Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 11

Total number of words is 3994
Total number of unique words is 2399
28.3 of words are in the 2000 most common words
40.0 of words are in the 5000 most common words
46.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
памфлеттерді турау үшін тамаша пышақ қызметін атқарып берер еді.
Менің білуімше, нарвалды сондай-ақ азулы кит, мүйізді кит жəне
жалғыз мүйіз кит деп атайды. Ол, сөзсіз, хайуанаттар патшалығының
барлық салаларында кездесетін жалғыз мүйізділіктің тағы бір
қызғылықты мысалы болып табылады. Ескілікті тақуа авторлардан
окығаным бар тұғын, əлгі теңіз жалғыз мүйізінің мүйізі сол замандарда
кез келген удың бетін қолма- қол кайтарады деп есептелген екен,
сондықтан да одан дəрі-дəрмек жасау тəп-тəуір табыс түсіріп тұрған.
Одан сондай-ақ ұстамалы аурулы ханымдар үшін иіскейтін ұшпа
тұздар қайнатып шығарған, қазір оларды бұғы мүйіздерінен жасап
жүр. Бір кездерде нарвал мүйізі аса сирек зат деп танылып, жалпы
жұрттың əуестігін тудырды. Готикалық көне қалың кітаптан сэр
Мартиннің жүзу сапарынан оралғаны жайында оқығам, оны бұл
сапарға айбынды кемесі Темзамен төмен бойлап кеткенше Гринвич
қамалының кішкене терезесінен гауһарға малынған нəзік қолын аялай
бұлғап, королева Бэсс шығарып салған болатын. "Сэр Мартин осы жүзу
сапарынан оралып келгесін, - деп айтылады көне қалың кітапта, - ол
тізерлеп тұрып ұлы мəртебелі ханымға сұмдық ұзын нарвал мүйізін
тарту етті, сол мүйіз бұдан кейін көп уақыттар бойы Виндзор
қамалында ілулі тұрды". Сонымен қатар бір ирландық автор граф
Лестердің де ұлы мəртебелі ханымға тізерлеген күйі жалғыз мүйіздер
тұқымынан жерде мекендейтін бір жануардың музейіне тарту еткенін
айғақтайды. Нарвалдың сырт пішіні өте сұлу жəне аздап қабыланға
ұқсайды, дөңгелек һəм сопақша қара сеңбілдермен шұбарлай
көмкерілген, сүттей ақ түсті болып келеді. Майы құнарлы, таза əрі
мөлдір, бірақ аз, сондықтан да нарвалды сирек аулайды. Ол көбіне-көп
полярлық суларда мекендейді.
II Kiman (in Octavo). IV тарау (Қанішер-кит). Нантакет
тұрғындарының бұл кит жайында білетіндері тым мардымсыз, ал
табиғаттанушы ғалымдардың білетіні одан да аз. Мен оны тек алыстан
көргем, сондағы пайымдауымша, үлкендігі жөнінен ол сұр дельфинге
қарайлас. Өзі асқан қаныпезер - мұндайлардың орыны тек Фиджиде
ғана. Кейде ол үлкен in Folio китінің ернінен тістей жармасып, алыпты
діңкелетіп өлімші еткенше, құдды сүлікше жабысып айырылмайды.
Қанішер-китті ауламайды. Оның майының сапасы қандайлылығы
жөнінде ешқашан естіген емеспін. Бұл киттің есімінің екі ұштылығы
наразылық туғызбай тұра алмайды, себебі, бонапарттар мен
акулаларды қосқанда, құрлықта да, теңізде де, біздің бəріміз əзірейіл
жан алғыштармыз.
II Kiman (in Octavo). V тарау (Балға-балық). Бұл мырза мұғалімнің
шəкірттерін сызғышпен соққылағанындай, өз жауларын соққылайтын
құйрығының аркасында кеңінен мəшһүр. Ол in Ғоіо китінің арқасына
жайғасып алып, оның үстінде жүзе береді. Өмірде нақ осындай
амалдармен ілгері басатын мектеп мұғалімдері тəрізді, өзінің жол
ақысын теперішпен төлейді. Балға-балық жөніндегі мағлұмат қанішеркит жөніндегіден де аз. Бұлардың екеуі де - тіпті, заңсыздық жайлаған
теңіздерде де заңнан тысқары.
Осымен II Кітап (in Octavo) тəмамдалып. III Кітап (in Duodecimo)
басталады.
IN DUODECIMO. Бұған кіші киттер жатады: I. Ура-дельвин: II.
Қарақшы-дельфин; III. Ақтұмсық дельфин.
Бүл пəнді əдейілеп жетік игермегендерге əдетте, ұзындығы төрт-бес
футтан аспайтын балықтың киттермен бір қатардан табылуы
түсініксіз болып көрінуі мүмкін, өйткені осынау сөздің жалпы жұрт
қабылдаған мағынасы əрқашан орасан зорлық ұғымымен астасып
жатады ғой. Соған қарамастан, жоғарыда in Duodecimo айдарымен
тізілген мақұлықтар, сөзсіз, киттер болып табылады, себебі, олар
бұрқақ атқылайтын һəм құйрығының кос қалағы бар балықтар ретінде
менің китке берген анықтамама деп келеді.
