Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 38

Total number of words is 4220
Total number of unique words is 2369
29.7 of words are in the 2000 most common words
42.5 of words are in the 5000 most common words
48.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жасөспірім, əрі "əттең, егері таусылмайтын ересек еркек болып қала
береміз. Біз мəңгілікке арқандалып байланып қалатын сол бір соңғы
айлақ қайда екен Ең шаршаңқылар да ешқашан шаршамайтын мына
əлем қай биікте самғап ағып барады екен? Тастандының əкесі қай
жерде жасырынып жүр? Біздің жандарымыз некесіз шешелері толғақ
үстінде өлген жетімдерге ұқсайды; біздің əкелеріміздің құпиясы көрде
жатыр, оны білу үшін сол жаққа сапар шегуіміз керек.
Тап сол күні, өз вельботының жақтауының сыртындағы тап сол
алтын тұңғиыққа қарап тұрып Старбек ақырын тіл қатты:
- Сүйіктісінің жанарындағы ынтық ғашықтың есін алатын, уа тіл
жетпес, түпсіз əсемдік! Маған өзіңнің өткір тісті акулалар мен
адамжегіш зұлымдығың жайында айтпа. Сенім ақиқатты ығыстырып
шығарсын, қиял зердені ығыстырсын, мен ең тереңіне көз саламын,
мен сенемін.
Стабб, құдды балық сияқты, алтынды нұрға қабығы жалт-жұлт етіп,
шоршып түсті:
- Мен Стаббпын, менің өмірімде нелер болмаған, бірақ мына мен,
Стабб, бұл Стабб қай кезде де, қай жерде де көңілді болған деп ант
етемін!
CXV тарау
"ІІЕКОД" "БОЙДАҚТЫ"
ЖОЛЫҚТЫРАДЫ
Аховтың гарпуны соғылған соң көп кешікпей "Пекодтың" алдынан
мəнінде көңілді көрініс тап болды.
Ық жақтан нантакеттік кит аулағыш "Бойдақ" жүзіп келе жатты,
онда жаңа ғана соңғы күбіні тығындап жауып, лықа толы трюмге
гүрсілдете домалатып апарып түсірген, енді мерекедегідей безеніп
əшекейленген ол қайтар бағытқа түспес бұрын кəсіпшілік аймақта
кеңінен жайылған кемелерді шаттана əрі сəл-пəл мақтаншақтана
айналып жүрді.
Оның мачталарында, қалпақтарында желмен желбіреген ұзын
қызыл ленталары бар, үш шолғыншы тұрды, артында түбі төмен
қаратылған қамсыз вельбот салбыраған, ал бушпритте олардың соңғы
өлтірген киттерінің ұзын жағы шайқатылды. Барлық жердегі құралжабдықтарда неше түрлі дабылдар, жалаушалар мен тулар көтеріліпті.
Тоқыма шарбақтармен қоршалған үш марстың əрқайсысына спермацет
қос күбіден қойылыпты, олардың үстіндегі көлденең тұғырлардан да
нақ осы қымбатты сұйық құйылған жіңішке күбілер қараңдады, гротмачтада қола шам ілулі тұрды.
Кейін білгеніміздей, "Бойдаққа" өзгеше кəсіпшілік сəттілік тап
келіпті əсіресе, таңғаларлығы айлар бойы сол суларды шиырлаған
басқа бір балық та аулай алмаған. "Бойдақ" болса, неғұрлым бағалы
спсрмацетке орын босату үшін қарсы жолыққандарға өзінің тұздалған
азығы мен нанын таратып беріп қана қоймай; ол өзінікіне қосымша,
жолшыбай солардың бос күбілерін айырбастап алып, одан кейін
оларды да толтырып, палубада һəм капитан мен офицерлер
каюталарында орнатып қойды. Тіпті, кают-компаниядағы дөңгелек
үстел де тамызыққа кетті; енді онда еденге бекітілген спермацет
күбісінің жалпақ түбін дастарқан етіп өзі ішті. Кубрикте матростар да
сандықтарын шайырлап бітеп,майға толтырып қойды; тіпті аспаз
өзінің ең үлкен қазанына қақпақ, жасатып алып майға толтырып
қойды; даяшы кофе қайнатқышының шүмегін тығындап, май
толтырып қойды; гарпуншылар гарпун саптарын қоныштарынан
жұлып алып, соларды майға толтырып қойып десіп те жүрді; қысқасын
айтқанда, кеменің үстінде капитанның қалтасынан басқа, спермацетке
толтырылмаған ештеңе, болмайды ол бұлардың өзін де асқан
масаттанушылық пен тоқмейілдіктің белгісі ретінде қолдарын салып
түру үшін ғана бос қалдырған.
Осынау шат-шадыман, жолы болғыш кеме түнеріңкі "Пекодқа"
жақындап келе жатты, оның палубасынан деңгезердей дабылдарды
жын қаққандай соққылағанға ұқсас даңғаза дыбыстар естіле бастады.
Ол бұдан жақынырақ таяп келген кезде мұның не екені анығырақ
көрінді: бұл май шыжғырғыш қазандарды қаумалай топырлап,
солардың үстінен керілген дорбаны - яғни, жарғақ сияқты, кептірілген,
гринда немесе, қара дельфин асқазанының терісін қиқулаған айқайшумен жаппай жұдырықтап, соққылап жатқан матростар екен.
