Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 17

Total number of words is 4044
Total number of unique words is 2413
29.9 of words are in the 2000 most common words
42.4 of words are in the 5000 most common words
48.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
турасындағы ең жабайы жорамалдарға жол ашық қалды. Маған келетін
болсақ, мен сол бір тұманды таңсəріде өзімнің көз алдымда "Пекодтың"
палубасына өтіп кеткен құпия көлеңкелерді, сондай-ақ жұмбақ
Илияның тылсым тұспалдарын үнсіз есіме түсірдім.
Бұл шақта даусы енді басқа шлюпкаларға жетпей, алыстап кеткен
Ахав сол жақтағы шеткі қанатта шепке тұрып, басқа вельботтардан
озып, алда келе жатты - бұл оның ескекшілерінің бүкіл қайрат-күшін
танытатын жағдай еді. Осынау жолбарыс-сары жан иелері құрыш
болаттан һəм кит мұртынан жасалған сияқты; бейне бұралып
қойылғандай, Миссисипидің бойымен кемелерді қуалайтын бу
қозғалтқышынан бір кем емес олар шлюпканы алға заулатқан бір
мезгілдегі жойқын тегеурінде біркелкі көтеріліп əрі төмен түсіп
отырды. Гарпуншы ескегінде отырған Федалла өзінің қара күртесін
шешіп тастап, оның жалаңаш кеудесі сулы көкжиектің сусылдаған
аясындағы планшир үстінен айқын сұлбаланды. Қайықтың екінші
шетінде, семсерлесуші тəрізді, тепе-теңдігін жоғалтпас үшін қолын
артында қалдырған жəне өзін Ақ Кит мертіктіргенге дейінгі мыңдаған
мəрте сияқты, бағыттаушы ескекті емін-еркін меңгерген Ахав көрінді.
Кенет оның артқа созылған қолы тартылды да қатып қалды, ізінше бес
ескек те ауада қозғалыссыз қалшиды. Міз бақпай мелшиген команда
отырған қыбырсыз қайық толқында тербетілді. Оның соңынан ілешала басқа үш вельбот та тоқтады. Барлық тараптағы киттер көгілдір
тұңғиыққа кетті, сондықтан, алыстан, тіпті, олардың бағытын байқауға
да болмай қалды, əйткенмен, оларға басқалардан гөрі жақынырақ
келген Ахав мұны анықтап үлгерген екен.
- Жан-жаққа аңқайып аңыраймаңдар! - деп айқай салды Старбек. Түрегел, Квикег!
Тұмсықтағы үш бұрышты төбешікке шапшаң қарғып шыққан
жабайы бойын барынша созып, əлгінде ғана хайуандар бой көрсеткен
жерге ширыққан ашкөздікпен үңіле қарады. Оған қарама-қарсыдағы
құйрықта да вельбот планширінің деңгейіне көтерілген үш бұрышты
алаңша бар еді, онда өзінің қаусаған қайығының шайқатылуымен бір
ырғақта сабырлы қалыпта, өте ептілікпен тепе-теңдігін сақтай
ырғатылған һəм мұхиттың үлкен көкпеңбек көзіне үнсіз қадалған
Старбектің өзі тұрды.
Əредікте Фласктың вельботы да осылай, тіршілік нышанын
білдірмей тербетілді, ал жүрек жұтқан командирдің өзі астыңғы
бөренеге орнатылған əрі құйрықтағы алаңшадан екі фут жоғары
тұрған жуан бағанаға шығып алып қасиды. Бұл бағана гарпун
арқанының орамын тарқатуды баяулату үшін пайдаланылады. Оның
жоғарғы кесігінің жалпақтығы көп болса кісі алақанындай ғана, өстіп
Фласк кеңірдегіне шейін қылқылдап су астына кеткен, бейне батып
бара жатқан кеме мачтасындағы тұғырда тұрғандай еді. Тəпелтек
Сукесер аласа да кішкене болғанымен, алайда, бұл тəпелтек
Сукесеріңіздің талабы таудай биік əрі зор-тұғын, сол себептен де
бағана үстінен ашылған айнала көрініс Сукесерді мойындата қоймады.
- Үшінші толқынның ар жағынан ештеңе көрмей тұрмын, əлде, мен
өрмелей алатындай етіп, ескекті тігінен қойсақ па екен?
Бұл сөздерден соң Дэггу құлап қалмас үшін вельбот жақтауларынан
қос қолдап ұстап, арт жаққа тез жетіп барды да, сол арада бар бойымен
тіктеліп, Фласқа тұғыр ретінде өзінің зəулім иықтарын тосты.
- Міне, сізге ештеңеден кем емес мачта, сэр. Үстіме шығасыз ба?
- Шықпағанда қалай, рахмет саған, достым, тек бойың бұдан елу
футқа биігірек болғанда тіпті қатып кетер еді.
Сол кезде дəу зəңгі қайықтың жақтауларына аяқтарын алшайта нық
тіреп, сол еңкейді де, Фласкқа тепкішек орнына өзінің жалпақ
алақанын тосты, содан соң Фласктың қолын өзінің қаралы қауырсын
көмкерген басына апарып, Дэггу оны жоғары көтергенде өзің де
секіріп кет деп айқайлап, бір ғана епті серпінмен тəпелтек Фласкты өз
иығына ырғыта лақтырып, аман-есендік еткізіп қондыра қойды. Енді
Фласк сол жерде, үшінші көмекшінің таянуы үшін басынан асыра
көтерген Дэггудің қолынан ұстап тұрды.
