Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 35

Total number of words is 3953
Total number of unique words is 2296
28.3 of words are in the 2000 most common words
39.9 of words are in the 5000 most common words
45.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болды да, мен өзімді артық дюймдарға бола қинамадым, əрі əңгіме
киттің шынайы көлемдері туралы болып тұрғанда, қайдағы дюйм?
СІІІ тарау
КИТ ҚАҢҚАСЫНЫҢ
КӨЛЕМДЕРІ
Ең алдымен, мен осы арада, қаңқасы қазір алдымызға көрмелікке
жайылып салынуға тиісті левиафанның тірі салмағына қатысты бір
жеке пайым-пікірді келтіргім келеді. Ол өзінен-өзі тіленіп тұр жəне
бізге мұнда керегі боп қалуы мүмкін.
Оның үстіне, ішінара, ұзындығы алпыс футтық ең ірі гренландық
китте жетпіс тонна салмақ бар деп шамалайтын капитан Скорсбидің
мəліметтеріне негізделген менің мұқият' есептеулеріме сəйкес;
қайталаймын, менің осы мұқият есептеулеріме сəйкес, ұзындығы
сексен бес пен тоқсан фут аралығындағы жəне ең жуан жеріндегі
көлденеңі кемінде қырық футқа жетіп қалатын неғұрлым ірі
кашалоттың, иə, мұндай кашалогтың салмағы кем дегенде тоқсан
тонна болуы тиіс; олай болса, егер бір тоннаға он үш адамнан келеді
деп алсақ, онда оның салмағы бір мың бір жүз тұрғыны бар тұтас
қыстақ халқын көрінеу-көзге басып кетеді.
Құрлық адамының ұғымына осынау левиафанның мысқалдай да
болса сыюы үшін, құдды бірге жеккен өгіздер сияқты, қанша миды
жегу қажеттігін ойлап көріңізші!
Сіздердің алдарыңызда оның бас сүйегін, тыныстағыш тесігін,
жағын, тістерін, құйрығын, маңдайын, жүзгіш қанаттары мен басқа да
бөліктерін бұған дейін барынша көрсетіп баққандықтан, маған енді тек
оның лыпасыз қаңқасындағы көбірек қызығушылық тудыратындарын
даралау ғана қалды. Əйткенмен, толағай бас сүйегі қаңқаның жалпы
ұзындығынан соншама мол үлес алатындықтан, əрі ол оның неғұрлым
күрделі бөлігін құрайтындықтан һəм бұл тарауда ол жайлы қайтып
мүлдем айтылмайтындықтан, - сіздің оны ұдайы есіңізде немесе,
қолтығыңызда тұтуыңыз өте- мөте қажет, əйтпесе, біз қарастыруға
кіріскелі отырған бүкіл құрастырма-құрылыс туралы дұрыс түсінік
қалыптаспайды.
Транке аралында кашалот қаңқасы ұзынынан жетпіс екі фут деп
саналды; ал бұл дегеніңіз ол барша киім-кешегімен жəне тірідей
тұрқымен ұзындығы тоқсан фут болатынын білдіреді; өйткені, кит
қаңқасы дене көлемімен салыстырғанда бестің біріндей ұтылады. Осы
жетпіс екі футтың шамамен жиырмасы бас сүйегі мен жаққа, тек елуі
ғана - омыртқа жотасының өзіне келді. Ал, омыртқа жотасы
ұзындығының үштен бірін алып жатқан телімінде оған бір кездерде
жануардың барлық өмірлік маңызды мүшелерін ұстап тұрған əлеуетті
де дөңгелек қабырғалар қорабы бекітілген.
Түзу жол тарта алысқа ұзаған бір тегіс əрі ұзын омыртқа
бағанасымен бірге бұл ұлан-ғайыр кеуде сарайын мен құрастыру
алаңындағы үлкен кеме қаңқасына қатты ұқсаттым, мұнда арт жақта
аршылған бөренедей сорайған кильге тек жиырма жалаңаш шпангоут
қабырғалары ғана қойылып үлгеріліпті.
Əр тараптағы қабырғалар он-оннан болды. Егер мойыннан бастап
есептесек, біріншісінің ұзындығы алты фут; сегіз фут жəне бірнеше
дюймдық орталық қабырғалардың бірі саналатын бесіншімен
аяқталатын екінші, үшінші жəне төртіншісі бірінен-бірі ұзынырақ бола
түседі. Қалған қабырғалар кезекпе-кезек қысқарып, бар болғаны бес
футтан сəл артық оныншы һəм ақырғысымен аяқталады. Олардың
қалыңдығы негізінен, ұзындығына сəйкес келіп отырды. Орталық
қабырғалары молырақ иілген. Арсакид аралдарының кей жерлерінде
оларды жіңішкелеу өзен-жылғалардың үстіне жаяулар көпірінің
орнына қойып қояды.
