Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 04

Total number of words is 4118
Total number of unique words is 2357
31.5 of words are in the 2000 most common words
45.1 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өз сұрақтарына ғана емес, сондай-ақ өздері қоймаған сұраққа басқа бір
жауап, Құдайдың қаһарлы қолы Жоһанның көкірегінен суырып
шығарған оқыс жауап алады.
- Мен иаһудимін! - деп айқай салады ол, сосын тағы айтады: Мен
теңіз бен құрлықты жаратқан Ғарыштағы Тəңір Иемізді құрмет
тұтамын.
Сен оны құрметтейсің бе, Жоһан? Сен оның алдында тап қазір зəрең
ұшып қалтырауың керек. Жоһан сол арада, тапжылмастан, барлығын
да мойындайды, содан, оның əңгімесін тыңдаған адамдарды алапат
қорқыныш билейді, бірақ сонда да болса олар оны аяйды. Жоһанның
əлде де болса Жаратқан Иеден рақым сұрап жалбарынуға дəті
бармайды, себебі, оған өз күнəларының күллі байлауығы тым жақсы
мəлім болатын - ол олардың алапат дауылға өзіне бола тап болғанын
білді ғой - міне, сонда, сорлы Жоһан өзін теңізге лақтырыңдар деп
айқайлаған кезде, олар аяушылықпен одан кері бұрылып, кемені
басқаша амалдармен құтқармаққа тырысады. Бірақ бұл бос əурешілік,
долданған дауылдың ұлы сарыны барған сайын құлақ тұндырып
күркірей түсті; əне, сонда, бір қолдарын жалбарына аспанға созып,
екінші қолдарымен олар, сонда да болса, өз еріктерінен тыс, Жоһанды
қапсыра ұстады.
Қараңыздар! Міне, Жоһанды құдды зəкір сықылды көтеріп алады да,
теңізге тастайды; сол сəтінде-ақ шығыс жақтан тыныштық
толқындары майдай көлкіп таралады, теңіздің ашуы басылып,
тыншиды, дауыл Жоһанмен бірге артта алыстай түсіп, кемені майда
толқындар қоршайды. Соншама аласұрған, астан-кестен көпір иірім
мен алмағайып əбігердің арасында Жоһан су түбіне кетіп барады, ол,
тіпті, өзін күткен, кең ашылған көмейге қалай түскенін де байқамайды;
құдды қапас зынданның қақпасындағы қаптаған ысырмалардай ақ
тістерін сақылдатып, кит жақтарын тарс жабады. Міне, сол кезде
Жоһан киттің құрсағынан Хақ Құдайына мінəжат қылды. Енді оның
дұғасына зейін қойып, сабағын көкейге тоқыңдар. Жоһан қандай
күнəһар болса да, зар еңіремейді əрі құтқаруды сұрап жалбарынбайды.
Ол сұмдық жазаның əділдігін сезеді. Өзінің құтқарылуын ол түгелдей
Құдайдың еркінде қалдырып, барлық ауыртпашылықтар мен
азаптарға қарамастан, өзі тек оның қасиетті ордасына көз тігеді. Ал,
бұл, менің матрос бауырларым, кешу талап етпейтін, жазаға рахметін
айтқан, нағыз шынайы да шыншыл тəубе. Жоһанның мұнысының
Құдайға қаншалықты жаққанын кейіннен оның теңізден де, киттен де
құтқарылғаны көрсетеді. Бауырларым, күнə жасағанына еліктеңдер
деп мен сендерге Жоһанды үлгі қылмаймын, бірақ мен оны тəубеге
келудің үлгісі ретінде ұсынамын. Күнə жасаушы болмаңдар, ал,
күнəһар болған екенсің, соған міндетті түрде Жоһан тəрізді өкініп,
тəубеге келіңдер.
Уағызшы осылай сөйледі, ал, ашулы боранның сырттағы ақыра
алқынып соғуы оның сөздеріне үлкен күш-қуат қосқандай болды,
теңіздегі дауылды суреттеген кезде оның өзін де құтырынған дауыл
қамап алғандай боп елестеді. Оның кең кеудесін құдды тымықтағы
толқын кернегендей, жайылған қолдары тайталасқан таңат
дүлейлеріндей көрінді; қоңырқай маңдайдың астынан күн күркіреді,
көз жанарларынан жасын жарқылдады -осының бəрі ақпейіл
тыңдаушыларды оған өздеріне жат қорқыныш һəм құрмет ісімен көз
тігуге мəжбүр етті. Əйткенмен, енді тыныштық орнай қалды; ол
қайтадан қасиетті кітап беттерін үнсіз парақтауға кірісті; сосын
көздерін жұмып, Құдаймен жəне өз-өзімен сырласқандай, бір сəт
қыбыр-қимылсыз тұрды.
