Latin Common TurkicEach bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Аққан жұлдыз - 55
Total number of words is 3805
Total number of unique words is 2121
32.7 of words are in the 2000 most common words
46.9 of words are in the 5000 most common words
54.0 of words are in the 8000 most common words
апарып тіреді де, тоқыраған тұсына патшалық Россияның «Верный»30
аталатын бекінісін (форпост) орнатып қайтты; оған да көрсетілген
қарсылық болымсыз...
– Ендігі міндет, – деді ол, Врангельге серпе сөйлеп, кабинетінің
қабырғасында ілулі тұрған Орта Азияның топографиялық картасын
таяқтың ұшымен шолып, сол кезде «Перовский» аталатын Ақмешіттің
тұсын бір, Верный тұсын екінші рет түрте көрсетіп осы арада ашылып
тұрған қышқашымыздың екі ернін біріктіре қоямыз.
– Кешіріңіз! – деді Врангель, дипломаттық жұмсақтығын қолданып, – сіз
оңайлатқанмен, бұл шаралар жеңілге де түспейді. Оған сіз мысалға алып
отырған Перовский мен Верный қалаларын оларда болған қырғын куə. Мен
білетін мəліметтерге қарағанда, ол айқастарға орыс армиясының шығыны
да аз болмаған.
Өзі де білетін бұл шындыққа Гасфорт іштей мойындап:
– Сізше не істеу керек? – деген сұрау берді.
– Бұл жайда мен, сіздің есіңізге, өзімнің емес, Ұлы государьдың
тапсырмасын ғана салам. Биік даражалы ол кісінің ойы, əдіс-айласыз
қойып кетіп, орасан шығынға тағы да батпау үшін, ең алдымен, Орта
Азияның қазіргі күндерде қандай қарсылық көрсетер мүмкіндігі барын
барлап алу қажет, отарлау ісіне содан кейін кірісеміз.
Бұл пікірді «патшанікі» демей, «өзімдікі» десе, Гасфорт біраз таласып,
жеңілсе ғана көнер еді; «патшанікі» деген соң аузына құм құйылды да:
– Сонда, қалай бастау керек барлауды? – деген сұрау қойды.
– Кісі жіберіп те.
– Қайдан?
– Əрине, Омбыдан.
– Егер табылса! – деді, əдіске емес, күшке сенетін, Омбыда əдісшіл адам
жоқ деп ойлайтын Гасфорт.
– Бар, ондай адам.
– Мəселен?
– Шоқан Уəлиханов!
Гасфорттың көздері едірейе қалды. Шоқанды жақсы көргенмен, білімді
жасқа санағанмен, мемлекеттің мұндай ауыртпалығын көтеретін күші бар
деп ойламайтын. Сол сырының белгісін бетіне шығара қойған Гасфортқа:
– Неге таңдандыңыз? – деді Врангель. – Менімше, Омбыда бұл
тапсырманы одан басқа атқара алатын кісі жоқ сияқты.
Мына сез Гасфорттың намысына тиді. «Жоқтардың ішінде менің де
болғаным ба?! деп ойлаған ол, қызараңдап қалды. Сол қалпын көре тұра
сезбеген боп:
– Менің тоқтағаным – Уəлиханов. Егер сіз ризалассаңыз, Ұлы
государьға осы кандидатураны айта барам, – деді Врангель.
Əуелі намыс, артынан ақыл билеген Гасфорт, Врангелдің:
– Қалай дейсіз? – деген сұрауына, амалсыздан:
– Мақұлдаймын! Өзім тəрбиялаған адамым, егер ол мемлекетке пайдалы
істі атқара алады деп сенсеңіз, мен оған қуаныштан басқа не айтам?! – деді.
Екеуі осыған келісті.
Азалық жиналысқа Батыс Сібірден қатынасатын депутацияның
Петербургқа жүруіне де аз қалған еді. Оны Гасфорт басқаратынын білеміз.
Шоқанның еру, ермеуі сөз болғанда, өз пікірін сұрап еді, ол жұмсалатын
жөніне даярлық жасауды сылтауратып, қалып қойғысы келетін ойын
білдірді. Врангельге ол сөзі дəлелді көрінді, ал Шоқанның халқын сүю
санасымен сырқаттанып жүруінен хабары бар, сол сырқатын Петербургта
да сездіріп aп, бұлдіріп жүре ме деген қауіптегі Гасфорт, оның ермеуіне
өкінген жоқ, қуанды.
ƏРҚИЛЫ АРМАНДА
Шоқанның Петербург сапарына бармауына қатты қайғырған адам
Шыңғыс қана болды.
Замана жайынан сезімі бар оның байқауынша, баяғыда Драгомиров
айтқандай, хандық дəуірі адыра қалуы былай тұрсын, хан тұқымына
«сұлтандық» аталатын даражаның өзі жылдан жылға сұйылып барады.
Дуан құрылған алғашқы кезде, «аға» аталатын сұлтандардың бəрі, «кіші»
аталатын сұлтандардың басым көпшілігі төрелерден, яғни хан
тұқымдарынан еді. Кейінгі кезде ол даража сиыр-құйымшақтанып барады.
Соңғы жылдарда алты аға сұлтанның төртеуі қара қазақтан болып, хан
тұқымынан екеуі ғана, яғни Көкшетаудағы өзімен, Қарқаралыдағы Тəукенің
Құсбегі ғана қалған еді; жуық арада, қиянаттарын айтып, көп жылдар бойы
ел-жұрты үстінен жаудыратын шағымдар тексерілгенде, жоғарғы
ұлықтардан Құсбекті аға сұлтандықтан босату туралы қағаз келген. Ел
оның орнына Өскембайдың Құнанбайын31 атапты деген хабар бар. Ол да
қара қазақ. Сонымен, өрттен қалған жалғыз түп көдедей, хан
тұқымдарынан аға сұлтандыққа əзірге қалып тұрған жалғыз Шыңғыс. Кіші
сұлтандардың да төреден қалғаны некен-саяқ. Кенеуі кеткен дүние осы
қалпымен ыдырай береді де, көп кешікпей түгел сетінейді.
