Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 13

Total number of words is 4092
Total number of unique words is 2452
28.9 of words are in the 2000 most common words
40.5 of words are in the 5000 most common words
47.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тіпті, бір сəтке ұнжырғасы түсіп кеткендей, салбыраған желкендердің
кенет жалп-жалп етіп, діңгектерді шартылдай соққанын да естімеді.
Старбектің төмен қараған көздерінде өмірдің жігер оты қайтадан
маздады, жер асты күлкісі сап тыйылды, қатты керілген желкендерді
жел кернеп, кеме толқын жалдарында ырғи тербетіле қайтадан ілгері
жүзді. О, аяндар мен нышандар! Көріне сала жоғалуға неге
асығасыңдар сендер? Сендер сақтандырмайсыңдар, о, көлеңкелер,
сендер əншейін біздің болашағымызды нұсқайсыңдар! Болашақты
нұсқағандарың сол, жан күйімізді жайып салғызып айғаққа
шығарасыңдар. Өйткені сыртқы дүние бізді тек сəл-пəл тежейді, ал
бізді еліктіріп алға құлшындыратын жан күйіміздің тұңғиықтағы
аңсар-мұқтаждары ғана!
- Ром! Ром! - деп айқайлап жіберді Ахав.
Аспаздың қолынан ернеуіне дейін шүпілдей толған күбішені алған
ол гарпуншыларға бұрылып, гарпундарын жалаңаштауға бұйырды.
Сосын, олардың үшеуін де өзінің қарсысына, зəкір қақпасының алдына
қолдарындағы гарпундарымен сапқа тұрғызып қойды, бұл шақта
шанышқыларын ұстаған үш көмекшісі оның қасына келіп тұрған, ал
қалған команда бұларды құрсаулай қоршап алды, капитан Ахав бір сəт
өз бағыныштыларының жүздерін үнсіз шолды. Оның көзіне түйіскен
жанарлар тап қазір күллі үйірдің алдында - өкінішке орай, үндістер
жасырған торға түсу үшін тағы бұқаның ізімен лап қоятын көсеміне
қадалған койот қасқырлардың қызыл қарашықтарындай, жабайы
отпен алаулап жанды.
- Іш те көршіңе бер! - деп айқай салды Ахав, сары ыдысты тақаудағы
матросқа беріп жатып. Барша команда ішсін. Шеңбермен жібер,
шеңбермен! Жылдамырақ ұрттап ал, тек жұтуға асықпа; əйтпесе,
сайтанның тұяғы сияқты, күйдіріп жібереді. Міне, осылай! Шеңбермен
ішіліп жатыр - тамаша! Бұл сендердің иіріміңе сумаңдап құтылады,
сосын қосарланып, көздерінше сығалайды. Тамаша, міне, түбі де
көрініп қалды. Сапаяқ ана жаққа кетіп еді, мына жақтан қайтып
оралды. Қане, оны маған берші, босап қапты, түге! Матростар, сендер
аумаған тостаған толы өмірді тып-типыл етіп жүтып қойдыңдар.
Аспаз, толтыр күбішені!
Енді тік тұрыңдар, жүрек жұтқан ерлерім! Мен сендерді мұнда бəкір
қақпасының алдына жинадым сендер, көмекшілер, өздеріңнің
найзаларыңмен менің қасымда тұрыңдар ал гарпуншылар өз
гарпундарымен ана жерде тұрсын;ал сендер, сайыпқыран теңізшілер,
мені қаумалап қоршаңдар, сөйтіп, мен ата-бабаларымның,
балықшылардың қасиетті дəстүрін тірілтейін. Əлеумет! Мен сендерге...
охо! Күбіше тағы қайтып келді ме? Жалған теңге де бұдан шапшаң
қайтып оралмас. Оны бері əкеліңдер. Мен мұны қайта толтырып,
шеңбермен жіберер едім, бірақ мен əулие Винттің жандайшабы
емеспін. Аулақ, жылымды дырду! Бері келіңдер, көмекшілерім! Менің
алдымда шанышқыларыңды айқастырыңдар. Міне, былай! Қане,
белдікке қолымды тигізейін, осыны айтып, ол қолын созды да, жалтжұлт еткен біркелкі үш шанышқыны айқасқан кіндігінен қапсыра
ұстап, кенет оны өзіне қарай қатты жұлқып қалды, өстіп, қанталаған
көздерін Старбектен Стаббқа, Стаббтан Фласкқа аударды. Ғаламат ішкі
серпінімен ол оларға Лейден банкісінде қорланған өзінің магниттей
тартымды өмірінің отты құштарлығын беруге тырысқандай болып
көрінді. Үш көмекші оның ұзақ қадалған, түсініп болмас тылсым
көзқарасына шыдамады. Стабб пен Фласк көздерін тайдырып əкетті,
адал Старбек төмен қарады.
- Бəрі бекер! - деп саңқ етті Ахав. Бірақ, бəлкім, осының өзі жақсылық
болар. Мүмкін, сендер күндердің күнінде толық қуаттылық алсаңдар,
сонда менің кеудемдегі магниттік қасиетім зым - зия жоғалар еді. Ол
сендерді өлімші етіп жайрата соғуы да мүмкін. Оған мұқтаж
болмауларың да мүмкін. Шанышқыларыңды төмен түсіріңдер! Ал енді,
көмекшілерім, мен сендерді өзімнің үш мəжуси туысқаныма, мына үш
аса асылзада, асылтекті мырзаларға - менің ер жүрек
гарпуншыларыма шарап құюшы етіп тағайындаймын. Сендер бұл
тағайындаудан жиренесіңдер ме? Ал ұлы папа құмыраның орнына
өзінің тəж-тиарасын пайдаланып, мүсəпірлердің аяғын қайтіп жуады?
