Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 03

Total number of words is 3981
Total number of unique words is 2510
29.9 of words are in the 2000 most common words
42.1 of words are in the 5000 most common words
49.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
біршама солғындап қалған - бұл адам, еш күмəнсіз, бірталай апталарды
жағалауда өткізген. Əйткенмен, Алатауларының батыс беткейі тəрізді,
бір күрделі кестемен күллі аймақтары өрнектелген, түгелдей түрлітүсті сызықтармен тілгіленген Квикегтің əлпеті сияқты бет-ауызбен
кім мақтан қалмақ?
- Еһе-һей! Ас дайын! - деп дауыстады қожайын ақырында есікті
айқара ашып, сөйтіп, біз таңғы асымызды ішуге көрші бөлмеге
беттедік.
Дүниені шарлап көрген адамдар өздерін емін-еркін ұстап, кісі
келген қауымда да қобалжымайды, дейді. Бірақ ылғи бұлай бола
бермейді: Жаңа Англиядан шыққан ұлы саяхатшы Ледьярд пен
шотландық Мунго Парк - екеуі де əрқашан мейманжайларды
қымсынып, кібіртіктеп қалатын. Бəлкім, Ледьярдтың жасағаны тəрізді,
ұлан-байтақ Сібірде ит жеккен шаналармен саяхаттау, немесе, сайып
келгенде, байғұс Мунгоның бүкіл жетістігіме баланған, Қара
Африканың төріндегі жападан жалғыз, ашқұрсақ ұзақ серуендер,
бəлкім, деп айтамын мен, мұндай ерліктер тірі қауымның
жылтырақтарын меңгерудің озық тəсілі болып табылатын болар.
Бірақ, дегенмен де, жалпы, жылтырақ -сирек нəрсе емес.
Қызу əңгіме-дүкен туғызған мына жағдай болды: бəріміз қорасына
жайғасып, мен кит аулау кəсіпшілігі туралы қанды қырғын əңгімелерді
құмарта тосқан кезде, қайран қалғаным , отырғандардың бəрі
ауыздарын буып үндемес ойнады.
Бірақ оның да артық еместігін мойындау керек, осының бəрін ол
аспас-саспас істермен істеп отырды, ал, көпшіліктің көзінде саспайтын
сабырлылық күллі ақсүйектік əдеп-сыпайылықтарға пара-пар екенін
əркім біледі емес пе.
Біз бұл арада Квикегтің басқа тосын қылықтарын санамалап
айтпаймыз, оның ыстық тоқаш пен кофеден ат-тонын ала қашатынын,
өз назарын түгелдей шала қуырылған бифштекстерге аударылуы
жайында айтып жатпаймыз. Тек таңғы ас ішіліп болғасын қалың
жұртпен бірге буфетжайға барып, айбалта-қорқорын тұтатып, өзінің
бұлжымас бөркімен, темекісін жайлап тартып, онысын бойға сіңіріп
мүлги отырып қалғанын айтсақ та жеткілікті, бұл шақта мен
қыдырыстап қайтуға тысқа шықтым.
VI тapay
КӨШЕ
Егер мен өркениетті қаланың мəдениетті қауымының арасында
жүрген Квикег сияқты ғажайып жанды алғаш көргенде таңданыспен күндізгі жарықта - Нью-Бедфорд көшелеріне алғаш серуендеп шыққан
кезде бірден сап болып, сейіліп кетті.
Əрбір аздап та болса ірі айлақты қаланың кемежайға жақынырақ
жатқан көшелерінде дүниенің барлық түкпірлерінен келгендерді
суреттеуге тіл жетпес қызық-қызық кісілерді жиі кездестіруі болады.
Тіпті, Бродвей мен Чеснетстритте кейде Жерорта теңізінің теңізшілері
зəресі ұшқан американдық ханымдарды итермелей жатады. Риджентстритті үнділік жəне малайлық матростар аралап жүреді, ал,
Бомбейдегі Аполло-Гринде тірі янкилер жергіліктілер жиі-жиі
қорқытып тұратын. Бірақ Нью-Бедфорд барлығынан да Уотерстриттен де, Уоппингтен де асып түседі. Осы соңғыларым тек жай
теңізшілер көп келеді; ал, Нью-Бедфордта нағыз адамжегіштер көше
қиылыстарында тұрып алып мылжыңдасады; мына антұрған
жабайылар, кейбіреулерінің сүйегі əлі де шоқындырылмаған тəнмен
қапталған. Соларға қалайша сұқтанбасқа?
Бірақ өткен-кеткендердің көңілін аудармай, осындағы көшелерде
үйіріліп жүретін Фиджи, Тонгатобу, Эроманго, Пананджм жəне
Брайтджи аралдарының тұрғындарынан да, кит аулау кəсібінің
жабайы өкілдерінен де бөлек, біз Нью-Бедфордтан анағұрлым
қызықтырақ, əрі, əлбетте, əлдеқайда күлкілі жайттарды көре аламыз.
