Latin Common Turkic

Аққан жұлдыз - 20

Total number of words is 3821
Total number of unique words is 2070
34.3 of words are in the 2000 most common words
49.3 of words are in the 5000 most common words
56.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Шыдап көріңіз, Ваше благородие. Шыдамасаңыз тағы да түтін
саламыз.
Проша келді. Қолында əлдене ыдыс.
– Əкелдің бе? –деді оған Курагин.
– Əкелдім – деді Проша.
– Ананы ше?
– Ол да бар.
Проша салдырлаған қаңылтыр ыдысты Курагинның қасына қойды да,
қойнынан бірдемені суырып қолына ұстатты. Курагин оны жамбасының
астына тастады. Қаңылтыр ыдыс, – жан-жағы мыжырая майысқан ескі
леген сияқты ішінен сүрленген балық иісі сезіледі.
– Терезені алу керек, – деді Курагин Прошаға.
– «Ашып таста» дегеніңіз бе? – деді Шыңғыс.
– Ия, Ваше блогородие.
– Маса кіреді ғой?
– Кіре берсін. Бұл мекенде масадан құтылам деп ойламаңыз. Көрден
басқа қуыстың бəрінде де шағады. Бізге қазір таза ауа керек. Күркеде ол
жетпейді. Терезені ашсақ демімізді еркін аламыз. Жəне ай да туған болу
керек. Солай ма, Проша ағай?
– Дəл солай-сь, Ваше степенство. Аспанға көтеріліп қалды-сь. Толған ай.
Мейлінше жарық-сь.
– Жақсы болған екен, – деді Курагин. – Шыра да біте бастап еді. Бар,
орында, айтқанды!
Шал шығып кетті.
– «Терезе» дейтін терезе жоқ, – деді Курагин. – Шыны біздің қолға
түспейді. Ауылдағы кедей қазақтар шыны орнына қойдың бүршігінен
аршылған қарнын кереді. Біздің балықшылар еш уақытта қой соймайды,
сондықтан қарын да жоқ.
– Сонда сіздер не ұстайсыздар терезеге?
– Кенеп сияқты тозған шүберектен.
– Одан да сəуле түсе ме?
– Табан жолды табу да, əйтпесе, жарық боп не оңдырады дейсіз.
Күркеге жел гу ете қалды.
– Ура!... Жасасын, ауа! – деді Курагин.
Шыңғыс пен Драгомиров жел жаққа жалт қараса, қабырғада кісінің басы
сиярлықтай үңірейген бозамық тесік тұр. «Алынған терезенің орны болар»
деп ойлады олар қасынан. Ар жағы бозамық кең дүние!..
– Даланың жарығы күндізгідей екен ғой, – деді Курагин. – Енді шыра
жағудың қажеті болмас. Бітуге де таянған еді өзі.
Ашық тұрған есік пен терезеден жел гулеп кетті.
– Сквозняк, – деді, одан қатты қорқатын Драгомиров, денесі тітіркеніп, –
есікті жапса қайтеді?
Шыңғыспен шүйіркелескен Курагин, мана көргеннен бері Драгомировке
тіл қатқан жоқ еді. Патшаның əкімдерін жек көретін ол, «солардың бірі
болар» деп, іштей ұнатпаған, сондықтан Драгомировке тік келіп:
– Жабылмайды есік, ұнатпасаң далаға шық, əйтпесе басыңды бүркен де
жат! – деді қатаң дауыспен.
Сол сəтте кіріп, күді – шыққан қимылмен Аба кіріп келді.
– Не болды?! – деді Шыңғыс.
– Өлетін болдым, хан-ием! – деді Аба.
– Неге?!
– Масадан қорғанар қуыс таба алмадым. Қайда барсам қара түтіндей
буады. Аттар да жанталаса тыпыршып жандарын қоярға жер таппай тұр!
– Күймеге бардың ба?
– Бардым. Манағы қалпында.
– Тұмылдырықтар жоқ па?
– Жоқ.
– Табылады, – деді Курагин қазақ тілін шала білетін сөздерімен, – мен
айтқан. Приказ. Тақ болады.
– «Болғаны құрсын, қазір болмаған соң», – деп қойды Шыңғыс ішінен.
Оның ойы, – тұмылдырықтар табылып, доңғалақтар орнына салынса,
табан-аузында жүріп кету еді. Міне, енді жіпсіз байланып отыр!..
– Маған не қыл дейсің? - деді ол Абиаға қажыған дауыспен.
– Алысқа кетіп аттарға түтін салмаса, жануарлар шыдай алатын емес.
– Сөйтсең сөйт, – дей салды Шыңғыс.
– Никак нельзя! – деді Курагин. – Урт кетеді. Қала күйеді, жаман
болады...
– Сақтанып салар, – деді Шыңғыс.
– Жоқ, жоқ! – деді Курагин, қарсылығын басының, қолдарының
қимылдарымен де аңғартып, – урт болады!
– Бара берсейші! – деді Шыңғыс, - өзің біле берсейші!
– Сен қырғыз байға! – деді Курагин, шығуға беттеген Абаға: – Алдаған
жаман. Урт болса, мен сені пышақпен бауыздайды, утқа салады...
Аба шығып кетті. Шыңғыс үндемеді. Ол ішінен – «Енді «өрт» деген
пəлеге жолықтыра көрме, жасаған!» деп тіледі.