Тасқындап бұрқанған бірбеткей де өршіл толқындар жан-жаққа
қақпақылдай лақтырған өзінің вельботында тұрған кит аулаушының
соншалық үйреншікті де ойсыз ептілікпен тепе-теңдік сақтауы
жаңадан көрушіні қашанда таң-тамаша қалдырады. Суреттелген
жағдайдың үстіне əсіресе оның бағана басында тепе-теңдік сақтап
тұрғанын көру тіптен таңданарлық. Əйткенмен, Дэггу сияқты дəудің
иығына қондырылған қолтоқпақтай Фласкты көрудің қызығы одан да
ғажап еді - бекзада зəңгі сондай бір селқос та сабырлы, қамсыз да
ойсыз, жабайы əсемдікпен өзінің сом денесін теңіз шайқауымен
үйлестіре, ырғақты күйде тербетіп тұрды. Оның иықтарында ақшыл
шашты Фласк əншейін ақ ұлпадай елестеді. Көлік өз жолаушысынан
гөрі бекзаттырақ болып көрінді. Ұшқалақ, қызба əрі кеудемсоқ
тəпелтек Фласк кей реттерде ашу үстінде аяғымен тепкілегенімен, ол
бəрібір зəңгінің падиша кеудесінен бірде-бір артық күрсініс шығара
алмады. Мен Кəрілік пен Менменшілдіктің дарқан да мейірімді жерді
ызаланып аяқпен тепкілегенін көргем, бірақ жер бұған елең етіп, өзінің
айналуы мен ұшу бетін өзгертпеді.
- Бұл шақта екінші көмекші Стабб мұндай қиянға қиялаған
беймазалық таныта қоймады. Бəлкім, киттер жай шошып сүңгімей, су
бетінде мөлшерлі уақыт болғаннан кейін, енді тереңге ұзаққа кеткен
шығар; егер солай болса, онда Стабб, мұндай жағдайлардағы
үйреншікті əдетіне бағып, өзінің сарғайып күтуін қорқор тартып
көріктендіруге ниеттенді. Ол онысын əркез қауырсынға ұқсап
қиғаштай сорайып тұрған жерінен - қалпағының əдібінен суырып алып
шықты. Оны сұқ саусағының ұшымен темекіге толтырып, уқалап,
өзінің құдды зімпарадай дөкір алақанына сіреңке шағып тұтатқаны сол
еді, көздері бейне темірқазық жұлдыздай жайнап жел жақты көзеген
гарпуншы Тэштиго кенет тұрған орнында найзағайдай безілдеп, жын
қаққандай асығыс есірікпен айқай салды:
- Ескекті, ескекті суға салыңдар! Жабылыңдар! Əне, əнеки олар!
Егер теңізші болмасаңыз, сіз сол сəтте ешқандай китті, тым құрыса
жалғыз шабақтың шөкімдей белгісін - көбіктенген ақшыл - жасыл
судан, оның үстінде құдды домаланған көбікті толқындардан
шашыраған ұйпа-тұйпа тамшы бауларындай, жел бір жаққа ықтырып
қалықтаған сирек ұшпа бұлттардан басқа ештеңе көрмес едіңіз. Бейне
қатты қызған темір пештің үстіндегі сияқты, кенет айналадағы ауа
тітіреп, суылдап, желпілдеп қоя берді. Жұқа су қабаты жасырған
осынау əуе толқындары мен құйындарының астында киттер жүзіп
жүрді. Барлық басқа белгілерінен бұрын байқалған, демдерімен
шыққан булы мұнар олардың келе жатқандығын сүйіншілеген
хабаршы, жаршыларындай болды.
Енді барлық төрт вельбот су мен ауа біркелкі толқынданған жерге
ұшыртып келе жатты. Бірақ оған жету де онша-мұнша оңай болмады;
бейне таудан құлаған тасқын жазық алапқа жүйткітіп əкетіп бара
жатқандай, көпіршіктер мен көбіктер нөпірі барған сайын алға қарай
заулап ұша берді.
- Басындар, басыңдар, жігіттер, - деп нықтады өзінің командасына
Старбек ақырын да болса, аса зорлана сыбырлап, ал оның қалт еткізбес
қырағы көздерінің қарасы бейне сенімді екі кеме құбыланамасының
көз ұшындағы екі тіліндей, қайықтың тура алдында ұшып отырды. Ол
өзінің адамдарына лəм-мим демеді дерлік, олар да оған тіл қатпады.
Шлюпкадағы үнсіздікті анда санда біресе ашулы бұйрық, біресе
мейірімді өтініш боп естілгем оның ащы сыбыры ғана бұзды.
Əбігер тəпелтек Сукесердің вельботында мүлдем басқаша болды.
- Қане, бір айқайға басып жіберейік, інішектер! Есіңдер де шулаңдар,
сайыпқырандарым менің! Заулап барып, қайықтарымызды олардың
тұп-тура қара арқаларына қондыра қояйық, жігіттер; тек осыны
істеңдерші, мен сонда сендерге, батырларым менің, əйеліммен жəне
баламмен қосып, өзімнің Вайньярдтағы фермамды беремін, Соқ, соқ,
саба! О, Жаратқан-Жасаған! Қазір мен жынданып кететін шығармын!
