Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 02

Total number of words is 4196
Total number of unique words is 2323
32.4 of words are in the 2000 most common words
45.1 of words are in the 5000 most common words
52.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
білеміз" - деп айқайлап жіберді.
Ауыз үйден матрос етіктерінің тарсылы естілді, ізінше есік
шалқасынан ашылып, біздің үстімізге жабайы теңіз тарландарының
тұтас бір үйірі топ ете түсті. Дəлірек айтқанда -олар өздерінің сабалақ
жүнді жылы, шолақ тондарымен жəне бастарына ораған түбіт
бөкебайларымен,
алба-жұлба,
қырық
жамау
қалыптарымен,
сақалдарына қатқан сүңгілерімен таулы өңірдің қаһарлы аюларына
ұқсайтын еді. Бұлар кемелерінен жаңа ғана түсіп, ең алдымен, осында
кірген беттері. Сондықтан да олардың кит аузына - əбігерлене
кіржиген Иона шал дереу əрқайсысына шүпілдетіп бір - бір стакан
шарапты құйып үлгерген буфетке туралап тартқандары таңғаларлық
емес-ті. Келгендердің біреуі қатты суық тигізіп алғанына шағымданды,
осыған орай Иона оған сірнемен араластырған, қара май тəрізді
арақтың үлкен бір аяғын дайындап ұсынды, өзінің ант-су ішіп
сендіргеніне қарағанда, ол, таулы жағалауларда немесе əлдебір
мұзтаудың жел жағында болсын -мейлі, қай жерде жұқтырған кеселдің
ескісіне де, жаңасына, кез келген суық тию мен асқазанның қабынуына
мың да бір ем көрінеді.
Əдетте, жүзу сапарынан кейін жағаға алғаш түскенде, тіпті, барып
тұрған маскүнемдердің де солай болатыны сияқты, аздан соң ішімдік
олардың бастарына шапты, сөйтіп, олар аса бір азан- қазан есірік
думанға бас қойды.
Алайда, мен олардың біреуі қалғандарынан кішкене шеткерек
тұрғанын байқадым, салауатты бет əлпетінен жолдастарының
сайранды сауығын бұзғысы келмейтіні білініп тұрса да, жалпы, ол,
дегенмен де, басқалардан гөрі азырақ шулағанды тəуір көргендей. Бұл
адам бірден-ақ менің қызығушылығымды тудырды; теңіз құдайлары
оның пешенесіне кейіннен менің жүзу сапарымдағы жолдасым болуды
жазғандықтан (тым құрыса осы хикая , бар болғаны мылқау кейіпте
десек те), мен қазір кескін-келбетін бейнелеуге тырысамын.
Гарпуншы жайында неғұрлым көбірек ойлаған сайын, онымен бірге
ұйықтау маған соғұрлым сұрықсыз бола түсті. Əлбетте, ол Гарпуншы
болып шыққан соң, оның іш киімі де оншалықты таза əрі жұмсақ емес
шығар деп болжалдауым əділетті болмас па. Онысының бəрі жанымды
түршіктіріп, жеркендірді. Оның үстіне, мезгіл тым кеш, менің ізгі
ниетті гарпуншым оралып, төсекке қарай бет алуы керек-ті. Ойлап
көріңізші - егер ол кенет түн ортасында сап ете түсіп, менің тура үстіме
құласа қайтпекпін - оның қандай лас шұңқырдан сүйретіліп жеткенін
қалай айырмақпын?
- Қожайын! Мен гарпуншыға қатысты ойымды өзгерттім мен
онымен бірге ұйықтамаймын. Осында, жайма сөренің үстіне жайғасуға
тырысамын.
- Қалауыңыз білсін. Тек менің сізге төсек орнына жайма бере
алмайтыным өкінішті-ақ, ал, мұндағы тақтайлар адам айтқысыз кедірбұдыр, толған бұтақ. Əйткенмен, тоқтай тұрыңыз, достым, мұнда
буфетте менің сүргім бар. Сəл тұра тұрыңыз, қазір мен сізді əдемілеп
жайғастырамын. - Осыны айтып, қожайын сүргіні алды, сосын өзінің
ескі жібек орамалымен əуелі сөренің шаңын сүйкеп өтіп, менің жатар
орнымды бар күшін салып сүргілеуге кірісті, сүргілеп жатып əлдебір
мысқылды күлкімен мəз болды. Сүргі ұстарасы кенет бір керемет
қатты бұтаққа тигенге шейін жаңқалар жан-жаққа жапырлап ұшты.
Қожайын қолын шығарып ала жаздады, содан мен оның құдай үшін
тоқтауын сұрап жалбарына бастадым: мен үшін бұл орын онсыз да
айтарлықтай жұмсақ болатын, оның үстіне, қанша сүргілесең де,
қарағай тақтайдан өмірде ешқашан мамық төсек шықпайтынын мен
жақсы білуші едім. Сол кезде ол тағы да ыржия мəз болып, жаңқаларды
жинап алды да, бөлменің қақ ортасындағы үлкен пешке тоғытты,
сосын мені жабырқау күйімде жалғыз қалдырып, өз шаруаларымен
айналысып кетті.
