Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 26

Total number of words is 4109
Total number of unique words is 2363
30.7 of words are in the 2000 most common words
42.5 of words are in the 5000 most common words
49.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
басының жай-күйі де тап сондай, тек бір айырмашылығы, бастағы бұл
қаптама аса қалың болмаса да, есесіне тығыздығы сонша, бұған
тəжірибеде көз жеткізбей, сену де қиын. Ең бір əлеуетті қолдан
лақтырылған, асқан берік, шыңдалып-шыныққан болат гарпун, ең
өткір шанышқы, құдды кашалоттың басына алдыңғы жағынан ат
тұяқтары төселгендей-ақ, одан дəрменсіз күйде кері серпіледі. Сірə, ол
қандай да бір сезгіштік атаулыдан ада болса керек.
Бар гəп мұнымен де тынбайды. Лықа толған айлақта екі остиндиялық кеме кездейсоқ соқтығысып қалса, мұндай жағдайларда
теңізшілер не істейді? Соқтығысты болдырмау мүмкін емесін көргесінақ, олар жақтаудың сыртына əлдебір қатты, айталық, темір немесе
ағаш заттарды іліп қоюға асықпайды. Жоқ, олар соққы астына берік те
қалың өгіз терілерінен жасалған, жүн-жұрқа мен тоз толтырылған,
торсиған үлкен қанарларды қояды. Емен таразылар мен темір
сүймендерді быт-шытын шығарып шағып тастайтын тегеурінді
мұндай салмақ серперлер елең қылмайды. Бұл жайт енді өзінен-өзі-ақ
мең сөз етіп отырған айдан-анық деректі одан əрмен айқындай түседі.
Бірақ осыған қосымша ретінде мен мынандай болжам айтқым келеді.
Жай балықтарда олар қалауынша ұлғайтып һəм кішірейтіп тұратын
жүзгіш торсылдақ дейтіні болатындықтан; менің білуімше, кашалотта
мұндай жəрдемші құрал жоқ болғандықтан; сондай-ақ, кашалоттардың
біресе басын суға түгел батыратын, біресе оны сыртта биік ұстайтын,
түсіндіруге келмейтін дағды барын еске ала отырып; оның басын
жапқан қабықтың аса икемді созылымдылығын еске ала отырып; оның
басының тым өзгеше ішкі бітімін еске ала отырып, - жаңа
айтқанымдай, іштегі ара ұясына ұқсас құпия қуыс заттың, бəлкім,
сыртқы ауамен бұған дейін беймəлім болып келген, соның арқасында
əуелік қысым мен ұлғаюға ұшырайтын байланысы бар шығар деген
болжам айтамын. Егер осы айтқанымыз рас болса, табиғат
дүлейлерінің ішіндегі ең сезілмейтін нəзігі əмбе ең құдіреттісі
қолдайтын күш неткен жойқын десеңізші!
Енді тағы бір жай. Артында дүниедегі ең қалқымалы зат
қаусырылған осынау меңіреу, берік, тас-түйін қорған-қабырғаны ілгері
итере отырып, оның соңынан ғаламат зор тірі дене қозғалады; оның
үлкендігі жөнінде - бір құшақ отын сияқты - құлаштап қана білуге
болады, сонымен бірге бүкіл осы жайқын алапат, ең бір құйттай
шіркей тəрізді, жалғыз ырыққа ғана бағынады. Сондықтан, мұнан əрі
мен осынау алып хайуанның денесінде бұғып жатқан теңдессіз асау
арын мен жойқын күш-қуатты суреттеген кезде, оның онша керемет
емес кейбір ерліктерін айтқан кезде, сонда сіз надандардың
күдікшілдігін құлаққа ілмей, кашалоттың, тіпті, Атлантика мен Тынық
Мұхит суларын араластырып, Дарьен мойнағын бұзып өткені жайында
тыңдауға ықыласты боласыз, əрі осы кезде, тіпті, кірпігіңізді де
қақпайсыз деп үміттенемін. Өйткені, егер сіз китті мойындамасаңыз,
онда Ақиқат мəселелерінде бар болғаны шет аймақтың сезімшіл
шалағайы болып қаласыз. Бірақ жан күйдіретін Ақиқатқа тек алып
саламандра кесірткелері ғана төзе алады; олай болса, шет аймақтың
бейбағы не күн көреді? Қорқынышты құдай-əйелдің бүркенішін
көтеруге дəті барған Саистағы ынжық жігіттің нендей тағдырға тап
болғаны есіңізде ме?
LXXVII тарау
ҮЛКЕН ГЕЙДЕЛЬБЕРГ КҮБІСІ
Енді спермацетті көсіп алатын да кез жетті. Бірақ мұның қалай іске
асатынын тиісті айқындықпен ұғынуыңыз үшін сіздің спермацет
сақталатын сол бір ғажайып резервуардың өзгеше бітім-пошымы
жайында шамалы түсінігіңіз болуы қажет.
Егер кашалоттың басын төрт қырлы призма түрінде қарастырсақ,
онда оны қиғашынан екі жайпақ сынаға' бөлуге болады, бұлардың
төменгісі - сүйек - бас сүйегінің қорабы мен жақ, ал жоғарғысы сүйектен мүлдем ада нөпір май қыртысы; алдыңғы жайпақ қырынан
біз киттің нақ осы тік біткен жойқын шот маңдайын табамыз. Енді қақ
маңдайда жоғарғы сынаны көлде қарайды.