Хан тұқымының, олардың ішінде өзінің халін, дауылды күнгі теңіз
бетінде қалтылдаған қайықта отырғандай көретін Шыңғыстың жан сақтар
үміті тек Шоқанда ғана еді. Кадет кезінде де, одан бері де сан рет
ренжіткенмен «өзіңдікі өзекке тепсең де кетпейді, кісінікі кісендесек де
тұрмайды» деген мақалға қатты сенетін Шыңғыс, «жас қой, албырт қой,
барып-барып бір оралар» деген ойды қанағат көретін.
Шоқанның Гасфортқа адьютант болуына Шыңғыс қатты қуанған. Оның
түсінігінде «адъютант» кішігірім шен емес, ол патшаларға генералдар
адъютант болғанынан хабардар. Оның ұйғаруында: «Адъютант»
начальнигіне «атқосшы» ғана емес, жан серік те.
Шоқанның Гасфорт алдында қандай қызмет атқарып жатуына құлағын
түрік ұстаған Шыңғыс, «еркесі дейді» дегенге масаттанып, «ə, құдай бере
гөр!» деп, өсе беруін үздіксіз тілейтін де.
«Петербургтағы азаға баратын топты Шоқан бастайды-мыс» деген хабар
дүңк ете қалды бір сəтте. Оған Шыңғыс шегінен шыға қуанды. Сондағы
ойы – Кеудесінде көптен арман болып жүрген бір нəрсені осы сапарда,
немесе күзге қарай, жаңа патшаның таққа отыру тойына барғанда
(«Шыңғыс пен Шоқан ол депутатцияның ішінде бар» деген анық хабар
естіледі), замана тілін біледі дейтін, ірі ұлықтарға, кəтте патшаның өзіне
жолығуға өресі жетеді дейтін Шоқанды өз мақсаттарына пайдалану.
Шыңғыс Омбыға осы дəмемен келді. Үмітіне қарай Шоқан да бұл жолы
жарқын жүзбен қарсы алды. Өйтуіне бірнеше себептер болды:
Б і р і н ш і д е н, аты «аға сұлтан» дегені болмаса, беделі басқарған
елінің алдында жылдан-жыл төмендеп, жылдан-жыл жазған шағымарыздар көбейіп барады, оларды тексере бастаса, бұның да Құсбектің ізін
құшар, яғни, аға сұлтандықтан қуылар түрі бар; сөйте қалса, не болмақ?
Сене қоярлық дəулеті шағын, жұрттың жұқанасын жонып жеумен күн көріп
келе жатқан кісі; бағынан айрылса, одан да айрылады; сондағы өзінің жəне
үй ішінің тіршілігі не болмақ?
Осы жайларды ойлай келе, ондай қылық арына ауыр болғанмен, əкесінің
үстінен жиналған материалдарды Шоқанның басып тастайтын да əдеті бар.
Е к і н ш і д е н, Алты дуандағы «аға» жəне «кіші» сұлтандардан,
бағынышты еліне аз да болса, үстірт те болса орыс заңын қолданатын осы
ғана. Бұдан басқалары қазақтың, «киіз кітаптары» не айтса, сонымен келе
жатыр. Елді билеп-төстеп қалғандардың өзге сұлтандардан гөрі, бұған
көбірек өшігуі де, үстінен арызды көбірек жаудыруы да содан. Əкесінің бұл
қылығы Шоқанға жағады, сондықтан бұл мəселеде де оған іші жыли
қарайды.
Үшіншіден, сұлтандардың ішінде, бағынышты елінің арасына аз да
болса өнер-білім сəулетін таратуға бұдан басқа тырысып жүрген біреуі де
жоқ. Мысалы, соңғы төрт бес жылда оның ынта жұмсауымен мал жəне
адам фельдшерлерін даярлайтын қаладағы училищелерге Көкшетау
дуанынан қазақтың он шақты баласын жіберген жəне бəрі кілең панасыз
жетім балалар. Əке-шешесі барлардан «баламызды шоқындырады» деп
ешкім ризаласпаған, ақыры, сөзі өтетіндерге жалбарынып, олар
жетімдердің жақындарына ақша беріп, жылаған балаларды оқуға байлап
жөнелткен. Солар білім алып қайтса, қазақтар үлгі алады деп сенеді.
Төртіншіден, елдің ауыз əдебиетін жинауды Шыңғыс Шоқанның бала
кезінен бастаған. Сол игілікті ісін əлі де ілгерілетіп, түскендерін Шоқанға
жолдауда.
Бесіншіден, əңгімелескен шақта Шоқанның шамалауынша, ажырасудан
бұрын да «түрікше» аталатын кітаптарды қарастырып жүретін əкесі, одан
бері тіпті көп қараған сияқты. Ертеде оның қарайтындары: софы Аллаяр,
Хожахмед Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, «Қиссасөл – Əнбия» сияқты
діншіл кітаптар болса, соңғы кезде «хандар», «түрікмендер» шежіресі –
«Жəмғу – аттауарих», «Тюзика- əт-Тимур», «Бауыр нама» тағы сондай
тарихи кітаптарды қарастырып, көп білім алған түрі бар; соларды оқып
қана қоймай, үлгі ала отыра, қазақ шежіресін жасау ниетіне кірісіпті. Осы
жайларын естіген Шоқан, оған Алексей Левшиннің «Қырғыз – Қайсақ
ордасының тарихы» атты үш томын жіберген еді, енді байқаса, оларды да
қарап шығып, бірталай өнеге алған, біраз жеріне сыны да бар екен.
Əкесінің қолына мұншама кітап қайдан түсуін сұрастырып көрсе, Талас
ұлы Науан хазіреттен қалған мүлік екен. Оның жайын сұрастырса, ана
жылы «Итжеккенге» айдалып кеткеннен хабар-ошар жоқ екен, өлі-тірісі
мəлімсіз.
Айдалу себебін сұрастырса, бір жағы Ғалиакбар молданың үздіксіз
жасырын көрсетулері болса, екіншіден ол патша миссионерлерінің қазақ
даласына христиан дінін таратуға ашық қарсы болып, əлде не поптың
ауылдарға таратпақ болған алтын мұқабалы «Инжилдерін» (Евангелие)
отқа жақтырған екен. Ең үлкен айыбы сол болса керек.