О, менің құрметті кардиналдарым! Сол дəрежеге ізетті түрде сендердің
өздерің түсесіңдер. Мен сендерге бұйырмаймын - мұны сендер өз
ықтиярларыңмен істеңдер. Ей, гарпуншылар! Балақ бауларын шауып,
саптарын ұшынан ажыратып алыңдар.
Бұйрыққа үнсіз мойынсұнған гарпуншылар саптарды ажыратып, өз
гарпундарының үш футтық металл ұстараларын, ұштарын көкке
өрлете, жоғары көтерді.
- Ей, сендер бүйтіп мені шаншып тастайсыңдар. Төмен қаратыңдар,
ұштарын төмен қаратыңдар! Тостағандар пайда болатындай
қылыңдар! Қоныштары көкке қарасын. Міне, солай. Енді сендер, шарап
құюшылар, жақындаңдар. Аналардың қолынан мына тостағандарды
алыңдар; мен толтырып болғанша ұстап тұрыңдар! Сөйтіп, бірінен
екіншісіне баяу жылжып, ол төмен қаратылған гарпундардың
қоныштарын үлкен саптыаяқтағы отты зəмзəммен ернеулете
толтырды. Ал енді сен алтауың бір-біріңе қарама-қарсы тұрыңдар.
Ажал тостағандарын алмасыңдар! Андағыларды қабыл алыңдар бүгіннен бастап сендер мызғымас одаққа біріктіңдер. Иə, немене
Старбек? Іс бітті! Күн бұл одаққа өзінің іңір шапағының шапағатын
жаудыруға əзір. Ішіңдер, гарпуншылар! Вельботтың ажалға айдаған
тұмсығынан орын алған сендер ішіңдер! Ішіңдер де ант етіңдер: "Моби
Дикке өлім келсін! Егер Моби Дикті қуып жетіп, ажал құштырмасақ,
бізді Құдайдың қаһары ұрсын!"
Гарпуншылар кертік шанышқылы, ұзын болат тостағандарын
көтерді сөйтіп, Ақ Китке айқайлай қарғыс жаудырып, оларын
қарқылдай тұрып қағып салды. Старбектің жүзі қуқыл тартып, селк ете
түсіп, теріс бұрылды. Ессіз тобырдың ішінде жəне қайталанып,
шүпілдей толған күбіше ақырғы рет шеңбермен айналып кетті, сосын
Ахав бос қолын сермеді, барлығы тарап, капитан каютасына түсті.
XXXVII тарау
КҮН БАТТЫ
(Каютада құйрық жақтағы шыны терезенің алдында Ахав сыртқа
қарап отыр.)
- Мен қайда жүзсем де кемемнің құйрығының соңынан бұлыңғыр,
лайсаң із қалады, барлық жерде - бозарған толқындар, суалған жақтар.
Менің ізімді жауып тастауға асығып, қос қапталдан күншіл толқын
жалдары көтерілед, мейлі-ау, бірақ əуелі мен өтіп кетейін.
Алыстағы анау жақта, мəңгі-бақи шарап толы тостағанның шетінде
жылы толқындар алқызыл тартып шырайланады. Алтын маңдай
көгілжім нұрға батады. Сүңгуір күн шаңқай түстің биігінен баяу сүңгіп,
төменірек түседі, бірақ үздіксіз өрде қалжырағанына қарамай, менің
жаным барған сайын биікке өрлей береді. Несі бар, олай болса, мен
киіп жүрген тəж, мына Ломбардтық темір тəж ол жетпестей аса ауыр
шығар? Ол өзі қисапсыз қымбатты асыл тастармен жалт-жұлт етеді
емес пе, соны киіп жүрген маған оның жарқыратып шашқан нұры
көрінбейді; мен тек оның өз басымдағы көз қарықтырар қуатын тым
көмескі сезінемін. Ол алтын емес, темір - онысын білемін. Ол жарылған
-мұнысын сеземін кертік жиектері шекені қысады, солқ-солқ еткен ми
қатты металға соғылады о, о, айтпақшы, менің бас сүйегім берік
болаттан жасалған, тіпті, ең жойқын айқаста да маған дулыға керек
емес!
Маңдайымды құрғақ ыстық буды. Таңның атуы игілікті істерге
шақырып, күннің батуы көңілді жайландырған шақтар болып еді ғой.
Енді олай емес. Аспанның мына жарық сəулесі маған арналмаған.
Əсемдік маған тек қасірет шектіреді, менің пешенеме оған қуануды
жазбаған.
Кемел зерде сыйға тартылған мен пəни қуанышына қабілетсізбін,
аса жырынды, азапты қарғыспен қарғалғанмын, жаннат саясында
қарғалғанмын! Қайтейін, қайырлы түн, қайырлы түн! (Ол қолын
бұлғап, əйнекті терезеден əрі кетті.)
