Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 39

Total number of words is 4193
Total number of unique words is 2288
30.4 of words are in the 2000 most common words
43.3 of words are in the 5000 most common words
50.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жанады, енді олар бұрынғысынан үш есе биіктей түскен; Ахав та,
басқалары сияқты, көздерін жұмып, оң алақанымен қастарын қатты
басып тұр.)
- Мен сенің тілсіз, тылсым құдіретіңді мойындаймын; мен осылай
деп айтпап па едім? Бұл сөздерді маған ешкім күшпен айтқызған жоқ;
мен қазір де жай тартқышты тастамаймын. Мені соқыр қылу да
қолында, бірақ онда мен сипалақтап жол табамын. Сен мені өртеп те
жібере аласың, бірақ онда мен күлге айналамын. Мына солғын көздер
мен мына алақан-қақпақтардың құрметін қабыл ал. Өз басым оны
қабылдамас едім. Найзағай тура менің бас сүйегімде жарқылдайды;
көзімнің шаралары жанып жатыр; құдды басым кесілгендей, миымды
сабалаған соққыларды жəне басымның құлақ тұндырар дүрсілмен
жерге домалағанын сезіндім. О, о! Бірақ соқыр болып қалсам да, мен
бəрібір өзіңмен сөйлесе беремін. Сен жарық сəулесің, сөйтсе де сен
қараңғылықтан пайда боласың; мен жарықтан, сенен пайда болатын
қараңғылық емеспін бе! Отты жебелер жаңбыры басылып келеді;
көзімді ашамын; көремін бе, əлде, жоқ па? Міне, сол оттар, олар
алаулап жануда! Уа, дарқан кеңпейілдім! Енді мен өзімнің шыққан
тегімді мақтан етемін. Бірақ сен менің от өзекті əкем ғанасың, аяулы
анамның жайынан бейхабармын. Уа, қатыгез, сен оған не жасап қойып
едің? Мінеки, менің жұмбағым осы; ал сенің жұмбағың менікінен
үлкенірек. Сен өзіңнің дүниеге қалай келгеніңді де білмейсің,
сондықтан, өзіңді тумаған деп атайсың; сен, тіпті, өзіңнің бастауың
барын сезбейсің, сондықтан, бастау негізім жоқ деп ойлайсың. Уа,
шексіз құдіреттім, сен өзің жайында білмейтінді мен өзім жайында
білемін. Уа, шапағатты аруақ, сенің ар жағыңда түссіз бірдеңе тұр, ол
үшін сенің бүкіл мəңгілігің -бар болғаны уақыт қана, сенің бүкіл іліми
қуатың жадағай, жайдақ. Сені көктей өтіп, сенің отты болмысыңды
көктей өтіп, менің жалын шарпыған көздерім осынау тұманды
бірдеңенің күңгірт сұлбасын шалады. Уа, панасыз бейбақ жалын,
ажалсыз дуана, сенің де айтылмаған өз құпияң, жан білмейтін өз
қайғың бар екен ғой. Міне, тағы да өршіл азаппен өз əкемді танып
тұрмын. Лаулап жан, алауыңды көкке шалқыт! Сенімен бірге мен де
лаулап жанамын; сенімен бірге мен де өртенемін; шіркін, сенімен
тұтасып қосылсамшы! Өр тілекпен табынамын өзіңе!
- Вельбот, вельбот! - деп айқай салды Старбек. - Вельботыңа
қарасаңшы, шал!
Ахавтың жылжымалы көрікте соғылған гарпуны вельбот
тұмсығының үстінен алға өңмеңдей, өзінің керме ағашына мықтап
бекітіліп, көрнекті жерде ілулі тұрған, бірақ қайықтың түбін қақырата
жарып жіберген толқын гарпунның былғары қынабын да жұлып
əкетті; сөйтіп, енді оның болат ұшында біркелкі, бозарыңқы, айыр
тілді жалын дір-дір етті. Мақау гарпун құдды жылан тіліндей сумаңдай
жанды. Старбек Ахавтың қолтығына жармасты.
- Құдай, саған Құдайдың өзі қарсы, шал, қайт райыңнан! Бұл
талайсыз жүзу сапары, басынан бастап қайырсыз болып еді, түбі
жақсылыққа апармайды. Əзір кеш қалмай тұрғанда, маған көлденең
келтектерді байлауға рұқсат ет, сөйтіп, қуалай соққан желмен үйге
қайтамыз да, бұдан гөрі талайлы жаңа жүзу сапарына шығамыз.
Үрей билеген команда Старбектің сөздерін естіген соң, көлденең
келтектерден бірде-бір желкен қалмаса да, арқандарға лап қойды. Бір
сəтке матростар да аға көмекшінің сезімдерін бастан кешкендей боп
көрінді; бүлікшіл айқай ендігі шканцыға да жеткен. Бірақ осы арада
жай тартқыш тізбектерін палубаға лақтырып тастап, жалма-жан от
шашыратқан гарпунын қолына алған Ахав сонысын матростардың
бастарына төндіре, құдды шырақтай сермеп, арқандарға бірінші қол
тигізгенді түйреймін деп ант етті. Оның қорқынышты түрі мен
қолындағы жалындаған найзасын көргенде естері шыққан матростар
шошынып, кейін шегінді, сонда Ахав қайтадан тіл қатты:
- Сендердің барлықтарың, мен сияқты, Ақ Китті қуып жетуге ант
еткенсіңдер; ал кəрі Ахав сол антқа аяқ-қолымен бірдей байланған,
бүкіл жүрегімен, жанымен, тəнімен, өмірімен байланған. Бұл жүректің
қандай өжеттікпен соғатынын білгілерің келсе, міне, қараңдар: мен
соңғы үрейді былай үрлеп өшіремін! - Сөйтіп, ол қуатты бір деммен
гарпунның ұшындағы отты жоқ қылды.