– Əйелі бар ма? – ден сұрады Шоқан.
– Санадан сарғайған бейбақ, жуықта ғана Көкшетау қаласының
көшесінде аштан өлді деп естідім.
Шоқан ауыр күрсінді. Лақап аты «Көкеш», азандық аты «Гүлшаһра»
болған бұл əйел туралы, Сырымбет саласында жолғасқан сəтте, Айжан
Шоқанға сан алуан сезімтал сөздер айтып, жүрегіне жылылық түсірген еді.
Сондықтан, Атбасар сапарынан Омбыға оралған ол, Көкшетау қаласына
жолшыбай əдейі соғып, көріспек сөйлеспек болған еді, «ерінің соңынан
кетті» деген хабар естіді де, кездеспеуіне қатты кейіді.
Көкеш сол кеткеннен ұзақ жоғалып, ерін таба алмай, қалжырап қайтқан
да, Көкшетауға келе төсек тартып жатып алған, қарасар жаны болмаған;
ақырында тіленшілік тұрмысқа түсіп, жүдеп барып өлген.
Не деген өкініш!.. Бұны естісе Айжан не халде екен?!
Бірақ, əкесінің ұнатпайтынын біліп, Айжан жөнінен Шоқан оған «лəммим» деп тіл қатпады...
Баспасөз – Омбыда қазақ дуандарының басқармасынан жұмасына бір
шығатын екі бетінің бір жағы орысша, бір жағы татарша ресми листок;
Шыңғыс оны мұсылманша хат білетіндерден жиырма шақты адамға
зорлағандай жазды. Əкесінің мұнысына риза болған Шоқан, орысшаны
түсінуге де шамасы келетінін еске алып, өткен жылдың басынан
Петербургта шығатын «Орыс сөзі» газетін өз ақшасымен жаздырып
жіберттірді.
Əкесінің игілікті істері Шоқанға қатты ұнады.
Əйтпегенде ше? От та, ерт те ұшқыннан тұтанады. Əкесінің қазақ
арасын өнер-білім тарату жайлы əзірге атқарып келген қызметі ұшқындай
ғана. Содан от я ерт тұтанып кетпесіне кім кепіл бопты? Бала жігіт
кезіндегі Шоқан ойға алғанының бəрін бұрқырата тез бітіріп тастағысы
келіп лепіретін еді, кейін замана талқысына түскен соң, əсіресе,
Банзаровпен жолыққан соң біраз бəсеңдеп, енді ектеу орнына ептеу
санасына келген. Оның бас мақсаты патриархалдық өмір сүріп отырған
қазақты шаруа жағынан да,мəдениет жағынан да, азаматтық ой-сана
жағынан да жылдам өркендетіп, европалық елдердің қатарына қоса қою
еді. Осы мəселе жайында Банзаров екеуі пікірлесіп көрсе, бұндай сатыға
көтерілу үшін, отар елдер былай тұрсын, Россиядағы ең көп, ең алдағы
дейтін ұлт орыстың «төменгі» аталатын басым көпшілігіне де əлі талай
уақыт керек сияқты. Қарулы күшінің аржағы Степан Разин мен Емельян
Пугачевтан, ақыл күшінің аржағы Николай Новиков пен Александр
Радищевтен таратылатын орыстың халық азаттығы жолындағы күресі,
тоқтау орнына күшейе түскенмен, əлі де түк тиянаққа келген жоқ.
Басқарушылар жағы жұмсару орнына жылдан жыл қатайып барады.
– Ендеше, – деп қорытқан бұл пікірлерін Шоқан мен Банзаров – отар
елдерден бұрын құлдықтан орыстың төменгі жағы, яғни бейнетқорлары
азат болу керек.
Орыстың өзі ондай күнге қашан жетуіне, біздің пікірлесушілердің ой
еріс.і жетпейді.
Олардың өресі жететін ой – «ағартушылар» атағы тағылған əлгі Новиков
пен Радищев жəне олардың жолын тұтушылар. Олар келген қорытынды, –
қоғам өрісі қайда барарын өркендегіш тарихтың есесіне қалдырып, қазіргі
күндер үшін «төменгі» аталатын адамдардың азаттық санасын оятып,
өркендету; оған апаратын жол – мектеп, баспасөз.
Орыс арасында туған бұл идея жылдан жыл кеңіп келе жатқанмен,
нəтижесі айта қаларлықтай емес, мектептік я баспасөздік білім жағынан,
Россия əлі де европалық елдердің артында. Ал, Россиядағы отар елдермен
салыстырғанда, орыстар əлдеқайда озық. Банзаров пен Шоқанның ойынша,
отар ұлттар шаруа жəне мəдениет жағынан, ең алдымен, алдыңғы
қатардағы орысқа жету керек. Аржағында өмір көрсете жатар.
Шығыс Сібірден қайта Шоқан бұл тілегіне жетудің жолын іздеп көрсе,
ондай жолдың өзі түгіл сүрлеуі де көрінбейді. Қалай көрінеді ол сүрлеу?
Қазақтың болмашы азшылығының əзірге білетін сауаты – мұсылманша;
оны да өз тілінде емес, татар я түркі аталатын қазаққа түсінігі аз тілдерде
ашқан; ал орысша сауат бірен-саран сұлтандарда ғана болмаса, өзгелерінде
атымен жоқ.
Қалай жету керек бұл сауатқа?
Ойлап-ойлап, оған Шоқанның ақылы жетпей жүргенде «шоқпарлы
Николай» өліп, «ағартушылық идеясына бейім» деп есітетінін екінші
Александр таққа мінді де, Шоқан ойының қараңғы аспанында болмашы бір
сəуле жылтыраған сияқтанды.
Бірақ, «бой қалай жетеді оған?!» деген арманда жүргенді, бірінші
Николайдың Петербургтағы азалы жиналысына барудың сəті келе қалған
сияқты болды. Аза үстінде айтылатын арман-тілек болмауға тиісті, ондай
тілек тек той үстінде ғана айтылатын болар... Аза артынан жаңа патшаның
таққа отырған тойы да алыс емес, азаға баратындардың тойға да барулары
қазірден-ақ белгілі. Ал, Шоқан оған бара ала ма, жоқ па?