Осы қабырғалар жайында сөз ете отырып, мен бұл кітапта бұған
дейін де бірнеше рет айтылған, кит қаңқасының сұлбасы өзінің тірідей
дене тұрқына онша сəйкеспейді дейтін жағдайға байланысты тағы да
қайран қалмай тұра алмаймын. Транке қаңқасындағы ең ұзын қабырға
тіршілігінде етке оранған кит ұшасының ең жуан теліміне келді. Осы
киттің ұшасының қалыңдығы мегзелген жерде кемінде он алты фут
болған болуы керек, бұл шақта сəйкес қабырға - сегіз футтан сəл ғана
артық. Ендеше, қабырғаның шамасы бұл арада тірі дененің шын
шамасын тек жартылай ғана паш еткен. Ал, одан əріде, мен қазір өз
алдымнан тек жалаңаш жота көріп тұрған жерде бұрын барлығы да
көптеген тонна ет, бұлшық ет, қан-жын жəне ішек-қарын
жамылғысымен оралып-шымқалған болатын. Одан да арыдағы жалпақ
жүзгіш қанаттардың орнынан ақ буындардың ретсіз үйме-жүйме екі
шоғырын көрдім, ал бір кездерде шомбал да айбынды, бірақ сүйексіз
құйрық қалақтары болған жерде - түк жоқ, бос кеңістік!
Осынау бұйығы тоғайда жатқан құнтиған жансыз қаңқасына қадала
қарау арқылы мына керемет киттің сырын ұғуға ұмтылу ысылмаған,
момын адамның тарапынан неткен үмітсіз ақымақшылық еді деп
ойладым мен. Жоқ. Тек өлім қаупінің бел ортасында ғана; кит
құйрығының дүлей соққылары көтерген топан су иірімінде ғана;
шетсіз де шексіз əмбе түпсіз теңізде ғана салтанат-айбынын асырған
ұлы кит туралы өміршең ақиқатты ұғуға болады.
Алайда, арқа жотасына көшейік. Оны неғұрлым көрнекі тəсілмен
таныстыру үшін, егер біз көтергіш кранның көмегімен барлық
омыртқаларды бірінің үстіне бірін үймелетіп тікесінен қойып қойсақ,
содан жақсысы болмас еді. Бұл тым тез істелетін де іс емес. Бірақ енді,
бəрі дайын болған кезде қарасақ, ол Помпейдің Александр
мұнарасынан аумай қалған екен.
Онда, жалпы алғанда, өзара тіркеспеген қырықтан астам омыртқа
бар. Олар құдды готикалық сүмбінің сұсты қырларын құраған тас
қабырғаның дөрекі қашалған нəн кесектері тəрізді, қаңқада жатыр.
Ортаңғы бөлімдегі ең үлкен омыртқа көлденеңінен аз дегенде үш фут
əмбе биіктігі төрт футтан астам. Жота жіңішкеріп, құйрыққа ұласатын
жердегі ең кішкентайының биіктігі екі дюйм ғана жəне бильярдтың ақ
шары сияқты боп көрінеді. Маған онда бұлардан да кішірек
омыртқалар болғандығын айтты, тек оларды мəрмəр домалақтардың
орнына ойнау үшін алып-алып кеткен құйттай каннибал-сотанақтар,
абыздардың балақайлары құртқан көрінеді. Осылайша біз, тіпті, тірі
хайуандардың ішіндегі асқан зор алыбының өзінің жотасы да ақыр
аяғында жоққа сайып, балалардың ойыншығы боп құритынын көреміз.
CIV тарау
ҚАЗБА КИТ
Алып кит ұшасы кез келген таратулар, асыра дəріптеулер мен кең
салыстырулар үшін дегдар нысан болып табылады. Қанша жиырылсаң
да, оны бəрібір қысқарта алмайсың. Кит өзі хақында тек сəндісалихалы in Folio томдарында ғана баяндауды талап етуге хақылы.
Тыныстағыш тесігінен құйрыққа дейінгі оның барлық ұзына бойы
сажындары мен белінің көлденеңінің көптеген ярдтарын қайтадан
жүріп өтпес үшін, құдды соғыс кемесінің төменгі палубасында үйіліп
қойылған жуан арқандар мен болат шынжырлардай, оның ішінде
шумақ-шумақ боп будаланып жатқан ішектерінің дəу шырмауықшиыршықтарын тек көзіңе елестетсең жеткілікті.
Левиафанды меңгеруді ақыр қолға алған екем, мен енді оның
қанындағы бірде-бір титтей ұрықты елеусіз қалдырмай, одан соңғы
орамына дейінгі барлық ішегін суырып шығарып, бұл істемейінше
толық білгірлік танытуым керек. Бірақ мен оны қылық-дағдылары мен
бітім-тұрпатының бүкіл замани өзгешелігімен суреттеп бердім, енді
маған оны тек археологиялық, қазбалық, атам-заманғы көзқарас
тұрғысынан дəріптеу ғана қалып тұр. Левиафанға емес, кез келген
басқа мақұлыққа - айталық, құмырсқаға немесе, бүргеге қолданылса,
бұл салтанатты теңеулер артық лепірме болып көрінер еді. Бірақ
əңгіме левиафан жайында өрбігенде бəрі түбірінен өзгереді. Мен
осынау тəуекелді іске, тіл байлығымдағы аса салмақты сөздердің
зілмауыр ауырлығы астында бүкірейсем де, қандайлық ықыласпен
барар едім. Айтқандай, осы арада айта кеткенім жөн, өз зерттеулерім
сөздікпен кеңесу қажеттілігіне əкеліп соққан əрбір жолы мен əрдайым
осы мақсат үшін арнайы сатып алған Джонсонның деңгезердей in
Quarto томын пайдаланып отырдым, өйткені, атақты лексикограф
тұлғасының өзгеше ауқымы оны, мен сияқты, киттермен
шұғылданатын автор пайдалана алатын сөздік жасауға неғұрлым
лайықты кісі етіп шығарды.
