Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 43

Total number of words is 4253
Total number of unique words is 2263
31.4 of words are in the 2000 most common words
43.5 of words are in the 5000 most common words
50.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ескектерге, кеспектер мен басқа да қалқымалы заттарға жармасып,
суда шыр айнала жүзген шақта; тəпелтек Фласк үрейлі акула
азуларынан жалтару үшін, құдды бос бөтелке сияқты, аяғын бүге,
судан секіре атып шыққан, ал Стабб көмекке шақырып, жан даусы
шыға бақырған шақта; бұл екі ортада кəрі капитан өзінің арқанын
шауып, суға кетушілерді құтқару үшін көбік атқан сушұңқырға жақын
келуге мүмкіндік алды - міне, мың сан ажал қатері түйіскен осы сəтте
бұған дейін аман қалған Ахавтың вельботы кенет көрінбес жіптер
көтеріп əкеткендей, аспанға атыла жөнелді, — бұл теңіз түбінен
жебеше зымырай көтеріліп, өзінің жалпақ маңдайымен қайықтың
түбін астынан кеп соғып, оны биікке лақтырған Ақ Кит еді, содан ол
ұшып бара жатқанда бірнеше рет аударылып түсіп, суға қайтадан, түбі
көктен келіп, төңкеріліп құлады, сөйтіп, Ахавқа, күллі командасымен
бірге, жағалау үңгірінен зорға найқалып шығатын итбалықтар
үйіріндей, оның астынан құтылып шығуға тура келді.
Ал вельботқа екпіндей соқтығысқан кит өзі жасаған бүліншілік
іздерінен əудем жерге жалт беріп, адамдарға арқасын қарата, енді
құйрығын олай-бұлай бұлғақтатып қойып, теңіз бетінде қыбырсыз
жатты; əрі оған осы орайда жалғыз ескек, немесе, тақтай сынығы,
немесе, бір елеусіз жаңқа тап келген əрбір жолы ол бірден құйрығын
қайырып, оны жойқын күшпен бүйірден сабалады. Бірақ көп ұзамай,
істің орайын келтіргенге көзін жеткізгендей, ол мұхит айдынын əжімді
маңдайымен қақ айыра, соңынан шиеленген арқандар шумағын
сүйрете, артынан жел қуалап, кəнігі жиһанкездің бірқалыпты
жүрісімен қайтадан жолға шықты.
Айқас барысын үстінен жіті қадағалап тұрған кеме апатқа
ұшыраушыларға тағы да көмекке асықты, сөйтіп, шлюпка түсіріп,
жүзіп жүрген адамдарды, сондай-ақ күбілерді, ескектерді жəне əйтеуір
жиып алуға болатынның бəрін жиып-теріп алып, құтқарылғандарды
аман-есен палубаға көтерді. Шығып кеткен иықтар да, қол мен
жіліншіктер де; қызара қанталаған жарақаттар да; майысқан
гарпундар мен шанышқылар да; əбден бытысып шиеленген арқан
шумақтары да, быт-шыт жарылған ескектер мен тақтайлар да - бəрі
осында; тек бірде-бір өлімші немесе, тіпті, жай ауыр зақым жоқ екен.
Ахав, кешегі Федалла сияқты, суда тым тəуір таяныш болған өз
вельботының сынығына қарысып жабысқан күйінде табылды, əрі
өткен жолғыдай сілесі құрымапты.
Бірақ жабыла көмектесіп палубаға көтерген кезде барлық көздер
капитанға қадалды, өйткені, бұрынғысынша, аяғына нық тұрудың
орнына ол өзіне бірінші боп жəрдемдесуге асыққан Старбектің иығына
алқынып сүйене берді. Капитанның сүйек аяғы ғайып болыпты, оның
орнында тек үшкір сынық шолтаңдайды.
- Солай, солай, Старбек, кей-кейде сүйеніші болғанға кез келген
адам қуанады. Тек кəрі Ахавтың бұған дейін мұндайға тым сирек
жүгінгені өкінішті-ақ.
- Құрсаудың кесірі, сэр, — деді қасына келген балташы. - Əйтпесе,
аяқ тамаша еді.
- Əйтеуір, сүйектеріңіз сынғаннан аман болар, сэр? - деп сұрады
Стабб шын жанашырлықпен.
- Быт-шыты шықты, Стабб, көрмей тұрмысың? Бірақ бірде - бір тірі
сүйек ана жым-жылас жоғалған өлісінен маған бір мысқал жақын
болмаса да; күл-паршасы шыққан сүйекпен де кəрі Ахавты бəрібір жау
алмайды. Кəрі Ахавтың тылсым əрі шын болмысына ақ кит те, адам да,
албасты да ешқашан жанаса алмайды. Мына тұңғиықтың түбіне
жететін лот бар ма, мына шатырға төбесі тиетін мачта бар ма? Ей,
жоғарыдағы! Бағыт қандай?
- Тура желдің ыңғайымен, сэр.
- Рульді ыққа қарай! Қайтадан барлық желкендер керілсін. Қосалқы
вельботтар түсіріліп, жабдықталсын! Мистер Старбек, бар да,
вельботтарға команда жина.
- Əуелі сізді фалыпбортқа сүйемелдеп апаруға рұқсат етіңіз.
- У, уһ! Мына үшкір сынық енді менің денеме қалай қадалады
десеңші! Қарғыс атқыр тағдыр! Осындай өр рухты капитанның
мынадай бейшара көмекшісі болуын-ай!
