Latin Common Turkic

Аққан жұлдыз - 37

Total number of words is 3812
Total number of unique words is 2143
35.0 of words are in the 2000 most common words
48.5 of words are in the 5000 most common words
55.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
күзетшілерге тапсырып кеткен. Жұлығын жалап отырған кедей
күзетшілерге Шыңғыстың беpiп кеткен азығы жоғарыда айтқан ешкілердің
сүмесі ғана екенін білеміз. Ақпан да соған ортақ.
Төсек тартып жатып қалған, дəрет сындыруға да дəрмені жоқ. Ақпаннан
көрші-қолаңдары безініп, оны бір балағанға оңаша орналастырған да, іші
жиіркенішті иіс-қон, ысқа толған күркеге бас сұғар жан табылмай, «ішер»
деген ас-суды есіктен ғана кіргізіп, босағаға қойып кететін. Ақпанның ол
астарға сүйретіліп баруға күші кейде жетіп, кейде жетпей сұғанақ иттер
ішіп кететін. Оған ас құйған ыдыстан жиіркеніп, басқа адам ас ішпейтін
даяшылар ит жалап кеткен ыдысты жумастан, жаңа асты құя беретін. «Ас»
дейтіні – көбіне қатықсыз қара көже.
Осындай халдегі Ақпаннан көршілері қалай құтыларын білмей,
жиіркене қарап жүрген шақта Саумалкөл жағасындағы орда ауылдан
Айжанды түйеге мінгестірген Аба келе қалды.
Бұған дейін Зейнеп Айжанды Ақпанға жолықтыру түгіл, маңына да
жолатпайтын. Бейшара қыздың туған əкесіне жаны қатты аши тұра, оңаша
көз жасын төккеннен басқа дəрмені болмайтын. Саумалкөлден
аттандырарда Зейнептің Абаға тапсырғаны – «басқа бір күзетшінің үйіне
орналастыр!» Айжанға тапсырғаны – «əкем деп маңына жоласаң ауруы
жұғады да, өзің де оның дертіне шалдығасың».
Аба Айжанды Тоқпақбайдың үйіне тастап, ханшаның бұйрығын
ескерткенмен, ол аттана салысымен Айжан əкесі жатқан балағанға жетіп
барды. «Барма» деуге көршілерінің батылы жетпеді.
Əкесінің үйіне барған Айжан, еш нəрсесінен жиіркенбей, күркесінің
ішін əлекедей жалады. Ол тап-талдырмаш қалпымен қарулы екен. Көршіқолаңнан қара сабын сұрап алған ол, легенге шым-шым ғып ысытып
қойған сумен əкесін тап-таза ғып шомылдырды. Сонда денесі алпамсадай,
сүйегі ауыр, қимылға дəрмені жоқ əкені баладай биледі. Тырдай жалаңаш
əкесінен ол қымсынған жоқ. Бір рет жуып кетіре алмаған кірін, əлденеше
рет жуып əрең дегенде кетірді. Содан кейін, денесі тазарған əкесіне, өзінің
көйлегінен ықшамдап үстіне жəне бұтына лыпа жасады. Айжанды қарадүрсін киіндіретін Зейнеп лəмбік аталатын матадан, бидайына түйенің
жүнін салдырып, астарымен сырмалатқан желен тіктіріп берген еді. Біраз
киген желеннің тозығы да жете бастаған. Дегенмен – жылы. Айжан соны
əкесінің үстіне жапты. Сақал-шашын тап-тақыр ғып алдырды. Əкесінің
шіруге айналған қоғажай төсегін жас қоғажаймен жаңартты. Төсеніші жоқ
күркенің ішіндегі көң-қоқырды шығарып тастап, белуардан құрағы аралас
өлең-шөп жəйді. Күрке содан кейін иіс-қоңыстан арылып жан жайланардай
дем алғызды.
Айжан келе Ақпанның ас-суы да өзгеріп, ауыз тұшырлық халге жетті.
Ол сауын ешкілерден сүтті біреуін көршілерден сұрап ап, сүмесінен əкесіне
əртүрлі дəмді тағамдар жасады, əсіресе сүтті ұзақ қайнатып қойылтқан
балқаймағы дəмді-ақ еді.
Аузы асқа жарыған, денесіне, үй-ішіне тазалық кірген Ақпан оңала
бастап, бұрын бас көтермейтін ол ара-тұра төсек үстіне шоқиып отыратын
болды, «сөзден қалды» дейтін ол көңілін сұрағандарға тіл қатуға айналды,
сонда кімге болса да айтары:
– Айжанды берген құдайға, бүгін өлсем де ризамын! Ендігі тілегім, мен
жасай алмаған өмірді тəңірім соған берсін!
– Туған баланың аты – туған екен ғой,– деп таңданысты жұрт. – Кəзіргі
күйінде Ақпанға кім жолағандай. Сол қалпынан мына қызы жиренбей,
күркесінің де, өзінің де, адам маңайлай алмайтын ласын тазалап, бəрін де
жұнттай ғып қойды.
– Əсіресе, өзің – десті біреулер, – жап-жас қыз, ұят-аятты да қойып,
алпамсадай əкесін жас баладай шомылдырғанын көрсең!..
– Ұялғанда амалы қанша! Өзінен басқа кімі бар, тазалайтын?
– Адал сүт емген бала екен де!.. Өркені өссін!..
Жұрт бұл сөзді Айжанның өзіне де айтты.