Біз ерекше ештеңесі жоқ сияқты болып көрінгенімен, таңдаған
тақырыбының арқасында атақ пен абыройға жеткен жазушылар
жайында жиі естиміз. Мұндай жағдайда, анау-мынау емес,
Левиафанның өзі туралы жазып жүрген менің жайым не болмақ? Менің
жазуым өзінен-өзі жайылып, ірі ұрандық əріптерге айналып кетеді.
Маған тазқараның қауырсынын беріңдерші! Сиясауыт орнына маған
Везувий кратерін беріңдерші! Мені қолымнан көтермелеп демеңдер,
достарым! Себебі, Левиафан туралы ойларымды қағазға түсіріп
болғанша, олар мені діңкелетіп үлгереді, олардың құлашының қалт
еткізбес кеңдігінен мен қалжырап жығылуға əзірмін, өйткені, олар өз
өрісіне ғылым салаларын түгелдей, киттердің барлық буындарын,
адамдарды да, көне заман хайуандарын да, қазіргілерді, өткендегілер
мен болашақтағыларды, жер империясының бүкіл айналмалы
келбетімен һəм, төңірегіндегі мекендерін де сыртта қалдырмастан,
тұтас ғаламмен бірге қосып алады. Бай да ауқымды тақырыптың
айбыны асқан қуат-күші осындай! Біз өзіміз де солардың шамасына
дейін ұлғайып өсеміз. Бүрге туралы бірде-бір ұзақ өмір сүретін ұлы
еңбек жазылуы мүмкін емес, əйткенмен, дүниеде мұны істеуге
əрекеттенген адамдар да аз болмаған.
Тасқа айналу саласына қадам баспас бұрын өзімнің геолог деген
сенім грамотамды табыстаймын да, əрқилы өмір кешкен жылдарымда
мен тас қалаушы да, əрі орлардың, шұңқырлар мен құдықтардың,
шарап ұраларының, жертөлелер мен. неше түрлі тоғандардың керемет
қазушысы болғанымды осы мақсатта еске саламын. Мен сондай-ақ
тым ертедегі геологиялық қабаттарда қазіргі уақытта түгелдей дерлік
құрып біткен құбыжықтардың қазба қалдықтары ғана ұшырасатынын
оқырманның есіне алдын ала салғым келер еді; сөйте тұра, аралық
формациялар дейтіннен табылған неғұрлым кейінгі тасқа
айналушылықтар ретінде, қалай болғанда да, тарихқа дейінгі
мақұлықтармен, былайша айтқанда, алыс ата-бабалары Нұхтың
кемесіне жиналып алынғандар арасындағы өтпелі немесе дəнекер
буын болып табылады; қазірге шейін табылған барлық қазба киттер
үстіңгі формациялардың тікелей алдында болған аралық дəуірге
жатады. Олар қазіргі белгілі түрлердің бір де біріне толық сəйкес
келмегенімен, соған қарамастан кит тұқымдастар қатарына қабылдану
құқығын иелену үшін арадағы ортақ туыстық сыпаттары жеткілікті.
Адамнан бұрынғы киттердің тасқа айналған бытыраңқы сүйектері,
олардың сүйек пен қаңқа сынықтары соңғы отыз жылда Альпі
баурайынан, Ломбардияда, Францияда, Англияда, Шотландияда жəне
Луизиана, Миссисипи мен Алабама штаттарында табылды. Осы
олжалардың, арасында 1779 жылы Париждегі Рю Дофинэде -Тюильри
сарайына тура дерлік шығатын кішкентай шолақ көшеде ашылған аса
қызғылықты бас сүйек сынығы жəне Наполеон заманында Антверпен
доктарындағы жер қазу жұмыстары кезінде табылған бірнеше сүйек
бар. Кювьенің пікірінше, бұл сарқыншақ қалдықтар левиафандардың
əлдебір ешкімге белгісіз түрлеріне тиесілі.
Бірақ, сөзсіз, барлық кит тұқымдастар жұрнақтары ішіндегі ең
кереметі 1842 жылы Алабамадағы судья Крейдің плантациясынан
табылған əлдебір құрып біткен құбыжықтың бүтін дерлік орасан зор
қаңқасы болып табылады. Таяу төңіректегі қоныс-мекендердің
үрейленіп, зəре-құттары қалмаған аңқау құлдары бұл жан тəсілім еткен
періштелердің бірінің сүйектері деп ұйғарды. Алабама дəрігерлері
мүрде-сүйектерді əлдеқандай зор бауырымен жорғалаушыныкі деп
жариялап, оны тездетіп Базилозавр атандырды. Бірақ сүйек үлгілері
мұхиттың ар жағындағы ағылшын анатомы Оуэнге жеткізілген кезде
бұл жорамалды бауырымен жорғалаушының, баяғыда жойылған түр
болса да, əншейін ғана кит екені анықталды. Мұның өзі осы кітапта
ілкіде талай мəрте айтылған жайдың тағы да айқын дəлелі бола алады:
киттің қаңқасы оның ұшасының шынайы сұлбасы туралы əсте толық
түсінік бермейді. Осының нəтижесінде Оуэн құбыжыққа қайтадан Зевглодонт деген ат қойып, Лондонның геологиялық қоғамының
мəжілісінде оқылған өз баяндамасында оны, шын мəнінде, жер
шарындағы өзгерістер өмірден өшіріп жіберген ең таңғаларлық
тіршілік иелерінің бірі деп жариялады.
