Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 05

Total number of words is 4102
Total number of unique words is 2447
30.2 of words are in the 2000 most common words
42.4 of words are in the 5000 most common words
48.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тұрғысынан алғанда, аса абыройлы да мінсіз капитан, -Квикегтің жас
қарындасының - енді ғана он жасқа толған балғын сұлу ханшайымның
күйеуге шығуына байланысты тойға шақырылады. Міне, барлық
қонақтар қалыңдықтың бамбук лашығына жиналған кезде əлгі
капитан келіп кіріп, жоғарғы бас абыз бен ұлы мəртебелі патша Квикегтің əкесінің арасындағы асқабақтың дəл қарсысындағы өзіне
арналған құрметті орынға жайғасады. Дұға оқылады - өйткені, бұл
адамдарда да, тура біздегі сияқты, өздерінің дұғалары бар, тек
Квикегтің маған айтуы бойынша, ғибадат уақытысында төменге,
өздерінің дəлеңкелеріне қарайтын біздерден өзгеше, олар, керісінше,
үйректерге еліктеп, көздерін көкке, ұлы Жарылқаушыға тігеді, - міне,
сөйтіп, дұға оқылады, сол кезде «жоғарғы бас абыз ежелгі ерекше
рəсіммен мерекені ашты - ол асқабаққа өзінің шапағатты һəм
шарапатын тигізетін саусақтарын малды, осыдан кейін батамен
алқаған сусын алқа-қотан шеңберді аралап кетуі тиіс. Бірақ абыздың
қасында отырып осыны көрген -көне қайдағы бір аралдың қарапайым
патшасының алдында, оның үстіне осы патшаның өзінің үйінде əлбетте, біріншілік құқы өзіне, үлкен кеменің капитанына тиесілі деп
есептеген капитан саусақтарын пунш тостағанында жайбарақат
шайып алады, сірə, мұны қол жуу үшін қойған деп ойласа керек. "Ал, дейді Квикег, енді не айтасың? Біздің адамдар күлмеді деп ойлайсың
ба?". Əйткенмен, міне, жолақысын төлеп, жүгімізді орналастырған біз
пакетботтың бортындамыз. Желкендер керіліп, Акушнет өзенінің
бойымен төмен қарай қалқып барамыз. Оң жағымызда өз көшелерінің
сатыланған биігінде Нью-Бедфорд мөп-мөлдір суық ауадағы мұз
кіреукелеген ағаш бұтақтарымен жалт-жұлт етеді. Кемежайларда бірбірін бастырмалата үйілген күбілер үйме-үйме болып жатыр, тап осы
арада күллі əлемді шарлап, ақыры, тыныш айлаққа оралған кит
аулаушы кемелер бір-бірінің қасында үнсіз томсарып зəкірде тұр;
дегенмен де кейбір палубалардан балташылық пен күбішілік
саймандардың дыбысы шығады, қарамай шайырын ерітіп жатқан
көріктер мен алаулардың үндескен гуілі естілді - осының бəрі жаңа
сапардың дайындығын, бір ұзақ та қауіпті жүзудің аяқталуы тек
екіншісінің басы, екіншісінің аяқталуы - үшіншісінің басы екендігін
білдіргендей, осылайша толассыз, мəңгілік замандарға жалғаса береді.
Жердегі барлық харекеттердің таусылмайтыны, төзгісіз бекершілігі
мінеки!
Біз жағадан алыстаған сайын құлдыраңдаған жел қатайып,
кішкентай "Қына", құдды пысқырынған құлын сияқты, тұмсығымен
сызып көбік шашты. Көшпеліліктің осынау ауасын мен қандай
тойымсыздықпен жұттым десеңізші! Аясында аяқ ізін сақтамайтын
теңіздің шалқар кеңдігіне сүйсіну үшін жердің барлық бекеттерін,
құлдық ұлтандар мен тағалардың сансыз таңбалары түскен мына
таптаурын жолдарды артта қалдыруға қандай өшпенділікпен асықтым
десеңізші!
Көбікті бұрқақтың шашыраған тамшыларына Квикег те менімен
бірге құмарланды. Тотыққан танауы делдиіп, тізілген өткір тістері
ақсиып көрінді. Біз алға қарай ұшып келеміз. Ашық теңізге шыққасын,
"Қына" сұлтанның алдында етпеттей жығылған құл сияқты, заулаған
қалпында тұмсығын толқынға көміп, желдің екпініне еңкейе тағзым
етті. Жантайғасын, біз бір қырындап тарттық, керілген арқандар сым
сияқты зыңылдады, ал, екі биік мачта желдің өтінде бейне құрақтай
шайқалақтап иілді. Сүңгіген бушприттің қасында тұрып, осынау қымқуыт көрініске еліккеніміз соншалық, біз жаққа жолаушылар - құрлық
қылжақбастарының тұтас бір тобы қадаған келекелі көздерін бірден
байқамаппыз, бейне бір ақ адам - ақтығы болмаса, нақ сол негр емес
сияқты, олар екі кісінің осылай дос бола алатындығына таңырқаған.