Апта аралатып мұнда Вермонт пен Ныо-Гемпширден кит аулау
кəсіпшілігінің атағы мен даңқын қосылуға құмартушылардың жаңа
үйірлері лек-легімен келеді, Бұлар көбіне-көп балтаны кит аулайтын
гарпунға айырбастауға ниеттенген жуықтағы ағаш кесушілер,
соқталдай-соқталдай жас жігіттер. Өздері келген Жасыл таулар
сияқты, көкөрім бозбалалар. Кей реттерде олардың туғанына бірнеше
сағат қана болғандай көрінеді. Мысалға, əне, бұрыштан өзінше
маңғазданып шыққан ана жігіт. Басында құндыз бөрік, бешпентінің
артқы бойы қарлығаштың құйрығы тəрізді, əйтсе де ол матрос
белбеуімен буынып, оған қоса, қынына қанжар салып алыпты. Ə, міне,
су өтпейтін қалпақ, бомбазинді плащ киген тағы біреуі келе жатыр.
Нью-Бедфордтағы əкелер өз қыздарының жасауына кит береді,
тіпті, жиен қыздарына дельфин еншілейді дейді. Егер нағыз ғажап
үйлену тойын көргілеріңіз келсе, Нью-Бедфордқа барыңыздар.
Өйткені онда олардың əрбір үйінде кит майының тұтас кілеттері бар
дейді, əрбір түнде биіктігі кісі бойындай спермацетті шырақтар ағылтегіл жағылатын көрінеді.
Жазда ұзыннан-ұзақ жасыл да сары аллеяларымен түгел үйеңкіге
малынған қала ерекше көз тартады. Ал, тамызда, құдды шырағдандар
сияқты, көкке шырқай бойлаған əсем де сəнді каштандар
жүргіншілерге өздерінің бейне шырақтардай ұзарып, сан түспен
құлпырған шашақтарын созады. Күллі Нью-Бедфордта жаралмыштың
соңғы күнінде осында құлаған жартастардың жалаңаш сынықтары
үстінде жайнаған гүлзар сатыларын жасаған өнер қаншалық құдіретті
десеңізші!
Нью-Бедфордтың əйелдерін айтсаңызшы! Олар өздерінің аялы
қолдарымен егілген раушан гүлдеріндей құлпырады. Бірақ раушандар
тек жазда ғана гүлдейді ғой, ал, олардың беттеріндегі сүйкімді
қалампырлар, жеті қат көктегі күн сияқты, жыл бойы қызыл
шырайланып жайнап тұрады. Бұған тең сұлулықты бүкіл жер жүзінен
таба алмайсың, тек, естуімше, сөйлемде ғана жас қыздардың демінің
жұпар шəрбаттылығы сондай, теңізшілер өз нақ сүйерлерінің
жақындығын жағадан көптеген миль қашықта иісінен аңғарып, бейне
көгілдір сағымды жағалау құмдарына емес, жұпарлы Молуккаға бара
жатқандай болады екен.
VII тapay
ШІРКЕУ
Нақ сол Нью-Бедфордта Кит аулаушылардың Шіркеуі тұр, Үнді
немесе Тынық мұхитына жүзіп кетуге əзірленген сұсты
балықшылардың ішінде жексенбіде бір жөнін тауып оған кіріп шығуға
тырыспайтыны кемде-кем. Мен де кіріп шықпақ болдым. Алғашқы
таңғы серуеннен оралғасын, көп ұзамай, тек шіркеуге бару үшін - тағы
көшеге шықтым. Суық сəулесін төккен ашық аспан үдере тұманданып,
соңынан жаңбыр аралас қар ұйтқи соқты. "Аю терісі" деп аталатын
матадан тігілген түкті кеудешеме қымтана оранып, мен долы боранды
көктей өтіп келемін. Шіркеуге кіргенімде ондағы жұрт мардымсыз
екен - бар болғаны бірнеше теңізші жəне бірнеше матрос əйелдері мен
жесірлері.
Оқта-текте боран гуілі ғана бұзған меңіреу тыныштық. Əрбір үнсіз
қайғы, айтуға тіл жеткісіз халде, өз ішіне қамалғандай, əрбір үнсіз
жалбарынушы қалған жұрттан қасақана шеткерек отырған тəрізді.
Пірəдар əлі келмепті. Мінбердің екі жағынан қабырғаға ойып
орнатылған қара көмкермелі мəрмəр тақталардан көздерін айырмай,
бейне мылқау аралшалар сияқты, тек осы еркектер отырды. Үш
тақтада шамамен мынадай жазулар болды (Сенің дəлдігіне үміт
етпеймін):
Джон Толботқа бағышталады, 1836 жылғы қараша айының бірінші
жұлдызында Патагония жағалауларындағы елсіз аралдың алаңында
кеменің сыртында он сегіз жасында қаза тапты. Бұл тақтаны оны есте
сақтау үшін əпкесі орнатты.
Роберт Лонгқа, Виллис Элериге, Натан Колменге, Уолтер Кишиге,
Сет Мэйсиге жəне Сэмуэл Глэгке бағышталады, "'һиза" кемесіндегі бір
вельботтың командасын құрып, 1839 жылдың 13 желтоқсанында
Тынық мұхит жағалауларында ашық теңізге кит сүйреп əкеткен.
Мына мəрмəрді осы арада олардың тірі қалған жолдастары орнатты.
Марқұм капитан Езекиил Хардиге бағышталады, 1833 жылдың 3
тамызында Жапония жағалауларында өз велъботының тұмсығында
каталот қағып өлтірген. Бұл тақтаны оны есте қалдыру үшін жесірі
орнатты.
