Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 09

Total number of words is 4042
Total number of unique words is 2154
29.6 of words are in the 2000 most common words
41.0 of words are in the 5000 most common words
48.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
аса қызық рəсімді бастан өткеретіні белгілі - өздерінің міндеттерін
жақсырақ атқаруы үшін оларға тұздық шашады. Онда қандай
дəмдеуіштер мен татымдылықтарды пайдаланатынын кім білсін?
Маған мағұлым жай сол ғана, тəж кигізу кезінде, құдды сарымсаққа
құйғандай, корольдің басына салтанатты түрде май құятыны,
Бастарды да, тетіктерді майлағандай, ішіндегі нəрселері жақсырақ
айналуы үшін майлауы мүмкін бе? Бұл арада біз осынау патшазадалық
жораның ақиқат ұлылығына байланысты ой - толғаныстардың
тұңғиығына шомар едік - өйткені, жайшылықта біз шашын майлап,
ашықтан-ашық опа-далап аңқып жүретін адамдарға жақтырмай қарап
үйренгенбіз ғой. Шын мəнінде де, егер ересек еркек шашқа жағатын
майды медициналық мақсаттан бөлек пайдаланса, біз оның басында
бірдеңесі жетіспейді деп есептейміз. Əдетте, сайып келгенде, мұндай
адам сый-құрметке татымайды.
Бірақ аталмыш жағдайда бізді қызықтыратын жалғыз сұрақ - тəж
кигізуде қандай май пайдаланылатындығы? Əлбетте, ол зəйтүн майы
да, ошаған майы да емес, үпілмəлік пен мəшине майы да емес, итбалық
пен балық майы да емес. Мұндай жағдайда ол тек май атаулының ең
тəттісі, уыздай, табиғи күйіндегі спермацет қана болуы мүмкін!
О, бриттаның үмбеттері, осыны есте тұтыңдар! Біз, кит аулаушылар,
сендердің корольдерің мен королеваларыңа тəж кию рəсімі үшін тауар
тауып берушілерміз ғой!
"Пекодта" аға көмекші болып Нантакетте туған əрі əулетімен квакер
Старбек жүзіп келе жатты. Осынау ұзын тұра байсалды адам мұздақ
жағалауда туса да, ыстық ендіктерге тамаша бейімделген еді - өзі де
теңізшінің кепкен нанындай сидаң арық. Тіпті, Үндістан жағалауына
əкелінген оның тамырындағы қан ыстықтан, бөтелкелердегі сыраның
бұзылатынындай бұзылмады. Сірə, ол құрғақшылық пен ашаршылық
жайлаған уақытта, немесе оның туған жерінде даңқы шыққан ораза
кезінде туса керек. Ол дүниеде бар болғаны қуаңшылдыққа толы отыз
жыл өмір сүрді, əйткенмен, осы жылдар оның денесінде артық қырым
ет қалдырмай кептіріп тастады. Рас, оның арықтығы азапты ойлар мен
толғаныстардан тумаған, əрі ол тəни сырқаттың да салдары емес. Ол
оны əншейін ұйыған адамға айналдыра салған. Оның сырт келбетінде
ешбір аурушаңдық білінбейді; қайта керісінше. Таза һəм жұмсақ терісі
денесіне құйып қойғандай; сөйтіп, етімен ет болып тығыз қапталған,
ішкі бұла күш һəм деннің саулығымен бальзамдалған ол алдағы
ғасырлар өз пешенесіне жазғанның бəрін қайтпас қайсарлықпен
көтеруге бел байлап тірілген Мысыр мүмиесіне ұқсап тұрды; өйткені,
мейлі, қиыр солтүстіктің қары немесе аптап күн болса да, оның өмірлік
əлуеті, құдды сыннан өткен бесаспап сағат сияқты, кез келген ауа
райына кепілді түрде астасып кетіп отырды. Көздеріне бір қарап, сіз
олардан оның қысқа ғұмырында сескенбей беттесіп үлгерген қисапсыз
қауіп-қатердің көлеңкелерін аңдағандай болар едіңіз. Иə, бұл - өмірі
бағынышты сөздер баянын емес, айқын харекеттер ишарасын
елестеткен сенімді де қайсар адам еді. Соған қарамастан, бұлжымас
салауаттылығы мен рух қайсарлығы жағдайында оның өзге де
қасиеттері болды, кейде оған олар да өз ықпалын тигізді, ал жекелеген
сəттерде, басқалардың барлығынан мүлдем басым түсіп отырды.
Бұрқанған теңіз төріндегі өне бойғы жалғыздық жəне дүниеге
теңізшілерде сирек болатын ықыласты да ынталы қатынас оның
бойында ырымшылдыққа аса бейімділікті дамытты; бірақ бұл,
кейбіреулерде болатындай, надандықтан емес, керісінше, нанымнан
туған бір ерекше ырымшылдық еді. Ол сыртқы аян-нышандар мен ішкі
сезікке сенетін.
