Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 36

Total number of words is 4157
Total number of unique words is 2367
31.0 of words are in the 2000 most common words
42.6 of words are in the 5000 most common words
49.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- əйтеуір, аяғына орай суреттелген жағдайда ол нақты шара қолданды өзіне ағаш шеберін шақырды.
Осы лауазымды адам алдына келе сала ол оған кідірместен жаңа аяқ
жасауға кірісуге бұйырды, ал өзінің көмекшілеріне əлгінің ең берік те
жоғары сапалы материал тандап алуы үшін, кемеде ұзақ жүзу
сапарында қорланған кашалот жағының барлық сүйек шегендері мен
арқалықтары балташының қарауына берілуін қадағалауға əмір етті.
Осының бəрінің орайы келгесін балташы бір түнде барлық бөлексалақтарымен бірге аяқ жасап шығуға бұйрық алды. Бұл аз болса,
трюмнен осы күнге шейін бос жатқан ұста көрігін шығаруға бұйрық
берілді; сөйтіп, істе кідіріс болмас үшін, кеме ұстасы барлық қажетті
темір бөлшектерін соғуға тоқтаусыз кірісіп кетті.
СVII тарау
КЕМЕ БАЛТАШЫСЫ
Сатурн айларының ортасында сұлтандай шікиіп отырып, бір жеке,
дерегі жоқ бұлдыр адамды бақылауға алып байқашы, саған ол - нағыз
кереметтің өзі, ұлылықтың өзі, қайғының өзі боп көрінеді. Енді нақ сол
көзқарас тұрғысынан көпшілік адамзатқа көз қиығын салшы, сонда ол
саған, бір заманды немесе, бүкіл тұтас тарихты алсаң да, басым бөлігі
керексіз көшірмелер тобыры боп көрінеді. Алайда, бұл адамның əсте
асқақ адамгершілік мұраттардың үлгісі бола алмаған бүкіл
бишаралығына қарамастан, "Пекодтың" балташысы көшірме емес еді,
сондықтан да қазір ол өзінің болмыс-келбетімен сахнаға шығады.
Кеме
балташыларының
һəм
əсіресе
кит
аулағыштарда
жүретіндерінің көпшілігі сияқты, ол өзінікіне туыстас əр түрлі
қолөнершілік кəсіптермен һəм мамандықтармен белгілі əрі жеткілікті
дəрежеде шамалап, үзіп-жұлып дегендей, таныс еді, өйткені,
балташылық кəсіп - қалай болғанда да, ағашты əуелгі шикізат түрінде
пайдаланатын барлық қисапсыз өнерлер тарқайтын байырғы, бұтағы
кең жайылған бəйтерек діңі сияқты. Бірақ жоғарыда өзіне жанастыра
келтірілген жалпылама ескертпеде айтылғандардың барлығының
үстіне, "Пекодтың" балташысының ерекше қабілет-дарындары болды:
қиырдағы жабайы теңіздердегі төрт жылдық жүзу сапарында үлкен
кемеде соншалықты жиі кезігетін əлдебір айлалы көмекші құралтетікке кенеттен шұғыл сұраныс туа қалғанда оның орны мүлдем
бөлек-тін. Өзінің тікелей міндеттерін - мысалы, қираған вельботты
немесе, шытынап жарылған желкеннің көлденең ағашын жөндеу,
ескектің қалағын түзеу, жаңа иллюминатор ойып салу, жақтау
қаптамасына сына қағу немесе, соған қатысты тағы бірдеңе орындаудағы ұқыптылығын айтпағанда, ол сондай-ақ, бірдеңе кию
керек бола ма, əлде əншейін біреудің басына бір далбаса ой келе қала
ма, əйтеуір толып жатқан басқа да əp түрлі шаруаларда таптырмайтын
шебер болды.
Өзінің барлық неше түрлі рөлдерін ойнайтын бірден-бір айбынды
сахнасы - əр түрлі мөлшердегі - əрі темір, əрі ағаш - бірнеше
қысқыштармен жарақтанған арбиған ұзын, тұрпайы қиюластырылған
үстел - оның верстагы еді. Жақтауларға киттер арқандап байланып
қойылған күндерді есептемегенде, май шыжғырғыштың артқы
қабырғасына мықтап бекітілген бұл верстак əрдайым палубаға кесекөлденең тұратын.
Қайсыбір ағаш шеге тым жуандау болып шығып, ұяға кірмей қалса балташы оны өзінің мүлтіксіз қысқыштарының бірімен қысады да,
лезде айналдыра жонып, сүргілеп береді. Палубадан қауырсыны
беймəлім, əлдеқалай ұшып келген жағалау құсын ұстап алса -балташы
кит мұртынан жіңішкелеп кесілген шыбықтар мен кашалот сүйегінен
жасалған шеңберлерді алып, құдды Будда ғибадатханасы сияқты,
шошақ төбелі тор жасай қояды. Ескекші қолының сіңірлері созыла
қалса - балташы оған ауыруды басатын, ысқылап жағатын дəрі
дайындап береді. Стабб өзінің ескектерінде шырайлы қызыл
жұлдыздар болғанын қаласа - балташы сол арада өзінің үлкен ағаш
қысқыштарында ескектен ескекті қыса отырып, оған бояулармен əдемі
шоқжұлдыздың суретін салып береді. Əлдеқандай матростың миына
акула омыртқасынан сырға таққысы келетін сандырақ келе қалса балташы оның құлағын бұрғылап тесіп береді. Басқа біреуінің тісі
ауырса - балташы өзінің тістеуігін алып шығып, алақанымен
верстакты сарт еткізеді: кел мұнда, отыр, дегені; бірақ əлгі бейбақ
ауырғаннан бүрісіп-тырысып, отаны аяғына дейін жеткізуге кедергі
жасайды; сол кезде үлкен ағаш қысқыштардың тұтқасын бұрып,
балташы оған, ол дегенмен де тістің жұлынғанын қалайтын болса,
төменгі жақ сүйегін соларға салып қысуға əмір етеді.