Жазықта нажағай шатырлаған кездерде адамдар əдетте жапандағы
жалғыз зəулім шегіршіннен аулақ кетуге асығады, өйткені, ол жай
тартатындықтан,
мұндай
көршілестік
оның
биіктігі
мен
əлеуеттілігінің өзінен-ақ қауіпті тек онан əрі арттыра түседі,
теңізшілер де тап солай мына сөздерден соң Ахавтан үрей мен абыржу
құшағында кейін серпілді.
СХХ тарау
БІРІНШІ ТҮНГІ КЕЗЕК
СОҢЫНДАҒЫ ПАЛУБА
(Ахав рульдің қасында тұр; Старбек келеді.)
- Грот-марса-рейді түсіру керек, сэр. Марсафал мүлдем бұлғақтап
кетті, қара да тұрыңыз, ық жақтағы топенант жарылып жүрер. Төмен
түсіруге рұқсат етесіз бе?
- Ештеңені түсірмеңдер! Желкенді жалғап байлаңдар. Брамстаксельдерім болса ғой, мен оларды қазір-ақ көтерер едім.
- Сэр, Құдай үшін, сэр!
- Тағы немене?
- Зəкірлер əне-міне жұлынып кеткелі түр. Оларды палубаға тартып
шығаруға бұйырасыз ба?
- Ештеңе де төмен түсірілмесін жəне ештеңе де жиналмасын; бірақ
бəрі бекітілсін. Жел салқындап келеді; алайда, ол əлі менің кестемдегі
көрсеткішке жеткен жоқ. Шапшаң, айтқанымның бəрі орындалатын
болсын! Мачталармен əмбе кильмен ант етемін, ол мені əлдебір
жалпиған каботажды баржаның бүкір шкипері деп ойлайды. Менің
грот-марса-рейімді түсіру керек пе? О, малғұндар! Биік рангоут күшті
желдерге арналған, ал менің миымның рангоуты жұлмаланып
жыртылып көкте жүйткіген бұлттардың астына бойлап барады.
Немене, мен соны түсіруім керек пе? Дауылда өз миларының
жабдықтарын тек қорқақтар ғана жинап алады. Oho, ана жоғарыдағы
күллі дүние қалай қатты ақырып, құтырына долданады! Шаншу шулы ауру екенін білмесем, мен мұны асқақ деп есептер едім. Бұған
дəрі-дəрмек қажет, дəрі-дəрмек қажет!
СХХІ тарау
ЖАҚТАУ ЖАНЫНДАҒЫ
БАҚТАҒЫ ТҮНЖАРЫМ
(Стабб пен Фласк фальшбортқа аттай отырып aп, жақтау сыртында
салбыраған зəкірлерді қосымша арқандармен бекітіп жатыр.)
Жоқ, Стабб, сен мына темірді көңілің қалағанынша соққылай аласың,
бірақ жаңа ғана айтқаныңды менің миыма ешқашан тықпалап кіргізе
алмайсың. Керісінше айтқаның қашан еді? Үстіне Ахав мінген əрбір
кеме, бəрібір, құйрығынан оқ-дəрілі күбілер, тұмсығынан күкіртті
сіріңкелер қораптары тиеліп аттанғандай, сақтандыру полисіне
қосымша жарна төлеуі тиіс деп анада айтқан сен емес пе едің? Сəл тұра
тұршы, тек айтшы, осылай деп айттың ба, əлде, жоқ па?
- Жə, айттым, делік. Содан не түсті? Сол кезден бері, тіпті, ептеп
менің дене пошымым да өзгерді, ендеше, сонымен бірге пікірімді де
неге өзгертпеске? Оның үстіне, тіпті, расында да бізге құйрықтан оқдəрілі күбілер, ал тұмсықтан күкіртті сіріңкелер тиелгеннің өзінде де,
шайтан алғыр, бəрі суға малшынған мына жерде ол сіріңкелер қалай
ғана тұтанып жанбақшы? Əй, тəпелтегім-ай, шашың оттай лаулаған
жиренсары болғанымен, сенің өзің де тап қазір тұтанып жана
алмайсың. Серпілсеңші, сен қазір бізде Суқұйғышсың ғой, Фласк, сен
өзіңнің қойны-қонышыңдағы сорғалаған сумен тұтас құмыраларды
шүпілдетіп толтырар едің. Осы қосымша катерге орай теңіз
саяхатының сақтандыру компанияларында қосымша кепілдіктер бар
екендігін сен енді түсінесің бе? Біздер нағыз су құбырларының
бағанқұдығымыз ғой. Бірақ сен бұдан əрі тыңда, мен сенің екінші
сұрағыңа жауап берейін. Тек əуелі аяғыңды мына зəкірден алып, ұшын
өткізуіме мұрша бер, міне, былай. Ал енді тыңда. Білуге сонша
құмармын, нажағай шатырлағанда мачта жай тартқышына жармасқан
адам мен нақ сол найзағайлы шақта ешқандай жай тартқышпен
жарақтанбаған мачта түбінде тұрғанның арасындағы айырмашылық
неде? Боссопағым-ау, егер нажағай əуелі мачтаға түспесе, жай
тартқышқа жармасушыға ештеңе де болмайтынын сен өзің шыныменақ түсінбеймісің? Олай болса, онда не жайында айтуым керек? Бəлкім,
жүз кеменің тек біреуінің ғана жай тартқыштары бар шығар, ендеше,
достым, Ахавқа да, сол сияқты, бізге де төнген қауіп, менің қарапайым
пайымым бойынша, қазір мұхитты шарлап жүрген он мың кемедегі
барлық басқа теңізшілерге төнген қауіптен ешбір артық емес. Ал сен
бар ғой, Сукесер, менің ойымша, сен əлемдегі барлық адамдардың,
жасақшылар сардарының қауырсыны тəрізді, қалпақтарына бір-бір
кішкентай жай тартқыш тағып алып, соларды соңдарынан құдды
офицерлердің бөкебайларындай желбіретіп жүргендерін қалайсың-ау.
