Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 24

Total number of words is 4127
Total number of unique words is 2371
30.3 of words are in the 2000 most common words
44.6 of words are in the 5000 most common words
51.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
аймалаған су бетінен ақ көбікті жалпақ сақина буынған əлдебip ақ
толағайды айырған момын əскери кеме немесе жиһанкездер кемесі
шалғайдан шалған киттің залалсыз мүрдесін сол сəтте - ақ дірілдеген
саусақтар кезекші журналына тіркейді: "Абайлау керек, қайраң, су
асты жартасы мен асау толқын байқалды".Бұдан кейін де көп жылдар
бойы кемелер осы арадан үрейленіп,алдынан таяқ ұстағанда сол
жерден серкесі секіргені үшін ғана тегіс жолда қарғып секіретін топас
қойлар сияқты, əлгі арадан қарғып өтіп жүреді. Сіздердің мақтаулы
өнегелеріңіз осы ма?
Дəстүрдің пайдасы осы ма? Əлгі күллі өміршең аңыздарыңыздың
ақыр-тақыры осы ма? Олардың жерде ешқандай тамырлары жоқ, олар
тіпті, былайша айтқанда, ауаға да ілініп тұрған жоқ. Дұрыстықтан
қайтпау деген, міне, осы!
Өстіп, тірі кезінде киттің денесі дұшпандарын шынымен
қорқытатын болып шығады да, ал өлгеннен кейін оның аруағы бұл
дүниеде үрей-дүрбелең тудырып, жан түршіктіре тітіретіп шошытады.
Ал сен, достым менің, аруақтарға сенесің бе? Аруақтар тек КөкЛейнде ғана бар деймісің? Олардың бар екендігіне доктор Джонсоннан
əлдеқайда салиқалы кісілердің өздері де сенеді.
LXX тарау
СФИНКС
Іреп сойғанға дейін əуелі левиафанның басын кесетінін айту лəзім.
Кашалоттың басын ажыратып алу дегеніміз - тəжірибелі кит
оташылары орынымен мақтан тұтатын ғылыми анатомиялық ерлік.
Аңдап байқасаңыз, киттің мойынға ұқсайтын ештеңесі жоқ;
керісінше, оның басы мен көкірегі қосылады деген жерде, нақ осы
арада ұшаның ең жуан бөлігі орналасқан. Сондай-ақ, біздің
оташымыздың отаны науқастан сегіз, əйтпесе он фут жоғарыда тұрып
жасауына тура келетінін де еске тұтып қойыңыз, əрі ол науқас көбінесе
тулаған асау лай толқындардың астында түгелдей дерлік жасырынып
жатады. Бұған қоса, осы аса қолайсыз жағдайларда ол ұшада тереңдігі
бірнеше футтық ойық жасауы керек, осылайша, жер асты
жұмыстарындағы сияқты, көрместен, əрбір сот сайын қайтадан
жиырылып жабылуға шақ тұрған сол ойық тесікке қарамастан, ол
төңірегіндегі тыйым салынған барлық телімдерді шеберлікпен жанап
өтіп, арқа жотасын бас сүйегіне тұтасып кететін бірден-бір жалғыз
жігінен тура түсіп ажыратуы керек. Сондықтан, кез келген
кашалоттың басын он минутта кесіп аламын деп бөсетін Стаббтың
мақтануына қалай таңырқамассыз?
Кесілген бас, ұша сойылып болғанша, жақтау сыртындағы арқанда
қалдырылады. Егер кит оншалық зор болмаса, бұдан кейін басты
палубаға көтеріп, аса мұқият түрде мүшелеп бұзады. Бірақ тарлан
левиафанның таудай басын оңай игеру мүмкін емес; гəп мынада, ірі
кашалоттың басы оның бүкіл көлемінің үштен біріне жуықтайды,
демек, мұндай салмақты, тіпті, кит аулағыштың зор қуатты жүк
көтергіштеріне салбыратып ілуге əрекеттену - голланд қамбасын
зергер таразысында өлшеумен пара-пар болар еді.
Енді, біздің киттің басы кесіліп, сойылып болғасын, басты
"Пекодтың" үстіне қарай тартыңқырай түсті, соның өзінде оны туған
ортасы əлде де болса кəдімгідей демеп, ол тек судан жарым- жартылай
ғана көтерілді. Міне, сөйтіп, кеме жойқын салмақ қысымымен гротмарсқа ыңырана қырындап күрт жантайып, бүкіл жақтау бойындағы
желкен керетін көлденең сырықтар толқындардың үстінде керік
мойындарындай сорайып тұрған əзірде, қаны тамшылаған бұл бас,
құдды Юдифаның беліндегі Олоферннің дəу басы сияқты, "Пекодтың"
сауырында салбырап тұрды.
Тал түс болып, команда төменге тамақтануға кетті. Осы жаңағы
əзірдегі даңғазалы, шулы палубада жан баласы қалмай, жым-жырт
үнсіздік жайлады. Жер-жаһанның сары лотосындай меңіреу қола
тыныштық теңіз үстіне өзінің үнсіздік аялаған айдынды
жапырақтарын бірінен соң бірін жайып салды.
