Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 14

Total number of words is 3989
Total number of unique words is 2468
27.0 of words are in the 2000 most common words
38.8 of words are in the 5000 most common words
45.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ептілікпен əрі ерлікпен майдан беруге даяр, бірақ əлде тəжірибесіздік
пен білместіктен бе, əлде жасқаныштан ба - əйтеуір кашалоттың
алдында тайқып кететін кит аулаушылар əлі күнге шейін бар қалай
болғанда да, əсіресе американдық емес жалаулардың астында жүзетін,
өздері спермацетті китпен ешқашан ұшыраспағандықтан, левиафан
туралы мағұлматтары Солтүстікте баяғыдан бері ауланатын əлгі жек
көрінішті құбыжықпен шектелген ұлттардың кит аулаушылары аз
емес; камин алдындағы кішкене балалар сияқты, осынау орта
ғасырлар палубада отырып aп, ауыздарын аңқитып, Оңтүстік
теңіздердегі кəсіпшілік жүзулер жайындағы таңғажайып, елірме
хикаяларды үрейлене тыңдаудан əсте жалықпайды. Алайда, зордан да
зор кашалоттың күллі сұмдық өзгешелігін еш жерде де тұмсығы өзінің
соңынан ерген кеменің үстіндегідей сезбейді де түсінбейді.
Біз салыстырмалы түрде бертінде танысқан кашалоттың қатыгез
қуаты өзі жайында бағзы замандардан бері күңгірт сезік аңыздар
туғызып келе жатқан сияқты, өйткені кейбір табиғаттанушы
ғалымдардан, - мысалы, Повельсон мен Олассеннен - біз спермацетті
кит -теңізде мекендейтін күллі ұсақ жəндіктер үшін ғана қатерлі емес,
сонымен бірге қаныпезерлігі сонша, ол адам қанына тоймастай
құмарта құныққан дегенді оқимыз. Осындай сенімдер, тіпті, Кювье
заманында да сақталған. Баронның өзі - өзінің "Жаратылыс
тарихында" спермацетті кит көрінген кезде барлық балықтарды
(акулаларды қоса) "қатты қорқыныш билеп", "көбінесе асығыс қаша
жөнелгенде жартастарға сондайлық күшпен соғылып, өздеріне
шапшаң ажал табады" деп пайымдайды. Мұндай тұжырымдарға кит
аулаушылар тəжірибесі енгізген барша түзетулерге қарамастан, осы
нанымдар, Повельсонның қанқасап баянымен бірге, бүкіл үрей
ұшыратын мəнімен, көп реттерде қауіпті кəсіптерінің айнымалы
алмағайыптылығы да əсер етіп, кит аулаушылардың жан
түкпірлерінде қоздап оянады.
Сондықтан да көптеген кит аулаушылар Моби Дик жайындағы
құпиялы ғажап əңгімелерді тыңдай отырып, бұрынғы замандарды еске
алатыны да түсінікті болар. Ол кездерде нағыз киттердің тəжірибелі
аңшыларын кейде кашалоттарды қуалауға көндіре алмайтын, себебі,
олардың
пайымдауларынша,
көл-көсір
пайдамен
басқа
левиафандарды аулауға болады, бірақ спермацетті кит сынды
ғаламатқа шанышқы көтеру жай пенденің ісі емес. Олай ету - бірден
дүрмектегі мəңгілікке лақтырып тасталу деген сөз. Осыған
байланысты кейбір мағұлматтарға қанығуға болатын қызғылықты
құжаттар баршылық.
Əйткенмен, тіпті, барлық осы аңыздарды біле тұра, Моби Дикнсн
күш сынасуға құлшынушылар да болды, бұған қоса, ол жайында анық,
сұмдық тəптіштеулерсіз əрі əдеттегі мистикалық қоспасыз əңгімелерді
шалғайдан шалыс-кеміс естісе де, бетпе-бет ұшырасқан кезде
шайқастан тайқымауға ерлігі жеткендер көптеп табылды.
Ырымшыл адамдар арасында Ақ Кит жөнінде мүлдем сеніп
болмайтын əңгімелер жүретін, солардың біреуінде, мысалы, Моби Дик
барлық жерде бірдей болады, оны бір мезгілде əр түрлі ендіктерде
кездестірді-мыс деп айтылды.
Ақылдың аталмыш бейімділігіне орай бұл пайымның ерекше,
табиғаттан тыс мəнердегі əлдебір шындыққа жанасымды тұспалдан
ада еместігін де айтуымыз керек. Гəп сонда, теңіз ағыстарының сыры
тіпті білімдар ғұламаларға да ашылмай жатыр кашалоттардың құпия
су асты жолдары да көп жағдайда кит аулаушыларға беймағлұм осы
жағдайлар спармацетті киттің үлкен тереңдікке сүңгіп, мүмкін емес
қысқа мерзімде кенет əлдебір тым шалғай жерден шыға келуіне
көмектесетін жұмбақ тəсілдерге қатысты ара-тұра аса қызғылықты, əрі
қайшылықты тұжырымдар тудырады.
Американдық, əмбе ағылшындық кит аулайтын кемелерде де,
мұның үстіне Скорсбидің мəртебелі пікірлерімен бұрыннан
айғақталған бір дерек жақсы мəлім, соған жүгінсек, кейде Тынық
мұхиттың
теріскей
аймақтарында
денелерінен
Гренландия
жағалауларында қадалған гарпундар табылатын киттерді аулап
алады.