Сен неден мұнша ақылсызсың, Фласк? Ақылды болу оп-оңай ғой, ал сен
неге ақылсызсың?
Заттарды тым құрыса көзінің қиығымен көрген əркім ақылды бола
алады.
- Білмеймін, Стабб! Мен олай деп айтпас едім. Кейде бұл
соншалықты қиын.
- Иə, малмандай боп суға малшынғанда ақылды болу қиындау, оның
рас. Ал менің үсті-басым мына көбіктен көрінбейтін сияқты. Жə,
ештеңе етпес. Бекіткіш арқанды ана арадан сұқ та, бері тарт. Сірə, бұл
зəкірлерді мұнда берік бекітетініміз сонша, енді олардың бізге
ешқашан керегі де болмайтын сияқты. Мына зəкірлерді бекітіп байла,
Фласк, бұл да бір, адамның қолдарын аркасына қайырып байлаған да
бір. Жəне қандай қолдар десеңші! Сала - құлаш, жомарт. Мына темір
жұдырықтарды көресің бе, ə? Тістей қауып, тастай қатады. Қызық-ау,
Фласк, біздің əлем зəкірде тұр ма екен? Зəкірде тұрса да, оның
шынжыры өзгеше ұзын. Ал, қане, мына түйіншектен бір соғып жібер,
сонымен болды. Солай. Қатты жерді айтпағанда, ең рақаты палубаның үстінен жүріп өту. Тыңдашы, ау, достым, бушлатымның
етегін сығып жіберші. Рахмет. Бізде, бар ғой, фрак кигенге күледі,
Фласк, ал менің ойымша, дауыл кезінде кемедегілердің барлығы ұзын
фалда киіп жүрулері керек. Олардың төменгі жағы жоққа саяды ғой,
солардың бойымен су тамаша сорғалап ағар еді. Немесе, үш сайлы
қалпақ, ол да таптырмайтын суағар науа бола алады, Фласк. Ендеше,
маған бушлаттар мен су өтпес қалпақтардың азабы жетті; үстіме фрак
киіп, басыма шұға қалпақты шекелетіп қондырамын, солай, бауыр. Хохо! Өй-дөйт! Самға теңізге, менің су өтпес қалпағым! Құдайым,
құдайым-ай! Мына аспанның желдері неткен дөрекі əмбе көргенсіз
еді? Иə, мына түннің түрі жаман, бауыр.
СХХІІ тарау
МАЧТАДА ТҮНЖАРЫМ. КҮН
KYPKІPІ МЕН НАЖАҒАЙЛАР
(Грот-марса-рей, Тэштиго оның астынан жаңа арқан өткізіп жатыр.)
- һм, һм, һм. Күркіреуің жетер. Төбемізде күннің күркірі тым көбейіп
кетті. Күннің күркірегенінен қандай пайда? һм, һм, һм. Бізге күннің
күркірегені емес, бізге ром керек. Бір стақан ром. һм, һм, һм.
СХХІІІ тарау
МУШКЕТ
Тайфун өршелене құтырынған кездерде "Пекодтың" кашалот
жағынан жасалған румпелінің қасында тұрған матросты оқыс
жұлқынған тұтқа бірнеше рет палубаға лақтырып тастады, ол
қосымша румпель-жүк көтергіштермен бекітілгенімен, тас қып
тасталмаған-ды, өйткені, рульмен əрлі-берлі бұрып отыру мүмкіндігі
қайткенде де қажет болатын, сондықтан, ол ауық-ауық бəрібір міндетті
түрде соққылап тұрды.
Желдің екпіні кемені теңізде доптай үйіріп лақтырған мұндай дүлей
дауылдарда құбыланамалардың тілі кенеттен шыркөбелек айнала
бастағанын жиі байқар едіңіз. "Пекодта" да осылай болды; толқын
əрбір соққан сайын дерлік руль ұстаушы өздерінің иірімде қандайлық
құйын жылдамдығымен зыр айналғанын бақылап тұрды, ал бұл
дегеніңіз əркімде-ақ дағдыдан тыс дүлей сезім тудыратын көрініс.
Бірақ түнжарымынан кейін бірнеше сағат өткенде тайфунның
тыншығаны сонша, - бірінің тұмсықтағы, екіншісінің құйрықтағы Старбек пен Стаббтың жанталасқан қажыр-қайраттарының арқасында
қалтырай жалп-жұлп еткен үшбұрышты қиық желкен мен фор жəне
грот-марсельдердің қалдықтарын жандəрмен кесті-ау əйтеуір, сөйтіп,
олар кей-кейде дауылдарда альбатрос қанатынан үзіліп түсетін ақ
қауырсындардай желкілдеп, желмен қалбақтап ұша жөнелді.