- Кешіріңіз, сэр!
- Менің денем, достым, мен сені емес, өзімнің денемді айтып
тұрмын. Маған таянатын бірдеңе беріңдер... анау қираған шанышқы
маған асатаяқ болады. Бар, жұртты жина. Жо-жоқ, тоқта, мүмкін емес.
Мен əлі оны көрген жоқпын! Аспанмен ант етемін! Ол жоқ па? Тезірек,
бəрін жоғарыға шақырыңдар!
Кəрі капитан күңгірттеп айтқан қауіп расқа шықты. Күллі экипаж
палубада сапқа тұрды, бірақ парсы еш жерде болмады.
- Парсы! - деп айқай салды Стабб. - Сірə, ол бір жерде малтығып...
- Өй, тұла бойың құрысып, қара қан жауғыр! Мачталарға, трюмге,
кубрикке, каютаға жүгіріңдер бəрің! Табыңдар оны! Ол осында, ол
осында!
Бірақ көп ұзамай бəрі парсы еш жерде жоқ деп қайтып келді.
- Сірə, расында да, сэр, - деп өз ойын аяқтады Стабб, - оны сіздің
арқаныңыз іліп əкеткен болар. Мен оны төменге тартып əкеткенін
көрген сияқтымын.
- Менің арқаным ба? Ол жоқ! Ол жоқ? Бұл сөздердің мағынасы
қандай? Бұлардан сыңғырлап естіліп жатқан неғылған азалы үн, құдды
өзі бір шіркеу мұнарасындай-ақ, Ахавтың бүкіл денесі неғып дір-дір
етеді? Гарпун да жоқ па? Мына көр-жердің бəрін ақтарыңдар!
Таптыңдар ма оны? Əй, халайық, шыңдалған сүңгі Ақ Китке арналған!
Жоқ па, жоқ па? Бейшара топас! Оны мына қолым лақтырған, демек, ол
балықтың бүйірінде сорайып тұр! Ей, жоғарыдағылар! Оны көзден таса
етпеңдер! Бол тез! Бəрің де вельботтарды жабдықтауға кірісіңдер!
Ескектерді жинаңдар? Гарпуншылар, гарпундарыңды сайлаңдар! Бомбрамсельдерді жоғарырақ көтер! Барлық шкоттарды қайтадан тартып
байлаңдар! Ей, штурвалда тұрған, солай ұста! Егер саған өмірің қымбат
болса, нығырақ, нығырақ ұста! О, мен байтақ жерді он мəрте белдеулеп
өтуге бақұлмын, оны көктей тесіп өтуге бақұлмын, мен оны бəрібір
өлтірмей тынбаймын.
- Уа, Жаратушы Құдайым, тым құрыса жалғыз рет көрінші көзімізге!
- деп жан даусы шықты Старбек. - Оны сен ешқашан, ешқашан ұстай
алмайсың, шал. Инсустың атымен жалынамын, жетер! Бұл ібілістің
азғыруынан да жаман. Екі күндік жын ұрған қуғын, вельботтар екі
мəрте күл-талқан етілді; сенің өз аяғың тиянағыңа жарамай, екінші рет
сындырылды; сенің жауыз көлеңкең зым-зыя жоғалды, барлық ізгі
періштелер жапа-тармағай сені сақтандыруға асығуда; саған енді не
керек? Біз шынымен-ақ командамыздан бір адам қалдырмай бəрін суға
батырғанша мына албасты балықтың соңынан қуалай бермекпіз бе?
Біз шынымен- ақ оның өзімізді теңіз түбіне тартып əкетуіне, немесе,
тура тозаққа сүйреп апаруына жол беріп қоймақпыз ба? О, о! Арам
ойлы аңшылықты бұдан əрі жалғастыру құдайға күпірлік болар!
- Старбек, соңғы күндерде, есіңде ме, екеуміз бір-біріміздің
көздерімізден əлдене көрген кезден бастап, мен өз бойымнан саған
деген бір түрлі елігуді сезінемін. Бірақ китке қатысты мына шаруада
сенің дидарың менің алдымда тура менің тегіс, тілсіз алақанымдай
болатын болсын. Ахав əрқашан Ахав болып қалады, досым. Мұнда
болып жатқандардың бəрі бұлжымас пешенеміз. Сен де, мен де, мына
мұхит өз толқындарын тулата бастағаннан көптеген миллион жыл
бұрын осы арада қойылған спектакльде бір кездерде өз рөлдерімізді
ойнап қойғанбыз. Ақымақ! Мен Тағдырлардың тек бағыныштысы
ғанамын, бұйрыққа сəйкес əрекет етемін. Сен де байқа, менің аға
көмекшім, алған бұйрықты бұзып жүрме. Адамдар, мені қоршап
тұрыңдар. Міне, сендердің алдарында қайраған шанышқыға сүйенген
һəм жалғыз аяқта тұрған шал, кескен дөңбек, кеспелтек кісі. Бұл Ахав оның тəни бөлігі; алайда, Ахавтың жаны — қырықаяқ, ол алға қарай
өзінің сансыз аяқтарымен жылжиды. Мен шегіне жете ширыққанымды
сеземін, құдды дауылды күні мачталары сынған фрегатты сүйреткен
арқан талшықтарындай, сіңірлерім бірінен соң бірі үзіліп жатыр;
бəлкім, мен сендерге де солай боп көрінермін. Бірақ мендегінің бəрі
бырт - бырт үзілмес бұрын, сендер əлі сатыр-сұтырын естисіңдер, ал
əзірге оны естімесеңдер, Ахавтың арқандары əлі оны нысанасына
қарай сүйреп барады деп біліңдер. Əй, адамдар, сендер нышан деп
аталатын нəрсеге сенесіңдер ме? Олай болса, қаттырақ күліп, "биске"
басыңдар! Себебі, суға бататын заттар су бетіне екі рет қалқып
шығады, ал сосын тұңғиыққа мəңгілікке кету үшін соңғы рет
көтеріледі. Моби Дик те солай; ол екі күн қалқып шықты - ертең
үшіншісі. Ау, айтам ғой, адамдар, ол тағы бір көтеріледі, тек бұл жолы
өзінің ақырғы бұрқағын атқылау үшін ғана көтеріледі. Ал, қалай?