Содан кейін ол өзінің діндарларына қарай, алға еңкейді, басын
барған сайын төмен ұмсынып, аса терең əрі асқан қайсарлықпен
бойұсынған кейіпте мына сөздерді айтты:
- Менің матрос бауырларым! Құдай сендерге бір ғана қолын салды,
Ол мені қос қолымен басып тұр. Маған жіберілген көмескі жарықта мен
өздеріңе бір тағылым айттым, барлық күнəһарларды, демек, сендерді,
одан да көбірек - мені Жоһан соған үйретеді, өйткені, мен - сендерден
де асқан күнəһармын. Мені, тірі Құдайдың кемешісін Жоһан үйрететін
бұдан да үрейлі, осынау екінші тағылымды маған сендердің біреуің
оқитын болсаңдар, мен соны тап қазір осы мачтадан қандай
қуанышпен төмен түсіп, өздерің отырған палубаға жайғасып, дəп
сендер сияқты ұйып тыңдар едім-ау. Кемеші-пайғамбарлық
пешенесіне жазылған, ақиқаттың абыз сəуегейі болған Жоһан
Жаратқан Иеден былықшылыққа батқан Ниневияға жағымсыз
шындықты аян етуге бұйрық алады да, алайда осы шаһар
тұрғындарының жаулығын қоздырудан қорқып, Иоппияда кемеге
мінгенде өзіне Құдай жүктеген парызынан əмбе Жаратқаннан қашып
құтылып кетпекке əрекеттенеді. Бірақ Құдай барлық жерде де бар;
Фарсиске Жоһан ақыры жете алмады. Сендердің естеріңде, Құдай оны
кит кейпінде қуып жетіп, ажалдың қайнаған құрдымына сүңгіте жұтып
жіберді де, шапшаң бойлап, өзімен бірге "теңіздің қақ төріне" ертіп ала
кетті, ол жақта бұрқылдаған иірімдер оны мың мильдік тереңдікке
тартып əкетті, "əм оның басына теңіз шөбі оратылды", күллі қасірет
атаулының ақпалы дүниесі соның үстіне сорғалады. Бірақ кит
мұхиттың ең түбіне түскен кезде, өлшегіш аспап бойлай алмас
құрдымнан да, "тозақ құрсағынан" да - əне, сол жақтан да тұңғиықта
тəубеге келген пайғамбар даусын Құдай естіді. Сонда Жаратқан Ие
китке айтты, сөйтіп, бой қалтыратар суық теңіз түнегінен кит жылы да
шуақты күнге қарай, ауа мен жердің барлық ғажайыптарына қарай
заулай жөнеліп, "Жоһанды құрлыққа құсып тастады", сонда
Жаратқанның сөзі тағы та естілді, енді сілесі құрыған шала-жансар
Жоһан əлде де болса, құдды екі теңіз қабыршағындай өзінің
құлақтарында тұнған ызы-қуыт мұхит гүрілін естіп жатып, - Жоһан
Құдіреттің əмірін орындады. Бұл қандай əмір еді, бауырларым? Ол
өтіріктің алдында Ақиқатты жария ету əмірі еді!
Міне, достарым менің, екінші тағылымның мəн-жайы осындай,
ендеше, соларды елең қылмайтын тірі Құдайдың кемешісі нағыз сор
маңдай. Жалған дүниеге Жаратқанның парызынан көңілі бөлінушінің
соры қайнайды! Құдай дауыл болсын деп əмір еткенде, толқындарға
май құюшының соры қайнайды! Үрейді ұшыруға емес, көлгірсуге
ұмтылушының соры қайнайды! Жақсылықтан да жақсы атын артық
көрушінің соры қайнайды! Бұл дүниеде абыройы төгілуден қашқанның
соры қайнайды. Тіпті, өтірікте амандығын сақтаса да, ақиқаттан
тайғанның соры қайнайды! Иə, ұлы жол бастаушы Павел айтқандай,
басқаларға уағыз айтып, өзі масқарада қалушының соры қайнайды!
Оның ұнжырғасы түсіп, бір сəтке естен айырылғандай күй кешті;
сосын алдындағы кісілерге енді терең шаттықпен нұр жайнаған
дидарын қайтадан көтеріп, құдіретті шабытпен саңқылдай жөнелді:
- О, менің матрос бауырларым! Əрбір қайғымен қатар оң қолда
бұлжымас рақат-шапағат жүзіп жүреді, қайғы тұңғиығының төменге
бойлағанынан осынау шапағаттың ұшар басы одан да ары ту биікке
шырқап кетеді. Тура орталық діңгектегі тік желкеннің биіктігі
кильсонның тереңдігінен асып түсетіні тəрізді. Жоғарыдағы шырқау
биікке жəне ішкі тереңге талпынған шапағат, мына жердің менмен
құдайлары мен əміршілеріне əрқашан өзін-өзі қайыспай қарсы
қоюшыға шапағат жаусын. Осынау опасыз, оңбаған дүниенің кемесі
аяғының астында су түбіне кетіп бара жатқанда қайратты қолдарымен
соны əлде де сүйемелдеуші рақатқа кенелсін. Шөкімдей шындыққа
бола күресіп, тіпті, сенаторлар мен қазылардың желбегейінің астына
жасырынған күнəның өзін ойрандап, өртеп, өрем қаптырушыға
шапағат жаусын. Брамсель сияқты биік шапағат, өзінің жаратқан
Құдайынан басқа ешбір заңды да, қожайынды да мойындамайтын бір
ғана Отаным . Мен осы күйге немесе өзіме-өзім бас ұрмай, саған бой
ұсынуға ұмтылдым. Бірақ мұның бəрі маңызды емес. Мен саған
мəңгілікті қалдырмаймын, өйткені, өзінің Құдайынан ұзақ
жасайтындай ол сонша кім?" деп кім айта алса - мəңгілік рақат пен
қуаныштың еншісі.