Олардың орнына бауланған үш жаңа желкен көтерілді, сондай-ақ
дауылбаққыш орнатылды, сөйтіп кеме енді руль ұстаушыға шығыс,
оңтүстік-шығыс деп тағы бір рет айқындалған белгілі бағытты бетке
ұстап, көбікті толқындардың үстімен қайтадан заулай жөнелді. Бұған
дейін, дауыл құтырынып тұрғанда руль ұстаушы штурвалды қалай
болса солай ұстаған. Бірақ енді, ол əлсін-əлі құбыланамаға қарап қойып
кемені бұрынғы бағытқа келтірген кезде кенет - жақсы ырым! - жел
құйрыққа қарай құбыла бастады; сөйтіп, қарсы жел енді арттан қуалай
соқты!
Сол арада бірден мына астарлы оқиға көп ұзамай бұрынғы барлық
жаман нышандарды теріске шығарады деп қуана үміттеніп,
көңілденген команда шырқап жіберген "Ей! Қуалаған жел! О-хей- хо,
көңілдірек!" деген жігерлі əн қанатында көлденең келтектер
босатылып жылжытылды, желкенбаулар ағытылды.
Күн мен түннің кез келген мезгілінде үстіндегі əрбір елеулі өзгеріс
жайында шұғыл мəлімдеуді тапсырған капитанның бұйрығын
орындаған Старбек, əлі көлденең келтектер қажетті қалыпқа қойылып
үлгермей жатып, болған жайды капитан Ахавқа хабарлау үшін,
құлықсыз болса да, бағынышты түрде, ұнжырғасы түсе, төменге бет
алды.
Каютаның есігін қақпас бұрын ол оның алдында еріксіз сəл
кідіріңкіреп қалды. Кают-компаниядағы ілулі шам əрлі-берлі қисаңдай
шайқатылып, біресе жарқ ете түсіп, біресе көмескіленіп, жоғарғы
тақташаның орнына перде тартылған жабулы жұқа есікке байыз
таппаған көлеңкелер түсіріп тұрды. Бейне жер астындағыдай оқшауоңашалығына орай, тіпті, сырттан дүлей тарсыл-гүрсіл барынша
құрсаулап алғанның өзінде де, бұл каютаны əлдебір тосын, уілдеген
тыныштық биледі. Ал қалқаның алдындағы үлдірікте оқтаулы
мушкеттер жалт-жұлт етті. Старбек жақсы, адал кісі болатын, бірақ
мына мушкеттерді көрген сəтте оның жүрегінде бір жаман ой жылт
ете түсті; алайда, оның момын, тіпті, ізгілікті ойлармен қабаттасқаны
сонша, Старбек мұны бірден аңдай да алмай қалды.
- Ол мені бірде атып тастағысы келген, - деп міңгірледі ол - Иə, тап
мына мушкетті ол маған кезеген, міне, мынау, дүмінде жұлдызшалары
бар, қазір мен оған қолымды тигізіп, үлдіріктен суырып аламын. Бұл
не ғажап, қанқұйлы шанышқымен қанша рет қаңқасап жасасам да, қазір
тұла бойым қалтырап кеткені не ғажап. Оқтаулы ма екен? Қарау керек.
Иə, оқ-дəрі де сөреде тұр, бұл жақсы емес. Мұны төгіп тастау керек, жожоқ, тұра тұр. Мен өзімді бұдан арылтамын. Мушкетті тайсалмай алып,
қолыма ұстаймын да, ойланамын. Мен оған арттан қуалаған жел
жайында баяндауға келдім. Бірақ арттан қуалай соққан жел деген не?
Өлім мен опат үшін - демек, Моби Дик үшін оңынан тұрған қолайлы
жел Мұндай қума жел тек осы қарғыс атқыр балық үшін ғана жақсы.
Мінеки, мынау оның маған кезеген аузы, міне, нақ өзі, міне, мен оны
ұстап тұрмын. Қазір өз қолымда ұстап тұрған қарумен ол мені өлтіргісі
келді. Иə, иə, бұл аз болса, ол күллі команданы өлтірмекші. Ешқандай
дауыл өзін желкендерді түсіруге мəжбүр ете алмайды деп ол айтты
емес пе. Ол өзінің аспани квадрантын быт- шыт қып сындырған жоқ па,
ол бағытты алдамшы аспап - лагтың көмегімен сипалап біліп, мына
кесірлі суларда келе жатқан жоқ па? Ал сұмдық тайфун кезінде жай
тартқыштарды пайдаланбаймын деп ант етті емес пе? Шынымен-ақ
осы алжасқан шалдың өз соңынан тұтас кеменің командасын сұмдық
опатты ажалға тартып əкетуіне мұрсат берілмек пе? Иə, иə, егер кеме
қырсыққа ұшыраса, ол отыз адамның қасақана өлтірушісіне айналады,
егер Ахавқа кедергі жасамаса, бұл кеме сұмдық қырсыққа ұшырайды менің жүрегім осылай дейді. Сондықтан, егер тап қазір оның... көзі
жойылса, қылмыс жасалмайды. Тс-с! Ол ұйқысырап бірдеме деп
күбірлеп жатқан сияқты. Иə, ана жақта, қалқаның ар жағында ол
ұйықтап жатыр. Ұйықтап жатыр ма? Бірақ ол тірі жəне көп кешікпей
қайтадан оянады. Сол кезде мен саған қарсы тұра алмаймын, шал Сен
айтқанға көнбейсің, ақыл-кеңесті де, жалынып- жалбарынғанды да
тыңдамайсың, мұның бəрін жақтыртпай басып тастайсың. Саған керегі
- өзіңнің көзсіз бұйрықтарыңа сөзсіз бағыну ғана. Сенің айтуыңша,
адамдар сенің антыңмен ант еткен, біздің əрқайсымыз - бір-бір Ахав
екенбіз. Бізді сақтай гөр, құдіретті Құдайым! Бірақ та, бəлкім, басқа бір
жолы бар шығар? Заңды жолы? Оны тұтқындап, елге апарсақ па екен?
