Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 33

Total number of words is 4247
Total number of unique words is 2334
32.0 of words are in the 2000 most common words
45.0 of words are in the 5000 most common words
51.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
капитаны асқан кірпияз, тып-тыныш көпес кемесінің палубасында
тұрғаныңызға ант-су ішер едіңіз. Өңделмеген спермацетте сирек
кездесетін тазартқыш қасиет бар. Кит аулағыштың палубасында
ешқашан, бізде айтатындай, "май ісінен" кейінгідей аппақ
болмайтыны, міне, сондықтан. Бұған қоса, барлық қалдықтарды
өртегеннен кейін жиналған күлден еш қиындықсыз уытты сақар
дайындалады, сонда, егер кеме жақтауының бір жеріне киттің
бүйірінен шырыш жұғып қалар болса, оны осы сақардың көмегімен
тез-ақ кетіреді. Ал фальшборттарды матростар су шүберектермен
сүртіп өтіп, оларды бастапқы таза өңдеріне қайтарады. Төмендегі
құрал-жабдықтардағы ыс-күйені ысқылап тазартады. Қолданыста
болған неше түрлі құрал-саймандарды да жұнттай етіп тазартып,
жым-жылас қылып жинап қояды. Мұқияттап жуылған үлкен қақпақ екі
қазанды бірдей көзден тасалап, май шыжғырғыштың үстіне қайтадан
орнықтырылады; барлық күбілер жасырылған, арқандар шиыршықтап
оралып, жиналып алынған; бүкіл команданың бір уақытта тас-түйін
боп жұмыла біріккен күш-жігерінің арқасында бұл жауапты жұмыс та
тиянақталып қалған кезде адамдар енді өз тəндерін жуып-шаюға
кіріседі; сөйтіп, бастан-аяқ сыптай боп жаңадан киініп, ақыры, əсемпаз
Голландияның тап өзінен топ ете түскен күйеу жігіттердей-ақ,
айнадай жалтырап, аппақ қардай палубаға шығады.
Олар палубаның өн бойымен екеуден һəм үшеуден жайлап қана
əрлі-берлі жүріп, мейманжайлар, дивандар, кілемдер мен жұқа бəтес
маталар жайында көңілдене шүйіркелеседі - палубаға кілем төсеп
тастаса, қайтер екен немесе, бəлкім, құрал-жабдықтарға қалқашымылдықтар іліп қою керек болар; шіркін-ай бақтың шоланында ай
жарығымен шай ішіп қауқылдасып отырсақ та жаман болмас еді-ау
дегендей əңгімелер. Осынау хош иіске малынған теңізшілердің көзінше
теңіз хайуанының майы, сүйек-саяқ, тоңмай қорыту туралы еске алып
айту бері салғанда бетсіздік болар еді.
Бірақ мынаған қараңызшы: ана жақта, биікте, бүкіл үш мачтаның
ұшар бастарында алыстан киттерді қалт еткізбей бағып үш
шолғыншы тұр, егер бар ғой, соларды ұстап алса, ол киттер көне емен
жиһазды міндетті түрде тағы былғап, əйтеуір бір жерінде май дағын
қалдырады. Тап солай; əрі осы бір тірлік қалай жиі қайталанады
десеңізші, күн мен түнді шатыстыра, білектерін қанын шығара қажап,
тұп-тура таң ертеден қара кешке дейін ескен вельботтан, үздіксіз
тоқсан алты сағат дерлік созылған аса ауыр жұмыстан кейін кит
аулаушылар зілмауыр шынжырларды тасып, зілдей шығырды
аударып айналдыру үшін, шауып, кесіп, сонымен бірге тұла бойын тер
жауып, қосарланған отта - тропикалық аптап күн мен тропикалық май
шыжғырғышта тірідей қуырылып, пісірілу үшін палубаға қадам
басады, содан кейін олар кемені жуып, барлық жерде қапысыз
тазалықты қайтадан қалпына келтіріп үлгерулері мұң екен, байғұстар
көбіне-көп таза жейделерінің жағасын түймелеп жатып "Көкжиекте
бұрқақ!" деген бəз баяғы дабылды қайтадан естиді - сөйтіп, міне, олар
китпен айқасу үшін қайтадан жүзе жөнеледі, бəрі де қайтадан
басталады. Ау, достарым-ау, бұл дегеніңіз - кісі өлтіру емес пе! Иə,
əйткенмен де өмір солай. Өйткені, біз, пенделер, əбден діңкелеп, мына
дүниенің деңгезердей ұшасынан сонда болатын қымбат спермацеттің
азғантай мысқалын ғана шығарып алып, сосын өзімізді оның сұрқия
жамандығынан қалжыратар мұқияттылықпен тазартып болып,
осындағы жанның кəусар таза иірімдерінде өмір кешуге енді үйренген
кезде; осыны енді ғана атқарып болуымыз мұң екен, кенеттен "Көкжиекте бұрқақ!" - рухымыз биікке ағындап шапшиды, сөйтіп, біз
басқа дүниемен айқасуға қайтадан жүзіп жөнелеміз, сөйтіп, жас өмірдің
бəз баяғы жаттанды сарыны қайтадан басталады.
Уа, көңілдің құбылыстары! Күн сəулелі Грецияда екі мың жыл бұрын
жан тəсілім еткен, уа, Пифагор; өткен сапарда мен сенімен бірге Перу
жағалауын бойлап жүздім - сонда ақымақ басым, сені, аузынан ана сүті
кеппеген жас кещені жіптің ұшын түюге үйретіппін-ау!