Ақпанның көңілі көтерілуін көпсінгендей, тілеуі құрғыр біреу, бір күні
Айжанның Малтабарға сатылуын естіртіп қойды!.. Содан кейін не істеуге
білмей сасқан Ақпанның бар ермегі – Сібірдегі лагерьден беліне қыстырып
ала қайтқан балтасын қайрау. Көп жыл жолдасы болған, шымболаттан
жасалған бұл балта, қайрауын тапса қыл қабады, бір жетілсе жуыр маңда
мұқалмайды.
Малтабар жайында əкесі қызына, қызы əкесіне тіл қатпайды, ішкі
ойларын бірінен-бірі жасырады. Бірақ, екеуі де өз ниеттеріне жетуден
қайтпайды.
Шоқанды көрген Айжан күркесіне қашып кіргенде, Ақпан ұйқылы-ояу
халде еді. Бұның жəй қимыл емесін сезген Ақпан, маужыраудан серги
қалды да, төсектен басын көтере беріп.
– О не, Айым?! – деді.
Айжан жауап бермеді. «Ə» дегенше болмай, күркенің есігінен жақындап
келе жатқан пар атты көрінді. Айжан үрейлі кескінмен терге таянды да,
теріс қарап тұрып қалды.
«Малтабар болар ма?!» деген ой кеп кетті Ақпанға. Сол ойдан өкпесі
аузына тығылған ол, төрдегі Айжан теріс қарай бергенде басының
астындағы балтаны суырып алды да, бауырына басып, бүк түсіп л«ата
қойды Ниеті – Айжанға жармасушы болса, қару қылу. Өйтуге жарарлық
қуат бойында бар сияқты. Сондай халдегі ол, Тоқбеттің кіріп шығуын
көргенмен, «арты неге соғар екен» дегендей қимыл көрсеткен жоқ.
Айжан ше?
Шоқаннан қашқан оның басына ақыл күркеге кіре оралды.
– «Иə,– деді ол жорамалын бекітіп, – сол!.. Шоқан аға!.. Қайдан келді?
Неге келді? Əлде кездейсоқ кезігуі ме? Əдейі келуі ме?..»
Сол бір сəтте Айжанның есіне ұстазы – Көкештің сөзі түсе кетті.
– Шыңғыстың Омбыда оқып жүрген баласы бар көрінеді ғой, – деген еді
Көкеш, Айжанмен оңаша сөйлесе қалған бір шағында, – жақсы жігіт
деседі...
Ол жолы бұл сөзді неге айтқанын аңғара алмаған Айжанға, Көкеш
сатылаған сөздер арқылы «шіркін, сенің жарың сол болар ма еді!» деген
арманын да ескертіп қойған.
Бұл арманды естігенде қаны бетіне шауып, кескіні қып-қызыл боп ұялып
қалған Айжанның есінен, кейін осы сөз шықпай қойған. Бірақ ол, Шоқанды
аспандағы күндей көріп, қолы жетеді деп үміттенбейтін. Сөйтіп жүргенде
Айжанның құлағы, жыбыр ауыз Рақиядан «Омбыға барғандардан Қанаш
сені сұрайтын көрінеді» деген сөзді шалған. Рақияның ол сыбысты
айтудағы мақсаты, – «елге келеді деп естіген ағасы, мынадай жас сұлуды
пайдаланып кетсін» деп Айжанның көңілін күні бұрын Шоқанға бұрып
қоюда еді. (Жігіттер мен қыздарды, əсіресе, ер жете бастаған ағасы –
Жақыпты жағыстырып тұру Рақияның қызық көретін қылығы да).
Рақияның «сұрастырыпты» деген сөзіне Айжан сенетін. Шоқанның
онысын өзіне қамқорлығының жалғасы деп қана түсінетін «менде ойы бар»
деген пікір басына ұяламайтын.
Міне, сол Шоқан күркесіне келіп қалды. «Жолсоқты келуі» дейін десе,
аттарының басы тура, «бұнысы əдейілеп келуі болар ма? Қасындағылары
кімдер?!..»
Сол ойда тұрғанда, аңырайған есіктен арбалылардың күркеге тақала
бастағаны байқалды. Кіре берген Тоқбеттен жасқанған ол теріс қарай
қалды да, оның шыққан дыбысын естігенде, бетін есікке бұрды. Сол шақта
«Шоқан» деп жорығаны да есіктен бас сұқты.
Бетін теріс қарата берген Айжанның тұла бойы тағы да қалшылдап кетті.
Ол қуған қасқыр қақпайлап əкеп, бұлтара алмайтын тұйыққа тыққан
қоянның халіне түсті...
– Айжан! – деген дыбыс шалынды құлағына.
Есінен танғандай халдегі Айжан, бетін кейін қарай жалт бұрып, еңіреп
жылаған үнмен:
– Қанаш аға! – деп құлашын жая ұшып кеп, Шоқанды бас салғанын
білмей қалды.
Айжанды құшақтай бауырына басқан Шоқанның, да көзінен жас ыршып
кетті. Дірілі күшейе түскен Айжанның қызу денесі, Шоқанның тұла бойын
бұлаудай бусандырып барады...
Шоқанның осындай бір қызды іздеп келе жатуынан хабары бар
Тұхфатолла қыз Шоқанды құшақтай алған шақта есіктен кіре беріп,
аңырып тұра қалды.