Қысқасы, балташы неге болса да тəуекелшіл əpi неге болса да
селқос, тайсалмай жəне жəреукесіз қарайтын. Оған адам тісі не,
кашалот сүйегі не; бас не, дөңбек не, бəрібір еді; ал адамдардың
өздерін ол мадақтап зəкір-қақпаға теңейтін. Харекет өрісі осыншалық
кең жəне өнері қисапсыз көп, мынадай епті əрі тапқыр болғасын, ол
төтенше алғыр ақылымен де даралануға тиісті боп көрінетін. Бірақ бұл
олай емес еді. Бұл адамды ештеңе де дəл өзінің қасиеттен жұрдай,
көрінеу топастығы сияқты ерекшелемейтін; қасиеттен жұрдай деп
тұрған себебім, ол айнала-төңіректегі шексіздікпен аңдаусыз астасып
кеткендігі сонша, неше түрлі сыпаттардың үздіксіз қозғалысын бастан
кешсе де, соған қарамастан, əрдайымғы тыныштығын сақтап, Құдай
үйлеріне іргетас қазып жатсаңыз да, сізді білгісі келмейтін мына көз
көрім дүниенің баршаны бауырына басқан жайбарақат топастығының
ажырамас бөлігіндей боп көрінді. Алайда, аңғарылып тұрғанындай,
ғаламдық самарқаулықпен байланысты осы жартылай сұсты
топастықты кей-кейде қақ жарып, балдақты əрі демікпелі, кей жерінде,
сірə, баяғы Нұх кемесінің ақсақалды бағында түнгі кезек сағаттарын
қысқартуға көмектескен кəрі қалжың жарқылдарымен сəулеленген
əлдебір көне, атамзаманғы шаттық қылтиып шығатын. Біздің қарт
балташымыз өзінің бүкіл ұзақ өміріндегі ұшы-қиырсыз ерсіліқарсылы жүзулерде үстін мүк басып кетпегені былай тұрсын, қайта,
керісінше, өзінің жақтауларынан оған бұрын жабысып үлгергендерін
ысқылап сүртіп тастаған кезбе болды ма екен? Ол жаңа туған сəби
нəресте сияқты, бүтін əрі сатылмайтын, жалаңаш дерексіздік, бөлінбес
бірлік болды; ол ана дүниеге де, мына дүниеге де көңіл бөлмей өмір
сүрді. Оның мінезінің таңғаларлық бірқалыптылығы парықсыздыққа
шейін жеткен; өзінің қисапсыз кəсіптерімен ол ақыл-ойының немесе,
түйсігінің əмірі бойынша, не солай үйретілгендіктен, əмбе теңдес
немесе теңдес емес осы үш бірдей себептің өзара бірлесіп əрекет
етуінен шұғылданбаған ғой; ол үшін бұл жай бір мақсатсыз, түйсіксіз,
бетімен жіберілген үдеріс болды. Ол тек ой қимылдатушы ғана еді;
жалпы бір кездерде болған болса, оның миы баяғыда-ақ саусақтарына
қотарылған болуы керек. Ол сырттай қарағанда сол үлкейтілген
көлемдегі жай қалта бəкісі боп көрінетін, алайда, ішінен əр түрлі
шамадағы ұстаралар ғана емес, сондай-ақ, тығын ашқыштар,
бұрауыштар, кішкентай қысқыштар, біз, қаламұш, сызғыш, тырнақ
егеуіш, тескіштер мен бұрғышалар да табылатын, ойланбайтын, бірақ
аса пайдалы, multum in parvo', Шеффилд өнертабыстарының бірі
тəрізді-тін. Олай болса, біздің балташымыздың қожайындары оны
бұрауыш ретінде пайдаланғысы келсе, ондағы тиісті бөлімді ашса
болды, бұрауыш олардың қызметіне əзір тұратын; ал егер кішкентай
қысқаш керек бола қалса, олар оны аяғынан алады, сонымен шаруа
бітеді.
Дегенмен де, жоғарыда байқалғанындай, қолынан бəрі келетін бұл
аспап, осынау бүктемелі балташы машина да, автомат та емес еді. Бұл
сөздің əдепкі мағынасындағы жан-жүйкесі болмаса да, оның бойында,
дегенмен де, өз міндеттерін қадари-халінше атқарып тұратын, мүлдем
дерлік аңдалмайтын бірдеңе бар-тын. Бұл не: сынап эссенциясы да,
əлде, иіскейтін тұз ерітіндісінің бірнеше тамшысы ма - белгісіз. Бірақ
қалай болғанда да, сол белгісіз бірдеңе оның ішінде, міне, артық
болмаса кем емес, алпыс жыл бойы былқ етпей отыр. Нақ осы
түсініксіз тылсым, қитұрқы өмір қайнары оны күні бойы мұрнының
астынан мыңғырлап жүруге мəжбүр етеді; алайда, ол ойсыз
доңғалақтың ұғынықсыз мыңғыры еді; сондай-ақ, оның денесін
қарауыл күркесіне, ал ана ішіндегі жападан жалғыз шешенді қалғып
кетпес үшін үнемі өзімен-өзі сөйлесетін сақшыға теңеуге болады.
