Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 20

Total number of words is 3976
Total number of unique words is 2148
30.2 of words are in the 2000 most common words
42.5 of words are in the 5000 most common words
50.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кубриктен бір шу естілді; қалш-қалш еткен екі сатқын палубаға жүгіре
шығып, команданың қалған мүшелерімен бірге болуға қорқатындарын
айтып, капитан каютасын босатпай қойды. Үгіт те, құйрықтан тебу
мен шапалақ та оларды кубрикке кайтып баруға көндіре алмады;
ақыры, өздерінің өтініші бойынша, өмірлерін сақтау үшін оларды кеме
трюміне орналастырды.
Бұл шақта матростар арасында ешқандай толқу нышаны білінбеді.
Керісінше, сірə, Стилкилттің ұсынысына ден қойған олар қатаң тəртіп
сақтауға, барлық бұйрықтарға ақырына дейін бағынуға, содан соң кеме
айлаққа келген кезде, оны бəрі бірден тастап кетуге ұйғарды. Сол
мақсатта, жүзу сапарының мүмкіндігінше тезірек аяқталуы үшін олар
тағы бір нəрсеге - атап айтқанда: киттер көріне қалған жағдайда
дыбыс бермеуге келісті. Өйткені, су кіргеніне жəне басқа да қауіптерге
қарамастан, "Таун- Хо" мачталарында əлі күнге шейін таңды таңға
ұластырған шолғыншылар тұрған; капитан бұрынғысынша, кəсіпшілік
суларына алғаш кірген күндегідей, олжаны қуалауға құлшына
құмартты, ал Рэдни өзінің саудыраған жағын ұмытып, кез келген сəтте
кереуетін вельботқа ауыстыруға, сөйтіп, киттің жалмауыз аузымен
күш сынасып, оның өңешіне ажал кергішін сұғуға əзір еді.
Матростарды бағыныштылық шеңберінен шықпауға көндіргенімен,
Стилилт жүзу сапарының аяғына шейін оның жүрегін қатал соққымен
қарс айырған кісіден өзінің өш алу жоспарын ешкімге айтпады. Ол аға
көмекші Рэднидің кезегінде болатын, ал осынау есуас, бейне өзінің
өліміне асыққандай, бизань-мачтаның түбіндегі оқиғадан кейін
капитанның ашықтан-ашық сақтандырғанына қарамастан, өзінің түнгі
кезегін қояр да қоймай қайтадан басқаруға бел байлады. Стилкилттің
мұқият ойластырылған өш алу жоспары дəл осыған, сондай-ақ басқа да
кейбір жағдайларға сүйенген-ді.
Түндерде Рэдни, əдетте, кəнігі теңізшінің істемейтін ісі - шканцы
планширіне жайғасып, жақтау сыртында ілулі тұрған шлюпкаға
шынтақтап отыратын. Жұртқа мəлім болғанындай, осы қалыпта ол
кейде қалғып та кететін. Шлюпка мен кеме жақтауының
арақашықтығы едəуір, ал төменде тулаған теңіз. Стилкилт уақытты
мұқият есептеді; оның рульге тұратын кезегі өзін сатып кеткен түннен
кейінгі үшінші таңдағы сағат екіден бастап келетін. Ал əзірше
кезектегі жұмыс кезінде бос уақыты бола қалса, ол бірдеңені ынталана
өруге кірісетін.
- Сен андағы жерде не істеп отырсың? - деп сұрады одан біреу.
- Өзің қалай ойлайсың? Бұл неменеге ұқсайды?
- Қоржынның бауы тəрізді, тек, меніңше, мынауың бір түрлі
тосындау.
- Иə, тосындау, - деп жауап қатты Стилкилт бау ұстаған қолын алға
созып. - Бірақ жарап қалар деп ойлаймын. Білесің бе, достым, мендегі
жіңішке арқан таусылды, сенде азырақ жоқ па?
Бірақ кубрикте жіңішке арқан жоқ болып шықты.
- Барып Рэд қариядан сұрауға тура келеді. — Стилкилт солай деп
орнынан тұрды.
- Сен немене, соған қарызданғың келе ме? - деп шар ете түсті матрос.
- Қарызданса қайтеді екен? Ол менің бетімді қайтарады деп
ойлайсың ба? Сайып келгенде, бұл оның өзіне пайдалы болады,
достым! - Содан бірінші көмекшіге жақындап келген ол оған
жайбарақат қарады да, өзінің кереуетін жөндеуге деп жіңішке арқан
сұрады. Оның өтініші қолма-қол орындалды, бірақ осыдан кейін
арқанды да, бауды да қайтып ешкім көрген жоқ; ал келесі түнде,
Стилкилт бушлатын басына жастық орнына бүктеп салайын деп
жатқанда, қалтасынан торға тығыз қапталған шағын темір доп
домалап түсті. Жиырма төрт сағаттан кейін ол — үнемі теңізшінің
иегінің астында үңірейген моланың үстінде талай рет қалғыған
адамның қасында - штурвалға тұруы керек болатын, жазмыштың
зауал сағаты сонда соғуға тиісті еді; қазірдің өзінде Стилкилттің
дегбірсіз көкірек көзінің алдында Рэдни маңдайында опырылған
жарасы бар, қыбырсыз серейген өлік болып жатқан-ды.
