Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 42

Total number of words is 4083
Total number of unique words is 2029
30.1 of words are in the 2000 most common words
42.6 of words are in the 5000 most common words
49.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бірі тура Ахавтың қайығына ұмтылып, сабырсыз шаттықпен
шаңқылдай, бірнеше ярд жерде су бетінде шыр айналып ұшумен
болды. Олар адамға қарағанда жақсырақ көрді; Ахав теңіз төрінен əлі
ештеңе байқаған жоқ-тын. Бірақ міне, жасыл тұңғиыққа қадала қараған
ол тереңнен үлкендігі түлкідей ғана, таңғаларлық жылдамдықпен су
бетіне қалқып шығып келе жатқан жəне көз алдында зорайған
ақтаңдақты анық көрді; сосын ол бір түрлі аударылып түсті, сонда
оның көз жетпес тереңнен көтерілген, ұзына бойы аппақ боп
жылтыраған тістерінің екі қисық қатары көрінді. Бұл Моби Диктің
арандай ашылған аузы мен қайырылған жағы еді, бұл шақта оның
көлеңкеленген толағай ұшасы əлі теңіз көгілжімімен астасып жатқанды. Жарқылдаған ауыз вельбот түбінің астынан құдды мəрмəр
мазардың кең ашылған қақпасындай үңірейді; содан Ахав руль ескегін
жан дəрмен сермеп қалып, өз қайығын осы бір үрейлі құбылыстан
аулағырақ алып шықты. Содан кейін ол Федаллаға үн қатып,
орындарын ауыстыруға ымдады, сосын тұмсыққа өтіп, Перттің
гарпунын жұлып алды да, өз командасына бірінші белгі берілісімен
артқа шегіну үшін ескектеріне жармасуға бұйырды.
Сəл бұрынырақ өз кіндігінен шыр айнала бұрылған вельбот енді су
бетінде əне-міне көрінуге тиісті киттің басына тұмсығымен бетбе-бет
келіп тұрды. Бірақ, бейне əрекет-амалды біле қойғандай, Моби Дик,
жұрт өзіне таңып жүрген əлгі бір қасекі қырағылықпен, көзді ашыпжұмғанша, əжімді басымен алға сүңгіп шыға келіп, дəл қайық жақтауын
бойлай, жып беріп өтіп кетті.
Енді кит арқасына аударылып түсіп, жайратқыш акула тəрізді, өзінің
арандай ашылған аузына қайықтың тұмсығын, құдды дəмдеп
тамсанғандай, еріншектене тартқан кезде əрбір тақтайшасы, əрбір
қабырғасы солқылдай шайқалып, ол қалай қалтылдап діріл қақты
десеңізші. Сөйткенде киттің сорая қайырылған төменгі жағы жоғары
көтеріліп, бір тісі ескек-тұтқаға ілініп қалды. Оның қаз - қатар тізілген
ішкі жақпарларының көгілдірлене, маржандай құлпырған шаңқан
ақтығы Ахавтың басының үстінде алты дюйм жерде жарқ-жұрқ етті.
Міне, Ақ Кит жеп-жеңіл тақтай қайықшаны, бейне қатыгез мысықтың
тұтқын тышқанды қақпақылдап ойнағанындай сілкіледі. Қолдарын
айқастырып, тура алдынан көзін айырмаған Федалла тапжылмай
тұрды, алайда, сары-шұбар ескекшілер сүрініп-қабынып, жанталаса
құйрыққа ұмтылды.
Міне, осы арада, вельботтың солқылдақ жақтаулары солқ-солқ етіп,
кит соры қайнаған кемешені нақ бір сайтанша ермегіне айналдырған
кезде - оны қайықтың тұмсығынан шанышқымен түйреу мүлдем
мүмкін болмады, өйткені, оның суға шомған денесі қайықтың астында
қалды, ал мұның тұмсығы ендігі киттің өңешінен өтіп кетті десе де
болғандай еді, сөйтіп, туралап келген қасірет алдындағы дəрменсіз
басқа екі қайық лажсыздан тоқтады, - міне, тап сол кезде өз жауының
мазақ қылғандай жақындығына ызаланған дүлей Ахав, тірі де болса,
өзі сондай жек көретін əлгі ауыздың ішінде шарасыз міскін күйде
қалғанына əбден долыра ашуланған Ахав жалаңаш қолдарымен
басының үстіндегі ұзын сүйекке жармасып, темір қыспақты жазуға бар
күшін сала арпалысып бақты. Бірақ есуас бекерге күшенді — киттің
жағы оның қолдарынан сусып шығып кетті; екі дəу пышақ сияқты екі
жақ вельботты қақ бөліп, сосын қалқымалы екі сынықтың дəл
ортасындағы суда қайтадан берік қабысқан кезде, жұқа жақтаулар
шыдамай, сатыр -сұтыр опырыла сынған. Жарылған тақтайларды
жауып кеткен толқындар оларды əр жаққа айдай жөнелді, құйрықтағы
сынықта үймелеген матростар қалт-құлт етіп жақтау мен ескектерге
жармасты.