Мен сөрені өз бойыммен салыстырып көріп, оның маған керектен
тұтас бір футқа қысқа екенін анықтадым; алайда, бұл тығырықтан
орындық арқылы амалдап жол табуға болады екен. Бірақ ол
қажеттіден тағы да бір фут тарлау болып шықты, ал, бұл бөлмедегі
екінші жайма сөре сүргіленгенінен төрт дюйм биік екен, демек,
оларды біріктіріп құрауға ешқандай мүмкіндік болмады. Енді мен өз
сөремді бос қабырғаға бойлата, аса тақамай, екі аралықта арқам
сиярлықтай орын қалдырып, сəл қашықтау қойдым. Бірақ көп ұзамай
өзіме терезеден гулеп соққан суықты сездім де, өз жоспарымның
мүлдем жүзеге аспас əурешілігін түсіндім, оның үстіне суық ауаның
екінші ағыны кіре берістегі қаусаған есіктен ұрып тұрды, сөйтіп,
біріншісімен қосылып, бастары біріккен олар мен түнеп шықпақшы
болған жердің тап қасында құйттай құйындардың дүрбелең шеруін
жасады.
А, сайтан, мына гарапуншыны алсаң етті деп ойладым мен; алайда,
тоқтай тұрыңыз, мен оны қапы қалдырып, іштен ысырмамен тарс
бекітіп, төсегіне барып жатып алсам қайтеді?
Қожайын, - дедім мен, - ол өзі неғылған адам? Ылғи да неге ол
кештетіп жүре ме?
Уақыт он екіге таман болған еді.
Қожайын құдды бір менің ақылым жетпейтін бір нəрсені қатты
айтып тұрғандай, тағы да əжуалы жымиысымен мырс етті.
Жоқ, - деп жауап қайырды ол маған, - əдетте, ол ерте орала бере
кереуетке ерте құлайды, ерте тұрады. Елгезек балапан. Ерте оның
несібесі Құдайдан. Бірақ бүгін ол сауда жасауға кеткен. Келген бөгеліп
жатқанын мүлде түсінбей тұрмын, əлде, өзінің сата алмай далбасалап
жүр ме?
Басын сатқаны несі? Оттаған өтірігіңе жол болсын?! - Бірден менің
ашуым қоза бастады. -Əй, қожайын, сен немене, гарпуншың қасиетті
сенбінің кешінде немесе, дəлірек айтқанда, қасиетті жексенбінің
таңында бүкіл қаланы кезіп, өзінің ішін саудалайды дегің келе ме?
Тап солай, - деп растады қожайын. - Оны мұнда сата алмайсың деп
мен оған ескерткем: ондайларға базар сықап тұр.
- Неменеге сықап тұр? - деп айқай салдым мен.
- Бастарға да. Əлде, біздің əлемде бастар тым көп емес пе?
- Былай болсын, қожайын, - дедім мен əбден сабырлы түрде, мұндай
өтірік əңгімелеріңмен басқа біреуді алдарқатуға кеңес беремін соншалық собалақ аңқауың мен емес.
- Мүмкін, - деп келісті ол, таяқшадан тіс шұқығыш жона отырып. Тек менің ойланып отырғаным, егер ана гарпуншы өзінің басын қалай
жамандағаныңызды естісе, собалақтан да жаман бон сорлап қаласызау.
Қожайынның түсініксіз мылжыңына мен:
- Мен оның топас басын опырып жіберермін! - деп тағы да ашуға
бастым.
- Ол онсыз да опырылған.
- Опырылған? Яғни, опырылғаны қалай?
- Түсінікті емес пе, опырылған. Менің ойымша, оның басты сата
алмай жүргені де сондықтан.
- Қожайын, - дедім мен оған тақап келіп, түсімді қарлы боран
кезіндегі Гекладай суытып. -Қожайын, тіс шұқуыш жонуды доғарыңыз.
Біз бір-бірімізбен түсінісуіміз керек жəне ешбір кідіріссіз. Мен сіздің
мейманханаңызға келіп төсек-орын сұраймын, ал, енді маған соның
тек жарымын ғана ұсына аламын, екінші жартысы қайдағы бір
гарпуншыға тиесілі дейсіз. Енді келіп мен əлі көріп те үлгермеген сол
гарпуншы жайында маған қоймай-қоймай қайдағы бір жұмбақ əрі
жүйкеге тиер əңгімелерді қоздатып айтасыз, құдды өзіммен бір
кереуетте ұйықтағалы тұрған, сондықтан да арамызды аса жақын əрі
өте-мөте құпия қатынастар байланыстыруға тиісті адам тарапында
менің бойымда қасақана жек көрушілік сезім тудыруға тырысатын
сияқтысыз.
Сондықтан
да,
қожайын,
мен
сіздің
бүкпебұқпантайларыңызды қоя тұрып, маған бұл гарпуншының кім жəне
қандай адам екенін, егер оның қасында түнеуге келісім берсем, толық
қауіпсіздікте болатын-болмайтынымды түсіндіруді талап етемін.
Жəне де, ең алдымен, қожайын, ана бас сату оқиғасының ойдан
шығарылғанын мойындауға мархамат қылыңыз, себебі, өйтпеген
жағдайда мұны сіздің гарпуншыңыздың мүлдем есі ауысқандығының
бұлтартпас дəлелі деп санаймын, ал, мен алжасқандармен ұйықтауды
əсте қаламаймын; ал, сізді, сэр, иə-иə, қожайын, тап мына сізді мені
осыған мəжбүрлеген саналы əрекетіңіз үшін сот жауапкершілігіне
тартуға əбден хақылымын.
