Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 27

Total number of words is 4114
Total number of unique words is 2363
29.0 of words are in the 2000 most common words
40.6 of words are in the 5000 most common words
47.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шлюпкасын дереу бұрып, шам мен қаңылтыр құтыны кемеге асыруға
да уақыт кетірместен, шам майының тірі қорларының соңынан қуалай
жөнелді.
Хайуандар ық жақтан көрінген, сондықтан, Дериктің шлюпкасы мен
неміс кит аулағышынан түсірілген басқа үш вельбот "Пекодтың"
қайықтарына қарағанда едəуір артықшылық алды. Киттер сегіз бастық
шағын үйір екен. Қауіпті сезген олар енді құдды көсем жегілген сегіз
ат сияқты, бүйірлерін жанастыра, иін тірескен сап түзеп, қуалаған
желмен тура тартты. Бейне олар теңіз бетінде алып пергамент орауын
жазғандай, соңдарынан жалпақ көбікті жолақтар созылып қалып
жатты.
Олардың артында, көптеген сажын кейін қалып, сірə, шабандығы
мен денесінде қаптаған бір түрлі сарғыш бұлтықтарына қарай
пайымдауымша, өті жарылған немесе, басқадай бір дертке шалдыққан
зор тұрпатты бүкір кəрі кит жүзіп барады. Бұл киттің алда жүзіп бара
жатқан үйірден екендігі күмəнді еді: мұншалықты шау тартқан
левиафандарға үйірсектік тəн болмасқа керек. Алайда, ол аналардың
қақ жарған толқын ізімен барынша өршелене жүзді, сірə, олардың
құйрықтарынан қайырылып соққан ағын мұның қозғалысын
ауырлатқан да болар, өйткені, оның жалпақ маңдайының астында
қарсы жолыққан қос тасқын туғызған ақжал толқындар сарқырай
гүрілдеді. Ол қысқа бұрқақтардың өзін ауырсынғандай сирек
атқылады; құдды жөтелгендей, өлусіреген, үздік-создық ағындарды
шапшытқансыды, соның ізінше оның ұшасының тереңінде əлдеқандай
діріл пайда болып, оның суға батқан қарама-қарсы жағында бірдеңе
үзіліп түсіп жатқандай еді, осыдан сол жақтағы су да көпіршіктеніп,
бұрқылдай бастады.
- Біреуден іш дəрісі табылмас па екен? - деді Стабб. - Байғұстың іші
бұрап ауыратын сияқты. Тек ойлап қарасаңшы, Құдайым- ай, жарты
миль жерден - шаншу! Қарсы соққан сасық желдер оның ішінде
Рождествоны тойлап жатыр, жігіттер. Қарсыдан соққан желдің
құйрықтан үрлегенін бірінші рет естіп тұрмын. Бірақ киттің бұлайша
жортуы болмаған жағдай-ау, ə? Бағдарын жоғалтқан ба, немене?
Палубасына үріккен жылқыларды тиеп Үндістан жағалауларына
ілбіп келе жатқан, жүгі тым ауыр ост-үнділік кеменің жақтауына
жантайып, тұмсығы суға көміле, құйрығына отырып, толқыннан
толқынға асқанындай, мына кəрі кит те кəртəміш қаңқасын қалқита,
анда-санда бір бүйіріне аунап түсіп, ақыры өзінің ойқы-шойқы
жүрісінің сырын ашып берді - оның оң бүйірінде жүзгіш қанаттың
орнында шолақ кесінді ғана қараңдады. Жүзгіш қанатынан ол
қақтығыс айқаста айырылды ма, əлде, тумысынан солай ма - айту
қиын.
- Кішкене күте тұр, қария, сенің жаралы қолыңды мына жіппен асып
байлап алармыз! -деп айқайлады тас жүрек Фласк арқан шумақтарын
саусағымен нұқып.
- Байқа, ол сенің өзіңді асып байлап жүрмесін, - деп тіл қатты
Старбек. - Жабыла басыңдар, əйтпесе, ол неміске бұйырады.
Жанталасқан жарыста барлық вельботтардың күш-жігері осы
балыққа қарай құлшынды, өйткені, ол басқаларынан айтарлықтай
ірірек екен жəне неғұрлым бағалы олжа болар еді, сондай-ақ, тағы бір
себебі, ол қайықтарға анағұрлым жақынырақ болды, ал бұл шақта
басқа киттердің қуғыннан зор жылдамдықпен ұзап кеткендігі сонша,
оларды қуалау мүлдем үмітсіз боп көрінді. Бұл кезде "Пекодтың"
вельботтары немістің үш шлюпкасын басып озып үлгеріп, тек
қуалауды əлдеқайда ерте бастаған Дериктің вельботы ғана əлі де болса
алда келе жатты, дегенмен де оны мен американдық бəсекелестер
арасындағы қашықтық əрбір минут сайын қысқара берді. Олар тек
оның китке ендігі тым жақын келіп, бұлар қуып жетіп һəм басып
озғанға шейін өз гарпунын лақтырып үлгере ме деп қауіптенген.
Дериктің өзі, сірə, нақ солай болатындығына күмəнданбаса керек,
бұларға оқтын-оқтын өзінің май толы шамын мазақ қыла бұлғап
қояды.