Шоқан кіре бергенде кім екенін біле алмаған Ақпан, теріс қылығын
көрсе, балтасын ала ұмтылуға ыңғайланған еді, жат адамның «Айжан!»
дегенің қызының оны «Қанат!» дегенін естігеннен кейін, екеуінің
құшақтаса кетуін көргеннен кейін, балтасын ұстай төсегінен жылжи берді
де, кідірді.
«Қанаш» Шоқанға əке-шешесінің еркелетіп қойған аты екені есіне түсе
кетті оның. Құсмұрыннан оқуға аттанарда Айжанды шешесіне тапсырып,
«күт» деп кеткенін Ақпан естіген. Содан бері оған іші жылып «бір көрсемау! Алғысымды айтсам-ау!..» деген арманда жүретін. Көре қалса, шағар
мұңы кө те.
«Мынау, сол Қанаш болар ма?!..» – деген ой келіп кетті Ақпанға,
Айжанның «Қанаш» деген даусын естігенде. Айжан оны еңірей жылап
құшақтай алғанда, – «сол болғаны ғой!» деп бекітті Ақпан ойын. Енді
өзінің де Шоқанның жүзін көргісі, онымен тіл қатысқысы келді. Сондықтан
– Айым! – деген дыбыс берді ол, – босат, Қанашты, онымен менің де
амандасқым келеді.
Құлағына сол дыбыс кіргенде ғана есі кіре бастаған Айжан, не істеп
тұрғанын енді ғана сезгендей, құшағын тез жазды да, бүркіттің
тегеуірінінен əлдеқалай сытыла қалған қояндай жып беріп əкесінің биік
қып салған қоғажай төсегінің ығына жоқ болды. Шоқан да алған аңынан
айрылып, аңыра қалған бүркіттей оны іздегендей жан-жағына алаңдай
бергенде, көзі қасына таяу тізерлей отырған, түрі көрден шыққан адамның
бейнесіне ұқсайтын, арық денесінің саудыраған сүйектері қапшық
сияқтанған жұқа, кең көйлегіне əрең жасырынатын, тірі аруақ Ақпанға түсе
кетті. Жерге таянған, жіліктері жуан оң жақ қолына, қайқы жүзі жалтырай
қайралған, «шалымы жарты көз» дерлік қысқалап сабынан уысына қысқан
балта.
Ақпанның қорқынышты сұрқынан да, қолына ұстаған балтасынан да
сескенген Шоқан, санамен емес, сезімнің итермелеуімен шегіншектей
берді. Оның бетіне өткір көздерімен тесіле қараған Ақпан:
– Апырай, сенбісің, Қанаш? – деді.
Жауап бермей шегіне түскен Шоқанға:
– Қорықпа, Қанаш. Танымадың ба? Мен Ақпанмын! – деді ол «осыдан
сескеніп тұрған болар» дегендей, балтасын əрірек ысырып қойып.
Қайдан танысын, Шоқан: бұрынғы биік балуан дененің орнында
буындары шодырайған, бар сүйегін сыртынан санап аларлық қаңқа ғана
қалған; бұрын еркектің сұлуы саналатын келбетінен қалғаны – сімілтірі
қоңырайған мұрнының жіктері сүйеленген шеміршектері мен үлкен қара
көзінің суалған көлдің шүңірейген арнасы сияқты аумағы ғана; сол
белгілерінен Ақпан екенін шырамыта бастаған Шоқанға:
– «Ат арыса – тулақ, ер арыса – аруақ» деген осы, шырағым, – деді
Ақпан. – Айжанға көрсеткен жақсылығыңның бəрін естідім. Бізден қайтар
демеймін, ылайымда құдайдан қайтсын!
Көңілі босаған Ақпан кемсеңдеп еді, көзінен жас шықпады. Ақпанның
балағанына тоқыраған пар атты кім екенін білгісі келгендердің кеу-кеулері
көңілді бөліп жіберді. Қолында мылтығы бар Тұхфатолла оларды кіргізбеді.
«Бір мылтықтың аузына мың кісі сыяды» дейтін мəтелге сенетін олар,
кимелеп кіруге бата алмады. Сөйтіп тұрғанда, босағадан сығалаған əлдекім
Шоқанды танып қап.
– Тере! – деді өзгелеріне сыбырлап.
– Қан төре?
– Шоқан!
– Қай Шоқан?! – десті, оның бұл араға келуі өңіндегі түгіл түсіне де
кірмеген əркімдер.
– Хан-иемнің Омбыға оқуға кеткен баласы.
– Не дейді-ау, жаным?!..
– Ол қайдан жүр?
– Мəнісі бар оның,– деп,
қасындағыларға көзін қысты.
іші
бірдемені
сезетін
Орманбай
– Не мəн?..
Орманбай жауап бергенше, сырттағылардың дабырын естіп тұрған
Шоқан, күркеден шыға берді.
Хан тұқымын өздеріне ие көретін бұл ауылдың қарашылары, төрені
көргенде, қолдарын кіндік тұсына қусырып, белдерін бүкірейте, бастарын
ие қалушы
Ақпан балағанының алдына жиналғандардың үлкен-кішілері Шоқанға
да түгелімен сөйтті. Өзге төрелердің салты: не бəріне одырая қарап, үнтүнсіз өтіп кету болатын еді де, не əлдеқалай себеп тауып төменшектенген
қалыптарын одан əрі төмендете түсетін бірдемелерді айту еді. Шоқан
өйтпеді. Ол есіктен шыға, бастарын ие берген жұртқа, көңілді дауыспен:
– Уа, халайық, бəріңізге бір сəлем! – деп, оң қолын кеудесіне қоя, басын
иді.