Сендер жаужүрек адамдарсыңдар ма, əлде, жоқ па?
- Тайсалмас оттың өзіндей! - деп тіл қатты Стабб.
- Əмбе сол сияқты мейірімсіз, - деп күбірледі Ахав.
Содан кейін, жұрт палубаға тарап кеткесін. Ахав былай деп
жалғастырды:
- Нышандар! Осыны мен кеше ғана шағылған вельботымның
үстінде Старбекке айтқам. О, өз жүрегіме қадалып батқан нəрсені мен
бөтен жүректерден қалай батыл қуып шығам десемші! Парсы, парсы!
Ол жоқ! Ол жоқ? Ал, ол менің алдымда кетуі тиіс еді ғой, бірақ мен оны
өзім өлмей тұрып тағы бір рет көруім керек. Бұл нені аңғартады? Бұл
жұмбақ елес-қазылардың тұтас корпорациясымен қоса əлемдегі
барлық адвокат атаулыны тұйыққа тірер еді; ол құдды қаршығаның
тұмсығындай, менің миымды шоқиды. Бірақ мен, мен дегенмен де
оның шешуін табамын!
Ымырт түсті, əйткенмен, китті тура желдің бағытынан əлі де көруге
болатын еді.
Желкенбаулар қайтадан ағытылды, бəрі де тап кешегі түндегідей
болды; тек таң атқанға шейін дерлік балғалардың тарсылы мен қайрақ
тастардың зыңылы үздіксіз естілді де тұрды - бұл ертеңгі күнге
дайындалып, май шамдардың жарығымен қосалқы вельботтарды
толық əрі мұқият жабдықтап-жарақтаумен айналысып еңбек еткен һəм
жаңа гарпундар мен шанышқыларды қайрап жатқан адамдар еді.
Балташы Ахавтың вельботының қираған килінен оған жаңа аяқ жасап
жатқан шақта капитанның өзі, кешегідей, өз табалдырығында түні
бойы тырс етпей тұрды да қойды, əмбе оның бастыра киген
қалпағының астында жасырынған көзі, құдды гелиотроптай, күннің
алғашқы себездеген сəулелерін қарсы алмаққа, шығысқа қарай
дегбірсіздене тігілді.
CXXXV тарау
ҚУҒЫН, ҮШІНШІ КҮН
Үшінші күннің шуақты таңы рауандап атты; сөйтіп, фок-мачтадағы
жападан-жалғыз түнгі сақшыны əрбір мачтаға, əрбір көлденең
келтекке қаптай тізілген күндізгі ерікті шолғыншылар ауыстырды.
- Көресіңдер ме оны? - деп сұрады олардан Ахав, бірақ кит əлі көріне
қоймады. - Бəрібір, біз тура соның ізімен келе жатырмыз, тек ізді
жоғалтып алмау керек, бар болғаны сол Ей, штурвалдағы, осы бетіңнен
тайма, бағыт бұрынғы. Тағы да қандай тамаша күн! Мына əлем
періштелерге арналған күркежай есебінде тек қазір ғана жаратылып,
оларға соның есігі бүгін ғана қонақжайлықпен алғаш рет айқара
ашылып отырған болса да əлемде бұдан асқан тамаша күн болмас еді!