III Kimаn (in Duodecimo). I тарау (Урасьел дельфин). Бұл жер
шарының барлық шалғайында дерлік кездесетін кəдімгі қоңыр
дельфин. Мына есімді мен оған өзім тандап аллым; əнгіме сонда, қоңыр
дельфиндердің бірнеше тармақ түрлері бар, міне, соларды əйтеуір
амалын тауып ажырату керек. Менің оны бұлай атағаным, бұл
дельфиндер теңізде үнемі шулы үйірімен асыр сала, əлсін - əлсін
Төртінші шілде күнгі жұрт үстінен көкке лақтырылған бөрік сияқты,
биікке самғай шоршып, жүзіп бара жатады. Олар толқыннан толқынға
ағындап ұшып көрінген шақтарда теңіз саяхатшылары шаттана сəлем
жолдайды. Олармен кездесу жақсы нышан деп саналады. Осынау
ойнақы балықтарды көрген кезде өздеріңіз үш мəрте "ура" деп
дабыстамасаңыздар, онда Құдай өзі кешірсін, сіздерге тəңірімен
тілдесер шаттық рухы таныс емес. Семірген бір жуан ура-дельфин бір
галлон тамаша теңіз хайуаны майын береді. Əйткенмен, мұндағы
айрықша бағалысы - оның жақ сүйектерінен алынатын мөлдір əрі
майда зат. Ол зергерлер мен сағатшыларда үлкен сұранысқа ие.
Матростар болса онымен өздерінің жануыштарын майлайды. Оның
үстіне, сіздер білесіздер, дельфиннің еті өте дəмді келеді. Бəлкім,
дельфиннің бұрқақ атқылайтынын сіз ешқашан байқамаған боларсыз.
Шынында да, дельфин бұрқағы онша биік емес, сондықтан, оны байқау
да айтарлықтай қиын. Бірақ оны келесі жолы көргенде дегенмен де
зер салыңызшы, алдыңызда əншейін шап-шағын ұлы кашалот
тұрғанын сіз сонда ақыры түсінесіз.
ІІІ Kiman (in Duodecimo). II тарау (Қарақшы-делъфин). Аса
қаныпезер. Меніңше, тек Тынық мұхитта ғана кездеседі. Ол урадельфиннен кішкене ірірек, бірақ кескін-келбеті шамамен дəл сондай.
Егер ызаландырса, ол акуладан да тайсалмайды. Оның соңынан талай
рет қуалауыма тура келген, бірақ оны қолға түсіргенін əлі күнге шейін
көрген емеспін.
ІІІ Kiman (in Duodecimo). I тарау (Ақтұмсық дельфин). Қоңыр
дельфиндердің ішіндегі неғұрлым ірісі; жобалауымызға қарағанда, тек
Тынық мұхитта кездеседі. Соңғы уақытқа дейін өзіне ағылшын кит
аулаушылары берген нағыз кит дельфині - атпен белгілі болды, бұлай
атаудың негізі сол, ол аталған кит тектестерге үнемі еріп жүреді.
Пішіні жағынан ол ура-дельфиннен біршама өзгешерек, оның белінде
анандай тартымды жұмырлық білінбейді; оның мүсіні оқтаудай
жараған күнқақты деуге келеді. Оның арқасында жүзгіш қанаты жоқ
(дельфиндердің көпшілігінде қанат болады), есесіне əсем құйрығы һəм
үндістік мұңды қой көздері бар. Бүлдіріп тұрған тек тұмсығы ғана.
Арқасы бүйірдегі жүзгіш қанаттарына дейін қара майдай қап-қара,
одан əрі, ақты астына, қараны үстіге қалдырып, екі түсті қатаң
межелей отырып тұмсықтан құйрыққа дейін белдеулеген, құдды кеме
қабырғасындағы иір сызық сияқты айқын жолақ. Басының бір бөлігі
мен бүкіл аузы түгел аппақ жаңа ғана диірменге ұрланып кіріп,
қамбаға дамып шығармай мұрнын сұққандай-ақ тұмсығы түбіттеніп
кеткен. Сұмдық жексұрын да жымысқы тұр! Майы кəдімгі
дельфиндікіндей.
Одан ары қарай бұл жіктеме жүрмейді, өйткені, қоңыр дельфиндер кит тектестердің ішіндегі ең майдалары. Сонымен, жоғарыда аз-маз
көрнекті деген левиафандардың барлығы түгенделіп өтті. Алайда,
бұлардан басқа, американ кит аулаушысы ретінде өзім тек
ұзынқұлақтан білетін қайдағы бір қиял-аңыздың, ешкімге мəлім емес
ұстатпайтын киттердің əлі тұтас бір тобы бар. Біздің кубрикте көп
қолданылатын аттарды пайдалана отырып, мен қазір оларды
санамалап шығамын; бəлкім, бүл тізбе менің мұнда бастағанымды
ақырына жеткізуді қалайтын болашақ зерттеушілерге септігін
тигізетін шығар. Егер алдағы уақытта төменде аталған киттердің
қандай да біреуі үстап алынып, өлшенсе, оны көлеміне сəйкес - in Folio,
in Octavo немесе in Duodecimo - осы жіктеме-жүйенің ішіне оп-оңай
енгізуге болады. Сонымен: Бөтелкемұрын, Дөңбек-кит, Меңіреу-кит,
Кап киті, Басты кит, Зеңбірек-кит, Арық кит, Кесіртке-кит, Піл-кит,
Мұзтау киті, Моллюскі киті, Көк кит жəне т.б. Исландық, голландық
жəне көне ағылшын авторларынан ең таңғаларлық, һəм айтуға
ыңғайсыз атаулармен марапатталған, ешкімге белгісіз киттердің
бұдан да ұзағырақ тізбесін алуға болады. Бірақ мүлдем ескірген
есебінде мен оларды елеусіз қалдырамын; бүл аз болса, менің, тіпті,
мұның бəрі бар болғаны левифандыққа толы, тек еш мағынасы жоқ құр
дыбыстар деп күдіктенуге де негізім бар.
