Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 25

Total number of words is 4199
Total number of unique words is 2302
32.1 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
51.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Өткен түнде жəне одан кейінгі таңда бір орында қалқыған
"Пекодты" ықтырып əкеткен сулардағы əр тұста шашырап жатқан
сарғыш планктон дақтары левиафандардың бір түрі -нағыз киттердің
осы арада жүргендігін кəміл айғақтады, бұлардың құпия жақындығы
жөнінде тап қазір ешкім ойға да алған жоқ-ты. Бұл бейшара
хайуандарды аулауға бүкіл экипаж бірауызды жеккөрушілікпен қарсы
болғанымен жəне "Пекодка" оларды аулау мүлде тапсырылмағанымен
һəм ол Крозе аралының қасында нағыз киттерді топ-тобымен
жолықтыра тұра бір де рет вельботтарды түсірмесе де - нақ қазір,
кашалот олжаланып, басы кесілген кезде жалпы жұрттың ғаламат
таңданысына орай, егер мүмкіндік туа қалса, бұл күні нағыз киттер
ауланады деп құлақтандырылды.
Мүмкіндік те көп ұзатпай туа қалды. ЬІқ жақтан биік бұрқақтар
байқалып, Стабб пен Фласк екі вельботы кемеден түсіріліп, қуғынға
жөнеліп кетті. Олар барған сайын ескектей ұзап, ақыры, тіпті мачта
басындағы шолғыншылар көздерінен де тасаланғандай болды. Бірақ
кенеттен жоғарыдағылар алдыңғы жақта, алыста көбіктенген ақ су
айдынын байқады, содан көп ұзамай шолғыншылар вельботтардың
əлде біреуі, əлде, екеуі китті жарақаттағанын хабарлады. Тағы шамалы
уақыт өткеннен кейін екі қайықты да қайтадан палубадан жай көзбен
көруге болатын болды; кит оларды тура "Пекодқа" сүйреп келе жатты.
Құбыжықтың кемеге жақын келгені соншалық, ол қабырға-қаңқаны
соғуға ниеттенгендей боп көрінді; бірақ кенет жақтаудан қырық фут
шамасында ғаламат су иірімін бұрқылдата шайқап, ол құдды
"Пекодтың" астына сүңгігендей, суға шомып көрінбей кетті. "Кес,
арқанды кес!" - деп айқайлады кеме үстіндегілер өзімен болмай
қоймайтындай көрінген соқтығыстан апат қаупі төнген қайықтарға.
Əйткенмен, олардың күбілерінде арқан əлі де көп қалған- ды, оның
үстіне кит те тереңге сонша шапшаң кете қойған жоқ, сондықтан, олар
арқанды көбірек саумалап босатуға жанталасып, сонымен қатар
ескектерді бар күштерімен есіп, кеменің алдынан өтіп кетуге
тырысты. Бір-ер сот олардың тағдыры қыл үстінде тұрды, олар
керілген арқанды босатып, сонымен бірге ескектерді жандəрмен есті,
осы бəсекеге түскен екі күш əне-міне су астына тартып əкетердей
көрінді. Оларға небары бірнеше фут қана алға мойын оздыру керек
болатын. Хал-қадерлерінше жігіттер де тырысып бақты. Бірақ осы
мезетте кеменің өн бойынан найзағайдай зуылдаған діріл жүгіріп өтті:
бұл астыға тиген керілген арқан келесі сəтте кеме тұмсығы тұсындағы
судан көрінді; зыңылдай қатты керілген оның дірілінен, құдды əйнек
сынықтарындай, су тамшылары жан-жаққа шашырады; одан əрі
тұмсық астынан киттің өзі де көрінді, сөйтіп, вельботтар қайтадан алға
еркін заулауға мүмкіндік алды. Тек енді сілесі құрыған кит
жылдамдығын күрт бəсеңдетіп, беті ауған жағына бағыт ұстап,
соңынан вельботтарды сүйрете-мүйрете, тұйық шеңбер шимайлай,
"Пекодты" құйрық жағынан айнала бастады.
Бұл шақта вельботтағылар китке қос бүйірінен əбден тақап
келгенге шейін арқандарын жинай берді, жинай берді; ендігі шаруа
шанышқыларын сайлаған Стабб пен Фласқа тірелген; өстіп, "Пекодты"
қайыра-қайыра айналған бұл шайқас ақырына таяп қалды; ал мұның
алдында кашалот ұшасын айналсоқтап құжынаған акулалар үйірлері
жаңадан төгілген жас қанға андағайлап, жартасты жарып шыққан
бұлақтарға бас қойған исраилдықтардай, əрбір жаңа жараға
қомағайлана жабысты.
Міне, кит қою қара бұрқақ атқылап, жойқын күшпен аласұра
жұлқынды да, бұрын жұтқан тамағын құсып тастады, сосын арқасына
аударылып түсіп, өлі денесі толқында тербетілді.
Əзірше қос вельботтың сардарлары оның жүзгіш қанаттарының
түптерінен арқандарды байлап, ұшаны сүйреуге дайындап жатқан
кезде олардың арасында шағын əңгіме-дүкен болды.
- Шалға мына сасыған май үйіндісі неменеге ғана керек болды екен,
миым жетпейді, - деді жеккөрінішті левиафанмен əурелену
қажеттігінен жеркене тыржиған Стабб.