- Жақсылықты білмейтін қайыршы төбет! - деп сөкті Старбек. - Жаңа
ғана мен оның садақа дəметкен саптыаяғын толтырып беріп ем, ол
енді сол үшін мені мысқылдап жатыр! - сөйтті де өзінің əдепкі өктем
сыбырымен аяқтады: - Көкесін көзіне көрсетейік оның, жігіттер! Қане!
Айт! Айт! Əне!
- Мен сендерге былай деймін, батырларым! - деді Старбек өзінің
жасағына, - дінім маған ызалануға рұқсат етпейді, сонда да болса, мен
бұл сұмырай немісті ішек-қарнымен қоса жалмап қояр едім.
Жабылыңдар! Жабыла есіңдер деймін! Сендер немене, бұл
қарақшының біздің алдымызды орап кеткенін қалайсыңдар ма?
Өздерің брендиді ұнатасыңдар ма? Бүгін ескекті кім жақсы ессе, соған
бір күбі бренди қоямын. Қане, қане, неге жанталасып, жандарыңды
салмайсыңдар, түге? Бəлкім, біз зəкірде тұрған шығармыз?
Орнымыздан жылжығанымыз білінер емес, əлде, аптығымыз басылып
қалды ма? Əй, əй! Ендігі, қайықтың ішін шөп басып, ал мачтасы бар ғой,
құдай-ақы, өздерің қараңдаршы, мач-тасы бүршік атып кеткен.
Жігіттер, бұларың жарамайды. Ау, ана неміске қарасаңдаршы! Бұл
жерде жұмысты жалынмен істеу керек деймін мен сендерге. Ал, қалай?
Жалын бола ма, əлде, жоқ па?
- Оһо, көбікті қалай-қалай бұрқыратады сабазың! - деп айқай салды
Фласк өз тұғырында билеген қалпында. - Неткен өркеш, ə! Кит етіне
қарық боламыз! Өзі басы ауған жаққа иректеп, шайқалақтауын-ай!
Басыңдар, жігіттер, айда, бүгін кешкі асқа шелпек пен устрица, құймақ
пен дəмді тоқаш! Жабылыңдар! Аһ, басыңдар, батырлар! Мына хайуан
жүз күбіні толтырады; ерлерім-ау, оны ешкімге бермейміз! Иə, ана
жақта біздің немісіміз қалай? Басыңдар, жігіттер, мына киттің қандай
семіз əрі майлы екенін ойлап қарасаңдаршы! Əлде, сендерге спермацет
керек емес пе? Міне, жігіттер, міне, үш мың доллар жүзіп барады! Банк,
əншейін бүтін бір банк! Ағылшын банкі! Қане, қане, тағы бір рет! Ана
жақта біздің немісіміздің халі нешік?
Бірақ осы кезде Дерик құлаштай сермеп, өз бəсекелестеріне əуелі
шамды, оның соңынан іле-шала май құйылған қаңылтыр қалбырды да
жіберіп қалды, сірə, ол осы ретте екі мақсатты: таяп қалған қарсыласқа
бөгет жасауды һəм сонымен қатар артық шығынсыз, құйрықтан қатты
дүмпіту есебінен өз жылдамдығын арттыруды көздеген болар.
- Аһ, ардан безген голландық төбет! - деп бұрқылдады Стабб. - Қане,
жігіттер, елу мыңдық əскери кемелердің сары сапалақ сайтандарындай
жабылыңдар! Қалай, Тэштиго, қарт Гейхедтің намысын қорғап, арқа
етіңді арша, борбай етіңді борша етуге дайынбысың? Не айтасың, о,
Тэштиго?
- Сайтандай сарт еткіз деймін! - деп саңқ ете түсті үндіс.
Немістің келемеждері жындарына тиіп ашу қысқан "Пекодтың" үш
шлюпкасы Дерикті сəт сайын қуып жетуге шақ қалып, енді бір-бірімен
қатар дерлік келе жатты. Мəреге шыққан руль ұстаушылардың өр де
еркін, баһадүрлік кейпіндегі үш көмекшінің үшеуі де құйрықта бар
бойларымен тіктеле атойлап: "Уа, айда, айда! Жаса біздің ескекшілер!
Құрысын неміс! Бізге қуалай соққан желдің де керегі жоқ!" деген қиқу
дабыстармен ескекшілерді қамшылай түсті.
Бірақ Дериктің бұрынғы басымдылығының үлкендігі сонша,
мыналардың бүкіл ерлігіне қарамастан, ол бұл жарыста жеңіп шығар
ма еді, қайтер еді, тек бұл арада бұларға неміс вельботының ортаңғы
ескегіне жабысқан краб кейпінде түскен Құдіреттің өзі килікті.
Ебедейсіз ескекші ескегінің қалағын босатуға əрекеттеніп жатқанда
қайықтың ернеуінен су құйыла жаздады, ал Дериктің команданы
қарғап-сілеп айтпағаны қалмады - Старбек, Стабб пен Фласктың нағыз
масайрайтын кезі, міне, осы еді! Айқай-сүрен салған олар бар
пəрмендерімен алға ұмтылып, неміске қиғаштай қанаттасты. Келесі
сəтте - енді барлық төрт вельбот көлденеңдей созылып, китті қуып
жетті де, оның су бетінде көбіктене бұрқылдаған ізі олардың артында
оң мен солға қақ айырылды.
