Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 31

Total number of words is 4174
Total number of unique words is 2421
30.9 of words are in the 2000 most common words
43.4 of words are in the 5000 most common words
50.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
лайықсыз, өрескел қателік жіберілген. Немене, біз оған құйрық тарту
ететіндей, королева сонша бір су перісі ме екен? Бəлкім, мұнда
жасырын астарлы мағына бар шығар?
Ағылшын заңнамашылары ерекше атаққа шығарған екі корольдік
балық бар: кит жəне бекіре; екеуі де тəждің меншігі деп (кейбір
ескертпелермен) жарияланып, ресми түрде тұрақты мемлекеттік
табыстардың оннан бір бөлігін құрайды. Бұл жайлы менен басқа бірдебір жазарман айта қоймас деп қорқамын, бірақ, меніңше, бекірені де
тура китті бөлгендей етіп бөліп, корольге өзінің маңдайдағы майысқақ
шеміршектерінің түк өткізбес беріктігімен даңқы шыққан балық басын
берген жөн, егер мəселеге нышандық тұрғыдан келсек, мұның өзі
қалжың орайында кейбір өзара ұқсастықпен қисындалады. Сайып
келгенде, бұл дүниеде барлығының да, тіпті, заңдардың да мағынасы
бар екен-ау.
ХСІ тарау
"ПЕКОД" "РАУШАНГҮЛ
ҚАУЫЗЫМЕН" КЕЗДЕСЕДІ
Бірақ Левиафанның қарнынан сұрғылт амбраны' табу əрекеттерінің
бəрі босқа кетті: Төзгісіз сасық иіс іздеуге мүмкіндік бермеді.
Сэр Т.Браун. "Кең тараған адасулар".
Баян етілген кəсіпшілік уақиғаларынан бері екі апта шамасында
уақыт өтті; "Пекод" палубасындағы танаулар өздерін кенеттен
мачталардағы үш жұп көзден əлдеқайда қырағы сақшы етіп танытқан
кезде біз тұманды тал түстегі теңіздің мүлгіген суларында баяу жүзіп
келе жатқанбыз. Теңізден бір ерекше əрі тым жағымсыз иіс сезілді.
' Амбра - Кит тұқымдас ірі теңіз жануарларынан алынып,
парфюмерия өндірісінде қолданылатын хош иісті, қоңыр түсті зат. Аудармашы ескертпесі.
- Бəстесуге бармын, - деді Стабб, - біз анада түйреп жіберген
киттердің бірі осы маңда бір жерде шайқалақтап жүр. Олардың көп
ұзамай бəрібір шалқалақтап жүзетінін өзім де біліп едім.
Көп кешікпей алдағы мұнарланған тұман ашылып, біз қашықтан
желкендері буылған кемені көрдік - бұл дегеніңіз жақтауына кит
арқандалып байланғандығының бұлтартпас белгісі. Бейтаныс біз
жақынырақ жүзіп келгенде француз жалауын көтерді, ал оның үстінде
қара бұлттай үйіріле қалықтап, биіктен құлдилай құлаған қанатты
теңіз жыртқыштары жақтаудағы киттің, балықшылар айтатындай,
"күп боп кебініп" кеткенін, яғни, əншейін, теңізде өз ажалымен жан
тапсырып, қайырсыз өлігі толқындарда қаңғалақтаған кит екенін
айқын аңдатты. Мұндай ұшаның нендей қолапайсыз иіс шығаратынын
оп-оңай елестетуге болады - айтсақ, тірілердің өлгендерді көмуге де
шамасы келмейтін оба кезіндегі Ассириялық шаһардағыдан да жаман.
Шын мəнінде де, кейбір адамдар бұл мүңкіген қолаңсаны мүлдем
көтере алмайды, сондықтан, ешқандай құлқынқұмарлық оларды
кебінген балықты тіркестіруге мəжбүрлеуі мүмкін емес. Алайда,
мұндай ұшалардан алынатын майдың сапасы аса төмен болса да жəне
қызғылт майға əсте ұқсамаса да, бұдан қорықпайтын өлермендер де
табылады.
Бəсеңдеген желмен бірге əлде де жақынырақ келген біз француздың
жақтауындағы киттің біреу емес, екеу екенін көрдік: екіншісі
біріншісінен де асқан хош иісті гүл екен. Турасын айтайық, бұл
асқазанның асқынып бұзылуынан немесе, əншейін, кəдімгі іш өтуден
əбден арықтап жан тəсілім еткен киттердің бірі еді, бұлардың ұшалары
бір тамшы майсыз, тақыр-таза болып қалады. Соған қарамастан, тиісті
жерінде баян етілетіндей, бірде-бір аз-маз түсінігі бар кит аулаушы, ол,
тіпті, кебінген киттерді көрмеске серт етсе де, мұндай киттен ешқашан
бетін бұрып əкетпейді.
Бұл шақта "Пекодтың" бейтаныс кемеге тым жақын таяп келгендігі
сонша, Стабб киттердің біреуінің құйрығына оратылған арқанның
түйіншек-тұзағында қыстырылып қалған өзінің фленшерлік күрегін
таныдым деп ант-су ішіп, əлек сала бастады.