Бұдан басқа ол түк айтпады, тек отырғандарға баяу ишарамен қарай
берді, сосын бетін алақандарымен жауып, жұрт түгел өзін қалдырып
тарап кеткенге шейін тізерлеген қалпында тұрып қалды.
Х Тарау
ЖАНДОС
Шіркеуден "Кит бұрқағы" мейманханасына оралғанымда мен онда
бата беруден сəл бұрын кетіп қалған жалғыз Квикегті ғана кезіктірдім.
Ол аяғын торлы шарбаққа қойып, каминнің алдындағы орындықта
отыр екен, бір қолымен өзінің кішкентай қара пұтын көзіне жақындата
ұстаған, пышақтың жүзімен оның мұрнын ақырын сызып, бетіне
қадала қарайды, сонымен бірге өзінің мəжусилық мəнерімен əлденені
ыңылдап əндетіп қояды.
Мені көргесін ол өзінің құдайын былай қоя салды да, үстелге келіп,
одан үлкен кітапты алды, сосын оны тізелерінің үстіне орнықтырып,
оның парақтарын бар зейінімен санауға кірісті; байқауымша, əрбір
жарты жүзді санап болған сайын ол бір сəтке кідіріп, абыржи əрі аң-таң
қалыпта аңырып, құйқылжыта созып ысқырып жібереді, ал, сосын
келесі жарты жүзді санауға кіріседі, сірə, санауды басынан бастайтын
болса керек, елуден ары қарай санау білмейтін секілді, ал, кітаптағы
парақтардың көптігіне таңырқауы мұнда олардың елу-елуден көп рет
қайталануына байланысты ғана туындаған.
Мен оны асқан зейінмен тамашаладым. Ол жабайы болғанымен
жəне бетін, сайып келгенде, менің талғамымдағы піскіленген сурет
сұмдық айғыздағанымен, сонда да болса оның сырт келбетінде бір
жағымды нəрсе болды. Жанды жасыра алмайсың. Мен осынау үрейлі
тыртықтардың астынан қарапайым адам жүректің белгілерін айыра
алатын сияқтандым, ал, оның от шашқан өжет те үлкен қара көздерінің
тұңғиығынан мың албастыдан да ықпайтын рух сығалады.
Басқасының барлығын былай қойғанда, бұл мəжусидің қимылқылықтарында, тіпті, оның икемсіздігінің өзі жасыра алмайтын
əлдебір айбын-айбат болды. Оның түр-тұрпатының өзі-ақ ешқашан
құлдық ұрмаған жəне ешқашан қарызға батпаған адам екенін
айтқандай. Басын тақырлап қырғызғандықтан ба екен, биік маңдайы
бедерлі əрі мейлінше кең болып көрінді, əлбетте, мен мұны шешімді
түрде айта алмаймын, бірақ, френологтың тұрғысынан алғанда, оның
бас сүйегінің ғажаптығы еш күмəнсіз. Мүмкін, күлкілі болып көрінер,
əйткенмен, оның басы мəшһүр мүсіндегі генерал Вашингтонның басын
есіме түсірді. Квикегтің де қастарының үстінде дəл сондай ұзынша,
біртіндеп шегінген түзу еңіс болды, ал, қастары құдды ұйысып өскен
жыныс орманды екі ұзын мүйістей алға қарай ұмсына түскен. Квикег
Джордж Вашингтонның каннибалдық нұсқасы еді.
Сыртында боран ұйтқыған терезеге өтірік көз тіккен болып өзін
үңіле шолып тұрғанымда, ол маған титтей де көңіл аудармады, мен
жаққа, тіпті, селт етіп бір қарамады да - ол өзінің ғажайып кітабындағы
парақтарды қайталап санауға соншалықты беріліп кеткен-ді. Өткен
түнді екеуміз қандайлық достық рəуіште өткізгенімізді, əсіресе,
таңертең оянған кезімде оның қолы өзімді қалай елжірей
құшақтағанын ұмытпаған мен мына селқостықты тым рабайсыз деп
таптым. Бірақ жабайылар - түсініксіз мақұлықтар, кейбір реттерде
оларға қалай қарау керектігін де жөнді білмейсің. Бастапқыда олар
бізді бір құрмет сезіміне бөлейді, олардың шексіз қарапайымдылығы
мен сабыры Сократтың даналығындай елестейді.
Айтқандай, мен Квикегтің мейманханадағы басқа теңізшілермен
мүлдем дерлік қатынаспайтынын байқадым. Құдды, таныстық
шеңберін кеңейтуді құйттай да қаламайтындай, ол жақындасуға
ешқандай əрекет жасамады. Мұның бəрі маған адам айтқысыз өзгеше
болып көрінді; алайда, азырақ ойланған соң, мен мұнда, тіпті, əлдебір
рухани артықшылық барын ұқтым. Менің алдымда туған ошағынан
мыңдаған миль алыстап кеткен, Горн мүйісін айналып ұзақ жол
жүрген - себебі, ол жақтан басқа жол жоқ - бейне Юпитерге тап
болғандай, өзіне бөтен адамдардың арасындағы жалғыз адам отырды;
соған
қарамастан
ол
толық
салқынқандылығын
сақтап,
жалғызсырамай əрі əрқашан өзіндік мінезін жоғалтпай, өзін мейлінше
еркін ұстайды. Шындығында, бұдан кəнігі философты көреміз,
əйткенмен, ол, əлбетте, пəлсапа жайында ешқашан есітпеген. Бірақ біз,
пенделер, осыған саналы түрде ұмтылмаған кезде ғана нағыз философ
болуымыз ықтимал. Егер əлдекім өзін философпын деп дабырайтып
жатқанын естісем, мен бірден оны əлгі бір кемпірдей "сілесі қатып
алжыған" деген тұжырым жасаймын.