Бұл бір сирек ұшырасатын сұмдық аянышты əрі қынжыларлық
көрініс еді. Кит енді судан басын шығарып, бұрқылдаған бұрқағын
алдына үздіксіз атқылап, жалғыз жүзгіш қанатын бүйіріне азапты
үреймен соққылай жүзді. Тапырақтай жүзген ол біресе оңға, біресе
солға өңмеңдеді, сонда да болса, толқын жалдарын қақ жарып, суды
бұрынғысынша жанталаса ескіледі, немесе, бүйірлей жантайып, өзінің
осы жалғыз жүзгіш қанатын көкке көтере созды. Қарақшы қырғидың
тырнағынан құтылмаққа босқа арамтер болған, қанаты сынған құс
əуеде осылай ебедейсіз шеңбер сызар еді. Бірақ құстың үні бар, ол
зарлы дауыспен өзінің үрейін паш етеді, ал мына үнсіз теңіз
құбыжығының үрейі өзінің ішінде буылып, қамалып, дуаланып
тасталған, оның тыныс тесігі арқылы шығатын үздік-создық
ысқырықтан басқа үні жоқ, мақау; бұл жайт оған деген шексіз аяныш
тудырады, сөйте тұра ол өзінің дөңкиген денесімен, жақтарының
дарбазалы қақпасымен һəм жойқын құйрығымен өзін аяушылардың ең
жүрек жұтқанының зəресін ұшырып жіберер.
Енді қас қағым сəттерден кейін "Пекодтың" шлюпкалары өзін
орағытып өтетінін көрген Дерик олжаны шайқассыз бергенше, сонда
да болса бағын сынамаққа, сөйтіп, соңғы үміті үзілмей тұрып, тіпті,
мынадай алыс қашықтықтан болса да, гарпун лақтыруға бекінді.
Бірақ оның гарпуншысы аяғына тұрып үлгергені сол, үш жолбарыс Квикег, Тэштиго жəне Дэггу - оз вельботтарында, құдды бұйрық
берілгендей, бір демде атып тұрып, қиғаш сапта тұрған қалыптарында
үш сүңгіні бір мезгілде кезеді, содан нантакеттік үш гарпун немістің
басынан аса ысқыра заулап өтіп, киттің денесіне қадалды. О, көз
аштырмас көбік шашырандылары мен ақ жалын! Киттің алға
құтырына жұлқи жөнелгені сонша, американдық үш вельбот немісті
оқыстан соға-моға қасынан зау ете түсіп, Дериктің өзі де, оның аңқиып
есі шыққан гарпуншысы да жақтау сыртына ұшып кетті де, оларды
заулаған үш қайық жайпап тастай жаздады.
- Ей, майшылар, қорықпаңдар! - деп айқай салды Стабб құйғытқан
қалпында олар жаққа масаттана көз қиығын салып. - Сендерді қазір
жиып-теріп алады, уайым етпеңдер, біздің соңымыздан акулалар келе
жатыр, өз көзіммен көрдім, оларды білесіңдер ме? Олар сенбернар
төбеттері сияқты, жолаушы қырсыққа ұрынғанда ылғи көмекке келеді.
Алақай! Міне, жүріс деп осыны айт! Вельбот емес, тұп-тура үш күн
сəулесі! Ал-лақай! Біз бейне құтырған кугуардың' құйрығына
байланған үш қалбыр сияқтымыз! Жігіттер, көсем жегілген пілдің
жазықта қалай жүгіретінін көріп пе едіңдер? Əншейін арбаның
шабақтары қараң ете түседі; жолда төмпешік кездесе қалса, тек опоңай ұшасың да кетесің. Ал-лақай! Тамұқ отындағы сайтанға қарай
домалағанда матрос өзін осылай сезінеді - еңістен төмен қарай
таусылмайтын бір ұзақ құлдырау! Алақай! Мына кит тозаққа мəңгілік
хабарларын əкетіп барады.
Бірақ құбыжық алға ұзақ жүйткіп маңдатпады. Жан ұшыра
ышқынған ол кенеттен қатты шалпылдата, су астына шомды. Үш
бірдей арқан бөренедегі айғызды іздерін тереңдете, шығыршықта
шықырлап иреңдей бастады, ал кит арқанды ақырына дейін тарқатып
қояр деп үрейленген гарпуншылар жіпті түтіндеген сақиналарға
ілектіріп, бар күштерін сала, шумақтың тарқатылуын баяулатуға
тырысты; сондықтан да ақырында қорғасын науалардан тұп-тура
тұңғиыққа тік түсіп кетіп жатқан арқандардың қысымымен барлық үш
қайықтың тұмсықтары толқындармен теңесуге шақ қалды, бұл кезде
үш құйрық та жоғарыға тым шарықтап көтеріліп кеткен-ді. Кит көп
ұзамай тереңге батуын доғарды да, біршама уақыт олар арқанды
босаңсытуға қауіптеніп,
' Кугуар - Америкада болатын үлкен жабайы мысық. - Аудармашы
ескертпесі.
сол бұрынғы қарбалас қалыптарында қала тұрды. Рас, осының
салдарынан тереңге тартылып əкетілген вельботтардың опат болған
жағдайлары кездескен, бірақ дегенмен де нақ осы тəсілмен, тірі кит
етін арт жағынан үшкір ілмектермен жұлқылап, кейде əбден қиналған
левиафанды
су
бетіне,
тұп-тура
қуалаушылардың
аяусыз
шанышқыларына қарсы қалқып шығуға мəжбүр етеді. Тек қауіп жайын
айтпағанның өзінде, сонда да болса, мұндай тəсілдің барлық жағдайда
бірдей қапысыз болуы күмəнді-ақ; жарадар кит су астында неғұрлым
ұзағырақ қалса, ол солғұрлым тезірек əлсірейді деп болжалдау табиғи
жай ғой. Өйткені, оның үстінің аумақтылығы сонша - ересек кашалотта
ол екі мың шаршы футқа дейін жетеді, - судың қысымы аса зор болады.