Егер ырымшылдық кейде оның жанының шыңдалған құрышын
қобалжытса, бұған үй-күйін, жас əйелі мен баласын сағынған
қимастығы одан əрмен əсер етіп, оны əуелгі қаттылықтан аулаққа
қуалап, жүрегін əлгі жасырын ықпалдарға жалаңаштап ашып
тастайды, осының өзі балықшылар кемесінің қатерлі алмағайыбында
басқалар соншалықты жиі жасайтын көзсіз ерлікке барудан
аңқылдаған адал адамды тежей береді. "Мен өзімнің вельботыма
киттен қорықпайтын адамды алмаймын" дейді Старбек. Сірə, ол
мұнымен ең сенімді əрі пайдалы өжеттік төнген қауіпті ұстамды
бағалаудан туатынын ғана емес, сондай-ақ мүлдем қорықпайтын адам
іс жүзінде қорқақтан əлдеқайда қауіпті жолдас екендігін де айтқысы
келген болар.
"Иə-иə, - дейтін кейде екінші көмекші Стабб. - Біздің Старбек сияқты
сақтың сағын бірде-бір аушылық кемесінен таппайсың". Бірақ Стабб
сияқты адамдарда, жалпы əрбір кит аулаушыда нақ осы "сақ" деген сөз
нені аңғартатынын біз көп ұзамай түсінеміз.
Ноян серінің шытырман оқиға іздегеніндей, Старбек қауіп- қатерді
соңынан қуаламады. Ол үшін ерлік жанның асқақ қасиеті емес, ажал
қаупі төнген əрбір жағдайда жанқалтасында жүретін жай бір пайдалы
зат сияқты еді. Бүл кит аулаушы ерлікті кемедегі ет пен нанға парапар аса маңызды қорға балап, оны бекер рəсуа ету қажетсіз деп
есептейтіндей. Нақ осы себептен де ол өзінің вельботын күн батқаннан
кейін суға түсіруді суқаны сүймейтін, сол сияқты, өлермендене
қорғанған китті өршеленіп қуалауды да жақтырмайтын. Өйткені, деп
пайымдайтын Старбек, мен мына дүлей мұхитта киттердің мені азық
етіп өлтіруі үшін емес, керісінше, өз азығыма соларды өлтіру үшін
жүрмін; осылайша талай адамдардың жаннан кешкенін Старбек тым
жақсы білетін. Оның өз əкесі қандай жазмышқа ұшырады?
Бауырларының мылжаланған сүйектерін ол енді мұхиттың қай
құрдымынан тауып алмақ?
Егер Старбек осындай зарлы естеліктер қыспағында, ең бір
таңғаларлығы, тіпті, ырымшылдық қыспағында да соншалықты сирек
өжеттігін сақтап қала алса, ендеше, ол шын мəнінде де шексіз жүрек
жұтқан адам болғаны ғой. Бірақ ой қорытуы осындай қисынға сайған
адамның табиғатында, осыншалықты сұмдықтарды бастан кешіп,
мынадай естеліктерді сақтаған адамның табиғатында жасырынған
жаңа дүлейдің туу қаупі ұрланып жатады, ал ыңғайлы бір сəтінде өзінің
ұры қуысынан сыртқа лап қойып, оның күллі ер жүректігін түк қоймай
жалмап өртеп жіберуі мүмкін. Оның ерлігі қандай ғаламат болса да, ол
мұхиттармен, желдермен, киттермен жəне дүниенің барлық
табиғаттан тыс дүлейлерімен сескенбей шайқасқа түсе беретін көзсіз
сабаздың ерлігі болатын, бірақ оның кейде ұлы адамның ашу билеген
қаһарлы қабағынан жауған рухтың сұмдықтарына қарсы тұруға
шамасы келмейтін.
Жігер ілгеріде Старбек ерлігінің толық масқараға ұшырағанын
елестететін болсам, менің өз баянымды жалғастыруға дəтім жетпес
еді; өйткені, адамдық асқақ рухтың құлдырауын баяндау сондай
өкінішті де əрі ұят қой. Адамдар бізге акционерлік компаниялар мем
ұлттар - қайдағы бір тобырлар секілді жексұрын болып көрінуі де
кəдік; адамдардың арасында алаяқтар, ақымақтар мен жендеттер
болуы мүмкін; адамдардың бет əлпеттері де жауыз əрі жабырқау
болуы ықтимал; бірақ аңсардағы адамның ұлылығы сондай, асқақтығы
сондай, адам дегеніміз - соншама бекзат, соншама жарқын жан иесі
болғандықтан, жақындары оның үстіндегі əрбір масқаралық жағын
өзінің ең қымбат киімдерімен жабуға əрдайым асығып тұрады. Мінсіз
батылдықтың асыл бейнесі біздің жанымызда, жанымыздың сайын
тереңінде өмір сүреді, сондықтан, тіпті, сыртқы қадір-қасиеттен
айырылу оған əсер ете алмайды; сөйтіп, сол асыл бейне ерлігінен бел
кеткен адамды көргенде қансырап азап шегеді. Осыншалықты ұятты
жағдайда шын тақуаның өзі де масқаралыққа жол берген
жұлдыздарды кінəлай алмас еді. Алайда, мен осы арада əспеттеп
отырған дегдар ұлылық корольдер мен мəртебелі шопандардың
ұлылығына жатпайды; осынау асылзада ұлылық үлде мен бүлдеге
мұқтаж емес. Сен оның сүймен сілтеген немесе сүре шегені зарлатып
айдап кіргізген қолында ойнаған нұрды көре аласың; бұл - құдайдың
кəміл дидарынан тарайтын сəулесі - барлық алақандарға тең
себездейтін демократияның ұлылығы. Күнəдан пəк, ұлы құдай!