CVIII тарау
АХАВ ПЕН БАЛТАШЫ
Палуба - бірінші түнгі кезек
(Балташы верстактың қасында, екі май шамның жарығымен,
қысқыштарда мықтап бекітілген сүйек аяқты қадала егелеп жатыр.
Маңайында қобырап шашылған кит сүйектерінің кесектері, қайыс
үзіктері, төсемдер, бұрандалар мен неше түрлі аспаптар. Көріктің
қасында ұста жұмыс істеп жатқан алдыңғы жақтан қызыл жалын
сəулелері көрінеді.)
- Мына егеуді де, мына сүйекті де қара бассын! Мынау қатты болуы
керек, қарап көрсең -ол жұмсақ, ал мынау жұмсақ болуы керек, ол болса
- қатты. Өстіп азабын ылғи біз, ескі жақ сүйектері мен қу жіліктерді
егейтіндер тартамыз. Қане, басқасын байқап көрейік. Aha, мынасы енді
жақсырақ екен. (Түшкіреді.) Ф-фу, мына сүйектің шаңы-ай
(түшкіреді)... мынау өзі (түшкіреді)... құдай- ақы, мынау (түшкіреді)...
мынау өзі маған, сайтан алғыр, тіпті, сөйлеткізбейді ғой! Өлі
материалмен жұмыс істегенде ылғи осылай. Егер тірі ағашты кесіп
алсаң, шаң болмайды; тірі сүйекті жымқырсаң да - сол. (Түшкіреді.) Ей,
сен, кəрі ыстағыш, ендігі жұмыс сенікі, ұштық пен бұрандалы
қапсырманы бері əкел Менде соларға арналғандардың бəрі дайын.
Əйтеуір (түшкіреді), тізедегі буындарды жасамайтынымыз қандай
жақсы, əйтпесе, сірə, басымызды қатыруға тура келер еді; мұнда тек
жілік сүйегі ғана керек, бұл сенің қақиғаныңдай қарапайым нəрсе; тек
мен жақсылап жалтыратсам ба деп едім. Шіркін, уақыт, уақытым
көбірек болса ғой, мен оған ең сəнқой ханымға шақ келетін (түшкірді),
аяқтың көкесін жасап берер едім. Ал шыны сөрелерде көрмеге қойып
қоятын əр түрлі аяқтар мен балтырлар, бұлар, тіпті, ешбір
салыстыруға да жарамас еді. Олар су сіңіреді, мінеки, түсінікті жағдай,
олардан сарып сырқатына шалдығуға болады, ендеше, оны, құдды тірі
аяқ сияқты əлпештеп (түшкіреді), əр түрлі ванналармен жəне май
жағып емдеуге тура келеді. Міне, солай, ал енді арамен кеспес бұрын
мен ана ұлы мəртебелі кəрі моғолды шақырып, мына ұзындықтың
келетін-келмейтінін байқап көруім керек; сірə, қысқалау болатын
шығар. Aha, міне, соның жүрісі; біздің жолымыз болды; əне, өзі келе
жатыр, əлде, мүмкін, басқа біреу ме екен?
Ахав (жақындап келеді).
Келесі көріністе балташы ауық-ауық түшкіруін жалғастырады.
- Иə, қалай, адамдардың жаратушысы?
- Сондай жақсы, сэр. Егер капитан мұрсат берсе, ұзындығын
белгілеп қана аламын. Қазір өлшеп жіберейін, сэр.
- Аяқты өлшейсің бе, ə? Несі бар. Бұл енді бірінші рет емес. Кіріс іске!
Міне, солай, андағы жерді саусағыңмен белгілеп қой. Сенің
қысқыштарың зор екен, балташы; қане, қалай ұстайтынын мен байқап
көрейінші. Иə, берік ұстайды екен.
- Еһей, сэр, абайлаңыз: бұлар сүйекті шағады.
- Қорықпа, берік ұстағаны маған ұнайды. Мына тайғақ дүниеде
қатты қысқанды сезіну рақат қой. Ау, анда Прометей - ұста немен
шұғылданып жатыр, менің айтайын дегенім -ана жақта ол не істеп
жатыр?
- Қапсырма соғып жатқан болуы керек, сэр.
- Дұрыс. Ынтымақтастық деген осы. Ол саған бұлшық ет береді. Өзі
ана жерде отты қалай қып-қызыл қып алаулатқан десеңші!
- Енді қалай, сэр. Мұндай нəзік жұмыс үшін оған темірдің аппақ
болып қызғаны керек.
- һім-һім. Бəлкім, солай шығар. Енді ойлап қарасам, адамдардың
қиюын келтірді дейтін қарт грек Прометей ұста болып, оларға
тегіннен-тегін от үрлемеген екен; өйткені, отта жаралған нəрсе
ақиқатында отқа тиесілі; бұл жерде тозақтың барлығына сенбеске
ерікке қоймас; ойпырмай, күйенің ұшуын-ай! Бұл, сірə, гректің
зəңгілерді жасағаннан қалған қалдықтар болуы керек. Балташы,
қапсырманы қатырғасын оған бір-екі бұғана мен жауырын соғуды
тапсыршы; біздің палубамызда иығындағы жүгі діңкелеткен қыдырма
саудагер бар.