- Ойпырмай, - деп міңгірледі қожайын есін əрең жиып. - Əсіресе,
ептеп шайтан иектеген жан үшін тым ұзақ уағыз екен. Тек сіз бекер
уайымдайсыз. Өзіңізге мен айтып тұрған бұл гарпуншы Оңтүстік
теңіздердегі сапардан таяуда ғана оралды, ол жақтан үйіп-төгіп
жаңазеландиялық бальзамдалған бастарды сатып алып келіпті (олар
мұнда аса сирек зат ретінде бағаланады), соның біреуінен басқасын
түгел сатты да: бүгін ол соңғысын міндетті түрде сатқысы келген,
өйткені, ертең жексенбі, ал, тап қасыңнан жұрт шіркеуге өтіп бара
жатқан көшелерде адам бастарын саудаға салу - оғаш қылық қой.
Өткен жексенбіде, құдай ақына, тап бір адам бастары сияқты, жіпке
тізілген төрт басты алып табалдырықтан аттап шыққалы жатқанында
оны мен тоқтатып едім. Түсініктеме жаңа ғана миға қонбастай болған
құпияны жалпы, қожайынның мені ақымақ қылу ниеті болмағанын
айтады, сонымен бірге сенбіден қасиетті жексенбіге қараған күнімді
көшеде өлі мəжусилердің бастарын сату сияқты орашолақ шаруамен
өткізген гарпуншы туралы мен не айтпақпын?
Маған сенуіңізге болады, қожайын, бұл гарпуншы – қауіпті емес.
Ұқыпты төлеп тұрады, -деген жауап алдым. - Алайда, тым жоғалып
кетті, жантаятын мезгіл жетті. Құдай-ақы, тыңдаңызшы ит бұл тамаша
кереует. Салли екеуміз нақ осы кереуетте бізді арбаған түннен бастап
бірге жатқанбыз. Екі кісі үшін бұл кереуетте орын жетерлік - қалай
домаласаң да қалауың білсін. Болғанда да кең, керемет кереует. Қайсы
бірін айтайын, осында анықтап жүргенімізде сол тағы аяқ жағымызға
біздің Сэмімізбен "наш кішкентай Джонниімізді қоса жатқызатын.
Бірақ сосын бір күні мен бір жаман түс көріп, тепкілегенімде, Сэмді
еденге апарып түсірдім, содан ол қолын сындырып ала жаздады.
Осыдан Сал "бұлай жарамайды" деді. Ау, былай жүріңізші, өзіңіз
айтыңызшы. Осыны айтып, ол шырақты жақты да, оны маған созып,
мені бұлай қарай өткізді. Бірақ мен жасқаншақтап тұрып қалып едім,
сол арада ол бөлменің бұрышындағы сағатқа жалт қарап, дауыстап
жіберді:
- Е, міне, жексенбіңіз де боп қалды! Бүгін түнде сіз өзіңіздің
гарпуншыңызды енді көрмейсіз. Сірə, ол зəкірін басқа бір жерде
қаптаған болар. Жүріңіз, ау, жүріңіз деймін! Жүресіз бе, əлде, жоқ па?
Мен тағы да бір минут толғанып, содан кейін біз сатымен жоғары
қарай адымдадық, сөйтіп, мен ұлу қабыршағы сияқты тұйық та шағын
бөлмеге тап келдім, оның қақ ортасында шын мəнінде де абажадай
алып керует тұр екен - үлкендігі соншалық, ұйқыдағы төрт гарпуншы
емін-еркін сыйып кетерлік.
- Ал, мінеки, - деді де қожайын осы арада əрі қолжуғыш
шылапшынның тұғыры, əрі үстел қызметін атқаратын көнетоз матрос
жабдығының үстіне шырақты қойды. - Енді жайлырақ жайғасыңыз.
Қайырлы түн болсын.
Мен кереуеттен көзімді алып, бұрылып қарағанымша, ол тайып
тұрыпты.
Содан көрпені ашып, төсекке еңкейе үңілдім. Əсемдік атаулыға
жанаспағанымен, ол соған қарамастан, жақыннан қарағанда əбден
жарамды болып шықты. Сосын мен бөлмені шола бастадым, бірақ
кереует пен сандық-үстелді айтпағанда, ілдебайлап құрастыра салған
сөрелер, төрт қабырға мен китті атқылаған адам бейнеленген қағаз
жапсырылған камин қалқанынан басқа, бұл арадан ешқандай өзге
жиһаз таппадым. Тікелей бұл бөлменің сəн-салтанатына кірмейтін
заттардан мұнда бір бұрыштағы еденге тастай салынған, бүктеліп
оралған кереуетше, ал, құрлықта ұстайтын шабаданның орнына, еш
күмəнсіз, гарпуншының киім-кешегі салынған үлкен матрос қапшығы
бар екен. Бұлардан тыс, каминнің үстіндегі сөреде сүйектен жасалған,
тосын кейіптегі балық аулайтын қармақтар бумасы жатыр, ал,
кереуеттің бас жағында ұзын гарпун сүйеулі тұр.