- Міне, жігіт деп осыны айт, мен түсінемін, - деп қарқылдай күлді ол
"Пекодтың" тұмсығында тұрып. - Нағыз қорқау ғой, ə? Мына құрбақафранцуздардың кəсіпшілікте иісалмас екенін онсыз да баяғыдан
білуші ем; кейде олар кашалоттың бұрқағы екен деп ойлап ақкөбік
толқынға да вельботтарын түсіре салады; ал кейде олар ойлақтан
шыққанда трюмдерін май шамдар толы жəшіктер мен олардың
күйесін қыратын қысқаштарға сықап шығады, - өйткені, өздері
табатын барлық май капитан шырағының білтешесін матырып алуға
əрең жететінін олардың өздері де біледі ғой; иə, мə, бұл біздің бəрімізге
онсыз да белгілі жай; бірақ мына құрбақа пауасына қараңдаршы, түге,
біз гарпунға ілген мына кит сияқты, бөтеннің қалдығын жиып-теріп
ала алса, оған сол да жетеді. Aha, өзінің арғы жақтауында ілулі тұрған
анау қымбат балықтың сүйектерін мүжи алса, ол соған да мəз. Байғұсай! Қанеки, жігіттер, бөркімізді алқа-қотан айналдыра жіберіп, оған
Құдай үшін азырақ май тарту етейікші. Ойпырмай, біздің сүйреткіміз
салбыраған мына киттен оның қорытатын майын, тіпті, түрмеде де
жағуға жарамайды ғой. Ал екінші китке келетін болсақ, оның мына
сүйектер үйіндісінен алатынынан мен біздің үш мачтамыздан
анағұрлым артығырақ май алуға серт етемін - тек оларды кесіп,
қайнатуға мұрсат беріңдер; əйткенмен, міне, қазір ғана ойыма келіп
тұр, бəлкім, оның бойында майдан гөрі құндырақ бірдеңе бар шығар;
құдай-ақы, сұрғылт амбра. Қызық-ау, бұл жөнінде біздің шал не
ойлайды екен, Байқап көруге татиды-ақ. Иə, иə, өз басым татиды деп
есептеймін. -Осы сөздермен ол шканцыға бет алды.
Бұл шақта үп еткен майда самал да мүлдем тынып, желсіз тымық
орнады; сондықтан, іріп-шіріген жын-шайтанның торына түсіп, жел
қайтадан өрекпіп көтерілгенге шейін одан құтылуға күдерін мүлдем
үзген біздің "Пекод" лажсыздан тоқтады. Стабб каютадан шығып, өз
вельботының жасағын шақырып алды да, сонымен бөтен кеме жаққа
жөнеп кетті. Оның тұмсығын айналып өте бере ол форштевеннің
француздық əсем талғамға сəйкес ойма бедерлі басы иілген дəу сабаққа
ұқсайтындығына назар аударды: жасыл сырмен боялған жəне тікендер
үлгісінде мыс ұштармен қапталған ол түзу пішінде һəм ашық-қызыл
түспен жұмыртқа тəрізді жуандап барып бітеді. Ал оның астындағы
жақтауда алтындатқан ірі əріптермен: "Bouton de Rose", яғни
"Раушангүл қауызы" деп жазылған - осынау хош иісті кеменің əсем аты
осындай екен.
Стабб "bouton''-ның мағынасын түсінбесе де, тұмсықтағы əшекейдің
алабөтен түрімен қосып алғанда "rose" сөзі оған бұл арада əңгіме не
туралы екендігін жеткілікті дəрежеде, жеткізе ұғындырып берді.
- Аһ, солай ма! - деп дауыстап жіберді ол алақанын танауынан
алмастан. - Ағаш раушангүл ғой, о? Тəп-тəуір ойлап тапқан. Ішекқарныммен ант етейін, өзінің жұпар иісі неткен күшті еді!
Палубадағы кісілермен тіл қатысу үшін ол тұмсықты орағытып өтіп,
оң жақтаудағы кебінген китке тақап келіп, келіссөзді тура соның үсті
арқылы жүргізуі керектін.
Міне, қажетті қалыпқа көшкен ол бұрынғысынша мұрнын қыса
түсіп, барқырай айқайлады:
- Ей, "Раушан қауыздағылар"! Сендердің, гүлқауыздардың, іштерінде
ағылшынша сөйлейтін біреу бар ма?
- Бар, - деп жауап қатты біреу Гернси аралының тумасын айғақтаған
мүкіспен; кейіннен бұл капитанның аға көмекшісі болып шықты.
- Қане, онда маған айтшы, Раушан Қауызгүлі, сендер Ақ Китті көрген
жоқсыңдар ма?
- Қандай китті?
- Ақ Китті - кашалот Моби Дикті; сендер оны көрмедіңдер ме?
- Мұндай кит жайында ешқашан естіген де емеспіз. Cachalot Blanche!
Ақ Кит - жо-жоқ.
- Несі бар, тамаша, олай болса, сау боп тұрыңдар. Мен қазір сендерге
тағы келемін.
Сөйтті де, планширден аса еңкейіп, шканцыда мұның хабарын Ахав
күтіп тұрған "Пекодқа" қарай қайыра асығыс жөнелген Стабб аузын
алақанымен көлегейлей: "Жоқ, сэр! Жоқ!" - деп айқайлады. Ахав сол
мезетте ары кетті де, Стабб қайтадан француздарға бет түзеді.
Енді ол Гернси аралынан келген теңізшінің жақтау сыртындағы
науашаға шығып, мұрнының астынан қапшық тəрізді бірдеңені байлап
алып, фленшерлік күрекпен жұмыс істеп жатқанын көрді.