Əйткенмен, мырзалар, болашақ қылмыскерді ойластырған қанды
істі орындаудан əумесер өзі құтқарды. Дегенмен де, қанды кекке қолын
былғамаса да, Стилкилттің кегі түгелдей қайтты. Өйткені, тағдырдың
тылсым ұйғарымымен ол ойлаған сұмдық істі атқаруды көктің өзі
мойнына алғандай боп көрінді.
Келесі күннің таң сəрісінде, күн əлі шықпай, команда палубаны
жуып жатқанда, науадан су алуға шыққан, Тенерифтен келген бір
делқұлы матрос оқыстан айқайға басты:
- Кит! Кит!
Құдайым, қандай кит десеңші! Бұл Моби Диктің өзі еді.
- Моби Дик! - деп дауыстап жіберді дон Себастьян. - Əулие
Доминик!.. Сэр теңіз саяхатшысы, киттердің есімдері болушы ма еді?
Моби Дик деп сіз кімді айтасыз?
- Бұл атақты, қардай аппақ, ажалсыз əрі қанқұйлы құбыжық, дон,
бірақ ол жайында əңгіме тым ұзаққа кетеді...
- Айтыңызшы! Айтыңызшы! - деп дуылдай жөнелді менің айналамда
топырлаған жас испандықтар.
- Жоқ, сеньорлар! Сеньорлар, бұл мүмкін емес! Мен қазір бұл тарихқа
бойлай алмаймын. Таза ауамен тыныстайыншы, мырзалар.
- Чичи! Чичи! - деп дауыстады дон Педро. - Біздің айбынды досымыз
əлсіреп қалды. Оның тостағанын толтырыңдар!
- Алаңдамаңыздар, мырзалар; бір ғана сəт - сосын мен
жалғастырамын. Сонымен, мырзалар, кемеден елу ярдтай жерден
соншалық оқыстан қардай аппақ китті көргесін тенерифтік матростың
қобалжығаны сондай, команда мүшелері арасындағы келісімді
ұмытып ол құбыжықты əлдеқашан байқаған мачталардағы үш
шолғыншы үнсіздікті сақтағанымен, еріксіз айқайлап жіберген. Содан
бір сұмдық дүрбелең басталды да кетті. Үрейлі сыбыстар
сескендірмеген, осы атақты да баға жетпес балықты жеңуді
армандаған капитан, көмекшілер мен гарпуншылар "Ақ Кит! Ақ Кит!"
деп айқайға басты; бейне таңертеңгі көк теңіздегі жылтыр тас сияқты,
шығып келе жатқан күн шапағымен көз қарықтыра жарқыраған
қорқынышты əсемдікке бөленген сүттей ақ алып денеге матростар
тұнжырай қауіптеніп, қарғыстарын жаудырып, шұқшия қарап қалды.
Бейне бəрі əлемдік тарих сұлбаланғанға дейін-ақ алдын ала болжанып
қойылғандай, бұл оқиғалардың өне бойын тылсым жазмыш зілмауыры
басып тұрды. Бүлікші көмекшінің вельботында ескекші болды; гарпун
лақтырылып, Рэдни шанышқысымен тұмсыққа тұрғаннан кейін ол
оның қасында отырып, соның бұйрығы бойынша қарамайланған
арқанды бірте-бірте босатуға немесе саумалап жинауға тиісті болды.
Вельботтар суға түсірілген кезде аға көмекші бірінші жүзіп кетті,
Стилкилт құшырлана есіп, өзінің жаугер атойымен барлық
дауыстарды баса, шаттана айқайлады. Біршама уақыт олар құтырына
есті, содан кейін гарпуншы гарпунды қадады да, Рэдни қолына
шанышқы ұстап тұмсыққа ырғыды. Рэдни аңшылық кезінде қорқу
дегенді білмейтін. Ол өз матростарына тура киттің арқасына есіңдер
деп айқайлады. Стилкилт арқанды тез жинап алып, вельбот
құбыжықтың шаңқан ақтығымен тұтаса астасып көзге шағылысқан
көбікке тура жүзіп келе жатты; кенет шлюпка су асты жартасына
соғылғандай, бір жағына оқыс жантайып, тұмсықта тұрған Рэдни суға
ұшып түсті. Ол киттің тайғанақ арқасына құлап түскен кезде вельбот
түзеліп, бірақ толқын қайықты бірден аулаққа үйіре атып жіберді, ал
Рэдни теңізге, киттің арғы жағына ұшты. Ол киттің төңірегінде
бұрқылдап қайнаған иірімге құлады, матростар шашыраған тамшылар
шымылдығы арасынан бір сəтке оның əлде де болса Моби Диктің
көзіне түспеуге жанталаса тырмысып жатқанын күңгірт бейуақта
көргендей болды. Бірақ оқыстан ашу кернеген кит алға ұмтылып, оны
өзінің алпамсадай азуларымен қарпып алып, судың үстінде тіке
шапшыды да, басымен төмен сүңгіген бойда тұңғиық жылымда
көрінбей кетті.
Бұл екі ортада иірімнен шығып кетуге ұмтылған Стилкилт
шлюпканың түбі бірінші соғылғанда-ақ арқанды босата бастаған; ол
көз алдында болып жатқан жайларға жайбарақат қарап, өз ойымен
отырды. Бірақ кенеттен шлюпканы төменге жойқын күшпен тартқан
кезде, ол ойланбастан, пышақты алып, арқанды кесіп жіберді - кит азат
етілді. Едəуір уақыттан кейін Моби Дик аулақта су бетіне қайтадан
көтерілді, сол кезде Рэднидің қызыл жүн күпəйкесінің желқом үзіктері
өзін шайнап тастаған тістердің арасында жалбырап тұрды. Барлық
торт шлюпка қайтадан қуалай жөнелді, алайда, кит қуғыннан жалт
беріп, ақыры, көзден мүлдем ғайып болды.