Тіпті, мұнда, жердің бетінде, ауамен қоршалған біздің өзіміз қандайлық
күшті атмосфералық қысымға ұшырайтынымыз əркімге мəлім; өз
иықтарымен екі жүз теңіз сажынына тең мұхит бағанасын тіреп тұрған
кашалотқа түскен ауыртпалық қаншалық зор десеңізші! Ол кем
дегенде елу атмосфералық қысымға теңесуге тиісті. Бір кит аулаушы
зеңбіректері, жабдық-жарағы жəне экипажымен қоса жиырма əскери
кеменің салмағы дəл осынша екенін есептеп шығарыпты.
Аспан күмбезінің мəңгілік көгілжімі астындағы толқындарда
ақырын тербетілген мына үш вельботқа қарап, құрлық жұртының
қайсысы қандай сыр аңдайды? Бұл шақта тұңғиықтан не ыңқыл, не
зар-дауыс, не бірде-бір көпіршік көтерілмеді; осынау мамыражай
тыныштық астындағы тереңде теңіздердің аса алапат құбыжығы
жанталаса аласұрып, қалшылдап жатыр деп кім ойлайды? Керілген
арқан вельботтың тұмсығынан суға тік бойлап, айдын бетінен сегіз
фут шамасында көрінбей кетті. Мына жіңішке үш жіпте, құдды
аптасына бір бұралатын көне сағаттың ауыр гір тасы сияқты, ғаламат
зор левиафан ілініп тұруы мүмкін бе? Ілініп деймісіз? Сонда, неменеге?
Түкке тұрғысыз үш жаңқаға. Шынымен-ақ бұл бір кездерде өзі
жайында мақтанышпен: "Оның терісін найзамен, ал басын балықшы
шанышқысымен қақыратып тесе аласың ба? Оған жанасқан семсер
шыдай бермейді, найза да, сүңгі де, сауыт та солай; темірді ол шөпшалам құрлы көрмейді; садақтың қызынан ол қашпайды; түйреуішті
сабанның бір талы деп санайды, найзаның ысқырғанын келемеждеп
күледі" - деп айтылған хайуан ба? Шынымен-ақ бұл сол мақұлық па?
Мынау сол кит пе? Ah, пайғамбарлардың айтқаны неге келмейді?
Өйткені, құйрығында мың аяқтың күші бар левиафан басын мұхит
жастығының астына тығып, "Пекодтың" найзаларынан жасырыну
үшін жан сауғалап қашты емес пе!
Күн еңкейді, іңірдің көлбеу жарығында қайықтардан терең қойнауға
қарай түскен көлеңкелердің ұзындығы мен жалпақтығы сондайлық,
онда Ксеркс өз əскерінің тең жартысын еш қиындықсыз паналата алар
еді. Өзінің төбесінде ойнақтаған мына алып елестерді көру де жаралы
китке қандай үрейлі десеңізші!
- Дайындалыңдар! - деп Старбек оқыстан айқай салды, себебі, кит
тіршілігінің жан тəсілім етер алдындағы жүрек соғысын жоғарыға
бейне сиқырлы телеграфтай хабарлаған үш арқан түгел кенет дірілдеп
қоя берді, оны өз тұғырында отырған əрбір ескекші сезіне алған еді.
Сəлден соң өздерін төменге тұқыртқан күштен құтылған вельботтар,
құдды үстінде жайланған ақ аюлар үйірі үркіп теңізге секірген шағын
мұз алаңдары сияқты, бір демде ауаға ырғып шыға келді.
- Жина! Тарт арқанды! - деп дауыстады Старбек. - Ол су бетіне
шығып келеді.
Жаңа ғана шиыршық ата керілген су арқандар шумақ-шумақ болып,
жылдамдата вельботтардың түбіне лақтырылды, міне, аңшылардан
екі кеме бойы қашықтықтан, айдында қарауытып кит көрінді.
Киттің қозғалысы оның діңкесі құрып, құр жаны қалғанын
айғақтады. Жер басып жүрген жануарлардың көпшілігінің күре
тамырларында шлюз тəрізді ерекше қақпақшалары болады,
жануарлар жараланған кезде олар бірден жабылып, ішінара болса да,
белгілі бір бағыттағы қанның ағынын бөгеп тоқтатады. Китте олай
емес, оның бір ерекшелігі сол: қан тамырларында қандай да болсын
қақпақ атаулы мүлдем жоқ; сондықтан, тіпті, гарпун сияқты, ең
жіңішке үшкір бір зат денесін тессе болды, қатерлі қан кетуі оның
бүкіл қан тамырлары жүйесін құрғатпай тынбайды; ал бұған сан құлаш
тереңдіктегі оның денесін басқан орасан зор су қысымы үстеп қосылса,
енді, бұл арада тіршілігі одан үздіксіз шапшып ағады деп айтуға
болады. Алайда, оның бойындағы қан қорының молдығы һəм ішкі
қайнарларындағы қазынасының көптігі сонша, басын алыстағы, көзге
көрінбес
таулардағы
бұлақтардан
алатын
өзеннің,
тіпті,
құрғақшылықта да өз толқындарын тоқтаусыз жөңкілтетіні сияқты, ол
аса ұзақ уақыт бойы қансырап, қаны тыйылмай аға береді, аға береді.