Бұл оншалықты қиын да емес еді. Тым құрыса біреуі бірбеткей
болар деп ойлағам жоқ -менің кертікті шеңберім барлық доңғалақтарға
дəл келді, барлығын да зыр айналдырды. Немесе былай деп айтуға
болар: олар құдды бір менің алдымда тұрған оқ - дəрі үйінділері, ал мен
олар үшін - сіреңкемін! Өкініштісі сол, басқаларды жалындату
жолында сіреңкенің өзі де жанып кетеді! Мен тілеген нəрсеме бекіндім,
ал мен не тілесем, соған жетпей қоймаймын! Олар мені есалаң деп
есептейді - мысалы, Старбек; бірақ мен жай ғана есалаң емеспін, мен
жын соққан делқұлымын, мен жын ұрып есалаңданған ессіздіктің
өзімін. Тек өзін ғана саламатты зердемен ұғынатын дүлей ессіздік!
Маған кемтар боп қаласың деп көріпкелдік жасалған, міне, мен аяқсызбын. Енді мен өзім мені кемтар еткеннің өзі менен аяусыз зақым
алады деп сəуегейлік айтамын. Сəуегей сəуегейлігін өзі орындасын.
Бұған сендер, ұлы құдайлар, ешқашан қабілетті болған емессіңдер.
Крекет ойыншылары, жұдырық сайыскерлері, саңырау Бэркилер мен
соқыр боп қалған Бендиголар, мен сендерді ысқырып əжуалаймын!
Мен сендерге кішкентай мектеп оқушылары ересек сотқарларға
айтатындай: "Бойы өзіңе сай қарсылас ал, кішкентайға неғып
соқтығасың?" -деп айтпаймын. Уа, жоқ, сендер мені аяқтан қағып
оңдырмай құлаттыңдар, тек мен қайтадан атып тұрдым; бірақ сендер
ше, сендер қашып кетіп, тығылып қалдыңдар. Тығылған жерлеріңнен
шығыңдар, қанеки! Сендерді тау боп үйілген мақталы қапшықтардың
сыртынан тым-тырақай ететін менің үлкен зеңбірегім жоқ. Бері
шығыңдар, Ахав сендергс өз сəлемін жолдайды! Мені алған бетімнен
тайдыра аласыңдар ма, сонда көреміз. Мені алған бетімнен тайдыру
ма? Бұған сендердің шамаларың жетпейді, дұрысында, жолдан өздерің
таясыңдар; адамның артықшылығы, міне, осында. Мені алған бетімнен
тайдыру ма? Менің жалғыз мақсатымның жолы болат таспалармен
тартылған, жанымның доңғалақтары солардың бойымен зырлайды.
Түпсіз шыңыраулардың үстімен, ұңғыланған тау жүрегінің арасымен,
жүйрік тасқын арнасының астымен мен алға заулаймын! Менің темір
жолымда ешбір бөгесін де, бұрылыс та жоқ!
XXXVIII тарау
ЫМЫРТ
(Старбек арқасымен грот-мачтаға сүйеніп тұр.)
- Менің жанымды жаулап алды, жаныштап жер қылды жəне де
осыны істеген кім? Есалаң! Қорлыққа қайтіп төзбек керек? Сергек ақыл
бұл шайқаста тізе бүгуге тиісті болды! Ол менің күллі ақыл-есімді
терең ұңғып, алжастырып тастады. Мен оның абыройсыз ақырын
көріп тұрған сияқтымын; бірақ оның сол ақырына жетуге жəрдемдесу
парызы маған жүктелгендей. Қаласам да, қаламасам да, мен енді
онымен құпия дəнекерлер арқылы матасып-шатасып қалдым; ол мені
сүйреткіге салып келеді, арқанды кесіп жіберетіндей пышақ менде
жоқ. Ғаламат шал! "Маған үстемдік ететін кім?" - деп айқайлайды ол иə,
бұл өзінен жоғарыдағылардың бəрімен демократ болады бірақ оның өз
бағыныштыларына қандай озбыр екендігіне қарасаңызшы! О, менің
мұндағы сорлы сықпытым өзіме айдан-анық бүлік жасай тұрып,
бағыну, ол аз болса, мүсіркей тұрып, жек көру. Өйткені, мен оның
көздерінен бүкіл жанымды өртеп жіберерлік қатерлі қасірет
ұшқындарын көремін. Ау, үміт əлі де үзілген жоқ қой. Уақыт көп, ал
уақыт небір кереметтерді жасайды. Алтын балықтардың шыны шарда
жүзіп жүретіні сияқты, оның өштескен киті күллі планетаны шарлап
жүзіп жүр. Мүмкін, Құдайдың құдіретімен бүл қасиет - киеден аттаған
жоспардың əлі күлі көкке ұшатын да шығар. Рухым еңсені басқан
қорғасын зілден құтылса, мен де дүр сілкінер едім. Ішімдегі бұрауым
таусылды, зіл-жүрегім төмен түсті, оны қайтадан көтерерлік кілтім де
жоқ. (Бақ жақтан көңілді шу естіледі.)
Уа, Құдайым! Өздерінің пəнилік аналарынан адамдық сыр- сипатты
қабылдап алмаған дерлік мынадай жабайылар командасымен жүзу
деген. Қатыгез теңіз жылымы туғызған сұмырайлар! Ақ Кит
аналардың ар-имансыз пұты. Охо, қалай-қалай құтырмады өздері! Ана
тұмсық жақта неткен жын-ойнақ, ал құйрықта жым-жырт тыныштық!
Өмірдің өзі де осындай шығар деп ойлаймын. Жалтыраған теңіз
бетінде кеменің шаттана думандатқан көңілді кертік тұмсығы алға
заулайды, тек оның жалғыз мақсаты көбіктенген жансыз іздің үстінде
тулаған жəне құдды қасқыр үйіріндей толқындардың гүрілі қуалаған
құйрықтағы өз каютасында түнеріп отырған Ахавты діттеген жеріне
жеткізу! Солардың ұзақтан ұзақ ұлуы менің жүрегімді жұлмалайды.