– Енді тамақ ашиды, – деді Курагин Шыңғысқа, – мынау сүрлеген
балық, –деп легеннен біреуін алды да иіскеп көріп, – тамаша!.. – деп
Шыңғысқа ұсынды.
Шыңғыс ұстап көрсе – үлкендігі кебістей табан. Жалпиған
қабырғасынан басып көрсе, былқылдаған семіз, қарны жарылмаған, уылдырығы ішінде. Иіскеп көрсе сүр сасиды!.. Осындай бір сүр табанды
ертерек жегелі, Шыңғыстың аузынан дəмі кетпей, «тағы да бір жесем!» деп
арман етуші еді, сондықтан, мына табанның қышқылтым иісі мұрнын
қытықтағанда, аузынан сілекейі шұбырып кетті.
– Жақсы? – деді Курагин Шыңғысқа қазақшалап.
– Тамаша! – деді Шыңғыс.
– Сен арақ ішеді?
Шыңғыс қалаға барғанда, əсіресе Омбыға барып жалғасқанда аздап
ішетін еді, егер ол компанияда қазақ болмаса ептеп шоқаңды да күйсеп
қоятын еді.
Қазір шошқа жоқ. «Арақ» дегеннен, орыстың ақ ащысын ұғып отыр.
Одан мынадай оңашада, əрі аш отырғанда, сүр балықпен ептеп жұтуға
болады.
– Ішейік, бірақ, аздап, – деді Шыңғыс Курагинге.
– Бұндай арақ емес, – деді Курагин.
– Енді?
– Қарағайдың арақ.
– «Қарағайдың» дейсің бе? – деді Шыңғыс түсінбей.
– Ия!.. Соснаның!..
– Арақ бола ма одан?!
– Болады.
Курагиннің қазақша түсіндіргісі келіп еді, тілі жетпей қалды.
– Қарағайда сок бар, білесің? – деді ол.
– Білем.
– Орысша – живица. Содан ағызады, арақ...
– Соны іш дейсіз бе? – деді қалғыңқырап отырған Драгомиров, ұйқысы
ашылып кеткендей.
– Иə! – деді Курагин.
– Оның қалай?! – деді Драгомиров, – у ғой ол!.. Өлтіріп жібереді ғой,
адамды!..
– Біз неге өлмейміз?
– Ішесіз бе, сіз соны?
– Баяғыдан. Мен ғана емес, барлық балықшылар.
– Сенгім келмейді, – деді ол.
– Неге?
– Живицаның химиялық құрамын білем. Оның уы жыланның өтімен
бірдей.
– Біз неге өлмейміз?
– Анық ішесіздер ме?
– Ішеміз! Əрине, біраз ақтап.
– Оны ғылым тілінде этилданған спирт дейді. Бірақ, адамға оны да ішуге
болмайды, техникалық істерде қолдануға ғана жарайды.
– Ал, біз ішеміз. Соны қазір көрсетем.
– Ондай спиртті ішулеріңізге түбірімен қарсымын. Əсіресе, – деді ол
бетін Шыңғысқа бұрып, – сіздің ішуіңізге. Ол адамды сеспей қатыратын
спирт.
– Онда, арақ тауып бер! – деді Курагин, байланысқысы келген ниетпен.
Драгомировтің есіне күймедегі саквбяжында қалған спирттің құтысы
түсті. Онда, шамасы, екі стакандай жұғын бар, су қосса төрт стакан болады.
Күркеге Проша кірді.
– Балықты асар уақыт болған жоқ па, Ваш-ство? – деді ол Курагинге.
– Əзірге ер керек.
– Мен осы шалмен күймеге барып құтыны алып келсем қайтеді? – деді
Драгомиров Шыңғысқа.
Курагин көне кетті. Шал мен Драгомиров шыға салысымен:
– Досың ба, əлгі чиновник, қасың ба? – деп сұрады Курагин Шыңғыстан.
– Оны қайтесіз?
– Қасың болса, көзін жойдыра салу, маған оп-оңай.
– Жоқ, жоқ, – деді Шыңғыс шошып кетіп, – маған дос адам ол. Жақсы
адам.
– Қызметі?
Шыңғыс қысқаша түсіндіріп жатқанда, Проша мен Драгомиров келді.
– Су қосып əкелдім, – деді Драгомиров, – құты толды. Екеуіңізге де
жетеді.
– Маған өз спиртім жақсы, – деді Курагин. Таза спиртті сіздер ішіңіздер.
– Мен де, – Проша тілі күрмеліңкіреп. Ол далада құтының аузынан аздап
қылқылдатып алған еді.
– Жақындаңдар, қонақтар! – деді Курагин.
Бəрі легенді айнала отыра қалысты.
Ол үйде бүйірлері, ернеулері майысқан тұтқасыз, үлкендеу екі жез бокал
бар еді. Курагин соның біріне Драгомировтің спиртін толтыра құйғызды да,
өзі жамбасында жатқан нəрсені алып:
– Біздің пивица осы – деп, сыртына шоқпыт оралған əлдене ыдыстан
екінші бокалға əлдене сұйықты құйды.
– Живица ма? – деп сұрады Драгомиров;
– Да, еще она пивица! – деп Курагин өлеңдетіп жіберді.
– Түбіне дейін тартамыз, – деді ол Шыңғысқа бокалын соғыстырып, –
əуелі – сіз, содан кейін – мен. Кəне, төңкеріңіз.