- Неменеге деймісің? - деп қайталап сұрады Фласк бос ұшын
шиыршықтап орап жатып. -Ау, сен естімеп пе едің, бір мезгілде он
жақтауында кашалоттың басы, сол жағында -нағыз киттің басы ілінген
кеме ешқашан су түбіне кетпейтінін, ау, Стабб, сен шынымен де
естімеп пе едің?
- Сонда бұл қалай?
- Өзім де білмеймін, тек ана біздің жиренбет аруағымыз Федалла
осы жайында айтып тұрғанын естігем, ал ол, сірə, дүниедегі барлық
ырым-жырымды білетін болса керек. Тек сол сұм біздің кемемізді көржер етіп дуалап тастай ма деп қорқамын. Осы сұмырайың маған
ұнамайды, Стабб. Сен байқадың ба, Стабб, азу тісінің құдды жыланның
басына салынғандай, сорайып тұрғанын?
- Суға кетіп, қарасы өшкір! Мен соған ешқашан қарамаймын да; бірақ
маған тек уақыт берші.. Бір қараңғы түнде, егер ол жақтаудың қасынан
жолығып, қасымызда бөтен ешкім болмайтын болса, сол кезде бар ғой,
Фласк, көресің əлі... - Солай деді де, ол астарлы мəнмен тұңғиықты қос
қолдап нұсқады. - Міне, осы сөзді жадыңда тұт! Білесің бе, Фласк, сол
Федаллаң - кейпін өзгерткен сайтан ғой деймін. Сен оны кеме
трюмінде жасырылды-мыс деген əлгі əжеңнің ертегілеріне сенесің бе?
Айтам ғой саған, ол -албасты. Құйрығын көрмейтініміз, ол оны
əншейін жасырып жүреді; ол оны, сірə, шумақтап орап, қалтасына
салып қоятын шығар. Құдай тас төбесінен ұрсын! Есіңе түсірші, ол
ылғи етігінің басына тығуға жүн-жұрқа сұрайды ғой.
- Əрі сол етігін шешпей ұйықтайды, солай ма? Оның, тіпті, кереуеті
де жоқ, бірақ мен оның түнде арқан орамдарының үстінде ұйықтап
жатқанын талай рет көрдім.
-Түсінікті, мұның бəрі сол қарғыс атқыр құйрығына бола; ол, сірə,
оны шиыршықтап бұрап, орамның ортасына жіберетін болар.
- Шал екеуінің немене шаруалары бар осы?
- Дұрысы, екеуінің арасында əлдебір мəміле немесе, алыс-беріс
жасалатын болар.
- Мəміле деймісің? Ол не болды екен?
- Айтасың-ау сен де, біздің шалға қайткенде де Ақ Китті əкеп алдына
сал, ана албасты сол үшін де соның маңайын торуылдап, онымен
келісім жасағысы келеді: егер ол күміс сағатын, немесе жанын, немесе,
тағы бірдеңесін берсе, анау онда оған Моби Дикті бермекші.
- Жə, қой əрі, Стабб, сен тым бөстіріп жібердің, бұл Федалла оны
қалай көндіреді сонда?
- Онысын білмеймін, Фласк, тек ана сайтаның бар ғой - ол əккі əрі
залым жігіт. Білесің бе, жұрт айтады, ол бірде ескі флагманға өзінше
дегдар мырза болып келіп, тап бір содан соны талап еткендей,
құйрығын олай-бұлай бұлғаңдатып, қарт адмирал өзінде ме деп
сұрайды. Енді, адмирал өзінде екен, содан ол сайтаннан сізге не керек
еді деп сұрамай ма. Сайтан тұяғын тырпылдатып: "Маған Джон керек"
- дейді. - "Неменеге?" - деп сұрайды адмирал Сайтан оған: "Сіздің
шатағыңыз қанша? Керек дегесін керек!" - деп бақырып қоя береді. "Алыңыз" - депті сонда адмирал Мінеки, құдай-ақы, Фласк, егер байғұс
Джон жалт қарап үлгергенше, сайтан оған Азия тырысқағын
жұқтырмаса, мен ана китті бір түстігімде-ақ жалмап жұтып қояйын.
Əйткенмен, тоқтай тұр, сендер андағыны біткен тəріздісіңдер ме?
Онда кеттік, мұны сүйретіп апарып, жақтауға арқандап байлайық.
Есімде, тап қазір маған сен айтып берген мына хикаяны мен де бір
естігем, - деді Фласк екі вельбот өз жүктерін əрең дегенде ақыры
кемеге сүйреп əкелген кезде, - Тек қайдан естігенім - есімде жоқ.
- "Үш испандықта" емес пе? Сірə, сен осы қанішер қарақшылардың
бастан кешкендері жайында оқыған боларсың, ə?
- Жоқ, ол кітапты ешқашан көзім де көрген емес, естуім естігем, ол
рас. Одан да маған мынаны айтшы, Стабб: сен қазір əңгімелеген сайтан
мен əлгі, өзің айтқан, біздің "Пекодтағы" - екеуі бір деп ойлаймысың?
- Ал, мен жəне саған мына китті жайратуға көмектескен адам - екеуі
бір кісі емес пе? Сайтан мəңгілік өмір сүрмей ме? Сайтан өліпті дегенді
естіген біреу бар ма? Сайтан өлді деп аза тұтқан пірəдарды сен өзің
көріп пе едің? Егер сайтан адмиралдың каютасына кіретін кілт тапса,
шынымен-ақ оған біздің кемемізге кіру қиын боп па? Қане, осыған
жауап берші, мистер Фласк!
