Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 12

Total number of words is 4151
Total number of unique words is 2361
29.6 of words are in the 2000 most common words
41.9 of words are in the 5000 most common words
49.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
үлгісін көреміз. Біздің уақыт-тағы мачта шолғыншылары - кез келген
өкірген долы дауылға селт етпей төтеп беретін, бірақ көрген
ғажайыптарын дауыстап хабарлауға қабілетсіз темір, тас жəне қола
адамдардың жансыз жиынтығы. Міне, мысалы, жер бетінен жүз елу
фут биіктегі Вандам бағанының ұшар басында қолдарын көкірегіне
айқастырып Наполеон тұр, палубада - Луи-Филипп пе, немесе ЛуиБлан ба, əлде Луи-сайтанның өзі ме кімнің билік жүргізетіні оған енді
бəрібір. Ұлы Вашингтон да өз-өзімен Балтимордағы айбынды
гротмачтасының ұшар басындағы шырқау биікте томсарады, Геркулес
мұнарасы тəрізді, оның өр бағаны да жер басып жүрген пенделердің
асып өтетіні кемде-кем адамдық ұлылықтың шегін белгілейді.
Адмирал Нельсон да тап солай Трафальгар-бақтағы зеңбірек
шойынынан құйылған мачта тағында шолғыншы болып тұр тіпті,
Лондонның түтіні оны мүлдем тұмшалап тастаған кездерде де көзге
көрінбес қаһарманның өз орнынан тапжылмағанын айғақтайтын
белгілер əрдайым болады, себебі отсыз түтін болмайды емес пе.
Əйткенмен, ұлы Вашингтон да, Наполеон да, Нельсон да егер өздерін
төменнен шақырса, аяқтарының астындағы палубада есалаң күйге
түсіп
шарқ
ұрғандар
көмек
сұрап
қаншама
шырқырай
жалбарынғандарымен, олар ешқашан жауап қатпайды; ал, біздің
ойымызша, олардың рух көздері болашақтың қалың түтінін жарып
өтсе керек еді, айналып өтетін қайраңдар мен құз-жартастарды
айырып көрсе керек еді.
Əлдебір тарапта құрлық пен теңіздегі мачта шолғыншыларын
біріктіру əрекеті негізсіз болып көрінуі мүмкін; бірақ мұның шын
мəнінде мүлде бұлай еместігін бізді Нантакет аралының жалғыз
тарихнамашысы Овид Мэйси жарақтаған бір пайымы айқын
дəлелдейді. Мəртебелі Овидтің айтуына қарағанда, кит аулау кəсібі
жаңа өрбіген өрі кемелер олжа қуалаған тұрақты сапарларға əлі шыға
қоймаған бұрынғы замандарда арал тұрғындары жағалау бойындағы
құмда шолғыншылар өрмелеп шығатын биік діңгектер орнатқан екен,
өрмелеу үшін, тауықтардың тауыққорадағы өздері қонақтайтын
бағанға өрмелейтіні сияқты, шеге қағылған жұқа тақтайшаларды
пайдаланған көрінеді. Ал, бірнеше жыл бұрын Жаңа Зеландия кит
аулаушылары дəл осындай тəсілге жүгінді - китті байқаған
шолғыншылар жағалауда күтіп тұрған вельботтарға белгі берді. Бірақ
қазірде бұл тəсіл ескірді, сондықтан да бірден- бір нағыз мачтатағы теңіздегі кит аулайтын кеме мачтасының тағына жүгінейік.
Шолғыншылар барлық үш мачтада таң атқаннан күн батқанға шейін
тұрады; матростар онда бір-бірін (штурвалдағы сияқты) əрбір екі сағат
сайын алмастырады. Тропиктердегі тымық жаймашуақта мачтада
тұру айрықша рақат, ал арманшыл һəм қиялдағыш адам үшін тіптен
ғажап. Құдды түпсіз тұңғиықтың бетінде алып мачта ағашаяқтармен
адымдағандай, жым-жырт палубаның үстінде жүз фут биікте көкірек
керіп тұрасың, ту төмендегі аяқтарыңның арасынан, бір кездерде
əйгілі Родос дəуінің етіктерінің арасынан өткен кемелерге ұқсап, алып
теңіз құбыжықтары жүзіп өтіп бара жатады. Мұхиттардың ұшы - қиырсыз
өрінде бұлдыраған сен осылай тұра бересің, айналадағы ұлы
тыныштықты тек толқындар бұзады. Мүлгіген кеме ақырын
тербетіледі, тропик самалы аймалай желпиді, бəрін де маужыр күйге
бейімдейді. Тропикалық кит аулау сапары кезінде сізді əдетте бір
ғаламат алаңсыз жайбарақаттық баурап алады; сіз ешқандай жаңалық
естімейсіз; газет оқымайсыз; құр бекер қатардағы оқиғаларды
даурықтырып суреттеген төтенше хабарлар сізді қобалжытпайды; сіз
елдегі күйзелістер жайлы да, банкрот болғандар мен акцияның
құлдырауы жайлы да естімейсіз; жəне де бүгін немен түстенемін деген
ой да сізді қажытпайды - өйткені, сіздің алдағы үш жыл бойғы
азығыңыз күбілерге сенімді түрде салынып қойылған, бүкіл осы
уақыттағы мəзіріңіз де еш бұлжымайды.
