Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 21

Total number of words is 3932
Total number of unique words is 2419
29.1 of words are in the 2000 most common words
39.5 of words are in the 5000 most common words
46.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Киттердің жантүршігерлік суреттеріне орай мен киттер жайындағы
одан өткен қияпат əңгімелермен айналысу құштарлығын бастан
кешудемін, бұларды əрі көне, сол сияқты, жаңа кітаптардан да, əсіресе,
Плинийден, Парчестен, Хаклюйттен, Гарристен, Кювьеден жəне
басқалардан табуға болады. Əйткенмен, мен мұны аттап өтемін.
Маған ұлы Кашалоттың: Колнеттегі, Хаггинздегі, Фредерик
Кювьедегі һəм Бийлдегі жарияланған төрт суреті ғана мəлім. Колнет
пен Кювье хақында бұдан бұрынғы тарауда айтылды. Хаггинздің
суреті олардыкінен анағұрлым артық; бірақ ең жақсы суреттер,
əлбетте, Бийлдің кітабында. Бийлде екінші тарауды түйіндейтін "Əр
түрлі қалыптағы үш кит" суретіндегі орталық тұлғадан басқа, бұл
киттің барлық бейнелері тым жақсы. Кейбір мейманжайларда,
күмəнсіз, сыпайы сенімсіздік тудырғанымен, оның "Қайықтар
кашалотқа шабуылдайды" дейтін фронтисписі егжей-тегжейдің
дəлдігімен тамаша əрі, жалпы алғанда, шындыққа сыйымды, Дж.Росс
Браунның кашалотты бейнелейтін кейбір суреттері өте дəл, тек оюөрнектері тым нашар. Əйтсе де, бұл оның кінəсі емес.
' Фронтиспис - кітаптың бірінші бетіне салынған сурет. Аудармашы ескертпесі.
Нағыз киттің ең тəуір нобайлары Скорсбидің қолынан шыққан; тек
бір өкініштісі, олар қажетті əсерді берерлік дəрежеде емес, тым ұсақ
ауқымда орындалған. Онда кит кəсіпшілігінің көрінісі бар, бірақ соның
өзі небары біреу ғана; бұл да өзек өртейтін өкініш, өйткені, егер жақсы
орындалған болса, тек сондай суреттердің арқасында ғана тірі кит
аулаушылардың көзімен көрілетін тірі кит туралы біршама дұрыс
түсінік алуға болады.
Бірақ, жалпы алғанда, кит пен кəсіпшілік көріністері суреттерінің,
бəлкім, барлық қолда барының ішіндегі ең дəлі болмаса да, неғұрлым
сəттілері Гарнери деген біреудің картиналарынан көшірілген екі үлкен
француздық тамаша өрнектер болып табылады. Олар кашалот пен
нағыз китке жасалған шабуылды бейнелеген. Бірінші өрнекте дегдар
кит өз қуатының асқан айбынымен, мұхит тереңінен тура вельботтың
астын ала көтеріліп, шашылған тақтай сынықтарын шүйдесімен көкке
атқан алай-дүлей сəтінде көрсетілген. Вельботтың құйрығы қандай да
бір кереметтің күшімен аман қалып, енді киттің қыр арқасында бұлтақбұлтақ етеді; оның үстінен сіздер дəл осы сəтте бұрқ-сарқ қайнаған кит
ағынының атқағына көміле, қатерлі секіріске дайындалған
қайықшыны көресіздер. Тап осы суреттегідей бəрінің жақсы əрі дəлмедəл жасалуы сирек кездесетін жағдай. Қарамайланған арқаннан
жартылай босаған, ақшулан теңіз бетінде шайқалған күбі, сынған
гарпундардың судан қиғаштай сорайған ағаш саптары, киттің жанжағына шашылған, зəресі ұшқан матростардың қылқиған бастары
жəне де қара түтек қиырдан тура сізге төніп келе жатқан кеме. Киттің
анатомиялық бітімінен елеулі қателіктерді табуға болады, бірақ біз
оларға тоқталмаймыз, өйткені, өлтіріп тастасаңдар да, мен өмірі
мұндай керемет сурет сала алмаймын.
Екінші өрнекте бейне Патагония жағалауларында опырылып
түскен жартастың мүк басқан сынығы сияқты, балдырға шырмалған
қара ұшасы суды қақ айырған зордан-зор нағыз киттің оқыстан шыға
келген бүйіріне жүзіп келе жатып жақтауымен қапталдасқан сəтіндегі
вельбот бейнеленген. Оның бұрқағының тік шапшыған ағыны аса
қуатты əрі күйедей қап-қара; мұндай будақтаған түтінді көргенде
төмендегі қазандарда дəмі тіл үйірген кешкі ас пісіріліп жатыр деп
ойлап қаласың. Теңіз құстары шаяндарды, крабтарды жəне нағыз кит
өзінің ажал төндірген арқасында жиі тасып жүретін басқа да теңіз
тəтті-дəмділерін шоқиды. Бұл екі ортада дүрдік ерін левиафан өзінің
соңында нешеме тонна көпіршіген ақ көбік қалдырып, жылымды қақ
айыра, алға заулайды, ал жаңқадай жеңіл вельбот мұхит пароходының
есуші доңғалағының астына кеткен қаусап қалған қайықтай-ақ, соның
қасындағы
толқындарға
сүңгиді.
