тұтата алмай жатқан болу
керек, езім жəрдемдесейін.
Күркеге Курагин де кірді. Қонақтарды маса талап өлтіріп барады. Шоқан
əкесінің етегінің ішіне паналады. Бет-ауыздарына екі қолы қорған бола
алмаған Драгомиров, сасқанынан мундирінің етегін басына бүркеді.
Шоқанды бауырына басқан Шыңғыс та масаның талауынан өліп барады.
Оның жылқының сауыр терісін тесетін өткір тұмсығы, Шыңғыстың қалын,
шұғадан тігілген мундирінен де, қара барқыттан тіктірген капутынан да,
сарғылт жібектен тіктірген көйлегінен де етіп, тұла бойын түршіктіре
қанын сорып жатыр, ол азаптан құтылар дəрмен де жоқ, тығылар жер де
жоқ...
Қонақтар «өлдік-талдық» деген шақта, күркеден от та жылтырай
бастады, Курагин де шықты.
– Жарық жанды, – деді ол.
Курагин бастаған қонақтар жанталаса күркеге кірді, олардың үстіне
қадалған бірнеше мың маса бірге кірді.
Ішіне бес-алты кісі зорға сыйып жататын, төбесі орта денелі кісінің
басын соққандай аласа, бір жақ бүйірінде соқпа пеші қарайған, босағасына
аулар үйілген, төрінде терезе -сымақ бірдемесі сығырайған кішкене
күркенің ішіндегі қараңғылықты ортадағы ашаның жарығына қыстырған
шырағын лапылдаған жалыны жеңе алмай, сəулесі ете көмескі екен.
Күркенің ауасы əрі балық сасиды, əрі ашқылтым ыс сасиды.
– Құрметті мырзалар, – деді Курагин, қай жерге отырарын білмей
ақырып, түрегеп тұрған қонақтарына, үйшіктің ішін қолымен шолып, – біз
мекендейтін сарай осы. Қалаған жерлеріңізге отырыңыздар!
Ере кірген масалар қонақтардың сөзге мұршасын келтірмей,
əндетулерін, талауларын үдете түсті. Курагин мен шалдың оған
мазасызданар түрі жоқ, бірақ қонақтарының сипаланған жайларын көріп
аяп кеткен Курагин шалға:
– Түтін салу керек. Тыстан қамыс əкел. Пештің мұржасын жаба кел,
түтін күркеге қамалып, масалар қашсын, – деді.
Шал кетті де, Курагин шыраларды кезекпен тұтатып отырғанда, бір
құшақ қамыс əкеп, пештің ішіне тықты.
– Мұржаны жаптың ғой? – деді Курагин.
– Иə, – деді шал.
– Ендеше қамысты тұтатайын, – деп Курагин қолында жалыны
лапылдаған шыраны, пешке тыққан қамысқа тосып еді, қу қамыс лап ете
қалды да, дүрілдей жөнелген жалынның қою қара түтіні пештің кең
аузынан бері лықып, тар күркенің ішін толтырды да жіберді. Түтіннің ащы
ыс исі жолаушыларды тұншықтырып, дем ала алмастық халға жеткізді,
олар удай ашыған көздерін тарс жұмып алды.
– Тұншықтым əке... өлдім!.. – деп шыр еткен даусы шықты Шоқанның.
Қою қараңғылықта бауырына тығылған Шоқанға жаны ашып кеткен, өзі
де тұншығып бара жатқан Шыңғыс, баласын құшақтай ап:
– Өлдік, господин Курагин! – деді.
– Енді жақпа, Проша ағай! – деген даусы естілді Курагинның.
– Есік ашық. Түтін тысқа шығады, – деді ол.
Аздан кейін үйдегі түтін сиреген, дем жеңілдене бастаған сияқтанды.
– Проша! – деді Курагин.
– Əу, – деді шал.
– Есікті жап енді. Əйтпесе, масалар тағы кіреді.
Есік жабылды. Ащы түтіннің қалдық иісі əлі де өңменді атқанмен,
ауанын, дем алғызарлық жайы бар.
– Ал, орналасыңдар, құрметті қонақтар, – деді, шыраларының бірінен
соң бірін тұтатқан Курагин. - Қалаған жерлеріңізге отырыңыздар.
Шыңғыс үйілген аулардың үстіне отырды, Драгомиров етегіне отырды.
Шоқан ашаның көлеңке жағына сүйенген қалпымен түрегеп тұр.