Демократияның шоғыры мен ғаламдық кіндігі! Оның айдай əлемге
ортақтығы - біздің нұр сипатты теңдігіміз!
Сондықтан да егер мен ілгеріде ең міскін матростарға, жолдан
тайғандар мен сілімтіктерге шүбəлі болса да асқақ қасиеттерді таңсам;
егер оларды қайғылы тартымдылықпен сипаттай өрнектесем; кейде,
тіпті, солардың ішіндегі ең бейшарасы, ең мүсəпірі шырқау биік
шыңдарға шығарылса; егер маған жұмысшының қолын ғарыштың
сəулесі болып шарпу жазмышы жазылса; егер мен оның өлім құшқан
іңіріне кемпірқосақ тартып тастасам, сол кезде барлық пенде
сыншыларға қарсы тұрып маған қорған болғайсың, о, мен
сияқтылардың барлығын бір бекзат шапанның шалғайына сыйғызған
ғаділ Теңдік Рухы! Сонда мені қорғағайсың, тіпті, қара дидарлы тұтқын
Бэньянға поэзияның ақ маржанын тарту еткен, о, демократияның ұлы
Құдайы; көрі Сервантестің
Егер ырымшылдық кейде оның жанының шыңдалған құрышын
қобалжытса, бұған үй-күйін, жас əйелі мен баласын сағынған
қимастығы одан əрмен əсер етіп, оны əуелгі қаттылықтан аулаққа
қуалап, жүрегін əлгі жасырын ықпалдарға жалаңаштап ашып
тастайды, осының өзі балықшылар кемесінің қатерлі алмағайыбында
басқалар соншалықты жиі жасайтын көзсіз ерлікке барудан
аңқылдаған адал адамды тежей береді. "Мен өзімнің вельботыма
киттен қорықпайтын адамды алмаймын" дейді Старбек. Сірə, ол
мұнымен ең сенімді əрі пайдалы өжеттік төнген қауіпті ұстамды
бағалаудан туатынын ғана емес, сондай-ақ мүлдем қорықпайтын адам
іс жүзінде қорқақтан əлдеқайда қауіпті жолдас екендігін де айтқысы
келген болар.
"Иə-иə, - дейтін кейде екінші көмекші Стабб. - Біздің Старбек сияқты
сақтың сағын бірде-бір аушылық кемесінен таппайсың". Бірақ Стабб
сияқты адамдарда, жалпы əрбір кит аулаушыда нақ осы "сақ" деген сөз
нені аңғартатынын біз көп ұзамай түсінеміз.
Ноян серінің шытырман оқиға іздегеніндей, Старбек қауіп - қатерді
соңынан қуаламады. Ол үшін ерлік жанның асқақ қасиеті емес, ажал
қаупі төнген əрбір жағдайда жанқалтасында жүретін жай бір пайдалы
зат сияқты еді. Бүл кит аулаушы ерлікті кемедегі ет пен нанға парапар аса маңызды қорға балап, оны бекер рəсуа ету қажетсіз деп
есептейтіндей. Нақ осы себептен де ол өзінің вельботын күн батқаннан
кейін суға түсіруді суқаны сүймейтін, сол сияқты, өлермендене
қорғанған китті өршеленіп қуалауды да жақтырмайтын. Өйткені, деп
пайымдайтын Старбек, мен мына дүлей мұхитта киттердің мені азық
етіп өлтіруі үшін емес, керісінше, өз азығыма соларды өлтіру үшін
жүрмін; осылайша талай адамдардың жаннан кешкенін Старбек тым
жақсы білетін. Оның өз əкесі қандай жазмышқа ұшырады?
Бауырларының мылжаланған сүйектерін ол енді мұхиттың қай
құрдымынан тауып алмақ?
Егер Старбек осындай зарлы естеліктер қыспағында, ең бір
таңғаларлығы, тіпті, ырымшылдық қыспағында да соншалықты сирек
өжеттігін сақтап қала алса, ендеше, ол шын мəнінде де шексіз жүрек
жұтқан адам болғаны ғой. Бірақ ой қорытуы осындай қисынға сайған
адамның табиғатында, осыншалықты сұмдықтарды бастан кешіп,
мынадай естеліктерді сақтаған адамның табиғатында жасырынған
жаңа дүлейдің туу қаупі ұрланып жатады, ал ыңғайлы бір сəтінде өзінің
ұры қуысынан сыртқа лап қойып, оның күллі ер жүректігін түк қоймай
жалмап өртеп жіберуі мүмкін. Оның ерлігі қандай ғаламат болса да, ол
мұхиттармен, желдермен, киттермен жəне дүниенің барлық
табиғаттан тыс дүлейлерімен сескенбей шайқасқа түсе беретін көзсіз
сабаздың ерлігі болатын, бірақ оның кейде ұлы адамның ашу билеген
қаһарлы қабағынан жауған рухтың сұмдықтарына қарсы тұруға
шамасы келмейтін.