Бірнеше күннен кейін "Таун-Хо" кемежайға жетті; бұл бір
түземдіктер ғана тұратын жабайы, елсіз жер еді. Сол күні Стилкилт
бастаған барлық матростар (тек бірнеше марстықты айтпағанда)
жағалауға шығып, баяу адымдап, пальмалардың арасына сіңіп
жоғалды; ақырында, кейін анықталғанындай, олар түземдіктердің екі
үлкен əскери ұзын қайықтарын басып алып, аралдан жүзіп кетеді.
Кемеде бұрынғы экипаждың бірен-саран адамдарымен ғана қалған
капитан түпті судан көтеріп, тесікті бітеу жөніндегі қиын жұмысқа
аралдықтардан көмек сұрайды. Алайда, олардың қауіпті одақтастары
тарапындағы азғана ақ тəнділерден күндіз-түні соншама қалт етпес
қырағылық қажет етілгені соншалық, атқарылған еңбектің аса ауыр
болып, қажытып жібергендігі соншалық, ақыры, кеме жүзуге дайын
болған кезде, олардың бəрі сондай əлсіреп, құр сүлделері
қалғандықтан, капитан мұндай командамен үлкен кемені теңізге
шығаруға жүрегі дауаламады. Көмекшілерімен ақылдаса келе, ол
"Таун-Хоны" жағалаудан мүмкіндігінше əрірек зəкірге қойып,
тұмсыққа екі зеңбіректі алып шығып, оқтатқызды, арт жақтағы
сандалдарға
мушкет-мылтықтарды
орнатқызды,
сөйтіп,
аралдықтарды өрем қауып өлейін демесе, кемеге жоламасын деп
ескертті де, өзі қасына бір кісі ертіп, ең жақсы шлюпкасымен, арттан
қуалаған желмен ұшырта, экипаж толықтыру үшін, бес жүз миль
қашықтықтағы Тантиге аттанды.
Жүзіп келе жатқан төртінші күні олар аласа маржан аралшығына
тұмсық тіреген үлкен ұзын қайықты байқады. Капитан шлюпкасын
дереу басқа жаққа бұрды, бірақ жабайы қайық бұлардың соңынан
жүйткіді, көп ұзамай ол өзіне су түбіне кеткің келмесе тоқта деп
бұйырған Стилкилттің даусын естіді. Капитан тапаншасын суырды.
Аяқтарын қосып байланған екі ұзын қайықтың тұмсықтарына алшайта
басқан Стилкилт оған жеркене күліп, егер тек шүріппенің шырт
еткенін еститін болса, өзінің бірден капитан шлюпкасын су түбіне
жіберетініне көзін жеткізді.
- Саған менен не керек? — деп айқайлады капитан.
- Сендер қайда барасыңдар? Не үшін? - деп сұрады Стилкилт. — Тек
жалған айтушы болма.
- Тантиге, экипаж толықтыруға.
- Жақсы. Қане, мен сендерге жақынырақ жүзіп барайын. Менің
қаруым жоқ.
Осы сөздермен ол ұзын қайықтан секіріп, шлюпкаға малтып келді
де, жақтаудан аударылып түсіп, капитанның алдында бетпе-бет тұрды.
- Қолдарыңызды айқастырыңыз, сэр, басыңызды көтеріңіз. Ал енді
менің соңымнан қайталаңыз: Стилкилт мені қалдырып кетісімен
шлюпканы аралға сүйреп шығарып, сонда алты күн болуға ант етемін.
Егер осыны істемесем, мені қаһар соқсын.
- Жақсы шəкірт! - деп мəз бола күліп жіберді Стилкилт. - Cay боп
тұрыңдар, сеньорлар! — Сөйтті де, теңізге қарғыған ол өз
жолдастарына жүзіп келді.
Шлюпканы жағалауға шығарып, кокос пальмаларына жақындатып
апарғанын қадағалаған Стилкилт ары қарай жүзіп, межелі мерзімде
көздеген жері — Тантиге жетті. Ол жақта да жолы бола кетті; екі кеме
Францияға аттануға дайындалып жатыр екен, тағдырдың алқауымен
оларда дəл мұның соңындағы матростардың санына тең жетіспеушілік
бар боп шықты. Олар осы кемелерге жалданып, бұрынғы
капитанының өздерін заңды жазаға тартуға аңсары ауып кеткендей
жағдай бола қалса, онымен ұшырасу қаупінен мəңгіге құтылды.
Француз кемелері жүзіп кеткеннен кейін он күн өткенде вельбот та
келіп жетті, сөйтіп, капитан өркениеттен аз-маз хабары бар, теңіз
кəсібін кішкене білетін бірнеше тантилықты жалдады. Жергілікті
шағын шхунаны жалға алып, ол сосын өз кемесіне оралды, онда бəрін
аман-есендікте көріп, жүзу сапарын жалғастырды.
Мырзалар, Стилкилттің қазір қайда екенін ешкім білмейді, ал
Нантакет аралында Рэднидің жесірі өліктерді қайтармайтын теңізге
қарай-қарай көзі талды, ол түсінде үнемі күйеуін опат еткен
қорқынышты Ақ Китті көреді.