Вельбот опат болар алдындағы сəтте киттің пиғылын бірінші боп
аңғарған Ахав хайуанның қас қағым мезетке өз жақтарының қысымын
босаңсытып, кенет басын көтеріп алғанын көргенде - міне, сонда Ахав
қайықты киттің аузынан жұлқып шығаруға соңғы əрекет жасады. Бірақ
вельбот одан сайын тереңірек жылп ете түсіп, бір бүйіріне қисая шөкті,
Ахавтың қолдарын киттің жағынан жұлып əкетті, оның өзін қатты
соққы вельботтан ұшырып жіберді де, ол бетімен су жалап, теңізге
екпеттей құлады.
Өз құрбандығынан шалпылдата ыршып түсіп, ұзынша ақ басын
судан тік көтере, толқындарда тербетілген Моби Дик анадай жерде
тоқтады; бұл шақта оның күллі ұршық тəрізді толағай тұлға - тұрпаты
өз кіндігінен баяу айналып тұрды; сонда оның əжімді дəу маңдайы
судан жиырма футтан астам биікке көтерілген кезде, - көз
қарықтырып, өршелене тулаған толқындар соны соққылап,
бұрқылдаған көбікті ашу үстінде аспанға қарай түйдек-түйдегімен
шашырата лақтырды. Дауылды күндерде Ағылшын каналының
ақырына дейін жуасытылмаған толқындары тап осылай Эддистон
баурайынан жылыстай бере, сол арада демде қайтадан өре түрегеліп,
көбікті жалдарын оның ұшар басынан асыра масайрайды.
Бірақ көп ұзамай Моби Дик суға қайтадан сулап, құйрығының кекті
соққыларымен судағы шұңқырларды көбік аттыра, бейне жаңағыдан
да сұмдық жаңа шабуылға дайындалғандай, сынықта бүріскен
ескекшілердің қасында тез-тез шыр айналды. Бейне Маккавейдің
кітабында жүзім шырыны мен тұт ағаштары Антиохтың пілдерін
құтыртып жібергеніндей, вельботтың быт- шыт болған көрінісі оның
ашуын қоздырғандай болды. Бұл шақта киттің оспадар құйрығы
шайқаған көбікте жарым-жартылай түн шыға шашалған Ахав, сүйек
аяғының кесірінен малти алмаса да, дегенмен де осы сушұңқырдың
кіндігінде жан дəрмен ұсталынып бақты; оның қорғансыз басы
толқындардың арасынан құдды енді болмаса кез келген кездейсоқ
түрткіден жарылып кеткелі тұрған желбуаз көпіршіктей боп көрінді.
Вельбот сынығындағы Федалла оған қыбыр етпестен, селсоқ қарады.
Харап болған қайықтың командасы оған көмектесе алмады, ол тұрмақ,
олардың өздері де жаннан үміт үзген еді. Себебі, Ақ Киттің сұрының
үрейлілігі сонша һəм оның сызған əрі барған сайын тарыла түскен
ғаламдық шеңберлерінің басты айналдырғаны сонша, ол бұларға əнеміне бүйірімен аунап түсердей боп шошындырды. Басқа вельботтар
аман-есен жақын маңда жүзіп жүрсе де, олар осынау қатерлі шеңберге
кіріп, китке соққы жасауға батпады, осынысымен апатқа
ұшырағандардың - Ахав пен басқаларының бұлтартпас ажалын тек
тездетіп жіберерміз деп қауіптенді; əрі солай етсе, олардың өздерінің
де жан сақтауларына жол қалмас еді. Сондықтан, көздерін талдырған
олар ендігі кіндігі кəрі капитанның басы болған сұмдық иірімнің
сыртқы шеңберінде қала тұрды.
Бірақ болған жайдың бəрі "Пекодтың" мачтасынан байқалды, содан,
кеме желкендерін керіп оқиға орнына бет түзеді; енді оның жақындап
келгендігі сонша, Ахав оған тура суда жатып тіл қатты:
- Бағытты ки... - дей бергенде Моби Диктен домалаған үлкен толқын
оны басымен бірге көміп басып қалды. Əйтсе де, оның астынан су
бетіне қайтадан шығып, жаңа жалдың үстінде жоғарыға өрлеп бара
жатып, Ахав сонда да болса айқай салып үлгерді:
- Бағытты китке ұстаңдар! Оны аулақ қуыңдар!
"Пекод" сүйір тұмсығымен бұрылып келіп, жадыланған шеңберді
дар айырды да, Ақ Китті құрбандығынан ары тықсырды. Кит
тұнжыраңқы түрде аулаққа жүзіп, қайықтар енді жолдастарына
көмектесуге асықты.
Терең əжімдеріне ақ түз тұнған, көзі бұлдырап, есеңгіреген Ахавты
Стаббтың қайығына сүйретіп салды; осы арада оның бүкіл күшқайратының ұзақ ширығуы ақыры сыр берді, сөйтіп, ол өзінің тəн
əлсіздігінің құрбандығы боп құлады, бірнеше уақыт, құдды пілдер
табыны тапап тастағандай, вельботтың түбінде үйіндідей құр сүлдері
былқ-сылқ созылып жатты да қойды. Шатқалдың тереңіндегі əлдебір
күңгірт дауыстардай, оның кеудесінен бір бөтен, құпия ыңырсулар
ышқынып шықты.
