Latin Common Turkic

Аққан жұлдыз - 10

Total number of words is 3814
Total number of unique words is 1866
35.9 of words are in the 2000 most common words
50.8 of words are in the 5000 most common words
58.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
«Əскерлік бекініске қашып бармады ма екен?» деп, астыртын кісі салса жоқ. Ешқайда жоқ. Əлде Шоқанның қылмыс жасағаны рас болып, жазадан
қорыққан ол, Құсмұрын қырқасының əр жерінде көмірі қазылған
үңгірлердің, немесе қасқырлар қазатын біреуіне жасырынған болар ма?
Ондайлар толып жатыр жəне көбі бытықы-шытықы солардың қайсысына
тығылғанын кім біледі? Бəрін тінтіп шығуға, бүкіл ел жабылмаса, бұл
арадағы ауылдардың адамы жетпейді. Қалай табу керек, ендеше?
Шоқан мен Жайнақ таптырмайтын жерде еді. «Тентектің ақылы түстен
кейін кіреді» дегендей, ханзадалық намыстың айдауымен күрең марқаның
артқы бір аяғын бунап тастаған Шоқан, Жұрқа шал қылмыс үстінен шығып
қап, Жайнақ шытырман ішіне сүйреп əкеткен соң ғана, не істегенін сезіне
бастады, онда да Жайнақтың есіне түсіруімен.
– Шоқан - ау, төретайым - ау, не істедің?! - деді Жайнақ оған шытырман
арасына кіре.
– Не істедім? деді Шоқан, демін жиілете алып.
– Əлгі қозының аяғын бунауың ше?
– Онда не бар?
– Ойбай-ау, төретайым-ау, сыныққа сылтау таба алмай жүрген жұрт емес
пе, маңайдағы ауылдар? Солар, мына марқаның аяғы буналуын сылтау ғып,
ере түре келмесін қайдан білеміз?
– Онда не істейді?
– Төретайым-ау не дейін саған? – деді Жайнақ кейіп, – «не істедің» не?
Желіккен жұрт орданы жан-жағынан тарпа бас салса қайтесің?
– Өйте алмайды.
– Неге?
– Əскер бекінісін сағалап отырған жоқпыз ба? – деді Шоқан, əкесінен
жəне Шепеден естіген сөздерін қайталап, – солардан бата алмайды.
– Əскер не істейді? Көпке топырақ шаша ма?
– Ал, енді, төретай, - деді Жайнақ, не дерге білмей кідіріп қалған, аздан
кейін ғана бірдеме айтуға ыңғайлана бастаған Шоқанның сөзін аузынан
жұлып ап, - бауырым, досым, бір тілегім бар сенен!
– Айта ғой.
– Осы оқиғаның аяғы неге соққанша бой таса қыла тұрсақ қайтеді?
– Қайда? Қалай?
– Ауылда болсақ та, ағаш арасында болсақ та, іздегендер жайлы сап бізді
тауып алады...
– Иə, сонда? – деді, енді ғана ашуы тарап көңіліне қауіп ұялай бастаған
Шоқан.
– «Қасқыройнақ» аталатын жарқабақтай астында үңгірлері бытықышытықы бір қуыстар бар...
– Білем, бірақ кіріп көрген емеспін, – деді Шоқан.
– Мен кірдім, – деді Жайнақ – орда жайлауға көшкенде, қарашы ауыл
осы маңайда қалып қоятын еді ғой, сонда балалар үңгір атаулының ішін
аралап шығатын. Қуысы ең көбі -«Қасқыройнақ» болатын. Оның алыстап
кететін бір үңгірлеріне түптеп баруға қорқатынбыз. Үлкендер «ол
түкпірлерде қасқыр күшіктейді, барған адамды жеп қояды» дейтін. Соған
тығылайық.
– Бізді де жеп қоймай ма, қасқырлар? – деді, үңгірге тығылуға іштей
көніп қалған Шоқан.
– Тəуекелге бел байлаймыз, – деді Жайнақ, – қазір ол үңгірлерде қасқыр
болмау керек, Жортуға жараған бөлтіріктерін ертіп, малы көп жайлауға
кеткен болу керек. Жүр, барайық!..
Жайнақ Шоқанды қолынан жетектеді. Шоқан қарсыласпады.
«Қасқыройнақ» – «Орта бұлақ» аталатын жылғаның қайнар тұсындағы
дөңестің, етегінде еді. Дөңестің биігінде əлдене заманда жасалған аласалау
оба бар. Сол обаның іргесінен жылап емес, саулап ағатын бұлақ бар. «Сулы
жер – нулы жер» дегендей, бұрқырай ағып, етегін кең жайып кететін
бұлақтың қайнар тұсына қалың жыныс өскен. Солардың қартаюға айналған
кейбіреулері «киелі ағашқа» саналып, ешкім балта тигізбегендіктен,
түбірлері мейлінше жуандап, бұтақтары тарбайып кеңіп кеткен. Көтере
сөйлеуі ме, расы ма, біреулер – «ол арада аумағы ауыл орнындай аршалар
бар» деседі, «қайын мен теректен екі-үш кісінің құшағы əрең жететін
түбірлер де жиі кездеседі» дейді олар, «құрыққа жарайтын тобылғылар да
болушы еді, ел ондайларды кесіп қамшыға сап қылатын» дегенді де
айтады. Неге екенін кім білсін, сол ағаш тұқымдарының бəрі де қиқышойқы, бойлары аласа, бұтақтары қалың келеді, араласа құшақтаса өскен
олардың ішінде, жаяу кісіні де жүргізбейтін тұстары бар.