ХСІХ тарау
ДУБЛОН'
Бұрынырақта бір жерде Ахавтың нактоуз бен грот-мачта
қастарында кілт бұрылып, шканцыдан ерсілі-қарсылы, əрлі-берлі жүру
əдеті болғаны жайында айтылып өткен-ді, бірақ тəптіштеуді талап
еткен көптеген басқа да егжей-тегжейлердің ішінде, кейде осындай
серуендер кезінде, жабырқау ойлар жан-жағынан бастырмалай
қаумалап алса, оның жолшыбай өз бағдарының осынау екі бірдей
шеткі нүктелерінде аялдама жасап, анда да, мында да өз алдындағы
белгілі бір затқа үңіле, көзінің сұғын қадап тұрып алатын дағдысы да
болатындығы аталмай қалған еді. Ол нактоуздың қасында кідірген
кезде өзінің жанарын бағыттайтын бұл зат құбыланаманың үшкір тілітін, оның көзқарасы ыстық ынтызарының сүңгісін құдды найзадай
сұққылайды; ол серуенін қайтадан жалғастырып, грот-мачтаға дейін
жетіп, соның алдында тоқтаған кезде, сол баяғы жайратқыш көз, бейне
бұғауланып тасталғандай, ағашқа қағылған алтын теңгеге қадалып
қатып қалады, сонда оның бет əлпеті, бəлкім, булыққан аңсарлы тілек
жəне, тіпті, əлдебір үміт аралас берік тəуекелді білдіріп тұратын-ды.
Бірақ бір күні таңертең, жолшыбай дублонның алдында аялдаған ол
көзін сонда таңбаланған суреттер мен жазуларға тоқтатып, бұл жолы
бірінші рет солардың құпия мағынасын өзінің байланып қалған
сандырақ ойымен байланыстыруға əрекеттенгендей болды. Барлық
заттарда да қандай да бір мағына бұғып жатыр ғой, əйтпесе
Дублон - Он тоғызыншы ғасырдың аяғына дейін соғылған көне
испандық
(сондайақ,
итальяндық,
швейцарлық
жəне
латынамерикандық) алтын теңге. - Аудармашы ескертпесі.
бүкіл осы заттардың құны көк тиын емес пе, біздің дөңгелек
дүниеміздің өзі де - түкке де тұрмайтын тақыр нөл һəм, Бостон
түбіндегі төбелер сияқты, арбаға артып, сатуға жөнелтуге жəне Құс
Жолының əйтеуір бір жеріндегі ми батпаққа төсеуге ғана жарамды.
Бұл дублон өн бойынан батыс пен шығысқа алтынды құмдарды
көктеп талай-талай Пактол ағып жатқан əсем төбелердің қақ төрінен
қазылып алынған аса таза төлтума алтыннан жасалған болатын. Енді
темір бұрандалардың таттары мен мыс сүре шегелердің қақтары
арасында қағылғанымен, сонда да болса, лас атаулыға жанаспайтын
аулақтағы осы арада ол өзінің экваторлық жарқылын сақтады. Өзін
мұнда ештеңені қасиет тұтпайтын адамдар қоршағанына, Құдайдың
қаһарын түйсінбейтін матростар қасынан əлсін-əлі өтіп жүргеніне
қарамастан; өмірдің өзіндей ұзақ түндерде оны жамылғысы дүниеден
кез келген ұрылық залымдықты жасырарлық қою қараңғылық
тұмшалағанына қарамастан, дегенмен де əрбір жаңа атқан таң
дублонды кеше батқан күн қалдырған орыннан тауып отырды.
Өйткені, бұл дублон ерекше еді, ол үрей ұшырарлық, өзгеше мақсатқа
бағыштылды; өзіндік матростық мəнердегі ең бұзық теңізшілер де бірі
қалмастан бұдан Ақ Киттің бойтұмарын көріп, қастерледі. Кейде түнгі
кезектегі көңілсіз сағаттарда олар өзара бұл жайында əңгіме қозғап, ол
кімге тиер екен деп жəне жаңа иесі оны жұмсай алатын күнге жетер ме
екен деп болжалдайтын.
Оңтүстік Американың бұл айбынды алтын теңгелері Күн
медальдарына немесе, тропика сұлулықтарын əйгілеп соғылған
дөңгелек төсбелгілерге ұқсайды. Мұнда пальмалар да, альпаға
ешкілері де, жанартаулар да бар; күн табақшылары мен жұлдыздар;
аспан əлемінің шеңберлері мен молшылық нышандары, əсем тулар –
бəрі де молынан қамтылып, асқан аста-төктікпен бедерленген;
солардың талғампаз, испандық əсемдікке малынған теңге
сарайларынан өткендіктен, қымбат алтынның өзі бұрынғысынан да
қымбаттап, көз қарықтыра жарқырай түсетін сияқты.