Шканцыда капитанның көмекшілері мен гарпуншылар мұнда
Полинезия аралдарынан қашып келген қара торы сұлулармен билеп
жүр, ал фок жəне грот-мачталар арасындағы биік арқандарда ілулі
тұрған əшекей-əлемішті шлюпкада үш зəдгі жайғасып отырып алып,
жарқ-жұрқ еткен сүйек ысқыларын сермей, осы көңілді жига биін
қыздыра түскен. Экипаждың қалған мүшелері қазандарын суырып
алған май шыжғырғыш қабырғаларының қасында абыр-сабыр.
Олардың енді ешкімге керексіз боп қалған кірпіштер мен əкті жақтау
сыртына жөнелтіп жатып құлақ тұндыра есіріктенгендері сондай қарғыс атқыр Бастилияны қиратып жатыр деп ойлап қалуға болар еді.
Ал осының бəрінің үстінде олардың қожайыны һəм əміршісі шканцыда бар бойымен тіктеле тұлғаланып тұрған капитан
асқақтады, ендеше, күллі мына əулекі дырду думан оның көз алдында
болып, соның ермек қылып, көңіл көтеруі үшін əдейі
ұйымдастырылғандай еді.
Ахавта үрпиген, қап-қара боп түнерген қалпында - шканцыдағы өз
орнында тұрған; екі кеме теңескен кезде, біреуі - баршасы артта
қалғанға байланысты алақайлаған, екіншісі -пешенесіне жазылған
кесапатты сезінген, екі капитан да осынау көріністің ғаламат қарамақайшылығының бейнесіндей еді.
- Бері кел, капитан, кел бізге! - деп дауыстады көңілді "Бойдақтың"
капитаны шөлмек пен стақанды басынан асыра көтеріп.
- Сен Ақ Китті көрген жоқсың ба? - деп шықырлады Ахав жауап
берудің орнына.
- Жоқ, ол жайында тек естігенім болмаса, мен оған сенбеймін, - деп
ол бейғам тіл қатты. -Мұнда келсеңші!
- Сен тым көңілді екенсің. Өз жөніңмен жүзе бер. Сенде адам
шығыны бар ма?
- Жоқ деп айтуға да болады - қайдағы бір екі аралдық қана, бар
болғаны сол. Бірақ сен өзің бізге неғып келмейсің, қария. Мұнда кел,
сөйтсең, сенің қабағыңдағы көлеңкені əп-сəтте айдап тастаймын. Бері,
бері кел, бізде мұнда көңілді; менің кемем шүпілдеп толды, енді үйге
қайтып барамыз!
Неткен арсыз əрі оспадар ақымақтар еді! - деп міңгірлеген Ахав іле-шала
қаттырақ дауыстады: - Трюмдер толды, үйге бет алдым деймісің?
Несі бар, ал менің трюмдерім əлі бос, біз кəсіпшілікке бара жатырмыз.
Сондықтан, сен өз жолыңмен, мен өз жолыммен кеткеніміз жөн. Ей,
бақтағы! Барлық желкендерді керіңдер, мықтап керіңдер!
Осылайша бір кеме қуалаған желмен мəре-сəре қосыла жүйткісе,
екіншісі желге табандап қарсы жүрді; өстіп екі кеме екі айырылды, бұл
шақта "Пекодтағы" адамдар ұзап бара жатқан "Бойдақтан" көздерін
алмаса, "Бойдақтағы" ешкім бұларға, тіпті, көңіл де бөлген жоқ ондағылардың барлығы өздерінің елірген думан- сауықтарына естері
кете берілген еді. Ілгекті жақтауға сүйенген Ахав үйге қайтып бара
жатқан кеменің соңынан тесірейе қарады; сосын ол қалтасынан
құйттай шыны сауытты алып шығып, құдды осы алшақ екі бейнені
ойша біріктіргісі келгендей, назарын кемеге аударды, өйткені, оның
шыны сауытында Нантакет құмы бар болатын.
CXVI тарау
ЖАН ТƏСІЛІМДЕГІ КИТ
Тағдырдың еркесі оң қолдағы жақтаудың тап қасынан өткен кезде,
бұрын желсіз тымықта ұнжырғамыз түсіп, сілеміз құрыған біздің өзіміз
де желдің ағынын қағып алып, желкендеріміздің қампиғанын қуана
сезінетін жағдайлар бұл өмірде аз кездеспейді. Сірə, "Пекодтың"
пешенесі де осылай болса керек. Себебі, көңілді "Бойдақпен"
кездескеннен кейінгі келесі күні киттер көзге шалынып, солардың
төртеуі өлтірілді, бір китті Ахавтың өзі өлтірді.
Күн əлдеқашан ымыртқа қарай еңкейген; қанқызыл шайқас
аяқталып, кешкі əсем теңізбен дəл сондайлық əсем кешкі аспанда
тербетілген кит пен күн екеуі бірдей ақырын өлген кезде, барша
байтақтағы қызғылт ауада бір мұңды əдеміліктің төгіле таралғаны
жəне іңкəр дұғаның буланып көкке көтерілгендігі соншалық, бейне
Маниланың жасыл алқапты монастырьлерінің терең қойнауынан
жағалаудың испандық самалы кенеттен теңізшіге айналып,
түйдектеген кешкі жырларымен толқындардың үстінде жүйтки
жөнелгендей боп көрінді.