Оған барғысы келеді-ақ Шоқанның: сонда өз өресі жетпеген жерлерге,
басы, əкесі – Шыңғыс қып, тілін алатындардың бəрін де жұмсап көрмек.
Ол əрекетінен не шығарына көзі жетпейді. Бұл жолы, бұл жайда əкесіне де
тіл қатпайды, «несі болса да кезінде көрерміз», – деп ойлайды.
Əкесінің соңғы кездегі қылықтарына қатты риза Шоқан, бұл жолы оның
көңілін аулайтын ғана мінез-қылықтар көрсетіп, білгенінше, шамасы
жеткенінше күту мақсатында, сөйтіп, болашақта атқартқысы келген
істерінің көлеңкесін, осы бастан көңіліне түсіре бермекші...
Қылықтарына, сөзіне қарап, Шоқанды «икемге келген екен» деп
түсінген Шыңғыс. өзінің ойындағы мақсатын іске асыру ниетіне кірісті.
Жəйдары бір кеңестің үстінде ол:
– Қанашжан! – деді Шоқанға, еркелеткен дауыспен.
– Əу, əке, – деді Шоқан да сондай кескінмен.
– Шешеміз орыс оқуына зорлап түсіргенмен, біз кезінде қадырын білдік
пе орыс сөздерінің.
– Түсінуге де, түсіндіруге де шамаңыз келеді ғой, əке.
– Шалағай білгеннің не сəні бар, балам. Көп сөздерін, кейде аса қажет
сөздерін білмей, қорланып жүреміз.
Аз жыл болса да орысша оқыған Шыңғыс, орысша жазуға да, сөйлеуге
де шорқақ еді. Бұл тілдің көп сөзін ол бұрмалап, қазақ тілінің заңына
сүйрелеп, бұзып отыратын. Ал, титулдарды «прапорщиктен» бастап,
фельдмаршалға дейін орыстың сауатты адамдарындай дəл түсіреді. Мына
жолы да солай!.. Бұл сөздерді бұзбай айтуға тырысатындығы ғой ол!
– Неге күлесің? – деген əкесіне:
– Сіздің көп білетіндігіңізге қайран қалып, – деді Шоқан, кескінін
томсартып.
– «Өзім ғана білем» деп ойлап па едің балам? – деді
Шыңғыс масаттанғандай, – біз де бірдемелерді ұғамыз!.. Сонымен,
дворянин, граф дегендердің тура мағынасы не боп шықты?..
– Қызметтерімен ерекше жаққандарға, патша тарапынан тағылған атақ...
– Өзім де солай жорыған едім, Қанаш...
– Неге?
– Тобылдың Үйге құятын сағасында Əбілқайыр ханның тұқымы, ұрпағы
Ахмет Жантурин сол маңайға сұлтан-правитель болып тұрғанын білесің...
– Білем. Болдық та ғой үйінде?
– Ұмытпаған екенсің. Сол Ахмет айтушы еді: «Бір Əбілхайырдан:
Нұралы, Ералы, Айшуақ, Бөкей болып төртке тараймыз; солардың ішінен
дворяндық даражаға жеткені – Бөкей тұқымы ғана, Бөкей ордасының
қазіргі ханы – дворян» деп.
– Онысы рас көрінеді. Николай патшаның, сіздер баратын азалы
жиналысында ол да болатын хабары бар, аманшылық болса, сонда
көрісесіз...
– Əмин!.. Ал, «князь» деген сөзі не мағынада, орыстың?
– Ол тіпті ірі сөз, – деді, əкесінің сатылап қайда шыққысы келіп
жүргенін айқынырақ
болжаған Шоқан.
– Ол да біздің хан тұқымы сияқты болды ғой. Қаны хандыққа
жататындардан ғана болмаса, басқа қанды еркек ешуақытта хан бола алған
емес. Мысалы Ақсақ Темір Күреген. Жер жиһанның қаншасын билегенмен,
ол, тек «əмір» ғана болып, «хан» атағын ала алмады ғой.
– Оны кімнен естідіңіз, əке?
– Оқып көрдім: «Зафарнамадан»32 жəне Əбілғазы Баһадүрханның33
«Хандар шежіресінен».
– Князьдар да солай екені рас.
– Бəсе, – деді Шыңғыс қанағаттанғандай, – өзім де солай болар деп
жорамалдаушы едім.
– Бұл сөздерді неге сұрастырып отырсыз, əке?
– Үміт дүниесі емес пе, балам? Біреуіне біздің де қолымыз жетсе!» деген
дəмемен де; Баронның қажеті жоқ дедің. «Қалған екеуіне жетуге тырмысып
көрсек қайтеді?» деген қиялға кеткен едім де.
– Оған неге құмарттың, əке?
– Құмартпағанда ше, балам-ау! Арғы атамыз Шыңғыс хан жердің жүзін,
күннің көзін билепті деседі. Одан кейінгі атамыз Жошы хан ордасын
алтыннан тігіп, қазақ, елі түгіл, Еділ-Жайық бойына бұйрығын жүргізген.
Бергі аталарымыз: Əз Жəнібек қосқан үш жүздің басы, жуықтағы атамыз
Əз Тəуке өлген соң ғана бытыраған; кешегі атамыз, аруағыңнан айналайын
Абылай, қанатын Орта жүзден асыра жайып, ана шеті Алатаудағы
қырғызға, мына шеті Кіші жүздің бергі бетіндегі Жағалбайлы – Жаппасқа
ықпал жүргізген. Одан дейінгі үшінші атан, Уəли ұшпақ тым, тек Атығай –
Қарауыл мен Керей – Уақтың ғана ханы болып қап, жеті жүз жылға
созылған хандық даражамыз, сиыр құйымшақты ала кеп, ақыры, кешегі
əжең34 марқұммен тұйықталды бізге жеткен сімілтірі – менің қолымда
тұрған аға сұлтандық. Хандық даражасы біздің бұл Сібірде жойылып,
сұлтандықтан құрылғанда, алты дуанның да аға сұлтандары хан
тұқымынан белгіленген еді, кіші сұлтандардың да көпшілігі біздің
төрелерден болған. Қазір ше? Алты аға сұлтаннан қалғаны жалғыз менақпын. Кішілері де солай сұйылып келеді. Қазіргі сұлтандардың көбі,
«қарадан хан болғандар» аталатын қара сүйек қазақтардан. Сонда,
аталықты біреулер болса екен-ау, іштерінде «əкесі болды жетесіз, шешесі
болды некесіз» деген сияқтылары да бар...