Қалпағым мен кеудешемнен суланған мұз түйіршіктерін қағып, жанжағыма қарағаным сол еді, кенеттен, таңырқағаным сонша, анадай
жерден Квикегті байқадым. Осынау салтанатты жағдайда ол күдікшіл
əуестікпен көз тіге, төңірегін ықыластана шолып тұр екен. Менің
келісіміме назар аударған жалғыз кісі жабайы болып шықты, өйткені
осындағы жалғыз сауатсыз сол болғандықтан, қабырғадағы аталмыш
жəдігер жазулар оның назарынан тыс еді.
Шіркеуге жиналғандардың арасында тақтада есімдері таңбаланған
теңізшілердің туыстары болды ма, жоқ па, оншасын білмеймін, бірақ
теңізде бақытсыз жағдайлардың көп болып тұратындығы сонша, осы
арадағы əйелдердің көпшілігінің киімдерінен болмаса да, жүздерінен
айықпас қайғы табы білінді, содан да бұл араға мына салқын
тақталарға көз тіккенде қаяулы жүректеріндегі ескі жаралар қайтадан
қан жылайтындар жиналды деп сенімді түрде айта аламын:
Сіздер, өлген аяулыларыңыз көкорай шөптесін жотаның астына
жерленгендер, гүлдің ортасында тұрып: бұл жерде, бұл жерде менің
сүйгенім жатыр деп айта алатындар -сіздерге мына жүректерді
жаныштаған қасірет беймəлім. Астында марқұмның сүйегі жатпаған
мəрмəрдің азалы қырларының арасында қаншама өксікті сырлар өліп
кетті емес пе! Мына ызғар шашқан жазуларда қандай торығу бар
десеңізші! Осынау сөздердегі кісі өлтірердей қаныпезерлік қандай,
қапыда соққан құдайсыздық қандай; солар кез келген сенімді жегідей
жеп, белгісіз ендіктерде қаза тауып, жерленбей қалған зарлықтардың
тірілуге деген үміттерін қоса көмгендей күй кештіреді. Бұл тақталар
мұнда емес, Элефанта үңгірлерінде тұруы керек еді.
Біздің өлгендеріміз тірілердің қандай санағына енгізіліпті? Барлық
жерде бірдей мақалда қабір мылқау деп неге айтылады? Əйтпесе,
олардың қойындарына тыққан құпиялары Гудвин құмдарындағыдан
кем емес қой. Күні кеше о дүниеге аттанғанның алдына соншама мəнді
əрі соншама арсыз сөз тіркестіріп, алайда, нақ осындай атақты біздің
жеріміздегі аса шалғай Үндістан жағалауларына жүзіп жөнелгендерге
қимайтынымызды қалай түсіндіруге болады? Ажалсыздар жан тəсілім
еткен жағдайда сақтандыру компаниялары неліктен ірі сомалар
төлейді? Осыдан аттай алпыс ғасыр бұрын дүние салған ежелгі Адам
дəп қазір қандай мəңгілік, қыбырсыз жансыздықта, қандай өлі де
үмітсіз ессіздікте жатыр екен? Тағы да өз пайымдауларымызға сəйкес,
мəңгілік адам айтқысыз рақатқа кенелуге тиістілерді соншалықты
зарланып жоқтайтынымызды қалай түсіндіреміз? Өмір сүрушілердің
күллісі өлген атаулының үнін өшіруге сонша жанталасатыны
неліктен? Бүтін қаланы үрейлендіру үшін, тіптен, қорханадағы əлдебір
тықыр туралы бұлдыр сыбыстың өзі жеткілікті болатыны несі екен?
Барлық осы сұрақтарда терең мағына жоқ емес.
Бірақ сенім, қорқау сияқты, қабір бұзып қоректенеді, ол, тіпті,
осынау бедірейген күмəн-күдіктерден де жылт еткен үміт шуағын
таппай қоймайды.
Нантакетке жүзіп кетер алдында мына мəрмəр тақталарды қандай
сезіммен қарап көріп, осы жолмен маған дейін аттанған кит
аулаушылардың тағдырлары жайында жабырқай сөнген күннің
бұлыңғыр жарығында қалай оқығанымды ежіктеудің қажеті жоқ та
шығар. Иə, Измаил, бəлкім, сені де осындай жазмыш күтіп тұрған
болар. Алайда, мен біртіндеп қайтадан көңілдендім. Ау, бұл дегеніңіз
əншейін жүзу сапарына қызықтырып шақыру əрі табысқа жетудің
тамаша жағдайы ғой; құдай-ақы, талқаны шыққан вельбот мені,
жалақымды көбейтпей-ақ, мəңгілік даңққа бөлейді. Ол рас, кит аулау
кəсібінде өлім -əдепкі іс: астан-кестен қас қағым сəт, сондықтан,
иманыңды үйіріп те үлгерместен, сені Мəңгілікке аттандырады да
жібереді. Ал, осында тұрған не бар? Менің ойымша, біз Өмір мен
Өлімнің осынау мəселесінде əбден бас қатырып біттік. Менің ойымша,
осындай жердегі менің көлеңкем деп аталатын нəрсе іс жүзінде менің
ақиқат мəнім болып табылады. Менің ойымша, рухани құбылыстарды
қарастырғанда, көпірінің астынан күнді бақылап, осы лай суды нағыз
тұнық су деп пайымдайтын теңізқұртқа ұқсап кетеміз. Менің ойымша,
менің тəнім - ең жақсы болмысымның əлдебір тұнбасы ғана. Шынымды
айтсам, мейлі, тəнімді, кім қаласа, сол əкете берсін, тұрмын ғой, ол мен емес. Сол себептен де: Нантакетке, сондай-ақ, вельботтың
қақыраған түбі мен опырылған бас сүйекке үш мəрте "жаса!" демекпін,
өйткені, менің жанымды, тіпті,Юпитердің өзі де жалмай алмайды.