Міне, қазір де, вельботтар дəл құйрығының үстінен тайсалмай жүзіп
өтіп, оған тым жақын тақап келген кезде, шанышқылар бірінен соң бірі
бүйіріне қадалған кезде əрбір жаңа жарадан шапшыған қан ағыны,
құламай, тік атқылай бастады, бұл шақта басындағы тыныс тесігінен
тек оқта-текте ғана аспанға көбікті ылғал жылдам бұрқылдап шығып
жатты. Бұл арадан қан əлі көрінбеді, өйткені, оның өмірлік маңызды
мүшелерінің бірде-бірі əлі зақымданбаған еді. Кит аулаушылардың
тауып айтқанындай, оның өмірі əлі ұстатар емес.
Қайықтар китті қаумалай қоршап алды, енді оның, əдетте су
астында батып тұратын телімдерін де қоса, денесінің бүкіл үстіңгі
бөлігі аңшылардың назарына жайылып түсті. Оның көздері, дəлірек
айтқанда, бұрын көздері тұрған жерлері əйгіленіп көрінді. Асқан
бекзат еменнің құлаған діңіндегі бұтақтардың арасынан бөтен зат өсіп
шығатыны тəрізді, мына киттің де көзінің шарасынан өзекті өртер
аяныш тудырарлық соқыр бездер сорайып тұрды. Бірақ оған деген
аяныш жоқ-тын. Мейлі, ол кəрі, мейлі жалғыз қолды, мейлі соқыр
болсын - ол бəрібір өлуі тиіс, көңілді үйлену тойлары мен адамның
басқа да думан-сауықтарын жарықтандыратын зат болуы үшін,
сондай-ақ, барлық тіршілік иелері арасындағы сөзсіз бейбітшілікті
уағыздайтын ғибадатханалардың ішіне жарық нұрын төгу үшін ол
бəрібір сойылады. Өз қанына бөгіп жатқан ол бір түрлі қырындай
жантайып, қуалаушыларға бүйіріндегі ісік тəрізді түсініксіз аппақ
кесінді түбірді көрсетті.
- Ыңғайлы жер екен! - деп айқайлады Фласк. - Қанеки, сол жерді бір
қытықтап жіберейінші.
- Тоқта! - деп дауыстады Старбек. - Оның қажеті жоқ.
Бірақ аяғыш Старбек кешіккен еді. Шанышқы ысқыра зу етіп, қатты
жарадан ыстық қан саулап шапшыды, шыдатпас аурудан жаны көзіне
көрінген кит қан бұрқағын атқылай, қиқулаған экипаждарымен бірге
қайықтарға қанды көбік ағындарын шашырата һəм жақтауларына дақ
қалдырып, долырған көзсіз ашумен өз азаптаушысының вельботына
дүрсе қоя берді. Фласктың вельботы төңкеріліп түсті. Бірақ бұл жан
тəсілім алдындағы жануардың соңғы тегеуріні еді. Қансырағаннан
мүлде əлі құрыған кит өзінің құтырына сойқан салған іздерінен
аулағырақ толқындарда дəрменсіз тербетілді; ауыр тыныстап,
қырылдап, жүзгіш қанатының кесіндісімен ауаны əлсіз осқылай, бір
бүйіріне аунап түсті, сосын бейне өтіп бара жатқан өмір-дəурендей,
баяу айнала бастады; өз қарнының аппақ құпияларын аспанға қаратты;
бөренедей созылды да, жан тапсырды. Оның ақырғы мелшиген
меңіреу бұрқағын көру жанды жабырқатып жіберді. Нəн су
атқылағышты
біреудің
көзге
көрінбейтін
қолы
біртіндеп
тоқтатқандай, тік шапшыған ағын су бағаны барған сайын самарқау
сылдырап, төмендей берді, төмендей берді - жан тəсілім етіп жатқан
киттің соңғы, ұзақ бұрқағы осылай тынды.
Вельботтар əлі кеменің келуін күтіп тұрған, кит ұшасы өзінің бүкіл
кең байтақ қазынасымен ақырындап суға бата бастады. Сол арада
дереу Старбектің əмірімен оны бірнеше жерден жіппен шандып
байлап, ұштарынан тартып қойды; сөйтіп, міне, енді үш вельбот суға
батқан кит ұшасын арқанмен керіп көтермелеген үш қалтқыға
айналды. Кеме таяп келгесін оны асқан сақтықпен жақтауға асырып
аса сенімді шынжырлармен тас қып бекітіп тастады, өйткені, тым
құрыса бір сəтке өз еркіне жіберсе, оның бірден тастай батып су түбіне
кетері анық еді.