Қорытынды да əуел баста мəлімдегенімді қайталаймын: менің
жіктемем бұл арада бір демде жеріне жеткізілмейді. Көріп тұрсыздар,
мен өз уəдемде тұрдым. Алайда, салынып бітпеген мұнарасында
крандар мен жүк көтергіш шығырлар қалып қойған ұлы Кельн
шіркеуінің аяқталмай тасталғаны сияқты, мен де енді өз жүйемді
ақырына жеткізбей доғарамын. Өйткені, құрылысты бастаған сəулетші
тек ұсақ ғимараттарды ғана жеріне жеткізіп аяқтайды, нағыз ұлы
құрылыстар əрқашан тұғырдың тиянақты тасын ұрпаққа қалдырады!
Күллі осы кітап - жобаға, дəлірек айтқанда, тіпті, жобаның нобайы
ғана. О, Уақыт, Медет, Сабыр һəм Алтын теңгеңді аяма!
ХХХІІІ тарау
СПЕКСИНДЕР
Осы арада кит аулағыштардан басқа бірде-бір флотилияда белгілі
емес гарпуншы санатының болуына байланысты кит аулайтын кеме
командирлерінің құрамындағы кейбір өзгешеліктер хақында
айтқанымыз орынды болар.
Гарпуншы əлдеқашаннан кемедегі өте елеулі тұлға болып айалған,
мұны мына бір жайт айғақтайды, бір кездерде, осыдан екі жүз жылдан
астам бұрын байырғы голланд флотында кит аулайтын кеменің билігі
бүгінде капитан деп аталатын бір кісінің қолына түгелдей
шоғырланбай, оның "спексиндер" деп аталатын басқа командирдің
арасында бөлінген. Дəлме-дəл бұл сөз "май кесуші" дегенді білдіреді,
бірақ кейіннен ол "бас гарпуншы" деген мағынаға ие болған. Сол бір
уақыттарда капитанның билігі тек кемені жүргізу жəне ондағы жалпы
басқару мəселелерімен шектелген, ал кит аулау кəсібі жəне бүкіл соған
қатысты жайларға келгенде, онда жоғарғы əмірші спексиндер, бас
гарпуншы болған. Ағылшындардың Гренландия кит аулау
флотилиясында осы көнеде "спекшионир" деген бұрмаланған атаумен
əлі күнге шейін сақталған, тек оның бұрынғы құдіреттілігі аса
аянышты түрде қырқылып - қысқартылған. Енді ол жай ғана аға
гарпуншы; осылайша ол бар болғаны капитанның кіші
бағыныштыларының бірі болып табылады. Бірақ сонда да болса, жүзу
сапарының сəттілігі гарпуншының қызметіне мейлінше тəуелді
болғандықтан, оның үстіне американ кит аулағыштарында гарпуншы тек вельбот үстіндегі басты əрекет иесі емес, сондай-ақ белгілі бір
жағдайларда (кəсіптік аулау аймақтарындағы түнгі кезектер) - кеме
палубасында да командир саналғандықтан, міне, осының бəріне орай
кеменің ұлы саясаттың қағидасы оның кубрикте емес, матростардан
бөлек жеке тұруын əмбе олардан дəрежесі үлкен жан ретінде құрмет
тұтылуын талап етеді; əйткенмен, матростар оған əрдайым тиісті
құрмет көрсетпей, тең ретінде қарайды.
Теңізде командир мен матрос арасындағы негізгі айырмашылық
мынадай: біріншісі -коютта, екіншісі - бакта тұрады. Сондықтан да,
сауда кемесіндегі сияқты, кит аулайтын кемеде де көмекшілер
капитанның қасында жайғасады, ал американ кит аулағыштарының
көпшілігінде гарпуншылар да кеменің құйрық бөлігіне орналасады.
Бұл - олар капитан дастарқанынан ауқаттанады жəне капитан
каютасымен жанама жалғасатын бөлмеде ұйықтайды деген сөз.
Оңтүстіктегі кит аулау араларының ұзақтығы анағұрлым ұзақ,
олардың қияпат қауіптілігі жəне экипаж мүшелері мүдделерінің
ортақтығы, осының бəрі біріншісінен соңғысына дейін белгіленген
жалақыға емес, жалпы қырағылыққа, жауапкершілікпен жанкешті
жұмысқа тəуелді болуына қарамастан, оның бəрі кейде кит аулағышта
шынында да кеме тəртібінің біршама жұмсартылуына əкеп
соғатынына қарамастан, мұндағы жекелеген аса қарапайым
жағдайларда екипаждың ортақ тіршілігі қанша ескілікті болып
көрінгеніне қарамастан, бақтағы қатаң тəртіптер - тым құрыса сырттай
болса да мүлдем сирек босаңсытылады əрі ешқашан, ешбір жағдайда
да өзгертілмейді. Нантакеттік кемеде шкипердің əскери флотта да
көрсете бермейтін айбынды маңғаздықпен шканы да қаздаңдай
басқанын жиі көруге болады, оған жасалатын қошаметке қарап ғана
оның кигені қырқылған дөрекі көк шұға емес, императорлық
салтанатты үлде мен бүлде екен деп қаласың.