Бірақ осы ес-түссіз қатты талғандығының өзі соның қысқалығына
себеп болды. Аяншақ адамда əлпештеліп өмір бойғыға созылатын
бүкіл ұсақ күйініштердің жиынтығын кейде ұлы жүректер ауыр
азаппен қас қағым сəтте-ақ бастан кешеді. Сондықтан да осы жүректер,
өз күйініштері əрбір жолы өткінші бола тұрса да, бір ғұмырда
іштерінде төзгісіз сəттерден түзілген қасіреттердің тұтас ғасырларын
жинақтайды; өйткені, дегдар жандардың, тіпті, өлшемге сыймас
кіндігінің нүктесі неғұрлым арам ниетті адамдардың шеңберлерінен
кеңірек болады.
- Гарпун, - деді Ахав шынтақтай көтеріліңкіреп. - Гарпун аман ба?
бөліп, сосын қалқымалы екі сынықтың дəл ортасындағы суда
қайтадан берік қабысқан кезде, жұқа жақтаулар шыдамай, сатырсұтыр опырыла сынған. Жарылған тақтайларды жауып кеткен
толқындар оларды əр жаққа айдай жөнелді, құйрықтағы сынықта
үймелеген матростар қалт-құлт етіп жақтау мен ескектерге жармасты.
Вельбот опат болар алдындағы сəтте киттің пиғылын бірінші боп
аңғарған Ахав хайуанның қас қағым мезетке өз жақтарының қысымын
босаңсытып, кенет басын көтеріп алғанын көргенде - міне, сонда Ахав
қайықты киттің аузынан жұлқып шығаруға соңғы əрекет жасады. Бірақ
вельбот одан сайын тереңірек жылп ете түсіп, бір бүйіріне қисая шөкті,
Ахавтың қолдарын киттің жағынан жұлып əкетті, оның өзін қатты
соққы вельботтан ұшырып жіберді де, ол бетімен су жалап, теңізге
екпеттей құлады.
Өз құрбандығынан шалпылдата ыршып түсіп, ұзынша ақ басын
судан тік көтере, толқындарда тербетілген Моби Дик анадай жерде
тоқтады; бұл шақта оның күллі ұршық тəрізді толағай тұлға - тұрпаты
өз кіндігінен баяу айналып тұрды; сонда оның əжімді дəу маңдайы
судан жиырма футтан астам биікке көтерілген кезде, - көз
қарықтырып, өршелене тулаған толқындар соны соққылап,
бұрқылдаған көбікті ашу үстінде аспанға қарай түйдек-түйдегімен
шашырата лақтырды. Дауылды күндерде Ағылшын каналының
ақырына дейін жуасытылмаған толқындары тап осылай Эддистон
баурайынан жылыстай бере, сол арада демде қайтадан өре түрегеліп,
көбікті жалдарын оның ұшар басынан асыра масайрайды.
Бірақ көп ұзамай Моби Дик суға қайтадан сұлап, құйрығының кекті
соққыларымен судағы шұңқырларды көбік аттыра, бейне жаңағыдан
да сұмдық жаңа шабуылға дайындалғандай, сынықта бүріскен
ескекшілердің қасында тез-тез шыр айналды. Бейне Маккавейдің
кітабында жүзім шырыны мен тұт ағаштары Антиохтың пілдерін
құтыртып жібергеніндей, вельботтың быт - шыт болған көрінісі оның
ашуын қоздырғандай болды. Бұл шақта киттің оспадар құйрығы
шайқаған көбікте жарым-жартылай түн шыға шашалған Ахав, сүйек
аяғының кесірінен малти алмаса да, дегенмен де осы сушұңқырдың
кіндігінде жан дəрмен ұсталынып бақты; оның қорғансыз басы
толқындардың арасынан құдды енді болмаса кез келген кездейсоқ
түрткіден жарылып кеткелі тұрған желбуаз көпіршіктей боп көрінді.
Вельбот сынығындағы Федалла оған қыбыр етпестен, селсоқ қарады.
Харап болған қайықтың командасы оған көмектесе алмады, ол тұрмақ,
олардың өздері де жаннан үміт үзген еді. Себебі, Ақ Киттің сұрының
үрейлілігі сонша
һəм оның сызған əрі барған сайын тарыла түскен ғаламдық
шеңберлерінің басты айналдырғаны сонша, ол бұларға əне-міне
бүйірімен аунап түсердей боп шошындырды. Басқа вельботтар аманесен жақын маңда жүзіп жүрсе де, олар осынау қатерлі шеңберге кіріп,
китке соққы жасауға батпады, осынысымен апатқа ұшырағандардың Ахав пен басқаларының бұлтартпас ажалын тек тездетіп жіберерміз
деп қауіптенді; əрі солай етсе, олардың өздерінің де жан сақтауларына
жол қалмас еді. Сондықтан, көздерін талдырған олар ендігі кіндігі кəрі
капитанның басы болған сұмдық иірімнің сыртқы шеңберінде қала
тұрды.
Бірақ болған жайдың бəрі "Пекодтың" мачтасынан байқалды, содан,
кеме желкендерін керіп оқиға орнына бет түзеді; енді оның жақындап
келгендігі сонша, Ахав оған тура суда жатып тіл қатты:
- Бағытты ки... - дей бергенде Моби Диктен домалаған үлкен толқын
оны басымен бірге көміп басып қалды. Əйтсе де, оның астынан су
бетіне қайтадан шығып, жаңа жалдың үстінде жоғарыға өрлеп бара
жатып, Ахав сонда да болса айқай салып үлгерді:
- Бағытты китке ұстаңдар! Оны аулақ қуыңдар!