Кездейсоқ себеппен китке фленшерлік күректі кесінді қолтықтың
төменгі жағынан қадаған бірінші əрекетте-ақ оның тікелей денесінен
түгелдей тот жеп қойған тұтас гарпун табылды. Бірақ та өлтірілген
киттердің денесінен айналасында тірі ет ізсіз бітіп кеткен гарпун
сынықтары айтарлықтай жиі табылатындықтан əрі титтей де
томпақтық сырттан олардың жатқан жерін білдірмейтіндіктен, киттің
бұл кемтарлығының қандай да бір басқа себебі бар деп ойлаған абзал
Екінші олжаның жұмбағы əлдеқайда молырақ: гарпунның маңайында,
сырттан мүлдем байқалмай, оның денесінде шанышқының тас ұштығы
жатыр екен. Оған бұл тас шанышқыны кім лақтырған? Қашан? Бəлкім,
оны Америка ашылғаннан көп бұрын батыс жағалауда əлдебір
солтүстік американдық үндіс лақтырған шығар?
Бұл құбыжық сандықтан тағы қандай кереметтер суырып
шығарылатыны беймəлім күйінде қалды. Суға батқан ұшаның күрт
ұлғайған ауырлығының əсерінен кеме кенет жақтауымен суға
жантайып жата бастаған кезде бұдан арғы барлық ашылымдардың
жолы оқыстан кесілді. Əлбетте, барлығын басқарып жүрген Старбек
ақырына дейін тайталасты: ол өз дегенінде табандылықпен тұрғаны
сонша, өзінің темір құшағын енді жазбаса, кеме түптің түбінде сөзсіз
аударылуға тиісті еді, сөйтіп, кит ұшасынан құтылу жөнінде бұйрық
берілді; керілген арқандар мен шынжырлардың шпангоуттарды қатты
жаныштап басқаны сонша, оларды шешіп алу əншейін мүмкін болмай
қалды. Ал бұл шақта "Пекодтағы" дүние түгел қисайып кеткен еді.
Жақтаудан жақтауға құдды шатырдың құлама еңісімен жүргендей
жүріп баруға тура келді. Кеме ыңқылдап, алқына демікті. Жақтаулар
мен каюталардағы сүйек əшекейлер ұшып кетуге шақ қалып,
орындарынан жылжып, қисайып, қозғалақтай бастады. Матростар
шайнасқан шынжырларды сүймендермен жəне сыналармен
ажыратамыз деп, олардың шпангоуттарға қысымын əлсіретеміз деп
босқа арамтер болды; ал киттің су астына тереңдеп кеткені сондай,
арқандардың қарама-қарсы ұштарына жетуге ешбір мүмкіндік
көрінбеді, бұл екі ортада зіл қара жартастай ұшаға əрбір сəт сайын
бейне тұтас тонналар қосылғандай, кемеге əне-міне аударылу қаупі
төнді.
- Тоқта, тоқтай тұр! - деп айқайлады китке Стабб. - Құдай- ай, суға
кетуге сонша неменеге асығасың? Сайтан алғыр, жігіттер, бірдеңе істеу
керек, əйтпесе саудамыз бітеді. Андағы жерді шұқылаудың керегі жоқ,
тоқта! Мына таяқтарды бірін қалдырмай лақтырыңдар, біреу барып
дұғалық пен пышақ алып келсін. Шынжырларды кесеміз.
- Пышақ па? Дұрыс, дұрыс! - деп дауыстап жіберді Квикег, сөйтті де
ауыр балтаны алып, жақтау тесігінен шықты да, ең жуан шынжырды
құлаштап шабуға кірісті. Бірақ, жарқ-жұрқ ұшқын шашыратқан ол тек
бірнеше соққы ғана жасап үлгерді, қалған шаруаны ғаламат ауырлық
өзі тындырды. Керілген арқандар шарт-шұрт үзіліп, кеме бойын түзеп,
ұша су түбіне жөнеліп кетті.
Жаңа өлтірілген кашалогтар кейде шын мəнінде де суға батып
кетеді. Алайда, осынау қызғылықты құбылыстың себептерін əлі кит
аулаушылардың ешқайсысы анықтай алған жоқ. Əдетте, əлі кашалот
қарнын немесе бүйірін су үстінде жоғары көтере, қалқып қалады. Егер
тек майлы қыртыстары азайған, сарып сырқатына ұшырап, сүйектері
ауырлаған арық əрі қаусаған кəрі жануарлардың ғана ұшалары
бататын болса, ондай жағдайда əлде де бұл құбылысты денелері
қалқымалы заттардан ада киттердің айрықша жоғары үлес
салмағымен түсіндіруге болар еді. Бірақ шындығында бұл олай емес.
Тіпті, күш-қуаты бұлықсып, бойларын бекзат тəкаппарлық кернеген,
өздерінің майлы қыртыстарының ырғын молшылығында өмірдің
көктемгі жылы дариясынан мезгілсіз жұлынып алынған жас киттер
де, тіпті, солар, осынау қайтпас қажырлы бұландай жүзгіштер де кейде
суға батады.
Алайда, мұндай келеңсіздіктер киттің қандай да бір басқа түрлеріне
қарағанда кашалоттарда сирек болатынын байқаймыз. Суға кеткен
əрбір кашалотқа теңіз түбінде жиырма нағыз киттен келеді. Ешбір
күмəнсіз, осынау түрлік айырмашылық нағыз киттің, салыстыра
келгенде, сүйек санының көптігімен түсіндіріледі; оның тек атақты
венециандық перделері ғана артығымен бір тонна тартады, ал
кашалот мұндай қолайсыз жүктен тақыр таза. Рас, бірнеше сағат
немесе, тіпті, күндер өткеннен кейін суға батып кеткен киттің қалқып
шығып, айдында тірі кезіндегіден де сенімдірек ұсталатын жағдайлар
болады. Бірақ енді мұндағы себеп айдан анық. Оның ішінде газдар
жиналады; ол енді құдды жануар емес, бір алып əуе шары сияқты,
ғаламат зор мөлшерде үлкейіп, қампияды. Сол кезде оны су астында
ешқандай күш ұстап тұра алмайды. Жаңа Зеландияның қайраңдары
мен шағын шығанақтарындағы жағалау кəсіпшілігінде кит ұшасының
бата бастағанын байқаған балықшылар оған ұзын арқанға жалғанған
қалқыма-белгі бекітеді, сондықтан, кит су астына шомып кетсе де,
олар оны қалқыта шығатын мезгілі келгенде қайдан күтіп алуды
бəрібір біліп отырады.
