Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 37

Total number of words is 4144
Total number of unique words is 2270
30.3 of words are in the 2000 most common words
43.3 of words are in the 5000 most common words
49.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
əлбетте, оның тілегін елемеуге ешбір болмайтын еді; себебі,
пенделердің ішінде өлгелі жатқандардан асқан өктем билікші жоқ қой;
əмбе, расында да, көп кешікпей олар бізді мазалауын мəңгілік дерлік
қоятын болғандықтан, бейбақтардың əзірше көңілдерін тауып, риза
ету керек.
Кереуеттің шетінен салбыраған Квикег табытты ұзақ əрі бар
зейінімен қарап көрді. Содан кейін ол өзінің гарпунын əкеліп, ағаш
сабын ажыратуды жəне ұстарасын Старбектің вельботындағы
ескекпен бірге табытқа салуды өтінді. Оның өтініші бойынша
қабырғаларды бойлай қатарластырып кепкен нандар тізілді, басына
шөлмекпен тұщы су қойылды, аяқ жағына трюмнен ағаш үгінділерімен
тепе-тең қырғылап алған топырақ толы дорба салынды; бұдан кейін
табытқа жастық орнына бүктелген кенен қиығын тығып жіберді, енді
Квикег өзін кереуеттен ақырғы төсегіне ауыстырып жатқызуды
қоймай өтініп сұрай бастады - ол оның жайлылығын байқап көргісі
келді. Бірер сəт ол онда қыбырсыз жатты, сосын жолдастарының
біріне өзінің қапшығын ашып, одан кішкентай Йоджо құдайды əперуге
əмір етті. Бұдан кейін ол Йоджоны бауырына қыса, қолдарын кеудесіне
салып, өзін табыт қақпағымен жабуды (оның айтуынша, "люкті
қайыруды") өтімді Қақпақты жапты, тек былғары ілгекті жоғарғы
жартысын ғана қайырып қойды, сөйтіп, ол жата берді, сондықтан,
табыттан оның байсалды бет əлпеті ғана қараңдап көрінді. "Рармаи"
("жарайды шақ келеді") - деді ол ақырында, сөйтті де, қайтадан
кереуетке жатқызыңдар деп белгі берді.
Бірақ оны бұл жəшіктен əлі шығарып үлгермей жатып, манадан бері
басқаларға байқалмай осы арада тұрған Пип табыттың ішіне сып етіп
кіріп кетіп, ақырын еңірей жылап, бір қолымен Квикегке жармасты,
екінші қолы дəйімгі тамбуринін тастай қатып жіберер емес.
– Сорлы қаңғыбас! Шынымен-ақ қаңғыруыңның бітетін күні болмай
ма? Сен енді қайда аттанып барасың? Егер сені ағыстар, судағы
лалагүлдерді толқын шарпындары құмды жағалауға шығарып
тастайтын, сүйікті Антилаға алып баратын болса, сен менің
аманатымды орындар ма едің? Сол жерден Пип есімді бір кісіні тапшы,
оны топ ішінен жоғалтқалы қашан; мен оны сол, алыстағы Антилада
деп ойлаймын. Егер оны кезіктірсең, жұбатқайсың, өйткені, ол, сірə,
қатты жабырқап жүрген шығар; түсінесің бе, ол осында өзінің
тамбуринін қалдырып кеткен, соны мен тауып алдым, міне! Пам-па-рара-пам! Қане, Квикег, енді өлуіңе болады, ал мен саған азалы ажал
маршын ойнап беремін.
Қатты сандырақтап сырқаттанғанда, - деп міңгірледі Старбек
жоғарыдан люкке сығалап, -тіпті, ең қараңғы адамдар да көне тілдерде
сөйлей бастайды деп естігем; алайда, барлық жұмбақ жағдайлар
анықталған кезде, əншейін ұмытылған балалық шақтарының алыста
қалған күндерінде əлдебір ақылгөй абыздар олардың көзінше осы көне
тілдерде дəйім сөйлескен болып шығады. Менің кəміл сенімім
бойынша, байғұс Пип те солай, бізге өз есуастығының тосын
тамашасымен аспани Отанымыздың арсыдағы уағдаларын жеткізіп
тұр. Осының бəрін ол сол жақтан естімесе, қайдан естиді? Тек, тыныш!
Ол тағы сөйлеп жатыр, бұрынғыдан да бұлдыр бұрынғыдан да ессіз.
Жұптасып, екі қатардан тұрыңдар! Мейлі, ол біздің генералымыз
болсын! Хей! Ананың гарпуны қайда? Оны міне, былай, көлденең
жатқызыңдар! Там-па-ра-рам! Пам-пам! Ал-лақай! Еһ,шіркін, осы арада,
оның төбесінде көкеректеп əнге басып отыратын қоқи қораз болар ма
еді! Квикег өлгелі жатыр, бірақ ол бас имейтін қайсар, бəріңнің
естеріңде болсын: Квикег ер өліммен өледі! Жақсылап есте тұтыңдар:
Квикег ер өліммен өледі! Ерлердің өлімімен, деймін мен, ерлерше,
ерлерше, ерлерше! Ал жеккөрінішті кішкентай Пип, ол қорқақтардың
өлімімен өледі; оның өне бойы дірілдеп-қалшылдап кетті - Пип
масқара болды! Барлығың да тыңдаңдар: егер сендер Пипті
кезіктірсеңдер, Антиладағылардың бəріне ол сатқын жəне қорқақ,
қорқақ, қорқақ деп айтыңдар!Ондағыларға ол вельботтан секіріп кетті
деңдер! Егер ол осы арада тағы бір рет өлмекші болса, мен ешқашан
сұмпайы Пиптің басында өз тамбуринімді дабылдатып ұрмас едім, оны
генерал деп мадақтамас едім. Жоқ, жоқ! Барлық қорқақтарға масқара,
ұят! Олардың бəрі, вельботтан секірген Пип сияқты, суға кетсін.