Ахавтың ойланып-толғануға уақыты болса, нағыз ой-толғаныстың
қорегі осы емес пе; бірақ Ахав ешқашан ойламайды, ол тек сезеді, тек
сезеді; кез келген ажалды пенде үшін осы жеткілікті. Ойлау оспадарлық. Бұл артықшылық жалғыз Құдайға ғана тиесілі. Ойтолғанысқа салқын сабат тыныштықта шомған абзал, ал біздің
бейшара жүректеріміз тым қатты дүрсілдеп соғады, біздің миымыз бұл
үшін тым ыстық. Рас, кейде маған миым, құдды мұздатылғандай,
сабырлы боп көрінеді, өйткені, менің кəрі бас сүйегім, ішіндегісі мұзға
айналып, əне - міне күлпаршасы шыққалы тұрған стақандай
сықырлайды. Бірақ, дегенмен де, тіпті, нақ осы сəттерде де мына
шаштар өсуінен танбайды, ал өсу үшін жылу керек қой; əйткенмен,
олай емес, олар барлық жерде: Гренландия мұзарттарының сызат саңылауларында да, Везувийдегі балқыма үйінділерінің арасында да
өсіп шыға алатын арамшөп сияқты. Бұларды долы жел қалай
желбіретеді; олар дауылда арпалысқан кеме палубасында
жалпылдаған жыртық желкендердің шкоттары сияқты, менің бетімнен
осқылайды. Сірə, бұрын түрме дəліздері мен тұтқындар
камераларында соққан, аурухана палаталарында соққан жексұрын жел
енді осында ұшып келіп, мүлəйімсіген момақан кейіпте осы арада
соғып тұр. Аулақ де оған! Ол өзіне дақ түсірген. Мен жел болсам, енді
мына кесірлі, кеселді əлемнің үстінен соқпас едім. Мен бір қараңғы
үңгірге жылыстап кіріп, сонда отырар едім. Ал, жел дегенің айбынды
да айдынды емес пе! Желді кім, қашан жеңіп еді? Əрбір айқаста ақырғы
аяусыз соққыны сол жасайды. Оған жұдырығыңды алып ұмтылсаң сен оны көктей жүгіріп өтесің. Ха! Қорқақ жел, сен жалаңаш адамға
өктемсисің, ал өзің тым құрыса жалғыз жауап соққы алудан
жалтарасың. Тіпті, Ахавтың өзі сенен өжет, сенен əр, сенен дегдар. О,
егер желдің денесі болса ғой, шіркін, бірақ адамның зығырданын
қайнатып, ығырын шығарып, намысына тиістің нəрсе тəнсіз, əйтсе де,
нысан ретінде тəнсіз болса да, харекет көзі ретінде тəнсіз емес. Бар
өзгешелік осында, о, неткен əккі жəне неткен зымиян айырмашылық!
Сонда да болса, желде асқақ та бекзат бір қасиет бар деп ант-су ішіп,
қайталаудан жалықпаймын. Ойпаңдағы теңіз ағыстары қалай
бұлтарып, бұралаңдаса да, құрлықтағы айбынды Миссисипилер қайда
сұғынарға білмей, қалай айналшықтап, түртіншектесе де, мысалы,
ашық аспан астында өзінің əлеуетті аялағыш қуатымен бір сарынмен
соғып тұрған мына жылы пассат желдері өз нысанасынан ешқашан
жалтармайды. Əмбе мəңгі-бақилық Полюстермен ант етемін! Менің
мейірбан кемемді тура алға қуалаған тап мына пассаттар, нақ осы
пассаттар - немесе нақ, сондай сенімді де күшті, соларға ұқсас бірдеңе менің жанымның кемесін алға қуалап барады! Іске кірісіңдер! Ей,
жоғарыдағылар! Ана жақтан не көріп тұрсыңдар?
- Ештеңе де, сэр.
- Ештеңе! Тал түске таянды! Дублонды дүниені шарлатып қайыр
тілеуге жібердік! Қане, күн қайда? Ə, өзім де біліп ем. Мен оны басып
озыппын. Несі бар, демек, мен енді алдамын ба? Оның соңынан мен
емес, менің соңымнан ол қуып келе ме? Жақсы емес. Айтқандай, мен
мұны алдын ала ескере алар едім, кеше! Бұл арада бар гəп, ол өзінің
соңынан суда сүйреткен гарпундар мен арқан шумағында жатыр. Иə,
иə, сірə, мен оны өткен түнде басып озғам. Бұрылысқа! Ей, кезектегі
шолғыншылардан басқа, барлығы төмен түссін! Керме арқандарға!
Бұған дейін жел "Пекодтың" құйрығынан соққан, сондықтан, енді
қарама-қарсы жаққа бұрылғанда, кеме өзінің онсыз да көбікті ізінде
көбік бұрқылдатып, желге қарсы кілт баса-көктеп жөнелді.
- Ол енді тура желге қарсы жүріп, арандай ашылған ауыздың
алдынан шықпақшы, - деді Старбек ақырын ғана, жақтаудың қасында
жаңа ғана тартылып алынған грот-арқанды бекітіп байлап жатып Құдай сақтай гөр бізді, бірақ мен қазірдің өзінде сүйектерімнің сарси
сызданып, денемді іштен ылғалдап жатқанын сеземін. Оның
бұйрықтарын
орындағанда,
өз
Құдайымның
əмір-пəрменін
бұзғанымды сеземін.
- Мені мачтаға көтеріңдер! - деп айқайлады Ахав кендір себетке таяп
келіп. - Енді біз онымен көп ұзамай кездесуге тиіспіз.
- Құп болады, сэр. - Старбек Ахавтың бұйрығын қолма-қол
орындады. Сөйтіп, Ахав енді палубаның биігінде тағы салбырай
шайқатылды.
Зерлі кестемен тұтас ғасырларға созылған бір сағат өтті. Уақыттың
өзі демін ішіне тарта, дегбірсіздене күтті. Ақыры жел жақтан үш румб
шамасында оңға қарай Ахав алыстағы бұрқақты көзі шалды, дəл сол
сəтте үш мачтадан соны сүйіншілеген үш дауыс, аумаған үш жалын
тіліндей, аспанға шарықтай самғады.
- Мен сені бүгін, үшінші күні бетпе-бет қарсы алып тұрмын, уа, Моби
Дик! Ей, палубадағылар! Желкендерді қаттырақ кере түсіңдер, желге
қарсы туралап тарт! Ол əлі тым алыста, мистер Старбек, вельботтарды
түсіруге ерте. Желкендер жалпылдап кетті! Руль ұстаушысының
басына балғаны төндіріп қою керек! Міне, солай. Ол жылдам жүріп
келеді, мен төмен түсуім керек. Тек осы арадан теңіз қиырларын тағы
бір шолып қарайын, бұған əлі уақыт жетеді. Неткен, неткен көне кейіп
əрі сонымен бірге сондай жас; иə, Нантакет жағалауындағы бұйрат
құмдардан бала кезімде алғаш қарағаннан бері ол ешбір өзгерген жоқ!