Жо-жоқ! Бұл шалдың тірі қолдарынан тірі күш-қуатты жұлып алуға
қауқарың жете ме? Мұндай іске тəуекел ету үшін ақымақ болу керек.
Тіпті, ол байланып, өне бойы арқан-жіптермен шырмалды, өз
каютасының еденіне шынжырлармен бұғауланды делік, соның өзінде
ол тордағы жолбарыстан да қорқыныштырақ болады. Мен мұндай
тозақыға төзе алмас едім, оның сарнап-зарлауынан қайда қашарымды
білмес едім, осы азапты жүзу сапарына бола ақыл-естен, ұйқы-күлкі,
тыныштықтан айырылар едім. Мұндай жағдайда енді не қалады? Жер
бізден жүздеген шақырымда жатыр, бəрінен де жақыны - қолжетпес
Жапония. Мен мұнда, ашық теңізде жалғызбын, заң мен менің арамды
екі мұхит жəне бір құрлық бөліп жатыр. Иə, иə, бұл тап солай. Егер
нажағайы болашақ өлтірушіні өз төсегінде жайратса, оның үстіне
терісін ақжаймасымен қоса күйдіріп-пісіріп тастаса, осыдан аспан кісі
өлтіруші болар ма еді? Егер, егер... сөйтсем... мен кісі өлтіруші болар ма
едім?..
- Сөйтіп, ол ақырын ғана, абайлап, жартылай бұрылып, оқтаулы
мушкеттің аузын есіктің жұқа тақтайшасына тақады. - Еденнен, міне,
мынадай қашықтықта, ана жақта, басын бері қаратып, Ахавтың
кереуеті ілулі тұр. Саусақтың бір жанасуы ғана, сонда Старбек тірі
қалып, өзінің əйелі мен баласын қайтадан құшақтайды. О, Мэри, Мэри!
О, ұлым менің, ұлым! Ал егер мен сені оятсам, өлімге емес, өмірге
көрінер, шал, бір аптадан кейін Старбектің денесі күллі экипаждың
денелерімен бірге мұхиттың қандай тереңінде жүзіп жүретінін кім
біліпті? Құдіретті Құдайым, қайдасың сен? Мен не істеуім керек? Не
істеймін?.. Жел бəсеңдеп, бағытын өзгертті, сэр; фор жəне гротмарсельдер қойылып, көлденең келтектерге байланды.
- Тоқтат! Уа, Моби Дик, ақыры, сенің жүрегіңді өз қолымда сығымдап
ұстадым-ау!
Бұл айқай кенеттен, кəрі капитан азапты түстер көріп ұйықтап
жатқан есіктің арғы жағынан естілді; құдды Старбектің даусы оның
баяғы мақау түсін сөйлеуге мəжбүр еткендей боп көрінді.
Кезеулі мушкет есік тақтайшасына соғылып, бейне маскүнемнің
қолындай қалтырап кетті; Старбек періштемен жекпе-жек тайталасқа
түсті; ақыры, есіктен кері бұрылып, қанқұйлы қаруды үлдірікке сұқты
да, безіп жөнелді.
- Ол тым қатты ұйықтап жатыр екен, мистер Стабб, оған сен өзің
түсіп, оятып, жағдайды баяндашы. Мен палубаны тастап кете
алмаймын. Не айту керегін өзің білесің.
CXXIV тарау
ТІЛ
Келесі таңда теңіздегі толқу əлі басыла қоймаған, жалпақ та
жайбасар,
жойқын
толқындар,
құдды
қайырымды
дəудің
алақандарындай, "Пекодты" алға итермелеп, оның құйрығын
бастырмалата домалады. Біркелкі күшті желдің екпіндей шалқып
соққаны сонша, аспан да, ауа да жаппай керіле қампиған өңкей бір
желкендердей боп көрінді, күллі дүние гуілдеп, діріл қақты. Таңның
нұрлы жарығында көзге көрінбеген күн ақ мұнардың ар жағында
жасырынып тұрды, оның қазір қайда екендігін тек айқыш-ұйқыш
сəулелердің найзалары палубаға құйылып түскен жердегі жарқыраған
таңдаққа қарап қана аңғаруға болар еді. Айнала-төңіректі тəж киген
Бабыл патшалары мен патшайымдарының əсемдігіндей сəнсалтанатты əсемдік билеп алды. Теңіз, бойынан ыстық пен жарық
шығара бүлкілдей көпіршіген, балқыған алтын шарасына ұқсайды.