Жайпақ сына - Евклидтік термин емес. Ол тек қана теңіз
математикасына тиесілі. Менің білуімше, бұрын оған ешкім анықтама
берген жоқ. Жайпақ сына дегеніміз - геометриялық дене, əдепкі
сынадан айырмашылығы сол, екі бірдей қырының біркелкі
тоғысуының орнына, оның төбесін сол қырлардың біреуінің тік
беткейі құрайды. - Автор ескертпесі.
Кеңінен мүлдем бірдей дерлік екі тең бөлікке бөлеміз; десек те,
бұлардың өзін табиғат ішкі қалың шеміршек дуалы арқылы бізсіз-ақ
бөліп тастаған.
Осы екеуінің "дөңбек" деп аталатын төменгі бөлігі - айқыш-ұйқыш,
созылымды ақ талшықтардан құралып, май сіңді болған, шамамен он
мың ұядан тұратын үлкен-үлкен майлы кəрездер болып табылады.
"Қорап" деген атпен белгілі жоғарғы бөлігі кашалоттың дəу
Гейдельберг күбісінің нағыз өзі. Оның алдыңғы жағы əлдебір жұмбақ
оюмен əшекейленген - кашалоттың тұнжыраған жалпақ маңдайынан
неше түрлі нышанды өрнектерді көруге болады. Гейдельбергтегі
атақты күбіні əрдайым Рейн алқаптарының таңдаулы шараптарымен
толтырып тұрғанындай, кашалоттың мына "күбісінде" де майлы
шараптың ең қымбатты сұрыбы, дəлірек айтқанда, кіршіксіз таза,
мөлдір һəм хош иіс жұпарлы күйіндегі атақты спермацет сықап тұр.
Кит ұшасының басқа ешбір бөлігінде де бұл аса бағалы зат қоспасыз
кездеспейді. Тірі кашалотта ол мүлдем сұйық күйінде болады, бірақ
кит өлгеннен кейін ауаның əсеріне жол ашылып, құдды су бетін
алғашқы жұқа мұздақ жапқандай, əдемі түйіртпек тікендерге айналып,
жылдам қоюлана бастайды. Əр түрлі əдепкі жағдайларға байланысты
қаншамасы шашылып-төгілетінін, ағып-таматынын немесе, қауырт
жұмыс кезінде, барды мүмкіндігінше сақтап қалуға тырысқанмен,
басқадай жолмен ұшты-күйлі ысырап болатынын есептемегенде,
үлкен кашалоттың "қорабы" əдетте бес жүз талонға жуық спермацет
береді.
Гейдельбергтің атақты күбісі ішінен қандай сəнді үлбірек
маталармен көмкерілгенін білмеймін, тек бір ғана білетінім, олар
өзінің əсемдік-ажары жөнінен кашалот "қорабының" ішкі жағына,
құдды патша шапанындай, жапсырылған, жалт-жұлт еткен маржанды
жібек астармен ешбір салыстыруға келмейді.
Кашалоттың Гейдельберг күбісі оның басының күллі жоғарғы
бөлігін ұзынынан түгел алып жатыр; бір жерде айтылғандай, басы
жануардың жалпы тұрқының үштен бірін құрайтындықтан, онда тəуір
тұрпатты кашалот үшін бұл ұзындықты сексен фут деп белгілесек, біз
іліктіріп алып, кеме үстіне тігінен көтерген жағдайда биіктігі жиырма
алты футтан артық күбіге қарық боламыз да қаламыз.
Кашалоттың басын ажырату барысында қасапшы өз құралымен
кейінірек спермацет кенішіне жол ашылатын жердің тап қасында
жұмыс істейді; міне, нақ сондықтан да ғайыптан тайған ебедейсіз
соққы салдарынан қасиетті орынды жосықсыз жамсатып, баға жеткісіз
зəмзəм сұйықты құр босқа шашып-төкпес үшін асқан сақтық керек.
Ажыратылған бас, кесілген жағы жоғары қаратыла, кендір
бұғалықтары жақтау сыртында шумақ-шумақ арқан шытырманы
болып салбыраған зор жүк көтергіштердің көмегімен судан жоғары
көтеріледі.
Қазір осы айтқандарымның бəрінен кейін мен сіздерден аса бір
ғажайып нəрсеге һəм аталмыш жағдайда қайғыға ұрындыра жаздаған кашалоттың үлкен Гейдельберг күбісінің тығынын ашу рəсіміне көңіл
бөлулеріңізді өтінемін.
LXXVIII тарау
ЦИСТЕРНАЛАР МЕН
ШЕЛЕКТЕР
Мысықтай епті Тэштиго темір арқандардың үстіне жүгіріп шығады;
сол қалпында бойын тік ұстап, салбыраған грот-рейдің үстімен жүріп
келіп, тура жақтау сыртына таңқитып асылған "күбінің" қақ
желкесінде тоқтайды. Оның қолында бір доңғалақты шығыр арқылы
өткізілген жіптен тұратын, гордень деп аталатын жеңіл арқан бар.
Шығырды грот-рейдің астына іліп, мықтап бекіткен ол бір ұшын
төменге жібереді, оны палубадағы матростар қағып алып, бар
күштерімен тартады. Сол кезде екінші ұшындағы үндіс, құдды көктен
түскендей, жақтау сыртында салбыраған бастың тура үстіне қолмен
əкелініп топ ете түседі. Сол жерде, қалған командадан əлі де болса
едəуір биікте тұрып, жолдастарына сергек үн қатқан ол мұнара
басынан мұсылмандарды намазға шақырған мəзіншіге ұқсайды.