Бір азырақ уақыт өткесін осы үнсіздікке каютадан жападан-жалғыз
Ахав көтерілді. Ол палубада бірнеше рет ерсілі-қарсылы жүріп өтіп,
тоқтады, жақтауға көз қиығын салып, сосын гротрусленьге шықты да,
сонда кит басы шабылғаннан кейін тасталған Стаббтың ұзын күрегін
көтеріп алды, содан оның жүзін арқанмен тартулы кесекке қадап,
сабын қолтығына тіреп, дəу басқа бар зейінімен көз тігіп, осылай
тұрып қалды.
Қия жартасқа ұқсаған бас қап-қара еді; жым-жырт тымықта
тербетілген ол сақара шөлдегі Сфинкстің басындай боп көрінді.
- Ау, деңгезердей һəм құрметті бас, сөйлесеңші, - деді сыбырлай
сөйлеген Ахав, - сақалың жоқ болса да, балдырлар өн бойыңа оралып
қалғандықтан, сен сабалақ болып көрінесің; сөйле, қане, дəу бас, бізден
жасырған тылсым сырыңды аш. Сен барлық сүңгуірлерден де
тереңірек сүңгідің. Қазір аспаннан күн сəулесі құйылып тұрған мына
бас əлемнің терең қойнауларында жүйткіп жүрді; ол жаққа сүңгіген
есімдер мен флотилиялар хабарсыз жоғалып, құрдымда шіриді, ол
жақта үзілген үміттер мен тот басқан зəкірлер жерленген; сенің туған
үйің миллиондаған суға кетушілердің ақ сөңке сүйектері тау боп
үйілген "Жер" фрегатының ажал үйірген трюмінде, сол бір сойқанды
су елінде. Сен бірде сүңгуір, бірде-бір су асты қоңырауы болып
көрмеген жерлерде жүздің; сен қасыңда ұйықтаған тсңізшілердің
ұйқы-күлкіден айырылған аналары бұл құқықты сенен өз өмірін қиып
сатып алар еді. Сен көктің өзі өздеріне опасыздық жасаған кезде бірбіріне адал ашыналар өртенген кемеден айқасқан құшақтарын
жазбастан еріндері өбіскен, жүректері тоғысқан күйінде теңізге
секіріп, тулаған толқындарда жоғалғанын көрдің. Сен қарақшылар түн
ортасында қидалап кескілеген капитанның жақтау сыртына ұшқан
өлігін көрдің; ол түннен де қара тойымсыз тұңғиыққа көп сағаттар
бойы біртіндеп батты, ал оны өлтірушілер аман-есен ары қарай
заулатып жүзіп кете берді - сол сəттерде адал жарды тағатсыз жұпар
құшаққа жеткізуге тиісті кемеде ақ нажағай жарқ-жұрқ етті. Ау, бас!
Сенің көрген-білгенің планеталарды тітіретіп, Ыбырайымды құдайсыз
қылуға да жетерлік, бірақ сенің тіл қатуға құлқың жоқ!
- Көкжиекте желкен! - деген шат дауыс естілді грот-мачтадан.
- Солай ма? Несі бар, бұл жағымды жаңалық, - деп дауыстады оқыс
тіктелген Ахав, оның қабағында түнерген бұлттар лезде сейіліп кетті. Расында да, меңіреу тыныштықтағы мына шат дауыс жаны
қазымырланып үлгермеген кісіні жақсылыққа жетелеп əкеткендей...
Қайда?
- Жақтау бойымен үш румба оңға қарай, сэр. Бізге қарай жел қуалап
келеді!
- Бұл тіпті жақсы, достым. Бəлкім, бұл менің желсіздігіме өзінің
желін соқтырып келе жатқан апостол Павелдің өзі шығар! Уа, табиғат,
уа, адам жаны! Сендерді байланыстырып тұрған тылсым неткен
шексіз; табиғаттағы əрбір титтей ұсақ атомның адам жанында өз
баламасы бар.
LXXI тарау
"ИЕРОВОАМНЫҢ" ХИКАЯСЫ
Бізге кеме мен жел жарыса жақындап келе жатты, əйткенмен де жел
кемеден бұрын жетіп, кешікпей-ақ "Пекод" толқындарда тербетіліп
тұрды.
Кішкенеден соң дүрбі арқылы бейтаныстың палубасындағы
вельботтарды, мачталарындағы шолғыншыларды айырып көруге
болатын болды, сөйтіп, біз мұның кит аулағыш екенін түсіндік. Бірақ
ол алыстағы желдің жалында, сірə, басқа кəсіпшілік аумақтарға
ұшыртып бара жатты, демек, "Пекодтың" оған жақындауға дəмеленіп
те керегі жоқ-тын. Сондықтан, біз жалауша көтеріп, жауабын күттік.
Бұл арада анықтай кетерлік бір жай, əскери флот кемелері тəрізді,
американдық кит аулау флотилиясындағы əрбір кеменің өзінің жеке
жалаушасы бар; бұл жалаушалардың бəрі арнайы кітапта жинақталып,
олардың тұсында меншікті кемелерінің атаулары таңбаланған; əрі
мұндай кітап əрбір капитанда болады.
Осының арқасында кит аулағыштардың сардарлары ашық теңізде
бір-бірін тіпті алыстан да еш қиындықсыз, айтпай тани алады.