Ал, сандықтың үстінде жатқан нендей зат? Мен оны қолыма алып,
жарыққа апарып, сипалап, иіскеп, неше түрлі амалдармен соған
қатысты миға қонымды бір тұжырымға келуге тырыстым. Мұны тек
үндіс мокасиндерінің қайырмаларындағы шұбар жайраның инелері
тəрізді, шеттері шылдырлаған салпыншақтармен əшекейленген үлкен
төсенішпен ғана салыстыра алар едім. Бұл төсеніштің ортасында тесік,
дəлірек айтқанда, өзіміз плащ-пончолардан көріп жүргенге ұқсас
жіңішке тілік болды. Бірақ есі дұрыс гарпуншының үстіне төсеніш іліп,
мұндай киіммен христиандар қаласының көшелерінде тайтаңдап
жүруі мүмкін бе? Мен оны əуестікпен бойыма өлшеп көрдім, ол құдды
тамақ толы тең сияқты, еңсемді басып жіберді - өзі жалбыраған қалың
əрі жұмбақ гарпуншы жаңбыр астында малмаңдап киіп жүргендей,
азырақ дымқыл болып көрінді. Содан оны шешпей, қабырғаға
қойылған айна сынығының алдына келдім, - мен өмірімде ешқашан
мұндай сұмдық суретті көрген емеспін. Оны үстімнен асығыс
шешкенім соншалық, өзімді тұншықтырып ала жаздадым.
Сосын кереуеттің шетіне отырып, бастарды саудалаған гарпуншы
мен оның төсеніші туралы ойға шомдым. Кереуеттің шетінде біршама
уақыт ойланған соң, мен түрегеліп, бушлатымды, сосын күртемді
шешіп, азырақ жейдешең тұрып ойға берілдім. Бірақ жартылай
жалаңаш қалпымда жаурай бастағанымды сезіп, əрі мезгіл тым кеш
боп кеткендіктен, бүгін гарпуншы үйге мүлдем оралмайды деп
қожайынның өзімді сендіргенін еске алып, одан əрі еш жалтақсыз аяқ
киімім мен ішкі киімдерімді шешіп тастадым да шырақты үрлеп
сөндіріп, кереуетке құлай кетіп, өзімді Құдіреттің қамқорлығына
тапсырдым.
Шкаптың немен толтырылғанын - мүжілген жүгері собықшасымен
бе, əлде, ыдыс сынықтарымен бе - айту қиын, əйтеуір, бір төсекте
қанша дөңбекшісем де, көзім ілінбей қойды. Ақыры, жай ғана мызғып,
қуалай соққан желмен ұйқы патшалығына ендім деп жөнеле беруге
шақ қалғанда, кенет дəлізден ауыр адымдардың тықыры естіліп, есік
астындағы саңылаудан əлсіз жарық жарқылдады.
Құдайым-ай, аяушылық ете гөр, əлгі гарпуншы, бастарды жаулаушы
қарғыс атқан осы-ақ шығар, деп ойладым. Ал, өзім бір қыбырсыз, маған
тіл қатқанға шейін лəм-мим үн шығармаққа бекініп жатырмын. Бір
қолында шырақ, екіншісімен - əйгілі жаңа зеландиялық басты ұстаған
бейтаныс бөлмеге кіріп келді де, кереуетке көз қиығын салмастан,
шырақты тура түкпір түрдегі еденге қойды, өзі мен жоғарыда айтып
өткен үлкен пышақты орап байлаған жіппен əуреленіп кетті. Мен оның
жүзін көруге құмартып жатырмын, бірақ қапты шешуге əрекеттенген
біршама уақыт теріс қарап тұрды. Алайда, ақыры, жіпті ретке
келтірген соң, ол бері бұрылды - о, аспан! Мен не көрдім десе - ай!
Неткен бет-ауыз! Қызыл қошқыл түс кей тұстарында сарғыш тартқан,
айбақ-сайбақ осынау бет қаптаған қара шаршылар. (Ойпырмай, өзім де
біліп едім, серігім сұмырай құбыжық болып шықты! Сірə, ол біреумен
төбелесіп, кескіленген бетіне мұрт бұласыр жапсырған. Тап осы сəтте
ол жүзін жарыққа таратты, сөйтіп, мен оның жағындағы ана қара
шабдар шаршылардың мүлдем де бұласыр емес екенін анықтап
көрдім. Бұлар терідегі əлдебір теңбіл дақтар еді. Алғашында мен не
қыларымды да білмегем, бірақ кішкенеден соң шындықты тұспалдай
бастадым. Менің есіме адамжегіштердің қолына түсіп, есіне сурет
ойылған ақ адам - кит аулаушы туралы əңгіме оралды. Содан мен мына
гарпуншы да өзінің сан қиырды шарлаған түзу сапарларында сондай
оқиғаны бастан кешкен болар деп ұйғардым. Сайып келгенде, онда
тұрған не бар деп ойладым. Бұл оның бар болғаны сыртқы келбеті ғой,
кез келген терінің астында адал адам болып қала беруге болады.