- Ал сеніңше, Федалланың жасы қаншада, Стабб?
- Біздің грот-мачтаны көріп тұрмысың? - деді анау кемені нұсқап, Міне, соны бір деп қой; енді "Пекодтың" трюмінде сақтаулы жатқан
барлық күбі сақиналарын ал да, соларды мачтаның артына нөлдердің
орнына орната бер, ұқтың ба? Бірақ бұл тіпті Федалла жасының есебін
бастап та бере алмайды. Əлемдегі барлық күбішілердің барлық сақинашеңберлерін жинасаң да, бəрібір саған нөлдер жетпей тұрады.
- Əйткенмен, тыңдашы, Стабб, егер ыңғайлы сəт тап келсе, біздің
Федалланы теңізге атып жіберемін дегеніңде кішкене бөсіңкіреп
жібердің ғой деп ойлаймын. Ол шынында да ешқандай нөлдер
жетпейтіндей соншама кəрі болса, əрі мəңгі өмір сүретін болса, оны
теңізге лақтырғаннан не пайда, айтшы, құрметтім?
- Тым құрыса жақсылап бір шомылып шықсын.
- Бірақ ол қайтадан қайтып келеді ғой.
- Онда тағы да суға батырамыз, ылғи осылай шомылдыра береміз.
- Ал оның басына сенің өзіңді шомылдыру жөнінде ой келіп қалса
ше, ə? Шомылдырып, батырып жіберу жөнінде. Сонда не болады?
- Тек байқап көрсін, көзінің алдын көгерген ісікке қаптатып
жіберейін, сонда ол өзі тұратын төменгі палубаны, немесе, тіміскілеп
жүруді ұнататын жоғарғы палубаны айтпағанда, адмирал каютасына
да ұзақ уақыт тұмсығын тығуға жүрегі дауаламас еді. Ау, оны ұстап
алып, кісендеп тастауға батылы бармай, лайықты жазасын бермей,
оның орнына адам ұрлатқызып, көрінген жерде талтаңдатып,
еркінсітіп қойған кəрі адмиралдан басқа, одан кім қорқады дейсің; бұл
аз болса, адмирал онымен келісімге қол қойған: сайтан кімді ұрлап
əкелсе, адмирал соны оған қуырып береді. Адмиралыңыздың жайы
солай!
- Сен Федалла капитан Ахавты ұрлағысы келеді деп ойлайсың ба?
- Ойлаймын ба деймісің? Сабыр ет, Фласк, өзің-ақ көресің əлі. Мен
тек енді оны қалт еткізбей сырттан бақылаймын, егер тым күдікті
бірдеңе байқар болсам, бірден жағасынан шап беріп ұстап алам да: "Эй,
Вельзевул, бұлай істеуші болма!" - деймін. Ал егер ол кекірейетін болса
бар ғой, Құдай атымен ант етейін, қалтасынан құйрығын суырып алам
да, шығырға сүйрелеп апарамын, сосын шыңғыртып отырып бұрасам,
түп тамырымен өзі де үзіліп түсер, түсінікті ме саған? Содан соң ол
шолақ құйрығын шолтаңдатып жөніне кетер деймін, тіпті, құйрығын
қыса алмай да қалар.
- Ал сен құйрықты не істейсің, Стабб?
- "Не істейсіңі" қалай? Үйге қайтқасын бақташыға қамшы орнына
сатамын, басқа не істемекпін?
- Ал енді адалыңды айтшы, Стабб, осының бəрін шын айттың ба,
шын айтамысың?
- Шын болсын, өтірік болсын, əйтеуір кемеге де жетіп қалыппыз-ау.
Палубадан китті сол жақтауға арқандап байлау жөнінде бұйрық
естілді, ол жақта қамдалған шынжыр мен басқа да жабдықтар ілініп
қойылған-ды.
- Ал, мен не айттым? - деді Фласк. - Көресің əлі, көп ұзамай біз бұл
киттің басын кашалоттың басының тура қарсысына салбыратып іліп
қоямыз.
Тағы біршама уақыт өтті, сөйтіп, Фласктың айтқаны келді. Бұрын
"Пекод" кашалот басы жағына күрт жантайып тұрса, енді басқа бір бас
таразы басын теңгеріп, ол қалпын қайтадан түзеп алды; дегенмен,
қазір де оған тым киын соғып тұрғанын өзіңіз оп-оңай елестетер едіңіз.
Айталық, егер бір жақтауға Локктың басын іліп қойсаңыз, сізді бірден
сол жаққа аударып əкетер еді, бірақ екінші жақтауға Канттың басын
іліңізші - сіз қайтадан теңесіп түзелесіз, алайда, бұрынғыдан əлдеқайда
ауыр болады. Кейбір ғұламалар өмір бойы осылай тепе-теңдіктерін
сақтайды. Аһ, ақымақ, топастар-ай, одан да мына екібасты тауқыметті
жақтаудың сыртына лақтырып тастасаңдаршы
бағыттарыңмен жүзуге əрі оңай, əрі жеңіл болмай ма.