Картинаның
алдыңғы
жағындағылардың бəрі дүлей қозғалыста; тымық теңіздің айнадай
айдыны, дəрменсіз кеменің малмандай салбыраған желкендері жəне
жайратылған киттің қыбырсыз ұшасы қараңдайды - бұл тізе
бүктірілген қамалдың үстінде кит тыныстайтын тесікке тығылған
ұзын сырықтағы кит аулаушылар жалауы жеңімпаздардың туы болып
самарқау желбірейді.
Гарнери неғылған суретші болғанын - немесе боп жүргенін - мен
білмеймін. Бірақ қолымды кесіп беруге кепілмін, ол өз тақырыбымен
не жеке басының тəжірибесінде танысқан, не болмаса, əлдебір кəнігі
кит аулаушыдан аса бағалы ақыл-кеңестер алған. Француздар жалпы
полотнода іс-əрекетті тамаша жеткізеді. Барыңыздар, еуропалық
сұңғат өнерін зерттеңіздер - көрермен Францияның ұлы шайқастары
арқылы өзіне бас-көз жоқ қойып кетіп жол салатын, əрбір семсер
солтүстік шұғыласының жарқылындай болып көрінетін, ал жарақты
корольдер мен императорлар бейне атты əскер шабуылындағы
падиша кентаврлардай, бірінің соңынан бірі жүйткіп өтетін Версаль
сарайының салтанатты залынан болмаса, полотнолардағы өміршең
қозғалыстың мұндай галереясын сіз басқа қай жерден табасыз? Осынау
галереядан Гарнеридің теңіз шайқастары ойып тұрып орын алуға
қақылы.
Күллі сурет атаулыға деген франдуздардың тума таланты
кəсіпшілік көріністерін бейнелейтін полотнолар мен өрнекбедерлерде ерекше жарқырап көрінді. Кит аулау кəсібінде
ағылшындық тəжірибенің оннан біріне де немесе американдық
тəжірибенің жүзден біріне де жетіспеген олар соған қарамастан
кəсіптің əйтеуір біршама шынайы ауанын беретін бірден-бір
толыққанды суреттер жасап, ана екі ұлтты да жолда қалдырды.
Ағылшындық жəне американдық кит суретін салушылар көбінесе
сызықталған бұлдыр кит сұлбасы тəрізді заттардың мелшиген
нобайларын қанағат тұтады, ал бұл, сайып келгенде, мысыр
пирамидасының сұлбасынан əсерлі емес. Тіпті, бар тарапта шүбəсіз
бедел, абыройы асқан Скорсби, нағыз киттің орайында бізді оның
бүкіл тұрқымен алынған салтанатты портретімен һəм нарвалдар мен
қоңыр дельфиндердің екі-үш əдемі кішкентай суретшелерімен
жарақтандырып, сол арада бізге тағы шлюпканың ілгекті бақандарын,
фленшерлі пышақтар мен қармақтарды бейнелеген классикалық
өрнек-бедерлердің тұтас топтамасын тықпалайды, одан əрі
Левенгуктың сондай ұсынақты тиянақтылығымен жаураған дүниенің
қарауына Арктиканың үлкейтілген қар ұлпасының тоқсан алты
көшірме-үлгісін береді. Мен бұл аса көрнекті саяхатшының еңбегін
кеміткім келмейді (өзім оны ардагер ретінде құрметтеймін), алайда,
мұндай маңызды істе ол əрбір қар түйіршігінің растығының дəлеліне
гренландиялық əділ қазының қатысуымен ант беріп алынған жазбаша
айғақты тек аңдаусыздықпен ғана келтірмегені күмəнсіз.
Гарнери картиналарынан жасалған ана тамаша екі ою-өрнекке
қосымша, ынта қоюға тұрарлық, "А.Дюран" деп қол қоятын адам
орындаған, əлі екі француздық өрнек-бедер бар. Олардың біреуі қазіргі
талқының тақырыбына толық сəйкес келмесе де, соған қарамастан,
басқа тұрғыдан атап өтуге лайықты. Онда Тынық Мұхиттағы аралдың
қасындағы мамыражай тал түс бейнеленген: француз кит аулағышы
жайбарақат тұщы су қорын алып, тыныш шығанақта зəкірде тұр, арт
жақта кеменің бейқам желкендері мен жіңішке пальма жапырақтары
желсіз ауада дəрменсіз салбырап қалыпты. Егер сенің алдында
шығыстағы саялардың бірінде сирек тыныста ер жүрек кит
аулаушылар тұрғандығын еске алсақ, əсер өте күшті. Екінші өрнекте
мүлдем басқа нəрсе бейнеленген: өзінің заулаған жүрісін мұхит
төрінде, левиафандар тіршілігінің қақ ортасында тоқтатқан кеме,
жақтаудың қасында ғаламат үлкен нағыз кит, сондықтан, ұшаны
союмен айналысқан кеменің өзі, айлаққа тұмсық тіреген сияқты, сол
теңіз толағайына арқандалып байланғандай боп көрінеді, оның
жақтауынан арт жақта қараңдаған киттерді қуалауға шұғыл түрде
вельбот түсіріліп жатыр. Гарпундар мен шанышқылар сақадай сай, үш
ескекші мачтаны орнатуға, ал кенеттен үйірілген толқындағы шағын
вельбот, артқы аяғынан тік тұрған арғымақтай, судан жарым тұрқына
дейін қылқия сорайған. Кеменің үстінде, құдды бүтін бір ұстаханалар
қыстағының үстіндегідей, қаратүтек түтін будақтайды - бұл кит
ұшасын қайнатып жатқаны, ал жел жақтан дауыл мен жаңбырдан
хабар айтқан һəм қандары қызған теңізшілерді асығуға шақырған қара
бұлт қаптап келеді.