Алайда, оның бетіндегі ақылға сыймас сұрықсыз түстерді, дəлірек
айтқанда, ойма сурет түспеген, қара шаршылардың шетінде жатқан
тері телімдерінің түсін қалай түсіндіреміз? Бəлкім, мұның небары аса
күшті тропикалық күнқақты екені де рас болар, бірақ, шынымды
айтсам, аптап күннің сəулесінде ақ адамның қанқызыл-сары түске
шейін шымқалып күйгенін ешқашан естіген емеспін. Дегенмен, өзім
Оңтүстік теңіздерде ешқашан болып көрмегем ғой; мүмкін, оңтүстіктің
күні ол жақта теріге осылайша керемет əсер ететін болар. Барлық осы
ойлар менің басымда, құдды нажағай сияқты, ағып өткен сол шақта
гарпуншы, бұрынғысынша, мені байқаған жоқ. Қаппен əуреленген ол
оның аузын ашып, ішін ақтарыстырын, аздан соң одан айбалта тəрізді
бір нəрсе мен жүні сыртқа қараған, итбалық терісінен жасалған əлдебір
сөмкені алып шықты. Бұларды бөлменің қақ ортасындағы көнетоз
сандықтың
үстіне
қойып,
ол
айтарлықтай
жеркенішті
жаңазеландиялық басты алып, қаптың ішіне күмп еткізді. Содан кейін
құлақшының - жаңа құндыз құлақшынын шешті, сол арада мен
таңырқағаннан шыңғырып жібере жаздадым. Оны басы тақыр екен,
қалай десек те, айта қаларлықтай ештеңе болмады, тек қақ маңдайдың
үстінде шиыршықталған құйттай қара түйіншек қана көзге түсті.
Осынау қанқызыл қасқа бас көгеріп өңезденген бас сүйегіне егіз
тамшыдай ұқсас. Егер бейтаныс есікпен екі ортада тұрмағанда мен
бөлмеден бұрын-соңды ең дəмді ауқатты асқазаныма аттандырғаннан
да тезірек - оқтай атылып шығар едім.
Əйткенмен, мынадай орналасу жағдайында мен терезе арқылы
байқаусыз шығып кету жайын жылдам ойластыра бастадым, тек біздің
бөлмеміздің үшінші қабатта болғандығы ғана кідіртті. Мен қорқақ
емеспін, бірақ мына бастарды саудалайтын қып-қызыл қарақшы менің
ұғымымның шегінен тысқары тұрды. Белгісіздік - қорқыныштың
анасы, мойындаймын, жаңағы көргенімнен мүлдем аңырып, ақылестен шатасқаным сонша, енді бұл бейтаныстан, құдды қараңғы түнде
бөлмеме нақ бір сайтанның өзі сап ете түскендей үрейлендім. Адалын
айтқанда, шошынғаным соншалық, оған тіл қатып, оның бойынан
өзіме жұмбақ көрінгеннің барлығына қанағаттанарлық түсінік талап
етуге батылым бармады.
Осы кездерде ол жайымен шешініп, ақыры кеудесі мен қолдарын
жалаңаштады. Егер өтірік айтсам, дəл осы арада тіл тартпай өліп
кетейін, тек, əдетте, киім жасырып тұратын оның аталмыш дене
бөліктері де, тура бетіндегі сияқты, торкөздермен жол-жол етіліп
сызылып тасталыпты; ол бейне Отыз жылдық соғыстан жараланбаған
жері қалмай, тұла бойына түгел бұласыр жапсырылып оралғандай арқасы да қаптаған қара шаршылар. Бұл аз болса, құдды жас
пальмалардың діңіне бір үйір күңгірт-жасыл бақалар өрмелегендей,
тіпті, аяқтары да аямай əшекейленіпті. Енді мұның Күнгей теңіздерде
кит аулайтын кемеге отырып, осылайша христиандардың жеріне тап
болған əлдебір қанқұйлы жабайы екендігі əбден түсінікті болды. Мен
қорқыныштан қалшылдап кеттім.
Шамамның жеткенінше, жартылай жасырылған құдайшық
бағытына көзімді қиғаштай салып, қатты күйзеліп жатсам да, ары
қарай не болатынын бақыладым. Қарасам, ол плащының қалтасынан
тырналап қос уыс жаңқа алып, пұттың алдына абайлап қана төкті;
сосын үстіне бір түйір теңіз кепкен нанын қойып, жаңқаны бірақпен
тұтатты - тасаттық жалыны лап ете түсті. Енді ол саусақтарын отқа
шапшаң қимылмен тыққыштап, одан да шапшаңырақ тартып алып
(оларды ол қатты күйдіріп алған сияқты), ақыры, нəтижесінде кепкен
нанды жалыннан суырып шығарды; содан кейін ыстығын кішкене
үрлеп, күлді аударыстырып, күйелеш-күйелеш кепкен нанды өзінің
қара өңді нəрестесіне кетпен ұсынды. Бірақ, сірə, кішкентай албастыға
осы күйелештелген қонақасы ұнамаған болуы керек, өйткені, ол, тіпті,
ернін де қыбырлатпады. Осынау түсініксіз амалдардың барлығы менің
құдайшыл пұтқа табынушым шығарған, одан да түсініксіз қарлығыңқы
дыбыстармен сүйемелденді. Менің түсінуімше, ол өңдете құлшылық
қылды немесе бет-ауызын өрескел қисаңдатып, өзінің мəжусилық
дұғаларын əндетті. Ақыры, отты өшіріп, аса бір оспадар түрде өзінің
пұт құдайын каминнен жұлып алды да, құдды атып түсірген
қырғауылын қоржынына тоғытқан аңшы сияқты, оны плащының
қалтасына қайтадан салғырт қана сала салды.
Бүкіл осы жұмбақ рəсім менің жан азабымды тек ширықтыра түсті,
əрі
баяндалған
іскерлік
харекеттердің
аяқталуы
жақын
қалғандығының жəне оның қазір кереуеттегі менің қасыма
қонжиятындығының нақты нышандарын көре отырып, мен өзімді
соншама ұзақ арбаған сиқырды талқан ететін сəт туғанын түсіндім
жарық əлі өшірілмей тұрғанда, қазір немесе ешқашан.