Масқара, ұят!
Бұл шақта Квикег бейне ұйқыға шомғандай, жұмулы көзбен жатқан.
Ақыры Пипті алып кетті, ал науқасты кереуетке көтеріп салды.
Бірақ дəп қазір, ол ажалға əбден бойсұнғандай болған жəне табыт,
анықталғанындай, оған шап-шақ келген кезде, Квикег күтпеген
жерден сауыға бастады; көп ұзамай балташы бұйымына мұқтаждық
жайына қалды; міне, сонда Квикег матростардың қайран қалған
шаттықтарына орай жауап қатып, өзінің оқыстан сауығуының себебін
түсіндірді. Оның əңгімесінің мəнісі мынаған саяды; ең қатерлі сəтте ол
кенет жағалаудағы қалып бара жатқан бір құйттай шаруасын есіне
түсіріпті, сондықтан, райынан қайтып, əзірге əлі өле алмаймын деп
шешіпті. Одан ол шынымен-ақ жеке өзінің дегенімен һəм қалауымен
өмір сүріп немесе, өле аламын деп есептей ме деп сұрады. Əлбетте, деп
жауап берді ол. Қысқасын айтқанда, егер адам өмір сүруге шешім
қабылдаса, жай аурудың оны өлтіруге шамасы келмейтініне Квикег
кəміл сенімді; бұл арада кит, немесе, дауыл, немесе қандай да бір басқа,
дүлей де жойқын талқандағыш күш қажет.
Бұдан басқа, біздің ойымызша, жабайылар мен өркениетті
адамдардың арасында мынадай айырмашылық бар: өркениетті
науқастың сауығуына орта есеппен алты ай уақыт кететін болса, ауру
жабайы бар болғаны бір күнде дерлік тəуір боп шыға алады.
Сондықтан да көп ұзамай менің Квикегім əлдене бастады, содан,
ақыры, зəкір-қақпада бірнеше күн бос дырдумен отырған (алайда, осы
уақыт бойы тамақты тойымсыз асай берді) ол кенет атып тұрып,
аяқтарын талтайта, қолдарын жайып, жақсылап керіліп алды, сосын
азырақ есінеп, өзінің ілулі вельботының тұмсығына қарғып мінді де,
гарпунын көтеріп, ұрысқа дайынмын деп жариялады.
Өзінің табытын ол енді, жабайылық тілекпен, матрос сандығы етіп
пайдалануды ұйғарды: кенеп қапшықтағы бүкіл көр-жерін соған
ақтарып төгіп, оларды сонда рет-ретімен жиыстырып қойды. Бос
уақытының бірталай сағаттарын ол қақпақты таңғаларлық ойма
суреттермен жəне өрнек-оюлармен безендіруге кетірді; бұл орайда ол,
сірə, өз денесіндегі жұмбақты əшекей суреттерді өзіндік дөкір
мəнерімен ағашқа көшіруге талпынған болуы керек. Ал, бұл əшекей
таңбалы суреттерді оның денесіне өз Отанындағы жан тəсілім еткен
пайғамбар һəм көріпкел салған ғой, ол Квикегтің денесіне шымшытырық шимай таңбалармен ақиқатты танып-білу өнері хақындағы
мистикалық трактатымен қоса күллі космогониялық ілімді таратып
жазып шыққан; ендеше, Квикегтің жеке қара басы да шешілмеген
жұмбақ, бір томдық ғажайып кітап болатын, өзінің тірі жүрегі тура
соларды ұрғылап соғып тұрғанымен, оның құпияларын, тіпті, ол өзі де
біле алмады; демек, бұл құпиялар ақыр-аяғында өздері сызылған тірі
пергаментпен бірге күл-топыраққа айналып шашылуға, сөйтіп, сол
шешілмеген күйінде қалуға тиісті еді. Бір күні таңертең байғұс
Квикегке қарап, сосын теріс бұрылып, назалана:
- Уа, құдайлардың сайтандай азғыратын əзəзілі-ай! - деп дауыстап
жібергенде, Ахав, сірə, осы жайында ойлаған болар.
CXI тарау
ТЫНЫҚ МҰХИТ
Баши аралдарының қасынан зу етіп өтіп, ұлы Оңтүстік теңізінің
ұлан байтағына жүзіп шыққан кезімізде, мен, басқасы болмаса да, өз
жүрегіме ыстық Тынық мұхитқа мың сан алғыс-құрметімді білдіре
сəлем жолдауға əзір едім, себебі, міне, ақырында жастық шағымның
асыл арманы жүзеге асты: осынау қыбырсыз мұхит менің алдымда
мыңдаған миль көгілжімімен шығысқа қарай көсіле созылып жатты.