- Қалай дейсіз, сэр?
- Үніңді шығарма; Прометей əзір жұмысын бітірмей тұрғанда, мен
оған өзімнің сызбаларым бойынша тұтас адам соғуға тапсырыс
беремін. Imprimis', өкшесінен төбесіне дейінгі бойы елу фут; сосын
Темза туннелі үлгісіндегі басы; аяқтары тамырлар сияқты, жермен
біте қайнасып өссін, тұрған орнынан тапжылмайтын болсын, сосын
білезігіндегі қалыңдығы үш футтық қолдар; жүрек мүлдем керек емес;
мыс маңдайлы жəне шамамен ширек акр əйбəт ми, сосын, тоқтай тұр,
оның көздерін сыртқа қарайтын қылып жасатсам ба екен? Жоқ, бірақ
оның қақ төбесінде ішіндегінің бəріне жарық түсіріп тұратын ерекше
терезесі болады. Міне, солай, тапсырысты ал да, қайқай.
- (Басқа жаққа.) Қызық, ол не туралы айтты жəне мұның бəрін кімге
айтып тұр? Осыны білсем деп едім. Кетуім керек пе, əлде тұра берем
бе?
- Мынаның сəулеті түкке тұрмайды - мелшиген соқыр күмбез;
мысалға, міне, мына біреуін алсақ та. Жоқ, жоқ, маған май шам болғаны
керек.
- Aha, солай екен-ау! Рақым етіңіз, сэр, бұл арада екі шам, ал маған
біреуі де жетіп жатыр.
- Эй, адам, бұл ұры ұстағышты сен неғып менің бетіме тықпалайсың?
Беттегі жарық самайға тақалған тапаншадан да жаман.
- Сэр, мен сіздің шаруаңыз балташыда шығар деп ойлағам.
- Балташыда? Маған... жоқ-жоқ, балташы, сенікі таза мамандық, мен
айтар едім, мейлінше бекзат; əлде, балшықпен істес болғанды артық
көрер ме едің?
- Қалай, сэр? Балшықпен деймісіз? Балшық дегеніміз батпақ қой, сэр;
біз оны жер қазушыларға қалдырамыз.
- Өй, сен құдайдан безген екенсің ғой! Неменеге қоймай түшкіресің.
- Сүйектер шаң қаптырды, сэр.
- Несі бар, ендеше, осыны ескер де, өлгеніңде өзіңді тірілердің
тұмсығының астына жерлемегейсің.
- Сэр? Ə! Иə, иə! Əлбетте, əрине, о, Жаратушы Ием!
- Бері қара, балташы; сен ғой, өзіңді, əрине, өз кəсібіңнің нағыз
шебері санайсың, солай ма? Айтшы маған, егер мен қазір мына сен
жасап жатқан аяққа таяна отырып, соған қарамастан, бұдан басқа, оның
орнындағы басқа аяқты, ой, балташы, жоғалтқан, ет пен қаннан
жаралған өзімнің баяғы ескі аяғымды сезінетін болсам, сонда бұл жай
сенің шеберлігіңнің пайдасына шешілер ме екен? Сен шынымен-ақ
қаусаған көне Адамды қуып шыға алмайсың ба?
- Шын мəнінде де, сэр. Мен енді ғана бірдеңе түсіне бастағандаймын.
Иə, сэр, мен осы бір ғажайып іс жайында естігем; мачтасын жоғалтқан
адам өзінің бұрынғы рангоутын сезінуді ешқашан ақыр аяғына дейін
қоя алмайды дейді, жүріп-жүріп кенет бір нəрсе шаншып кетеді. Сізден
осы рас па деп, басымды иіп, сұрауыма бола ма, сэр?
- Дəп солай, адам. Міне, өзіңнің тірі аяғыңды бір кезде менікі болған
мына жерге қой; енді көрер көзге мұнда тек бір аяқ қана бар; бірақ
көкірегіңнің көзіне олар бұл арада екеу. Сен тіршілік бүлкілін сезінген
жерден, нақ сол жерлерден оны мен де сезінемін. Жұмбақ па, ə?
Менің қарапайым пайымым бойынша шешілмейтін жұмбақ, сэр.
Ендеше, тыңда. Қазір дəл осы өзің тұрған жерде саған көрінбей жəне
сенімен біте қайнасып қосылыспай, тағы бір тұтас, тірі, сенің еркіңнен
тыс, ойлайтын бірдеңе тұрмағандығын қайдан білесің? Жападан
жалғыз қалған кездерінде сен шынымен-ақ өзіңді біреу ұрланып
тыңдайды деп қауіптенбейсің бе? Үніңді шығарма, жауап берме маған!
Егер мен əлдеқашан тоз-тоз болып ыдырап, бөлшектеліп кеткен
аяғымның сырқырап-сыздап ауырғанын əлі күнге шейін сезінетін
болсам, əй, балташы, онда саған, тіпті, денесіз-ақ тозақтың мəңгілік
азабын неге сезінбеске? Ə?
- Уа, рақымды құдайым! Шын мəнінде, сэр, олай болса, мен, сэр,
бəрін тағы бір рет есептеп шығуым керек шығар; сэр, ойымда
бірдеңелер қалып қойған сияқты, ал мен қосқан кезде соны
ескермеппін.
- Əй, тыңда, сенен пікір сұрап тұрған ешкім жоқ. Мына аяқты қашан
бітірмекшісің?
- Бір сағатта бітіп қалар, сэр.