«Азар болса мас болармын» деген оймен Шыңғыс бокалды көтере салды
да, түбін жоғары қаратты.
– Жігіт! – деді Курагин. – Ал, маған қараңыз!
Ол да бокалын төңкере сап, «иіске!» деп бокалын Драгомировке ұсынды.
Драгомиров иіскеп еді, ащы дем өңменін атып кетті.
– Қалай екен? – деді Курагин.
– Өзіңізге ұнаса – дей салды Драгомиров.
– Татып көрмейсіз бе?
– Мен спиртті ғана ішейін.
Курагин Шыңғысқа «сіз балық жей беріңіз» деді. Ол тұттыға бастады.
– Мен де толтыра құям «пивицаны» сен де спиртті толтыра құй, – деді
ол Драгомировке.
– Мүмкін сіз де спирт ішерсіз? – деді бокалына өз спиртін құйған
Драгомиров.
– Ақсүйектердің ішімдігі ғой ол. Біздің ағайынға осы да жарайды, – деп
Курагин бокал ұстаған қолын көтерді де, – толтырдың ба? – деді
Драгомировке.
– Толтырдым.
– Бері əкел, көрем!
– Рас толтырдым.
– «Əкел!» дедім ғой, – деді Курагин қолын созып.
Драгомиров толтырған жоқ еді. Ол Курагиннен қаймықты да, «сөз
естірмін, я таяқ жермін» деген қауіппен бокалын шүпілдетіп:
– Мінекей! – деп ұсынды. Көмескі сəулеге де көзі жыты Курагин,
бокалдың ернеуінен төгілердей боп мөлтілдеген спиртті көрді де:
– Алдамақ болдың ғой мені, енеңді... Байқа, сен таяқ жеп жүрме. Əуелі
сен іш. Түбіне дейін. Əйтпесе таяқ жейсің, - деді.
Бокал толған спиртті Драгомиров аш өзекке əрең тауысты. Күтіп
отырған Курагин бокалын тағы да қаға салды. Ол легендегі балықтың
біреуін белдемесінен омырып, сүйегін бытырлата шайнап жұтты.
– Бері əкел! – деп Курагин Драгомировқа қолын созды.
Сұрағаны құты екенін түсінген Драгомиров, – «мəңіз!» деді.
Одан басқа сөз айтар халы жоқ. Судай сімірген спирт өзегін өртеп
барады. Тынысы да бітеліп қалған сияқты дем алайын десе, өңеші
өртенетіндей. Басы айналып, көзі қарауытып барады...
Құтыны қолына алған Курагин:
– Сен неге тұрсың? – деді Прошаға ақырып. – Жоғал көзімнен!
Проша шыға жөнелді.
– Ішесің бе, тағы? – деп сұрады Курагин, Драгомировтан.
Ол басын шайқады.
– Балық жейсің бе?
– Ж-ж-жоқ.
– Ендеше, жат! – деді Курагин.
Драгомиров ауларды басына жастай, ірге жаққа қисая кетті де, ілезде қор
ете түсті.
Шыңғыс жалаң төсіне соналар қадалған түйенің халында еді. Мына
ішіне кішігірім аяқтай сұйықтық сиятын бокалмен алпыс-жетпіс градустық
қуаты бар спиртті тартып жібергенде, аш өзегін жалаған да кеткен. Оған
ішіне ішімдік емес екі жүзді қанжар кетіп, өңешін, ішек-қарнын удай
ашытып тіліп бара жатқандай əсер пайда болған. Өліп кету қаупі
сезілгендей, ол əуелі дем ала алмай, кеңірдегін сипалап жан-таласқан
шақта, қысылғаннан маңдайы тершіп қоя берген. Ішіне сонда ғана дем
кірген, бірақ ол демінің өзі де спирт сияқтанып, іші-бауырын
тиыштандырудың орнына ашыта түскен. Əлі де сасқалақтаған Шыңғыс,
Курагин – «же» деп алдына итерген легендегі жуантық балықтың біреуін
қолымен омырып жеуге шыдамай, бас жағын аузына молырақ тыққан да,
қарулы тісімен кебістей балықтың тең жартысын қыршып ап, сүйекмүйегіне, жылбыраған өкпе-бауырына қарамастан, ұртына бірер толғап
жұтып жіберген. Уланған өзектің, өртенуі балық жұтудан бəсеңдеудің
орнына, сүйектері қадалып бара жатқандай ашыңқырай түскен. Сонда да
балықты медеу көріп, семіз табандардың бірінен соң бірін күйсей берген.
Басына шапқан спирттің уыты біраздан кейін денесіне жайылып, мас
болған Шыңғыс отырған орнында теңселе бастаған...
Драгомиров осы кезде қор ете түсті. Ол үнді Шыңғыс естімеді. Оның
естігені, Курагинның:
– Сен ше? – деген жуан даусы.
– Не, не?.. – деді дауыстан селк ете түскен Шыңғыс.
– Ішесің бе?
– Не... нені?
– Арақты.
– Жо-жоқ.
– « Неге?
– Бо-бо-болдым-м-м.
– Жоқ, сен ішесің.
Курагин Шыңғысты боқтап жіберді де, екінші бокалға спиртті толтыра
құйды. Бұл шақта Курагинге ерегісіп емес, айла жасап емес, спирт билеген
Шыңғыс денесіне ие бола алмай жантая берді. Курагин ұсынған бокалды өз
бокалының қасына қойды да, Шыңғысты жағасынан қапсыра ұстады.