- Сенің андағы мұрныңа не болған? - деп əуестенді Стабб. - Сынған
ба?
- Бұдан да оның шынымен-ақ сынғаны немесе, мүлдем болмағаны
жақсы еді! - деп жауап қайырды анау - оған, сірə, істеп жатқан жұмысы
онша ұнамайтын тəрізді.
- Ал сен өзіңдікін неғып тас қып ұстап алғансың?
- Жай əншейін. Менікі алмалы-салмалы, сүйемелдеп тұру қажет. Күн
жақсы, ə? Ауа - тұра гүлзардағы сияқты, солай ма? Бізге де жұпар
аңқыған бір шоқ гүл тастап жібермейсің бе, Раушан Қауызгүлі?
- Мұнда сендерге қандай сайтаным керек? - деп барқ ете түсті
кенеттен ашуланған гернейлік кісі.
- Оһо! Қызбаланба, бауыр, ыстығыңды бас. Дəл қазір сендерге керегі
- суық. Ендеше, жұмыс кезінде мына киттерді айналдыра неге мұзбен
қымтамайсыңдар? Жоқ, қалжыңды қоя тұрайық; əйткенмен, гүлқауыз,
мынадай киттерден тым құрыса бір тамшы май сығып алуға
əрекеттену бос əурешілік екені сендерге мəлім бе? Міне, мына бүкіл
арық. ұшадан бір оймақта май шықпайды.
- Оны мен өзім де бек жақсы білемін; қайтейін, түсінесің бе, капитан
маған сенбей отыр ғой; бұған дейін ол иіссу фабриканты болған.
Кеменің үстіне шықсаңшы, мүмкін, ол, мені тыңдамаса да, сені тыңдар,
сонда мен мына былық жұмыстан құтылар едім.
- Сізге жағу үшін, аса қымбатты əрі құрметті достым, мен бəріне де
əзірмін, - деп тіл қатқан Стабб кідірместен палубаға көтерілді. Мұнда
оның алдынан өте-мөте тосын көріністер ашылды. Қызыл түсті һəм
шашақты, тоқыма жүн қалпақтар киген матростар жүк көтергіштердің
қасында, оларды киттерді көтеруге дайындап, əуреленіп жүр. Алайда,
олардың жұмыс істеуі тым баяу əрі сонымен бірге тез-тез сөйлеседі,
қайткенмен де көңілдеріндегі салғырттық көрініп тұр. Құдды ондаған
кішкентай бушприттер сияқты, бəрі де мұрындарын көкке көтеріп
алған. Олар əлсін-əлі жұмыстарын тастап, таза ауа жұту үшін екеуекеуден мачтаның ұшар бастарына өрмелеп шығып жатыр.
Қайсыбіреулері əлдебір ауру жұқтырудан қауіптеніп, қара майға
матырған жүн-жұрқаны деміл-деміл мұрындарына тосады. Екіншілері
қорқорларын кеңірдектен келтіре сықап алып, танауларын үздіксіз
ыстап, темекілерін өне бойы жанталаса түтіндетуден жазбады.
Құйрықтағы басқару үйшігінен ақтарылған айқай-ұйқай мен қарғапсілеудің толассыз сарқырамасы Стаббтың жанын түршіктірді, содан
солай қарай қарап еді, сəл ашылыңқыраған есіктен əлдекімнің ашуға
бөккен қып-қызыл бет-əлпетін көрді. Бұл бет кеме дəрігерінікі еді, ол
мұндай өрескел жұмысқа қарсы наразылық білдірмекші болған өнімсіз
əрекетінен кейін ашуға булығып, ауру жұқтырмас үшін құйрықтағы
үйшікке (өзінің атауында "кабинет") кетіп қалған болатын, бірақ,
сонда да болса, шыдай алмай, тіпті, сол жақтан да ақыл-кеңесі мен
қарғысын түйдек- түйдегімен боратып жатты.
Осының бəрін көңіліне түйген Стабб мұның өзіне қолайлы екенін
аңғара қойды да, гернсилік аға көмекшімен абайлай сөйлесіп, соның
барысында ол барлық мына тəбетсіз де пайдасыз шатақты шығарған,
күмпиген надан капитанға деген жеккөрінішін жасырмады. Əңгімені
еппен өрбіткен Стабб содан кейін Гернси тумасы ешқандай амбра
жөнінде сезіктенбейтінін анықтады. Міне, сондықтан да ол бұл
туралы, тіпті, қымс етіп аузын да ашқан жоқ, ал қалған барлық
жағдайда оған шын пейілі мен жылы шырайынан жазбады, сөйтіп,
екеуі тездетіп, капитанды бұлардың қалтқысыздығына күмəндану
миына да келместей етіп алдап соғып, келемеж қылудың шағын
жоспарын уқалап-суқалап жасай қойды. Олардың жоспары бойынша,
аға көмекші Стаббтың тілмəші қызметін атқарған болып-мыс,
капитанды өзінің ойына не келсе, соған үгіттейді; ал Стаббқа келсек,
ол алдағы келіссөздер кезінде əншейін тілінің ұшына оралған кез
келген сандырақты шатпақтай беруге тиісті болды.