"Пекод" сүйір тұмсығымен бұрылып келіп, жадыланған шеңберді
дар айырды да, Ақ Китті құрбандығынан ары тықсырды. Кит
тұнжыраңқы түрде аулаққа жүзіп, қайықтар енді жолдастарына
көмектесуге асықты.
Терең əжімдеріне ақ түз тұнған, көзі бұлдырап, есеңгіреген Ахавты
Стаббтың қайығына сүйретіп салды; осы арада оның бүкіл күшқайратының ұзақ ширығуы ақыры сыр берді, сөйтіп, ол өзінің тəн
əлсіздігінің құрбандығы боп құлады, бірнеше уақыт, құдды пілдер
табыны тапап тастағандай, вельботтың түбінде үйіндідей құр сүлдері
былқ-сылқ созылып жатты да қойды. Шатқалдың тереңіндегі əлдебір
күңгірт дауыстардай, оның кеудесінен бір бөтен, құпия ыңырсулар
ышқынып шықты.
Бірақ осы ес-түссіз қатты талғандығының өзі соның қысқалығына
себеп болды. Аяншақ адамда əлпештеліп өмір бойғыға созылатын
бүкіл ұсақ күйініштердің жиынтығын кейде ұлы жүректер ауыр
азаппен қас қағым сəтте-ақ бастан кешеді. Сондықтан да осы жүректер,
өз күйініштері əрбір жолы өткінші бола тұрса да, бір ғұмырда
іштерінде төзгісіз сəттерден түзілген қасіреттердің тұтас ғасырларын
жинақтайды; өйткені, дегдар жандардың, тіпті, өлшемге сыймас
кіндігінің нүктесі неғұрлым арам ниетті адамдардың шеңберлерінен
кеңірек болады.
- Гарпун, - деді Ахав шынтақтай көтеріліңкіреп. - Гарпун аман ба?
- Иə, сэр, оны лақтырған жоқсыз ғой, міне ол, - деп жауап қатты
Стабб.
- Оны менің қасыма қойыңдар. Адамдар түгел ме?
- Бір, екі, үш, төрт, бес; сіздерде бес ескек болды, сэр, мұнда да көз
алдымызда бес адам.
- Жақсы. Қане, тұруыма көмектесіп жіберші, достым. Міне, солай.
Aha, мен оны көріп тұрмын! Əне, əне! Ол бұрынғысынша ықтап кетіп
барады, оның бұрқағының секіруін-ай! Тарт қолыңды менен! Кəрі
Ахавтың сүйегінде мəңгіліктің зəмзəмі қайтадан бұрқылдап қайнайды!
Желкенді керіңдер! Ескектерді əкел! Рульді ұста!
Əдетте, бір вельбот қираған кезде, екінші вельбот жиып-теріп алған
оның командасы, былайша айтқанда, қуғынды "қосарланған
ескектермен" жалғастырған сол екінші вельботтың командасына
көмектеседі. Бұл жолы да солай болды. Бірақ қайықтың екі еселенген
жылдамдығы үдемелеген кит жылдамдығына ілеспеді - ол жүзгіш
қанаттары үш еселенгендей заулады; ол мұндай жағдайдағы кез
келген қуалау шексіз созылатынын, ең дұрысы, босқа сарп болатынын
айқын дəлелдеген шапшаңдықпен жүйткіді; енді бұл арада, тіпті,
мұндай жанталасқан үздіксіз есуге бірде-бір команда ұзақ шыдай
алмайтынын
айтпай-ақ
қоялық,
бұған
адамдар
қысқа
қашықтықтардың өзінде де əрең шыдас береді ғой. Əдетте, мұндай
жағдайдағы ең ыңғайлысы - кеменің өзімен қуу. Сөйтіп, міне, екі
вельбот та кемеге бет түзеп, көп ұзамай өздерінің шлюпбалкаларында
тербелді; қираған қайықтың екі жартысы да бұдан бұрын жиылыптеріліп алынған болатын, енді соның бəрін палубаға орнықтырып,
желкендерін биіктете керіп, бейне альбатростың қос қатарлы
қанатындай, сатыағаштарды қос қапталға кеңінен жайған, артынан
жел қуалаған "Пекод" Моби Диктің соңынан жүйткіп жөнелді.
Қайтадан, бірдей һəм үйреншікті мезгіл өткен сайын мачталардағы
шолғыншылар оның бұрқағының көрінген - көрінбегені жайында
айқайлап тұрды; оның су астына кеткенін естіген Ахав қайтадан
уақытты белгілеп, нактоуз сағатын қолына ұстаған күйі палубада əрліберлі жүріп алады, содан тиесілі мерзімнің соңғы секунды өткенде
капитанның: "Қане, дублон енді кімге бұйырады? Көрдіңдер ме оны?"
деген даусы естіледі. Егер оған: "Жоқ, сэр!" - деп жауап берсе - ол
бірден мачтаға өзін көтеруге бұйырды. Біресе жоғарыда қыбырсыз
отырып, біресе палубада шаршамастан əрлі-берлі жүріп, ол осылайша
бір күнді өткізді.