Барлық адамдардың ішінде "Пекодтың" жабырқау капитаны ұсақ
менмендікке неғұрлым бейімсізі болса да, ол талап ететін тағзымның
бірден-бір түрі сөзсіз, дереу бағыну болса да, шканцыға қадам баспас
бұрын ол ешқашан ешкімді өз алдында аяқ киімін шешуге мəжбүр
етпесе де; төменде əңгіме болатын оқиғаларға байланысты төтенше
жағдайларға орай ол бағыныштыларына əлде кешірімділікпен, əлде in
terrorem, əлде тағы да сондай бір өзгешс сөздер айтса да - дегенмен,
капитан Ахав та теңіздің негізгі əдет- ғұрыптары мен əдеп талаптарын
жағдайда да елемей қалдырған емес.
Бəлкім, бұдан əрі оның кейде осынау ғұрыптар мен тəртіптерді
құдды бетперде етіп бой тасалағаны, кей реттерде оларды бастапқы
белгіленгенінен басқаша, өзінін жеке мақсаттарына пайдаланғаны
байқалатын болар. Көп жағдайда жасырын қалған оның ақылпарасатындағы сұлтаншылдық бой бермес бетпақ озбырлыққа
айналып, осы əдептен көрініс тапты. Өйткені, бір адамның зиялдық
артықшылығы қаншалықты зор болғанымен, ол қайткенде де
өздерінен-өздері əркез азды-көпті жексұрын да ұсақ болып келетін əр
түрлі сыртқы сүйемелдер мен айла-амалдардың жəрдеміне жүгінбесе,
əлгі артықшылықтан ешқашан басқа адамдар ақиқат, керінеу
үстемдіктің пішінін қабылдамас еді. Империяның Тəңір түсірген шын
өміршілерін дүниялық сайлау науқандарынан алыста ұстап, тобырдың
орташа деңгейінен өзінің сөзсіз артықшылығының арқасында емес,
дұрысында Құдіретті-Қарекетсіз қалаулы құпия шоғырдан өлшеусіз
төмен болғандықтан атағы шыққандарға мұндағы дүниенің бере
алатын барлық мəртебелі сый-құрметтерге бөлейтін де, міне, осы.
Асқынған саяси нанымдармен байланысты болғанда биліктің елеусіз
белгілерінің пəрмен қуаты соншалық, жекелеген патшазада
жағдайларда олар, тіпті, нақұрыстық пен кем ақылға да құдіреттілік
кейіп береді. Николай патшаның басында болған жағдай сияқты,
əлемдік империяның дөңгелек тəжі императордың миын аясына алған
шақта жеке биліктің зор зілмауыры еңсесін басқан байғұс тобыр басын
иеді. Адамның қайтпас қайсарлығын күллі кең құлашты ұлылығымен
қоса суреттейтін драматург-трагик, айтар болсам, өз ісінде аса бағалы
осы кішкентай шараны пайдаланатын болсын.
Бірақ менің капитан Ахавым бұрынғысынша, нантакеттік мəнердегі
түнеріңкі һəм дөрекі қалпында көз алдымда тұр, өзім ана күллі
императорлар мен князьдар жайында сөйлеп кетсем де, бұл арадағы
менің əңгімем бар болғаны бейшара қарт кит аулаушы хақында екенін
жасырмаймын, сондықтан да король шапандары мен сарайлары менің
ақылым жететін іс емес. О, Ахав! Сенің барлық ұлылығың тек сонда аспаннан құлап түскеніңе, тереңнен тартылып алынғаныңда, сөзсіз
ауадан иленіп мүсінделгеніңде!
XXXIV тарау
КАПИТАН КАЮТАСЫНДАҒЫ
ҮСТЕЛ
Тал түс. Аспаз Майтоқаш қақпақтың астынан өзінің бет əлпетінің
бозарған бөлкесін қылтитып, қожасын һəм əміршісін түскі дастарқанға
шақырды, ол болса каютаға шлюпкалардың бірінде отырып ап күннің
тұрған жерін анықтауды жаңа ғана аяқтаған, енді осы бір рəсім үшін
өзінің сүйек аяғының жоғарғы бөлігінде арнайы бөлінген тегіс сопақша
алаңшаны цифрлармен шимайлап, үн-түнсіз ендікті есептеп отыр. Ол
қызметшінің сөзіне титтей де көңіл бөлмейді, сірə, естімеген болар деп
ойлайсың. Алайда, сəлден кейін ол діңгекке жалғанған темір арқаннан
тартыла көтеріліп, соған асылған қалпында денесін палубаға серпіп
тастайды да, біркелкі баяу дауыспен "Түстікке, мистер Старбек" деп
айтып, капитан каютасына кіріп кетеді.