Жетер енді, сауықшылдар, барлығың да орындарыңа барыңдар! Уа,
өмір! Жан дүнием өзін жабайы да тұрпайы құбылыстар нəрлендірген
білімнен құлазып, қаңыраған сағатта, міне, сондай сағатта - уа, өмір! мен ендегі қазыналы сұмдықты сезіне бастадым! Бірақ ол маған жат,
ол сұмдық менен тысқары! Мен адаммын, мен əлсізбін, бірақ мен
сенімен тайталасудан тайсалмаймын -қатал сүлделі елестетемін!
Қолтығымнан демеп, қолдаңдар мені, белбеуімді буыңдар, уа,
мархаматты ықпалдар!
XXXIX тарау
ТҮНГІ КЕЗЕК
(Стабб фор-марста арқан саумалап отыр; ішінен айтады.)
- Ха! Ха! Ха! Ха! Хм! Немене, даусым қарлығып қалған ба? Үнемі осы
жайында ойлап жүргем, енді міне, ха-ха-ха - осыған байланысты айта
алатыным тек осы. Ə, неге бұлай? Себебі сол, күлкі - бұл дүниедегі
түсініксіз атаулыға берілетін ең ұтқыр һəм ең оңай жауап; жəне де не
болса о болсын, əйтеуір, жұбанышың жаныңда қалады, бір ғана көңіл
жайландырар жұбаныш іс бітті, қу кетті. Оның Старбекке не айтқанын
жөнді ести алмадым, бірақ, өзімнің топырыш пайымымша, Старбектің
жағдайы да менің бүгін кештегімнен мəз емес шығар. Əлбетте, қарт
Моғолдың оны да қайыстай илегені айдан анық. Ал енді осылай
боларын мен білдім ғой, көрдім ғой маған бір түрлі аян берілгендей
болды, сондықтан, сəуегейлік айтсам да жарап жатыр екен оның бас
сүйегі қандай екенін көре салысымен бəрін де түсіне қойдым. Ал,
немене, Стабб, ақылдым Стабб - бұл маған тағылған атақ - қане, содан
не таптың, Стабб? Жалпы алғанда, мəн-жай түсінікті. Мұның бəрі
немен аяқталары маған бұлыңғыр, бірақ неде болса, мен күйреуге
қарсы күліп бара жатырмын. Қарай қалсаң, мына болашақ
сұмдықтардың бəрі неткен күлкілі еді десеңізші! Құдай-ақы, шек
сілеңді қатырады. Тра-лə-лə! Ха-ха-ха! Қазір менің үйдегі албыраған
алма шырайлым неғып жатыр екен? Жылай-жылай көз жасын
тауысты ма екен? Əлде, жүзу сапарынан оралған гарпуншыларды
шараппен сыйлап, сенің желкеніңнің желмен желбірегеніне шаттана
ма екен? Міне, мен де шатпын - тра-лə-лə! Ха-ха-ха!
Уа!..
Көпіршігі қалқып шығып жарылған, Бірер жұтым шараптайын
қағынған, Махаббаттың шаттығы үшін ұшпалы, Кел, менімен,
жайдарман жан, іш кəні.
Əдемі шумақ! Анда мені шақырып жатқан кім? Мистер Старбек пе?
Құп болады, сэр! (Басқа жаққа.) Ол менің бастығым, бірақ
жаңылыспасам, оның да үстінен қарайтын біреу бар сияқты. Келе
жатырмын, сэр, тек қазір тағы бір тартыңқырап жіберейін міне болды,
келе жатырмын, сэр!
XL тарау
БАҚТАҒЫ ТҮНЖАРЫМ
Гарпуншылар мен матростар. (Шымылдық көтеріледі де, енді тунгі
кезек алақандағыдай көрінеді – бақтағы адамдар нені түрлі
қалыптарда түрегеліп тұр, отыр, жатыр бəрі қосыла əндетеді).
Қош бол, ару испанкалар! Қош, испанка, мəңгілікке! Капитанның
бұйрығымен...
Нантакеттік 1-матрос. Ей, жігіттер, уайымға батырып жібердіңдер
ғой? Тек асқазанға зиян жасайсыңдар. Қанеки, сергектік үшін қостап
жіберіңдер! (Əнді бастайды, бұған бəрі қосылады).
Шканцыдан бір капитан Дүрбі салып қарайды. Теңізде кит бұрқақ
атқан - Тағдыр біздің талайлы! Түсір тездеп қайықтарды, Ер жігіттер,
есіңдер!
Падишасын мұхиттардың Олжалайық десеңдер! Көңілдірек,
жігіттер! Жаңғырықсын жер-жаһан! Біздің батыр гарпуншы Китті
шаншып жайратқан!
Шканцы дағы аға көмекшінің даусы. Ей, бақтағылар! Сегіз склянка
соғыңдар!
Нантакеттік 2-матрос. Үндеріңді өшіріңдер, əй! Сегіз шиша; естідің
бе, балақан? Əй, Пип, өзіңнің, қоңырауыңды сегіз рет соқ, қара қожалақ!
Ал мен барып кезекке шығатындарды тұрғызайын. Мұндай шаруаға
менің жұтқыншағым күшті дəл келеді. Барқ ете түссем -зеңбірегіңнен
кем емес! Қане! Қане! (Басын қақпаққа соғады). Бірінші кезек! Ахау,
жігіттер! Сегіз склянка соғылды! Қане, тұрыңдар!
