Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 07

Total number of words is 4286
Total number of unique words is 2247
34.3 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
53.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Квикег, - деп сөз бастадым мен оған жақын келіп. - Квикег, саған не
болды?
- Ойпырмай, күні бойы осылай отырған ба сонда? - деп, бибінің зəреқұты қалмады.
Бірақ біз не сұрасақ та - одан емге бір сөз ести алмадық. Мына
қалпын қалайда өзгерту үшін мен тура оны енді болмаса еденге итеріп
құлатуға шақ қалдым - оның, əсіресе, осылай қатарынан сегіз-он сағат
əйтпесе одан да көп тапжылмай отырғанын, əлбетте, осы кезде ештеңе
жемегенін ойлағанда, бұл соншалықты төзгісіз тауқымет жəне
жаралмыштан тыс азап сияқтанды.
- Миссис Хази, - дедім мен. - Əйтеуір, оның тірі екеніне көзіміз жетті.
Сондықтан, сіз қазір, рақым етіп, бізді оңаша қалдыра тұрыңыз, бұл
тосын істің мəн-жайын мен өзім анықтаймын.
Бибінің соңынан есікті жапқан соң мен Квикегті орындыққа отыруға
көндіруге əрекеттендім, бірақ онымнан ештеңе шықпады. Ол менің
аяғымның астында тастай қатып, күллі сыпайылығым мен жағыныпжалпаюыма қарамастан, лəм деп тіл қатпады жəне мен жаққа, тіпті, бір
рет көз қиығын да салмады, тым құрыса қасындағы мені байқаған
сыңайды бетіндегі бір тамыры да бүлк етіп білдірмеді.
Жарайды, деп ойладым мен, сірə, Рамазан уақытында осылай болуы
керек шығар. Мүмкін, оның аралында жұрттың бəрі оразаны осылай жүрелеп ұстайтын болар. Əбден мүмкін. Иə, оның діні бойынша
расында да өсту керек шығар, олай болса, мейлі, отыра берсін. Ерте ме,
кеш пе, ол, əрине, түрегеледі. Шүкір құдайға, мұның мəңгі бақи
созылуы мүмкін емес, ал, оның Рамазаны жылына бір рет қана болады,
оның өзінде де оншалықты жүйелі емес.
Мен кешкі асқа төмен түстім. Осынау ұзақ кеште бүгін ғана
"кисельді" жүзуден (шхунадағы немесе бригтегі Солтүстік Атлантика
суларымен шектелген қысқа балық аулау сапарын осылай атайды)
оралған теңізшілер айтқан сала құлаш хикаяларды сылқия тыңдап;
осы "кисельшілердің" ортасында сағат он бірге дейін дерлік отырып,
əлбетте, бұл шақта Квикег өзінің Рамазанын тамам қылды деген толық
сеніммен мен қайтадан өз жайыма көтерілдім. Бірақ бұл ойым бекерге
шықты: ол бұрынғысынша, сынық сүйем жылжымай, қалдырып
кеткен жерімде отыр екен. Менің, тіпті, оған ызам келді: еш
мағынасыз, басына қайдағы бір ағаш кесіндісін қойып алып, суық
бөлмеде күні бойы жəне жарты түн жүресінен отыру неткен
ақымақтық десеңізші!
- Құдай үшін, Квикег, тұршы, кішкене серпілші. Түрегеліп, кешкі
асыңды ішіп келші. Сен бүйтіп аштан өлесің. Сен өзіңді құртасың,
Квикег!
Лəм деген жауап болмады.
Сосын мен оған қолымды бір сілтеп, жатып ұйықтамақшы болдым;
ал, ол кішкенеден соң, еш күмəнсіз, өзінен-өзі менің үлгіме
мойынсұнады. Əйтсе де, төсекке жатар алдында өзімнің сабалақ жүнді
бушлатымды алып, оның иығына жаптым, өйткені түн қақаған аязды
болатын сыңайлы, ал, оның үстінде тек жеңіл күртеше ғана бар еді.
Бірақ қалай тырыссам да ұзақ уақыт бойы, тіпті, сəл-пəл мызғып алуға
мұршам келмеді. Шырақты үрлеп өшірдім, бірақ оның кереуеттен қол
созым жерде, одан қашық емес, жалғыздан-жалғыз, суық пен
қараңғылық құшағында мына ыңғайсыз қалыпта үрпиіп отырғанын
еске алсам болды, жаным зар илеп қоя береді. Өзінің үрейлі де тылсым
Рамазанының парызын өтеп түні бойы көз ілмей жүресінен отырған
мəжусимен бір бөлмеде ұйықтаудың қандайлығын ойлап көріңіз.
Ақырында, мен дегенмен де қалжырап ұйықтап кеткен екем, содан
таң атқанға шейін түк сезбеппін; көзімді ашып төменге қарасам құдды еденге бұрандамен бекітіп тастағандай, сол баяғы бүкірейген
қалпында Квикег отыр. Алайда, таң шапағының алғашқы сəулелері
терезеден себездеуі мұң екен, ол бірден құрысқан буындарын қатты
сыртылдатып, ерекше шатты кейіпте атып тұрды, сосын кереуетке
ақсаңдап əзер жетіп, тағы да өз маңдайын менікіне түйістіріп, өзінің
Рамазаны аяқталғанын хабарлады.