Бөлмеде бізден басқа жан баласы жоқ. Ошақтағы от əлсіз жанып
жатыр, ол өзінің алғашқы қызуымен үйді жылытқан сатысынан өтіп,
енді тек ойлана көз тастайтын бірдеңе болу үшін ғана шоқтанып жалтжұлт жайнайды; ал, терезенің сыртында кешкі елестер топырлап, біз
екеуміз оңаша үнсіздікте отырған бөлмеге көлеңкелер сығалады;
боранның ұлуы біресе салтанатпен өрлеп, біресе қабырғаның
сыртында тына қалады; енді менің жанымда түсініксіз сезімдер ояна
бастады. Ішімде бірдеңе жібіп еріді. Мен өзімнің назалы жүрегім мен
ызалы қолым мұндағы қасқыр əлемге қарсы енді қайтып
соғыспайтынын сезіндім. Бітімге келтірген татуластырушы мына
жабайы. Міне, ол менің алдымда отыр, оның осы сабырлылығының өзі
көлгірсіген өркениетті екіжүзділік пен сыпайы жалғандыққа жат
мінез-құлықтан хабардар еткендей. Əрине, ол - жабайы, əрі - сирек
кездесетін сұрықсыз құбыжық, бірақ мен өзімнің соған бір түрлі
жұмбақ түрде елігіп тартыла бастағанымды сезіндім. Мені бейне күшті
магниттей тартқан нақ осы нəрсе кез келген басқа біреуді бездіріп
жіберер еді. Христиандық ақпейілділік небары бос сыпайылық болып
шыққаннан соңғы жерде, деп ойладым мен, мəжуси-доспен тіл
табысып көрейін. Сөйтіп, оған орындығымды жылжытып қойып, əр
түрлі жылы шырайлы ишара-ымдар жасай бастадым, сонымен қатар
онымен қалайда əңгімелесуге тырыстым. Əуелде ол менің
əрекеттеріме
көңіл
аудармады,
бірақ
мен
оның
түнгі
меймандостығына жүгінген кезде, ол маған біз бүгін түнде де бірге
ұйықтаймыз ба деп өзі сұрақ қойды. Мен басымды изеп жауап бердім,
маған ол бұған ырзалық танытқандай, бəлкім, тіпті, азырақ марқайып
қалғандай болып көрінді.
Сосын біз əлгі қалың кітапты бірге парақтай бастадық, мен оған
кітап басудың мақсатын түсіндіруге жəне онда берілген бірнеше
суреттің мағынасын ұғындыруға əрекеттендім. Осылайша көп ұзамай
оны еліктіріп, баурап алдым, енді кішкенеден соң ол екеуміз осы əйгілі
қалада кездесетін барлық таңғажайып нəрселер жайында əліміз
жеткенше шүлдірлесіп бақтық. Сосын мен: "Темекі шегеміз бе?" деп
ұсыныс жасадым - ол өзінің темекілі шилан-дорбасы мен айбалтасын
алып шығып, маған құшырлана соруға құрметпен ұсынды. Біз екеуміз
осылай, оның тұрпайы қорқорын қолдан-қолға беріп, асықпай, алмакезек түтіндетіп отырдық.
Егер бұған дейін менің мəжусиімнің кеудесінде əлде де селқостық
мұзы қалған болса, енді мына қорқорымыздың шуақты оты оны
майдай ерітіп, біз жан дескен жақын достарға айналдық. Мен оны
қалай табиғи түрде, емін-еркін жақсы көрсем, ол да мені солай ұнатып
қалды. Темекіні құмардан шыға шегіп болған кезімізде ол
маңдайымызды түйістіріп, мені белімнен қыса құшақтады да, бүгіннен
бастап біз некелестік деді - оның еліндегі дəстүрлі мəтел бойынша,
мұнысы біз екеуміз енді айырылмас достармыз жəне егер қажеттілік
туа қалса, мен үшін жан қиюға дайынмын дегені екен. Менің
отандасымның бойында достық көңілдің мұншалықты тез лап етіп
тұтануы тым асығыс һəм сенімге лайықсыз боп көрінер еді, бірақ аңқау
жабайыға мұндай ескілікті өлшемдер сəйкеспейді.
Біз кешкі асымызды ішіп, тағы кішкене шүйіркелестік те, тағы бір
қорқорды шегіп, бөлмемізге бірге бет түзедік. Осы арада ол маған
бальзамдалған жаңазеландиялық басты сыйға тартты, сондай-ақ,
өзінің үлкен дорбасын шығарып, сондағы темекіні ақтарыстырып,
соның арасынан отыз доллар шамасында күміс ақша алып шықты,
сосын оларды үстелдің үстіне жайып тастап, екі тең үймеге бөліп,
біреуін маған қарай жылжытты да, мынау - сенікі деді. Мен бас
тартпақшы болып едім, бірақ ол мені тыңдағысы да келмеді, əншейін
алды да, теңгелерді қалтама сала салды. Ақшаны қалтамның түбінде
қалдыруға тура келді.