Голландық матрос. Аналардың бүгін ұйқыны соғуын - ай, достым.
Мұның бəрі қарт Моғолдың шарабынан, өзім солай деп есептеймін. Ол
біреулерді сеспей қатырады, екіншілсрін қыздырады. Біз, міне, əн
айтсақ, олар түк сезбей ұйықтап жатыр! Дөңбектердей дөңкиіп
жатыстарын! Қане, бұларды тағы бір жарылқап қойсаңшы! Міне, саған
өрт сөндіргіш сұрап - осыған аузыңды тақап айқайла. Олар түсінде
сұлуларды көріп жатыр, солардан айырылғысы келмейді. Тірілетін
уақыт жетті деп айқайла; акырғы рет бір сүйіссін де, Ақирет сотына
келсін. Қа-не, қа-не! Мəссаған, барқ ете түсті деп осыны айт! Иə-иə,
өңешің аметердам майымен бүлінбегені көрініп тұр.
Француз матросы. Не білесіңдер, жігіттер? Қанеки, зəкірімізді Төсек
Айлағына тастамас бұрын джигу билеп алайық та. Келісесіңдер ме? Ə,
міне, жаңа кезек те келді. Бəрін де сапқа тұрыңдар! Пип! Балақан! Əкел
бері дабылыңды!
П и п (наразы əрі ұйқылы-ояу). Соның қайда екенін де білмеймін.
Француз матросы. Ендеше, өзіңнің қарныңды соққылап, құлағыңды
жалпылдат! Билеп жіберейік, бауырлар! Құмардан шыққанша
думандатайықшы! Алақай! Сайтан алғыр, бізбен билегісі келмейтін кім
өзі. Қанеки, жігіттер, қаз-қатар тұр да, сарт- сұрт секіре бер! Аяқты
жоғарырақ ал! Қимылда!
Исландық матрос. Туысқан, маған мұндай еден жарамайды;
шарасыздан билеп жүрмін. Көңіліңді суытсам, сен енді мені кешірерсің,
тек мен мұз үстінде билеуге үйренгем.
Мальталық матрос. Туысқан, мені де қинама. Қыздарсыз неғылған
би? Тек топырыш топас қана оң қолымен өзінің сол қолын қысып,
"Сəлеметсіз бе" дейді. Жоқ, маған қыз əкел Сицилиялық матрос. Мінеміне. Қыз əкел! Жəне де көгал болсын онда мен, мейлі, таң атқанша
шегірткедей секірер едім.
Жонг-Айлендтік матрос. Жарайды, жарайды, кірпияздар, сендерсізақ бірдеңе қылармыз. Орайы келген жерден ора бер деймін мен. Қазір
біз аяқтарымызбен мол ырыздық жинаймыз. Е, міне, музыка. Ал,
бастадық!
Азор аралдарынан келген матрос (қолына дабыл ұстап люктен
көрінеді). Ұсташы, Пип. Зəкір-қақпадан көрген жақсылығымыз мінеки.
Мына жерге келсеңші! Ал, жігіттер, кеттік!
Олардын жартысы дабылға қосылып биледі; кейбіреулері кубрикке
түсті; басқалары палубада құрал-саймандардың арасында сұлап
жатыр; қайсы біреулері ұйқыға кеткен. Тұздықты балағат естіледі.
(Билеп жүріп). Қане-қане, Пип! Қаттырақ соқ, балақан! Алақайлап ұр,
аяма, соқ! От шашырат! Күллі қоңыраушалар шашылып қалғанша соқ!
Пип. Олар онсыз да шашылып жатыр. Міне, біреуі тағы үзіліп түсті осынша қатты ұруға бола ма?
Қытайлық матрос. Олай болса, тісіңді сақылдатып, қаттырақ қақ.
Будда ғибадатханасына айналсаңшы, Пип!
Француз матросы. Сайтандай құтыр! Қане, шеңберіңді көтерші, Пип,
мен одан секіріп өтейін. Əй, қақырасын күллі желкендер! Жырт! Өрте!
Тэштиго (жайымен темекі тартады). Осыны ақ адамдар көңіл көтеру
деп атайды. Хм! Өз басым терімді текке төкпеймін.
Мен аралынан келген егде матрос. Мына көңілді жігіттер осы арада
билеп естері шығуда, ал солар өздерінің өкшелерінің астында нелер
жатқанын ойлай ма екен? "Мен əлі сенің молаңның үстінде билермін" - кейде
көше қиылысында түнгі желмен тайталасып тұрған қаңғыма
хайуанның соңымыздан осылай деп айқайлап айбат шеккенінен
қорқынышты не бар! Құдайым-ай! Көгерген су асты флотипиясы
жайында, балдырларға шырматылған үйме-жүйме бас сүйектер
жайында ойлау да бір қасірет! Несін айтасыз?! Сірə, оқымысты адамдар
айтатындай, бүтін əлем - би мерекесі шығар ендеше, расында да
барлығы билеуі керек. Билеңдер, əзір жас кездеріңде билеңдер,
жігіттер. Бір кездерде мен де жас болғам.
Нантакеттік 3-ші матрос. Уф, тыныс алайықшы! Бұл өзі желкемді
күні киттің соңынан ескек есуден де ауыр ғой деймін. Темекіңнен
сорайыншы, Тэштиго.
Олар билеуді қойып, топ-топ болып жиналып тұрады. Бұл шақта
аспан түнерді жел күшейді.