Ахав арбағыш үнсіздігін сақтап, манадан бері жалғыз тұрған; кеме
жайпақ толқыннан жайымен сырғанап, бушпритті төмен түсірген
əрбір жолы ол тұмсыққа сорғалаған күннің жарық сəулелерін көру үшін
бұрылды, ал кеме құйрығына тіктеп отырған кезде ол күннің жарығы
енді мына жақтан құйылып, тап сол алтын сəулелердің енді өзінің
артындағы бұлжымас түзу бораздада қалай ойнағанын көру үшін
кейін бұрылып түсті.
- Ха-ха, менің кемем, сен күннің теңізде жүйткіген зымыран арбасы
сияқтысың. Хо-хо, жердегі халықтар! Мен сендерге күнді апарамын.
Мен жойқын толқындарды жегіп алдым, э-ге-гей! Өзімнің арбама
жегілген мұхитты билеп-төстеймін!
Бірақ кенеттен құдды əлдебір жаңа ой тізгінді тартып, көкке
шапшытқандай, ол штурвалға тұра ұмтылып, қарлығыңқы дауыспен
руль ұстаушының өзіне бағытты айтуын талап етті.
- Шығыс, оңтүстік-шығыс, сэр, - деп жауап берді жүрегі ұшқан
матрос.
- Өтірік айтасың! - Сөйтті де капитан оны тастай түйілген
жұдырығымен қойып жіберді. -Таң атқалы шығысты бетке ұстап
келесің, ал күн құйрықтан түсіре ме жарықты?
Осы арада бəрі абыржып қалды; Ахав байқаған бұл құбылыс, неге
екені белгісіз, басқалардың назарынан қағыс қалыпты; сірə, оның
айдан анықтығы соның себебі болса керек.
Нактоузға ентелей жабысқан Ахав құбыланамаға шапшаңдата көз
тастады, сілки көтерген қолы ақырын төмен түсіп, ол қазір теңселіп
кетердей көрінген. Оның артында тұрған Старбекте ішке көз салды,
бірақ бір ғажабы - кеме еш күмəнсіз батысқа тартып бара жатқан
шақта, екі құбыланама да шығысты көрсетіп тұрды.
Əйткенмен, тосын дабыл матростардың арасына өлі таралып
үлгермей жатып, кəрі капитан мысқылдай күліп саңқ етті:
- Бəрі түсінікті! Бұл жағдай бұрын да болған. Мистер Старбек, кешегі
нажағай əншейін біздің құбыланамаларымыздың магниттік өрісін
өзгертіп тастаған, бары осы. Сен мұндай нəрселер жайында бұрын да
естіген боларсың деп ойлаймын.
- Иə, естігем. Бірақ ешқашан бұл жағдай менің басымда ұшырасқан
емес, сэр, - деп тұнжырай жауап берді бозарып кеткен көмекшісі.
Бұл арада күшті нажағайлар кезінде мұндай жағдайлар кемелерде
кейде шын мəнінде болып тұратынын атап айтуымыз қажет. Кеме
құбыланамасының инесінде тұтылған магниттік күш аспандағы
электр өрісіне туыстас екендігі белгілі, демек, бұған оншалықты
таңдануға болмайды. Найзағай көлденен келтектер мен жабдықтарды
құлата-мұлата тура кемеге соқтыртқан кездерде оның құбыланама
тіліне əсері кей реттерде мүлдем жаман болады: магниттік қасиет
жойылады, сонда оның пайдасы əжемнің тоқыма бізінен ешбір артық
болмай қалады. Алайда, қайсы жағдайда болмасын, құбыланаманың
магнитсізденген немесе, аунап түскен тілі өздігінен ешқашан бұрынғы
күшін қайтара алмайды; оның үстіне, егер нактоуздағы
құбыланамалар зақымданса, тіпті, кильсон дініне шабылып орнатылса
да, кемедегі барлық басқа құбыланамалар түгел соның кебін құшады.
Кəрі капитан магниттілігі айныған құбыланамаларға қарап,
нактоуздың қасында ойланып тұрған; сонан соң қолын созып,
көлеңкенің жобасымен тілдердің тап қарама-қарсы жақты көрсетіп
тұрғандығына көзін жеткізді; сөйтті де ол кеменің бағытын тиісінше
өзгертуге айқайлап бұйрық берді. Көлденең келтектер шұғыл
жылжытылды да, "Пекод" өзінің тайсалмас танауын қайтадан желге
қарсы делдитті, өйткені, арттан қуалады деп саналған жел кемені
əншейін келеке еткен болып шықты.
Осылардың бəрі жайында ішінен не ойласа да, Старбек естіртіп
ештеңе айтпады, тек жайымен ғана қажетті бұйрықтарын бере берді,
сірə, белгілі дəрежеде оның ойларын бөліскен Стабб пен Фласк та тап
сондай үнсіздікпен бағынуларын білді. Матростарға келетін болсақ,
кейбіреулері ақырын күңкілдегендерімен, Ахавтың алдындағы
үрейлері олардың Жазмыш алдындағы үрейлерінен де асып түсті.
Əйткенмен,
үш
мəжуси-гарпуншы,
бұрынғыша,
сабырлы
қалыптарынан танбады; олардың сезімтал жүректеріне əсер еткен бір
нəрсе болса, ол - қайыспас Ахавтан ұйтқыған магниток күш қана еді.
Бұрқанысты ойларға шомған кəрі капитан палубада əрлі-берлі жүріп
алды. Кенет ол тайып кетіп, өзі тақауда сындырған квадранттың
тапталып қалған мыс жұрнақтарына көзі түсті.
- Уа, көкке көзін сүзген сорлы арманшыл, уа, тəкаппар күн лоцманы!