Бұл шақта палубада олардың алдын ала лайықтап əзірлеген
құрбанының өзі де көрінді. Бұл теңіз тарланы деуге тым əлжуаздау,
бірақ мұрты мен жақ сақалы сала-құлаш, қолтоқпақтай қара торы кісі
екен; үстінде қызыл барқыт кеудешесі, ал бір бүйіріндегі бауда
салпыншақты сағат бар. Көмекші Стаббты бұл мырзаға салтанатпен
таныстырып, бірден аударып тұрғандай кейіпке ене қалды.
- Бастапқыда мен оған не айтуым керек? - деп сұрады ол
- Несі бар, - деді Стабб барқыт кеудешеге, сағат пен салпыншаққа
бажайлай қарап, - əуелі сен оған, менің пайымдауымша, оның шіп-шикі
сəбидей боп көрінетінін айтуыңа болады, алайда, əлбетте, оған төрелік
айтатын мен емес.
- Месье, ол айтады, - деп французша түсіндірді көмекші өзінің
капитанына тіл қатып, -кеше ғана оның кемесі жолықтырған бір
кеменің капитаны мен аға көмекшісі алты бірдей матростарымен бірге
жолдан жиып-теріп жақтауға арқандап алған кебінген киттен
жұқтырған безгектен о дүниеге аттанып кетіпті, дейді.
Бұл сөздерді естіген капитан селк ете түсіп, болған жайды егжейтегжейлі тыңдауға ықылас білдірді.
- Тағы да немене? - деп сұрады Гернси тумасы Стаббтан.
- Жаңағыларды құлағына жайбарақат құйып алса, енді оған былай
де: өзін анықтап көргеннен кейін мен оның кит аулайтын кемені тура
Сантьяголық мартышка сияқты керемет басқаратынына көзім əбден
жетті. Оған менің атымнан айт, нағыз маймыл екен.
- Мына кісі ана екінші арық кит кебінген киттен де əлдеқайда
қауіптірек деп ант-су ішіп тұр, месье; қысқасын айтқанда, месье, ол
егер өз өмірлерің өздеріңе қымбат болса, шынжырды шарт үзіп, мына
балықтардан аман-сауларыңда құтылыңдар деп жалынады.
Осы арада капитан баққа тұра жүгіріп, бажылдаған даусымен
командаға жүк көтергіштерді көтеруді тоқтатып, киттерді кемеге
жалғап тұрған арқандар мен шынжырларды дереу кесуге əмір етті.
- Енді немене? - деп сұрады көмекші, капитан қастарына қайтадан
келген соң.
- Енді ме? Білесің бе, енді, сірə, оған енді айтуға болатын шығар...
мен... былай... бір сөзбен айтқанда, мен оны алдап соқтым, бəлкім
(басқа жаққа), тағы бірдеме.
- Ол бізге осы құйттай көмекті жасағаны үшін бақыттымын дейді,
месье.
Мұны естіген капитан ол емес, бұлар (яғни, өзі жəне оның
көмекшісі) алғыс айтуға тиіс екендігін айтып, ант-су іше бастады,
ақыры, Стаббты каютаға бір шиша бордо ішуге шақырумен аяқтады.
- Ол сенің өзімен бір стақан шарап ішуіңді қалайды, - деп түсіндірді
тілмəш.
- Оған менің рахметімді жеткіз жəне де айт, өзім алдап соққан
адамдармен ішу менің дағдымда жоқ. Оған былай де, қысқасы, мен кері
қайтуға асығып тұрмын.
- Ол мұндайда шарап ішіп əдеттенбегенмін дейді, месье; бірақ егер
месье əлі де өмір сүріп, бұл дүниеде іше тұрғысы келсе, онда месье
барлық төрт вельботты бірдей түсіріп, кемені мына киттерден əрмен
сүйреп əкетсін дейді, өйткені, желсіз тымықта олар осы арадан
жылжымайды.
Бұл кезде Стабб жақтау сыртындағы вельботына ырғып үлгеріп, сол
жақтан көмекшіге өз қайығында ұзын арқан бар екендігін жəне
бұларға шамасы келгенше жеңілдеу китті кемеден əрірек тартып
əкетуге көмектесетінін айтып айқайлады. Сөйтіп, француздың
вельботтары кемені бір жаққа сүйрегенде, сыпайы Стабб арқанның
ғаламат ұзын ұшын əдейі көрсете саумалай босатып, китті басқа жаққа
тартты.
Бірақ осы кезде самалдап жеп соқты да, Стабб өз арқанын ағытып,
китті жайына қалдырғандай сыңай танытты, француз вельботтарын
үстіге көтеріп, барған сайын аулаққа ұзап кете барды, ал "Пекод" бұл
шақта солар мен Стаббтың арасындағы шепте тұрды. Осы арада Стабб
қалқыған ұшаға жанұшыра жетіп келіп, қай кезде оралуға болатынын
белгі беріп білдіріңдер деп "Пекодқа" дауыстады да, дереу өзінің
шімірікпес қулығының жемісін теруге кірісті. Өткір фленшерлік
күректі ала сала, ол киттің денесінде, бүйірдегі жүзгіш қанаттың
артынан шұңқыр қаза бастады. Ол құдды теңізде қазба жұмыстарын
жүргізіп жатқандай еді, ақыры, күрек ырсиған қабырғаларға тиген
кезде Англияның саздауыт жынысында жерленген ежелгі Римдік бас
сүйектерін ашты деп ойлауға болғандай-ды. Ал, қайықтағы матростар
тап бір кен орнындағы алтын іздеушілердей дегбірсізденіп, өз
сардарларына жандарын сала көмектесті.