Егер ілгеріде Старбек ерлігінің толық масқараға ұшырағанын
суреттейтін болсам, менің өз баянымды жалғастыруға дəтім жетпес
еді; өйткені, адамдық асқақ рухтың құлдырауын баяндау сондай
өкінішті де əрі ұят қой. Адамдар бізге акционерлік компаниялар мен
ұлттар - қайдағы бір тобырлар секілді жексұрын болып көрінуі де
кəдік; адамдардың арасында алаяқтар, ақымақтар мен жендеттер
болуы мүмкін; адамдардың бет əлпеттері де жауыз əрі жабырқау
болуы ықтимал; бірақ аңсардағы адамның ұлылығы сондай, асқақтығы
сондай, адам дегеніміз - соншама бекзат, соншама жарқын жан иесі
болғандықтан, жақындары оның үстіндегі əр бір масқаралық жағын
өзінің ең қымбат киімдерімен жабуға əрдайым асығып тұрады. Мінсіз
батылдықтың асыл бейнесі біздің жанымызда, жанымыздың сайын
тереңінде өмір сүреді, сондықтан, тіпті, сыртқы қадір-қасиеттен
айырылу оған əсер ете алмайды; сөйтіп, сол асыл бейне ерлігінен бел
кеткен адамды көргенде сансырап азап шегеді. Осыншалықты ұятты
жағдайда шын тақуаның өзі де масқаралыққа жол берген
жұлдыздарды кінəлай алмас еді. Алайда, мен осы арада əспеттеп
отырған дегдар ұлылыққа корольдер мен мəртебелі шапандардың
ұлылығына жатпайды; осынау асылзада ұлылық үлде мен бүлдеге
мұқтаж емес. Сен оның сүймен сілтеген немесе сүре шегені зарлатып
айдап кіргізген қолында ойнаған нұрды көре аласың; бұл - құдайдың
кəміл шуағынан тарайтын сəулесі - барлық алақандарға тең
себездейтін демократияның ұлылығы. Күнəдан пəк, ұлы құдай!
Демократияның шоғыры мен ғаламдық кіндігі! Оның айдай əлемге
ортақтығы біздің нұр сипатты теңдігіміз!
Сондықтан да егер мен ілгеріде ең міскін матростарға, жолдан
тайғандар мен сілімтіктерге шүбəлі болса да асқақ қасиеттерді айтсам;
егер оларды қайғылы тартымдылықпен сипаттай өрнектесем; кейде,
тіпті, солардың ішіндегі ең бейшарасы, ең мүсəпірі самарқау биік
шыңдарға шығарылса; егер маған жұмысшының қолын ғарыштың
сəулесі болып шарпу жазмышы жазылса; егер мен оның өлім құшқан
іңіріне кемпірқосақ тартып тастасам, сол ішінде барлық пенде
сыншыларға қарсы тұрып маған қорған болғайсың, о, мен
сияқтылардың барлығын бір бекзат шапанның ілтипатына сыйғызған
ғаділ Теңдік Рухы! Сонда мені қорғағайсың, тіпті, қара дидарлы тұтқын
Бэньянға поэзияның ақ маржанын тарту кем, о, демократияның ұлы
Құдайы; кəрі Сервантестің жоқшылық зарын тартқан шұнақ қолдарын
сап алтынның саудыраған бедерлі парақтарына малындырған Сенсің;
көшеден Задрью Джексонды көтеріп алып, арқыраған арғымақтың
арқасына атып ұрған Сенсің; оны күндей күркіретіп тақтан жоғары
көтерген Сенсің! Өзіңнің жерге түскен уақыттарыңда король
көкорайларына іріктелген мəуені - өз ісіңнің үздік күрескерлерін
талмай жинайтын Сенсің; о, Құдайым, маған медет бергейсің!
XXVII тарау
СЕРІЛЕР МЕН АТҚОСШЫЛАР
Екінші көмекші болып Кейп-Код тумасы Стабб жүзіп келе жатқан.
Бүл қорқақ та емес, батыр да емес, қандай қауіпке де аса самарқау
қарайтын, нағыз қамсыз-мұңсыз сотқар, сотанақ сабаз болатын, тіпті,
аңшылық кезінде бұлтартпас қатермен бетпе-бет келгенде де, тұтас
бір жылға жұмыс алып қойған қолөнерші тəрізді, өз жұмысына
қадалып, міз бақпас сабырмен тұра беретін. Жайдары, жарқын да
бейғам ол вельботты басқарғанда кез келген аласапыран айқасты құдды шақырып берілген қонақ асыдай, ал өзінің күллі командасын бар болғаны ізетті меймандардай көретін. Ол дəл бір делбеші
отырғышына жайлырақ жайғасуға ұмтылатын қарт көшірдей-ақ,
қайыққа барынша оңтайлы орналасуға айрықша көңіл бөлетін. Бейбіт
қаңылтыршы өзінің бейкүнə балғасымен, ысқырып қойып қалай
харекеттенсе, ол айқастың нағыз қызған шағында китке тақап
келгенде аяу білмес шанышқысымен тап сондай міз бақпас
еркіндікпен қимылдады. Долырған ызадан есі шыққан құбыжықпен
қоян-қолтық кеп қалған кей сəттерде ол мұрнының астынан бəз баяғы
бейпіл əндерін ыңылдаудан танбайтын. Көп жылғы əдеттің əсерінен
Стабб, тіпті, ажалдың аузында да өзін тақ орынтақтағыдай сезінетін.