Жылы леп шыққан тұсқа, көз астарымен жымия қарай бастаған көпке:
– Құрметтеріңізге рахмет! – деді.
Одан əрі не істеу керек?
Шоқанның ұшқыр ойы шешімді тез тапты.
– Көрмеген қысқы ордаға соғып, əжемнің басына дұға оқыта келіп ем, –
деді ол көке. – Бастайтын қайсының бар?
Сырын түймеген төренің алдында «мен» дей қоюға қымсынған көптің
ішінен бір балаң жігіт иген басын көтеріп:
– Мен, Қанаш! – деді, тағы да төменшектей қалды. Шоқан тани кетті:
азандық аты
– Тоқпақбайдың баласы – Сақпан, лақап аты – Сақа.
Ол «Сақа» десе – сақа еді: Шоқанмен бір жылы туып, балалық шағын
бірге өткізген ол, Жайнақпен қатар ұстайтын сенімді досы да, өзі «иненің
көзінен өтетін» епті болатын; қайда жұмсаса да, тапсырған істі шапшаң
жəне ұқыпты орындайтын.
– Сақа! – деп қалды Шоқан, қатты дауыспен.
Қуанышты кескінмен басын көтерген Сақаға Шоқан шаттық бейнеде
құшақ жайып:
– Кел бермен! – деді.
Сақа жүгіріп кеп, жаюлы құшаққа бөлене кетті. Қарап тұрған жұрт өзара
күңкілдесіп:
– «Өзге түгіл əкесіне де иілмейтін, қақырайған қатты» дегені қайда?
– «Шоқынып кетті» дегені қайда? «Əжеме дұға оқи келдім» деді ғой?!
Тестерін тақаса, айқырған қолдарын қатты қыса аз тұрған Шоқан мен
Сақа, мауықтары басылғандай болған шақта құшақтарын жазды.
– О, ит! – деді Шоқан, еркелеткен үнмен, екі иығынан да қапсыра ұстай
ап, Сақаны сілкілеп. – Тұрқыңнан емес, көлденең өсіпсің ғой, тап-тапал
боп?!..
– Сен тырна құсап сорайып кетіпсің ғой! – деді Шоқанға бойы үйренген
Сақа, əзілден ұтылғысы келмей.
– Ал, кеттік!
– Қайда?
– Ордаға!.. «Білем – дедің ғой, оның жолын?»
– Білем.
– Ендеше, мінейік анаған! – деп, Шоқан Сақаға тарантасты нұсқады.
Екеуі қолдасқан қалпымен ырғып мінді. Тоқбет те мінді. Онда үн жоқ.
Шоқанның кім екенін білмейтін де, сұрамаған да, тек ішінен «киргизден де
чиновник шыққан екен-ау» деп таңданып қана қойған қартаң ылаушы
орыс, көзі көрген, бірақ түгіне түсінбеген құбылыстарға аң-таң! Аздап
қазақша білетін ол, үлкенді-кішілі күзетшілердің бəрін де біледі,
үлкендерімен ашына-жай аты – Прокопий. Ол сөзге тілі келмеген қазақтар
«Біргепе» дейді. Прокопий десе ешкім білмейді. «Біргепені» білмейтіні
жоқ. Тарантасқа отыра:
– Ханның ордасын білесің ғой, Біргепе? – деді Сақа.
– Білем.
– Ендеше, тарт соған!
Олар кете барды. Жиналған жұрт аңырып қала берді. Жұртқа көнбей,
балағанның үңірейген есігінің ішкі босағасына жабысып, көзінен жасы
сорғалаған Айжан да қарап тұр. Шоқанның қайда, неге кетіп бара
жатқанын ол білмейді. «Біржола кетіп бара ма?!» деп ойлаған ол
тарантастағылар ұзаңқырай берген шақта:
– Айым, – деді Ақпан, қызының неге көзіне жас алғанын сезіп, – бекер
соқпаған болар, Қанаш. «Қыран құс қайрылып шалады» деген, ораламай
кетпес!
Ылаушы сөз тыңдағыш адам екен. Шоқанның кім екенін ордаға
жақындай білген, сыртынан атына қанық, Шыңғыспен тамырлау ылаушы,
Сақаның «Сырымбет тауының саласына көтерілеміз» деуіне қарсылық
білдірген жоқ. Сала жайпақтау сияқтанғанмен, арбалы аттардың шығуына
недəуір қиын екен. Аттар қарсаңға мықшия, дем ала ерлеп жотаға əрең
көтерілді.
– Асу осы,– деп аттардың делбесін тартып тоқтатқан Сақа жерге түсіп, –
өркештердің төбесінде қызықтар бар, барайық, – деп Шоқанды қолынан
тартып еді:
– Ауырыңқырап отырмын да, – деді Шоқан, қозғала қоймай, – тағы
келерміз, кейін оралайық.
Не «ауруы» барын Сақа іштей жорамалдайды. «Шоқан Айжанға құмар
дейді» деген сөз оның да құлағына шалынған. Шоқанның мана көл
жағасында жүргенде тарантастағылардан ығысқан Айжан ізімен қуып
келгенің əкесінің күркесіне тығылған Айжанды көріп шыққаның жұртпен
бірге Сақа да бақылап, жүріс-тұрысының бəріне де мəн берген; «енді не
болар екен?!» деп тұрған шағында, Шоқанның кідірмей ордаға тартуы
Сақаға жұмбақ сияқты болып қалған. Ол осы жұмбақтың тез шешілуіне
құштар.