Бірақ сонда да болса іске қалай кірісу керектігі жайындағы
толғанысқа кеткен қас қағым сəттер аса қатерлі болып шықты. Ол
үстелден айбалтаны алып, желкесінен шолып біршама тұрды, сосын
сабын аузына салып, бір демде шырақ жалынына сүңгітті де, темекі
түтінінің тұтас бұлтын будақтатты. Келесі сəтте шырақ өшіріліп, мына
жабайы адамжегіш өзінің айбалтасын тістеген күйі мен жатқан
кереуетке қарғыды. Шыдамымның жеткен жері осы екен - үрейім
ұшқаннан жан даусым шықты, ол болса таңданғаннан ақырын ғана
дыбыс беріп, мені сипалай бастады.
Мен тұтығып, не дегенімді өзім де білмей, бірдеңе деп міңгірледім,
қабырғаға тақала домалап барып, сол жақтан оның кім де болса
қозғалмауын жəне менің түрегеліп, шырақты қайтадан жағуыма
мұрсат беруін сұрап жалбарына бастадым. Бірақ оның көмейден
шыққан жауаптарынан өз сөздерімнің мағынасын мейлінше шала
ұққанын аңғардым.
- Сенікі қандай сайтан? - деді ол ақырында. - Сенікі сөйлейді, əйтпесе
мен өлтіреді, сайтан білмейді.
Осы сөздерді айтқан кезде жалт-жұлт еткен айбалта қараңғыда
менің төбемнен зу-зу ойнап өтті.
- Қожайын! Құдай үшін, Питер Гроб! - деп өкіріп жылап жібердім
мен. - Қожайын! Аттан! Аттан! Гроб! Періштелер! Құтқарыңдар!
- Сенікі сөйлейді! Сенікі айтады, сен кім, əйтпесе мен өлтіреді,
сайтан білмейді, - деп арсылдаған жабайының зəрені ұшыра сілтеген
айбалтасынан маған отты ұшқындар шашырап, содан үстімдегі іш
киімім жанып кете жаздады. Бірақ дəл осы сəтте, Құдайға рахмет,
бөлмеге қолына шырақ ұстаған қожайын кіріп келді, мен кереуеттен
атып тұрып, соған ұмтылдым.
- Жə-жə, қорықпай-ақ қойыңыз, - деді ол бұрынғысынша мəз болып. Біздің Квикег сізді ренжітпейді.
Моч болғаныңызды қашан қоясыз? - деп бақырдым мен. - Содан бұл
гарпуншының адам жегіш сайтан екенін неге риясыз?
Мен өзіңіз аңғаратын шығарсыз деп ойлағам, ол қалада барды
саудалайды деп сізге айттым емес пе. Бекерге мазасыз қорықпай,
тыныш жатып ұйықтаңыз. Ей, Квикег, тыңда, екі менікі түсінеді, мына
кісі сенімен бірге ұйықтайды, сенікі ше ?
Менікі көп-көп түсінеді, - деп күңкілдеді Квикег, кереуетте тұрып,
қорқорын жиі-жиі түтіндетіп. - Сенікі мұнда шық, - деп айтты ол,
айбалтасын мен жаққа сілтеп жəне көрпенің шетін қайырып. Шынын
айтқанда, ол мұны жай сыпайы ғана емес, тіпті, мен айтар едім, асқан
мейіріммен жəне нағыз меймандостықпен келді. Мен демімді ішіме
тартып, одан көз айырмай тұрып қалыппын. Күллі ойма суреттеріне
қарамастан, жалпы алғанда, бұл таза, көркем каннибал екен. Неменеге
сонша бүліндім, дедім мен өзіме, ол да дəп мен сияқты адам, мен одан
қалай қорықсам, сенің де менен қорқатындай соншалықты негізі бар.
Macристианиннен гөрі, сау каннибалмен ұйықтағанның өзі жақсы.
Қожайын, - деп мəлімдедім мен, - сіздерде бұл қалай аталатынын
білмеймін, əйтеуір, оған өзінің айбалтасын, əлде, қорқорын арырақ
тығып қойсын деп тапсырыңыз. Қысқасын айтқанда, оған темекі
шегуді доғарсын деңіз, сонда мен онымен бірге қатамын. Біреудің
менімен бір кереуетте жатып темекі тартқанын суқаным сүймейді. Бұл
қауіпті. Əрі мен сақтандырылған жоқпын.
Менің өтінішім Квикегке қайталап айтылысымен-ақ, ол оны бірден
қанағаттандырып, қайтадан сыпайы ымдап, мені кереуетке шақырды,
өзі құдды - мен сенің аяғыңа да жанаспаймын - деп қоштасқысы
келгендей, ең шетіне ысырылды.
- Қайырлы түн, қожайын, - дедім мен. - Бара беріңіз. Сосын
кереуетке шығып, ұйықтап кеттім, өмірімде ешқашан құлай қатты
ұйықтамаппын.