Ажал айдағыш мейірімді тербелісі құдды қараңғы тұңғиықтарда
жасырынған тірі жан жайында сыр шерткендей мына теңізде
əлдеқандай бір түсініксіз құпия əсемдік бар; егер аңызға сенер болсақ,
əулие Жоһан Інжілшінің қабірі үстіндегі Эфесс жері осылай тербелген
деседі. осы теңіз жайылымдарында, мына кең байтақ сулы жазиралар
мен барлық төрт құрлықтың міскін молаларында жасыл жалды
толқындар үнемі көтеріліп, құлап, аунақши домалап, жүгіруі үшін ол
осылай болуы да керек, өйткені, миллиондаған тоғысушы көлеңкелер
мен елестер, қаза тапқан армандар, қиялдар мен аңсарлы түстер -біз
өмір мен жан деп атайтынның бəрі - сол жақта жай тауып, ақырын,
ақырын ғана қиялдап жатыр; əмбе, өз төсегінде ұйықтап жатқан
кісідей аласұрып дөңбекшиді; талмай жүгірген толқындар өз
тербелісімен тек осы ұйқының беймазалығын үстемелей түскендей.
Əрбір арманшыл тылсымгер-кезбе үшін бір мəрте көрген осынау
жайбарақат Тынық мұхит мəңгілікке оның жанының қалаулы теңізі
болып қалмақ. Онда əлемнің ортаңғы сулары шалқып-толқиды, ал Үнді
жəне Атлант мұхиттары бар болғаны оның жеңдері ғана. Күні кеше
ғана ең жас халық тұрғызған Калифорнияның жаңа қалаларының
айлақ құрылыстары мен Ыбырайымнан да кəрі Азия жерлерінің өңі
солғын тартқанмен, əлі де əсем сипатты жағалау-шеттерін сол бір
толқындар соққылап, шаяды; ал ортасында маржан атоллдарының құс
жолдары мен түйдек-түйдек, беймəлім аласа архипелагтар, əмбе
Жапонияның төңкеріс аралдары жүзіп жүреді. Барлық жағалауларды
бір үлкен шығанаққа айналдырған осынау құдіретті де жұмбақ мұхит
біздің бүкіл байтақ əлемімізді осылай белдеулеп, бейне жердің алып
жүрегіндей, теңіздерді тасытады. Оның жал толқындары бірқалыпты
көтермелегенде, еріксізден ұлы Панның алдында басыңды иіп,
азғырушы əзəзіл-құдайды мойындай бастайсың.
Бірақ бір танауымен Баши аралдарынан (ондағы хош иісті
ормандарда, əлбетте, ынтық ғашықтар серуендейді) самалдаған
шəрбат жұпарды самарқаулана жұтқан, ал екіншісімен қайтадан
ашылған теңіздің, дəл осы сəттерде толқындарында өзіне
жеккөрінішті Ақ Кит жүзген теңіздің тұзды иісін құшырлана сімірген
Ахавты артқы діңгек жабдықтарының қасындағы дағдылы орнында
темір мүсін болып тұрған кезінде Пан туралы ой онша мазалаған жоқ.
Енді, ақырында мына суларға өзінің түпкі нысанасына шығып, жапон
кəсіпшілік аймағына бет түзеп жүйткіген кезде кəрі капитанның ерікжігері ішектей ширықты. Оның қатқыл еріндері бейне қысқыштардың
қыспағындай қабысты; маңдайындағы тамырлары көктемдегі ағын су
арнасынан асқан атыраудай білеуленіп ісінді; тіпті, ұйықтап жатқанда
да ол: "Тоқта! Ақ Кит қара қан түкірді!" - деген айқайымен кеменің
күңгірлеген күмбезін жаңғырықтыра дүрліктірді.
СXII тарау
ҰСТА
Осы арадағы ендіктерде жылдың сол мезгілінде жайлаған жазғы
қоңыр салқынды пайдаланған. басынан аяғына дейін күйе мен күс
басқан қарт ұста Перт алда тұрған ең қауырт кəсіпшілік маусымды
күткендіктен, тасымалды көрігін трюмге қайтып апармады; Ахавқа
аяқ жасаған жұмыстағы өзіне тиесілісін бітірген соң ол оны фок-мачта
жанындағы тұғырларға мықтап бекітіп, сол бұрынғы жерінде
қалдырды; енді ұстаға əлсін-əлі вельботтардың командирлері,
гарпуншылар мен ескекшілер өтініш айтып келеді де тұрады; əркімге
олардың неше түрлі құралдары мен шлюпкалық қару-жарақтарындағы
əйтеуір бірдеңені түзеу, жөндеу, ауыстыру немесе, қайта жасау керек.
Өз кезектерін тосқан адамдар оны дегбірсіздене қаумалап қоршап
алады; əркім қолында не күрек, не найзаның ұшын, не гарпун, не
болмаса шанышқы ұстап, оның іс үстіндегі, ыс басқан қолдарының
қалт еткен əрбір қимыл-қозғалысын қызыға қадағалайды. Бірақ бұл
шалдың қолдарына сабыр дарыған болатын, ол сермеген балға
сабырлы еді. Күңкіл де, кектену де, дегбірсіздік те жоқ. Еңбек - бейне
бүкіл өміріндей, ал балғасының зіл соққылары - өз жүрегінің зілмауыр
соғысындай-ақ, ол əрдайымғы еңкіш арқасын одан сайын бүкірейте,
үнсіз, (бірқалыпты əрі салтанатты түрде еңбектене берді, еңбектене
берді. Бұл расында да солай болатын. О, сорлы!