- Ендеше, дұрыстап, барыңды сал, сосын маған əкеп бересің. (Кетіп
бара жатып.) О, қу өмір! Міне, мен, грек құдайы сияқты, тəкаппар боп
тұрмын, бірақ өзім тиянақ етіп тұрған бір шөкім сүйекке бола мына
маубасқа қарыздармын. Есеп-қисапшылар мен есепшоттардан бас
тартуды
қаламайтын
осы
бір
бүкіл
адамзаттық,
өзара
қарызданушылықты қарғыс атсын. Мен желдей еркін болғым келер
еді; бірақ менің есімім бүкіл əлемнің қарыз кітаптарында таңбаланып
қойған. Мен баймын, мен Рим империясын (демек, бүкіл əлемді де)
сатуда преториандықтардың ең əлеуеттілерімен тайталаса алар едім;
бірақ мен дəп қазір бөсіп тұрған тілімнің еті үшін қарызға баттым.
Аспанмен ант етемін! Мен қазір тигельді' аламын да, ақырғы бір
омыртқам қалғанша, сонда өзімді жалынға салып балқытамын. Сол-ай.
Балташы (жұмысына қайтадан кірісіп жатып):
- Ойпырмай! Стабб бар ғой, ол оны бəрімізден жақсы біледі, сол
Стабб мұны əрқашан қырсық деп айтады емес пе; осы бір ғана сөздің
өзі қандай - қырсық, басқа түк те емес; ол қырсық, дейді Стабб; қырсық,
қырсық; осылай деп ылғи мистер Старбекке балталап түсіндіреді де
жатады - қырсық, сэр, қырсық, қырсық, мүлдем қырсық. Онымен
қоймай мына аяғы! Ойлаймын-ау, ол өзінің төсегін сонымен бөліседі
емес пе! Əйелдің орнына кит
' Тигель - отқа төзімді материалдан металл қорытуға арналып
жасалған ыдыс. -Аудармашы ескертпесі.
сүйегінің кеспелтегі! Мінеки ол, оның аяғы; ол осыған басып
тұратын болады. Ау, ол осы жаңа үш жердегі бір аяқ жəне барлығы бір
тозақтағы үш жер жөнінде не айтты? Аузынан қалай шықты? Оһ! Оның
маған сондай жек көріп қарағаны түсінікті. Кейде мен өзім де
жəдігөйлене білемін, жұрт солай дейді, бірақ бұл жай əншейін, оқтатекте. Əрі, маған шолтиған кəрі аяқтарыммен сорайған
капитандардың соңынан терең жерлерді кешіп өту қайда; су иектен
қылқылдағасын-ақ, бірден: құтқарыңдар, батып барамын деп
бажылдап айқайды саларсың! Капитандарда əңгіме басқа - олардың
аяқтары тырналардыкі сияқты! Ұзын əрі жіңішке, қарасаң, көзің
тояды! Əдетте, адамдарға бір жұп аяқ ғұмыр бойына жетеді, бұл,
əлбетте олардың оны, бейне аяғыш кексе ханымдардың өздерінің
томпиған
кəрі
мəстектерін
əлпештегендей,
күтіп
ұстайтындықтарынан болса керек. Ал Ахав болса, ол сүргін салады,
аямайды. Бір аяқты зорықтырып құртып тынды, екіншісі өмір бойы
шалынып жүреді, ал енді ол сажындап басып, сүйек аяқты тоздырады.
Əй, қара күйелеш! Маған мына бұрандаларды бұрауға көмектесіп
жіберші; сыра ашытушылардың қайтадан сыра құю үшін ескі күбілерді
жинап жүретіні сияқты, əлгі қиямет-қайымның хабаршысы қорқорын
сорайтып күллі аяқтарын əкетуге келгенге шейін мұны бітіріп
тастайық. Ойпырмай, мына аяқты- ай! Əдемілеп сүргілегенім сондай,
тірі аяқтан аумайды; ертең ол осының үстінде тұрып, биіктікті қиғаш
бұрышпен алады. Еһе! Мен оның өз есептемелерін жазатын,
жалтыраған сопақ алаңшасын ұмытып кете жаздаппын ғой. Ау, қане,
қашау мен егеуді, теріні тезірек бері əкел!
СІХ тарау
АХАВ ПЕН СТАРБЕК КАЮТАДА
Келесі таңда кемеде, əдеттегідей, сораптар жұмыс істеп жатқан,
кенет трюмдерден сумен бірге май атқылады; күбілердің қатты
тесілгені белгілі болды. Жұрт мазасызданып, Старбек осы күйінішті
оқиға жайында баян етуге каютаға түсті.
Бұл кездерде "Пекод" аралығында қытай суларынан Тынық
Мұхитқа шығатын қақпалардың бірі жатқан Формозе мен Ваши
аралдарына жақындай түсіп, солтүстік-шығысқа қарай бет түзеген-ді.
Старбек Ахавтың үстелде жаюлы шығыс архипелагтарының бас
картасына үңілген үстіне келіп кірді; осы арада, неғұрлым егжейтегжейлі, жапон аралдары - Ниппона, Мацмаи мен Сикокудың
күншығыс беттегі жағалауларының ұзын сорабын жекелеп көрсететін
басқа карта да жатқан болатын. Өзінің аппақ қардай жаңа сүйек
аяғымен үстелдің еденге бұралып бекітілген сирағына таянған осы бір
тылсым шал арқасын есікке беріп, қолындағы ашылған бəкімен,
маңдайын тыржита, өзінің ескі бағыттарын қайтадан жаңғыртып тұр
екен.