VIII тарау
УАҒЫЗШЫНЫҢ МІНБЕРІ
Осы қалыпта мүлдем көп отырмадым, шіркеуге маңғаз кейіпті, кесек
бітімді бір адам келіп кірді; оны кіргізген есік боранның тегеурінімен
тарс етіп жабыла сала, жұрттың бəрі сол сəтінде соған ізетпен көз
тіккеніне қарап, мен зор сеніммен салауатты мосқал кісіні пірəдардың
өзі деп тұжырдым. Шынында да, бұл кит аулаушылар атайтындай,
Мэппл əкей екен, олардың арасында оның атағы зор. Жас кезінде өзі де
теңізші, гарпуншы болыпты, əйтсе де, міне, көп жылдардан бері өзін
Құдай жолындағы қызметке арнап келеді. Мен суреттеп жазып
отырған сол күндерде Мэппл əкей өзінің салиқалы қарттығының,
бейне ақырындап гүлденген жастық шаққа ауысатын сыңайдағы
ақжолтай қарттығының сері де сергек қысын бастан кешіріп жүрген;
өйткені, оның айғыздалған əжімдерінен жаңа гүлденудің жұмсақ
нұрлары қылаң берді - тіпті, ақпандағы қасат қар астынан көктемнің
көгі осылай қылтиятын.
Өзінің хикаясына қанық əрбір адамда Мэппл əкей ғаламат
қызығушылық тудырмай тұра алмайтын, себебі, оның пірəдарлық
келбетінде бір кездерде өткерген қатал кеме өмірінен қалған өзгеше
белгі-сипаттар бой көрсететін. Кірген бетінде-ақ мен оның
қолшатырсыз екенін, жəне де, əлбетте, күймемен келмегенін аңдадым,
себебі, сулы қар еріп, оның кенеп қалпағынан көл боп ақты, ал,
лоцмандыкі тəрізді, ауыр брезент плащ бойына сіңірген бүкіл судың
зіл салмағымен жерге еңсесін езе басып тұрғандай көрінді. Соған
қарамастан, қалпақ, плащ пен галош рет-ретімен шешіліп, есіктің
қасындағы қуыста ілінді, содан кейін ол сыпайы киіммен жайлап
мінберге жақындады.
Ескілікті сəндегі мінберлердің көпшілігі сияқты, ол өте биік екен;
мұндай биіктікте дағдылы сатылар ұзынынан да əжептəуір жерге
созылып, шіркеудің онсыз да шағын аумағын едəуір тарылтатын
болғандықтан, сəулетші, сірə, Мэппл əкейдің кеңесімен, мінберді
сатысыз орнатып, оның орнына қапталдан, қайықтан кеменің үстіне
көтерілу үшін пайдаланылатын сияқты, аспалы баспалдақ жасап
беріпті. Бір кит аулаушы капитанның əйелі шіркеуге қызыл жүннен
өрілген екі мықты арқанды қайыр-садақа деп сыйлаған екен, сол енді
жоғарғы жағынан оюлы бедермен əшекейленіп, қызыл ағаш кейпіне
енгізіліп, ақ зəһарлы сұйықпен суарыла қақталған осынау
баспалдақтың тұтқа-жақтауы қызметін атқарып тұр, баспалдақтың өзі,
шіркеудің жалпы келбетімен салғастырғанда, əбден қиюласып тұрған
əп-əдемі құрал сипатында көрінгендей. Мэппл əкей баспалдақтың
түбінде бір сəтке кідірді де, жақтау-тұтқаның шеттеріндегі жүн
домалақтардан қос қолымен мықтап ұсталынып, жоғарыға бір қарап
қойды, сосын құдды өз кемесінің грот-мачтасына көтеріліп бара
жатқандай, қолдарын алма-кезек ауыстырып, баспалдақ бойымен таза
теңізшілік, əрі маңғаз ептілікпен өрлей жөнелді.
Бұл баспалдақтың қос қапталдағы ұзына бойлары, нағыз траптағы
сықылды, кленкамен көмкерілген жай жіп екен де, тек тепкішектері
ғана ағаштан жасалыпты. Мен бір қарағаннан-ақ мұндай құрылғының
кемеде өте ыңғайлы болатынын аңғара қойғам, бірақ тап мына жерде
артықтау көрінді. Өйткені, мінберге көтерілгеннен кейін Мэппл
əкейдің жайлап қана кері бұрылып, жақтаудан аса еңкейіп,
баспалдақтың бір тепкішектен соң бір тепкішегін асықпай тізбелеп
жоғарыға түгелдей саумалап жинап алатынын, сөйтіп, мінберді қол
жетпес құйттай Квебекке айналдыратынын мүлдем де күтпеп едім.