Бұл шалдың жүрісіндегі өзгеше бір нəрсе, аяқ алысындағы əлдебір
əрең білінетін, бірақ жанға батарлық жортақшылдық жүзу сапарының
əуел басында-ақ матростардың əуестігін тудырған болатын. Олардың
қоймай сұрағыштаған табандылығы оны біртіндеп иілуге мəжбүр етті;
ақыры, оның жабырқау өмірінің ұятты тарихын кемедегілердің бəрі
біліп алды.
Бірде ақырған аязда, түн ортасынан ауа, екі аймақтық қала
арасындағы жарым жолда қалған - əсте кінəсіз де емес - шаршаңқы
ұста кенет өзін албастыдай басқан ұйқы меңдетіп бара жатқанын сезіп,
қаусап құлағалы тұрған сарайға кіреді де, сонда түнеп шықпақшы
болады. Осының салдарынан екі аяғындағы барлық бəшпайларынан
айырылады. Осылайша оның мойындауларынан біртіндеп өмірлік
шиеленістерінің төрт көріністі қуанышы мен түйіні əлі тарқатылмаған
қайғысының бесінші көрінісі бірінен соң бірі сахнаға шықты.
Бұл шалды алпыс жасында əдетте бақытсыздық сөздігінде күйзелу
мен кедейлену деп аталатын нəрсе көп кешеуілдеп келіп жағасынан
алды. Ол өз ісінің əйгілі шебері болатын, жұмысы əрдайым жетіп
артылады, бау-бақшалы меншікті үйінде тұрды, қызындай дерлік,
өзіне өліп-өшкен жас əйелін һəм үш бірдей мəз күлкілі балпанақтай
балаларын мейірлене бауырына басты; жексенбі сайын шоқ тоғайдың
ішіндегі шапағатты шіркеуге барып тұрды. Бірақ бір жолы түн
жамылып, алдамшы бетперде астына зымияндықпен жасырынған
жауыз тонаушы осы бақытты үйге ұрланып кіріп, оның ішіндегінің
бəрін алып кетті. Ең күйініштісі сол, осы тонаушыны отбасы-ошағына
аңдап-аңғармастан ұстаның өзі кіргізді. Бұл Əзəзіл Шөлмек болатын!
Оның сойқан тығыны жұлынып алынғанда зұлым жау сыртқа лап
қойып, оның үйінің бүкіл нəрін сорып алды. Əділ де ақылгөй үнемділік
пайымымен ұстахана, кіретін есігі бөлек болғанымен, бұлардың үйінің
тап астындағы жертөледе орналасқан-ды, сондықтан, өзін сүйетін жас
əйелі кəрі күйеуінің қайратты қолдарындағы балғаның шаңқылдаған
айбынды үніне əрқашан ызаланбай да ренжімей, əрі керемет рақаттана
құлақ қоятын, өйткені, оның қабырғалар мен еден тұншықтырған,
құлақ тұндырарлық соққыларының жаңғырығы, дегенмен де, өзінің
барша тұрпайы əсемдігімен, жас əйел ұстаның балаларын құдіретті
Еңбектің темірбесік əнімен əлдилеп тербеткен аялы бөлмеге еніп
кетуші еді.
Уа, сорлаған сорлы! Уа, Ажал! Сен неге қажет кезінде келмейсің?
Егер сен қарт ұстаны ол күйзеліс пен кедейленуге ұшырамас бұрын
алсаң, жас жесірді жұбататын тəтті қайғысы қалар еді, жетімдердің
кейін ойлап жүретін, жұртқа құрметті, отбасылық аңыздармен
аяланған əзиз əкелері болар еді; бəрі молшылықта, қамсыз өмір кешер
еді. Алайда, ажал шалғысы күн сайынғы қажымас еңбегіне мүлдем
басқа отбасының күнкөрісі бүтіндей тіреліп тұрған əлдебір ізгілікті
ағаны орып салды да, мына түкке тұрмайтын далбаса шалды
тіршілігінің жиренішті шіруі оны орып алуға əлде де əбден жарамды
еткенге шейін егін ішінде, сабағында қалдыра тұрды.
Қалғанын қайталап айтудың қажеті қанша? Жертөледегі балға
соққылары барған сайын сирек естілді, күн өткен сайын жаңа соққы
бұрынғысынан бəсеңдей берді; əйелі терезе алдында бүрісіп отырған
қалпы балаларының жылай-жылай айғызданған беттеріне жарқ-жұрқ
еткен құрғақ көздерін қадады; көрік салбырап, өңеші күлмен бітеліп
қалды; үйді сатты; шеше қыстақ моласындағы биік шалғын арасына
көміліп көрінбей кетті, балалар да оны шығарып салған соң, көп
ұзамай соңынан жөнелді; сөйтіп, үйсіз-күйсіз, соқа басты шал сүрініпқабынып, қаралы кезбе болып, жолға шықты; оның қайғысын ешкім
мүсіркемеді, шашындағы ақтың өзі зығыр түсті бұйрасына əжуадай
көрінетін.
