Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 22

Total number of words is 4020
Total number of unique words is 2394
30.4 of words are in the 2000 most common words
42.7 of words are in the 5000 most common words
49.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кезде матростардың қолдары оған тиіп отырады, сөйтіп, ол
вельботтың тұмсығындағы қорғасын науашықты тиянаққа шейін
жетеді, ал одан тайып шығып кетуіне ұзындығы қаз қауырсынындай
ағаш тиек жібермейді. Тұмсықтағы арқан жақтаудың сыртында
жалбыршақтана салбырап тұрады, сосын қайтадан ішке лақтырылады;
мұнда арқанның он-жиырма сажындық (алғы шептегі арқан деп
аталатын) бір бөлігі оралып, осы араға, тұмсыққа жиылып қойылады,
қалған арқан жақтаудың қапталымен арт жаққа созылып, сонда
гарпунның өзіне жалғасатын қысқа ілгешек-сүйреткіге бекітіледі;
алайда, бұл ілгешек-сүйреткі мұның алдында, тізбелеп жату тым
жалықтырып жіберерлік, неше түрлі, бас қатыратын жұмбақ əрекетамалдарға ұшырайды.
Өстіп, гарпун арқаны вельботты олай да бұлай белдеулеп орап,
шырмайды. Əрбір ескекшіні ажалдан бұрмаларымен қақпалайды,
сонда, жаңадан келгеннің жасқаншақ көзіне бұлар қауымның көңілін
көтеру үшін улы жыландармен шырмалған үнділік амалшылар сияқты
боп көрінеді. Дағдыланбаса, ескекті бар күшімен еңсеріп, ешкімге
мəлім емес кез келген сəтте гарпун лақтырылуы мүмкін һəм мына
үрейлі иреңдердің бəріне құдды сақиналы нажағайдай жан бітеді-ау
деп ойлаған пəнилік əйелдің бірде-бір ұлы осынау кендірлі
шытырманның арасында дегбір тауып отыра алмайды; бұл жайында
сай-сүйегіңізді сырқыратпай ойлау əсте мүмкін емес. Алайда, дағды ғажайып нəрсе, шіркін, дағды не істемейді десеңізші! Командасы құдды
жіпке ілініп қойылған дарға асылушылардай алты матростан құралған
вельботтың жарты дюймдік ақ кедр тақтайларының үстіндегідей
көңілді əзіл-оспақты, ондай қатты күлкіні, ондай ғажап қалжыңдар мен
тапқыр жауаптарды сіз өзіңіздің қызыл ағаштан жасалған үстеліңіздің
басында ешқашан естімейсіз; олар король Эдуардқа келген Каленің
алты азаматы тəрізді, ажал аранына мойындарындағы тұзақпен тура
тартып келеді деп айтуға болады. Тарқатылып жатқан арқан матросты
бұғалықтап, жақтаудың сыртына, суға тоғытқан кезде - оқта-текте
тіпті баспасөзде де атап өтілетін - бақытсыз жағдайлардың
кəсіпшілікте неліктен тым жиі болатын себебін сіз енді, сірə,
оншалықты қиындықсыз аңғаратын боларсыз. Өйткені, арқан
гарпунның соңынан жүйткіген кезде вельботта отыру - бəрібір, екі
иінінен дем ала ырсылдай заулаған паровоздың ішінде, жанжағыңыздан зырылдап айналған əр түрлі біліктер, ерсілі-қарсылы
қозғалған қозғалтқыш тетіктер мен доңғалақтар тиіп кетіп, құлақ
тұндырған ысқырық пен шыжыл-быжылдың арасында отырғанмен
бірдей. Ол - ол ма: қиямет қауіп-қатерлердің қоршауында қалған сен,
тіпті, қимыл-қозғалыссыз отыра да алмайсың, өйткені, қайық бейне
бесік сияқты тербеліп, сені ешбір ескертусіз оңды-солды лақтырады;
сондықтан да сен тек дер кезінде қолданылған тепе-теңдік сақтау
өнері мен ерік-жігерді жан дəрмен ширықтырудың арқасында ғана
Мазепаның тағдырына тап болудан һəм көрмейтіні жоқ күн сəулесінің
өзі соңыңнан ілесіп жете алмайтын жаққа жұтылып кетуден құтыла
алмақсың.
Тек бұл ғана емес. Көбінесе дауылдың алдын алып, соның
хабаршысы ғана болатын желсіз тымық бізге сол дауылдың өзінен де
сойқанырақ болып көрінеді; өйткені, желсіз тымық - дауылдың сыртқы
орауыш, қабығы ғана; сырттай қарағанда, өз бойында өлім себетін оқдəріні, бармақ басындай қорғасын оқты һəм атыстың өзін жасырып
ұстайтын момын мылтық сияқты, ол да дауылды өз құшағында қысып
ұстайды; дəл осылайша, əзірше өзін қимылға келтіргенше
ескекшілердің қасында үнсіз шырматылған гарпун арқанының əсем
қозғалыссыздығы - міне, тап осы қозғалыссыздық қауіптің өзінен
бетер нағыз қарақасқа үрей тудырады. Бірақ артық сөз не керек? Біздің
бəріміз де гарпун арқаны шырмаған дүниеде өмір кешеміз ғой. Туа
сала мойнына бір-бір кендір жіп байламаған кім бар; бірақ тек
тұтқиылдан, қас қағымда буындырған ажал тұзағына түскенде ғана,
адамдар өмірдің мəңгілік мылқау да нəзік қауіп-қатерін тек сонда ғана
түсінеді. Егер сен пəлсапашы болсаң, онда өз вельботыңда,
кешкіліктерде камин алдында отырып, қасыңда гарпун емес, бар
болғаны залалсыз көсеу жатқандағыдан артық үрейлене қоймассың.