Мен кеше сені құртып едім, бүгін мені құбылнамалар құрдымға жібере
жаздады. Əне, солай. Бірақ қарапайым Магнитке Ахавтың əлі де болса
өмірі жүреді. Мистер Старбек, маған сапсыз шанышқыны жəне
мушкель мен ең жіңішке желкен инесін алып келіңдер. Жылдам!
Бəлкім, дəл осы сəтте Ахавтың тікелей жан құбылысына əлдебір
бақай есеп араласып, оның мақсаты - құбыланамалардың тілдері
аударылып түскен осынау айлалы істе өзінің барлық ілкімді өнерін
көрсетіп, команданың рухын көтеру болған-ақ шығар. Оның үстіне
қақсал капитан аударылып түскен құбыланамалардың тілдері
бойынша бағыт ұстау түк те етпейтінін де түсінді, ырымшыл команда
үшін мұның өзі неше түрлі үрейлер мен жаман сезіктердің қайнар көзі
болар еді.
- Ей, адамдар, - деді ол, аға көмекші сұрағандарының бəрін əкеліп
берген кезде матростарға кілт бұрылып. - Адамдар, нажағай көрі
Ахавтың құбыланамаларындағы магнитті айнытып тастады, бірақ
Ахав мына болат кесегінен кез келген басқасынан бір кем емес жаңа
құбыланама жасап ала алады, əрі ол дұрыс көрсететін болады.
Осы сөздерді айтқанда теңізшілер жарамсақ таңданыс білдірген
жаутаң жанарларын түйістіре, арбалған көздерін аудырмай, қандай да
бір кереметтің келуін күтуге дайындалды. Тек Старбек қана басқа
жаққа қарады.
Ахав ағаш балға мушкельмен бір ұрып шанышқының болат
ұстарасын қағып түсірді, содан кейін қалған ұзын темір шыбықты
көмекшісіне қарай созып, оны төменгі ұшын палубаға тигізбей, түзу
ұстауға бұйырды. Сосын шыбықтың жоғарғы ұшынан мушкельмен
бірнеше рет ұрып, оған мұқалған инені тігінен қойды да, оны да, енді
ақырынырақ болса да, мушкельмен үстінен бірнеше рет ұрды, бұл
шақтарда бүкіл осы ғимарат бұрынғысынша Старбектің қолындағы
таразыда тұрды. Содан кейін - əлде болатты магниттеген кезде шын
мəнінде қажетті, əлде əншейін, команданың үрейін ұшыра түсуді
көздегені белгісіз - əлденендей түсініксіз бірнеше ұсақ қимылдар
жасаған ол жіп алғызды да, нактоузға таяп келіп, одан аударылып
түскен екі тілдің екеуін де суырып алды, бұдан соң желкен инесін
белінен ұқыптап орап байлап, кішкентай карталардың біріне іліп
қойды. Бастапқыда ине екі ұшынан да қалтырай діріл қағып, айнала
берді де, сосын тына қалды, сол кезде осылай болуын тағатсыз тосқан
Ахав масайрап, нактоуздан шегінді де, қолын алға соза дауыстады:
- Ал енді өздерің көріңдер, Ахавтың Магнитке əмірі жүре ме екен!
Күн шығыста тұр, солай деп маған менің құбыланамам ант етеді!
Олар бірінен соң бірі келіп, жəшіктің ішіне көз қиықтарын салды,
өйткені, олардың надандығын өз көздерінен басқа ештеңе де сендіре
алмас еді, сөйтіп, олар бірінен соң бірі жылмаңдап аулақ кетіп жатты.
Осы сəтте Ахавтың от шашқан көздері жеккөрінішпен һəм жеңіс
салтанатымен
алаулады;
бұл
бүкіл
болмысымен
опатты
тəкаппарлығын паш еткен Ахав еді.
CXXV тарау
ЛАГ ПЕН ЛИНЬ
-Жазмыш қолындағы "Пекодтың" жүзу сапарында жүргеніне көп
болса да, əлі күнге шейін лаг қолданыста болмады дерлік. Кеменің
тұрған орнын анықтаудың басқа тəсілдеріне сенгіштікпен үміт артқан
кейбір сауда кемелері, сонымен бірге кит аулағыштар да, əсіресе,
кəсіпшілікте жүргенде, лагты суға мүлдем салмайды, дегенмен де, нақ
сол уақыттарда, көбінесе əйтеуір көз қылып картада əдеттегіше
кеменің бағыты мен оның жүрісінің орташа жорамалды жылдамдығы
белгіленеді. "Пекодта" да осылай болды. Қарамайланған арқанды ағаш
зырылдауық пен оған байланған лагтың үшбұрышты сызғыш аспабы
көптен бері құйрықтың сыртында жұмыссыз ілулі тұрған. Жаңбыр мен
шашыранды бүркін оларды суға малшындырды, күн мен жел кептіріп,
быржитып-тыржитты, осынау түкке тұрғысыз заттарды бүлдіріп
шіріту жолында барша табиғат дүлейлері күш біріктірді.
Бірақ əрқашандағыдай өзінің тұнжыр ойларына шомған Ахав
магнит оқиғасынан кейін бірнеше сағат өткенде лагқа кездейсоқтан
көз қиығы түсіп, өз квадрантының енді жоқ екенін еске алды, сөйтіп,
лаг пен линь жөніндегі өзінің есуас антына қайтадан оралды. Кеме
тұмсығын толқындарға көме заулап келе жатқан, құйрықтың соңынан
сүрініп-қабынған көбікті жалдар домалады.