Мұндай өмірдің бір ғана аңсарлы ақыры - Ажал сияқты еді; бірақ
Ажал дегеніміз -Беймəлімдік пен Сыналғанның шегіне кіру ғана; бұл
тек Шалғайдағының, Елсіздегінің, Судағының, Ұшы-қиырсыздың
шексіз мүмкіндіктеріне тұңғыш сəлемдесу ғана. Міне, сондықтан да,
егер ол жанының қалтарысында өзін-өзі өлтірумен əлдебір
келіспеушілікті əлі сақтаған болса, осы өлім тілеген адамның көз
алдында бəрін де талғамай, таңдамай жұтатын мұхит адам айтқысыз,
қызықты үрейлер мен бастан кешпеген ғажап шытырман оқиғалардың
ұлан-байтақ жазығын жайып салады; оған тымық мұхиттардың түпсіз
тұңғиығынан мыңдаған кернейлер: "Бері кел, бейшара, мұнда ескісінен
өлім шарабы ажыратпаған жаңа өмір бар; мұнда таңғажайып
кереметтер бар, оларды көру үшін саған елудің керегі жоқ. Бері кел,
бері кел! Өзіңді осы өмірде жерле, ол сенің қазіргі жеккөрінішті əрі жек
көретін құрлықтағы əлемің үшін өлімді ұмытудан гөрі əлдеқайда
қашығырақ əрі қараңғырақ. Бері кел! Молада өзіңе де арнап бір
құлпытас қой да, Бері кел, сен біздің күйеуіміз боласың!" деп əндетіп
тұрғандай болады.
Сөйтіп, таң сəрісінен жəне күн батарда Шығыс пен Батыстан улапшулаған осы дауыстарды ести-ести еміренген ұстаның жаны үн қатты:
"Иə, иə, мен келе жатырмын!".
Осылайша Перт кит аулағышпен жүзу сапарына аттанды.
СХІІІ тарау
ҰСТА КӨРІГІ
Ұйпалақтанған сақалына шейін акула терісінен тігілген шандырдай
сірі алжапқышқа оранған Перт бір күні тал түсте көрік пен берік
ағаштан жасалған тұғырда орналасқан төстің арасында тұрып, бір
қолымен найзаның ұшын көмірде ұстап, екіншісімен көрікті басып
жатқан кезде оның қасына қолында көне, былғары қапшығы бар Ахав
келген. Түнеріңкі Ахав көріктен əудем жерге тоқтап, Перт темір ұшты
оттан суырып алып, төске қойып, балғамен соға бастағанша күтіп
тұрды, қызған темірден кесектене шашыраған ұшқындар жарқ-жұрқ
етіп Ахавтың қасынан топтала ұшып өтіп жатты.
- Бұл сенің дауылпаздарың, Перт, олар ылғи сенің соңыңнан ұшады.
Бұл құстар бақыт əкеледі, бірақ жұрттың бəріне бірдей емес: көресің бе,
олар күйдіреді, əйткенмен, мына сен, сен солармен бірге өмір
сүргендіктен, күймейсің.
- Себебі, мен басымнан аяғыма дейін ендігі түгел күйіп болғанмын,
капитан Ахав, - деп тіл қатты Перт балғасына сүйеніп, - мені енді
күйдіре алмайсыз; мендегінің бəрі онсыз да күйіп, пісіп болған.
- Жə, жə, жетер, Сенің күйінішті солғын үнің менің құлағыма тым
сабырлы, тым есті болып естіледі. Мен өзім де жұмақта жүрген
жоқпын, есуастыққа айналмаса, басқалардың бақытсыздығын көтере
алмаймын. Сенің жынданып кетуің керек еді, ұста, айтшы, неғып
жынданбай қалдың? Есің ауыспай, қалай шыдап жүрсің? Жындана
алмай жүргенің, шынымен-ақ аспан сені əлі күнге шейін жек көре ме?
Мынау істеп жатқаның не?
- Найзаның ескі ұшын қайтадан соғып жатқам, сэр; онда ажымдар
мен кертіктер болды. əйелі кəрі күйеуінің қайратты қолдарындағы
балғаның шаңқылдаған айбынды үніне əрқашан ызаланбай да
ренжімей, əрі керемет рақаттана құлақ қоятын, өйткені, оның
қабырғалар мен еден тұншықтырған, құлақ тұндырарлық
соққыларының жаңғырығы, дегенмен де, өзінің барша тұрпайы
əсемдігімен, жас əйел ұстаның балаларын құдіретті Еңбектің
темірбесік əнімен əлдилеп тербеткен аялы бөлмеге еніп кетуші еді.
Уа, сорлаған сорлы! Уа, Ажал! Сен неге қажет кезінде келмейсің?
Егер сен қарт ұстаны ол күйзеліс пен кедейленуге ұшырамас бұрын
алсаң, жас жесірді жұбататын тəтті қайғысы қалар еді, жетімдердің
кейін ойлап жүретін, жұртқа құрметті, отбасылық аңыздармен
аяланған əзиз əкелері болар еді; бəрі молшылықта, қамсыз өмір кешер
еді. Алайда, ажал шалғысы күн сайынғы қажымас еңбегіне мүлдем
басқа отбасының күнкөрісі бүтіндей тіреліп тұрған əлдебір ізгілікті
ағаны орып салды да, мына түкке тұрмайтын далбаса шалды
тіршілігінің жиренішті шіруі оны орып алуға əлде де əбден жарамды
еткенге шейін егін ішінде, сабағында қалдыра тұрды.