Мен осынау, қазірде тіршілік етуші теңіз құбыжықтары
тұқымдарының сүйектерімен ішінара ұқсастықтары бар, бірақ
сонымен бірге тарихқа дейінгі құрып біткен левиафандармен,
өздерінің сан жетпес бағзыдағы бабаларымен күмəнсіз туыстық
іздерін иеленген, айбынды левиафан қаңқаларының, бас сүйектерінің,
азуларының, жақтарының, қабырғалары мен омыртқаларының
ортасында тұрған кезімде, мені құдды топан су селі артқа, былайша
айтқанда, əлі уақыттың өзі де басталмаған - себебі, уақыт адаммен
бірге басталған - сонау тылсым заманға алып кеткендей болады.
Сатурнның сұрғылт тұманы мұндағы менің айналамда тербеліп,
бұлдырай діріл қаққан көз жанарыма қазіргі тропик өңірлерге мұз
қамалдары сыналай кіріп баса-көктеген, ал жер белдеуінің бүкіл 25
000 мильдік өн бойында тіршілік етерлік бір қарыс та жер қалмаған
кездегі полярлық мəңгіліктерді жайып салады. Сондағы бүкіл дүние
киттің құзырында еді, содан, əлемнің əміршісі қазір Альпі мен Гималай
керіліп жатқан жерлерде толқындарды көктей шарлады. Осындай
ұзақ-сонар ататек шежіресімен басқа кім мақтана алады? Ахавтың
гарпуны перғауындыкінен де көне қанды төкті. Китпен
салыстырғанда Мафусаилдің өзі мектеп оқушысындай көрінеді. Менің
жүзім нұрланып, Симнің қолын қысқым келеді. Осынау уақыт
басталғанға дейін болған сондықтан, адамдық өмір аяқталғаннан кейін
де міндетті түрде болатын, Мұсаға дейінгі, себептен тысқары
тіршіліктеріндегі барлық осы тіл жетпес кит сұмдықтарын көрген
кезде сілейіп қатып қаламын.
Бірақ левиафан өзінің Адамнан бұрынғы іздерін табиғат
суреттерінде ғана қалдырған жоқ жəне өзінің белден алынған көне
портретін тек əк пен борға ғана өсиет етпеген; өздерін де қазба тасқа
айналушылықтар деп санауға боларлықтай көне мысыр кестелерінен
біз оның жүзгіш қанаттарының күмəнсіз таңбаларын табамыз. Елу
жыл шамасы бұрын ұлы Дендера храмы жалғамаларының бірінде
аумақты төбеден замани астрономдарымыз аспан күмбезін
толтыратын гротескілі мүсіндер тəрізді, кентаврлар, грифондар мен
дельфиндер қаптаған, жабыстырылып боялған мəнердегі планисфера
табылған-ды. Міне, солардың арасында, ежелден келе жатқан
үрдістегідей, көне левиафан жүзіп жүрді; ол осы планисферада дана
Сүлеймен бесікке бөленгеннен жүздеген жылдар бұрын жүзіп жүрген
болатын.
Кит көнелігінің пайдасына шешілетін, оның өзінің, топан су
қаптағанға дейінгі, сүйек келбетіндегі басқа бір куəлікті де аттап
кетуге болмайды, Варвария көлеміндегі байырғы саяхатшы,
қадірменді Джон Леоның əңгімесі дəл осындай:
"Жағалауға жақын маңда олардың ғибадатханасы бар, оның
арқалықтары мен итарқалары кит сүйектерінен жасалынған; өйткені,
ол жерлерде теңіз керемет зор көлемді кит ұшаларын жағалауға жиі
шығарып тастап тұрады. Құдай осы ғибадатханаға сыйға тартқан
құпия күштің арқасында қасынан жүзіп өтіп бара жатқан əрбір кит
лезде жан тəсілім етеді дегенге қарапайым халық иланады. Ал ақиқаты
сол, ғибадатхананың қос қапталында теңізге екі миль шамасында
сұғына еніп, өздеріне соқтыққан киттерді жарадар етіп жайрататын
жартастар бар. Сол жерде көрсетілетін керемет - арқалықтай иіліп,
дөңес жағын жоғарыға қарата, жерде жатқан, сұрапыл ұзын кит
қабырғасы, орта тұсында оған, тіпті, түйеге салт мініп отырған кісінің
қолы жетпейді. Бұл қабырға (дейді Джон Лео) мен келгенге дейін жүз
жыл бұрын сол арада жатқан екен-мыс. Жергілікті тарихшылар бұл
ғибадатханада атам-заманда Мұхаммед жайында сəуегейлік айтқан
əлдебір Пайғамбар пайда болғанын айтады, ал кейбіреулерінің кит
Жоһан пайғамбардың өзін осы ғибадатхананың іргесінде құсып
тастады-мыс деп тұжырымдауға да тəуекелі жетеді".
