Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 28

Total number of words is 4140
Total number of unique words is 2102
31.8 of words are in the 2000 most common words
44.9 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жасаған алғашқы кереметінде-ақ китті мəңгі-бақиға даралап,
шапағатына бөлеген Вишну біздің басшымыз екен. Құдайлардың
құдайы Брама, делінген Шастрда, жоғалып кеткен əлемді қайта
жаратуды ойлаған кезде, ол бүкіл іске басшылық етсін деп Вишнуды
тудырды; бірақ Ведалар, Вишну іске кіріспес бұрын қайткенде де оқып
зерделеуге тиісті жəне, сыңайына қарағанда, ішінде жаңа бастаған
сəулетшіге пайдалы онша-мұнша нақты мағлұматтары бар тылсым
кітаптар, нақ осы Ведалар теңіз түбінде жатқан; сол кезде Вишну китке
айналды да, соның кейпінде ең тұңғиық тереңдерге сүңгіп, ол жерден
қасиетті қалың кітаптарды алып шықты. Ендеше, Вишнуды да "китші"
деп атау əділ болмас па екен? Жылқыға қатысы бар адамның
жылқышы деп аталатыны сияқты.
Сонымен, Персей, Əулие Георгий, Геркулес, Жоһан жəне Вишну мүшелік тізім деп осыны айт! Мұндай есімдерді кит
аулаушылардыкінен басқа қандай клуб мақтан тұта алады?
LXXXIII тарау
ЖОҺАН ТАРИХИ ТҰРҒЫДАН
АЛҒАНДА
Өткен тарауда біз Жоһан мен кит арасында болған тарихи
жағдаятты атап өттік. Айтпақшы, Нантакеттегі жұрт Жоһан мен кит
ұшыраған бұл кепке онша иланбайтынын аңдатқан да жөн шығар.
Алайда, мысалы, міне, кейбір шүбəшіл гректер мен римдіктер болған,
олар өз заманының діндар мəжусилері арасында дараланып, Геркулес
пен кит немесе дельфин мен Арион туралы хикаялардың екеуіне
бірдей күмəн келтірген; дегенмен, қалай болғанда да, олардың аталған
аңыздардың анықтығы орайындағы күмəні нақ осы анықтықты бір
мысқал да кемітпейді.
Сэг-Харборлық бір қарт кит аулаушы бұл көне иаһудилік аңызға
қарсы мынадай пайымды алға тартты: оның үйінде Тəураттың
ғажайып əрі ғылымилықтан тым аулақ суреттермен безендірілген
ескілікті сирек басылымы болыпты, сол суреттердің бірінде
Жоһанның киті үстінде шапшыған қос ағынды бұрқақпен бейнеленген
— ал бұл ерекшелік - жұтқыншағы сондай жіңішке болғандықтан —
балықшылар "Мұндай бір тиындық бөлкеге де қақалып қалады" деген
мақал шығарған Левиафан түрлеріне ғана (нағыз китке жəне соған
ұқсайтындарға) тəн. Рас, пірəдар Джеббтің бұған жауабы дайын.
Пірəдардың айтуынша, киттің қарнын Жоһаннын зынданы деп есептеу
мүлдем де міндетті емес, ол оның аузының бір түкпірінен өзіне
уақытша баспана таба тұруы əбден мүмкін. Құрметті пірəдардың
пайымы тіпті жөн-ау. Шынында да, нағыз киттің ауызында
ойыншыларымен қоса карта ойнайтын екі үстелді оп-оңай
орналастыруға болар еді. Немесе Жоһан шіріген тістің қуысында
жайғасар еді; əйткенмен, екінші жағынан алғанда, нағыз китте тіс те
жоқ қой.
Сэг-Харбордың (оған осы лақап ат ақыры жамалып қалды) өз
шүбəсін негіздеген екінші пайымы біртүрлі бұлдыр түрде
пайғамбардың қамақтағы денесі мен киттің асқазан сөліне қатысты
айтылған. Бірақ бұл қарсылық та тойтарылды деуге болады, өйткені,
бір неміс экзегетигінің пікірі бойынша, француз солдаттарының орыс
жорығы кезінде өлген аттардың қарындарына кіріп, оларды шатырға
айналдырғаны сияқты, Жоһан өлі киттің денесінен пана тапқан. Ал
енді баз бір еуропалық түсіндірмешілердің анықтаған жайы тіпті
керемет: яффиялық кеменің сыртына лақтырылған Жоһанды бірден
тұмсығына оймалы кит мүсіні орнатылған басқа кеме қағып алады
жəне өз атымнан қосарым, сірə, қазіргі уақытта кейбір кемелердің
"Акула", "Шағала" немесе "Бүркіт" деп аталатынындай, ол да тап солай
"Кит" деп аталған шығар. Сондай-ақ, Жоһан Кітабында аталатын китті
бар болғаны суға батырмайтын мес сауыт, ауа үрленіп қампиған қап
деп ұйғарған экзегетик ғалымдар да жетіп артылды, пайғамбар өлім
қаупі төнгенде соған жүзіп келіп, солайша теңіз жылымында харап
болудан аман қалған. Өстіп байғұс Сэг-Харбор бар тарапта оңбай таяқ
жеген тəрізді еді. Алайда, оның шүбəсінің тағы бір дəлелдемесі
табылды. Ұмытпасам, ол мынаған саяды: кит Жоһанды Жерорта
теңізінде жұтып қойды, ал үш күн өткенде оны Тигр жағалауындағы
шаһар - Ниневиядан шамамен үш күндік жерде құсып тастады, тегінде,
бұл шаһар Жерорта теңізі жағалауының кез келген нүктесінен төтелей
тартқанда үш күндік жерден анағұрлым алысырақ жатыр. Сонда бұл
қалай? Киттің пайғамбарды Ниневия төңірегіне əлдебір басқа жолмен
жеткізуі мүмкін бе? Мүмкін. Ол оны Ізгі Үміт мүйісінің қасындағы
айналма жолмен алып өте алар еді. Бірақ бүкіл Жерорта теңізін бойлап
жүзу жəне Парсы шығанағы мен Қызыл теңізді өрлей көктеп өту
жайын айтпағанның өзінде, сондай-ақ, киттің өтуіне тым тайыз Тигрді
өрлеп Ниневияға дейін жүзу туралы да айтпағанда, бұл жағдайда үш
күн ішінде күллі Африканы айналып жүзу көзделеді емес пе. Сонымен
катар, Жоһанның сол баяғы заманның өзінде-ақ Ізгі Үміт мүйісін
айналып өтуі мүмкін деп ұйғарып, біз бұл атақты жерді ашу құрметін
оның даңқты ізашарынан, Бартоломео Диастан тартып аламыз да,
сөйтіп, бүкіл жаңа тарихты жалған деп жариялаймыз.