Əне, əнеки, ақ су! -Айқай ұйқаймен ол басындағы қалпағын аяғының
астына атып ұрып, тапап тастады, содан кейін жерден алып, алыс
толқындарға лақтырды, ақыр соңында шалғынды жазирадағы
ойнақтаған тай сияқты, қайықтың құйрығында аласұрып, безек қақты.
- Бұл жігітке тек қарай көріңіз, - деп білгішсінді оның соңында қол
созымда келе жатқан, əлі тұтатылмаған қорқорын тісінің арасына
қыстырған Стабб. - Қояншығы ұстады ма, мына Фласкқа не болды?
- Қояншық? Дұрыс, қояншықты көрсетейік оларға! Жақсылап тұрып
соғайық! Көңілдірек, көңілдірек, балаларым! Бүгін кешкі асқа пудинг!
Көңілдірек! Жабыл, балақайлар! Жабыл ботақандар!
Бір деммен басыңдар! Ей, ненің ақысына асықтыңдар? Ақырын,
ақырын жəне бірқалыпты, жігіттер. Сендер тек дұрыстап басыңдар,
басқа ештеңе талап етілмейді. Жоталарыңды үзіп, пышақтарыңды
тістегеннен басқа жұмыс керек емес. Ақырын, ақырын, өкпелерің
өшкірлер, ақырын деймін!
Бірақ жұмбақ Ахав өзінің жолбарыс-сары командасына айтқан
сөздерді, ол сөздерді біз одан да осы арада қалдырайық; өйткені сіздер
інжіл мемлекетінің шапағатты шуағына жылынып өмір сүресіздер ғой.
Тек арамза акулалар ғана өршеленген толқындарда қабағын қарс
түйген, көзімен қан шеңгелдеген, көбіктене жымдасқан еріндерімен өз
олжасының соңынан жүйткіген Ахавтың не айтқанына батылдары
жетіп құлақ салды.
Ал, вельботтар əлі де алға заулап келеді. Ара-тұра Фласк тура өз
вельботының тұмсығының астынан жүзіп, сендіруіне қарағанда, оны
құйрығымен мазақ еткен-мыс, ойдан шығарылған хайуанды
тұспалдап, "əне бір кит" жайында қоймай айта берді, сөйтіп, бұл
сөздердің нанымды, өршеленіп желігудің шынайы болғаны сондай,
оның адамдары ақырында теңіз құбыжығын өз көздерімен көрмекке
құмартып, жан-жақтарына əлсін-əлі үрейлене қарады. Бұл енді ережеге
қайшы келеді, ескекші көзін тығындап, ештеңені көрмеуі, мойнына
қамыт кигендей, басын көтермеуі керек, өйткені, теңіз ғұрыптары
мұндай жанталас шақтарда ескекшілердің құлақ пен қолдан басқа дене
мүшелері болмауын талап етеді.
Бұл бір ғажайып, ғаламат көрініс еді! Құдіретті мұхиттың тау
толқындары, ұлан-ғайыр көгалда домалаған алып ойын доптары
сияқты, дөңбекши жалданған дүлей шеруінде ышқына шығарған ,
үдемелі қатты гүрілі, арқау-бөренені əне-міне қақ бөліп жіберерлік
ұстарадай өткір жалда тұмсығын көкке шүйіре қатып қалған вельбот
жанталасының қас қағым сəті; сулы алаптар мен шатқалдардың түбіне
тұтқиылдан тереңдеп шому; жандəрмен, өлдім-талдым дегенде келесі
төбенің басына заулап жету; соның беткейімен тоқтаусыз, құлдилап
сырғанау - осының бəрі қайықшылардың зарымен, гарпуншылардың
айқайымен жəне ескекшілердің үзік-үзік толайым тынысымен бірге,
дүрлігіп балапандарына жүгірген ұябасар сияқты, желкендерін жайып,
тура вельботқа қарай жүрген, кит сүйегімен ағараңдаған ертегілі
"Пекодпен" бірге бұл бір ғажап құбылыс болды. Тура əйелінің
құшағынан бірінші ұрыстың от-жалынына түскен жас жауынгер де, о
дүниедегі беймəлім елестермен алғаш ұшырасқан өлі аруақ та кашалотты жасырған жын-ойнақ көбікті жылымға кірген вельботта
бірінші рет ескекші боп отырған адамнан артық ешкім де неғұрлым
күшті де таңғажайып сезімдерді бастан кешірмек емес.
Қуғыншылар көпіршіткен көбіктің көлбеңдеген шаңқан ақтығы
мұхит бетіне бұлттар түсірген, барған сайын қоюлана түскен қоңыр
көлеңкелердің аясында енді анығырақ біліне бастады. Бу бұрқақтары
енді бір-бірімен араласпады, бірақ бар тараптан да, оңнан да, солдан да
көтерілді; киттер əр жаққа бөлініп кетуді ұйғарғандай көрінді.
Вельботтар айдында қайтадан қанат жайды: Старбек желдің ығына
шыққан үш киттің соңына түсті. Біз желкенді керіп, күшейген жел
қуалап, алға соқтыртып бара жаттық; вельботтың жүйткігені сондай,
ықтағы жақтауда ескек есу мүмкін болмай қалды - оларды ернеудегі
тұтқаларынан жұлқып-жұла берді.