Əуелде айтқанымдай, мен қандай ғана болса да, əрбір адамның
дініне толық көнбістікпен қарауға əзірмін, тек мұның бір ғана шарты əлгі адам басқаларды өзге дінге сенетіндіктері үшін өлтірмеуі жəне
жəбірлеп қорламауы керек. Ал, егер кімде-кімнің діні əншейін
жауыздық шегіне жетсе, егер ол діндарлар үшін азапқа айналса, бір
сөзбен айтқанда, егер ол біздің планетаны тым жайсыз керуен
сарайына ұқсатып жіберсе, ондай жағдайда мұндай дінді ұстанушыны,
менің пайымдауымша, оңашаға алып барып, осы тақырыпқа шер
тарқата сырласқан жөн. Енді мен де Квикегпен дəл осылай
шүйіркелесуге ниет еттім.
Квикег, - дедім мен, - төсекке келіп жат та, менің саған не
тағатынымды тыңда.
Мен сөйтіп іске кірісіп, ертедегі алғашқы наным-сенімдерден қап,
біздің заманымыздағы əр алуан діндерге жеттім, Квикегке осынау
барлық Ұлы Оразалардың, Рамазандардың жəне жылымаған қараңғы
бөлмелерде ұзақтан-ұзақ жүресінен отырулардың əншейін барып
тұрған ессіздік екенін бұлжытпай көрсетуге тырыстым: олар
денсаулыққа зиян, жанға пайдасыз, басқаша айтқанда, тазалық пен
парасаттың қарапайым қағидаларына қалпы келеді. Оған менің тағы да
бір айтқаным, оның басқа барлық тараптардағы төтенше зерек əрі
ақылды жабайының өзінің мына қисынсыз Рамазанына келгенде
өкінерлік ақымақшылық жасайтынын көргенде əншейін жаным
ауырады, сұмдық жаным ауырлады дедім. Оның үстіне, оразадан тəн
əлсірейді деп иландырдым мен, демек, сонда рух та əлсірейді, осыдан
келіп оразадан туған ойлардың бəрі сүреңсіз жүдеу болады. Əсіресе,
асқазаны ас қорытпай ауыратын діндарлардың өлгеннен кейін өздерін
не күтіп тұрғандығы жөнінде сары уайымға салынатыны тегін емес.
Қысқасы, таңдаған тақырыбымнан сəл ауытқып, Квикег, дедім мен,
адамда тозақ туралы ой алғаш рет ол алманы тоя жегенде пайда
болған, ал, содан соң тұқым қуалаған асқазан сырқаты пешенесіне
мəңгілік жазылып, Рамазанға иек артқан.
Осы арада мен оның не айтпағымды ұғынуы үшін өз ойымды
мүмкіндігінше көрнекірек түсіндіруге тырысып, Квикегтен бұрын соңды ас қорытуыңда кінəрат болып па еді деп сұрадым. Ол жоқ деп
жауап берді, тек бір ғана рет аса айрықша оқиғаға байланысты бір
жағдай болыпты. Мұны шаңқай түстегі сағат екіге шейін шайқаста
жаудың елу əскері өлтірілген ұлы жеңіске орай оның əкесі жасаған
ырғын тойдан кейін бастан өткеріпті, тап сол түні олардың бəрі
пісіріліп желінген көрінеді.
- Болды, болды, Квикег, - деп мен оны тітіркене тоқтаттым. - Өшір
үніңді.
Себебі, мұның немен бітуге тиісті екендігін онсыз-ақ білуші едім. Бір
кездерде нақ осы аралда аялдаған бір матроспен таныс болғам, сол
маған оларда мынадай тұрып барын айтып берген: үлкен шайқаста
жеңіске жеткен жеңімпаз өзінің сарайында немесе бағында өлтірілген
əрбір адамды тұтас қуырады, сосын оларды бірінен соң бірін үлкен
ағаш ыдыстарға салып, құдды палау сияқты, үстін түрлі жемістермен
жəне кокос жаңғағымен əлеміштеп, аузына бір буда дəмдеуіш
тамыршөптерді қыстырып, нағыз бір рождестволық күркетауықтай,
өзінің достарына ең игі тілектермен жолдайды.
Жалпы алғанда, менің дінге қатысты ескертпелерім Квикегке
соншалықты əсер етті деп айта алмаймын. Біріншіден, ол өзінің жеке
көзқарасынан бөлекше пайымдалған осынау аса маңызды
тақырыптарға байланысты ой-пікірлерге бір түрлі қызығушылық
танытпады; екіншіден, өз ойларымды қанша қарапайым жеткізуге
тырыссам да, ол менің айтқандарымның үштен бірден артығын
түсінген де жоқ, ақыр соңында ол, əлбетте, ақиқат дінді менен
анағұрлым артық білемін деп санайды. Ол маған бейне мынадай
зейінді жас жігіттің қасиетті мəжусилық таупиқтылық үшін сонша үміт
үздіріп жоғалғанына қатты өкінген сыңайда, əлдебір мүсіркеулі
жанашырлықпен жəне аянышпен қарады.
Ақыры, біз кереуеттен тұрып, киіндік. Квикег пісірілген балықтың
неше түрінен құралған жойқын таңғы асты сыпырып-сиырып соғып
алды - сондықтан, оның Рамазанынан бибі бəрібір орасан пайдаға
кенелмеді - сөйтіп, біз жолда асықпай аяңдап əрі тісімізді палтус
балығының сүйегімен шұқып, "Пекодқа" аттандық.