Аяқ тықырын естіген ол:
- Бұл кім? - деп сұрады да, бұрылмастан. - Жоғал! Палубаға! – деп
айқай салды.
- Капитан Ахав қателеседі, бұл менмін. Трюмде май ағып жатыр, сэр.
Трюмді ашып, күбілерді шығару керек.
- Трюмді ашып, күбілерді шығару керек деймісің? Қазір, біз
Жапонияға тақап қалғанда, ескі құрсауларды жамап-жасқау үшін осы
жерде бір апта тоқтау керек деймісің?
- Біз не осыны істейміз, не болмаса, бір күнде, бəлкім, бір жылда
жинап алатынымыздан да көп май жоғалтамыз. Жиырма мың миль
жол жүріп тапқан нəрсені сақтау керек шығар, сэр.
- Иə, солай, тек соған біздің қолымыз жетсе.
- Мен біздің трюмдегі май жайында айттым, сэр.
- Ал мен ол жайында мүлдем айтқам да жоқ, ойлағам да жоқ. Бар кет!
Мейлі, аға берсін! Мен өзім де түгелдей ағып отырмын. Иə! Аққан
үстіне ағайық; қаптаған жүдеу күбілер, сол жүдеу күбілердің бəрі жүдеу
кеменің трюмінде сабылып келеді; жағдай «Пекодтағыдан" əлдеқайда
жаман. Сонда да болса мен өзімнің тесігімді тығындауға тоқтамаймын;
өйткені, терең қайырлап отырған кемеден оны қалай табарсың, тіпті,
тапқан күннің өзінде, тіршіліктің дүлей дауылы ақырып тұрғанда, ол
тесікті бітеймін деп үміттенуге болар ма? Старбек! Мен трюмді
ашпауға бұйырамын!
- Бұған қожайындар не дейді, сэр?
- Қожайындар Нантакетте жағада тұрып, зар еңіреп, тайфундарды
бөгеуге талпына берсін. Ахавтың оларда не шаруасы баp?
Қожайындар, қожайындар. Құдды солар қожайын емес, менің бір арұятымдай-ақ, əй, Старбек, сол сорлы қожайындар туралы сен маған
қоймай немене көкіп тұрсың? Түсінсеңші, жалғыз шын қожайын - əмір
етуші адам; ал менің ар-ұятым - естимісің – менің ар-ұятым кеменің
түп-бөренесінде. Бар кет жоғарыға!
- Капитан Ахав, - деді күреңіте қызарып кеткен көмекші, каютаның
ішкерісіне бір түрлі тосын ізетпен һəм сақ өжеттікпен қадам басып, ал
онысы сыртта титтей көрініс табудан жалтарып қана қоймай, іштей де
өз-өзіне сенімі жартыкеш боп көрінді. - Неғұрлым жас, əрі неғұрлым
бақытты адамға ешқашан кешірмейтін нəрсені менен жоғарырақ кісі
де саған келгенде кешірер еді, капитан Ахав.
- Уа, малғұн! Сен немене, маған ақыл айтпақпысың! Қалай дəтің
барады?! Жоғал жоғарыға!
- Жоқ, сэр, мен əлі аяқтаған жоқпын. Сізге жалынамын, сэр. Иə, дəтім
барады - кешірімді болыңыз. Біздің бір-бірімізбен ұғысқанымыз жөн
емес пе, капитан Ахав?
Ахав үлдіріктен оқтаулы мүшкетті (күнгей сапарларында əрбір
кемеде дерлік каютадағы жиһаз затын құрайтын) жұлып алды да, оны
Старбектің кеудесіне кезеп, айқай салды:
- Жердің əміршісі - бір Құдай, "Пекодтың" əміршісі - бір капитан.
Жоғарыға!
Бір сəтке аға көмекшінің от шашқан көздері мен алаулаған бетіне
қарап оны шын мəнінде де кең ұңғыдан жалын шарпып өтті деп
ойлауға болғандай еді. Бірақ ол шамырқанған сезімдерін басып,
сабырға келіп, тіктелді де, каютадан кетерде, есік алдында сол бөгелді:
- Сен мені ренжіттің, бірақ намысыма тиген жоқсың, сэр; сонда да
болса сенен өтінерім: сақтан. Старбектен емес - сен бұған тек күлер
едің, əйткенмен, Ахав Ахавтан сақтансын, өзіңнен сақтан, шал.
- Ол өжеттеніп барады, дегенмен де бағынады; жалтақтап өжеттену
деген, міне, осы! - деп күбірледі Ахав, Старбек шығып кеткен соң. - Ол
немене деді? Ахав, Ахавтан сақтан -мұнысында бір нəрсе бар!
Сөйтіп, ол темір қабағын түнерте, құдды аса таяқтай, мушкетке
ойсыз сүйеніп, тар каютада ерсілі-қарсылы кезіп жүре бастады;
алайда, міне, оның маңдайындағы терең əжімдері жазылып, мушкетті
орнына қойды да, ол палубаға шықты.
- Сен өте жақсы адамсың, Старбек, - деді ол өзінің көмекшісіне
сыбырлай сөйлеп, содан кейін матростарға дауыстады:
- Брамсельдерді жинаңдар! Желкен бауларды тартыңдар; басжелкен жиырылсын! Жүк көтергіштер шығарылып, трюм ашылсын!