Қалғанын қайталап айтудың қажеті қанша? Жертөледегі балға
соққылары барған сайын сирек естілді, күн өткен сайын жаңа соққы
бұрынғысынан бəсеңдей берді; əйелі терезе алдында бүрісіп отырған
қалпы балаларының жылай-жылай айғызданған беттеріне жарқ-жұрқ
еткен құрғақ көздерін қадады; көрік салбырап, өңеші күлмен бітеліп
қалды; үйді сатты; шеше қыстақ моласындағы биік шалғын арасына
көміліп көрінбей кетті, балалар да оны шығарып салған соң, көп
ұзамай соңынан жөнелді; сөйтіп, үйсіз-күйсіз, соқа басты шал сүрініпқабынып, қаралы кезбе болып, жолға шықты; оның қайғысын ешкім
мүсіркемеді, шашындағы ақтың өзі зығыр түсті бұйрасына əжуадай
көрінетін.
Мұндай өмірдің бір ғана аңсарлы ақыры - Ажал сияқты еді; бірақ
Ажал дегеніміз -Беймəлімдік пен Сыналғанның шегіне кіру ғана; бұл
тек Шалғайдағының, Елсіздегінің, Судағының, Ұшы-қиырсыздың
шексіз мүмкіндіктеріне тұңғыш сəлемдесу ғана. Міне, сондықтан да,
егер ол жанының қалтарысында өзін-өзі өлтірумен əлдебір
келіспеушілікті əлі сақтаған болса, осы өлім тілеген адамның көз
алдында бəрін де талғамай, таңдамай жұтатын мұхит адам айтқысыз,
қызықты үрейлер мен бастан кешпеген ғажап шытырман оқиғалардың
ұлан-байтақ жазығын жайып салады; оған тынық мұхиттардың түпсіз
тұңғиығынан мыңдаған кернейлер: "Бері кел, бейшара, мұнда ескісінен
өлім шарабы ажыратпаған жаңа өмір бар; мұнда таңғажайып
кереметтер бар, оларды көру үшін саған өлудің керегі жоқ. Бері кел,
бері кел! Өзіңді осы өмірде жерле, ол сенің қазіргі жеккөрінішті əрі жек
көретін құрлықтағы əлемің үшін өлімді ұмытудан гөрі əлдеқайда
қашығырақ əрі қараңғырақ. Бері кел! Молада өзіңе де арнап бір
құлпытас қой да, беpi кел, сен біздің күйеуіміз боласың!" деп əндетіп
тұрғандай болады.
Сөйтіп, таң сəрісінен жəне күн батарда Шығыс пен Батыстан улапшулаған осы дауыстарды ести-ести еміренген ұстаның жаны үн қатты:
"Иə, иə, мен келе жатырмын!".
Осылайша Перт кит аулағышпен жүзу сапарына аттанды.
- Ол соншалықты қызмет еткеннен кейін, сен оны қайтадан тептегіс қылып жасай аласың ба, ұста?
- Жасай аламын деп ойлаймын, сэр.
- Металл қаншалықты қатты болса да, сен, сірə, кез келген ажымдар
мен кертіктерді тегістеп жібере алатын шығарсың, ұста?
- Солай, сэр, тегістеп жіберемін деп ойлаймын. Барлық ажымдар мен
кертіктерді, тек біреуінен басқасын.
- Мынаған қара деймін! - Пертке тақап келіп, оның иықтарына қос
қолдап сүйенген Ахав жанұшыра дауыстады. - Мынаған, мұнда қара
деймін, сен осындай ажымды тегістеп жаза аламысың, ұста? - Сөйтті
де, ол өзінің түнерген маңдайын алақанымен сипады. - Егер сен мұны
істей алатын болсаң бар ғой, ұста, мен мына төске басымды қуанақуана салып, сенің зілдей балғаңның көздерімнің арасынан салмақтап
соққанын сезінер едім! Жауап бер! Осы ажымды тегістей аласың ба?
- Мынаны ма, сэр? Мен айттым ғой, барлық ажымдарды тегістей
аламын деп, тек біреуінен басқасын. Сол, міне, осы.
- Солай, шал, сол, міне, осы; дұрыс, ұста, мұны тегістей алмайсың;
себебі, сен оны мұнда менің терімнен көріп тұрғаныңмен, ол шын
мəнісінде ендігі бас сүйегіме ойылып таңбаланған - сүйегім түгел
ажымдармен айғыздалған! Жə, бала-шағаның əңгімесін қояйық; саған
бүгінгіге шанышқылар мен найзалар жетер. Қара! - Сөйдеді де ол,
бейне алтын теңгелер толтырылғандай, былғары қапшығын сілкіледі.
- Мен де саған тапсырыс бергім келеді. Маған сондай гарпун керек,
Перт, қосақтап жегілген мың сайтан оны майыстыра алмайтын
болсын; киттің бүйіріне өзінің жүзгіш қанатындай қадалатын болсын.
Оны, міне, неден жасайсың, ұста, - деген ол қапшықты төске атып
ұрды. - Мұнда бəйге аттарының болат тағаларын қағатын шегелер
жиналған.
- Таға шегелері ме, сэр? Уа, капитан Ахав, бұл біз, ұсталар, жұмыс
істейтін ең таңдаулы əмбе ең берік материал екенін сен білесің бе?
- Иə, мұны мен білемін, шал; бұл шегелер бірге пісіріліп,
жендеттердің балқыған сүйектерінен қайнатылған желімдегідей
шайнасып, жабысып қалады. Тезірек! Маған гарпун соқ. Бірақ əуелі сен
маған өзек жасайтын он екі шыбық соғуың керек; ширатылған жіптер
мен талшықтардан арқан есетіні сияқты, бұларды да ширатып,
шынықтырып, қайтадан есіп, өзек дəнекерлеп шығар. Жылдам! Мен
жалынды өршітіп үрлеймін.