LVII тарау
БОЯУЛЫ КИТТЕР; СҮЙЕКТЕН,
АҒАШТАН, ҚАҢЫЛТЫР МЕН
ТАСТАН ЖАСАЛҒАН КИТТЕР;
ТАУДАҒЫ КИТТЕР; ЖҰЛДЫЗДАР
АРАСЫНДАҒЫ КИТТЕР
Бəлкім, сіз Лондондағы Тауэр-Хиллде, доктарға бара жатқан жолда
қолында өзі аяғынан айырылған кездегі қайғылы көріністің
' Док - айлақтарда кеме жөндейтін жер. - Аудармашы ескертпесі.
бейне суреті салынған тақтайша ұстап тұрған кемтар-қайыршыны
ұшыратқан боларсыз. Онда үш кит пен үш вельботтың суреті
салынған, солардың біреуі (болжал бойынша, қазіргі жетіспей тұрған
аяқ тұтастай бастапқы бүтін қалпында соның ішінде болған) алдыңғы
киттің алапат азуларының қыспағында қалған. Соңғы он жылда ол бұл
суретті, дейді, алға қанша созып, өзінің кескен аяғын көрсеткенімен,
оған ешкім сенгісі келмейді. Ақыры оған деген əділет тек енді ғана
салтанат құрды. Оның үш киті Уоппингтің кез келген басқа киттерінен
титтей де осал болмай шықты, ал оның кесілген саны Батыстағы
кесілген орман орындарындағы кез келген түбір сияқты ақиқат. Бірақ
ақырғы деміне шейін, құдды жылжымалы мінбердегідей, өзінің ағаш
аяғында тұрған бақытсыз кит аулаушы ол жерден арандатушы сөздер
айтпайды, тек өзінің жарымжандығына күйінішпен қайғылана көз
салады.
Тынық мұхиттың шартарабында, сондай-ақ Нантакетте, НьюБедфордта да, Сэг-Харборда да кашалот тістерінен немесе кит
мұртынан
жасалынған,
əйелдердің
жалпақ
белбеудегі
тақташаларынан, сонымен бірге кит аулаушылар мұхиттағы бос
уақыттарында табиғи қатты заттардан сондай əдемі қылып оятын осы
тəрізді ұсақ-түйек əшекей əлеміштерде кит аулаушылардың өздері
шимайлаған киттер мен кəсіптік көріністердің жанды суреттеріне
кезігуге болады. Кейбір теңізшілер сүйекке ою-өрнек салуға əдейі
арналған, тіс емдейтін секілді нəзік аспаптар қорапшасын алып жүреді.
Бірақ олардың көпшілігі тек бəкі ғана пайдаланады; міне, осы аса
құдіретті матрос құралының көмегімен олар сізге не керектің бəрін,
қарапайым теңіз жаны қиялдай алатын дүниені толық бейнелеп
береді.
Христиандық өркениетті əлемнің шегінен ұзақ уақытқа аласталу
адамды міндетті түрде оны бір замандарда Жаратушы Құдай
түсіргендей күйге, атап айтқанда, жабайылық (варварлық) деңгейге
келтіреді. Нағыз кит аулаушы дегеніміз - жабайы, ешбір анау-мынау
ирокезден кем емес. Мен өзім де жабайымын, тек бір ғана адам
жегіштер патшасына бағынамын, соның өзіне де əрбір сəт сайын қарсы
бүлік шығаруға дайын тұрамын.
Үйкүшік-жабайыны
басқа
адамдардан
қолөнердегі
сирек
ыждағаттылық ерекшелейді. Ақылға сыймастай күрделі де ғажайып
ойма-өрнекпен əшекейленген ежелгі гавайлық ұрыс келдегі немесе
ескек-шанышқы адамзат табандылығының Латын Сөз қорымен
' Ирикездер - Солтүстік Американы мекендейтін тайпа - Аудармашы
ескертпесі.
пара-пар ұлы жетістігі болып табылады. Осынау ағаш шілтерлердің
ертегідей шым-шытырығы қайдағы бір қарапайым қабыршықтың
немесе акула тісінің көмегімен жасалып, оған ұзақ та табанды еңбек
жұмсалған, сондықтан ұзақ əрі табанды жылдарға татиды.
Ақ тəнді жабайы-теңіз саяхатшысының жағдайы да тура жабайыгавайлықтыкі сияқты. Ол сізге таңғажайып шыдамдылықпен һəм сол
баяғы жалғыз акула тісті пышағымен өзінің сүйек мүсінін бедерлеп
ойып береді, бəлкім, соншалықты шебер болмас, бірақ Ахиллдің
қалқанына тер төккен ежелгі жабайы-грек сияқты, ол да оны дəл
сондай ию-қию өрнектерге толтырады, сөйтіп, оған даңқты неміс
жабайысы Альбрехт Дюрердің ойма-суреттеріндегідей жабайылық
əмбе арбағыш рух береді.