«пекодтың» дублоны дəл осындай бұйымдардың жарқын
үлгілерінің бірі еді. Оның дөңгеленген шетін мынадай əріптер
көмкерді: REPUB-LICA DEL ECUADOR, QUITO. Сонымен бұл теңгенің
Отаны əлемнің қақ кіндігінде, ұлы экватордың астында жайғасып,
соның атымен аталған; оны Андының əйтеуір бір жерінде, мəңгілік
жасыл жаз елінде құйған. Бұл жазудың жиектемесінен əлдебір үш тау
шыңының сұлбасын көруге болады; олардың біреуінен жалын
атқылады, екіншісінде мұнара асқақтады, үшіншісінде əтеш шақырып
жатты, бұлардың үстінен иіліп, əдепкідегідей тылсымға толы
суреттерімен Зодиак белгілері қоршап тұрды. Ал негізгі желі – Күн
болса, Таразының астындағы тура күн мен түн теңесуінің нүктесіне
кірген.
Осы экваторлық теңгенің алдында енді, бұл арада да көлденең
көздерден құтылып кете алмаған Ахав тұрды.
- Тау шыңдарында, мұнараларда да, басқа да барлық ұлы һəм асқақ
заттарда да бір бұлжымас өзімшілдік бірдеңе бар; сайтан
менменшілдігіне толы мына үш шыңға көз қиығын салсаңыз да көп
сыр ұғасыз. Берік мұнара - Ахав; жанартау - Ахав; жаужүрек, өжет
өршіл құс та - Ахав; бəрінен Ахавты танимыз; мына дөңгелек алтын
кесегінің өзі де -бетіне қараған əркімге соның жеке дара жұмбақ мəнін
көрсетіп беретін сиқырлы айна тəрізді, бар болғаны басқа, одан да
дөңгелек шардың бейнесі ғана. Еңбектер ғаламат -дүние соның
жұмбағын шешіп беруін талап ететіндер үшін жемістері нəрсіз болмақ;
дүние өз жұмбағын өзі шеше алмайды. Қазір мына бедерлі күннің беті
бір түрлі қанқызыл ма деп қалдым, бірақ бұл не екен? Əрине, ол
дауылдар белгісінің аясына - күн мен түн теңесуінің аясына кіреді! Ал
небары алты ай ғана бұрын ол сондағы күн мен түн теңесуінен Тоқты
нышанымен дөңгелеп шығып еді ғой. Дауылдан дауылға! Несі бар,
солай болсын-ақ. Азаппен туған адам тауқыметті өмір кешіп, аурусырқауда өлуі керек. Несі бар, солай болсын-ақ! Біз əлі қырқысамыз
сенімен, қырсық. Мейлі, солай болсын-ақ, мейлі, солай болсын-ақ.
- Перизат арудың саусақтары бұл алтында таңбаларын қалдырмас
еді, бірақ сайтанның тырнақтары, көрініп тұрғандай, оның бетіне
кешегі кештен бері жаңа сызаттар түсіріпті, -деп міңгірледі мұрнының
астынан Старбек, фальшборттан еңкейе беріп. - Шал бейне
Валтасардың сұмдық жазуын оқып жатқандай. Мен теңгеге бірде-бір
рет үңіліп қараған емеспін. Міне, ол төменге кетті; барып бажайлап
қарайын. Көкке самғаған айбынды үш шыңның арасындағы
қарауытқан алап, бұл дегеніңіз күңгірт жер бейнесіндегі Əулие Үшемге
ұқсайды. Ендеше, осы Ажал алабында құдай бізді белдеулеп алады,
сөйтіп, біздің барша түнегіміздің үстінде бұрынғысынша Ғаделеттілік
күні шамшырақ пен үміт оты болып жарқырап нұр шашады. Көзімізді
төмен түсірсек, қаракөлеңкелі алаптың өңезденген топырағын көреміз;
бірақ басымызды көтеріп қалсақ болды, күн біздің көзіміздің ұшына
жадырай сəлемдесуге асығады. Əйткенмен, құдіретті күнді бір орынға
шегелеп тастай алмайсың ғой, егер түн жарымында біз одан жұбаныш
іздер болсақ, көзіміз көк жүзін бекерге шарлайды! Бұл теңге менімен
ақырын ғана, данагөй, шыншыл жəне де қайткенмен де мұңды тілде
сөйлеседі. Ақиқат мені аярлықпен арбап толқытпас үшін оның қасынан
көзімді жоғалтуым керек.
- Міне, кəрі Моғол кетті, - деп бастады Стабб өзінің толғауын, май
шыжғырғыштардың қасында тұрып, - ол оған қалай тесіле қарады, ə?
Бұдан кейін Старбек те одан қашып жөнелді; мен сізге айтайын,
екеуінің де беттері ұзынынан тоғыз сажынға зорайып кетті. Бəрі де сол
кесек алтынға қарағанның кесірінен, ол қазір менде болса ғой, ал мен
өзім Зəңгілер Төбесінде немесе Корлиерс Иреңіндемін, мен оған сонша
ұзақ сұқтанбай-ақ, əншейін жұмсай салар едім. һім! Менің надан һəм
нақұрыс пікірім бойынша, бұл тым тосын жай. Дублондарды бұрынғы
сапарларда да көруіме тура келген: көне испан дублондарын да, Перу
дублондарын да, Чили дублондарын да, Боливия дублондарын да,
Попаян дублондарын да; мен сондай-ақ алтын моидорларды,
пистольдарды да, джондарды да, жарты джондарды да, ширек
джондарды да аз көргем жоқ. Сонда мына экваторлық дублонның
əкетіп бара жатқан несі бар? Голконданың атымен ант етейін, барып
көру керек! Еһе, мұнда шынында да неше түрлі белгілер мен
ғажайыптар көп екен! Олай болса, міне, мынау қария Боудич өзінің
"Нұсқаулығында" Зодиак деп атайтын, əмбе, менің төмендегі жайымда
жатқан күнтізбеде де тап солай аталатын нəрсе болуы керек. Мен сол
күнтізбеге барып келейінші, жұрт айтып жүргендей, егер Даболль
Арифметикасының көмегімен сайтандарды шақыруға мүмкін болса,
Массачусетс жұлдызнамасының шапағатымен мына қитұрқы
жазулардың сырын əшкерелеуге əрекеттенген жаман болмас еді.
