Latin Common Turkic

Аққан жұлдыз - 21

Total number of words is 3863
Total number of unique words is 2029
34.9 of words are in the 2000 most common words
48.6 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
деген дауыстар естілген.
– Енді қазақша тарт, Таңатар! – десті біреулер қостай:
«Таңатар» дегеннің кісі аты екенін я «таң атып қалар» деген мағынада
айтылғанын Шоқан аңғармай қалды. Қайсысы болса да, жұрт сол сөзді
айтып шулап кеткен соң:
– Болсын, – деді сырнайшы еркек.
Ол қазақтың бір биік əнін сырнайға ойнай жөнелгенде, əнге үйір Шоқан
іштей көтеріліп кетті. Қазақ əнінің сырнайға тартылуын оның бірінші естуі.
Бұған дейін қазақ музыкасының қобызға, домбыраға, сыбызғыға
тартылуын ғана естіген. Оларды мына сырнаймен салыстырғанда,
сырнайдың үні ен даланы жаңғырықтыра сұңқылдаған аққудың даусы
сияқты да, аналардікі - ағаштың саясынан алысқа ұзамайтын бұлбұлдың
сайрауы сияқты. Не деген ғажап, еді, мынау сырнай!.. Бұл маңай түгіл,
сонау алыста қалған Құсмұрынға да жетіп тұрған жоқ па екен үні?!.
Сырнайшы əнді желіктіре тартып, екпіндеп алды да:
– Кəне, қайсының бар қосылатын? – деді.
От басындағылардан əркімдер «сен айт, мен айтқа» түсіп, суырылып
ешкім шыға қоймады. Тегі араларындағы «шек шығарлары» болу керек,
бірнешеуі «Құдамен айтсын» деп шуласты. Көпшілік сол сөзімді атап
даурығып кеткен соң, біреу:
– Даусым қарлығып жүр еді, айтып көрейін, болмаса қалар, – деп
тамағын кенеді.
Оның даусы Шоқанға таяқ жеп бақырған түйе сияқты болып естілді.
Жұрт қолдаудың орнына ду-ду күлісті.
– Албасты басыпты ғой, мынауыңды!.. – деген дауыстар шықты əр
тұстан. Анау намыстанғандай:
– Жақпаса қояйын, – деді де, енді қайтып үн шығармады.
– Енді қайсының бар? – дегенге ешкім жауап бермеді.
– Ұйықтайық, – десті əркімдер. Жұрт «сөйтсек сөйтейік» деп күңкілдей,
қимылдай бастаған шақта:
– Əу, осы Үкі апайдың үнін естісек қайтеді? – десті əркімдер.
– Неге айтпайды? «Халық ұнатса хан түйесін сояды».
Бірнеше дауыстың шуласып өтінуіне қарағанда, «Үкі апайы» от маңында
сияқты.
– Қарақтарым-ау, – деген еркектің я əйелдің даусы екенін айыруы қиын
үн естілді от маңынан. – «Біздің бастан тарақ қалғалы қашан?» дегендей,
əні бар болғырға ауыз ашпауым қашан!..
Əйелі, еркегі, баласы... дегендей, жалбарынған дауыстар жамырап
кеткен соң:
– Нені айтайын? – деді əлгі дауыс.
– Қалағаныңды тартамын жеңеше, – деген еркек үні естілді.
– «Дəллəтты»! – деп ду ете түсті жұрт.
– Жылатады ғой, бейшараны! - деп күңк ете қалды. Шоқанның қасында
жатқан əйел.
«Деллəт, деллəт!» деген шу көбейіп кеткен соң:
– Қайтеміз, жеңеше? – деген даусы естілді сырнайшының.
– Тартсаң, тартып көр, тентегім, – деді даусы қалың Үкі.
«Тентегім» деуіне қарап, Шоқан сырнайшы «Үкінің жақын қайын інісі
екен» деп жорамалдады.
Əннің музыкасы сырнайдың саға жағынан ащы басталады екен.
Домбырада бір пернені саусақпен ұзақ басып, əнші үні таусылғанша басқа
пернелерге ауыспай біраз тұрды да, содан кейін жоғарылы-төменділі
ырғағы көп əнді құйқылжыта жөнелді. Шоқан бұндай əнді бұрын естіген
жоқ-ты, күйіне қарағанда, əн мұңы зор туынды. Ауыздан шыққанда қалай
естілер екен?
Сырнайшы əннің бір ауызын түгел сыдырта тартып алды да:
– Жеңеше, бастайық енді, – деді.
Əйел үндемеді.
Сырнайдың астыңғы пернесіндегі ащы үн əлгіндей безілдей бастағанда,
дауыс қосыла кетті.
Ойын-тойда талай жоғары дауысты əйелдердің əнін ести жүре, дəл
осындай ащы үнді Шоқан кездестірген жоқ еді. Əн мына күркенің, ішіне
сыймай, жер – өмірге жетіп жатқан сияқты.
«Апырау, осынша əйел даусы жоғары болады екен ғой?!» деп қайран қап
отыр Шоқан. Дауыс биіктіктің үстіне мейлінше ырғақты, мұңды да сəнді.
Күш жеткен көмейді, үздіксіз үн бола береді екен-ау!..
Əнге қайран қала отыра, ұғымтал Шоқан оның сөздерін де есте тұтып
қалды:
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң,
Бірге өскен ойнап – күліп, беу жан - қалқам,
Күлемін кіммен ойнап сен кеткен соң, Аха-хау, Дəллəт-ай!.