Ұша суға батып кетті, осыдан соң көп ұзамай мачталардағы
шолғыншылар "Юнгфраудың" вельботтарды қайтадан түсіріп
жатқанын хабарландырды, əйткенмен, кемелерге көрінген жалғыз
бұрқақ финвалдыкі - өзінің шапшаң жүрістілігінен ұстатпайтын кит
түрінікі еді. Алайда, финвал бұрқағының кашалот бұрқағына
ұқсастығы
соншалық,
тəжірибесіз
теңізшілер
оларды
жиі
шатастырады. Дериктің өз қосынымен осынау ұстатпайтын
мақұлықтың соңынан өршеленіп тұра қуғаны да, міне, сондықтан. "Пəк
қыз" желкендерін керіп, өздерінің төрт вельботының соңдарынан
жөнелді, сөйтіп, олардың бəрі жанталасқан, үмітсіз қуалауға елігіп, ық
жақтағы көкжиектен асып көрінбей кетті.
Иə, достым, дүниеде финвалдар көп, соған орай Дериктер де жетіп
артылады.
LXXXII тарау
КИТ АУЛАҒЫШТЫҢ
АБЫРОЙЫ МЕН ДАҢҚЫ
Іске тек жүйелі ретсіздікпен кіріскенде ғана байыптауға болатын
салалар бар.
Өз зерттеулерімде нағыз бастау-бұлақтарына қанып, кит аулау
кəсібін зерттеуге неғұрлым тереңдеп бойлаған сайын мені солғұрлым
оның даңқы мен көнелігі таңғалдырады. Даңқы жер жарған қисапсыз
көп жарты құдайлар мен батырлардың һəм неше түрлі
пайғамбарлардың қалай болғанда да оның дəріптелуіне жəрдем
еткенін білген кезде мені өзімнің аса елеусіз кейіпте болса да,
дегенмен де осынау даңқты бауырластыққа жататыным үшін
мақтаныш сезімі кернейді.
Алғашқы кит аулаушы Зевстің ұлы, ер жүрек Персей болған; жəне де
- бұл біздің кəсібіміздің өшпес даңқы үшін айтылуы керек жаугер
бауырластығымыздың құрбаны болған бірінші кит арам ниетпен
өлтірілмеген. Ол біздің мамандықтың асқақ серілік заманы болатын, ол
кезде біздер адамның шамын майға толтыру үшін емес,
жəбірленгендерді жұбату үшін қару көтергенбіз. Персей мен
Андромеданың даңқты хикаясы əркімге аян: патшаның сұлу қызы
Андромеда теңіз жағасындағы жартасқа бұғауланып, оны енді
Левиафан теңізге əкете берген сəтте кит аулаушылардың қаһарман
ханзадасы Персей тақап келіп, құбыжыққа гарпун қадап, аяулы аруды
құтқарды да, өзі соған үйленді. Бүл сүйінуге лайықты һəм біздің
күндерімізде төтенше сирек кездесетін шын мəніндегі əбжіл ерлік
болатын - қаныпезер Левиафан гарпунды бір сілтегенде-ақ сеспей
қатырылды. Атамзаманғы бұл оқиғаның шындығына күмəн
келтірмекті ешкім ойына да алмасын, себебі, Сирия жағалауындағы
ежелгі Иоппия, қазіргі Яффеде, мəжусилық ғибадатханалардың бірінде
көптеген ғасырлар бойы, қала аңызына сəйкес жəне жергілікті
тұрғындардың айтуы бойынша, Персей өлтірген сол баяғы құбыжыққа
тиесілі алып кит қаңқасы тұрған. Римдіктер Иоппияны басып алған
кезде бұл қаңқа сəн-салтанатпен Италияға жөнелтілді. Бүкіл осы
хикаядағы ерекше маңыздысы əрі аса мəндісі сондай-ақ мына жағдай
еді: өз сапарына Жоһан нақ осы Иоппиядан аттанған-ды.
Персей жəне Андромеданың бастан кешкен оқиғасымен Əулие
Георгий жəне Айдаһар туралы мəшһүр хикая да өте ұқсас, бəлкім,
кейбіреулер пайымдайтындай, бұл жанама түрде содан шыққан болар,
өйткені, мен бұл айдаһар кит еді деймін, себебі, көне кітаптар ылғи
киттер мен айдаһарларды сапырылыстырып, бір атаудың орнына
екіншісін жиі пайдаланады. Иезекииль, күмəнсіз, кит жайында айта
отырып, "Сен суда арыстан сияқтысың əмбе теңізде айдаһар
сияқтысың" - дейді, ал мəтіннің кейбір нұсқалары осы сөздің өзін
тікелей қолданады. Оның үстіне егер Əулие Георгий теңіздердің
ғаламат құбыжығымен айқасудың орнына бар болғаны құрлықтағы
бауырымен жорғалаушымен шайқасса, ерліктің əсемдік салтанаты
əлдеқайда жадау тартар еді. Жыланды əркім өлтіре алады, тек китке
қаймықпай қарсы тұруға Персейлердің, Əулие Георгийлердің һəм
нантакеттік Коффиндер мен Мэйсилердің ғана ерлігі жетпек.