Он екі шыбық əзір болғасын Ахав оларды бірінен соң бірін ұзынша
əрі жуандау бұранда темірді айналдыра орап, өз қолымен сынауға
кірісті.
- Мынаның ақауы бар, Перт, — ол соңғысын лақтырып тастады. Қайтадан соғу керек.
Сосын, Перт енді он екі шыбықты дəнекерлеп пісірмекші болғанда
Ахав оны ыммен тоқтатып, оз гарпунын өзі соғатынын айтты. Сөйтіп,
ол, міне, алқына дем алып, уһлеп, төс темірдің үстінен балғамен
соққылай бастады. Перт оған қызған шыбықтарды бір-бірлеп əперіп
тұрды, гуілдеген көріктен сумаңдаған жалын тілдері шалқыды, нақ
осы кезде олардың қасына тықырын естіртпей жақындап келген
парсылық оттың алдында басын иіп, бұлардың жұмысына əлде қарғыс,
əлде шапағат шақырғандай болды. Бірақ Ахав көзін көтергенде ол
байқалмаған қалпында сумаң етіп, зытып отырды.
- Ана жақта мына сайтандар тобыры не тіміскілеп жүр? - деп
тұмсықтағы қондырмадан Стабб күңк ете түсті— Бұл парсы сенің
күкіртті сіріңкеңдей, отты бірден сезе қояды; құдды мүшкеттің қызған
білтесіндей, өзінен де күйік иісі шығады.
Е, мінеки, ақыры, енді біріктірілін пісірілген сүмбі өзек ақырғы рет
қыздырылды; Перт те оны суыту үшін күбідегі суға сүңгітті, сөйткенде
шыжылдаған ыстық бу ағыны қасында еңкейіп тұрған Ахавтың тура
бетіне шапшыды.
- Сен немене, маған таңба күйдіріп салайын деп пе едің? — деп
ақырды ол, күйіп қалған бетін тыржита, артқа ытқып. - Сонымен, өзіме
тек азаптау құралын ғана соққан екем ғой?
- Құдай сақтасын, сэр, өзімен кетсін; бірақ, бір ой менің жанымды
түршіктіреді, капитан Ахав. Мына гарпун Ақ Китке арналған емес пе?
- Ақ албастыға! Тек енді маған қиғыр жүзі керек, оны өзің соғуыңа
тура келеді, шал Міне саған менің ең жақсы болаттан жасалған
ұстараларым; ал, гарпунымның кертіктері Мұзды теңіздің сақылдаған
инелеріндей өткір болсын.
Бір сəт кəрі ұста қолы тимегенге қуанышты болардай қалып
танытып, ұстараларға қыбырсыз қарап қалды.
- Ал, ал бұларды шал, олар маған керек емес, мен енді
қырынбаймын, кешкі ас ішпеймін жəне дұға оқымаймын, əзірге... жə,
жетер, жұмысқа кіріс!
Көп ұзамай Перт жебе пішіндес еткен болат үш сүңгі өзекке
дəнекерленіп, жаңа гарпунды мүсіндеп бітірді, ұста шыңдар алдында
қиғыр жүзді соңғы рет қыздыруға ыңғайлана бере, Ахавқа су құйылған
күбіні жақынырақ жылжытқың деп дауыстады.
- Жоқ, жоқ, судың керегі жоқ; мен оны ғаламат қылып, қапысыз
шынықтырғым келеді. Ей, ана жақта, жоғарыдағылар! Тэштиго,
Квикег, Дэггу! Сендер не айтасыңдар, мəжусилер? Маған мына қиғыр
жүзді жабатындай қан беруге келісесіңдер ме? - Сөйтіп ол гарпунды
ауаға сермей көтерді.
Қарақоңыр үш бас келіскендік белгісімен иілді: иə. Мəжуси
еттерінде үш тілік жасалынды да, сөйтіп, Ақ Китке арналған гарпун
осылайша суарылды.
- Eqo non baptizo te in nomine Patris, sed in nomine diaboli' - кесірлі
темір өзінің өмірге келгенін паш ете шыжылдаған қанды жұтып алған
кезде Ахав есірік шаттықпен айқай салды.
Трюмде сақталған қосалқы саптарды түгел іріктеп шыққан Ахав
біреуіне тоқталды - ол қабығы əлі аршылмаған жаңғақ ағашынан-ды.
Оны темір қонышқа сұқты. Содан кейін жаңа арқан шумағын тарқатып,
он сажын шамасында кесіп алып, зəкір-қақпада қатты керіп қойды.
Ахав арқанды аяғымен басып көріп еді, ол ішек сияқты зыңылдап қоя
берді. Сол кезде төмен еңкейіп, арқанда түйіншектер де, жуантық
кедір-бұдыр да жоқтығына көзі жеткен Ахав дауыстап жіберді:
- Тамаша! Енді сапты бекітіп байлауға болады!
Арқанның бір ұшын тарқатып, тарқатылған талшықтарды
шиыршықтап, гарпунның қонышына орады; сосын мұнда сапты берік
сұғындырып енгізді; бұдан кейін бос ұшын қайыспен қоса тығыздап
өріп, мықтап түйіп тастады. Енді, осының бəрі дайын болып, бейне
тұтасқан үшемдей, ағаш, темір жəне кендір бір- біріне ажырағысыз
бекіген кезде Ахав өзінің қаруын алып, тұнжыраған түрмен жөніне
адымдап жүре берді, ал оның сүйек аяғы мен жаңғақ ағаш сабының
тарсылы палубаны жаңғырықтырып тұрды. Бірақ ол өзінің каютасына
кіріп, көзден тасаланып үлгермей жатып, артынан естілер-естілмес,
таңғаларлық сəл əжуалы əрі сондай аянышты дыбыс шықты. О, Пип!