-
сонда
өз
Нағыз кит жақтауға арқандалып байланғаннан кейінгі ұшаны сою
рəсімінің əдетте кашалоттағы жағдайдан айырмашылығы шамалы
болады; тек кашалоттың басы бүтіндей бөлініп алынады, ал нағыз
китте əуелі таңдайға бекіген атақты кит мұртымен қоса еріндері мен
тілі кесіліп, палубаға шығарылады. Алайда, бұл жолы мұндай ештеңе
істелген жоқ. Екі киттің де ұшалары жақтау сыртында қалқып қала
берді, сөйтіп, лықа толы екі теңнің астында тепеңдеген өркешті
қашырға ұқсаған, қос қапталына қос басты тиеген кеме толқындарда
тербетіле қалқыды.
Бұл шақта Федалла нағыз киттің басын үнсіз шолып, назарын
ондағы терең əжімдерден өз алақанындағы сызықтарға аударды. Ахав
кездейсоқтан жақын маңда тұрған, сондықтан, оның көлеңкесі парсыға
түсті, ал парсының өзінен көлеңке түскен күнде де ол бəрібір Ахавтың
көлеңкесімен кірігіп, тек, бəлкім, оны азырақ ұзартқан шығар.
Жұмыс істеп жатқан матростар мұны көріп, кейбір таң-тамаша
ойларын бір-біріне айтты.
LXXIV тарау
КАШАЛОТТЫҢ БАСЫ
САЛЫСТЫРМАЛЫ БАЯН
Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы, сөйтіп, екі зор кит өздерінің
бастарын тақастыра тоғыстырды; біз де солардан үлгі алып, кейбір
жайлардың мəнісін бірлесіп анықтап байқайық.
Кашалот пен нағыз кит - in Folio левиафандары ұлы Орденінің
неғұрлым көрнекті өкілдері. Бұлар - адам жүйелі аулауды жолға қойған
бірден-бір түрлер. Нантакет теңізшілері үшін олар барлық белгілі кит
тұқымдары арасындағы екі шалғай қиыр болып табылады. Енді,
олардың арасындағы айырмашылық бəрінен бұрын бас бітімдерінен
анығырақ көрінетіндіктен һəм осы екі бас та тап қазір "Пекод"
жақтауларының сыртында салбырап тұрғандықтан, жəне де біз бірінен
екіншісіне палубаны жай кесіп өтіп қана бара алатындықтан, - міне,
цетологиямен нақты шұғылдану үшін мұндай оңтайлы жағдай бізге
бұдан басқа қай жерден табылады?
Ең алдымен сізді жалпы қарама-қарсылық қайран қалдырады.
Əлбетте, екі бас та төтенше зор; бірақ кашалотқа, нағыз китке жетпей
тұрған, əлдебір математикалық үйлестік тəн. Кашалоттың басында
өзіндік ерекше сипат басымырақ. Оған қарап қалғанда сіз оның
бұлтартпас айбынының теңдессіз артықшылығын бір демде еріксіз
түйсінесіз. Ал мына жағдайда аталмыш айбындылық оның төбесінің
секпіл сұр түсімен құдіреттене түскен, бұл оның кəрілігі мен өмір
тəжірибесінің молдығын паш етіп тұрған-ды. Қысқасы, біздің кəсіпте
айтатындай, ол "қарт кит" болды.
Енді біз осынау бастардың арасындағы айырмашылық барынша
азырақ көрінген жерлерге, атап айтқанда, олардың аса маңызды
мүшелеріне; құлақ пен көзге тоқталайық. Егер дұрыстап зер салып
қараса, екі баста да, əредіктегі қапталында, жақтары қабысқан жердің
қасында қабақтан ада һəм көлемі бастың үлкендігіне сəйкеспейтіндігі
сонша, құлынның көзін еске түсіретін кішкентай көзді көруге болады.
Ал кит көзінің мұншалық өзгеше, бүйірлеп шыққан жағдайы кит
өзінің артындағыны қалай көрмесе, тура алдында тұрған затты да тап
солай көрмейтіндігін паш етеді. Басқаша айтқанда, кит көзінің қалпы
адам құлағының қалпымен сəйкес келеді; сондықтан, егер тек қос
қапталдан, құлақтарыңызбен ғана көре алатын болсаңыз, нендей күйге
ұшырайтыныңызды сіз өзіңіз де тəп-тəуір елестетер едіңіз. Онда сіздің
көзіңіздің шалымы ең көп дегенде алдан отыз градусқа жəне артта да
шамамен соншаға соғылар еді. Егер тапа-тал түсте қас жауыңыз сізге
қанжарын көтеріп қарсы ұмтылса, сіз оны құдды артыңыздан ұрланып
келе жатқандай-ақ, байқамай қалар едіңіз. Қысқасы, сізде енді,
былайша айтқанда, екі арқа жəне сонымен бірге екі алдыңғы жағыңыз
(екі қырыңыздан) болар еді; өйткені, сайып келгенде, адамның алды
қайда? Əлбетте, көзі қайда болса, алды да сонда.
Бірақ əлі мұнымен біткен жоқ; сонымен қатар өзге жануарлардың
қайсысын алсаңыз да, көпшілік жағдайда көздерінің орналасуы сондай,
олардың көру күші миға екі емес, бір сурет жеткізердей болып
тұтасқан; екі аралықта, жазықтағы екі көлдің арасындағы асқар таудай
асқақтаған көптеген текше фут етпен толайым бөлінген кит көздерінің
орналасуы ерекше - ол, əлбетте, өзара ешбір байланысы жоқ екі
мүшеде кескінделген қос бейнені түгелдей ажыратып бөліп жібереді.