Олардың ішінде бірнеше бозөкпе дүлейлер мен дөкірлер бар еді, өздері
жыныс орманның қалыңынан жаңа ғана сындырып алғандай шикі əрі
содыр-сотанақ. Ту сыртында бет-аузын қисаңдатып тұрған осы
сумұрындардың бірін Квикег ұстап алғанда, мен байғұс əумесердің
саудасы біткен шығар деп ойлағам. Қолындағы гарпунды тастай
салып, тарамыс жабайы əлгі жігітті құшақтап алды да, сосын
таңғаларлық ептілікпен жəне күшпен көкке атып жіберді, құйрығына
ақырын бір теуіп, екі мəрте тоңқалаң асырды, содан кейін бозбала
ентігіп, аяғына аман-есен тік тұрды, ал, Квикег болса, одан сырт
айналып, өзінің қорқор-айбалтасын тұтатты да, маған соруға берді.
- Капитан! Капитан! - деп бақырды əумесер, кеменің құрметті
командиріне жүгіріп барып. - Мына сайтанның қылығын көрдіңіз бе?
- Ей, сіз, сэр, - деген, кеме шпангоутының қабырғасы сияқты арық,
əрі ұзын тұра капитанның зілді даусы шықты. Ол маңғаз түрмен
Квикегке келіп айтты: - Сіз қандай сайтанның ақысына бүйтесіз?
Бүйтіп, жігітті өлтіріп жіберуге де болатынын көрмей тұрсыз ба?
- Ол немене айтады? - деді Квикег маған жұмсақ үнмен.
- Ол айтады: сенікі анау адамды аз-маз өлтірген, - дедім мен, аулақта
əлі де қалш-қалш етіп тұрған жас жігітті көрсетіп.
- Менікі өлтіруге? - деп айқай салды Квикег, піскі-суретпен
бедерленген беті адам айтқысыз ашумен бұзылып жүре берді. – О!
Мынадай майда шабақ! Квикег майда балық өлтірмеуге! Квикег
өлтіруге үлкен кит!
- Əй, сен, тыңда! - деп барқ ете түсті капитан. - Егер менің кемемде
мұндай қылжаққа енді жол берсең, мен сенің өзіңді өлтіріп жіберемін!
Сен менен байқа!
Бірақ дəл осы сəтте жағдай күрт өзгеріп, капитанның өзінің сондағы
түрін көрсеңіз. Желдің ғаламат тегеуріні желкенді керген шкотты үзіп
жіберді, енді гиктің абажадай бөренесі палубаның күллі артқы жағын
айқара жайқап, бір қапталдан екінші қапталға зуылдай шайқатылды.
Квикегтен сонша қатты жаза алған байғұс жігітті зілдей бөрене суға
ұшырып түсірді, команданы үрей билеп алды; бөренені бөгеп,
тоқтатудың əрбір əрекеті əншейін ессіздік болып елестеді. Ол солдан
оңға қарай жəне кері бағытта зу-зу етіп шайқатыла берді, əне-міне бытшыты шығатындай көрінді. Ешкім ешқандай амал таппады,
қолданатын амал атаулы да құрып қалғандай; палубадағылардың
барлығы тұмсық жақта топырлап, қыбырсыз тұрып гикті бақылады, ол
құдды бір долырған киттің азуы дерсіз. Бірақ ешкімде ес қалдырмай,
қамалаған үрейдің арасында Квикег уақыт жоғалтпай, төрт тағандап
жата қалып, ұшып жүрген бөрененің астынан жылдам еңбектей
жөнелді, арқанның бір ұшын фалынбортқа бекітіп байлады да, оны
бұғалық тəрізді ілмелеп алып, дəл осы сəтте үстінен заулап өтіп бара
жатқан гикке тастады, өзі де жан-дəрмен атылды - міне, енді бөрене
тұтқындалып, күллісі құтқарылды. Пакетботты желдің өтіне ыңғайлап
бұрып қойды, матростар тұмсықтағы шлюпканы шешіп алуға жүгірісті,
алайда, беліне дейін жалаңаштанған Квикег бұл кезде ауада ұзынша
əсем доға жасай секіріп, суға сүңгіп те кеткен еді. Ол, құдды ит сияқты,
ұзын қолдарын тура алдына соза тастап, өзінің бұлтылдаған иықтарын
мұздай көбіктің үстінде алма-кезек көтеріп, үш минут шамасында
жүзді. Мен осынау əсем тұлғалы алапат адамға шексіз сүйсіндім, бірақ
ол құтқарып жүрген кісі көзіме шалынбады. Бозбаланы толқындар
көміп тастапты. Сонда Квикег бағанадай созыла, судан шоршып
шығып, айналасына қас қағымдай ғана көз тастады, сосын, сірə, мəнжайды байқап көргесін қайта сүңгіп, көзден ғайып болды. Бірнеше
минут өткенде ол қолын бұрынғысынша алға тастап, екіншісімен
жансыз денені соңынан сүйретіп келе жатты. Көп ұзамай оларды
шлюпка отырғызып алды. Байғұс əумесер сөйтіп құтқарылды. Команда
Квикегті бірауыздан ер жігіт деп жариялады; капитан одан кешірім
сұрады. Осы сəттен бастап мен, құдды кеме көмкермесіндегі
қабыршақтай, Квикегке жабысып, одан оның ақырғы рет сүңгіп,
толқын астында тым ұзаққа көрінбей кеткен сол бір минутқа дейін
жұбымды жазбадым.
Қаһармандық қарапайымдылығында ол өзіне жан теңгермейтін.