Осындай паналы орын болғандықтан, қасқырлар обаның құлай берісіне
белгісіз заманнан бері шұрқ-шұрқ апан қазып, етегін толып жатқан үңгірге
айналдырып жіберген. Көшпелі ел, тек, көктем мен күзде ғана малдарын
жайып, былайғы уақытта тоқырамайтын кезде, қасқырлар апандарына аласапыран шақта күшіктейді екен де, ел жайлаудан қайтарда өргізіп əкетеді
екен. «Осы арада көмір барын да елге қасқырлар ашып берді» деген де сөз
бар. Қасқыр мал баққан қазақтың ежелгі жауы. Оны аулау көшпелі елдің
ата салты. «Қасқыройнақ» обасының етегінде қасқырлар ұялауын, ол арада
көмір барын ақша қазақтар, алғаш айдалада соғып алған қасқырдан
байқаған, басқа жердің қасқырының түгі таза, ал «Қасқыройнақтан»
шығатын қасқырдың түгі қап-қара шаң! «Неліктен?» деп ойлағаншылар
қасқырдың апандарын тауып, жылтыр тас сияқтанған нəрсені қазып кірсе,
– жұмсақ!.. Жағып көрсе – тұтанады!.. Ел содан бастап, тас көмірді отынға
қолданған... Іргесінен қасқырдың апандары табылғандықтан, бұрын аты
жоқ обаны «Қасқыройнақ» қойып алған. Ел кемірін ала бастаған шақта,
қасқырлар ол арадағы апандарға күшіктемей, тек, адам жоқ кезде ғана
жиналатын ойнағына айналдырған. Сондықтан оба ғана емес, оның аумағы
да ел аузында «Қасқыройнақ» аталған.
Шым-шытырық ұйпаланған сытырманың арасынан жүрер жол тауып
«Қасқыройнаққа» жету, бастаған Жайнаққа да, қостаған Шоқанға да жеңіл
болған жоқ. Бұталар ілген көйлек-дамбалдары жыртылып, денесінің ашық
жерлерін сояулар тырналап, серпілген бұтақтар беттері мен денелерін
осып, жалаңаш табандарына шөгірлер еніп... дегендей, «Қасқыройнаққа»
жеткенше балалар ауыр азап шекті. Дегенмен – жетті.
Дуан орнап, көміршілер қуылғаннан кейін, бұлақтың бұл сағасына адам
да, мал да аяқ баспаған, сондықтан жыл сайын қалыңдай өскен бетеге мен
көде, қойдың қалың жабағысындай ұйыса туырылып кеткен. Сол ара əлі де
қасқырлардың ойнағы екендігіне. ұйысқан шөптердің ұйпа-тұйпа болуы,
жемтіктерінің
жүн-жұрқа,
сүйек-саяқ,
бас-сирақтары
сияқты
қалдықтарының жатуы жəне кебіңкі де, жас та қиларының көрінуі куə. Ескі
апандар опырылып бітіп кеткен. Көмірін алған қуыстардың ар жағы қапқараңғы боп, алып аждаһаның аңырайта ашқан аузындай үңірейіп тұр.
Не істеу керек?
Үңгірге кіруге балалар бата алмады. Обаның төңірегін байқаса, араласа
қалың болып өскен аршалар, тобылғылар, басқа да ағаштардың
тұқымдары. Олардың арасынан ешкімді ешкім таба алмастай. Оба
төбесінен ақ ауыл да, қара ауыл да айқын көрінеді.
Жынысқа жасырынған балалар төңіректі бақылауға кірісті. Кім екенін
білмегенмен, Төлегеннің ордаға салт келіп, атын шылбырынан қонақ үйдің
белдеуіне байлағанын көріп тұрды. Бұлай байлау бұрын болмаған іс.
Ордаға келуге мүмкіншілігі барлардың өздері аттарын ақ ауылдың
сыртындағы дауыс жетерлік жерге қағылған ашаға шылбырынан байлап
немесе өзара матастырып, жыммен тізбектеліп жүретін қояндардай бірінің
артынан бірі шұбырып жаяу келетін.
Мына адамның өйтпей, ордаға салт атпен таянып кеп түсуі, атын
белдеуге байлауы, бақылап тұрған балаларды, əсіресе Шоқанды таң
қалдырды.
– Көрерсің, – деді Жайнақ Шоқанға, – дəу де болса, осы адам күрең
қозының жайында келді. Жəне бұл – ашулы келіс. Жəне басынып келу.
Бұрынғы тəртіптерді бұзып келген адамға іштей ызаланғанмен Шоқан
Жайнаққа жауап қайырмады. «Арты не болар екен?» дегендей, тіккен көзін
ордадан айырмай, қимылсыз жатты да қойды.
Кешікпей орда маңы əбігерлікке түсуі де көрініп тұрды. Əлдекімдердің
ордадан шығуы, əлдекімдердің кіруі жиіленді. Аздан кейін атқа қонған
əлдекімдер шапқылаған қалпымен сайға түсіп кетті. Енді біраз уақытта
орта бұлақтың жан-жағынан Шоқан мен Жайнақтың аттарын атаған
айғайлар шықты. Бұлар іздеушілер екенін екі бала да аңғарды.
