Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 30

Total number of words is 4022
Total number of unique words is 2357
28.9 of words are in the 2000 most common words
41.5 of words are in the 5000 most common words
49.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бекініп, құйрығын басына қарай бейімдей бұрып жатады, міне,
жақында ғана осы құрсақта жатқан тым ыңғайсыз қалыбынан денесі
тек енді зорға түзеліп үлгергенімен, ол аса тентек болып шықты. Оның
бүйірдегі жұмсақ жүзгіш қанаттары мен құйрығының қалақтары жаңа
ғана жат елдерден келіп жеткен сəбидің салпаң құлағындай əлі де
ұйпаланған, əжімді түрін сақтады.
Жақтау сыртына еңкейген Квикег кенеттен: - Арқан! Арқан! - деп
айқайлап жіберді. -Мынау гарпундалған! Кім арқандап алған? Гарпун
лақтырған кім? Бірден екі кит - біреуі үлкен, екіншісі кішкентай!
- Əй, жігіт, саған не болған? - деп Старбек аң-таң.
- Сенікі анда қарасаңшы! - деп жауап қатқан Квикег қолымен төменгі
жақты нұсқады. Жараланған киттің күбіден жүздеген сажын арқанды
тартып алып, тереңдегі тиісті уақытты өткергеннен кейін су бетіне
қайтадан жүзіп шығып, оның соңынан шұбатылған жіп көрінетін кезде
болатындай, қазір де Старбек Левиафан ханымның кіндігінің бос
тұзақтарын көрді, олар жас бұзауды əлі де болса анасына қатырып
байлап тастағандай еді. Көбінесе жанталасқан аңшылық кезінде осы
табиғи арқан өзінің енесіндегі ұшы арқылы кендір арқанмен тоғысып,
осылайша, бұзау да ұсталынып қалады. Осынау сиқырлы тоғанда бізге
теңіздің ең бір ақылға сыйымсыз құпиялары ашылды. Біз тұңғиық
тереңде жас левиафандардың махаббат қызығына батқанын көрдік.
Осылайша, абыржу мен үрей құрсауындағы осы жұмбақ
жаралмыштан шеңбердің қақ ортасында неше түрлі ермектерге еркін
де ессіз күйде беріліп, махаббат ойынының қызық-шаттығы мен
лəззатына алаңсыз кенеледі. Бірақ мен өзім де тап осылай, өз
болмысымның тулаған Атлантикасында іштей үнемі бір меңіреу
тыныштық күйде жүрем ғой; бетімен лаққан апаттардың алып
планеталары төңірегімде айналып жүрген сол бір шақта ана жақта, өз
жанымның асыл сырлар тұнған қазыналы тереңінде мен бəрібір
шаттықтың нұр сəулесіне шомыламын.
Біз, бейне арбалып қалғандай, бір орында тапжылмай тұрған əзірде,
қашықтан аңдалған кейбір белгілерге қарағанда, қалған вельботтар əлі
де кит қосынының шетін тым-тырақай етіп дүрліктіре əрекет жасады
немесе, бəлкім, бірінші шеңбердің шегінде ұрыс салып жатты, ол тұста
еркін қимылдайтын кеңдікте, шегінерлік сенімді мүмкіндік те мол еді.
Бірақ оқта-текте алыстан заулап, шеңберлерді көктей өтіп жатқан аса
ашулы сүйреткілі киттер əлі кішкенеден кейін көресінді көрсеткен
кездеріндегідей қорқынышты бола қойған жоқ-тын. Əдетте, ерекше
күшпен һəм ептілікпен дараланған китті арқандаған кезде кит
аулаушылар оның "сіңірлерін қиып жіберуге", яғни, құйрықтағы
алпамсадай жүзгіш қанатын кескілеп, жарақаттап тастауға тырысады.
Бұл үшін оған жіп байланған қысқа сапты фленшерлік күрек
лақтырады, сосын күректі сол жіптің ұшынан саумалап тартып кері
шығарады. Кейіннен білгеніміздей, құйрығынан онша елеулі емес
жарақат алған бір кит гарпун арқанының жартысын соңынан шұбата,
жұлқынып, вельботтан аулақ қаша жөнелген, енді ол айналасында
үрей мен абыржушылық туғызып, Саратоға түбіндегі шайқастағы
жаужүрек
жалғыз
салт
атты
Арнольдқа
ұқсап,
шеңбер
айналушылардың арасында қан қақсаған ауыр азаппен аласұра
жүйткіді.
Бұл жарақат қандай азапты бола тұрса да жəне жалпы алғанда, бұл
көрініс қаншалықты үрей ұшырарлық болып көрінсе де, əйткенмен, ол
бүкіл үйірге таратқан қатты қорқыныштың əуелде бізге қашықтық
байқатпаған себебі басқа болатын.
Кəсіптегі түсініксіз кездейсоқтықтан бұл киттің өз соңынан тартып
əкеткен арқанға шырмалып қалғанын біз тек кейін ғана кенеттен
көрдік; қаша жөнелгенде ол сондай-ақ құйрығындағы фленшерлік
күректі де ала кетіпті; енді соған байланған жіп кит құйрығына
оратылған гарпун арқанына шиеленіп, матасып қалыпты, ал күректің
өзі оның денесінен ақырындап босап шығыпты. Міне, сөйтіп,
ауырғаннан есі шыққан ол толқындарды алай-дүлей тулата,
бұлықсыған құйрығын бар пəрменімен соққылап, өз жолдастарын
оңды-солды жайрата, ерем қаптырып, су үстінде өткір күректі
сермелей берді.