– Өтірік ұйықтама! – деді ол, Шыңғыстың былқылдаған денесін еркіне
жібермей. – Айла жасама! Құйған бокалды ішкеннен кейін ұйықта!
Айтқанын істете алмаған Курагин оң жақ алақанымен Шыңғысты құлақшекеден бар пəрменімен тартып кеп жіберді. Оның күсті алақанының
жалпақтығы түйенің табанындай да, саусақтары жас баланың білегіндей
еді. Денедегі күші де сұмдық болатын, үлкен бөшкеге толтырып тұздаған
ауырлығы бір центнер балықты құшақтап жүре беретін, балық жинағанда
ұзын аудың бір басын бұл жалғыз тартса, екінші басына он шақты адам
əрең ие болатын. Қарамағындағы адамдарға сөзінің бұлды болуы да, осы
күшінің салдарынан да. Жəй айтқанда тыңдаса - тыңдады, егер тыңдамаса,
бетіне шапалақпен бір тартса жетті, - ырқына көніп жүре береді...
Мас кісі қызық екен!.. Сау кісінің көбі ұшып түсетін, кейбірі талып
қалатын шапалақтан, Шыңғыстың есі кіре қап, басын дауылдатқан спирт
көзінен ытқан жаспен бірге шыққандай, Курагинге «енді ұрма» дегендей,
екі қолын да көтеріп жасқана берді.
– Сен құдайыңның шешесін... – деді Курагин қазық қағатын тоқпақтай
жұдырығын Шыңғыстың төбесіне төндіріп, буындырған жағасын босатып,
– мынаны жесең сеспей қатасың. Жанық барда бокалды іш! Бұдан кейін
бермеймін.
Ұсынған бокалды Шыңғыс қолына еріксіз алды. Əлгінде соққан
шапалақтың зардабын ол енді ғана сезінді: Аузын ашайын десе, жағының
сүйегі қирап қалғандай қозғалтпайды. Курагин – «бол, іш!» деп дікеңдеп
барады.
– Ішесің бе, жоқ па? – деді Курагин, жағын аша алмай отырған
Шыңғыстың тұмсығына тоқпақтай жұдырығын тіреп, – əйтпесе,
кеңсірігіңді бұзып жіберем.
Төнген қауіптің екпінінен, қарысқан жақтарының қалай ашылып
кеткенін Шыңғыс білмей де қалды. Бокалды ол жұта салды.
– Бұл ұнамды іс, – деді Шыңғыстың бокалды түгелімен қотарғанын
көріп отырған Курагин, – енді зорламаймын. Ішкің келсе ықтиярың.
Бұл жолы байқауынша, спирт өзегін өртеу түгіл білінген де жоқ, оған
тұщы су жұтқан сияқтанды. «Қабірдің басын қар алады» дегендей, мына
спирт манағы спирттің уытын тартып алғандай, мең-зең болып отырған
басы да жазылғандай, дел-сал болып отырған денесі де сергігендей болды.
– Енді ішпеймін, – деді ол нық дауыспен.
– Ықтиярың. Жатам десең де ықтиярың кеңесіп отырам десең де
ықтиярың.
– Өзің ше?
– Мен екеуіне де бейілмін.
Шыңғыстың есіне Шоқан түсіп кетті. Ол манағы кеткеннен жоқ! Қайда
ол?!
Оның Курагинге білдірмей, Шоқанды төңіректен іздегісі келді.
– Тысқа шығып келейін, – деді ол орнынан қозғалып.
– Неге?
– Дəрет сындыруға.
Курагин «а-а-а» деді де қозғалмады. Шыңғыс тысқа шықса қалың шық
түскен. Қанаты суланса сары масаның жатып қалатын əдеті, қазір сөйткен
болу керек, ызыңдары естілмейді. Даланың желкемдеу ауасы таза, тынысы
кең төңірек құлаққа ұрған танадай тиыш жел жақтан көлдің дымқос
барқыны, судың толқыған сыбдыры сезіледі, құстардың шулаған
дауыстары естіледі. Бұл мезгілде, бұл араның түні қысқа болады. Жəне
іңірдің қызыл шапағы аспанның солтүстік жақ кебесін жиектеп отырады да
таң сəріге тұтасады. Қазір Де солай екен, аспанның шығыс жақ етегі сары
сызықтанып, құлқын сəрі басталып қапты, сол тұстағы Шолпан да
жарқырай қапты. Аспандағы ала шабыр бұлттың арасынан сансыз жұлдыз
жымың қағады. Ай күнгей жақ көк жиекте биік таудай қараңдаған, ара тұра найзағайы жарқылдаған бұлтқа батып барады.
Тамұқтан жұмаққа шыққандай болған Шыңғыс, табиғаттың тамаша
көрінісіне əсерленіп аз уақыт тұрды. Оның есіне осындай бір шақтың
рахаттары түсіп кетті. Оның ең жақсы көретін серуені – құс салдыру еді.
Жаздың алғыр құстарынан оның ұнататыны – тұйғын болатын. «Ақ ұлпа»
аталған бір тұйғынды оған Арғынның атақты байы жəне биі – Шегеннің
Бірімжəны сыйға тартып, Шыңғыс он шақты жылдай қызығын көрген еді.