Мінеки, сол кітап. Енді қарайық. Белгілер мен ғажайыптар; əне күн, ол
ылғи солардың арасында. һім, һім, һім; міне, олар, көкетайлар, міне,
олар, бəрі бір кісідей, атойлап тұр, -Қой, немесе, Қошқар; Торпақ,
немесе, Өгіз, ал мінеки - уа, шыққыр көзім-ай! - міне, Егіздердің өздері.
Жақсы. Ал күн болса, солардың арасында аунақши домалайды. Aha,
мына біздің теңгемізде ол дəл қазір бір шеңберге қамалған осы он екі
жатынжайдың екеуінің арасындағы табалдырықты көктеп өтіп
барады екен. Жə, кітап, сен, бауырым, одан да осы арада жата тұр;
сендер, кітаптар, өз орындарыңды əрқашан білулерің керек. Сендер
бізге жалаң сөздер мен деректерді беруге ғана жарайсыңдар, ал енді
ойлар - ол біздің ісіміз. Сондықтан, мен Массачусетс күнтізбесін,
Боудич нұсқаулығын да, Даболль Арифметикасын да осымен таза
тəмам қылдым. Белгілер мен ғажайыптар деймісіз? Расында, егер бұл
белгілерде ғажайып ештеңе болмаса, ол ғажайыптардан мəнді ештеңе
табылмаса, өкінішті-ақ! Мұнда бір жерінде жұмбақтың шешуі болуы
тиіс; тұра тұрыңыздаршы; тс-с-с, кішкене ғана; құдай-ақы, мен оны
таптым! Эй, дублон, тыңда, сенің Зодиагың - бір дөңгелек тараудағы
адамның өмірі; əмбе, мен оны саған тап қазір тура парақтың өзінен
оқып беремін. Қане, Күнтізбе, бері кел! Бастайық: міне, Қой, немесе,
Қошқар, - бұзылған төбет, ол бізді жер бетінде балалатып көбейтеді;
ал, осы мезетте Торпақ, немесе, Өгіз бізді мүйізімен түйреуге сайланып
дайын тұр; одан ары Егіздер келеді - яғни, Кесел мен Ізгілік; біз
Ізгілікке жетуге талпынамыз, бірақ осы арада Шаян пайда бола кетеді
де, бізді артқа тартады, ал мына жерде - Ізгіліктен қайтатын тұстағы
жол бойында ақырған Арыстан жатыр - ол бізді долырған ашумен
тістеп-қауып, алдыңғы аяғымен дөкір түрде иықтан соққылайды; біз
одан зорға бас сауғалап, Бикешке - яғни, біздің бірінші
махаббатымызға сəлемдесеміз; үйленеміз де, мəңгілікке бақыттымыз
деп есептейміз, сол арада кенет біздің алдымыздан Таразы тап келеді бақыт өлшенеді де, олқы болып шығады; біз бұған қатты мұңайып,
кенет ыршып түсеміз - бұл артымыздан шағып алған Сарышаян; содан
біз жарамызды емдеуге кірісеміз, міне, осы арада -ойпырмай! - жанжағымыздан жебелер жауады-ай кеп - бұл еріккеннен ермек тауып
жүрген Мерген ғой баяғы. Қадалған жебелерді суырып тастауға тура
келеді, сол сол-ақ екен, - байқа, өлесің! - өңмеңдеп Ешкі- мүйіз, басқаша
айтқанда, Теке пайда бола кетеді; ол құйғытып келіп, бізді, бір құдай
білсін, əйтеуір басы ауған жаққа зырқыратып лақтырады; ал ол жақта
Суқұйғыш тұтас топан суын қаптатып, біз, міне, суға батып кетіп, ақыр
соңында Балықтармен бірге су түбінде ұйықтап жатырмыз. Міне,
шырқау биік аспан төсінде сызылып-сұлбаланған уағыз, ал күн сол
арқылы жыл сайын өтеді, жыл сайын одан аман-есен құтылып
шығады. Ол ана жақтағы арсыда мехнат пен тауқыметтерден шаттана
сырғып домалайды; мұнда төменде уайымдауды білмейтін Стабб
шаттана шапқылайды. Ешқашан уайымдаушы болма - менің қағидам
осы. Қош бол, дублон! Жо-жоқ, тоқтай тұрыңыз, əне, төпелтек Сукесер
келе жатыр; мен май шыжғырғыштың тасасына сүңгіп кетейін де,
оның не айтатынын тыңдайын. Aha, міне, ол теңгенің алдына келіп
тоқтады, қазір бірдеңе дейді. Міне, міне, ол бастады.
- Мұнда алтын дөңгелекшеден басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын,
əмбе, бұл дөңгелекше белгілікті бір китті кім бірінші болып көрсе,
соған берілуге тиісті. Осыған бəрінің көздері түсе қалғаны несі екен?