Ағаш киттер, яғни, Күнгей теңіздерде қару-жарақ жасауға
жұмсалатын асылтек ағаштардың қырлы қоңырқай бөренелерінде
қырынан қарата ойылған киттер американдық кит аулағыштардың
кубриктерінде аз кездеспейді. Олардың кейбіреулері айта
қаларлықтай шеберлікпен жасалған.
Қала сыртындағы шошақ төбелі ескілікті үйлерден кейде, есік
балғасының орнына, құйрығынан асып ілініп қойылған қола киттерді
көреміз. Бұл арада бəрі қақпашыға байланысты; егер ол
ұйқышылдыққа бейім болса, онда ең дұрысы - "кит-төсті" пайдаланған
абзал. Алайда, бұл балға киттер өздерінің шындыққа сыйымдылығы
тұрғысынан бағалы болатын жағдайы сирек. Кейбір ескі сəндегі
шіркеулердің
төбесіндегі
сүмбілерінде
желбаққыш
ретінде
орнатылған қаңылтыр киттерді көруге болады, бірақ олардың биікке
самғап кеткені сондай, əрі, оның үстіне, шындығын айтқанда,
өздеріндегі "Қолмен ұстауға болмайды" деген жазудың ишарасы тым
айқын болғандықтан, оларды дұрыстап көру мүмкін емес жəне қадірқасиеттері жайында да пайымдауға қиынырақ.
Шандырланып
ырсиған
айтақыр
жерлерде,
жазықтарда
жартастардың сынықтары таңғаларлықтай үйме-жүйме болып
шашылған биік таулардың баурайларында тасқа айналған
левиафандарға ұқсас, мелшиіп қатқан пішіндерді жиі ұшыратамыз,
олар жарым-жартылай желді күні айналасында жасыл көбікті
иірімдермен тулай толқындаған шөп теңізіне шомған.
Жиһанкезге əрдайым асқақтаған шоқы, төбелер қоршайтын таулы
жерде, бұралаң, бұрмалы жоталардың əр тұсындағы соқпақ жол
бойында, оңтайлы орын табыла қалса, киттің əрең танылатын
сұлбасын байқауға болады. Тек оны көру үшін бар жан-тəніңмен кит
аулаушы болу керек; бұдан да ғажабы, егер сіз қайта оралып, оған тағы
бір рет көз салғыңыз келсе, өзіңіз оны алғаш байқаған жердің дəлмедəл ендігі мен бойлығын күні бұрын белгілеп қоюыңыз қажет, өйткені,
бұл құбылыстар бүтіндей кездейсоқтық ермегі болып табылады, ал
сіздің бұрынғы болған орныңыздың екінші рет аян беруі қисапсыз
қиындыққа түседі; сол сияқты Сүлеймен аралдары да бізге күні бүгінге
шейін terra incoqnita , дей тұрсақ та, ол жерде бір кездерде крахмалды
бұғағын салбыратып Менданья қыдырыстап жүрген жəне мұны қария
Фигероа суреттеп жазған болатын.
Биіктегі зат көзімізді жоғарыға тігуге мəжбүр еткен кезде, ол
жақтан да, аспандағы жұлдыздар арасынан да сіз ғаламат зор киттер
мен кит аулайтын кемелердің сұлбаларын көресіз: осылайша, жылданжылға соғыс туралы ойлармен арпалысқан шығыс халықтары
бұлттардан шайқасып жатқан тұтас əскер қосындарын көрген. Мен
Теріскейде, Полюстің айналасында өзін маған алғаш сұлбалап берген
сəулелі нүктелердің жарқылында менен алыстай түсіп, үйіріліп
айналған левиафанның соңынан қуаладым. Ал нұр сəулелі антарктика
аспанының астында мен Арго Кемесінің үстінде Гидра мен Ұшатын
Балықтың қиыр шетіндегі алыста жұлдызды Китті қуалап зауладым.
Уа, шіркін, ауыздық-зəкірді езулете тартып, өкшетемір-гарпунды
қадап, осы китті ерттеп мініп, аспанның шырқау шыңдарында
шарықтап самғасам ғой, сонда қисапсыз пейіш шатырлары менің
пендешілік көзім жетпейтін жерлерде тігілгені рас па екенін өз
көзіммен көрер едім-ау!
LVIII тарау
ПЛАНКТОН
Крозе аралдарынан солтүстік-шығысқа бет түзеген біз көп ұзамай
кең байтақ "брита" жайылымдарына - нағыз киттер қоректенетін
күлдей майда сары планктон қоспа-быламығына тап болдық. Бейне біз
толықсып піскен ұшы-қиырсыз сары алтын бидай алқабында жүзіп
келе жатқандай, ол айналамыздағы көптеген миль жерлерді түгел
бүркеп, бүлкілдей тербеліп жатты.
Екінші күні бізге нағыз киттер ұшыраса бастады, алайда, олар
"Пекодтың" кашалотқа аттанған аңшыларын қызықтырмады;
ауыздарын аңқитып ашқан олар планктон қойыртпағында еріне жүзді,
ол əлдебір ғажайып перделерді еске түсірген олардың дүрдік
еріндерінің талшықты шашақтарында тұтылып қалды, бұл шақта су
сыртқа кедергісіз лақылдап ақтарылды.