Осы арада., Киттің Африкалық Ғибадатханасында, мен сені
қалдырып кетемін, оқырман, егер сен Нантакеттен болсаң, егер кит
аулаушы болсаң, оның ішінде үнсіз мінəжат етерсің.
CV тарау
КИТТІҢ КӨЛЕМІ КІШІРЕЙЕ
ME?
Ол жер бетінен құрып кетуге тиіс пе?
Левиафан біздің қарсы алдымыздан сонау Мəңгілік бастауларының
өзінен жүзіп келе жатқандықтан, ол өз буындарының есепсіз
алмасуларынан азып кеткен жоқ па екен, өзінің алыстағы алып арғы
аталарымен салыстырғанда көлемі кішірейген жоқ па екен деп сұраған
орынды болар еді. Алайда, зерттеулер бізге бүгінгі киттер көлемдері
жағынан тасқа айналған сүйектері аралық дəуірден табылғандардан
асып түсетінін көрсетіп қана қоймай (адамның пайда болуының
алдындағы қатаң шектеулі геологиялық қабатты қоса есептегенде),
сондай-ақ, аралық жүйе шегінде неғұрлым кейінгі формацияларға
жататын киттер өздерінің ата-бабаларына қарағанда ірірек екендігін
куəландырады.
Бүгінге шейін қазылып алынған Адамнан бұрынғы барлық
киттердің ішінде ең ірісі, əлбетте, алдыңғы тарауда аталып өткен
алабамалық кит болып табылады, бірақ соның қаңқасының өзі де
ұзынынан, тіпті, жетпіс футқа жеткен жоқ. Мұның есесіне қазіргі
замандағы ірі китке тиесілі қаңқа сүйекті өлшеу, өзіміз біліп те
отырғандай, жетпіс екі футты көрсетті. Ал, мен кəнігі кит
аулаушылардың ауыздарынан ұсталған кезде ұзындығы жүз фут
дерлік болған кашалоттар туралы əңгімелерді естігем.
Бірақ, бəлкім, біздің заманның киттері үлкендігі жағынан барлық
бұрынғы геологиялық дəуірлердің киттерінен асып түсе отырып,
сонда да болса Адамнан бергі уақытта азып үлгерген шығар?
Егер біз Плиний жəне көне дəуірдің басқа да табиғаттанушылары
сынды джентльмендердің куəліктеріне тиісінше құрметпен қарауға
ниеттенсек, əлбетте, осындай тұжырымға келуге мəжбүр боламыз.
Өйткені, Плиний бізге тірі ушаларының бірнеше ауырлық аумағы бар
киттер туралы əңгімелейді, ал Улисс Альдровандус ұзындығы сегіз
жүз футқа жеткендері жайында баяндайды - ойпырмай, дəп бір кит
емес, бүтіндей арқан фабриктері немесе, темзалық туннельдер дерсіз!
Кук табиғаттанушылары - Бэкс пен Солэндер уақытысында да біз
исланд китіне (ол reydansiskur, яғни əжімді қарынды деп атаған)
ұзынынан үш жүз алпыс футты беретін жүз жиырма ярдты қосып
жазған ғылым Академиясының мүшесі, əлдебір даттықты
ұшырастырамыз. Ал, француз табиғатшысы Ласспед өзінің егжейтегжейлі кит тектестер тарихының əуел басында (кітаптың үшінші
бетінде) нағыз китті жүз метр, немесе, үш жүз жиырма сегіз фут
ұзындықпен жарылқайды. Əрі оның еңбегі қайдағы бір кезде емес, бар
болғаны Исаның туғанынан санағандағы 1825 жылы басылған ғой.
Тек осы əңгімелерге иланатын кит аулаушы табыла қояр ма екен?
Жоқ. Плиний заманындағы бабалары қандай болса, бүгінгі кит те тап
сондай толағай. Егер күндердің күнінде Плиний жүрген жерге лағып
бара қалсам, мына мен, кит аулаушы (қалай болғанда да, кит
аулаушылығым одан артық), осылай деп оның бетіне айтамын.
Өйткені, мен қалайша бұлай болатынын түсінбеймін: егер, тіпті,
Плиний туғанға дейін мың жыл бұрын жерленген мысыр мүмиелері өз
табыттарынан, біздің Кентукки тұрғынының шұлығында қанша болса,
сонша фут жəне дюйм кемдікті байқаса; егер ежелгі Мысыр жəне
Ниневия кестелерінің суреттеріндегі мал мен басқа асыранды құстар
бізге өз ауқымында қазіргі асыл тұқымды, бордақыланған, жүлделі
Смитфилд малы көлемі жағынан перғауынның семіз сиырларының
ішіндегі ең семізінен кем болмағаны былай тұрсын, қайта көптен-көп
асып түсетінін айқын көрсетсе, - осының бəрін көріп-біле тұрып мен
қалайша барлық тірі хайуандардың ішінде жалғыз кит қана азып,
ұсақтап кетті дегенге жол бермекпін?