Көп ұзамай біз кең жайылған тұман бүркенішінің арасынан жүзіп
өттік; кеме де, шлюпкалар да көзден ғайып болды.
- Жайырақ, жігіттер, - деп сыбыр етті Старбек желкеннің жалпақ
кенебін артқа қарай əлде де қайыра түсіп, - Дауыл соққанға шейін китті
жайратуға əлі уақытымыз жетеді. Ана тұста тағы ақ су көрінді! Мүлдем
жақын! Жабылыңдар!
Осыған іле-шала көп ұзамай біз оңымыз бен солымыздан, бірінен
соң бірі жеткен, басқа екі вельботтың киттерді жаралағаны жайында
хабарлаған айқай-ұйқайды естідік; сол-ақ екен, Старбектің: "Түр!"
деген, ысқырына ысылдаған қысқа сыбыры шықты - гарпунын
оңтайлай ұстаған Квикег атып тұрды.
Ескекшілердің тым құрыса біреуі өздеріне алдан төнген ажал қаупін
көре алмады, олар аға көмекшінің қатулана ширыққан жүзінен шешуші
сəттердің таяғанын түсінді; сонымен қатар олар суға құдды жүздеген
пілдер күмп етіп түскендей ауыр шалпылды естіді. Шлюпка тұман
ішінде ұшыртып келе жатты, толқындар ызаланған жыландардай
жалдарын көтеріп, ирелеңдей ысқырынды.
- Міне, міне, оның өркеші. Қане, қане, тарттыр сазайын! - деп
сыбырлады Старбек.
Қайықтан зау еткен қысқа дыбыс зың етті - бұл гарпунын лақтырған
Квикег болатын. Дəл сол сəтте шайқатылған екпінімен вельботты алға
дүрсе лақтырып, бір мезгілде тұмсығымен суасты жартасына
соғылғандай болды. Желкен жалп етті де құлады, тап қасымыздан
жоғарыға ыстық бу ағыны шапшып атылды, астымыздағының бəрі
теңселіп, жер сілкінген кездегідей солқылдап кетті. Тұншығып естері
шыққан команданы лақылдаған ақ қайнар ауқымына топылдатып,
жан-жаққа атып-атып жіберді. Лықсыған нөпір, кит пен гарпун - бəрі
мидай араласып кетті; гарпун сəл-сəл ғана сыдырта тиген кит ұзай
берді.
Вельбот батып кете жаздады, бірақ əйтеуір зақымданудан мүлдем
аман дерлік. Айналасында жүзіп жүріп ескектерді жинап алдық,
оларды планширге байлап, өз орындарымызға өліп-талып тырмысып
əрең шықтық. Күллі көлденең арқалықтар мен отырғыштарды басып
қалған суды тізеден кешіп шыға келдік, сол себептен де, төмен қараған
көзімізге теңіздің түбінен бойлап бетіне шейін дерлік өскен маржан
қайықта отырғандай болып көріндік.
Жел қатая түсті: ол енді бар пəрменімен гуілдей соқты; толқындар
қақпақыл ойнады; гүрілдеген нөпір жалдар бұлталақтай үйіріліп,
бейне шалғынды жазирада алаулай жүйткіген ақ жалындай,
маңдайымызда шатырлай шашырап жатты, сонда біз, ажал аузындағы
ажалсыздар, соның ішінде жанбай жанып жатқандай болдық! Басқа
қайықтарды шақырғанымыз да бекер далбаса еді; мынадай дауылда
бұл дегеніңіз сақырлап қызған пештің мұржасы арқылы лаулаған
жалыннан шоқ шақырғанмен бірдей болатын. Бұл шақта көбік
будалары, жел айдап жалбыраған бұлттар мен тұман таянған түн
құшағында барған сайын қарауыта түскен. Кеуделеп аласұрған жал
толқындар шлюпкадағы суды төгіп тастауға мүлде мұрша бермеді.
Ескектер ендігі жерде бізге қозғалтқыш қызметін атқара алмады,
оларды тек құтқарушы шеңбер орнына ғана пайдалануға болар еді.
Сіреңкелер сақталған, тасып бітелген күбішені ораған жіңішке
арқанды кескілеп, Старбек ақыры, көп мехнаттанып барып үлкен май
шамды жақты, содан кейін оны бір сырыққа бекітіп, Квикегке - үзілген
үміттің ту ұстаушысына беріп қойды. Ол болса өзінің дəрменсіз
шырағын құдіретті түнектің қақ жүрегінде жоғары көтере ұстап,
тұмсықта отырды. Түңілген, торыққан, бірақ түңілу тұңғиығының
өзінде де үміт отын ақырына шейін жоғары ұстаған ол тұмсықта
отырды.
Таң атты, малмандай су болып, суықтан қалш-қалш еткен, кемені
немесе вельботты қайта көруден күдерімізді үзген біз басымызды
көтердік. Теңізді басқан тұман əлі сейілмепті, жанып болып, шағылған
шам шлюпканың түбінде жатыр. Кенет Квикег атып тұрып,
алақанымен құлағын қалқалай қойды. Бəріміз желкен- жарақтар мен
мачталардың əлсіз сықырын естідік, бейне бұған дейін дауыл
тұншықтырып тастағандай. Дыбыс бірте-бірте жақындай берді;
бұлдырап пайда бола бастаған көмескі, зор сұлбаның алдында қалың
тұман ығысып жол ашты. Зəреміз ұшқан біздер суға жалма-жан секіріп
үлгергеніміз сол, ақыры тұманнан айқын көрінген кеме біздің
вельботымызға қарай заулаған бетінде оны тапап тастады.