– Мəселен? – деді Шоқан.
– Ақмола дуанының қазіргі аға сұлтаны – Жайықтың Ыбырайы.
– Оның не міні бар?
– Міні сол, тегін қозғасаң қазақ, та емес.
– Енді кім?
– Естек.
– Ол қай ел?
– Башқұртты қазақтар «естек» дейді.
– Одан қалай келген Ыбырай?
– Көкшетау қаласынан, бұрнағы жылы өзін, көрген Ақан тауына қарай
жүргенде, Зеренді аталатын бір тамаша тау бар, етегінде «Ақанға»
беріспейтін шалқар көл. Сол Зерендіге жақындай бергенде, он, қолыңда
«Қошқарбай» аталатын шоқы тұрады. Осы шоқы, Ноғай – Қарауыл
аталатын елдегі Қошқарбай батырдың мекені екен. Сол батырдың қолына,
Жайық бойындағы естектерден бір жігіт солдаттан қашады да,
Қошқарбайға қорғалайды; аты – Гимада-аддин болса керек қазақтар оны
жерінің атымен – Жайықбай деп кетеді. Өзі молдасымақ болса керек қазақ
арасында молда жоқ кезі, Қошқарбай оған балаларының тілін сындыртып,
молда ғып ұстайды.
– Шала дүмбілездің бірі екен ғой.
– Əрине.
– Содан?
– Қошқарбай Кенесарыға қарсы болған, орыс əскеріне қосылып, оны
қуысқан адамның бірі болған. Кенесары жеңіліп, оны қуысқандарға шеншекпен үлестірерде, Батыс Сібірдің генерал-губернаторы – князь Горчаков,
Қошқарбайды да еске алып, Қараөткелде болатын жиналысына шақыртса,
патшаның шенін шоқындыруға балайтын өзінің оны алғысы келмеген
Қошқарбай, «сен барып қайт, берерін сен-ақ ал» деп Жайықбай естекті
жібереді де, қолына Горчаков атына мұсылманша жазған хат ұстатып,
баяғы Сперанскийден алған сақина мөрін басады.
– Болды қызық! – деді Шоқан, құмарта тыңдап.
– Жайықбай мұсылманша да, орысша да хат білетін кісі екен.
Қошқарбайдың хатын тапсырған ол Горчаковке жағады.
– Əрине, солдаттан қашқан башқұрт екенін жасырып?
– Болса болмаса да.
– Қошқарбайдың қара күштен басқа өнері жоғын білетін Горчаков,
хатына, мөріне сүйеніп, оның орнына, Ноғай – Қарауылдық кіші сұлтаны
ғып Жайықбайды тағайындайды.
– Ыбырай соның баласы ма? – деді, əңгіменің аяғын естуге асыққан
Шоқан.
– Солай. Қошқарбайдың қолына келген Жайықбай, сол үйдің есігінде
жаугершілікте келген қалмақ күңіне үйленеді. Арасынан тұңғыш болып
Ыбырай туады. Осы жайда, Есенбай – Қарауыл Шауыпкел ақын шығарды
дейтін мынадай бір өлең бар. Ыбырай аға сұлтан боп күпей бастаған кезде
Шауыпкелге кездесе қалады. Сонда, тасып тұрған Ыбырай «мені мықтап
жамандашы, ат, шапан берейін» депті. Сондай айғайлап қоя берген
Шауыпкел:
Ыбырай, əкең естек,
шешең қалмақ,
Салт болған кірмелерді олжаланбақ,–
дей бергенде намыстанып кеткен Ыбырай, ызаға шыдай алмай, теңселіп
ыңырана бастаған. Сол қалпынан қорқып кеткен Шауыпкел:
Басына бес дуанның іс түскенде,
Аунайды саған қарай ауыр салмақ!
деп бастапқы сөздерін жуып-шайып жіберген.
– Сонда да қатырған екен! – деді Шоқан күліп.
– Содан бағы жанып, əкесінің үлгісімен мұсылманша, орысша хатқа
үйренген Ыбырай, есейе келе, Омбы əкімдеріне тіпті жағып, Қоңыр Құлжа
төренің аға сұлтандығын сыпырды да алды. Енді қолынан шығарар түрі
жоқ.
– Жігіт! – деп қойды сүйсінген Шоқан.
– Айта берсең, – деді Шыңғыс сұстана түсіп, – «қарадан хан
болғандардың» басқаларынан да сондай былық шығады.
– Мысалы? – деді «қарадан хан болғандардың» өмірбаянын көбірек
білгісі келген Шоқан.
– Əз нағашың.
– Шорман ба?
– Оның əкесі – Күшік.
– Оның неменесі бар?
– Айтайын, тыңда!
– Ал, тыңдадық,– деп Шоқан əкесіне жақындай отырды.
– Ақмола мен Омбының арасына кең жайылып жат» қан елдің бірі –
Күрсары Керей. Сол елдегі Əмен Семен деген байлар Күшікке нағашы
екен. Əкеден туа жетім қалған Күшікті төркініне көшкен шешесі ала кетеді.
Сол кезде «киіз қотыр» деген ауру болады екен дейді. Күшік жастайынан
соған ұшырап, «Қотыр Күшік» атанған екен. Есейген оны нағашысы
жылқы соңына салып, бір сəтте «жиендігіңе үлесім» деп, меңсіз қара түкті
қотыр тай берген екен дейді. Оған Күшік қорланып, жылайын десе ақылды
шешесі,– «кейіме, балам, қыдырып жүріп, Қыдырдың ізін шалды дегендей,
мен мал танысам осы тегін тай емес, түбінде сенің ырысын, осыдан
тарайды» деген екен дейді. Ақыры, анасының айтқаны келіп, нағашысынан
еліне көшкенде, қара тайдың тұқымы жүзге жетіпті-міс.