Осының арқасында кит оң жағындағы һəм сол жағындағы көріністерді
де бірдей, бұлдыратпай айқын көреді; ал ортада қалғанның барлығы
оған меңіреу түнек, əлдебір жоқ дүние болып елестеуі тиіс. Басқаша
айтқанда, адам дүниеге өз қарауылханасынан қос жармалы бір терезе
арқылы қарайды. Ал, китте осы қос жарма бөлек-бөлек салынған, сонда
терезе екеу боп шыққан да, олардағы көрініс бұрмаланып бұлдырап
кеткен. Аулау кəсібінде киттің көруіндегі бұл ерекшелікті естен
шығаруға болмайды; біздің шаруамыз осыған тірелген шақта мұны
оқырман да есіне алып қойсын.
Бұл арада, левиафанның көруіне байланысты аса қызғылықты һəм
шиеленіскен бір мəселені көтеруге болар еді. Бірақ мен əзірше кейбір
ишара-тұспалдармен ғана шектелуге мəжбүрмін. Ашық-жарықта,
адамның көзі ашық кезде көрудің өзі оның еркінен тыс жүзеге асады;
яғни, оның көз алдындағы заттарды көрмеуі əсте мүмкін емес. Алайда,
өмір тəжірибесі бізді мынаған үйретеді: адамның көз аясы бір реткіде
айырым-талғаусыз қаншалық көп заттар ауқымын қамтыса да, ешкім
де бір сəтте, - мейлі, үлкен немесе, кішкентай болғанына қарамастан тіпті, бір-бірінің қасында жатса да, қандай да бір екі затты мұқият əрі
егжей-тегжейлі көріп үлгере алмайды. Егер сіздің осы екі затты
айыруға жəне əрқайсысын тасқараңғы шеңбермен қоршап қоюға
шамаңыз жетсе, онда өзіңіздің күллі көңіліңізді соған аударып,
солардың біреуін ғана қарап көру үшін сіз өз санаңыздан уақытша ана
екіншісін мүлдем қуып тастауыңыз керек. Ал, кит қалай қылады?
Əлбетте, оның екі көзі де өз беттерімен бір мезгілде əрекет жасайды;
бірақ оның миы шынымен-ақ екі затты: біреуін бір жақтан, екіншісін
басқа қапталдан бір мезгілде мұқият саралап көретіндей, сонша
адамның миынан да сыйымдырақ, жан-жақтырақ жəне нəзігірек
болғаны ма? Егер бұл шынымен солай болса, ол Эвклидтің екі
теоремасын бірдей бір сəтте дəлелдеуге қабілетті адамнан бетер
сүйсінуге лайықты-ақ. Расында да, мəн-жайын жақсылап байыптасақ,
мұндай салғастыру əбден қисынды.
Бəлкім, бұл менің еріккен қиялымның ермегі ғана болар, бірақ
кейбір киттердің бірнеше вельботтың қуалауынан қашқанда
жылдамдығы мен бағытты жөнсіз өзгертетін түсіндіріп болмайтын
əдеттері, олардың жасқаншақтығы мен түсініксіз үркектігі - осының
бəрі, меніңше, маған əрдайым көлденеңінен екі айырылған көз
кінəратынан туған ерік-жігердің нəтижесіз екіге бөлінуінің жанама
əсері болып елестейтін.
Киттің құлағының қызығы оның көзінен бір де кем емес.
Егер сіз левиафан тұқымдастарымен ешқашан таныс болмасаңыз,
мына екі бастан есту мүшелерін іздеп, бір жыл бойы бостан-бос
тінтінер едіңіз. Кит құлағы қандай да болмасын бір сыртқы жарғақтан
ада, тесігінің өзі қаз қауырсыны əрең кіретіндей, кішкентайлығы бір
ғажап. Ол көздің артында сəл-пəл əрірек орналасқан. Бұл арада
кашалот пен нағыз кит арасындағы мына маңызды айырмашылықты
атап айту қажет: біріншісінде құлақ орнында біршама шұқанақ тесік
болса, екіншісінде ол түгелдей майда əрі тегіс жарғақпен жабылған,
сыртынан ештеңе білінбейді.
Кит сияқты соншама алып мақұлықтың дүниені сондай құйттай
көзбен көріп, күннің күркірін қояндікінен əлдеқайда кішкентай
құлақпен еститіні таңданарлық емес пе? Əйткенмен, оның көздерінің
үлкендігі Гершельдің дəу телескопындағы линзадай болды делік,
құлақтары кафедралық. шіркеу қақпасындай кең болды делік, сонда ол
осыдан алысырақ көріп, жақсырақ естіп қалар ма еді? Мүлдем де олай
емес. Онда сіз "кең" ақылға несіне талпынасыз. Одан да ол нəзік
болсын.
Енді мүмкін болған барлық тегершіктер мен бу шығырларын
пайдаланып, кашалоттың басын аударамыз да, сосын саты қойып, оған
өрмелеп шығып, аузына үңілеміз; егер бұл бас денеден
ажыратылмаған болса, біз, тіпті, қолымызға шам ұстап, оның
асқазанының ғаламат Мамонт Үңгіріне түсе де алар едік. Алайда, əзірге
мына тіске жармасып, шолып байқайық. Бұл неткен əдемі əрі таза
ауыз! Оған еденнен бастап төбесіне дейін үйлену тойындағы
қалыңдықтың зерлі жібек үлде мен бүлдесіндей жалт-жұлт еткен ақ
шарбылы жамылғы төселіпті немесе ілініпті.