Иықтаса тұрып, шыққа малынған биік шалғын ішінде ақырын
сусылдата жол салған таң сəрідегі шалғышылар сияқты, бұл
жалмауыздар сырылдата тілгендей, бір түрлі тосын, шөптесін дыбыс
шығарып, өз соңындағы саржағал суларда үздіксіз көгілдір шалғы
жолын қалдыра, жүзіп келе жатты .
Алайда, дұрысында, "бритті" сүзгенде олардан шыққан тек осы бір
жалғыз дыбыс қана пішеншілерді еске түсірген. Сырттан қарағанда,
əсіресе, бір сəтке қыбырсыз қатып қалған кездерінде олардың ғаламат
зор қап-қара ұшалары жансыз тас кесектерге көбірек ұқсап кетті.
Үндістанның аң қағатын жазира байтақтарында сырттан келген кісі
кей реттерде жазық алапта ұйқыдағы пілдің қасынан, тіпті, оны піл
деп сезіктенбестен, жалаңаш қара шоқыға балап өтіп кететіндей,
теңізде бұл левиафандарды алғаш көрушілер де осындай жағдайды
бастан кешіреді. Тіпті, сіз ақырында қалайда мұның кит екеніне
көзіңізді жеткізген кезде, бəрібір осыншалық шектен тыс далиған
долаң денеде итте немесе, жылқының бойында қайнаған тіршіліктей
жан барына илану да өте қиынға соғады.
Шын мəнінде де, теңіз тұңғиығын мекендеушілерге жердегі
хайуандардай
қарау
қисынсыз.
Ескі
замандарда
көптеген
табиғаттанушылар əрбір жер хайуанының теңізде өз сəйкестігі болады
деп тұжырғанымен; бəлкім, мұның өзі жалпы жəне тұтастай алғанда
солай да шығар, - дегенмен де, егер ерекшеліктеріне ойысатын болсақ,
мысалы, мінез-құлқы жағынан біздің ақкөңіл əрі ақылды итімізге
ұқсайтын балықты мұхитта қайдан табарсыз? Тек жұрттың бəрі
қарғайтын акуладан əлдебір ұқсастық іздейміз бе?..
Əйткенмен,
тұрғындарына
құрлықтағы мамандық иелері əдетте теңіз
соншалық жақтырмай, жаратпай, жеккөрушілік
сезіммен қарай тұрса да; теңіз тұңғиықтары біз үшін мəңгі-бақи terra
incoqnita екендігіне жəне Батыстан жер үстіндегі бір беймəлім əлемді
aшy үшін ғана Колумбіге сан жеткісіз беймəлім əлемдерді көктей жүзіп
өтуге тура келгеніне қарамастан; есте жоқ ескі замандардан бері
теңіздерде жүзуге аттанған көптеген мың адамдардың басым көпшілігі
біле тұра сұмдық бақытсыздықтарға ұшырағанына қарамастан; ең
ақырында, сəби-адам өзінің өнер- білімімен қалай мақтанса да жəне сол
өнер-білім жарамсақ уақыт ағынында қанша көбейсе де, - бəрібір,
мəңгі-бақи, Ақирет күнінің өзіне шейін теңіз адамдарды мазақ етіп
қордауын, адамдардың өмірін харап етуін жəне тəкаппар да берік
фрагменттерді тас- талқан етуін тоқтатпайды, дей тұрсақ та, өне бойы
толассыз бір сезімді бастан кешірген адам, сайып келгенде, теңіз
туғызатын бастапқы табиғи үрей сезімінің өзінен айырылып қалды.
Бізге мəлім алғашқы кеме бірде-бір жесірді тірі қалдырмай, күллі
əлемді таза португалдық кекшілдікпен суға батырған мұхитты көктеп
жүзді. Біздің айналамызда бүгін де сол мұхит тербеледі, тап сол мұхит
биыл да біздің кемелерімізді қиратып жатыр. Иə, иə, уа, дауасыз
пенделер, Нұх топан суы əлі біткен жоқ, бүгінгі күнге шейін біздің
даңқты əлемнің үштен екісін жапқан.
Егер жердің кереметі суда мүлдем де керемет болмай қалса, теңіз
бен құрлықтың арасындағы айырмашылық неде? Корей мен оның
сыбайластарының аяқтарының астында қара жер қақ айырылып,
оларды мəңгіге науыт қылғанда жойыттарды сұмдық үрей биледі, ал
біздің заманымызда тулаған теңіздің дəл осылайша қақ айырылып,
кемелерді экипаждарымен қоса-қабат жұтып жібермейтін бірде-бір
күн болмайды.
Бірақ теңіз өзіне жат адамға ғана дұшпан емес, ол өз перзенттеріне
де қатыгез; өзінің қонақтарын бауыздаған əлгі парсылық қожайынның
жауыздығынан да асып түскен ол тіпті, өз құрсағын жарып шыққан
жан иелеріне де рақымсыз. Оқыста өз күшіктерін шайнап тастаудан
тайынбайтын, джунглиде аласұрған долы ұрғашы жолбарыс тəрізді,
теңіз, тіпті, ең зор қуатты киттердің өзін жартастарға лақтырып,
оларды сонда, тас-талқаны шыққан кеменің сұрықсыз сынықтарының
қасында аунатып тастайды. Теңіз аяушылық-қайырымды білмейді,
өзінікінен басқа өктем əмірді білмейді. Қаны қызып алған бас иесіз
асау арғымақтай осқырып - пысқырынған жүгенсіз дүлей теңіз біздің
планетамызда тасып-төгіліп жатыр.