Өлімнің өзі жайында оның не ойлағандығы беймəлім. Жалпы, бұл
жайында ойлады ма екен, кім біледі? Бірақ та кей реттерде ырғын
түстіктен кейін ол осы тарапта миын шайқаған болса, оның
сайыпқыран теңізші ретінде өлімді вахта кезекшісінің: "Арқандарға,
діңгектер мен тік желкенге!" деген тəрізді ерекше командасындай
елестеткендігіне өз басым күмəнданбаймын, бұл бұйрық бойынша ол
дереу жоғарыға өрмелеп шығып, сол арада іске кірісуі тиіс, ал нақты
қандай іске екендігін бірінші бұйрықты орындап болғасын бір-ақ
біледі.
Стаббтың жайдары мінезін илеп жасауға жəне оның өзін
тауарларының зіл салмағы астында жерге шейін бүкірейіп,
қабақтарынан қар жауған қыдырма саудагерлер құжынаған біздің
дүниеде тіршілік ауыртпашылығын жайбарақат арқалаған, уайымды
білмес нарқасқаға айналдыруға өз тарапынан ықпал еткен тағы бір
нəрсе болса; егер оның құдайдан шет дерлік ақ көңілдігін қытықтап
оятатын тағы бірдеңе болса, ондай нəрсе бола алатын тек оның
қорқоры ғана. Себебі, қып-қысқа қара қорқор оның бет - жүзінің
мұрыннан бір де кем емес ажырағысыз сипаты еді. Өзінің кереуетінен
ол мұрынсыз тұруға бақұл, бірақ қорқорсыз əсте тұрмас еді. Оның
кереуетінің үстінде темекі толтырылған қорқорларды тығып қоятын
ерекше тақтайша қағылған болатын; ұйықтауға жатқанда тек қолын
созса болды - ол жеңісті түйінге дейін олардың бірінен соң бірін
тартып, барлығын бірдей түк қоймай шегіп тастай алушы еді, сосын
қорқорларын қайта толтырып, дайын етіп қоятын. Өйткені, күнде
таңертең тұрғанда Стабб əуелі шалбарына аяғын сұғудың орнына, ең
алдымен аузына қорқорын қондыратын.
Сайып келгенде, үздіксіз шылым шегуі оның рухының сирек
сергектігінің бір себебі еді; өйткені теңіз бен жағалаудағы таңғы ауа
таң шапағы сібірлер алдында шексіз қасіретпен жан тəсілім еткен
қисапсыз көп пенделердің адам айтқысыз азабымен арбалып
дуаланатыны əркімге мəлім ғой; тырысқақ індеті кезінде кейбіреулер
ауыздарын камфарамен дымқылданған қол орамалмен жауып
жүретіні сияқты, бəлкім, темекі түтіні де Стабб үшін барлық адамдық
тауқыметтерге қарсы тазартқыш шипа қызметін атқарған шығар.
Үшінші көмекші Фласк Вайньярд аралындағы Тисбериде туған,
тапал бойлы етжеңді жас адам, киттер десе өршеленіп "жау қайдалап"
тұрады, құдды құдіретті левиафандарды өзінің меншікті ата жауына
балайтындай жəне əр жолыққан сайын оларды өлтіруді өзіне мұрат
санайтындай. Теңіз толағайының көптеген кереметтері мен құпия
қылықтарына сүйіну сезімінің оған жаттығы соншалық, соларға
байланысты қауіп-қатер туралы кез келген ойдың қаперіне кірмейтіні
соншалық, оның жұпыны пайымында ғажайып кит алып тышқан
немесе, ең мықтағанда, теңіз егеуқұйрығы тəрізді бірдеңе болды, ал
оны сеспей қатырып, сөлін алу үшін тек азырақ айла қолданып,
кішкене уақыт пен ептілік жұмсау қажет екен. Осынау тұрпайы да
санасыз жүрек жұтқандық оның бойында китке деген керенау-кердең
қатынас тудырды; ол китті əншейін көңіл көтеру үшін аулады, сөйтіп,
Горн мүйісінің сыртындағы үш жылдық жүзу ол үшін бар болғаны осы
уақытты тұтастай қамтыған еріккеннің ермек-қызығы болды.
Балташының шегелерді соғылғандар мен кесілгендерге бөлетіні
сықылды, бүкіл адамзатты да осылай бөлуге болады. Əрине, тəпелтек
Фласк берік əрі ұзақ қауып қалауға арналған, соғылған мықты шеге еді.
"Пекодта" оны Сукесер деп атап кеткен, себебі ол Арктика кит
аулаушыларына осы атаумен мəлім болған шаршы қималы қысқа
бөренеге көбірек ұқсайтын - өзіне ойып бекітілген жəне жан-жаққа
сойдиып шығып тұрған ағаш саусақтармен жабдықталған осы құрал
кемеге Арктика толқындарының тітіреткен тегеурінін тойтаруға
көмектеседі.
Біздің команданың ең елеулі мүшелері - Старбек, Стабб жəне Фласк
осындай болатын. Аулау кəсібінің əмбебап заңы бойынша олар біздің
үш вельботтағы басшылық орындарды иеленді. Капитан Ахав өз
əскерін киттерге лап қойғызуға тиісті алдағы ұлы шайқаста осы үш
кит аулаушыға үш полк сардарларының сыбағасы арналғанды. Немесе,
найзадай ұзын, кертік басты шанышқылармен қаруланған олар
дұрысында үш ұлан офицерлеріне де ұқсап кетті, бұл шақта
гарпуншылар болса найза лақтырушылардан аумай қалған еді.