Толқын бетінде қалт-құлт еткен біз өзіміз безіп кеткен шлюпканың
бір сəтке кеме тұмсығының астында сарқырама етегіндегі жаңқадай
қалтақтап билегенін көрдік, сосын абажадай киль-бөрене оның үстінен
домалай езіп өтті, ол көзден ғайып болды да, құйрықтың соңынан
үйме-жүйме ретсіз сынықтар болып су бетіне қайтадан шықты.
Толқын тақтайларға сарт-сұрт лақтырған біздер оған тағы жүзіп
бардық, ақыры бізді жиып-теріп, кеменің үстіне аман-сау күйімізде
көтеріп алды. Басқа вельботтар дауыл жақындағанын көріп,
гарпундардың арқандарын кесіп, кемеге дер кезінде қайтып үлгерген
екен. Кемедегілер бізді ендігі опат болды деп санапты, бірақ біздің
мерт болған жерімізде, бəлкім, ескек немесе шанышқының сабы
тəрізді қандай да бір заттай айғақтарды ұшыратып қалармыз деген
үмітпен бұрынғы бағытқа əлі бет бұрмапты.
XLIX тарау
ҚОРҚАУ
Өмір деп аталатын осынау шым-шытырық тосын істе күллі ғалам
адамға бір үлкен қыршаңқы қалжың болып көрінетін түсініксіз сəттер
мен жағдайлар болады, əйткенмен, бұл қалжыңның күлдіргі
тапқырлығын ол тым күңгірт түсінеді жəне түбінде келемеж боп
қалатын өзімнен басқа ешкім емес деп күдіктенуге де оның негізі
əбден жеткілікті. Соған қарамастан, ол ұнжырғасын түсірмейді əмбе
дау-дамайға бармайды. Талғаусыз ас қорытуы оқ пен мылтық
шақпақтасын да жұтуға мүмкіндік беретін түйеқұс тəрізді, ол бастан
кешкеннің бəрін, барлық діндерді, сенімдер мен нанымдарды, көзге
көрінетіні, көрінбейтіні бар, барша тауқыметтерді қыл-қыбырымен
қылғытып жұта беруге əзір. Ұсақ қиындықтар мен қам-қарекеттерге,
алдағы апаттарға, өлім қауіптері мен мертігулерге келетін болсақ ажалдың өзін қосып алғанда, мұның бəрі ол үшін бар болғаны көзге
көрінбейтін қарт əзілкеш сыйға тартатын жеңіл де ақкөңіл тепкілер
мен достық рəуішті түртулер ғана. Мұндай ғажайып əрі сирек жан күйі
адамды ұлы бақытсыздықтар кезінде ғана билеп алады; ол оған қара
түнек уайым меңдеткен қапалы күндерінде келеді, сөйтіп, жаңа ғана
ұлан-ғайыр маңызына тең табылмастай асқақтап тұрған нəрсе енді бір
ғаламдық қалжыңның шөкімдей ғана бөлігі болып қалады. Осы
торығудың ойнақы да жеңілтек əулекі пəлсапасына еш нəрсе де кит
аулау кəсібінің қаншелек қауіп-қатерінен артық жағдай жасамайды.
Ендігі жерде мен "Пекодтың" бүкіл жүзу сапарын жəне оның
нысанасын - ұлы Ақ Китті нақ осындай көңіл күйі тұрғысынан
қарастырдым.
- Квикег, - дедім мен, өзімді палубаға ең соңынан тартып шығарған
кезде, үстімдегі суды сілікпек болып босқа əуреленіп жатып. - Квикег,
достым, мұндай жайттар шынымен-ақ жиі болып тұра ма?
Суға малмандағаны менікінен бір кем емес ол, алайда, сезімге аса
берілмей, мұндай нəрселер шынында да жиі болып тұратынын маған
ұқтырды.
- Мистер Стабб, - деп тіл қаттым мен жаңбыр астында, барлық
түймелері салынған өзінің клеенка күртесімен, жайбарақат қорқор
шегіп тұрған осы бір қадірменді мырзаға, - мистер Стабб, меніңше,
өзіңіз жолықтырған кит аулаушылардың ішінде біздің аға көмекші
мистер Старбек ең сағы жəне естісі деп сіздің айтқаныңызды мен бір
естіп едім. Олай болса, тұман ішіндегі желкен керген жорық пен тура
жүзіп бара жатқан китке тап берген алай-дүлей кит аулаудағы
естіліктің шыңы болуы тиіс пе?
- Болмағанда ше? Менің Горн мүйісінің қасында дауыл соғып
тұрғанда, əрі тесілген кемеден вельбот түсіруіме да тура келген.
- Мистер Фласк, - дедім мен жақын жерде тұрған тəпелтек Сукесерге,
- сіз өмір көрген тəжірибелі адамсыз, ал мен соның бəрінен
мақұрыммын. Маған айтпас па екенсіз, мистер Фласк, кəсіптің
бұлжымас ережесі шынымен-ақ ескекшілерге аркасын қайыстырып өз
ажалдарына қарсы есуге жəне соған міндетті түрде арқасын беріп
отыруға бұйыра ма?