Айналада біресе суға сүңгіп, біресе бетіне қалқып шығып, біресе
шаңқылдаған ащы дауыспен төбелесе кетіп, қисапсыз теңіз құстары
шырқ үйірілді. Стаббтың жүзінде түңіліс нышаны біліне бастаған,
оның үстіне қолаңса барған сайын төзгісіз болып бара жатты, осы
мезетте кенеттен осынау оба сасығының қақ өзегінен өріліп
шыққандай, нəзік хош иіс сыздықтай созыла көтеріліп, бейне, бір
өзеннің екіншісіне қосылып, соның ішінде əлі ұзақ уақыт бойы
араласпай, өзімен-өзі ағатыны сияқты, жаман иістердің толқындары
арасынан қысылыса, əрең жарып өткен еді.
Шұңқырдың қараңғы тереңінен бірдеңені қармалаған Стабб: Таптым! Таптым! - деп қуана дауыстады. - Көмбе!
Күректі тастай сала, ол екі қолын бірдей шұңқырға тығып жіберіп,
сырттай қарағанда, Виндзор сабынын немесе, оңып кеткен ескі
ірімшікті еске түсіретін һəм сонымен бірге иісі аңқыған əрі майлы бір
затты уыстап алып шықты. Бұл затты саусақпен жаныштап басуға
болады екен, ал оның түсі бір түрлі дүбара, əлде сары, əлде күлгін бе айыра алмайсыз. Бұл дегеніңіз, достарым менің, кез келген
дəріханашыда əрбір мысқалы бір алтын гинеядан өтетін сұрғылт
амбраның нақ өзі. Бізге осының алты уысы тиді, анағұрлым көбі зымзия теңіз түбіне кетті, біз тағы бірдеңе шығарар едік, бірақ Стаббқа
бəрін тастап, кеме үстіне қайтуға бұйырған, əйтпесе, кеменің бұлармен
мəңгі қоштасатынын зəрлене ескерткен Ахавтың ашулы айқайы
естілді.
ХСІІ тарау
СҰРҒЫЛТ АМБРА
Аталмыш сұрғылт амбра - төтенше қызғылықты зат, оның
саудадағы маңыздылығы сонша, 1791 жылы ағылшын қауымдар
палатасына осы мəселе бойынша айғақ беру үшін Нантакеттен
капитан Коффин деген біреу арнайы шақырылды. Тап сол кезде, тіпті,
бертінгі уақыттарға шейін, сұрғылт амбраның шығу тегінің, сонымен
қатар амбраның өзінің де əлі жұмбақ құпиялығында жатқан болатын.
"Сұр янтарь" дегенді білдіретін француздың amberqris сөзінен шыққан
мұндай атауға қарамастан, ол янтарьдан мүлдем өзгеше. Рас, əдетте,
теңіз жағалауынан табылатын янтарь сондай-ақ кейде құрлықтардың
терең қойнауларындағы топырақтан да кездеседі ғой, осы бір шақта
сұрғылт амбраны тек теңізден ғана ұшыратуға болады. Сонымен бірге,
янтарь - қатты, мөлдір, сынғыш əрі иістен жұрдай зат; одан мүштік,
тасбих жəне басқа əp түрлі əшекейлер жасайды; ал сұрғылт амбра
балауыз сияқты жұмсақ, əрі хош иістілігі мен жұпар аңқытуы сондай,
оны
' Гинея - Көне ағылшындардың алтын ақшасы. - Аудармашы
ескертпесі.
парфюмерияда жаппай қолданады, хош иісті заттар қобдиына
салады, хош иісті шырағдандарға, жасанды шаштар опасы мен
далаптарға қосады. Түріктер оны ас тұздығы орнына қолданады,
сондай-ақ, Римдегі Əулие Петр соборына хош иісті қарамайды қандай
мақсатпен апарса, оны да Меккеге тап сондай мақсаттармен апарады.
Кейбір шарап ашытушылар оны дəмін жақсарту үшін түйірлеп қызыл
шарапқа қосады.
Барлық маңғаз ханымдар мен мырзалар дімкəс киттің сұмпайы
қарнынан табылған затты пайдаланатын болады деп кім ойлаған!
Соған қарамастан бұл солай. Кейбіреулер сұрғылт амбраны киттердің
асқазанының ас сіңіре алмауының себебі, екіншілері - салдары деп
санайды. Китке тек үш вельбот брандрет түйіршік дəрілерін ішкізбесе,
мұндай ас сіңіре алмаушылықты емдеп жазу қиын-ақ, ал ол мұны
жұтып жіберген шақта, жарылыс жұмыстары кезіндегі кеншілер
сияқты, тездетіп қауіпсіз жерге бара тұрған жөн.
Мен айтуға ұмытып кетіппін, сұрғылт амбрадан Стабб əуелі матрос
шалбарларының түймесі деп ойлап қалған əлдебір қатты домалақ
сүйек тақташалар табылған; алайда, кейіннен бұл бар болғаны
кішкентай сегізаяқтардың тұмсықтарының амбрада көлкілдеп ісінген
сынықтары болып шықты.