Мұның бағасы он алты долларға тең, ол рас; егер бір шылым екі
центтен деп қойсақ, бұл тоғыз жүз алпыс шылым болады. Мен, Стабб
сияқты, сасық қорқорды тартпаймын, бірақ оралған шылымды
ұнатамын, ал мына жерде бірден тоғыз жүз алпыс шылым тұр; Фласк
оларды Марсқа барып неге қарауылдап жүр дейсің.
- Осы ақылдылық па, əлде, ақымақшылық па, білмеймін; егер шын
мəнінде ақылдылық болса, онда бұл тым ақымақтау боп көрінеді-ақ; ал
егер бұл шынында да ақымақшылық болса, онда, дегенмен де, неге
екені белгісіз, тым ақылды боп көрінеді. Бірақ -дымыңызды
шығармаңыз! Міне, біздің Мэн аралынан шыққан шалымыз келе
жатыр; теңізші болуды ойлағанға дейін ол онда, сірə, жерлеу
арбашасының делбешісі болған-ақ шығар. Ол рульді дублон
жанындағы жақтауға қойып, грот-мачтаны екінші жағынан айналып
өтті; еһе, ол жақта мачтаға таға қағылған ғой; бірақ, міне, тағы теңгеге
жақындап келеді; бұл нені аңғартады екен? Тс-с! Ол бірдеңе деп
былдырлап жатыр. Шіркіннің даусын-ай - сенің қаусаған кофе
диірменіңдікі сияқты. Құлағымды тігіп тыңдайыншы.
- Егер бізге Ақ Китті көтеруге тағдыр жазса, бұл оқиға бір ай жəне
бір күн өткеннен кейін болуы тиіс, сол кезде күн мына белгілердің
бірінде тұратын болады. Мен белгілерді зерттегем, маған мұндай
суреттердің сыры мəлім; бұған мені қырық жыл бұрын Копенгагендегі
бір кəрі жəдігөй кемпір баулыған. Ал, иə, сол кезде күн қандай белгіде
болады? Ол таға белгісінің аясында болады, өйткені, міне, таға тура
алтынның қарсысында тұр. Ал, таға белгісі дегеніміз не? Бұл - Арыстан,
ақырып тұрған жалмауыз Арыстан. Аһ, кеме, біздің кəрі кемеміз, сені
ойласам, менің кəрі басым селкілдеп кетеді.
- Жə, сол баяғы бір мəтіннің, міне, тағы бір түсіндірмесі. Адам
атаулы, əр түрлі, тек дүние біреу ғой. Тағы жасырынайын! Мұнда
Квикег келе жатыр, тұла бойы толған таңба-сурет — өзі де Зодиактың
барлық он екі белгісіне ұқсайды. Адам жегіш не айтар екен? Егер ол
белгілерді салыстырып тұрып, өзінің санына қарамаса, осы арада тіл
тартпай өліп кетейін; ол, сірə, күн өзінің санында, немесе, балтырында,
не болмаса, бəлкім, ішектерінде деп ойлайтын шығар - астрономия
жайында ауыл кемпірлері тап солай пайымдайды. Ал мынау, құдайақы, өзінің санының маңынан бір нəрсе тапты ғой деймін, оның ол
жерінде Мерген болуы керек. Жоқ, мына дублонның не зат екенін ол
түсінбейді; ол мұны король шалбарының ескі түймесі деп ойлайды. Уа,
тезірек артқа! Мұнда əлгі сайтанның сапалағы Федалла келе жатыр;
əдеттегідей, құйрығы бүктеліп жасырулы, əдеттегідей, кебістерінің
тұмсықтарына жүн-жұрқа тығулы. Қане, өзінің мына сайтани
сықпытымен ол не айтар екен? О, ол тек мына белгіге белгі беріп,
еңкейіп тəжім етеді; андағы теңгеде күн бейнеленген, ал мынауың
күнге табынушы, күмəнданбауыңызға болады. Oho! Тұра берсең, көре
береді екенсің. Мұнда Пип келе жатыр, о, сорлы; одан да оның немесе,
менің өлгенім жақсы еді; ол менің үрейімді ұшырады. Мына барлық
түсіндірмешілерді жəне соның ішінде мені ол да бақылаған, ал енді,
қараңызшы, теңгені анықтап көру үшін өзі жақындап келеді; адамдық
кейіптен кеткен, нағыз жарыместің бет əлпеті. Уа, тыныш!
- Мен қараймын, сен қарайсың, ол қарайды, біз қараймыз, сендер
қарайсыңдар, олар қарайды.
- Құдайым! Ол Муррейдің Грамматикасын оқып тұр ғой. Миын
жаттықтырып тұр, сорлы! Əне, ол тағы бірдеңе айтып жатыр - тыныш!
- Мен қараймын, сен қарайсың, ол қарайды; біз қараймыз, сендер
қарайсыңдар, олар қарайды.
- Мəссаған, ол мұны жаттап жатыр - тс-с-с! — міне, тағы.
- Мен қараймын, сен қарайсың, ол қарайды, біз қараймыз, сендер
қарайсыңдар, олар қарайды.
- Қане, сен келші бері, күлкілі емес пе?
- Мен де, сен де, ол да, біз де, сендер де, олар да - бəрі де
жарқанаттар; ал мен - қарғамын, əсіресе, мына қарағайдың басында
қонақтап отырған кезімде. Қарқ-қарқ! Қарқ-қарқ! Қарқ! Қарқ! Мен қарға
емеспін бе? Ау, қарақшы қайда? Ол міне тұр; ескі шалбарға екі сүйек
сұғылған, басқа екеуі ескі кеудешенің жеңдерінен сорайып тұр.