Бірақ кəрі Сэг-Харбордың бүкіл осы топырыш пайымдары тек оның
ақыл-ойының топас менмендігін дəлелдей түскен еді, барша
білімдарлығының өзі күн мен теңізден жиған-тергендерімен
шектелетіндіктен, бұл қасиеті де жетісіп тұрған жоқ-тын. Қайталап
айтамын, мұның бəрі тек оның құдайдан безген топас менмендігі мен
шіркеудің қасиет тұтқандарына қарсы сайтан түрткен жексұрын
бүлігін ғана паш етеді. Себебі, бір португалдық католик пірəдары
айтқанындай, Жоһанның Ниневияға Ізгі Үміт мүйісін айналып шеккен
осы сапар мұратының өзі де тек Құдайдың кереметін ұлықтауға
қызмет етеді. Əлбетте, бұл тап солай. Білім өрелері жоғары түріктер
əлі күнге шейін Жоһан бастан кешкен оқиғаның тарихи ақиқаттығына
кəміл сенеді. Үш ғасыр бұрын бір ағылшын саяхатшысы Жоһанның
құрметіне салынған, ішінде ешқандай майсыз, күндіз-түні керемет
шам жанып тұрған түрік мешітін сипаттап жазған болатын (Гарристің
"Саяхаттарын" қараңыз).
LXXXIV тарау
ЖІБЕРУ
Күйменің тезірек əрі жеңіл зымырауы үшін, əдетте, оның біліктерін
майлайды; шамамен нақ осындай мақсатта кейбір кит аулаушылар өз
вельботтарын ұқсас кепке душар етеді: олар оның астын маймен
сылайды. Əрі, кез келген жағдайда залал келтірмейтін мұндай рəсім,
еш күмəнсіз, аса бағалы жəрдемін тигізе алады; май мен су бір-біріне
жау құбылыстар екенін еске түсірейік; май сырғанауға ықпал жасайды,
ал тап қазіргі міндет вельботты толқындардың үстімен шапшаң
жүйткуге мəжбүр ету болатын.
Квикег өз вельботын сылап майлауға ынта-ықыласымен құлай
беріліп, неміс кемесі "Юнгфрау" көзден таса болған соң көп ұзамай, бір
күні таңертең бұл іске əдеттегіден де асқан қызумен кірісті; ол жақтау
сыртында ілулі тұрған қайықтың астына еңбектеп барып, құдды
қайықтың жалтыраған бүйірлерінен қылшықтың мол өнімін алғысы
келгендей, майды аса мұқияттап, ысқылай жақты. Ол бір ерекше
сезімнің ырқына бағынғандай көрінді. Көп кешікпей-ақ мұнысы ақиқат
жағдайлармен ақталып та шықты.
Түске қарай киттер байқалды, бірақ кеме өздеріне жақынырақ
келісімен-ақ, олар кері бұрылды да, жүйткіген шапшаң асығыстықпен,
Акциумнан қашқан Клеопатра басқаларындай, апыр-топыр қаша
жөнелді.
Əйткенмен, вельботтар қуалауды тоқтатпады, алда Стабб келе
жатты. Ақыры Тэштиго үлкен қиыншылықпен бір гарпунды қададыау; бірақ жараланған кит сүңгуді ойына да алмастан, бұрынғысынан да
жылдам жүйткіп, теңіз бетінде дүркіреп қаша берді. Мұндай үздіксіз
тарту кезінде киттің денесіне сұғылған гарпун ерте ме, кеш пе, əйтеуір
бір суырылып алынады. Сондықтан да китті не шанышқымен
сойғылап, немесе, одан біржола айырылуға мойынсұнып көну керек
болды. Тек вельботты китке жақындату мүмкін емес еді, ол
толқындардың үстінде бейне құйындай заулады. Енді қайтпек керек?