Бұл арада соңғы жəне оның алдындағы гарпундардың лақтырылуы
арасындағы аралық, əлбетте, бірнеше күннен аспайтынын ешбір
теріске шығаруға болмайды. Осыны негізге алған көптеген кит
аулаушылар ұзақ уақыттар бойы адамды маңайлатпаған атақты
Солтүстік-Батыс өткелі китке ешқашан кедергі болмаған деген
тұжырымға келді. Бұл жағдайда тірі адамдардың көзі көрген жанды
ақиқат ерте заманда Португалиядағы Стрелло тауына таңылған
кереметтен кем түспейді деуге болады (оның ең биігінде бетіне алыс
теңіздерде апатқа ұшыраған кемелердің сынықтары қалқып шығатын
көл бар-мыс); немесе, Сиракуза маңындағы Аретузе қайнар тұмасы
туралы бұдан өткен ғажайып нанымдар (оның сулары жер асты арықарнасымен Қасиетті Жерден ағып келеді-мыс); бүкіл осы ойдан
шығарылған ертегі-аңыздардан кит аулау кəсібінің шындығы бір
мысқал да кем түспейді.
Міне, сондықтан да баян етілген кереметтерге еріксізден еті
үйренген жəне оның үстіне неше дүркін өршеленген шабуылдардан Ақ
Киттің аман кеткенін білген кейбір кит аулаушылардың өз
ырымшылдықтарында одан да əріге сілтеп, Моби Дикті барлық жерде
бар деп қана емес, сонымен бірге ажалсыз деп жариялағанына онша
таңырқап таңдай қақпаған мақұл (себебі, ажалсыздық дегеніміз небары уақыттық тұрғыда барлық жерде бар болу ғана); олар, тіпті,
оның бүйірлерінде шанышқыдан тұтас ормандар қаулап өссе де, ол
бəрібір зақымданбай, дін аман жүзіп кетеді деп қыжыратады, дегенмен
де, егер ол күндердің күнінде қанды бұрқақ атқыласа, ол небары
албастының айласы болғаны, өйткені, аз ғана уақыт өткенде, содан
жүздеген миль жерден оның жасыл жалды толқындар үстінде
қайтадан мөлдір сулы баған орнатқанын көруге болады.
Бірақ, тіпті, табиғаттан тыс қасиеттерін ескермегеннің өзінде,
осынау құбыжықтың дүниялық келбетінде, оның андағайлаған асау
арынында адам қиялын дүр сілкіндіретін күш-қуаты əбден жеткілікті.
Басқа киттер арасында оны даралаған ұшасының орасан үлкендігі
емес, - жоғарыда айтылып өткендей - қатпар-қатпар əжімдер
айғыздаған, теңдесі жоқ ақшаңқан маңдай мен биік шашақ тəріздес ақ
өркеш. Оның өзгешелік сипат, белгілері осындай болды, бұлар арқылы
ол, тіпті, ұшы-қиырсыз дүлей теңіздерде де ескі таныстарына өзін
алыстан жазбай тануға мұрсат берді.
Оның бүкіл денесі қаптаған алабажақ жолақтар, шұбар теңбілдер
мен кебін түсті білеуленген тамырлар еді, содан ақырында оған Ақ Кит
деген ат əбден бекіді; тал түсте əр тұстан алтын нұр малдырып,
соңынан сарғыш көбікке малынған құс жолын қара, қаракөк
толқындармен заулай жөнелгенде ол шынында да айрықша болып
көрінетін.
Алайда, үрейлі даңқы үшін ол өзінің таусоғар толағайлығына,
ғажайып реңіне жəне тіпті, сықпыты кеткен төменгі жақтарына емес,
айтуға қарағанда, адамдарға шабуылдағанда талай рет танытқан
теңдессіз əккі қаскөйлігіне қарыздарды. Əсіресе, оның арандатқыш
шегінулері үрейді қатты ұшыратын. Өйткені, ол алғашында өзін
алақайлап қуалаушылардан бейне қорқып құтылып кетуге
əрекеттенгендей кейіп танытуды дағды етіп, бірақ сосын кенеттен
кері бұрылып, өздеріне қарсы шауып, не өз соңынан қуалаған
вельботты жаңқадай шақты, не болмаса, команданың есін шығарып,
оны тұп тура кемеге қарсы сүйреді.
Оның есебіне бірнеше кісі өлтіру жазылып қойылған. Жағалауда
онша көп мəлім бола бермегенімен, мұндай нəрселер кит аулау
кəсібінде айтарлықтай жиі болып тұрса да, соған қарамастан, Ақ Киттің
жайы бөлек, одан қасақана жасалған тозақи қаныпезерлікті көреді,
одан келген əрбір ажал мен əрбір зақымды санасыз күштердің жай
ойынынан гөрі елеулірек бірдеңе деп есептейді.
Пайымдап көріңізші, шағылған вельбот сынықтарының арасынан,
арса-арса өліктердің арасынан сұмдық дүлей ашудың қайнаған ақ
жылымының бегіне, құдды нəрестенің туғанын немеее үйлену тойын
жарықтандырып тұрғандай, айналасына бұрынғыша күлімдей сəуле
шашқан күннің төзгісіз жайбарақат нұрына қарсы қалқып шыққан
кездерінде оның аңқау қуғыншылары қандай өзек өртер, ашынған
ашу-ызаның тереңіне күмп берді десеңізші!