Осылай айтқан өлеңнің бір ауызын əйел ширақ дауыспен бітірді. Екінші
ауыздың өлеңі:
Шалшық су құдық болмас қазбаған соң,
Тобықтан ат шаба алмас саздаған соң –
деп басталады екен. Соларға кірісе, əнші əйелдің даусы берекесізденіп
кетті. Қараңғыда естілген дауыстың жобасына қарағанда, əйел əннің екінші
ауызын бастамай жатып, жыламсыраған қалпын көрсетті.
– Тоқтатыңдар! – деген дауыстар естілді əр тұстан. Шоқанның
қасындағы əйел отқа қарай тұра ұмтылды...
Тегі, əннен оянды ма, əлде оянар мезгілдері болды ма, кең күркенің іші
араның ұясындай гуілдеген дауысқа толып кетті. Əнші əйелдің былай да
қалжыраған үні, гуілдеген дауыс толқынына батып кетті...
Гуілден шыққан үндерден адамның иманы қасым болғандай ыңыранған
аурулар даусы да естіледі одан, ұрсысқан, жанжалдасқан дауыстар да
естіледі, жылаған дауыстарына қарағанда, бұл қостың ішінде жас балалар
да бірталай сияқты, оларға ұрысқан, қарғаған, сабаған əйел дауыстарды да
аз емес...
Құлағы тұнған Шоқан далаға шығып кету ниетімен орнынан көтеріле
бергенде, қасынан жаңа туған баланың шар ете қалған даусы естілді. «Маса
шаққан болар, бейшараны» деген ой кеп, Шоқан баланы қолына қалай
көтеріп алғанын білмей де қалды.
– Бала оянды! – деген дауыс естілді от жақтан.
– Ендеше, атын қою керек, – десті біреулер.
– Сөйту керек, – десті əлдекімдер.
– Онда от алып жүріңдер.
Біреу оттың қозын жарқырата жайпап жіберді де, қолға уыстаған
қамыстың басын тосты. Əлдекім қозды еңкейе беріп үрлеп жатыр. Қамыс
лау ете түсті. Жарық ұстаған бір топ адам Шоқанға беттеді. Іштерінде
сырнай ұстаған мұртты да бар.
– Мынасы кім?! – десті біреулер, қолындағы сəби безек қағып
шырылдап тұрған Шоқанға жақындай.
– Манағы Шыңғыстың баласы сияқты ғой!..
– Дəл сол!
– Бұл қайдан душар болды, бұнда?!
– Баланы қалай алды, қолына? – деген дауыстар гулесіп кетті.
Маңайдағылар қаптай бастады. Уыстағы қамыстар бірінен соң, бірі
тұтанып, Шоқанның төңірегі отқа толып кетті...
Қоршаған адамдардың түстерінен адам шошырлық бəрі де арық, үстібастары далба-дұлба, түстері суық, қадалған көздері Шоқанды ішіп-жеп
барады!..
Бұған дейін талай кедей ауылдарды, талай кедей үйлерді көре жүре, нақ
мынадай жүдеулерді Шоқан кездестірген емес-ті. Не сұмдық, мыналар?!..
Осындай да тұрмыс болары екен-ау, адамзатта!.. Көздерімен ғана емес,
сөздерімен де асса, - қолдарымен де түтіп жемес пе екен Шоқанды?
Зəресі кеткен Шоқан, көп тазының арасына түсіп қалған күшіктей, жанжағына жаутаңдай қарап мейірім күткен еді, ондай белгі ешкімнің де
кескінінен аңғарылмады.
– Бері əкел, баланы! –деп бір əйел қолын созды.
Баланы берсе, мына қоршай төнген түсі суықтар бас салардай көрінді.
Ол қуана бастаған сəбиді бауырына қыса түсіп шегіншектей берді.
– «Əкел» дедім ғой, – деді əйел Шоқанға.
– Бермеймін!
– Неге?!
– «Атын қоямыз» деген жоқсыңдар ма, бұл нəрестенің?
– Онда сенің не ақың бар? Бер баламды! – деп əйел қол салуға
айналғанда:
– Тұра тұршы, келін! – деді қартаң əйел.
– Шыңғыстың баласымысың, сен?
– Ие, Шыңғыстың баласымын.
– Кəдімгі – хан Шыңғыстың ба?
– Ие, хан Шыңғыстың.
– Мана көл жағасында көрген баламысың, сен?
– Ие, сол баламын.
– Мұнда неге келдің?
– Шілдеханаға.
– Қайдан білдің, шілдехана барын?
– Естідім.
– Қашан келдің?
– Мана.
– Бұ не, баланы əңкүр-мəңкүрдей тергеп кеткендерің? – деді аппақ
сақалды, жыртық көйлек-дамбалшаң біреу, Шоқанды қоршаған топты
кимелей, Шоқанға жақындай берді, -кім келмеуші еді, шілдеханаға?
Ойынға келдің бе, балам?
– Ие, ата.
– Атың кім өзіңнің?
– Шоқан.
– Əу, жұрт! – деді шал қоршағандарға, – бұл қосқа құдай айдап келген
шығар осы баланы. Асыл тұқым, нəрестеге осының атын қою керек.
– Табылған ат!.. – деп ду ете түсті бірнеше адам.
