Latin Common Turkic

Аққан жұлдыз - 08

Total number of words is 3809
Total number of unique words is 2178
32.1 of words are in the 2000 most common words
46.7 of words are in the 5000 most common words
54.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болмаса мойнынан тастамайтын өткір қылышын бұл араға да қолына ұстай
келген еді. Өзін «төре», Есенейді «қара» деп түсінетін ол, əрі – «қара», əрі –
шал адамнан жылысып кетуді төрелігіне, жастығына намыс көрді.
Олар осылай «теке-тіресте» тұрған шақта, шауып кеткен иттер, кідіре
қалған Есенейдің басына секіріп, еркелік жасады. Есеней кейін оралды.
– Барсын, – деді Шыңғыс. – Келе қалғанда, мен ол кəрі қасқырға
көрсетер ем, жас арыстанның қылығын!
Есеней мен Шыңғыстың кездеспеуіне іштей қатты қуанған Ұлпан,
Шыңғыспен одан əрі сұхбаттасудың жайы жоғын көрді де:
– Ал, төрем, «бар - мəзір, жоқ - жəйім» осы рұқсат болса, мен кетем, –
деді.
«Кетпе» дер дəлелі жоқ Шыңғыс, аз уақыт болса да. тəтті лəззат алысқан
Ұлпанның болашақ жайын ойлап:
– Кəрі қасқыр саған азуын батырам демес, Ұлпан егер – десе, өзіме
хабар айт, оның мұқалған тістерінің тұқылын қағуға шамам келеді. – деді.
– Қайтесің төрем, маған қамқор боп? - деді Ұлпан мұңайған үнмен, тəңірі асыраған тоқтыны бері жемейді» дегендей, бұған дейін көрген
күнімді əлі де көре берермін. Өзің сақ бол. Осал жау деп ойлама шалды.
Оның жауыққан адамын азуы əлі де бар ретіңді тауып ойсырата қауып
жүрмесін!
Арғы кеңес қысқарып, олар жөндеріне тарасты. Қоштасарда Ұлпанның
айтқаны:
– Атыңның басын бұл жаққа тағы да бұрам деп, біздің шалдың ауылын
айнала құрған қақпанының біреуіне түсіп қап жүрме, терем. Қақпаны қатты
болады оның бір шапса босатпайды. Бойыңды бұл ауылдан аулақ сал!
– Көрерміз. – деді Шыңғыс. Өз ішінде, оралуға құмар да болып тұрған
жоқ Ұлпанмен қауышып лəззатты болғанмен, бұндай талай лəззаттарға
бұрын да бөккен. Оларды ұмытқан Шыңғысқа бұны да ұмыту қиын емес.
Алдында не күтіп тұрғанын білмеген Ұлпанның, əрі түннің
салқындығынан ,əрі сезімнің толқуынан дірілдеген денесі, Есенейдің тымтырыс үйінің көрдей қараңғы ішіне сүйретіліп əрең кірсе, шалының
қорылдаған дыбысы шығады. Бұның шын, яки өтірік қорыл екенін біле
алмаған Ұлпан «ұйқыда болса оянып кетпесін» деген оймен, аяқтарын
ұшынан еппен ғана басты да, төсегіне жете, ақырын ғана құлай кетті...
Есеней ұйқыда емес еді. Ол мана, төсегіне қайта, Шыңғыстан кек
алудың түрлі тəсілін ойлап жатқан. Сонысын Ұлпанға сездіргісі келмеді де,
үйге жақындаған сыбдырын, есіктен кіруін, төсегіне сұлауын біле тұра
өтірік қорылдады.
Есенейдің ертемен тұрып, түйелерін өргізетін əдеті болушы еді. Таң
ағара Тұтқышқа еріп шөккен түйелерге барса, Жыланбасы қазықтаулы
жатыр екен.
– Бұл не? – деген оның сұрауына аңқау Тұтқыш:
– Кіші бəйбіше қазықтатқан еді бай!.. «Ауылдағы қонақтарға шауып
жүрер» деген-ді.
Есеней «ə - ə - ə» деді де қойды. Іштей – «Əй, қу тоқал - ай, төреге
жалғасудың қамын ерте ескерген екенсің ғой!» деп ойлады.
Шыңғыс таңертеңгі сыбағасына бір семіз тайды тағы жеді де жөніне
аттанды.
Есенейдің Шыңғыспен алыстан аңдысып атысқысы келді. Сол
мақсатпен, ана жылы Кенесарыны жеңгендігі үшін, үкімет сыйға берген,
бірақ «Шұбар арасы, маса - сонасы көп болады» деп мекендей қоймаған
«Бүркеу» аталатын қарағайы, қайыңы, терегі аралас қалың орманға күз
көшіп барды да қыстау салды. (Ол арада қазір, Солтүстік Қазақстан
облысының Преснов ауданына қарайтын «Жаңа жол» ауылы отыр).
Сол арада ол, «мəн-жайды білдіріп қайт» деп, Омбыдағы бөлесі,
генерал-губернатордың, советнигі – Тұрлыбек Көшеновке, тағы бір бөлегі,
Кенесарыны қуысқанда советник чинін алған, орыс тілін білетін
Отаншының Байдалысын жұмсады. Байдалының Тұрлыбектен əкелген сөзі:
«Есеней асықпасын. Шыңғыс жаңа жанған өрт, оған қарсы шаппасын.