Ардагер кит аулаушы жүгінетін барлық өнертабыстар мен
жетістіктердің ішінде, қолдың ептілігі мен неше түрлі айлаамалдардың ішінде шанышқының "жіберу" деп аталатын нəзік
тəсілімен еш нəрсе теңдесе алмайды. Ұмтыла сілтеген семсер де, сайыс
қылыш та мұндай ғажапты білмейді. Бұл тəсіл киттің барлық
амалдарға бой берместен, ерегісе өршіп қашқан жағдайларында ғана
қолданылады; мұндағы негізгісі һəм ең ғажабы -арақашықтықтың аса
алыстығы; соған жан ұшыра шайқалақтаған, əрі барынша құйғытып
келе жатқан вельботтан ұзын шанышқы таңғаларлық мергендікпен
лақтырылады. Болат ұшынан ағаш саптың басына дейін күллі
шанышқының ұзындығы он-он екі фут шамасында, сабы гарпундыкіне
қарағанда анағұрлым жіңішке жəне ол неғұрлым жеңіл заттан қарағайдан жасалады. Оған жіңішке, бірақ аса ұзын жіп - перлинь
бекітіледі, лақтырылған шанышқы соның көмегімен қайыққа қайтадан
тартылып алынады.
Ары қарай ілгерілемей тұрып, осы арада бір жайдың басын ашып
алсақ, гарпунды дəл шанышқы сияқты атуға бола тұра, мұны тым
сирек қолданады, ал қолдана қалса, көбіне-көп сəтсіздікке ұшырайды себебі, гарпунның ауыр салмағы мен қысқалығы лақтырған кезде
елеулі кедергі болады. Сондықтан, əдетте, əуелі китті гарпун
арқанымен іліктіріп алып, тек содан соң ғана "жіберуді" бастаған лəзім.
Ал енді Стаббқа көз қиығын салыңыздар; қандай қауіп төнсе де
біркелкі, шат-шадыман салқынқандылығын сақтай отырып, құдды
"жіберуде" көзге түсу үшін əдейі жаратылғандай осы адамға көз
қиығын салыңыздаршы. Қараңыздаршы оған: міне, ол қырық футтай
алдағы көбік жалында жүйткіген кит соңынан арқан ұшында бар
пəрменімен заулап ұшқан қайықтың су сүзгілеген тұмсығында бар
бойымен түрегеліп тұр. Түзулігін тексеру үшін ұзын шанышқыны көз
деңгейіне жеңіл көтерген Стабб ысқырып қойып, перлиннің соңғы
шумағын іліп алып, бос ұшын жұдырығына қыса түседі. Содан соң,
шанышқыны өзінің белдік айылбасымен бірдейлеп ұстап, ол китті
көздей бастайды, нысананы дəлдеп болған соң саптың басын
ақырындап төмен түсіріп, осылайша ұшын жоғары көтереді,
сондықтан, бұл қатерлі қару енді ұстарасын он бес футтық биікте
жалт-жұлт еткізіп, оның алақанында тікесінен қақиып тұр. Ол өзінің
иегіндегі ұзын сырықпен тепе-теңдік сақтаған жөндерді еске салады.
Тағы бір қас-қағым сəт - сөйтіп, жай оғындай соққан көзге шалынбас
дүмпуден жалтылдаған болат биікке самғап, көбік шалқарының
үстінен əсем доғадай қиялай иіліп келіп, тірі кит етіне солқылдай
қадалып, діріл қағады. Енді кит шымырлаған судың орнына ауаға
қызыл қан шапшытады.
- Aha! Тығыны атып кетті! — деп айқайлап жіберді Стабб. - Бізде
бүгін шапағатты Төртінші шілде мерекесі; барлық бұрқақтар шарап
болып атқыласын! Егер одан ескі орлеан вискиі, немесе байырғы
огайо, немесе біздің баға жеткісіз, көне көз мононга-хеліміз сарқырап
ақса, жаман болмас еді-ау! Сонда бар ғой, достым Тэштиго, мен саған
саптыаяқты сарқырап акқан шараптың астына қоюға əмір етігі, оны
алқа-қотан айналдырып жіберер едік! Құдай-ақы, інішектерім, біз
сендермен оның тыныс тесігінде тамаша пунш қайнатып, осы зəмзəм
сусынды тірі тостағаннан ұрттап ішер едік-ау!
Осындай көңілді əзіл-қалжыңмен қайта-қайта көнігі "жіберу"
жасалады, əрбір жолы, құдды қарғыбаулы тазы иттей, шанышқы
тілалғыш момындықпен иесіне қайтып оралады. Киттің аласұрған
жанталасы басталады, гарпун арқаны салбырап қалады, ал шанышқы
лақтырушы қолдарын айқастырып, тұмсықтағы тұғыршаға жайғасып
отырады да, киттің жан тəсілім етуін үнсіз бағады.
LXXXV тарay
БҰРҚАҚ
Міне, алты мың жылдан бері - бұған дейін қанша миллион ғасырлар
бойы екенін бір құдай білсін - өздері құдды кит емес, бақтардың су
бүріккіштеріндей-ақ, алпауыт киттер су асты бақтарын суғарып,
барлық теңіздерде бұрқақ атқылайтын жағдай; соңғы нешеме
жүздеген жылдарда мыңдаған аңшылар бұл бұрқақтарға тым жақын
тақап келіп, шымырлай шапшыған ағындарды өз көздерімен анықтап
көрген жағдай; əлбетте, мұның бəрі солай, əйтсе де, соған қарамастан,
тап қазіргі қайырлы сəтке шейін (Мəсіх туғаннан бері санағанда 1851
жылғы желтоқсан айының он алтыншы жұлдызындағы күннің екінші
жарымында сағат он бестен жиырма бес минут өткенде)
бұрынғысынша, бұл бұрқақтардың, сайып келгенде, əлде, ағын су, əлде,
тек бу екені анықталған жоқ, міне, бұл жағдай, сөзсіз, ерекше ілтипатқа
лайықты-ақ.