Оның сұлтандық адымдарының соңғы жаңғырығы тыншып,
Старбек, бірінші əмір, капитан үстел басына отырды-ау деп толық
негізбен жорамалдаған кезде, міне, сонда Старбек те харекетсіздіктен
дүр сілкініп, жолшыбай нактоузға маңыздана қарап қойып палубаны
бірнеше рет айналып өтеді, сосын ізетінен де жаңылмай: "Түстікке,
мистер Стабб" - дейді де, каютаға түсіп кетеді. Екінші əмір біршама
уақыт жабдық-жарақтардың қасында аялдайды, содан соң гротабрасты
ақырын жұлқып, осы маңызды құралдың өкінішке қалдырмайтынына
көзін жеткізгесін ол да ежелгі салтқа мойынсұнып: "Түстікке, мистер
Фласк" - деген сөздерді жылдамдата айтып, өз із шарларының
соңдарынан ілесе төмен түседі.
Алайда, енді шканында жападан жалғыз қалған үшінші əмір, сірə,
құдды əлдебір масылдан құтылғандай, үлкен жеңілдік сезінетін болуы
керек; оң мен солға қулана көз қысқан ол кебістерін лақтырып тастап
Ұлы Түріктің тап төбесінен жиған биін тықырсыз жалындатып билей
жөнеледі, содан кейін қолын айрықша ептілікпен сермегенде бөркі
артқы діңгектің ұшар басына тап бір киім ілгіштегідей топ етіп іліне
қалады да, өзі -палубадан көрінбей кеткенге шейін - көңілді
қылжақпен ырбаңдай басып люкке бет түзейді, сөйтіп, күллі шеруді
сазды күймен түйіндеп, осылайша бүкіл салтанаттылықты желге
ұшырады.
Əйткенмен,
төменде,
капитан
каютасының
табалдырығынан аттамас бұрын ол сол аял жасайды, сосын, өзінің бет
əлпетін құдды сиқырланғандай құбылып, сер мінезді, көңілді тəпелтек
Фласк Король Ахавтың көз алдына Бейшара Құл кейпінде келіп
тұрады.
Кеме əдебінің көлгір жасандылығы тудырған неше түрлі
сорақылықтардың қатарында мына бір жағдай көрнекті орын алады,
палубада шиеленіскен сəттерде үлкенге қатысты өзін қажетті
еркіндікпен, һəм өжеттікпен ұстауға қабілетті кейбір кеме
командирлері келесі мезетте капитан каютасына түстікке түскен
кезде оң жағдайдың тоғызында қас қаққанша өзгеріп шыға келіп, енді
үстел төрінде жайғасқан əлгі капитанмен сөйлескенде əлдебір момын,
кейде, тіпті, жарамсақтанған міскін кейіпке кіреді, расында да
таңғаларлық, кей реттерде əншейін күлкі келтіреді. Мінездегі мұндай
құбылу қайдан шыққан? Шешілмес жұмбақ па? Олай деп ойламаймын.
Бабыл патшасы Валтасардың, əсіресе, тəкаппар емес, сыпайы
Валтасардың кейпінде дүниялық ұлылықтың сыбағалы үлесі бар
екендігіне күмəн жоқ. Бірақ та өз дастарқанының басында қонақтармен
бірге бойын нағыз падишалық парасат рухы кернеп отырған мұндай
адам даусыз күш-қуатымен, һəм жеке ықпалының өктемдігімен əрі
күллі құдіретті жағдайымен Валтасардан əлдеқайда асып түседі,
өйткені, адамдардың ішіндегі ең ұлысы - Валтасар емес. Кімде-кім өз
үйінде тым құрыса бір рет қонақасы біресе, сол Цезарь болудың
ғажабын бастан кешкен.
Қауымдағы əміршінің сиқырлы күші осындай, оған қарсы тұруға
дəтің жетпейді. Ал, егер, бəрін былай қойғанда, оған тағы кеме
капитанына заңды түрде берілген жоғарғы билікті қоссақ, онда ой
қорыту жолымен жоғарыда айтылған өзгеше кеме салтының себебін
табу қиын болмайды. Ахав өзінің кит сүйегінен əлеміштей безендіріп
жасалған үстелінің төрінде лағыл-маржан жағалаудағы қаһарлы болса
да, ізеттен жаңылмас күшіктері қаумалаған қалың жалды, қату қабақ
теңіз арыстанына ұқсап, өзінен басқа кісі жоқтай қасқайып отыр. Əркім
дəрежесіне сəйкес сыбағасын күтуде. Ахав өзінің басымдық жағдайына
əсте даңдайсымайтыны көрініп тұрса да, олар Ахавтың алдында құдды
кішкентай балаларша отыр. Шал алдындағы қуырдақты турау үшін
пышақты қолына алғаны сол, үш жұп көз түгелінен бір деммен оған
құмарта қадала қалды. Сірə, осынау сəттің қасиеттілігін, тіпті, ауа райы
сияқты бейтарап тақырыптағы құйттай бөгде сөзбен бұзуға, дүниенің
барлық рақатын уəде етсе де, олардың ешқайсысының батылы бармас
еді. Қайдағы! Ахав арасына бір кесек қуырдақ қыстырылған пышағы
мен шанышқысын көтере бере, сол арқылы Старбекке тəрелкені алға
жылжытуға белгі берді, аға көмекші өзінің сыбағалы етін құдды садақа
алғандай алып, оны сырбаз сыпайылықпен кесіп жатып сəл-пəл селк
ете түсті - құдай сақтасын, пышағымен тəрелкені шықырлатып қойған
жоқ па екен - сөйтіп, онысын дыбыссыз шайнап, жұтқанда да
жалтақтамай тұра алмады. Өйткені, герман императоры империяның
жеті бекзадасымен бірге терең мəнмен түстенетін Франкфурттегі тəж
кигізуге байланысты қонақасылар тəрізді, капитан каютасындағы бұл
түстіктер де салтанатты тамақтану болды жəне жым-жырт айбынды
үнсіздікпен өтті. Ахав дастарқан басында сөйлесуге тыйым салмаған
ғой, тек ол өзі үндемейтін. Еңсе басқан тыныштықты бір сəтке бұзған
трюмдағы егеуқұйрықтардың тықыр-шықыры құтқарғанша Стабб
булыға бастайды. Ал, байғұс тəпелтек Фласк болса, қажытып жіберген
отбасының той-томалақтағы кенже ұлдың, кішкентай жүгірмектің
кейпіне кіреді. Тауықтан оның еншісіне құйтақандай табан міндетті
түрде қалай тисе, сүрдің де бүкіл сүйек-саяғы бұлжымай соның алдына
келеді. Егер Фласк тəрелкесіне ет салып аларлықтай батылданса, ол
өзінің көзінде жоғарғы санаттағы сұмпайы ұрымен пара-пар болар еді.