Ол қайда барса да «Ақ ұлпаны» да, құсбегісін де ерте жүріп, таң осылай
білініп келе жатқанда құсқа шығар еді де, сулы жердің ық жағында
қыранын қолына ұстап тұрып, жел жағынан құсбегіге дабыл қақтырар еді.
Судан үрке ұшқан құстар, əсіресе қаз бен үйректер өзіне қарай қаптай
ұшып келе жатқанда, қуанған Шыңғыс аңшы қазақтардың салтымен
«қанды басын, бері тарт!» деп жымыңдар еді, зымырап келе жатқан
құстардың ұшуы оған өгіздің аяңындай сылбыр көрініп, жақындағанша
дəті шыдамай, тұла бойымен тыпырсыз тұрар еді, сонда да жемін көріп
талпынған «Ақ ұлпасын» босатпай күткен құстарының ілгері оза беруін
күтер еді, сабырсызданған «Ақ ұлпа» қатты талпынғанда көз алдынан жел
тұрғызып, қанаттарымен бетіне сабай жаздар еді; «Ақ ұлпаға» əрең ие боп
тұрған Шыңғыс, үйректердің ең ұшқыр-сұқсыр өзгелерден бұрын жетіп,
үстерінен сып етіп өте бергенде, бауын сыпырған «Ақ ұлпаны» Шыңғыс
ілгері сілтеп қалар еді, қазақтың «қыран құс қисық ұшып түзу ілер» деген
сөзін «Ақ ұлпа» дəлелдер еді, қолдан ұшқан ол, зымырап бара жатқан
сұқсырға тік ұшпай, жер бауырлап қиғаштай тартады, сондықтан сырын
білмеген адамдар «бетімен қаңғырып кетті» деп ойлар еді, сырын білетін
Шыңғыс «Ақ ұлпаға» қарай емес, үйрекке қарай шабады. Біраз екпіндеп
қызып алған «Ақ ұлпа» орағыта жүйткіп, үйректің астын ала деңгейлеп
барар еді де, «нысанама лекті» деген шамада, төменнен биікке бір-ақ
ырғып, ілген үйрегімен бірге төңкеріліп жерге түсер еді, далақтап шапқан
Шыңғыс жетіп келгенде, шарасыздықтан мойнын созып сұлық жатқан
жанды үйректің үстінде, қап-қара көздері едірейген «Ақ ұлпа» бүрген
үйрекке тұяқтарын батырмастан, жай ғана толғап қойып, тұмсығын
тигізбестен, тəкаппар бейнеде, кеудесін көтере отырар еді. Шыңғыс аттан
қарғып түсіп ұмтылғанда, «Ақ ұлпа» мақтанғандай шаңқ етіп бір шақырып
қалар еді де, иесіне құрмет көрсеткендей үйректің үстінен секіріп түсіп,
анадай жерге барып отырар еді. Тұйғынның өткір тұяғы өкпесіне қадалған
үйрек, жаны болса да қозғала алмас еді... Шыңғыс кісесіндегі кездігін алар
еді де, пісміллə келтіріп, үйректі бауыздап, табан аузында төсін сөгіп,
ыстық жүрегін «Ақ ұлпаға» жұтқызар еді.
«Қан сонарда» деген өлеңінде, осындай бір жағдайды, – «бір қызық ісім
екен бұл жалғанда» деп Абай айтқандай, «Ақ ұлпасына» құс алдыруын,
Шыңғыс өміріндегі ең қызығы санайтын еді.
Кейін ат жалын тартып мінуге жарағанда, құсқа шыққан Шыңғыс
Шоқанды ерте жүретін. Ол да əкесінен кем рахаттанбайтын.
Міне, енді көрсе, – сол əдемі табиғат əлі де сондай əдемі, сол əдемі таң
əлі де сондай əдемі! Жетпейтіні: қолында «Ақ ұлпа» жоқ, қасында Шоқан
жоқ, астында аты жоқ. Бары – балықшылардың мынау тамұқ дүниесі. Одан
қаша жөнелер еді, – астында аты жоқ, қасында Шоқан жоқ! Қайдан
табылады олар?!
...«Маңайдағы күркелердің бірінде отырған болар ма?» деген оймен,
аяғын еппен басып Шыңғыс жан-жақты шолып көрсе, ояу адам сезілмейді,
əр күркеге тоқырап құлақ түрсе, қорылдаған, пысылдаған дыбыстар ғана
естіледі.
Шықтан қорғалаған масалар жылан сияқты болады. Қамыстардың
арасына тығылып тым-тырыс жатады екен де, жақындай қалсаң жабылып
кетеді екен. Шыңғысты да сөйтті, тек, қамыс күркелердің қасына таянса
болды, беті-қолы дуылдап, удай аши қалады, сипап жіберсе, қадалған
масалардың түскендігі сезіледі...
Масалардың шағуынан бас сауғалаған Шыңғыс күркелердің арасынан
көлге қарай қашты. Жолында қараңдаған əлденеге кезіккен, – өздерінің
күймесі екен. Оның мана шоңқиып қалған артқы жағы көтерілген!..
Доңғалақтар орнында... Сипап көрсе, мұрындықтары да орнында!..
Шыңғыс қуанып кетті. «Шіркін, – деп ойлады ол, – Қанашжан да, аттар
да осы арада болып, бұндағы тамұқтан қаша жөнелсек, қандай жақсы болар
еді!..»
«Қанаш осында тығылған болар ма?» – деп күйменің ішіне үңіліп те,
сипалап та қарады. Бала жым-жылас, жоқ боп кетіпті.