Бұл мəселені осыған катысты кейбір қызықты егжей-тегжейімен
қоса қарастырайық. Желбезектің ерекше бітімі арқасында бүкіл балық
атаулы өзі жүзетін дүлей құбылыстың ішінде еріген ауамен
тыныстайтыны əркімге белгілі жай; сондықтан, қандай да бір
майшабақ пен треска судан басын бір рет те шығармай, дүниеде жүз
жыл өмір кеше алады. Бірақ өзінің ішкі құрылысының өзгешелігіне
орай, адамдыкі тəрізді, нағыз өкпемен жабдықталған кит тек əуедегі
азат-жойқын ауаны жұтып қана тіршілік етеді. Оның жоғарғы əлемге
жиі сапарлау қажеттігі де осыдан туындайды. Əйткенмен, оның ауаны
ауызбен жұтуға титтей де мүмкіндігі жоқ, себебі, əдепкі қалыпта
кашалоттың аузы суға кем дегенде сегіз фут батып тұрады, бұған қоса
тыныстағыш тесігі өңешпен мүлдем жалғаспайды, онысы оның
төбесінде орналасқан.
Əрбір жан иесі үшін тыныстау аса қажетті өмірлік қызмет болып
табылады, өйткені, осының барысында ауадан əлдебір зат бөлініп
алынып, ол қанмен араласқан кезде оған ағындылық қасиет береді деп
айтсам, бəлкім, оқымысты сөздерді артығырақ пайдаланып жіберсем
де, əсте қателесе қоймаспын деп ойлаймын. Осыны қабыл алайық;
бірақ бұдан шығатын қорытынды - адамның бүкіл қайын бір дем
алғанда желдетіп үлгеріп, содан кейін танауыңды тарс бітеп, келесі
тынысты ұзақ уақытқа кейінге қалдыра тұруға болар еді. Басқаша
айтқанда, бұдан соң адам тыныстамай-ақ өмір сүре алар еді.
Жаратылыс табиғатына қанша қайшы боп көрінгенімен, киттің
басындағы жағдай тап осылай болады, ол əдетте, лақтырған кезде
елеулі кедергі болады. Сондықтан, əдетте, əуелі китті гарпун
арқанымен іліктіріп алып, тек содан соң ғана "жіберуді" бастаған лəзім.
Ал енді Стаббқа көз қиығын салыңыздар; қандай қауіп төнсе де
біркелкі, шат-шадыман салқынқандылығын сақтай отырып, құдды
"жіберуде" көзге түсу үшін əдейі жаратылғандай осы адамға көз
қиығын салыңыздаршы. Қараңыздаршы оған: міне, ол қырық футтай
алдағы көбік жалында жүйткіген кит соңынан арқан ұшында бар
пəрменімен заулап ұшқан қайықтың су сүзгілеген тұмсығында бар
бойымен түрегеліп тұр. Түзулігін тексеру үшін ұзын шанышқыны көз
деңгейіне жеңіл көтерген Стабб ысқырып қойып, перлиннің соңғы
шумағын іліп алып, бос ұшын жұдырығына қыса түседі. Содан соң,
шанышқыны өзінің белдік айылбасымен бірдейлеп ұстап, ол китті
көздей бастайды, нысананы дəлдеп болған соң саптың басын
ақырындап төмен түсіріп, осылайша ұшын жоғары көтереді,
сондықтан, бұл қатерлі қару енді ұстарасын он бес футтық биікте
жалт-жұлт еткізіп, оның алақанында тікесінен қақиып тұр. Ол өзінің
иегіндегі ұзын сырықпен тепе-теңдік сақтаған жонглерді еске салады.
Тағы бір қас-қағым сəт - сөйтіп, жай оғындай соққан көзге шалынбас
дүмпуден жалтылдаған болат биікке самғап, көбік шалқарының
үстінен əсем доғадай қиялай иіліп келіп, тірі кит етіне солқылдай
қадалып, діріл қағады. Енді кит шымырлаған судың орнына ауаға
қызыл қан шапшытады.
- Aha! Тығыны атып кетті! - деп айқайлап жіберді Стабб. - Бізде бүгін
шапағатты Төртінші шілде мерекесі; барлық бұрқақтар шарап болып
атқыласын! Егер одан ескі орлеан вискиі, немесе байырғы огайо,
немесе біздің баға жеткісіз, көне көз мононгахеліміз сарқырап ақса,
жаман болмас еді-ау! Сонда бар ғой, достым Тэштиго, мен саған
саптыаяқты сарқырап аққан шараптың астына қоюға əмір етіп, оны
алқа-қотан айналдырып жіберер едік! Құдай-ақы, інішектерім, біз
сендермен оның тыныс тесігінде тамаша пунш қайнатып, осы зəмзəм
сусынды тірі тостағаннан ұрттап ішер едік-ау!