Кит аулаушы кемелердің оңтүстік теңіздері суларындағы аз
кездеспейтін үш немесе төрт жылдық жүзу сапарларында сіздің мачта
төбесінде өткізген сағаттарыңыздың жиынтық мөлшері кейде бірнеше
айларға теңелуі де мүмкін. Тек өз өміріңіздің мұндайлық елеулі бөлігін
өткізетін жердің жайлы да сайлы жағдайдан немесе кереуетке, кеме
сəкісіне, жерлеу дүрегілеріне, қарауыл күркесіне, уағызшы мінберіне,
күймеге жəне адамдар уақытша оқшаулану мақсатында пайдаланатын
басқа да тар əрі ыңғайлы кұралдарға тəн оңтайлы оңашалықтан
мұншалық күйінішті түрде жұрдай болғандығына өкінгеннен басқа
қайран жоқ. Мұндағы сіздің қонақтайтын бақаныңыз əдетте гротмачтаның ұшар басы (сіз ол жерде топ-краспица деп аталатын
қапталдас екі жіңішке білеу ағаштың (сірə, бұлар тек кит
аулағыштарда ғана болса керек) үстінде тұрасыз. Толқындар кемені
ырғалта шайқайды, сол кезде мұндағы жайлылық жаңадан келген
жігітке бұқаның мүйізіне кем болмас. Рас, суықта жоғарыға өзіңізбен
бірге жылы мюлак тон түріндегі - үйіңізді ала шығуыңызға болады,
бірақ, шындығын айтқанда, ең жылы шолақ тонның өзінің де үйге
ұқсауы бір жалаңаш тəннен артық емес, өйткені, біздің жанымыздың
өзінің тəндік сауытының ішіне қамалып, онда ажал құшу қаупіне
ұрынбай əрлі-берлі еркін қозғала алмайтыны, əсіресе, сыртқа шыға
алмайтыны сияқты (қыста қарт Альпіден асып түспекші болған
тəжірибесіз жолаушыдай), шолақ тон да тап солай - ол біздің үйіміз
емес, бар болғаны орауыш қап немесе бізді жапқан терінің екінші
қабаты. Ендеше, біздің денемізге кітап сөресін немесе комодты
сыйғызу мүмкін болмайтыны сияқты, шолақ тон - пан да сіз ешқашан
жайлы кабинет жасап шығара алмайсыз.
Күллі осынау терең өкініш аясында назар аударуға лайықты бір
жайт сол, оңтүстік сапарлардағы кит аулағыш мачтасының тағы
Гренландия
флотилиясының
кит
аулайтын
кемелерінде
шолғыншыларды Мұзды мұхиттың қатал күн райынан паналататын,
"қарға ұясы" деп аталатын, қараторғай үйшігі тəрізді кішкентай
күркешікпен жабдықталмаған.
Кішкене камин пештің алдындағы отбасы, ошаққасылық оқуға
арналған һəм "Гренландиядағы жоғалған ежелгі исланд қоныстарын
жолшыбай екінші мəрте ашу мақсатымен əрі гренландиялық китті
қуалап мұзтаулар арасында жүзу" деген тақырып қойылған капитан
Слиттің шығармасында, осы бір ғажап хикаяда мачта басындағы
шолғыншылар осында егжей-тегжейлі суреттелген "қарға ұясын"
пайдаланады. Бұл сөз жақында ғана ойлап табылып, капитан Слиттің
"Торос" деп аталған осы даңқты кемесінде алғаш қолданылған
болатын. Ол өнертапқыш һом патент иесі ретінде өз-өзіне құрмет
көрсетіп, көлгірсіген топырыш сыпайылықты кеудеден итеріп тастай
нақ "Слиттің қарға ұясы" деп жазады сірə, ол егер біз өз есімдерімізді
өзіміздің балаларымызға берсек (бұл жағдайда əкелерді өте əділетті
түрде өнертапқыш һəм патент иелері деп пайымдаған), өзіміздің əрбір
басқа шығармамызды да тап солай өз құрметімізге орайластыра
атауымыз керек деп есептеген болар. Слиттің қарға ұясы сырттай
үлкен күбіні немесе құбырды еске түсіреді, үсті ашық, бірақ дауыл
кезінде желден ықтауға болатын жылжымалы қаптал қалқанмен
жабдықталған. Бұл күбіні мачтаның ұшар басына орнатады,
сондықтан оның ішіне түбіндегі тар қақпақ арқылы кіруге тура келеді.
Құйрыққа қараған жағынан ыңғайлы отырғыш қойылған, оның
астында қолшатырлар мен жылы бұйымдар сақталған жəшік тұр. Ал
алдағы қабырғада қорқор, дыбыс зорайтқыш, дүрбі жəне басқа да теңіз
саяхаты құралдарын салып қоюға арналған былғары қалта тəрізді
бірдеңе бар. Капитан Слит өзінің қарға ұясында сəті түсіп шолғында
тұруға тура келген кездерінде өзімен бірге əрқашан мылтық (оны да
былғары қалтаға тіреп орнатып қою үшін), нарвалдар, немесе
солтүстік суларында құжынап жүретін қаңғыма теңіз жалғызмүйіздері
кенет ұшырасқан жағдайға оқ-дəрі сауыты мен бытыра алатынын
айтып жазады, гəп мынада, оларды палубадан ату мүмкін емес толқындар бөгет жасайды, ал жоғарыдан ату - мүлдем басқа əңгіме.