Олар ордаға оралды. «Орда» дегені: терезелері көп, орта тұсында қала
тəртібімен салынған жалғыз есігі бар, еңсесі биік төбесі жасыл бояулы
қаңылтырмен жабылған, жуан қарағай бөренелерден қиылған ені кең,
тұрқы ұзын үй екен; қабырғаларының сырты сұрғылт бірдемемен
қапталған. Шоқан сипап көрсе, киіз екен.
– Естуімше, – деді Сақа сөз қосып, – алғашында əппақ киіз екен бұлар,
жəне шыли ақ қозының жүнінен басылған екен; жылдар өтіп, жел жалап,
жаңбыр шая берген соң, түсі сұрғылттанған; үйдің ішкі қабырғалары да
осылай қапталған деседі, өз көзіммен көрген емеспін.
– Неге?!
– Хан мен ханша тұратын үйлерге біздей пақырлар бас сұға ала ма?
– Рас па, осының?!
– Оллаһи!.. Өтірік айтсам жаным шықсын!
Сол кезде есегін тепеңдетіп Тоқпақбай келе қалды. Орданың кілті
қалтасында екен. Төреге тіл қатып көрмеген байғұс мана «тарантасқа міне
кетейін» деуге бата алмапты. Одан бері биенің бірер сауыны болғанмен,
шабан есекті өкпеге тепкілеп əрең жетіпті. Есік ашылды. Ішкі жақта үйді
екіге бөлетін кеңдеу коридор бар екен.
– Оң жақ бөлегінде, – деді Тоқпақбай, – бəйбішесімен, бірер балашағасымен хан-ием тұрады.
– Неше бөлме бар онда?
– Білмедім. Сыртынан топшыламақ, біздей кісілер кірмейді ғой оларға.
Сол жақ бөлегінде кейінгі кезге дейін Жақып мырзамен кейінгі мырзалар
тұратын. Жақып...
Тоқпақбай кілт кідіре қалды. Онысы, – Жақыпқа байланысты бір
оқиғаны «Шоқан біле ме, жоқ па?» дегендік еді.
Былтырғы күзде, орда ауылда үлкен бір оқиға болған: Құсмұрыннан
Сырымбетке көшіп келгелі, Шепе ағаш қорығыш боп, бір бұрау кескен
кісіден кеміне бір тоқты, я лақ алатын; көбірек кескен кісіден түйесін, атын
деген сияқты Ірі қараларын тартып алатын; берері жоқтарға дүре
соқтыратын, содан өліп қалғандар да болған. Ақыры, жұрт өшіге кеп, өткен
күз салт атпен орман аралап жүрген оны,əлдекімдер мойнынан ағашқа
асып кетіпті, өлімтігі сасып кеткенде табылған...
Шепеде бала жоғын, əйелі – Салиқа бейпіл болғанын білеміз. Сол
Салиқа ерінің қырқын бере желігіп, «не төре тұқымынан таңдау беріңдер,
не басымды босатыңдар» деген. Сонда сүйенгені – Шыңғыс қол артар
дүмді тұқымының біреуі.
Төрелер амалсыздан таңдау бергенде, Салиқа құрығын ержетіп қалған
қайнысы – Жақыпқа салған. Байбалам салып қашқалақтаған он жеті жасар
Жақыпты, басы Шыңғыс боп:
– Жесірді жібереміз бе? «Аға өлсе – іні мұрасы» деген, кəрісінсең бірер
жылдан кейін жас тоқал аларсың, – деп, мойнын бұрап еріксіз көндірген...
Бұл оқиға Шоқанға хабарланбаған. Тоқпақбайдың тұтығып тұрғаны сол,
сондықтан Шоқанның:
– Неге кідірдің? – деген сұрауына «жəй, əншейін» деп жауап бере алмай
қалды. Бұның жəй тұтығу емес екенін шамалаған Шоқан, «жата-жастана
білермін» деп, аржағын қазғылаған жоқ.
Жайлауға көшетін орда, көлік көтерерлік аса қажетті нəрселерді ғана
əкететін еді, қалғанын жинастырып орда қасындағы тұйық сарайға
сығылыстыра жинап, қалың қақпасының сыртынан жуан салтқы басып,
үлкендігі күректей құлыппен бекітетін еді. Орданың ішінде тек ағаштан
жасалған мүліктер ғана қалады. Оның да кілті Тоқпақбай да.
Жасаусыз аңыраған орданың ішін аралау Шоқанға қызық көрінген жоқ.
Ол тез шықты. Тоқпақбай оған сарайдың қақпасын ашып, ішіндегі
қоймаларды көрсетті. Көп қойма сандықтарда екен, олардың кілтін Зейнеп
тастамайды екен. Көзге көрінетіндері: кілем, киіз жəне солар ұқсастар.
Бұларды қомсынған сияқтанған Шоқанға Тоқпақбай.
– Бұқара-шəріпте орданың мешітіне төсеуге арналып, əдейі тоқылған,
тұлабойы жазылған дұғалық, патшаның баласы Омбыға келгенде Ертіс
жағасына тіккен, керегесі күміс, уығы алтын үйге, хан-əжем осы кілемді
төсеген, оны көріп пе ең төре-ием? – деді.