Бір
капитан
өзінің
жан-жағынан
үш
бірдей
вельботының
сынықтарын жəне тақтайлар, ескектер мен адамдар шыр айналып
жатқан шапшаң иірімдерді көргенде, міне, сол капитан өзінің қираған
қайығының құйрығынан селебе пышақты жұлып алып, өз
қарсыласына ұмтылған арканзастық дуэльшідей, дүлей ашу үстінде
алты дюймдік ұстарамен кит өмірінің өлшеусіз тереңдігіне жетпекші
болып, китке тұра ұмтылады. Бұл капитан Ахав болатын. Міне, тап сол
сəтте Моби Дик өзінің орақ тəрізді имек жағының көз ілеспес
қимылымен, құдды шалғышының көгалда көк майсаны шапқанындай,
Ахавтың аяғын шауып түсірді. Бірде-бір сəлделі түрік, бірде-бір
венециандық немесе малайлық жалдамалы жендет оны мұншалықты
айдан анық қасекі қатыгездікпен қиып түспес еді. Ахавтың киттен кек
қайтаруды ессіз көксеуі нақ осы кезден бастап лап етіп оянғанына
күмəндануға болмас, өстіп ол оның жан дүниесін барған сайын билеп
алды, өйткені, ашу қысып, түнере долырған ол біртіндеп өзінің
денесіндегі сырқат себебін ғана емес, сонымен бірге жан азабын
тартқан барлық бақытсыздығын да Моби Диктен көретін болды. Ақ
Кит оның көз алдында уайымшыл адамның жанын - жарты жүрек пен
жарты өкпесін қалдырғанша - жегідей жейтін қаскөйліктің сандырақ
бейнесіндей көлбеңдеп тұрып алды - уа, осыдан соң қайтіп өмір
сүресің. Ақ Кит оған дүние жаратылғаннан бері ғұмыр кешіп келе
жатқан, ырыққа көнбес албастыдай елестеді, тіпті, қазірдің өзінде
христиандар жарты əлемді соның билігіне беріп қойған, нақ соны
Шығыстағы ежелгі офицер ібіліс бейнесінде қастерлеген; Ахав оған тап
соларша табынған жоқ, бірақ есалаң күйде оны өзі өштескен Ақ Киттің
бейнесімен шымқап, кембағал-кемтар бір өзі соған қарсы күреске
көтерілді. Ақыл-есті тұмандап азаптайтын, түптегі лайды көтеретін
атаулының бəрі, қара ниетті ақиқат атаулының бəрі, сіңірді үзіп, миды
кептіретін атаулының бəрі, тіршілік пен ойдың жасырын
былықшылық атаулысының бəрі - есалаң Ахавтың ұғымында барлық
зұлымдық атаулы Моби Дик кейпінде көрініп, кек алуға қол жетер
бейнеге айналды. Адам-Ата заманынан бергі адамзат қауымының
күллі ашу-ызасын, күллі өшпенділігін ол киттің ақ өркешіне атып
ұрды; сөйтіп, кеудесі құдды ұрыс зеңбірегіндей-ақ, соны өз жүрегінің
отқа суарылған добымен атқылады.
Осы бір жұлынқұрттай жегі тілек оның көңілінде кенет, денесіне
зақым келтірілген белгілі бір сəтте пайда болды деп жорамалдау
қиын-ақ. Хайуанға пышақ ала ұмтылған сол кезде ол тек кенеттен бұрқ
ете түскен ессіз күйдіргі ашудың сыртқа шығуына жол ашты, ал өзін
қидалап боршалаған əлгі сұмдық соққыны алған соң, сірə, мехнатты
тон азабынан басқа ештеңе сезінбеген болар. Бірақ осы қақтығыс
кесірінен үйге бұрылуға мəжбүр болған кеме қақаған қыста түнере
сұстанған Патагония мүйісін айналып өткенге шейін Ахав пен оның
азабы ұзақ күндер, апталар мен айлар бойы бір кереуетте домаланып
жатты; қансырап, пəре-пəресі шыққан тəні мен жарадар жаны тап сол
кезде қосылды; өстіп оны есірік шалды. Қазіргі желікті халі оны қайтар
жолда, китпен қақтығыстан кейін еңсергендігіне сондағы жол бойы
оқта-текте еліре есі ауысып, қояншығы ұстаған жағдай да айғақ бола
алады; тіпті, жарымжан күйде де, өзінің сығандық ыстық кеудесінде,
əрі қыздырма сандырақтың əсерімен үдей түскен, жойқын күшті
сақтағаны соншалық, қояншығы ұстап құтырған кездерінде
көмекшілері оны тура кереуетке таңып байлап тастауға мəжбүр болды.
Ол осылайша олардың жуасытқыш жейдесін киіп, долдана тулаған
дауылды толқындармен ырғатыла тербетіліп жатушы еді.
Кеме неғұрлым тынығырақ ендіктерге шығып, желкендерін керіп,
тып-тыныш тропикті көктей өтіп жүзген кезде Горн мүйісінің
дауылдарымен бірге қарт капитанның сырқат-сандырағы да
тыйылғандай болды, сөйтіп, ол өзінің қараңғы апанынан шапағатты
жарық сəуле мен ауаға талпынып шыға бастады; ақырында оның
сұмдық есуастығы басылғаны үшін көмекшілері Жаратқанға
рахметтерін айтқан - бірақ сол кездің өзінде де, жадау болса да,
салқынқанды əрі шешімтал раймен қайтадан байсалды бұйрықтарын
бере тұра, тіпті, сол кезде де Ахав өзінің жан түкпірінде жындылығын
жалғастыра берген-ді.