Төменнен жіпке байланған қысқа сапты, өткір фленшерлік күректі
алған ол енді "күбінің" тығынын ашуға қолайлы жерді ыждаһатпен
шұқып қарауға кіріседі. Бұл істі, бейне көне үйде қаланған кірпіштер
арасынан алтын таппақшы болып, қабырға тықылдатып, көмбе
іздегендей, асқан ықтияттылықпен атқарады. Ол іздегенін тапқан
кезде горденнің бос ұшына темір құрсаумен тұтылған, дəл бір
құдықтан су алатын кəдімгі шелек сияқты, ағаш шелекті байлайды;
екінші ұшын бұл шақта жақтаудың ар жағында бірнеше мықты
матростар ұстап тұрады. Олар енді шелекті үндістің қолы жетерліктей
жерге көтереді. Анау өзіне төменнен əперіп үлгерген ұзын сырықпен
шелектің түбінен басып, оны ақырындап "күбіге" батырады, шелек
көзден ғайып болады, сол кезде ол горденнің қасындағы матростарға
белгі береді де, жаңа сауылған сүттей көбіктеніп, шелек қайтадан
көрінеді. Үндіс кемеріне дейін шүпілдеп толған ыдысты жоғарыдан
абайлап төмен түсіреді, мұнда оны сақадай-сай тұрған матростар
қағып алып, ылдым-жылдым үлкен кеспекке төңкереді. Содан соң
шелек қайтадан жоғарыға заулайды, сөйтіп, терең цистернаның
түбінде жұғын да қалдырмай сарқып алғанға шейін бəрі де əуел
басынан бастап қайталана береді. Соңына қарай Тэштиго жиырма
футтық сырық кит басына түгел бойлап көрінбей кеткенше, оны
шелек-мелегімен қоса барған сайын тереңірек батырып, ұзын
сырықты бар күшін сала басып итеруіне тура келеді.
"Пекодтың" командасы бұл жұмыспен бірнеше сағат бойы
айналысып жатты, кеспектен соң кеспек хош иісі аңқыған спермацетке
толды, кенет сұмдық бақытсыздық тап келді. Əлде, ана бейбақ
Тэштиго соншалық ағаттық пен абайсыздыққа жол беріп, кашалот
басын жақтауға тартып тұрған сым арқаннан өне бойы қарысып
ұстаған сол қолын бір сəтке жазып жіберді ме; əлде, ол тұрған жер
соншама опасыз тайғақ болды ма; əлде, өз ойын білдіруге қам жемей,
сайтанның өзі бəрі тап осылай болғанын қалады ма, - əйтеуір, ол жақта
шын мəнінде қалай болғандығы белгісіз; тек қана кенет тесіктен он
сегізінші, əлде, ол тоғызыншы шелек көтеріле берген кезде - уа, құдай,
рақым ете көр! - байғұс Тэштиго, құдды нағыз құдыққа құлдыраған
тағы бір шелектей-ақ, мына терең Гейдельберг күбісіне басымен төмен
құлап кетіп, үрейлі майлы гүрілмен көзден ғайып болды!
- Жақтау сыртында адам! - деп айқай салды мелшиіп қалған көптің
ішінде бірінші боп есін жиған Дэггу. - Шелекті бері əкел!
Ол майлы гордень саусақтарынан сусып шығып кетсе, құламас үшін
бір аяғымен шелекке тұрды, сөйтіп, матростар оны кашалоттың
басына көтеріп шығарған əзірде Тэштиго əлі оның ішкі қуысының
түбіне жеткен жоқ еді. Бұл шақта төңіректегі жұрт түгел сұмдық
абыржып, əбігерге түсті. Жақтау сыртына үңілген адамдар бұрынғы
жансыз бастың, бейне оқыстан маңызды ой кеп қалғандай кенеттен
шайқалақтап жүріп кетіп, суда қозғалақтағанын көрді; шындығында,
бұл өзі де білмейтін қандай тереңге топ ете түскенін байқап, бұлқынып
аласұрған бейшара үндіс болатын.
Дэггу кашалоттың басында тұрып, жүкті демеген негізгі арқандарға
шиеленіп қалған горденьді тарқатып жатқан осы сəтте бірдеңе сатыркүтір ете түсті, матростардың жандарын түршіктіріп, бас ілінген екі
үлкен темір ілгектің бірі үзіліп кетіпті, содан тербелген толағай дөңбек
жақтау сыртында қисая салбырап, шайқалақтай жөнелді, сондықтан,
енді бүкіл кеме де селкілдеп, жаңа ғана мұзтауға соқтыққандай, мас
адамша екі жаққа алма-кезек бұлталақ-бұлталақ етті. Енді барлық
мына зілбатпан ауырлық өзіне түскен жалғыз темір ілгек əне-міне
үзіліп кетердей көрінді; оған ілінген жүктің тым қатты
шайқалақтағанынан бұл қауіп тек үдей түсті.
- Түс! Түс төменге! - деп айқайлады матростар Дэггуге, бірақ зəңгі,
егер бас үзіліп кетсе, өзі ілініп қала алатын жуан арқанға бір қолымен
жармасып, шиеленген горденьді босатып алды да, сол жаққа сүңгіп
жоғалған гарпуншы ұсталынып, Құдайдың жарығына көтеріліп шығуы
үшін қисайыңқыраған құдыққа шелекті айдап жіберді.