– Дыбыс берсек қайтеді? – деді ызалана түскен Шоқан.
– Қоя тұрайық, төретай! – деді Жайнақ. – Арты не боларын күтейік.
Арты жақсы көрініске айналмады. Ауыл араларында да, орда төңірегінде
де аттылы, жаяулы қимылдар көбейді. Күн кешкіруге айналған шақта,
ордадан да, қарашы ауылдан да ере шыққан бірталай аттылар мен жаяулар
орта бұлақты қаусыра жайылып бері қарай беттеді.
– Іздеушілер! – деді Жайнақ. – Бұлай отырсақ тауып алады. Үңгірге
кірейік.
– Тапса не істейді? – деді Шоқан қатуланып.
– Олай деме, төретай. Хан – ием ұлықсат етпесе, іздемес еді олар бізді.
Сол кісі іздеткен ғой. Мына жəйлі салуларына қарағанда, істің арты
шатаққа айналған ғой. Қазір ашулы отырған болар, хан – ием. Сол
қалпында қолына түссек, тілі де, қолы да тиюі мүмкін.
Сол кезде жан-жақтағы адамдардың дауыстары жақындай бастады. Екі
баланың да қорқыныштан бойлары дірілдеп кетті. Жайнақ Шоқанның
білегінен тағы шап бере ұстап, төменге, үңгірге қарай тартты. Шоқан
қарсыласқан жоқ.
Олар үңгірге кірген шақта, жайылымшылар келіп те үлгерді. Төңіректі
тінте қараған олар;
– Бұл арада да жоқ екен ғой, – десті шуласып.
– Үңгірге кірмесе? – десті біреулер.
– Қой, кірмес, – десті үңгірдің аузына үңілген біреулер, – көрдей
қараңғы ғой іші!.. Қорқар кіруге. Əсіресе мынадай бейуақ кезде!..
Ішіне кіріп байқауға үңгір əрі қараңғы, əрі қуыстары көп, жарықсыз
қалай табады оларды?
Жайлымшылар амалсыз тарады. Олардың дауыстары бəсеңдеген шақта,
балалар сақтанған қимылмен үңгірден шықты. Енді қайда барады?
Оларды сол халында қалдыра тұрып, орда жағына барайық.
Шоқанды таба алмаған жайлымшылар, бұл жайды Шыңғысқа қалай
естіртудің жайын ақылдасты. Оған жанындай жақсы көретін ұлының
ұшты-күйлі жоғалып кетуін естірту оңай болып па? Сондықтан, «кəне,
қайсысың барасың?» деген сұрауға ешкім де жауап бермей, үн-түнсіз
тұнжырай қалғанда, Абаның «мен - ақ барайын!» деген даусынан
төңіректегілер селт ете қалысты.
«Апырай, мынау не қылған жүрек жұтқан адам еді?!» деп таңдана
қарады жұрт оған.
– Барсаң, жолың болсын! – деді біреулер. – Бірақ хан мен ханшаны
шошытып алмай, ретін тауып естірт.
– Сонда, не демекшісің? – деген сұрау қойды біреулер, айтар сөзінің
түрін байқап алғысы қажет болса, ақыл қосқысы келіп.
– Онда жұмысың не? – деді біреулер, сұрау бергендерді ұнатпай, – бірге
өсіп – біте қайнаған, қан-жыны араласқан адамдар, қышыған жерін қалай
табудың ретін білер, «барайын» деуі содан болар.
– Бар, бар! – десті өзгелері.
Аба ордаға кірсе үш-ақ адам отыр екен: Шепе, Шыңғыс, Зейнеп. Абаның
есіктен басы көріне, «табылды ма?» деген сөзді үшеуі үн қоса айтты.
– Табылады, – деді Аба, оларды шошытып алмайын деп. Ол сөзге
қанағаттанбай, «табылды ма, жоқ па?» деді тағы үшеуі де үндерін қоса.
– Табылады! – деді Аба нық дауыспен.
Асығыс Шепе Абаның созбақ жауабына ыза боп, малдасын құра отырған
қалпынан лып етіп шарта жүгініп алды да, қасында жатқан қамшысын оң
жақ уысына бүктей ұстап, еркін сөйлейтін Абаға:
– Əй, неменеге болдырған түйедей бұралаңдап тұрсың өзің, тура сұрауға
қисық жауап беріп? «Əкесі өлгенді де естіртеді» дегендей, табылса да,
табылмаса да турасын айт! – деді.
– Табылады! – деді Аба салмақпен.
– Қап, мынау иттің баласын-ай! – деп Шепе бүктеулі қамшысымен кілем
төселген жерді барлық пəрменімен періп-періп жіберді.
Шыңғыстың бойында ондай қайрат көрсетерлік қуат жоқ еді. Күрең
марқа оқиғасы басталғалы, Шоқанның халы, өзінің халы, ордасының халы
не боларына көзі жетпей, ой-санасын қараңғы тұман басып алған; өкпесі
қабынып, жүрегі төмен тартып, демін зорға алып отырған. Енді, міне, Аба
«табылады» дегенмен, сөз əлпетіне қарағанда, əлі таба алмай келіп отыр.
Қайдан табылады сонда?
Абаға осы сұрауды қоюға Шыңғыстың алқынған өкпесі мен қысқан
жүрегі мұрша бермей, екі-үш рет оқталды да, демі ықылық атып, дыбысын
шығара алмады.