– Қанашжан, неге отырмайсың? – деді Шыңғыс.
– Далаға шығам.
– Неге?
– Түтінге тұншыққаннан, масаға таланған жақсы.
Ол далаға шыға жөнелді.
– Барсын, – деді Курагин. – Кешікпей келуіне мен кепіл.
Шыңғыс та сол ойда болғандықтан үндемеді.
– Хош келдіңіздер, қымбатты қонақтар, – деді Курагин оларға, – біздің
бұл патшалықта «үй хайуаны» деген болмайды. Ең аяғы – ит те шыдамай,
маса шыға қашады да, маса жата келеді. Қазір осы ауылда бір де ит жоқ.
– Проша ағай, – деді ол шалға, – отырма, сен. Ауға бүгін түскен
балықтан сазан, алабұға сияқты семіздерінен бір шелегін даярла, асатын
кезін өзім айтам, оған дейін қыла тұруға, шала сүрленген семіз балықтарды
алып кел.
Шал шығып кетті де есік ашық қалды.
– Есік ашық тұра берсін. Үйдің ыс сасыған ауасы жеңілденсін.
Аздан кейін үйдегі сасық иіс жеңілденген сияқтанды. Сол кезде
масалардың əндеткен дыбысы да естіле бастады.
– Есікті жабу керек! – деді Шыңғыс. Масаларды «содан кіріп жатыр
екен» деп ойлап.
– Сырттан кіріп жатқан масалар емес, ызыңдағандар, – деді Курагин –
Түтін салғанда қабырғаларға, төбелерге жабысып қалғандар. Оларды
тауыса алмайсың.
– Тағы да талай бастады, – деді Шыңғыс, денесінің ашық жерлерін
сипанып.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аққан жұлдыз - 20
  • Parts
  • Аққан жұлдыз - 01
    Total number of words is 3736
    Total number of unique words is 2132
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 02
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2143
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 03
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2170
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 04
    Total number of words is 3769
    Total number of unique words is 2096
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 05
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2247
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 06
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2202
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 07
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2134
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 08
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2178
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 09
    Total number of words is 3859
    Total number of unique words is 2180
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 10
    Total number of words is 3814
    Total number of unique words is 1866
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 11
    Total number of words is 3791
    Total number of unique words is 2132
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 12
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2238
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2149
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 14
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2225
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 15
    Total number of words is 3952
    Total number of unique words is 2141
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 16
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1891
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 17
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2122
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 18
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2182
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 19
    Total number of words is 3753
    Total number of unique words is 2114
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 20
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2070
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 21
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2029
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 22
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 2196
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 23
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2201
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 24
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2223
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 25
    Total number of words is 3823
    Total number of unique words is 1953
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 26
    Total number of words is 3860
    Total number of unique words is 2172
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 27
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2239
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 28
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2151
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 29
    Total number of words is 3830
    Total number of unique words is 2056
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 30
    Total number of words is 3683
    Total number of unique words is 2102
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 31
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2215
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 32
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2308
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 33
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2201
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 34
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 35
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2288
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 36
    Total number of words is 3857
    Total number of unique words is 2290
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 37
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2143
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 38
    Total number of words is 3915
    Total number of unique words is 2177
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 39
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2232
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 40
    Total number of words is 3742
    Total number of unique words is 2068
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 41
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2302
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 42
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2267
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 43
    Total number of words is 3804
    Total number of unique words is 2325
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 44
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 2159
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 45
    Total number of words is 3706
    Total number of unique words is 2289
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 46
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2271
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 47
    Total number of words is 3754
    Total number of unique words is 2137
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 48
    Total number of words is 3739
    Total number of unique words is 2212
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 49
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2273
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 50
    Total number of words is 3787
    Total number of unique words is 2230
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 51
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2212
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 52
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2257
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.3 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 53
    Total number of words is 3785
    Total number of unique words is 2250
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 54
    Total number of words is 3847
    Total number of unique words is 2234
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 55
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2121
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 56
    Total number of words is 3774
    Total number of unique words is 2151
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 57
    Total number of words is 3676
    Total number of unique words is 2179
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 58
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2173
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 59
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2288
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 60
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2202
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 61
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2143
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 62
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2141
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 63
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2272
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 64
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2177
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 65
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2199
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 66
    Total number of words is 816
    Total number of unique words is 590
    45.0 of words are in the 2000 most common words
    59.0 of words are in the 5000 most common words
    66.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.