Сенің күйінішті күлкің, сауықшыл да сақ көзқарасың - сенің бүкіл
тосын қылықтарың осы жабырқау кеменің түнерген тағдырымен
мидай араласып, астарласып кетті, сен де соны мазақ етіп күлесің-ау!
CXIV тарау
АЛТЫН ЖАЛАТҚАН
Жапон кəсіпшілік айдындарының кіндігіне сұғына тереңдеп енген
сайын "Пекодты" енді түгелдей аңшылық желігі билеп алды. Тымық
қоңырсалқын күндерде кей-кейде матростардың вельботтардан он екі,
он бес, он сегіз, əйтпссе, тіпті, қатарынан жиырма сағаттап түспейтін
кездері болды; олар біресе бар күштерін салып есті, біресе киттерді
желкен керіп қуалады, біресе тəтті түстей қысқа үзілістерде киттің су
бетіне жүзіп шығуын күтіп, кейде тұтас бір сағат бойы қылп етпей
қыбырсыз отырды; бірақ еңбектері көбіне еш кететін еді.
Қызуы солғын күн сəулесінің астында отырып, өзіңді күні бойы
мимырт, жайпақ толқындар тербеткен; құдды қабық қайық сияқты,
жеп-жеңіл өз вельботында отырып, пеш қасындағы мəукендердей,
жақтауға пырылдай сүйкенген ерке толқындармен жарасты сыр
шертіскен сондай бір күндерде, міне, нақ сол кездерде маужыраған
рақат күйді бастан кеше бастайсың, сөйтіп, мұхиттың жарқыраған
тынық та əсем терісіне қарап, оның астында жолбарыс жүрегі соғып
тұрғанын ұмытасың; осы барқыт табанның соңынан ізінше аяусыз
тырнақ келетінін еске түсіруге өзіңді ешбір мəжбүр ете алмайсың.
Мұндай күндерде вельботындағы кезбенің бойын теңізге деген
əлдебір, өзінің жерді аялағыш сезімімен туыстас, перзенттік, сенгіш
сезім кернейді; ол үшін теңіз — құдды гүлденген байтақ жазық жəне
алыста жүзіп бара жатқан кеме сияқты, сондықтан, көкжиекте тек
мачталар ғана қараңдайды, оның өзі биік толқындардың арасымен
емес, биік шалғынды, бел-белесті жазиралар арасынан сыналап өтеді;
Қиыр Батыстағы қоныс аударушылардың аттары тап осылай ғажайып
көк майсалы дарияға көміліп, шөп арасынан шошайып сақ құлақтары
ғана қылтиятын.
Жан баспаған тар қойнаулар, төбелердің көгілдір мақпалды
беткейлері; солардың үстіне əндеткен тыныштық орнағанда, сен,
жүгіре-жүгіре шаршап жығылып, алаңқайларда ұйықтап жатқан
балаларды көріп тұрмын деп ант етуге шақ қаласың, ал айналатөңіректе толықсыған мамыр нұр шашады, орманның мың сан бояуы
құлпырып, бүр жаратын уақыты келген. Осының бəрі сенің жаныңдағы
жұмбақты сезінумен астасады да, қиял шындықпен жүздеседі, сөйтіп,
олар өзара түсінісіп, ажырамас бір бүтінді құрайды.
Қаншалықты өткінші болса да, осындай, жан тыншытатын елес
көріністер, өткіншілігіне қарамастан, тіпті, Ахавқа да əсер етті.Бірақ
осы құпия алтын кілттер оның құпиялы алтын қазынасыным есіктерін
айқарып ашқанымен де, ол соларға үрлеп қалуы мұң екен, əлгілер
демде көмескі тартты.
Уа, жасыл қойнаулар! Уа, рухтың мəңгі көктемінің ұшы-қиырсыз кең
байтағы; осы арада -пəни тірліктің аптап аңызағы сізді баяғыда-ақ
өртеп жіберсе де - тек осында ғана адам əлі де, құдды. таңертеңмен
жоңышқада ойнақтаған тайдай, аунап-қунап, бір қас қағым сəтке болса
да, өз бүйірлерінен ажалсыз өмірдің салқын шығын сезіне алады.
Шіркін-ай, о, Құдайым, тек осы тыншулықтың тың шапағатты
шақтары мəңгілікке созылсашы! Бірақ тіршіліктің шатысқан, алдамшы
жіптері арқауда: тігінен - тымық, көлденеңінен - дауыл болып
тоқылады. Бұл өмірде бұлтарыс-бұлталақсыз түзу даму жоқ; біз
сəбилік санасыздықтан, балалықтың ойсыз сенімі арқылы,
жасөспірімнің күмəні (жалпыға бірдей жазмыш), күдікшілдік, одан соң
сенімсіздік арқылы "əттең, егер" деген сөздермен айғақталатын
есеюдің ойшыл тыншығуына - осы соңғысында > тоқтау үшін берік
сатылармен жүрмейміз. Жоқ, бір сатыдан өткесін, біз шеңберді тағы,
тағы қайталап айналып, əрқашан да бір мезгілде əрі сəби, əрі бала, əрі
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.