Адамның жындануы көбіне-көп мысықтай айлакер əрі залым болып
келеді. Кейде есі дұп-дұрыс деп ойлайсың, ал іс жүзінде ол əншейін
əлдебір неғұрлым сыпайы қалыпқа түседі. Есуастык Ахавты жайына
қалдырмады, осынау дегдар нормантар əрі түпсіз терең сайлар
арқылы тау шатқалдарының арасынан сыналап өткен кездегі
тасқынды Гудзон тəрізді, ол тек сығымдалып, тұңғиыққа кете тұрған
болатын. Алайда, сандырақтың енсіз ағынында əуелгі ұшан-теңіз
ессіздіктің бірде-бір тамшысы шашырап шығын болмайтыны сияқты,
Ахавтың да осы ұшан-теңіз ессіздігінде оның ұлан-ғайыр ақылының
бір түйірі де рəсуа болмас еді. Тек бұрын оның ақылы падиша болатын,
ал қазір адамдық алжасудың көнбіс құралы болып қалды. Егер
мұншалықты ұстамсыз теңеулерге мұрсат етілсе, кездейсоқ алжасу
оның бүкіл жалпы ақыл-парасатын атойлап басып алып, ол жалаған
зеңбіректермен өзінің есуастық нысанасын атқылады деп айтуға
болады, ендеше, Ахав күш- қайратынан айырылмағаны былай тұрсын,
қайта, керісінше, ойдағы жалғыз-дара мақсатына жету үшін енді ол
өзіне ақыл-есі түзу кезінде көңілге қонымды нысанға жұмсауға
берілгендегіден мың есе артық қуат-құдіретке ие болды.
Бүл сөздіц мəнісі көп, бірақ та Ахавтың неғұрлым мəндірек,
неғұрлым тереңірек, неғұрлым залым ниетті жағы əлі ашылмай
жатыр. Тереңіне кез келгеннің жетем деп талпынуы бекершілік,
əлбетте, ақиқат əркез тереңде жатады. Енді осы арадан, біз тұрған
мына шошақ тобелі Отель де Клюнидің кақ жүрегінен бұранда
баспалдақпен тереңдеп төмен түсіңдер, қанша сəн-салтанатты əсем
болса да, оны жайына қалдыра тұрып, о, бекзат һəм налалы жандар,
ежелгі Рим моншаларының кең саябандарына - адамның сыртқы
өмірінің ғажайып қамалдарының астындағы тереңінде адам
ұлылығының түп тамыры, адамның үрейлі болмыс-мəні жасырынған
жерлерге, үйме-жүйме көне жəдігерлермен көмілген, антикалық
мүсіндер сынықтарының тағында тыныштық тауып, ақсақалды, мың
жылдық көне рух салтанатпен отырған жерлерге түсіңдер! Ұлы
құдайлар қираған тақтағы тұтқын патшаны əжуалап күлкі етеді; ал ол
болса, құдды əйел мүсінді бағанадай, ғасырлардың үймелей төнген
күмбездерін мелшиген маңдайымен сүйеп қойып, момын қалыпта
отыр. О, тəкаппар, мұңлық жандар, сонда түссеңдерші! Сосын ол
тəкаппар, шерлі патшадан сұраңдар. Сендерді ойларыңның ұқсастығы
қайран қалдыра ма? О, иə, о, қуғындағы жас əміршілер, бəрің де содан
тарағансыңдар; жəне де бағзыдағы Мемлекеттік Құпияны сендер тек
өздеріңнің жабырқау бабаларыңнан ғана ести аласыңдар.
Ахав жанының əлдебір қалтарысында соны аңғарды, ол өзінің
барлық əрекеттері түзік, мақсаты мен пиғылы ессіз екенін түсінді.
Бірақ осыны құртуға да, өзгертуге де, елемеуге де билігі жүрме
гендіктен, ол ұзақ уақыт жұрт алдында өтірік тəлімсіп жүрді, тəлімсуін
белгілі дəрежеде қазір де жалғастыруда, бірақ мұнысы сырт көзге ғана
еді, оның ерік-жігері мен қайрат-тəуекелі бұлжымады. Алайда, өзінің
есуастығын қатты жасырғаны соншалық, ақырында сүйек аяғымен
Нантакет құмына қадам басқан кезде оның жерлестерінің ешқайсысы
ештеңеден күдік алмады - бəрі де ол əншейін басына түскен сұмдық
бақытсыздығына жаны күйзеліп қатты қапаланады деп есептеді.