Сөйтіп, кейде тек шолғыншыларға үн қатқаны немесе, матростарға
желкендерді биігірек көтере түсуге, не оларды кеңірек жаюға
бұйырғаны болмаса, жақтауды бойлай үнсіз аяңдап жүрген сəтімен
қалпағын маңдайына баса киіп, ерсілі-қарсылы жүрген кезінде жолы
ол қазір шканцыда жатқан - жарылған тұмсықтың қарсысындағы
қираған құйрық -өз вельботының сынықтарының қасынан өтті. Ақыры
ол солардың алдына келіп тоқтады; аспанды торлаған бұлттарды
бастырмалай тағы да қайта-қайта бір қара бұлттардың жөңкілетіні
сияқты, кəрі капитанның тұнжыраған маңдайында тап солай жаңадан
жаман ойлар қарауыта қылаң берді.
Стабб капитанның аялдағанын көріп қалды да, бəлкім, əлдебір
бүкпе оймен, оның алдында өзінің еш күмəнсіз өжеттігін дəлелдеп, сол
арқылы капитанның пікіріндегі көрнекті орынға деген өз құқығын
бекітіп шегелей түсу үшін, ол таяп келіп, қираған вельботқа қарап,
дауыстап жіберді:
- Есек мұрнын шүйірген ошағанды қарай гөр; бұл оның аузын əбден
түйрелеп тастаған ғой, ə, сэр? Ха! Ха!
- Апаттың сынықтарын əжуалап күлу үшін қандай тас жүрек
мақұлық болу керек! Eh, адамшық, егер мен сенің ештеңеден тайсалмас
оттың өзіндей жаужүрек (жəне де тап сондай мейірімсіз) екеніңді
білмесем, онда сені əншейін қорқақ деп ант етер едім. Апат
сынықтарының қасында күрсініс те, күлкі де естілуге тиісті емес.
- Оныңыз рас, сэр, - деп іліп əкетті жақындап келген Старбек, - бұл асқақ көрініс. Бұл -нышан, сэр, жəне де жаман нышан.
- Нышан? Маған сөздік беріңдерші, мен бұл сөздің мағынасын қарап
көрейін! Егер құдайлар адаммен сөйлесуді қажет деп тапса, бастарын
сілкілемей, оны қатын белгілермен əуре етпей, айтарын тіке айтсын.
Барыңдар! Сен екеуің бір бүтіннің екі полюсінен аумайсыңдар. Старбек
деген - Стаббтың керісіншесі, ал Стабб дегеніміз -Старбек; сөйтіп,
екеуің күллі адам затының атынан сөйлейсіңдер; бірақ Ахав осы
планета-мекеннің миллиондарының арасында жападан жалғыз түр,
оның қасында құдайлар да, адамдар да жоқ! Суық, суығын-ай, мен
қалтырап барамын. Ал, қалай екен? Ей, ана жақта, жоғарыдағылар!
Оны көресіңдер ме? Ол бір секундта оның атқыласа да, мейлі, əрбір
бұрқақ сайын дыбыс беріңдер!
Күн батып бара жатты; тек оның жамылғысының алтынды жиегі
ғана болар-болмас сыбдырлады. Көп ұзамай қою қараңғылық басты,
алайда, шолғыншыларды мачталардан əлі түсіре қоймады.
- Бұрқақ енді көрінбейді, сэр, тым қараңғы! - деген айқай естілді
аспаннан.
- Сендер оны соңғы рет көргенде, ол қандай бағытпен кетіп бара
жатыр еді?
- Бұрынғысынша, сэр: желмен ығып барады.
- Жақсы! Түнде ол жылдамдығын баяулатады. Бом-брамсельдер мен
брамсельдерді төмен түсіріңдер, мистер Старбек. Біз оны жарық
түскенге дейін қуып жетуіміз керек, ол, бəлкім, түнгі жортуыл кезінде
аял жасайтын шығар. Ей, штурвалдағы! Өне бойы желдің ығын ұстан!
Топ-мачтадағылар - төменге! Мистер Стабб, фок-мачтаға кезек жібер,
онда таңға дейін шолғыншы тұратын болсын. - Содан кейін ол алға
жүріп, грот-мачтадағы алтын дублонның алдында тоқтады. - Ей,
адамдар, бұл алтын маған тиесілі, өйткені, мен оған еңбегімді сіңірдім;
бірақ Ақ Кит ажал құшқанға шейін мен мұны осы арада қалдыра
тұрамын; ол өлтірілген күні сендердің іштеріңнен оны кім бірінші
байқаса, бұл дублон соған бұйырады; ал егер сол күні де оны бірінші
мен байқасам, бұл теңгенің он есе құны барлығыңа бөлініп беріледі!
Тараңдар! Кеме сенің құзырыңда, сэр!
Осы сөздермен ол палубадан өтіп, өзінің табалдырығына тірелді де,
қалпағын баса киіп, сол арада тапжылмастан, түннің тынысына құлақ
түру үшін тек анда-санда ғана басын көтеріп қойып, таң атқанша
тұрды.
СXXXIV тарау
ҚУҒЫН, ЕКІНШІ КҮН
Таң сəріде шолғыншылар мачталардың
орындарына қайтадан жайғасты.
ұшар
бастарындағы
- Көресіңдер ме оны? - деп айқайлады Ахав толқындарға жарық
молдау себездесімен.
- Ештеңе жоқ, сэр!
- Бүкілісін жоғарыға шақырыңдар жəне барлық желкендерді
керіңдер. Ол мен ойлағаннан шапшаң кетіп барады. Брамсельдер! Иə,
оларды түнде төмен түсірмеу керек еді. Бірақ бəрібір, енді
тыныққаннан кейін, біз оны тез-ақ қуып жетеміз.