Нұх үшін де, мен үшін де боз баяғы сол қалпында. Ал ана ық жақта,
алыстан өткінші жаңбыр келе жатыр. Қазір онда керемет жақсы болуы
керек! Сірə, ол тарапта əлдебір жаққа, пальма тоғайларынан да
нулырақ тоғайлар жапқан, адам айтқысыз əсем жағалауларға апаратын
жол жатса керек. Ық жақ! Ақ Кит солай қарай бет түзеді, демек, күйінішті болса да күдіксіз - мен желге қарсы қарауым керек. Алайда,
қош бол, қош-қош, қарт мачта! Ау, мынау немене - көк өскін бе? Иə,
мына жердегі иреңдеген жықпылдарында мүк өсіпті. Бірақ Ахавтың
басында жаман ауа райының жасыл іздері көрінбейді! Дегенмен де,
адамның
қарттығы
мен
материя
қарттығының
арасында
айырмашылық бар-ау. Əйткенмен, талассыз бір шындық сол, қарт
мачта, біз екеуміз де қартайдық; бірақ қаңқамыз əлі берік, рас қой, уа,
менің кемем? Тек аяқ қана жетіспейді, бар болғаны сол. Имандай
шыным, мына өлі ағаш менің өзімнің тірі тəнімнен барлық жағдайда да
артық. Мен онымен ешбір теңестіруге де келмеймін; мен өздерінің
өмірге құштар əкелерінің өміршең ұрығынан сомдалып соғылған
көптеген адамдарға қарағанда, ұзағырақ өмір кешкен, өлі ағаштан
жасалған кемелерді көргем. Өзі қалай деп айтып еді? Ол, менің
лоцманым, қанша дегенмен де менің алдымда жүреді; соған
қарамастан, мен оны тағы көрем бе? Қайдан? Егер маған осынау ұшықиырсыз баспалдақпен төмен түсуге тура келсе, теңіз түбінде
көздерімді сақтай алар ма екем? Бірақ мен ол тұңғиыққа кеткен
жерлерден түні бойы аулақ қаштым емес пе. Əне, солай; басқа да
көптеген кісілер сияқты, өзіңе қатысты жайттарда сен жантүршігерлік
ақиқатты айттың, уа, парсы; бірақ Ахавқа келген кезде, сен осы арада
мүлт кеттің. Қош бол, мачта, мен жоқта китті жақсылап қадағала. Біз
екеуміз əлі ертең, жоқ, бүгін кешке, Ақ Кит басы мен құйрығынан
арқандалып байланып, ана жақта, жақтаудың іргесінде жатқан кезде,
əңгімелесеміз.
Ол белгі берді де, əлде де болса жан-жағына қарағыштай, аспанның
көгілдір қуысынан палубаға зау етіп сырғанап түсті.
Көп ұзамай вельботтарды түсіре бастады, бірақ өзінің қайығында
тұрған Ахав бір сəтке ойланып қалды да, палубада жүк көтергіштердің
тетіктерін реттестіріп жүрген аға көмекшіні өзіне ымдап шақырып
алып, оған түсірмей тұра тұруға бұйырды.
- Старбек!
- Сэр?
- Менің жанымның кемесі осы жүзу жорығына үшінші рет жөнеліп
барады, Старбек.
- Иə, сэр, сіздің ықтиярыңыз солай болды.
- Кейбір кемелер айлақтап шығады да, сол кезден бастап олар
жайында ешкім ештеңе білмейді, Старбек!
- Ақиқат, сэр, қайғылы ақиқат.
- Кейбір адамдар теңіздің тасуы кезінде; екіншілері - су қайтқан
кезде; үшіншілері -тасқын басқан кезде мерт болады. Ал мен қазір
өзіме өне бойым ақ жалдай көбіктене бүктетіліп, буырқанған биік теңіз
толқыны сияқтымын, Старбек. Мен қартайдым; бір-біріміздің
қолымызды қысайық, досым.
Қолдары қабысты; көздері түйісті; Старбектің көз жасы оларды
бейне желімдеп жабыстырып тастағандай болды.
- О, капитан, менің капитаным, əзиз жүрек, қайтыңыз кейін! Көресіз
бе? Бұл жылап тұрған жаужүрек адам, иланудың азабы мұнша ауыр
болар ма!
- Вельботты түсір! - деп айқай салды Ахав, көмекшісінің қолын
қағып жіберіп. - Команда, əзірлен!
Келесі сəтте қайық кеме құйрығының дəл түбінен есіп жөнеле берді.
- Акулалар! Акулалар! - кенет артқы төменгі иллюминатордан
шыңғырған жан дауыс шықты.
- О, менің мырзам, кейін қайт!
Бірақ Ахав ештеңе естімеді, өйткені нақ осы мезетте оның өзі қатты
айқайға басып, қайық алға жұлқына заулады.