- Өзің андағы жерден кетші, құдай үшін! - деп айқайлады. Стабб. Бұл немене саған, оқ кіргізу деп пе едің? Оған бүйтіп көмектесе аласың
ба? Басынан темір құрсаумен бір ұрмақсың ғой. Кет деймін саған!
- Ей, былай тұр! - деген, зымыран жарылысына ұқсас, шыңғырған
дауыс шықты.
Дəл осы сəтте дəу бас, бейне Ниагара сарқырамасына құлаған құзжартастай, теңізге гүрс етіп құлап түсті; зіл салмақтан құтылған кеме
өзінің мыс қаптамасын жарқырата кері серпілді; жұрт шашыраған
судың қалың тұманы арасынан жуан арқанға жармасып, біресе
палубаның, біресе толқындардың үстінде жүк көтергішпен бірге
тербетілген Дэггуді көріп, қалшиып тұрып қалды; бұл шақта тірідей
көрге түскен сормаңдай Тэштиго қайырусыз теңіз түбіне кеткен-ді!
Бірақ көз аштырмаған бу əлі сейіліп үлгермей, жақтау тұтқаларының
үстінде қолында қолма-қол айқас шапашоты бар жалаңаш сұлба қараң
етті. Келесі сəттегі су шалпылы менің ер жүрек Квикегімнің
жанталасып жəрдемге ұмтылғанын жария қылды. Бəрі жақтауға тұра
жүгіріп, тұтқалардың қасына үймеледі, əркім тынып-тоқтаған
жүрекпен су бетіндегі көпіршіктерді санады, секундтар өтіп жатыр,
суға кетуші де, құтқарушы да көрінер емес. Бұл уақытта бірнеше
матрос шлюпканы түсіріп, жақтаудан итеріліп кетті.
- Əне! Əне! - деп айқай салды енді палубадан едəуір биіктегі
қыбырсыз жүк көтергіштің үстінде тұрған Дэггу, сол арада біздің
бəріміз анадайдағы көгілдір толқындар бетіне көтерілген адам қолын
көрдік; бейне қабір үстіндегі шөп арасынан адам қолы қылтиғандай,
бұл бір тосын көрініс еді.
- Екеуі де! Екеуі де! Мен екеуін бірдей көріп тұрмын! - деп,
салтанатты өксікпен, Дэггу қайтадан еңіреп, айқайға басты;
кішкенеден кейін біз Квикегтің бір қолымен үндістің ұзын шашынан
тас қып ұстап, екіншісімен қайсарлана есіп келе жатқанын көрдік.
Оларды күтіп тұрған шлюпкаға сүйреп салып, палубаға тез көтеріп
шығарды, бірақ Тэштиго ұзақ уақыт есін жия алмады, Квикегтің түрі де
оңып тұрған жоқ еді.
Əйткенмен, осынау бекзат ерлік қалай жасалды? Оп-оңай. Квикег
суға баяу батып бара жатқан бастың соңынан іле-шала сүңгіді, өзінің
шапашотымен оның төменгі жағынан шапқылап, үлкен ойық жасады,
сосын шапашотты лақтырып тастап, əлгі ойықты ұзын қолымен
жоғары-төмен сұғындыра қармалап, байғұс Тэшті басынан тартып
алып шықты. Өзінің айтуынша, оның қолына əуелі аяғы ілігіпті, бірақ
бұл ережеге сай келмейтінін һəм əр түрлі түйткілдер туғызатынын өте
жақсы білгендіктен, ол аяқты кейін тықпалап, еппен бар күшін сала,
үндісті жұлқи тартып, шыр көбелек айналдырды, сөйтіп, екінші
əрекетте ол кісіңіз сыннан өткен ескілікті тəсілмен - басын алға
қаратып келе жатты. Кашалоттың дəу басына келетін болсақ, бұл
арада ол өзін өте үлгілі қалыпта ұстады.
Міне, осылайша, Квикегтің ер жүректігінің һəм кіндік шеше
боларлықтай ілкімділігінің арқасында Тэштиго аман-есен құтқарылды,
немесе, дұрысырақ айтқанда, үміт мүлдем үзілгендей көрінген аса
қолайсыз жағдайда өткен толғақ үстінде дүниеге қайтадан келтірілді;
əрі бұл тағылымды ешбір ұмытуға болмайды: əйелді босандыру ілімін
семсерлесу, бокс, салт атпен жүру жəне ескек есумен бірдей меңгерген
абзал.
Үндістің басынан кешкен бұл өзгеше кеп құрлықта алшаң басқан
баз бір адамға мүлдем мүмкін емес боп көрінетінін мен өте жақсы
білемін; əйткенмен, сірə, жұрттың бəрі адамдардың құдықтар мен
күбілерге қалай құлайтынын көрген немесе, естіген болар; мұндай
оқиғалар əрдайым болып жатады, жəне де олардың себептері ернеуі
төтенше тайғақ кашалот құдығына құлап кеткен Тэштигоның
жағдайындағыдан анағұрлым əлсіз екені де анық.