Ажал сепкен осы қару бүкіл үйірді билеп алған астан-кестен
дағдарыс бұғауын бырт-бырт үзіп жібергендей болды. Əуелі біздің
көліміздің шетіндегі киттер, құдды мелшиген жалдардың
лақтырылғанындай, бір-біріне көзсіз соқтығыса, үйме-жүйме болып,
өрекпи тынышсызданды; содан соң көлдің өзі де аз-аздап толқындана
бастады; су астындағы жұптасу һəм балалар жатынжайлары көзден
ғайып болды; сөйтіп, киттер ішкі шеңберлер бойымен барған сайын
неғұрлым тығыз топтаса, жыбыр-жыбыр қозғалысқа келді. Иə, ұзаққа
созылған желсіз тымық аяқталды. Көп ұзамай ақырын болса да,
алқымдай жақындаған гуіл естілді; міне, енді, көктем сайын ұлы
Гудзон өзенінде күркірей жүрген сеңдер сияқты, тұтас кит əскері
құдды бір биік тау болып үйіліп қалуға ниеттенгендей, ортада үймежүйме болысты. Тап сол мезетте Старбек пен Квикег орын
алмастырды; Старбек қолына бағыттаушы ескекті алды.
- Ескектерді! Ескектерді! - деп қатаң сыбырлай бұйырды ол
құйрықта жайғасқан соң. -Ескектерді мықтап ұстап, жандарыңды бір
құдайға тапсырыңдар! Уа, қане, қане, дайындалыңдар! Берші анаған
жақсылап, Квикег, - əне, əне, анау китке! Шаншып жібер! Жайратып
соқ! Түрегел, түрегел, отырма деймін! Жабылыңдар, жігіттер, бас,
заула! Бұларға көңіл аудармаңдар, тура арқаларынан айдап өтеміз!
Басыңдар!
Бұл шақта вельбот созылыңқы бүйірлердің арасындағы енсіз
Дарданел бұғазымен сырғанап бара жатып, екі алып қара ұша
арасында қысылып қала жаздады. Бірақ жанталасқан бір серпінмен біз
бір сəтке неғұрлым ашығырақ жерге шықтық та, бірден қапталға кілт
бұрылып, қайтадан апыл-ғұпыл өткел іздей бастадық. Бірнеше рет
опат болуға шақ қалып, ақыры жүйткіген бойда жуықта ғана сыртқы
шеңберлердің бірі болған, енді киттер осы арқылы жан-жақтан
шұбырып ортаға қарай ағылып жатқан айдыншаға өтіп кеттік.
Жолымыздың бұлай оңғарылғанына біз арзан төледік - Квикег
қалпағынан айырылып қалды, қарсы жолыққан киттерді үркітіп
тұмсықта тұрғанында һəм біздің жақтаудың тап қасындағы алып
құйрықтың соққысы көтерген əуе құйыны солардың үстінен соғып
өткенде, қалпақ оның басынан өзі ұшып кетті.
Жалпы қозғалыс қандай ретсіз опыр-топыр, қандай əбігер
болғанымен, алайда, ол көп ұзамай əлдебір қисынды пішінге келді; бір
тығыз шоғырға топталған киттер қарқындарын үдетіп, қайтадан қаша
жөнелді. Бұдан əрі қуалау пайдасыз еді; бірақ жарақаттанып кейін
қалған сүйреткілі балықтарды жиып-теріп, əрі Фласк жайратып, суға
тастаған китті сүйретіп апару үшін вельботтар əлі көп уақыт суда
қалды. Мұндай киттерді əрбір вельботта бірнешеуден болатын ұзын
сырықтағы жалауша астында қалдырады, егер жақын маңда тағы да
басқа жануар жүрсе, мынаны алыстан байқау жеңіл болу үшін һəм маңайда бөтен вельботтар пайда болған жағдайда - олжаның ақ-адал
иесін таңбалау үшін жалаушалы сырықты өлтірілген киттің тура
қалқып жүрген ұшасына қадайды.
Осы өткен аңшылықтың жемістері кит аулаушылардың: кит
неғұрлым көп болса, олжа соғұрлым аз деген дана мақалдарының
əділдігін əдемі дəлелдеді. Жарадар етілген балықтардың ішінен тек
біреуі ғана ұсталды. Қалғандары əзірше құтылып кетті, əйткенмен, осы
құтылғандарының өзі, кейін көретініміздей, басқа аңшылардың
қолына түсіп, тұтылу үшін ғана.
LXXXVIII тарау
МЕКТЕПТЕР МЕН
МҰҒАЛІМДЕР
Өткен тарауда қисапсыз қалың əскер хақында, немесе, дəлірек
айтқанда, кашалоттар үйірі жөнінде əңгіме етілді, осындай жиын
тобырдың құралуына алғышарт жасайтын ықтимал себеп туралы
жорамалдар да сонда айтылды.