***
- Сіз аяқтадыңыз ба? - деп дон Себастьян ақырын ғана сұрады.
- Иə, дон.
- Олай болса, сізден жалынып сұраймын, маған шыныңызды
айтыңызшы: расында да бəрі осы қазір сіз əңгімелеп бергендей болған
ба? Бұл мүлдем адам сенбейтін ғажап сияқты! Сіз бұл оқиғаны сенімді
жерден білдіңіз бе? Менің мұнша қадала сұрағанымды ғафу етіңіз.
- Бізді де ғафу етіңіз, сэр теңіз саяхатшысы, бірақ біз бəріміз дон
Себастьянның өтінішіне қосыламыз, - деп қалғандары да ашқарақ
əуестіктерін жасырмай, шу ете қалды.
- Мырзалар, "Алтын мейманханада" қасиетті Інжіл табылмас па
екен?
- Жоқ, - деді дон Себастьян. - Бірақ мен осы маңдағы қадірменді
əкейді білемін, егер оған өтініш айтсам, көп күттіре қоймас. Мен
Інжілге барып келейін. Əйтсе де сіз жақсылап ойландыңыз ба? Бүл
сізге зор қиындық жүктеуі мүмкін.
- Мен сізден пірəдар əкейді де ертіп келуді өтіне алам ба, дон?
- Лимада қазір дінге шəк келтірмеушілерді өртеу болмағанымен, деді осындағылардың біреуі екіншісіне, - дегенмен де, біздің теңізші
досымыз епископ əкейлердің ашуына тие ме деп қорқамын. Ай сондай
жап-жарық екен, келіңдер, одан да көлеңкеге жасырынайық.
Білмеймін, мұның қажеті қанша еді...
- Сіздің соңыңыздан жүгіргеніме кешіріңіз, дон Себастьян. Сондай-ақ
мен сіздің сондағы ең үлкен Інжілді алуыңызды қатты өтініп сұрай
алам ба?
***
- Міне, əулие əкей де келіп қалды, ол сізге Інжіл əкелді, - деді ұзын
бойлы салиқалы кісіні ертіп қайтып оралған дон Себастьян
салтанатпен.
- Қане, мен қалпағымды шешейінші. Ал енді, қадірменді пірəдар,
жарыққа тұрыңыз да мен жанаса алатындай етіп Қасиетті Кітапты
алдымда ұстаңыз: аспан жəрдем ете көрсін, мырзалар, сіздерге мен
айтып берген хикая өзінің негізгі ұзын-ырғасында, бүкіл мəнмағынасында рас екендігіне арыммен ант етемін. Мен мұның шындық
екенін білемін, бұл біздің планетамызда болған оқиға, мен сол кемеде
болғам, сол матростармен кездескем, Рэдни өлгеннен кейін
Стилкилтпен жүздесіп, əңгімелескем.
LV тарау
КИТТЕРДІҢ ҚҰБЫЖЫҚ
СУРЕТТЕРІ
Ең бір таяу болашақта мен сіздерге кенепсіз, қаншалықты мүмкін
болғанынша, кит шын мəнінде кит аулаушының көзіне тұтас
ұшасымен кеме жақтауына тақала байланып, үстінен, тіпті, жүруге
болатын кезде қандай боп көрінсе, нақ сондай анық суретін салып
беремін. Осыған байланысты əлі күнге шейін құрлықтағы
тұрғындардың сенгіштігіне сəтімен бөленіп жүрген киттердің аса
сирек қиял-ғажайып бейнелеріне алдын ала жүгінген орынды болар
еді. Мұндай түсініктердің түбірімен қате екендігін дəлелдей, дүниенің
осы орайда көзін ашатын уақыт жетті.
Осынау бейнелік адасулардың бастапқы бастау көздері ежелгі үнді,
мысыр
жəне
грек
мүсіншілері
болуы
əбден
ықтимал
Ғибадатханалардың мəрмəр тақталарында, мүсіндердің тұғырлары
мен қалқандарда, медальондарда, тостағандар мен теңгелерде
дельфин, Салахаддин сияқты, сауыт құрсандырып жəне əулие Георгий
тəрізді, дулыға кигізіп бейнеленген сонау тапқыр, бірақ дəлдікті онша
сақтай бермеген замандардан бері мұндай еркінсулер киттер
жайындағы жай бұқара жұрттың ұғым-түсінігінде ғана емес, кей
реттерде, тіпті, ғылыми пайымдарда да молынан ұшырасады.
Бір күмəнсіз нəрсе: əйтеуір китке долбарлап ұқсайтын неғұрлым
көне
кескін-сурет
Үндістандағы
атақты
Элефанта
үңгірғибадатханасында тұр. Браминдердің тұжырымдауынша, осы көне
ғибадатханада сақтаулы қисапсыз мүсіндерде адам шұғылданған
барлық жұмыстар, барлық кəсіптер, мүмкін боларлық барлық
мамандықтар бейнеленген, бұларда солар жер бетінде шын мəнінде
пайда болғанға дейінгі неше ғасыр бұрын көрініс тапқан. Сондықтан,
онда біздің асылзада кит аулау кəсібіміз де болжалданғаны
таңғаларлық емес. Біз əңгіме қылып отырған үнділік китті сол арада
Вишнудың ғылымдағы аты Матсья-Аватар дейтін левиафанның
кейпіне кіру көрінісі паш етілген қабырғаның жеке бір телімінде
кездестіруге болады. Алайда, бедерлі мүсіннің жартылай кісі,
жартылай кит болғанына қарамастан, соңғысының мұнда тек құйрығы
ғана бар, дей тұрсақ та, тіпті, сол шағын үзіктің өзі де мүлдем қате
бейнеленген. Ол киттердің зор жүзгіш қанаттарының жалпақ
қалақтарынан гөрі əбжыланның бірте-бірте жіңішкерген құйрығына
көбірек ұқсайды.