– Иесі не дейді екен? – десті біреулер.
– Сен қалай көресің? – деп біреулер сырнайшыға қарады. «Əкесі осы
екен ғой» деп ойлады Шоқан.
– Қатын, қалай дейсің? – деді сырнайшы, балаға ұмтылған əйелге.
«Шешесі осы екен ғой» деп ойлады Шоқан.
– Көп ұнатса не дейміз, – деп күңк етті əйел.
– Болмайды! – деді, үсті далба-дұлба, басына тартқан кішірек жыртық
орамалдан ұйпаланған тұлымдары шыққан, кескінінің айғызданған
əжімдері жалынның жарығынан айқын көрінген, арық денелі əйел,
тырнақтары қарғаның тұяғына ұқсаған екі қолын бірдей көтеріп.
– Неге, Үкі? – деді ақсақал. «Əнші əйел осы болғаны ма?!» деп ойлады
Шоқан.
– Құдай төрім түгіл көрімді жақын қылмасын, хан тұқымына.
– Олай деме, Үкі келін! – деді ақсақал, – хан тұқымының аты айыпты
емес, ісі айыпты. Мына баланың, – деді ол Шоқанды қолымен нұсқап, –
аты жақсы екен, өзі оқу іздеп бара жатыр дейді, солай ма, балам?
– Солай, ата.
– Ендеше, тіпті жақсы. Нəрестеге осы баланың жолын берсін, аты
Шоқан болсын.
– Дұрыс, – десті көпшілік.
– Болса – болсын! – десті əкесі мен шешесі.
– Ал, ендеше, - деді ақсақал, Шоқанға, - қолындағы баланың құлағына
«Шоқан, Шоқан, Шоқан» деп үш айғайла да шешесіне бер.
Шоқан шалдың тілегін орындады. Қолына тиген баланы шешесі
бауырына басты.
– Бəрекелді! – десті шуылдасқан əлеумет.
«Төнгендер енді тимес» деген оймен жылысып тысқа шығуға
ыңғайланған Шоқанға:
– Əй, бала, тоқта! – деді біреу. Таңатар екен. Шоқан кідірді.
– Бұл қалай болады, шырағым? – деді ол Шоқанға жақындап, – əдетте,
балаға ат қойған кісіге əкесі ат мінгізеді, менде ат жоқ. Оның орнына,
қайыққа мінгізсем қайтеді?
– Қайдағы?
– Көлдегі. Ау салар мезгіліміз болды. Менімен бірге барасың да, ay
салысасың. Қызық болады.
– Қатын, манағы бақырға салған сазандар бар ма еді? – деді Таңатар
əйеліне.
– Бар, аздап тұз сеуіп қойғам.
– Əкел, бақырды. Шоқанға кел үстінде асып жегізем.
Əйел бақырды алып берді.
– Екеуміз тоярлықтай, – деді Таңатар бақырды тұтқасынан ұстап, – су
үстінде асқан балықты жеп көріп пе ең?
– Жоқ.
– Ендеше тамаша болды ол. Біздің үйден татқан дəмің болады! Мə,
бақырды ұста, ауды арқалаймын.
Шоқан бақырды қолына алды. Таңатардың айтқаны рас екен, бақыр апауыр.
– Бəріміз де кетеміз, – деді ол оты сөнген қоста гуілдескендерге.
Ауды арқалаған Таңатарға еріп Шоқан тысқа шықса, дала бозамықтанып
қалған екен. Таңатардың арқалап алған ауы бір шөмеле шөптей дерлік.
Қостан шығып жатқандардың көбінің арқасында да сондай жүк.
– Ал, кеттік! – деп көлге қарай беттей берген Таңатардың əлдекімдерге:
– Шыңғыс күймесінен алған тұмылдырықтарды апарыңдар да,
доңғалақтарды орнына салыңдар! – деген күбірі Шоқанның құлағына
шалынып қалды. «Көлде жүріп қайтқанша күйме дұрысталса, жолға
шығады екенбіз» деп үміттенді ол.
Балықшылар арты шоңқиған күймені жанап өтті. Шоқанның қазіргі есідерті
онда емес, қайыққа мініп келде жүзуде, көл үстінде балық асып
жеуде. Осындай ойдағы оның былай да ашып келе жатқан қарны, тіпті аша
түсті, шектерін бойлай жылан жорғалаған сияқтанып, былай да еңкектеу
жүретін ол, бүкшиіп алған сияқтанды. Сонысын аңғарғандай.
– Бала, немене, бүкшеңдеп қалдың ғой, бақырды ауырлап келе жатқан
жоқсың ба? – деді Таңатар.
– Жоқ, – деді, бұрын жүк көтермеген Шоқан намыс көріп.
Таңатардың түр-тұлғасын енді ғана байқап келеді, орта бойлы, сүйектері
сом, жауырыны кең, кеудесі еңкектеу, мұртын баспастан, орыстарша
ширатып еркіне жіберген, тегі, сақалы қалын, болу керек. Қушықтай біткен
бетінің иек жағы жалпайып тұр, шүңіректеу көздері кішкене тəрізді.
Иығына артқан ауды ұстамастан келеді. Үстіндегі жамаулы көйлекдамбалы кенеп. Жалаң аяғымен кедір-бұдыры көп жерді етікті кісідей
басады, аяңы жылдам екен. Шоқан жүгіре басып əрең еріп келеді...