Далада қаптаған өртті қазақтар бөлшектеп əкетіп сөндіретін еді ғой, соны
Есеней де істесін. Əуелі Шыңғыстың жан-жағынан құлайтын орлар
қаздырсын. Содан кейін, қапысын тауып құлата салу қашпайды. Алдағы
жазда, Құсмұрын бекінісінде, сол дуанның игі жақсылары бас қосатын
«Чрезвычайный» аталатын жиналыс болады. Омбыдан Сібір қазақтарын
билейтін басқарманың председателі барады. Мен де барармын. Қалған
сөзді сонда ақылдасармыз».
Орыс тілін білмейтін қазақтар, «Чрезвычайный» дегенді «шырпы-ши»
қойып алды. Омбыдан «шырпы-шиге» келетін əкімдерді ойдағыдай қарсы
алуға, Шыңғыстың басқаруымен Құсмұрын дуаны қыс бойы əзірленді.
Алдағы жаз шыға, Омбының Құсмұрынға беттеген қырық пəуескелі, жүз
салтты əкімдері, казак-орыс, станицаларын бойлай, қазақ ауылдарын
аралай Құсмұрынға тартты. Осы бетінде олар, кейін «Есенейдің қайран,
көлі аталған» шалқар көлдегі Есеней аулына соқты. Бұл жүрістен күн
бұрын хабары бар Есеней шалғынға ақ үйлер тігіп даяр отыр екен. Оларға
«тек, бас сұғып қана шығамыз» деген төрелер, – деседі, бұл жайда əңгіме
айтатындар, – үйлерге кіре, ғажап жасау-жиһаздарға қатты қызығады да
алтын кеселермен тəтті қымызға қанып алғаннан кейін, соларды көріп
болғанша қозы еті мен сүр де пісіп қап, Есеней етті ернеуін қымбат
тастармен безендірген күміс астаумен тартады.
– Қонақтар аттанарда Есеней «жолың» деп жандаралға алтын тайтұяқтан жамбы сыйлайды, – деседі жұрт.
Əкімдер осылайша тоқыраған кезде, бір қаға берісте Есеней
Тұрлыбекпен кептесіп үлгереді. Тұрлыбектің де, Есенейдің де түпкі руы –
Керей болғандықтан, бөлелігінің үстіне екеуі бірін-бірі «ағайынбыз» деп,
жасы үлкен Есенейді Тұрлыбек «ағай» деп, ол Тұрлыбекті «інім» деп
атайды екен. Жолыққан шақтарында сыр-сипаттарын түгел ақтарысады
екен. Хан тұқымдарының қазаққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары кеңес
болған шақта ханнан шыққан деп санайтын Тұрлыбек:
– «Төреге ерген ерін арқалайды» дегендей, хан тұқымына бағынудың
тақсіретін қара қазақ аз тартқан жоқ, талайларға ерін де арқалатты бұл
төрелер талайлардың түбіне де жетті. Төреге ерген қазақтың малы да, жаны
да шығындалған жоқ, «алладан ойбайым тиыш» дегендей, төрелерден орыс
əкімдері əлдеқайда тиыш. Ендігі бетіміз осы жақ болу керек, былай да
құны түсе бастаған хан тұқымынан біріндеп қол үзуіміз керек. Ел тізгінін
мына сен сияқты қара қазақтан шыққан беделді адамдарға ұстату керек, –
деген.
Бұл жолы оңаша сөйлескенде де Тұрлыбек Есенейге соны айтты.
– Маған өзге төренің емес, осы Шыңғыстың тезірек құрығаны керек, –
деген Есенейге:
– Асықпа, Есеке! – деді Тұрлыбек. – Баяғы айтқаным-айтқан: «хан
тұқымынан біріндеп құтыламыз» дегенім-деген. Өзі де соған жақындап
қалды: Қарқаралы думанының алғашқы аға сұлтандары - хан тұқымынан
шыққан Құсбек пен Жамантай еді, қазір олардың орнына қара қазақтан
Өскембайдың Құнанбайы отырды; Ақмола дуанының аға сұлтаны хан
тұқымынан Құдайменденің Қоңыр қожасы еді, қазір қара қазақтан
Жайықтың Ыбырайы болды. Көкшетау дуанының аға сұлтаны Абылай
ханның ұрпақтары болып келіп еді, қазір ол дəреже қара қазақ өзіңнің
балдызын, – Зілғараның Мұсасына ауысты, қазір сібірлік алты дуанда, хан
тұқымынан Шыңғыстан басқа аға сұлтан жоқ. Оны да кетіру қиын емес.
– Сонда қалай! – деп асыққан Есенейге:
– Тұра тұр, аға! – деді Тұрлыбек. Ол осы екпінімен бара тұрсын. Əзірге
бұғалық салып қылғындырам деудің керегі жоқ. Ұзын арқан, кең тұсаумен
жүргізе тұру керек. Сол арқанды жылдан жыл білдірмей қысқартып,
тұсауды білдірмей қарайта беру керек....
– Ол үшін не істеу керек?
– Хан тұқымы жемге қомағай жұрт. Бұған да еппенен жегізе беру керек,
сөйтіп, еттен жіпке тізген жемді жұтам деп аузынан арқандалғанын білмей
қалатын жабайы бүркіттей, бұл да тырп етпестей арқандалу керек. Ар
жағында басына томаға кигізіп, тұяқтарын тұғырға мəңгі бекіту оп-оңай.
– Мақұл сөз екен, – деді Есеней.
Есенейдің еркіне салса, не бас қосу екенін білмеген «шырпы - ши»
аталған жиналысқа бармау, Шыңғыстың бетін көрмеу еді.