LXI тарау
СТАББ КИТТІ ӨЛТІРЕДІ
Егер Старбекке сегізаяқтың тап келуі қатер нышанын аңдатса,
Квикег үшін оның мүлде басқаша мағынасы бар еді.
- Сенікі сегізаяқты көрген кезде, - деді жабайы жоғарыға ілінген
вельботтың тұмсығы үстінде гарпунын қайрап тұрып, - сонда сенікі
кашалотты тез-тез көреді.
Ертеңінде тыныш əрі тымырсық болғаны сондай, онша-мұнша
шұғыл шаруалары жоқ "Пекодтың" командасының сабат теңізден
самалдаған қалғып-шұлғуға қарсы тұрарлық дəрмендері болмады.
Үнді мұхитының қазір біз шиырлап келе жатқан пұшпағын, кит
аулаушылар айтатындай, дулы-думанды жер деп айтуға болмайтын;
мұнда дельфиндерді, шоршыма шабақтар мен теңіздің басқа да шатшадыман мекендеушілерін, айталық, Ла-Плата маңындағыдан немесе
Перу жағалауларындағыдан əлдеқайда сирек ұшыратар едіңіз.
Фок-мачтаның төбесінде тұратын кезек менікі болатын; жоғарғы
бөліктердегі салбыраған керме арқандарға арқамды тоса сүйенген мен
бейне арбалып қалғандай, ту биікте бірқалыпты ырғақпен тербетіліп
тұра беріппін. Бұл арада ешқандай жан сірілігі төтеп бере алмас еді,
сөйтіп, тəтті мүлгу құшағында айнала-төңірегімді түгел ұмытып,
жаным тəнімді тастап кетті, əлбетте, өзін түрткен күш енді қайтып
əсер етпегеннен кейін де ұзақ тербетілетін сағаттың салбырама тілі
тəрізді, денем бұрынғысынша тербетіле берді.
Бірақ талықсып қалғу бойымды түгел меңдетіп билеп алғанға дейін
мен грот пен бизаньдағы шолғыншылардың ұйықтап қалғандарын
байқап үлгердім. Міне, енді, сөйтіп, біз үшеуміз де арқандарда құр
сүлдеріміз салбырап қалдық, ал төменде біздің тербелісіміздің
ырғағына үйлесе штурвал ұстаушы қалғып-шұлғыды. Толқын жалдары
да жалқаулана бүлкілдеді, мұхиттың маужыраған байтағы арқылы
Батыс Шығысқа бас изеді, шырқау көктен күн шұлғыды.
Кенет жұмулы көзімнің алды көпіршіктенгендей болды, қолдарым
арқанды тастай жабысып қысып алды - көзге көрінбейтін қайырымды
біреу мені ажалдан қақты; мен селк ете түсіп, есімді жидым. Қарасам:
ық жақта, "Пекодтан" көп болса қырық сажындай жерде толқындарда
қоңырқай реңді жарқыраған кең арқасы күн сəулесімен шағылыса жалжұлт етіп, құдды аударылып түскен фрегаттай алып кашалот жүзіп
жүр екен. Мұхит төрінде керенау тербетіліп, анда-санда бұрқағының
буын будақтатып қойып қалқыған ол түстіктен кейін қорқорын
шеккен келісті қалалықтан аумай қапты. Өкінішке орай, байғұс кит,
бұл сенің ақырғы темекі шегуің. Құдды сиқырлы таяқша сермеліп əмір
еткендей, өзінің ұйқыдағы командасымен бірге мүлгіген кеме бір сəтте
дүр етіп оянып, үш шолғыншымен бір мезгілде кеменің əр тұсынан
жиырма шақты өңеш орасан зор балықтың аспанға тұзды тамшылар
бағандарын бірқалыпты баяу атқылағанына қарата, үйреншікті атойайқайларына басты.
- Вельботтарды дайындаңдар! Желге бағыт түзеңдер! - деп
айқайлаған Ахав өз əміріне өзі бағынып, руль ұстаушының тұтқаға
жармасуын күтпестен, штурвал доңғалағын шұғыл бұрап жіберді.
Кемеде кенеттен шыққан айқай китті үркіткен болуы керек; біз
вельботтарды түсіріп үлгергенше, ол маңғаздана кері бұрылып,
соңындағы суды да көбіктендірмеген сабырлы пішінде ары қарай жүзе
жөнелді; сондықтан, Ахав, сонда да болса, бəлкім, ол əлі бізді
байқамаған шығар деп үміттеніп, қайықтарда сыбырлап сөйлесуге
жəне ескектермен емес, қысқа қалақшалармен есуге бұйырды. Содан,
біз вельботтардың үстіне жайғасып алып, құдды Онтариодағы
үндістер сияқты, қалақшаларды үнсіз əрі жылдамдата сермеледік,
себебі, желсіз тымыққа бола шуылсыз желкендерді пайдалана
алмадық. Осылайша біз олжаға қарай құйғытып бердік, бірақ кенеттен
құбыжық өзінің зор құйрығын судан қырық футтай тік көтере сермеді
де, жылым қақ айырыла жұтқан мұнарадай, тұңғиыққа қолқ етіп түсті
де кетті.