Олар көлдің жағасына келсе, батыс жақтан тұрған самалдан судың беті
толқынданып, ақ көбік жиекке жинала бастаған екен. Əлгінде, сауық
болған күркеден шыққанда ерген адамның саны оншалық көп сияқты емес
еді, енді Шоқан көл жиегіне келгенде қараса, қаптап кеткен адам жəне
кілең əр жастағы еркектер, əйел көрінбейді, бəрінің де киімдері жыртықжамаулар, бері де жалаң аяқтар, көбінің басында лыпа жоқ,... түндегі толық
айдың қазір көкжиекке қызара батып, айналаның бəрі күңгірттене
бастауынан ба, əлде расында солай ма, - барлық адамның да беттері қара
сұр суық.
Жағадағы қазыққа арқандалып, толқыған судан шоршаңдап тұрған
үлкенді - кішілі қайықтар толып жатыр екен. Таңатар сол
арқандаулылардың сопақша кішірек келген, астау тəрізді біреуіне таянды
да, ішіне үңіліп:
– Суға толып қапты ғой, мынау! – деді.
Шоқан да үңілсе, толқыннан қалтақтаған астауша қайықтың ішіне
іркілген, шамасы «адамның толарсағына таяу келер-ау» дерлік су,
шайқалаңдап жатыр екен.
– Əу, бері кел! – деп Таңатар, қайықтарын, саймандарын түзеп
əбігерленгендерден біреуді шақырып алды да, арқалаған ауын
аударыңқырай, – мə, ұста мынаны! – деді. Келген адам ауды көтеріп алды.
– Сендер құра беріңдер, ауларды, – деді Таңатар оған, – мен өзімнің
«қалтақбайыммен», мырзаны көлге серуендетіп келейін.
«Мырза» дегенді сыйлау, я кекету түрінде айтқанын Шоқан аңдамай
қалды.
– Мақұл, – деді анау.
– Мен, – деді Таңатар, – бақырашпен «қалтақбай» ішіндегі суды төгейін,
сен бір құшақ құрғақ қамыс алып кел.
Астау қайықтың аты «қалтақбай» екенін Шоқан енді жорамалдады. Анау
адамға бұйыра сөйлеуіне, күрке ішінде өзін қалай ұстауына қарап, Шоқан
Таңатарды «басқарушы біреуі болар» деп тұр. «Ендеше ол, дені дұрыс,
үлкендеу қайықтардың біреуіне мінбей, мына сияқты «қалтақбайға» неге
мінеді?!.»
Таңатар «қалтақбайдың» үстіне шықты да, суы молырақ көлкіген
жағынан түрі ожау сияқты мыжырайған бірдемені суырып ап, қайықтағы
суды көсіп ап көлге төге бастады. Салдырлауына қарағанда, «бақыраш»
дегені осы болу керек.
Таңатар қайық ішіндегі бірталай суды бақырашпен ілезде кəсіп тауысты
да:
– Ал, мырза, кел бері, мін мұнда! – деді қайық ішіне шақырып.
Қайыққа мінер – мінбесін білмеген Шоқан, Таңатарға инені тартқан
магнитті пышақ сияқты, еркінен тысқары жақындай берді.
– Əуелі бақырыңды бері əкел! – деді қайыққа таянған Шоқанға қолын
созып.
Шоқан берді.
– Су қайыққа əлі де кіреді, – деді Таңатар, – етігін мен шалбарыңды шеш
те, анау үйіліп жатқан салының үстіне қойып кет, қайтқанда аламыз.
Шешінер - шешінбесін білмеген Шоқанға:
– Рас айтам, – деді Таңатар бұйрықты дауыспен, – ешкім де алмайды.
Сол орнында тұрады.
Шоқан Таңатарға арбалған адамдай, салының үстіне отыра қап етігін де,
шалбарын да шешті.
– Дамбалыңды ышқырыңа түрініп ал, – деді шешкен киімдерін салының
үстіне қойып, қайыққа жалаң аяқ түрде жақындаған Шоқанға.
Шоқан оны да істеді.
– Ал, енді мін, қайыққа. Су жағынан кел.
Шоқан көлдің суы салқын жиегіне аяқ басып көрсе, түбі таңдайланып
жатқан құм-қайран екен жəне шетінен бастап терең екен, қайыққа Шоқан
орта тұсынан кеп мінгенде тізесінен келді. Шоқан мінгенде қайық аяқ
басқан жағына аударылып кететін сияқтанып қалтақтап қалды. Əлгі
жұмсағаны, белінен қоғажаймен буған бір бау құрғақ қамыс əкеп берді.
Оның екі басы қайықтың алды - артынан асып жатты.
– Жақсы болды, – деді Таңатар. – Суға тимейтін болды. Тисе – пысылдап
жанбай əуре қылар еді. – Ал, енді ағыт бауын қазықтан, – деді Таңатар
қамыс əкелгенге.
Ол аласа қазыққа байлап қойған, түйіні көп жіпті шешті де, шумақтап
ап, қайықтың ішіне тастады.
Шоқан қайықты алғаш көргенде, «тұтас бөренеден ойып жасаған болар»
деп жорыған еді. Енді қараса, тақтайдан құрастырылған екен. Олардың
жіктерінен жылтыраған су жылап кіріп жатыр. Арт жағында бір адам
отырарлық орындық бар.