– Оның қате болады, аға, – деді Тұрлыбек. – Жауды сырттан шалып
жыққанды көрген кісі жоқ. Іштен шалса ғана жығылады ол. Шыңғысты да
солай жығу керек. Бару керек жиылысқа. Бармасаң көп көзіне мінді
боласың. Сенің жасырған сырыңды, – жұрттың бəрі естіп отырған көрінеді.
Мына жиналысқа бармай қалсаң, жұрт сені «Шыңғыстан қорғалауы» деп
ойлайды. Шыңғыстың өзі «кек сақтауы» деп ойлайды да, бойын сенен
тарта ұстайды. Өйткен күрескер жықтырмайды.
Расы солай болып шықты. «Шырпы - шиге» жиналған қалың топтың
ішінде шөккен нардай болып Есенейдің отыруы, көсемсіп сөз бастауы
үкімет адамдарының да, ел адамдарының да, Шыңғыстың да көзіне түсіп,
бəрі де қатты риза болды. Съезге «Орынборлық» аталатын қазақтардың сол
төңіректегі «жақсы - жайсаңдары» да, əкімдері де келген еді. Осы
жиналыста орынборлық пен сібірлік аталатын қазақтардың жер шегі, ел
шегі ақтық рет анықталып, жасалған актіге хат білетіндері (ондайлар біренсаран
ғана екен) қолдарын қойды, білмейтіндері бармақтарын басты.
Есеней соңғысын істеді.
«Шырпы-ши» тарағанда,
Алдында оңаша сөйлесіп:
Есеней
Тұрлыбекті
қонаққа
шақырды.
– Барайын, – деді ол, – сен Шыңғысты да шақыр, бармаса өзінен қалсын.
Есеней, оған да хабар салған екенін білген Шыңғыс, сылтау тауып
рахмет айтты.
Құсмұрында болған күндерінде, Шыңғыстан жəбіршілік көргендер
Тұрлыбекке астыртын арыздар айтқан еді. «Іш - пікірі» ішінде болған
Тұрлыбек, «Есенейге ақылдассаңдаршы соны, сөзі орнықты да, тыңдаулы
да көрінеді ғой» деп сілтей салды. Қайтарда аулына қонақтаған Тұрлыбек,
Есенейге:
– Ал, Есаға, Шыңғыс туралы ойларыңа ішкірленіп кірісе бер, – деді.
– Сонда? - деп сұрағанда:
– Шыңғыстан жəбіршілік көрушілердің атынан Омбыға арызды айдата
бер, ар жағын өзім реттей жатам, – деді.
Жəбіршілік көрушілер көп еді. Ең алдымен, Құсмұрын дуанында,
Құсмұрын көлінің күнгей жағасына орнаған əскерлік бекіністің орны, атамзаманнан Арғынның Тағышы аталатын руының мекені болатын. Бұл рудың
да көпшілігі кедейлерден құралатын. Құсмұрынның көлі де, жағасы да сол
кедейлердің, күн көріс қоры да: «Құсмұрын» деңінің жар қабағының асты
отқа майдай маздайтын қалың тас көмір. Тағышының кедейлері ала жаздай
осы көмірді қазып, азғана көліктеріне кірелеп артып, жайлаудағы
ауылдарға немесе орыс селоларына апарып сататын еді де бағасы арзан
болғанмен, жүрек жалғарлық табыс алатын еді.
Тақыршылық жылы Құсмұрын көлінің өн - бойына, сулы жылы, шетпұшпақтарына шілде кезінде тұз байланады жəне тұзы өте сапалы болады.
Тағышылар осы тұзды да жинап, маңайдағы ауыл, селоларға сататын еді.
Құсмұрын бекінісі ірге төбе, Тағышылар бұдан айырылды. Кеткісі
келмеген оларды, сұрапыл сұмырай əскердің күшімен көшірді. Ешкім
оларға төтеп бола алмады. Күн көріс кесібінен айрылған Тағышылар
Шыңғысқа мұның шағып еді ол:
– Патшаның əмірі солай, түзеуге күшім келмейді, – деп жауабын қысқа
қайырды.
Тағышылар Омбыдан келген Тұрлыбекке айтып еді:
– Есенейге ақылдасыңдар, – деді ол.
– Омбыға арыз жолдасаңдаршы, – деді ол, ақыл сұрай келгендерге. –
Əділдік сонда көрінеді ғой.
– Кім жазады ондай арызды? – деп сұрайды Тағышылар.
Ыстапта қазақ тіліне жүйрік, орысша хатқа да жүйрік, өзі барып тұрған
қазақуар, қазақтар «Бекеттің, Ысыманы» дейтін Семен Бекетов дейтін қарт
қазақ-орыс барды. Ол Кенесарыны Есенеймен бірге қуысқан, содан екеуі
өмірлік дос болып кеткен.
Есеней Тағышыларды соған жұмсады. Бекетовтың қолынан жазылған
ұзақ арыз Омбыға сапар шекті.
Бір арызбен дау тынбады. Құсмұрын көлін түйреп өтетін Обаған
өзенінің солтүстік жақ алқабын, Тағышымен туыс – Ақташы дейтін ел
мекендейтін. Сол Ақташы Тағышыға араша түсем деп пəлеге қалды да,
патша əскеріне арқа тіреген Шыңғыстың күштеуімен мекенінен қуылып,
алыстағы Торғай даласына ауып кетті. Бекетов оларға да арыз жазып берді.