Бұдан кейін ол өзінің кешкі ғибадатына дайындала бастады, пұтты
алып шығып, қағаз қалқаны ары қарай жылжытты. Кейбір белгілері
мен нышандарына қарап өзіне менің де қосылғанымды қалайтынын
түсіндім, бірақ, күллі рəсімді есіме алғасын, егер ол мені шақыра қалса,
келісуім керек пе, əлде, жоқ па деп ойлана тұруға бекіндім.
Мен кінəратсыз пресвитериандық шіркеу аясында туып,
тəрбиеленген адал христианмын. Ендеше, мына жабайы пұтқа
табынушыға қосылып, онымен бірге қайдағы бір ағашқа қалай
табынбақпын? Бірақ сол табыну дегеннің өзі не? Əй, Измаил, сен
немене, күллі көктер мен жердің - демек, мəжусилер мен басқа да
барлығының - қайырымды Құдайы қара ағаштың түкке тұрғысыз
кесіндісін қызғанады деп ойлайсың ба? Олай болуы мүмкін емес! Ал
бірақ Құдайға табыну деген не? Оның еркіне мойынсұну, солай емес
пе? Ал, Құдайдың еркі неден білінеді? Өз жақыным тарапында көңілім
қалағандай іс істесем, мен тарапында ол да солай істесе - Құдайдың
еркі деген, міне, сол. Квикег - менің жақыным. Осы Квикегтің өзінен
мен не тілер едім? Енді, əрине,
Құдайға табынудың мендік пресвитериандық үлгісін қабылдауын
тілер едім. Демек, мен онда оның үлгісін қабылдауға тиіспін, erqo1 мен
пұтқа табынушы болуға тиіспін. Сондықтан, мен жаңқадарды жағып,
байғұс бейзалал пұтты орналастыруға көмектестім, Квикегпен бірге
оған күйген қуырмаш нан жегіздім, екі немесе үш peт еңкейе тəжім
етіп, мұрнынан сүйіп те алдым, тек осының бəрінен кейін ғана біз
шешініп, əркім өзінің ар-ұжданымен һəм бүкіл əлеммен бейбіт
жағдайда, төсекке жаттық. Бірақ ұйықтамас бұрын тағы кішкене
əңгімелестік.
Гəптің неде екенін білмеймін, əйтсе де достық сырласулар үшін
ортақ кереуеттен артық жер жоқ. Күйеуі мен əйелі мұнда бір-біріне өз
жандарының нағыз тұңғиық тереңдігін ашады дейді, ал, егде жұбайлар
көбіне-көп таң атқанша ояу жатып, бұрынғы күндер жайында
шүйіркелесіп сыр шертіседі. Жаймашуақ, сүйіскен жұптар - біздің
жандарымыздың бал айында Квикег екеуміз де солай жаттық.
XI тарау
ТҮНГІ ІШ КӨЙЛЕК
Біз осылай кереуетте жатып, біресе мылжыңдасып, біресе көзіміз
ілініп кетіп, өзімізді нағыз достарша еркін сезінгеніміз сондай, тіпті,
Квикег оқта-текте өзінің сурет піскіленген қызыл қоңыр аяқтарын,
өзімсініп, менің аяқтарымның үстінен созып жіберді; бірақ, сайып
келгенде, біздің сырласуымыз ұйқымызды шайдай ашты, сөйтіп, біз
таң шапағы əлі білінбегеніне, таң əлі алыс екеніне қарамастан, қазір-ақ
тұрып кетуге əзір едік.
Екеуміздің көзімізде де ұйқы қалмады, тіпті, жата-жата шаршадық,
содан біршама уақыт өткенде көрпені қымтай оранып, кереуеттің ағаш
арқалығына сүйеніп, төрт тіземізді тығыз түйістіре, жайланып
отырдық, тізелеріміздің ұршықтарында, құдды табадағы сияқты,
қызған шоқтар жатқандай, тап үстерінен біздің екі мұрнымыз
салбырады. Бізге тым жақсы əрі жайлы еді, оның үстіне сыртта, сыртта
ғана емес-ау, бөлмеде де аяз, өйткені, камин жағылмаған ғой. Менің
"оның үстіне" деп айтатын себебім, сіздің денеңіздің əлдеқандай бір
шағын бөлігі суықта қалғанда ғана жылуға ақырына дейін рақаттануға
болады, өйткені, біздің бұл дүниеде қарама-қарсылықтан тысқары өмір
кешіп жатқан қасиет - сапа жоқ. Өз бетінше ештеңе өмір сүрмейді. Егер
сіз өзіңізге - бастан аяққа дейінгі бүткіл денеңізбен - көптен бері өте
жақсы жəне жайлы деген оймен тоқмейілсуге берілсеңіз, демек, онда
сізге енді жақсы да жəне жайлы да емес. Алайда, егер сіздің, төсекте
отырған Квикег екеуміз сияқты, мұрныңыздың ұшы немесе басыңыз
жаураса, міне, сіз сол кезде сондай ғажайып, ештеңемен салыстыруға
келмейтін жылу сезімін бастан кешесіз. Осы долбарға жүгінсек, сіз
жатқан бөлмеде ешқашан от жағылмағаны абзал; жылы жатынжай байлар бастан кешетін аста-төк ыңғайсыздықтардың бірі. Рақаттың
көкесі - бір жағынан, өзің мен өз жылуыңның жəне, екінші жағынан,
сыртқы əлемнің суығының арасында - жүн көрпеден басқа ештеңе
болмауы ғой. Сіз сонда дəп бір Арктика мұздағының қақ жүрегіндегі
жалғыз жылы ұшқын сияқты жатасыз.