Алайда, кім біліпті, бəлкім, зерделі оқырман маған өз талабын
қойып: бұл қалай? - дейтін шығар. Мен спермацет сіңген ұялы кашалот
басы оның денесінің ең жеңіл де қалқымалы бөлігі деп ойлайтынмын;
ал сен енді оны үлес салмағы өзінікінен əлдеқайда артық сұйыққа
батуға мəжбүр етесің. Немене, қолға түстің бе? Жо-жоқ, қолға түскен
өзіңіз; бар гəп сонда, Тэштиго ол жаққа құлаған кезде спермацет
түгелдей дерлік сарқып алынып, ішіндегі жеңіл зат кетіп, жоғарыда
атап айтқанымдай, теңіз суынан анағұрлым ауыр, онда құдды
қорғасындай бататын, шыңдалып-шыныққан заттан тұратын
құдықтың қабыршақ қабырғалары ғана қалған-ды. Бірақ осы жағдайда
бұл заттың суға бірден батып кетуіне бастың бұдан əлі ажырамаған
қалған бөліктері кедергі қылды, сол себептен де бүкіл бас ете баяу əрі
біркелкі біртіндеп батып, осының өзі Квикегке өзінің толғаққа
жəрдемдескен көз ілеспес ерлігін, егер бұлай айтуға болатын болса,
заулап жүгіріп жүріп жасауға (расында да, бұл бір тым үстірт босану
болды) мүмкіндік берді.
Ал енді, егер Тэштиго өз қазасына осы бастың ішінде жолығар болса,
бұл бір керемет қаза болған болар еді - ол хош иісті, үлбіреген аппақ
спермацет ішінде тұншығар еді, кашалоттың ең қастерлі жері - киттің
құпия ішкі жайлары оның табыты, жерлеу арбашасы һəм қабірі болар
еді. Бұдан да тəттірек тек бір өлімді ғана еске алар едік, ол - Огайо
штатындағы əлдебір омарташының таңғажайып өлімі. Бұл бейбақ ағаш
қуысынан бал іздеп, содан оның телегей теңізін тапқандығы
сондайлық, еңкейгенде өзі сонда құлап кетіп, бал жылымына
тартылып, балмен сыланып, жан тəсілім етті. Ал, Платонның бал
кəрездерінде тап осылай малтығып, соларда тəтті ажал құшқан жұрт
қанша?
LXXIX тарау
КӨГАЛДАР
Бірде-бір бет əлпет зерттеуші, бірде-бір френолог' əлі левиафанның
келбетін зерделеуге, оның бас сүйегіндегі томпақтарды қолмен
сипалауға талпынған емес. Мұндай кəсіп Лафатердің Гибралтар
жартасындағы əжімдерді жақыннан көру немесе, Галльдің аспалы
баспалдақпен көтеріліп, Пантеон күмбезіне қол тигізу əрекеттерінен
гөрі сəттірек те болмас. Алайда, Лафатер өзінің атақты кітабында
адамдардың алуан түрлі бет-жүздері жайында ғана пайымдап қоймай,
сондай-ақ, жылқылардың, құстардың, жыландар мен балықтардың бет
əлпеттеріне де көңіл бөледі, əмбе, олардың бейнесіндегі неше түрлі
рең-құбылыстарға бажайлап тоқталады. Тап осылай Галль де, одан
кейін оның шəкірті Шпурцгейм де өзге жанды мақұлықтардың
френологиялық сипаттамасына байланысты өз ой-пікірлерін айтпай
өте алмады. Сондықтан да мен, осынау жартылай ғылыми екі саланы
левиафанға тіркестіру ісінде ізашар болу үшін қаншалықты жадау
жарақтанғаныммен, сонда да болса мұндай əрекетке тəуекел етемін.
Бəріне де бел шешіп кірісіп, қадари-халімше еңбектенемін.
Физиономиялық тұрғыдан алғанда, кашалот — ауытқулы мақұлық.
Онда мұрын жоқ. Ал, мұрын дегеніміз беттің орталық
Френолог - адамның мінез-құлқы мен оның бас сүйегінің бітімі
арасындағы байланыстарды зерттеуші маман. - Аудармашы
ескертпесі.
əрі неғұрлым көрнекті белгісі болғандықтан жəне бет əлпетіне нақ
соның өзі түпкілікті түр-сипат беретіндіктен, осы сыртқы мүшенің
мүлдем жоқ болып шығуы, əлбетте, кит бетінде айтарлықтай ізін
қалдырады. Көркем бау-бақтарды жайқалтып отырғызған кезде
көрнекті жерде сынтас немесе күмбез, мүсін немесе мұнара тəрізді
бірдеңені орнықтырмайынша, ешбір тұтастыққа қол жетпейтіні
сияқты, егер онда жұқа мұрын төбешігі қалқиып тұрмаса, бет-жүз де
əлпеттік үйлесімнен ада болар еді. Фидийдің мəрмəр Зевсінің мұрнын
жұлып тастап байқаңызшы, сонда қандай мүсəпір кейіп шығатынын
өзіңіз көресіз! Алайда, кит көлемінің ғаламат зорлығы соншалық, бүкіл
бітім-тұрпатының айбындылығы соншалық, Зевс мүсініне нұқсан
келтіретін əлгі кемістік одан мүлдем сезілмейді. Мұнымен қоймай, ол
оған тек айбын қосады. Кит бетіндегі мұрын əншейін жараспай тұрар
еді. Бет əлпетті шолуға жүзіп шығып, өзіңіздің төрттік шлюпкаңызбен
оның үйдей басын айналып өткен кезде жетелеп жүре беретін мұрын
туралы ой сіздің қошеметті сүйсінісіңізге зəредей кірбің түсірмейді.