- Қызық, мынау өзі мені айтып тұрған жоқ па? Сірə, мəз қылмақ қой.
Сорлы бала! Құдай-ақы, бұл жерде асылып өлуге болар. Сондықтан,
аман-есенімде Пиптің қасынан көзімді жоғалтайын. Басқаларына
шыдай алмаймын, себебі, олардың милары шайқалмаған; бірақ менің
есі дұрыс пайымыма қарағанда, мынаның есі тым түсініксіздеу түрде
ауысқан. Сонымен, ол ана жақта бірдеңені міңгірлеп жатқанда мен
оның қасынан тайып тұрамын.
- Кеменің кіндігі міне, мына дублонның нақ өзі, жұрттың бəрі оны
бұран алуға дегбірсіздене құмартады. Бірақ өзіңіздің кіндігіңізді бұрап
алып байқаңызшы, сонда не болар еді? Алайда, егер ол осында қала
берсе, бұл жағдай да мүлдем жақсы емес, себебі, мачтаға бір нəрсенің
қағылуы жамандық шақырады. Ха- ха! Кəрі Ахав! Ақ Кит, ол сені
шегелеп тастайды. Мынау дегеніңіз, қарағай. Менің əкем бірде біздің
Толланд маңында бір қарағайды кесіп, одан күміс сақина тауып алғантын, осы əлдебір кəрі зəңгі əйелдің неке жүзігі ағашпен біте қайнасып
қалыпты. Ол мұнда қайдан тап келген десеңізші? Өлілер көтерілген
маһшар күнінде судан мына ескі мачта ауланып алынып, одан ұлу
қабыршағының қатпарлы қабығының астындағы дублон көрінген
кезде тап осылай сұрайды. Уа, алтын, қымбатты алтын! Көп кешікпей
жасыл сараң сені өз қазынасының ішіне көміп тастайды. Олар, тс-сс!
Құдай екі дүние арасында жүріп, қара бүлдірген тереді. Аспаз, ей,
аспаз! Тездетіп тамақ пісір! Дженни! Бай, бай, бай, бай, бай, Дженни,
Дженни! Кешкі асқа бізге құймақ құйшы!
С тарау
АЯҚ ПЕН ҚОЛ. НАНТАКЕТТІК
"ПЕКОД" ЛОНДОНДЫҚ "СЭМЮЭЛ
ЭНДЕРБИМЕН" ЖОЛЫҒЫСАДЫ
- Ей, кемедегілер! Ақ Китті көрген жоқсыңдар ма?
Ағылшын жалауымен құйрықтан таяп келген кемені қайтадан
көріп, бұл айқайлаған Ахав еді. Шал дыбыс зорайтқышты еріндеріне
тақай көтеріп, шканцыда ілінген өз вельботында тұрған, сондықтан да
оның сүйек аяғы өз қайығының тұмсығында жайбарақат жантайып
отырған бөтен капитанға андағайлап көрінді. Бұл сырт пішіні ақкөңіл
əрі ұнамды, сірə, алпыс жастағы немесе сол шамадағы, көк матрос
шұғалы əшекей ирекпен əдіптелген кең кеудешені қолқылдата киген
қара торы, ірі денелі ер адам еді; кеудешенің бір жеңі бос салаңдап,
құдды гусар жамылғысының кестелі жеңіндей. арт жағында желбіреді.
- Ақ Китті көрген жоқсыңдар ма?
- Ал, мынаны көріп тұрсың ба? - деген жауап естілді, сөйтті де, бөтен
капитан киімінің бүктесінінен аппақ кашалот сүйегінен жасалған
қолын көтерді, ол балға тəрізді жуантық ағаш түйінмен бітіпті.
- Менің қайығымның адамдарын шақыр! - ескектерді жан-жаққа
шашып тастаған Ахав қаһарлана бұйырды. - Суға түсуге
дайындалыңдар!
Бір минут та өтпестен, ол өзінің кішкентай кемешігінде тұрған
күйінде, жасағымен бірге суға түсіріліп, көп ұзамай бейтаныстың
жақтауына жақындап келді. Бірақ бұл арада оған күтпеген қиындық
ұшырасты. Бойын толқыныс билеген Ахав өзі аяқсыз қалған шақтан
бері өзінікінен басқа кеменің үстіне бірде-бір рет көтерілмегені
жайында ұмытып кетіпті, өз кемесіне көтерілгенде де, онда бұл
мақсатқа арналған айлалы да ыңғайлы ерекше көмекші құрал бар ғой,
əрі оны басқа кемеге апыл-ғұпыл бірден көшіріп апара да алмайсың.
Ал, ашық теңізде қайықтан кеменің үстіне өрмелей көтеріліп шығу сағат сайын дерлік осыған жаттығатын кит аулаушылар болмаса,
басқа кез келген адам үшін оңай шаруа емес; тау толқындар қайықты
біресе сонау жақтау ернеуіне дейін лақтырып, біресе кенеттен түпбөренеге дейінгі тереңдікке құлдилатып құлата салады. Сол себептен
де, енді, аяқтан айырылған Ахав, əлбетте, өзіне қажетті көмекші құрал
орнатылмаған бөтен кеменің жақтауының түбінде қайтадан дəрменсіз
де сорлы, бозөкпе һəм ебедейсіз құрлық қаптесеріндей хал кешіп,
көтерілуге ешбір дерлік үміт қалдырмаған ана айнымалы биіктікке
жасқаншақ жанарын сүзе қарап қойып тұрды.