Сірə, судан құтқару жөніндегі күллі адам сүйгіш қоғамдардан медаль
алатын жөні бар екені қаперіне де кірмеген болар. Ол тек су - денесін
тұтқан тұзды шаю үшін - тұщы су сұрады, ал, жуынып, құрғақ жейдесін
киіп алғасын қорқорын тұтатып, жақтауға сүйенді де, бейне өзіне: "Бұл
дүниеде барлық ендіктерде адамның күні адаммен. Христиандарға
көмектесу біздің каннибалдық парызымыз" дегендей, адамдарға асқан
бір мейіріммен көз тастады.
XIV тарау
НАНТАКЕТ
Жолда бұдан басқа айта қаларлықтай ештеңе болған жоқ; содан
міне, қуалай сокқан желмен аман-есен Нантакетке келіп жеттік.
Нантакет! Картаны жайыңыз да, оны тауып алыңыз. Көрдіңіз бе? Ол
дүниенің оқшау бір түкпірінде орналасқан; Эдцистон маягынан бетер
жалғызсырап, үлкен жерден шалғайда, шеткеректе өз-өзімен тұр. Зер
салыңызшы: бұл бар болғаны кішкентай төбешік, бір уыс құм ғой, ар
жағында арзитын құрлығы жоқ жағалау ғана. Мұндағы құм сіздің
сорғыш қағаз орнына жиырма жыл бойы пайдалануыңыздан асып
артылады. Қалжыңбастар сізге мұнда, тіпті, шөп те өздігінен
өспейтінін, оны отырғызуға тура келетінін; ошағанды мұнда
Канададан əкелетінін, ал, егер Кит Майы құйылған күбінің тесігін бітеу
қажет болса, тығын іздеп теңізге жөнелетінін; Нантакеттегілер
ағаштың əрбір мысқалын Римдегі құдай айқышының сынықтарындай
əспеттейтінін; жазда саясында салқындау үшін Нантакет тұрғындары
өз үйлерінің алдында шыбын қырғыш саңырауқұлақ өсіретінін; бұл
арадағы бір тал шөп көк майса көгал, ал бір күндік жолдағы үш тал
шөп - шалғынды жазира екенін; мұндағы барқан құмдарда
Лапландиядағы оппа қарда қозғалатындай арнайы шаңғылармен
жүретінін; Нантакеттің қалған дүниеден мұхитпен бөлініп, сонымен
белбеуленіп, жан-жағынан сапырған сумен қоршалып əмбе шектеліп
қалғандығы соншалық, мұнда, құдды теңіз тасбақаларының
сауыттарындағы сияқты, үстелдер мен орындықтарға жабысқан
құйттай ұлу қабыршақтарын жиі көруге болатынын айтып береді.
Дегенмен де, осы асыра мақтаулардың бəрі Нантакеттің Иллинойс
емес екендігін айқындай түседі.
Есесіне, осы аралға қызыл тəнді адамдардың қалай қоныстанғаны
жайлы ғажап аңыздар бар. Аңыздың айтуынша, баяғы бағзы
замандарда бір күні Жаңа Англия жағалауында тастай құлдилаған
бүркіт үндіс нəрестесін тырнағымен бүріп алып кетіпті. Ата-анасы өз
балаларын жалпақ айдынның көкжиегінен асып көрінбей кеткенге
шейін жылап-еңіреген шерлі көздерімен шығарып салды. Ақыры, олар
оның соңынан баруға бекінді. Сөйтіп, өз қайықтарымен теңіз сапарына
шығып, қиындық пен қауіпке толы жүзудің соңында бір аралды ашады,
одан бос сүйек қорапшасын - кішкентай үндістің құйттай қаңқасын
табады.
Теңіздің дəл жанында дүниеге келген қазіргі нантакеттіктер
күнкөрістігін теңізден іздесе, несі таң? Бастапқыда олар шаяндар мен
устрицаларды құмнан аулап жинады, одан өжеттеніп, белдеріне дейін
су кешіп, аумен макрель балығын аулай бастады, сосын, тəжірибе
жинай келе, қайықтармен жағалаудан қашыққа жүзіп барып, ірі треска
балығын аулауға көшті, ақыр соңында суға үлкен кемелердің тұтас
флотын түсіріп, біздің су əлемін зерттеумен айналысты, оны үздіксіз
жерді айналып жүзген саяхаттармен белбеуледі, Беринг бүғазының
арғы жағына да көз қиығын салып, барлық Ұлы Топан су тасқынынан
аман жеткен аса құдіретті жанды жаратылысқа, барлық ғұждардың
ішіндегі ең құбы-жығына, ыза кернеген ашулы шабуылынан да, өзінің
үрейленіп үріккен кезінде одан бетер қауіпті болып кететін, соншалық
шексіз дүлей күшке ие, тұзды теңіздердің осынау таусоғар толағайына
барлық мұхиттарда, барша заманаларға ұласқан соғыс жариялады.