Тəж киген құдіретті балықтың тақта шалқыған шағын көргенде кейде
осы бір беймаза ой қыр соңыңыздан жабысып қалмай қояды емес пе.
Бет əлпеттік тұрғыдан алғанда, кашалоттың қарсы алдынан
қарағандағы түрі аса сесті. Бұл кезде ол əншейін бір құдіреттей болып
көрінеді.
Адамның ойға шомған кере қарыс маңдайы таң шапағы мазалаған
Шығысқа ұқсайды. Маужыраған жайылымдағы өгіздің бұйра маңдайын
ұлылық нышаны кернеген. Ауыр зеңбіректі таулы шатқалмен өрге
итерген пілдің маңдайы - шын мəнінде таңғажайып көрініс. Адам мен
жануарлардың маңдайлары герман императорлары өз жарлықтарын
куəландырған үлкен алтын мөрге бірдей ұқсайды. Онда: "Бүгінгі күн
менің қолыммен жаратылған. Құдай" - деп таңбаланған. Бірақ көптеген
жануарларда, кейде адамның өзінде де, маңдай дегеніміз - бар болғаны
қарлы кемер астындағы тау жайылымының бір пұшпағы ғана.
Шекспирдің немесе, Меланхтонның маңдайлары сияқты, қабақ
астындағы көздері мəңгіліктің тау басындағы тапжылмас тұнық
көлдеріндей боп нұр шашуы үшін соншалық қия биікке шырқап,
шыңырау құзға құлдыраған; ал маңдайдағы əжімдердің үстінен сізге
иір мүйізді бұғының қарға таңбаланған ізінен аумайтын, суатқа түскен
тарам-тарам ойлардың ізі елестеген маңдайлар онша жиі кездеспейді.
Бірақ жер бетіндегі барлық хайуандарға тəн, маңдайдағы құдайдай
тəкаппарлықтың ұлы Кашалотта күшейе түсетіндігі сонша, оның қақ
маңдайына қарай отырып, сіз Жаратушы мен Зұлымдық күштердің
қатысын бар жан-тəніңізбен сезінесіз. Өйткені, сіз əлдебір белгілі
нүктеге қарамайсыз ғой; сіз екі бір белгіні де: мұрынды да, көзді де,
құлақтарды да, ауызды да, тіпті бетті де мүлдем көрмейсіз; сайып
келгенде, оның беті де жоқ, тек бір ғана, жұмбақ əжімдер жапқан һəм
шлюпкаларға, кемелер мен адамдарға меңіреу ажал айдаған
маңдайының ұшы-қиырсыз тас қорғаны бар. Əрине, бүйірден
қарағанда оның айбынының мысы сізді сонша баспағанымен, бұл
ғаламат маңдай қырынан да осал көрінбейді. Есесіне қырынан
қарағанда, Лафатер бойынша, адамда Данышпандық белгісі болып
табылатын, маңдайдың орта тұсындағы жарты шеңбер тəрізді
көлденең шұңқыр айқын байқалады.
Ойпырмай, бұл қалай? Кашалот һəм Данышпандық? Кашалот кітап
жазып па еді, əлде, шешендікпен аты шығып па еді? О, жоқ, оның
данышпандығы өз данышпандығын дəлелдеу үшін ешқашан ештеңе
істемегендігінен танылады. Ол сондай-ақ кашалоттың томсарған
толағай үнсіздігінен де аңғарылады. Айтқандай, егер ұлы Кашалот
бағзы замандарда жас Шығысқа белгілі болған болса, оны сол кездегі
балалық баурағыш ой құдайға айналдырар еді. Сол замандарда
адамдар Ніл қолтырауынын тілсіз болғаны үшін құдайға айналдырды
емес пе; кашалоттың да тілі жоқ, дəлірек айтқанда, бар, бірақ
кішкентайлығы сонша, ол сізді тілін шығарып мазақтай алмайды. Егер
келешекте қандай да бір өркениеті биік ақынжанды ұлт ертедегі майя
құдайларын артқа, ата-баба тағына еліктіріп, оларды қайтадан, тірі де
көңілді қалыптарында біздің менмен аспанымыз бен көптен бері
эльфалар
мен
перизаттар
əн-биімен
думандатпаған
елсіз
төбелерімізде таққа отырғыза алса, сонда бар ғой, маған иланыңыз,
ұлы Кашалот осынау Олимптегі Зевс болады.
Шым-шытырық шимайлардың гранит əжімдерін Шампольон оқып,
мағынасын ашты. Бірақ дүниеде адам дидарынын һəм Құдай жаратқан
кез келген хайуан бетінің мысырлық құпияларын аша алатын
Шампольон жоқ. Басқа да ғылымдар сияқты, физиогномика да -ойдан
шығарылған өткінші. Егер отыз тілде оқи білетін сэр Уильям Джонс
қарапайым шаруаның бет-жүзінде жазылғанды оқи алмаса, ондағы
терең де нəзік сырды ұғына алмаса, онда шала сауатты Измаил
кашалоттың маңдайындағы халдейлік тозақы шимайларды қайдан
оқи алсын? Бұл маңдай, міне, алдыңызда тұр. Өреңіз жетсе, өзіңіз
оқыңыз.