Егер тым құрыса бір рет тағамға өзі қол созса, ол мына ғаділ ғаламда
ешқашан басын тік көтеріп жүре алмас еді, сөйте тұра, Ахав мұның
ешбіріне тыйым салмаған ғой. Фласк өз бетімен тамақ алса, Ахавтың
мұны, тіпті, байқамауы да əбден ықтималды. Фласк əсіресе сары май
алуға қаймығатын. Əлде ол кісі қожайындары өзінің күн шырайлы
ашық дидарын сары маймен бүлдіргеніне қарсы болады деп ойлай ма
екен; əлде елсіз теңіздердегі ұзақ сапарда май сияқты ерекше бағалы
тағам мұның дəрежесіндегі адамдарға арналмаған деп санады ма екен,
- əйтеуір, қалай болғанда да, ол майдан татып алмады.
Бірақ əуселесі əлі алда. Фласк үстел басына ақырғы отырса да, одан
бірінші болып түрегеледі. Ойлап қараңызшы! Осының өзімен- ақ
Фласктың түстігі уақыт жағынан сұмдық қысылған ғой. Старбек пен
Стабб екеуі де мəреге ылғи одан бұрын шығып, ол тұрып кеткесін
кейін де дастарқанда бөгделу артықшылығын пайдаланатын. Егер,
мысалы, дəрежесі Фласктан небары бір ілгешек қана жоғары Стаббтың
бүгін асқа тəбеті шаппай, ол сондықтан үстел басында бөгелуге пейілді
болмаса, онда Фласктың қарбытыңқырап асауына тура келеді. Əйтсе
де бəрібір бұл күні ол жөнінде тамақтана алмайды, себебі, қастерлі
салт Фласктың палубаға Стаббтан кеш оралуына мұрсат бермейді.
Фласктың бір жолы əңгіме үстінде командир болу құрметіне
жеткеннен бері өзінің үнемі ашқұрсақ жүретінін мойындағаны да, міне,
сондықтан. Өйткені, апыл-құпыл жеп үлгергені оның аштығын баспай,
қайта үнемі аранын аша түсетін. "Менің асқазаным тыныштық пен
қанағаттан мəңгіге айырылды, - деп ойлайды Фласк. - Мен енді
командирмін, бірақ əлі де, матрос кезімде бұрын жасайтынымдай,
кубрикте баяғы тиесілі бір жапырақ сиыр етін іліктіруді соншалық
аңсап тұрамын". Міне, сізге сəтті мансаптың мəуелері мінеки, атақтың
бекерлігі өмірдің ессіз мекерлігі! "Пекодта" үшінші көмекші Фласкқа
тым құрыса бір матрос тісін қайрап жүрсе, онда əлгі матрос түстік
кезінде шканцыға келе қойып, айбатты Ахавтың алдында мылқау
ақымақтың кейпінде Фласк отырған капитан каютасына көз қырын
салса болды, сол сəтінде-ақ ол өзінің кегін еселеп қайтарылды деп
есептейтін болады.
Ахав пен оның үш көмекшісі, егер бұлай айтуға болатын болса,
"Пекодтың" капитан каютасындағы бірінші түстік кезекті
құрайтынды. Бұлардың бəрі кері реттілікпен каютадан кеткеннен
кейін аққұба өңді аспаз үстел үстін жинайды, дəлірек айтқанда, кенеп
дастарқанды жай ғана асығыс түзетеді, енді асқа заңды мұрагерлер
ретінде үш гарпуншы шақырылады. Олар аз уақытта капитанның
айбарлы каютасын əншейін ауыз үйге айналдырып жібереді.