Ақыры, "Пекодтың" ишарасына жауап ретінде бейтаныс өз
жалаушасын іліп қойды; бұл нантакеттік "Иеровоам" екен. Желкен
кергіштерін босатқан ол "Пекодтың" ық жағында бір орында
көлденеңдей қалқып тұрды да, суға шлюпка түсірді; ол шапшаң
жақындап келді, бірақ сəлемге келуші капитанға арнап матростар
Стаббтың жарлығымен аспалы саты түсіруге əзірленген кезде, ол
кенет өз шлюпкасының құйрығынан қолын сермеп, мұның мүлде
қажетсіздігін ишарамен ұқтырды. Сөйтсе, "Иеровоамның" үстінде
жұқпалы індет асқынып тұрған болып шықты, сол үшін де капитан
Мэйхью "Пекодқа" ауру əкелуге қорқады. Оның өзі жəне шлюпканың
күллі командасы індетке шалдықпағанымен, əрі кемесі біздікінен
жарты зеңбірек атым қашықтықта тұрғанымен жəне арамызды кəусар
теңіз толқындары əмбе саф самал ауа бөлгенімен - сонда да болса
құрлықтағы карантин тəртіптерін қатаң сақтаған ол "Пекод"
палубасына көтерілуден үзілді-кесілді бас тартты.
Бірақ бұл əңгіме-дүкен құруға мүлдем де бөгет болған жоқ. Өзі мен
кеме
арасындағы
бірнеше
ярдтық
қашықтықты
сақтаған
"Иеровоамның" шлюпкасы ескектердің жəрдемімен "Пекодтың"
қасынан ұзап кетпеді, ал "Пекод" болса грот-марсельді қабырғалап
қойып, толқынды (бұл шақта жел күрт салқындап кеткен-ді) тоспалап
қиды; кей-кейде кенеттен ойнақтап шыға келген толқын жалы іліп
əкеткен қайық "Пекодтан" азырақ озып та кетеді; бірақ шебер
қайықшы оны дереу тиесілі орнына қайтара қояды. Өстіп осындай - немесе
осыған ұқсас - қозғалыстармен анда-санда үзілген əңгіме қайық
пен кеме үстінен жүргізілді, алайда, сондай - ақ мүлдем басқа
себептерге байланысты да кідірістер болды.
"Иеровоам" шлюпкасы ескекшілерінің арасында əрбір матрос
айрықша тұлға саналатын кит аулаушылар командасында да өзінің
сырт келбетімен дараланған бір адам отырды. Ол сондай жас, аласа
бойлы екен əрі əлжуаздығы байқалады, бетіне секпіл қаптаған,
жалбыраған сары шашты. Жұмбақ пішімді, оңып кеткен əлдебір
қоңырқай реңді, ұзын етек бешпент киген, онысының далақтаған
жеңдерін түріп, білектерін жалаңаштап алыпты. Ал оның көздерінде
қасарысқан қайтпас қайсар, қияли ессіздік алаулап тұрды.
"Пекодтағылар" оны көрісімен Стабб дауыстап жіберді:
- Анау сол! Анау сол - бізге "Таун-Хоның" жігіттері айтқан əлгі ұзын
етекті сайқымазақ!
Стабб осының алдында ғана бізбен кездескен кезде "Таун-Хо" кит
аулаушылары əңгімелеген "Иеровоам" жəне оның бір матросы туралы
хикаяны есіне түсірді. Олардың əңгімесіне, сондай-ақ кейін алынған
кейбір мəліметтерге қарағанда, аталмыш "ұзын етекті сайқымазақ"
"Иеровоамның" күллі экипаж мүшелеріне дерлік билігін жүргізетін
ғажапқа қол жеткізудің қыбын тапқан.
Ол хикая мынадай.
Бұл адамды көздеріне қан тола долырған Нискайюна шейкерлерінің
сектасы баулыған, олардың арасында ол ұлы пайғамбар саналып
құрметтелген, ол олардың əумесерлік құпия жиын-топырларына неше
рет төбе қақпағының көмегімен аспаннан түсіп, таяу болашақта өз
көкірекшесінің қалтасында жатқан жəне, күдікке орай, оқ-дəрімен емес,
апиын тұнбасымен толтырылған жетінші ыдыстың тығынын
ашатынын аян етіп хабарлаған. Сосын апостолдық тылсым тілектің
ықпалымен елігіп, Нискайюнадан кетіп, Нантакетке келген, мұнда ол
тек ессіздерге ғана тəн ептілікпен байсалды, байыпты адам болып
көрініп, кит аулауға кеткелі жатқан "Иеровоамға" жаңадан алынған
матрос ретінде орналасуға тырысқан. Оны қабылдайды, бірақ құрлық
көзден таса болысымен, оның ессіздігі жаңа күшпен қарқын алады. Ол
өзін Гавриил пайғамбармын деп жар салып, капитанға жақтаудың
сыртына секіруге əмір етті, үндеуін паш етіп, өзін барлық аралдардың
азат етушісі һəм Мұхитстанның бас пірəдары деп жариялады. Осының
бəрін айтқандағы темірдей сенімі, қалғуды білмес жанкешті қиялының
сайтандай сақылдап құйқылжуы, шын алжасудың сұмдық белгілері осының бəрі надан матростардың көзінде Гавриилді əулие дерлік
дəрежеге жеткізді. Бұл аз болса, одан қорықты. Сөйтіп, кемеде бұл
адамнан келер пайда шамалы болғандықтан, əрі ол жұмыс істеуге