Шыңғыс «Есенейдің ауқымынан шықпайды» деген Керей руынан гөрі,
Уақ руын өзіне жан тартып, Обаған төңірегіне жинай бастаған еді. Уақ
ішінде Өтей жəне Дəуіш дейтін екі атасын ол ерекше жақын көрді де,
Ақташының қонысын соларға берді. Бірақ тегін берген жоқ. Өтейдің
мыңдаған қара-шұбар жылқысы бар байы – Өтейден толық екі айғырдың
үйірін ашықтан-ашық параға алды. Содан кейін, Өтейді өз ордасының төбе
биі ғып отырғызды.
Арыз кетті бұл туралы да.
Одан кейін де арызға тыным болған жоқ. Сонда, жұрт Шыңғысқа пəле
жабайын деген жоқ. Ол, бір ақынның:
Замана – ақыр биінің Сөзі арылмас жаладан, Аузы арылмас парадан, –
деген жырының кебін киіп, ел ішінен арылмайтын дау-шарды бітіргендер,
жеңген жағынан «биені – түгімен, түйені – жүгімен» жұтты да отырды.
Өзі де парақор Шыңғыстың жемқорлық қылығын, ағасы – Шепе тіпті
өсіріп жіберді. Өресі орта бойлы адамның кеудесінен ғана келетін, сол
қалпында денесі жараған семіз есектей жұп-жұмыр, қалың қара сақалы
төсіне түсетін, қалың мұртын баспайтын, сіңір қара кескінді ол, өзін
шынында да қаз туған көріп, кім көрінгенмен ілінісе кететін, екі сөзге
келмей боқтаса кететін, одан əрі де көп сөзге келмей, мейлі кім болса да
төбелесіп, үстіне міне түсетін. Кейде, түйеге жармасқан иттей, қандай ірі
денелі кісіге жұдырық жұмсаудан таймайтын. Одан емес, аға сұлтан
Шыңғыстан қорқатындар, əлі жете тұра, Шепеге қол, одан таяқ жеп
қалатын.
Мінезі соншама шəлкес Шепе, арамдығына найза бойламайтын залым
да. Неше түрлі зұлымдық айлаларға жетік оған қарап, қазақтар:
– Мынаның қол тоқпақтай денесінен арам ойлар қалай шығады? – деп
таң қалатын. Біреулер:
– «Кішкентай да, мүскентай» дейтіндер осындайлар екен ғой! – десетін.
Тентектігінің, залымдығының үстіне, Шепе барып тұрған парақор.
«Інімнің билігі өзімде» деп, ол Шыңғысты сыртынан талай рет сатып,
талайлардан көл-көсір параларды ала беретін. Соларды біле тұра
білмегенсіп, Шыңғыс үндемейтін.
Əлгі мінездерінің үстіне, Шепе аузынан қаны аққан ұры. Ол маңайдағы
атақты ұрылардың бəрімен де тамырлас. Шыңғыспен араздасқанша, ол Уақ
руынан шыққан атақты ұры -Қожықпен, Қарауыл руынан шыққан атақты
ұры - Баубекпен Керейден шыққан атақты ұры - Тайкотпен байланысты
болып, ұрлаған жылқыларды бірден бірге жүздеп өткізетін. Кейін бұл
ұрылар Шыңғыспен араздасқан соң, ұрылардың қордасы, – Шепенің өзі
болып кеткен. Шыңғысты паналаған Шепеден жəбір көрушілер, «осы елдің
ұйытқысы» деп Есенейден ақыл сұраса, оның көрсетер ізі біреу ғана
болатын ол, – Бекетов арқылы үкіметке арыз жолдау. Осындай арыздардың
қалам ақысына, Бекетов аз жылда байып, Ыстаптағы бай орыстардың
алдына шыққан.
Не себеп екенін кім білсін, Омбыға кеткен арыздардан нəтиже шыға
қоймаған соң, Бекетов ендігі арыздарды Петерборға, патшаның атына
жіберетін болды.
Ақыры осы арыздар мейлінше көбейіп, басында басып тастағысы келген
Омбының генерал-губернаторы, енді ие бола алмай қалды. Оның үстіне,
патшаға жазған арыздар, сарай қасындағы сібірлік комитетке түсіп,одан
Омбы əкімдеріне: «Тез тексертіңдер» деген бұйрық келді. Сонымен осы
романның оқиғасы басталатын – 1847 жылдың көктемінде Батыс Сібірдің
генерал-губернаторы князь Горчаков, бастығы генерал-майор Федор
Алексеевич қып, арыздарды жəне Құсмұрын дуанының хал-жайын тексеріп
қайту үшін ревизия жіберуге ұйғарды.
Ревизия келер алдында, Құсмұрын дуанында тағы бір оқиға болып
жатыр еді: хандық жойылған, дуандар тұрақталмаған тұста, яғни 18ғасырдың екінші жартысымен 19-ғасырдың бірінші жартысында бетімен
жайылған қазақ руларының арасында қонысқа таласып жауласулар,
барымталар көбейіп кеткен-ді. Патша үкіметі тарапынан дуан басшылыққа
тағайындалған аға жəне кіші сұлтандар, орыс əскерінің күшімен барымтаға
қатты тыйым салуды қолға алған, солардың бірі - Шыңғыс. Бірнеше жылға
созылған бұл күрестің, нəтижесінде, ашық жауласулар негізінде тыйылып,
барымталардың аяғы «қараңғы ұрлыққа» айналып кеткен.