Сəл абдырып қалған мен біршама уақыт көргенімнің мағынасына
бойламаққа босқа арамтер болдым. Мэппл əкей асқан қарапайым жəне
əулие адам ретінде даңқы шыққан, сондықтан, оны мынадай
амалдармен арзан атаққа жетуге əрекеттенеді дейтін күдікке
қимадым. Жоқ, деп ойладым мен, бұл арада əлдебір ерекше мағына,
қандай да бір астарлы ишара болуы керек. Мұндай жағдайда ол осы
пəни оқшаулануы арқылы өзінің аз уақытқа рухани оңашаланып, бүкіл
сыртқы дүниялық байланыстар мен дəнекерлерді үзгенін көрсеткісі
келе ме екен? Шын мəнінде де, нағыз діндар адам үшін шарап пен еттің
сарқылмайтын қорын қызыл тілмен сапыратын осы мінбер қабырғасындағы мəңгілік қайнар түгесілмейтін берік қамал, асқақ
Эренбрейтштейн ғой.
Аспалы баспалдақ пірəдардың бұрынғы матростық өмірінен
алынған мұндағы жалғыз тосын нəрсе емес еді. Мінбердің артында қос
қапталда орналасқан мəрмəр құлпытастардың аралығында, қабырғада
үлкен сурет тұрды - өзін тура көбік атқан ақжал ұсқындар көмкерген
жағалаудың қара жартастарына қақпақылдап дауылмен шайнаса
шайқасқан жалғыз кеме. Осы ақ дидар сонау төменде толқындардың
қолында жан ұшырған кемеге қазірде Нельсон қаза тапқан жердегі
Викторияның" палубасына ойып орнатылған күміс тақтайша секілді
кішкентай нұр сəулелі таңдақ түсіреді. "О, даңқты кеме! - дейтін
сияқты осынау періште, - Ер кеме, ерен кеме, мықты бол! Сенің өжет
штурвалың қайсарлығынан қайтпасын. Шалғайдан күн де көрініп,
бұлттар сейіліп, аспан шайдай ашылып келеді".
Мінбердің өзінен де аспалы баспалдақ пен осынау суретті тудырған
теңіздік талғам іздері байқалады. Алдыңғы жағынан манель тұтылған
оның пішіні тіп-тік кеме тұмсығына ұқсайды, ал, Тоурат кеме
тұмсығындағы көне ою-өрнекті еске түсіретін шиыршық бедерлермен
əшекейленген төбешікке жайғасыпты.
Бұдан асқан астарлы мəнді қайдан табарсыз? Уағызшылық мінбері
əлмисақтан жердің алдында, ал, қалғандарының күллісі соның
соңынан келеді: мінбер дүйім дүниені соңынан ертеді. Адамдар
Құдайдың қаһарының алғашқы белгілерін осы арадан айырады,
дауылдың алғашқы тегеуріні де кеменің тұмсығына соғады. Самал мен
дауылдардың Құдайынан қуалай соғар жел сұрап жалбарынған
алғашқы зар тілектер осы арада айтылады. Шындығында да, əлем ашық мұхиттың тылсым сырлы айдындарына бет алған кеме, ал,
уағызшының мінбері - сол кеменің тұмсығы.
IX тарау
УАҒЫЗ
Мэппл əкей түрегеліп, сыпайы да жұмсақ даусымен өзінің шіркеуді
кезіп кеткен діндарларына жиналып, тығызырақ отыруға əмір берді:
"Ей, сол жақ бүйірдегілер! Онға қарай жылжыңдар! Оң жақ борттағылар
- солға қарай! Ортаға! Ортаға!".
Орындықтардың аралығындағы бос жерлерде зілдей матрос
етіктері қатты тарсылдап кетті, əйелдердің кебістері естілер - естілмес
сүйретіле тысырлады, сөйтіп, қайтадан тыныштық орнап, көз атаулы
уағызшыға қадалды.
Бір сəтке ол қыбырсыз тұрып қалды, содан кейін өзінің мінберінің
тұмсық жағында тізерлеп отырып, үлкен қоңырқай алақандарын
кеудесіне қойды, сөйтті де жұмулы көздерін жоғарыға қарата, құдды
дұғасын теңіздің түбінен оқып жатқандай, соншалықты терең
ынтызар-ықыласпен құлшылық етуге кірісті. Дұға аяқталғасын,
тұманды күні суға батқан кеменің палубасынан шыққан азалы қоңырау
шылдырынан аумаған созылыңқы əрі салтанатты дауыспен - соңғы
өлең жолдарына қарай ырғақ-екпінін біртіндеп өзгертіп, гимнді оқып,
оны мəз-мейрам, əуезді шаттық азанымен тəмамдады.
Үстімде кит қабырғасы иілген,
Шерттім қара қорқыныштың күйін мен.
Толқындарда тербетілді сыртта күн –
Тұңғиыққа ажал мені үйірген.
Кең ашылған кердім тозақ аранын,
Топырлаған сонда мехнат, азабың,
Тілсіз, мақау тауқыметке сан жетпес –
Торлап алды торығу мен нала, мұң.
Зəрем ұшып, жалбарындым құдайға,
(Лайықпын ба, құлшылығым ұнай ма?),
Құлақ асты зар күйіме ол бірақ,
Құрыды кит, толды жаным күн-айға.
Нұрлы дельфин алып маған ұшқандай,
Жаратушым жедел келіп құшқандай.
Құдай жүзі жарық əрі қаһарлы,
Көк аспаннан найзағай боп шыққандай.
Үрейін де, шаттығын да əкелген,
Сол бір сəтті өмірбақи жыр етем.
Мадақтаймын Жаратушы Иемді,
Мейірімі шексіз екен Құдайдың,
Құдайдың ол құдіретті ұлы екен.
Жиналғандардың барлығы дерлік оған қосыла əндетіп, биікке
қалықтаған жəне боранның ұлуын басқан гимн шарықтай түсті.