өзінің зауқы соққанда ғана келісетіндіктен, командасынан бір
өзгешелігі - ырым-нанымға бой алдырмаған капитан одан қуана-қуана
құтылар еді; бірақ өзін бірінші айлақта - ақ түсіріп кетпекші
пиғылдарын білген Жебірейіл бүкіл мөртаңбаларын бұзып, барлық
ыдыстарының тығындарын ашып жіберді, егер бұл ниеттері жүзеге
асқан жағдайда кемені күллі экипажымен қоса жантүршігерлік апатқа
ұшырататын болды. Оның команда құрамындағы жандайшаптарына
ықпалының күштілігі сондай, ақыр-тақырында матростар түгелімен
капитанға барып, егер ол Гавриилді тастап кететін болса, кемеде
біреуі де қалмайтындарын мəлімдеді. Содан ол өз жоспарынан бас
тартуға мəжбүр болды. Олар тақ осылайша, Гавриил не істеп, не қойса
да, не сөйлесе де, оған қырын қарауға жол бермеді; сөйтіп, ақырындап,
Гавриил кеме үстінде толық еркіндікке ие бола бастады. Ал бұл, өз
кезегінде, жебірейілдің капитан мен оның көмекшілерін адам құрлы
көрмей, көзге ілмеуіне əкеліп соқты, əсіресе, індет өршіген кезден бері
бұрынғысынан бетер еркінсіп, еліріп, өзінің айтқанындай, оба тек
мұның əмірімен басталғандығын əмбе егер қаласа, оны тек өзі ғана
тоқтата алатынын мəлімдеді. Көпшілігі қараңғы адамдар, матростар
оның алдында қалтырап, кейбіреулері тіпті жарамсақтанып, оған оның
талабы бойынша нағыз құдайдай табынды. Мұндай оқиға өтірік болып
көрінуі мүмкін; бірақ, соған қарамастан, ол ақиқат. Жалпы,
фанатиктердің ғұмырбаяндарында олардың өз-өздерін шексіз
алдаулары емес, солардың басқаларды ақымақ етіп, алдауындағы
шексіз шеберліктері қайран қалдырады. Əйткенмен, "Пекодқа"
оралатын уақыт жетті.
- Мені сенің індетің қорқыта алмайды, достым, - деді тұтқадан ары
еңкейіңкіреген Ахав өз шлюпкасының құйрығында тұрған капитан
Мэйхьюге. - Менің кемеме көтеріл.
Нақ осы арада Гавриил атып тұрды.
- Ойлан, сұмдық сары безгек жайын ойлан! Сұмдық обадан қорық!
- Гавриил! Гавриил! - деп жан даусы шықты капитан Мэйхьюдің. Əйтпесе, сен тап қазір... - Бірақ дəл осы сəтте толқын шлюпканы
қақпақылдап іліп əкетіп, бірталай алға апарып тастады да, күрілсарылымен айтылған сөздерді жұтып қойды.
- Сен Ақ Китті кездестірген жоқсың ба? - деп сұрады Ахав шлюпка
қайтадан "Пекодтың" қатарына тұрысымен.
- Ойлан, быт-шыты шығып, суға батқан вельботың жайында ойлан!
Ғаламат құйрықтан қорық!
- Саған айтылды емес пе, Гавриил, сен енді... - Бірақ құдды жынсайтан түрткендей, шлюпканы тағы да алға ұшыртып əкетті. Əңгіме
бірер сəтке үзілді, шулы толқындар бірін-бірі алысқа жүйтки қуалады,
мұхиттың тылсым құдіретімен, солардың бірде- бірі оны өз жалына
қондырмады. Ал кашалоттың салбыраған басы кеменің жақтауына
қайта-қайта қатты соғылып, Гавриилдің оған жебірейіл періштеден
күтуге болмайтындай бір түрлі анағұрлым ашық қауіппен қарағаны
көрініп тұрды.
Осы шағын кіріспе аяқталғасын капитан Мэйхью өзінің Моби Дик
жайындағы көңілсіз хикаясын бастады, алайда, бұл əңгімені оның аты
аталған кездерде Гавриил жəне құдды сонымен бірігіп алғандай
көрінген, бұрқанған теңіз ара-тұра үзіп тұрды.
Туған айлағынан шыққаннан кейін көп ұзамай "Иеровоам" бір кит
аулайтын кемемен ұшырасқан екен, команда Моби Диктің мəн - жайын
жəне бұл киттің қандай дүрбелең əбігершілік тудырғаны туралы содан
естіпті. Жаңа мəліметтерді ашқарақтана сіңірген Гавриил неше түрлі
жантүршігерлік үрей-қауіпті төндіріп, құбыжық "Иеровоамның"
алдынан шыға қалған жағдайда капитанның бұл китті аулауына
тыйым салуға тырысып, өзінің сандырақ балдыр-батпағында Ақ Китті
аз-кемі жоқ шейкерлер құдайының бейнесі деп жариялады. Алайда, бір
немесе екі жыл өткенде мачталардағы шолғыншылар шынында да
Моби Дикті байқаған кезде аға көмекші Мэйси онымен шайқасуға
соншама құштар болды; содан капитанның өзі жебірейілдің барлық
қоқан-лоқылары мен сақтандыруларын елеместен, оның мұнысына
ынты-шынтымен рұқсат еткен кезде Мэйси бес матросты үгіттеп
көндірді де, солармен вельботқа отырып, киттің соңынан жөнелді.