- Ей, бақтағылар! Лагты таста!
Екі матрос тұра жүгірді: сарғыш тəнді таитилық пен Мэн аралының
ақ шашты тумасы.
- Сендердің біреуің зырылдауықты алыңдар. Мен өзім тастаймын.
Олар дəл құйрыққа шейін барып, ық жағынан, қиғаштап соққан жел
екпінінің əсерімен палубаға жүгірген ақ жалдармен жанасуға шақ
қалған жерге келіп тұрды.
Мэн аралының тумасы шал матрос лаглинь шумақтары оралған
зырылдауықтың сорайған тұтқаларынан ұстады, сөйтіп, Ахавтың
келуін күтіп, оны лагтың салбыраған үшбұрышты сызғыш аспабымен
қоса көтеріп алды.
Ахав қасына келіп, лаглиньнің əлде отыз, əлде қырық орамын
тарқатып, енді жақтау сыртына лақтыру үшін оны үлкен тұзаққа
саумалап жинауға дайындалған кезде оған да, линьге де қадала қарап
тұрған кəрі матрос батылы жетіп тіл қатты:
- Сэр, мына линь, меніңше, сенімсіз. Мен оған сенбес едім. Ыстық пен
ылғал оны, сірə, ұзақ уақытта бүлдіріп, əбден жарамсыз еткен-ақ
шығар.
- Ештеңе етпейді, ол шыдайды, шал Міне, мына сені ыстық пен
ылғал ұзақ уақытта жарамсыздыққа ұшыратқан жоқ қой? Сен əлі
шыдап келесің. Немесе, дəлірек айтқанда, сен өмірден ұсталынып емес,
өмір сені ұстап келеді.
- Мен зырылдауықты ұстап тұрмын, сэр. Бірақ капитан қалай
бұйырса, солай болады. Ақ шашты басыммен, əсіресе, қателігін бəрібір
еш мойындамайтын бастықтармен таласу маған қол емес.
Бұл немене тағы? Сендер мына ақ мəрмəрлі Табиғат Патшайым
Колледжінің жалба-жұлба профессорын тыңдай қалыңдар; тек бұл өзі
маған асқан жағымпаз боп көрініп тұрғаны. Сен шал, қай жерденсің?
Кішкентай ғана жартасты Мэн аралынанмын, сэр.
Тамаша! Мұныңмен бар əлемді ақымақ қылдың.
- Оншасын білмедім, сэр, тек сол жердің тумасымын.
Мэн аралынан ба, ə? Бірақ бір жағынан, бұл жаман да емес. Miнe, Мэн
аралының еркегі, бір кездердегі тəуелсіз, қазір нағыз еркек іздесең
емге табылмайтын Мэн аралында туған еркек; қазір жұтылған аралда жəне де жұтқан немене дейсің ғой?.. Зырылдауықты жоғарырақ ұста!
Сайып келгенде, барлық жалбарынғыш маңдайлар меңіреу қабырғаға
соғылып жарылады. Жоғары ұста! Міне, солай!
Лаг тасталды. Лаглиннің тарқатылған орамдары жақтау
сыртындағы судың қақ үстінен қас қаққанша ішектей тартыла қалды.
Лагтың үшбұрышты аспабы біресе заулай ұшып, біресе толқын
жалдарына көміліп, лаглинді əлсін-əлі жұлқылады, зырылдауық
ұстаған шал тəлтіректеп құлай жаздап əрең түр.
- Мықтап ұста!
Тррах! - керілген лаглинь кенет иректелген ұзын бір əдіптей болып
салбырады да қалды, лаг үзіліп кетті.
- Мен квадрантты қиратамын, нажағай құбыланамалардың
магниттілігін айнытады, ал енді долырған теңіз лаглиньді үзіп
тастайды. Бірақ Ахав бəрін де түзете алады. Ұшын жинақта, таитилық.
Айналдыра түс, шал, зырылдауықты жоғарырақ ұста. Балташы жаңа
лаг жасайды, ал сен линьді жөнде. Түсінікті ме?
- Енді ол түк болмағандай кете барады, ал маған бейне əлемнің
кіндігіндегі ең басты бұранда түсіп қалған сияқты. Жина, жина
саумалап, таитилық! Мұндай линь найзағайдай зу етіп тез
тарқатылады, бүтін əрі серпімді, ал артқа қарай, үзік-үзік, салбырап
əрең тартылады. А-а, Пип! Сен немене, көмектесуге келдің бе, ə, Пип?
- Пип? Сіз Пип деп кімді айтып тұрсыз? Пип вельботтан секіріп
кеткен. Пип құрыды. Мүмкін, сен оны ұстап алған шығарсың,
балықшы? Жіптің зорға тартылып жатқанын көресің бе, мұны, бəлкім,
сол ұстап тұрған болар. Дұрыстап жұлқы, Таити! Одан жіпті жұлып ал,
біз өз кемемізге қорқақтарды мінгізбейміз. Əне, əне, ана жақта су
бетінде оның қолы көрінді! Балта, жылдам балта əкел! Шабыңдар! Біз
өз кемемізге қорқақтарды мінгізбейміз.
Капитан Ахав! Сэр, сэр! Қараңыз, біздің кемеге Пип қайтадан
мінбекші.
- Өшір үніңді, делқұлы! - деп зекіді оны шынтағынан қапсырған Мэн
аралының тумасы, шал-матрос. - Жоғал бар, шканцыдан!
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.