IV тарау
ҚҰРАҚ КӨРПЕ
Ертеңінде, таңсəріде оянсам, мені Квикегтің қолдары өзгеше
мейіріммен, аялай құшақтап жатыр екен. Мені оның əйелі деп ойлап
қалуға болатындай. Біздің көрпеміз құрақтардан -неше түрлі үлкендікішілі, түрлі-түсті шаршы жəне үшбұрыш қиқымдардан тігіліпті, оның
қолдарының үсті толған криттік ою - өрнектердің таусылмас
шытырманы дерсіз, соның əрбір телімім көршілес жатқанынан өзгеше
өз реңі бар, менің пайымдауым мұның себебі -оның сапар кезіндегі
жеңін біресе иығына дейін түріп, біресе азырақ түсіріп, ылғи да қолын
күн сəулесіне біркелкі тоспайтын дағдысы болса керек - міне, осы қол
енді біздің құрақ көрпеміздің түрінен аумай қалыпты. Ол көрпенің
үстінде жатқан шыңына келгенде, əшекей-өрнектер мен реңдердің
мидан араласып кеткендігі сондай, оянғасын, тек салмағы мен
қысымынан ғана мен өзімді Квикег құшақтап жатқанын анықтадым.
Бір түрлі тосын сезімдерді бастан кештім. Қазір солардың суреттеп
көрмекшімін. Бала кезімде осыған ұқсас бір оқиғаға там болғаным
есімде - соның қиял, əлде, шындық екенін əлі күнге дейін анықтай
алмай келемін. Ал, басымнан өткен оқиға мынау.
Мен бір жолы сотқарлық жасадым - шамасы, өзім осыдан бірнеше
күн бұрын көрген кішкентай мұржа тазалаушыға еліктеп, камин
мұржасы арқылы үйдің төбесіне өрмелеп шықсам болдым ғой деймін;
ал, өзімді кез келген сылтаумен үнемі сабап, кешкі ассыз ұйықтатуға
бейіл өгей шешем мені мұржадан сирағымнан тартып суырып алып,
біздің жартышардағы ең ұзақ күн 21 маусымның шаңқай түсіндегі
сағат екі ғана болғанына қарамастан, төсекке жіберді. Халім сұмдық
жаман еді. Бірақ қолдан келер еш қайран жоқ, сөйтіп, мен сатымен
үштік қабаттағы өзімнің тап-тар бөлмеме көтеріліп, уақытты өлтіру
үшін мүмкіндігінше баяу шешіндім, сосын ауыр күрсініп, көрпенің
астына кірдім.
Мен өлген қалпымнан қайта тіріліп тұрғанға шейін əлі табаны
күректей он алты сағат өтуі тиістігін жабыға санап жата бердім. Он
алты сағат төсекте жату. Осы ойдың өзінен-ақ арқам сырқырай
бастады. Əлі жап-жарық; терезенің сыртында күн нұр шашып тұр,
көшеден күймелі арбалардың салдыр-күлдірі естіліп, күллі үйде
көңілді дауыстар сыңғырлайды. Мен əрбір минут өткен сайын өз
жағдайымның мүшкіл боп бара жатқанын сезіндім, ақыры, кереуеттен
тұрып, киіндім, сатыдан шұлықпен ғана дыбыссыз төменге түсіп, өгей
шешемді іздеп тауып алдым, содан күтпеген жерден оның аяғына
жығылып, одан жаман қылығым үшін айрықша рақымдылық танытып,
өзімді кебіспен сілейтіп сабауды сұрап жалындым, кез келген жазаға
шыдауға бақұлмын, тек төсекте соншама сарықтап болып ұзақ
жатпасам болды деп зар тілегімді айттым. Бірақ ол өгей шешелердің
ішіндегі асқан ақылдысы жəне ең жақсысы еді, сол үшін де өзімнің тар
бөлмеме тəлтіректеп кері қайтуыма тура келді. Ол жерде бірнеше сағат
жатып, өзімді, тіпті кейіннен басыма түскен аса ауыр қиындықтар
кезіндегіден де əлдеқайда жаман сезіндім.
Мен оны оятуға əрекеттендім:
Квикег!" - бірақ одан қорылдағаннан басқа жауап болмады. Енді мен
құдды мойныма қамыт киілгендей, бір қырыма аударылып түстім, сол
кезде мені бір нəрсе ақырын тырнап алды. Мен көрпені алып,
жабайының жамбасының астында, бейне бір қап-қара ,сепкіл бет
нəрестеден аумай, оның айбалтасы ұйықтап жатқанын көрдім. Иə-иə,
деп ойладым мен, тапа-тал түсте бөтен үйде адам ішпен жəне
айбалтамен бір төсекте шалжиып жатуын! "Квикег! Барша қасиет
атаулы үшін, Квикег! Оян!" Ақырында, толастап ирелеңдеп, төсектес
көршісін жұбайлық құшаққа алуы ерсілігін бетіне басқан үздіксіз
наразылығыма мыңқылдаған
Созылмалы əлдебір дыбыс шығарды; міне, ол енді менен қолын
алды, шомылғаннан кейінгі ньюфаунленд төбеті сияқты, дүр сілкініп,
оқтау жұтқандай қақиып, кереуетке отырдым сосын көзін уқалап,
менің мұнда қалай тап болғанымды толық түсініңкіремеген түрмен
маған тесіле қарады, дегенмен де, өз көзқарасында мені бұрын
көргенін аңғартқан бір бұлдыр түйсік баяу жылы ұшырап ояна
бастады. Ал, мен болсам, бұл шақта,əсілі оның тарапынан ешбір
қауіптенбей, сондықтан осынау ғажап жан иесін мүмкін-қадерінше
жақсырақ шолып көруге ниетте жайланып жатып, оған үңіле қарадым.