- Ол баяу, бірақ сондай бір қайтпас қайсарлықпен бұрылады, ол
жалбарына тəу етіп, соңғы тұяқ серпер жанталасымен өз маңдайын
күнге қаратады. Ол да отқа табынады - шексіз берілген, асқан бекзат
барон - күннің үмбеті! О, оның жайдары көзіне мына жайдарман
көрініс жайылып ашылсын! Осы арада, сулардың ұшы - қиырсыз тұйық
иірімінде; адами бақыт пен қайғының шіркей шіңкіліне құлақ
аспайтын осы арада; аңыздарды жазатын кесте боларлық бірде-бір
жартасы жоқ, қытайлық ұзақ ғасырлар бойы, Нигердің беймəлім
бастауларының үстінде жарқыраған жұлдыздардай, мақау да меңіреу
жал толқындар жүйткіген осы самарқау да селқос суларда; осы арада
да өмір өзінің бүкіл иманымен күнге бет бұрып өледі; бірақ өлім шегіне
өткесін, сол сəтінде-ақ өлік басымен басқа бір жаққа бұрылады.
Уа, шамамен мына бір тұста, медлен мұхиттың қақ жүрегінде суға
кетушілердің сүйектерінен өзіне бөлек тақ тұрғызған үндістік қараңғы
жарым əлем; сен, құдайсыз патшайым, бəрін де талқан ететін тайфун
қырғынында жəне одан соң келетін желсіз тымықтың моладай
үнсіздігінде сен менімен тым ағыңнан жарылып сөйлесесін. Мына кит
сенікі, өзінің өлімші басын күнге қаратып, содан кейін қайтадан теріс
бұрылған ол да маған тағылым танытып кетті.
Уа, сен, үш құрсаумен бекітілген, тастай тығыздалған күш- қуаттың
бұлшық еті! Уа, шырқау биікке самғаған қуанышты бұрқақ! Біреуі
бұлтылдап ойнайды, біреуі зеңгір көкке атқылайды - бəрі бекер! Уа
кит, сен тіршілік көзі - күннен бекер қорғаныш іздейсің: ол тек өмірге
ол-қуат береді, бірақ оны екінші рет сыйламайды. Уа, əлемнің қараңғы
жартысы, дегенмен де, сен мені əлде де, рас, неғұрлым қараңғы болса
да, бəрібір, солғұрлым тəкаппар сеніммен əлдилеп жұбатасың. Менің
астымда сен жұтқан өмірлердің атаусыз сүйектері жүзіп жүр; мені бір
кездерде тірі болғандардың тынысы, суға айналған демі сүйемелдейді.
Мəңгі шалпылдаған толқындарынан тек жабайы құс қана пана
табатын, о, теңіз, сəлем саған, сəлем. Топырақтан жаралсам да, мені
асырап ержеткізген теңіз; тау мен дала мені мəпелеп өсірсе де, теңіз
толқындары, сендер менің емшектес бауырларымсыңдар!
CXVII тарау
КИТ КЕЗЕГІ
Сол кеште гарпунға ілінген төрт кит су айдынының əр тұсында
шашырап жатты; біреуін жел жақтағы алыстан, екіншісін ық жақтағы
жақыннан жайратты, біреуі құйрықтың артына жəне біреуі беталыс
бағыттың алдына тап келді. Осы соңғы үшеуді қараңғы түскенге шейін
жинап-теріп үлгерді; ал жел қуалап əкеткен төртіншісіне таңға шейін
тақап бару мүмкін болмады; ол су бетінде қалқып қалды, оны
олжалаған вельбот түні бойы қасында тербелді - бұл Ахавтың
вельботы еді.
Жалаулы сырық жансыз киттің тыныс тесігіне тігінен қадалды;
сырықта салбыраған май шам жылтыраған қара арқа мен зор кит
ұшасының қасында құмды жағалауға жайлап соққан жуас теңіз
шарпынындай еркелене сылаңдаған алыстау түнгі толқындарға
сусымалы, беймаза жарық түсіріп тұрды.
Ахав пен оның бүкіл командасы ұйықтап жатты; жалғыз парсы ғана
ұйықтамады; ол аяқтарын бүге, тұмсықта отырып aп, киттің
айналасында бұлаңдап, құйрықтарымен жұқа самырсын жақтауларды
қаққылаған акулалардың елесті ойындарынан көз алмады. Ал, ауада,
құдды Асфальт теңізінің үстінде Гоморраның шақырылмаған
елестерінің қосындары ыңырсығандай, əлдебір қалқымалы дыбыс
дірілдеді де тұрды.
Ахав селк етіп, қалғып-шұлғыған ұйқысынан оянып кетті; оның
қарсысында бетпе-бет парсы отырған. Түн қараңғылығының
құрсауына қамалған олар топан су қаптаған планетадағы соңғы
адамдардай боп көрінді.
- Түсімде тағы да соны көрдім, - деп тіл қатты ол
- Катафалк па? Мен саған айтпап па едім, шал, сенде катафалк та,
табыт та болмайды деп?
- Рас-ау, теңізде өлетіндерде катафалк бола ма екен?
- Бірақ мен саған айтқам, шал, осы жүзуде өлмес бұрын сен теңізден
екі катафалк көруге тиіссің: біреуі - адам күшінен тыс қолдармен
жасалған, ал екіншісінің көзге көрінетін ағашы Америкада өсіп шыққан
болуы керек.