Өзінің қарға ұясының барлық жайлылығын ұсақ-түйегіне дейін
тəптіштеп жазудан капитан Слит кəдімгідей рақат табады; алайда, ол
осыларға тым ұзақ шұқшиса да, өзі айтатындай, нактоуз магниттеріне
əсер ететін "жергілікті тартылыс" салдарынан болатын қателіктерге
ұрынбау үшін жоғарыда ұстайтын кіші құбыланамасымен жүргізетін
өз тəжірибесінің аса оқымысты сипаттамасымен бізді сыйлай тұрса да
əлгі қателіктер кеме палубасында көлбеу жатқан шегелердің,
қапсырмалар мен болттардың жақындығынан, сондай-ақ "Тороста"
команда құрамында маскүнем ұсталардың тым көптігінен де пайда
болушы еді - міне, менің айтып тұрғаным, капитан Слит өзінің күллі
ғұламалығы мен оқымыстылығын танытып, неше түрлі "нактоуздық
ауытқуларды", "азимуттық байқаулар" мен "жақындағандағы
қателіктерді" қанша төпелеп жаудырса да, бұл капитан Слит мына
қарға ұясында тұп-тура өзінің қолының астында шүпілдей толып
жайымен сорайып тұрған құтышаның баураған сиқырына деміл-деміл
балқымай тұра алмағанын, сол себептен де өзінің терең мағыналы
магниттік толғаныстарына оншалықты шома алмағанын жақсы біледі.
Сондықтан да, өзім осы ержүрек, адал əрі ғалым капитанды аса
бағалап, тіпті, жақсы көре тұрсам да, ол өзі полюстен бар болғаны он
қадам жерде мачтадағы құс ұясында құлақшын мен биялай киіп
математикамен шұғылданған кезінде сенімді серігі һəм жұбатушысы
болған сол құтының сіңірген еңбегін айтпай қалуы оның тарапынан
мүлдем де дұрыс болмады деп есептеймін.
Оңтүстік теңіздердің кит аулаушылары капитан Слит пен оның
Гренландиялық флотилиясы сияқты жайлылықтарды пайдаланбаса
да, есесіне ауа райындағы артықшылық - оңтүстік суларын жайлаған
көңіл арбайтын əсем тыныштық бұл жағдайдың өтеуін
сипаттайды.Əдетте, шолғыншыны ауыстыратын кезегім келгенде,
міне темір арқандар бойымен асықпай жайлап өрмелей бастаймын,
Квикегпен немесе өзіме қарсы түсіп келе жатқан басқа біреумен
сөйлесуге Марста бөгелемін, сосын тағы кішкене көтерілемін, сосын
аяғымды керенау басып, əуел бетте күллі сулы жайылымды бір шолып
шығамын, содан соң ақыры асықпай өз нысанама жетемін.
Осы арада ақ ниетіммен арыла айтып арымды аршып алуым керек,
мен жаман шолғыншы едім. Шалқар ойлар шарықтап туындаған,
бойымды бүтіндей ғаламның жұмбағы билеген мынадай (іште
өзіммен-өзім оңаша қала отырып мен кит аулаушының "Аса сақ болып,
барлығын палубаға хабарлап тұр!" дейтін бұлжымас бұлтартпай
қайтіп қадағалай алмақпын.
О, нантакеттік кеме қожалары, мен сондай-ақ сіздерді барша шын
пейілімен ескертуге тиіспін! Өздеріңіздің кəсіпшілік кемелеріңізге шот
маңдай, жанары солғын, жадау жүзді жас жігіттерді; бостан-босқа ойға
шомғыш жас жігіттерді; басына Боудичті емес, Федонды құйып жүзуге
аттанған жас жігіттерді жалдаудан сақтаныңыздар. Сіздерге
мұндайлардан сақтаныңыздар деймін: китті аулау үшін əуелі оны көру
керек қой, ал көздері шүңірейген мына жас желөкпе сізді жер шарын
он айналдырып шығып, бір шөкім спермацет алдырса, бұйырмасын.
Менің сақтандыруымды бекер деп ойламаңыз. Қазіргі кезде кит аулау
кəсібі құрлықтағы тіршіліктің тауқыметті қам-қарекетінен жиреніп,
қарамай мен теңіз хайуанының майынан алданыш табатын көптеген
асқақ күйлі, нəзік сезімді, қиялшыл-мұңшыл жаңғалақ жас жігіттердің
бас сауғалайтын панасына айналыпты. Бəлкім, кей-кейде, жолы
болмай, беті қайтқан кит аулаушы кеменің мачтасында Чайльд
Гарольдтің нақ өзі тұрып, қату жүзбен былайша сақылдауы да сирек
кездеспейтін болар.
Жүгір шапшаң, жойқын толқын заулаған, Кит майы деп медиенге
құр текке Кемелерін аттандырды аңшы-адам.
Көбіне-көп капитандар осы бейқам жас философтарды ұрсып- сөгіп,
жүзудің сəттілігіне жандары жеткілікті ашымайды, оларға бекзат
намысқойлық мүлдем жат деп кінəлайды, сол себептен де олар, тіпті,
жан түкпірлерінде китті көргеннен де, көрмегенді ұнатады. Бірақ бəрі
де бекер: сірə, жас желөкпелер нашар көретін болса керек, яғни
алыстағыны көрмейді, ендеше, көз тамырларын сонша талдырудың
қажеті қанша? Ал өздерінің театр дүрбілерін олар үйлерінде
қалдырыпты.