- Жə, жə, сыпайырақ айтуға болмас па? - деді Фласк. - Иə, заң солай.
Китке қайықтың құйрығымен, өздерінің бетін қаратып бара жатқан
команданы көрсемші. Ха-ха! Оларға кит сонда бір қараса, қызық сонда
болады!
Осылайша, жалған айтпайтын үш куəдан мен осы оқиғаны толық
зерделейтін мəліметтер алдым. Міне, сондықтан да, вельботтарды
тоңқаратын алай-дүлейлер мен одан кейінгі ашық теңіздегі
түнемелдер кəсіпшілік тіршілігіндегі қатардағы көнбіс оқиғалар болып
табылатынын; китке шабуылдың ең қиян-кескі шағында мен өз
өмірімді рульді ұстаушыға - кейбірде бұл сəттерде естен айырылып
еліргеннен қайықтың түбін өкшесімен ойып жіберетін халге жететін
адамға сеніп тапсыруға міндетті екенімді еске ала отырып; біздің
вельбот бастан кешкен бақытсыздық негізінен Старбектің теңіздің дəл
бұрқанған шағында китті қуалауынан болғандығын еске ала отырып;
оның үстіне Старбектің кəсіпке өзінің асқан сақтығымен атаққа
шыққанын еске ала отырып; менің осы өзгеше зерделі Старбектің
командасында екенімді еске ала отырып; əрі, ең ақырында, Ақ Киттің
кесірінен өзімнің қандай қиямет шырғалаңға тап болғанымды еске ала
отырып, -жоғарыда баяндалғандардың бəрін, деймін мен, еске ала
отырып, осы бетімде кубрикке түсіп, өсиетхатымды қаралай жазып
қойғаным теріс болмас еді деп ойладым.
- Квикег, - дедім мен, - жүр бері. Сен менің сенген өкілім, өсиетімді
орындаушым һəм мұрагерім боласың.
Бір түрлі тосын көрінуі мүмкін, бірақ күллі адам затында өздерінің
өсиетхаттарымен жəне ақырғы аманаттарымен əуреленуді сондай
жақсы көретіндер нақ осы теңізшілер, əлемде басқа ешкім бұл ермекке
мұндай бейімділік танытпайды. Өзімнің теңіз саяхатындағы өмірімде
осымен төртінші рет сол іспен шұғылдануға кірістім. Бүкіл рəсімді
атқарып болған соң тағы да бір жеңілдік сезіндім; иығымнан ауыр жүк
түскендей еркін тыныстадым. Мұның үстіне, менің ендігі өмір сүретін
күндерім енді кайта тірілгеннен кейінгі Лазарьдің өмір сүрген
күндеріне ұқсас болады: сонша күн мен сонша аптадағы қосымша таза
пайда. Мен өстіп өзімнің өмірімді ұзарттым, өзімнің өлімімді жолда
қалдырдым, менің ажал сағатым мен жер қойнына берілуім сандықта
қамауда түр. Мен енді жайлы əулеттік сағана шарбағының сыртында
отырған ары таза бейбіт аруақ сияқты, айналама жайланған барақат
сабырмен қарадым.
Мінеки, деп ойладым мен, күртемнің жеңін жайдан-жай ойсыз түріп,
енді маған əлгі ажалың мен өліміңді əкеле бер; көңілім жайланды, мен
онымен күш сынасуға əзірмін, əлсіз əдірам қалсын.
L тарау
АХАВТЫҢ ВЕЛЬБОТЫ ЖƏНЕ
ЭКИПАЖЫ Федалла
- Ойлап қарасаңшы, Фласк! - деп желпіне сөйледі Стабб. –
Егер небары бір аяғым болса, мені қайыққа мінуге ештеңемен
қызықтыра алмас еді. Тек ағаш өкшемен түбіндегі тесікті тығындауға
болмаса. Ал біздің шалға қарап көр!
- Ал, меніңше, мұнда тұрған соншалықты ерекше ештеңе де жоқ, деді Фласк. - Егер оның аяғы қара санынан жұлынып алынған болса,
əне, онда əңгіме басқа. Онда бұған оның шамасы келмес еді. Əйтпесе,
оның бір тізесі бүтін, екіншісінен де қалған жұрнақ аз емес.
- Тізелердің жайын білмеймін, достым, əзірше оның тізерлегенін
көрген жоқпын.
Кит кəсіпшілерінің арасында жүзу сапарының бақуатты аяқталуы
үшін капитанның екі рет берілмейтін өміріне вельботтағы қуғынның
күллі қауіп-қатерін төндіруі дұрыс бола ма деген мəселе төңірегінде
келіспеушілік талай мəрте туындаған. Ақсақ Темірдің аламан
шеріктері де тап осылай, оның соншалық баға жеткісіз өмірін
қидаласқан ұрыстың ортасына апару керек пе деп, көздерінен жас
тама, өзара талай таласқан.
Бірақ Ахавтың жағдайында бұл мəселе біршама басқа мағынаға ие
болды. Егер қауіп туған кездерде адам екі аяқта да əрең тұратынын
еске алсақ; егер китті қуалаудың жекелеген əрбір сəті ажалмен
арпалыстыратын толассыз төтенше қиындықтармен байланысты
екенін еске алсақ, онда мұндай жағдайларда жарымжан адамның
вельботпен кит соңынан қуалауы ақылға сыя ма? Əлбетте, "Пекодтың"
тең иелері бұл сұраққа "жоқ" деп жауап беруге тиісті еді.