- Солай, солай! Бұл бір тосын көрініс қой, парсы, - үкілі катафалк
мұхитта жүзіп жүреді, ал жоқтаушы толқындар соңынан бүлкілдей
домалайды. Ха! Жо-жоқ, мұндай көріністі біз жуықта көре қоймаспыз.
- Сенсең де, сенбесең де еркің, бірақ сен оны көрмей тұрып өлмейсің,
шал.
- Ал, анда сен жөнінде не айтылған, парсы?
- Тіпті, ақтық сағатыңда мен қайткенде де сенің алдыңда лоцманың
болып аттанамын.
- Егер күндердің күнінде осы айтқаның келер болса, менің алдымда
осылай аттанған кезіңде, сонда мен соңыңнан жөнелмес бұрын, мені
ертіп жүру үшін сен маған қайтадан келуің керек
' Катафалк - өлік салатын арба. - Аудармашы ескертпесі.
болады емес пе? Солай ма? Несі бар, егер осының бəріне иланар
болсам - о, менің лоцманым һəм қайықшым — мен бұдан өзім Моби
Дикті өлтіріп əрі тірі қалатынымның екі кепілін көрер едім.
- Міне, саған тағы бір кепіл, шал, - деді парсы, сөйткенде оның
көздері, бейне түнгі шырақтардай, жарқ ете түсті. - Сені тек кендір ғана
өлтіре алады.
- Дар ағашы дегің келеді ғой. Мұндай жағдайда мен құрлық пен
теңізде ажалсызбын! - деп Ахав кекесінмен қарқылдап күлді. - Құрлық
пен теңізде ажалсызбын!
Сосын екеуі де бір демде үнсіз қалды. Сұрғылт таң шапағы білінді,
қайықтың түбінде ұйықтап жатқан ескекшілер тұрды, өлтірілген кит
түске шейін-ақ "Пекодтың" қасына жеткізілді.
CXVIII тарау
КВАДРАНТ
Экваторда кəсіпшілік маусымы жақындап келе жатты. Ахав
каютадан шығып, басын кекиткен əрбір жолы қырағы руль ұстаушы
сол сəтте-ақ штурвал тұтқасын сипалақтай бастайды, матростар
жанталаса фалдарға жүгіріп, қағылған дублонға көз қиықтарын сала,
зкваторға бағыт ұстау пəрменін дегбірсіздене күтіп, сол арада тұрады.
Ақыры көптен күткен пəрмен естілді; тал түске таяп қалған шақ еді;
Ахав өзінің биікте ілінген вельботының тұмсығында отырып,
əдеттегіше, күннің биіктігін анықтау орайындағы бақылауын бастауға
ыңғайланған.
Жапон суларындағы жазғы күндер нұр сəулелі жарық ағындарына
ұқсайды. Алаулай жарқыраған жапон күні шексіз үлкен өртегіш
шынының - əйнек мұхиттың жалын шашқан шоғырлы нүктесіндей боп
көрінеді. Аспан майлап қойғандай жылтырайды; бір шөкім де бұлт
жоқ; көкжиек құбылып ойнайды; үздіксіз төгілген нұр сəуленің бүкіл
осы жалаңаштығы - бейне Тəңірі тағының төзгісіз жарқылы тəрізді. Бір
жақсысы, Ахавтың квадранты күн алауына сығалап қарауға арналған
түрлі-түсті шынылармен жабдықталған болатын. Ол осылай, кеме
ырғағымен тербеле, көз алдына өзінің астрологиялық аспабын ұстап,
бірнеше минут отырып, күннің меридиандағы бірден-бір өз орнын
алатын жалғыз сəтті күтті. Оның бүкіл ықыласы осы ермекке ауған бұл
шақта, өзінің астында, палубада тізерлей тұрған парсы, дəл капитан
сияқты, бетін көкке көтере, тап сол күнге көзін қадады, тек оның
көздерін қастары жартылай жауып, тұрпайы бет əлпеті сұрқайсамарқау тартқандай еді. Ақырында қажетті бақылаулар жасалынды;
қарындашпен өзінің сүйек аяғына сызғылай отырып. Ахав осы сəтте
өзі тұрған дəл ендікті тез есептеп шығарды. Сосын, кішкене
үнсіздіктен соң, қайтадан күнге қарап, күбірлей сөйледі:
- Уа, жарық шамшырақ! Бəрін көретін құдіретті бастаушы сенсің! Сен
менің қайда тұрғаным жайында шындықты айтасың, бірақ сен тым
құрыса алыстан тұспалдап, менің ертең қайда болатынымды болжап
бере аласың ба? Немесе, дəл осы сəтте, мен емес, басқа мақұлықтың
қайда жүргенін маған хабарлай аласың ба? Моби Дик қазір қай жерде?
Осы сəтте сен, бəлкім, оған қарап та тұрған шығарсың. Менің мына
көздерімнің тура сенің көзіне қадалғандығы сонша, тіпті, дəл қазір оны
көріп тұр; уа, күн, менің көздерім тап қазір ана - көзжетпес тылсымдай
- сенің жағыңның беймəлім заттарын дəл осылай көретін көзге
қадалған!