Əйткенмен, Нантакет тұрғындарының неғұрлым қараңғылары жиі
қоятын тағы бір сұрақ қалып тұр. Бəлкім, қазір, тіпті, Беринг бұғазына
жəне əлемнің аса шалғай көмбелері мен құпия сейфтеріне өтіп кеткен
кит
аулағыштар
мачталарының
ұшар
бастарындағы
шолғыншылардың
бəрін
білетіндігінен,
барша
құрлықтар
жағалауларының өн бойында лақтырылатын мыңдаған гарпундар мен
шанышқыларға бола, сұрақ туындайды: бəлкім, осының бəрінің кесіркесапатынан Левиафан мұндай анталаған қуғын мен аяусыз қырыпжоюға ұзақ төтеп бере алмайтын шығар; бəлкім, ол түптің түбінде
барлық теңіздер мен мұхиттарда толық қырылып бітетін болар, сонда,
соңғы адам сияқты, соңғы кит те соңғы қорқорын шегіп болып, соның
соңғы түтінімен өзі де будақтаған буға айналып жоғалатын шығар?
Егер өркешті кит үйірлерін осыдан көп дегенде қырық жыл ғана
бұрын Иллинойс пен Миссури шалғынды жазираларындағы ондаған
мың акрда шашырай жайылып, бүгінде сізге ілтипатты делдал жердің
əрбір дюймін долларға бағалап сататын қазіргі нөпір халық қаптаған
өзенді астаналар орнында темір жалдарын сілкілеп, қабақ астынан
қаһарлана көздерінің найзағайларын жарқылдатқан өркешті бизондар
табындарымен салыстырсақ; сірə, мұндай салыстырудан біз киттердің
де шапшаң құрып бітуден құтылмайтындығына бұлтартпас дəлел
алатын сияқтымыз.
Бірақ бұл мəселеге сондай-ақ басқа тұрғыдан да көз жіберген абзал.
Мүлдем бертінде - бар болғаны бір адам ұрпағы бұрын - Иллинойс
бизондарының саны қазіргі Лондондағы тұрғын халық санынан асып
жығылғанымен; бүгін сол жерлерде олардан емге мүйіз де, тұяқ та
қалмағанымен; осы керемет жойылудың себебі адам найзасы бола
тұрса да; соған қарамастан, киттерді аулаудың қағидаға айналған
өзгеше сипаты левиафандардың дəл сондай із-түзсіз құрып кетуін
үзілді-кесілді болдырмайды. Қырық сегіз ай бойы кашалот аулаған бір
кит аулағыштағы қырық адам егер үйлеріне қырық киттің майымен
оралса, мұны өздеріне ғажайып олжа санап, Құдайға рахметмадақтарын жолдайды. Сонымен қатар Қиыр Батыстың (енді ақыры
бұл жақта да күн шығатын болды) канадалық жəне үндіс
аңшыларының ескілікті замандарында, ол жерлерде тұмса медиен
жатқан кездерде аяқтарына мокасин киген, кемеге емес, салт атқа
мінген, саны дəл сондай адамдар дəл осынша айда қырық емес-ау, аз
дегенде қырық мың бизонды қырып салар еді - егер қажеттілік туа
қалса, бұл айтқанды дерекнама мəліметтерімен растауға болады.
Егер ой жүгіртсек, тап осылай, мысалы, өткен замандарда (айталық,
өткен жүз жылдықтың екінші жартысында) бұл левиафандардың шағын үйірлермен - қазіргіден анағұрлым жиірек ұшырасқанын жəне
осыған орай кəсіпшілік сапарлары соншалықты ұзақ емес əрі
айтарлықтай олжалы болғандығын кашалоттарды күтіп тұрған
біртіндеп жойылудың дəлелі деп санауға болмайды. Гəп мынада,
жоғарыда да байқалғандай, кауіпсіздікті ойлаған киттер енді
теңіздерде көш-құлаш керуендер болып жүзе бастады, сондықтан,
бұрынғы шашыраңқы жалғыз бастылар, жұптар, үйірлер мен табындар
бұл күндерде орасан зор қосындарға біріккен, алайда, онша жиі
ұшыраспайды. Бар болғаны осы. Сонымен бірге бұрын нөпір
молшылықта кездесетін аудандардың көпшілігіне қазір баруды
доғарғандықтан, "кит мұрты" дейтінді беретін кит түрлері де құрып
барады-мыс деген түсінік те түбірімен қате. Əншейін олар ақырындап
басқа жерлерге қоныс аударып жатыр; егерде бір жағалау олардың
бұрқақтатқан ойынымен енді жайнап түрленбейтін болса, алыстағы
əлдебір басқа жағалау мүлдем жақында ғана ондағылар бұған дейін
көрмеген
осы
тамашаға
таңырқап
таңдай
қаққанына
күмəнданбауыңызға болады.
Омың үстіне, əңгіме нақ осы жоғарыда аталған левиафандар
жайында болса, олардың, барлық адамдық ықтималдылықтар
бойынша, мəңгілік беріспей, бекем күйінде қалатын екі берік қамалқорғаны бар. Жау олардың жазықтарына басып кіргенде, өздерінің
ызғарлы тауларына кетіп қалған швейцарлықтар сияқты, орталық
теңіздердің жасыл жазиралары мен көк майса көгалдарынан
ығыстырылған нағыз киттер де тап солай, өздерінің полярлық
қамалдарына кетіп қоя алады, сөйтіп, соңғы мөлдір кедергілер мен
қабырғалардың астынан сүңгіп өтіп, мұзды алқаптар мен сендер
арасындағы жойқын суларда жүзіп шыға келеді: адам енді олардың
соңынан мəңгілік үскіріктің осы жадыланған жын ордасына аяқ басып
көрсінші.