Бірақ көне галереяларды аралап, ұлы христиан сұңғатшысының
қылқаламынан шыққан мына балықтың суретіне қараңызшы; осы
соңғының атамзаманғы үнділіктерден асып кеткен ештеңесі жоқ. Мен
Персей Андромеданы теңіз жалмауызынан немесе киттен құтқарып
жатқан Гвидоның картинасы туралы айтып тұрмын. Қызығы сол,
мынандай мүмкін емес нəрсені жасау үшін Гвидо үлгіні қайдан алды
екен? Мұны айтасыз, өзінің "Персейдің жерге түсуінде" дəл сол
көріністі бейнелеген Хогарт та содан тəуір болмай шықты. Хогарт
құбыжығының алып ұшасы суға сынық сүйем ғана батып, тұтастай
ұшан теңіздің үстінде тербеледі. Оның арқасында көмкерме далдалы
піл ер-тұрманы тəрізді бірдеңе бар, теңіз толқындары құйылған, кең
ашылған азулы аузы Темзадан Тауэрге апаратын Сатқындар
Дарбазасынан аумай қалған. Сондай-ақ, кəрі шотландық Сиббальдтың
өрнек-суреттеріндегі киттер жəне одан соң Тəураттың ескілікті
басылымдарындағы бедерлі оюлар мен мөртаңбаларда һəм байырғы
əліппелерде бейнеленгендегідей, Жоһанның киті бар. Бірақ бұлар
жайында бұл арада айтты не, айтпады не! Немесе, міне, кеме зəкірінің
сүмбісін жүзім сабағындай шырмаған кітап түптеушілердің киттері, олардың зерленген суреттері көптеген ескі де жаңа кітаптардың
мұқабалары мен алғашқы беттерін безендірген бұл мақұлықтар өте
көрікті, бірақ түгелдей ойдан шығарылған, əрі көне вазалардағы
суреттерден көшіріп алынған болуы керек деп ойлаймыз. Олар барлық
жерлерде дельфин деп есептелгенімен, мен соған қарамастан, бұл
мұқабалық балықты китті бейнелеу əрекеті деп жариялаймын,
өйткені, бұл белгіні жаңадан пайдалана бастаған бастапқы кезде-ақ
осылай ойластырылған болатын. Оны қолданысқа шамамен он бесінші
ғасырда білімдарлықтың қайта өркендеген дəуірінде бір қарт итальян
кітап баспагері енгізді, ал, ол заманда, тіпті салыстырмалы түрде
бертінге дейін, дельфин - левиафанның бір түрі деп саналған.
Кейбір көне кітаптардың ішіндегі ою суреттер мен басқа да өрнекнақыштарынан кейде киттерді бейнелеудің өте қызық əрекеттерін
кезіктіруге болады, олардың түгесілмес бас сүйектерінен неше түрлі
бұрқақтар, ыстық сулар, бұлақтар, Саратога мен Баден-Баденнің тұтас
қайнарлары шапшып атқылайды. Қызықты киттерді сондай-ақ
"Ғалымдықты дамытудың" бірінші басылымының алғашқы бетінен де
көруге болады.
Енді əуесқойлық тəжірибелерді қоя тұрып, дəлдік пен
ғылымилықтан үміткер һəм білімдар кісілердің қылқаламынан
шыққан левиафандардың суреттеріне жүгінейік. Гарристің көне
жинағында б.д. 1671 жылы басып шығарылған жəне "Кит Қарнындағы
Жоһан" кемесімен кит аулау үшін Шпицбергенге жүзу", шкипері
Фрисландиялық Петер Петерсон" деген тақырып қойылған бір
голландық саяхат кітабынан алынған бірнеше кит суреттері бар. Сол
ою-өрнектердің бірінде киттер мұзтаулар арасында қалқып жүрген
жойқын бөрене-салдар түрінде көрсетілген, олардың бүлкілдеген
жоталарында ақ аюлар балпаңдап жүгіріп жүр. Басқа бір оюда сұмдық
қате кеткен - киттің құйрығы тік қалақ етіліп бейнеленген.
Немесе, міне, Британ флотының бірінші рангілі капитаны Колнет
деген біреу жазған əмбе "Спермацетті киттерді аулау аймағын кеңейту
мақсатында Горн мүйісінің ар жағындағы Күнгей теңіздерге жүзу
сапары" деп аталған in Quarto-ның сондай қомақты томы бар. Бұл
кітапта "1793 жылдың тамызында Мексика жағалауларында мерт
етіліп, палубаға көтерілген кит көлемінде түсірілген Физетердің
немесе Спермацетті Киттің келбетін" паш етуге тиісті болған сурет
нобайы берілген. Капитан осы шыншыл суретті түсіріп алуға
бұйырғанда бүкіл еңбектің дұрыстық-дəлдігіне қам жегеніне мен
күмəнданбаймын. Тек бір айта кететін жайт, мысалы, бұл киттің көзі
сондай, егер оны осы қолданылған көлемге сəйкес ересек кашалотқа
жапсырып қойса, онда көздің орнына ұзындығы бес футтық күмбезді
терезе орнап шыға келеді. Аһ, менің айбынды капитаным, сен неге бұл
көзден Жоһан сығалап қарап тұратын қылып істемедің?