XVIII тарау
ҚОЛ ОРНЫНА
Гарпуның қолтығына қыстырған Квикег екеуміз айлақты бойлап
кемеге жақындай бергеніміз сол еді, бізді вигвам лашықтан шақырған
капитан Фалектің қарлығыңқы даусы жалт қаратты, ол менің
жолдасымның каннибал болып шығуына байланысты таңданысын
айқайлай білдіріп, өздерінің қағаздарын көрсеткенге шейін бұл кемеге
адам жегіштерді жолатпайтынын бірден мəлім етті.
Мен досымды төмендегі кемежайда қалдырған бойы жақтаудан
қарғып түсіп:
- Неменені көрсеткенге шейін, капитан Фалек? - деп қайталап
сұрадым.
- Қағаздарын, - деп жауап қайырды ол. - Өзінің қағаздарын
көрсетсін.
Фалекке ілесе вигвамнан басын қылтитқан капитан Вилдад та:
- Иə, иə, - деп оны қатаң дауыспен қоштай жөнелді. - Дінге кіргенін
дəлелдесін. Алжасқандардың ұлы! - деп, ол Квикегке қарай бұрылды. Сен өзің қазіргі кезде қандай да бір христиан шіркеуінің аясында
барсың ба?
Бар болғанда қандай! - деп жауап бердім мен, - ол бірінші
миграционалистік шіркеудің қанатының астында.
Осы арада бір айта кететін жай, нантаксттік кемелерде жүзіп
жүрген көптеген ішкі суретті жабайылар ақыр соңында дінге кіріп,
əлдебір шіркеудің саясын сағалайды.
- Қалайша! Бірінші конгрегационалистік шіркеу ме? - деп жан даусы
шықты Вилдад. -Олар əлгі диакон Девтерономия Колменнің үйінде
жиналатындар ма? - Ол қалтасынан көзілдірігін алып шығып, үлкен
сары қол орамалымен сүртті де, оны асқан сақтықпен мұрнының
үстіне қондырды, сосын вигвамнан шығып, кеме жақтауынан əрең
еңкейіп Квикегке бажайлай қарады.
- Оның бұл қауымның мүшесі болғанына көп болды ма? - деп сұрады
капитан ақырында маған бұрылып. - Менің ойымша, аса көп болған
жоқ шығар, ə, жас жігіт?
- Əлбетте, жақында ғана, - деп қолпаштады оны Фалек. Шоқындырылуы да шын емес, əйтпесе ол албастының бетіндегі мына
көгергенін тым құрыса аздап та болса кетірер еді.
- Жоқ, сен айтшы, қане, жас жігіт, - деді Вилдад. - Диакон
Девтерономияның жиналыстарына мына топырыш шынымен жүйелі
түрде барып тұра ма? Ай, білмеймін, жексенбі сайын қасынан өтсем де,
ол жерден мен оны бір рет те көзім шалған емес.
- Диакон Девтерономия мен оның жиналыстары жайында маған
ештеңе мағлұм емес, -дедім мен. - Тек білетінім - Квикегтің бірінші
конгрегационалистік шіркеу аясында туғаны ғана. Əрі- беріден соң
оның өзі де диакон, міне, мына Квикегтің өзі.
- Жас жігіт, - деп Вилдад қатаң райға көшті, - сен мұны бекер қылжақ
қыласың. Өз сөздеріңді түсіндір, қане, жас хеттеялық. Сен қайсы шіркеу
туралы айттың, жауап бер?
Өзімді тығырыққа тірегенін сезгесін жанталаса тіл қаттым:
- Сэр, мен құзырына біздің бəріміз - сіз де, мен де, капитан Фалек те,
Квикег те, əрбір адамзат баласы кіретін ежелгі католик шіркеуі туралы
айттым; бүкіл діндарлар дүниесінің ұлы һəм мəңгілік Бірінші
Конгрегациясы туралы айттым; біздің бəріміз соның қарауындамыз;
рас, арамыздағы кейбіреулерді қазірде ұлы діннің əр түрлі ұсақтүйектері көбірек толғандыратын сияқты, бірақ оның өзі біздің
бəрімізді біртұтас етіп біріктіріп тұр.
- Дұрыс! Теңіздік тораппен! - деп айқай салды Фалек маған қарсы
жүріп. - Жас жігіт, сен бізге матрос емес, миссионер болып кіргенің
абзал болар еді. Өмірімде бұдан артық уағыз естімеппін! Диакон
Девтерономия, оны қойшы, Мэппл əкейдің өзі де ешқашан сенен асып
кете алмайды, ал, ол осал емес. Мұнда өрмелеңдер, шығыңдар бері,
қағаз атаулы құрып кетсін. Ей, ана Квебегіңе айт, немесе, өзін қалай
атаушы едің, - Квебекке айт, келсін мұнда. Оһо, үлкен зəкірмен ант
етейін, мынаның гарпунын қарай гөр! Тəуір нəрсе, байқаймын, епті
ұстайтын көрінесің. Ал, тыңда, атың қалай еді, е, Квебек, сен бұрынсоңды вельботтың тұмсығында тұрып көріп пе едің? Кит өлтіріп пе
едің, ə?
Өзінің жабайы мінезімен лəм деп тіл қатпастан, Квикег кеме
жақтауына ырғып шықты, ол жерден жақтау сыртында ілулі тұрған
вельботтың тұмсығына секірді, содан сол жақ тізесін алға қойып,
гарпунын басынан асыра сермеп, шамамен төмендегідей сөздерді лақ
еткізді:
- Капитан! Ана су бетіндегі қарамай тамшысын көрдің бе? Көрдің бе?