Сіз тек ойлап қараңыз, теңіз не деген жауыз: шапағатты көгілжімнің
астында аярлықпен жасырынып, ең бір үрейлі мақұлықтар суда
білінбей дерлік жүзіп жүреді. Ал, кейде оның ең қаныпезер
мекендеушілері, мысалы, кескін-келбеті кемелдікке жеткен акула
қандай жарқылдаған сұлу болады десеңізші. Сондай-ақ, теңізді
жайлаған қанқұмарлықты да ойлаңыз, оның барлық мекендеушілері
бірін-бірі жұлып жеп, əлмисақтан бері өзара қантөгіс соғыс жүргізіп
келеді.
Осының бəрі жайында ойлаңыз, содан кейін біздің жап-жасыл,
мейірбан, көнбіс жерімізге көз салыңыз - бұларды, теңіз бен жерді
салыстырыңыз, осы арада сіз өз ішіңіздегі бір нəрсемен біртүрлі тосын
ұқсастықты байқайсыз ба? Өйткені, дүлей мұхит гүлденген жерді жанжағынан қоршап тұрғанындай, сол сияқты адам жанының да өз
Таитиы, өз шаттығы мен тыныштығының аралы бар, ал соның
айналасында беймəлім тіршіліктің сансыз сұмдықтары бұрқанып
тулап жатады. Құдай сақтасын сені, адам! Осы аралды тастап шығып,
жүзуге аттанушы болма. Одан оралу жоқ!
LIX тарау
СЕГІЗАЯҚ
Планктон
алқаптарынан
баяу
жылжып
өткен
"Пекод"
бұрынғысынша Ява аралын нысанға алып, бағытын солтүстікшығыстан аудармады; самалдап соққан жел кемені алға қуалап, үшкір
төбелі үш биік мачта айдынды суда құдды жазықтағы солқылдаған үш
пальмадай тербетілді. Бұрынғысынша күміс айлы түндерде
көкжиектен анда-санда арбаушы жалғыз бұрқақ көрініп қояды.
Бірақ бір күні мөлдіреген көгілжім таңда, теңіз үстін бұл дүниелік
емес, бір жат, алайда, сарсылған өлі тыныштық салбырап басқан кезде;
бейне біреу құпияны білдірмеуге ымдап, алтын саусағымен толқынды
тежегендей, күн сəулесінің ақ таңдақтары суға ұзын жолақтарымен
сұлаған кезде; шымырлаған толқындар жүгіре сыбырласып, алыс
жаққа дыбыссыз бүлкілдеп акқан кезде - көз көрім төңіректі түгел
жайлаған осы мүлгіген тыныштықта грот-мачтаның ұшар басында
шолғында тұрған қара өңді Дэггуге кенеттен тосын əлдене елестеді.
Алдыңғы жақта, алыста теңіз түбінен бір ақ дене баяу қалқып
шықты да, су бетіне бірте-бірте жақынырақ көтеріле келе, толқын
астындағы көкшілдігінен арылып, енді қақ маңдайымызда таудан
құлаған қар көшкініндей ағараңдады. Ол оның алдында қас қағым сəт
жалт-жұлт етті де, сосын қайтадан ақырын суға шомып, көрінбей кетті.
Сосын толқында ағараңдап кайта көтерілді. Китке ұқсамайды. "Кенет
бұл дегенмен де Моби Дик болса ше?" - деп ойлады Дэггу. Ақ елес
қайтадан тереңге шомды, ол осы жолы тағы көрінген кезде зəңгі, тура,
мүлгіген тыныштықты қанжармен тіліп жібергендей, ащы айқайға
басты:
- Əне! Əне ол! Су бетіне қалқып шықты! Тура жолымызда! Ақ Кит, Ақ
Кит!
Матростар сол сəтінде-ақ, ағаш бұтақтарына үйірілген аралардай,
арқандарға тұра жүгірді. Ахав жалаң бас, кез келген сəтте руль
ұстаушыға белгі беру үшін қолдарын артына жіберіп, бушприттің
қасында таңғы күн сəулесіне шомылып тұрды, сөйтіп, Дэггудің биікте
қимылсыз созылған қолы нұсқаған жаққа ашқарақ дегбірсіздікпен
қарап қапты.
Кім біледі, мүмкін, өзінің ұдайы көрінуі арқылы мына жападан жалғыз мылқау бұрқақ ақырындап Ахавқа əсер еткендіктен де, ол енді
дамыл мен тыныштық жайындағы түсінікті өзіне жеккөрінішті кит
бейнесімен байланыстыруға дайын-тұғын; немесе, бəлкім, оны өзінің
шыдамсыздығы алдаған шығар; қалай болғанда да, ол толқындардан
ақ толағайды көре сала, сол сəтінде-ақ велботтарды түсіруге асығыс
əмір етті.