- Құйрығын көрсетті! - деген айқай естілді де, содан соң Стабб ілешала сіреңкесін алып шығып, тыныс сəті туғандықтан, қорқорын
тұтата бастады. Суға шомудың əдепкі мерзімі өткенде, кит қайта
көтеріліп, енді темекі шегушінің вельботының алдынан ойқастап шыға
келді, сөйтіп, басқа қайықтар едəуір аулақта қалғандықтан, Стабб бұл
жолғы сəтті аңшылықтың абыройын өзім еншілеймін деп үміттенді.
Киттің қуғыншыларды байқағаны айдан анық еді. Сондықтан да
үнсіздіктің жəне басқа да сақтықтың енді түкке де керегі жоқ боп
шықты. Қалақшаларды тастай салып, матростар ебіл-себіл ескектерді
қолға алды. Стабб əлде де болса қорқорын түтіндетіп, өзінің жігіттерін
дем беріп, қамшылауға кірісті. Иə, енді құбыжық балықтың қылығы
күрт өзгерді. Төнген қауіпті түйсінген ол бұрқылдаған көбіктің қою
бұлты ішінде қисая күжірейген басын су үстінде көтере жүзіп келе
жатты.
- Қуалаңдар оны, қуалаңдар оны, жігіттер! Тек асықпау керек, бізде
уақыт көп - сендер тек тынбай қуалаңдар, сазайын дұрыстап беріңдер!
- деп айқайға басып тұрған Стаббтың аузынан түтін бұрқылдап шығып
жатты. - Қане, көрсетіңдер оған; Тэш, ұлым менің, берші сыбағасын,
балаларым; жə, жə, ақырынырақ, ақырынырақ, қызбаланбаңдар,
қарақтарым, ақырынырақ, албасты басқырды өлімші қылып, өлгендер
көрінде аунап түсердей етіп, тек қуалауды біліңдер. Қуалаңдар оны!
- У-ху-у! Уа-хи-и! - деп шыңғырды бұған жауап қатқан гейхедтік
үндіс өз халқының ежелгі жауынгерлік ұранын атойлап, сөйтіп,
дегбірсізденгенде ескекпен суда қатты жұлқи сермегені сондай,
барлық ескекшілерді артқа қарай шайқап жіберді.
Оның жабайы зарына тап осындай жабайы əрі қаныпезер басқа
дауыстар жалғасты.
- Ки-хи-и! Ки-хи-и! - деп құлақ тұндырды Дэггу құдды тор ішінде
аласұрған жолбарыстай, тұрған орнында біресе алға, біресе артқа
еңсеріліп.
- Қа-ла! Ку-лу-у! - деп ұлыды Квикег, құдды сілекей шұбыртқан
үлкен бифштексті көргендей тамсанып.
Осылайша, қайықтар теңіз айдынын ескектермен һəм заршыңғырулармен тілгіледі. Ал, Стабб болса, бұрынғысынша, қуғынның
алдында, өз адамдарына дем беріп, түтінін будақтата екіленді. Ақыры,
матростар естен айырыла діңкелеген кезде көптен күткен бұйрық
естілді: "Тұр, Тэштиго! Соқ оны!". Гарпун заулап ұша жөнелді. "Артқа
есіңдер!" Ескекшілер есуге кірісті, дəл осы сəтте олардың білектерінен
ыстық бір нəрсе ысқыра сырғанап өтті. Бұл сиқырлы арқан болатын.
Соның алдында ғана Стабб оны лагреттің сыртына тағы екі мəрте
лақтырып үлгерген-ді, енді будақталған арқанның жылдам иреңдегені
соншалықты лагрет үстінде темекі түтінінің біркелкі будақтарымен
араласып, көгілдір кендір түтіні көтерілді. Лагрет төңірегінде
дөңгеленіп шиыршықталар алдында арқан қолғаптары - осындай
жағдайларға арналған сырма кенептің шаршы қиындылары Стаббтың
алақандарына түсіп кетіп, күйдіре заулады. Мұның өзі қарсыласың
қолыңнан жанталаса бұрап жұлып алуға тырысқан екі жүзді семсердің
ұстарасын қарысып ұстағанмен бірдей еді.
- Сула, суласаңшы арқанды! - деп айқайлады Стабб күбінің қасында
отырған ескекшіге, ол дереу басынан қалпағын ала сала, онымен су
көсіп алды. Арқанды лагреттің айналасына тағы бірнеше қайтара орап,
бекітіп қойды. Енді вельбот, акула сияқты, бұрқылдаған көбік ішінде
жүйткіді, ал Стабб пен Тэштиго орын алмасты - Тэштиго құйрыққа,
Стабб тұмсыққа барды, - мынадай шайқау кезінде бүл айтарлықтай
сенімсіз шаруа еді.