Мен кенеттен көзді ашатын уақыт болды деп шешкенге шейін біз
осылай тіземізді қысып, тым ұзақ отырдық. Мəселе мынада, - күндіз
болсын, түнде болсын, ұйықтаймын ба, жоқ па - мен төсекте əрқашан,
көрпенің астындағы рақатқа толығырақ берілу үшін көзімді жұмып
жататын дағдым бар. Өйткені, тек кірпіктері айқасып тұрған кезде
ғана адам өзінің жеке-даралығын ақырына дейін сезіне алмақ, құдды
біздің тіршілігіміздің қасиетті қайнары - өзіміздің өткінші тəнімізге
неғұрлым тартымдырақ жарық емес, нақ сол бір қараңғылық сияқты.
Міне, мен көзімді ашып, өзім жасаған жайлы қараңғылықтан маған
сырттан таңылған айсыз түннің тұрпайы түнегіне тап болдым - өте
шұғыл əрі тым жағымсыз өзгеріс. Сондықтан да Квикег біз бəрібір
ұйықтап жатпағасын, жарық жаққан жаман болмас еді деп, оның үстіне
өзінің айбалтасынан жайлап бір-екі соруға аса құмартып тұрғанын
тұспалдағанда мен мүлдем де қарсы болмадым. Бір айтарлық жай, егер
осы түннің қарсаңында мен оның төсекте темекі шеккеніне үзілдікесілді қарсы болсам, енді өзіңіз байқаңызшы, адамдар арасында туған
махаббат иліктірген кезде біздің тастай қатқан қағидаларымыз қандай
икемді. Енді маған Квикегтің қасымда əрі, тіпті, төсекте темекі
тартқаны кереметтей ұнады, өйткені ол осы кезде сондай бей-жай,
ырза, үй ішілік кейіпке енді. Мен енді қожайынның сақтандыру
полисіне қатысты бостан-бос алаңдап əуреленбедім. Мен тек нағыз
доспен көрпе жəне қорқор бөліскенімнен жан жүрегімдегі рақатты ғана
сезіндім. Иықтарымызға сабалақ жүнді бушлаттарымызды жамылған
біз жағылған шам жарығында тербетіле, өз үстімізде көк түтін
шымылдығы байқаусыз өсіп шыққанға шейін шегілген айбалтамызды
бір-бірімізге алма-кезек бере беріппіз.
Əлде, осы толқындай түрленген тербеліс жабайылығымен аулаққа,
алыс жағалауларға еліктіріп əкетті ме, білмеймін, ол өзінің туған аралы
туралы айта бастады, ал, мен оның тарихын тыңдауға құмарттым; сол
үшін де бастағанын жалғастыруын қояр да қоймай өтіндім. Ол менің
өтінішімді ықыластана қанағаттандырды. Сол кезде оның көптеген
сөздерінің мағынасын бұлдыр ұғынғаныммен, соған қарамастан, оның
бір үзік сөз тіркестерімен неғұрлым жақын танысудың нəтижесінде
ашқан кейінгі жаңалықтарым маған енді осы хикаяны мына жерде
қазіргі ықшам қалпында баяндап келтіруіме мүмкіндік береді.
XII тарау
ҒҰМЫРБАЯН
Квикег
алыстағы
оңтүстік-батыста
орналасқан
Коковоко
аралындағы түземдік болатын. Картада бүл арал таңбаланбаған нағыз ғажап жерлер картада ешқашан белгіленбейді.
Құдды жасыл өрімталдың айналасында тұрғандай-ақ, қаумаланған
ешкілер жеп қоймаққа жанталасқан сабан алжапқышпен ну орманның
арасында қараусыз жүгіріп жүрген, əлі жаңа туған жабайы балақан
бола тұра - тіпті, сол кезде-ақ Квикег өзінің асқақ жанының тереңінде,
жолай соққан екі-үш кит аулаушы кемелерді тамашалаумен
шектелмей, христиан əлемін жақыннан көруге қатты құмартқан
аңсарлы тілекті бастан кешті. Оның əкесі жоғарғы көсем, жергілікті
монарх, ағайы - жоғарғы бас абыз болды, ал, анасы жағынан ол
бірнеше апайымен - жеңілуді білмейтін жауынгерлердің əйелдерімен
мақтана алатын. Ендеше, оның тамырында нағыз бекзаттық корольдік қан бүлкілдеді, əйткенмен, бір қынжылатын жай, сол қан
оның өзінің жүгенсіз жастық шағында ерік берген адам жегіштік
бейімімен бүлінбеді ме екен деп қорқамын.