– Жоқ.
– Ендеше көрсетейін, – деп, Шоқанның «керегі жоқ» деуіне қарамай,
Тоқпақбай үюлі жатқан мүліктердің үстінен кілем сияқты үлкен бірдемені
төмен қарай домалатты. Жерге түсе шетін жазып байқаса, түрлі түспен
құлпырған, ұстап көрсе шым-жібегі опайке-былғарыдай сықырлаған
кілем!..
– Аржағын жазбай-ақ қой, – деді сапасын шетінен-ақ байқаған Шоқан. –
Қымбат мүлік екенін көріп тұрмын.
– Қымбат мүлік бұл үйде көп, төрем, – деді Тоқпақбай,– көктем шыға
кептірмек болып жайғанда, осынау кең алқапқа сыймай кетеді...
Бұл сөзді «немқұрайды» тыңдаған Шоқан, «шаршап келем» деп, бүгін
осы арада тынығарлық көңілін білдірді.
– Қайда, сонда? – деді Сақа.
– Осы ордада.
– Төсек-орын ше?
– Олар табылады, – деді Тоқпақбай. – Əлгі мүліктерден көтеруге келетін,
жұмсақтау бірдемелерін ордаға кіргізіп төсейміз.
– Сол жетеді, – деді Шоқан.
Тоқпақбай сарайдан кілемге теңделген бір буманы көтеріп əкеліп,
арқанын ағытса іші толған көрпе-жастық екен. Шыңғыс пен Зейнеп
жататын бөлмеде, екеуі мол сиятын, орыс шебері тақтайдан жасаған
жалпақ, орындықты ағаш төсек болатын еді. Соның үстіне түкті кілем
жайылып, көрпе-жастық төселіп, тынысқа рахат орын болды.
Тамақ жайы кеңес болғанда, Шоқан саквояжында əскерлік даяр астар
барын айтты.
– Бола берсін, – деді Тоқпақбай, – «қуыс үйден құр шықпа» демей ме,
қазақ, «жыланға да ақ тамызады» демей ме? Біз де бірталай қауым емеспіз
бе, осы маңда. Кедейлігіміз рас. Бірақ табанымызды жалап отырған
жоқпыз...
– Əдемі сөздеріңді қоя тұрып, береріңді айт, əке! – деді Сақа.
– Бергенде, – деді Тоқпақбай қипақтаңқырап, – бұл төренің сыбағасы
құлын мен тай, олар жоқ. Қой да жоқ...
– Қанаш, сен, – деді Шоқанға еркінсіп үлгірген Сақа, əкесін кимелеп,–
бұрын өзге еттен лақ етін жақсы көретін едің ғой, сол əдетіңді қойдың ба?.
– Неге қоям? – деді Шоқан.
– Шикі қаймаққа езген ақ ірімшікті ше?
– Оны да қойған жоқпын.
– Төремнің осы əдеттерін білгендіктен, – деді Тоқпақбай, – бір семіз
тушамды сойып астырып қойдым. Қаймақ та, ақ ірімшік те даяр. Оларды
осында əкелетін шығармыз?
– Енді қайда? – деді Сақа. – Біздің балағандарда Қанаш отырарлық жер
бар ма?
– Неге отырмаймын? – деп Шоқан сыпайысыған болып еді:
– Ондай орын жоқ, – деді Сақа.
– Сен тез қайт та, тағамдарды мұнда жеткіз,– деді ол əкесіне. Бақыр
қазанды ала кел. Жолшыбай тоңазыса, ешкі майы жегізбейді.
– Мақұл, – деп Тоқпақбай есегіне міне берді.
– Ыдыстар да таза болсын, – деді Сақа жөнеле берген əкесіне. – Салақ
қатындарға емес, Айжанға жуғыз! Оның қолы тиген ыдыс, айнадай
жалтырайды.
Сақа соңғы сөздерді Шоқан үшін, оның көңілін Айжанға аудара түсу
үшін айтты. Бұл тақырыптағы сөздер іле жалғасып кетті.
«Сен сол қызға келдің бе?» деуге бата алмаған Сақа, алыстан
орағытқысы кеп, Айжанның мінез-қылығын мақтаумен болды. Неге
мақтауын жорамалдаған Шоқан, кейбір дүдəмал хабарларды анықтап
алғысы кеп:
– Науан хазірет деген Бұхарадан оқыған молда болыпты ғой осы ауылда?
– деп сұрады Сақадан.
– Болды. Талай жыл тұрды.
– «Онық қатыны да оқымысты екен» деген сөз рас па?
– Бір қатесі жоқ. Қарындасың Рақия содан оқыды. Айжан қасында
болып, бірге оқыды.
– «Оқуға Рақия – топас, Айжан зерек болды» деген рас па?
– Солай деседі, – деді Сақа, «рас» деуге, «қарындасын топас деу,
Шоқанның көңіліне келер» деген оймен.
– Сен анығын айт, – деді Шоқан, – «кітаптары көп екен» дейді ғой Науан
мен əйелінің? «Айжан солардың бəрін де оқып тауысыпты» дейді ғой?
– Оншасын білмедім. Кітапты көп қарайтыны рас. Бізге мəлімсіз əлде не
қылмысымен, Имантауда тұратын орəднек Науан мен қатынын Көкшетауға
айдап əкеткенде, медіреседе тұратын кітаптары қалып қойған. Əлиəкбар
молда оларды мешітке апарған. Өзінің тістері ол кітаптарға батпаса керек.