Осы арада айта кету керек, белгілі бір киттің соңынан күн мен түнге
жəне тағы бір күнге созылған мұндай қасарысқан қуғынды ешбір
жағдайда теңдессіз құбылыс деп есептеуге болмайды. Өйткені, кеме
жүргізудегі нантакеттік табиғи данышпандардың ғажайып өнері,
тəжірибеден туған көріпкелдік қасиеті мен қайтпас сенімділігі
соншалық, олардың кейбір жағдайларда жүзіп бара жатқан китке бір
көз қиығын тастауы оның көзден тас болғаннан кейінгі белгілі
уақыттағы жүзетін бағытын да, əрі қозғалысының ықтимал
жылдамдығын да таңғаларлық дəлдікпен болжап айтуы үшін
жеткілікті болады.
Мұндай жағдайларда, ашық теңізге шығар алдында көз-көрімдегі
бір түбекше бойынша бағытын анықтап, кішкене төмен түскеннен
кейін көп ұзамай қайтып оралуға ниеттенген жағалаудан көз жазып
қалған əлгі лоцман тəрізді; құбыланаманың жанында тұрып, сосын
жүзу нысанасы болған алыстағы мүйісті сенімдірек табу үшін осы көзкөрімдегі түбекшенің дəл орнын анықтап жатқан сол лоцман тəрізді;
өз құбыланамасының қасында кит аулаушы да тап солай істейді,
өйткені, бірнеше сағаттық күндізгі қуалау мен мұқият із кесуден кейін
китті адамдардың көздерінен жасыратын қараңғылық түскен кезде,
кəнігі лоцманға жағалау межесі қандай айқын болса, осынау алапат
алып мақұлықтың түндегі болашақ жолы болжампаз балықшы көзі
үшін тап сондай айқын болады. Ендеше, кəнігі аңшының көзінде өзінің
бір сəттік жалған өткіншілігімен мақалға кірген, із-түссіз ғайыпта
болатын суда сызылған іздің өзі де тап тиянақ-тұғырлы жердей
сенімді болып шығады. Сонымен, қазіргі темір жолдардың алпауыт
шойын Левиафанының əрбір мекенде үйреншікті боп кеткендігі
сонша, құдды дəрігер баланың тамыр соғысын санағандай, адамдар
қол сағаттарымен оның жылдамдығын есептеп шығарып, сондай
пойыз сондай жерге сондай уақытта келеді деп бір-біріне сенімді
түрде айтып тұрады емес пе; міне, тап сол сияқты, Нантакеттің де ер
жүрек тумалары тұңғиықтар Левиафанының нақ қалай жүзетініне
қарай оның жолын есептеп шығарады; сөйтіп, бір-біріне мына кит
сонша сағаттан кейін екі жүз миль жүріп өтіп, ендік пен бойлықтың
сондай градусына жетеді деп айтады. Бірақ мұндай көрегендік ақыр
соңында діттеген нəтижелер беруі үшін теңізші өзіне жел мен ағысты
одақтас етіп алуы керек, өйткені, желсіз тымықта бір орында қалқып
сансыраған кемеге өз айлағынан тура тоқсан үш миль жерде
тұрғандығын білгеннен не пайда? Осыдан кит аулауға қатысты
көптеген нəзік пайымдаулар келіп шығады.
Нысанаға дөп тимеген зеңбірек добының жазық алқапты түрендей
жарып өтетіні сияқты, соңынан толқындарда терең боразда қалдырған
кеме алға қарай жүйткіп келе жатты.
- Кендірмен жəне түзбен ант етемін! - деп дауыстады Стабб. Палубаның шапшаң жүйткуі аяқтарды бойлай, сенің қақ жүрегіңе
шейін жетеді. Біз, кеме екеуміз де жаужүрек жігіттерміз! Ха, ха! Қане,
мені көтеріп алып теңізге шалқамнан шалжитып тастасыншы,
уытталған еменмен ант етемін, менің қыр арқам - нағыз киль. Ха, ха!
Біз екеуміз де жүреміз, шаңдатпаймыз жəне із қалдырмаймы
- Бұрқақ! Көкжиекте бұрқақ! Тура алдымызда! - деген дауыс шықты
кенет мачгадан.
- Рас, рас! - деп дауыстады Стабб. - Осылай боларын біліп ем, бұл
енді болмай қоймайды. Шамаң жеткенше шаршамай заула, уа, кит!
Бəрібір сенің соңыңнан есуас ібілістің өзі қуып келеді. Сыбызғыңды
үрлеп, өкпеңді зорықтыр! Диірменші ағысты өзенді бөгеумен далдалап
қоятынындай, Ахав сенің қаныңды бөгетпен жауып тастайды!
Стаббтың сөздері күллі команданың сезімін білдірген-ді. Бұл шақта
адамдардың қуғынқұмарлығы ескі шараптың ашып көбіктенгеніндей
көбіктене ойнақшыды. Көпшілігі осы жақында ғана бастан кешкен
сұрқай үрейлер мен жаман сезіктер қандайлық болғанымен, соны енді
Ахавтан қорыққаннан жасырып қана коймай, олардың өздері де,
шапқылаған бизоннан үріккен шалғынды жазирадағы қорқақ
қояндардай, жан-жаққа тым-тырақай бытырап қаша жөнелген-ді!