Осы ұлы қосындар анда-санда мұхиттарда шын мəнісінде де
кездесетіндігіне қарамастан, сонда да болса, оқырман ендігі байқаған
да шығар, кемінде елу басты құрайтын бытыраңқы шағын үйірлерге
əлі күнге шейін ұшырасып қалатын жағдайлар сирек емес. Мұндай
үйірлер "мектептер" деген атпен белгілі. Олардың, əдетте, екі түрі
болады: кейбіреулері тек түгелдей дерлік ұрғашылардан тұрады, ал
басқалары өз тобына тек бұлықсыған жас еркектерді ғана, немесе,
қарапайым тілмен айтқанда, бұқаларды енгізеді.
Ұрғашылар мектебінің басынан сіз əрдайым бойын сыпайы
қамқоршылдық кернеген, əбден ересек, бірақ кəрі емес, ірі еркек китті
ұшыратасыз, ол құйттай қауіп белгісі білінсе-ақ, өз ханымдарының
шегінуін сырттан бекзаттықпен қорғайды. Сайып келгенде, бұл
мырзакері əлемді өзінің наз қылықты харам сарайымен бірге айнала
саяхаттап жүзіп жүрген бай түріктің нағыз өзі. Бұл түрік пен оның
кəнизактарының арасындағы айырмашылық жер мен көктей: ол
левиафандық толағай ірілікпен ерекшеленеді, сол бір шақта, тіпті,
əбден ересек ханымдардың өздері орташа еркек кит үлкендігінің
үштен біріне əрең қарайласады. Олар, былайша айтқанда, тым-ақ əсем
жаралмыштар, белінің жуандығы, қадари- халінше, алты ярдтан аса
қоймас. Əйткенмен де, жалпы, оларға тұқым қуалаған en bon point' тон
екендігін теріске шығаруға болмайды.
Мұндай харам сарайының өз мырзасымен бірге толқындарда
манаурай серуендеп жүргенін бақылаудың өзі қызық-ақ. Ақсүйек
қауымның сандалбайлары сияқты, дырду-думан қуалап, олар үнемі
қаңғырып-кезіп жүреді. Тропикалық маусымның ең қызған шағында
оларды экватордан кездестіруге болады, бəлкім, мұнда олар діңкеге
тиетін жазғы ыстықтан оңтайын таба жылыстап, жазды Терістік
теңіздерінде өткізіп, жаңада ғана оралған болар. Экватор
төскейлерінде едəуір уақыт серуендеген соң олар салқын маусымды
алдын ала сезіп, Шығыс теңіздерге аттанады, сөйтіп,
' Бұл арада: жуандық, келістілік (фр.).
тым жоғары температуралардан осылайша тағы да жалтарып
кетеді.
Осынау мамыражай сапарлар кезінде бекзада Киттің көзіне тосын
да күдікті бірдеңе шалына қалса, ол өзінің қызғылықты отбасына екі
есе көңіл аударып, бақылап-баға бастайды. Қарсы жолыққан əлдебір
əдепсіз жас левиафан ханымдардың біріне күдік тудырарлықтай
жақын қашықтыққа жуықтап кетсе-ақ, оған паша қандай қаһарлы
ашумен дүрсе қоя беріп, қуып жібереді десеңізші! Егер мына сияқты
бұзық ойлы жас перілер ақ баталы отбасы ошағының қасиет-киесіне
зауалсыз қол сұғатын болса, бұл неғылған замандар! Əйткенмен, сөйте
тұра, наша терісіне сыймай қанша титықтаса да, ол бəрібір, тіпті, ең
соғылған сұм Лотариодан да өз төсегін қорғап-қоршай алмайды,
өйткені, өкінішке орай, барлық балықтар бір төсекте түнейді.
Құрылықта ару ханымдарға бола олардың бақталас бас июшілері
арасында көбіне-көп сұмдық жекпе-жектер бұрқ ете түсетіні сияқты,
тап осылай, киттерде де кейде қиян-кескі қақтығыс-төбелес өршиді,
соның бəрі махаббаттың салдарынан. Олар төменгі ұзын жақтарымен
семсерлеседі, соларды айқастырып алып, шайқаста мүйіздерін
шиеленістіретін бұғыларша, əрқайсысы өз артықшылығын паш етуге
үміттенеді. Ауланған киттен мұндай қақтығыстардың өшпес іздерін тыртықтармен айғыздалған маңдайды, сынған тістерді, жүзгіш
қанаттардың кетілген шеттерін, кейде, тіпті, шығып кетіп салбыраған
жақты да көруге болатын белгілі жағдайлар аз емес.