- Ей, сен, маймыл, - деді бір күні гарпуншы осындай бір жігітке. Біздің кəсіпшілік етіп жүргенімізге, міне, таяуда үш жыл толады, сен
болсаң əлі бір китті де көтерген жоқсың. Сен жоғарыда тұрған кезде
киттер тауықтың тісінен əрмен селдіреп сирек ұшырасады.
Бəлкім, олар шын мəнінде де ұшыраспайтын болар, мүмкін,
керісінше, тұтас үйірлерімен жүзіп жүретін шығар; бірақ, толқын мен
тəтті қиял бесігінде тербетіліп жұбанған осынау ойшыл жасөспірімнің
бұлдыраған көмескі армандарының маужыраған селқостығына
шомғандығы соншалық, ақырында ол өзін-өзі сезінуден де қалады;
аяғының астындағы құпия сырлы мұхит оған табиғат пен адамды бір
демде кенелдіретін түпсіз терең, шымқай көк жанның суретті бейнесі
болып көрінеді; оның назарынан тыс қалған өзгеше, көзге əзер
шалынатын, өткінші əрі тамаша атаулының бəрі, көрінбейтін су асты
мақұлығының толқын бетінде əрбір қылт ете қалған жүзгіш қанаты
оған өзінің талмай ұшқан сапарында бір сəтке біздің жанымызға да ұя
салатын ұстатпас ойлардың нақты көрінісі боп елестейді. Осынау
ұйқылы-ояу арбаумен сенің рухың артқа, өзінің" қайнарларына қарай
заулайды; Крэнмердің желге ұшырылған пантеистік күлі тəрізді, ол
уақыт пен кеңістікке сіңіп, ақырында біздің бүкіл жер шарындағы
əрбір жағалаудың бөлінбес бөлшегіне айналады.
Міне, енді сенде кеменің ақырын тербетуі сыйлағаннан өзге өмір
жоқ, кеменің өзі оны теңізден, ал теңіз - тəңір жұмбақтап қойған судың
тасулары мен қайтуларынан алған. Тек осы бір ұйқы, осы бір тəтті
қиял құшағында, қолыңды немесе аяғыңды сол қозғап байқа,
саусақтарыңды жазып байқа, сен сол сəтінде-ақ өзіңді өзің шошына
сезінесің. Сен Декарт құйындарының үстінде самғайсың. Сонда
талтүсте, ауасы сондай тұнық, жайдары да шуақты шаңқай түсте сен
қыстығып шыққан қысқа жандауыспен үзіліп түсіп, мейірімді
толқындарында мəңгілік жоғалмаққа төмендегі тропикалық теңізге
құлдырай жөнелуің мүмкін. Осыны есте тұтыңдар, о. пантеистер!
XXXVI тарау
ШКАНЦЫДА
(Ахав кіреді; сосын қалғандары.)
Бір күні таңертең, қорқор оқиғасынан соң көп ұзамай Ахав таңғы
астан кейін əдеттегіше бірден шканцыға көтерілді. Құрлықтағы кейбір
мырзалардың таңғы астан кейін бақшада қыдырыстап жүретініндей,
мұнда бұл уақытта дағды бойынша капитандар сейілдейді.
Міне, оның ауыр сүйек адымдары палубада тақ-тұқ етіле бастады,
еденде, құдды жыныс қабаттарындағыдай, дөңгелек шұқанақтар - осы
айрықша жүріс қалдырған іздер қаптап кетті. Егер оның сүйегі ырсиған
бұжыр-бұжыр маңдайын қадалыңқырай шолуға батылыңыз барса, сіз
одан да өзгеше іздерді - талмай түн қатқан оңаша ойлар іздерін көрер
едіңіз.
Бірақ осы бір таңда оның маңдайындағы шұқыр-жырақалар
бұрынғыдан да тереңірек көрінді, оның мазасыз қадамдарының іздері
палубада тереңірек таңбаланды. Ахавтың бойын алуан ойлардың
кернегені соншалық, бас діңгек пен нактауздың қасындағы оның əрбір
үйреншікті бұрылысында əлгі ойдың сонымен бірге бұрылып,
сонымен бірге қайтадан адымдауға кіріскені көзге көрініп тұрғандай
болатын; оны ойдың билеп алғаны сонша, сол ой құдды əрбір сыртқы
қозғалысының ішкі сұлбасы сияқты болды.
- Байқайсың ба, Фласк, - деді Стабб сыбырлай сөйлеп, - балапан
қаратұмсықтана бастады. Көп ұзамай жұмыртқаны жарып шығады.
Бірнеше сағат өтті. Ахав бұрынғысынша біресе каютаға қамалып
отырып алды, біресе палубада көздерінен сол баяғы ызаға булыққан
тəуекелшіл от шашып ерсілі-қарсылы жүрді де қойды.
Іңір таянды. Кенет ол сүйек аяғын сол арада бұрын ойылған
шұқанаққа тіреп, қолымен темір арқанға жармасып, жақтаудың
қасында мелшиіп қатты да қалды, сосын Старбекке барлығын
шканцыға шақыруға бұйырды.
Кеме үстінде тек ең бір төтенше жағдайларда ғана берілетін
бұйрықты естіген аға көмекші аңтарыла "сэр" деп үн қатқаны сол еді.
- Барлығын шканцыға, - деп қайталады Ахав. - Ей, мачтадағылар!
Төменге түсіңдер!