Көп ұзамай Ахавтың жеке шлюпкасы бастаған төрт вельбот
толқындарда тербеліп, олжаның соңынан жылдамдата жүйткіді. Ал, ол
болса, бұл екі ортада судың астында көрінбей кетті. Біз ескектерді
көтеріп, оның көрінуін күттік, кенеттен өзі шым батып кеткен дəл сол
орнынан ол баяу қалқып су бетіне шықты. Моби Дик жайында
ойлауды да ұмытқан біздер тылсым теңіз бұрын- соңды адам көзіне
көрсетпеген ең ғажайып көріністі тамашаладық. Біздің алдымызда
көлденеңі мен ұзыны жеті жүз футтан, түгелімен құбылып ойнаған бір
түрлі сарғыш-ақ түсті етжеңді жайқын дене жайылып жатты, оның
ортасынан жан-жаққа, бүтін бір əбжыландар ордасындай үйіріліп
иреңдеген һəм маңайында ұшырасқанның бəрін не нəрсе болса да
талғамай қармай беретін қисапсыз көп ұзын қолдар тараған. Оның
алды да, арты да, басы да, аяғы да, сезім немесе, түйсік мүшелерінің
ешбір белгісі көрінбеді; толқындарда бұл дүниелік емес, пішінсіз елес
болып тербетіліп тұрған мағынасыз өмірдің өзі еді.
Жұтып əкетердей ақырын дыбыспен ол толқындардың астында
қайтадан жоқ болып кеткен кезде Старбек ол шын батып кеткен
орындағы бұрқылдаған суға қарап, торыққан үнмен дауыстап жіберді:
- Уа, ақ елес, сені көргенше, Моби Диктің өзін керіп, сонымен
шайқассам етті!
- Бұл не болды, сэр? - деп сұрады Фласк.
- Жайқын сегізаяқ. Оны көрген кит аулаушылардың туған
айлақтарына қайтып, бұл жайында айтып бергендері тым сирек.
Бірақ Ахав үн қатпады, ол өз вельботын кері бұрып, кемеге бет
түзеді, қалғандары да үнсіз соның соңынан ерді.
Кит аулаушылар бұл мақұлықтың тап келуін қандай ырымнанымдармен орап-шымқамасын, бір нəрсе анық - бұл көріністің
өзгешелігі соншалық, осының бір өзі-ақ қатерлі мəнді нышандамай
тұра алмайды. Оның сирек ұшырасатыны сондай, теңіз саяхатшылары
сегізаяқ-спрутты бірауыздан мұхиттардағы ең ірі жанды мақұлық деп
жарияласа да, соған қарамастан, оның шын болмысы мен сыртқы
пошымы жөнінде жөнді ештеңе дерлік білмейді, əйткенмен, бұл жай
олардың осы хайуан кашалоттың бірден-бір азығы екендігіне
сенулеріне бөгет жасамайды. Гəп сонда, киттердің барлық басқа
түрлері су бетінде тамақтанады, адамдар, тіпті, олардың қалай
ауқаттанатынын бақылай да алады, ал, спермацета кит болса, өзінің
күллі нəпақасын беймəлім тереңдерден табады, сөйтіп, адамға оның
жейтін тамақ мəзіріне қатысты долбарлап тон пішу ғана қалады. Кейде
ерекше жанталас қуғындар кезінде осынау олжасы өз бойынан
сегізаяқ қармалағыштарын атқылайды, солардың ішінде ұзындығы
жиырма-отыз футқа жететіндері де бар деседі. Осы қармалағыштармен
қаруланған құбыжықтар əдетте сонысымен мұхит түбіне тастай қатып
жабысады деп жобалайды, міне осы арада, қалған левиафандардан бір
өзгешелігі, кашалоттың əлгілерді теңіз түбінен жұлып алып
жайрататын тістері бар.
Меніңше, пірəдар Понтоппиданның ғаламат кракені, сайып
келгенде, сегізаяқ деп ойлауға əбден болатын сияқты, Пірəдардың
суреттегеніндей, оның су бетіне біресе қалқып шығып, біресе шым
батуы жəне басқа да кейбір аталған ерекшеліктері сондай керемет
қабысады. Бірақ оған пірəдар таңатын адам сенгісіз көлемге келетін
болсақ, оны айтарлықтай түзетулермен қабылдауға тура келеді.
Мұнда суреттелген жұмбақ мақұлық жайындағы күңгірт
сыбыстарды естіп-білген табиғаттанушылардың бір бөлігі оны тарбақ
теңіз кұрттарымен (каракатица) бір топқа енгізеді, бірқатар сыртқы
белгілері бойынша оны осы топқа жатқызған да жөн, тек ол өз
тайпасындағы Енак сияқты болатын болсын.
LX тарау
АРҚАН
Сəл-пəл төменіректе баяндалатын кит аулау көрінісіне байланысты,
сондай-ақ өзге де барлық ұқсас көріністерді түсіндіру мақсатында мен
бұл арада сиқырлы, əрі кей шақтарда ажалға сүйрейтін гарпун арқаны
жайында əңгіме қозғауға тиіспін.
Бастапқыда кəсіпшілікте қолданылатын арқандардың, кəдімгі
арқандардан бір өзгешелігі, олар шайыр түтінімен шамалы ысталып,
қатты сіңірілмей кендірдің ең жақсы сұрыптарынан дайындалатын
болған; гəп мынада, шайыр кендір жіптерін есуге икемді етіп
жұмсартса да, соның əсерінен арқанның өзі де матростың қолында
оңтайлы ұсталғанына қарамастан əдепкі мөлшердегі шайыр гарпун
арқанын тар шығанақтарда оралымсыз, икемсіз тым қатты етіп қана
қоймай, жалпы, қазіргі көптеген теңізшілердің түсінігінде, шайырды
қолдану арқандардың беріктігі мен мықтылығын мүлдем
арттырмайды, тек оларды жұмыр етіп, жалтырата түседі.