Ал егер отбасының берекесін бұзушы алғашқы тойтарыс беру
əрекеттерінде-ақ харам сарайының əміршісінен тырағайлап қаша
жөнелсе, міне, сол кезде жеңімпазға көз қиығын салу ерекше қызықты
болмақ. Ол өзінің алып ұшасын артқа, харамның қалың ортасынан
абайлап қана қысылдырып-қымтырылдыра алып өтіп, құдды
мыңдаған конизактарының ортасында Жаратушыға тəу еткен тақуа
Сүлеймен сияқты, жас Лотариоға ыза қылардай жақын жерде
жұбайлық бақыттың рақатына батады. Егер маңайда тағы да басқа
киттер болса, кит аулаушы мұндай ұлы сұлтанды аулауға ешқашан
бейіл бермейді, өйткені, ұлы сұлтандардың махаббатта рəсуашылдығы
сонша, олардың май қоры тым аз болады. Олардың жалғанның
жарығына əкелетін ұлдары мен қыздарына келетін болсақ, бұл ұлдар
мен қыздардың өз күндерін өздері көрулеріне, немесе, тек аналық
көмекті ғана місе тұтуларына тура келеді. Себебі, есімдерін осы арада
тізіп өтуге болатын, тамақ талғамайтын басқа да кезбе көңілдестер
сияқты, мырза сері Кит жатынжайға сонша құмар да ынтызар
болғанымен, балалар бөлмесіне
мүлдем селқос; сөйтіп, жиһан кезуге ындыны ғаламат құрып
тұратындықтан, əлемнің шартарабында өзі үшін барлығы да жат
жерліктер мен шетелдіктерге айналған аты-жөнсіз, ата-тексіз
ұрпақтарын қалдырып кете береді. Алайда, уақыт өте келе, оның
бойындағы жастық қызуы бəсеңдеп, егделік пен уайым молайған
шақта, ақылгөйлігі оған салтанатты байырқалау мезгілдерін сыйлай
бастаған шақта, қысқасын айтқанда, тоқмейілсіген түрік шаршап-шалдыққан
кезде, міне, сонда ханымдарға деген махаббатты ізгілік
пен тыныштыққа деген сүйіспеншілік алмастырып, біздің сұлтанымыз
өз өмірінің жаңа кезеңіне - дəрменсіздік, өкініш пен кешігіп келген
сақшылдық кезеңіне аяқ басады, ол тақтан бас тартады, харам сарайын
таратады, сөйтіп, өзі кейігіш те шалдуар шалға айналып, дұға оқып,
һəм жас левиафандарды өзінің нəпсіқұмар жастық шағының
қателіктерінен сақтандырып, ендіктер мен бойлықтарды жападан
жалғыз кезігі жүреді.
Кит харамын балықшылар "мектеп" деп атаған себепті, осы
харамның қожасы һəм əміршісі кəсіпшілікте "мұғалім" деп аталады.
Сондықтан да ол - мұнда бір ғажап мысқыл бола тұрса да - өзі мектепке
баруды қойғаннан кейін дүниені шарлай жүріп, сонда алған білімін
уағыздамай, керісінше жұртқа оның бос əурешілігі мен залалдылығын
тəптіштейтіні бекершілік. Мұғалім атағы үшін ол, сірə, харамның
атауына қарыздар деп пайымдаған абзал болар, алайда, қайсыбіреулер
сұлтан-китке бұл атақты алғаш таңушы, əлбетте, Видоктың
мемуарларын құмардан шыға оқыған деп есептейді, сөйтіп, ол осы
атақты француздың жас күнінде қандай əйбəт ауыл мұғалімі болғаны
һəм оның кейбір шəкірт қыздарының бастарына құйған діни
білімдерінің табиғаты қандайлығы жөнінде өзінің əсерлі түсінігін
қалыптастырған.
Қартайған шағында мұғалім-кит өзін душар ететін томағатұйықтық
пен саяқтық барлық басқа егде кашалоттарды да қалт жібермей бағып,
күтіп түр. Əдетте, оңашалануға бейім левиафандарды атайтындай,
саяқ кит түгендеп-тексере келгенде əрдайым дерлік қаусаған кəрі шал
боп шығады. Сақалын мүк басқан қадірменді Дэниель Бун тəрізді, ол
өзінің қасында тек бір Табиғаттан басқа ешкімнің болғанын
қаламайды, ол оны елсіз суларда əйелдікке алады, одан өзінің көптеген
бұлыңғыр сырларын жасыра тұрса да, табиғат оның əйелдерінің
ішіндегі ең əдемісі болып шығады.
Жоғарыда атап өтілген, тасқын қуатты жас еркектерден ғана
тұратын мектептер харам-мектептерге толық кереғар болып
табылады.
Киттердің
ұрғашылары
төтенше
үркектікпен
ерекшеленетін
болса, жас еркектер, немесе, бізде айтатындай, қырық күбілік
бұқалар жаужүректігімен барлық басқа левиафандардан əлдеқайда
асып түседі, ендеше, олармен кездесу - ойыншық емес; бұлардан
қауіптірегі ғаламат қорқынышты бурыл киттер ғана, олар тым сирек
ұшырасады, есесіне, буын сырқырамасының жанын көзіне көрсеткен
азабымен қаһарланған албастыдай, өлермендікпен, жаннан кешіп
шайқасады.
Қырықкүбілік бұқалардың мектептері ұрғашылар мектептеріне
қарағанда ірірек. Құдды жас мектеп шəкірттерінің тобырындай, жер
жүзін жанталасқан, ессіз жылдамдықпен, заулай шарлаған олардың
бойын жауынгер албырттық, шадыман сайраншылдық пен сотқарсотанақтық кернегені сонша, бірде-бір есі түзу агент Гарвардтық
немесе Йельдік бұзақыны сақтандыруға қалай көнбесе, ол
мыналардың да сақтандыру полисін дұрыстап беруге келіспес еді.
Алайда, олардың бұл құтыруы ұзаққа бармайды; өздерінің түпкілікті
мөлшер-көлемінің төрттен үшіне жеткесін олар əрқайсысы өз бетімен
жан-жаққа бытырап, лайықты серіктер, яғни харам іздеп мұхиттарды
кезіп кетеді.