Егер осы титтей кінəратсыз аса хош иісті амбраны тек жеркенішті
бықсық шіріндінің арасынан ғана табуға болатын болса, шынымен-ақ
мұның бір өзіндік сыры жоқ па екен? Əулие Павел Коринфтіктерге
Арнауында кінəратсыздықтың кінəраты хақында; қорлықта көктеген
дəннің даңқ жолында бүлік шығаратыны хақында не дегенін еске
түсіргейсің, оқырман. Сондай-ақ, Парацельстің бағалы жұпар неден
алынатындығы жайындағы белгілі куəлігін есіңе ал. Жəне де тағы
барлық жаман иісті заттардың ішіндегі иісі ең жағымсызы өндірудің
бастапқы сатыларындағы иіссу екендігі жөніндегі əлгі тосын егжейтегжейді ұмытпағайсың.
Мен бұл тарауды жоғарыда келтірілген, оқырманға арнаумен қуанақуана аяқтар едім, бірақ, өкінішке орай, бұлай істей алмаймын, себебі,
көбіне-көп кит аулаушыларға тағылатын һəм француз бен оның екі
китінің оқиғасына орай қате түсініктегі адамдардың көзінде жанама
айғақ алған бір айыпты қайткенде де теріске шығаруым керек. Сəл
бұрынырақ бұл кітапта кит аулаушылық кəсіпті қызықсыз һəм былық
іс деп жариялаған жалақор сынап-мінеулер тас-талқан етіліп еді. Енді
тағы бір жалған пайымға тойтарыс беру керек боп тұр. Кейбір адамдар
жалпы киттерден жаман иіс мүңкиді деген сыбыс таратып бағуда.
Осындай сұрқия өтірік қайдан ғана шығады екен?
Ең дұрысы, ол осыдан екі ғасырдан астам бұрын Лондонға
Гренландия кəсіпшілігінен алғашқы кит аулаушы кемелердің келген
күндерінен бастау алуы ықтимал. Гəп сонда, қазірдегі сияқты, сол
кездерде де бұл кит аулағыштар, күнгейлік жүзу сапарындағы
кемелердің істейтініндей, кит майын тура теңіз төрінде қорытпайтын,
май қыртыстарын ұсақтап шауып, оларды тығындарын алып тастаған
үлкен күбілерге сықап салатын, сөйтіп, осы күйінде елге əкелетін,
өйткені, мұзды теңіздердегі кəсіпшілік маусымдарының қысқа
мерзімділігі мен тұтқиылдан соғатын дүлей дауылдар олардың
басқаша істеуіне ырық бермейді. Ал, нəтижесінде, кемежайда трюмді
ашып, мына кит мəйітханасының жүгін сыртқа шығарған кезде, ол
араны шамамен, орнында перзентхана салу үшін ескі моланы қазған
жерден қала үстіне көтерілетін иіс сияқты иіс алып кетеді.
Бұдан басқа, аңғарылуы еш қиын емес бір жағдай, кит
аулаушыларды даттаған, зығырданды қайнататын бұл өсектің
шығуына бұрынғы замандарда Гренландия жағалауларында
Шмеренбург немесе, Смеренберг (бұл сөз соңғы үлгісінде ғұлама Фог
фон Слактың "Иістер туралы" деген данқты еңбегінің беттерінде - осы
мəселелер бойынша аса сенімді нұсқаунамада ұшырасады) деп
аталатын голландық қоныстың тұрғандығы да сылтау болуы мүмкін.
Атаудың өзінен-ақ тұжырымдауға болатындай, (смермай, берг сақтау), бұл қоныс өз флотилиялары олжалаған майды голландықтар
өздерінің сонау Голландиясына апарып əуре болмай, кит майын
осында қорыту үшін ірге тепкен. Қоныс опыр-топыр пештер, май
қазандары мен май қоймаларының нөпірінен туратын; əлбетте,
осының бəрі жағылып, будақ-будақ түтіндеген шақтарда одан шыққан
иістің де онша жағымды бола қоймайтыны түсінікті. Бірақ Күнгей
теңіздердегі кит аулағыштарда мұның бəрі мүлдем басқаша; төрт
жылдық жүзу сапарында ол қорытуға бəрін қосқанда елу күн де
кетірмей, трюмін майға сықап толтырады, ал күбілерге құйылған
майдың иісі мүлдем дерлік шықпайды. Ақиқаты сол, мейлі өлі, мейлі
тірі кит ешбір жағдайда да жаман иісті мақұлық деп санала алмайды;
көпшілік қауым ішінен кит аулаушыны да иісінен танымайсың.
Жалпы, егер денсаулығы үнемі сақылдап қайнап тұрса, китке ең
жағымдысынан басқа бөтен иіс қайдан келмек? Ол төрт қабырғаға
қамалып отырмайды ғой, əрине, түгелдей ауада болмаса да, қайта
уақытының басым бөлігін қозғалыста өткізеді. Сіздерге айтайын,
толқын үстінде бұлаңдап сермелген кашалот құйрығы маңайға,
көйлегінің етегі жайлы мейманжайда сусылдап өтіп, əтірлі жұпар
жағынған ханымның өз соңынан қалдыратын иісіне ұқсас хош иіс
таратады. Асқан алып денелі бола тұра соншалықты хош иісті
кашалотты мен неменеге ұқсатар едім? Бəлкім, оны керемет сыйқұрмет көрсету үшін Ұлы Александрдың алдынан үнді қаласының
қақпасы арқылы алып шыққан, тұмсығына қымбат асыл тастар
алқаланып тізілген һəм бүйірлеріне хош иісті шайыр жағылған сол бір
аңызға айналған пілге ұқсатармын?