– Бұнысы жақсы сəуегейлік болып шықты ғой.
– Солай екені рас. Бірақ «қотыр тайлы қотыр Күшік» аты соңынан
қалмай, оның тұқымына өштер əлі де сыртынан мазақтап жүреді.
– Не демейді сыртынан. «Хан артынан жұдырық» демей ме? Бетпе-бет
айта алмаса болғаны да.
– Айтуы айта алмайды, балам. Сол «қарадан хан болғандардың» бетіне
өзгелер түгіл өзіміз де тура қарай алмайтын халге жеттік.
– Ол жағы, əрине, көңілсіз, – деді, əкесінің басына түскен тарихи
ауыртпалыққа жаны ашығандай болған Шоқан.
– Осындай даража биігінен құлдырай құлаған шағымызда, кездесті
деген жалғыз тірегім сенсің, Қанашжан! – деп Шыңғыс көзіне жас алды да,
қалтасынан орамалын суырып, уқалай сүртті.
Бұл – шын жылау. Хан тұқымына деген тарихи шеңбердің жылдар
жылжи тарыла беруіне тəні де, жаны да қысыла түсуіне қамығудың
жылауы. Бірақ, қалай жеңілдету керек соны? Графтық, дворяндық,
князьдық атақтардың біреуіне жетумен бе? Одан не түседі? Шоқан білетін
тарихта, бұндай даражаларға қолы жеткен жəне ұзақ тұтынғандардың
талайы азып-тозып кеткен. Əкесінің де сондай күйге ұшырамасына кім
кепіл? Ұсақ ұлттардан ол атаққа ие болғандардың талайын, Шығыс
Сібірден көріп те қайтты. Өз халықтарына қожаңдағаны болмаса, патша
əкімдеріне теңдесер біреуі жоқ. Бəрінің басында да жалтақ,
жалбарынышты, жағымпаздық күн.
Осылай ойлаған Шоқан əкесінің көңілін қалдырғысы келмей, тағы бір
сөздердің арасында зор атақтардың биігіне көтерілу қиын екендігін дəлелді
сөздермен айта кеп, парасатты əкесін түсіндіргеннен кейін, «дəм жазса
Петербургқа баруға ниет еттік қой, сонда тамырларын басып көрерміз. Бұл
жолы ретін келтіре алмасақ, жаңа патшаның таққа отырған тойына
барғанда, тағы да айналдырармыз» деп, əкесін жұбатты. Əкесі:
– Жарайды, шырағым. Жағдай солай болса, асыққанмен амал қанша! –
деп күрсінді де қойды.
Шоқанға «атаққа сен ілік» деуі ат өтті ғана сез еді. Шын ниетін биіктің
қандайына болса да өзінің шыққанын тілейді, Шоқанның өнер-білімін, осы
мақсатына көтерілер бетінде баспалдап көреді.
Əке мен бала осылайша бірімен бірі арбасып, баспалдамақ болып
жүргенде, Шоқан мен Врангель арасындағы келісім сөздер басталып кетті.
Шоқан бұл сөздерге үш жақтан қуанды: бірінші – Петербургтағы тойға
болмаса, азаға барарлық құлқы жоқ еді, онда бару тек Гасфортқа жəне
қазақтық депутацияға атқосшы болу ғана; азада өзіне тиетін сөз де, сыбаға
да жоқ; екіншісі – қазынаның жолға берер қаражаты өте аз: сұлтандардың
«ағаларына», бір айлық мөлшермен, күніне бір сомнан, «кішілеріне» елу
тиыннан, адъютантқа да сондай, Петербургқа дейін қарауылдап баратын
солдаттардың күніне он тиын олардың уряднигіне – отыз тиын;
арзаншылықты уақыты болғанмен, амалсыздарға ғана болмаса, Шоқан
сияқты мол жүргісі келетіндерге бұл қаражат жұмырына да жұқ болмайды.
Өз қалтасы жұқа. Қалыңдатайын десе, мүмкіндік бар-ақ: дау қуған қазақтар
параны шыжымдап емес, уыстап ұстататын оған өзге əкімдер
құныққанмен, Шоқанның жолағысы келмейді, қызмет бабымен аталатын
жалуанасы, күн көруіне əрең жетеді. Əкесі келгенде қайтерін білмей сасып
қалған еді, жол көрген адам онысын сезді де, «расхотыңа» деп бір бума
қағаз ақша ұстатты. Алғысы келмесе де, амалсыз алды. Сөйткен əкеге
Петербург жолында да масыл болғысы келмейді; үшінші – саяхатқа
құмарту арманына қолы ілігетін сияқты; əсіресе Орта Азияға; бұған дейін
қазақ даласының бір көршісі – Шығыс Сібірді түгел аралағанмен, біраз
тұсын көріп, жері, еті туралы мəліметтер алып қайтса, енді Орта Азияны
араласа, тағы бір көршілерімен танысады; сəті түссе, бұл жолының ұзара
беруі мүмкін.
Врангель мен Шоқан келісті. Ендігі ризашылық Гасфортта. Шоқаның
Петербурга жоламауын тілейтін Гасфорт, əуелі Врангельге «анау, мынау»
деп арындаған болды да, «бұл сапар сəтті болса, ең алдымен сіздің
абыройыңыз» дегеннен кейін, əрең деп көнген болды.
Ендігі мəселе Шыңғыста. Оның көнер-көнбесі мəлімсіз. Көне қалса
құба-құп. Ал, көнбесе ше? Шоқанның өзі айтса, көнсе бірсəрі... Көнбесе,
көптен араздасып жүріп, жуықта ғана татуласқан əкесімен тағы араздаса
ма? Оған Шоқанның барғысы келмейді.
Ендеше, кімді жұмсау керек? Шоқанның таңдауы, Батыс Сібірдің соғыс
губернаторы полковник Карл Казимирович Гутковскийге түсті. Ол
Шыңғыстың да, Шоқанның да сенісетін, сыйласатын сырласатын адамы
болатын.