Мейлі, сол киттің көз болсын, қанеки! - Жақсылап көздеп алып ол
гарпунды лақтырды дейсіз, онысы қарт Вилдадтың қалпағының тап
қасынан зуылдай ұшып өтіп, жалтылдаған кішкентай таңдақты мың
сан жарықшақтарға шашыратып жіберді.
- Міне, - деп жайбарақат тұжырған Квикег қарамайлы арқанға қолын
салды. - Мейлі, бұл киттің көзі болса, сенің китің өлді.
- Қане, тезірек, Вилдад, - деді Фалек тым жақын ұшып өткен
гарпуннан шошып, капитан каютасының табалдырығына қашып
барған серіктесіне. - Тезірек деймін, Вилдад, кеме кітапшаларын алып
шық. Мына Любекті, яғни Квебекті біз өзіміздің вельботтарымыздың
біріне алып алуымыз керек. Тыңда, Квебек, біз саған тоқсаныншы
үлесті береміз, ондайды əлі Нантакетте бірде-бір гарпуншы алып
көрген жоқ.
Біз төмендегі каютаға түстік, мұндай қуанбаспын, көп ұзамай
Квикег мен кеше қабылданған команданың тізіміне енгізілді.
Күллі ресми рəсімдері аяқталып, тек қол қою ғана қалған кезде
Фалек маған бұрылып, былай деді:
- Сірə, сенің Квебегің жаза білмейтін шығар деп ойлаймын, солай ма?
Əй, Квебек-ай, бəлем, сені ме! Сен өзіңнің атыңнан қол қоясың ба, əлде,
айқыш саласың ба?
Бұл сұрақ қойылған кезде бұдан бұрын мұндай рəсімдерге екі- үш
рет қатысқан Квикег сірə да абыржыған жоқ, ұсынған қаламды алып,
қағазға өзінің суреттермен піскіленген қолындағы бір дөңгелек
белгінің дəл көшірмесін бейнеледі де берді; сондықтан Фалектің
Квикегтің есіміне қатысты қасарысуының арқасында мұның бəрі
мынадай белгілі бір кейіпке ие болды.
Бұл шақта капитан Вилдад Квикегтен көзін айырмай отырды, содан
кейін салтанатты түрде түрегеліп, өзінің кең етекті қоңыр пенслінің
мол пішілген қалтасын ақтарыстырып, одан бір буда ақшаны суырып
алып шықты; солардың ішінен "Ақырғы күн туады, немесе Уақытты
жоғалтпаңдар" деген тақырып қойылған (біреуін таңдап алып,
Квикегтің қолына ұстатты, сосын оларды этаппен бірге қос қолдап
қысып, оның көздеріне қадала қарап тұрып айтты:
- Түнек перзенті, мен өзімнің саған қатысты борышымды өтеуге
міндеттімін. Бұл кеменің мен де бір иесімін, сондықтан, оның
экипажына қамқорлық жасамай тұра алмаймын. Əгəрəки, сен əлі де
өзіңнің мəжусилық ғұрыптарыңды ұстанатын болсаң - ал, менің бұл
жөніндегі қаупім аса зор - ондай жағдайда саған жалынамын, мəңгібақи Вилдің құлы болып қалма. Бұл Вилді һəм жексұрын əзəзілді
аласта, алдағы қаһардан бойыңды аулақ сал. Абай бол, деймін саған. О,
мейірімі шексіз Құдай үшін! От-жалынды құрдымнан аулақ жүр!
Қарт Вилдадтың сөзінде тəураттық жəне жергілікті лепестермен
ғажап үйлесім тапқан теңізші тіршілігінің жаңғырығы əлі де сақталып
қалыпты.
- Бар, бар, Вилдад, біздің гарпуншымызды бүлдірмей ары жүр,- деп
Фалек килікті. -Діндар гарпуншылар түкке жарамайды. Бұдан олардың
күллі айласы құриды. Айласыз гарпуншыдан не пайда? Жас пері Над
Свейннің қандай гарпуншы болғаны есіңде ме? Бүкіл Нантакет пен
Вайньярдта одан асқан ер жүрегі жоқ еді. Бірақ ол ғибадатқа бара
бастады, ақыры, содан оңбады. Өзінің жаман-жəутік жанына бола
қорқатыны соншалық, вельботын құйрығымен сүйкеп кетсе,
жəһаннамға жөнеліп кетіп жүрермін деген қауіппен киттерден
қашқақтап айналып өтетін болды.
- Фалек, Фалек, - деп сөйлеген Вилдад көздері мен қолдарын көкке
көтерді. - Сен өзің де, мен сияқты, талай қауіп-қатерді бастан кештің.
Өлім қорқынышының не екенін сен білесің ғой, Фалек. Осыншалық
имансыз боссөзділікке салынуға дəтің қайтіп барады? Өзіңе ғайбат
жасама, қолыңды жүрегіңе қойып ағыңнан жарыл, Фалек, тап осы
"Пекод" Жапон жағалауындағы дауылда барлық үш мачтасынан
бірдей айырылғанда - сонда Ахавтың көмекшісі болып жүзіп
жүргенсің, есіңде ме? - міне, сол кезде сен өлім мен құдайдың қаһары
туралы ойламап па едің?