– Жəй тұтығып отырған жоқ Аба, – деді Шепе, Шыңғысқа, ашулы үнін
өзгертпей, – «табылады» дегені жəй сөз бұның. Ол енді табылмайтын
бала!..
Шегінен шығара үрлеген қуықтай тырсылдап, біреу шертіп қалса
жарылып кеткелі отырған Зейнеп, Шепенің сөзін естігенде, «аһ!» деп
айғайлап қалды да, талықсыған бейнемен жантая берді. Аба жүгіріп кеп
Зейнепті құшақтай алды да, басын қасында жатқан жастыққа сүйеді.
Сасқалақтаған Шыңғыс, от орнындағы қашқар құманды алып кеп, əйелінің
бетіне су бүрікті... Талықсыған жүрегі аз да болса тыныс алғандай басын
сүйеген Абаға үлкен көзін төңкере қараған Зейнеп əлсіз дауыспен;
– Қайдан? – деді.
– Əйеке, есіңді жинашы! – деді Аба жалбарынған дауыспен, –
«табылады» деген соң табылады.
– Бар болғыр-ау, – деді Шыңғыс Абаға кейіп, – екіұшты сөзіңді қойып,
турасын неге айтпайсың?
– Айтам, Сұлтаным, бірақ Əйекең мен екеуіңе ғана.
– Мен неге бөтен болам? – деді Шепе діңкілдеп.
– Тек табылса болмай ма, тентек аға-ау? – деді Зейнеп əлсіз дауыспен. –
Естиік, қайдан табылуын. Бара тұр, тентек аға!
– Сөйтші, кіші аға! – деді Шыңғыс жалбарынған дауыспен.
Шыға тұруға мойындаған Шепе, қамшысын қолына тұта, есік жаққа
беттей берді де, босағаға жете, артына қайрылып, қамшылы қолын Абаға
безеп:
– Ылайымда табылсын – деді қаһарлы үнмен, – егер табылмады бар ғой,
ендігі ісім сенімен түссін!
Кердеңдей басқан Шепе шығып кетті.
– Қанаш, дəуде болса, «Қасқыройнақтың» үңгірінде, – деді Аба Шепе
кеткен соң.
– Оны қайдан білдің? – деді Шыңғыс пен Зейнеп қосарлана.
– Онда болмағанда қайда кетеді? Құс емес ұшып кететін аң емес, інге
кіріп кететін; балық емес, суға сүңгіп кететін...
– Бай болғи-ау, мен бидеме біліп келген екен дешем, жоямал ма еді,
айтып отиғаның? – деді Зейнеп.
– Ендеше, неге тінттірмедің қалың адамға үңгірді? – деді Шыңғыс.
– Тінттірмегенім – «егер табыла қалса, Қанашты көптің көзінде
ұялтпайын сағын сындырмайын» дедім.
– Енді қалай таппақсың?
– Мен таппаймын анау жатқан – Құтпан табады.
«Құтпан» дегені, Шыңғыстың қасқыр алатын иті. Ірі де, күшті де,
жүйрік те, батыл да бұл ит, Сібірдің «тайдай» дейтін көкжал қасқырларын
аңшылап жүріп жеке алады екен. Əлдекім Құтпанды күшік күнінде, бесалты жасар Шоқанға тартуға əкеп берген, тұқымы «аю алған» атанған
Құтпан, күшік күнінен ежет те, күшті де болған соң, Шоқан жақсы көріп
қайда барса да қасынан тастамайтын. Ит те оны жақсы кəріп, қасынан
қалмайтын, жоқ болса іздеп тапқанша дамыл көрмейтін.
Оқтын-оқтын аңсырап далаға кетіп қалатын, кейде тез оралып кей шақта
бірер күн жоғалып табылатын, кейде сау, кейде жараланып қайтатын
Құтпан, Шоқан қылмыс жасар күні үйде жоқ боп, жайылымшылар
Шоқанды таба алмай қайтқан шағында келген еді. Бұл жолы денесі қан-қан
боп жараланған, ол – ұялы қасқырлармен таласуының белгісі.
Асығыс Шепе Абаның созбақ жауабына ыза боп, малдасын құра отырған
қалпынан лып етіп шарта жүгініп алды да, қасында жатқан қамшысын он,
жақ уысына бүктей ұстап, еркін сөйлейтін Абаға:
– Əй, неменеге болдырған түйедей бұралаңдап тұрсың өзің, тура сұрауға
қисық жауап беріп? «Əкесі өлгенді де естіртеді» дегендей, табылса да,
табылмаса да турасын айт! – деді.
– Табылады! – деді Аба, салмақпен.
– Қап, мынау иттің баласын-ай! – деп Шепе бүктеулі қамшысымен кілем
төселген жерді барлық пəрменімен періп-періп жіберді.
Шыңғыстың бойында ондай қайрат көрсетерлік қуат жоқ еді. Күрең
марқа оқиғасы басталғалы, Шоқанның халы, өзінің халы, ордасының халы
не боларына көзі жетпей, ой-санасын қараңғы тұман басып алған, өкпесі
қабынып, жүрегі төмен тартып, демін зорға алып отырған. Енді міне, Аба
«табылады» дегенмен, сөз əлгі етіне қарағанда, əлі таба алмай келіп отыр.
Қайдан табылады сонда?