Алайда, өлтірілген бір кашалотқа, сірə, елу нағыз киттен келетін
болса керек, сондықтан да, кубриктегі кейбір пəлсапа соққыштар
мұндай қырып-жою дегенмен де олардың тастүйін қатарын ендігі
едəуір селдіретіп тастады деп пайымдайды. Соңғы уақыттарда тек
жалғыз американдықтар ғана терістік-батыс жағалауда жылма-жыл
осы киттердің кемінде 13 мыңын аулап отырғанымен, сонда да болса,
тіпті, осы сандарды да мұндай көзқарастың дəлелі болғызбайтын
пікір-пайымдар бар.
Жер шарындағы жанды мақұлықтардың ішіндегі ең алыбының
осындай қисапсыз көптігі туралы естігенде, еріксіз сенімсіздікті
бастан кешуің əбден табиғи жай; бірақ бұл жағдайда біз, Гоа
мемлекетін суреттей отырып, Сиам королінің əлдеқалай бір жолғы
аңшылықта 4000 пілді олжалағанын һəм ол жерлерде пілдер күн райы
қоңыржай елдердегі үй хайуанаттарындай нөпір мол екендігін
баяндаған тарихнамашы Артоға не айтар едік? Егер Семирамида да,
Пор да, Ганнибал да, Шығыстың бұлардан кейінгі барлық əміршілері де
осы мыңдаған жылдар бойы ізіне түсіп аулаған пілдердің өзі, - егер
солар да əлі күнге шейін сонда орасан көп мөлшерде мекендегі жатса,
онда ұлы киттерде адамның барлық • сүргіндерінен аман қалу
ықтималдығының əлдеқайда молдығына күмəн келтіруге ешқандай
негіз жоқ сияқты, себебі, олардың құзырында аумағы бүкіл Азияны, қос
Американы, Еуропа мен Африканы, Жаңа Голландия мен мұхиттағы
барлық аралдарды, бəрін бірге қосып алғандағыдан тура екі есе артық,
бытырай тарап кете алатын байтақ жайылымдар бар.
Бұған қоса, жүз жыл жəне одан да көп өмір сүреді деп саналатын
киттердің жорамалды ұзақ жасауларының арқасында, теңіздерде
ересек киттердің бірнеше буыны ұдайы мекендейтінін ұмытуға
болмайды. Ал, мұның нені аңғартатынын біз бір сəтке барлық молалар,
қабірлер мен əулеттік сағаналар кенет қақ айырылып, соңғы жетпіс бес
жылда өлген барлық еркектердің, əйелдер мен балалардың тірі
денелерін жер бетіне шығарғанын ойша елестетіп, əмбе осы қисапсыз
қосынды жер шарының қазіргі халқына қосатын болсақ, оңай түсінер
едік.
Жекедара алғанда қаншалықты қорғансыз болса да, түр ретінде
китті мəңгілік деп жариялайтынымыз сондықтан. Ол теңіздерде
құрлықтар су бетіне шыққаннан көп бұрын жүзіп жүрген болатын; ол
бір кездерде қазіргі Тюильри, Виндзор қамалы мен Кремль тұрған
жерлерде жүзіп жүрген болатын. Топан су қаптаған кезде ол Нұхтың
кемесінен жиренді, егер, құдды Нидерланды тəрізді, ондағы барлық
егеуқұйрықтарды жаппай қыру үшін əлемді бір уақыттарда қайтадан
су басатын болса, мəңгілік кит бəрібір аман қалады да, экватор
толқындарының ең биік жалдарына таудай боп шығып алып, өзінің
көбіктенген шер-құсасын тура аспанға атқылайды.
СVI тарау
АХАВТЫҢ АЯҒЫ
Капитан Ахавтың "Сэмюэл Эндербиден" тұра жөнелген асығыстығы
оның жеке басына біршама зиянын тигізді. Өз вельботының
құйрығына бар пəрменімен гүрс ете түскені сонша, соққыдан сүйек
аяғы шытынап жарылып кетті. Содан өз палубасына көтерілгесін
үйреншікті шұңқырға аяғын қойып, (əдеттегіше, босаң қимылдап
тұрған) руль ұстаушыға шұғыл бұйрық беру үшін кенеттен төтенше
оқыс бұрылып қалғанда, осы арада бұрыннан шытынап тұрған
сүйектің жапырая майысқаны сондай, сынбаса да жəне бұрынғы
жарқылы мен жылтырын сақтаса да, Ахавтың пікірінше, оған енді
түгелдей сенуге болмайтын еді. Күллі есуастығы мен дүлей
ағаттығына қарамастан, Ахавтың дегенмен де өзіне тірек болған осы
жансыз сүйекке көңіл бөлуінде таңғаларлық түк те жоқ-ты, бар гəп
"Пекод" Нантакеттен жүзіп кетерден аз-ақ бұрын, бір жолы түнде оны
əлдеқалай ес-түссіз сұлап жатқан жерінен тауып алғаннан басталған;
əлденендей белгісіз əм түсіндіріп болмастай кесірлі кездейсоқтықтан
сүйек аяқтың аса күштеп қайырылғаны сонша, ол санынан жұлынып
кетіп, құдды қазық сияқты, тіктеп тиіп, шабын жарып жібере жаздады;
жанын көзіне көрсеткен осы жараны зордың күшімен əрең емдеп
жазған.