Бірдеме ту сыртынан сыбдыр еткенде, Шыңғыс шошып кетіп жалт
қараса, Курагин екен.
– Күйме қалпына келген! – деген сөз түсіп кетті оның аузына.
– Айтпадым ба, сізге? Солай болу тиісті. Бұл мекендегі адамдарда, менің
айтқанымнан шығатындары жоқ.
Жобасына қараса, Курагин түк көрмеген адам сияқты, жүрісі де тың, сөзі
де пысық! О, ғажап!.. Манағы əрі сасық, əрі удай арақтың түк əсері тимеген
бе?.. Тисе, уыты тез қайтқан ба?!
Шыңғыс Курагинге баласының жайын айтып еді:
– Саспаңыз, – деді ол. – Табылады. Оған ешкім де тимейді.
– Қашан? – деді Шыңғыс жалбарынған үнмен.
– Менімше, таң ағарып болған шақта.
– Оны қайдан білесіз?
– Біздің балықшылар ауды көлге түн мезгілінде құрады, менімше, Ваше
благородие, сіздің балаңыз сол қайықшылармен бірге кету керек.
– Балықшылар қашан қайтады?
– Кешікпес. Алды келе бастар. Қайда боласыз, күркеде ме, су жағасында
ма?
– Өзіңіз ше?
– Маған бəрібір. Шалға балық астырып кеттім. Ендігі даяр шығар.
Барып жесеңіз де ықтиярыңыз, балаңызды көл жағасында күтсеңіз де
ықтиярыңыз.
Асқа зауқы жоқ. Шыңғыс көл жағасына бару ниетін айтты.
– Мақұл, – деді Курагин.
Екеуі көл жағасына барды. Ар жағында қорғасын түстеніп толқыған
айдын шетіне көз жетпейді. Мақайда төңкерілген бірнеше қайық жатыр.
Біразы арқандалып, жараға ұрған толқынмен тербеліп тұр. Төңірек балық
сасиды. Маса сезілмейді.
– Сіз осында, төңкерілген қайықтардың біреуінің үстінде отыра
тұрыңыз, – деді Курагин Шыңғысқа, - мен жабдықтарыма барайын. Тез
оралам.
– Мақұл, – деді Шыңғыс.
Курагин жөніне кетті. Шыңғыс қайыққа отырмастан, келдің құмақ
жағасында ерсіл-қарсылы жүрді, сонда басындағы бар ойы, – «Балам қайда
болды екен?!»
Курагиннің күркесінен қашып шыққан Шоқанның ойы зымырап отырып
күймеге жету еді де, шатырын көтеріп, бас-аяғын тұмшалап жатып қалу еді.
Ойы іске аспады. Тысқа жүгіріп шыға келсе, масаның көптігі қалың
бұлттай болып кеткен. Олар мана денесінің ашық жерін шақса, енді
ауыздан дем алғанда ішіне будақтала кіріп қақалтып жіберді. Аузын жапса
мұрнына кірді. Оған ауада масасыз тартатын тыныс жоқ сияқтанды. Егер
дала қараңғы болса, масасы құрғырлар осынша жабылмас па еді? Ай
сəулесін шашқан бозамық сыртта көзге түскен жалғыз адам – Шоқан
болғансын масалар жан-жақтан қаптай ұмтылып, қуанып қалғандай екен.
Курагиннің күркесіне қашып кірейін десе, əлгінде өңмеңін атып кеткен
қошқыл, қою түтін əлі де булықтырып, танауынан исі кетпей тұр.
Сасқалақтап не істеуге білмей қалған Шоқанның құлағына жақын тұстан
шыққан сырнай даусы, оған қосылған бірнеше əйел-еркектің əні естілді.
Осы тамұқта бұл не сауық?!..
«Той немесе шілдехана сияқты бірдеме шығар, сауық жасалған жерде
маса да жоқ, шығар» деген ой келді Шоқанға. Думанды жақсы керетін бала,
дауысқа қарай жүгіре жөнелді.
Жолшыбайғы күркелер, қостар ығы-жығы, бытықы-шытықы екен.
Солардың ара -арасымен жүгірген Шоқанды масалар да талап бақты. Бетаузын екі қолымен дамылсыз сипалап жанталасқан Шоқан бет алған
жағынан бұрылған жоқ. Сонда тағы бір байқап келе жатқаны, шырылдаған
шегірткелердің дауысы. Олардың да санында қисап жоқ сияқты. Үндерін
қоса жан-жақтан шырылдаған олардың үндері, - топ қасқырдан үрке қашып
шұрылдаған көп жылқының даусы сияқты. Не деген көп шегіртке!..
Мұншама көп шырылдауық шегіртке түгіл, бірен - сараны күз ағаш үйге
тығылып, қай қуыста екенін таптырмай түн баласында қыстай шырылдаса,
Шоқанның қытығына тиіп ұйқысынан оятып жіберетін еді де, көпке дейін
көзін жұма алмай, қалжырап барып əрең қалғитын еді. Ал, мына араның
ондай шырылдауықтары мың-миллион десе де боларлық!.. Бір кемпірдің –
«шырылдауық босқа əндетпейді, пəле шақырады» дегені Шоқанның
құлағында. Сонысы расқа келгендей, өткен қыс орданың ағаш үйінде,
ымырт жабылғаннан таңға дейін бір шырылдауық дамылсыз сайрап,
мекенін таптырмай мезі қылған! Соның арты жамандыққа соғып, хан
ордасы құлағандай болып отыр. «Мына мыңдардың қосыла
шырылдауының арты неге соғар екен?!..» деп ойлайды бала.