– Мақұл, айтайын, – деді ол бірден.
– Бірақ, əкеме сөйлер алдында есіңізге саларым, – деді Шоқан
Гутковскийге, – Орта Азияға жұмсалатын болсам, Петербургтің бұл жолғы
сапарына бармаймын.
– Неге?
– Орта Азия туралы білетінім аз. Ол жайлы тарихтық жəне архивтық
материалдар Омбыда көп. Соларды үлгергенше ақтарып, керектілерін теріп
алуым қажет. Петербург сапары бүйтуге мұрша бермейді.
– О да мақұл екен, – десті Врангель мен Гасфорт.
Шыңғысқа сөйлескен Гутковский, алыстан орағыта, əуелі Шоқанның
ақылын, білімін, қызмет əлемінде көтерілуге мүмкіншілігі зорлығын, оған
шығар басқыштардың тетігі, тек екінші Александрда екенің патшаға жетер
жəне жағар жолдардың қандай екенің өзінің бұл істерге тілектестігін,
қолдан келер жəрдемін беруге əзірлігін айта кеп, сөз ақырын Шоқанның
қайда баруы пайдалы болуына тірегенде, Шыңғыс торға қапыда түскен
бүркіттей шырмалды да қалды.
Оған Шоқанның қайда баруы қажет емес, қалай көтерілуі қажет.
Сондықтан, Гутковскийдің сыпайылап айтқан дəлелді сөздеріне ол ұйып
қалды да:
– Не дейсіз? – деген сұрауына:
– Біздің фамилияға сізді ешуақытта да пайдадан басқаны ойламайды деп
сенетін адаммын. Үлкен басыңызды кішірейтіп айтып отырғаныңызға
рахмет. Сізге – лайық, маған – лайық, айтқаныңыз бола берсін, – деді.
Сөйте тұра, алыстан болжағысы келетін дағдысына бағып:
– Тілеуі алдағы жас адамның азаға баруын іштей ұнатпай да жүр едім,
Петербургтық бұл сапарынан қалып қоюына ренжімеймін де, ал сонда
алдағы күзде жаңа патшамыздың таққа отырған тойына бару жайы қалай
болады? – деді.
– Оны уақытында көрерміз, – деді Гутковский, – біреуге біреу түсімен
ғана емес, ісімен де жағуы қажет емес пе?
– Əрине. Ең алдымен – ісімен!
– Ендеше, Шоқанның да патшаға ең алдымен ісімен жағуы қажет.
– Ол да жөн екен!
Көп кешікпей Врангель де, Батыс Сібірдің Гасфорт бастаған
депутациясы да Петербургқа ылаулатып жүріп кетті. Қазақ өкілдерінің
тілмаштығына облыстық басқарманың чиновнигі, татар тілін білетін
Андрей Ииконорович Добшинский берілді.
АЗА САПАРЫ
Петербург сапарынан айдан астам уақытта оралған Шыңғыс қуанышпен
де, ренішпен де қайтты.
Қуанышы – Шоқанның Петербургқа бармағаны да дұрыс екен. Бара
қалғанда, аяқ-асты боп жүргені болмаса көзге көрінерлік ешбір жағдай жоқ
екен. Бұратана ұлттан шыққан кіші офицер, ол түгіл, Омбыда өзін жер
тəңірісіндей ұстайтын Гасфорт та қақпайда қалып қойып, патша түгіл
министрлерге де біразға дейін маңайлай алмай соры қайнап жүрді. Ондай
кемшілікті көргеннен де көрмегені жақсы.
Бұған да қуанғанмен, Шыңғыстың бұдан əлдеқайда зор қуанышы:

You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аққан жұлдыз - 56
- Parts
- Аққан жұлдыз - 01Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3736Total number of unique words is 213230.5 of words are in the 2000 most common words45.7 of words are in the 5000 most common words53.3 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 02Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3864Total number of unique words is 214333.1 of words are in the 2000 most common words47.5 of words are in the 5000 most common words55.7 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 03Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3877Total number of unique words is 217032.3 of words are in the 2000 most common words45.8 of words are in the 5000 most common words52.9 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 04Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3769Total number of unique words is 209632.9 of words are in the 2000 most common words47.9 of words are in the 5000 most common words54.8 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 05Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3854Total number of unique words is 224732.5 of words are in the 2000 most common words46.8 of words are in the 5000 most common words54.8 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 06Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3851Total number of unique words is 220231.7 of words are in the 2000 most common words46.6 of words are in the 5000 most common words54.3 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 07Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3936Total number of unique words is 213434.9 of words are in the 2000 most common words50.0 of words are in the 5000 most common words56.0 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 08Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3809Total number of unique words is 217832.1 of words are in the 2000 most common words46.7 of words are in the 5000 most common words54.3 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 09Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3859Total number of unique words is 218033.4 of words are in the 2000 most common words47.6 of words are in the 5000 most common words54.7 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 10Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3814Total number of unique words is 186635.9 of words are in the 2000 most common words50.8 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 11Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3791Total number of unique words is 213233.1 of words are in the 2000 most common words48.6 of words are in the 5000 most common words56.3 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 12Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3820Total number of unique words is 223831.8 of words are in the 2000 most common words46.0 of words are in the 5000 most common words53.6 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 13Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3882Total number of unique words is 214933.4 of words are in the 2000 most common words47.0 of words are in the 5000 most common words55.3 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 14Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3986Total number of unique words is 222532.3 of words are in the 2000 most common words47.3 of words are in the 5000 most common words54.6 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 15Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3952Total number of unique words is 214134.2 of words are in the 2000 most common words48.2 of words are in the 5000 most common words56.1 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 16Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3931Total number of unique words is 189136.6 of words are in the 2000 most common words51.7 of words are in the 5000 most common words60.0 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 17Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3878Total number of unique words is 212233.3 of words are in the 2000 most common words49.0 of words are in the 5000 most common words56.1 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 18Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3873Total number of unique words is 218232.6 of words are in the 2000 most common words47.2 of words are in the 5000 most common words54.5 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 19Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3753Total number of unique words is 211432.6 of words are in the 2000 most common words48.1 of words are in the 5000 most common words56.4 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 20Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3821Total number of unique words is 207034.3 of words are in the 2000 most common words49.3 of words are in the 5000 most common words56.8 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 21Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3863Total number of unique words is 202934.9 of words are in the 2000 most common words48.6 of words are in the 5000 most common words55.4 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 22Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3799Total number of unique words is 219633.5 of words are in the 2000 most common words48.3 of words are in the 5000 most common words56.6 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 23Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3816Total number of unique words is 220131.7 of words are in the 2000 most common words46.4 of words are in the 5000 most common words54.5 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 24Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3910Total number of unique words is 222331.8 of words are in the 2000 most common words44.3 of words are in the 5000 most common words51.8 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 25Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3823Total number of unique words is 195334.8 of words are in the 2000 most common words48.9 of words are in the 5000 most common words56.2 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 26Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3860Total number of unique words is 217233.2 of words are in the 2000 most common words46.6 of words are in the 5000 most common words55.2 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 27Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3832Total number of unique words is 223932.8 of words are in the 2000 most common words46.3 of words are in the 5000 most common words53.4 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 28Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3743Total number of unique words is 215130.6 of words are in the 2000 most common