LXXX тарау
ЖАҢҒАҚ
Бет əлпетті зерттейтін маман үшін кашалот Сфинкс болып шықса,
онда френологқа оның бас сүйегі, сірə, ол шаршысын босқа іздейтін
геометриялық шеңбер болатын шығар.
Ересек жануардың бас сүйегі ұзынынан кем дегенде жиырма фут
болады. Егер төменгі жағын ажыратып алса, бас сүйек қырынан
қарағанда мүлдем тегіс негізге қондырылған сəл-пəл көлбеу жазықтық
түріне енеді. Бірақ тірі китте - сіз бен біз бұрыннан білетініміздей - бұл
көлбеулік тегістелген дерлік һəм ішінде жай тапқан зор "дөңбек" жəне
спермацетті сыйымдылық қойыртпағымен толықтырылған. Бас
сүйектің үстіңгі жағында бүкіл осы қойыртпақ құйылған ішті ыдыстай
ұзынша шұңқыр, ал оның астында - түкке тұрғысыз бір шөкім ғана кит
миы жатқан екінші шұңқыр бар (оның ұзыны мен көлденеңінен он
дюймнен асатыны сирек). Миды маңдайдан жиырма футтық қабырға
бөліп тұр, ол құдды қат-қабат қорғандар қоршауындағы Квебектің ішкі
қамалындай, берік бекіністердің ішінде жасырынған. Ол, бейне асыл
заттар салынған қобдиша сияқты, бас сүйекте асқан қулықпен бітеліп
тасталғандығы сонша, көптеген кит аулаушылар қаншама текше ярд'
дірілдек спермацет қоймалжыңынан өзге, кашалотта ешқандай басқа
ми жоқ деп табанды түрде сендіреді. Өне бойы қатпар-қыртыстарға
толы осынау жұмбақ мүше оларға кит ақыл-ойын сақтауға неғұрлым
қолайлы орын болып көрінеді.
Сондықтан да, френологиялық тұрғыдан алғанда, тірі əрі зақымсыз
левиафанның басы дегеніміз - түгелдей өтірік екені анық. Онда
кашалоттың нағыз миы көзбен көрілмеген, сипаланып та білінбеген.
Кит, дүниедегі барлық алыптар сияқты, əлемге өзінің шынайы бетжүзін көрсетпейді.
Егер бас сүйекті спермацетті жүктен арылтып, оған жалпақ
жағынан, артынан көз салсаңыз, сізді дəл осындай қалыпта алынған
адам бас сүйегімен ұқсастық қайран қалдырар еді. Расында да осы бас
сүйекті (əлбетте, адам мөлшеріне дейін кішірейтілген) адам бас
сүйектерінің суреттері арасына орналастырып байқаңызшы, сонда сіз
оны олардан айыра алмайсыз; ал оның төбесіндегі қазан шұңқырды
көргесін сіз френолог ретінде: "Бұл кісі өз қадір-қасиетін сезінуден,
сондай-ақ, ізеттіліктен мақұрым екен"
Ярд - Англияда қолданылатын ұзындық өлшемі, 91, 44 сантиметрге
тең. - Аудармашы ескертпесі,- деп айтар едіңіз. Оның жайқын көлемі
мен жойқын күшінің айдан анық дерегімен қатар осынау екі теріс
мінездеме сізге жалпы шексіз құдірет туралы онша жағымды болмаса
да, неғұрлым шыншыл түсінік қалыптастыруға толық мүмкіндік
береді.
Бірақ кит миының осындай кішкентайлығына қарай, оның
қатпарлары да аз екен деп ойласаңыз, мен сізді керісінше иландыруға
тиіспін. Кез келген төрт аяқтының омыртқа жотасына зер сала
қараңыз, сонда сізді əрқайсысының нағыз бас сүйекпен ескінің
жұрнағындай əлдебір ұқсастығы бар құйттай бас сүйектерден тізіле
керілген алқамен ұқсастығы таңырқатар еді. Немістер омыртқаларды
мүлдем дамымай қалған бас сүйек деп пайымдайды. Алайда, бұл тосын
ұқсастықты бірінші байқаған олар емес. Маған мұны əлдеқалай бір
шетелдік жолдасым көрсетіп, дəлел ретінде өзі өлтірген жауының
қаңқа сүйегін пайдаланған-ды, оның омыртқаларынан ол өз
пирогасының үшкір тұмсығында сондай ерекше бедер əлеміштеп
төсеген екен. Френологтардың өз зерттеулерінің ауқымын кеңейтуден
жəне мишықтан арқадағы жұлын-тұта өзегіне түсуден бас тартуы
маған олардың елеулі олқылығы болып көрінеді. Мен адам мінезі оның
омыртқасынан көрініс табатынына кəміл сенімдімін. Сіз кім болсаңыз
да, танысқан кезде əуелі бас сүйегіңізді емес, арқаңызды сипалап
көруге құлшынар едім. Омыртқа жотасының əлжуаз арқалығы əлі
ешқашан үлкен де ізгі жанды демеп көрген емес. Құдды дүниенің
қарсы алдынан өзім желкілдете көтеріп шыққан тудың берен де берік
сабы сияқты, мен өзімнің омыртқа желімді мақтан тұтамын.
Френологияның осы арқалық тармағын ұлы Кашалотқа қолданып
көрейік. Оның бас сүйегінің қуысы бірінші мойын омыртқаға ұласады,
ал бұл омыртқада, осы арадағы кесе-көлденең ені он дюймдық, арқа
жұлын-тұтасының өзегі сегіз дюймдық шошақ қалпында аяқталады.