Содан кейін ол өзінің квадрантына көз қиығын салып, оның
қисапсыз жұмбақ тетіктерін саусақтарымен сипалай түсіп, қайтадан
ойлана тіл қатты:
- Баланың сандалбай ойыншығы! Өркөкірек адмиралдар,
коммодорлар мен капитандар ермек ететін ойыншық; дүние сенімен,
сенің айлалы амалыңмен жəне құдіретіңмен масаттанады; бірақ, сайып
келгенде, сен не істей аласың? Бар болғаны мынау байтақ планетадағы
сенің өзің жəне сені ұстаушы қолдың да болуы пешенеге жазылған əлгі
түкке тұрмайтын сорлы нүктені көрсету ғана ма. Бар болғаны сол,
басқа түк те емес. Мына бір тамшы су немесе, мына бір құм түйіршігі
ертең тал түсте қайда болатынын сен айта алмайсың; сөйте тұра, өзінің
дəрменсіздігіңе қарамай, күнді қорлауға дəтің барады! Ғылымның
жеткен жерін қара! Сені қарғыс атсын, парықсыз ойыншық; жəне де
мына аспанға адам көзі аттандыратындардың бəрін қарғыс атсын, о,
Күн, менің кəрі жанарым осы қазір сенің жарығыңды өртеп
жібергеніндей, оның да төзгісіз нұр-шұғыласы адамды өртеп
күйдіреді! Табиғатынан адамның көздері тас төбесінен жоғарыға емес,
көкжиекке қарай ұмтылған. Құдай оған аспан қамалына қадалуды
міндет етпеген. Сені қарғыс атсын, квадрант! - Сөйтті де, ол оны
палубаға лақтырып тастады. - Бұдан былай мен өзімнің жердегі
жолымды сенімен тексермеймін; кеме құбыланамасы мен лагманы
солар бастап, теңіздегі орнымды солар нұсқайтын болады. Міне,
былай, - деп жалғастырды ол палубаға түсе бере, - міне, былай
таптаймын мен сені, қорқақтығын көкке сілтеген, бейшара көр-жер,
мен сені былай жаныштап, жермен-жексен етемін!
Есуас шал осылай деп аспапты біресе жанды, біресе өлі аяғымен
мыжғылап тапап жатқан кезде, Ахавқа арналғандай жеңісті жеккөрініш
һəм бейне өз тағдырындағы жазмышқа торығу - міне, парсының
мызғымаған меңіреу бетінен осы екі сезім де қылаң берді. Ешкім
байқамаған ол түрегеліп, дыбыссыз жалт беріп, сып ете түсті; ал
шошынған команда өз капитандарының ессіздігіне қарап, бөк үстіне
үйме-жүйме топырласып қалды; осы кезде оқыс жалт бұрылған Ахав
палубада толқи жүріп өтіп, айқайлап жіберді:
- Арқандарға! Рульді көлденең бұр! Желкенбауларды тартыңдар!
Желкеннің көлденең біліктері бір сəтте шыр айналып, кеме
өкшесімен бұрылды, тік қабырғалы ұзын қаңқада берік əрі түзу
орнатылған сымбатты үш мачта, құдды бір арғымаққа салт мінген үш
Горацийдей, шайқатылды.
Бушприттің қасында тұрған Старбек "Пекодтың" бұрқылдаған
жүрісі мен палубаны бойлай, ақсаңдай басып, қатты қисалаңдап кетіп
бара жатқан Ахавты бақылады.
- Менің дүрілдей қызып жанған ошақтың алдында отырып, азапты
да отты өмірге толы, лапылдай гулеген аптапты жалын тілдерінің
сумаңдаған биін тамашалауыма тура келген, сонда жалынның, біртебірте солғын тартып, өлі күлге айналып өшкенін көргем. Уа, алжыған
кəрі қақпас теңізші, түптің түбінде сенің бүкіл от-жалынға оранған
өміріңнен бір шөкім күлден басқа не қалады?
- Сенікі рас, - деп үн қатты Стабб, - бірақ ол теңіз көмірінің күлі
болады, осыны ұмытпағайсың, Старбек. Қайдағы-жайдағы күйелеш
ағаш шаласынан емес, теңіз көмірлерінен. Иə, солай- солай; мен
Ахавтың: "Біреу, міне, мына карталарды менің кəрі қолдарыма
тықпалап, мен басқаша емес, тек солармен ғана жүруім керек деп антсу ішеді" - деп айтқанын естігем. Олай болса, Ахав, егер сен жаза бассаң,
мені қарғыс атсын; сенің жүрісің бе, жүр, өлім келсе, өрем қап, бірақ
картаны тастама!
СХІХ тарау
ШЫРАҒДАНДАР
Өлке жылырақ болған сайын оның сес көрсететін азулары да
қаһарлы бола түседі: бенгал жолбарысы мəңгі жасыл хош иісті ну
тоғайларда жасырынады. Көк күмбезі неғұрлым нұр сəулелі болған
сайын ондағы насырға шабар күннің күркірі солғұрлым дүлей де
жойқын: əдемі əрі мəуелі Куба душар болатын дауылдар жайында
сұрқай солтүстік елдерінде естіген де емес. Жапон теңіздерінің мына
жарқыраған суларында да тап солай, теңіз жиһанкездерін барлық
дауылдардың ішіндегі жантүршігер үрейлісі - тайфун қарсы алады.
Ұйқыдағы жым-жырт қаланың үстінде бомба жарылғаны сияқты, ол
кейде бұлтсыз аспан астында оқыстан көтеріледі.