Абаға осы сұрауды қоюға Шыңғыстың алқынған өкпесі мен қысқан
жүрегі мұрша бермей, екі-үш рет оқталды да, демі ықылық атып, дыбысын
шығара алмады.
– Жəй тұтығып отырған жоқ Аба, – деді Шепе, Шыңғысқа ашулы үнін
өзгертпей, – «табылады» дегені жəй сөз бұның. Ол енді табылмайтын
бала!..
Шегінен шығара үрлеген қуықтай тырсылдап, біреу шертіп қалса
жарылып кеткелі отырған Зейнеп, Шепенің сөзін естігенде, «аһ!» деп
айғайлап қалды да, талықсыған бейнемен жантая берді. Аба жүгіріп кеп
Зейнепті құшақтай алды да, басын қасында жатқан жастыққа сүйеді.
Сасқалақтаған Шыңғыс, от орнындағы қашқар құманды алып кеп, əйелінің
бетіне су бүрікті... Талықсыған жүрегі аз да болса тыныс алғандай басын
сүйеген Абаға үлкен көзін төңкере қараған Зейнеп əлсіз дауыспен;
– Қайдан? – деді.
– Əйеке, есіңді жинашы! – деді Аба жалбарынған дауыспен, «табылады» деген соң табылады.
– Бар болғыр-ау, – деді Шыңғыс Абаға кейіп, – екіұшты сөзіңді қойып,
турасын неге айтпайсың?
– Айтам, Сұлтаным, бірақ Əйекең мен екеуіңе ғана.
– Мен неге бөтен болам? – деді Шепе діңкілдеп.
– Тек табылса болмай ма, тентек аға-ау? – деді Зейнеп əлсіз дауыспен. –
Естиік, қайдан табылуын. Бара тұр, тентек аға!
– Сөйтші, кіші аға! – деді Шыңғыс жалбарынған дауыспен.
Шыға тұруға мойындаған Шепе, қамшысын қолына тұта, есік жаққа
беттей берді де, босағаға жете, артына қайрылып, қамшылы қолын Абаға
безеп:
– Ылайымда табылсын – деді қаһарлы үнмен, – егер табылмады бар ғой,
ендігі ісім сенімен түссін!
Кердеңдей басқан Шепе шығып кетті.
– Қанаш дəуде болса, «Қасқыройнақтың» үңгірінде, – деді Аба Шепе
кеткен соң.
– Оны қайдан білдің? – деді Шыңғыс пен Зейнеп қосарлана.
– Онда болмағанда қайда кетеді? Құс емес ұшып кететін аң емес, інге
кіріп кететін балық емес, суға сүңгіп кететін...
– Енді қалай таппақсың?
– Мен таппаймын анау жатқан – Құтпан табады.
– Аузыңа май! – деді қосарланып.
Салт атқа қонып, Құтпанды қарғысынан ұзын қыл шылбырмен жетекке
алған Аба оны еркіне жіберіп, шылбырдың ұшын ғана қолына орай ұстап
отырды. Құтпанның күшті екенін сонда аңғарды, жерді тіміскілей жүгірген
Құтпан, Абаның сірестіре тартқан қарулы қолын қарыстырып, шылбырды
екі қолымен ауыстырып ұстауға тура келді.
Құтпан аса иісшіл еді. Қар түгіл қара жердің өзінде, қуған аңын ізінің
иісімен тауып алатын. Күшік күнінен иісі сіңген Шоқанды да ол жазбай
табатын. Бірақ бұл жолы адасты ол. Оған себеп – күндіз, Құсмұрынның
тақырында Шоқанның асық ойнауы еді, сортаң иісі мүңкіген тақырдағы
Шоқанның иісінен Құтпан айрылып қалды. Енді қайтып табуды
білмегендей, Құтпан қыңсылап жанталасты. Аба содан кейін итті еркіне
қоя берді. Ит олай-бұлай шапқылап, Шоқанның «Ортабұлаққа» беттеген
ізін тапты да, зымырай жөнелді. Аба да артынан шапты. Бірақ жүйрік ит
жеткізер емес, – ілезде іңірдің қоюлана бастаған қараңғылығына жоқ
болды... Иттің із тауып жөнелгенін аңғарған Аба «дəу де болса
Қасқыройнаққа барар» деген жобамен, сайдың жиегін жағалай желкесіне
тартты...
Қайда барарын білмей дағдарып отырған Шоқан мен Жайнақ, қараңғы
қалың шытырманның ішінен Құтпанның əуелі сыбдыры естіліп, ілезде өзі
көрінген шақта, не ит екенін біле алмай шошып кетіп, орындарынан өре
түрегелді. Шоқан сезімнің сілтеуімен қынындағы кездігіне жармасты.
Иесін тани кеткен Құтпан «қорықпаңдар менмін!» дегендей еркелі үнмен
қыңсылады да, даусын танып «Құтпан!» – деген Шоқанды басына секіре
бассалды. Оны құшақтай алған Шоқанның көзінен жасы ыршып кетті. Итті
Жайнақ та таныды.
Бірақ Құтпан Шоқанмен ұзақ құшақтаспады. Ол ілезде жерге түсіп, сол
маңайды иіскелей тыпырлап қыңсылай бастады.
– Қасқыр жүретін орын ғой, иісін біліп тұр! - деді Жайнақ.