- Сендер тек мұны тыңдап көріңдер! - деп айқай салған Фалек
қолдарын қалталарына сүңгітіп, тар каютада əрлі-берлі жүріп кетті.
- Бəрің де есіттіңдер ме, ə? Ойлап қараңдар! Кеме кез келген минутта
су түбіне кетуі мүмкін ғой! Сонда өлім мен құдайдың қаһары туралы
ойлау керек пе екен? Үш мачтамыз бірдей тозақ гүрсілімен жақтауды
соғып, кеменің артынан да, алдынан да тау толқындар үстімізден
ұрғылап жатқан кезде! Осы кезде өлім мен құдай қаһары туралы ойлау
керек пе? Жоқ, біздің өлім жайлы ойлауға уақытымыз болмады. Өмір капитан Ахав екеуміз, міне, не жайында ойладық. Команданы қалай
құтқару керек, жаңа мачталарды қалай орнату керек, ең жақын айлаққа
қалай жету керек - сол кезде менің ойлағаным, міне, осылар.
Вилдад тіл қатпады; ол бешпентінің барлық түймелерін салып, паң
қалыппен палубаға бет түзеді, біз соңынан ердік. Ол осы арада аялдап,
шкафутта гротмарсельді жөндеп жатқан желкенші шеберлердің
жұмысын жайымен бақылап тұра берді. Оқта-текте еңкейіп, құдай
салмасын, босқа рəсуа болмас үшін кенептің немесе шайырланған
жіңішке арқанның үзік-қиықтарын теріп алып тұрды.
XIX тарау
ПАЙҒАМБАР
- Бауырлар, сіздер мына кемеге жалдандыңыздар ма?
Бір бейтаныс тап алдымызға тоқтап, өзінің жуан сұқ саусағын
аталмыш кеменің қабырғасына қарай шошайта, бізге осы сауалды
қойған кезде Квикег екеуміз "Пекодтан" жаңа ғана шығып,
əрқайсымыз өз бетімізше ойға шомып, жағалауда баяу жүріп келе
жатқанбыз. Бұл адам үстіне əбден тозығы жетіп, түсі оңған бушлат пен
жамау-жамау шалбар киіпті, ал, мойнына бір тұтам қара орамал байлап
алыпты. Баттасқан бетінде қорасан айғыздамаған жер қалдырмай,
тасқын судың қаңсыған ирек-ирек арнасын еске түсіріп тұр.
- Сіздер анда жалдандыңыздар ма? - деп ол өзінің сұрағын
қайталады.
- Пайымдауымша, сіз "Пекод" кемесін айтып тұрған боларсыз? - деп,
түр-түрпатын анықтап қарап алу үшін кішкене уақыт ұтуға тырысып,
мен қайталап сұрадым.
- О, иə, "Пекодтың" тап өзі, əнеки, анау тұрған кеме, - деп қолын
артына сери растады ол, содан соң оны жұлқи алға созғанында
шошайған саусағы нысанаға құдды найзаша қадалды.
- Иə, - деп жауап бердім мен, - біз онда жаңа ғана қағаздарға қол
қойдық.
- Қағаздарда сіздердің жандарыңызға қатысты ештеңе ескерілген
жоқ па?
- Неменеге қатысты?
Ə, ол əуелі сіздерде жоқ та шығар, - деп ол тез-тез сөйледі, - бұлай
келгенде, бұл онша маңызды да емес. Мен жандары жоқ көп
адамдарды білемін, - олардың маңдайларының бағы бар. Жан
іштеміміз - арбаның бесінші доңғалағы сияқты.
Сен не деп күңкілдеп тұрсың, достым, - деп, мен таңғалдым.
Бірақ оның артықтығы бар, сол басқалардың кемістігін толтыруға
кетеді, - деп тұжырды ол, "оның" деген сөзге бір ерекше, үрейлі екпін
жасап.
- Жүр кеттік, Квикег, - дедім мен, - мына сабаз, сірə, бір жақтан
қашып шыққан болар. Оның кім жайында жəне не жайында айтып
тұрғаны екеумізге беймағлұм.
- Тоқтаңдар! - деп айқай салды бейтаныс. - Сендер дұрыс
айтасыңдар - өйткені, сендер əлі Қарт Дүлейді көрген жоқсыңдар қой,
рас па?
- Қарт Дүлей дегенің кім ол? - деп сұрадым оның ессіз даусының
мəнділігі тоқтатқан мен.
- Капитан Ахав.
- Не? Біздің кеменің капитаны ма? "Пекодтың" капитаны ма?
- Иə, біз секілді қарт теңізшілердің көпшілігі оны осы есіммен
атайды. Сендер оны əлі көрген жоқсыңдар ғой, солай ма?
- Əзірше жоқ. Ол сырқаттанып қалды, дейді, бірақ қазір тəуір болып
келеді, көп кешікпей құлан-таза сауығып шығады.
- Құлан-таза сауығады, ə? - деп қайталады бейтаныс табалағандай
əлдебір мысқылды күлкімен. - Капитан Ахав менің сол қолым
сауыққанда ғана сауығады, одан ерте емес, естимісіңдер?
- Ол жайында сіз не білесіз?
- Ал, сендерге ол жайында не айтып еді?
- Олар мардымды ештеңе де айтқан жоқ; мен тек оның жақсы кит
аулаушы жəне өз матростарына жақсы капитан екендігін ғана естідім.