Басқа оқи алатын кісі бұл маңайда жоқ. Тек, Айжан ғана оқи алады деген
соң, мен Əлиəкбардың көмескі көретін көзін алдап, мүкіс құлағына
естіртпей, қайдағы жуан-жуандарын қымқырып əкетем де, Айжанға əкеп
берем, «кісі көзіне түспе» деймін. Ол байғұс балға құмыққан арадай қадала
қалады да, күлкісін, жылауын араластыра отырып, əудемде қалың кітапты
бітіріп тастайды. «Не қызығы бар екен?» десем айтпайды. Мен тағысын
тағы əкелем. Мешіттің бұрышына үйілген кітаптарды Айжанға түгелге
жақын əкелем, əкелгендерімді ол тез тауысады.
Шоқан Сақаға да, Айжанға да риза болған қуанышпен күліп жіберді.
– Неге күлесің?
– Жəй, əншейін...
– Күлме! Рас! Жолықпай кетпейтін шығарсын, Айжанға, сонда өзіңнің
көзің жетеді оқымыстылығына.
Бала жастан сенісіп өскен Сақадан, Айжан жəйлі сырын енді бүгуді
Шоқан лайық көрмеді де, бұл араға неге келу себебін қысқаша баяндап
берді. Сонда баса айтқаны, қайткенмен де Айжанды «Малтабар» атты
қорқаудың құлқынынан құтқару.
– Оның қиындығы жоқ сияқты ғой, – деді Сақа, – хан-ием, бұндай
борышқа сені Омбының көп ұлығын ертіп, əкеледі деген соң бататын
бопты. Бірақ, құдай сақтап, Малтабардан əзірге іштеңе алмапты деседі ғой.
Енді, ұлықтар келмейтін болса, хан-иемнің шығынға батар іштеңесі жоқ.
Ендеше, Малтабарға «жөніңе кет» деп қолын бір-ақ сілтемей ме? Əсіресе,
сен аралассаң? Не істейді Малтабар Хан-иеме? Бармағын тістейді де кете
барады.
Сақаның бұл сөзі Шоқанның көкейіне қонады. Соған көңілі көншиін
десе, қу Сақа құрдас Шоқанға қалжыңдаған болып отырып, тағы бір
салмақты сөзді бықсытып қояды.
– Хош, – дейді ол қылмыңдап. – Айжанның басы босады дейік онда
менің күдігім жоқ. Содан кейін?
Кенет сұрауға, Шоқан кенеттен жауап бере алмауын байқаған Сақа:
– Ошаққа тас болған қызды көрген де, естіген де жоқпыз ғой, Қанаш-ие?
– дейді сөзін жалғастырып.
– Əрине.
– Бұл қыз да бір байға тиюі керек қой?
– Сөз бар ма онда.
– Сонда кімге?
– Қайдам!.. Бұйрықты біреу бар шығар.
– «Бұйрық» деген не ол? Оның тура аты – «Қалың мал». Малды кім көп
берсе, Айжанды да сол əкетеді. «Ақпанның қызы» дегенді қайбір «қас
батыр, қайран жақсы» дейтін аталықтар, күпсіген байлар, немесе терезесі
тең жастар алар дейсің. Менсіне ме олар бұл сияқты сорлының қызын?
Тоқал керек, бала керек кəрі-құртаңның біреуі алып кете барады да!..
Ондайлардың талайын көріп жүрміз.
– Рас! – деді Шоқан ауыр күрсініп.
Айжанда Сақаның өзінің де көңілі болатын. Бірақ, құлағына «Шоқан да
құмартады дейді» деген сөз шалынғандықтан «рас болса ұятқа қалармын»
деп өзін-өзі еріксіз тежей беретін. Тағы бір сезіп жүргені – əмеңгерлік
заңымен мосқал жеңгесі – Салиқаға еріксіз қосылған Жақып та, «Айжанды
тоқалдыққа алмақ» деседі. Ол Айжанға кіжіңдей де бастаған, бірақ, Бүбі
үйінде мазалауға бата алмаған да, одан кейін жайлау жаққа алыстап кеткен.
Төре тұқымынан Айжанға одан басқа да көз алартарлары аз емес. Айжан
Малтабардан босанған хабарын естіді-ақ, олар өлімтікке шапқан
қасқырлардай қаптайды да, өзара таласып қай жеңгені жейді.
Малтабардан басы босана қалған күнде, Айжанның төбесіне төнетін
осындай қара бұлттар барын аңғаратын Сақа, Шоқанның əу-жайын байқау
ниетімен, оның:
– Сонда не істеу керек? – деген сұрауына:
– «Теңі ме» деген біреуге басын байлау керек, – деген жауап берді.
– Кімге, сонда?
– Мысалы, маған!
Бұл сөздер аузынан шыға сала Шоқанның кескініне көзі түскен Сақа
шошып кетті.
Шоқанның көздері шатынап, дірілдеген ұрт еттері түйіле бастаған екен.
Ондайда қаһарын төгер адамы қашып құтылу керек. Сақа да сөйтуге
орнынан қобалжи бастап еді, ашуын ақылына жеңдірген Шоқан:
– Отыр! – деп қойды Сақаға алая қарап.
Шоқанның əлгінде жел үрлеген қызыл шоқтай жайнап кеткен көз
жанары қалпына түсе бастауын көрген Сақа, қобалжуынан орнығуға
айналды.