Өстіп, Нантакеттің осы тыржалаңаш тұрғындары, осынау теңіз
дуаналары өз аралдарынан жүзіп шығып, қисапсыз Александрлар
тəрізді, біздің əлемнің күллі судағы бөлігін шарлап, бағындырды,
Польшаны бөліскен үш қарақшы держава сияқты, Атлант, Тынық жəне
Үнді мұхиттарын өзара бөліске салды. Мейлі, Америка Мексиканы
Техасқа қосып ала берсін, мейлі, Канададан соң Кубаға жармассын;
ағылшындықтар Үндістанда құжынай қаптап. өздерінің ғажап
жалауын мейлі, Күннің өзіне тіксін - бəрібір жер шарының үштен екісі
Нантакеттің құзырында. Себебі, теңіз соның иелігінде. Өз
империяларындағы императорлар сияқты, Нантакеттік теңізшілер
мұхиттарды билейді; ал, басқа теңізшілер бар болғаны бөтен аумақтан
өту құқығын ғана иеленеді. Көпестердің кемелері - бар болғаны сол
баяғы көпірлер, солардың теңіздегі жалғасы; əскери кемелер - тек
қалқымалы қамалдар ғана; тіпті, пираттар мен каперлер де, тек басқа
кемелерді тонап, үлкен жолды торуылдаған қарақшылар сияқты,
теңіздерді шарлағанымен - сол бəз баяғы қалпында қалатын нақ
сондай құрлық түйіршіктері - олар тіршілік қайнарларын түпсіз
тұңғиықтан іздемейді. Нантакеттік теңізші жалғыз өмір кешеді жəне
талғажауын теңізден табады; Тəуратта айтылғандай, ол өз
кемелерімен теңізге жалғыз түседі, бейне өзінің егіндігі сияқты, о шеті
мен бұ шетін қоймай шарлап кезеді. Оның үйі осында, оның кəсібі
осында, егер, тіпті, Қытайдағы қисапсыз қытайлықтарды түгел су
басып қалған күннің өзінде, оған Нұх топан суы да кедергі жасамас еді.
Шалғынды аймақтағы құр сияқты, ол теңізде өмір кешеді,
толқындардың тасасында жасырынады, киік қуалап Альпіге
өрмелеген аңшыдай ол толқындардың үстінде тайпалады. Ол жылдар
бойы құрлықты көрмейді, ал, ақыры соған тап болған кезде ол бұған
құдды басқа бір əлем сияқты, ерекше жұпарын шашады -Жер
тұрғынына, сірə, Айдың өзі де мұндай хош иіс аңқытпас еді.
Жағалаудан алыста, күн батар шақта қанаттарын жинап, теңіз
толқындарының арасында тербетіле қалғыған шағала секілді,
Нантакеттік теңізші де дəл солай, іңір түсе желкендерін түріп, басын
жастыққа қойып, ұйқыға кетеді, ал, оның астындағы тереңде
сусиырлар мен киттер үйір-үйірімен өтіп жатады.
XV тарау
ПІСКЕН БАЛЫҚ
Кішкентай "Қына" жайлап келіп зəкір тастап, Квикег екеуміз
жағалауға шыққан кезде іңір қараңғысы қоюланып қалған еді,
сондықтан, біз бұл күні кешкі асымыз бен түнемелдігімізді тапқаннан
басқа ешқандай шаруа тындыра алмадық. "Кит бұрқағы"
мейманханасының қожайыны бізге өзінің немере бауыры, "Қазандар
астында" мекемесінің иесі Урия Хазиды ұсынған болатын, оның
пайымдауынша, ол Нантакеттегі ең жақсылардың қатарында екен
жəне оның үстіне, айтуына қарағанда, тіл үйірген тұздықпен қоса,
піскен балықтан жасалған тағамдарымен аты шыққан. Қысқасын
айтқанда, ол егер біз осы қазандардан құдайдың бұйыртқан дəмін
татсақ, жаман болмайтынымызды анық емеурінмен ұғындырды. Бірақ
оның жолға қатысты нұсқаулары – сол қанатта ақшаңқан шіркеу
көрінгенге шейін оң қанаттағы сары жүк қоймасын жағалап жүріңдер,
ал, сосын үнемі шіркеудің сол қанатымен жүріп отырып, үш румба оңға
қарай бұрылып, бұдан соң мейманхананың қайда екенін бірінші
кездескен кісіден сұраңдар деген - ебедейсіз нұсқаулары бізді
əжептəуір абдыратып, шатыстырып тастады, əсіресе, əуелгіде, Квикег
біздің бірінші бағдарымыз - сары жүк қоймасы сол қолда қалуы тиіс
деп болмай қойғанда, менің есіме Питер Гробтың "оң жақта" деп
бұлтартпай айтқаны түсті. Қалай болғанда да, қараңғыда бірсыпыра
қаңғалақтап адасып, жолды сұрап білу үшін оқта-текте осы араның
кейбір бейбіт тұрғындарын төсектерінен тұрғызып жүріп, біз ақыр
соңында кенет ешбір сұраусыз-ақ, керек жерге тап болғанымызды
түсіне қойдық.
Тозығы жеткен дарбаза алдындағы діңгекте ескі көмкерме кəсекті
көлденең бөрене тұр, оның құлақшаларына қара бояумен сырланған,
шайқалақтаған екі үлкен ағаш қазан ілініпті. Көмкерме кəсектердің бос
тұрған шеттері кесіліп тасталғандықтан, осы ескі мачтаның ұшар басы
нағыз дар ағашына ұқсайды. Бəлкім, ол кезде мен мұндай көріністерге
тым əсершіл, күйрек сезімді болған шығармын, тек мен осы дар
ағашына қарағанда алдағы апатты бұлдыратып сезінгендей күй
кештім. Екі аралықты қарап тұрғанда менің, тіпті, мойным қарысып
қалды - иə-иə, тап солай, екеу: біреуі Квикегке, біреуі маған арналған!