Соңғы жылдарда американ кит аулағыштарында арқандарды
түгелдей дерлік манилалық арқандар ығыстырып шығарды, өйткені,
бұлар дайындалатын абака, жабайы банан талшықтары, кендірге
қарағанда тезірек тозғанымен, есесіне, анағұрлым берік, жұмсағырақ
əрі иілімді, бұған қоса мен оларды (əсемдік сипат əрбір затта
болатындықтан) кендірден əлдеқайда əдемірек жəне кемеге
қонымдырақ дер едім. Кендір - ол үндіс əйелі тəрізді, қоңырқай тəнді
қара салтақ күң, ал маниланың сыртқы түрі - сары бұйра шашы
төгілген шеркес аруы.
Гарпун арқанының жуандығы - небары дюймнің үштен екісіндей
ғана. Бір қарағанда, ол сондай мықты деп те ойламайсың. Алайда,
тəжірибе көрсетіп отырғанындай, оның елу бір өрімінің əрқайсысы жүз
жиырма фунт жүкке шыдас береді, демек, арқан тұтастай алғанда үш
тоннадай салмақты бұйым көрмейді. Кашалот кəсіпшілігіне арналған
гарпун арқанының ұзындығы əдетте екі жүз теңіз сажыны болады.
Вельботтың құйрығына күбі қойылып, ол оған қатты керілген
шеңберлермен, айырғыш құрылғыдағы жылан-түтік сияқты емес,
қабат-қабат етіліп тығыз жайғастырылған дөңгелек ірімшік пішінінде егер титтей өзекшені - осынау жіп ірімшіктің дəл кіндігінен бастап
пайда болған тік тар тесікті есептемесек, ешқандай саңылау-сəулесіз
дерлік, жиырыла шиыршықталып салынады. Осы қарамайланған
арқанды тарқатқан кезде құйтымдай тұзақ немесе түйіншек
əлдебіреудің қолын, аяғын, əйтпесе, күллі денесін түгелімен жақтау
сыртына жұлып алып кету қаупін төндіретіндіктен, арқан күбіге асқан
мұқияттылықпен орналастырылады. Кейде гарпуншылар бұл
арқандарды жоғарғы кермелерден төмен түсіре тартып, ораған кезде
ол еш жерде түйіртпектеліп, бүктеліп қалмауы үшін шығыршық
арқылы саумалап өткізіп, осы іспен бүкіл таң бойы əуре болады.
Ағылшын вельботтарында бір күбінің орнына екеуін қатар қояды,
сөйтіп, бір арқан екі күбіге тең бөлініп салынады. Мұның өз
артықшылықтары бар, өйткені, егіз-күбілердің көлемдері əлдеқайда
шағын болады, қайыққа оңай орнатылады жəне оған көлденеңі үш
футқа жуық əрі биіктігі де сондайлық американ күбілеріндей ауырлық
түсірмейді, ал ол, расында да, жарты дюймдік тақтайлардан
құрастырылған қайық үшін айтарлықтай қомақты жүк болып
табылады, себебі, вельботтың түбі, егер біркелкі бөліп қойса, бірталай
салмақты қайыспай көтеретін жұқа мұз тəрізді, бірақ сол салмақты бір
нүктеге түсірсе, ол бірден опырылып кетеді. Американдық күбіні
сырланған брезентпен жапқан кезде, вельбот киттерге тарту етіп
апару үшін кемеден ғаламат үлкен той бəлішін бөліп алғандай боп
көрінеді.
Арқанның екі ұшы да сыртқа шығарылады, тұзақталған немесе,
күрмеп байланған төменгі ұшы күбінің түбінен қабырғаны бойлата
көтеріліп, кемерінен асыра салбыратып ілінеді. Мұнда екі мақсат
көзделеді. Біріншіден, егер шаншылған кит су астына тым тереңдеп
кетіп, гарпунға бастапқыда байланған арқан толқындарға
көмілетіндей қауіп туса, оған көрші вельботтың арқанын жалғау
оңайырақ болу үшін. Мұндай жағдайларда китті əншейін, бір саптыаяқ
ағылшын сырасы сияқтандырып, бір вельботтан екіншісіне тапсырып
береді, дегенмен де, бірінші вельбот, қажет бола қалса, өзінің
серіктесіне көмек көрсету үшін, осы маңнан ұзамайды. Екіншіден,
бұған жалпы қауіпсіздік мақсаттары мəжбүрлейді, себебі, арқанның
төменгі ұшы қайыққа бекітілген болса, кейде су астына барлық
арқанды бір демде сүйретіп жұтатын жарадар кит мұнымен де
тоқтамай, теңіз тұңғиығына міндетті түрде өзінің соңынан шарасыз
вельботты да тартып əкетеді, сонда оны ешқандай хабаршылар мен
жаршылар іздеп таба алмайды.
Вельботты суға түсірер алдында арқанның жоғарғы ұшы күбіден
созыла саумаланып, артқы жақтаудың ашасына кіргізіледі де, сосын
бір-біріне қиғаштай, қос катар болып отырған ескекшілердің
арасындағы қайықтың бүкіл ұзына бойына төселеді, одан тура
ескектердің білікшелерінің үстінен созылып өтеді, сондықтан, ескен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.