Кит
аулайтын
кемелерде
капитанның
вельбот
командасын
басқаратын əрбір көмекшісінің, ортағасырлық рыцарь сияқты, өзінің
қару-жарақ тасушысы - қайық жүргізушісі əрі гарпуншысы болады, ол
оған қажет бола қалған жағдайда шабуыл кезінде əдірем қап
майысқанының немесе қолдан ұшып түскенінің орнына қосалқы
шанышқыны бере қояды; əдетте, бұл екі адамды ең жақын достық
қатынастар байланыстырып тұрады; міне, менің осы арада "Пекодтың"
гарпуншыларын санамалап шығу жəне əрқайсының қай көмекшімен
жүзгенін көрсету керек деп пайымдайтыным сондықтан.
Олардың ішінде Старбек өзіне қару-жарақ тасушы етіп таңдап алған
Квикегті алдымен атап өтейік. Бірақ Квикегпен біз танысып
қойғанбыз.
Келесісі - Тэштиго, əлі күнге дейін қызыл өңділер қоныстарының
соңғы сарқыттары сақталып қалған, ұзақ уақыт бойы көрші Нантакет
аралына аса ер жүрек гарпуншылар беріп тұрған Вайньярд аралының
батыс шетіндегі Гейхедтен шыққан таза қанды үндіс. Тэштигоның
шымқай қаракөк, селдір, ұзын шаштары, шығыңқы шықшыты мен
үндіс үшін шарасы кереметтей кең əрі əлдебір антарктикалық от
шашқан дөңгелек қара көздері -осының бəрі оның тұрпатынан бір
кездері қолдарына садақ ұстап Жаңа Англияның тұмса ормандарында
арда бұландардың ізіне түскен мəрт аңшы-жауынгерлердің тікелей
һəм заңды мұрагерін айтарлықтай айқын танытып тұрды. Бірақ
Тэштигоның өзі жабайы орман аңының ізін қоя тұрып, енді теңіздерде
толағай киттерді қуалады; сөйтіп, ұлдың ұшқыр гарпуны мүлтіксіз
ұратын əке жобасын абыроймен алмастырды. Оның жыландай
сумаңдаған қағылез тарамыс денесіне қарап сіз ертедегі
пуритандардың ырымшыл нанымдарын түсінуге бейіл болып, осынау
жабайы үндіс - Əуе Сұрапылы сұлтанының ұлы екеніне келісуге шақ
қалар едіңіз. Тэштиго екінші көмекші Стаббтың қару-жарақ тасушысы
болды.
Үшінші гарпуншы Дэггу, арыстандай шайқалған, қарамайдай қапқара дəу негр, сырт пішініне қарағанда нағыз Агасфер дерлік. Оның
құлақтарында шайқатылған алтын сақиналардың үлкендігі сондай,
матростар оларды шығыршық деп атап, оған сүйреткі арқандарды
бекітіп қойған ыңғайлы болар деп əңгіме-дүкен құрғанды жандары
сүйетін. Дэггу бозбала кезінде əлдеқалай оның туған жағалауындағы
көзден таса шығанақтардың біріне зəкір тастаған кит аулайтын кемеге
өз еркімен жалданғанды. Бүкіл ғұмырында Африкадан басқа, тек
Нантакетте ғана жəне кит аулайтын кемелер кіретін шалғай
мəжусилық айлақтарда болды; осы жылдардың күллісін ол иелері
команда іріктеуге ерекше көңіл бөлетін кемелерде жүзіп, киттерді
ерлікпен қуалап өткерді; нақ сондықтан да Дэггу барлық жабайылық
жақсылықтарын сақтап, палубада, құдды жираф сияқты, көкірек керіп,
өзінің алты фут бес дюймдық бойының бүкіл сом-салтанатымен
шалқақтап жүретін. Оған төменнен жоғарыға қарау бір түрлі пəни
қорлықпен пара-пар болатын; онымен қатар тұрғанда ақ адам
құдіретті қамалдан бітім сұраған ақ жалауға ұқсайтын. Осынау патша
тұрпатты негр, осынау Агасфер-Дэггу өзімен салыстырғанда бейшара
пешкадай көрінетін титімдей Фласктың қару-жарақ тасушысы болуы
айтуға да күлкілі еді.
Біздің экипаждың басқа мүшелеріне келетін болсақ, қазіргі уақытта
американдық кит аулағыштарда жүзіп жүрген көптеген мың
матростардың
арасында
тым
құрыса
жарымы
тумысы
американдықтар болса да жарар, əйтсе де ондағы командирлер
түгелдей дерлік американдықтар. Американ əскерлері мен біздің
əскери жəне сауда флотына қатысты, сондай-ақ темір жолдар мен
каналдар құрылысын салушы инженерлік бөлімдер жайында да
осыны айтуға болады. Олай дейтініміз - өйткені, барлық осы
жағдайларда Америка ақыл-ой молшылығын жасайды, ал күллі қалған
əлем кəсіпті қара күшпен қамтамасыз етеді. Көптеген кит
аулаушылардың туған жері Азор аралдары, осы жартасты
жағалаулардың сұсты тұрғындарымен өз командасын арнайы
толықтыру мақсатында мұнда нантакеттік кемелер жиі-жиі тұмсық
тіреп тұрады.