Құсмұрын дуанында «қараңғы ұрылардан» атақтысы екеу болды: бірі –
Уақты Қараман руынан шыққан – Мақаштың Қожығы, екіншісі – Керейдің
Шағалақ руынан шыққан – Кішкілдіктің Медебайы.
Қожықтың əкесі – Мақаш мың жылқылы бай болған, Құндызды өзенінің
Құсмұрын көліне құятын сағасын мекендеген момын адам екен.
Абылай хан өліп, орнына екі баласы: Уəлі мен Қасым таласқанда,
Мақаш Қасым жағында болыпты. Соны естіген Шыңғыс, Мақашты «ата
жауы» көріп Құсмұрынға аға сұлтан болып келген соң, «не жүз жылқы
беріп мекенін сақтасын, əйтпесе көшсін» деп Қожыққа кісі салады. Қожық
та жасынан сотқар, барымташы болып өскен екен. Ол Шыңғыстың мына
сөзін қорлық көреді де, жылқы да бермей, мекенінен де қозғалмай отырып
алады. Ерегіске кіріскен Шыңғыс Шамырайдың күшімен Қожықты
Құндыздыдан қуады да жібереді. Қожықты Есіл бойындағы ағайындары
панасына алып, Меңзей деген орманның ішінен қоныс береді.
Мақаштан Ноғай, Қожық екен. Қоқай бай, бірақ малма тымақ нашар кісі
екен де, Қожық батыл, батыр адам екен. Меңзейге бара Қоқай өледі де,
алыста бүркеуде жатқан Есеней, жер қайысқан қолмен келіп, айғыр-үйір аза
салып бата қылады. Сонда, тік сөйлейтін Есенейге біреулер:
– Қоқаңа бата қыла келдің бе, Есеке? – десе:
– Не оттап отырсың? – депті Есеней ақырып тастап, – Қоқайға қ.... бата
қыла ма, мен Қожыққа бата қыла келдім, – деген екен.
Олай дейтіні: бұл өлкеде бұрын – ашық барымтаға, кейін - қараңғы
ұрлыққа ешкім Қожықтан өтпепті. Оның өзінде əлекедей жаланған тоғыз
ұл болыпты. Оларға қоса, осы маңайдың ұры-қарысының қордасы
Қожықты төңіректеп, бəрін де сол ергізіп - жусатқан. Олар «Қожықтың
қырық қарақшысы атанған». Солардың алыстан жүздеп тартатын
жылқыларын Қожық «білсе – барымта, білмесе – сыдырымта» қылған.
Сонша күші бар Қожыққа, малын алдырғандар батып келе алмай,
«бұйырмағанға» санап отыра берген. Біреулер ізденіп, «аға жəне «кіші»
аталатын сұлтандарға шағым айтса, олар да əкімшілік құруға бата алмай,
тек патша үкіметіне мəлімдеген де отырған.
– Бір сəтте, – деседі, Қожықты білетін жұрт, – Омбыға барған
шағымдарды тексермек боп, Қызылжарда тұратын оязнай – «Бала-Шодыр»
деген шығыпты. Қасында он шақты солдаты бар, олар Меңзейді
мекендеген Қожыққа кеп жөндерін айтқан соң, Қожық: «үйіме келген соң,
əуелі қонақ болыңдар. Жауабымды содан кейін берейін», депті де, қымызға
меңдуана қайнатқан суын қосып беріп, аналар естерінен айрыла мас болған
шақта, бəрінін, де қаруларын жинап ап, тірідей құрымға бөлеп, кезек-кезек
шаңыраққа асып, астарынан түтін береді. Сол қалыптарынан ретке
отырғанда, ас ішкен уақытта ғана босатады да, өзге уақытты ыстай береді.
– Солай ыстағанда, – деседі айтушылар, – тірі адам да сүр болып, денесі
сарғайып кетеді екен. Бала-Шодыр да, нөкерлері де əбден ыс болып
сарғайған шақта, Қожық: Ал, енді, білгендеріңді қылыңдар!» деп босатады
да, қаруларын алып қалады. («Артынан біраз жылдан кейін, қалың отряд
келіп, Қожықты да, балаларын да қапыда басып, түгелімен «итжеккенге»
жіберген, содан тоғыз баланың біреуі ғана оралып, өзгелері сол жақтан
қайтпаған» деседі) ».
Қожық өзгелер түгіл, аузынан жалын атып тұрған шағында Есенейге де
зорлық қып, Есіл бойында түлкіге салдырып жүрген «Танакөз» бүркітін,
аңшылардан тартып алған. Елші жіберсе бермесіне көзі жеткен Есеней,
Меңзейдің күзегінде отырған Қожыққа өзі келеді.
Қожық тұтықпа, кекеш адам болған. Бұрын талай кездескен Қожықтың
үйіне келген соң Есеней аттан түспестен:
– Уа, кекеш ит, барсың ба, үйіңде жоқсың ба? Бар болсаң шық бері! –
деп айғай сапты. Есенейдің даусын таныған Қожық меймандос қазақтың
қонақты қарсы алғыш салтымен, сыртына түйе жүн шекпенін іле сап,
тысқа жүгіре шығыпты да, жасы үлкен Есенейге:
– һа-а-ас-с... салау м-мі-мəликем! – деп сəлем беріп, қолын ұсыныпты.
Сонда Есеней қолын алмастан:
– Əй, кекеш ит, сенде тоғыз ұл бар, менде бір де ұл жоқ. Сен ұлдарыңа
алданасың. Мен неменеме алданам? Неге тартып алдын, бүркітімді – депті.