Күллі команда жиылып, адамдар дауылдатқан көкжиектей қаһарлы
Ахавқа қауіптене əрі əуестікпен көз сұқтарын қадай бастаған кезде, ол
кеме сыртын шапшаң бір шолып, сосын көзін жиналғандар жаққа тікті
де, алдында құдды тірі жан жоқтай алға аттап, өзінің палубадағы зіл
салмақты қыдырысын қайтадан бастады. Басын шұқшитып, қалпағын
маңдайына бастырмалатқан ол команданың таңырқаған күбірсыбырын естімей, əрлі-берлі адымдай берді, содан ақырында Стабб
шыдамай кетіп, Ахав сірə, мұнда өздерін жүрістен жаңа рекордтың
куəгері ету үшін жинаған шығар деп Фласкқа сыбырлады. Бірақ бұл
ұзаққа созылған жоқ.
Міне, ол тоқтады да, дауысындағы бір жалынды мəнділікпен айқай
салды: «
- Халайық! Сендер китті көргенде не істейсіңдер?
- Дыбыс береміз! - деп үйлесе үн қатты қарлыққан жиырма
жұтқыншақ.
- Жақсы! - өзінің кенеттен қойған сұрағы сиқырмен лап еткізгендей
жалпы көтеріңкі көңіл күйін байқаған Ахав жабайы қуанышпен
дауыстап жіберді.
- Ал содан соң?
- Вельботтарды түсіріп, қуалауға жөнелеміз!
- Ескекті қандай əнмен есесіңдер?
- "Кит өледі немесе вельбот қирайды!"
Оның бет құбылысындағы шаттық пен мақұлдау дабыстаған сайын
ғажайыптанып, айбынды бола түсті; ал теңізшілер болса, көрер көзге
осынша мағынасыз сұрақтар өздерін қайтіп осындай толқулы күйге
түсіргеніне өздері қайран қалғандай, аң-таң болып бір-біріне қарасты.
Дегенмен де, Ахав өзінің айналмалы шұқырында жартылай
бұрылып, темір арқанға бар күшімен жанталаса жармасып, жиірек
ұстанып сөйлеген кезде, олар тағы да бір кісідей, дегбірсіздене алға
лықсыды:
- Мачтадағы шолғыншылар менің ақ китке қатысты
бұйрықтарымды бұрын да естіген. Енді бəрің де мұнда қараңдар!
Сендер мына испандық алтын унциясын көріп тұрсыңдар ма! - Ол жалт
- жұлт еткен үлкен теңгені күн көзіне көтерді. - Мұның бағасы он алты
доллар. Өзін бəрің көріп тұрсыңдар ма? Мистер Старбек, маған үлкен
балға əперіп жіберіңізші.
Аға көмекші балғаға барып келгенше Ахав үнсіз тұрып, құдды одан
əрмен жарқырата түскісі келгендей, алтын теңгені бешпетінің
етегімен асықпай ысқылады, жəне де өне бойы міңгірлеген қатқыл
дыбыстар шығарып, мұрнының астынан, сөзін айтпай, ыңылдай
əндетті, осынысы оның ішінде айналған өмір доңғалағының
дүңгірлегеніндей болды.
Старбектен балғаны алып, ол бас діңгекке жақындады, сосын оны
бір қолымен жоғары көтеріп, екіншісімен теңгені алға қарай ұмсына
созып, шаңқылдаған қатты дауыспен, сөйлей жөнелді.
- Сендердің іштеріңнен маңдайы тыржиған, жағы ырсиған ақбас
китті кім бірінші көрсе; сендердің іштеріңнен құйрығының оң
қапталында үш ойығы бар ақбас кит жайында кім маған бірінші
хабарласа; сендердің іштеріңнен, деймін мен, ақбас китті кім бірінші
көрсе, сол мына алтын унциясын алады, балаларым менің!
- Ур-ра! Ур-ра! - деп айқайлады матростар, олар Ахав теңгені мачтаға
қағып болғанға шейін өздерінің су өтпейтін кең жиек қалпақтарын
шаттана бұлғап тұрды.
- Ақ кит, деймін мен, - деп қайталады капитан балғаны палубаға
тастап. - Ақ кит. Көздеріңді кең ашып қараңдар, матростар. Ақ айдынды
көзден таса етпеңдер, матростар. Бір көпіршік байқасаңдар да, дауыс
беріңдер.
Бүкіл осы уақыт бойы оны Тэштиго, Дэггу жəне Квикег басқаларға
қарағанда зор ықыласпен қызыға тыңдап тұрған, ал енді, тыржиған
маңдай мен ырсиған жақ жайындағы сөздерді естіген кезде олардың
əрқайсысы өзінің əлдебір ескілікті естелігінен шошынғандай селк ете
түсті.
- Капитан Ахав, - деп тіл қатты Тэштиго, - бұл Ақ кит кейбіреулер
Моби Дик деп атап жүрген емес пе?
- Моби Дик? - деп зірк ете түсті Ахав. - Демек, яғни, сен бұл китті
біледі екенсің ғой, Тэш?
- Ол су астына кетерде құйрығын ерекше мəнермен сермей ме, сэр? деп сұрады үндіс.
- Оның бұрқағы да ерекше, рас қой, капитан Ахав? - деп іліп əкетті
Дэггу. - Тіпті кашалот үшін де аса жойқын жəне өте күшті.