– Бала, – деді Таңатар, – сен анау орындыққа отыр. Қайыққа жиналған
суды бақырашпен қалғып ап, көлге серпіп отырасың ескекті мен есемін.
«Ескек» дегені - ұзындығы адамның бір жақ қарындай ғана қалақ екен
жəне өзі - жалғыз.
– Ал, кеттік! - деп Таңатар сол ескекті су түбіне тірей, бір-екі ырғап
қалғанда, қалтақтаған қайық, көлдің, ішіне қарай жылжып жүре берді.
Түрегеп тұрған Таңатар, жылдамдатқан қимылмен суды екі жақтап есті.
Ілезде жара алыстай бастады.
– Таңатар! – деп дауыстады, қамыс əкелген жағада тұрып, – айттым ғой
мана, сүңгітіп жібер!..
Нені сүңгіт дегенін Шоқан аңғармай қалды. Аздан кейін оның ойына
жамандық кіріп, – «мені айтқан жоқ па екен?!» деп күдіктенді. Оның
жүрегі өрекпи қап, маңдайынан тер шығып кетті. Сасқанынан:
– Осы ара терең бе? – деген сұрау шығып кетті оның аузынан.
– Терең, – деді Таңатар есуін жылдамдата түсіп. – Кісі бойламайды.
– Жағаға жақын жер ғой.
– Болса ше? Не заманнан бері қаптаған қайық жүріп жататын тұс.
Қаратылуы солай ма, əлде бізден бұрынғы балықшылар қайықтардың
келіп-кетуіне оңай болсын деп қолдан тереңдетті ме, - əйтеуір осы бір
суаттың асты өте терең.
Егер терең болмаса, ойына өлім қаупі келген Шоқан, осы маңда суға
қарғып түсіп тұра қашар ма еді, қайтер еді, ол иығынан ғана келетін су
болмаса, одан асатын суға малтып келген жан емес, сондықтан:
Қалтылдақ қайық мініп ескегі жоқ,
Дарияда жүрміз заулап кешпегі жоқ,
деп бір ақын айтқандай, еркінен тыс, аумағы кең көлдің айдынына қарай
кете барды.
Іңірде жəне əлгінде жаға жақтан қарағанда, бұл көл қамысты сияқты еді.
Енді, айдынға шыға көрсе, қамыс, тек жағаға жақын тұсқа, ақ кигіз үйдің
жабығының сыртына ұстаған басқұр сияқты ғана екен. Ал, толқып жатқан
айдынның ұшы-қиырына көз жетер емес.
Таңатар түрегеп тұрған қалпымен, ескекті екі жақтап сілтеп келеді.
Айдынға шыға жел қатайып бара жатқан сияқты. Мана жағада іркілдеген
толқын енді күркілдеп, құтырған бурадай шабынып жатыр. Сусылдап
қамаған толқын астау қайықты аударып жіберерліктей екпіндейді. Тегі, таң
қараңғысы ма, немене? Төңірек қап-қара түнек болып алған. Ай бардағы
ала - шабыр бұлт, ол батқаннан кейін қалыңдап алса керек, аспанда бір де
жұлдыз жылтырамайды. Қараңғылыққа көзі үйренген Шоқанға төңіректе
жарыса сапырылыса қимылдаған толқындардың елесі қараңдайды. Олар
ертегіде айтылатын айдаһарлар сияқты, бəрінің де түстері қап-қара,
жалдары қара-бурыл. Солар қайықты қамай сапырылысқанда, «қайсысы
жұтар екен?!» деп үрейі кеткендей, қайықтың қалтақтауы жиілей түседі.
«Қашан ауып кетер екен?!» деген қауіптегі Шоқанда зəре жоқ. Таңатар
ескегін үн-түнсіз есе береді. Ол, тек, анда - санда ғана, бірде «бала» деп,
бірде «мырза» деп дыбыс береді.
– Төгіп отыр, қайыққа кірген суды! – деп қояды. Шоқан Таңатарсыз да
су төгуді ермек көріп, қимылдан қолы босамайды. Бұл жүзудің ақыры
немен тынарын білмеген Шоқанның ой-санасы сандалуда...
– Бала! – деді əлдене бір уақытта Таңатар.
Шоқан кенет дауыстан селк ете түсті.
– Шаршаған жоқсың ба, бала?
– Жоқ.
– Зеріктің бе?
– Зеріксем амал нешік!
– Рас, – деді Таңатар, – Күннің ашыққа баюына қарап, түн жақсы болар
деп шамалаған едік, жел құтырып, көлдің суы желігіп алды ғой.
– Солай болды, – деді Шоқан күрсініп.
– Үйдегі ниетім: саған көл үстінде қонағасы беру еді, шырағым, онымды
құдай қош көрмей, дауылын тұрғызып жіберді. Қазіргі ойым, – судан аман
шығу.
– Көріп келем.
– Бұндай толқын, мынадай астауша қайық түгіл, ірі қайықты да кейде
аударып жібереді. Ендігім – жан сақтаудың қамы.
Үрейлене түскен Шоқан үндемей қалды.
– Бірақ, қорықпа шырағым, – деді Таңатар. – Қайық ауса да сені аман
сақтай алам.
– Бұрын ауып көрген бе едіңіз? – деді Шоқан.
– Талай рет. Мұндай жылы кезде ғана емес, су беті қабыршақтанып
жатқан күздігүні де. Кейде киімшең қалыпта да. Ені қанша жалпақ
болғанмен, бұл көлдің, о жағынан бұ жағына малтып өте берем.