Сонда Қожық басын төмен иіп, қолдарын қусырып:
– Же-же-жеңдің Е-е-е-сеней?.. Сыбағаңды же-же-же де, бү-бү-бүркітіңді
а-а-алып қайт! – деген екен.
Есеней расына да Қожықтың ағасына аза салу үшін емес, өзіне жолығу
үшін келген еді. Сондағысы былай да еш екенін білетін Қожықты
Шыңғысқа қарсы қайрау.
– Əй, кекеш, – деп бастады Есеней қайрау сөзін, – осы сен туысың –
Балтамбердінің құнын неге сұрамай кеттің? Кімнен қорғалайсың, сонда?
Шыңғыстан ба? Баяғы қара қасқа атты Қамбар батырды шығарған одан
бері – Ер Көкшені, тіпті бертінде – Ер Қосай мен Сары – Баянды шығарған
Уақ атаңның баласы, енді батырлықты қойып қатындыққа көшкенсің бе?
Олай демегенде не дейін? Алпамсадай ерің - Балтамбердіні Уəлі тұқымы
тапа-тал түсте өлтіріп, денесін белгісіз жерге тыға салады. Оны жоқтайтын
Уақтың баласы жоқ. Талай жыл өтті. Біреуін, ошаң етіп атқа мінбейсің,
ерінді жоқтамайсың!.. Уақтың, баласы əсіресе, «ендігі ері» деп жүрген –
сен неден сорлы болдыңдар бұлайша қорғалайтын?!..
Күтпеген сұрауды естіген Қожық, жауабына сасып қалды ма, əлде
тұтықпас ұстап қалды ма, – «э-э-э-э» деп, еріндерін бүлкілдетіп, иегін
селкілдетіп ештеңе дей алмағанда Есеней киіп əкетті.
– Неменесіне тұттығасың? – деді ол. – Кімнен қорқасың? Хан
тұқымынан ба? Қазір олардың бұты - бес-ақ тиын екенін білмеймісің?
– Ы-ы-ы-рас! – деді Қожық, даусын ышқына əрең шығарып, іште
қайнаған ызасы сыртына бұрқырап шыға келгендей, бетінің бұлшық еттері
бүлкілдеп, қиғаш қысық көздері шатынай қап.
– Ырас болса неғып отырсың? Сенің күшің туысың – маған ғана келеді:
бүркітімді тартып аласың, бəйге атымды тартып аласың!.. Дұшпаныңа олай
емессің!..
Сөзден тосылған Қожық бұрынғыдан жаман тұтығып, ызадан жылап
жіберді.
– Еркек адам, ер адам деп жүрсем, сен де осындай жасық па едің тəйірі,
– деді Есеней, – еркекше Қару жұмсаудың орнына, қатынша жылағанын, не
қылғаның?!..
Ұялғандай көзін сүрте бастаған Қожықты Есеней омыраулай түсіп:
– Тый əрмен – əрі көз жасыңды! – деді жекіп, – мықты болсаң əрі
жеріңді тартып алып қаңғыртып жіберген, əрі еріңді өлтірген – Шыңғыстан
кек ал, əйтпесе, өшір «Қожық» деген атыңды...
– Со-со-сонда? – деп кекештене ақыл сұраған Қожыққа:
– Қазір жыға алмайсың белдесіп оны, – деді Есеней, - қарын алыстан
ұрып талдыру керек?
– Со-со-сонда?
– Шыңғыс Орынбор мен Сібірдің шекарасында отыр. Сібір жағын
өшіктіруді міндетіме мен алайын, Орынбор жағын сен ал.
– Қа-қа-қалай?
– Орынбор жағындағы байлардың жылқыларын ұрлатып, Сібір жаққа
айдат та отыр. Шыңғысқа барса, теңдік берме! Содан кейін екі оттың
ортасында қалады да қояды. Мықты болса, күймей шығып көрсін содан.
Олар осыған келісті. Есеней кете, Қожық Орынборға қарайтын: Арғын,
Қыпшақ, Жағалбайлы, Жаппас, Шөмекей елдерінен жылқыны ұрыларына
үйірлеп айдатты да, екі жаққа асырып жіберді: бірі – қазіргі Мүсін
(Явленко) қаласының тұсын мекендейтін, Керейдің Шағалақ руынан
шыққан атақты ұры - кішілдіктің Медебайына екіншісі – Қарауылдың,
қазіргі Атбасар төңірегін мекендеген, Бекмырзаның Баубегіне.
Қожықты бұл ұрлықтан тыюға Шыңғыстың шамасы келмеді. Өз күші
жетпегеннен кейін, орыс үкіметіне айтқанда, тыюға келген Бала-Шодырға
Қожықтың не көрсеткені анау.
Орынбор елдері, Шыңғыстың мұнысын «Қожыққа əлі келмеу» деп
санаған жоқ, «бағып отырған елінен қорқып, қол астындағы ұрыларын
бермеу» деп санады. Сөйтіп жүргенде, «Қожықты ұстауға Орынбордан да,
Омбыдан да əскер шығып, олар Құсмұрында түйіспек екен» деген хабар
естілді.
«Батырға да жан керек» дегендей, Қожық саса бастады.
Қожықтың «бас батырым» деп жүретін, Аңдамас есімді ұрысы болатын.