Сол кезде оның сандырақ билеген санасына өзінің қазір бастан
кешкен кез келген азабы бұрынғы бақытсыздығының тікелей зардабы
деген ой сап ете түскен болатын; сонымен, жынысты жаннат тоғайдың
құйқылжыған бұлбұлы тəрізді, батпақтың улы жыланы да өз ұрпағын
қайтпай жалғастыра беретініндей; тап осылай кез келген бақытты
кездейсоқтықтарды пайдалана отырып, барлық бақытсыздықтар да
табиғи түрде өзі сияқтыларды туғызатынын ол айқын түсінген болуы
керек. Тіпті, Ахавтың ойлағанынан да артық; өйткені, Қайғының арғы
ата-бабалары да, ұрпақтары да уақыттық тұрғыдан Шаттықтың атабабалары мен ұрпақтарына қарағанда алысқа ұзап кетеді ғой. Себебі,
дəстүрлі ілімдерге сəйкес, осы өмірдегі табиғи қуаныштардың о
дүниеде перзенттері болмайтынына, тіпті, соған керісінше, тозаңи
түңілістің баласыз уайым-шеріне ауысатынына жүгінбесек те; сол
шақтарда осындағы кейбір ұятты тауқыметтердің маңдайына өзінен
кейін қабір сыртында мəңгілік ұлғайып өскен қасірет ұрпағын қалдыру
кесілген болса да, міне, егер осыған мүлдем жүгінбейтін болсақ та,
тереңірек байыптап қараған кезде бəрібір мұнда теңсіздік байқалады.
Себебі, деп ойлады Ахав, тіпті, аса ұлық жер құдайы да өз ішінде
əлдебір сұрықсыз ұсақтықты жасырса, əрбір жан қайғысының негізінде
құпия мəнділік, ал кейбір адамдарда, тіпті, періштелік асқақтық
жатады; бұл айдан анық тұжырымға ең байыпты тарихи ізденістер де
қайшы келмейді.
Есесі толмайтын пəни бақытсыздықтарының шығу тегін тарата
отырып, біз ақырында құдайлардың өзінен-өзі пайда болған
тұңғыштығына бас қоямыз; сөйтіп, барлық қуанышты да əбігершіл
жазғы күн дидары мен күзгі толысқан айдың көлгірси сыңғырлаған
цимбалдарының' алдында біз бұлтартпайтын бір ғана нəрсені көреміз:
құдайлардың өздері де мəңгілік шаттық кешпейді. Адамның
маңдайындағы мəңгі-бақи арылмайтын күйініш меңі - оған осы мөрді
басқандар қайғысының табы ғана.
Бұл арада біз еріксізден, дұрысында, бəлкім, сəл ертерек ашуымыз
керек болған құпияны айтып қойдық. Ахавтың жеке басына
байланысты басқа да оны-мұны ұсақ-түйектер арасында "Пекод" жүзіп
кеткенге дейін жəне одан кейін оның неліктен аса ұзақ уақыт
' Цимбал - ескілікті музыка аспабының бір түрі. - Аудармашы
ескертпесі.
бойы, құдды марқұмдардың мəрмəр мəжілісінен меңіреу баспана
іздегендей, нағыз бір Далай-ламаның томаға-тұйықтығымен ел-жұрт
атаулыдан бой тасалағаны көп адамдар үшін əрдайымғы құпия болып
қалды. Капитан Фалектің аузымен айтыла салынған түсініктемені
ешбір жағдайда да қанағаттанарлық деп санауға келмейді; əрине,
Ахавтың жан тереңіндегі жасырын сырлары жайында сөз етілгенде,
мұндағы кез келген түсініктеме жарық сəуле түсірмек түгілі, қайта
қитұрқы қараңғылықты ұлғайта түсер еді. Бірақ, соған қарамастан,
ақырында бəрі де əйгіленді, немесе, қалай болғанда да бұл шындық
сыртқа шықты. Дегенмен де, оның уақытша оңашалануының себебі
əлгі айтқан сұмдық бақытсыздығы болыпты. Гəп мынада еді: адамдар
əр
түрлі
себептермен
Ахавқа
кірулері
жеңілдей
түскен
артықшылықтарды пайдаланған, құрлықтағы ұдайы қусырылған
азғана қауымның көзінде; осынау жасқаншақ қауым адамдарының
көзінде түнерген Ахав ешқандай түсіндірмесіз қалдырған аталмыш
бақытсыздық күнəкарлардың еңіреген зарлары естіліп, елестер кезіп
жүретін елден құшақ-құшақ етіп алған құпия үреймен құндақталғанды. Сондықтан да, олар соған мейлінше адал болғандықтан, шамалары
келгенше, жұрттан бəрін жасырып бақты - "Пекодтың" үстінде
Ахавтың мертіккендігі жөнінде ұзақ уақыт бойы ешкім ештеңе
білмеген жағдай, міне, осымен түсіндіріледі.
Бірақ қайткенде де - пəнидегі Ахав əуедегі дүлейдің көзге
көрінбейтін, қолға ұстатпайтын əулие-əмбиелерімен һəм от-жалынның
кекшіл бектерімен əмбе əміршілерімен байланысты болсын-болмасын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.