Естіген ел оның теңіздегі ызаға булығып естен айырылуын да сол
себепке таңды. Сондай-ақ, "Пеход" аттанып кеткен күнге шейін ұдайы
қара жамылып, бір ашылмай қойған қырыс қабағын да солай деп
жуып-шайды. Əрі мұндай күңгірт себептерге бола оның кəсіпшілік
сапарды басқару қабілетіне күмəн келтіруден аулақ осынау байыпты
аралдың болжағыш жұрты, керісінше, нақ осы желеумен ол енді кит
аулау сияқты қатерлі де қанқасап іске тек жақсырақ дайындалып,
аңсары ауды деп есептеуге бейім болуы əбден мүмкін. Сырттай жалын
шарпыған, іштей айықпас есуас желіктің аяусыз өткір тырнақтары
қанжоса етіп азаптаған мұндай адам, егер ол тек табылар болса, тірі
хайуандардың ішіндегі ең дүлейімен айқаста гарпун лақтырып,
шанышқы түйреуге одан асқан бесаспап кəнігісі болмас еді. Егер
əлдебір тон кемтарлығының себебінен ол бұған қабілетсіз деп саналса,
бəрібір, өзінің бағыныштыларын одан артық ешкім де қиян-кескі
шайқасқа айдап, айқайымен одан артық қамшылай алмас еді.
Қайткенде де бір нəрсе күмəнсіз: өзінің өшпес өшпенділігінің құпиясын
жеті құлыппен жауып тастаған Ахав бұл жолы "Пекодқа" отырғанда
санасын сарыққан жалғыз мақсатпен - Ақ Китті қуып жетіп, жайратып
жеңу мақсатымен аттанды. Егер Нантакеттегі ескі достарының əлде
біреуі оның ішке бүккен сырын сезген болса, олар бұл жауыздың
қолынан кемені əділ ашу-ызамен бір-ақ сəтте жұлып алар еді! Бірақ
олардың ойлары табысы сыңғырлаған долларлармен есептелетін жүзу
сапарының сəттілігінен басқаны қаперге ілмеді. Сөйтіп, ол адамдық
табиғаттан тыс, айызы қанбас есуас кегін іздеуге аттанып кетті.
Міне, ол, Старбектің ебедейсіз ерлігі мен дəрменсіз ақкөңілділігінің,
селқос əрі қамсыз-мұңсыз Стаббтың сарқылмас жайдармандығының
жəне Фласктың бəрін қамтитын күйкі-қораштығының қасында
кемшілік-кеселдері одан əрмен бадырайып көрінген өзінің соғылған
сұмдар, сілімтіктер мен адамжегіштер командасын бастап, Аюптың
китінің соңынан дүниені шарлап, қарғыс жаудыра қуалаған ақ басты,
арам құлықты шал. Сірə, Ахавтың кегімен əулекіленіп атойлаған
мынадай команда мен мынадай сардарларды жəрдемдессін деп ібіліссайтандар əдейі іріктеп алған сияқты. Кəрі капитанның кəрлі ұранына
бұл адамдардың мұндайлық құлшыныспен үн қатуы қалай болды;
оның өшпенділігін - олардың өшпенділігіне, ал Ақ Китті - өзіне қандай
болса, оларға да дəл сондай қас жауға айналдырып, жандарын жаулап
алған неткен əзəзіл сиқыр; мұның бəрі қайтіп осылай болды; олар үшін
Ақ Кит шын мəнінде кім еді жəне де ол қалайша олардың түйсіктүсініктерінде кенеттен тіршілік теңізінде ағындаған күмəні көп
құдіретті сайтан боп көлбеңдеп шыға келген, - мұның бəрін ұғындыру
үшін Измаилдың шама-шарқынан тереңірек сүңгу керек. Біресе аннан,
біресе мұннан тұншығып шыққан күрек тықырынан біз
əрқайсымыздың ішімізде қазып жатқан əлгі жер асты жұмыскерінің өз
кəрізін қайда апаратынын айырып біле аламыз ба? Өзімізді бір нəрсе
итермелеп, жеңімізден тартқанды қайсымыз сезген жоқпыз? Егер өзін
жетпіс торт зеңбіректі соғыс кемесі сүйретіп келе жатса, құйттай
ескекті қайық қозғалмай төтеп бере алар ма еді? Маған келетін болсақ,
мен уақыт пен кеңістіктің ырқына берілдім; бірақ Ақ Китпен кездесуді,
тіпті, дегбірсіз аңсасамда, мен одан тек қанқұйлы қатерді ғана көрдім.
XLII тарау
КИТТІҢ АҚШАҢҚАНДЫҒЫ
ХАҚЫНДА
Ақ Киттің Ахав үшін нені аңғаратынын оқырманға біршама
түсіндіріп бақтым; енді оның мен үшін кім болғанын ұқтыру ғана
қалды.
Əркімнің жан түкпірінде түсінікті үрей сезімін тудырмай тұра
алмайтын айқын себептерді былай қойғанда, Моби Дикте кейде басқа
дүниенің барлығын мүлдем мысымен басып тастайтын буырқанысқа
жеткен, бірақ əрдайым тіл жетпес тылсым боп қалып отырған тағы бір
нəрсе, əлдебір көмескі, адам айтқысыз ғаламат болды, сондықтан, мен
оны жеткілікті жүйелеп, ұғынықты баяндап берем деп те
үміттенбеймін. Мен үшін бұл ғаламаттық киттің шаңқан ақтығында
жатыр. Бүл арада қайтіп бірдеңені түсіндіре аларсыз? Дегенмен де,
бұлыңғыр һəм байланыссыз болса да, мен өз сезімдерімді айтып
жеткізуге тиіспін, əйтпесе, мына тараулардың барлығы түкке жарамай
қалады.