Бозамық далада үй-үйдің арасымен жүгіріп келе жатқан Шоқанның
байқауынша, «үй» дегендер əр түрлі, бұған қамыстардың бастарын
түйістіріп қойған, төбесі шошақ кішкенелері де бар, төрт қабырға жасап,
төбесін жалпақтау ғып жапқандары да бар, сарай сияқты созыла
салынғандары да бар, басым көпшілігі қамыстан құралғандар... Бəрін тұтас
алғанда, тірі адам тұратын баспана сияқты емес. Жан адамның дыбысы
естілмейді. Тым болмаса, сыбысқа елеңдеп үретін иті, жолды кесіп
жүгіретін мысығы болсайшы!.. Жанды мақлұқтан бары масалар мен
шырылдауық шегірткелер ғана сияқты.
Думан даусы жақын сияқтанғанмен, жүгіре келе бірталай жер боп
шықты. Масалармен арпалыса жүгірген Шоқан, ол араға ентігіп жетті.
Түбіне таянса, думан болып жатқан тұрақтың сыртқы бейнесі, төбесін
тапалдау ғып үйген ұзын маяға ұқсайды. Жүгіре басып айналып түссе, бір
басындағы қақпа сияқты кірер орнынан басқасы жоқ. Тегі қамыстан
салынған болу керек, – іштегі у-шудың дыбыстары түгелімен айқын естіліп
тұр.
Шоқанның ықтиярына салса, сырттан тыңдап не шу екенін біліп алу,
кірер-кірмесін содан кейін шешу еді. Үстіне бұлттай үймелеген қалың маса
ол еркіне қаратпай, қақпаға қуып тықты.
Күркенің іші көрдей қараңғы. Іші түтін сасиды. Күркенің орта тұсында
от орнындағы қоз болу керек, əлдене жылтырайды. Думан жүріп жатыр.
Сырнайдың мана даладан естілген, татар күйлерін ойнаған үні, қосылған
əйелдер, еркектер даусы əлі қызу-ақ. Əндетушілердің үндеріне қарағанда
мас кісілер секілді.
Көмескі даладан қараңғы күркеге кіріп барғанда басы айналғандай
болған Шоқан, шыға жөнелгісі кеп бір тұрды да, ойына күркендегілердің
кім екенін білу түсіп кідірді.
– Жарық жасаңдаршы! – деген дауыстар естілді.
От орнының маңында қараңдаған біреу, қозға қамыс тастап жіберген
болу керек, лап еткен жалын маздай жөнелді... Сонда көзі түссе, күрке іші
қаптаған қалың жан, біреулері бұрыштарда, іргелерде жатқан сияқты,
біреулері иық тіресе отырған сияқты, от маңайындағы адамдар қалың.
Оларды түстеп болмай, лап еткен жалын тез сөнді.
Шоқан əлгінде жалт еткен жалынның сəулесімен, өзі тұрған жердің
іргесінде, аулар үйілген жерде бостау орын көр, оның ойы соған отыра
кетіп, күрке ішіндегі тіршілікті абайлауға соқты. Мұның кіргенін ешкім
аңғармаған, тұрғанын ешкім көрмеген сияқты.
– Шөлдеп өлетін болдық қой, – деген еркек даусы естілді сол тұстан, –
əндету, сырнайлатуды қоя тұрып, тамақ жібітіп алсақ қайтеді?
– Қарнымыз да аша бастады, – десті біреулер, – сырнай мен өлең тамақ
болмас – қаужалап алайық.
– Тамақты жарықта ішейік, біреу жарық қып тұрсын.
Қозға тастаған қамыстың жалыны тағы да жарқ ете қалды. От
басындағылар əлдене сұйықты аз ғана бокалмен кезектесіп ішті,
тыжырынған, түкірінген, демігіп қалғандары қаншама. Əлдене үлкен
ыдыспен олардың арасына жейтін қойылды, оны да от басындағылар
жапырласа жеп жатыр.
«Асқа жұмылғандар жүректерін жалғап алды-ау» деген шақта:
– Əу, сауығымызды қайта бастайық, – деген дауыс естілді.
– Баланың! – деді біреу. – Атын да қойған жоқпыз. Атын қояйық та,
содан кейін қисайып, көздің шырымын алайық. Ау жаятын шақ таяп қалды.
– Сол баланың даусы біраздан бері естілмеді ғой, тұншығып қап
жүрмесін өзі, – деді əлдекім.
– Рас-ау, – деді біреу. – Болды да ғой ондай оқиға, басқа бір қоста,
əнеукүні жұмыстан қалжырап жүрген шешесі, нəрестесін емшегімен
тұншықтырып өлтірді ғой.
– Мына баланы да байқайтын екен, – десті əлденеше дауыс.
– Мен байқайын, – деген əйел даусы естілді.
– Жарықты жарқырата түсіңдер, – деді біреулер.
Қамыстың жарқыраған сəулесімен, от басынан бір əйел ербеңдеп
түрегелді де тура Шоқан отырған жаққа беттеді. «Көріп қалар» деген
оймен, Шоқан үстінде отырған аулардың етегіне сырғып жантая кетті.