Жоғарыда айтылды ғой деймін, егер жанама түрде болса да, басына
түскен баяғы бір бақытсыздықтан шығып жатса, жолында ұшырасқан
кез келген қиыншылық Ахавты əрдайым құтырынған дүлей ашуға
жетелейтін. Ал мына жағдайда мұның бəрі тақтайшалы жақтау
қаптамасына қағылған құлама қатарлар қасындағы тұтқалардан аса
еңкейіп, оған əдемілеп əшекейленген жіп саты түсірген бөтен кемедегі
екі офицердің сыпайылық ізеті арқасында одан əрмен ушықты;
өздерінің теңіздік таяныштарын пайдалануға жалғыз аяқты адамның
дəрменсіз екендігі бастапқыда олардың ойларына да келмеді. Бірақ
абыржу көпке созылмады, себебі, бөтен кеменің капитаны мəн-жайды
бір қарағаннан-ақ ұғып: "Түсінемін, түсінемін, - сатыны алыңдар!
Тезірек, жігіттер, үлкен жүк көтергішті түсіріңдер!" - деп дауыстай
бұйырды.
Сəтін салғанда, осыдан тура үш күн бұрын олар кит ұшасын
бөлшектеп сойып, үлкен жүк көтергіштер əлі де мачтада қалған
болатын, сондықтан, ендігі жалтыратып тазаланып, кептірілген дəу
гəк (жүк көтергіш) палуба үстінде шайқатыла салбырап тұрған. Соны
тездетіп Ахавқа түсірді, ол да бұлардың ниетін бірден ұғып, өзінің
жалғыз аяғын ілгектен асыра лақтырып, аттай мініп алды (бұл зəкір
табанында немесе, алма ағашының айыр бұтағында отырғанмен
бірдей еді), сосын, белгі бойынша ілгекті көтере бастаған кезде ол
нығыздала жайғасып, сонымен бірге жүк көтергіштің жүгірген
арқанын қолдарымен саумалап, өзін тартуға көмектесті. Көп ұзамай
оны жақтаудың үстінен аман-есен алып өтіп, зəкірқақпаға жайлап
түсірді. Жайдары сəлемдесіп, сүйек қолын созған бөтен капитан таяп
келді, осы кезде Ахав өзінің сүйек аяғын алға шығарып, оның сүйек
қолымен айқастыра (құдды жүздерін түйістірген екі семсер-балық
сияқты), бейне морждай гүжілдеді.
- Солай, солай, достым! Сүйекті сүйекке соғыстырайық! Сенде қол,
менде аяқ! Ешқашан дірілдемейтін қол, əмбе, ешқашан қашпайтын аяқ!
Сен Ақ Китті қайдан көрдің жəне көргеніңе көп болды ма?
- Ақ Кит, - деп тіл қатқан ағылшын сүйек қолын күншығысқа қарай
созып, соның бойымен, құдды дүрбімен қарағандай, қайғылы көзін тіге
қалды. - Мен оны ана жақтан, экваторда, өткен маусымда көргем.
- Сені қолыңнан айырған сол ма? - деп сұрады зəкірқақпадан түсіп,
осы мезетте ағылшынның иығына сүйенген Ахав.
- Иə, қайткенде де ол осыған себепші болды. Сені де аяғыңнан сол
айырды ма?
- Мұның қалай болғанын маған тезірек айтып бер.
- Мен өткен жылы экваторда алғаш рет жүздім, - деп бастады
ағылшын, - Ақ Кит жайында мүлдем естімеген едім. Бір күні біз
вельботтарымызды түсіріп, бесеу-алтаудан аспайтын шағын кит
үйірін қуалай жөнелдік; менің шлюпкам солардың біреуін арқанға
алды; ойпырмай, кит болғанда да керемет екен, нағыз цирк сəйгүлігі
дерсің, ол бізді шырқ үйіріліп айнала берді, айнала берді, сондықтан,
менің жігіттерім тепе-теңдікті сақтау үшін құйрықтарын сыртқы
жақтауға салып, тек тыныш отырды да қойды. Сол уақыттарда
кенеттен тура теңіз тұңғиығынан орасан зор кит жүзіп шықты - басы
мен өркештері сүттей аппақ, тұла бойы толған айғыздалған терең
ажымдар.
- Бұл сол, бұл сол! - деп дауыстап жіберген Ахав тек сонда ғана
тыныстады.
- Ал оң жақ қанаттағы бүйірдегі жүзгіш қанатының қасында
гарпундар сорайып тұрды.
- Иə, иə! Ол менің гарпундарым, менікі! - деп, қатты толқыған Ахав
айқайлап жіберді. -Жə, айта бер.
- Мен айтамын-ау, тек өзің айтқызбай тұрсың ғой, - деп қуақылана
жымиды ағылшын. -Сонымен, міне, былай. Киттердің осынау ақ басты
һəм ақ өркешті байырғы бабасы нөпір көбік жалдарын көтере, тура
біздің үйірдің ортасынан атып шығып, долырған ашумен менің
арқанымды кеміре бастады.
- Aha, түсінікті! Оны тістеп үзіп, сенің балығынды құтқарғысы
келген. Ескі тəсіл Мен оны танып тұрмын!