- Дұрыс, мұның бəрі солай - анасы да, мынасы да рас. Бірақ ол
бұйырған кезде, міне, бұл арада бұрылуға тура келеді. Бақырыпшақырғаннан ештеңе шықпайды, Ахав айтса болды - заң. Алайда, ол үш
күн жəне үш түн бойы тіршілік белгісін бермей жатқан жолы Горн
мүйісінің жанында бастан кешкені жайында; Испандықпен Сантадағы
мехраб алдында болған қиян-кескі айқасы жайында - осылар жайында
сендер ештеңе естімеп пе едіңдер? Ал, ол түкірген күміс құты жайында
ше? Жəне де соңғы сапарда сəуегейліктің айтқаны келіп, оның сол
аяғынан айырылғаны жайында ше? Осының бəрі жайында, осы жəне
де басқа бірдеңелер жайында сендер шынымен ештеңе
естімегенсіңдер ме? Əрине, сендер бұл жайында естіген жоқсыңдар
ғой, қайдан білесіңдер? Жалпы, бұл жайында, тіпті, біздің Нантакеттің
өзінде, кім біледі? Əйткенмен, аяғынан қалай айырылғаны турасында
сендер қайткенмен де естіген-ақ шығарсыңдар? Иə, иə, көріп тұрмын,
сендерге бұл жайында айтып па еді? Яғни қазір оның тек жалғыз аяғы
ғана қалғандығы, ал, екіншісін кашалотпен қақтығыста жоғалтқаны
жайында?
- Достым менің, - деп тоқтаттым оны, - сіздің мұнда не деп бөсіп
тұрғаныңызды мен білмеймін жəне де білгім де келмейді, себебі, маған
сіздің есіңіз онша-мұнша дұрыстау емес сияқты боп көрінеді. Бірақ егер
сіз капитан Ахавты, анау тұрған "Пекод" кемесінің капитанын
меңзеген болсаңыз, оның аяғына қатысты жайлардың барлығы маған
мағлұм екенін мəлімдеуге мұрсат етіңіз.
- Барлығы мағлұм деймісіз? Осыған өзіңіз сенімдімісіз, ə?
- Əбден сенімдімін.
Тағы бір сəт бейтаныс мазасыз ойға шомып, "Пекодтың" тұрқына
саусағын шошайтып, көзін тіккен қалпында қыбырсыз тұрды да, сосын
селк ете түсіп айтты:
- Сендер қабылданып қойдыңдар ғой, солай ма? Аттарың тізімде
көрсетілген бе? Амал қанша, жазылып қойған нəрсе - жазылған,
болатын нəрсе болмай қоймайды, кім біледі, бəлкім, дегенмен де
болмайтын шығар. Қалай болғанда да, барлығы алдын ала шешіліп,
күні бұрын жазылып қойылған. Матростардың əйтеуір біреуі сонымен
бірге баруы керек қой. Не осымен, не болмаса басқа біреумен, не де
болса, оларға Жаратқанның рақымы түссін. Қош болыңдар, бауырлар,
қош болыңдар, тіл жетпес арсының шапағаты тисін сендерге.
Жолдарыңнан қалдырғаныма кешірім еткейсіңдер.
- Тыңдаңыз, достым, - дедім мен, - егер бізге айтатын маңызды бір
нəрсеңіз болса, айтыңыз, ал, керісінше, əншейін біздің басымызды
қатырып, қорқытуды ойлаған болсаңыз, онда қатты қателесіп тұрсыз.
Сізге айтқым келгеннің бары осы.
- Жəне де жаман айтылған жоқ, тым тəуір айтылды, мен осылай
жатық сөйлегенді жақсы көремін. Сендер оған əбден жарайсыңдар,
сендер сияқты адамдар оған қолайлы. Қош болыңдар, бауырлар. Иə,
ұмытып барады екем: онда барғанда сəлем айтыңдар, мен оларға
қосылмағанды жөн көрдім.
- Жо-жоқ, қымбаттым менің, бізді бұлай ақымақ қыламын деп,
ойламаңыз. Өзіңе ұлы құпия белгілі дегендей кейіпке ену - оңайдың
оңайы.
- Қош болыңдар, бауырлар, қош болыңдар.
Қош болыңыз, - деп жауап қаттым мен. - Жүр, Квикег, мына есуастан
аулақ кетейік. Əйтсе де, тоқтай тұрыңыз, мархамат, айтыңызшы маған,
атыңыз кім?
Илия.
Илия деп ойша қайталадым да, біз осы бір жалба-жұлба кəрі
магросты əрқайсымыз өзімізше талқылап, ары қарай адымдап жүрдік;
ақырында екеуміз де, өзін сұмдық құбыжық етіп көрсетуге қанша
тырысқанымен, ол бар болғаны ұсақ алаяқ дегенге тоқталық. Алайда,
жүз ярд та жүрмей жатып, бұрыштан айнала бере кездейсоқ артыма
қарап едім, біршама қашықтықта соңымыздан ілесіп келе жатқан тап
жаңағы
Илияны
көрдім.