Ол күшті де, шешен де жігіт. «Омбы мен Орынбордан əскер шығады-мыс»
деген хабардан қорыққан Қожақ не ақыл айтады?» деп Аңдамасты
Есенейге жіберді. Аңдамас əкелген хабарды Есеней де естіп отыр екен.
Оқиғаны «бұлай болмас», деп, «екі елдің билері бас қосумен ғана
шешілер», деп ойлайтын Есеней, «қалын, əскер шығады», деген соң,
Қожықтан кем саспай, маңайындағы білгірлерді жинап ақылдасты.
Солардың ішінде Көшебе руының атақты билерінің бірі жəне Есенейдің
туған апасы – Матақты алған жездесі – Табай да бар еді. Көшебе, Сибан бас
қосқанда тоқтаулы адам сол болатын.
Аңдамастың келуіне байланысты жиналғандардан, «осындайдың
ақылын сен табушы едің» деп, сөзді Табайға бастатты. Оның Аңдамасқа
берген бірінші сұрауы.
– Сен жəй ғана бау кеспе ұрымысың, болмаса, сөз ұғатын да жігітпісің?
– Қайдам, – деді Аңдамас, – өзімді өзім көтермелеп не дейін. Айтып
көріңіз. Ұғар-ұқпасымды сонда байқарсыз.
– Ендеше, Құсмұрында болатын жиналыстың алдында сен дуанға бар да
қолға түс. Жиынға Керей, Уақтың игі жақсыларының бəрі барады.
Көшебеден - Байдалы екеуміз, Балтадан – Төлеміс пен Иса, Тарышыдан –
Тоқсан мен Аю, Сибаннан - Есеней мен Өсіп, ойдағы Уақтан – Елембай
мен қырдағы Уақтан - Жарығамыс пен Шабанғұл, Күрлеуіттен – Жігіт,
Қанжығалыдан – Шəңкі тағы тағылар... Бұл – Шыңғыстың аға сұлтан
болғалы екінші рет шақырып отырған «Шырпы-шиі» Сондықтан ол,
Орынбор мен сібірілік қазақтардың бастарын қоспастың бұрын, əуелі өз
дуанының əлгі атаған билерімен бас қосып, мəн - жайды анықтап алар.
Шыңғыстың арғы атасы – Күншуақтың қара шаңырағын қондырған ордаға
бəріміз барармыз. Шыңғыстың өзі орданың төріндегі тақта отырар, өзгеміз
екі қанатына қақ жарылып жерге төсеген кілемде отырармыз. Сөз қолға
түскен ұры – сенен басталар. Жауапты Шыңғыстың өзі алар. Сенің
ұғатының ендігі сөздер. Құлағыңды түре тыңда!
– Тыңдайын, Табеке, – деді Аңдамас.
– «Атың кім?» деп сұрар, Шыңғыс біле тұра. Сен атыңды атарсың.
Содан кейін «сені бау кеспе ұры» дейді, «рас па?» дер. «Рас» дерсің.
«Орынбор елінің малдарын ұрлағанын, рас па?» дер, «рас», дерсің. «Өзің
ұрладың ба, жұмсаушы бар ма?» дер, «жұмсаушы жоқ, өзім ұрладым»
дерсің. «Неге ұрладың?» дер, Шыңғыс қатуланып, сен саспай «сүйенерім
бар», дерсің. «Кімге сүйенесің?» дегенде, Шыңғыстың екі қанатында
отырған билерді саусағыңмен нұсқап санап өтерсің. Ұқтың ба?
– Ұқтым, Табеке, – деді Аңдамас.
– Ұқсаң, кəне, атап бер!
Аңдамас Табай атаған билерді санап өтті.
– Ұққан екенсің. Шыңғыс «сүйенерің кім» дегенде, «сүйенерім осылар»
деп аталған билердің бəрін саусағыңмен көрсетіп шық!
– Ойбай-ау, Табеке-ау, – деді Аңдамас, – жұрт көзінше олай десем,
Шыңғыс жанымды қоя ма?
– Демің ішіңде болсын, – деді Табай күлімдеп қойып, – айтқанды
орында. Ар жағында жұмысың болмасын Сөздің аяғын тыңда. Сен:
«Сүйенерім бар» деп, Керей, Уақтың игі жақсыларын атап еткенде,
Шыңғыс: «Олар сені адал ісіңнен ақтар, мойныңа алып отырған арам
ісіңнен қалай ақтайды?» дер. Сен оған «Ақ ісімнен өзім де ақталам, арам
ісімнен ақтайды», дерсің. Шыңғыс сонда саған ақырып: «Не оттап
отырсың? Арамды қалай ақтайды?» дер, сонда сен: «Егер, бір мені ақтап
ала алмаса, несіне Керей. Уақтың адамы болып жүр, бұлар?.. Онда бəрінің
де əкесінің аузын...» дерсің.
– Мынауың тіпті қиын іс қой, Табеке-ау! – деді Аңдамас.
– Оттама! – деді Табай жекіп, – Ұқтың ба өзің соңғы сөзді де?
– Ұқтым ғой, Табеке, – деді Аңдамас, қаймыққан кескінмен. – Бірақ...
– «Бірақ-мірақтың» керегі қанша саған! – деді Табай Аңдамасқа түйіліп.
– Егер өзіңе жан керек болса, айтқанды орында. Əйтпесе, бетіңмен қаңғыра
бер де, ажалыңды жолыңнан күт!..