Қайық үстінде керіле тартылған арқан серпінді ішектей дірілдеді;
вельботтың екі табан-тиянағы бар сияқтанды: вельботтың жауласушы
екі дүлейді бірдей жеңіп, көбікте еркін жүйткуі үшін бірі суды, екіншісі
ауаны тілгіледі. Тамшылардың толассыз желпуіші тұмсықтан
шашырады, үздіксіз иірім құйрықтың соңында бұрқылдап қайнады,
қайықта біреу-міреу қыбыр етсе, тіптен, саусағын қимылдатып қалса
болды, зарлана діріл қаққан қайық жақтауымен жанұшыра суға
аунайды. Олар осылай алға жүйткіп келе жатты, теңізге топ ете түспес
үшін əркім жан дəрмен ортадағы діңгекке жармасты, ал қолына
бағыттаушы ескекті ұстаған ұзын бойлы Тэштиго барынша жаныштай
бүгіліп, осылайша өзінің ауырлық кіндігін төменге ауыстырды. Осынау
ұшырта самғаған вельботпен олар күллі Атлантика мен күллі Тынық
мұхитты көктеп өткендей боп көрінді, бірақ осы кезде кит
жылдамдықты біртіндеп баяулата берді.
- Жиыстыр! Жиыстыр! - деп дауыстады Стабб алдыңғы матроска.
Енді бүкіл команда беттерін китке бұрып, сол жүйткіген бойда оған
вельботты жақындатып тарта бастады. Міне, олар енді қатарлас
келеді. Жылжымалы білеу бөренеге тізесін нық тіреген Стабб китке
шанышқы лақтырды, ал ескекшілер оның əмірімен, бұрқылдаған
көбіктен құтылып шығу үшін біресе артқа есті, біресе ол соққы жасауы
үшін қайтадан алға жылжыды.
Құбыжықтың қос бүйірінен, төбенің жан-жағына жамыраған
бұлақтардай, қызыл ағындар шұбыра сорғалады. Ауырсынуы жанына
батқан ұша енді суда емес, тіпті, соңдарында жүздеген сажын жерде
бұрқылдай көбіктеніп қалып жатқан қанды жалдай алпарысты. Күннің
қиғаштай түскен сəулелері теңіз ортасындағы осынау алқызыл көлдің
бетінде құбылып ойнап, матростардың жүздерін шарпып, оларды
қызыл тəнділерге айналдырды. Бұл екі ортада киттің тыныстау
тесігінен қайта-қайта жан ұшырған ақ бу бағандары зорлана шығып
жатты, ал вельбот сардарының аузынан будақ-будақ түтін
бұрқылдады; шанышқыны лақтырып қадаған соң, Стабб майысқан
қаруды оған байланған арқаннан тартып суырып алып, жақтау шетіне
асығыс екі-үш рет ұрып-соғып түзете сала, темірмен китті қоймайқоймай шұрқ-шұрқ тескілей берді.
Діңкелеп сілесі құрыған киттің ашу-ызасы толас тапқандай болған
кезде: - Есіңдер, есіңдер! - деген жаңа бұйрық саңқ етті. - Жақындата ес!
- Сөйтіп, вельбот кит қапталына жақындап келді. Осы арада, жақтаудан
аса еңкейген Стабб балықтың ұшасына өзінің ұзын өткір найзасын
ақырын қадап, құдды жалмауыз жұтып жіберген һəм енді өзі суырып
жатқанда сындырып алам ба деп қорыққан кит денесіндегі алтын
сағатты сипалағандай, оны абайлап ырғап, біртін-біртін бойлатып сұға
бастады. Бірақ ол іздеген алтын сағат киттің əзиз өмірі болатын. Міне,
ол соған жетті, талықсығаннан есін жиып алған құбыжық төңіректе
құтырына бұрқылдаған, қалың ну көбік шымылдығын көтеріп, өз
қанының теңізінде жанталаса аласұрғаны сондай, қайық қатер төнген
сəтте кейін шегініп, мына алай-дүлей түнектен жалғанның жарығына
əрең сытылып шықты.
Сосын киттің тулап долырғаны басылды, ол қайтадан
вельботтардың алдынан көрінді, бүйірлері бір көтеріліп, бір төмен
түсті, тыныс тесігі жан ұшыра біресе кеңейіп, біресе тарылып,
жанталас үстінде қырылдаған қысқа дем шығарды. Кенет құдды қара
шарап тұнбасы сияқты қоңыр-қызыл қою қан бұрқағы үрей билеген
ауаға атыла жөнеліп, кері құлағанда қан оның мелшиген бүйірлерін
сорғалай айғыздап, теңізге ағып жатты. Оның жүрегі қақырап қарс
айырылды!
- Ол өлді, мистер Стабб, - деді Дэггу.
- Иə, екі қорқор да сөніп бітті. - Осылай деп аузынан қорқорын
суырған Стабб суыған күлді толқындардың үстіне бұрқырата ұшырып,
орасан зор өлікке - өз қолынан келген іске бір сəт ойлана қарап тұрып
қалды.
LXII тарау
ГАРПУН ЛАҚТЫРУ
Алдыңғы тарауда баяндалған бір жайтқа байланысты бір ауыз сөз.
Вельбот кемеден жүзіп кеткен кезде кəсіптің бұлжымас ғұрпы
бойынша вельбот сардары, яғни, киттің жаналғышы уақытша руль
ұстаушы ретінде құйрықта отырады, ал китті арқанға жектіру міндеті
жүктелген гарпуншы алдыңғы, былайша айтқанда, гарпуншылық
ескекпен жұмыс істейді. Киттің бүйіріне алғашқы гарпунды лақтыру
үшін күшті əрі серпімді қол керек; кейде бұл ауыр қаруды жиырмаотыз фут қашықтыққа лақтыруға тура келетін жағдайлар болады.