- Жəне оның терісінен де бір, екі, үш о, көп-көп гарпун, а, капитан? деп Квикег байланыссыз былдырлады. Сосын өзі сондай бұрамабұлталақ... əлгі... неге ұқсайды... -деп ол сөз таппай, қолын құдды
бөтелке ашқандай айналдыра бастады, əлгі, неге ұқсайды...
- Тығын ашқышқа! - деп саңқ етті Ахав.
- Рас, Квикег, оның денесінде гарпундар көп, барлығы да майысқан,
қайысқан; рас, Дэггу, оның бұрқағы, бидайдың баулаған тұтас көпенесі
сияқты үлкен жəне де жылдағы қырқым кезіндегі біздің Нантакеттегі
тау боп үйілген қойдың жүніндей аппақ; рас, Тэштиго, сүңгігенде ол
құйрығын құдды дауылда желбіреген тұмсықтағы қиық желкендей,
биікке лақтырады. Өлім келсін ібіліске! Бұл Моби Дик! Моби Дик!
Моби Дик!
- Капитан Ахав, - деп тіл қатты Старбек, ол өне бойы Фласкпен жəне
Стаббпен бірге өзінің командиріне барған сайын таңырқай қарап
тұрған, бірақ енді болып жатқан жайттардың əлдебір түсінерлік
себебін тапқандай кенеттен жанығып кетті. - Капитан Ахав, Моби Дик
жайында мен де естігем. Ол əлгі сені аяқтан айырған Моби Дик емес
пе?
- Саған мұны кім айтты? - деп шарт ете қалды Ахав, бірақ сосын сол
үндемей тұрып, былай деді: Рас, Старбек, рас айтасыңдар,
қырандарым, менің мачтамды құлатқан Моби Дик, мені мына жансыз
кеспелтекке тұрғызып қойған Моби Дик. Рас, рас! - деп қайталады ол
жүрегі қарс айырылған арлан бұландай еңіреген, зəрені алғандай
сұмдық зарлы дауыспен. Рас айтасыңдар, бұл сол, қарғыс атқыр Ақ Кит,
менің палубамды қиратып, мені өле-өлгенше сорлатып, ебдейсіз
шойнаққа айналдырған сол! - Сөйтіп, қолдарын көкке созып, ол өзінің
шексіз қарғыстарын жаудырды: Иə! Мен оны Ізгі Үміт мүйісінің
сыртында да, Горн мүйісінің сыртында да, норвег Мальштремінің
сыртында да, тамұқ отының ар жағында да қыр соңынан қалмай
қуалай беремін, қуалаудан бас тартуға мені еш нəрсе мəжбүр ете
алмайды. Біздің жүзу сапарымыздың мақсаты осы, халайық! Қара қан
бұрқағын атып, ақ ұшасы толқындарда тербелгенге шейін Ақ Киттің
соңынан қуа беру. Сендер не айтасыңдар, матростар? Серттесуге
дайынсыңдар ма? Былай, ер жүрек адамдар көрінесіңдер.
- Дайынбыз, дайынбыз! - деп іліп əкеткен гарпуншылар мен
матростар өршеленген капитанға қарсы, алға ұмсынды. - Көзіңе қара
да, Ақ Китті қақырата соқ!
- Құдай сендерге жар болсын, халқым! - оның даусынан əлде еңіреу,
əлде шаттық естілді. Құдай сендерге жар болсын. Ей, аспаз! Мұнда ром
келтір! Мистер Старбек, сенің жүзің неге түнеріп кетті? Əлде, сен Ақ
Китті қуалауға келіспейсің бе? Моби Дикпен күш сынасуға дайын
емессің бе?
- Егер біздің кəсібіміз үшін қажет болса, капитан Ахав, мен оның
қисық аузымен жəне ажалдың аранымен де күш сынасуға əзірмін, бірақ
мен бұл кемеге капитанымның кегін алу үшін емес, киттерді жайрату
үшін келгем. Тіпті кегіңді қайтарған күннің өзінде, капитан Ахав, кек
қайыруың саған қанша күбі береді? Біздің Нантакеттің базарында ол
онша қымбат бағаланбайды ғой деймін.
- Нантакет базары! Онда менің шаруам қанша? Өзің маған
жақындашы, Старбек, бұл арада тереңірек қазу керек. Мейлі, ақша
дүниенің кілті бола берсін, достым, есепшілер мына кеңсе - біздің
планетамызда, оны - əрбір дюймына үшеуден - түгелдей алтын
гинеялармен белдеулей, өз қисаптарын түгендей берсін - бəрібір,
сонда да, деймін мен саған, сонда да кегімді алу маған мына жерде
пайда əкеледі!
- Ол кеудесін ұрғылап жатыр, - деп сыбыр етті Стабб. - Онысы не
қылғаны? Дыбысы қатты болғанмен, бір түрлі қаңғырлап шығады.
Тілсіз хайуанмен өштесу?! - деп даусын көтере түсті Старбек. Сені
жай əншейін соқыр түйсікпен соғып кеткен хайуанмен өштесу деген!
Бұл ессіздік! Капитан Ахав, тілсіз мақұлыққа кек сақтау - құдайдан
безгеннің ісі.