Үнділік матрос. О, Брама! Сірə, қазір бізге желкендерді жинауға
бұйыратын шығар, жігіттер. Желге айналған, аспан құдіретімен
жаратылған, арнасы толық Ганг! Сен бізге өзіңнің қап-қара маңайыңды
көрсеттің, о, Шива!
Мальталық матрос (палубада жантайып жатып, кеңжиек қалпағын
бұлғап). Қараңдар, енді ақ тақиялы толқындар да оған билеуге кірісті.
Қазір құйғытып шаба жөнеледі. Егер бар ғой, толқын біткен əйел боп
кетсе, менің қуанышымда шек болмай, біз олармен қосылып ап,
құмарымыз қанғанша билер едік. Би кезінде алқынған биік төстердің
бұлтылдай жылт еткенінен, албырай піскен мəуелерді айқасқан
қолдардың жасырғанынан артық бұл дүниеде не бар, тіпті, пейіш
рақатының өзі соған теңдесе ме!
Сицилиялық матрос (шынтақтап жатып). Уай, маған бұл жайында
айтпашы! Есіңде ме, а? Аяқ пен қолдар қалқып жүріп айқасады,
бейімделе тербетіледі, ұяла дірілдейді! Ерінге ерін, жүрекке жүрек,
бөксеге бөксе! Қорек жеткілікті-ақ қас қағымдық жанасым, бірақ татып
алуға болмайды, əйтсе, қызығы таусылып қалмақ. Рас па, мəжуси?
(Ананы шынтағыменен түртеді).
Таитилық матрос (төсеніште жатып). Біздің биші арулардың
қасиетті жалаңаш тəніне шапағатты нұр жаусын! Хива- Хива! Уа,
тұманды жайма жамылған, биік пальмалар таралып өскен Таити! Міне,
тап қазір де төсенішіңде тыныстап жатырмын, бірақ астымда сенің
торқадай топырағың сезілмейді. Уа, төсеніш, өзіңді орманда қалай
өргенін көргем. Мен орманнан алып келген сол бір күні сен əлі балғын
көк едің енді өңің солып, сарғыш тартып қалыпсың. Екеуміздің
сорымыз неткен қалың! Сен де, мен де мұндай өзгерісті көтере
алмаймыз! Аспанға ұшып кеткенімізде халымыз қандай болар екен?
Ойпырмай, не естіп жатырмын? Пирохити биігінен жартастарға сел
боп ақтарылып, қоныстарды басқан жойқын тасқындар осылай
гүрілдейтін еді! Міне, солай өршелене жөнелді! Желге қарсы бар
бойымызбен өре тұрайық! (Орнынан атып тұрады.)
Португал матрос. Толқындар жақтауды қандай тегеурінмен
соққылайды! Дайындалыңдар, жігіттер, қазір су асты тауларын
аламыз! Желдер жай семсерлесіп қана қойған, енді, міне, нағыз
шайқастың өзі басталады.
Дат матросы. Сықырла, шықырла, қаусаған кəрі науа! Əзір сықырлап
тұрғанда сен тірісің. Бəрекелді! Аға көмекші сені дұрыс бағыттады.
Оның қорқынышы Балтикаға қарсы дауылдар тынымсыз осқылаған
аузында теңіз тұзы қақталып қалған зеңбіректермен соғысу үшін
Каттегаттың алдынан тұрғызылған каналдан бір мысқал артық болған
жоқ!
Нантакеттік 4-матрос. Иə, бұйрықты орындайтын тек сол ғой. Мен
оны қарт Ахавтың ылғи - судың тажал құйынын зеңбіректен атқылаған
тəрізді - қатты желді кесуге, кемемен дауылдың қақ жүрегінен қадала
соғуға үйреткенін естігем!
Ағылшын матросы. Міне, мұны мен түсінемін! Иə, біздің шалымыз мықты жігіт. Ана китті біз оған ұстап береміз!
Бəрі. Дұрыс! Дұрыс!
Мэн аралынан келген егде матрос. Oh, біздің үш қарағайымыз қалай
қалтырайды! Қарағайдың бөтен топырақта басқа ағашқа қарағанда
бауыр басып кетуі қиындау, ал біздің мұндағы топырағымыз тек
опасыз матрос тəні ғана - өткінші тоңғақ өмір. Опасыз дүние жалған.
Əй, жүргізуші! Тұтқаны берік ұста! Күн райы бүйтіп бұзылған шақта
қайсар жүректер қарс айырылады һəм теңіздерде өткір тұмсықты
кемелер жаңғақтай шағылады. Қарай қалыңдар, жігіттер, біздің
капитанымыздың қалы бар екен, ана жақта, аспанда да тап осындай
тұр əне, əне, бозамық суға төгеді, ал айналасы көзге түртсе көргісіз қапқара түнек.
Дэггу. Оны неғыл дейсің? Кімде-кім қарадан қорықса, сол менен
қорқады! Мен өзім тұтас қара кесектен қашалғанмын!
Испандық матрос (басқа жаққа). Ол тағы да өзінің жойқын күшімен
мақтанып тұр. Мұнда менің ескі ренішім жүрегімді тырналайды.
(Дэггуге жақып келеді). Дұрысты дұрыс деуіміз керек, гарпуншы, сенің
нəсілің адам затындағы қара таңба, сөзімді көңіліңе алма, ібілістен де
қап-қара.
Дэггу (қаһарлана). Мені ренжіте алмайсың.