Киттердің ерлер жəне əйелдер мектептері арасындағы басқа бір
өзгешелік екі жыныс тарабында да басым сипатта байқалады. Егер сіз,
мысалы, қырықкүбілік бұқалардың бірін жарақаттай қалсаңыз байғұсқа тым обалақ! - жолдастары оны тағдыр тəлкегіне тастап
кетеді. Ал харам ішіндегі бір ұрғашы китті жарадар етіп байқаңызшы,
құрбылары оны бірден жанашырлықпен қоршап алады, кейде
қайсарлықпен соның қасында сондай ұзақ болатындығы сонша, өздері
аңшы құрбанына айналады.
LXXXIX тарау
АРҚАНДАҒЫ БАЛЫҚ ҺƏМ
ИЕСІЗ БАЛЫҚ
Алдыңғы тараудағы өлтірілген кит ұшасын жалау астында
қалқытып қалдырған кездегі жағдайларға жасалған сілтеме кит аулау
əлемінде қолданылатын һəм солардың аясында жалау астындағы кит
ұлы нышан əрі салалық белгі ретінде қарастырыла алатын заңдар мен
ережелерге кейбір түсініктер беруді қажет етеді.
Бір жерде бірнеше кит аулағыш кəсіпшілік еткен кезде бір кеменің
вельботы китті жаралап, ал екіншісінің аңшылары оны өлтіріп,
иеленетін жағдайлар аз кездеспейді; қалайда осы жалпы жағдаймен
байланысты бірқатар басқа болжалсыз кездейсоқтықтар да жанама
түрде осыған қосылады. Мысалы, ұзақ та азапты қуғыннан кейін
жақтауға арқандалып бекітілген кит ұшасы қатты дауыл салдарынан
кемеден ажырап қалады: сосын жел алыс бір жақтарға айдап əкеткен
ол басқа кит аулағыштың көзіне шалынып, олар оны мүлгіген желсіз
тымықта өмірлерін де, гарпундарын да қатерге тікпестен, өздеріне
жайбарақат тартып алады. .Осындай барлық жағдайларға арналған
өздерінің жазылған немесе жазылмаған, өмірі күшті бұлжымас
заңдары болмаса, осының кесірінен кит аулаушылар арасында аса бір
келеңсіз һəм қатал дау-дамайлар туып тұрар еді.
Мемлекеттік заңнамалық құжат ретінде бекітілген бірден-бір ресми
кит аулау кодексі, сірə, Голландияда болды ғой деймін. Оны Бас
Штаттар Мəсіх туғаннан бергі 1695 жылы қабылдады. Бірақ ешбір
басқа ұлттың тасқа басылған кит аулау кодексі ешқашан болмағанына
қарамастан, дегенмен де американдық кит аулаушылар бұл істе
өздеріне өздері əрі заң шығарушы, əрі заңды қадағалаушы болды. Олар
қысқалығы мен айқындылығы жөнінен Юстиниан Пандектілері мен
Бөтен Істерге араласпау жолындағы Қытайлық Күрескерлер
Қоғамының Жарғысынан да асып түсетін ережелер жинағын жасап
шықты. Иə, бұл заңдарды королева Аннаның əшекей сауытында
немесе гарпун ұстарасында бедерлеп жазып, жіппен мойынға тағып
жүруге болар еді - олардың қысқалығы сондай:
I. Арқандағы Балық арқанның иесіне тиесілі.
II. Иесіз Балық кім бұрын аулап алса, соныкі.
Бірақ бұл арада барлық кілтипан міндетті түрде жан-жақты əрі
құлаш-құлаш түсіндірмелерді талап ететін осынау тамаша кодекстің
таңғаларлық қысқалығында болып тұр.
Бірінші. Арқандағы Балық деген не? Егер өлі немесе тірі балық,
үстінде адамдар немесе, тым құрыса бір кісісі бар кит аулағышпен
немесе, вельботпен мейлі не арқылы болса да -мачта, ескек, тоғыз
дюймдік темір арқан, телеграф сымы немесе, өрмекшінің өрмегі
арқылы болса да əйтеуір жалғасып жатса, ол арқанға алынған деп
есептеледі. Сонымен қатар жалау астында немесе, иеліктің басқа бір
атаулы белгісінің астында қалдырылған балық арқанға алынған деп
есептеледі; əлбетте, мұндай қарақшы орнатқан жақ өзінің балықты
жиып-теріп алуға қабілеттілігін дəлелдеуі, сондай-ақ, осылай етуге
ниет танытуы керек.
Ғылыми түсіндірмелер осындай, алайда, кит аулаушылардың
өздерінің түсіндірмелері кейде тұздықты сөздерден һəм - Коктың
Литлтонға жасаған шəлкес түсіндірмелеріндей -одан да тұздықты
жұдырықтардан тұрады. Əлбетте, неғұрлым адал əрі дегдар кит
аулаушылар ерекше жағдайлардың болу мүмкіндігін əркез
мойындайды, мұндай кездерде бұрын басқа біреулер ізіне түскен
немесе жараланған китке екінші жақтың өз құқығын ала жүгіруі
адамгершілік тұрғыдағы ғаламат əділетсіздік болар еді. Бірақ жұрттың
бəрі бірдей кірпияз бола бермейді.