Бұл
жайдың
мені
бір
түрлі
мазасыздандырғаны сонша, Квикегке лəм деп тіл қатпадым, əйтсе де
бейтаныс та сол бұрыштан бұрыла ма екен деп, соны білуге
шыдамсызданып, ілгері жүре бердім. Айтқандай-ақ, ол бұрылды, сонда
мен ол, сірə, біздің ізімізді бағып жүрген шығар деп ойладым, алайда,
не мақсатпен аңдитынына миымды жеткізе алмадым. Оның жартылай
тұспалдарына, жартылай əшкерелеулеріне толы екі ұшты, құпия
сөзімен ұштасқан бұл жағдай менің жанымда əлдеқалай "Пекодқа",
капитан Ахавқа, оның сол аяғына, горн мүйісінің жанында талып
қалуына, күміс құтыға, кеше мен кетер кезде капитан Фалектің маған
ол жайлы айтқанына, балгер Тистигтің сəуегейлігіне, біздің алдағы
жүзу сапарымызға жəне басқа да мыңдаған тұманды нəрселерге
байланысты неше түрлі бұлдыр түсінбестіктер мен бықсыған шала
сезіктер тудырды.
Мен мына жалба-жұлба Илияның бізді шын мəнісінде аңдып
жүрген-жүрмегенін қайткенде де анықтауға бекініп, Квикегпен бірге
көшенің арғы бетіне өттім де, кері бағытта аяңдадым. Бірақ Илия, сірə,
бізді мүлдем де байқамастан, қасымыздан өте шықты. Мен бойымда
бір жеңілдік сезіндім, əрі тағы да, осы жолы, пайымдауымша,
түпкілікті түрде, іштей ол бар болғаны ұсақ алаяқ деген тұжырым
жасадым.
XX тарау
БАРЛЫҒЫ ҚОЗҒАЛЫСТА
Осыдан екі күн өткенде "Пекодтың" үсті түгелдей қозғалысқа келді.
Енді ескі желкендерді жөндеп қана қоймай, сонымен қатар тайланған
кенеп жəне шумақталған арқандармен бірге жаңаларын да əкелді, - тоқ
етерін айтқанда, барлығы да кемені жасақтау жөніндегі жұмыс
жылдам аяқталып келе жатқандығынан хабар берер еді. Капитан
Фалек енді жағалауға мүлдем түспей қойды, ол күні бойы өзінің
вигвам-лашығында
отырып,
матростардың
жұмысын
асқан
қырағылықпен қадағалады; жағалаудағы барлық алыс-беріс пен сауда
Вилдадтың құзырында болды, ал, трюм мен мачталарда адамдар қас
қарайғанға шейін еңбек етті.
Квикег қағаздарға қол қойған күннің ертеңінде "Пекодтың"
матростары тұрған жерлердің бəріне түнге қарай барлық сандықтар
кеменің үстіне жеткізілуі тиіс деп хабарланды, себебі, кеме кез келген
сəтте жүзіп кетуі мүмкін. Сондықтан да Квикег екеуміз өзіміздің көржерімізді кемеге апарып қойдық, алайда, жүзіп кеткенге шейін өзіміз
жағалауда түнеуге ұйғардық. Бірақ осындай жағдайларда қалыптасқан
дəстүр бойынша, ескерту ертерек берілген екен, сөйтіп, кеме айлақта
тағы бірнеше күн тұрды. Бұған таңдануға да болмайды: "Пекод"
түпкілікті жабдықталып болғанға шейін əлі де көп нəрсе тындырып,
əлі де көп жайттар жөнінде толғану керек еді.
Үй шаруашылығы сияқты мəселеде - кереуеттер, табалар, пышақтар
мен шанышқылар, күректер мен тістеуіктер, майлық - сулықтар,
жаңғақ шағатын қысқыштар жəне толып жатқан басқа - қаншама көп
заттар қажеттігі əркімге мəлім. Бақалшылардан, қыдырма
сатқыштардан, дəрігерлерден, наубайлар мен банкирлерден алыстағы
мұхитта аттай үш жыл бойы үлкен шаруашылықты жүргізуге тура
келетін кит аулау сапарында да тап солай. Мұның бəрі, əрине, сауда
кемелеріне де қатысты, бірақ кит аулайтын кемелердің жөні бөлек,
көмейі кеңірек, мұқтажы көбірек. Өйткені, жүзу сапарының
ұзақтығынан, кəсіпке аса қажетті заттардың қисапсыз көптігінен жəне
солардың қорын əдетте осы кемелер кіретін қиыр айлақтарда
толықтырып жаңалаудың мүмкін еместігінен бөлек, тағы бір ескеретін
жай сол, барлық кемелердің ішінде нақ осы кит аулағыштар неше түрлі
қауіп-қатерге тап болғыш, əсіресе, күллі кəсіпшіліктің сəттілігін
қамтамасыз етуге қажет заттарды жоғалтатын қауіптерге ұшырағыш.
Сондықтан, мұнда қосалқы вельботтар, қосалқы рангоут, қосалқы
гарпундар мен қарамайланған арқандар болады - басы артық капитан
мен қосымша кемеден басқа, мұндағы дүние атаулы түгелдей қосалқы.
Біздің аралға келген шағымызда "Пекодтың" трюмдарына сиыр еті,
нан, су, отын, темір құрсаулар мен күбі тақтайшалары барынша лық
толтырылған болатын. Соған қарамастан, алдында айтқанымдай,
осыдан кейін де бірнеше күн бойы неше түрлі үлкенді-кішілі
толықтырулар мен молықтырулар тасымалы толастамады.