Ал иллюминатордан шыққан дауыс шындықты айтып еді; себебі,
Ахавтың жақтаудан итеріле жылжып кете беруі мұң екен, кеме килінің
астынан сүңгіп шыға келгендей, құжынаған акулалар суға төмен
түсірген əрбір ескекті ызалана тістелеп, осылайша тістерін ақсита,
қайықтың соңынан шұбап ерді. Түрлі жəндіктері мол осынау суларда
вельботтар мұндай жайларға жиі ұшырасады, күншығысқа қарай
жорыққа шыққан əскер туларының үстінде құзғындар қалай
қалықтаса, мына арада акулалар да кейде бұлардың соңынан дəл
сондай көріпкел қайтпастықпен қалмай еріп отырады. Бірақ бұлар Ақ
Кит байқалған шақтан бері "Пекодқа" кездескен бірінші акулалар еді;
Ахавтың ескекшілері түгелдей, тəндерінің иісі акулалардың
сілекейлерін сонша шұбыртқан, азиялықтар болғандықтан ба, мұндай жайдың жиі ұшырасатыны белгілі - əлде, қандай да бір басқа
себеппен бе, əйтеуір, олар басқаларға, тіпті, маңайламастан, тек соның
қайығының соңынан шұбырды.
- О, шың болаттан соғылған сом жүрек! - деп күрсінді Старбек
жақтау сыртындағы ұзап бара жатқан қайықтың соңынан қарап. Ауыздарын арандай ашып, соңыңда топырлаған қанқұйлы
акулалардың арасында өз килің сырғанай жылжыған кезде сен
шынымен- ақ əлі де өр қалпыңмен, өжеттене сыңғырлай аласың ба?
Бұл енді қуғынның үшінші, шешуші күні болып отырғанын қарасайшы!
Өйткені, егер үш күн бір қайтпас қуалауда тұтасатын болса, демек,
бірінші күн - таң, екіншісі - тал түс, үшіншісі - кешкілік, яғни,
пешенесіне қандай ақыр жазылса да, барлық істің ақыры сол О,
Жаратқан Ием! Мені салғырт-самарқау күйде қалдырып, əрі сонымен
қатар дірілдете қатырып, дегбірсіз күттіріп, күптігей еткен не өзі?
Болашақ менің алдымнан бос сұлбаларымен һəм қаңқаларымен жүзіп
өтіп жатыр, ал өткен күндерді бейне мұнар шалғандай. Мэрн, қызым
менің! Ту сыртыңда бозарған нұрдай ғайып болып барасың сен; ұлым,
маған өлі көрініп тұрған сенің көздерің ғана. Көздерің неткен ғажайып
көкпеңбек. Өмірдің ең қиын жұмбақтары шешіледі, тек түнерген
бұлттар қаптай көшіп, бəрін жауып қалады. Шынымен менің жүзу
сапарым аяқталып келе ме? Құдды күні бойы тынымсыз жүргендей,
аяқтарым шалынысып тəлтіректейтіні несі? Жүрегіңді сипалап көру
керек - əлі соғып тұр ма? Серпіл, Старбек! Мұны болдырмау керек...
Сілейіп тұрма, қыбырла, айқайла! Ей, мачтадағылар! Көрдіңдер ме,
менің ұлым төбеден қолын бұлғап тұр ма?.. Есуас... Ей, жоғарыдағылар!
Вельботтарды жақсылап қадағалаңдар, киттің қайда бет алғанын
байқаңдар!.. Хо! Тағы да ма? Бұл қаршығаны аулақ қуыңдар! Қараңдар!
Ол шоқиды... ол менің желбағарымды жұлып алды. - Аға көмекші гротмачта үстінде желбіреген қанқызыл жалауды нұсқады. - Ха! Ол аспанға
самғады, ол оны əкетіп барады! Қазір капитан қайда?.. Мұны сен көріп
тұрсың ба, ол, Ахав? Қалтыра, қапалан!
Ахав шолғыншылардың шартты ымы - төмен қарай салбыратқан
қолы бойынша киттің су астына кеткенін білген кезде вельботтар əлі
кемеден алыс кете қойған жоқ-тын; бірақ, ол қайтадан жүзіп шыққанда
оған жақынырақ болуды көздеген Ахав өз вельботын кемеден сəл
шеткеректеу, бұрынғы бағытпен жүйткіте берді; оның ескекшілері,
құдды дуаланғандай, кеудемсоқ кемешіктің тұмсығына екпіндей
соғылған толқындардың гүріл-сарылы астында терең үнсіздікке
батты.
- Қағыңдар, қағыңдар шегелеріңді, уа, толқындар! Бүркеншігіне
шейін қоймай қаққылап кіргізіңдер! Сендер бəрібір қақпағы жоқ
нəрсені шегелеп жатсыңдар. Ал менде табыт та, катафалк та
болмайды, мені тек кендір ғана өлтіре алады! Ха-ха!
Кенет олардың маңайындағы су ақырын жыбырлап, кең
иірімдермен үйіріле бастады; сосын, күдірейе көтеріліп алып, құдды су
бетіне кенет қалқып шыққан су асты мұзтауының беткейінен
құлдилағандай, төменге лап қойды. Құдды жер астының гуілі сияқты,
тұншыққан күңгірт гүрсіл естілді, содан жіптермен шырмалған,
гарпундармен жəне шанышқылармен айнала ілінген алып ұша теңіз
тұңғиығынан қиғаштай атып шыққан кезде бəрінің жүректері тоқтап
қала жаздады. Мөлдір тұман жамылғысына оранған ол құлпырған
ауада бір мезет ілініп тұрды да, содан кейін жойқын шалпылмен суға
құлады. Толқын тілдері, биік бұрқақтардай, отыз фут жоғарыға
сумаңдай шапшыды, ал сосын көбікті үлпектердің жаңбырындай
жауып, мəрмəрлі кит денесінен жаңа сауылып, көбігі бұрқылдаған
сүттей сансыз иірімдер таратты.