Содан сəл ғана тыныштық орнады; уағызшы Тəурат беттерін баяу
аударыстырып, ақыры, айқасқан алақандарын ашық кітапқа салып
тұрып, сөйлеп кетті:
- Сүйікті матрос-бауырым! Жоһан пайғамбар кітабының бірінші
тарауының ақырғы жырын алайықшы - "Құдай сонда алып кетті
жаратып, Жоһанды оған жұтуға жарлық берді. - Матростар! Небары
төрт тарау - төрт əңгімеден тұратын бұл кітап - Өсиеттің құдіретті
арқанына қоса өрілген нəзік жіп қана. Бірақ Жоһанның тереңдік
өлшейтін лоты қандай жан тереңдігіне жеткен десеңізші! Бізге бұл
пайғамбардың үлгісі қандай тағылымды десеңізші! Халықтың
құрсағындағы мадақ жыры қандай тамаша! Ол теңіздің ақжал
толқындарына соншалықты ұқсас жəне қайсар айбынға толы! Біз
түпсіз тұңғиықтың өз үстімізге көтерілгенін сезінеміз, сонымен бірге
біз енді теңіздің тұтқыр түбіне шомамыз, ал, айналамызда, жанжағымызда, - теңіз шөбі мен жасыл балдыр! Бірақ бізге Жоһанның
кітабы беретін сабақ қандай? Достарым менің, бұл қосарланған сабақ:
біздің бəрімізге, күнəкар пенделерге сабақ жəне маған, тірі Құдайдың
кеме басшысына сабақ. Мұның біздің бəрімізге, күнəкар адамдарға
сабақ болатын себебі, мұнда Жоһанның күнəсі жайында, ескіріп қатып
қалған жаны жайында, кенеттен оянған қорқынышы, жедел
жазалануы жайында, өкініші, ғибадаты жəне, ақырында, құтқарылуы
мен қуанышы жайында əңгімеленеді. Адамдар арасындағы барлық
күнəкарлардағы сияқты, Амафияның ұлының күнəсі Жаратқанның
ықтиярына қасарысып бағынбауында еді - бұл ықтиярдың
қандайлығы жəне оған қалай хабарланғаны қазір маңызды емес өйткені, ол оны орындау қиын деп білді. Бірақ естеріңізде болсын:
Жаратушының бізден күтетінінің барлығын да орындау қиын,
сондықтан да ол көбіне-көп, біздің көзімізді жеткізуге əрекеттенбей,
бізге əмір етеді. Егер біз Құдайға мойынсұнатын болсақ, əрқашан өз
тілімізді алмауымыз керек; Құдайға мойынсұнудың күллі қиындығы
да нақ осы адамның өзін мойынсұнбауда жатыр.
Бірақ мойынсұнбаудың осынау күнəсына батқан Жоһан
Жаратқанды ары қарай да мазақ қылып, одан қашып кетуге
əрекеттенді. Ол адамдар жасаған кемені Құдай емес, жер капитандары
əмірін жүргізетін елдерге алып барады деп ойлады. Сөйтіп, ол Иоппия
кеме жайларында сенделіп жүріп, Фарсиске бет түзеген кемені көріп
қалады. Ой жүгіртсек, мұнда əлі күнге дейін ұғынылмаған ерекше
мағына бар. Барлық есептеулер бойынша, Фарсистің қазіргі Кадистан
өзге ештеңе болуы мүмкін емес. Ғұлама адамдардың пікірлері
осындай. Ал, Кадис қайда жатыр, достарым менің? Испанияда,
Иоппиядан соншалықты алыста; Атлантика сулары адамдарға
беймəлім дерлік сол бір көне замандарда Жоһан теңіз арқылы қайтіп
жетті екен. Өйткені, Иоппия дегеніміз, менің матрос бауырларым,
қазіргі замандағы Яффа, ол Сирияда, Жерорта теңізінің нағыз шығыс
жағалауында. Ал, Фарсис, немесе Кадис, екі мың мильден астам
батысқа қарай, Гибралтар бұғазынан шыға берісте орналасқан.
Матростар, сіздер Жоһанның Жаратқан Иеден жалғанның шетіне
қашуға əрекеттенгенін көресіздер. Бейшара! О, мүсəпір міскін,
жексұрын пенде! Кінəлі көз жанарын ол өзінің Құдайынан жиегі
түсірулі қалпағымен қалқалап жасырады; оңбаған тонаушыға ұқсап
айлақтарды кезеді, теңізді көктеп өтуге асығады. Түрінің беймазалығы
сондай, өзін əшкерелеген сезіктілігі сондай, сол замандарда полиция
болған болса, Жоһан бір ғана күдікті ұсқыны үшін, кеме үстіне табан
тигізіп үлгерместен тұтқындалар еді. Оның қашқын қылмыскер екені
айдан анық қой: қолында жүгі де - қалпақтың қатырғы қағазы да, жол
себеті немесе қолсандығы да, - айлаққа шығарып салып, жүзу сапарына
жол болсын айтатын достары да жоқ. Бірақ міне, жасқаншақтап ұзақ
іздеген ол ақыры Фарсиске бағыт ұстаған кемені табады. Жүк тиеу
аяқталып келеді; каютада капитанмен сөйлесіп алу үшін ол палубаға
шыққанда барлық матростар бір сəтке жұмыстарын тоқтатып, мына
адамның көзінің жамандығы жөнінде өзара сөйлеседі. Жоһан оларды
естіп тұрады; əйткенмен ол өзіне сабырлы да сенімді түр беруге бекер
əуреленеді, өзінің мүсəпір күлкісімен күлімдеуге бекер тырысады.