words43.4 of words are in the 5000 most common words51.0 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 29Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3830Total number of unique words is 205634.5 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 30Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3683Total number of unique words is 210229.2 of words are in the 2000 most common words41.9 of words are in the 5000 most common words48.9 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 31Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3743Total number of unique words is 221528.9 of words are in the 2000 most common words41.1 of words are in the 5000 most common words48.6 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 32Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3779Total number of unique words is 230830.7 of words are in the 2000 most common words43.1 of words are in the 5000 most common words50.7 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 33Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3832Total number of unique words is 220132.2 of words are in the 2000 most common words46.6 of words are in the 5000 most common words54.5 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 34Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3890Total number of unique words is 234933.5 of words are in the 2000 most common words47.1 of words are in the 5000 most common words55.0 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 35Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3878Total number of unique words is 228831.8 of words are in the 2000 most common words46.6 of words are in the 5000 most common words54.2 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 36Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3857Total number of unique words is 229032.6 of words are in the 2000 most common words46.1 of words are in the 5000 most common words53.8 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 37Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3812Total number of unique words is 214335.0 of words are in the 2000 most common words48.5 of words are in the 5000 most common words55.7 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 38Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3915Total number of unique words is 217733.7 of words are in the 2000 most common words48.9 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 39Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3884Total number of unique words is 223235.4 of words are in the 2000 most common words50.4 of words are in the 5000 most common words57.6 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 40Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3742Total number of unique words is 206834.9 of words are in the 2000 most common words49.6 of words are in the 5000 most common words56.3 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 41Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3790Total number of unique words is 230231.1 of words are in the 2000 most common words44.3 of words are in the 5000 most common words51.5 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 42Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3800Total number of unique words is 226731.0 of words are in the 2000 most common words44.9 of words are in the 5000 most common words53.8 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 43Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3804Total number of unique words is 232529.2 of words are in the 2000 most common words42.2 of words are in the 5000 most common words50.8 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 44Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3796Total number of unique words is 215931.0 of words are in the 2000 most common words43.9 of words are in the 5000 most common words51.6 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 45Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3706Total number of unique words is 228929.3 of words are in the 2000 most common words42.8 of words are in the 5000 most common words49.9 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 46Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3815Total number of unique words is 227132.0 of words are in the 2000 most common words45.6 of words are in the 5000 most common words53.2 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 47Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3754Total number of unique words is 213733.6 of words are in the 2000 most common words47.6 of words are in the 5000 most common words55.0 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 48Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3739Total number of unique words is 221231.5 of words are in the 2000 most common words44.8 of words are in the 5000 most common words52.4 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 49Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3800Total number of unique words is 227332.6 of words are in the 2000 most common words45.2 of words are in the 5000 most common words52.6 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 50Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3787Total number of unique words is 223032.6 of words are in the 2000 most common words45.9 of words are in the 5000 most common words53.7 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 51Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3770Total number of unique words is 221231.6 of words are in the 2000 most common words45.8 of words are in the 5000 most common words53.3 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 52Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3833Total number of unique words is 225730.7 of words are in the 2000 most common words42.3 of words are in the 5000 most common words50.1 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 53Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3785Total number of unique words is 225031.6 of words are in the 2000 most common words45.0 of words are in the 5000 most common words52.4 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 54Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3847Total number of unique words is 223429.9 of words are in the 2000 most common words43.4 of words are in the 5000 most common words50.6 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 55Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3805Total number of unique words is 212132.7 of words are in the 2000 most common words46.9 of words are in the 5000 most common words54.0 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 56Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3774Total number of unique words is 215130.1 of words are in the 2000 most common words42.6 of words are in the 5000 most common words50.2 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 57Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3676Total number of unique words is 217929.6 of words are in the 2000 most common words43.4 of words are in the 5000 most common words50.6 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 58Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3820Total number of unique words is 217331.6 of words are in the 2000 most common words45.2 of words are in the 5000 most common words53.1 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 59Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3884Total number of unique words is 228831.9 of words are in the 2000 most common words45.3 of words are in the 5000 most common words53.4 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 60Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3904Total number of unique words is 220232.4 of words are in the 2000 most common words46.6 of words are in the 5000 most common words52.8 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 61Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3843Total number of unique words is 214333.0 of words are in the 2000 most common words47.1 of words are in the 5000 most common words55.3 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 62Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3837Total number of unique words is 214132.6 of words are in the 2000 most common words46.5 of words are in the 5000 most common words53.9 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 63Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3795Total number of unique words is 227231.1 of words are in the 2000 most common words44.1 of words are in the 5000 most common words51.3 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 64Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3953Total number of unique words is 217733.8 of words are in the 2000 most common words48.5 of words are in the 5000 most common words56.9 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 65Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3845Total number of unique words is 219932.2 of words are in the 2000 most common words45.3 of words are in the 5000 most common words53.1 of words are in the 8000 most common words
- Аққан жұлдыз - 66Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 816Total number of unique words is 59045.0 of words are in the 2000 most common words59.0 of words are in the 5000 most common words66.5 of words are in the 8000 most common words