Мəрмəрдің, жапондық кəмалия гүлі мен інжудің мысалынан
көретініміз сияқты, құдды өзінің ерекше сипаттарын дарытып
сыйлағандай-ақ, табиғатта ақ шаңқандық көбінесе сұлулықты сырлы
да сүйкімді ете түскенімен; көптеген халықтар қалай да болса осы
түстің падишадай артықшылығына ден қойса да, - тіпті, ұлы Пегудің
ежелгі жабайы корольдері "Ақ Пілдердің Əміршілері" атағын өз қуатқұдіреттерін лепірте мадақтаған барлық баяндардың үстінен қойған,
ал Сиамның қазіргі корольдері осынау аппақ қардай төрт аяқты
хайуанды король жалауында таңбалатқызған, Ганновердің туында
ақбоз арғымақтың бейнесі болса, билігі зор Римнің мұрагері, ұлы
Австрия империясы өзінің империялық байрағына нақ осы айбынды
түсті таңдап алды; римдіктер мерекелі күндерді ақ таспен
белгілегендіктен, бəрін былай қойғанда, ақ түс, тіпті, шаттық түсі
болып танылса да; қалған бүкіл адами ұғымдар мен үйлесімдер
бойынша да шаңқан ақ көптеген жүрек елжіретер игі-ізгі нəрселерді қалыңдықтардың пəктігі мен қарттықтың мейірбандығын бейнелесе
де; Американың қызыл өңділерінде ақ белдік - вампум сыйлау аса зор
құрмет болып есептелсе де; көптеген елдерде сот қазысы киіміндегі
ақтышқанның ақ түсі əділ биліктің белгісі болып табылып, əрі сүттей
ақ ат түріндегі нақ соның өзі корольдер мен королевалардың
күнделікті əсемдік-айдынын асырса да; аса мəртебелі діндердің асқақ
құпияларында ақ түс əркез періштедей пəктік пен күш-қуаттың
нышаны болып саналса да - парсының отқа табынушыларында
исхрабтағы қақ айырылған ақ жалын бəрінен де артық қастерлі ал грек
мифологиясында ұлы Зевстің өзі қардай аппақ ауқанның кейпіне
кірген; асылтекті ирокездерде қыстың дер шағында қасиетті Ақ Итке
құрбан шалу, олардың дін қағида - ырымына сəйкес ең салтанатты
мереке деп қаралса да, ал мына аппақ, кит адал мақұлық өздерінің
айнымас адалдықтары жөнінде жылы ақпар жіберіп тұратын Ұлы
Рухпен кездесу үшін неғұрлым хабаршы боп саналғанымен; христиан
пірəдарлары "albus" - ақ - деген латын сөзін шұбатылған шапанды ряса астынан киетін өздерінің қасиетті киімдерінің кейбір бөлігін
таңбалау үшін алса да; Рим шіркеуінің нұр сипатты əсемдігінде ақ түс
Жаратқанның Құмарлықтарын мадақтауда өте жиі пайдаланылса да
əулие Жоханның Аянында тақуаларға ақ киім кигізіліп, ақ киім мен
жиырма төрт қария Қасиетті һəм Хақиқат Əмірші салтанатпен
отыратын айбынды ақ тақтың алдында ақ толқын сияқты, аппақ
қардай болып тұрғанымен, - сонда да болса, жақсы, асқақ жəне жақсы
атаулының бəрімен осынау жиынтық байланыстылығына қарамастан,
ақ шаңқандық мұратының өзінде аңдалмайтын, бірақ қанның қаһар
төккен қызыл түсінен де үрейлі бірдеңе жасырынған.
Нақ осы аңдалмайтын қасиетінің кесірінен шаңқан ақ санамаланған
жағымды үйлестіктерден айырылып, онсыз да үрейлі заттармен
салғастырылып, жаман сипаттарын одан сайын асқындырып түседі.
Полярлық ақ аюға немесе тропикалық ақ акулаға қараңызшы; біркелкі
аппақ қардай түсі болмаса, оларды соншалықты жетпестей
қорқынышты етіп тұрған басқа немене? Жансыз ақшаңқандық осы
тілсіз тағылардың жеңсікшіл-етқоректі келбетіне жексұрын
жылмаңдық бітіріп, соның өзі үрейден де асқан жиреніш туғызады.
Міне, нақ сондықтан да, тіпті, шұбар тонды, азуы алты қарыс жолбарыс
та адамның жүрегін қардай аппақ жамылғылы аю немесе акула сияқты
айбындырып, шайлықтыра алмайды.
Немесе альбатросты алайық - əркімнің түсінігі бойынша арасында
осы ақ елес қалықтайтын жан күйзелісі мен бозарған үрейдің ана
қаптаған бұлттары қайдан келеді? Бүл арбаған сиқырды бірінші
жаратқан Кольридж емес, мұны жасаған Тəңірінің Табиғат атты ұлы
һəм жарамсақсыз лаурияат-ақыны.
Біздің Қиыр Батыста Шалғынды Жазираның Ақ Аты – адырайған
үлкен көзді, басы кішкентай, шалқақ төс жəне тəкаппар да асылзада
мүсініне мыңдаған падишалардың айбынын тұтқан сүттей ақ əсем
арғымақ жайындағы үндіс аңыздары ерекше танымал. Ол сол
күндерде жайылымдары тек Жартасты таулармен əмбе Аллеган
жоталарымен ғана қоршалған, мыңғырған жабайы табындардың дара
билеп-төстеуші Ксерксі болды. Ол өзінің соңынан іңірдегі шырақтар
шеруін сабылтып ерткен жарық жұлдызға ұқсап, есімдерімен от
шашқан жер қайысқан қалың қолдың басында қарай құйғытып ақты.