Теңізшілер оның кінəсін түйсікпен сезінеді. Олар əдепкі қалжыңмен,
сөйте тұра байсалды райда бір-біріне: "Айтам ғой саған, Джек, мынау
жесірді тонаған", немесе "Көрдің бе, Джо? Мынау қос қатын алған бəле",
немесе "Гарри, достым, осының өзі ескі Гоморрадағы түрмеден қашқан
зинақор, немесе, Содомнан шыққан, кісі өлтіруші қашқын болар деп
ойлаймын" деп сыбырлайды. Матростардың бірі кеме арқандалып
байланған
айлаққа
жүгіріп
барып,
қадаға
жапсырылған
құлақтандыруды оқиды, онда əкесін өлтірушіні ұстағаны үшін бес жүз
алтын теңге ұсынылған, ал, төменде қылмыскердің сыртқы келбеті
суреттелген екен. Ол оқиды да, біресе Жоһанға, біресе қағазға қарайды,
оның жолдастары болса, Жоһанның қасында топырлап, оны дереу
ұстап алмаққа əзір, ұғынысқан үнсіздікпен үймелеп тұр. Үрей-құты
ұшқан Жоһан дірілдеп, қорқынышын жасыру үшін өзінің күллі
батылдығын шақырып иманын үйіреді, тек осынысымен одан əрмен
су жүрек болып көрінеді. Одан бір нəрсені күдіктенетінін ол өзіне-өзі
мойындамайды, бірақ барлығының өзі тым күмəнді. Сөйтіп, оның
қағазда айтылған адамға матростардың көзі жетіп, қақ жарылып,
төмендегі кеме каютасына өткізгенге шейін ол сол арада тұрады.
"Бұл кім? - деп айқайлайды, асығыс түрде кеденге қағаздарын
жинап жатқан капитан өзінің үстелінен басын көтерместен. - Бұл кім?".
О, осынау бейкүнə сұрақ Жоһанның жанын қалай аяусыз жаралайды
десеңізші! Ол енді болмаса кері бұрылып, қайтадан қашуға əзір сияқты.
Бірақ сосын өзін билеп алды. "Менің кемемен Фарсиске дейін жетуім
керек. Сіздер қашан жүзіп кетесіңдер, сэр?".
Бұл капитан, достарым менің, көрегендігі кез келген қылмысты
ажырататын, əйткенмен, ашкөздігі тек жарлы-жақыбайлардың ғана
қылмыстарын əшкерелейтін адамдардың қатарынан еді. Бұл дүниеде,
бауырларым, жол ақысын төлей алатын, еркін саяхаттайды жəне
төлқұжатқа мұқтаж емес, ол ізгілік, егер ол кедей болса, бірінші
бекетте-ақ ұсталады. Жоһан жайындағы өзінің пікірін айтпас бұрын
капитан оның қалтасының тереңдігін тексеріп алмақшы болады. Ол
одан үш есе бағасын сұрайды, Жоһан келіседі. Жоһанның қашқын
қылмыскер екендігіне енді капитанның көзі жетеді, бірақ ол сонда да
болса өзіне алтынмен жол ашқан қашқынға көмектесуге бекінеді.
Əйткенмен, Жоһан өз əмиянын іркілместен алып шыққанда
капитанды қисынды күдік билейді. Əрбір теңгені ол жалған еместігін
тексеру үшін үстел үстіне ұрады. Енді, қалай болғанда да, бұл жалған
ақша жасаушы емес, дейді ол өзіне, сөйтіп, Жоһанды жолаушылар
тізіміне енгізеді. "Маған менің каютамды көрсетіңізші, сэр, - дейді енді
оған Жоһан. - Мұнда жеткенше жол соғып шаршадым, тынығуға
мұқтажбын". - "Түріңнен де көрініп тұр, - деп мүсіркейді капитан.
- Міне сенің каютаң". Жоһан каютаға кіреді де, есікті бекіту үшін
бұрылады, бірақ құлыпта кілт жоқ. Ал, оның мұнда есікпен құр босқа
əуреленіп жатқанын естіген капитан ақырын ғана күліп, іштен
бекітуге рұқсат етілмейтін түрме камераларына қатысты бір денені
мұрнының астынан міңгірледі. Жоһан келген бойы, үсті басы шаң,
киімшең қалпында кереуетке құлай кетіп, осы кішкентай каютаның
төбесіне маңдайы тие жаздағанын көреді. Ауасы тымырсық,
Жоһанның тыныстауы қиынға соғады. Қазірдің өзінде, ватер-сызықтан
төмен орналасқан осынау тар інде Жоһан өзінің кит қарнының қараңғы
қапасына қамалатын сонау бір тұншықтырғыш сағатты алдын ала
болжап сезген хал кешеді.