Тіпті, балғын жастардың тəлімі үшін құрастырылған жаратылыс
тарихы бойынша ең ұқыпты мазмұндамалардың өздері бұдан бір де
кем түспейтін сұмдық қателерден сау емес. Мысалы, Голдсмиттің
мəшһүр кітабы "Тірі Табиғатты" алайық. 1807 жылғы Лондондағы
қысқартылған басылымында "кит" пен "нарвалды" бейнелеген мыс
суреттер бар. Мен дөрекі болып көрінгім келмейді, бірақ осы өте қораш
кит аяқтары шабылып тасталған шошқаға қатты ұқсайды, ал нарвалға
келетін болсақ, көзің бақырая таң қалу үшін оған үстірт көз салудың өзі
жеткілікті: біздің білімге сусындаған он тоғызыншы ғасырда сауатты
мектеп оқушыларының алдында мұндай будан құбыжықты қалайша
шынға балап жайып салуға болады?
Ары қарай; 1825 жылы ұлы табиғаттанушы Бернар Жермен, граф де
Ласепед, левиафандардың алуан түрлерінің жекелеген өкілдерін
бейнелейтін суреттермен бірге киттердің жіктемесі жөнінде
оқымыстылық еңбек жариялады. Олардың бəрі мүлдем жаңсақ, ал
гренландиялық киттің, Mysticetusa-ның (яғни, былайша айтқанда,
нағыз киттің) суретіне келетін болсақ, тіпті, бұл түрді танудағы аса
тəжірибелі кісі, Скорсбидің өзі табиғатта оның түр - тұлғасы бар екенін
теріске шығарады.
Əйткенмен, осы шатысқан былықтың шырқау шыңына ғұлама
Фредерик Кювье, атақты баронның бауыры жетті. 1831 жылы ол өзінің
"Жаратылыстағы киттер тарихын" жариялады, сонда, оның сөздеріне
қарағанда, кашалоттың бейнесі болуға тиісті бір нəрсе келтіріледі.
Мұндай суретті кез келген Нантакет тұрғынына көрсетуді ойлаған
адам бұл аралдан жылдамдата жылыстап кету жағын ертерек қамдап
қойғаны артықтық етпейді. Фредерик Кювьенің кашалоты - бұл
кашалот емес, əншейін асқабақ. Əлбетте, автор кит аулау жорығына
тікелей қатысу артықшылығынан ада (бұл сияқтылардың аталған
артықшылыққа ие болатындары сирек), бірақ менің бір білгім келетіні,
дегенмен де, ол осы суретті қайдан алды екен? Бəлкім, ол бұларды
оның дəл осы саладағы ізашары -Демаре өзінің айдан анық
азғындарын көшіріп алған жерлерден қымқырған шығар. Мен қытай
суреттерін айтып тұрмын. Ал, қытайлық сурет салғыштардың қандай
қалжыңқой жігіттер екендіктері жөнінде көптеген ғажайып кеселер
мен табақшалар сіздің сауатыңызды ашып береді.
Ал біз көшелерде кит майын сататын саудагер дүкеншелерінің
үстіндегі маңдайша жазулардан көретін киттер жайында не айтуға
болады? Əдетте, олар түйе өркешті һəм ғаламат қаныпезер, кит
кейіптес Ричард Үшіншілер түрінде көрінеді; таңғы асқа үш-төрт
матрос бəліштерін (теңізшілер толы үш-төрт вельботты) жалмап алған
бұл ұсқынсыз ұшалар көк бояулы қанды теңізде тырбаңдап қалқиды.
Бірақ китті бейнелеудегі бүкіл мұншалық қаптаған қателіктер,
сайып келгенде, мүлдем де сондай таңғаларлық емес. Өздеріңіз ойлап
қараңыздаршы. Сурет нобайлары көпшілік жағдайда жағалауға
шығарып тасталған өлген киттерден жасалған, олардың анықтығы
шамамен, апатқа ұшыраған, палубасы қираған кеменің суреті, тұрықтұрпаты мен рангоутының күллі сəн-салтанатымен қоса, осынау
тəкаппар туындының əу бастағы айбынды келбетін көз алдыңызға
елестеткендегі анықтығындай болады. Міне, пілдердің өздерінің
белден салынған кескіндемелеріне бір қалыпта тапжылмай тұрған
жағдайлары болған, ал тірі левиафандар əлі ешқашан өз суреттерін
салдыру үшін қалыпқа тұрушы болып көрген емес. Күллі айбынымен
һəм бүкіл тасқын қуатымен көз сүйіндірер тірі китті тек теңізден,
түпсіз тұңғиықтан ғана көруге болады; оның қалқыған таудай ұшасы,
жүрдек əскери кеме сияқты, қас қаққанша көз ұшында бұлдырап
жоғалады; үстіндегі айбынды төбелері мен шоқы-шыңдарын сол
қалпында қалдыра отырып, оны судың дүлей топанынан көтеруге
ешбір тірі пенденің шамасы келмейді. Емшек еметін жас кит пен тау
тұлғалы ересек левиафан сұлбаларындағы кереметтей зор
айырмашылықты айтпағанның өзінде, егер тіпті емшектегі китті
палубаға сүйреп шығарған күнде де, оның табиғаттан тыс, жылан
тəрізді жылмағай, сумаңдаған сусымалы пішінін игеруге сайтанның
өзінің де жүрегі дауаламас.