Осының бəрі жаман нышандар емес пе: Гроб деген əлдекім - тап
бірінші айлақтағы қожайыным, шіркеуде маған көз қадаған қабір
тақталары, ал, мына жерде - дар ағашы! Оған қоса қос құбыжықтай
қара қазандар! Осы соңғылары тозақ отын тұмандата тұспалдап тұрған
жоқ па екен?
Мұндай ойлардан көңілімді бөлген - секпіл бет, жирен шашты, сары
көйлекті əйелдің мейманхана табалдырығында, көгерген көзге көбірек
ұқсайтын, көмескі қызыл, аспалы май шамның түбінде əлдебір күлгін
көк жүн күпəйкелі кісінің түгін қоймай жер-жебіріне жетіп жатқаны
болды.
- Осы арада көзіме көрінуші болма, естимісің? - деді ол. - Əйтпесе,
байқа, сазайыңды тарттырамын!
- Бəрі дұрыс, Квикег, - дедім мен. - Бұл, əлбетте, миссис Фурия Хази.
Дəп солай болып шықты да. Бүкіл істі түгелімен əйелінің құзырына
қалдырған мистер Урия Хази жол жүріп кеткен екен. Біз оған өзіміздің
ауқаттанып əрі түнеп шығу жөніндегі тілегімізді білдіргенде, миссис
Фурия сөгісін уақытша қоя тұрып, бізді бір кішкентай бөлмеге ертіп
апарып, жуырдағы тамақтың мол ізі қалған үстел басына отырғызды
да, бізге бұрылып, үн қатты:
- Разинька ма, əлде, треска ма?
- Кешіріңіз, треска жөнінде сіз не дедіңіз, мадам? - деп сыпайы
ізетпен қайталап сұрадым.
- Разинька ма, əлде, треска ма?
- Кешкі асқа разинька ма? Суық моллюскі ме? Сіз шынымен нақ
осыны айтқыңыз келді ме, миссис Хази? - деймін мен. - Қысқы уақыт
үшін бұл тым жылбысқы, суық əрі сырдаң тамақ емес пе, миссис Фурия,
қалай ойлайсыз?
Бірақ əйел шоланда өзінің балағат үлесін күтіп тұрған күлгін көк
күпəйкелі кісімен ұрыс-керісін қайта жалғастыруға қатты асығып, сірə,
менің гөй-гөйімнен "разинька" дегеннен басқа ешбір сөзді айырмаған
да болар, ас үйдің ашық есігіне жүгіріп барды да: "Екі кісіге разинька!" деп барқ етіп, өзі ғайып болды.
- Квикег, - деймін мен, - сен қалай ойлайсың, екеумізге кешкі
тамаққа бір разинька жете ме?
Алайда, ас үйден менің ойлаған сүреңсіз қаупімді едəуір дəрежеде
теріске шығарған, буланған ыстық хош иіс көтерілді. Буы бұрқыраған
тағам алдымызға келген кезде жұмбақ ғажап түрде өзінен-өзі шешілді.
О, қадірменді достарым менің! Менің өздеріңе айтатынымды
тыңдаңдар! Бұл жармаланған теңіз қуырмаш нанымен жəне ұсақталып
туралған тұзды шошқа етімен араластырылған, енді, талшыннан ірі
емес, кішкентай, шырынды моллюскілер екен! Мұның бəрі мол етіп
маймен шыланып, бұрышпен жəне тұзбен аямай дəмделіпті. Аязды
ауадағы сапардан кейін біздің, əсіресе, кенеттен өз алдында
балықшылардың жеңсік асын көрген Квикегтің, тəбетіміз кəдімгідей
ашылып кетті; оның үстіне бұл тағам керемет дəмді болып шықты, сол
себептен біз оны аса асығыс түрде жалап - жұқтап қойдық, сосын мен
бір сəт артқа шалқайыңқырап, миссис Фурияның: "Разинька əлде
треска!" - деп дауыстағанын есіме түсірдім де, шағын тəжірибе жасауға
бекіндім. Содан ас үйдің есігіне жақын келдім де күшті сезіммен
"Треска!" деген бір ғана сөз айтып, осыдан соң үстел басындағы
орныма қайта отырдым. Сəлден кейін бұрқыраған хош иіс қайтадан
мұрын жарды, тек ендігі дəмі басқашалау, ал, тиесілі мерзім өткенде
біздің алдымызға былқып піскен тамаша треска қалықтап келе қалды.
Біз іске қайтадан кірістік, қасығымызды жарқ-жұрқ еткіземіз, кенет
мен өзіме айтып қоямын: "Қызық-ау, мұның басқа əсері бола ма екен?
Балықтай топас адамдарға қатысты бір əумесер қалжың бар сияқты
еді? Ау, қарашы, Квикег, сенің тəрелкеңдегі тірі жыланбалық емес пе
өзі? Гарпуның қайда?".
Бұл "Қазандар астында" деген күні-түні қисапсыз балық тоғытыла
пісіріліп жатқан сойқанды жер сияқты. Таңғы асқа балық, түстікке
балық, кешкілікке балық, əрі-беріден соң киіміңнен ырсиып балық
сүйегі шығып тұрған жоқ па екен деп жан-жағыңа жалтақтай
бастайсың.