Қуалау қандайлық сілікпеңді шығарарлык ұзақ бола тұрса да, бүкіл
осы уақыт бойы гарпуншы ескекпен жұмыс істеуі жəне жай ғана есіп
қоймай, ескекке бар күшін салып, ірі қатты да өжет дауыспен атойлап,
қалғандарына қажып-талмаудың ғаламат үлгісін көрсетуі керек; ал
бұлшық еттерің шектен тыс ширыққан кезде өңешіңді жырта үздіксіз
айқайлау дегеннің не екенін мұны өзі бастан кешкен кісі ғана түсінеді.
Бір мезгілде əрі бақырып, əрі жөндем жұмыс істеу өзімнің қолымнан
келмейді. Бірақ, міне, айқайлап һəм ауыр жұмыспен діңкесі құрып
қажыған, балыққа арқасын беріп отырған гарпуншы "Тұр да сілейте
соқ!" деген əмірді естиді. Енді ол өзінің ескегін былай қойып бекітуі,
отырған қалпында бұрылуы, керме ағаштан гарпунын алып, бар
пəрмен-күшін сала оны китке құлаштай серпіп лақтыруы тиіс. Жалпы
алғанда, барлық кит аулағыштар елуден бес гарпунның ғана нысанаға
жетуі таңданарлық емес; жолдары болмаған гарпуншыларды
соншалықты жиі қарғап-сілеп тыным бермейтіні таңданарлық емес;
олардың кейбіреулерінің тура қайықта сіңірлері үзіліп кететіні
таңданарлық емес; кит аулаушылардың кейбір реттерде төрт жыл
жүзгенде, төрт күбі олжа таппайтыны да таңданарлық емес; көптеген
кеме иелерінің кит аулау кəсібін пайдасыз іс деп санайтыны
таңданарлық емес: жүзудің сəттілігі гарпуншыға байланысты ғой, ал
осы жағдайда өзі əбден титықтап, дəл қажетті кезінде құр сүлдері
қалған оған қалай үміт артуға болады?
Бұл аз болса, гарпун сəтті лақтырылған жағдайда кит қашып
жөнелген кезде тағы бір тығырық сот туады: осы сəтте өздері мен
өзгелерге үлкен қауіп төндіре, вельбот сардары мен гарпуншы да,
біреуі тұмсықтан құйрыққа қарай, екінші оған қарсы жүгіре жөнеледі.
Олар орын ауыстырады, сөйтіп, кішкентай кемешіктің сардары енді
өзінің вельбот тұмсығындағы заңды орынын алады.
Міне, осы орайда, жұрт не десе о десін, ал мен мұның бəрі
ақымақшылық жəне ешкімге керек емес деп тұжырамын. Сардар əу
басынан ақыр аяғына шейін тұмсықта болуы тиіс: гарпунды да,
шанышқыны да сол лақтырып, ең бір төтенше шетін жағдайларда
болмаса, ешбір ретте де ескекпен жұмыс істемеуі керек. Рас, мұның
кейде қуғын кезінде біршама жылдамдық жоғалтуға əкеп
соқтыратынын мен білемін, бірақ алуан ұлттардың қисапсыз кит
аулаушыларының ұзақ тəжірибесі кəсіптегі сəтсіздіктердің басым
көпшілігі мүлдем де киттің шалымдылығынан емес, қайта,
гарпуншының жоғарыда баян етілген күйінен туындайтынына
демалып көзімді жеткізді.
Дөп тиюге сенімді болу үшін бұл дүниенің гарпуншылары өз
гарпундарын көздер кезде жұмысбасты болмай, еркін отырып, атып
тұрулары керек.
LXIII тарау
КЕРГІШ АША
Діннен жуан бұтақтар, жуан бұтақтардан - кішкене бұтақшалар
тарайды. Мол мəуелі тақырыпта тараулар осылай өсіп-өрбиді.
Алдыңғы бетте аталып өтілген кергіш аша жеке суреттеуге
лайықты. Ол ұзындығы екі футтық, дəл тұмсықтағы оң жақтаудың
планширіне тікесінен орнатылған, тым өзгеше түрлі кертіктері бар
сүмбілі өзек болып табылады; оған гарпунның сабы қойылады, бұл
шақта оның жалаңашталған кертік-кертік темір ұшы сыртқа қиғаштай
сорайып шығып тұрады. Осылайша гарпуншының қаруы əрдайым
қасында болады, сөйтіп, ол да оны батыс ормандарындағы пионердің
қабырғадағы мылтықты жұлып алғанындай шапшаңдықпен ала
алады. Əдетте, кергіш ашаға тиісінше бірінші жəне екінші деп
аталатын екі гарпун қойылады.
Бірақ бұл екі гарпун да мүмкіндігінше бірінің соңынан бірін, екеуін
де китке лақтыру үшін екі ілгекшенің көмегімен арқанға жалғанған,
сондықтан, кейін жануардың жұлқынғанынан біреуі шығып кетсе де,
екіншісі бəрібір оның бүйірінде қалады. Осылайша мүмкіндік еселене
түседі. Алайда, көбінесе денесіндегі бірінші гарпунды сезген кит сол
сəтінде жын қаққандай жүйтки безіп жөнелетіні сондай, гарпуншы
қанша шапшаң қимылдаса да, оған екінші гарпунды лақтыруға шамасы
келмейді. Соған қарамастан, екінші гарпун қайткенде де арқанға
бекітулі болғандықтан, ал арқан бірте-бірте босатылып жатқандықтан,
оны вельботтан қалайда аулағырақ бір жаққа дер кезінде лақтырып
жіберу керек, əйтпесе, күллі командаға аса сұмдық қауіп төнеді. Оны
тұп-тура суға тастайды, алдыңғы арқанның артық будақтарының
арқасында мұны əдетте онша-мұнша қатерге бас тікпей-ақ жасауға
болады (бұл жөнінде бұрынғы тараулардың бірінде айтылған).