Сол күні, кешке қарай, "Пекодтан" бүкіл кенепті жұлып əкетті, содан
ол жалаңаш мачталардың астында оған тура тұмсықтан дүрсе қоя
берген дүлей тайфунмен тайталасуы керек болды. Біртіндеп
қараңғылық басты, теңіз аспанмен қосыла ақыра күрілдеп, қаратөс
айдыны күркіреген күннен қақ айырылып, найзағайлардан лап етіп
өртенгендей болды, дауыл алғашқы ашу буырқанысында дегенмен де
өзіне, ермек үшін қалдырған желкендердің желком үзіктері жалп-жұлп
еткен жалаңаш мачталар оқтын-оқтын жап-жарық боп кетеді.
Əлдебір жабдық тұтқасына жармасқан Старбек шканцыда тұрып,
найзағай жарқылдаған сайын шырмалып шатысқан арқандарға тағы
да қандай зақым келтірілгенін көру үшін басын шалқайтып көкке
көтере түсті, Стабб пен Фласк вельботтарды көтеріңкіреп бекіткен
матростарды басқарды. Бірақ бар еңбек зая кетті. Көтермебөренелерге шегіне жете тартылған Ахавтың қайығы бəрібір аянышты
тағдырынан жалтарып кете алмады. Буырқана атылған тау толқын
жантайған кеменің биік құлама жақтауына соғылып, қайықтың түбін
ойып түсірді де, сосын құдды елеуіштей суын сорғалатқызып,
қайтадан кейін лықсыды.
- Ай-яй-яй, жағдай жаман, мистер Старбек, - деді Стабб зақымданған
қайыққа үңіле қарап, - енді, теңізге жарлығын жүрмейді ғой. Қайткенде
де, Стабб онымен жараса алмайды. Көрдіңіз бе, мистер Старбек,
толқын секірмес бұрын үлкен екпін алады; ол жерді бүтіндей айнала
жүгіріп өтіп, тек содан кейін ғана секіреді! Ал менің оны қарсы алу
үшін екпін алар жерім бар болғаны палубаның көлденеңі ғана. Бірақ
мұнда тұрған еш бəле жоқ! Ескі əнде айтылатындай, мұның бəрі ермек
үшін ғой. (Əндетеді.)
Аһ, теңізде дауыл гулейді,
Асау кит ойнап, өрлейді,
Құйрығын көкке сермейді.
Ойыншыл, ерке, ақ көңіл, ғажап, ұқит-сұқит,
Қалжыңбас қария,
шалдуар тентек, неткен мұхит!
Тұздығын құйып тостаққа,
Құдай-ау, көбік қоспақ па,
Думан-той бұдан аспақ па!
Ойыншыл, ерке, ақ көңіл, ғажап, ұқит-сұқит,
Қалжыңбас қария,
шалдуар тентек, неткен мұхит!
Кемелер суға батады,
Барқ етіп, шарап татады,
Тамсанып ерің жатады.
Ойыншыл, ерке, ақкөңіл, ғажап, ұқит-сұқит,
Қалжыңбас қария,
шалдуар тентек, неткен мұхит!
- Өшір үніңді, Стабб, - деп айқай салды Старбек, - мейлі, тайфун əнін
шырқап, арфа ішектерін шерткендей, біздің арқандарымызды
соққылай берсін; бірақ та сен, егер ер жүрек адам болсаң, сен сабыр
сақта!
- Ау, мен ер жүрек адам ба екем? Мені ер жүрек деп кім айтты? Мен
су жүрекпін. Онша үрейлі болмасын деп əндетемін. Мен бар ғой, сізге
мынаны айтайын, мистер Старбек, -кеңірдегімді кесіп тастамаса, бұл
дүниеде маған əн айтуды қойғызатын амал жоқ. Бірақ, тіпті, соның
өзінде де, онға бір деп бəстігейін, соңғы мадақ жырымды шырқамай
тынбаймын.
- Есуас! Егер өзіңдікі жоқ болса, менің көздеріммен қара.
- Қалайша? Сіз қараңғы түнде басқа əлдебіреуден, тіпті, ең міскін
ақымақтан да артық көруші ме едіңіз?
- Шығарма үніңді! - деп дауыстап жіберген Старбек Стаббты
иығынан жұлмалай, қолын жел соғып тұрған жаққа қарай созды. - Сен
дауылдың күншығыстан, Моби Дикті қуалаған Ахав бетке алып
жүйткуге тиісті тап сол румбыдан, ол бүгін тал түсте бағытын түзеп
салған сол нүктелер тоғысынан соғып тұрғанын байқайсың ба? Енді
оның вельботына қарашы, ойық қай жерінде екенін көресің бе? Ол
үнемі аяғын қойып тұратын құйрық жақтағы түбінде; оның орны
жаңқадай шағылды, досым! Ал, енді сондай керексініп тұрсаң,
жақтаудың сыртына шапқылап бар да, жағың талғанша əндете бер.
- Мен сізді бір түрлі нашарлау ұқтым, не жайында айтып тұрсыз?
- Иə, иə, Ізгі Үміт мүйісін айнала Нантакетке ең төте жол барады, деді бұл шақта Старбек, Стабтың сұрағын естімегендей, өз-өзіне
сөйленіп: - Қазір бізді тас-талқан етердей дүлейленіп ақырған мына
дауыл артымыздан қуалай соққан желге айналып, үйімізге дедектетіп
айдай да алар еді. Анау жел жақта бұлтартпас құрдым түнегі; бірақ ық
жақтан, артымыздан қараңғылық сөгіліп, мен одан жарық сəуле
көремін, тек бұл найзағай жарқылы емес.