Жалының құйындаған сарқыра құйрығының шашақталған күлтесі
оның əбзелі болды, бұдан əсемдікті оған ешбір нақыштаушы зергер
жасап бере алмас . Ол бір кездерде аңшылардың көз алдында құдайдай
айбынды, жабайы тұлпардай тарпаң, əрі тасыр Адам-Ата жер басып
жүрген бағзыдағы бақуат замандарды тірілткен бейкүнə батыс
тəңірлік, аспани сəулесі болған-ды. Кең жазықта Огайо сияқты,
таусылмас тақынмен төгілген қисапсыз қосындардың басында,
адьютанттары мен маршалдары қоршаған аттар магшасы шеру
тартты ма, əлде, ызғарлы ақ шаңқанның аясында миарыңқыраған
жылы танауларын желбірете шауып келе жатып, көз салсаң да,
шалғынды жазираның көкжиегіне дейін созылған өз үмбеттерін
шолды ма, - əйтеуір, олардың алдында қандай ұрық-қияпатпен көрінсе
де, бəрібір, ер жүрек үндістер үшін ол , тебірене табынып, қобалжи
қорқудың нысаны болып қалды. Осынау асылзада ат жайындағы
аңыздардың айтқанына қарап пайымдасақ, онда, еш күмəнсіз, оның
күллі тəңір сипаттылығы қиялдағы ақ шаңқандығынан бастау алған,
əрі осы тəңір сипаттылық табынуға шақырып, сонымен қатар əлдебір
түсініп болмайтын үрей ұялаған.
Алайда, ақ шаңқандық Ақ Ат пен Альбатрос бөленген құпия əрі
тартымды нұр-шұғыладан мүлдем жұрдай болып ұшырасқан
мысалдарды да келтіруге болады.
Бізді альбиностың сыртқы түрінен бездіріп, оны кейде, тіпті, өзінің
туыс-туған жақындарының көзінде де жиренішті ететін не нəрсе?
Денесін көмкерген жəне оған ат қойған сол баяғы.. Альбиностың дене
бітімі ешкімнен кем емес - одан ешбір кемтарлық білінбейді - соған
қарамастан, тəнін түгел жапқан шаңқан ақ оны ең құбыжық азғыннан
да жексұрын жиренішті етеді. Неге бұлай?
Табиғаттың өзі де, енді мүлдем басқаша тұрпатта, өзінің онша
аңғарылмайтын, бірақ содан қаскөйлігі бір мысқал да кеміп қалмаған
құбылыстарында күллі сұмдық атаулыға тон осынау түйіндеуші
нышанның жəреукелігінен арланбайды. Оңтүстік теңіздердің сауыт
құрсанған сайтаны өзінің мұзды келбетіне орай Ақ Дауыл деген ат
алды. Тарих мысалдары көрсетіп отырғандай, адамның жауыздығы да
өзінің қулық-сұмдықтарында осыншалық құдіретті жəрдемші амалдан
жирене қоймайды. Генттің Ақ Күлəпаралары өз сыбайластарының
беттерін ақ ұлпа қарлы белгілермен жасырып, базар алаңында
графтың басқарушысын пышақтап өлтірген Фруассардағы əне бір
көрініс қаншалық əсерлі десеңізші!
Адамзаттың көп ғасырлық дағдылы тəжірибесінің өзі де осы түстің
тылсым қасиеттерінен хабардар етеді. Марқұмға қарап қалғанда бізге
еш нəрсе де оның мəрмəр ағарыңқылығындай үрей ұялатпайды; бүл
қуқыл ағарыңқылық о дүниедегі бақилық меңіреу тыныштықты да,
əмбе пəнидегі пенделік қорқынышты да қоса баяндайтындай.
Марқұмдарды орайтын кебіндердің түсін біз олардың қуқыл
ақшылтымдығынан
алғанбыз.
Өзіміздің
ырымшылдық
нанымдарымызда да біз ақсүт тұманнан көтеріліп, адамның алдынан
шыға келетін аруақ-елеске аппақ қардай шапан жабуды əсте естен
шығарған емеспіз. Жə, тізбелей беріп қайтеміз! Одан да, мына
үрейлердің аязы арқамызды тітіреткен əзірде інжілшілер суреттеп
жазған үрей патшасының өзінің астындағы аты ақбоз екенін еске
алайық.
Сонымен, адам белгілі бір көңіл ауанында шаңқан ақты қандай асқақ
та ізгі мұраттармен байланыстырмасын, бəрібір, өзінің тұңғиықтағы
кəусар таза күйінде шаңқан ақтық адам жанында ең бір айрықша қиял
елестерін туғызатынын ешкім жоққа шығара алмайды.
Бірақ осы дерек күмəн туғызбаған күннің өзінде де, біз, ажалды
пенделер, оны қайтіп түсіндіре аламыз. Мұны талдап, саралау мүмкін
емес болып көрінеді. Мұндай жағдайда шаңқан аққандай да бір тікелей
үрей ұшырарлық белгілерден мүлдем немесе ішінара ада бола тұра
соған қарамастан, түптің түбінде бізге сол баяғы жадылық əсерін
тигізетінінің бірнеше мысалын осы арада келтіре отырып, осы жолмен
əлдеқалай, өзіміз табуға құлшынған құпияның кілтінің үстінен түсуге
үміттенуге болмас па екен?