Осындай көңілді əзіл-қалжыңмен қайта-қайта кəнігі "жіберу"
жасалады, əрбір жолы, құдды қарғыбаулы тазы иттей, шанышқы
тілалғыш момындықпен иесіне қайтып оралады. Киттің аласұрған
жанталасы басталады, гарпун арқаны салбырап қалады, ал шанышқы
лақтырушы қолдарын айқастырып, тұмсықтағы тұғыршаға жайғасып
отырады да, киттің жан тəсілім етуін үнсіз бағады.
LXXXV тарау
БҰРҚАҚ
Міне, алты мың жылдан бері - бұған дейін қанша миллион ғасырлар
бойы екенін бір құдай білсін - өздері құдды кит емес, бақтардың су
бүріккіштеріндей-ақ, алпауыт киттер су асты бақтарын суғарып,
барлық теңіздерде бұрқақ атқылайтын жағдай; соңғы нешеме
жүздеген жылдарда мыңдаған аңшылар бұл бұрқақтарға тым жақын
тақап келіп, шымырлай шапшыған ағындарды өз көздерімен анықтап
көрген жағдай; əлбетте, мұның бəрі солай, əйтсе де, соған қарамастан,
тап қазіргі қайырлы сəтке шейін (Мəсіх туғаннан бері санағанда 1851
жылғы желтоқсан айының он алтыншы жұлдызындағы күннің екінші
жарымында сағат он бестен жиырма бес минут өткенде)
бұрынғысынша, бұл бұрқақтардың, сайып келгенде, əлде, ағын су, əлде,
тек бу екені анықталған жоқ, міне, бұл жағдай, сөзсіз, ерекше ілтипатқа
лайықты-ақ.
Бұл мəселені осыған қатысты кейбір қызықты егжей-тегжейімен
қоса қарастырайық. Желбезектің ерекше бітімі арқасында бүкіл балық
атаулы өзі жүзетін дүлей құбылыстың ішінде еріген ауамен
тыныстайтыны əркімге белгілі жай; сондықтан, қандай да бір
майшабақ пен треска судан басын бір рет те шығармай, дүниеде жүз
жыл өмір кеше алады. Бірақ өзінің ішкі құрылысының өзгешелігіне
орай, адамдыкі тəрізді, нағыз өкпемен жабдықталған кит тек əуедегі
азат-жойқын ауаны жұтып қана тіршілік етеді. Оның жоғарғы əлемге
жиі сапарлау қажеттігі де осыдан туындайды. Əйткенмен, оның ауаны
ауызбен жұтуға титтей де мүмкіндігі жоқ, себебі, əдепкі қалыпта
кашалоттың аузы суға кем дегенде сегіз фут батып тұрады, бұған қоса
тыныстағыш тесігі өңешпен мүлдем жалғаспайды, онысы оның
төбесінде орналасқан.
Əрбір жан иесі үшін тыныстау аса қажетті өмірлік қызмет болып
табылады, өйткені, осының барысында ауадан əлдебір зат бөлініп
алынып, ол қанмен араласқан кезде оған ағындылық қасиет береді деп
айтсам, бəлкім, оқымысты сөздерді артығырақ пайдаланып жіберсем
де, əсте қателесе қоймаспын деп ойлаймын. Осыны қабыл алайық;
бірақ бұдан шығатын қорытынды - адамның бүкіл қанын бір дем
алғанда желдетіп үлгеріп, содан кейін танауыңды тарс бітеп, келесі
тынысты ұзақ уақытқа кейінге қалдыра тұруға болар еді. Басқаша
айтқанда, бұдан соң адам тыныстамай-ақ өмір сүре алар еді.
Жаратылыс табиғатына қанша қайшы боп көрінгенімен, киттің
басындағы жағдай тап осылай болады, ол əдетте, өзіміз білетіндей, кит
атаулыда желбезек болмайтындықтан, бір мəрте де тыныстамай һəм
басқа ешбір жолмен құйттай да ауа жұтпастан, сағаттап, əйтпесе одан
да көп уақытын терең су астында өткізеді. Бұған қайтіп шамасы
жетеді? Оның қабырғаларының арасындағы арқа жотасының қос
қапталында тарам-тарам тамырларға ұқсас, жұмбақтай шырматылған
бүтін бір Крит шытырманы бар, кит су бетінен кеткеннен кейін солар
тотыққаннан тырсылдай ісініп-кебінеді. Сондықтан, жалпақтан жалпақ
жапан шөлдерден өткенде өзінің қосымша төрт асқазанында ішетін
əжептəуір су қорын алып жүретін түйе сияқты, ол түпсіз тұңғиықтарда
өз бойында бір сағатқа немесе, одан да көпке еркін жетерлік
тіршіліктің қуат қорын алып жүреді. Анатомиялық тұрғыдан алғанда,
бұл шытырманның бар екендігі - бұлтартпас шындық, ал соған
негізделген ілімнің əбден қисындылығы мен дұрыстығына, кит
аулаушылар айтатындай, киттердің қайткенде де өздерінің барлық
бұрқақтарын атқыламай қоймайтын мүлдем түсіндіріп болмас
дағдысы менің көзімді басқадай жеткізе түседі. Менің айтпағым мынау.