Матростардың жандары Тағдырдың қолында еді, енді, кешегі күннің
қауіп-қатерлері де, түнгі сарылыстың азабы да, өздерінің сусып кетіп
бара жатқан нысанасына қарай ұшыртқан қиянпұрыс кемелерінің
біркелкі, тайсалмай, алды - артына қарамай жүйткуі де қамшылай
асықтырған олардың жүректері барған сайын дүлейлене жұлқынып,
алға атойлады. Əрбір желкенді тырсылдата күжірейтіп, кемені
көрінбес құдіретті қолдармен сүйрелеген жел, желдің өзі оларды мысы
баса езіп-жанышқан һəм есуас қуғынның ырқына бағындырған сол бір
құпиялы күштің рəмізіндей боп көрінді.
Бұлар енді отыз емес, бір адам еді. Олардың бəрін сыйдырған кеме
де біреу еді, оны əртекті материалдар - емен, үйеңкі, қарағай, темір,
кендір, қарамай, тағы басқалары құраса да, бірақ соның барлығы бір
кеме қаңқасына біріктіріліп, қазір ортаңғы ұзын түп бөрене киль тепетеңдестіріп бетін түзеген өз бағытымен жүйткіп келе жатты; міне, тап
осылай бұл командадағы адамдар да əp түрлі: анаусының ерлігі,
мынаусының жасықтығы, біреуінің кердең- кесірлігі, екіншісінің
тазалығы - барша əртектілік біртұтасқа біріктіріліп. олардың дарағай
килі һəм əміршісі Ахав нұсқаған бұлтартпас нысанаға бағытталды.
Керме арқандарға бейне жан біткендей болды. Мачталардың ұшар
бастары, бейне биік пальмалардың діңдеріндей, адам қолдарымен
аяқтарының гүлтізбектеріне малынып қалды. Біреулері бір
қолдарымен діңгектердің көлденең ағашына жармасып, екінші
қолдарын, делебесі қоза, алға сермеуде; басқа біреулері аптап күннен
көздерін алақанымен қалқалап, шайқатылған көлденең келтектің ең
шетінде отырды; тағдырдың піскен мəуесіндей - шоқ- шоқ адам
денелері тізілген мачтадар солқылдай майысты. Ойпырым-ай, олар
өздеріне опат əкелуге тиістіні сарсыда іздеп, ұшан көгілжімге
көзмайларын тауыса, қалай үңілді десеңізші!
- Сендер неге үн қатпайсыңдар, немене, оны көрмей тұрсыңдар ма? деп айқайлады Ахав бірінші дауыстағаннан кейінгі бірнеше минутта
жоғарыдан ешбір дыбыс шықпаған соң. -Мені көтеріңдер. Сендер
қателестіңдер, матростар. Егер осылай бір ғана кездейсоқ бұрқақ
атқылап, сосын зым-зия жоғалып кететін болса, ол Моби Дик емес.
Бұл осылай боп шықты да; құмарлық пен дегбірсіздік билеген
адамдар əлдебір кездейсоқ шалпылды кит бұрқағы деп қалған, Ахав
өзінің дағдылы шолғыншылық биігіне жеткесін-ақ көп ұзамай бұл
жаңсақтық анықталды; өйткені, палубада арқанның бос ұшын шегеге
лектіріп үлгерісімен, Ахав сол мезетте бірден əуені бейне сатырлап
атылған мылтық үнінің жаңғырығындай сілкіндірген тұтас оркестрге
жөн сілтеп, бір шыбықпен айдай жөнелді. Қалайыланған отыз өңештен
алақайлай шаттанған зар құйқылжыды, себебі, бұл жолы - кемеге
ойдан шығарылған бұрқақтан анағұрлым жақынырақ, небары бір миль
шамасы алдан - меншікті ұшасымен Моби Диктің өзі көрінді! Моби Дик
енді өзінің келгенін адамдарға сауықшыл да салқам бұрқағымен, оның
басынан атқылайтын осынау бейбіт бұлағымен білдірмеді; бұл жолы
ол көрермендерді қайран қалдыра, судан өзі шорши секіріп шыға
бастады. Қарауытқан тереңнен бар жылдамдығымен атылып шыққан
кашалот өзінің бүкіл ұшасымен əуеге биіктей шырқап самғайды да,
жарқ-жұрқ тау көбікті бұрқылдата шайқап, айнала төңірегіндегі жеті
миль жəне одан да арырақтағылардың баршасына өзінің жүрген жерін
əйгілеп береді. Жапырақталып жыртылған жырым-жырым ашулы
толқындар сонда оның сілкілеген жалына ұқсап кетеді; осынау
шоршыған секірістер көбіне-көп кашалоттың шайқас тілегенін
білдіреді.
- Əне, ол секірді, секірді! - деп шыңғыра дауыс салды біреу, Ақ Кит,
құдды дəу арқан балықтай, мақтаншақтана, аспанға ұшып қайтқандай.
Теңіздің көк айдыны мен одан да көгірек көк жиегін қалқалай кенет
өсіп шыққан ол шашыратқан тамшылар тауы бір сəтке бейне көшпелі
мұзарттай жалтылдаған сəуле шашып, құбыла құлпырып тұрып қалды,
ал, содан кейін бастапқы жалт - жұлт еткен жарқылын солғындатып,
таянып келе жатқан жаңбырдың бұлыңғыр мұнарына малына, біртебірте көмескілене берді, көмескілене берді.