Таңатардың бұл сөздері мақтаныш сияқты көрінгенмен, Шоқанның
үрейлі көңіліне медеу болды. Осы сəтке дейін, секунд сайын ажал күткен
ол, енді тіршіліктен дəмете бастады.
– Аға, – деді ол, – қайда бара жатқанымыз мəлім бе, біздің?
– Мəлім, – деді Таңатар.
– Қайда?
– «Ерегіспе» деген ауруым бар еді, мырзам. Бет алған жағымнан
қайтпайтын «ұстамалым» бар еді. Соным ұстап кетіп, көлдің, жел жақ
шетіне шығуды серт етіп келем.
– Неге, аға?
– Ойда жоқта тулап кетті ғой, мынау көлің. Еркіне салсаң, қайықты қуып
отырып, бір жерге батырып кетеді, оны істей алмаса ыққа шығарып
тастайды. Ерегістім соған. Қайықты қарсы сап, жел жақ жағаға шықпай
қоймауға бел байладым.
– Онда бетіңнен жарылғасын, аға!..
Бұдан кейін бұлар біразға дейін үн қатысқан жоқ. Жаңағы ерлік сөздерін
естігеннен кейін, Шоқанға Таңатардың қимылы бұрынғыдан да күшейе
түскен сияқтанды, бұған дейін арындауық аттай көткеншектеп келе жатқан
қайық енді қамаған толқындарды тіліп зымырай бастаған сияқтанды...
Бір кезде жел бəсеңдеген сияқтанды, ағаштың бұтағы немесе қамыстың
басы тəрізді бірдеменің зуылдаған сыбысы естілді...
– Жағаға таянып қаппыз, – деді Таңатар қуанған дауыспен.
Кешікпей қайық қалың қамыстың арасына кіріп кетті. Жыныс аса қалың
екен, араларынан қайық əрең сырғып келеді, өздері зəулім биік, кейбірін
Шоқан ұстап көрсе, жуандығы құрықтай.
– Шіркін, осылардың сүйріктері қандай жуан, қандай тəтті екен, тартып
жер ме еді, өзін, ə?! – деп қояды Шоқан ішінен.
Қайық қамысқа кіре, қаз қаңқылдап, аққу сұңқылдап, үйректері
барқылдап, шағаласы шаңқылдап... дегендей, қамыс арасында жүрген
құстар мазасыздана бастады. Біреулері дырылдап ұшуға айналды. Судың
сылдырынан басқа түк естімей келе жатқан Шоқанға, бұл үндерді есіту
көңілді болды...
Бұ жақ шеттегі қамыстық нуы едəуір жалпақ екен, ішін қайық бірталай
уақыт аралады. Қамыс сиреп, шет жағы бəшке – құрақ пен өлең араласа
өскен шалғынға айналған шақта байқаса, жел шынында да бəсеңдеген, сол
кезде қайықтың түбі қайраңдап сазды топыраққа тиді.
– Енді сүйреп шығармаса болмайды – деп, Таңатар қайықтан секіріп
түсті де, тұмсығындағы бауынан сүйрей бастады.
– Сен отыра бер, бала! – деді ол Шоқанға.
Жауап берместен Шоқан да жерге түсті, – тайыз тұста қайықта отыруға
ұялды.
Шалғынның түбі саз екен. Бірақ бұл маңайда мал болмау керек, тұяқ
батқан шұқыр сезілмейді, үсті жылпылдаған саздың асты кебір, аяқты
тұтқырлана тартып əрең жібереді.
Қайықты артынан итермелеп келе жатқан Шоқанның мұрнына жабайы
жуанын, иісі аңқып кетті. Томарлардың, көлдердің осындай сазына өсетін
жуанын, жұмыры кішкене, сабағы жуан жəне биік болады. Жаз ортасында
ұшар басына көгілдірлеу түйін тастап (дəні сол түйінде болады) піседі.
Бұрқыраған рахат иіс сол кезде шығарды. Өсімі көп жылдары, қалың
жуанын, қышқылтым иісі, желдің ық жағынан алыстан аңқиды. Сол кезде
жұлып ап жесе, ауызды толтыра көпіршіп, қышқылтымы мұрынға атып,
адамның иіскеу жəне тату сезімдерін ерекше бір рахатқа бөлеп жібереді...
Осындай жуа Құсмұрын көлінің жағасына да кейбір жылдары мол
шығып, жұрт жапа-тармағай жиналып теретін еді де, сорпа-суаны жоқтар
шикідей жеп, барлары турамшылап салма жасар еді. Үйінен сорпа
арылмайтын Шыңғыс, қашан таусылғанша жуалы салмадан ауыз
алмайтын. Шоқан піскен түрі емес, шикі түрін жақсы көріп, үнемі тыңнан
жұлып жейтін. Кей күндері оның қорегі сол болатын. Қолдан есіретін
жуаны (сарымсақты) ол шайнай беріп түкірігі тастаған да, содан кейін
аузына алмай қойған. «Су жуаға не жетсін?» дейтін ол.
Көлдің, томардың, саздарында, жуамен қатар буылдық та өседі.
Шығымды жылдары оның жұмыры баланың жұдырығындай болады,
тармақты сабағының басына үлбіреген ақ гүл өседі. Піскенде гүлі төгіледі.