Бірде оның əкесінің шығанағына Сэг-Харбордан бір кеме келіп кірді,
сол арада Квикег өзін христиандардың жерлеріне алып баруды сұрай
бастады. Алайда, кеменің командасы толық жасақталып қойылған
болатын, сол себептен оның өтініші қабыл алынбады, тіпті, оның
патша əкесінің күллі ықпалы да бұл арада түк өзгерте алмады. Бірақ
Квикег өзіне ант берді. Өзінің қайығымен ол алыстағы бұғазға жалғыз
жүзіп барды, аралдан кеткеннен кейін кеменің нақ осы арадан өтуге
тиіс екені оған мəлім еді. Бұғаздың бір қапталында маржан тауы
созылып жатты, екінші жағында - жерден ғана емес, жағадағы судан да
қаулай көтерілген қалың мангр өскен жатаған түбек. Осы тоғайға ол
қайығын жасырып, тұмсығымен теңізге қаратып қойды, ал, өзі ескекті
төменірек ұстап, арт жақта отырды; сонда, кеме қасынан қалқып өтіп
бара жатқан кезде, тура найзағай сияқты, көлденеңнен лап қойды,
борттың түбіне есіп келіп, аяғымен бір итергенде қайығын тоңқарып
түсіріп суға батырды да, жоғарыға өрмелеп шығып, палубада ұзын
бойымен етпетінен созылып жата қалды, содан шығыршыққа қос
қолдап тастай қатып, тіпті, паршалап шапса да қолымды жазбаймын
деп ант берді.
Капитанның оны кеменің сыртына лақтырамын деп қорқытқаны да,
жалаңаш білегіне балта сілтегені де бос əурешілік болды. - Квикег
патшаның ұлы еді, Квикег сертінде тұрды. Ақыры, оның жүрек жұтқан
қайсарлығы мен христиан əлеміне баруға деген соншалықты ыстық
құштарлығына қайран қалған капитан ашуын қайырымдылыққа
ауыстырып, Квикегке кемеде қалып, ыңғайлырақ жайғаса беруіңе
болады деді. Бірақ осынау асыл текті жас жабайы - күнгей теңіздердің
Уэльс ханзадасы - тіпті, капитан каютасын да сол бойы көрмеді. Оны
матростармен бірге кубрикте орналастырды, сөйтіп, ол кит аулаушы
болды. Бөтен елдердің айлақтарында кеме жасауды үйреніп,
ықыласпен балташы болған Петр патша сияқты, Квикег те, тек өзінің
қара өңді отандастарының көкірек көзін ашу мүмкіндігін сыйласа
болды, ешбір ең жексұрын жұмыстан да арланып жиренбеді. Өйткені,
маған өзі сыр қылып айтқанындай, жанының тереңінде ол
христиандар арасында өз халқын бұдан да бақыттырақ етуге, оның
үстіне, қазіргісінен де жақсырақ етуге қабілетті өнерлерге үйрену
орайындағы құпия тілекті темірқазық нысана етті. Бірақ, амал қанша,
кит аулаушылар арасындағы өмір көп ұзамай христиандар да
бақытсыз əрі кінəратты болатынына, тіпті, өз əкесінің қол астындағы
кез келген мəжусиден əлдеқайда бақытсыз əрі кінəратты болатынына
оның көзін жеткізді. Ол ақыры ескі Сэг-Харборға келіп, онда
матростардың өздерін қалай ұстайтынын көргенде, сосын Нантакетке
де жетіп, мұнда олардың өз ақшаларын неменеге жұмсайтынын
көргенде, байғұс Квикег бəріне қолды бір-ақ сілтеді. Бүл дүниеде
жамандық кез келген ендікте өмір сүреді, деді ол өзіне, сондықтан,
одан да мəжуси болып өлгенімнің өзі жақсы.
Ақыры осылай боп шықты, күллі жан жүрегімен əзелден пұтқа
табынушы, ол соған қарамастан, христиандар арасында өмір кешті,
солардыкіндей киім киді, былайша айтқанда, солардың тілінде сөйлеп
үйренді. Туған үйін баяғыда тастап кеткенімен, оның бүкіл тосын
мінездері де - осыдан.
ІІІамам келгенше сыпайылық сақтап, мен одан үйіне қайтатын жəне
патшалықтың тағына отыратын ниеті жоқ па екенін сұрадым, өйткені,
өзінің естуінше, көптен бері əл-қуаты кеткен кəрі əкесі, əрине, қазір тірі
емес. Ол əзірге ондай ниетім жоқ деп жауап берді; сосын бұған дейін
отыз мəжуси патшалары отырған, кіршіксіз таза бабалар тағына
көтерілуге өзін дəлірек айтқанда, христиандар лайықсыз етіп тастаған
жоқ па деп қорқатынын қосып қойды. Бірақ бір кездерде, деді ол,
бойдағы сұрқиядан тазарғанымды қайтадан сезіне салысымен - мен
əлі қайтып ораламын. Ал, оған шейін ол жастықтың қызығына беріліп,
барлық төрт мұхитты еркін шарлап жүзуден жалықпайды. Оған мұхит
гарпун кезеуді үйреткен, енді патшаның асатаяғының орнына оның
қолында осы түйрегіш қару.