Дегенмен де, бұл кейде ең бір қасіретті де қайғылы жағдайларға
апарып соқтыратыны да бар.
Оның үстіне жақтау сыртына лақтырып тасталған екінші гарпун
осы сəттен бастап бүкіл іс барысына қатерлі; оның арқанда
салбақтаған өткір ұстаралары шлюпка мен киттің маңайында секіріпойнап неше түрлі сұмдықтар жасайды; ол арқанды шиеленістіруі
мүмкін, оны кесіп жіберуі мүмкін, əйтеуір ажал мен əбігершілікті
өзімен бірге ала жүреді. Əдетте, оны кит өлтіріліп, кемеге қосақталған
шақта ғана тартып ала алады.
Енді жойқын күш-қуатпен, əккі жауыздықпен дараланған бір китке
қарсы төрт вельботтың бірдей шайқасуы қалай болатынын өзіңізге
елестетіп көріңіз; бұл кезде оның бүкіл əлгі қасиеттерінің арқасында,
сондай-ақ, біздің қауіпті ісіміздегі мыңдаған қайғылы сəйкестіктерге
байланысты кит төңірегіндегі арқандарда бір мезгілде сегіз-он екінші
гарпун сереңдей сүйретіліп жүреді. Өйткені, əрбір вельботта егер
бірінші гарпун сəтсіз лақтырылып, жоғала қалса, арқанға байлауға
болатын бірнеше гарпун бар ғой. Бұл жайттардың бəрі мұнда асқан
дəлдікпен тəптіштеле баяндалып отыр, себебі, олар бұдан əрі келетін
кейбір аса маңызды əрі тым шатысып-бытысқан баяндауларды
анықтап алуға қажет.
Зерттелмеген жаңа ел мен жерге алғаш келіп қоныстанушы адам. Аудармашы ескертпесі.
LXIV тарау
СТАББТЫҢ КЕШКІ АСЫ
Стабб өз китін кемеден əжептəуір аулақта жайратты, содан, біз, үш
вельбот көсем жегіліп, олжамызды "Пекодқа" қарай ақырындап
сүйрете бастадық. Енді он сегіз адам, өзіміздің отыз алты қолымызбен
һəм жүз сексен саусағымызбен, сағаттар бойы, діңкеміз құрып, мына
зілмауыр жансыз ұшаны теңіз бетімен сүйретіп, ал ол болса, орнынан
əрең-əрең жылжыған кезде, біз тек сонда ғана оның қаншалықты
ғаламат алыптығына айқын айғақ алдық. Қытайдағы ұлы канал ХаньХэ, немесе, тағы қалай аталушы еді, міне, соның бойында бес əлде алты
құлы аузы-мұрнынан шыға тиелген джонканы жағалауды бойлата
сағатына бір миль жылдамдықпен тартады, ал мына, біз сүйреткен
жойқын кеме бейне трюмнің ішіне қорғасын құймаларын лықа
толтырып тастағандай, алға зордың күшімен соншалықты баяу ілбиді.
Қараңғы түсті, бірақ грот-мачта арқандарындағы көмескі үш май
шам "Пекодтан" біздің жолымызды жарықтандырып тұрды; міне,
тақап келгенде біз Ахавтың жақтау сыртына тағы бір май шам іліп
жатқанын көрдік. Бүлкілдеген кит ұшасына селсоқ қана көз қиығын
салған ол оны түнгі уақытқа кемеге арқандап байлау жөнінде əдепкі
бұйрықтар берді, сосын май шамды матростардың біріне ұстатып,
өзінің каютасына кетті де, содан таңертеңге шейін шықпады.
Вельботтарды осы китті қуалауға аттандырғанда капитан Ахав
өзінің дағдылы ынта-жігерін танытты десек те, енді, жануар
өлтірілген кезде оның жанына əлдебір күңгірт қанағатсыздық,
сабырсыздық, торығу ұрланып кірді, бейне мына өлі дене көрінісі
Моби Дик əлі тірі екенін жəне "Пекодтың" жақтауына, тіпті, мың китті
өлтіріп əкеп байласа да, олар өзін сандырақ ұлы мақсатына сынық
сүйем де жақындатпайтынын есіне түсіргендей болды. Көп ұзамай,
кемеде шыққан дыбыстарға қарап экипаж тап теңіздің ортасында зікір
тастауға дайындалып жатыр деп ойлауға боларлықтай еді. Ауыр
шынжырлар палуба үстінде сүйретіліп, саңылаулардан шықырлата
өткізіледі. Бірақ бұл салдырлаған шынжырлармен кеме емес, орасан
үлкен левиафан өлігі бұғауланады. Басынан құйрыққа, ал құйрығынан
тұмсыққа арқандалып байланған киттің қара ұшасы енді кеме
қабырғасына иін тіресе, тығыз
' Қытай, Жапония жəне Үндістан елдеріндегі қара жұмысшылардың
атауы Аудармашы ескертпесі.