Бұл жолы Ахавтың Старбекке неге бүйткенін болжалдасақ, босқа бас
қатырар едік. Бəлкім, бұл оның бойынан жалт еткен адал ниеті шығар
немесе, дəп қазіргі жағдайларда кемедегі негізгі командирлердің
бірінде титтей де, тіпті, қас қағым сəттік наразылыққа үзілді-кесілді
жол бергізбейтін қарапайым есеп болар. Қалай болғанда да, оның
бұйрығы орындалып, трюм ашылды.
СХ тарау
КВИКЕГ ЖƏНЕ ОНЫҢ
ТАБЫТЫ
Мұқият тексеріп қарағаннан кейін трюмге соңғы кезекте түсірілген
күбілердің бəрі бүтін болып шықты, демек, тесік төменірек бір жерде
болуы керек. Содан, теңіздегі тымықты пайдаланып, біз трюмнің ең
тереңіне түсуге тəуекел еттік. Тіреуіштерді қирата, құдды түн
жарымындағы қараңғылықтан дəу көртышқандарды күндізгі жарыққа
қарай қуалағандай, төменгі қабаттардағы деңгезердей жүз галлондық
күбілердің ауыр ұйқысын бұзып, барған сайын төмендей бердік. Біздің
уақыт жегісі жеген, соншалық көне, көгеріп өңезденген дəу күбілер
тұрған тылсым тереңдікке өткеніміз сондай, ендігі капитан Нұхтың
теңгелер толтырылған һəм Нұх алжасқан ескі əлемді топан су
қаптауынан құр босқа сақтандырған құлақтандырулар жапсырылған,
мүк басқан ең негізгі күбіні іздейтін шағымыз дөп келгендей екен.
Ауыз су құйылған, нан, тұз салынған күбілерді, күбі тойтармалары мен
темір шегендер бумаларын жоғарыға бірінен соң бірін домалатып
шығара бердік, содан, ақыр аяғында палубада аяқ басар жер қалмауға
айналды; сіз бір бос үңгірлердің үстінен ерсілі-қарсылы жүргендей-ақ,
босаған трюмдердегі аяқ тықырының жаңғырығы күңгірлеп естілді;
сөйтіп, кемені толқын үстінде, бейне ауа толтырылған өрмелі құтысауыттай шайқап бұлғалақтатты. Ашқарынға Аристотельді оқыған
мектеп оқушысындай-ақ, "Пекодтың" басы ауырлай түсті. Əйтеуір бұл
кезде бізге тайфундар келіп қалуды ойға алмағанына тəубе.
Міне, дəл осы кезде менің мəжуси жолдасым жəне жан досым
Квикегті дүлей талма ауру меңдетіп, оны бақидың саясына алып кете
жаздады.
Кит аулаушылық кəсіпте жатып жейтін батпан қəйрық
болмайтынын айтуымыз керек; мұнда қадір-қасиет пен қауіп-катер
қол ұстасып қатар жүреді; капитан шеніне жеткенше, неғұрлым
жоғары өрлеген сайын, солғұрлым мехнатты еңбек етуге тиіесің.
Бейшара Квикегтің жағдайы да осылай-тын: ол гарпуншы ретінде тірі
китпен күш таластырып қана қоймай, сондай-ақ - жоғарыда
көргеніміздей - тулаған теңізде оның жансыз жотасына көтерілуі,
сонан кейін трюмнің түнегіне түсуі, сөйтіп, осы қараңғы қапас
зынданда қара терге малшынып, зілмауыр күбілерді аударыптөңкеріп, олардың жинақтап қойылуын қадағалауы керек еді. Иə,
қысқасын айтқанда, кит аулағыштағы гарпуншылар дегеніміз жұмысқа жегілген хайуан.
Сормаңдай Квикег! Мекенің ішек-қарнын жартылай ақтарған кезде
сіз люк қақпағынан еңкейіп, өңез бен ылғалдың арасында жартылай
жалаңаш, таңбалы əшекей суретті жабайы, құдды құдық түбіндегі
теңбілді жасыл кесірткедей, төрттағандай тоңқаңдап еңбектеген
трюмге көз қырын салып көрсеңіз етті. Бейшара мəжуси, жаңағы
құдық, дəлірек айтқанда, мұздақ сен үшін бұл жолы трюм болып
шықты; неге екені түсініксіз, сұмдық ыстыққа қарамастан, ол осында
терге малшынып, қатты суық тигізіп алды, онысы сандырақ елесті
ауруға ұласып, бірнеше азапты күннен кейін бейбақты ажал есігінің
дəл табалдырығы алдындағы кереуетке жықты. Осы баяу өткен,
бірнеше ұзақ күндерде ол қандайлық əлсіреп, құр сүлдері қалды
десеңізші! Оның бойында енді қу сүйегі мен əшекей суретінен басқа
тіршілік белгісі де қалмаған. Ол саудырап жүдеп, бет сүйектері
адырайып, тек көздері ғана барған сайын біртіндеп үлкейе берді,
оларда əлдебір тосындау жұмсақ нұр пайда болды, енді сырқатының
тұңғиығынан солар сізге мейірім төге, бірақ еш нəрсе өлтіре де, бұза да
алмайтын, ажалсыз жан саулығымен нұрланған байсалдылықпен
қарайтын. Қатып қалып, барған сайын арырақ таралатын судағы
шеңберлі иірімдер тəрізді, оның көздері де, Мəңгілік иірімдеріндей,
барған сайын кеңейе берді, кеңейе берді. Осы үзіліп-өшіп бара жатқан
жабайының қасында отырып, оның жүзінен сонау Зəрдəш' өлімінің
куəсі болғандар байқаған түсініксіз бірдеңені көрген кезіңізде сіздің
бойыңызды тылсым үрей билеген болатын. Өйткені, адамдағы шын
мəнісіндегі ғажайып пен үрейлі нəрсе əлі ешқашан сөзбен де, кітапта да
бейнеленген емес. Ал барлығын бірдей етіп теңестіретін Ажалдың
жақындауы барлық дидарларда тек өлгендер ғана жеткізе суреттеп
бере алатын соңғы сыр-аянның мөртаңбасын басады. Міне, сондықтан
да - тағы қайталап айтамыз - өзінің тербелген кереуетінде тыныш
жатқан, ал шуласа бүлкілдеген толқындар акырғы ұйқысын аялай, өзін
əлдилегендей болған, көзге көрінбейтін мұхит тасуы өзін барған
сайын жоғары, пешенесіне жазылған аспан төріне қарай көтере берген
бейшара Квикегтің дидарынан жүгіріп өткен жұмбақ көлеңкелерден
асқан асқақ ойларды
Зəрдəш - Зороастр. - Аудармашы ескертпесі.