Омыртқадан омыртқаға өткен сайын бұл өзек өте баяу, өзінің өзгеше
жуандығын əлі де ұзақ сақтай отырып тарылады. Əлбетте, өзек
жұлын-тұтаға - бастағы ми қандай болса, дəл сондай жұмбақ
талшықты затқа толып, бас сүйегінің қорабымен тікелей жалғасқан.
Бұл аз болса, бас сүйектен шыққан ми көптеген футтардың өн бойында
шамамен өзінің бас теліміндегі жуандығын сақтайды. Ендеше,
кашалоттың омыртқа жотасын френологиялық тұрғыдан зерттеген
орынды болмас па еді? Өйткені, жоғарыда айтылғандардан
айқындалатын бір жай: оның бас миының салыстырмалы түрде
алғандағы өзгеше кіші көлемінің есесі арқа жұлын-тұтасының
айрықша үлкен көлемі есебінен артығымен қайтып тұр.
Бірақ түпкілікті тұжырымдарды френологтардың құзырына
қалдырып, мен тек аз уақытқа арқа жұлын-тұтасы ілімін қабылдап,
оны кашалоттың өркешіне орай қолданғым келеді. Егер қателеспесем,
осынау айбынды өркеш ең ірі омыртқалардың бірінің үстінде
жоталанып, тұрпатымен оның томпақ сұлбасын қалыптайды.
Орныққан жеріне орай мен бұл биік өркешті кашалоттың қайсарлық
һəм қатыгездік томпағы деп атар едім. Теңіздің толағай құбыжығының
мейірімсіздігіне көзіңіз жететін мүмкіндігіңіз əлі болады.
LXXXI тарау
"ПЕКОД" "ПƏК ҚЫЗБЕН"
КЕЗДЕСЕДІ
Жазмыш белгілеген мерзім жетті де, біз "Юнгфрау" кемесімен
ұшырастық, шкипері -бремендік Дерик де Деер.
Бір кездерде кит аулаушылар арасындағы ұлылары болған
голландықтар мен немістер қазір бейшара күйге түскен, бірақ
дегенмен де анда-санда олардың жалауы Тынық мұхиттың байтақ
бойлықтары мен ендіктерінде əлі қылаң беріп қалады.
Қандай себептен екені белгісіз, əйткенмен "Юнгфрау" қайткенде де
бізге деген өз қошаметін айғақтағысы келді. "Пекодқа" жақындап
үлгермей жатып ол көлденеңдей бұрылып, шлюпка түсірді, сөйтіп, арт
жағында емес, дегбірсізденіп тұмсығында тұрған оның капитаны
біздің кемеге жеткізілді.
- Анау не ұстап тұр? - деп айқай салды Старбек немістің қолында
шайқалақтаған əлдебір затты нұсқап. - Олай болуы мүмкін емес!
Шынымен шам ба?
- Жоға, қайдағы шам, - деп қарсылық білдірді Стабб. - Бұл кофе
қайнатқыш, мистер Старбек. Ол бізге өзінің кофе қайнатқышынан кофе
ішкізгелі жүзіп келе жатыр, қандай ақ пейіл; көресіңдер ме, əне,
аяғының қасында үлкен қаңылтыр қалбыр тұр - онда қайнақ су бар.
Мынау немісің тамаша жігіт екен, құдай ақы.
- Сандалбай, - деді Фласк. - Əрине, бұл шам. Жəне май құятын
қаңылтыр қалбыр. Оның майы таусылған, содан ол тіленшіленіп мұнда
келе жатыр.
Кəсіпшіліктегі кит аулағыштың қарсы ұшырасқандардан кит майын
сұрап алуы қанша таң көрінсе де; мұның өзі Ньюкаелге өз көміріңмен
сапарлау туралы мақалға қанша қайшы келсе де, мұндай жайттар
кейде шын мəнісінде де болып тұрады; əрі дəл осы жолы капитан
Дерик де Деер, Фласктың мағлұм еткеніндей, "Пекодқа", сөзсіз, бос шам
əкеле жатқан.
Ол палубаға көтерілген кезде Ахав, қонақтың қолындағы нендей зат
екенін байқамаған сыңайда, оны өзінің бəз баяғы үздік-создық
сұрағымен қарсы алды; бірақ неміс қиқаланған ағылшын тілінде Ақ
Кит жайында ешқашан естімегенін тым тез ұқтырды да, содан кейін
əңгімені бірден өзінің шамы мен май құятын қаңылтыр қалбырына
аударып, сол арада өзіне, капитанға түнде ұйықтауға жату үшін
қараңғыда қармалануға тура келетінін, өйткені, бремендік май қоры
соңғы тамшысына дейін сарқылғанын əрі шығынның орнын
толтырайын десе, əлі бірде-бір шоршыған шабақ ұстай алмай
жатқанын түсіндірді; сөзінің соңында ол өзінің кемесі қазір, кит
аулаушылар айтатындай, шынында да "таза", яғни, бос екенін айтты,
сондықтан да ол пəк қыз дегенді білдіретін өзінің "Юнгфрау" атына
əбден лайық.
Керегін алып, Дерик жөніне жөнелді; бірақ ол өз кемесіне əлі жетіп
үлгермей жатып, екі кемедегі шолғыншылар да бір мезетте дерлік
киттерді байқады; осы кезде Дерикті дегбірсіздік билегені сонша, өз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.