- Тағы да тереңде жатқанды тыңда деймін. Көзге көрінетін
заттардың барлығы - тек қатырма қағазды бетперде ғана. Бірақ ешбір
құбылыста - жанды харекеттерде, ашық істерде - мағынасыз
бетперденің арасынан бір саналы тіршіліктің тылсым сипаттары бой
көрсетеді. Егер сен талқандайтын болсаң, əуелі осы бетпердені
талқанда! Егер өзі қамалған қапастың қабырғасын қақыратпаса,
тұтқын еркіндікке қайтіп шықпақ? Мен үшін Ақ Кит алдымда кесекөлденең тұрған қабырға. Кейде мен ол тарапта ештеңе жоқ болар деп
ойлаймын. Бірақ мұның маңызы жоқ. Маған соның өз қара басы жетеді,
ол мені шайқасқа шақырады, мен оның тұла бойынан ақыл жетпес
қаскөйлік билеген қаныпезер күшті көріп тұрмын. Міне, осы меңіреу
қаскөйлікті ит етінен де жек көремін; Ақ Кит, мейлі, бар болғаны құрал
немесе дербес бір күш болса да, мен өзімнің бүкіл өшпенділігімді
бəрібір соған айдап саламын. Маған құдайға тіл тигіздің дегенді айтпа,
Старбек, егер намысыма тисе мен, тіпті, күнді де күл талқан етуге
бармын. Өйткені, егер ол менің намысыма тие алатын болса, демек,
мен де оны соққылай аламын; дүниеде адал ойын ойналады ғой, əрбір
жаратылыс ғаделет заңына бағынады. Ал бірақ мен осы адал ойынның
өзіне де мойынсұнбаймын. Маған үстемдік ететін кім? ІІІындықта шек
болмайды. Сен маған олай қарама, естисің бе? Албастының көз сұғынан
гөрі кененің көзқарасы сонда да болса төзімдірек. Аха, міне енді бір
қызарып, бір бозарасың; менің ыстығым сенің ашуыңды қоздырды.
Бері қара, Старбек, ашу үстінде антылғанның ізі қалмайды. Қатты
айтқан сөздері жанға тимейтін адамдар болады. Менің сені
ашуландырғым келген жоқ. Қайтесің, ұмыт мұны. Күнге күйген теңбіл
əшекейлі мына түрік тектес бет сүйекке қарасаңшы - күн сəулесі
сұлбалаған тұтас жанды суреттер. О, шіркін қабылан мəжусилер, өзінің
отты өміріндегі мағынадан бейхабар жəне соны іздемейтін осынау
ессіз, құдайсыз мақұлықтар! Командаға қарасаңшы, достым Старбек!
Олар Ақ Китке қарсы Ахавпен бір емес пе? Стаббқа қарашы! Ол күледі!
Əне, анау чилилікке қарашы! Ол əншейін күлкіден жарылғалы тұр.
Мұндай дүлей дауылда жалғыз ағаш төтеп бере ала ма, Старбек? Өзі
бұл арадағы əңгіме не жайында? Өзің ойлашы. Тек китті олжалау керек
- Старбек үшін сонша таңсық шаруа емес. Бар болғаны сол. Əрбір
матрос қайрағын колына алған кезде Нантакеттің бірінші гарпуны
аңшылыктан қалыс қалғаны бола ма екен? А-а! Байқаймын, бойыңды
ұят кернеді; сені тау толқын үйіріп əкетті! Сөйле деймін, сөйле! Ия, иə,
сен үндемейсің, сен үшін үнсіздігің сөйлеп тұр. (Басқа жаққа) Менің кең
танауымнан бір нəрсе түсіп кетіп еді - ол оны жұтып қойды. Енді
Старбек менікі; енді оған бағынуға немесе ашық бүлік көтеруге тура
келеді.
- Құдай, сақтай көр мені, - деп Старбек естілер-естілмес міңгір етті.
Сақтай көр бəрімізді, Жаратқан.
Бірақ, өзінің арбалған көмекшісінің үнсіз көнгіштігіне масаттанып
қуанған Ахав оның зəрлі дабысын да, трюмнен ақырын шыққан күлкіні
де, желдің жабдықтарды жұлмалаған қаһарлы гуілін де естімеді; ол,
тіпті, бір сəтке ұнжырғасы түсігі кеткендей, салбыраған желкендердің
кенет жалп-жалп етіп, діңгектерді шартылдай соққанын да естімеді.
Старбектің төмен қараған көздерінде өмірдің жігер оты қайтадан
маздады, жер асты күлкісі сап тыйылды, қатты керілген желкендерді
жел кернеп, кеме толқын жалдарында ырғи тербетіле қайтадан ілгері
жүзді. О, аяңдар мен нышандар! Көріне сала жоғалуға неге
асығасыңдар сендер? Сендер сақтандырмайсыңдар, о, көлеңкелер,
сендер əншейін біздің болашағымызды нұсқайсыңдар! Болашақты
нұсқағандарың сол, жан күйімізді жайып салғызып айғаққа
шығарасыңдар. Өйткені сыртқы дүние бізді тек сəл-пəл тежейді, ал
бізді еліктіріп алға құлшындыратын жан күйіміздің тұңғиықтағы
аңсар-мұқтаждары ғана!
- Ром! Ром! - деп айқайлап жіберді Ахав.
Аспаздың қолынан ернеуіне дейін шүпілдей толған күбішені алған
ол гарпуншыларға бұрылып, гарпундарын жалаңаштауға бұйырды.