Осы оқиға желісіне салынған қазіргі сұңғат туындылары бізді
адастырмай-ақ қойсын, өйткені, Əулие Георгий шайқасқан
мақұлықтың кейіп-кескіні бір түрлі, күңгірт, грифон' тəрізді екендігіне
қарамастан, əрі, бұл суреттерге сəйкес, шайқас құрылықта өтетіндігіне,
ал əулиенің өзі атта салт отырғанына қарамастан,
Грифон - Мифтер мен ертегілердегі басы бүркіт, денесі арыстан
бейнесіндегі құс. -Аудармашы ескертпесі.
дегенмен де, сол замандарда жайлаған ғаламат надандықты еске
алсақ, ендеше, киттің де шын түрі суретшілерге беймəлім болған;
Персейдің басында болған жағдай сияқты, Əулие Георгийдің киті
теңізден жағалауға жорғалап шықты десек, əрі Əулие Георгий ерттеп
мінген жануар небары ірі итбалық, басқаша айтқанда, теңіз аты болуы
мүмкін екенін зерделесек; осының бəрін ескере келгенде, қасиетті
аңызбен һəм көне суреттермен қайшылыққа түспей-ақ, əлгі айдаһар
дейтінді өзге емес, ұлы Левиафанның өзі деп санауға болатынын көру
қиын емес. Шынында да, қатаң əрі нұр сəулелі ақиқат тұрғысынан
алғанда, бұл оқиға да бір кездердегі Дагон есімді филистимляндық
таңбалық-құс кейіптес пұттың кебін киген, ол пұт Израиль кемесінің
алдына қойылғанда өзінің жылқыныкіне ұқсас басы мен екі табанын
жоғалтқан-ды, сонда оның тек жалғыз денесі - балықтың құрамдас
бөлігі ғана қалып еді. Міне, осылайша, біздің даңқты
бауырластарымыздың бірі, мына өзіміз сияқты кит аулаушы
Англияның алқаушысы һəм қамқоры болған болып шығады, ал біз
өзіміз, Нантакет кит аулаушылары, аса ізгілікті Əулие Георгий
орденінің мүшелері саналуға əбден хақылымыз. Сондықтан да осы
құрметті орденнің мүшелері (өздерінің ұлы желеп-жебеушілерінен бір
айырмашылығы, солардың бірде-біреуі тірі китті ешқашан көрмеді деп
пайымдауға батылдық етемін), міне, солар Нантакет тұрғындарына
жек көре қарамай-ақ қойсын, себебі, жүн күпəйке мен майсіңді сатпақ
шалбар киіп жүрсек те, біз Георгийдің ерекшелік белгісіне əлдеқайда
лайықтымыз.
Біздің қатарымызға Геркулесті енгізу керек пе деген мəселеде мен
ұзақ уақыт күмəнмен жүрдім: əрине, грек мифологиясына сəйкес,
қадым заманның осынау Кроккеті мен Кийт Карсонын, шат-шадыман
əрі даңқты ерліктердің осынау толағай шерісін кит жұтып, содан кейін
қайтадан шығарып тастаған; алайда, мұндай жағдай оған кит аулаушы
атағын иемдену құқығын бере ме, бұл, қатаңырақ айтсақ, əлі
шешілмеген мəселе. Оның өз китіне гарпун сілтегеніне еш жерде
ишара жасалынбайды, мұндай кесек қимылға ішкі жақтан, киттің
қарнында отырып барса, қайдам. Сонда да болса оны, былайша
айтқанда, ықтиярсыз кит аулаушы деп санауға болады, қалай десек те,
ол китті ұстамаған күннің өзінде, əйтеуір кит оны өз қақпанына түсірді
ғой. Ендеше, мен оны өз бауырларымыздың бірі деп жариялаймын.
Бірақ ең бір қадірменді де қайшылықты беделдер Геркулес пен кит
жайындағы бұл гректік нұсқа кит пен Жоһан жайындағы бұдан да көне
жебірейлік нұсқадан шыққан немесе, керісінше деп пайымдайды; шын
мəнінде де, олар бір-біріне төтенше ұқсас. Олай болса, жарты құдайды
өзімдікі деп жариялай отырып, мен неге пайғамбарды да осы қатарға
қоспаймын?
Бірақ біздің орден мүшелерінің тізімі батырлардың, əулиелердің,
жарты құдайлар мен пайғамбарлардың есімдерімен шектелмейді.
Біздің Ұлы Магистріміз кім?.. - Мұны əлі анықтауымыз керек, өйткені,
ежелгі асылзада король əулеттерінің ұрпақтары тəрізді, біз өз
бауырластығымыздың бастауларын аз да емес, көп те емес, ең ұлы
құдайлардың арасынан табамыз. Мысалы, Шастрдағы əлгі бір ғажайып
шығыс аңызын еске алайықшы, соған жүгінсек, үнділік үшем
құдайларының бірі, қорқынышты Вишну, көктегі Вишнудың өзі, жерде
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.