Əрекеттеніп көрейік те. Бірақ мұндай мəселелерде пайымның
нəзіктігі ұғынудың нəзіктігіне орайластырылған, қиялдан жұрдай адам
осынау салтанатты сарайларда менің соңымнан ілесіп жүре алмайды.
Қалай болғанда да, осында сөз етілетін қиял-ғажайып əсерлердің тым
құрыса кейбіреулерін, еш күмəнсіз, басқа кісілер де бастан
кешіргенімен, сірə, соны байыптап бажайлағандары кемде-кем,
сондықтан соларды бəрі бірдей естеріне де түсіре алмайды. Мысалы,
бізде Ақ Жексенбі деп аталатын Үшем күнін жай еске алғанның өзі
терең діни білім алмаған жəне шіркеу мерекелерінің өзгешелігі
хақында хабары тым саяз адамның қиялында неге көздерін жаңа
жауған қалың қырбақ қар басқан қолатқа тіге, баяу ілбіген ұзын-шұбар,
ұнжырғасы түскен үн-түнсіз дуаналар шеруін сұлбалайды? Сондай-ақ
Ақ Бауырластық немесе Ақ кит туралы үстірт тіл қатқанның өзі
орталық штаттардағы əлгі бейкүнə протестанттың жанында неге
əлдебір соқының көзсіз мүсіннің елесін туғызады? Лондонның
Тəуіріндегі Мүпараның мұнда келген ақкөңіл американдықтарға
көршілес биік қабатты ғимараттардан - Бүйір жəне тіпті Қанқұйлыдан
да күштірек əсер ететін таңғаларлық қасиетін - қайткенде де толық
жауап бере алмайтын рыцарьлар мен корольдердің қамалуы
жайындағы көне аңыздардан басқа - немен түсіндіруге болады? Ал
бұдан да асқақ мұнаралар ше, Ньюширдің Ақ таулары ше соларды
айтқан кезде жаныңды шамасы бос қиял үңірейтіп қаузайтыны неден?
- мұның есесіне Ниргинияның Көгілдір қырқасы жайындағы ойлар
мөлдір шық үш мақпал сұлу арманшылдыққа толы емес пе. Сары теңіз
бізді жалтыраған толқындардағы ұзақ та рақат кештер мен күн
қалтқандағы маужыраған алуан бояулы іңір шапағы жайындағы осы
дүние түсініктерімен əлдилеген шақта, бойлықтар мен ендіктерді
елеместен, Ақ теңіздің жанымызға сондайлық тозақы ықпал
жасайтыны неліктен екен? Немесе, егер тек қана адам қиялына
есептелген, мүлдем заттық емес мысалдарға жүгінсек, Орталық
Куропаның ескілікті ертегілерін оқыған кезде, қансыз-сөлсіз жүзі
жасыл тоғайлардың ішінде дыбыссыз қалқитын Гарц орманындағы
"ұзын бойлы ақшылтым кісі" бейнесінің, осы ақ елестің шыңғырған
күллі Блоксберг жын-шайтанынан артық үрей ұялататыны неліктен?
Əрі, шіркеулерді қирататын жер сілкіністері жайындағы жасқана
немесе, буырқанған теңіздің арынды толқындары немесе, ешқашан
жаңбыр жаумайтын аспанның көз жасы құрғаған қуаңшылығы немесе,
қаланың өзінің құдды кемелердің моласы сияқты, мыжырайған зəкір
қақпаларының, аударылған тас тақталардың жəне жапырайған
айшықтардың тұтас алқабының көрінісі немесе, үйлердің
қабырғалары, шашылған карталар сияқты, бірінің үстіне бірі
үймелеген қала төңірегі деп айтуға болмайды, -Лиманы əлемдегі ең
тосын жəне ең шерлі қала етіп тұрған себептердің бəрі, міне, осылар
деп айтуға болмайды. Өйткені, Лима, сопы əйел сияқты, өзінің жүзін ақ
бетпердемен
көлегейлеген,
содан
оның
қайғысының
ақ
шаңқандығында асқақ та үрейлі бір нəрсе жасырынып тұрады. Писарро
тəрізді көне осынау ақ шаңқандық оның құлаған жұртына мəңгілік
жаңа рең береді ол өмір шаттығына кенелген көктің қуарып солуына
жол бермей, қираған қорған үйінділерінің үстіне бет-аузын
қисаңдатқан қалпында қатып қалған қояншықтың мелшиген
ақтаңдағын тартып тастайды.
Менің білетінім, жалпы жұрттың пікірінше, шаңқан ақ өз-өзінен
үрейлі болып табылатын құбылыстар ұялататын үрейдің əсте əуелгі
себебі деп саналмайды дəл осылайша, қиялдан жұрдай адамдар үшін
кейбіреулерге тек өзінің ақшаңқандығымен ғана қорқыныш ұялататын
құбылыстарда, əсіресе ақшаңқандық мылқау əрі бəрін қамтитын
пішінде көрінген жағдайда, əншейін, қорқынышты еш нəрсе жоқ.
Өзімнің осы екі ойымды да ежіктеп түсіндіруге тиісті мысалдар
келтіргім келеді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.