Қараңдаған əйел Шоқанның сол жағындағы нақ қасына келді. Сол арада
томпая қараңдап, мұрны пысылдаған адам жатқан еді. Келген əйел сол
адамның қасына тоқырап еңкейді де, – «Баршын, ə, Баршын!» деп денесін
қозғады. «Ə, ə...» лап есеңгіреген əйел үні естілді.
– Қатты ұйқтап қапсың ғой.
– Сен кімсің?
– Ақ маңдаймын.
– Неғып жүрсің?
– Сенің де, балаңның, да дыбыстарың естілмей қалған соң...
– Маса құрғыр дамыл бермей, көзім жаңа ғана ілінген еді. Баланы шағып
шыдатпай, əлгінде ғана орап-шымқап əрең тыныштандырдым.
Əйел баласын байқаған қимыл көрсетті де, «ұйқыда екен» деді.
– Ендеше қозғама! – деді келген əйел. – Мен шілдехана жасаушылардың
тамағын беріп болдым, енді ыдыс-аяқтарын тазалайын. Сен қалғи тұр. Мен
де осы араға келіп қисаям.
Əйел кетті. Балалы əйел қайта жантайды. Бұл күркедегі мəжілістің
шілдехана екенін Шоқан білді.
Тамақтан кейін мəжіліс оншалық қызбады. Күні бойы жұмыста болып,
шілдеханаға іңірде жиналған олар, жаңа ішкен-жегендері буындарына
түскендей берекесізденіп, дауыстары да, əлдері де божыған белгі көрсетті.
Сырнайшы, тегі, не қазақ болу керек те, не қазақ арасында көп жүрген
татар болу керек.
Бұдан бұрын əкесіне еріп, татарлар көп отыратын Қырықбойдақ пен
Бағланға Шоқанның барғаны бар, сонда Шыңғысқа құрмет көрсеткен татар
байлары қонаққа шақырып, мəжіліс кезінде гармонь тартқызған, жырлар
айтқызған. Шоқан татар музыкасын, əндерін ұнатып, артынан, дəл үйрене
алмаған əндерді былдырықтатып өзі де ыңылдап жүретін болған. Татардың
кейбір өлеңдерін қазақшылаған түрде айтып:
Қарман ойнай білмейміз де,
Үйренерміз біз əлі.
Бізді таупықсыздар деп айтады,
Таупық табармыз əлі, дегенді аузынан тастамайтын. Мына жолы естіген татар əндері де
тамаша. Соларды тыңдап отырып, «өзі қазақша білмей ме екен?» деген
ойға батты Шоқан. Сол ойын сезгендей, астан кейін сырнайшы тағы да
татарша ойнай бастағанда:
– Əу, ойнай бере ме, бұл, ноғайша? Енді қазақшаны тыңдайық та! –
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аққан жұлдыз - 21
  • Parts
  • Аққан жұлдыз - 01
    Total number of words is 3736
    Total number of unique words is 2132
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 02
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2143
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 03
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2170
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 04
    Total number of words is 3769
    Total number of unique words is 2096
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 05
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2247
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 06
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2202
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 07
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2134
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 08
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2178
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 09
    Total number of words is 3859
    Total number of unique words is 2180
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 10
    Total number of words is 3814
    Total number of unique words is 1866
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 11
    Total number of words is 3791
    Total number of unique words is 2132
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 12
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2238
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2149
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 14
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2225
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 15
    Total number of words is 3952
    Total number of unique words is 2141
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 16
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1891
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 17
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2122
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 18
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2182
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 19
    Total number of words is 3753
    Total number of unique words is 2114
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 20
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2070
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 21
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2029
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 22
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 2196
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 23
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2201
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 24
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2223
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 25
    Total number of words is 3823
    Total number of unique words is 1953
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 26
    Total number of words is 3860
    Total number of unique words is 2172
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 27
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2239
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 28
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2151
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 29
    Total number of words is 3830
    Total number of unique words is 2056
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 30
    Total number of words is 3683
    Total number of unique words is 2102
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 31
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2215
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 32
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2308
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 33
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2201
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 34
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 35
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2288
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 36
    Total number of words is 3857
    Total number of unique words is 2290
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 37
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2143
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 38
    Total number of words is 3915
    Total number of unique words is 2177
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 39
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2232
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 40
    Total number of words is 3742
    Total number of unique words is 2068
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 41
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2302
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 42
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2267
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 43
    Total number of words is 3804
    Total number of unique words is 2325
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 44
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 2159
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 45
    Total number of words is 3706
    Total number of unique words is 2289
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 46
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2271
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 47
    Total number of words is 3754
    Total number of unique words is 2137
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 48
    Total number of words is 3739
    Total number of unique words is 2212
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 49
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2273
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 50
    Total number of words is 3787
    Total number of unique words is 2230
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 51
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2212
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 52
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2257
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.3 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 53
    Total number of words is 3785
    Total number of unique words is 2250
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 54
    Total number of words is 3847
    Total number of unique words is 2234
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 55
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2121
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 56
    Total number of words is 3774
    Total number of unique words is 2151
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 57
    Total number of words is 3676
    Total number of unique words is 2179
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 58
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2173
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 59
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2288
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 60
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2202
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 61
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2143
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 62
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2141
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 63
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2272
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 64
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2177
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 65
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2199
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 66
    Total number of words is 816
    Total number of unique words is 590
    45.0 of words are in the 2000 most common words
    59.0 of words are in the 5000 most common words
    66.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.