Су бетіне көтерілген соң алаңсыз кашалот сонда əрдайым бұлжымас,
бірдей уақыт шегінде ғана қалады. Айталық, ол, мысалы, су бетінде он
бір минут болып, осы мерзімде жетпіс бұрқақ атқылайды, яғни жетпіс
мəрте ішіне дем тартып, дем шығарады; демек, айдынға қайтадан
қашан көтерілсе де, ол тағы да міндетті түрде жетпіс рет демді ішке
тартып, су бетінде минутына шейін дəл сонша уақыт болады. Егер
үркітіп жіберіп, əлі де бірді-екілі дем тартып үлгермей, тұңғиыққа
асығыс кетіп қалса, ол жаңағы ауа олқылығын толтыру үшін су бетіне
міндетті түрде қайтадан қалқып шығады. Сөйтіп, ол ішке жетпіс рет
дем тартып, дем шығаруын түгелдемейінше, су астына толық мерзімге
кетпейді. Алайда, əрбөлек жеке кит үшін бұл сандар əр түрлі боп
келетінін ескерте кетейік; бірақ кез келген бір кит үшін олар бірдей əрі
бұлжымайды. Ендеше, егер суға түпкілікті батуынан бұрын ауа
қоржынын қайтадан толтыру керек болмаса, кит неге қайткенде де
өзінің барлық бұрқақтарын түгел атқылауға ұмтылады? Осы арада
айдан анық бір нəрсе, нақ осы су бетінде үнемі көрініп тұру қажеттілігі
китке аңшылықтың ажалды қаупін төндіреді. Өйткені, күннің
себездеген жарығынан мың құлаш қиырда жүзіп жүргенінде
левиафанды ілмек те, ау да ұстап ала алмайды. Сондықтан, уа, кит
аулаушы, сен жеңіске өнеріңмен жетіп жүрген жоқсың, сені жеңіске
жеткізіп жүрген қатал қажеттілік.
Адам үздіксіз тыныстайды - ішке бір дем тарту жүректің екі- үш рет
соғуын ғана қамтиды; сондықтан, қандай шаруа мен қам - қарекет
үйіріліп тұрса да, ұйықтап жата ма, əлде, ояу бола ма, бəрібір оның
тыныстауына тура келеді, əйтпесе аяғы көктен келіп өліп-ақ қалар еді.
Ал кашалот тек өз өмірінің жетіден бір мерзімінде - өзінің ғұмырлық
аптасының жексенбісінде ғана тыныстайды.
Жоғарыда киттің тек тыныстау тесігі арқылы ғана дем алатыны
айтылды; егер қазір шындыққа толық сəйкестікпен оның сыртқа
шығаратын ауасы сумен араласқанын қосар болсақ, онда, менің
ойымша, біз киттің иіс сезуі жоқтығына қанағаттанарлық түсінік
аламыз; өйткені, киттің бойында мұрынды тұспалдап болса да еске
түсіретін нақ тыныстау тесігі ғой; ал оның бұл тесігінің ауа һəм сумен
бітеліп қалғандығы сондай, одан иісшілдікті күтіп те керек емес. Бірақ
кит бұрқағы судан, əлде, будан тұра ма деген жұмбақтың өзіне келетін
болсақ, бұл мəселенің əлі басы ашылыңқырамай тұр. Тек кашалотта иіс
сезу мүшелерінің жоқ екенін ғана бұлтартпай айтуға болады.
Солардың оған қажеті де қанша? Теңізде бəрібір раушан да, қоғажай да,
иіссу да жоқ қой.
Ары қарай. Оның тыныс кеңірдегі тыныстау тесігінің өңешімен
жалғасып жатқандықтан əрі - ұлы Эри каналы тəрізді - төменнен
келетін ауаны бөгеу үшін немесе, жоғарыдан бастырмалаған суды
тоқтату үшін бұл ұзын өңештің (ашылатын һəм жабылатын) қаншама
қақпағы бар болғандықтан, - міне, бүкіл осы себептерге байланысты
киттің даусы жоқ; əрине, егер оны жəбірлейтін болжамнан бой тартсақ,
бейне тосын шуылын сыртқа шығарғандай болып, ол əншейін
мұрнынан сөйлейді. Əйткенмен де кит не жайында сөйлеуі керек? Бір
үзім нан табу үшін түсініксіз бірдеңені мыңғырлап міңгірлегені
болмаса, дүниеге бір айтары бар тұңғиық мекендеушісін мен сирек
ұшыраттым. Əйтеуір, құдайға шүкір, қайта бұл дүниеңіз əлі де
соншалық сабырмен тыңдауға бейіл!
Кашалоттың негізінен, ауа өткізуге арналған тыныстау өңеші
көлденеңінен орналасқан, ол бастың дəл үстінде, бірақ ортасында емес,
сəл-пəл бір қапталға қарай, бірнеше футқа бойлай созылып жатыр; бұл
ғажайып өңеш қала көшесінің бір жағына төселген газ құбырын қатты
еске түсіреді. Бірақ осы арада тағы бір сұрақ туындайды: бұл газ
құбыры сонымен бірге əрі су құбыры да болып табыла ма; басқаша
айтқанда, кашалот бұрқағы əншейін оның демінің буы ма, əлде, оның
сыртқа шығаратын ауасы ол аузы арқылы жұтып, тыныстау тесігінен
лақылдатып төгетін сумен араласа ма? Кит аузы жанама түрде
тыныстау тесігімен жалғасатындығы анықталған, бірақ бұл
байланыстың су атқылауға қызмет ететінін дəлелдеу мүмкін емес.