– Япырай, - деді Шоқан көзінің жасын саусағымен сүртіп, - итті «адамға
дос» деген рас екен ғой! Досжаран, аға-іні... дейтін адам атаулыдан ит асты
- ау, іздеп кеп!..
– Мен ше? - деді Жайнақ.
– Сенің жөнің бөлек қой, - деді Шоқан, Жайнақты құшақтап.
Сол кезде қыңсылаған ит ұли беріп үңгірдің ішіне кіріп кетті.
– Ішінде қасқыр болмаған да! - деді Жайнақ.
– Оны қайдан білдің?
– Біріншіден, – қасқыр иісін сезбесе ит кірмейді, екіншіден, – мана,
екеуміз үңгірде отырғанда, сол жақ қуыстан əлдене ыңыранған сияқтанды.
Бөлтіріктерін емізген қаншық па деп ойлап қалдым. Саған айтуға –
үрейленер дедім.
– Ендеше, маған да естілгендей болды сол дыбыс. Мен де сені
үйрейлендірмейін деп ойладым.
Сол сəтте үңгір ішінен арс-ұрс дыбыс естіліп қалды.
– Болды қызық! – деді Жайнақ. –Қасқыр бар екен.
– Несі қызық? – деді Шоқан үрейленіп, – итті жарып тастамаса не
қылсын!..
– Жарғызбайды, біздің Құтпан! – деді Жайнақ, – оның апанға кіріп
қасқырмен алысуы – бір бұл емес, «талайларын апанында жарды» дейтін
аңшылар, «талайларын тысқа тірідей сүйреп алып шықты» дейтін...
Сол сəтте арсылдасқан дыбыстар үңгірдің аузына жақындады да, ит пен
қасқыр жанталаса арпалысқан қимылмен тысқа шыға келді.
Қайсысының басым екенін, үрейлене қараған балалар білмей қалды.
Алыса кеткісі келген олар бассалуға кезек-мезек ұмтылады да, артқы
аяқтарына өре түрегеп, ауыздарын денелеріне дарытпай, алдыңғы
аяқтарымен бірін-бірі серпіп жібереді...
Осындай арпалыстың үстінде, аяқтарын тірей тік түрегелген қасқыр мен
иттің арасына, Шоқанның қалай кіріп кеткенін Жайнақ аңғармай қалды.
Шоқан кейін шегінгенде, шалқалақтап құлай берген қасқырдың үстіне
Құтпан міне түсті де, алқымынан қапсыра қауып қатты да қалды. Қасқыр
аяқтарын серпіп жанталасуда...
– Бірдеме істедің бе? – деді Жайнақ Шоқанға.
– Қасқырдың қарнын кездікпен есіп жібердім.
– Жігіт екенсің! – деді Жайнақ, Шоқанның ерлігіне риза боп.
Дыбысы қырылдап шыққан ит қасқырдың алқымын өршеленіп сыға
түсті. Қасқырдың қимылы бəсеңдей түсті... Сол шақта, жоғарғы жақтан
аттың дүбірі естілді. «Кім?» дегендей балалар аңыра қалды.
«Қанаш!» деген ақырын дауыс естілді..
– Аба! – деді Шоқан.
Атын жетектеген Аба темен түскенше, ит қасқырды тұншықтырып та
үлгерген еді. Сонда да аузын алқымынан алмаған.
Сыбырлаған дауыспен құшақтай амандасқан Абаға балалар ит пен
қасқыр жайын айтты. Қасқырды көрсе – өлген. Иттің мінезі Абаға белгілі:
«күшім-күшім!» деп əуелі жаясынан, одан – жотасынан, одан – мойнынан
сипап кеп, маңдайынан əлденеше сипағанша ол алған аңын босатқан емес.
Онда да, сыр - мінез адамына ғана, былайғы жұртты маңына да
барғызбайды, барам дегендерді қауып тастайды.
Аба солайша сипалағанда Құтпан адырая қарап қойды да, «сен бе едің?»
дегендей қапсырған аузын қасқырдың тамағынан алмақ болды. Бірақ, ала
алмады: жағы қарысып қапты!.. Ондай жағдайда не істеу керек екені Абаға
белгілі. Ол иттің желкесінен де. алқымынан да сипалап, сірескен сіңірлерін
еппен босатты. Жақтары содан кейін əрең ашылған ит, орнынан тұрды да,
анадай жерге барып, етбетінен жатып, езулерін тілімен жалай бастады.
Онысы - сыбаға тілеген белгісі. Аң алғандағы оның сыбағасы, сол аңның
қаны суымаған жүрегі. Сол жайын білетін Аба Шоқанның кездігін сұрап
алды да, қасқыр терісін төсінен шабына қарай іреп жіберіп, төс терісін
етінен ажыратып, төсті қабырғадан сөгіп, ішіне қолын тықты да,
жыбырлауын доғармаған ыстық жүректі суырып алды. Құтпанның
лақтырған кесек тамақты қағып алатын əдеті болушы еді. Қасқырдың төсі
сөгіліп жатқан кезде, сыбағасы асарын білген ол, орнынан түре келді де,
«мə, Құтпаным!» деп Аба жоғары қарай лақтырған жүректі алдыңғы
аяқтарын көтере тік тұрып аузымен қағып алды...
– Ал, үйге барамыз ба, енді? – деді Аба балаларға.
– Мен бармаймын, – деді Шоқан.
– Неге?
– Істің аяғы неге соғарын күтем.
– Қайда?
– Осы үңгірдің ішінде.