– Ендігəрі айтасың ба, сондай сөзді? – деді Шоқан.
– Айтсам, аузыма қан толсын.
– Жаңа неге айттың?
– Сені сынайын деп.
– Неге?
«Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деген деп бастап, Сақа Айжан мен
Шоқан жайында естігендерінің бəрін айтып берді де:
– Кəне, өтірік деші осыны? – деді.
– Өтірігі де, шыны да бар, – деді Шоқан.
– Қайсысы өтірік, қайсысы шын?
– Шыны: осы қызды кішкене күнінен жақсы көретінім рас, бұл араға сол
қызды басына төнген қатерден арашалауға келуім де рас; ал, өтірігі: осы
қызға мені үйленеді деген жорамалдар...
– Неге өтірік болады ол?
– Мен сияқты оқыған, саналы адамға үйлене қою оңай емес...
– Неге қиын болады ол?
– Үйленетін адаммен əуелі танысу керек, одан кейін сынасу керек.
қылығы, мінезі сыныңа толу керек, оның сынына сенің толуың керек, бірбіріңе ұнауың керек, біріңді бірің сүюін, керек, содан кейін ғана қосылуға
болады...
– Ойбо-о-ой, – деді Сақа даусын созып, – ертегі ғой, мынауың?! Киіз
туырлықты қазақ арасында көрмек түгіл, естімеген де жұмыс қой бұл!
– Көрмесең көресің. Орыс сияқты мəдениетті елдердің арасында бұл –
дағдыға айналған іс.
– Қазақты сол дағдыға үйретпекпісің?
– Несі бар, үйретсе?
– Əй білмеймін,– деді Сақа басын шайқап,– байларда мыңдаған жылқы
болады, солардан үйретілгендері жүзге жетпейді, өзгелері жүген-құрық
көрмеген асаулар. Қазақ та солар сияқты емес пе? Қалай үйрете аласың
олардың бəрін?
– Ол, рас, бірақ... – деп келе жатты да, бұл тақырыптағы кеңесті Сақамен
соза беруден пайда жоғын абайлаған Шоқан, – əй, – деді тізеге алақанымен
қағып қап, – қысыр сөзді қояйық та, іске кірісейік.
– Қандай?
– Бүркегенмен беті ашылып қалған сөзді қайтеміз, жасырып? Бүгін
менің Айжанға жолығуым керек.
– Е, бəсе, – деді Сақа қуанып кетіп, – мені босқа шыжғырғанша, жөніңе
көшші, солай! Не істеу керек, жолығу үшін?
– Менің балағандарға қайтып баруым ықғайсыз.
– Əрине.
– Сен барасың да, онда?
– Əрине. Сен осы үйде күтесің.
– Өйтуге болмас.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аққан жұлдыз - 38
  • Parts
  • Аққан жұлдыз - 01
    Total number of words is 3736
    Total number of unique words is 2132
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 02
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2143
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 03
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2170
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 04
    Total number of words is 3769
    Total number of unique words is 2096
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 05
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2247
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 06
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2202
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 07
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2134
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 08
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2178
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 09
    Total number of words is 3859
    Total number of unique words is 2180
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 10
    Total number of words is 3814
    Total number of unique words is 1866
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 11
    Total number of words is 3791
    Total number of unique words is 2132
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 12
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2238
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2149
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 14
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2225
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 15
    Total number of words is 3952
    Total number of unique words is 2141
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 16
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1891
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 17
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2122
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 18
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2182
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 19
    Total number of words is 3753
    Total number of unique words is 2114
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 20
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2070
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 21
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2029
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 22
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 2196
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 23
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2201
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 24
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2223
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 25
    Total number of words is 3823
    Total number of unique words is 1953
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 26
    Total number of words is 3860
    Total number of unique words is 2172
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 27
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2239
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 28
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2151
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 29
    Total number of words is 3830
    Total number of unique words is 2056
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 30
    Total number of words is 3683
    Total number of unique words is 2102
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 31
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2215
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 32
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2308
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 33
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2201
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 34
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 35
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2288
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 36
    Total number of words is 3857
    Total number of unique words is 2290
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 37
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2143
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 38
    Total number of words is 3915
    Total number of unique words is 2177
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 39
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2232
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 40
    Total number of words is 3742
    Total number of unique words is 2068
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 41
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2302
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 42
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2267
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 43
    Total number of words is 3804
    Total number of unique words is 2325
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 44
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 2159
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 45
    Total number of words is 3706
    Total number of unique words is 2289
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 46
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2271
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 47
    Total number of words is 3754
    Total number of unique words is 2137
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 48
    Total number of words is 3739
    Total number of unique words is 2212
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 49
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2273
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 50
    Total number of words is 3787
    Total number of unique words is 2230
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 51
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2212
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 52
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2257
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.3 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 53
    Total number of words is 3785
    Total number of unique words is 2250
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 54
    Total number of words is 3847
    Total number of unique words is 2234
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 55
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2121
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 56
    Total number of words is 3774
    Total number of unique words is 2151
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 57
    Total number of words is 3676
    Total number of unique words is 2179
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 58
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2173
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 59
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2288
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 60
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2202
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 61
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2143
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 62
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2141
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 63
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2272
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 64
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2177
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 65
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2199
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 66
    Total number of words is 816
    Total number of unique words is 590
    45.0 of words are in the 2000 most common words
    59.0 of words are in the 5000 most common words
    66.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.