Капитан дастарқанында үстемдік еткен тылсым өктемдік туғызған
адам айтқысыз ширығу-шиеленіс пен мына орта шендегілерді,
гарпуншыларды ерекшелеп тұрған қамсыз еркіндіктің, елірме
дарқандықтың, ақкөңіл дөрекіліктің арасындағы қайшы қарамақарсылық таңғаларлық. Тіпті, өз жақтарының сықырынан да үріккен
өздерінің командирлерінен мүлдем бөлек, гарпуншылардың тамақты
құшырлана шайнағаны сондай, шылпылдатқандары күллі каютаны
бастарына көтереді. О, олар тəңірден бетер тойынады, олар
қарындарын үнді айлағында өз трюмдарын тəттілерге толтырған
кемелер тəрізді қампайтады. Квикег пен Тэштигоның тəбеттерінің
ғаламаттығы сонша, аққұба аспаздың өткен тамақтан бергі пайда
болған олқылықты толтыру үшін үстелге тұздалған сүрді кесеккесегімен, тап бір өгіздің тұтас ұшасынан ойып алынған дерліктей
сом-сом сан еттерін түйдек - түйдегімен əкелуіне тура келетін. Егер
осы кезде ол шапшаңдау басып қимылдамаса, егер "бір аяғы анда, бір
аяғы мұнда" болып жай оғындай зауламаса, Тэштигоның оны өзінше
гарпуны мəнерімен арқасына шанышқы ұшыртып асықтыратын онша
сыпайы емес тəсілі болушы еді. Ал бір жолы қылжақтың қызығына
түскен Дэггу Майтоқаштың ұмытшақтығын қойдыруға жəрдемдесуді
үйғарды - ол оны қолтығына қапсыра қысып алып, басын бос тұрған
нан турағыш тақтайға салды да, Тэштиго, пышағын қолына ұстап
қасында əрлі-берлі жүрген уақытта осылай тапжылтпай ұстады да
тұрды. Əлбетте, бет əлпеті майтоқаштай томпиған аспаз, кедейленген
наубайшы мен аурухана күтушісінің осынау ұрпағы өте сасқалақ һəм су
жүрек адам болатын. Түнерген қаһарлы Ахавты үнемі көруі жəне үш
жабайының оқтын-оқтын құтырынған шабуылдары оның өмірін
жаппай қалшылға айналдырды. Əдетте, гарпуншыларды талап
еткендерінің бəрімен жабдықтап болғасын, ол өзінің кішкентай
қоймасында бой тасалап, ас ішіліп болғанша, есіктегі перде арасынан
үрейлене сығалап тұрады.
Олардың қалай отыратындығына қараудың өзі бір қызық, маржандай тізілген тістері бірінен-бірі өте жарқыраған Квикег пен
Тэштиго қарама-қарсы отырады, олардан қиғашырақ, тұп-тура еденге
Дэггу жайғасады, кез келген отырғыш оның қарала басын каюта
төбесіне тіреп қояр еді, оның алып денесі қозғалған сайын аласа тақтай
қалқалар құдды трюмде əкеле жатқан Африка пілінің адымынан
селкілдегендей селкілдейді. Бірақ осының бəріне қарамастан, зəулім
зəңгі ғажап қанағатшыл, мен, тіпті, талғамшыл дер едім.
Салыстырмалы түрде - осыншалық аз нəрмен өзінің сұлу - сымбатты
еңгезердей денесінде өркен жайған тіршілікті оның қалайша көктетіп
тұрғандығы таңғаларлық. Осынау бекзат жабайы кең танауы арқылы
ішіне жеті қат көктен тіршілік демін тартып, көл-көсір ауадан
тойғанша қоректеніп, масайғанша ішетін болса керек, сірə. Алыптарды
өсіретін ет пен нан ғана емес. Квикегтің жайы бір басқа; ол тамақ жеген
уақытта нағыз пəнидегіше, жабағыларша шылпылдатады - тым
жағымсыз-ақ дыбыс, сондықтан да қалш-қалш еткен Майтоқаш еріксіз:
тіс іздері қалмады ма екен деп өзінің сидиған қолдарына қарайды. Ал,
өзінің сүйектерін мүжуге беруін талап етіп гүжілдеген Тэштигоның
даусы шыққанда, аңқау Майтоқаштың қалшылдауы сонша, қойма
қабырғаларына ілініп қойылған күллі ыдыс атаулы еденге құлай
жаздайды. Жəне де шанышқылары мен басқа қаруларын өткірлеу үшін
гарпуншылар қалталарына салып жүретін, əрі түстік кезінде олар қыр
көрсетіп пышақтарын қайрайтын жануыштар да міне, шақылдаған осы
тас қайрақтардың да байғұс Майтоқашты тыныштандыруға жəрдемі
онша тие қоймайды. Ол, айталық, Квикегтің өз аралында тұрған кезде
қандай да бір жан алғыштық жосықсыз той-томалақтарда обал-кінə
арқалады-ау деген ойынан сірə да арыла алар ма? Қырсыққа шалынған
Майтоқаш қайтсін-ай! Адам жегіштерге қызмет етуге тиісті болған ақ
малайға қиын соқты. Ол сол қарына сулық емес, қалқан ілуі керек.
Соған қарамастан, оның ұлан-асыр қуанышына орай, үш теңіз жаугері
ақыры түрегеліп, кетіп бара жатады, енді оның ырымшыл, кыбыржыбырға дейін сезгіш сақ құлағы аттаған əрбір адым сайын, құдды
қынапта салдырлаған мавритан наркескендерінің зыңылындай,
олардың сүйектерінің өршеленген шаң-шұң дыбыстарын естиді.