– Тек, ойбай! – деді Аба шошығандай.
– Оның несі бар?
– Жау жағы тауып алады.
– Қалай табады?
– Ең алдымен, Құтпан тауып береді. Сені бұл арада көрген ит
маңайыңнан шықпайды да, көптің көзіне шалынады. «Ұстап берді» деген
сол болады.
– Өзі не болып жатыр? – деп сұрады Шоқан.
– Əзірге белгісіздеу, – деді Аба. – Маңайда жүріс-тұрыстардың,
шабыстардың көбеюіне қарағанда, ордаға ұқсастығы барлар, қасқырдай
ұлысып жиналысып жатқанға ұқсайды:
– Рас, – деді, сотқарлығының арты шиеленісуге айналғанын
шамалағандай болған Шоқан, – сөйтеді. Əрине, əсіресе, Есеней мен Қожық.
Бірақ не істейді ұлып табысқанда? Мылтыққа қайсысы қарсы шаба алады.
– Қай мылтық? - деді Аба түсінбей.
– Бекіністі айтам!
Енді ғана түсінген Абаға кенеттен бір ой келіп кетті: «даудың дауылы
басылғанша, – деп ойлады ол, – осы Қанат, сол бекіністі паналай тұрса
қайтеді? Ең берік пана сол ғой, бұған!».
Бекініске барғысы келмеген Шоқанды, Аба өз жанынан сөз жасап
қорқытты.
– Сені үрейлендірмейін деп айта алмай отырған сөзімді енді амалсыз
айтуға тура келеді, -деді ол қынжылған сияқты үнмен, – Есеней де, Қожық
та осы маңда жүр екен ғой. «Төрелер мені басынды, малыма пышақ
жұмсай бастады, егер алғашқы адымында тыйып тастамаса, олар малдан
құрық, бастан сырық айырмауға кірісті; «өгізге туған күн бұзауға да
туады», дегендей төренің бүгін маған сұғынған пышағы, ертең Керей мен
Уақтың өзгесіне де сұғынады. Не айтады бұған, Есеней мен Қожық?» деп
Өтей оларға кісі салады. «Үркейін деп тұрған жылқының құйрығына
жапырақ байласа не жорық» дегендей, əлгі хабарды алғаннан кейін, Есеней
- Керейге, Қожық - Уаққа ат шаптырып, ұран шақырып жатыр дейді...
– Ұрандасқанда не істейді? – деді Шоқан.
– Қайдам, не істейтінін? – деп ойланған болған Аба, іле жанынан тағы
бір сөз шығара қойды, – «айрылар тамыр ердің артқы қасын сұрайды»
дегендей, – деді ол, – өшігіп жүрген Есеней мен Қожық, «пышақшыны
қолымызға бермей бітіспейміз» деп отырып алса қайтеміз.
– Қолына бергенде не істейді? – деді Шоқан, «жəйбарақат» бола қалған
түрінен шираңқырап.
– Айтпа, қалқам, оны! – деді Аба жалбарынған дауыспен, – құдай оған
келтірмесін!.. Егер келтірсе...
Ар жағын айта алмағандай Аба құмығып қалды.
Абаның сөздерін шынға жорып, үрейленіп отырған Жайнақ:
– Төретай, сол дұрыс қой! – деді Шоқанға.
– Не дұрыс? – деді Шоқан.
– Бекініске барып паналау.
– Мен де соны дұрыс деймін! – деді Аба, жалбарынған дауыспен. –
Жаудың беті жаман. Ол көп те, біз аз. Есеней мен Қожықтың қалың қолы
лап қойса, төтеп болар күш жоқ, оларға бекініс төтеп бола алмайды.
– Ендеше, мен неге тығылам? – деді Шоқан.
– «Ауылға шапса» дегенім ғой. Бекініс өз маңайына мың сан қол болса
да жолатпайды. Арандай тізілген қалың мылтыққа кім қарсы шаба алады?
– Сол мылтықтарын ауыл айналасына құрмай ма?
– Онда бекіністі қалай қорғайды?
Шоқан тосылып қалды.
– Тағы бір сөзді айтпай амалым жоқ, – деді Аба, – əке-шешеңнің де айт
дегені осы еді...
– Олардың өздері не істеп отыр? – деді Шоқан, Абаның сөзін бөліп.
– Не істеп отыр дейсің? – деді Аба, жыламсыраған дауыспен. –
Шықпаған жандары отыр, əсіресе, Əя апамның. Сенің халыңды ойлап
зəрелері жоқ...
– Мен табылмасам, олардың өзін бассалмай ма, Керей, Уақ?
– «Балта көтерілгенше, ағаш жал табады» дегендей, – деді Аба, –
естуімше, Керей мен Уақтың желігулері патшаның құлағына шалынып,
оларды күшпен тыю үшін, Орынбордан да, Омбыдан да қарулы қалын,
əскер жібергелі жатқан көрінеді. Хан - иемнің ойы, солар Жеткенше, Керей
мен Уақты алдастырып ұстай тұру. Жеткеннен кейінгісін өзі біле жатады
ғой.
Мына сөзге Шоқанның көңілі елеңдеп қалды. Шарасыздықтан қалай
шығудың амалын білмей тұрған оның қараңғы маңынан, үміт сəулесі
жылтыңдағандай болды, сондықтан, «ризалас, төретайым бекініске бара
тұруға!» деп жалбарынған Абаға «жарайды» деді.