Сосын, олардың үшеуін де өзінің қарсысына, зəкір қақпасының алдына
қолдарындағы гарпундарымен сапқа тұрғызып қойды, бұл шақта
шанышқыларын ұстаған үш көмекшісі оның қасына келіп тұрған, ал
қалған команда бұларды құрсаулай қоршап алды, капитан Ахав бірер
сəт өз бағыныштыларының жүздерін үнсіз шолды. Оның көзіне
түйіскен жанарлар тап қазір күллі үйірдің алдында - өкінішке орай,
үндістер жасырған торға түсу үшін - тағы бұқаның ізімен лап қоятын
көсеміне қадалған койот қасқырлардың қызыл қарашықтарындай,
жабайы отпен алаулап жанды.
- Іш те көршіңе бер! - деп айқай салды Ахав, сары ыдысты тақаудағы
матросқа беріп жатып. Барша команда ішсін. Шеңбермен жібер,
шеңбермен! Жылдамырақ ұрттап ал, тек жұтуға асықпа; əйтпесе,
сайтанның тұяғы сияқты, күйдіріп жібереді. Міне, осылай! Шеңбермен
ішіліп жатыр - тамаша! Бүл сендердің сумаңдап құйылады, сосын
қосарланып, көздеріңнен сығалайды. Тамаша, міне, түбі де көрініп
қалды. Сапамақ ана жаққа кетіп еді, мына жақтан қайтып оралды. Қане,
оны маған бер, босап қапты, түге! Матростар, сендер - аумаған
жылдарсыңдар; тостаған толы өмірді тып-типыл етіп жұтып
қойыңдар. Аспаз, толтыр күбішені!
Енді тік тұрыңдар, жүрек жұтқан ерлерім! Мен сендерді мұнда бəкір
қақпасының алдына жинадым; сендер, көмекшілер, өздеріңнің
найзаларыңмен менің қасымда тұрыңдар; ал гарпуншылар өз
гарпундарымен ана жерде тұрсын; ал сендер, сайыпқыран теңізшілер,
мені қаумалап қоршаңдар, сөйтіп, мен ата-бабаларымның,
балықшылардың қасиетті дəстүрін тірілтейін. Əлеумет! Мен сендерге...
охо! Күбіше тағы қайтып келді ме? Жалған теңге де бұдан шапшаң
қайтып оралмас. Оны бері əкеліңдер. Мен мұны қайта толтырып,
шеңбермен жіберер едім, бірақ мен əулие Виттің жандайшабы емеспін.
Аулақ, жылымды дырду! Бері келіңдер, көмекшілерім! Менің алдымда
шанышқыларыңды айқастырыңдар. Міне, былай! Қане, белдікке
қолымды тигізейін, - осыны айтып, ол қолын созды да, жалт-жұлт
еткен біркелкі үш шанышқыны айқасқан кіндігінен қапсыра ұстап,
кенет оны өзіне қарай қатты жұлқып қалды, өстіп, қанталаған көздерін
Старбектен Стаббқа, Стаббтан Фласкқа аударды. Ғаламат ішкі
серпінімен ол оларға Лейден банкісінде қорланған өзінің магниттей
тартымды өмірінің отты құштарлығын беруге тырысқандай болып
көрінді. Үш көмекші оның ұзақ қадалған, түсініп болмас тылсым
көзқарасына шыдамады. Стабб пен Фласк көздерін тайдырып əкетті
адал Старбек төмен қарады.
- Бəрі бекер! - деп саңқ етті Ахав. Бірақ, бəлкім, осының өзі жақсылық
болар. Мүмкін, сендер күндердің күнінде толық қуаттылық алсаңдар,
сонда менің кеудемдегі магниттік қасиетім зым - зия жоғалар еді. Ол
сендерді өлімші етіп жайрата соғуы да мүмкін. Оған мұқтаж
болмауларың да мүмкін. Шанышқыларыңды төмен түсіріңдер! Ал енді,
көмекшілерім, мен сендерді өзімнің үш мəжуси туысқаныма, мына үш
аса асылзада, асылтекті мырзаларға - менің ер жүрек
гарпуншыларыма шарап құюшы етіп тағайындаймын. Сендер бұл
тағайындаудан жиренесіңдер ме? Ал ұлы папа құмыраның орнына
өзінің тожтиарасын пайдаланып, мүсəпірлердің аяғын қайтіп жуады?
О, менің құрметті кардиналдарым! Сол дəрежеге ізетті түрде сендердің
өздерің түсесіңдер. Мен сендерге бұйырмаймын мұны сендер өз
ықтиярларыңмен істеңдер. Ей, гарпуншылар! Балақ бауларын шауып,
саптарын ұшынан ажыратып алыңдар. Бірінші гарпуны аңшылықтан
қалыс қалғаны бола ма екен? А-а! Байқаймын, бойыңды ұят кернеді;
сені тау толқын үйіріп əкетті! Сөйле деймін, сөйле! Иə, не, сен
үндемейсің, сен үшін үнсіздігің сөйлеп тұр. (Басқа жаққа) Менің кең
танауымнан бір нəрсе түсіп кетіп еді - ол оны жұтып қойды. Енді
Старбек менікі; енді оған бағынуға немесе ашық бүлік көтеруге тура
келеді.
- Құдай, сақтай көр мені, - деп Старбек естілер-естілмес міңгір етті. Сақтай көр бəрімізді, Жаратқан.
Бірақ, өзінің арбалған көмекшісінің үнсіз көнгіштігіне масаттанып
қуанған Ахав оның зəрлі дабысын да, трюмнен ақырын шыққан күлкіні
де, желдің жабдықтарды жұлмалаған қаһарлы гуілін де естімеді; ол,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.