тақалып жатыр, мачталар мен арқандардың сұлбаларын жасырған
түн қараңғылығында олардың екеуі де - кит те, кеме де - бір
мойынтұрыққа жегілген, біреуі жатқан, ал екіншісі əлі түрегеліп тұрған
екі алып өгіз сияқты болып көрінеді.
Егер томсарған Ахав қазір аса бір сабырлы пішін танытса, - қалай
болғанда да, ол палубада өзін солай ұстады, — жеңіс желік бітірген
оның екінші көмекшісі Стабб төтенше болса да, ақкөңіл албырттықпен
қызулана өрекпу белгілерін көрсетті. Өзінің дағдысына жат мінезбен
əбігерленгені сондай, ресми басшысы, ұстамды Старбек оған күллі
шаруаны жалғыз билеп-төстеуге мұрсат беріп, үнсіз шетке қағылды.
Көп ұзамай оның желігуіне себеп болған аса тосын, қосымша бір
жағдай анықталды. Стабб талғампаз тамаққұмар болатын, ол кит етін
керемет жақсы көрді жəне оның дəмін шексіз жоғары бағалады.
- Бифштекс, бифштекс, мен ұйықтауға жатпай тұрып! Ей, Дэггу!
Жақтаудың сыртына түсіп, маған жон етінен мол етіп жақсылап кесіп
əкел.
Жұрттың бəріне мағлұм болсын, əскери ілімде міндет етілгендей,
əдетте, тұрпайы кит аулаушылар, дегенмен де, өз дұшпандарын
ағымдағы соғыс шығындарын өтеуге мəжбүр етпегенімен, соған
қарамастан, кейде Стабб айтқан кашалот ұшасы бөлігінің, атап
айтқанда, оның денесінің жіңішкерген құйрық тұсының дəмдік
қасиетін жоғары бағалайтын Нантакет тұрғындарын кездестіруге
болады.
Түн жарымында бифштекс кесіліп, əзір етілді де, Стабб екі
спермацетті май шам жарығымен, құдды дəмхана үлдірігінде
тұрғандай, зəкір-қақпаның қасында тұрып, өзінің спермацетті кешкі
асына салтанатпен кірісті. Бірақ сол түнде кит етінің дəмін татқан
жалғыз бұл емес еді. Өлі левиафанның айналасына үймелеп үйірілген
жүздеген һəм мыңдаған акулалар өздерінің шылпылдатып
шайнағанын мұның азу тістерінің шықырлата күйсегеніне қосып,
Осы арада бір жайды тəптіштеп айтуға болар еді. Арқандап
байланған кит кемеге құйрығынан сенімдірек əрі берік бекітіледі, аса
тығыздығына байланысты ұшаның бұл бөлігі ең ауыр (бүйірдегі
жүзгіш
қанаттарды
есептемегенде)
жəне
икемді
болып
табылатындықтан, тіпті, өлгеннен кейін де ол суға тереңдеп батады,
сондықтан, астынан шынжыр жүргізу үшін вельботтан оған қол
жеткізу мүмкін емес, Алайда, бұл қиыншылықтан аса айлалы тəсілмен
шығады: кемеден бір ұшы бекітілген, қарама-қарсы ұшында ағаш
қалтқысы жəне ортасында батырғысы бар берік арқан жіберіледі.
Қалтқыны еппен қозғалтып, ұшаның арғы жағына шығарады да, китті
осылайша белдеулеп, арқанға ілестіре шынжырды да саумалап тартып
алады, ол болса құйрықтың сабағы жүзгіш қанаттардың жалпақ
қалағына ұласа бастайтын ең жіңішке тұстан сенімді түрде бекітіледі. Автор ескертпесі.
оның семіз денесіне тұмсықтарын дəмдей батырып, тойлады.
Кубрикте ұйықтап жатқан азғана адамдарды жүректерінен небары
бірнеше дюйм жердегі кеме қаптамасын соққылаған құйрықтардың
құлақ тұндырарлық тарсыл-гүрсілі жиі оятты. Ал, жақтаудан ары
еңкейсеңіз, сіз, тіпті, оларды көрген де болар едіңіз (бұған дейін
оларды естігеніңіз сияқты) - олар кит ұшасынан үлкендігі кісі
басындай, дөңгеленген майлы кесектерді жұлып алған сайын
арқаларына аударылып түсіп, түнерген қара суда тырбаң-тырбаң етті.
Акулалардың мұндай ырғын тойы шындыққа мүлдем жанаспайтындай
боп көрінуі мүмкін. Олардың мына жұмыр да жылпылдақ денеден
соншалық сом пішінді кесектерді ойып алудың қыбын қайтіп
табатыны ғаламның ғаламат жұмбақтарының бірі болып қала бермек.
Осы ретте олардың ұшада қалдыратын ізі үлкен бұранданы айдап
кіргізу үшін ағаш шебері бұрғылайтын шұңқырды көбірек еске
түсіреді.