Қазір тасымалмен жəне тиеумен айналысып жүргендердің ішіндегі
басты адам капитан Вилдадтың қарындасы, арықша келген, айрықша
өжет əрі қайсар мінезді, бірақ сонысына қарамастан, сірə, қолынан
келгенше, "Пекодта" олқылық болдырмауға (өкінген өте ақ көңіл
кəртəміш бикеш. Ол біресе кеме қоймасына қаралған тұздалған тағам
банкасын ұстап палубаға келе қалады, Əсіресе, əдетте, кеме
журналына жазбалар түсірілетін аға көмекшінің үстеліне қою үшін бір
буда қауырсынды алып асығып бара жатады; əйтпесе, əлдебіреудің
суық тиген белін жылыту үшін бір шөкім фланель алып келеді.
Дүниеде бірде-бір əйел заты өзінің атына осыншалық сай келмеген
шығар, себебі, осынау қамқор ханымның аты Харита, Мейірімділік, жұрттың бəрі атайтындай, Харита апай болатын. Қайырымдылық
бикеші тəрізді, осынау мейірбан апай Харита өзінің сүйікті ағасы
Вилдадтың іскер мүдделері байланысқан əрі өзі де қиын күнге
сақтаған ондаған долларларын салған кеменің үстіндегі адамдардың
қауіпсіздігіне, жайлылығы мен жұбанышына қызмет еткеннің бəрін
жұмсақ алақанымен, жылы жүрегімен мейірленіп аялауға əзір
қалпында күні бойы осы төңіректе əбігерленеді де жүреді.
Əсіресе, соңғы күні осынау аса ізгілікті квакер əйел бір қолында кит
майына арналған ұзын ожау, ал, екіншісімен - одан да ұзынырақ, китке
сілтейтін шанышқы ұстап палубаға көтерілгенде мүлдем ғажап
көрініске бөленді. Вилдадтың өзі, капитан Фалек, екеуі де қалыспады.
Мысалы, Вилдад жетпейтін заттардың сала-құлаш тізімін өзімен бірге
алып жүріп, жүктердің жаңа легі келген сайын қағазына бірден белгі
салып отырды. Мезгіл-мезгіл сүйек апанынан сүрініп-қабынып Фалек
атып шығып, қақпақтан төменде жұмыс істеп жүргендерге бақырыпшақырды, жоғарыда мачталардағы жабдықтарды реттестіріп
жүргендерге айқайлады, ақыр соңында, сол бақырып-шақырған
күйінде артқа шегініп, өзінің вигвамына кіріп жоғалды.
Бұл күндері Квикег екеуміз кемеге жиі келіп тұрдық, сол келістерде
капитан Ахав туралы, оның денсаулығы туралы жəне өз кемесіне
қашан келетіні жайында сұрастырудан мен де жалықпадым. Барлық
сұрақтарыма алған жауаптардан мен капитан Ахавтың жайы
анағұрлым жақсарғанын, тəуір боп келе жатқанын жəне кемеде оны
күннен-күнге əне-міне күтіп отырғанын білдім, ал, əзірше капитандар
Вилдад пен Фалек кемені жарақтандыру жөнінде бар міндетті өз
мойындарына алған. Егер өз-өзіммен ақырына дейін адал болсам,
ашық теңізге шыға салысымен кемедегі тежеусіз өктем əмір иесіне
айналуға тиісті адамды бір де көрместен осыншалық ұзақ жүзу
сапарына аттанудың мені аса қызықтырмағанын жан дүниеммен
айқын түйсінген едім. Бірақ кейде, бір жамандықтан күдіктенген
кезде, егер осы іске беріліп кеткен болсаң, күллі күдіктеріңді, тіпті,
өзіңнен өзің ойсыз жасыруға тырысатын жағдай да ұшырасады. Мен
лəм-мим деп тіл қатпадым һəм ештеңе ойламауға тырыстым.
Ақыры ертеңгі күннің өне бойында біздің жүзіп кетуіміз ықтимал
деп хабарланды. Сондықтан, келесі таңда Квикег екеуміз елең-алаңнан
кемежайға жөнелдік.
XXI тарау
КЕМЕГЕ КЕЛУ
Біз кемежайға келіп кіргенде сағат алтының шамасы болатын, бірақ
сұрғылт тұманды таң енді ғана білініп келе жатты.
- Меніңше, ана алдыңғы жақта əлдебір матростар жүгіріп барады, дедім мен Квикегке. -Бұлар, енді, көлеңке емес қой. Сірə, біз күн шыға
жүзіп кететін шығармыз. Жүр тезірек!
- Тоқтаңдар! - деген дауыс шықты, дауыстың иесі артымыздан
білінбей келіп, əрқайсымыздың иығымызға қолын салды да, қысылыпқымтырылып арамызға кіріп, енді алға сəл ұмсына, тесірейген
түсініксіз көздерін Квикегтен маған аударды. Бұл Илия еді.
- Кемеге бара жатсыңдар ма?
- Ей, сіз, қолыңызды тартыңыз, естимісіз? - дедім мен.
- Сенікі аулақ жүр, - деді Квикег, оның қолын иығынан сілкіп тастап.
- Сонда сендер кемеге бара жатқан жоқсыңдар ма?
- Жоқ, кемеге, - деп жауап бердім мен. - Бірақ онда сіздің шаруаңыз
қанша? Білесіз бе, мистер Илия, меніңше, сіздің көп - көрім
көргенсіздігіңіз бар ғой деймін.
- Жоқ, жоқ, мұны білген жоқпын, - деп тіл қатты Илия, өзінің
таңданған тылсым жанарын менен Квикегке баяу аударып.
- Илия, - дедім мен сол кезде, - егер дереу тайып тұрсаңыз, менің
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.