Қалқаға бұрап іліндірген аспалы шам ақырын шайқалады; соңғы
теңдердің салмағынан кеме айлақ жаққа қарай жантайды, енді шам
жалын тілімен бірге, каютаның өзіне қатысты алғанда, азырақ қиғаш
салбырап тұр; шын мəнінде мінсіз түзу болғанымен, ол өзі арасында
шайқалып тұрған деңгейлердің күллі алдамшылығы мен жалғандығын
тек растап қана берді. Шам Жоһанды үрейлендіреді, шошытады; өзінің
кереуетінде жатып, ол шаршаңқы көздерімен каютаны шолады, сонда
осынау бұған дейінгі жолы болғыш қашқынның алақтаған көзі тоқтап
тынығатын еш нəрсе табылмайды. Ал, шамның екі ұштылығынан
оның бойын қорқыныш барған сайын молырақ билей түсті. Еден, төбе,
қалқалар - бəрі қисайған. "Көңілімнің түкпірінде менің ар-ұятым да,
міне, дəл осылай салбырап тұр, - деп күңіренді ол, - оның алаулаған
жалыны көкке шапшыды, бірақ менің жанымның барлық мехрабтары
қисайып кеткен".
Қырғын ішіске толы түнгі ырду-дырду тойдан кейін төсегіне
асыққан адам секілді - оның басы əлі де дыңылдап тұрғанымен, ұятұжданының азабы жанына Рим арғымағының əбзеліндегі тікендердей
болат инелерін сұғып шанышқылайды, солар кеудесіне тереңдей
қадалған сайын ол соғұрлым ышқына алға шапшиды; азапты
тауқыметпен төсегінде дөңбекшіп, осынау бейшара халі аяқталғанға
шейін Құдайдан өлім бере тұруын тілеп жалбарынған, содан ақыры
азап иірімінде, қансырап өлгелі жатқан кісідей сілейіп естен
айырылғанын сезінген сол адам секілді - себебі, сырқат ар-ұят та əлгі
қан ағуын ешбір тоқтатуға болмайтын жара; міне, Жоһан да тап
осылай, өз кереуетінде азапты да ұзақ мүшкіл сағаттарын өткеріп,
ақыры сиқырмен арбаған қасіреттің қыспағында ұйқының жасыл
тұңғиығына шомады.
Бірақ міне, судың таситын мезгілі келді, арқан шешілді, сөйтіп, бір
жағына жапырыла жантайған кеме елсіз айлақтан Фарсиске теңізге
кетеді. Ал, контрабандаңыз кəдімгі Жоһан. Теңіз осыған бүлік
шығарды, ол тəупиқсыз жүкті алғысы келмейді. Ғаламат дауыл
көтеріліп, кемені жаңқалап қақтамаққа қаһарын төгеді. Ал, енді боцман
жұрттың бəрін жоғарыға шақырған шақта, жəшіктер, тендер мен
құмыралар кеме сыртына гуілдеп ұшып жатқан шақта, сарнаған жел
мен зарлаған адамдарға, тап үстіндегі тақтай палубаны дүбірлете
солқылдатқан апыр-тұпыр аяқ дүбіріне елең етпестен - осынау
сұрапыл азан-қазан ұлы қиқудың ортасында Жоһан бір алапат
ұйқымен ұйықтап жатты. Ол қара түнек аспан мен қаһар төге
долданған теңізді көрмейді, шпангоуттардың жарылып сынғанын
сезбейді, тап қазір алыстан, толқындарды қақ жарып, аузын арандай
ашқан алып кит өзінің соңынан заулап қуып келе жатқанын білмейді.
Өйткені Жоһан, менің матрос бауырларым, кеменің ішіне түсіп, өз
каютасындағы кереуетіне көсіле жайғасып, бұл кезде қатты ұйқы
құшағында жатқан. Шошынған кемебастық оған келіп, меңіреу
құлақтың дəл түбінен: "Сен неғып ұйықтап жатсың, есуас? Тұр!" - деп
айқайлады. Осы запыранды зардан оянған Жоһан аяғынан тік тұрып,
сүрініп-қабынып палубаға көтеріледі де, арқанға жармасып, теңізге көз
салады. Бірақ дəл осы сəтте оған теңіз жақтан зор толқын қара
барысша қарғиды. Ақбас толқындар кемені алма - кезек соғады, содан
арна таппай бұлқынған су кеменің арт жағы мен тұмсығына өкіре лап
қояды, кеме əлі де су бетінде ұсталып тұрғанмен, теңізшілер суға бата
бастайды. Аспанның аласапыран түнегі арасындағы терең
шұңқырларда жадау ай өзінің жасқанған жүзін ауық-ауық көрсетіп
қалған сайын өн бойын үрей билеген Жоһан дəл сол арада тасқындаған
су аясына қарсы, төменге қайта сүңгу үшін көтерілген кеме бушпритін
көреді.
Оның жанын зар мен үрей кернеді. Құдайдан қашқан ол енді қалай
қысылып бүріссе де, қалай жасырынса да, тігілген барлық көздерге
белгілі болып қалды. Матростар оны байқап, күдіктерін растайды,
ақыры, ақиқатты анықтау үшін ғана олар Арсының сотына жүгініп,
жеребе тастауға һəм өздерінің ғаламат дауылға кімге бола тап
болғандарын білуге бекінеді. Жеребе Жоһанға түседі. Бұған көздері
жеткен олар оны жеп жіберердей ашу-ызамен сұрақтардың астына
алады: "Сен немен айналысасың? Қайдан келесің? Елің қай жақта?
Жəне де өзің қайсы халықтан шыққансың?". Əйтсе де сіздер, матростар,
Жоһанның енді өзін қалай ұстайтынын байқаңыздаршы. Ашу кернеген
теңізшілер одан тек кім екенін жəне қайдан екенін сұрайды, бірақ олар
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.