Теңіз шайқастарының түтіндеген тозағының ортасында, құдды шикі
ет шауып жатқан үстелді қаумалаған аш иттер сияқты, акулалардың
палубаларға əрдайым өздеріне тасталатын əрбір өлтірілген кісіні сол
арада түтелеп жеп қоюға əзір ашқарақтықпен көз салатындарына
қарамастан; ер жүрек қасапшылар палуба үстелдерінің басында бірбірлерінің еттерін өздерінің алтындаған əшекейлі селебелерімен
адамжегіштерше тірідей кескілеп жатқанда, содыр акулалар да алмас
қылыштай ауыздарымен үстел астында, тек өлі етті жұлмалап
шайнайды; сондықтан, олардың орындарын ауыстырған күннің өзінде
де, бəрібір, аналарда да, мыналарда да, сайып келгенде, - бірінен-бірі
өткен хайуандық іс -бір ғана нəрсе болып шығады; акулалар əрдайым
Атлантиканы көктеп өтетін əрбір құл тасушы кеменің қошеметшілер
тобынан табылып, əлдебір жаққа жеделхат жеткізу немесе, өлген
құлды жол-жорамен жерлеу керек бола қалған жағдайда қызмет
еткішсініп қасында жүзгеніне қарамастан; сəйкес жағдайлар мен
сəйкес жерлерде акулалар көп қауым болып шулы тойларға
жиналатын тап осындай тағы бірнеше мысал келтіруге болатынына
қарамастан, - дегенмен де ешқашан, ешбір жағдайда жəне ешбір жерде
сіз оларды теңізде түн баласына кеме жақтауына арқандалып
байлаған, өлтірілген кашалот денесінің қасындағыдай, соншалық
қисапсыз мөлшерде һəм соншалық көңілді де шат күйде көре
алмасыңыз хақ. Егер сіз бұл қызық əуселені əлі көрмеген болсаңыз,
онда сайтанға бас июдің орындылығы мен оны тыныштандыру
қажеттігі орайында пікір айтуыңызды кідірте тұрыңыз.
Өзінің тап қасында болып жатқан қонақасыдан жеткен шылпылға
Стабб бұдан əрі құлақ салмаса да, оның рақатсүйгіш еріндерінің
салпылдағаны акулаларды тыңдамасқа еркіне қоймады.
- Аспаз, ей, аспаз! Əлгі Қойтері шал қайда? - деп айқай салды ол,
құдды кешкі асын сенімді тұғырмен сүйегісі келгендей, аяқтарын
бұрынғысынан əрмен алшайта түсіп, əрі сол уақытта кішкене
айыршасын етке бейне найзадай сұғып. - Əй, сен, аспаз! Бері жүзіп
келші, аспаз! Өзін жақында ғана жылы кереуетінен мынадай мезгілсіз
уақытта тұрғызып алғандықтан, көңіл күйі онша қуанышты емес
қартаң зəңгі камбузден аяқтарын ілби басып əрең шықты, өйткені,
өзінің бүкіл ыдыс-аяғы сияқты жарқыратып күтіп ұстамайтын
тізесінің ұршығына, көптеген кəрі зəңгілерше, кілт етіп, бір кілтипан
келген, - кемеде өзін атайтындай, Қойтері шал түзетілген екі күбі
құрсауынан тұрпайылап жасалған пеш шымшуырына сүйеніп,
ақсаңдай басып, аяқтарын сүйрете жетті; ол сүйретіліп жетіп, бұйрық
бойынша, Стаббқа үстел қызметін атқарған зəкір-қақпаның екінші
жағынан келіп тұрды; ол қолдарын алдына айқастырып ұстап,
қосарланған аса таяғына сүйене, сонымен қатар, өзінің жақсырақ
еститін құлағын алға шығару үшін еңкіш арқасын одан əрмен еңкейте
түсті.
- Аспаз, - деп əңгіме бастады Стабб сол қызарған ет кесегін аузына
шапшаң жөнелтіп жатып, - мына бифштекс саған тым қатты
қуырылғандай боп көрінбей ме? Сен мұны бекер жаныштағансың,
аспаз; мынауың тым жұмсақ. Дəмді кит бифштексі қатты болуы керек
деп мен саған ылғи қақсап айтпадым ба? Əне, акулаларға қарашы,
көрдің бе, оларға мұның қатты əрі шикі болғаны көбірек ұнайды.
Ойпырмай, аналардың үймелеуін-ай! Бар, аспаз, солармен сөйлесші;
олардың шамасына қарай тоя ауқаттануына ешкім бөгет болмайды
деп айт, тек шуламасыншы. Сайтан алғыр, мен өз даусымды
естімеймін. Бар, аспаз, оларға менен осылай деп сəлем айт. Міне саған
май шам, ұста, - ол өз үстеліндегі май шамдардың бірін қолына алды, ал енді барып, аналарға уағызыңды айт.
Тұнжыраған түрмен созулы май шамды алған Қойтері шал ақсаңдап
жақтауға жақын келді; мұнда, өзінің үмбетін жақсырақ көру үшін бір
қолындағы май шамды суға мүмкін болғанынша төндіре түскен ол
екінші қолымен шымшуырын салтанатпен сермеп, жақтаудан аса
еңкейіп, акулаларға былдырақтап уағыз айта бастады, оны Стабб
артынан дыбыссыз ұрланып келіп, жайымен тыңдап тұрды.
Ештишіңдер ме, туышқандар, мұнда маған шендерге шəлем айту
бұйырылды, андағы шайтан алғыр шуды тоқтатшын дейді.
Ештишіңдер ме? Шайтан алғырлар, еріндеріңмен шылпылдатқанды
доғарыңдар! Миштер Штабб айтады, иллюминаторларға шейін жеп
қойсаңдар да мейлі, тек бар ғой, құдай ақы, мынадай ажан-қажан
қылуға болмайды ғой.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.