Сілесі құрыған ұзақ қуғыннан кейін, көптеген сəтсіз əрекеттерден
кейін ол ақыры оған бір гарпунды қадады. Бұл шақта грот-мачтаның
ұшар басына өрмелеп шығып алған Гавриил сол арадан бос қолымен
ашулана сілкілей сермеп, өз құдайының киені қорлаған дұшпандарын
тез арада сұмдық қазаға душар ететін сəуегейліктерімен көміп
тастады. Міне, вельботының тұмсығында бар бойымен тіктелген аға
көмекші Мэйси айқастың қызуымен, тəртіп бойынша, китке нөпір
қарғысты аямай жаудырып, шанышқысын түйреуге оңтайлы сəтті
күтіп тұрған кезінде кенеттен су үстінде ғаламат зор ақ көлеңке
көтеріліп, өзінің желпуіш тəрізді қозғалыс-қимылымен күллі
жүректерді тітіреніп сап тоқтатуға мəжбүр етті. Дəл сол сəтте бойын
өмірдің бұла қуаты мен ашу кернеген вельботтың бақытсыз командирі
əуеге аспандата лақтырылып, ол ұзын доға жасай иіліп барып, елу ярд
шамасында теңізге құлдырап құлап түсті. Вельботтың бір жаңқасына
да зақым келмеді, матростардың басындағы бір тал шашы да түспеді,
тек аға көмекші Мэйси мəңгілікке толқындардың астында толас тапты.
Бұл арада жол-жөнекей айта кеткеніміз жөн, жаңағыға ұқсас
бақытсыз жағдайлар кит аулау кəсібінде тым-ақ жиі болып тұрады.
Кейде, сонша рабайсыздықпен қазаға ұшыраған кісіден басқа,
барлығы, мұрындары да қанамастан, аман-сау қалады; бұл жағдайда
көбінесе вельботтың опырылған тұмсығы су түбіне кетеді немесе,
жаңа ғана əлгі бейшара тұрған тиянақ-тұғыр сонымен бірге көкке
ұшады. Ең таңғаларлығы сол, судан алып шығу мүмкін болған
жағдайларда қаза табушының денесінде титтей де соққы ізі болмайды,
соған қарамастан адам жантəсілім еткен.
Кемедегілер түгелдей не болғанын көрген, Мэйсидің денесі суға
батқанын көрген. Гавриил: "Ыдыс! Қаһар ыдысы!" - деп шыңғыра
еңіреп, үрей билеген матростардың аңшылығын тоқтатқан. Осы
сұмдық оқиға жебірейілдің билігін тек күшейте түсті, өйткені, оның
ырымшыл жандайшаптарына ол жай бір бұлдыр сəуегейлік айтқан
емес, нақ осыны болжаған боп көрінді, оның орнында ондайда "тисе
терекке, тимесе бұтаққа" деп кім болса сол айта салар еді. Ол сөйтіп
күллі кеменің қаһарына айналды.
Мэйхью өзінің əңгімесін аяқтағасын Ахав оған сұрақ қоя бастады,
оларды тыңдаған қарсы жолыққан кеме капитаны шыдай алмай, өз
кезегінде Ахавтан егер мүмкіндік туа қалса, ол Ақ Китті аулауға
тəуекел ете ме деп сұрады. "Иə" - деп жауап берді оған Ахав. Сол
мезетте Гарвиил қайтадан атып тұрып, қарт капитанға отты көздерін
қадап, сұқ саусағымен төменді көрсетіп тұрып, түнере зарлап қоя берді:
- Ойлан, ана тереңдегі өлген жан - кие соққан жайлы ойлан! Кие
соққанның жазмышынан қорық!
Ахав түк естімегендей теріс бұрылып, сосын Мэйхьюге тіл қатты:
- Капитан, қазір өзімнің пошта қоржынымды есіме түсіріп тұрмын;
сонда меніңше, сенің бір офицеріңе хат бар сияқты. Старбек, поштаны
қарашы.
Əрбір кит аулағыш жүзуге аттанғанда əр түрлі кемелерге арналған
қаншама хатты ала кетеді, олардың жолданған иелеріне жеткізілуі
түгелдей төрт мұхиттың жалпақ атыраптарындағы кездейсоқ
ұшырасуға байланысты болады. Бұл хаттардың көпшілігі сол бетінде
нысанаға ешқашан жетпейді, ал кейбіреулері тиісті қолға екі немесе
үш жыл өткесін барып бір-ақ тиеді.
Старбек кешікпей хаттарды алып қайтып келді. Аянышты халде
мыжылып ылғалданған ол бүкіл осы уақытта қараңғы шкафта
сақталғандықтан, сыртын көгерген өңез дақтары басыпты. Мұндай хат
үшін ең жақсы пошташы Ажалдың өзі болар еді.
- Айыра алмай тұрмысың? - деп айқай салды оған Ахав. - Қане, əкел
бері маған. Иə, дұрыс, жазуы өшіп қалған дерлік... Ау, мынасы несі?
Ол хатты қарап жатқанда Старбек фленшерлік күректің ұзын сабын
алып, оның басын хатты сыналап қыстыруға жəне сөйтіп таяқтың
ұшымен шлюпкаға беруге болатындай етіп пышақпен айырып жарды.
Бұл кезде Ахав та конверттегі жазуды ажыратып оқыды:
- "Мистер Гар...", иə, "мистер Гарриге" (əйелдің қолы... шимайшатпақ... белгілі жағдай, əйелі жазады)... Аха, міне, ... "мистер Гарри
Мэйсиге, "Иеровоам" кемесі... ой, мынау жаңағы Мэйси ғой, ол тірі емес
қой!