Китке, бəрінен де бұрын, тамақпен бірге жұтқан суын сыртқа шығару
нақ осы азықтанған кезінде керек сияқты көрінетін. Бірақ кашалоттың
азығы теңіздің тұңғиық түбінде, о жақтан ол мың жерден бейілді болса
да, бұрқақ атқылай алмас еді. Оның үстіне, егер оған мұқият зер салып,
қолыңыздағы сағатпен мінез-құлқын бақсаңыз, сіз тынышы кетпеген
кашалотта бұрқақ атудың жиілігі мен тыныстаудың қалыпты жиілігі
арасында қатаң сəйкестік бар екендігін көрер едіңіз.
Бірақ барлық осы ақылдылық пен ділмəрсудің қажеті қанша?
Турасын айт! Сен кит бұрқақтарын көрдің екен, міне, бізге соның неден
тұратынын айт; немене, суды ауадан айыра алмайсың ба? Менің
қымбатты сэрім, бұл дүниеде, тіпті, ең қарапайым түйткілдердің өзі
оңайлықпен шешіле қоймайды. Мен əрқашан ең қиыны да сол
қарапайым түйткілдер деп есептейтінмін. Кит бұрқағына келетін
болсақ, сіз оның астында, себезгі астындағыдай, шомылып алуыңыз да
бек мүмкін, сөйте тұра оның не ғаламат екенін түсінбеуіңіз де кəміл.
Кит бұрқағының дəл ортасында шапшыған ағыс шашыраған
тамшылардың жалт-жұлт еткен, аппақ қардай бүркенішіне оранған;
міне, енді, бұрқағын жақыннан дұрыстап көру үшін сен китке
жақындаған əрбір жолы жануар сұмдық мазасызданып, аласұрып,
сарқырай күрілдеген жал-жал су тасқыны көкке шапшып, оның
айналасында құлап жатса, оның ар жағынан құйылған су ма, басқа ма
екенін айырып көр Егер осындай сəттерде өзіңіз шын мəнінде де ақ
ағындағы жекелеген су тамшыларын айырғандай боп көрінсеңіз,
мұның жануар демінің суға айналған буы емес екенін қайдан білдіңіз?
Əлде, бұл айдын бетінен киттің қақ төбесінде орналасқан тыныстағыш
тесікке тамып кеткен су тамшылары ма екен? Тіпті, аптап ыстықта да
кейде қия жартастардан ернеуіне шейін жаңбыр суына шүпілдеп
толған шұңқырларды табуға болатынындай, желсіз тымықтың өзінде
де талтүстегі теңізде алаңсыз жүзіп, құдды құм басқан шөлдегі
аруананың өркеші сияқты, өзінің күн қақтаған өркешін жоғарыға
көтере түскен кашалот өз басындағы тыныстағыш тесігінде азғантай
ғана шалшық суды ұдайы алып жүреді.
Əрі, кит бұрқағының табиғатына орай шамадан тыс əуесқойлық
таныту - бұл дегеніңіз аңшылар тарапынан аңғырттық болар еді.
Олардың оған тым жақын үйірсектеп, танаулай берулері бекершілік.
Бұл бұрқаққа, ернеуіне дейін толтырып ала кету үшін, құмыраңмен
тақап бара алмайсың. Аңшылық кезінде жиі ұшырасып қалатынындай,
бұрқақтың сыртқы тұманды шымылдығына етіңіз азырақ тиіп кетсе
болды, əлгі зəһəрлі зат теріңізді бірден күйдіріп түсіреді. Əлде ғылыми,
əлде басқа мақсатпен бе, анық айта алмаймын, əйтеуір бұрқақтың
шапшыған ағысына тым жақын тақап барған бір кісіні білемін, тек
соның бет-аузы мен иығынан бастап бүкіл қолының терісі сыдырылып
түсіп қалды. Осыған байланысты кит аулаушылар кит бұрқағын улы
деп есептейді; олар оны айналып өткенді артық көреді. Бұл аз болса,
адамның көзіне тиген бұрқақ ағысы соқыр қылып тастайды деп те
естігем, бұған да күмəнданатын себебім жоқ. Міне, сондықтан да, деп
ойлаймын мен, аман-сауында ана аты аталған бəлекет ағыстан қашып
құтылса, зерттеуші үшін ең тамашасы сол болар еді.
Алайда, дəлелдер мен айғақтарға əміріміз жүрмеген күннің өзінде,
біз сонда да болса, əлі болжамдарға сүйене аламыз. Ендеше, менің
болжамым мынадай: кит бұрқағы дегеніміз -бір ғана бу. Мені мұндай
тұжырымға, басқасын былай қойғанда, кашалотқа тон айбын мен
асқақтық туралы ой алып келді; мен оны қайранның қайдағы бір
қатардағы мақұлығы ретінде қарастырмаймын, басқа киттерден
өзгешелігі де сол, оның таяз сулар мен жағалауларда ешқашан
кездеспейтіні бұлтартпай анықталған. Ол бір мезгілде əрі асқақ, əрі
терең. Менің көзім жеткен бір нəрсе, мейлі ол Платон, Пиррон, Сайтан,
Юпитер, Данте немесе осы тектес тағы біреу болсын, əйтеуір кім асқақ
əрі терең болса, соның басынан үнемі əлдебір бұлдырап көрінетін бу
шығады, бұл - онда терең даналық ойлар кезіп жүргендігінің белгісі.