Үй
алдындағы
кеңістік
түгелдей
разинька
қабыршақтарымен өрмеленген. Миссис Фурия Хази жалтыратылған
треска омыртқаларынан тізілген алқа таққан, ал, мистер Хазидың
барлық есеп-қисап кітаптары əйбəт акула былғарысымен
мұқабаланып, түптелген. Тіпті мұндағы сүттің өзінде де балық дəмі
бар, осыған байланысты көпке шейін, бір тамаша таңда жағалау
бойында серуендеген кезде балықшы қайықтары арасында
кездейсоқтан сонда балық сүйектерін жеп, аяқтарын əрең басып, өзінің
əрбір тұяғымен бір-бір кесілген треска басын сүйретіп, құмда
солтақтай жайылған қожайынның шұбар ала сиырын кезіктіргенше
аң-таң болып жүрдім.
Кешкі асымызды ішіп болған соң біз миссис Фуриядан шам жəне
кереуетке дейінгі ең төте жолға қатысты нұсқаулар алдық, өйткенмен,
Квикег менің алдыма түсіп, баспалдақпен көтеріле бергені сол еді, бұл
ханым қолын созып, одан гарпунын талап етті -оның жатын
жайларында гарпун ұстауға рұқсат етілмейді.
- Ау, неге? - деп мен қарсылық білдірдім. - Əрбір нағыз кит аулаушы
өзінің гарпунымен ұйықтайды. Сіз бұған неге тыйым саласыз?
- Өйткені, бұл қауіпті, - деді əйел. - Табаны күректей төрт жарым
жылға кетіп, небары үш күбі маймен ғана оралған сəтсіз жүзу
сапарынан кейін жас Стигзді менің екінші қабаттағы бөлмемде
бүйіріндегі гарпунмен өлі күйінде тапқаннан бері, міне, нақ сол
жолғыдан бастап мен пəтершілерге түнде өздерімен бірге қауіпті қару
алуға рұқсат етпеймін. Сондықтан, мисстер Квикег (əйел ендігі оның
атын да біліп алыпты), бұл гарпунды мен сізден ала тұрамын, ал,
таңертең оны қайтарып ала аласыз. Иə, тағы да: Таңғы асқа не
тапсырасыздар, разинька ма, əлде, треска ма?
- Екеуін де, - деп жауап бердім мен. - Оған қоса əр түрлілік үшін екі
қақталған балық.
XVI тapay
КЕМЕ
Төсекке жатқасын біз ертеңге жоспар құруға кірістік. Бірақ, менің
таңырқауыма жəне едəуір алаңдауыма орай, Квикег өзінің Йоджомен оның қара құдайшылығын солай атайтын – егжей - тегжейлі
ақылдасып үлгергенін ұқтырды, Йоджо оған сол бір нұсқауды үш
немесе төрт рет қатарынан қайталапты жəне қалайда соны орындауды
талап етіпті: кемежайға біздің Квикегпен екеулеп барып, ыңғайлы кит
аулайтын кемені бірлесіп таңдаудың орнына, Йоджо кеме таңдауды
табанды түрде толығынан маған жүктепті, оның үстіне Йоджо бізге
қамқоршылық етуге ниеттеніп, осы мақсатпен, мен, Измаил, өз
бетіммен əрекет жасап, құдды бір құдайдың жазмышы сияқты,
міндетті түрде таңдауым қажет бір кемені айқастырып та қойыпты; əрі
бұл мезгілде Квикегтің қайда болатындығына қарамастан, мен нақ осы
кемеге дереу жалдануға тиісті екенмін.
Квикег көптеген мəселелерде Йоджоның даналық пікірлері мен
ғажайып көріпкелдігіне бас ұратынын айтуды ұмытып кетіппін; ол
Йоджоға зор құрметпен қарайтын һəм оны, жалпы алғанда, жаман
құдай санамайтын, əлбетте, ол барлығы жақсы болғанын шын
көңілден тілейтін, тек өзінің ізгі ниетін жүзеге асыру үнемі қолынан
келе бермейтін.
Алайда, кеме таңдау тарабындағы Квикегтің бұл жоспары, дəлірек
айтқанда, Йоджоның жоспары маған мүлдем ұнамады. Мен Квикегтің
хабардарлығы мен көрегендігі өзімізді əмбе тағдырымызды сеніп
тапсыруға неғұрлым лайықты кит аулайтын кемені жазбай таниды
деп қатты үміттеніп едім. Бірақ менің барлық наразылықтарым
құйттай да əсер етпеді, оның ырқына көнуіме тура келді; сөйтіп, мен
осы болмашы шаруаны екпінді бір тегеурінмен-ақ еңсеріп тастарлық
қайрат-жігермен жəне шешімталдықпен іске кірісуге əзірлендім.