- Байғұс-ай, байғұс! Əйелі жазып тұр ғой, - деп күрсінді Мэйхью. Неде болса, əкел бері мұнда.- Жоқ! Өзіңде қалдыр, - деп айқайлап
жіберді Гавриил Ахавқа, - кешікпей өзің де соның соңынан аттанасың
емес пе!
- Қарғысың қара басыңа келгір! - деп ақырды Ахав. - Капитан
Мэйхью, хатты қабылда.
Старбектің қолынан сормаңдай хатты алып, ол оны сырықтың
жарылған ұшына қыстырды да, жақтаудан шлюпкаға қарай созды.
Дағдарған ескекшілер есулерін тоқтатты, шлюпка азырақ "Пекодтың"
құйрық тұсына жылжыды, сол кезде хат, құдды бір сиқыр түрткендей,
тура Гавриилдің ашқарақ алақанына топ ете түсті. Сол сəтінде ол
шлюпканың түбінен селебе пышақты ала салып, хатты қақ жарып
соған шаншып алды да, осы жүгімен қоса қайтадан кемеге атып ұрды.
Пышақ Ахавтың аяғына түсті. Гавриил болса шіңкілдеген даусымен өз
жолдастарына ескектерді жабыла есуге бұйырды, сөйтіп, бүлік
көтерген шлюпка "Пекодтан" аулақ заулап жөнеле берді.
Үзілістен кейін матростар кит жабуы қасындағы жұмысты қайта
жалғастырған кезде осы рабайсыз оқиғаға байланысты көптеген
бұлдыр болжамдар айтылды.
LXXII тарау
"МАЙМЫЛ БАС ЖІБІ"
Кит ұшасын союдың шулы да əбігерлі əуре-сарсаңында
матростардың ерсілі-қарсылы тынымсыз жүгірулеріне тура келеді.
Адамдар біресе мұнда қажет, біресе бəрін анда шақырады. Ешкім бір
орында тұрмайды, өйткені, барлық жерде де қаптаған қарбалас, қалың
жұмыс. Осы көріністі суреттеп жазуды ойлаған адам да тап солай
əбігерленіп зыр жүгіруге мəжбүр. Біз өз баяндауымызда енді кішкене
шегініс жасауға тиіспіз. Алдында айтқанымыздай, кит арқасындағы
кейін ілгек салынатын алғашқы тесікті фленшерлік күректермен
капитанның көмекшілері ойып шабады. Бірақ оған мына зілдей,
қолапайсыз ілгек қалай бекітіледі? Оны ол жерге менің жан досым
Квикег бекітіп салды, ол өзінің гарпуншылық міндеттерін атқара
жүріп, осы мақсатпен құбыжықтың арқасына шығуға тиісті болған.
Көбіне-көп жағдайларда сою немесе фленшерлеу жүргізілген
уақыттың өне бойында гарпуншының кит ұшасында қалуы талап
етіледі. Осы кезде жұмыс жүріп жатқан телімінен басқа, кит түгелге
жуық суға батып тұратынын атап айтқан жөн. Міне, өстіп, бейбақ
гарпуншы өз астындағы таудай ұша диірмен тасындай айналып
тұрған кезде палуба деңгейінен он фут төменде, біресе киттің, біресе
тура толқындардың үстінде тырбаңдауы тиіс. Квикег бұл жолы, менің
пайымдауымша, өзіне аса жарасымды, шотланд таулықтарынша, тек
жейде мен шұлық қана киіп шықты; қазір оқырманның көзі кəміл
жететіндей, оны осы қалпында сыртынан шолып қарауға ешкімнің де
дəл мендей тамаша мүмкіндігі болмады.
Мен өзімнің жабайыммен бір вельботта, оның артында тұмсықтан
екінші ескекте отырып жұмыс істегендіктен, сондай-ақ ол енді кит
арқасында қиын биді билеп жатқан кезінде де оған көмектесу менің
көңілді міндеттерімнің қатарына кіретін-ді. Сірə, сырнайшыитальяндықтың би билеген мартышканы ұзын бас жіппен жетелеп
жүргенін жұрттың бəрі көрген болар. Тап солай мен де кеменің тік
жақтауынан Квикегті оның қатты тартылған кенеп белбеуіне
байланған, былайша айтқанда, "маймыл бас жібімен" толқындардың
үстінен жетектеп жүрдім.
Бұл біздің екеуміз үшін де қауіпті шаруа еді! Мұны ары қарай
жүрмей тұрып айтып алу қажет, — себебі, "маймыл бас жібі" екі
ұшынан бірдей: Квикегтің жалпақ кенеп белбеуіне жəне менің жіңішке
былғары белбеуіме байланған-ды. Сондықтан, не жағдайға ұшырасақ
та, осы уақыттың өне бойында біз жұбымыз жазылмастай қосақтаулы
болатынбыз; егер байғұс Квикег суға кетер болса, ғұрып пен ұждан
менің жіпті кесіп жібермей, оған теңіз түбіне өзімді бірге ала кетуге
мұрсат беруімді талап етер еді. Бір сөзбен айтқанда, ол екеуміз
қашықтағы нағыз сиам егіздері сияқтандық. Квикег менің ажырамас,
қандас бауырым болып шықты, мен енді бауырластықтың кендір
дəнекері өрбіткен қатерлі туыстық міндеттерімнен əсте құтыла алмас
халге киліктім.