Мен оның таяу болашаққа қандай жоспарлары барын сұрадым. Ол
өзінің бұрынғы қызметімен жүзуге қайтадан барғым келер еді деп
жауап берді. Осы арада мен оған өзімнің де кит аулайтын кемеге кіруді
ойлағанымды айттым, əрі бұл үшін Нантакетке -жаңа бастаған кит
аулаушы мен шытырман оқиға əуесқойларының ең арманды да
аңсарлы айлағына тап болу ниетімді бөлістім. Ол бірден сол аралға
менімен бірге аттануға, мен мінетін кемеге кіруге, менімен бір кезекке,
бір вельботқа, бір үстелге тап болуға қысқасын айтқанда, біз берік қол
ұстасып, Ескі Əлемде де, Жаңа Əлемде де өзімізге сəтін салған нəрсенің
бəрін батыл қарпи алуымыз үшін менімен тағдырдың барлық
алмағайыбын бөлісуге шешім қабылдады. Мұның бəріне мен қуана
келістім, өйткені, оны ендігі жерде жақсы көріп қалуымнан басқа,
Квикегтің - тəжірибелі гарпуншы екендігі жəне сол себептен де, сауда
кемесінің теңізшісіне лайықты деңгейде теңізбен тəп-тəуір таныс
болғаныммен, кит аулау кəсібінің құпияларынан мүлдем бейхабар мен
сияқты адам үшін оның жүзу сапарында таптырмас жолдас
болатындығы менің көңіліме медет болды.
Соңғы сорумен бірге өзінің əңгімесін аяқтаған Квикег мені құшақтап,
маңдайларымызды түйістірді, содан соң біз шырақты үрлеп өшіріп,
көп ұзамай бір-бірімізден кереуеттің екі жағына аунап түсіп, ұйықтап
жаттық.
XIII тарау
АРБАША
Келесі таңда, дүйсенбіде бальзамдалған басты бір шаштаразға
жасанды шаш қалыбы ретінде сатып, мен өзім жəне досым үшін есеп
айырыстым - əйткенмен, бұл орайда досымның ақшасын
пайдаландым. Квикег пен менің арамда кенеттен пайда болған
достықты көргенде біздің мəз болғыш қожайын, онымен бірге барлық
пəтершілер қалай ыржалақтап көңілденді десеңізші, өйткені, Питер
Гроб айтқан өтірік аңыз əңгімелер бастапқыда мені қатты шошытып,
қазіргі дос боп жүрген адамға қарсы айдап салған ғой.
Біз біреудің арбашасын сұрап алдық та, оған өзіміздің көр-жер, киімкешегімізді, соның ішінде, менің аянышты қол сандығымды, сондай-ақ,
Квикегтің кенеп қабы мен бүктелген кереуетін тиеп, "Қына" дейтін
шағын нантакеттік пакетбот аттанғалы тұрған кеме-жайға асықтық.
Біз көшелермен жүріп келе жаттық, өткен-кеткендер бізге, бізге
болғанда, Квикегке емес - өйткені адам жегіштерге бұл қалада үйреніп
кеткен - біздің жақындығымызға қайран қалып, нақ осы екеуміздің
жұбымызға таңырқай көз салды. Бірақ біз бұған құйттай да назар
аудармадық - біз алға қарай адымдадық, арбашаны кезекпен итеріп,
оқта-текте Квикег өз гарпунының ұстарасындағы қаптаманы түзетіп
алуы үшін тоқтап отырдық. Мен одан құрлықта мұндай қолапайсыз
затты өзімен бірге неге алып жүретінін сұрадым - əрбір кит аулайтын
кемеде өз гарпундары жеткілікті емес пе? Ол менің мұныма шын
мəнінде, əлбетте, сенікі дұрыс, бірақ мен өзімнің меншікті гарпунымды
ерекше қастерлеймін, себебі, оның ұстарасы айрықша суарылған
болаттан соғылған, көптеген қиян-кескі айқастарда сыналған жəне кит
жүрегімен жақынырақ танысқан деп жауап берді. Қысқасын айтқанда,
мүлдем міндетті болмаса да, фермер шабындығына өз шалғыларымен
жарақтанып шығатын көптеген орақшылар' мен шалғышылар тəрізді,
- Квикег те өзінің əлдебір жеке пайымдарына орай меншікті гарпунын
артық көрді.
Менен арбашаның тұтқасын қайтып алған ол маған өзінің арбашаны
алғаш қалай көргені жайындағы қызық хикаяны айтып берді. Оқиға
Сэг-Харборда болыпты. Кеменің қожайындары оған өзінің зілдей
сандығын матрос пансионына жеткізіп алсын деп арбаша береді.
Сайып келгенде, онымен не істеу керектігін ол мүлдем білмейтін, енді
өзінің дым білместігін көрсетпеу үшін Квикег оның үстіне сандығын
қойып, мықтап байлайды да, сосын соның барлығын иығына артып,
кемежайда адымдап жүріп кетеді.
- Құдайым-ау, Квикег! - деймін мен. - Сен шынымен-ақ осындай
қарапайым нəрселерді білмедің бе? Сірə, жұрт саған күлген шығар?
Сөйтсем, ол енді екінші бір қызық жайды əңгімеледі. Оның туған
аралы Роковокода үйлену тойларын өткізгенде түземдіктер жас
кокостардың тəтті шырынын пунш қайнататын тостаған тəрізді,
əдемілеп боялған үлкен асқабаққа сығып құяды, осы асқабақ əркез
тамақтар қойылатын үлкен өрменің ортасында басты əшекей болып
табылады. Бірде Роковокоға үлкен көпестер кемесі келеді, содан,
барлық пікірлер бойынша, қалай болғанда да, теңіз капитаны
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.