- Жабыл! - деп саңқ етті Ахав, сол-ақ екен, вельботтар шабуылдап
заулай жөнелді, бірақ бүйірлеріне қадалып, енді тоттана бастаған
кешегі гарпундар ызасына тиген Моби Дик бейне көктен түскен
барлық періштелердің шапағатымен аруақтанғандай еді. Ол басымен
қайықтарға қарсы салып, өзінің жойқын құйрығымен оларды оңдысолды жайпап лақтырған кезде оның мөлдір терісінің астындағы
маңдайын белдеулеген түйінді тамырлардың жалпақ жолақтары
білеулене тыржиғандай болды. Ол екі көмекшінің де барлық
гарпундары
мен
шанышқыларын
қағып
түсірді,
олардың
вельботтарының жақтау тақтайларын алдынан омырып сындырып
жіберді, бірақ Ахавтың вельботы зақым алмады десе де болады.
Міне, сөйтіп, Дэггу мен Квикег ойықты тығындауға тырысып, ал
аулағырақ жүзіп барған кит сол бетімен бұларға ақ бүйірін қарата
бұрылған кезде, теңізшілердің түршіккен жан дауыстары шықты. Олар
аждаһаның арқасына тастай қып бұралып байланған, киттің түні бойы
өзін шырмап ораған арқанның қатты керілген тұзақтарының астында
қолдарын жая сұлаған парсының жартылай тістелініп таланған өлігін
көрді; оның қара киімі дал-дұлы шығып жыртылыпты; шарасынан
шығып кеткен көздері тура Ахавқа қадала қарап қапты.
Капитанның қолынан гарпуны түсіп кетті.
- Ақымақ басым! Ақымақ басым! - деп айқай салды ол өкпесіне ауаны
əрең жұтып. - Сен рас айтыпсың, парсы! Мен сені тағы көріп тұрмын.
Иə, сен менің алдымда келесің; мінеки, сен айтқан əлгі катафалк мынау
болып шықты! Бірақ мен сені өз сөзіңнің соңғы əріптерінен ұстаймын.
Қане, екінші катафалк қайда? Артқа, Стабб пен Фласк, кемеге
қайтыңдар, сендердің вельботтарың аңшылыққа жарамсыз боп қалды;
бұларды жөндей алсаңдар, жөндеңдер, сонда маған көмекке
келерсіңдер; əйтпесе, бір Ахавтың өлгені де жетер... Артқа, ау,
ескекшілерім! Мына қайықтан қарғып кетпекші болған бірінші кісіні
бірден гарпунмен жайратам. Сендер енді адам емессіңдер, сендер
менің қолдарым мен аяқтарымсыңдар, сондықтан
бағынасыңдар. Кит қайда? Тағы да су астына кетті ме?
да
маған
Бірақ ол оны вельботтарға тым жақын маңнан іздеді, ал бұл екі
арада Моби Дик өз арқасындағы өлі денені аулаққа əкетуге асыққандай
еді, сөйтіп, құдды өздерінің соңғы кездескен жерін бар болғаны өз
жолының жүріп өтілген кезеңі деп қана есептегендей, ық жаққа
қайтадан тез жүзе жөнелді де, енді, міне, манадан бері өзіне қарсы
жылжыған кемемен теңесуге шақ қалды. Ол бұл жалғанда ештеңеде
жұмысы жоқтай, өзінің тура жолында сұмдық жылдамдықпен заулады.
- О, Ахав, - деп айқайлады Старбек, - тап қазір, үшінші күні тоқтауға
да əлі кеш емес! Қарасаңшы! Моби Дик сенімен кездескісі келмейді.
Оны есуастықпен қуалап жүрген сен, сенсің!
Желкенін күшейген желдің ағынына тосып, ескектермен де,
кенеппен де тықырта асықтырылған жалғыз вельбот толқындарда
жүйтки зымырады. Содан, міне, Ахав кеменің қасынан сондай
жақыннан заулап өткен кезде, жақтаудың сыртына еңкейген
Старбектің бет-жүзі оған айқын көрінгендігі сонша, ол өз көмекшісіне
кемені бұрып, шағын қашықтықта соңымнан еріп отыр деп айқайлады.
Сосын назарын жоғарырақ аударып, үш мачтаның ұшар бастарына
асығыс өрмелеген Тэштигоны, Квикег пен Дэггуді көрді, бұл шақта
ескекшілер "Пекодтың" жақтауын бойлай жоғары тартылған қираған
вельботтарда шайқатылып, соларды жөндеп, тынымсыз еңбектеніп
жатқан. Ол сондай-ақ заулап бара жатып кеме жақтауындағы саңылаутесіктер арқылы палубада жаңа гарпундар мен шанышқыларды
сұрыптаумен айналысқан Стабб пен Фласкты да көрді. Осының бəрін
көріп, қираған шлюпкалардағы балғалардың тарсылын естіген ол
өзінің қақ жүрегіне əлдебір басқа балғалардың шеге қағып жатқанын
сезінді. Бірақ ол сабыр сақтады. Енді грот-мачтадан жалаудың ғайып
болғанын байқаған ол осы сəтте ұшар басына жеткен Тэштигоға
төменнен жаңа жалау мен балға-шеге əкеліп, мачтаға жалауды
қайтадан шегелегін деп айқайлады.