- Күнге қарай соңғы рет бір секіріп қал, Моби Дик! - деп нығырта
дауыстады Ахав. -Мінеки, сенің жазмышың мен сенің гарпуның! Ей,
бəрің де төменге, төменге! Тек біреу ғана фок-мачтада қалатын
болсын! Вельботтарды дайындаңдар!
Ванттардың
жалықтырып
жіберетін
жіп
баспалдақтарын
менсінбеген матростар, бейне аққан жұлдыздардай, палубаға зу-зу етіп
шашылып түсті; өзінің есебіндегі Ахав, тап мұндай зауламаса да,
төменге айтарлықтай тез түсірілді.
- Түсіріңдер! - деп бұйырды ол өз вельботына табаны тиер тиместен. Бұл кеше кешке жабдықталған қосалқы вельбот болатын. Мистер Старбек, кеме сенің құзырыңда қалады. Қайықтардан
шеткеректеу, бірақ жақынырақ тұрғайсың. Айда!
Құдды адамдардың зəресін ұшырғысы келгендей, Моби Дик бұл
жолы оларға өзі бірінші боп шабуылдауды ұйғарды, сөйтіп, кері
бұрылып, енді үш вельботтың қарсы алдынан келе жатты. Ахавтың
қайығы ортасында еді, ол жұртқа дем бере сөйлеп, өзінің китті бетпебет қарсы алу, яғни вельботты тура китке бағыттау ниетін айтып
салды - бұл өзі соншалықты өзгеше тəсіл де емес, себебі, шағын
қашықтықтан қолданған кезде ол қапталынан көретін кит тарапынан
қарсы шабуылды болдырмайды. Бірақ əзірше олар оған жеткілікті
жақын қашықтыққа келе қойған жоқ, сондықтан, үш вельботтың үшеуі
де оған тап "Пекодтың" үш мачтасындай айқын көрініп тұрды; міне,
құйрығын долыра сабалап жойқын жылдамдықпен ұшыртқан Ақ Кит
аузын арандай ашып, құйрығын оңды-солды соққылап, опат пен апат
айдап, вельботтардың қасына əп-сəтте жетіп келді; бір ғана вельботтарды талқан қылу талабымен құлшынғандай болған ол өзіне
қайықтардан ұшқан гарпундарды байқамады. Аналар болса, шебер
қайықшыға қалтқысыз бағынып, құдды ұрыс алаңындағы үйретілген
сəйгүлік аттардай, əлсін-əлі харап болудан қыл үстінде қалып
аласұрғанымен, əйтеуір оның шабуылдарынан əзірше жалтарып
бақты; осы уақыттың өне бойында Ахавтың адам айтқысыз
жауынгерлік атойы қалғандарының барлығының шуылдақ зарын
көміп-басып тастады.
Біресе анда, біресе мұнда андағайлаған Ақ Кит ақыр соңында өзіне
лақтырылған үш гарпунның салбыраған қарамайлы арқандарын
байқаусыз шиелеп шатастырғаны сонша, олар керіліп, оған
вельботтарды өзінен-өзі сүйрелеп тарта бастады, ол бұл кезде бұдан
да сорақы тағы бір қиян-кескі шабуылға дайындалып алмақшы
болғандай, кішкене шеткерекке жүзіп барды. Осы аз-кем тынысты
пайдаланған Ахав əуелі арқанды молырақ босатып, сосын тездете
жинап, жұлқи бастады, ол оны осылайша тарқатып, босатып алуға
үміттенген, алайда, кенет оның алдынан акуланың ақсиған тістерінен
де үрейлі көрініс ашылды!
Шым-шытырық арқандар шытырманында бұрала шатысып, ауада
бұлғаңдаған гарпундар мен шанышқылар, жүздері мен кертіктері
жарқ-жұрқ етіп, маңайына ақтаңдақ пен су шашырата, оның
қайығының тұмсығына кідіріссіз жақындай берді. Жан сақтаудың
жолы біреу ғана еді. Селебе пышақты алған Ахав қолдарын жанталаса
созып, керілген арқанды саумалай жинап, болат сəулелердің ажал
айдаған шоғыры жағынан ұстап алып, қайыққа тартты да, алдыңғы
ескекшіге бере қойды, сөйтіп, дəл тұмсық науашасының түбінен
пышақпен екі ұрып, арқанды шауып жібергенде, болат сүңгілер
байламы теңізге шолп етіп құлап түсіп, қайық қайтадан тепе-тең
қалпына келді. Дəл сол сəтте Ақ Кит оқыстан шабылмаған
арқандардың шым-шытырық шырмауығына қайтадан ұмтылып, Стабб
пен Фласктың вельботтарын өз құйрығына барған сайын қоймай
жақындатып тарта берді; содан оларды бейне толқын жалындағы екі
қабықтай бір-біріне соғыстырды да, өзі сүңгіп, бұрқ-сарқ қайнаған сушұңқырда көрінбей кетті, сол сүңгіген жылымында, бейне көбікті
пунш тостағанындағы үгітілген жұпарлы жаңғақ түйіршіктеріндей,
самырсын тақтайлардың хош иісті сынықтары əлі ұзақ айнала қалқып
жүрді.
Опат болған екі бірдей қайықтың экипаждары өздерімен бірге
толқындарда шыр үйіріле шеңберден шеңбер сызып жүрген
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.