Алайда, бұл жабайылардың капитан каютасында түстенгеніне һəм,
тіпті, осында тұрады деп саналатынына қарамастан, дегенмен де,
табиғатынан отырықшы емес олар мұнда тек бірге тамақтанған кезде
ғана жəне ұйықтар алдында, өздерінің басыбайлы жатақтарына каюта
арқылы өтіп бара жатып келетін.
Бүл мəселеде Ахав американдық басқа кит аулаушы капитандар
арасында бөлектеніп дараланған жоқ, дəл солар сияқты, ол да каюта
заңды түрде өзіне тиесілі, ал қалғандары мұнда əрбір ретте тек өз
ілтипатына орай ғана кіргізіледі деген пікірді ұстанды. Сондықтан,
шынына келгенде, "Пекодтағы" көмекшілер мен гарпуншылар
каютада емес, оның сыртында өмір кешті. Мұнда кірген кезде олар
əрбір жолы дереу қайтадан сыртқа кайтып оралу үшін бір сəтке
баспананың ішіне қарай ашылатын жəне, əдетте, ылғи ашық ауада
болатын сыртқы есікке ұқсайтын. Олардың бұдан ұтылатыны да
шамалы еді; каютада томаға-тұйықтық рухы жайлағанды. Ахавқа іс
жайынан басқада беттеуге болмайтынды. Ресми түрде христиан
дүниесіне жатқанымен, Ахав іс жүзінде оған бөтен еді. Миссуридің
адамдар қоныстанған жағалауларындағы ақырғы гризли аюы сияқты,
ол адамдар арасында өмір кешті. Міне, көктем мен жаз өткесін осынау
жабайы орман көсемі Логанның ағаш қуысына кіріп алып, сонда өз
табанын сорып қыстайтыны сияқты, Ахавтың жаны да осылай өз
көрілігінің қатал боранды қысында тəнінің қуысты діңіне тығылып,
сонда жабырқау күйде түнек табанын сорып жатты.
XXXV тарау
МАЧТАДА
Күн райы жаймашуақ болып тұрды: міне, басқа матростармен
белгіленген кезектілік барысында маған мачта тақтасында шолғыншы
болып тұру уақыты келді.
Барлық американ кит аулағыштарында айлақтан шыға салысымен
дерлік мачта тақталарында шолғыншы қойылады, мұнда, тіпті, кей
реттерде кемені аушылық аймақтардан он бес мыңнан астам милі
бөліп тұрғаны да есеп емес. Егер төрт-бес жылдық жүзуден кейін кеме
туған жағалауға жақындап, сонда үстінде тым құрыса бір бос ыдыс
алып келе жатса, ондай жағдайда оның жоғарғы жағындағы
шолғыншылар соңғы минутқа дейін тапжылмайды, сөйтіп, оның
мачталары айлақ крандарының арасында көз жаздырғанға шейін кеме
тағы бір кит ұстаудан үмітін үзбейді.
Құрлықта да, сол сияқты, теңізде де - мачтаның ұшар басындағы
шолғыншы лауазымы өте қызғылықты əрі көне болғандықтан, мен бұл
арада біршама кеңірек көсілгім келеді. Ең алғашқы мачталық
шолғыншылар деп мен ежелгі мысырлықтарды есептеймін, себебі, өз
ізденулерімде олардың ізашарлары деп санайтындай ешкімді
таппадым. Рас, олардың ата-бабалары, Бабыл мұнарасын салушылар,
еш күмəнсіз, өз заманында күллі Азиядағы, сондай-ақ Африкадағы аса
биік мачтаны көкке бойлата тұрғызуға əрекет жасады; осынау зəулім
тас мачта құдайдың қаһарының ашулы дауылы қақыратып (соңғы
кірпіші қаланғанға шейін) жақтау сыртына құлап түскендіктен, біз
бабыл құрылысшыларының басымдығын мойындай алмаймыз.
Мысырлықтарды мачта шолғыншыларының ұлты деп жариялағанда,
мен алғашқы пирамидалардың астрономиялық мақсаттарды көздеп
тұрғызылғандығы жөнінде археологтар арасында кең таралған пікірді
тиянақ етемін: мұндай ілім осы төрт қырлы құрылыстардың өзгеше
сатылы пішінінен де кəміл айғақ табады, бұлардың үстінен ежелгі
астрономдар ғаламат алып адымдармен аяқтарын аспандата көтеріп,
ұшар басына шығып алып, ол жақтан жаңа жұлдыздардың дəл болуын
қатты айқайлап хабарлайтын əдеттері болған, дəл өзі сияқты, қазіргі
кемелерде де шолғыншылар көкжиекте желімнің, жердің немесе
киттің көрінуін айқайға басып сүйіншілейді. Тау басындағы
жалбарынушы əулиенің, елсіз жапанда өзіне биік ас баған орнатып
алып, тамақты жерден арқанмен тартып, қалған (бүкіл ғұмырын соның
үстінде сарп еткен бұрынғы замандардағы атақты христиан
тақуасының бейнесінен біз тұмандар да, аяздар да, жауын-шашын мен
қарлы борандар да ықтырып, жерге түсіре алмаған һəм ақырына дейін
қайыспай шыдап, сөздің тура мағынасында өзінің парызгерлік
орнында жан тапсырған қайтпас қайсар мачта шолғыншысының үздік
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.