Келесі таңда, ертерек, Квикегті біздің бөлмемізде қалдырып, олардың əлдебір Ұлы Оразасы, немесе Рамазан, немесе Тəнді Өлтіру,
Бой ұсыну жəне Ғибадат Күні (нақты не екенін мен анықтай алмадым,
себебі, көп мəрте əрекеттенгеніммен, оның дұғасы мен отыз тоғыз
қағидатын ешбір ұғына алмадым) басталғандықтан, ол өзінің
Йоджосымен бірге сонда қамалып, - мен Квикегтің ораза ұстап,
айбалта-қорқорын шегуіне, ал, Йоджоның жаңқалармен жаққан құрбан
шалу отына жылынуына мұрсат беріп, мейманханадан шықтым да,
айлақ жаққа аяңдадым. Мұнда ұзақ адасып, жолшыбай сұрастырып
жүріп, "Сайтан бөгені", "Майлы жілік" жəне "Пекод" деген үш кеменің
үш жылдық жүзу сапарына аттанғалы жатқанын анықтадым. "Сайтан
бөгені" деген атаудың мағынасын мен білмеймін; "Майлы жілік" деген
өз-өзінен түсінікті; ал, "Пекодтың сіздердің естеріңізде екеніне еш
күмəн жоқ, бұл - ежелгі мидиялықтар сияқты, қазір құрып біткен
массачусет үндістерінің атақты тайпасының атауы. Мен "Сайтан
бөгеніне" өрмелеп шығып, қарадым, сосын "Майлы жілікке" ауыстым,
ақырында "Пекодтың" үстіне көтеріліп, жан-жағымды шолдым да,
бірден біз үшін ең қолайлы кеме осы деп шештім.
Таласпаймын, бəлкім, фəни дүниеде сіздің де талай да талай сирек
теңіз ыдыстарын көруіңізге тура келген-ақ шығар: доғал тұмсықты
люггерлер, арбиған жапон джонкалары, тұздық сауытқа ұқсаған
галиоттар жəне басқа да кереметтер; бірақ маған илануыңызға болады,
дəл мына ғажайып "Пекод" сияқты керемет көне ыдысты сіз ешқашан
көрген емессіз. Бұл ескілікті үлгідегі оншалықты үлкен емес жəне
бүйірлері ескі сəнмен қампиған кеме екен. Барлық төрт мұхиттың
тайфундары мен тымықтарында желқақты боп тұрпайыланған оның
қаңқасы, Мысырда да, Сібірде не шайқасуына тура келген француз
гренадерінің бетіндей, қарақошқыл тартыпты. Кеменің ежелгі
тұмсығына салиқалы сақал біткендей көрінді. Ал, мачталар бұрынғыларын дауыл қиратып, ағызып əкеткенде, жапон
жағалауларынан кесіліп алынған мачталар, Кельн соборындағы
шығыстың үш патшасының аркалары сияқты, иілместен тіп-тік болып
қасқайып тұр. Көне палубалар, құдды Фома Бекеттің қаны төгіліп,
тəуеп етушілер тоздырған Кентерберий соборының тақталарындай,
қаусап,
ажымдармен
айғыздалған.
Осынау
күллі
көненің
ғажайыптарына елу жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан
кісəпір кəсібінің кемеге таңбаланған басқа өзгеше сипаттары да
қосылған. Қарт капитан Фалек өзі басқа кемені, енді өз əмірімен
жүргізе бастағанға дейін мұнда көп жыл аға көмекші болып жүзген ал, қазір демалысқа кетіп, "Пекодтың" негізгі иелерінің бірі болып
отырған, осынау Фалек шал аға көмекші болып жүзіп жүргенде
"Пекодтың" бұрынғы ажарын айрықша өзгешелеп, оны тұмсығынан
құйрығына дейін құбылтып жіберді жəне - Торкил Жалмауыздың
оюлы кереуеті немесе қалқаны болмаса - əлемде басқа еш нəрсені
теңгермейтін əшекейлі өрнекке толы сирек те қымбат материалмен
көмкерді. Үлде мен бүлдеге малынған "Пекод" мойнындағы ауыр
сүйек алқалар жалт-жұлт еткен жабайы эфиоп императорын еске
түсірді.
Күллі кемеге айнала олжалар ілініп қойылған - өлтірген
жауларының сүйектерімен безенген, нағыз бір кемелер арасындағы
каннибал. Оның абажадай азу сықылды ашық борттарына ұзын əрі
өткір кашалот тістері тізіліпті, олар мұнда кеменің отқа төзімді
тарамыстары мен сіңірлерін бекітетін қазық шегелердің орнына
пайдаланылады. Жəне де бұл тарамыстар ағаш шығыр арқылы
өткізілмеген, олар асыл текті сарғыш сүйек тегершік арқылы шапшаң
заулап жатты. Қарапайым штурвал доңғалағын менсінбей лақтырып
тастаған салиқалы кеме тұтастай өзінің ата жауының ұзын əрі
жіңішкелеу азуынан ойылған ғажайып румпельді тұтынды. Дауылды
күндерде бұл румпельдің қасында тұрған кемешіге, сірə, өзі бір құдды
жабайы моңғолдай, құтырынған арғымағын ақсиған азуына жармасып
тоқтатқандай болып елестейтін шығар. Иə, бұл дегдар кеме екен, тек
тым жабырқау күй кешкендей. Дегдарлыққа əрқашан аздап жабырқау
тəн.
Алдағы жүзу сапарындағы матрос қызметіне үміткер ретінде өзімді
ұсынатын қандай да бір бастықты іздеп палуба майданына көз
салғанымда, əуелінде ешкімді көрмедім. Əйткенмен, гротмачтаның ту
сыртына тігілген - үндістердің сопақша лашығы тəрізді -өзгеше
кейіптегі əлдебір шатыр менің назарымнан тасаланып қала алмады.