Сол кезде оны ауқаттылар - таңсыққа, кедейлер - азыққа жейді. «Сүтке
бөктірген буылдықтың тамақтығы, ақ ірімшіктен кем болмайды» - деседі,
жеп көргендер. Шоқанның да солайша əзірленген буылдықты талай жеп,
тəттілігіне тамсанғаны бар. Қазіргі қараңғылықта, шалғын арасында
буылдықтың бар-жоғы белгісіз. Иісінен байқауға ол жуадай ароматты
өсімдік емес. «Мынадай қалың шалғынның арасында буылдықтың болмауы
мүмкін емес» деп жорамалдайды Шоқан. Шіркін, сүтке бөктіріп жер ме еді,
соны!.
Қараңғыда қайықты итерісіп келе жатқан Шоқан бір қолымен шалғын
басын сипалап келе жатып, басында түйіні бар біреуін «жуа болар» деген
оймен жұлқыды. Кебір саз жұмырын жібермей, сабағы үзілді. Шоқан соны
шайнап көрсе, жуа!.. Қарны ашып келе жатқан оған, көбіктенген жуаны
толғап жұтқан шақта, бір аяқ қымыз ішкендей қанағаттанды. Ол шалғын
басын тағы сипалай бастады.
Оның қолына екінші жуаны жектірмей, қайық жағаға жетті. Ар жағы
түптеле өскен қалың тал екен. Таңатар қайықты сүйреген қалпымен,
кеудесінен асыра қырға шығарып тастады да, мана отынға алған қамысты
ұстап көрді.
– Былжырап су боп қапты ғой, мынау, – деді ол, көтере берген бау
қамысты қайықтың қасына тастай беріп, – бірақ, оған уайым жеме, мырзам.
«Көл үстінде керек болар» деп ем, енді керегі жоқ, тал арасында отын көп.
Ол қайық ішінен бақырды көтеріп алды да, «суға келіп жүреміз бе» деп,
бақырды жалтырлау бір жерге батырды. Орта тұсына дейін балық салынған
бақыр, суға мөлтілдеп толды. Таңатар бұтақтары самалға жайқалған
талдарға беттеп:
– Бері қарай жүр, бала! – деді. Шоқан соңына ерді.
Қалың талдың арасы тіпті тымық екен. Жайқалған бұтақтардың
сыбдыры болмаса, жел бар дерлік емес.
– Бала, шөмшек терейік, – деді Таңатар тал нуының паналы бір қуысына
кіре, бақырды жерге қойып, – ыстық жасайық.
«Ыстығы» – балық асу болу керек, ал, «шөмшегі не?»
Шепе үйрететін боғауыз өлеңдердің ішінде:
Қыз да барды шөмшекке
Мен де бардым шөмшекке,
Қыздың көзі шөмшекте
Менің көзім емшекте.
деген болушы еді. Осындай өлеңдердің (бұдан да жамандардың)
талайын үйренген Шоқан «шөмшек не?» деп сұрамаған еді, енді,
Таңатардың қу бұтақтарды жыюына қараса, «шөмшегі» осы екен.
Шөмшекті Шоқан да жинасты. Ол ілезде кеп жиналды. Тегі, талдардың
арасы тұнған жидек болу керек, жұпар исі аңқып тұр. Шіркін, көз болып,
теріп жесе, жидекті!.. Қалың шөптің арасында өсіп күн көрмегендіктен
бұндай жердің жидегі бозғыл түсті үлкен болады да, қышқылтым тəтті дəмі
тілді үйіреді.
«От қайдан табылады» деп ойлап қалды Шоқан. Таңатар балағын түрген
кең, дамбалының ышқырынан əлденені суырып ап, екі бармағының басын
шықылдата бастады, бұл, əрине шақпақ тас.
Шақпақтың ұшқыны ағаштың қуына тез тұтанды. Оның үстіне
үймелектен шөмшектің қоқымы да тез жалындап, ілезде жалын жарқырай
қалды. Қу талдар от үстіне үйіле түсті. Жалын жайнай түсті. Таңатардың
беліне байлаған қайысында қын бар екен. Ол пышағын суырды да айыр
бұтақ екі талдан қазық жасап, оттың екі жағына қақты, қазықтар үстіне
арқалық тастап, бақырды соған асты.
– Балықтар аршылған ба еді? - деп сұрады Шоқан.
– Əрине.
– Кімге даярланған еді ол?
– Той тарқарға.
– Неге асылмады?
– Сенің кесіріңнен.
– Менің? Қандай?..
– Сен көрінбегенде, шілдеханаға жиналғандар бұл балық жеп тарқайтын
еді.
– Менің не бөгетім болды оған?
– Ол ұзақ əңгіме, мырзам. Қаласаң айтайын.
– Айтыңыз.
– Балық піскенше бітіре алмауым мүмкін.
– Жегенше бітірерсіз.
– Онда да бітпеуі мүмкін.
– Содан кейін, қайтпаймыз ба, кейін?
– Қайтамыз.
– Жаяу ма, қайықпен бе?
– Өзің қайсысын қалар ең?
– Жаяулауға да қарсы емеспін.
– Неге?
– Өліп қала жаздадық қой, əлгінде, қайық үстінде.
– «Өлтірмеймін» деген жоқ па ем, мен «қайық батса да аман алып
шығам деген жоқ, па ем?
– Дедіңіз.
– Ендеше немене, айтып отырғаның?