Осыдан елу жылдай бұрын бір қызық оқиға болған: ағылшын
кемесінде бір іс қозғалыпты, онда талапкерлердің айтуынша, Терістік
теңіздерде киттің соңынан өліп-талып қуалап, ақыры балыққа
гарпунды қадаған кезде олардың (талапкерлердің) опат болу қаупінен
арқанды ғана емес, өздері тастап кетуге мəжбүр болған вельботтың
өзін де құрбан етулеріне тура келеді. Біршама уақыт өткенде
жараланған китке жауапкерлер (басқа кит аулағыш экипаж) тап келеді
де, оны гарпунға іліп, өлтіріп, өздеріне сүйреп апарып, бұл китті
талапкерлердің көздерін бақырайтып қойып иеленіп, меншіктеп
алады.
Аналар
наразылық
білдіруге
əрекеттенген
кезде
жауапкерлердің капитаны олардың мұрындарының астынан
саусақтарымен шертіп жіберіп, өзінің олжалы болуына байланысты
мінəжат дұғасын бағыштаудың орнына ұстаған сəтте киттің соңында
сүйретіліп жүрген бұлардың арқанын, гарпундары мен вельботын қоса
өзімде қалдырамын деп еш шімірікпестен мəлімдеген. Осыдан соң
талапкерлер енді киттің, арқанның, гарпундар мен вельботтың
шығынының орнын толтыруды талап етті.
Сотта жауапкерлерді мистер Эрскин қорғады, лорд Элленборо
қазылық етті. Қорғау барысында тапқыр Эрскин өз пайымдарын айта
келе, жұбайлық адалдықтың бұзылуы жайындағы белгілі істі алға
тартты: мұнда бір мырза өз зайыбының жаман қылығын жүгендемек
болған нешеме реткі арамтер əрекетінен кейін ақыры оны тіршілік
теңізінде жалғыз қалдырады; алайда, көп жылдар өткен соң ол бұл
ісіне өкініп, оған екінші рет иелік ету құқығын алу жөнінде талап
қойды. Эрекин мұнда зайыбының мүддесін қорғаған екен, ол былай
деп мəлімдеген: мына мырза бұл қорғап отырған əйелді бірінші болып
гарпунға іліп, біршама уақыт арқанда ұстағанымен, тек соның өзінің
төзгісіз бас асаулығының қоймай тартқылауы себебінен ғана ақыры
оны тастап кеткенді; бірақ қалай болса да ол оны тастағаны анық,
сөйтіп, бұл əйел Иесіз Балық болып қалды; сондықтан, кейіннен басқа
бір мырза өзін екінші рет гарпунға ілгенде, ханым өз бойында сорайып
тұрған барлық өзге де гарпундарымен бірге осы келесі мырзаның
меншігіне көшті.
Ал қазіргі істе Эрскин китпен ханымның мысалдары өзара үйлес əрі
бір-бірін ұғындырады деген ескертпемен шектелді.
Бүкіл осы пайымдар мен қарсы пікірлерді тиісінше зейін қойып
тыңдаған ғұлама қазы бұлжытпай мынадай қаулы етті.
Вельботқа келсек, əншейін өз өмірлерін құтқару үшін тастап
кеткендіктен, ол оны талапкерлерге қайтарып береді; таласқа түскен
кит, гарпундар мен арқанға келетін болсақ, бұлар жауапкерлерге
тиесілі; себебі, ұсталған сəтінде кит Иесіз Балық болған, ал гарпундар
мен арқанды кит жұлынып шығып, өзімен ала кеткенде, олар соның
(киттің) меншігіне көшкен; сондықтан, кейіннен балықты иеленген
кез келген кісі соларды да иелену құқығын алады. Балықты
жауапкерлер иеленді; erqo, аталған заттар соларға тиесілі.
Ғұлама қазының бұл шешімімен танысқан қарапайым адамның
қарсылық білдіруі ықтимал еді. Бірақ егерде осы оқиғаның қатпарқыртыстары астындағы негізгі жынысқа жетер болсақ, онда, жоғарыда
келтірілген, ал енді, баяндалған сот ісіне байланысты лорд Элленборо
қолданған һəм түсіндірген, екідайлы кит аулау заңының негізіне
алынған екі ұлы қағида, Арқандағы Балық пен Иесіз Балық туралы осы
қосарланған заңдар, егер байыбына бара ойлансақ, жалпы адамзаттық
заң ілімінің негіздері болып шығады; өйткені, мүсінінің күллі нəзік
сырлы
жұмбақтығына
қарамастан
Заң
ғибадатханасы,
филистимляндықтар ғибадатханасы тəрізді, тек екі бағанда ғана жай
тапқан.