Егер өзінің сол арада болып, тікелей бұйрық беру үшін вельботпен
аңшылық орнына жақын, бірақ қауіпсіз қашықтыққа келгенін білсе,
нантакеттік достары, бəлкім, оншалықты алаңдай да қоймайтынын
Ахав жақсы түсінді, алайда, капитан Ахавтың қарауында аңшылық
кезінде өзі рулінде отыратын меншікті вельботының болуы, оның
үстіне, капитан Ахавтың өз қарауында осы вельботтың экипажын
құрайтын артық бес адамды ұстауы туралы ойлар, - иə, ол өзі де
тамаша түсінгеніндей, мұндай ағыл-тегіл ойлар "Пекод" иелерінің
бастарына ешқашан келмеген-ді. Сондықтан да ол олардан қосымша
шығын да талап етпеді, бұл орайдағы өзінің пиғылын да ешбір
білдірмеді, тек жай ғана ақырын кейбір шараларды ойластырып
жүзеге асырды. Сонымен, Кабаконың ашқан жаңалығы паш етілгенге
шейін кемедегілер ештеңеден күдіктенбеді, əйткенмен де, жүзіп
кеткеннен кейін біршама уақыт өткенде команда вельботтарды
жарақтау жөніндегі барлық əдепкі жұмыстарды аяқтаған кезде; көп
ұзамай оқта-текте Ахавтың өз қолымен оң жақтауда ілулі тұрған жəне
қосалқы деп саналған шлюпканың ағаш ескек тұтқасының үшкір
қадасын істегенін, тіпті, арқан босатылғанда тұмсықтағы науаға
қойылатын кішкентай ағаш доғашықтарды алдын ала қамдап шауып
жатқанын байқаған кезде; осының бəрі, əсіресе, бейне кейін өзінің
сүйек аяғының қысымына жақсырақ төтеп беруі үшін осы шлюпканың
түбін қосымша мықтаған мұқияттылығы; сондай-ақ, жұқа тірек
тақтайшаның немесе гарпун лақтырғанда яки шанышқымен жұмыс
істегенде тізені тірейтін қайықтың тұмсығындағы көлденең
тақтайдың тастамалы қырлы бөрененің дұрыс пішініне байланысты
оның мазасыздығы байқалған кезде; оның осы қайықта өзінің жалғыз
тізесін жұқа тақтайшадағы жарты шеңберлі ойыққа тіреп қойып, оны
балташының қашауымен əне жерін оймыштап, мына жерін тегістеп
жиі тұрғаны байқалған кезде, -осының бəрі сол кездің өзінде де
əжептəуір қызығушылық пен айтарлықтай əуестікті қоздырған
болатын. Бірақ біздің бəріміз дерлік Ахав осынау ажалды жалмауызды
өз қолымен жайратпақшы ниетін жария етіп қойғандықтан, ол тек
Моби Диктің соңынан қуалайтын ақырғы жорық жайын ойлап қана
вельботтың дайындығына күйіп-пісіп қам жеп жүр деп ойлағанбыз.
Тек мұндай болжам ешбір орайда да оның бұл вельботқа арналған
ерекше командасы бар деген, тіпті, ең күңгірт күдіктермен де
байланыстырылмаған-ды.
Алайда, енді ескекші-елестердің ғайыптан сап ете түсуінің
арқасында қайдағы-жайдағы күмəн сейілді; кит аулаушы кемелерде
күмəн қашан да тез сейіледі. Оның үстіне кит аулағыштардың, осы
жүзбелі кезбелердің экипаждары көбінесе жалғанның жарығына біздің
жер шарындағы ең бір беймəлім түкпірлер мен ең бір қараңғы
қуыстардан шыққан көрмеген-білмеген ұлттардың керден кеткен
азғындары мен сілімтіктерінен құралатындығы сондай; кей реттерде
кемелердің өздері де тура теңіз үстінен толқындарда тақтаймен, апат
сынықтарымен, ескекпен, тоңқарылған вельботпен, қайықтардың түртүрімен, аударылған жапон джонкасымен жəне тағы басқаларымен
ыққан сирек сұмдарды теріп алатыны сондай, тіптен, егер
Вельзевулдің өзі кит аулағыштың үстіне көтеріліп, капитанмен
əңгімелесуге каютаға кірсе, бұл палубада онша-мұнша толқу туғызбас
еді.