ХСІІІ тарау
ЛАҚТЫРЫП ТАСТАЛҒАН
"Пекод" командасының ең бір елеусіз мүшесі аса елеулі оқиғаны
бастан кешкен кезде французбен кездескеннен бері бар болғаны
бірнеше күн өткен, осы асқан аянышты оқиғаның ақыры біздің əулекі
əрі тұйыққа тірелген кемеде өзінің қыр соңынан қалмайтын сəулелі
нышаны пайда болуына əкеліп соқты, бұл нышан алдағы жазмыштай
күтіп тұрған барлық сұмдық апаттардың қаскөй хабаршысындай еді.
Кит аулағышта экипаждың барлық мүшелері бірдей вельботтарда
жүре бермейді. Бірнеше матрос əрдайым кеме үстінде қалып отырады,
вельботтар киттерді қуалап жүрген шақта оларға кемені басқару
міндеті жүктеледі. Əдетте, бұл матростар да - вельбот командаларын
құрайтындар сияқты, шымыр жігіттер. Алайда, егер матростардың
ішінде бір тым əлсіз əлжуазы, немесе ебедейсізі, немесе қорқағы
ұшыраса қалса, ондайды, қалай болса да, вельботқа жолатпайды.
"Пекодта" да Пиппин, қысқартып айтқанда, Пип деп атап кеткен зəңгі
баланың жайы осылай болды. Бейшара Пип! Сіз ол жайында естігенсіз,
оқырман жəне де əрине, шаттана түнерген сол бір үрейлі түндегі оның
тамбурин дабылын ұмытқан жоқсыз.
Сырттай қарағанда, Пип пен Майтоқаш құдды қызық үшін бірге
жегілген қара пони мен ақ пони сияқты, бір-біріне сай еді. Бірақ аңқау
Майтоқаш табиғатынан былжыр əрі кішкене топастау болса, Пип тым
əсершіл болғанымен, шын мəнінде, өз тайпасына - əрбір мерекені,
əрбір той-томалақты кез келген басқа нəсілге қарағанда, əлдеқайда
шат-шадыман һəм естері шыға атап өтетін тайпаға тəн жарқын
жүзділікпен, риясыз да ақкөңіл жайдармандықпен ерекшеленген
қағілез əрі көңілді ұл болды. Зəңгілер үшін бүкіл күнтізбе үш жүз алпыс
бес Жаңа Жыл мен Тəуелсіздік Күнінен тұруға тиісті еді. Рақым етіңіз,
мен бұл қара тəнді ұлда əлдебір жарқыл болды деп жазып жатсам,
жымимаңыз, себебі, қаралық та жалтылдай алады; мысалы, король
жатынжайындағы жалт-жұлт еткен, қара ағаштан жасалған қабырға
тақтасына көз қиығын салыңызшы. Əйткенмен, Пип өмірді жəне
өмірдің барлық пəнилік қызықтарын сүйді; бірақ оны əлдебір түсініксіз
жағдайда үйіре тартып əкеткен сол бір пəлекет шаруа оның
бойындағы бұл жарқылды аса бір аянышты түрде жойып жіберді;
дегенмен де, көп ұзамай біз оның бойында тұншықтырылған оттың
ақырында тағдырдың жазуымен шалқи ұйтқыған құпиялы жалынмен
лап етіп жанғанын көрер едік, осының зəндемі жарығында ол өзінің
туған Коннектикутында ақсиған жымиысымен нұрлана, өзінің əуенді
де ырғақты һəм шат күлкісімен дөңгеленген көкжиекті жұлдызды
қоңыраулар ілініп тасталған, шыр айналған тамбурин-дабылға
айналдырып, көк майса көгалдағы қыстақ билеріне шуақ төгіп,
құйқылжыта жандандырған күндеріндегіден он есе артық отты
шабытпен өнер көрсетер еді. Ашық-жарық күнде көгілдір тамырлары
бүлкілдеген аппақ мойындағы мөлдір алмас тамшысы тап осылай саусаламаттық отымен жалт-жұлт етер еді; бірақ та, егер əккі зергер сізге
осы алмасты мың құлпырып жайнаған барша ғажабымен көрсетпекші
болса, ол оны қара түстің үстіне қояды, сосын оған күннің емес,
əлденендей дуалаушы газдардың жарығын түсіреді. Сонда оның
бойында күнəкар əсемдікпен ғажайып сəуле жарқырай жанып, нұр
таратады; сол кезде, бір замандардағы мөлдір шынылы аспанның
əйдік бейнесі болған, зұлматтай жарқыраған алмас Тозақ Патшасының
тəжінен ұрланып алғандай боп көрінеді. Алайда, əңгімемізге қайтып
оралайық.
Сұрғылт амбра оқиғасы кезінде Стабб қайығының ескекшісі
білезігінің сіңірін созып алып, ескек көтеруге жарамай қалды да, оны
уақытша Пип алмастыруға тиісті болды.
Стабб онымен бірге өз вельботын суға түсірген бірінші ретте Пип
қатты мазасызданған-ды; бірақ, бақытына қарай, ол күні китке тақап
барудың орайы келмеді; сонымен, Пип, жалпы, бұл сынақтан
абыройына дақ түсірмей, аман шықты; əйткенмен, сырын алып қалған
Стабб сосын оны үнемі өжеттікке шақырып өсиет айтумен болды,
өйткені, бұл қасиеттің керек боп қалмайтын кезі жоқ.