Осы арада өз экипаждарын түпкілікті жиыстырып алу үшін нақ
осылайша Лондоннан немесе Гульден шыққан кит аулағыштар
Гренландияға бара жатқан жолда Шетланд аралдарына соғады. Ал кері
қайтқанда олар шетландтық матростарды үйлеріне қайра əкеліп
тастайды. Гəп неде екені белгісіз, əйтеуір ең мықты кит аулаушылар
əрқашан аралдықтардан шығады. "Пекодта" да барлығы дерлік
аралдықтар, былайша айтқанда, бір тұтас адамзат құрлығын
мойындамайтын
һəм
əрқайсысы
өз
болмысының
дербес
континентінде мекендейтін оқшауланушылар болды. Əйткенмен, бір
кильге біріккен осы оқшауланушылар енді қандай əйбəт федерация
кұрды десеңізші! "Пекодқа" мініп, əлемнің барлық зауалдарын жазаға
тартуға құлшынған карт Ахавқа ерген, барлық аралдар мен
шартараптан келген Анахарсис Клоотыстың бүтін бір депутациясы;
олардың осынау жекпе-жектен тірі оралғандары некен-саяқ.
Кішкентай негр баласы Пип - міне, сол оралмады - оны айтасыз, ол
бəрінен бұрын аттанды. Алабамалық байғұс бала! Сіздер оны көп
ұзамай қабағынан қар жауған "Пекодтың" бағының үстінен көресіздер,
онда ол өзін шқаншыға шақырып, шырқау биікке, періштелерге
өрмелеуге жəне сол жақта осында қорқақ атанып, сонда қаһарман
болып шығу үшін кішкене қоңырауын масаттана қағуға бұйыратын
мəңгіліктің сағатынан аян беріп, қоңырау соғады!
XXVIII тарау
АХАВ
Біз Нантакеттен шыққалы, міне, бірнеше күн болды, ал капитан
Ахав əлі палубада көрінген жоқ. Оның көмекшілері қарауылда бірінбірі алмастырды, егер олар кейде капитан каютасынан соншалықты
тұтқиыл əрі бұлтартпас қатаң бұйрықтармен шықпағанда, солар кеменің бірден-бір командирлері деп ойлауға болар еді, бірақ жаңағы
жайт олардың билігінің шарттылығын бірден айқындап берді. Ана
жақта, төменде, қасиеттілердің қасиеттісі капитан каютасына кіру
құқығы жоқтардың көзіне əлі күнге шейін шалынбаған, олардың ең
жоғарғы қожайыны һəм өктем əміршісі жатыр.
Төмендегі кезегім бітіп палубаға көтерілген əрбір жолы мен
шканцыға бір қарауға асығамын - онда жаңа адам пайда болған жоқ па
екен; өйткені, құпия капитан жайлы ойласам болды, менің бұрынғы
көмескі алаңдаушылығым енді, мына теңіз елсізінде əлдебір
абыржушылыққа айналып, əлгі жалба-жұлба Илия былшылдаған жəне
мен еріксіз əрі егжей-тегжейімен жиі есіме алатын ібілістің өтірігінің
əсерімен ол енді барған сайын күшейе түсті. Кейбір сəттерде кемежай
пайғамбарының салтанатты-ғажайып сөздеріне өзім де күліп жіберуге
əзір тұрсам да, менің естеліктерге қарсыласуға дəрменім жетпеді. Бірақ
бір сұмдықтың боларын сезінуім қанша күшті болса да, алаңдауым
қанша терең болса да, палубаны шолып қараған əрбір жолы мұндай
сезіктердің негізсіздігіне сонша көзім жетті. Рас, гарпуншыларды
қосып алғанда, күллі команда құрамы бұрын өзім жүзген көпес
кемелерінің момын экипажымен салыстырғанда əлдеқайда жабайы,
тұрпайы əрі ала-құла тобыр еді, бірақ мен мұны - жəне де өте əділетті
түрде - өзім біржола қайтусыз қадам басқан скандинавиялық қайсар
мамандықтың дүлей өзгешелігіне жатқыздым. Ал кеменің басты үш
командирінің, капитанның үш көмекшісінің сыртқы кейіптері құдды
барлық осы көмескі қауіптерді сейілтуге, ұзақ жүзудің беташар
шағында сенімділік пен сергектік ұялатуға əдейі лайықталғандай еді.
Бұлар қазір аса жиі кездесе қоймайтын, үш тамаша командир, əрқайсы
өз мінезіне сай үш ғажап адам, əрі үшеуінің де шыққан тегі
американдықтар - Нантакеттен, Вайньярдтан жəне Кейп-Кодтан.
Біздің кемеміз айлақтан дəл Рождество күні шықты, сондықтан да
солтүстік ендіктің əрбір градусы мен əрбір минут сайын бет қаратпас
үскірігімен бірге рақымсыз қысты артта қалдырып, одан өне бойы
оңтүстікке қарай қашқанымызбен, алғашында бізді полярлық
сақылдаған аяз біраз жерге шейін шығарып салды. Содан, жел қуалаған
кемеміз сұсты шапшаңдықпен, теңіз аясын кектене кескілеп алға
ұшыртып келе жатқан, енді соншалықты күйзелтерлік емес,
əйткенмен, əжептəуір сұрқай əрі түнерген бір тұманды таңда мен
кезекшінің шақыруымен палубаға көтеріліп, əдетімше, гакабортқа көз
тастадым да, селк ете қалдым. Ақиқат қауіптен асып түсті: шканцыда
капитан Ахав тұр екен.