Сонда өз жағдайымды шамырқана пəлсапалап пайымдағаным
сонша, оның кимыл-қарекеттерін ойлана бағып отырып, мен өзімнің
жеке адамдық тұлғам екі əріптестен құралған акционерлік қоғамға
сіңіп жоғалғанын, азат ерік-жігеріме жойқын соққы жасалғанын һəм
енді басқа біреудің жаңсақ басуы немесе сəтсіздігі мен пақырды
жазықсыз жапа шектіріп, опат қылатынын айқын түсіне бастадым.
Мұны мен Құдіреттегі алмағайып өмір жемісі деп есептеймін; оның
аласыз əділдігі мұншалық сорақы қиянатқа баруы мүмкін емес қой.
Дегенмен де кит пен кеме жақтауының арасында қалып, бір демде
жапырылу қаупі төнген кездерде анда-санда Квикегті судан жіппен
саумалап тарта отырып, өз ойларымды тағы да одан ары өрбітіп
айтсам, өзімнің қазіргі басыма түскен жағдайымның кез келген
пенденің кез келген уақыттағы жағдайынан ешбір айырмашылығы
жоқ екенін аңғардым; тек көпшілік жағдайларда сиам дəнекері, сайып
келгенде,
адамды
бірнеше
қатерлі
індетпен
қоса-қабат
байланыстырады. Егер банк иесі тақырға отырса - сен соқыр тиынсыз
қалдың; егер дəріханашы саған аңдаусызда улы дəрі беріп жіберсе - сен
өліксің. Рас, төтенше сақтық танытып, өмірдегі осы жəне осыған ұқсас
қисапсыз көп басқа да бақытсыздықтардан жалтарып кетуге болады
деп сіз маған қарсы уəж айтарсыз. Бірақ мен Квикегтің жібін қанша
абайлап ұстасам да, ол кейде соншалық күшке сала жұлқи тартқанда
жақтау сыртына ұшып кетпей əрең қалдым. Оның үстіне, əлбетте,
қанша тырыссам да, өз құзырымда жіптің бір ұшы ғана бар екенін мен
əрдайым жадымда ұстағам. Шайқалып шыр үйірілгеннен оқтын-оқтын
суға тайып кетіп, кит пен кеменің арасында қалған кездерінде байғұс
Квикегті жиі-жиі тартып шығаруыма тура келгенін мен жоғарыда
айтып өттім. Бірақ оған жаншылып қалудан басқа да төнген қауіптер
аз емес еді. Түндегі қырғынға қарамастан, енді мұнда ұшадан аққан
қанға көздері қарауытып өршелене еліккен, қаймығуды білмес
акулалар — осынау құтырынған тағылар, құдды омартадағы
аралардай, айнала-төңіректе қайтадан үйіріліп қаптап кетті.
Квикег қазір тура сол акулалардың жиын топырына араласып кетті,
тіпті, кейде аса апыр-топыр тұстарында тепкілеп те қояды. Бұл
əншейін мүмкін емес жағдай боп көрінуі де бек мүмкін, тек тіршіліктің
барлық басқа жағдаяттарында тап келгеннің бəрін талғамастан
жалмайтын акулалар өлі кит тəрізді олжаға қарық болып қарқындап
жатқан кезде, міне, бұл арада адамға сирек тиіседі.
Соған қарамастан, осының бəрі солардың қарақшылық құлқынобырлығымен болып жатқандықтан, мұнда аса сақ болу қажеттігін
түсіну қиын боп па, тəйірі. Бұл бейбақты сырт пішіні сонша қаһарлы
акуланың арандай аузына жақындап барып қалған жерінен мен оқтын-оқтын
жұлқылап суырып алып отырған жіптен басқа, оның басқа
қорғанышы болуы да сондықтан. Жақтау сыртындағы бесік-сөреде
орныққан Тэштиго мен Дэггу ұзын фленшерлік күректерді қажымайталмай оның басынан асыра, оңды-солды сілтеп, акулаларды топалаң
тигендей жайратты. Сіздер олардың тарапынан бұл асқан игілікті де
ізгілікті іс болды деп ойлап қалмаңыздар.
Мен білемін, олар тек Квикегтің амандығының амалдарын
басшылыққа алды; алайда, есіл-дерттері соны жарылқамақтың
қамында болған қапылыс қарбаласта, оның да, акулалардың да жарты
денелерін қан аралас су жапқан кезде олар бас-көзсіз сілтеген
күректерімен талай рет дұрысында акуланың құйрығын емес,
адамның аяғын шауып түсіре жаздады. Бірақ байғұс Квикег, демігіп əрі
діңкесі құрыса да зілмауыр темір ілгегімен тынбай əрекет еткен байғұс
Квикег, сірə, өз өмірін өз құдайларының қолына сеніп тапсырып, тек
Иоджоға ғана жалбарынған болар.
Оқа емес, сүйікті досым һəм қандас бауырым, деп ойладым мен,
толқын тербеткен сайын "бас жіпті" біресе босатып, біресе саумалап
тартып тұрып, сайып келгенде, мұнда тұрған не бар? Сен шынымен-ақ
кит аулау əлеміндегі барлығының һəм əркімнің бейнесі мен баламасы
емессің бе? Сені тұншықтырған түпсіз мұхит - бұл дегеніңіз - Тіршілік;
акулалар - сенің жауларың; күректер - достарың; сонымен, аналар мен
мыналардың арасындағы сенің жағдаятың соншама жайлы емес-ау,
сүйіктім менің.