Екінші ретте вельбот киттің тура өзіне жүзіп барды; балық
бүйірінен қадалған қанқұйлы гарпунды сезініп, құйрығымен қайықтың
түбінен соққан кезде, бұл соққы Пип отырғышының астынан дөп келді!
Сол арада баланы сұмдық үрей билеп, оны қолындағы ескекмескегімен бірге қайықтан қарғып кетуге мəжбүр етті; секірген кезде
ол кеудесімен бос салбыраған арқанға ілініп, оны соңынан шұбалта,
суға жалп еткенде, бірден соған шырматылып қалды. Тап сол сəтте кит
бар пəрменімен жұлқып заулай жөнелді, əдепкі қуалау басталып, арқан
шапшаңдай керіле түсті, міне, сөйтіп, енді кеудесі мен мойнынан
нешеме рет шырмап ораған аяусыз арқан жұлқи тартқан байғұс Пип
көбікке малшынып, вельбот тұмсығының астынан қалқып шықты.
Тұмсықта Тэштиго тұрған-ды. Өн бойы аңшылық құмарлықпен
өртене лапылдаған ол мына су жүрек сүмелекті қалай жек көрді
десеңізші! Қыса ұстаған сапысының өткір жүзін ол арқанның үстінен
тақады да, Стаббқа бұрылып, үздік-создық: "Кесейін бе?" - деп сұрады.
Бұл шақта тұншыға көгіс тартқан Пиптің бет əлпеті: "Кес, Құдай үшін
кес!" - деп тілсіз жалынған. Осының бəрі бір сəтте, бар болғаны жарты
минутта болып өтті.
- Кес, сайтан алғырды! - деп барқ ете түсті Стабб.
Өстіп киттен айырылып, Пип құтқарылды.
Байғұс зəңгі бала кішкене есін жиысымен команда оған айқайлап
ұрсып дүрсе қоя берді. Қарғап-сілеудің табиғи тасқыны толастап бітуін
сабырмен күткен Стабб содан кейін өзі де, азырақ əзіл рəуішті
болғанымен, Пипті ресми түрде жай ғана, іскер байыппен сөгіп өтті;
мұны бір жайлы еткен соң ол оған бейресми түрде бір аса пайдалы
кеңес берді. Оның мəнісі мынадай: қайықтан ешқашан ескіруші болма,
Пип, секіретін бір төтенше жағдайлар болады, мысалы... бірақ бұдан
ары барлық орынды кеңестер сияқты мүлдем қисынсыз бір нəрселер
ағытылды. Əңгіме былай, жалпы, кит аулаушыға ең дұрысы Қайықта
отыру ережесін бұлжытпай ұстану; бірақ кейде Қайықтан секіру
ережесін басшылыққа алған бұдан да жақсы болады. Міне, сондықтан
да, барлық құйтырқысының ара жігін ажыратпай, алғаусыз адал
көңілден Пипке кеңес бере отырып, оған тек болашақтағы барлық суға
секірулерінен қалай ақталу керектігін айтып жатқанын аңдап
қалғандай, Стабб кенет өзінің ақыл үйретуін кілт үзіп, бұларын үзілдікесілді бұйрық раймен тəмамдады: "Келесі жолы қайықта тырп етпей
отыр, Пип, əйтпесе, құдай атымен ант етейін, есіңде болсын, егер тағы
секіріп кетсең, мен сені жиып-теріп жүрмеймін. Біз сен сияқтылардың
кесірінен киттен айырылуға жол бере алмаймыз; киттен алынатын
пайда, Пип, Алабамада саған беретіннен отыз есе көп. Бауырым, осыны
есіңде тұт та, екінші жолы секірме". Осынысы арқылы Стабб жанама
түрде: адамға өз жақынын сүю тəн бола тұра, дегенмен де адам ақшақұмар хайуан жəне осы бейімділігі оның мейірбандығының
көрінуіне тым жиі кедергі жасайды деген жағдайға меңзеген сияқты.
Бірақ біздің бəріміз Құдайдың еркіндеміз ғой, Пип те қайықтан
қайта секірді. Бұл да алғашқы ретте қалай болса, тап сондай жағдайда
өткерілді; тек бұл жолы ол арқанға кеудесімен ілініп қалмады һəм оны
соңынан тартып əкетпеді; сол себептен де кит əдеттегіше заулап
жөнелгенде Пип, құдды пойызға қатты асыққан адам тастап кеткен
сандық сияқты, жолда қалып қойды. Қап, əттеген- ай! Стабб сөзінде
тұрды. Көгілжім шуаққа бөленген сондай ғажап күн; ақ таңдақтар
қаптаған салқын сабатты сабырлы теңіз айналада теп-тегіс боп
жалпағынан жайылып, алтын соғушының балғасымен ұрылып
жапырайған алтын табағы тəрізді, сонау көкжиекке құлаш ұрған. Мына
теңіздің тегіс айдынында біресе көрініп, біресе ғайып болған Пиптің
қара басы енді жалғыз күмбездей шайқалақтады. Пип жақтау сыртына
қарғып кетіп, құйрықтың соңында қалған мезетте ешкім пышағын
көтермеді. Стабб оған өзінің ырыққа көнбес арқасын беріп отырған-ды,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.