"Меншік - жарты заң" деген нақыл жұрттың бəрінің аузында емес
пе? Яғни, аталмыш заттың əлдекімнің меншігіне қандай жолмен
айналғанында шаруамыз жоқ. Бірақ көбінесе меншік - жарым- жарты
емес, заңның тұтас өзі. Мысалы, Ресей басыбайлыларының немесе
Республика құлдарының қара күші мен жандары заң атаулының аузын
ұрып қойған меншік - Арқандағы Балық емей немене? Ашкөз үй
алпауыты үшін бейшара жесірдің соңғы бақыр тиыны Арқандағы
Балық емей немене? Ал анау, таяқтағы жалаудың орнына есігіне мыс
тақтайша іліп қойған, əшкереленбеген қылмыскердің мəрмəр
сарайының өзі немене? Бұл Арқандағы Балық емес пе? Ал отбасын
асырауға қарыз бере отырып, сормаңдай бейшара Банкроттан делдал
Мардокей алатын тонаушылық пайыз деген не; осы тонаушылық
пайыз Арқандағы Балық емес пе? Ал титықтаған жүз мыңдаған
еңбеккерлердің жартымсыз ірімшікті үзім нанынан архиепископ
Күнəдан Арылтушы өзіне жырымдап алған жүз мың фунт стерлинг
пайда деген не (олардың əрқайсысына, əлбетте, Күнəдан
Арылтушысыз-ақ кешірім дайын); осы қампиған ғаламдық жүз мың
Арқандағы Балық емей немене? Герцог Дөкірдің мұрагерлік қалалары
мен ауылдары
Арқандағы Балық емей немене? Қаһарлы гарпуншы Джон Буль үшін
мүсəпір Ирландия Арқандағы Балық емей немене? Джонатан
бауырдың апостолдық шанышқы лақтырушысы үшін Техастың
Арқандағы Балық болмайтын несі бар? Барлық осы мысалдарда
Меншік - тұтас заңның өзі емес пе?
Егер Арқандағы Балық туралы ілім мұншалық кең қолданыс тапса,
онда оған туыстас Иесіз Балық туралы ілімге сөз де жоқ. Ол бүкіл
дүниежүзілік, ғаламдық қолданысқа ие.
Колумб непан туын қадап, жалау астында өзінің ерлі-зайыпты
патша қамқоршыларының сыбағасы деп қалдырған 1492 жылы
Америка Иесіз Балық болмағанда, немене еді? Орыс патшасы үшін
Польша не болып еді? Немесе, түріктер үшін Греция? Немесе, Англия
үшін Үндістан? Ақырында, Америка үшін Техас не болмақ? Тағы да сол
Иесіз Балық.
Адам Құқығы һəм Барлық Халықтардың Бостандығы дегеніміз Иесіз
Балық емей немене? Ал бүкіл адамдардың ақыл-ойлары мен пікірлері
Иесіз Балық емес пе екен? Немесе олардың діни сенімдері. Жылпосдүмшелер мен əріпшілдер үшін даналардың ойлары Иесіз Балық боп
жүрген жоқ па? Мына жер шарының өзі əншейін Иесіз Балық емес пе?
Ал сен өзің ше, оқырман, сайып келгенде, сен де Иесіз Балық һəм
сонымен қатар Арқандағы Балық емессің бе?
ХС тарау
ҚҰЙРЫҚТАР НЕМЕСЕ БАСТАР
De balena vero sufficit, si rex habeat caput et reqina caudam.
Брайтон 1. 3, c.3.43
Англия заңдарының кітабынан мəтіндік мағынасымен мына
латынша сілтеме осы елдің жағалауларынан, мейлі кім ауласа да,
аулаған əрбір киттің басы, Кит аулаушылар Орденінің құрметті
Магистрі ретінде, корольге тиесілі екенін, ал королеваға, тиісінше,
құйрығы тартылатынын білдіреді. Бірақ кит үшін мұндай бөлініс қақ
бөлгенмен бірдей -ортасында ештеңе қалмайды. Ал бұл заң біршама
өзгертілген түрде Англияда əлі күнге шейін күшін сақтағандықтан əрі
ол көптеген тараптарда Арқандағы Балық һəм Иесіз
Егер басы корольге, ал құйрығы королеваға тисе, китке сол құрмет
те жетер. - Брактон 3-кітап, 3-тарау.
Балық туралы жалпы заңнан үзілді-кесілді бас тарту болып
табылатындықтан, ағылшындық темір жол билігін король əулетінің
мүшелері үшін арнайы вагондар ұстауға шығын жұмсауға мəжбүр
ететін бəз баяғы сыпайыгершілік жөнімен оған осы арада ерекше
тарау арналады. Мен əуелі жоғарыда аталған заңның əлі де күшінде
екендігін əуесқойлықпен айғақтау ретінде осыдан екі-ақ жыл бұрын
болған бір оқиғаны баяндап өтейін.
Дувр, Сэндвич немесе, Бес Айлақтың басқа біреуінің маңындағы
əйтеуір бір жерде бірнеше морт балықшы қиян-кескі қуғыннан кейін
өздері бастапқыда алыстағы теңіз өрінде байқаған толағай китті
өлтіріп, жағаға сүйретіп шығарды. Бүкіл Бес Айлақ, былайша айтқанда,
лорд Бастық деп аталатын полисменнің бе, əлде, бөрікпенің бе, ішінара
- немесе тағы, əлденендей - қарауында. Ол бұл лауазымды тікелей
патшадан алып отырғандықтан, Бес Айлақ аумағынан түсетін король
табыстарының бəрі, əлбетте, соған бұйырады. Кейбір адамдар бұл
лауазымды жұмысы жоқ, қарны тоқ қызмет деп атайды. Бірақ
олардыкі дұрыс емес. Гəп мынада: лорд Бастықтың көбінесе өзіне
тиесілі табыстарды қоқанлоққылап алудан қолы босамайды, олардың
оған тиесілі болатын себебі де сол, ол жұртты қорқытып ала біледі.