ажал жастығына бас қойған бірде-бір халдей немесе, грек бастан
кешкен емес.
Кемедегілердің бірі қалмастан оның сауығуынан күдер үзді, ал
өзінің сырқаты жайында Квикегтің өзі не ойлайтындығын оның бізге
тіл қатқандағы таңғаларлық өтініші айқын көрсеткен. Əлдеқалай
таңғы кезектің сұрғылт алакеуімінде ол бір матросты шақырып алып,
қолынан ұстап тұрып, Нантакетте, мұның туған аралында соғыс
пирогаларын жасайтынға ұқсас, қарасұр ағаштан шабылған жіңішке
қайықтарды көргенін айтты; сұрастыра келе, өлген əрбір кит
аулаушыны Нантакетте осындай қарасұр қайыққа салатынын
анықтапты, содан, өзінің де мұндай пешенені иемденуі туралы ой
оның көңілінен шығып, айрықша ұнап қалады, себебі, бұл оның
халқының əдет-ғұрпына қатты ұқсайды, оларда өлген жауынгерді
бальзамдағаннан кейін ұзына бойымен өзінің пирогасына бөлеп
жатқызып, жұлдызды архипелагтарға қарай толкындардың еркімен
жүздіріп қоя береді, өйткені, олар жұлдыздардың аралдар екендігіне
ғана емес, сонымен бірге көзге көрінген көкжиектердің алыстағы арғы
шектерінде бұлардың өздерінің жып-жылы, ұшы-қиырсыз теңіздері
Құс Жолының аппақ көбікті толқындарына ұласып, көгілдір аспанмен
астаса қосылып кететініне де сенеді. Ол тағы да өзін ескілікті теңіз
ғұрпы бойынша кереуетке орап жерлеп, құдды жиренішті өлекседей,
құзғын-акулалардың жеуіне жақтау сыртына лақтыратынын
ойлағанда жаны түршігетінін қоса айтты... Жоқ, оған Нантакеттегідей
қайық берсін, кит аулағыш вельбот сияқты, табыт-қайықтың да түпбөренесі жоқ болғандықтан, ол сонысымен бұған - кит аулаушыға
анағұрлым лайықты; əлбетте, соның салдарынан ол рульге аса
бағыныңқырамайтын болуы керек, сондықтан да мұнарлы
ғасырлардың бойымен төменге жүзген кезде оны ағыс айдап əкетеді.
Осы тосын өтініш жайында шканцыда хабардар етілісімен,
балташыға бірден Квикегтің қандай да болмасын тілегін орындауға
бұйрық берілді. Кеменің үстінде аз-маз ескі ағаштар, алдыңғы
сапарлардың бірінде Лаккадив аралдарындағы тұмса тоғайлардан
əкелінген əлдебір мəжуси-қарақоңыр, түнек түсті тақтайлар жатқан,
енді дəл осы қара тақтайлардан табыт жасау ұйғарылды. Бұйрықты
балташының құлағына тигізгесін-ақ, ол созбаққа салмай, дюймдік
жіңішке тақтайшасын алып, өзіне тəн сүлесоқ ықтияттылығымен
кубрикке жөнелді, ол жерде тақтайшасын Квикегке бойлата төсеп,
бүйірінде борлы белгілер қалдырып, оны мұқият өлшеуге кірісті.
- Ай, сорлы-ай, енді оның өлуіне тура келеді, - деп күрсінді ЛонгАйлендтық теңізші.
Балташы болса, верстагына қайтып келіп, ыңғайлылық һəм
əрдайым еске салу мақсатында онда болашақ табыттың дəл
ұзындығын өлшеп белгіледі де, шеткі нүктелерде екі кертік шекін,
онысын мəңгілікке тіркестіріп қойды. Бұдан соң құрал-саймандары
мен тақтайларды жинап, жұмысқа кірісті.
Соңғы шегесі қағылып, қақпағы сүргіленіп, дұрыс қалыпқа
келтірілгесін ол дайын табытты иығына оп-оңай көтеріп салып,
марқұмның дайындығын анықтау үшін, оны бакқа алып барды.
Матростардың палубада балташыны жүгімен қоса аулаққа қуған
ашулы əрі сəл-пəл əжуалы дауыстарын естіген Квикег жұрттың
жандарын түршіктіріп, табытты өзіне тездетіп əкелуге əмір етті;
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.