Бірде, Мəңгілік жайында шағын трактат жазумен шұғылданып
отырып, мен əншейін əуестікпен қарсы алдыма айна қойдым; сонда
өзімнің басымның үстінен ауаның түсініксіз ағындауы мен тербелуін
көрген кездегі таңырқауым қандай болды десеңізші. Ал жаздың ыстық
шаңқай түсінде, үй төбесіндегі жұқа тақтаймен жабылған
шатыржайдың астында ішкен алты кесе ыссы шайдан кейін терең
ойлы іспен шұғылданған шақтағы шашымның быршып, сулануы міне, мұның бəрі тек менің болжамымның дұрыстығын дəлелдеуге
ғана қызмет етеді.
Ал соның өзі тропикалық сулардың тыныш аясында өр кейіпте
жүзіп, толағай тұрпатты сүйір басының үстінде өзінің тіл жетпес
ойларынан туған ақ бу күмбезін алып жүрген құдіретті де тұманды
құбыжық жөніндегі біздің түсінігімізді қалай асқақтататынын
айтсаңызшы! Оның үстіне, əлгі бу, ой-толғанысына Аспан өз мөрін
басқандай-ақ, кемпірқосақ шұғыласымен əшекейленіпті (мұндай сирек
болады). Өйткені, түсінесіз бе, кемпірқосақ деген, ол таза ауаға үйіріліп
түспейді; олар өзінің нұр-сəулесімен тек булар мен тұмандарды ғана
жарып өтеді. Менің күңгірт күмəндарымның қалың тұманы арасынан
тап осылай, санамдағы құдай аяны біресе аннан, біресе мұннан
сығалап, түнекті аспанның нұр-сəулесімен арайландырды. Осынысы
үшін құдайыма мың да бір рахмет, өйткені, күмəн бəрінде де болады,
көпшілігі соның ырқына көнбейді, бірақ күмəнданып һəм теріске
шығара отырып, оқыстан құдай аянын білушілер сирек. Жердегі
барлық ақиқаттарға күмəн келтіру жəне қайсыбір аспан ақиқаттарын
құдіреттің күшімен оқыстан білу - мұндай амал сенімге де,
сенімсіздікке де бастамайды, тек адамды екеуін бірдей құрметтеуге
үйретеді.
LXXXV тарау
ҚҰЙРЫҚ
Басқа ақындар бөкеннің жəудір көздерін немесе, əрдайым пыр - пыр
етіп ұшудан жалықпайтын құстың əсем қауырсынын былдырлап
мақтай берсін; мен соншалық асқақтамай-ақ, құйрықты жырлаймын.
Егер ең үлкен кашалоттың құйрығы оның кеуде тұсының адам
денесінің үлкендігіне дейін жіңішкеретін жерінде басталатынын
ескерсек, онда құйрықтың ауданы тек үстіңгі жағынан ғана кем
дегенде елу шаршы футқа тең болады. Оның дөңгеленген тығыз діңі
содан кейін құйрықтағы жүзгіш қанаттың жалпақ та жазық, күшті
қалақтарына ұласа екі айырылып, олар біртіндеп қимасында бір
дюймге дейін жұқарады. Айырықта бұл қалақтар азырақ бір- бірін
бүркемелеп, сосын құдды қос қанат сияқты, ортада кең саңылау
қалдырып, екеуі екі жаққа айырылып кетеді. Жəне де сіз осы
қалақтардың иілген ішкі қырларындағыдай соншалықты кемел
сұлулықпен түзілген сызықтарды ешбір жанды мақұлықтан
таппайсыз. Ересек киттің құйрығы көлденеңінен ең жалпақ жерінде
жиырма футтан едəуір асып түседі.
Күллі осы құйрық бір қарағанда, əбден шатысып шиеленіскен
сіңірлердің тығыз өрімі боп көрінеді; бірақ құйрықты шабыңызшы,
сонда сіз оның айқын межеленген: жоғарғы, орта жəне төменгі - үш
қабаттан тұратынын байқайсыз. Төменгі жəне жоғарғы қабаттарда
талшықтар ұзын əрі көлденеңінен жатыр, ал ортаңғы қабаттағы
талшықтар қысқа жəне сырттағыларға кесе-көлденең орналасқан. Бұл
тұтасқан үшембірлік құрылымның құйрыққа беретін əлуеті қалған
барлығын қосып алғандағыдан кем емес. Археологтың көзімен
Қарағанда, сипатталып отырған ортаңғы қабат пен ежелгі Рим
қабырғаларында тастармен алмасқан, əрі көне қабырғаны, еш күмəнсіз,
берік ете түсетін жұқа қыш қабаты арасында қызықты салыстыру
жасалады.
Бірақ бейне левиафанның сіңірлі құйрығындағы бұл жойқын күшті
місе тұтпағандай, табиғат оның толағай тұлғасын шымыр талшықтар
мен жіптердің күрделі торымен шырмап-шымқап тастаған, қарынның
төменгі қос қапталынан өткен олар қалақтарға қарай созылып,
солардың етімен ажырамастай айқаса өріліп, оған қосымша қуат
береді; сондықтан, киттің бүкіл шексіз күші құдды оның құйрығына
тоғытылып шоғырланғандай болады. Егер əлем опырылып құлайтын
болса, оны күйрететін құрал да - нақ осы құйрық.
Бірақ мұндай таңғажайып толағай күш қозғалыстың əсем
икемділігіне кедергі жасайды деп ойламаңыз; күш-қуаттың осынау
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.