Тұп-тура найзағайдың екі жарқылы аралығында қараңғылық
ерекше көзге түрткісіз болған шақтағы тап осы сəтте қасынан
əлдекімнің даусы шықты, осыған іле-шала жоғарыдан шатырлаған күп
күркірі жер-дүниені жаңғырықтырды.
- Кім мұнда?
- Кəрі Найзағай! - деп жауап қатқан Ахав палубадағы өзінің
шұңқыршасына тұтқаларды бойлай сипалақтап əрең өтіп бара жатты;
сол арада кенеттен оттың сынған найзалары оның жолына жарық
түсірді.
Жайратқыш от қуатын жерге жіберу үшін құрлықта шіркеу
мұнараларында жай тартқыш қоятыны сияқты, теңізде де көптеген
кемелер өз мачталарында электрдің бетін су қабаттарына бұратын
жай тартқыш тəрізді бірдеңе алып жүреді. Бірақ кеме қаңқасына тимес
үшін олардың ұштары əжептəуір тереңдікке кетуі тиіс болады, ал
ұдайы суда сүйретілген олар, кеме жабдықтарында шатысып, жалпы
жүрісті тежейтінін айтпағанның өзінде, көптеген басқа да
қолайсыздықтар тудыруы мүмкін; бүкіл осы жағдайларға орай кеме
жай тартқыштарының төменгі ұштары жақтау сыртына үнемі түсіріле
бермейді, оларды, керек бола қалғанда жоғарыға оңай саумалап жинап
алуға немесе, суға тез түсіруге болатындай етіп, ұзын жеңіл тізбектер
түрінде жасайды.
Жарқылдаған найзағайлар Ахавтың орнына баратын жолына жарық
шашып, жалынды жебелермен түнекті тілгілей жарып өткен кезде
қалың ойдан селт етіп оянған Старбек матростарға:
- Жай тартқыштар! - деп айқай салды. – Жай тартқыштар жақтау
сыртында ма екен? Қараңдар! Оларды сыртқа тастаңдар, жылдам!
- Тоқта! - деген Ахавтың даусы шықты. - Біз əлсіздеу болсақ та, адал
ойнаймыз. Күллі əлемді қауіптен қорғау үшін жай тартқыштарды
Гималай мен Андының бастарына мен өзім қондырар едім. Бірақ маған
бұл ойында ешқандай артықшылық керек емес. Оларды жайына
қалдыр, сэр!
- Мачталарға көз салыңыз! - деп дауыстап жіберді Старбек. - Əулие
Эльмнің оттары!
Барлық көлденең білеулерді ағараңдаған от шарпыпты, ұшар
бастарындағы жай тартқыштардың үшем ашаларында үш аппақ
жалын тілі сумаңдаған үш биік мачта күкіртке қаныққан ауада, бейне
мехраб алдындағы үш алып балауыз шырағдан сияқты, үнсіз жанып
жатты.
Осы сəтте Стаббтың қарғыстары естілді:
- Сайтан алсын бұл шлюпканы, құрып кетсін! - Ол артық арқанды
түптен өткізуге əрекеттенген кезде жойқын толқын шайған өз
вельботының жақтауы оның қолын қатты қысып қалды. - Сайтан
алсын... - Бірақ осы сəтте тайып кетіп, басы шалқалай қайырылғанда,
ол ақ жалынды көрді. Енді ол мүлдем басқа дауыспен шырқырады: Əулие Эльм, біздсрге рақым ете гөр!
Теңізші үшін тұздықты сөз - əдепкі іс; теңізшілер желсіз тымықта да,
дауылда да қарғанып-сіленуден көз ашпайды, тіпті, толқын
жылымдарына құлап кетулері түкке де тұрмайтын бомбрам-рейде де
ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатады; бірақ мен теңіздерде
қаншама жүзіп жүргенімде, Жаратушы Ие өзінін от-жалынды қаһарын
кемеге төккен кездерде оның "мене, текел, упарсині" ванталар
арасындағы арқандарға үйлескен кездерде балағат сөз айтқандарын
ешқашан естіген емеспін.
Жоғарыда мына ақ жалын ұйтқып жанып тұрған əзірде палубада
ешбір дерлік қаңқу сөз естілмеді; үрей билеген команда үйме- жүйме
болып бақта топырлады, бозамық сəуледе барлықтарының көздері
бейне алыстағы шоқжұлдыздардай жылтырады. Осынау бұлыңғыр
жарықта өзінің шын мəнісіндегі көлемінен құдды үш есе ұлғайып
кеткендей қара тəнді Дэггудің дəу дене бітімі дəл бір, жаңа ғана
нажағайын шатырлатқан қара бұлттай асқақтады. Тэштиго өзінің
аппақ акулалық күрек тістерін жалаңаштап, тістерін ақситты, олар да
бейне əулие Эльмнің оттары аялағандай, бір түрлі жылтырады, ал
Квикегтің денесіндегі таңбалы сурет осы жəдігөй жалында тамұқтың
көгілдір отымен алаулап жанды.
Бірақ мачталардағы ағараңдаған жарық біртіндеп өшті, күллі
жаңағы көріністі түнек жұтып, оның қара жамылғысы "Пекод" пен
палубада топырлағандарды қайтадан құндақтап орап алды. Бірнеше
минут өтті. Тұмсыққа зорға еткен Старбек қараңғыда біреуге
қақтығысып қалды. Бұл Стабб еді.