Енді одан шығып, дəу шақшаның ұзын əрі енсіз қақпағына ұқсаған
мына зор төменгі жақ сүйегіне зер салайық. Егер сіз оның қатарлап
тізілген тістерін ашып, өзіңіздің басыңыздың үстіне көтере алсаңыз,
онда олар түсірмелі алып қақпаларға ұқсап кетеді, жəне де мына үрейлі
кертіктер жабылған кезде шегеленіп қалған көптеген бақытсыз
балықшылар үшін ол нақ сондай болады да. Бірақ өзің кенет тереңде
аузын арандай ашып жүзіп келе жатқан қаныпезер кашалотты
байқаған түпсіз теңіз тұңғиығында көрген кезде ол бұдан да
қорқыныштырақ көрінеді, оның ұзындығы он бес футқа жететін
жалмауыз жақ сүйегі денесінен төмен сорайып шығып тұрады - нағыз
бір кеменің салбыраған зəкірі дерсіз. Бұл кашалот өлмеген, ол əншейін
жабырқау, көңілсіз күйде, бəлкім, уайым басып, бойкүйезденгені
сондай, оның жақтарының бұлшық еттері əлсіреген, сөйтіп, ол
мынадай келеңсіз түрде жүзіп келеді - бүкіл кит əулетінің бетіне
түскен шіркеу ғой бұл, олар болса, оны өз тараптарынан қарғап-сілеп,
сірə, оған Құдайдың тұмылдырық кигізуін жалбарынып сұрап жатқан
болар.
Тəжірибелі маман еш қиындықсыз бөлектеп ажырататын
кашалоттың төменгі жағы көпшілік жағдайда палубаға көтеріледі, сол
арада балықшылар неше түрлі əуес заттар, асатаяқтар, қолшатыр
тіректерін, қамшы саптарын жасайтын қатты ақ кит сүйегінің қорын
толықтыру үшін одан тістерін суырады.
Жақты кеме үстіне, құдды зəкір сияқты, ауыр азаппен, діңкелеп
көтереді; содан, уақыты келген кезде - басқа жұмыстар біткен соң
бірнеше күн өткенде Квикег, Дэггу жəне Тэштиго, кəнігі тіс
жұлғыштардың үшеуі бірдей іске кіріседі. Квикег өткір фленшерлік
күрекпен қызыл иегін тіледі; бұдан кейін жақты құрсауға бекітіп,
үстінен жүк көтергіштерді салбыратып іліп, солардың көмегімен,
қалың жыныс орман алаңқайында Мичиган өгіздері емен түбірлерін
жұлғандай, бір тістен соң бір тісті топырлатып суырады. Əдетте,
қырық екі тіс болады, кəрі киттер де олар көбінесе қайралып
тегістелген, бірақ шіріп бүлінуден аман жəне біздің адамдық үлгіде
тесіктері бітелмеген. Ақыр аяғында жақтың өзін тілімдеп кесіп, оларды
үй салғанда арқалық ретінде пайдаланады.
LXXV тарау
НАҒЫЗ КИТТІҢ БАСЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ БАЯН
Енді палубаны көктеп өтіп, нағыз киттің басын жақсылап қарап
байқайық.
Егер кашалоттың бекзат басын жалпы сұлбасы бойынша Римдік қос
доңғалақты жаугершілік арбасымен салыстыру (əсіресе, алдынан
бірқалыпты дөңгеленіп біткен) əділеттірек десек, онда нағыз киттің
басы, тұрпайылап айтканда, дəудің қораштау, жайпақ тұмсық кебісін
еске түсіреді. Екі жүз жыл бұрын бір голланд саяхатшысы оның пішіні
етікшінің қалыбы тəрізді деп жазған-ды. Тек бұл қалыптың үлкендігі
сонша, кебістің ішінде балалар жырындағы əйгілі кемпірді бүкіл үрімбұтағымен қоса еш қиындықсыз жасырып қоюға болады.
Міне, сіз осынау таудай басқа жақындап келдіңіз, сонда оның
сұлбасы сіздің оған қайдан қарап тұрғаныңызға байланысты өзгере
бастайды. Егер сіз оның үстіне шығып, төмендегі, екеуі де f əрпі
пішініндегі екі тыныс тесігіне қарасаңыз, онда бастың өзі сізге алып
контрабас, ал екі тыныс тесігі - аспаптың шанақтарындағы əшекейлі
тіліктер болып көрінеді. Егер сіз қақ төбесіндегі саңырауқұлақ тəрізді
қолапайсыз шорға - Гренландияда "кит тəжі", ал Күнгей теңіздерде
"нағыз киттің кепеші" деп атайтын осынау, ісіктер қаптаған жасыл
жотаға қадала қарасаңыз, егер осы күдірейген жалға көңіл аударсаңыз,
онда бас сізге ашалы айырығында құс ұясы бар зəулім емен діңі боп
көрінер еді. Қалай болғанда да, "кепешке" ұя салған барлық мына тірі
шаяншаларды көргенде сіздің басыңызға мұндай теңеу келмей тұра
алмайды; тек сіздің ойыңыз, сондай-ақ ол да осы жал-жотаны
таңбалауға қолданылатын, "тəж" дейтін басқа кəсіптік терминге
бөлінбесін деңіз; бірақ бұл жағдайда сіз əшекейлі тəжін шебер
моллюскілер безендіріп берген теңіз құбыжығын мұхиттардың
таһытты патшасы деп елестеткіңіз келер еді. Əйткенмен, бұл кит
патша бола тұрса да, тым жабырқау тұрпаты тəжді тұлғаға
жараспайды-ақ. Өзіңіз тек салпиған төменгі ерніне қараңызшы! Неткен
түнерген, тыжырайған, жеркенішті бет-ауыз -ұзындығы жиырма
футтық, ені бес футтық тыжырайма, кеме балташысының есептеуі
бойынша, қыржиып - тыржиған осы бет-ауыз бізге 500 талоннан астам
май береді.