Одан əдепкі тəн сырқаты мен таяудағы сауыққандықтың ешбір
іздері байқалған жоқ. Ол бейне тірідей өртелуге кесіліп, алаудан соңғы
сəтте суырып алынғандай еді, жалын тілдері оның сүйектерін
балқытқанымен, оларды əлі күл етіп үлгермегендей, бойындағы
жылдар бойы шыңдалған ол-қуаттың бірде-бір бөлшегін жоя
алмағандай. Қалыпқа құйылған Персей Челлини тəрізді, ұзын бойлы
əрі кесек ол тұтастай таза қоладан құйылып, мəңгілік бұлжымас пішін
алғандай еді. Ұйысқан ақ шаштардың арасынан жол тауып шыққан
көкшіл-ақ жолақ жел қаққан қоңырқай беті мен мойнынан төмен
сырғанап, киімнің астына сіңіп жоғалады. Ол жойқын найзағайдың
зəулім ағаштың биік діңіне күйдіре ағып өткен тік ізін еске түсіреді,
найзағай діңді ұшар басынан түбіне дейін бойлай жарып, əйткенмен,
бірде-бір бұтағына тиіспейді, қоңырқай қабықты балқыта сыдырып,
жерге сіңіп кетпес бұрын бұрынғысынша жап-жасыл боп жасанып
тұрған қарт ағашта ұзын əрі жіңішке таңбасын қалдырады. Онда бұл
жолақ тумысынан болып па еді, əлде бұл қандай да бір қанды
жарақаттан қалған ақ тыртық па, əрине, ол арасын ешкім айырып айта
алмайды. Үнсіз келісімге орай жүзудің өн бойында "Пекодтың"
палубасында бұл жайында сөз болмады дерлік. Тек бірде Тэштигоның
жасы үлкен жерлесі, Гейхедтен келген егде үндіс бұл таңбаны Ахав
тумысынан толық қырық жасқа толғаннан кейін ғана алғанын жəне
оның қиян - кескі қақтығыс қасабында емес, теңіз сұрапылының
арпалысында пайда болғанын ырымшылдықпен айта бастады.
Алайда, бұл тұрпайы пайымды Мэн аралынан келген ақ шашты
матростың сөздерімен жоққа шығарылады деп есептеуге болады, ол
өзі бұған дейін адуын Ахавты ешқашан көрмеген жəне нантакеттік
кемелерде ешқашан жүзбеген, бір аяғы көрде тұрған қаусаған шал.
Соған қарамастан, ол қисапсыз есте сақтаған матростық ырымдар,
ойдан шығарылған өміршең қиял-ғажайыптар қасындағылардың К63
алдында қарияны сəуегей абызға айналдырды. Сондықтан да қария
егер капитан Ахавтың маңдайына күндердің күнінде пəнилік жерлену
жазылған болса -мұның өзі екіталай нəрсе дегенді ол сыбырлай қосты сол кезде марқұмның алдында соңғы парызын өтеп, мəйітті
арулағандар оның қарақұсынан өкшесіне дейінгі ақ қал екендігіне
көздері жетеді деп мəлімдегенде, ақ матростардың біреуі де онымен
сөз таластыруды қаперлеріне алмады.
Ахавтың қан-сөлсіз көкшіл жолақпен айғыздалған жабырқау жүзі
мені тітіреткені сондай, əуелінде, тіпті, оның келбетіне осы күйзелісті
шер-түнекпен қаяу салуға айрықша үлес қосушы қорқынышты ақ аяқ
екенін аңдамаппын. Бұрынырақта біреуден осы сүйек аяқты оған
теңізде кашалоттың жылтыратылған азу тісінен жасап бергенін
естігем. "Мұнысы рас, - деп айғақтады кəрі үндіс, - ол аяғынан Жапония
жағалауларында айырылды, ал оның кемесі сонда күллі мачталарын
жоғалтты. Бірақ ол елге қайтпастан, өзіне мачта да, аяқ та жасап алды.
Мұндай қызықтар оның басында жетіп артылады".
Мені оның тұрған қалпы таңғалдырды. "Пекодтың" артқы бөлігінің
қос қапталынан, палуба төсенішіндегі артқы мачта темір арқанының
дəл түбінен шамамен жарты дүйім тереңдікте тесіктер бұрғыланған
болатын. Осындай тесікке ол өзінің сүйек аяғын салып, бір қолын
көтере, темір арқанды ұстап, тіктеліп, алға, заулаған кеме тұмсығының
алдында жайылған теңізге қадала қарап тұрды. Осынау алға қадалған,
қорқуды білмес көздерде қайыспас қайрат пен тізе бүкпес, қасарысқан
құлшыныс құрдымы жатты. Ол бір сөз айтып тіл қатқан жоқ;
көмекшілері де оған лəм деген жоқ; бірақ олардың əрбір қимылынан,
əрбір адымынан қожайынның қалтқысыз баққан көзі сондай бір
жағымсыз, сырқатты түрде сезілді. Олардың алдында, құдды айқышқа
керілгендей, күйінішті ойға батып қапаланған Ахав тұрды; оны шексіз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.