Сірə, кейбіреулер жағалауға шығарып тасталған киттің тұлдырсыз
қаңқа-сүйегіне қарап оның шынайы келбет-тұрпатына қатысты қандай
да бір сенімді мағлұматтарды алуға болады деп ойлайтын шығар.
Қайдағы! Левиафанның аса ұлы ерекшеліктерінің бірі сол, оның қаңқасүйектері өзінің тірі келбетінің жайынан мүлдем дерлік түсінік
бермейді.
Ал
мына,
өсиетін
орындаушылардың
біреуінің
кітапханасында аспалы шамдал орнына ілінген Иеремия Бентамның
қаңқасы осы қадірменді Иеремияның өзге де барлық жеке
ерекшеліктерімен бірге, тоңмойын əрі пайдакүнем кəрі мырзаның
келбетін дұрыс көрсетіп береді; бірақ бұтарланып бөлінген левиафан
жіліктерінен іліп аларлық ештеңе табу мүмкін емес. Шынында да, ұлы
Хантер айтқандай, киттің қаңқа-сүйегі толық түр-тұрпатындағы
қыртыс-қабаттарымен бірге қосып алғандағы жануардың өзіне
көбелек ішіндегі құрт-құмырсқа құрлы жақын жанаспайды. Бұдан арғы
жол-жөнекей баяндау көрсететініндей, бұл ерекшелік бастың бітімінде
неғұрлым бұлтартпай білінген. Ол сондай-ақ бүйірдегі жүзгіш
қанаттың бітімінде де өте қызғылықты кейіпте көрініс тапқан, оның
қаңқа сүйегі адам қолының қаңқасынан аумайды, тек бас бармақ жоқ.
Жүзгіш қанатта төрт нағыз сүйек саусақ: сұқ саусақ, ортан терек,
шылдыр шүмек, кішкене бөбек бар. Алайда, адам саусақтарының
матадан тігілген қолғаппен қапталғанындай, олардың бəрі тірі ет
биялаймен мəңгілік көлегейленген. "Кей шақта кит бізге қаншалықты
аңдаусыз дүрсе қоя бергенімен, - деп əзілдеген бірде Стабб, - ол бізді
жалаңаш қолдарымен ұстайды деп ешқашан айта алмайсың".
Бүкіл осы себептерге байланысты, қалай десең де, бəрібір, ұлы
Левиафан - қағазда да, кенепте де суреті салыну пешенесіне
жазылмаған əлемдегі жалғыз жан иесі мақұлық екендігіне еріксіз қол
қоюға тура келеді. Əрине, бір сурет екіншісінен дəлірек бола алады,
бірақ олардың ешқайсысы да ешқашан нысанаға дөп тие алмайды.
Сондықтан, киттің шын мəнісіндегі кескін-келбетін көрудің ақиқат
мүмкіндігі жоқ. Демек, оның тірі түр-тұрпатын тым құрыса шамамен
елестетудің бірден-бір жалғыз амалы - кит аулау кəсіпшілігіне өзің
аттану; бірақ бұлай еткенде сіз кез келген сəтте киттің шабуылына
ұшырап, су түбіне кететін қатердің қыл көпірінде тұрасыз. Менің
пайымдауымша, осы себептен де сізге Левиафанның сырт пішінімен
танысу əрекетінде шектен тыс жансебіл болмаған абзал
LVI тарау
КИТТЕРДІҢ НЕҒҰРЛЫМ
ШЫНДЬІҚҚА СЫЙЫМДЫ
СУРЕТТЕРІ МЕН КИТ АУЛАУ
КƏСІБІНІҢ ШЫНШЫЛ
КАРТИНАЛАРЫ
Киттердің жантүршігерлік суреттеріне орай мен киттер жайындағы
одан өткен қияпат əңгімелермен айналысу құштарлығын бастан
кешудемін, бұларды əрі көне, сол сияқты, жаңа кітаптардан да, əсіресе,
Плинийден, Парчестен, Хаклюйттен, Гарристен, Кювьеден жəне
басқалардан табуға болады. Əйткенмен, мен мұны аттап өтемін.
Маған ұлы Кашалоттың: Колнеттегі, Хаггинздегі, Фредерик
Кювьедегі һəм Бийлдегі жарияланған төрт суреті ғана мəлім. Колнет
пен Кювье хақында бұдан бұрынғы тарауда айтылды. Хаггинздің
суреті олардыкінен анағұрлым артық; бірақ ең жақсы суреттер,
əлбетте, Бийлдің кітабында. Бийлде екінші тарауды түйіндейтін "Əр
түрлі қалыптағы үш кит" суретіндегі орталық тұлғадан басқа, бұл
киттің барлық бейнелері тым жақсы. Кейбір мейманжайларда,
күмəнсіз, сыпайы сенімсіздік тудырғанымен, оның "Қайықтар
кашалотқа шабуылдайды" дейтін фронтисписі' егжей-тегжейдің
дəлдігімен тамаша əрі, жалпы алғанда, шындыққа сыйымды, Дж.Росс
Браунның кашалотты бейнелейтін кейбір суреттері өте дəл, тек оюөрнектері тым нашар. Əйтсе де, бұл оның кінəсі емес.