Ақырында, сірə, өзімен төсектес көршісі қандай кісі екендігі жөнінде
белгілі бір тұжырымға келген болуы керек, əрі құдай салған іске
көнген сыңайлы ол еденге секіріп түсіп, егер маған солай ұнаса, өзі
бірінші киініп, сосын бөлмені түгелдей менің құзырыма беріп, мені
оңашалап қалдыруға дайын екенін ыммен жəне дауыстап түсіндірді.
Бəрекелді, Квикег, деп ойладым мен, қазіргі жағдайда бұл дегенің
нағыз мəдениетті бастама. Шындығын айтқанда, бұл арада қалт бұра
тартсақ та, жалпы, жабайыларға тумысынан əлдебір сыпайылық тəн
болып келеді; олардың өздерінің табиғатынан соншалық əдептілігі
таңғаларлық нəрсе. Менің Квикег жайында мұндайлық мақтау айтатын
себебім, əншейін, ол қаншама кішіпейілділік пен елгезектік танытты,
ал, мен болсам, сол шақта дөрекі əдепсіздікті жол бердім: мен оны
төсекте жатып қарағыштап, оның көз ұялар көлденең қылықтарын бар
зейініммен қадағаладым - бұл жолы əуестігім əдеп-тəрбиемнен асып
түсті. Квикег сияқты кісіні күнді көре бермейсің ғой - оның өзі де, əдетдағдылары да мұқият зер салуға лайықты.
Киінуге ол жоғарыдан бастап кірісіп, төбесіне өзінің - айтарлықтай
аса биік - құндыз бөркін қондырды, содан кейін, əлі шал барсыз,
кебістерін іздеп еденді шарлады. Мұның не үшім жасалғанын, Құдай
атымен ант етейін, білмеймін, бірақ келесі сəтте құндыз бөрік киіп,
кебістерін қолға ұстаған ол кереуеттің астына кіріп кетті, оның ондағы
үзік-үзік дем алысы мен азаптана үһілеуінен менің түйгенім, ол
кебістерін аяқтарына созғылап тартып киюге тырысқан сыңайлы,
əйткенмен, ешқандай əдептілік ережелерінде адамның аяқ киімді
оңашада киюі көзделмеген. Бірақ, түсінесіздер ме, Квикег əлі
жұлдызқұрт та, көбелек те емес - аралық сатыдағы мақұлық болатын.
Оның өркениеттілігі өзінің жабайылығын мүмкін болған барлық
ақылға сыймас амалдармен əшкерелеп əйгілеуге нақпа-нақ жетіп
тұратын. Оның білімі əлі аяқталмаған еді. Ол əлі тек оқып қана жүрген.
Осы аз ғана өркениеттілік бойында болмаған болса, бəлкім, ол кебіспен
мүлдем де əуре болып жатпас еді; екінші жағынан, егер ол əлі жабайы
қалпында қалған болса, кебісті кереует астында қию ешқашан оның
кіріп те шықпас еді.
Квикег көп ұзамай жуынып-шайынып болып, енді ол ұзын бацман
бушлатын киіп, құдды маршалдық белгі сияқты, өзінің айнымас
гарпунын қолына ұстап, айбынды түрмен бөлмеден шықты.
V тарау
ТАҢҒЫ АС
Мен бірден-ақ оның ізінше буфетке түсіп, мəз бола ыржиған
қожайынға жылы шыраймен сəлемдестім. Ол өзі өткен түннің
оқиғаларына байланысты мені біраз қызықтап ермек етсе де, кейде
оған деген жақтырмаушылық сезімі болмады.
Кейде дұрыстап күле білгеннің өзі де соншалықты жақсы. Шын
көңілден күлу - ғажап нəрсе, ғажап əрі тым сирек, самим келгенде,
осынысы өте өкінішті. Сондықтан да, егер əлдебір мінезіне тəн
адамдардың шуақты əзіл-қалжыңына азық беріп түрі жəне ол
сараңданбасын да ұялмасын, мейлі, өзін осы игі істің қызметі ми
жайдарлы жүзбен арнай берсін. Иланыңыз, кімнің жанында күллі
жайлардың жомарт қайнары болса, сол адам, бəлкім, сіз ойлап онан
гөрі əлдеқайда мəндірек.
Бұл шақта буфетжайда өткен түнде келген жəне кеше мен көрмеген
пəтершілер бірсыпыра жиналып қалыпты. Бұлардың Гюрдерлік кит
аулаушылар еді: капитанның бірінші, екінші жəне үшінші көмекшілері,
кеме купорлары мен кеме ұсталары гарпуншылар мен ескекшілер - үй
шапанының орнына таңертең и матрос бушлаттарын киіп алған,
күнқақты қоңырқай, бұлшық еттері бұлтылдаған, қалың қаба сақалды,
шаштары өскен, сабалы жүнді команда.
Олардың əрқайсысының өз кемесінің палубасынан қашам
кеткендігін оп-оңай анықтауға болады. Міне, мына еңгезердей жік
жігіттің бетінің он күн нұрын тоя сімірген алмұртты еске түсіреді, одан
дəл сондай тəтті иіс шығатын сияқты: ендеше, оның мүлди
Үндістаннан оралғанына үш күннен асқан жоқ. Ал, оның қасында
отырған ондай қоңырқай емес - бұл енді қызыл ағаштың Үшіншісінің
бетінде əлі де тропикалық күннің табы сақталыпты бірақ қазір
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.