Нағыз кит байғұстың жырық ерін болуы, дегенмен де, неткен
өкініш. Еріндегі жарықтың өзі бүтін бір фут. Сірə, оның шешетайы аяғы
ауырлап жүргенде Перу жағалауында жүзіп, жер сілкінгенде
жағалаудың жарылғанын көрген болар. Енді, құдды бір тайғанақ
табалдырықтай, осы ерінді аттап өтіп, ауыздың ішіне үңілейік. Құдайақы, егер бұл Макинода болса, біз үндіс вигвамына тап болдық деп ант
етер едім. Астапыралла! Жоһан шынымен-ақ мына жолмен жүрді ме?
Биіктігі он екі футтық төбе, тура нағыз үшкір атша-əшекейлі
шатырдың еңісі сияқты, жоғарыға тым тіке қиялап кеткен, ал
қабырғалы, иілген, түкті күмбездерден, құдды қайқы қылыштардай, əр
жағынан үш жүзден, əлгі тілім-тілім кит мұрттары төмен қарай
салбырап тұр, жоғарыда жолай азырақ əңгіме қылғанымыздай,
жоғарғы жақ сүйегіне бекіген олар атақты венециандық перделерді
құраған. Мұрттың бұл тақташаларының шеттері қылшықты шашақпен
əшекейленген, сол арқылы нағыз кит суды сүзгіден өткізіп, аузын
арандай ашып планктон теңізінен өткен кезде, сондағы ұсақ
жəндіктерді ұстап қалады. Ортада тұратын кит мұрты перделерінде
көбінесе əр түрлі таңбалар, шұңқырлар мен саңылаулар болады, кейбір
кит аулаушылар соларға қарап, сақиналар бойынша еменнің жасын
анықтаған сияқты, киттің жасын есептеп шығара алады. Мұндай
əдістің дұрыстығын тексеру тым қиын болғанымен, дегенмен де бұл
үйлестік оны шын сияқтандырады. Алайда, егер аталған əдісті
мойындайтын болсақ, кейбір нағыз киттер бір қарағанда, мүмкін боп
көрінгеннен анағұрлым егде жасқа жететіндігіне ден қоюға тура
келеді.
Ескі замандарда осы перделерге байланысты аса бір қисынсыз
түсініктер бел алған. Парчесте бір теңіз жиһанкезі оларды "кит
аузының ішінде өскен жақ сақал"2 десе, екінші біреу "шошқа қылы" деп
атайды, ал Хаклюйтте əлдебір қарт мырза сыпайы түрде былай дейді:
"Оның үстіңгі жақ сүйегінің қос қапталында екі жүз елуден жүзгіш
қанаттар өседі, олар оның тілінің үстінде екі жақтан бірдей салбырап
тұрады".
Жұртқа мəлім жай, нақ осы "мұрттар", "қылдар", "жүзгіш қанаттар",
"перделер", немесе, қалай атасаңыз да еркіңіз, міне, осылар біздің
ханымдарымыз үшін созылмалы жалпақ белбеулер мен басқа да
буындырғыш құралдар жасауға жұмсалады. Алайда, бұл орайдағы
сұраныс баяғыда азайып кеткен. Кит мұртының алтын дəурені
фижмалар1 осындай сəнде болған королева Аннаның патшалық
заманымен бірге бітті. Осы байырғы арулардың, былайша айтқанда,
кит аузының қыспағында шат-шадыман ұшып-қонып қалықтағаны
тəрізді, біз де бүгінде тап солай жаңбыр жауғанда таңғаларлық жүрек
жұтқандықпен сол баяғы кит аузынан пана табамыз, өйткені, қазіргі
қолшатыр - кит мұртынан жасалған қаңқаға жабылған шатыр.
Бірақ бір сəтке перделер мен мұрттарды естен шығарайық та, нағыз
киттің аузында тұрып, маңайымызды тағы бір шолып қарайық.
Өзіңізді жан-жағыңыздан бастырмалатқан осы ғажайып шеру тізбекті көргенде шынымен-ақ бейне алып гаарлем органының ішіне
ғайыптан түсіп кетіп, соның сансыз кернейлерін тамашалағандай
болмайсыз ба? Аяғыңыздың астында - аса жұмсақ түрік кілемі - құдды
еденге желімделіп тасталғандай тіл. Ол өте майда əрі майлы, палубаға
көтерген кезде кесек-кесегімен оңай жұлынады. Осы тіл қазір
алдымызда жатыр, көз мөлшерімен мен оны алты баррельдік деп
айтар едім, яғни, қорытқаннан кейін алты күбі май береді.