- Енді не айтасың, досым? Мен сенің сөздеріңді естідім, бұл əлгі
əндегі сөздер емес қой?
- Жоқ, жоқ, ол емес. Мен: "Əулие Эльм, бізге аяушылық ете гөр" дедім, ол аяушылық етеді деп əлі де үміттенемін. Əлде ол тек жылаңқы
сықпыттарды ғана аяй ма екен, немесе, күлкі жанына жақпай ма екен?
Сосын бар ғой, көресіз бе, мистер Старбек... ой, менікі не, мынадай
қараңғыда қайдағы көру. Ендеше, тыңдаңыз, мистер Старбек,
мачталардағы оттарды мен жақсы нышан деп есептеймін, өйткені бұл
мачталар спермацетті майға сықап толтырылуға тиісті трюмге бойлап
кетеді; сол кездерде спермацет, тіпті, діңді бойлаған ағаш
шырынындай, мачталарды бойлап жоғары өрлейді. Иə, иə, біздің үш
мачтамыз əлі құдды үш спермацетті шырағдандай болады - бұл
жақсылықтың белгісі, жолымыздың болатынын білдіреді.
Осы сəтте Старбек қараңғыда баяулап сұлбаланған Стаббтың бетін
көрді. Ол жоғарыға қарап дауыстап жіберді:
- Қараңдар, қараңдар!
Ақ жалынның биік шошақтары мачталардың бастарына қайтадан
қонақтап, бұрынғысынан да зəрлі бозғылтым сəуле шашып түр екен.
- Əулие Эльм, бізді аяй гөр! - деп Стабб қайтадан дауыстады.
Грот-мачтаның етегінде, дублон мен оттардың қақ астында,
еңкейген басын Ахавқа теріс қаратып, тізерлеген парсы тұрды;
бозамық жарқыл жалт ете қалғанда салбыраған көлденең біліктерде
жұмыс істеп жатқан бірнеше матрос төменге иілген алма бұтағында
қатып қалған үйірлі аралар сияқты, бір-біріне жабыса түсті. Əр тұста,
əр түрлі қалыптарда, құдды түрегеп тұрған, жүріп жəне жүгіріп бара
жатқан Геркуланум қаңқа сүйектеріндей, адамдар палубада тастай
қатып қалды; барлық көздер көкке тігілді.
- Солай ма, бəлем, адамдар! - деп айқай салды Ахав. - Жоғарыға
қараңдар, жақсылап қараңдар, ақ жалын Ақ Китке апаратын жолға тек
жарық түсіреді! Маған ана жай тартқыштың ұшын əперіп жіберіңдер,
мен оның тамырының соғуын сезінгім келеді, менің тамырым да соған
жанаса соқсын. Міне, осылай! Қан мен от!
Сосын ол жай тартқыштың соңғы тізбегін сол қолымен сығымдай
қысып, бұрылды да, аяғын парсының арқасына қойды; енді, қайтпас
қайсар көздерін жоғарыға қадап, оң қолын көкке созған ол асқақтаған
үш ашалы оттың алдында бар бойымен тіктеліп тұрды.
- Уа, жарық жалынның жарқыраған рухы, сен мені қасиетті
əрекеттерімнің қарбаласында шарпып күйдіргенге шейін мына
теңіздерде мен бір кездердегі парсы сияқты, кімге табынып едім, олай
болса, тыртығымды осы күнге шейін сақтап келемін; мен енді сені
білемін, уа, жарқыраған рух, саған шын табынудың табандасқан
тайталас екенін мен енді білемін. Махаббатқа да, ілтипат- ізетке де сен
аяушылық етпейсің, тіпті, өшпенділік үшін де өлтіргеннен басқа
ештеңе істемейсің; сөйтіп бəрі өлтірілген. Бірақ қазір сенің алдыңда
тұрған қорқуды білмес есерсоқ емес. Мен сенің тілсіз, тылсым
құдіретіңді мойындаймын; бірақ өзімнің сормаңдай өмірімнің соңғы
тынысына дейін оның маған таңған өктем билігімен тайталасып
өтемін. Мына арада, кейіптелген сұрықсыздықтың қақ жүрегінде, сенің
тап алдыңда дара тұлға тұр. Мейлі, ол титтей нүкте ғана болсын, бірақ
қайдан келсем де, қайда кетсем де, əзірге осынау пəни дүниедегі
ғұмырымда əрдайым менің бойымда патша тұлға өмір сүреді, ол өзінің
əміршілік хақысын таниды. Əйткенмен, соғыс қасірет əкеледі,
өшпенділік азап тарттырады. Сен өзіңнің ең қарапайым пішініңде махаббатпен келші, сонда мен саған тіземді бүгіп, ант беремін; жай
ғана аспан құдіреті түріндегі асқақ пішінде келіп көрші, тіпті, əбден
сықап тиелген əлемдердің тұтас флотилияларын түсірші, бəрібір бұл
арада селт етпей, сескенбей, селқос күйінде қала беретін біреу бар. Уа,
шапағатты pyx, сен мені өз жалыныңнан жараттың, нағыз жалын
перзенті ретінде мен оны саған, кейін қарай деміммен ұйтқытып
үрлеймін.
(Найзағайдың оқыс жарқылдары; мачталарда тоғыз от лапылдап
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.