Сантьяголық матрос. Испандық мастықтан алжасып қапты. Тек
қайдан ғана десеңші? Демек, оның басындағы біздің қарт Моғолдың
сұйық жалыны əлі тарқамаған ғой.
Нантакеттік 5-матрос. Бірдеңе жарқ ете түсті? Найзағай болар?
Испандық матрос. Жоға, ол тісін ақситқан Дэггу ғой.
Дэггу (оған тұра ұмтылады). Саған қазір өзіңнің күллі тістеріңді
жұтқызып жіберермін, тəпелтек! Ақ тері - бозарған дəрменсіздік!
Испандық матрос (қайтпай). Уа, мен саған пышақты қалай
рақаттанып сұғам десеңші! Серейген су жүрек неме!
Бəрі. Төбелесіп жатыр! Төбелесіп жатыр!
Тэштиго (түтін будақтатып). Төменде де төбелес, жоғарыда да
төбелес, ана жақта құдайлар, мұнда адамдар, аналар да, мыналар да
шуласқанды жақсы көреді! Ойпырмай!
Белфаст ық матрос. Төбелес! Алақай! Əулие Перизат, төбелес! Ұр
оны!
Aғылшын матросы. Ереже сақталсын! Испандықтың пышағын
тартып алыңдар! Шеңберге, шеңберге тұрыңдар!
Мэн аралынан келген егде матрос. Бұйрық бойынша айнала қоршап
тұрыңдар. Мінеки, көкжиектің шеңбері! Осы шеңберде Кəбіл Əбілді
жайратқан. Тамаша жұмыс, дұрыс жұмыс! Ал егер олай болмаса, уа,
Құдайым, сен мына шеңберді не үшін жараттың?
Шканцыдағы аға көмекшінің даусы. Кезекшілер, темір арқандарға!
Желкеннің жоғарғы бөліктері мен жақтаушаларын жиып тастаңдар!
Марсельдердің желкенбау тесіктерін алыңдар!
Барлығы. Дауыл! Дауыл келе жатыр! Шапшаңырақ, сымбаттылар!
(Жан-жаққа жүгіріп кетеді).
Пип (қорыққаннан зəкір қақпасының астына тығылып).
Сымбаттылар? Сымбаттылар жақсы-ау, Құдай сақтай көр! Тарс- гүрс тұмсықтағы қиық желкен дар айырылды. Арсы-гүрсі! Құдайым-ай!
Тереңірек тығыл, Пип, бұл дегенің діңгектегі көлденең бөренені түсіріп
жатыр. Мұнда ормандағы Жаңа жыл қарсаңындағы дауыл кезіндегіден
де қорқыныштырақ. Мұнда каштандарға өрмелеуге əсте батылың
жетер ме? Аналар, əне, өрмелеп, дүниеде түк қалдырмай сыбап,
балағаттап жатыр, менің мына жерде бүрісіп отырысым мынау. Оларға
жақсы-ақ, олар аспанның жарты жолына жетіп қалды. Мықталып
ұстан! Қарай гөр! Дауыл деп осыны айт! Бірақ мына адамдар, олар
бұдан да қорқынышты - ақбас тау толқындардан да жаман. Ақжал
толқындар. Ақ Кит - менен аулақ, аулақ! Мұнда олардың осы жақында
ғана, бүгін кешке Ақ Кит жайында айтып отырған əңгімелеріне құлақ
салып едім, аулақ, менен аулақ! - енді, міне, дабылымнан орман, өне
бойым дірілдеп қалш-қалш етеді. Ана кəрі қақпас, жауыз сұржылан
бəрін өз жағына шығарып, ант беруге мəжбүр етті. О, қараңғы көктің
бір қиырындағы үлкен ақ Құдай, мына төмендегі кішкентай қара
балаға рақым ете көр, оны қорқуға дəті жетпейтін барлық ана
безбүйрек адамдардан құтқара көр!
XLI
МОБИ ДИК
Мен, Измаил, осы командада болдым жалпы дабыстың ішінде менің
де жылап-сықтаған зарларым аспанға самғап жатты менің
қарғыстарым басқалардың қарғыстарына қосылды ал мен бəрінен де
қаттырақ бақырдым, боқтық-балағатты оңды-солды сапырдым,
өйткені, менің жанымды үрей мазалады. Сырттан ұрланып кірген
құдіретті тылсым сезім өне бойымды билеп алды. Ахавтың сарқылмас
өшпенділігі маған дарыды. Мен де, барлығы да аяусыз кек алуға
серттескен қаныпезер құбыжық жайындағы əңгімелерді енді құныға
тыңдайтын болдық. Кашалоттарды қуалаған кит аулаушылар ғана
оқта-текте жүзіп кіретін елсіз суларда жападан жалғыз Ақ Киттің
арагідік көрініп қалып жүргеніне, міне, көп жылдың жүзі болды. Бірақ
олардың арасында да оның бар екенін бəрі бірдей білмеуші еді;
салыстырмалы түрде алғанда оны көрушілер аз-ақ, ал бұрын-соңды
онымен майдандасуға батылы жеткендердің саны мүлдем де айтуға
татымайды. Өйткені, кəсіпшілік кемелерінің басым көпшілігінің күллі
сулы аймақтарда ешбір рет тəртіпсіз шашырауы, бұлардың біразының
кей реттерде жыл он екі ай бойы бірде-бір желкен жолықпайтын жəне
бір де жаңалық ести алмайтын меңіреу ендіктерде өздерінің қауіпті
олжаларын қуалап жүруі; кит аулау сапарларының ересен ұзақтығы;
жүзіп кету мен қайтып келу мерзімдерінің белгісіздігі - басқа да
тікелей жəне жанама ықпалдармен қосылғанда осының бəрі кит
аулаушылар дүниесінде Моби Дик туралы анық əрі егжей-тегжейлі
мəліметтердің таралуын көптен бері қиындатып келді. Əлбетте, еш
күмəнсіз, осындай уақытта һəм осындай меридианда, орасан
зорлығымен жəне дүлей қаһарымен көзге түскен, өзіне
шабуылдағандарды бірсыпыра шығынға ұшыратып, ақыры олардан
құтылып кеткен кашалотпен өздерінің қақтығыстары хақында
жекелеген кемелер хабарлап отырды; солардың көпшілігі бұл кашалот
басқа ешкім емес, тек Моби Дик болуы əбден ықтимал деп есептеді.