- Қалай солай болғанын білмеймін, - деп əңгімесін жалғады жалғыз
қолды капитан, - тек ол кендір талшықтарды тістеп үзіп жатқан əзірде
арқан оның тістеріне шиеленіп, тастай қатып жабысып қалды; бірақ біз
мұны білген жоқпыз ғой; арқанды ақырындап саумалап жинап,
вельботты жақындата бастағамбыз, кенеттен - тарс етіп - тура соның
өркешіне тірелдік те қалдық, ал арқандалған кит шаттықтан есі
шығып, жайбарақат кете барды. Енді, жағдай осылай болғасын əрі тап
алдымызға мынадай тамаша китті құдай өзі айдап əкелгесін - сэр, бұл
бұрын-сонды көргендерімнің ішіндегі ең үлкен де əсем кит еді - ол
ашу-ыза қысып елеуреп тұрса да, мен оны өлтіруге бекіндім. Кенет мен
кит тісіне ілініп, кездейсоқтан шайналысып шиеленіп қалған арқаным
тарқатылып немесе кит аузынан сол тіспен бірге жұлынып шығып
кете ме деген қауіп ойлап (өйткені, менің вельботымдағылар
ескекшілер емес, нағыз ібілістер-тін), міне, осының бəрінен қауіптеніп,
айтып тұрмын ғой, мен өзімнің бірінші көмекшім мистер Маунттоптың
қайығына секірдім, - Міне, танысып қойыңыз, капитан, - Маунттоп;
Маунттоп - капитан мырза, сөйтіп, мен осы мезетте менің
вельботыммен иін тіресіп келе жатқан Маунттоптың қайығына қарғып
түстім де, қолыма түскен бірінші гарпунды ала сала, осы көнекөз
бабаны түйредім. Астапыралда, Жаратушы Ием, сэр! Сол мезетте,
құдды жарқанаттай, екі көзім бірдей мүлде көрмей қалып, өне
бойымды түгел қара көбік жауып кетті, тек соның арасынан бұлдырап,
құдды мəрмəр ескерткіштей, əуеге тік көтерілген кит құйрығының
үстімізге төніп келіп қалғаны көрінді. Бұл арада ескекпен артқа қарай
естің не, еспедің не - пайдасы жоқ, содан тура мен түк көрмей
қарманып жатқан кезде - бұл күннің көзі король тəжінің барлық
гауһарларындай жарқырап тұрған нағыз тапа-тал түс еді - айтам ғой,
жақтау сыртына лақтыру үшін екінші гарпунды қармалап жатқан
кезімде, кенеттен құйрық, құдды Лима мұнарасындай, төменге құлап,
менің вельботымды қақ бөлді, екі жартысының да күл-талқаны
шықты, содан кейін ақ бүкірдің өзі де құйрығымен алға қарай
ысырылып, əлгі сынықтарды түкке тұрмайтын жаңқалардай жанжаққа шаша, арасынан жүзіп өтті. Бəріміз жапа-тармағай суға секірдік.
Кит құйрығының жойқын соққыларынан бас сауғалағанмен оның
бүйірінде сорайған өз гарпунымның сабына жармастым, сөйтіп, бейне
жабысқақ-балықтай, бір сəтке соған асылдым да қалдым. Бірақ
жұмарланған биік жал толқын мені жұлып түсірді, ал кит болса, алға
дүлейлене ұмтылды да, тұңғиыққа тастай батып кетті; осы мезетте
соңымда арқан ұшында сүйреленіп келе жатқан екінші гарпун мені,
міне, мына жерден (ол өзін иығынан сол төменірек шапалақпен сарт
еткізді), иə, иə, мен көрсетіп тұрған дəл осы жерден іліктіріп алып,
мені, өзіме елестегеніндей, тура тозаққа сүйретіп тартып ала жөнелді;
бірақ осы арада кенеттен, Құдайға мың шүкір, ұстарасы етімді
сыдыратып отырып, сүйегімнің бойымен нақ білезікке дейін барып,
сыртқа шықты; содан кейін мен су бетіне қалқып шықтым; енді,
қалғанын сізге, міне, мына джентльмен (айтқандай, капитан, - доктор
Кляп, кеме дəрігері; Кляп, достым, - капитан мырза) айтып береді.
Қане, Кляп, өз үлесіндегі əңгімені өзің айт.
Қазір өзіне соншама жылы шыраймен өзімсіне тіл қатқан денсаулық
сақшысы манадан бері осы арада тұрған. Сырт пішінінде оның
кемедегі джентльмендік лауазымынан хабар берерліктей дəнеңе
болмады; төтенше дөңгелек жүзді болғанымен, бет əлпеті əбден
зерделі; қатты оңған, көк түсті жүн жейде киіпті, мұнысы матрос
көйлегіне ұқсайды, шалбары əр жерден жамалған; осы сəтке дейін ол
өз назарын бір қолында ұстаған үшкір темір таяқша мен екінші
қолындағы дəрілер қорапшасы арасында тең бөліп, оқта-текте кемтар
боп қалған екі капитанның сүйек қол-аяқтарына сынай қарап қойып
тұрды. Бірақ капитан өзін Ахавқа таныстырғасын-ақ ол əдеппен иіліп,
алған бұйрықты орындауға асықты.
- Жара сұмдық жаман болды, - деп бастады кеме дəрігері, - содан,
менің кеңесіме құлақ қойған капитан Вопли біздің қария Сэммиді...
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.