Бірақ, қалай болғанда да, бір нəрсе айқын: көп ұзамай ескекшіелестер командамен біте қайнаспағанымен, əйтеуір сіңіскен шақта
олардың шалма басты сардары Федалла ақырына дейін шешілмеген
жұмбақ күйінде қала берді. Ол қайдан келді, біздің өнегелі əлемге
қалай өтті, Ахавтың өзгеше тағдырымен түсіндіріп болмас дəнекербайланысы қандай, кейде, тіпті, оған əлдебір ықпалы, бəлкім, тіпті,
билігі жүруінің сыры неде? -Құдай куə - мұны ешкім білмейді, бірақ
матростар Федаллаға селқос қарай алған емес. Бұл бір қоңыржай
белдеулердің мəдениетті, ізгілікті тұрғындары көмескі түрде түсінде
ғана көре алатын сондай тылсым жан иесі еді; бірақ бұл сияқтылар
анда-санда, мыңжылдықтарда мызғымай қатып қалған азиялық
мемлекеттер тұрғындарының арасында, əсіресе құрлықтың шығыс
бетіндегі аралдарда қарасын көрсетеді - бұлар, тіпті, біздің қазіргі су
жаңа заманымызда да жердегі алғашқы буынның рухани бастауларын
сақтап отырған оқшау, байырғы һəм бұлжымас елдер; сол күндерде
алғашқы адам жайындағы жадынама əлі ұмытылмаған-ды, ал оның
барлық ұрпақтары өздерінің шыққан тегін білместен бір-бірін
ақиқатында елес деп есептеп, өздерінің неліктен жəне нендей
мақсатпен жаратылғанын Күн мен Айдан сұраған; бұл кездерде, Өсиет
Кітабына сəйкес, періштелер шын мəнісінде де адамзат қыздарымен
некелескен, дəстүрден тыс раввиндердің қосқандарына қарағанда,
сайтандардың өздері де пəни дүние махаббатының лəззатына
берілген.
LI тарау
EЛЕС БҰРҚАҚ
Күндер мен апталар өтіп жатты, сөйтіп, кит сүйегімен əшекейленген
"Пекод" желкендерін жиыра, төрт кəсіпшілік аймағынан: Азор
аралдарының қасынан, Жасыл мүйіс Аралдарының қасынан, Үстірт
делінетін жерден (Ла-Плата өзенінің сағасына таяу аудан) жəне Əулие
Елена аралының күнгейіндегі межеленбеген айдын су - Кэррол
ауданынан асықпай көктеп өтті.
Өстіп, Кэррол суларында қалқыған, толқындар жақтау сыртында
бейне күміс шиыршықтардай жыбырлай домалап, өзінің нəзік
құйқылжыған сылдырымен меңіреу үнсіздікті емес, құдды күміс
тыныштықты ұйытып тұрғандай болған мүлгіген осындай бір айлы да
мипаз түнде; ақ көбікке оранған кеменің тік тұмсығының алдынан
күміс бұрқақ пайда болды. Ай жарығына шомылған ол теңіз
тұңғиығынан көтерілген, аспанның жалт-жұлт еткен құс құдайындай
болып көрінді. Оны бірінші байқаған Федалла. Өйткені, осынау айлы
түндерде ол грот-мачтаның ұшар басына көтеріліп, тапа-тал түстегі
сияқты таңертеңге шейін шолғында тұратын əдет тапқан. Ал, түнгі
уақытта киттер, тіпті, үйірлеп өріп жүрсе де, жүз кит аулаушының
біреуінің вельботтарды түсіруге тəуекел етуі екіталай ғой. Сондықтан,
мұншалық мезгілсіз уақытта сəлдесі мен ай екеуі бір аспаннан
жарқырап, мачтада тұрған осы қартаң азиялыққа матростардың
қандай сезіммен қарағанын көзге елестету киын емес. Бірақ ол сонда
қатарынан бірнеше түн бойы бұлжымай өз кезегін атқарып əрі сонша
уақытта бір де дыбыс шығармай, оның жым-жырт тыныштықта ай
сəулесімен жалт-жұлт еткен күміс бұрқақтың пайда болуын хабарлаған
ерекше даусы шыққан кезде, ұйықтап жатқан барлық матростар, бейне
бұл желкенге қонып, пəнилік экипажды өз назарына шақырған əлдебір
қанатты аруақтай-ақ, кереуеттерінен атып-атып тұрды. "Көкжиекте
бұрқақ!". Сол жерде періште кернейінің үні естілсе, оларды мұндай
діріл билеп алмас еді, алайда, олардың бойын үрей емес, дұрысында,
рақат кернеді. Себебі, мезгілсіз уақытта шықса да, бұл дыбыстың аса
өктем естіліп, өзінің есірік заржағымен жұртты дүрліктіргені сондай,
кеме үстіндегілердің бəрі бір кісідей бірден қуғынға шығуға əзір бола
қалды.
Бір аяғымен сылти басып, жүріп бара жатқан бойда брамсельдер
мен бом-брамсельдерді қоюға жəне қалқа-шымылдықтарды ысыруға
бұйрық беріп, палубадан асығыс Ахав өтті. Штурвалға ең кəнігі
жүргізуші қойылды. Енді міне, əрбір мачтаның ұшар басына
шолғыншы шығарған кеме желдің ырқында барынша жүйткіп келе
жатты. Өзгеше асау жел арттан қуалай соғып, қисапсыз көп
желкендердің бəрін толтыра кернеп, кемені əлсін-əлсін көтеріп,
ырғыта секірткені сонша, бұлтылдап, жан біткен палуба аяқ астында
мүлдем сезілмей қалды; бұл екі ортада кеме алға заулай берді; онда
ымырасыз екі құлшыныс тайталасқандай болып көрінді, біреуі - тіке
ту биікке, аспанға, екіншісі - алыс қиырға, көкжиектегі көмескі
нысанаға тартты. Егер сіз осы кезде Ахавтың жүзін көрсеңіз, оның
бойында да екі дұшпан күштер соқтығысып жатыр деп ойлар едіңіз.
Оның жанды аяғының адымдары палубада жаңғырығып жатты,
алайда, өлі аяғының əрбір түрткісі табыт қақпағын соққан балғаның
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.