Əлде, өзінің қозғалысын қатты ауырлатқан, бытысып-шатысқан
жіптердің тұтас шумағын соңынан сүйретуге тура келген үш күндік
жанталас қуғын қалжыратты ма, əлде, қаскөй де жауыз пиғылын
жүзеге асыру үшін бе, əйтеуір, енді Моби Дик, сірə, қайықтың оған
қайтадан тез жақындап келе жатқандығынан болар, өз жүрісін
баяулата бастады; дегенмен де, əрине, бұл жолы олардың арасындағы
қашықтық əуелден-ақ онша шалғай емес болатын. Бірақ Ахав
толқындардың үстінде бұрынғысынша қатыгез акулалардың
қоршауында ұшыртып келе жатты, олар вельботтардың соңынан
қалмай еріп, ескектердің қалақтарын тістерімен қомағайлана
кіршілдеткендері сонша, ағаш қырш-қырш уатылып, суға əрбір шомып
шыққан сайын ұсақ жаңқалар қалдырып отырды.
- Мейлі, кеміре берсін! Олардың тістері біздің ескектерімізге тек
бұранда салғаннан басқа не бітіреді? Жабыл! Былқылдаған судан гөрі,
ескекті акуланың аузына тірегеннің өзі жақсы.
- Бірақ əрбір жолы олардың аузынан ескек барған сайын жұқарып
шығады, сэр.
- Далбаса, əзірге олар маған əлі қызмет етеді! Жабыл!... Бірақ бұл
акулалардың, - деп ақырын жалғастырды ол, - кімнің етімен тойлағалы
жүргенін кім білсін: Моби Диктің бе, əлде, Ахавтың ба? Жабыл, жабыл!
Міне, солай! Енді кішкене, біз жақын қалдық. Ей, рульді алыңдар, мені
тұмсыққа жіберіңдер. - Осы сөздерді айтқан кезде екі ескекші
капитанды қолтығынан демеп, оған шапшаң ұшыртқан вельботтың
тұмсығына өтіп алуына көмектесті.
Қайық, жақтауымен су сызып, Ақ Киттің дəл бүйірінің түбінен алға
суырылып шыққанда, ол - кейде киттерде болатынындай - мұның
жақындағанын, тіпті, байқамағандай болды, сөйтіп, Ахавты кит
ағысының маңайын торлап, оның құдды Монаднок сияқты, алып ақ
өркешінің тік беткейінде будақтаған тау тұманының тымырсық бұлты
бүркеді; бар денесімен артқа шалқайып, басынан асыра биік көтерген
қолдарын сермей, жеккөрінішті китке өзінің ашу-ыза кернеген
селебесін һəм одан да ашулы қарғысын атып ұрған кезде, Ахав оған
сондай жақын тұрған-ды. Болат та, қарғыс та, бейне ми батпақ
тартқандай, сабына шейін сұғылды, ал Моби Дик кенет бір шетке
жұлқынып, биіктей берген бүйірін дірілдете қозғады да, қайыққа
бірде-бір ойық түсірмей, оқыстан шапшыта көтергені сондай, осы
мезетте Ахав планширден ұстай алмағанда, ол теңізге қайтадан ұшып
кететін еді. Соққының дəл қашан жасалатын сəтін аңғармаған жəне
сондықтан да оған дайындалып үлгермеген үш ескекші вельботтан
ұшып кетті, бірақ сəтті құлағандары сонша, көзді ашып-жұмғанша
екеуі жақтауға қайтадан жармасып, содан, соққан толқынның жалына
көтеріліп, ақыры қайыққа қайта аунап түсті, тек үшінші матрос қана
құйрықтың артындағы суда қалып қойды.
Нақ сол мезетте дерлік, өне бойы жай оғындай шамырқанып
ширыққан Ақ Кит сапырылысқан уақ толқындардан аулаққа жұлқи
ұмтылды. Алайда, Ахав руль ұстаушыға бір азырақ арқанды саумалап,
байлап қой деп айқайлаған кезде; ол оз командасына тұғырдан
беттерін алға қарата бұрылып, қайықты балыққа қарай тарта түсуге
бұйырған кезде - опасыз арқан осы қосарланған тартысқа шыдамай,
шарықтай əуелеп, үзіліп кетті.
- Менің ішімде үзіліп кеткен немене? Сіңірлерім сатырлайды!.. Жожоқ, бəрі аман-сау, бəрі орнында! Ескектер! Ескекті суға сал! Соңынан
тарт!
Толқынды қақ жарған вельботтың жақындаған дыбыс-шуын естіген
кит оған өзінің жойқын маңдайын тосу үшін бұрылған, бірақ, бұрылған
кезде ол кенет жақындап келе жатқан кеменің қара тұрпатын байқап
қалды, сөйтіп, сірə, өзін мұнша қуғын - сүргінге түсірген зұлмат
бастауы сол екенін аңғарып, бəлкім, соны неғұрлым лайықты
қарсыласқа балап, ол тұтқиылдан, жақтарын жалындаған көбікті
тасқындарда сарт-сұрт қайшылап, соған қарсы заулады.
Ахав теңселіп кетіп, шап беріп бетін сипалады.
- Мен көрмей қалдым! Уа, қолдарым, созылыңдар алға, өз жолымды
сипалақтап іздеуіме көмектес. Əлде, түн болды ма?
- Кит! Кеме! - деп үрейлене шуласты ескекшілер.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.