Бірдеме дейін деп келе жатқан Аңдамасқа, Есеней: «Тоқтат сөзіңді,
қайымдаса бермей!» деп ақырып тастады. Үндемей бұғып қалған
Аңдамасқа:
– Жездемнің үйреткен сөзін жаттай бер, – деді Есеней, – одан залал жоқ.
Шыңғысты олайша жауап сұрауға жеткіземіз бе жоқ па, оны келешек
көрсетер. Əзірге аттана бер. Тек қана ескертерім, – Құсмұрынға Керей,
Уақтың игі жақсылары жиналып болмай, Шыңғыстың қолына түспе.
Көшебе, Сибанның адамдары осыған келісті. Аңдамас басы ауған
жағына жөн тартты.
ШАЛДУАР ШОҚАН
Біз Шыңғыс пен Есенейдің арасындағы қарым-қатынастардың ізін қуып,
оқырмандар құлақ түріп қалған бір жайды ұмытып кетіппіз. Ол – Шыңғыс
Сырымбеттен Құсмұрынға аттанғанда, əйелі Зейнептің жүкті болып қалуы.
Алғашқы жылы «Аман» аталатын қарағайдың ішіндегі «Əулие» есімді
көлдің жағасына қыстау салдырған Шыңғыс Сырымбетке күз оралды да,
соңына қарашыларын ертіп, Зейнепті алып қайтты. Ол Айғанымның
меншігіндегі мал-мүлікті бірге туған аға-інілеріне түгелімен қалдырып,
тігер тұяқтан жалғыз шымқай сары түсті жорға тайды ғана алды, онда да
шешесінің өсиетімен. Енесінен судай жорға болып туған бұл тайды құлын
күнінде көрген Айғаным: - «Амандық болса, Шығажаным мінер, бұл
құлынды, ат болғаннан кейін; санына хан атамның ай таңбасын басып
жіберіңдер, аты «Сағымсары болсын» деген. Жорғалай аяқтанған
Сағымсары, жортақ, желіс, шабыс дегендерді білмей, үнемі тайпалатын да
отыратын, сол жорғасымен шапқан атқа жеткізбейтін. Шыңғыстың əкешешесі жинаған малдан жалғыз ғана тай алған себебі: Зейнептің төркінінен
əкелген малы да жетерлік еді. Ағасы Мұса, «жетім қалған жалғыз
қарындасымды жылатпаймын, еншісін берем» деп, Зейнепке əкесі
Шорманнан қалған төрт түліктің бəрінен де үлес айдатқан «көшкенде
көлігі» деп жиырма бес түйе, «кісіден сауын мен соғым сұрамасын» деп
жүз шақты жылқы, «көгені де кем болмасын» деп бес жүздей қой берген.
Шыңғыс өз меншігіндегі мұншама малды да түгел айдамай көбін
туыстарына қалдырып кетті. Оған себеп - Құсмұрынға баруына үш-төрт –
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аққан жұлдыз - 09
  • Parts
  • Аққан жұлдыз - 01
    Total number of words is 3736
    Total number of unique words is 2132
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 02
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2143
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 03
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2170
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 04
    Total number of words is 3769
    Total number of unique words is 2096
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 05
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2247
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 06
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2202
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 07
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2134
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 08
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2178
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 09
    Total number of words is 3859
    Total number of unique words is 2180
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 10
    Total number of words is 3814
    Total number of unique words is 1866
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 11
    Total number of words is 3791
    Total number of unique words is 2132
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 12
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2238
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2149
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 14
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2225
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 15
    Total number of words is 3952
    Total number of unique words is 2141
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 16
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1891
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 17
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2122
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 18
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2182
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 19
    Total number of words is 3753
    Total number of unique words is 2114
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 20
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2070
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 21
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2029
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 22
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 2196
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 23
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2201
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 24
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2223
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 25
    Total number of words is 3823
    Total number of unique words is 1953
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 26
    Total number of words is 3860
    Total number of unique words is 2172
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 27
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2239
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 28
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2151
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 29
    Total number of words is 3830
    Total number of unique words is 2056
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 30
    Total number of words is 3683
    Total number of unique words is 2102
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 31
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2215
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 32
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2308
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 33
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2201
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 34
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 35
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2288
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 36
    Total number of words is 3857
    Total number of unique words is 2290
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 37
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2143
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 38
    Total number of words is 3915
    Total number of unique words is 2177
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 39
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2232
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 40
    Total number of words is 3742
    Total number of unique words is 2068
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 41
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2302
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 42
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2267
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 43
    Total number of words is 3804
    Total number of unique words is 2325
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 44
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 2159
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 45
    Total number of words is 3706
    Total number of unique words is 2289
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 46
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2271
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 47
    Total number of words is 3754
    Total number of unique words is 2137
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 48
    Total number of words is 3739
    Total number of unique words is 2212
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 49
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2273
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 50
    Total number of words is 3787
    Total number of unique words is 2230
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 51
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2212
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 52
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2257
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.3 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 53
    Total number of words is 3785
    Total number of unique words is 2250
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 54
    Total number of words is 3847
    Total number of unique words is 2234
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 55
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2121
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 56
    Total number of words is 3774
    Total number of unique words is 2151
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 57
    Total number of words is 3676
    Total number of unique words is 2179
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 58
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2173
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 59
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2288
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 60
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2202
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 61
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2143
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 62
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2141
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 63
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2272
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 64
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2177
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 65
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2199
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 66
    Total number of words is 816
    Total number of unique words is 590
    45.0 of words are in the 2000 most common words
    59.0 of words are in the 5000 most common words
    66.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.