Алайда, соңғы уақыттарда кашалот аулаушылар қуаланған киттер
тарапынан ғаламат қаныпезерлік, əккілік пен қаскөйлік коп орын
алғандығын атап айтып жүрген жағдайдың арқасында, Моби Дикпен
білмей айқасып қалғандардың көпшілігі мұндай қақтығыстардың күллі
сұмдығын осынау жеке жануардың есебіне емес, жалпы қашалоттарды
аулаудың қауіптілігі есебіне жатқызғанды артық көрді.
Ахав пен кит арасындағы қырғын қақтығыс туралы хикая əдетте нақ
осындай тұрғыдан баян етілетін.
Алғашында, Ақ Киттің жайын естіп алып, сосын оны шалғай
теңіздерде кездестірген кит аулаушылар міндетті түрде вельботтарын
түсіріп, кез келген басқа кашалоттан бір мысқал артық қорқыныш пен
қауіп ойламай, соңына түсіп қуып беретін. Бірақ мұндай аңшылықтан
туындаған сұмдық апаттар - тек білезік пен тобықтың шығуы, сүйектің
сынуы, қолдан немесе аяқтан айырылу ғана емес, - көп күйзеліс пен
өлімге душар еткен зор қауіп пен адамдардың бетін талай рет
қайтарған Моби Диктің жойқын тойтарысы, -осының бəрі жинақтала
келе оның үрейлі даңқын одан бетер өсіріп, ақыр соңында көптеген
жүрек жұтқан олжа қорлардың өжеттігін қобалжытып тынды.
Неше түрлі сұмдық сыбыстар Моби Дикпен қақтығыстар
жайындағы əңгімелерде болған ақиқатты тек əсерлеп, бөстіріп
отырды. Кез келген ғажайып һəм үрейлі оқиға əрдайым неше түрлі
адам сенбес сыбыстардың шығуына негіз болады ғой - жарылған ағаш
діңінде солайша болса мен қына өседі оның үстіне, егер тек ақиқат
өмірдің тым құрыса құйттай бір ілгешегі болса, бітті, теңізде ең
өрескел сыбыстар terra тайпадағыдан əлдеқайда мол ауқымда пайда
болады. Осы орайда құрлықтан теңіздің артықшылығы қаншалықты
көп болса, барлық басқа теңізшілерден кит аулаушылар да өз
əңгімелерінің жан түршігер ғаламаттығы мен нанып болмас өтіріктігі
жөнінде соншалықты асып түседі. Өйткені, кит аулаушыларға теңіз
саяхатшылары арасындағы əдепкі надандық пен ырымшылдық тон
ғана емес, - өйткені, басқа теңізшілерге Қарағанда, олар мұхиттағы
сұмдық һəм тылсым атаулының бəрімен жиіректе жақынырақ
ұшырасады, бетпе-бет келгенде ғаламат теңіз кереметтерін жай көріп
қана қоймай, олармен - тіске қарсы қолын жұмсап – қиян-кескі
шайқасқа түсуіне тура келеді. Мың мильді жүзіп өтіп, мың жағалау
артта қалғанда еш жерде ою - өрнекті камин плитасын немесе күн
астынан қонақжайлықтың басқа бір белгісін таппай, алыс теңіздерде
шарқ ұрып, қиын кəсібімен айналысуға тура келетін бойлықтар мен
ендіктерде кит аулаушы өзінің жан дүниесінде көптеген құдіретті
қиялдар туғызарлық ықпалдардың билігіне тап болады.
Міне, сондықтан да толқынды теңіз шалқарында домаланған қар
соқтасындай ұлғайып өсіп, Ақ Кит жайында асқынған сыбыстар
ақырында табиғаттан тыс күштердің қатысы туралы түрлі-түрлі керең
тұспалдармен һəм жартылай айтылған ишаралы жорамалдармен
қампая келе, осының бəрі Моби Дикке құбылыстың көрініп тұрған бір
ғана жағы туғыза алмайтын сондай ғаламат даңқ дарытқанына
таңдануға болмайды. Ең ақырында оның адамдарға үрей ұялатқаны
сонша, Ақ Китпен сырт əңгімелер арқылы болса да танысып
үлгергендердің ішінде енді бұл жануармен қақтығысу қаупін бастан
кешіруге батылы баратындар сирек кездесер еді.
Бірақ мұның бұдан басқа, неғұрлым маңыздырақ əрі ақиқат
себептері де бар болатын. Кит аулаушылар арасында барлық басқа
левиафандар ішіндегі қаныпезерлігімен ерекшеленетін қашалоттың
ежелгі даңқы əлі де ескірмеген. Гренландиялық, немесе нағыз китке
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.