Əйткенмен, қайраттан! Сен қуанышқа кенелесің, менің Квикегім.
Міне, еріндері көгіс тартып, көздері қызарып, зорыққан жабайы
шынжырлардың бойымен ақыры палубаға өрмелеп шығып,
малмандай болып, қалш-қалш етіп, тұтқалардың қасында тұрған кезде
оған аспаз жақындап келіп, мейірбан аяғыш пішінде... не ұсынады
дейсіз ғой? Ыстық грога ма?' Ондайды түсіңде көресің! Ол оған — о,
құдайлар — бір саптыаяқ жылы зімбір суын ұсынады!
- Бұл немене, зімбір иісі шыға ма? - деп сұрады жетіп үлгерген Стабб
күдіктене иіскеп. -Иə, мынау зімбір, - сосын саптыаяқтың ішіне үңілді.
Сосын бір сəт аңтарылып тұрды да, асықпай аспазға жақын келіп,
жайлап сөйледі:
- І-һім, зімбір суы, ə? Мистер Майтоқаш, сіз маған сондайлық құрмет
көрсетіп, зімбір суының нендей қасиеттері барын айтып бермес пе
екенсіз? Зімбір суы! Айтшы, Майтоқаш, мына тісі-тісіне тимей
сақылдаған каннибалдың ішінде от лаулатуға зімбір жарамды отын
ба? Зімбір! Шайтан алғыр, бұл зімбір деген немене өзі: көмір ме, ағаш
па, сіреңке ме, тамызық па, оқ-дəрі ме? Мен сұрап тұрмын, біздің
Квикегке сен осы қазір саптыаяққа құйып беретіндей, сонша бұл зімбір
деген немене? Əлде, бəрін бүлдіріп жүрген бір салауаттылық қоғамы
бар шығар, - деп оқыс тұжырды ол жаңа ғана бақтан келген Старбекке
қарап. - Сэр, мына көжеге көз қиығын салыңызшы; ненің иісі
шығатынын тек иіскеп көріңізші.
- Сосын аға көмекшінің жүзін аңдап тұрып, тағы айтты: - Мистер
Старбек, аспазыңыздың арсыздығы соншалық, мына лимонадты, мына
микстураны жаңа ғана кит үстінде жұмыс істеген Квикегке ұсынды.
Бəлкім, сэр, ол аспаз емес, дəрі жасаушы болар? Жəне де сұрауға рұқсат
етіңіз, сэр, бұл сұйық дəрі суға кетушінің кірпігін қимылдата ала ма?
- Жоға, - деді Старбек, - түкке тұрғысыз сусын.
- Міне, көрдің бе, аспаз, - деп дауыстап жіберді Стабб, - біз сені біздің
гарпуншыларымызды немен сусындатуды үйретеміз; бізге бұл арада
сенің тəуіптік дəрі-дəрмектеріңнің түкке керегі жоқ, əлде, бəлкім, сен
бізді уландырмақшы болған шығарсың, ə? Сақтандыру полистерін
туралап алып, енді бізді шетімізден қырып, сыйақыны қымқырғың
келеді, о, солай ма?
- Менің жазығым қанша? - деп жалбарынды Майтоқаш. - Бұл зімбірді
кемеге əкелген Харита апай; ол маған гарпуншыларға ешқашан
ішімдік бермеуге, тек өзі айтқандай, мына зімбір тұнбасын ғана беруге
бұйырды.
- Зімбір тұнбасын ба, ə? Мен саған қазір тұнбаны көрсетейін, оңбаған
неме! Бəлем, мə саған, қане, буфетханаға ұшып бар да, дұрысырақ
бірдеңе алып кел Мен жаман ештеңе істегем жоқ қой, мистер Старбек.
Китте жұмыс істейтін гарпуншыға грог берілсін деген капитанның
бұйрығы бар ғой.
- Жарайды, — деді Старбек, - тек оны енді ұрмаңыз жəне...
- Жоға, мен китке немесе тағы сондай бірдеңеге сермегенде
болмаса, жайшылықта батырып ұрмаймын, ал мына жігіт тышқан
сияқты. Бірақ сіз бір нəрсе айтқыңыз келді ме, сэр?
- Одан да онымен төменге бірге барыңыз да, не керекті алыңыз.
Стабб палубаға қайтадан көтерілгенде бір қолында қара құты,
екіншісінде шəугім тəрізді бірдеңе ұстап келді. Құтыдағы күшті бренди
екен, оны Квикегке табыс етті; шəугімді ішіндегі Харита апайдың
сыйымен қоса тегіннен-тегін толқындарға атып ұрды.
LXXIII тарау
СТАББ ПЕН ФЛАСК НАҒЫЗ
КИТТІ ӨЛТІРІП, СОДАН СОҢ
ЕКЕУІ ШҮЙІРКЕЛЕСІП
ƏҢГІМЕЛЕСЕДІ
Бүлік осы уақыттарда "Пекодтың" жақтауында кашалоттың орасан
зор басы салбырап тұрғанын ұмытпайық. Алайда, біз оған қайта
оралып үлгергенше, оның ол жерде əлі де біршама уақыт салбырап
тұра тұруына тура келеді. Қазір біздің басқа шұғыл шаруаларымыз
бастан асады, ендеше, бұл бастың орайында қолдан келетін жалғыз
нəрсе -жүк көтергіш шыдас берсін деп Жаратушыға жалбарыну.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.