– Əкем қайтеді, сонда? – деген сұрауын Шоқан қайталады.
– Оның бір жөні болар, – деді Аба, – «ел бар, жұрт бар» дегендей,
Абылай атаңның қара шаңырағын жауға жықтырып қоймас. Жаудың өзі де
ол шаңыраққа батып шаба алмас. Олар əкеңді сен арқылы əлсіретуге
тырысады. Іздеген сен табылмасаң не істейді əкеңе? Əкең қысылып бара
жатса, «іздедім, таппадым, нанбасаң өзің іздес» дейді. Не болмаса, «сендер
зорлап əкетпесеңдер, қалын, елдің ішінен қайда жоғалады балам?
Қайтарыңдар баламды, əйтпесе, бір балаға, жүз бала төлетем!» деп
өздеріне пəле салады.
Қанша шəйірғол дегенмен, мына сөз де Шоқанның көкейіне қонды.
– Бірақ, мен – деді ол, – бекініске жалғыз бармаймын, Жайнақпен барам.
– Ол да болсын, – деді Аба, – онда Жайнақ екеуің менің атыма
мінгесіңдер де, бекініске дөңнің көл жақ етегімен тартыңдар. Күзеттегі
солдаттар Шоқанның келерін біледі. Ол маңайдан басқа бейсауат адам
жүрмейді.
Мінгескен балалар сілтеген жобамен бекініске тартты. Аба «ертең келіп
терісін сойып алармын да, бөлтіріктерімен қапқа салып алып қайтармын»
деген оймен қасқырдың өлген қаншығын, үңгірдің бір қабат ішіне тықты
да, өзі жаяулап ордаға қайтты. Ертеңіне ала көбеде келіп байқаса, қаншық
жоқ! Əр жерде бұрқыраған жүн-жұрқаларына, бір жерлерде шашылған
сүйек-саяғына қарағанда, басқа қасқырлар жеп кеткен. Бөлтіріктердің
жатқан жерін тапты, өздері жоқ. Оларды да басқа қасқырлар жеп кетті ме,
əлде, əкесі келіп, өзге орынға тасып əкетті ме, құдайың білсін.
Кешегі түнде балаларға айтқан жорамалын, Абаның аузына «періште»
салған екен. Күрең марқа əңгімесі басталған шақта, бұл жаққа «шырпышиге» қатынасу ниетімен беттеген Есеней, Обағанның орта тұсындағы
Қараоба төңірегін жайлаған Сибанның Күңгене руында қонақтап жатыр
еді. Күрең марқа əңгімесі оған əлдеқайда өскен түрінде жетті.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аққан жұлдыз - 11
  • Parts
  • Аққан жұлдыз - 01
    Total number of words is 3736
    Total number of unique words is 2132
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 02
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2143
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 03
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2170
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 04
    Total number of words is 3769
    Total number of unique words is 2096
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 05
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2247
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 06
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2202
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 07
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2134
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 08
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2178
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 09
    Total number of words is 3859
    Total number of unique words is 2180
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 10
    Total number of words is 3814
    Total number of unique words is 1866
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 11
    Total number of words is 3791
    Total number of unique words is 2132
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 12
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2238
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2149
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 14
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2225
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 15
    Total number of words is 3952
    Total number of unique words is 2141
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 16
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1891
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 17
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2122
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 18
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2182
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 19
    Total number of words is 3753
    Total number of unique words is 2114
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 20
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2070
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 21
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2029
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 22
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 2196
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 23
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2201
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 24
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2223
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 25
    Total number of words is 3823
    Total number of unique words is 1953
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 26
    Total number of words is 3860
    Total number of unique words is 2172
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 27
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2239
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 28
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2151
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 29
    Total number of words is 3830
    Total number of unique words is 2056
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 30
    Total number of words is 3683
    Total number of unique words is 2102
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 31
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2215
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 32
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2308
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 33
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2201
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 34
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2349
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 35
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2288
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 36
    Total number of words is 3857
    Total number of unique words is 2290
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 37
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2143
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 38
    Total number of words is 3915
    Total number of unique words is 2177
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 39
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2232
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 40
    Total number of words is 3742
    Total number of unique words is 2068
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 41
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2302
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 42
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2267
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 43
    Total number of words is 3804
    Total number of unique words is 2325
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 44
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 2159
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 45
    Total number of words is 3706
    Total number of unique words is 2289
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 46
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2271
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 47
    Total number of words is 3754
    Total number of unique words is 2137
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 48
    Total number of words is 3739
    Total number of unique words is 2212
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 49
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2273
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 50
    Total number of words is 3787
    Total number of unique words is 2230
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 51
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2212
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 52
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2257
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.3 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 53
    Total number of words is 3785
    Total number of unique words is 2250
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 54
    Total number of words is 3847
    Total number of unique words is 2234
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 55
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2121
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 56
    Total number of words is 3774
    Total number of unique words is 2151
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 57
    Total number of words is 3676
    Total number of unique words is 2179
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 58
    Total number of words is 3820
    Total number of unique words is 2173
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 59
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2288
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 60
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2202
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 61
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2143
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 62
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2141
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 63
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2272
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 64
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2177
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 65
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2199
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аққан жұлдыз - 66
    Total number of words is 816
    Total number of unique words is 590
    45.0 of words are in the 2000 most common words
    59.0 of words are in the 5000 most common words
    66.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.