Сіз енді менің кашалот пен нағыз киттің бастары бір-бірінен мүлдем
өзгеше деген əуелгі пайымымның əділеттілігіне көзіңіз толық жетті
ғой деп үміттенемін. Қорытындылай келе, қайталап айтамын: нағыз
киттің басында спермацеттің орасан зор, сұйық сақтайтын
сыйымдылығы жоқ; сүйек тістері жоқ; кашалотқа соншалықты тəн
созылыңқы, жіңішке астыңғы жағы жоқ. Басқа тұрғыдан қарасақ,
кашалоттың өзінде əлгі кит мұртының перделері жоқ; абажадай
астыңғы ерні жоқ; тек тілдің болар-болмас жұқанасы бар. Бұдан басқа,
нағыз китте екі сыртқы тыныстау тесігі болады, ал кашалотта тек
біреу ғана.
Əзірше қасыңызда жатқан кезінде мына тік жартастай айбынды
бастарға ақырғы рет көз қиығын салыңызшы; өйткені, олардың
' Фижм - 18 ғасырда жəне 19 ғ. Басында: белдемшенің астынан
салынатын сақина- құрсау; сондай-ақ осындай сақина-құрсаулы
белдемше. - Аудармашы ескертпесі.
біреуі көп ұзамай теңіз тереңіне сүңгіп, хабарсыз жоғалады, екіншісі
де көп күттірмей, соның соңынан жөнеледі.
Кашалот басының кейпі қандайлығын байқайсыз ба? Өзінің ажалын
қасқайып қарсы алғандағы сол бір кейіп, тек маңдайындағы ұзақ-сонар
əжімдер əлдеқалай жазылып кеткен-ау. Оның кең маңдайы маған
ажалға деген пəлсапашыл селқостық тудырған шалғынды аймақтың
алаңсыз тыныштығына шомғандай болып көрінеді. Ал енді екінші
басқа назар аударыңыз. Кездейсоқ жазмышпен кеме жақтауында
жанышталған оның ғаламат төменгі ернінің қалай қатты қысылғанын
көресіз бе? Бүтіндей бүкіл осы бас ажалмен соқтығысқан кездегі көзсіз
тəуекелінен хабар беріп тұрған жоқ па? Менің ойымша, бұл нағыз кит
— сабыр иесі, ал кашалот - соңғы жылдарда Спинозаның ықпалына
ұшыраған желөкпе...
LXXVI тарау
ҚОРҒАН БҰЗАТЫН ҚҰРАЛ
Кашалоттың басын мəңгілікке жайына қалдырмас бұрын мен сіздің,
жай ғана зерделі əуесқой физиолог ретінде, оның алдынан
қарағандағы тас-түйін жинақты түріне назар аударғаныңызды қалар
едім. Оны қазір анықтап көріп алуды сұрайтын жалғыз себебім, сіз
оның бойындағы жойқын күш жайында əсірелеуден аулақ, шыншыл
пікір қалыптастырсын деймін. Бұл төтенше маңызды, өйткені, сіз
бұдан өзіңізге не қажетті қорытындылар жасайсыз, не болмаса,
адамзат жайында сақталып қалғандардың ішіндегі ең сұмдық, солай
бола тұрса да титтей жалғандығы жоқ бір хикаяға сенімсіздік
білдіретін дүдəмал хал кешесіз.
Сіз кашалот жүзгенде суға өз басының мүлдем тік дерлік алдыңғы
жазықтығын салатынын байқар едіңіз; бұл жазықтықтың асты арт
жағына қарай аса қиғаш біткенін һəм нақ содан пайда болған шұңқырға
кашалоттың бушприттей енсіз төменгі жағы, жабылғанда, сарт етіп
дөп түсетінін байқайсыз; осылайша, айталық, сіздің аузыңыз иегіңіздің
астында болған тəрізді, оның аузы бастың астында болып шығады.
Одан əрі сіз киттің мұрны мүлдем жоқ екенін аңдайсыз, ал мұрнының
орнындағы тыныс тесігі, былайша айтқанда, төбесінде жайғасқан,
көздері мен құлақтары басының екі жағында, тұмсық тұсынан өзінің
күллі ұзындығының үштен біріне тең қашықтықта орналасқан. Енді,
сірə, кашалот басының алдыңғы бөлігі - бірде-бір мүшесіз, бірде-бір
сезімтал бұдырсыз, берік те меңіреу тас қорған екенін өзіңіз де көріп
тұрған боларсыз. Оның үстіне, кашалот басының тек ең төменгі қиысқиғаш бөлігінде ғана сүйек бітімінің əлдебір ишарасы барлығын еске
алыңыз; кит маңдайынан жиырма фут жерден ғана оның бас сүйегінің
қорабын табуға болады. Сондықтан да бүкіл осы деңгезердей сүйексіз
дене жүн толтырылған қанарға ұқсайды. Ақырында, көп ұзамай
көретініміздей, бұл қанардың ішіндегісінің бір бөлігі нағыз үлбіреген
жұмсақ майдан тұратындығына қарамастан, сіз қазір соншалық нəзік
əсемдік қазынасын берік қорған болып қоршаған заттың табиғатымен
танысуға тиістісіз. Сəл-пəл жоғарыда мен қабықтың апельсинді
орағанындай, кит денесін құндақтаған май қабатын суреттедім. Оның
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.