Сірə, бұл əзір кеме айлақта тұрған кезде ғана пайдаланылатын
уақытша баспана болса керек. Ол биіктігі он футтық шошақ пішіндес
жəне кит азуының ортаңғы һəм артқы бөліктерінен суырылып
алынатын қара түсті, серіппелі үлкен сүйек тақташалардан
құрастырылған екен. Жайпақ шеттерімен палубаға шеңберлей
орнатылып, тығыздап тұтастырылған кит мұртының бұл
тақташалары биіктеген сайын жіңішкере қиюласып, жұмсақ түкті
талшықтардан жасалған шоқ шашақпен əшекейленген үшкіл төбені
құраған, онысы құдды Поттовотами үндістерінің кəрі көсемінің
басындағы шоқ қауырсындай жан-жаққа желбірейді. Кеменің
тұмсығына қарай үш бұрышты тесік бағытталыпты, сол арқылы
шатырдың ішіндегілер палубада істеліп жатқанның бəрін көре алады.
Міне, тап осы тосын баспанадан мен ақыры, сырт келбетіне
қарағанда, осындағы билікті еншілеген əрі тал түс болғандықтан күллі
жұмыс тоқтатылып, əзірге соның ауыртпалығын жұлып тастап, қазір
аңсары демалысқа ауған адамды байқап қалдым. Ол жоғарыдан
төменге дейін күрделі ою-өрнекті шиыршықтармен көмкерілген
ескілікті емен орындықта отырды, ал, осы орындықтың отырғышы
шошақ шатырды тұрғызуға жұмсалған нақ сол материалдың берік
жолақтарынан қиюластырылыпты.
Дұрысында, егде тартқан джентльменнің кескін-келбетінен
төтенше ештеңе аңғарылмады; ол əрбір қарт теңізші тəрізді, қоңырқай
жүзді һəм тарамыс екен, əрі ескі сəнді квакерлік үлгідегі
лоцмандардың көк бушлатымен қымтай оранып алыпты; тек
көздерінің айналасында айқыш-ұйқыш айқасқан ұсақ əжімдердің
мүлде көрінбейтін дерлік, майда торкөздері жатты, бұлар, сірə, оның
қатты дауылдар кезінде теңізде жиі жүзгенінен жəне бетін əрқашан
желге қарсы ұстағанынан пайда болса керек - бұдан көздің қасындағы
бұлшық еттер қатайып, жиырылады. Мұндай əжімдер қаһарлы
көзқарасқа айрықша айбын береді.
- "Пекодтың" капитаны сіз емессіз бе? - дедім мен шатырдың есігіне
жақындап келіп.
- Солай болсын делік, ал, саған "Пекодтың" капитанынан не керек? - деп үн қатты ол
- Мен командаға жалдану жайында білсем деп едім.
- Командаға ма, ə? Көріп тұрмын, бұл жердікі емессің, - қақырап
жарылған вельботта отырып көрдің бе?
- Жоқ, сэр, отырып көргем жоқ.
- Кит аулау кəсібінен де ештеңе білмейсің ғой, ə?
- Иə, сэр, білмеймін. Бірақ мен, əлбетте, тез үйреніп аламын. Өйткені,
сауда кемесінде бірнеше рет жүзгем, сол себептен де...
- Сайтаныма керек пе сауда кемесі! Ендігəрі мұндай сөздерді
естімейін. Əйтпесе - өзіңнің аяғыңа қара - егер маған тағы да сауда
кемесі жайында шатпақтайтын болсаң, бұтыңдағы мына аяғыңды
сындырамын. Қарай гөр, сауда кемесі! Немене, сауда кемесінде
жүзгеніңді мақтан көресің бе? Əйткенмен, жігітім, кит аулауға неғып
ынтыға қалдың? Бір түрлі күдікті екен, о? Сен өзі қарақшы болғаннан
саусың ба, ə? Əлде, бəлкім сен өзіңнің капитаныңды тонаған
шығарсың? Мүмкін, сен теңізге шығысымен командирлерді бауыздап
тастауды ойлаған боларсың?
Мен оны мұндай қастық ниеттерден ада екендігіме сендірдім. Əйтсе
де қарт теңізшінің, осынау квакердің һəм аралдықтың осы ойындышынды айыптауларының астарында Кейп-Код мүйісі мен Вайньярд
аралының тұрғындарынан басқа, барлық келімсектерге қарсы
бағытталған нантакеттік, аралдық сенбеушілік пен теріс ұғым
жатқанын түсіндім.
- Дегенмен де сені кит аулаушылыққа баруға итермелеп отырған не
нəрсе? Сені жалдауға бола ма деп ойланбас бұрын мен осыны білгім
келеді.
- Сізге қалай десем екен, сэр. Жалпы, мен кит аулау кəсібімен
танысқым келеді. Дүниені көргім келеді.
- Кит аулау кəсібімен танысқың келе ме, ə? Ал, сен капитан Ахавты
көрдің бе?
- Капитан Ахав деген кім, сэр?
- Aha, өзім де солай ойлап ем. Капитан Ахав деген - "Пекодтың"
капитаны.
- Олай болса, мен қателесіппін. Мен капитанның өзімен сөйлесіп
тұрмын деп ойлағам.
- Сен капитанмен - капитан Фалекпен сөйлесіп тұрсың, міне, сен
кіммен сөйлесіп тұрсың, жас жігіт. Капитан Вилдад пен менің
жұмысым - жүзер алдында "Пекодты" жарақтандыру, бортқа не
қажеттің бəрін жеткізіп беру, демек, экипажды іріктеу де осының
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.