Міне, осы күн қақтаған байғұс балықшылар өздерін қымбат май мен
мұртты сатудан түсетін кем дегенде жүз елу фунт стерлингпен
емексіте əрі жалпы пайдадағы өз үлесінің есебінен өз қиялдарында
ендігі əйелдерімен хош иісті шай, ал достарымен күшті эль сырасын
ішіп, жалаңаяқтанып, балақтарын сидиған сирақтарынан жоғары түріп
тастап, семіз олжаны құрғақ жерге əупірімдеп сүйретіп алып шыққан
кезде, кенеттен сахнаға асқан оқымысты пішінмен, бойын
христиандық жалынды адам сүйгіштік кернеген, қолтығына қысқан
қалың Блэкетоны бар мырза шыға келіп, сол кітапты киттің басына
қойып: "Тарт қолдарыңды! Бұл балық, мырзалар, арқанға алынған. Мен
оны лорд Бастыққа тиесілі ретінде алып қоямын", - дейді. Мұндайды
естіп, ізетшіл үрей - нағыз ағылшындық сезім билеген байғұс
балықшылар не айтарларын білмейді, сөйтіп, бəрі бір кісідей
жанталаса желкелерін қасып, сол арада түңілген көздерін киттен
бейтанысқа аударады. Бірақ мұнымен іске жəрдем ете алмайсың жəне
Блэкетоны бар оқымысты мырзаның тас жүрегін ешбір жібітпейсің.
Сонда желкесіндегі баз бір ойларды ұзақ қырғыштаған солардың біреуі
батылы барып, тілге келді:
- Кешіріңіз, сэр, лорд Бастық деген кім ол?
- Герцог.
- Алайда, герцог бұл балықты аулаған жоқ қой.
- Ол герцогқа тиесілі.
- Біз қаншама еңбектендік, өмірімізді тəуекелге байлап, əрі шығын
шығардық, сонда осының бəрі герцогтың пайдасына шықпақ па, ал
біздің табан ақы, маңдай теріміз босқа кетпек пе?
- Балық соған тиесілі.
- Жоқшылық осындай жаннан безген тəсілмен тамақ асырауға
мəжбүр етердей, герцог соншалықты кедей ме?
- Балық соған тиесілі.
- Ал мен болсам, өз үлесімнен ауырып жатқан бейшара анама
қарайлассам деп едім-ау.
- Балық соған тиесілі.
- Бəлкім, герцог бұл балықтың ширегін немесе жартысын қанағат
тұтатын шығар?
- Бұл соған тиесілі.
Қысқасын айтқанда, китті тартып алып, сатты, шапағатты герцог
Веллингтон бүкіл ақшаны иеленіп шыға келді. Ерекше жағдайлар
тұрғысынан алғанда бұл оқиғаны дегенмен де белгілі бір дəрежеде,
əрең-əрең, онша əділетті емес деп қарауға болар еді деген ойға келген
қаланың бір адал пірəдары шапағатты тақсырға құрметпен хат жазып,
оған бұл оқиғаға жəне бейшара балықшыларға қадари-мүмкіндігінше
ыждағатпен қарауды өтініп жалбарынды. Бұған тақсыр герцог жауап
қатып (екі хатта жарияланды), өзінің де тап осылай етіп бүкіл ақшаны
алып та қойғанын һəм егер келешекте қадірменді мырза бөтен іске
килігуден бой тартса, оған (қадірменді мырзаға) өзі риза болатынын
айтып жеткізді. Осы шынымен-ақ - қазір үш корольдықтың
босағаларында тұрып, жоқ-жітіктердің қайыр-садақаларын тартып
алып жатқан сол баяғы, əлі тың қарт батыр ма?
Тап осы жағдайда герцогтың өзіне таңған китті иемдену құқығын
оған оның сюзерені берді деп айту оңай. Сондықтан да бұл құқықтың
сюзереннің өзіне қандай негізде тиесілі екендігін анықтап алу қажет.
Заңның не айтатынын біз енді білеміз. Бірақ Плаудон оны былайша
негіздейді. Жағалауда ұсталған кит, деп пайымдайды Плаудон,
"өздерінің артықша қасиеттерінің себебінен" король мен королеваға
тиесілі. Əрі барлық терең ойлы ғұламалар мұны нағыз бұлтартпас
дəлел деп мойындайды.
Бірақ неге корольге нақ осы басы, ал королеваға құйрығы тиюі тиіс?
Бұған сіздер не айтасыздар, уа, данагөй заңшылдар.
Өзінің "Королеваның Алтыны, немесе, Королеваға Түйреуішке
Берілетін Ақшалар" атты трактатында Уильям Принн деген біреу,
Сюзерен - Ортағасырлық Еуропада: ірі жер иесі, феодал, езіне
тəуелді бақыныштылар тарапында патша іспеттес. — Аудармашы
ескертпесі.
байырғы автор һəм Король Отырғышы Сотының мүшесі былай деп
ой толғайды: "Королеваның киім-кешегінде кит мұртынан жетімсіздік
болмауы үшін құйрық королеваға беріледі". Əрине, бұл сөздер
гренландиялық, немесе, нағыз киттің серіппелі қара мұрты көбіне-көп
əйелдердің жалпақ белбеулеріне жұмсалған замандарда жазылған
болатын. Бірақ бұл мұрт киттің құйрығында емес, басында ғой, сол
себептен де бұл арада Принн сияқты ғұлама заңнамашыға аса
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.