' Фронтиспис - кітаптың бірінші бетіне салынған сурет. Аудармашы ескертпесі.
анықтығы шамамен, апатқа ұшыраған, палубасы қираған кеменің
суреті, тұрық-тұрпаты мен рангоутының күллі сəн-салтанатымен қоса,
осынау тəкаппар туындының əу бастағы айбынды келбетін көз
алдыңызға елестеткендегі анықтығындай болады. Міне, пілдердің
өздерінің белден салынған кескіндемелеріне бір қалыпта тапжылмай
тұрған жағдайлары болған, ал тірі левиафандар əлі ешқашан өз
суреттерін салдыру үшін қалыпқа тұрушы болып көрген емес. Күллі
айбынымен һəм бүкіл тасқын қуатымен көз сүйіндірер тірі китті тек
теңізден, түпсіз тұңғиықтан ғана көруге болады; оның қалқыған таудай
ұшасы, жүрдек əскери кеме сияқты, қас қаққанша көз ұшында
бұлдырап жоғалады; үстіндегі айбынды төбелері мен шоқышыңдарын сол қалпында қалдыра отырып, оны судың дүлей
топанынан көтеруге ешбір тірі пенденің шамасы келмейді. Емшек
еметін жас кит пен тау тұлғалы ересек левиафан сұлбаларындағы
кереметтей зор айырмашылықты айтпағанның өзінде, егер тіпті
емшектегі китті палубаға сүйреп шығарған күнде де, оның табиғаттан
тыс, жылан тəрізді жылмағай, сумаңдаған сусымалы пішінін игеруге
сайтанның өзінің де жүрегі дауаламас.
Сірə, кейбіреулер жағалауға шығарып тасталған киттің тұлдырсыз
қаңқа-сүйегіне қарап оның шынайы келбет-тұрпатына қатысты қандай
да бір сенімді мағлұматтарды алуға болады деп ойлайтын атығар.
Қайдағы! Левиафанның аса ұлы ерекшеліктерінің бірі сол, оның қаңқасүйектері өзінің тірі келбетінің жайынан мүлдем дерлік түсінік
бермейді.
Ал
мына,
өсиетін
орындаушылардың
біреуінің
кітапханасында аспалы шамдал орнына ілінген Иеремия Бентамның
қаңқасы осы қадірменді Иеремияның өзге де барлық жеке
ерекшеліктерімен бірге, тоңмойын əрі пайдакүнем кəрі мырзаның
келбетін дұрыс көрсетіп береді; бірақ бұтарланып бөлінген левиафан
жіліктерінен іліп аларлық ештеңе табу мүмкін емес. Шынында да, ұлы
Хантер айтқандай, киттің қаңқа-сүйегі толық түр-тұрпатындағы
қыртыс-қабаттарымен бірге қосып алғандағы жануардың өзіне
көбелек ішіндегі құрт-құмырсқа құрлы жақын жанаспайды. Бұдан арғы
жол-жөнекей баяндау көрсететініндей, бұл ерекшелік бастың бітімінде
неғұрлым бұлтартпай білінген. Ол сондай-ақ бүйірдегі жүзгіш
қанаттың бітімінде де өте қызғылықты кейіпте көрініс тапқан, оның
қаңқа сүйегі адам қолының қаңқасынан аумайды, тек бас бармақ жоқ.
Жүзгіш қанатта төрт нағыз сүйек саусақ: сұқ саусақ, ортан терек,
шылдыр шүмек, кішкене бөбек бар. Алайда, адам саусақтарының
матадан тігілген қолғаппен қапталғанындай, олардың бəрі тірі ет
биялаймен мəңгілік көлегейленген. "Кей шақта кит бізге қаншалықты
аңдаусыз дүрсе қоя бергенімен, - деп əзілдеген бірде Стабб, - ол бізді
жалаңаш қолдарымен ұстайды деп ешқашан айта алмайсың".
Бүкіл осы себептерге байланысты, қалай десең де, бəрібір, ұлы
Левиафан - қағазда да, кенепте де суреті салыну пешенесіне
жазылмаған əлемдегі жалғыз жан иесі мақұлық екендігіне еріксіз қол
қоюға тура келеді. Əрине, бір сурет екіншісінен дəлірек бола алады,
бірақ олардың ешқайсысы да ешқашан нысанаға дөп тие алмайды.
Сондықтан, киттің шын мəнісіндегі кескін-келбетін көрудің ақиқат
мүмкіндігі жоқ. Демек, оның тірі түр-тұрпатын тым құрыса шамамен
елестетудің бірден-бір жалғыз амалы - кит аулау кəсіпшілігіне өзің
аттану; бірақ бұлай еткенде сіз кез келген сəтте киттің шабуылына
ұшырап, су түбіне кететін қатердің қыл көпірінде тұрасыз. Менің
пайымдауымша, осы себептен де сізге Левиафанның сырт пішінімен
танысу əрекетінде шектен тыс жансебіл болмаған абзал.
LVI тарау
КИТТЕРДІҢ НЕҒҰРЛЫМ
ШЫНДЫҚҚА СЫЙЫМДЫ
СУРЕТТЕРІ МЕН КИТ АУЛАУ
КƏСІБІНІҢ ШЫНШЫЛ
КАРТИНАЛАРЫ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.