«Таңатарды ренжітіп алдым ба» дегендей, Шоқан қипақтай сөйлеп:
– «Құрғақпен баруымыз жеңілдеу болар ма екен» дегенім ғой, - деді.
– Жеңіл болғанмен алыс. Қазір мезгіл таң қараңғысы болу керек. Көлді
аяңдап жағаласақ, біздің мекенге күн көтеріле жетер ек.
– Қайықпен ше?
– Ыққа қарай жүземіз ғой, биенің бірер сауынында жетіп қаламыз онда.
– Тез кетеміз бе, бұл арадан?
– Балықты жеп болған соң.
Шоқан көнгендей белгі берді. Таңатар кеңесіне кірісті. Жаман сөзден
бастады ол.
– Шынында, – деді Таңатар, – менің сенімен бұлай шүйіркелесіп
отырмауым керек еді, мырзам, жоқтауыңды бір-ақ асырып, құныңды бір-ақ
көтеруім керек еді.
– Неге ойбай?! – деді зəресі ұшып кеткен Шоқан.
– Тұқымыңда кегім бар.
– Кімде, ағатай-ау?
– Сартай дейтін туысыңды білесің бе?
Шоқан ойланғандай аз кідірді де, жауап күткендей түйіле қараған
Таңатарға:
– Менің əкем – Шыңғыс емес, атамыз – Уəлімен сізге туысқан Шыңғыс
болған екен, соның Сартай деген баласы болған деп есітем, ұлы шешеміз Айғаныммен өштесіп, жер ауып кеткен дейді, содан қайтпаған дейді, тегі,
сол жақта өлсе керек.
– Біледі екенсің, – деді Таңатар суық дауыспен, – сол Сартайдың əжең –
Айғаныммен ойнас болғанын естідің бе?
– Жоға, – деді Шоқан, сондай өсекті ести тұра, естімеген боп.
– 3 ай естімедің, дүйім жұрт түгел білетін істі?
– Мен баламын ғой, ағатай. Үлкендер білетіннің көбін білмеймін ғой. .
– Білмесең айтайын, – деді Таңатар.
Оның кеңесі ұзаққа созылды. Соның ұзын – ұрғасы Айғаным Сартаймен
көңілдес болып жүреді де, бертін Айғаным əрі хан болған, əрі елдің
қаңқуына іліккен кезде, өсек-аяңнан құтылмақ болып, Сартайды
үйлендіруге ойлайды. Қыз іздеген Сартайдың көзіне, сол кезде
сұлулығымен сымбаттылығымен, əншілдігімен атаққа шыққан Үкі түседі.
Ол шағын дəулетті біреудің қызы екен, езін Таңатардың туған ағасы –
Тұнғатарға атастырып қойған екен:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аққан жұлдыз - 22
  • Parts
  • Аққан жұлдыз - 01
    Total number of words is 3736
    Total number of unique words is 2132
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 02
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2143
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 03
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2170
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 04
    Total number of words is 3769
    Total number of unique words is 2096
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 05
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2247
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 06
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2202
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 07
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2134
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 08
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2178
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 09
    Total number of words is 3859
    Total number of unique words is 2180
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 10
    Total number of words is 3814
    Total number of unique words is 1866
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 11
    Total number of words is 3791
    Total number of unique words is 2132
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 12
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2238
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2149
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 14
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2225
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 15
    Total number of words is 3952
    Total number of unique words is 2141
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 16
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1891
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 17
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2122
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 18
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2182
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 19
    Total number of words is 3753
    Total number of unique words is 2114
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 20
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2070
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 21
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2029
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 22
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 2196
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 23
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2201
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 24
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2223
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 25
    Total number of words is 3823
    Total number of unique words is 1953
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 26
    Total number of words is 3860
    Total number of unique words is 2172
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 27
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2239
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 28
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2151
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 29
    Total number of words is 3830
    Total number of unique words is 2056
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 30
    Total number of words is 3683
    Total number of unique words is 2102
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 31
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2215
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 32
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2308
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 33
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2201
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 34
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 35
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2288
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 36
    Total number of words is 3857
    Total number of unique words is 2290
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 37
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2143
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 38
    Total number of words is 3915
    Total number of unique words is 2177
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 39
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2232
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 40
    Total number of words is 3742
    Total number of unique words is 2068
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 41
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2302
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 42
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2267
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 43
    Total number of words is 3804
    Total number of unique words is 2325
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 44
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 2159
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 45
    Total number of words is 3706
    Total number of unique words is 2289
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 46
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2271
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 47
    Total number of words is 3754
    Total number of unique words is 2137
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 48
    Total number of words is 3739
    Total number of unique words is 2212
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 49
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2273
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 50
    Total number of words is 3787
    Total number of unique words is 2230
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 51
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2212
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 52
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2257
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.3 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 53
    Total number of words is 3785
    Total number of unique words is 2250
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 54
    Total number of words is 3847
    Total number of unique words is 2234
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 55
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2121
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 56
    Total number of words is 3774
    Total number of unique words is 2151
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 57
    Total number of words is 3676
    Total number of unique words is 2179
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 58
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2173
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 59
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2288
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 60
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2202
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 61
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2143
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 62
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2141
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 63
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2272
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 64
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2177
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 65
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2199
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 66
    Total number of words is 816
    Total number of unique words is 590
    45.0 of words are in the 2000 most common words
    59.0 of words are in the 5000 most common words
    66.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.