Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 40

Total number of words is 4199
Total number of unique words is 2296
31.6 of words are in the 2000 most common words
44.0 of words are in the 5000 most common words
50.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Үлкен ақымақ қашанда кіші ақымаққа ұрсады, - деп күбірледі таяп
келген Ахав. - Тарт қолыңды бұл əулиеден! Сен Пипті қайда дейсің,
ұлым?
- Ана жақта, сэр, құйрықтың ар жағында! Əне, əне!
- Ал сен кімсің өзі? Сенің көздеріңнің солған қарашығынан мен өз
кескінімді көре алмай тұрмын. О, Құдай! Адам шынымен-ақ өлмейтін
аруақтарды елейтін елеуіш қана ма? Кімсің сен, балақан?
- Дабылшы, сэр, кеме жаршысы, дыңғыр-дыңғыр, даң-дүң, дың- дың!
Пип! Пип! Пипті кім іздеп тапса, соған жүз фунт күл-топырақ сыйлыққа
беріледі, бойы бес фут, түрі қорқақтау, бірден танисыңдар! Дыңғыртыңғыр, дың-дың! Пип-қорқақты кім көрді?
- Жүрек қарлардың шебінен жоғарыда өмір сүре алмайды. Уа,
сендер, аязды аспандар, бері қараңдар. Мына бақытсыз бейбақ баланы
сендер туғыздыңдар, енді оны қаңғыртып тастап кеткен де, сендер,
əлемнің бұзатер күштері! Тыңда, балақан: əзір Ахав тірі тұрғанда,
бүгіннен бастап Ахавтың каютасы сенің үйің болады. Сен менің болмыс
күйімнің өзегін өртейсің, балақан; сен мені өзімнің жан-жүрегімнің
талшықтарынан өрілген бұғаумен шырмап тастағансың. Əкел
қолыңды. Біз төменге барамыз.
- Бұл не? Акуланың барқыт терісі ме? - деп дауыстап жіберді ұл
Ахавтың алақанына қарап əрі саусақтарымен сипалап. - Аһ, бейшара
Пип осындай мейірімнің жанасқанын сезінгенде, бəлкім, ол құрымас та
еді-ау! Меніңше, сэр, бұл əлсіз жандар ұсталынатын таяныш-тұтқаға
ұқсайды. О, сэр, кəрі Перт келіп, мына екі - ақ жəне қара алақанды бірге
қосып қабыстырып тастасыншы, өйткені, мен енді бұл қолды
жібермеймін.
- Егер тек мұндағыдан да жаман сұмдықтарға еліктіріп-ерткенімді
көрмесем, мен де сенің қолыңды жібермеймін, балақан. Жүр, менің
каютама барайық. Əй, сендер, ізгі-шапағатты құдайлар мен кесіркеселді адамға сенгендер! Міне, мында қараңдар, сонда сендер бəрін де
білетін құдайлардың азап шеккен адамды аямай қалай тастағанын
көресіңдер; сонда сендер, есуас бола тұрса да, не істеп, не қойғанын
білмесе де, əлгі адамның жан-жүрегі сүйіспеншілік пен алғысрахметтің тəтті сыйларына толы екендігін көресіңдер. Жүр! Мен сенің
қара алақаныңды қысқаныма əгəрəки император қолын қысуға тура
келгендегіден де артық мақтаныштамын!
- Міне, есі ауысқан екеу кетіп барады, - деп күңк етті олардың
соңдарынан Мэн аралының тумасы шал матрос. - Біреуі тасыған
күштен жынданды, екіншісі осалдықтан жынданды. Ə, міне, шіріген
линнің ұшы - мынадан судың сорғалауын-ай. Мұны жөндеу керек
деймісіз? Дегенмен де, оны жаңасымен ауыстырған абзал деп
ойлаймын. Бұл жайында мистер Стаббпен сөйлесейінші.
CXXVI тарау
ҚҰТҚАРҒЫШ ҚАЛҚЫМА
Ахавтың магнитті тілі бойынша оңтүстік-шығысты бетке ұстаған
һəм өзінің бағытын тек Ахавтың дағымен салғастырып тексерген
"Пекод" бұрынғысынша экваторды нысаналап келе жатты. Бұл елсіз
медиен теңіздегі бір ұзақ жүзу болды, көкжиектен бірде- бір кеме,
бірде-бір желкен көрінбеді. Көп ұзамай жайлап самалдаған тропиктік
пассат желдері кемені кішкене баяу толқындардың үстімен қатты
аударып əкете бастады. Бейне əлдебір шулы да қайғылы көріністің
кіріспесіндей, айналаны бір түсініксіз тосын тыныштық билеп
алғандай боп көрінді.
Содан, міне, кеме экваторлық кəсіпшілік аймақтың төңірегіне таяп
келіп, əрдайымғы көзге түрткісіз таң қараңғылығында бір топ
жартасты аралшалардың қасынан өтіп бара жатқан кезде,түн ішінде
Фласк басқарған кезекті кенеттен, құдды Ирод өлтірген барлық
бейкүнə сəбилер жандарының қыстыққан еңіреп жылауындай, əлдебір аянышты, торыққан, сұмдық зар дүрліктіре селк еткізді.
Қалғып-шұлғыған матростар бір кісідей оянып кетіп, біреулері
түрегелген, біреулері отырған, біреулері жатқан күйінде - мүсінге
құйылған Рим құлының қалпында осы жабайы, созылыңқы зар
еңіреуді тыңдап, құдды бір арбалғандай сілейе қатып қалысты.
Команданың христиандық өркениетті бөлігі мұны дабыл деп
пайымдап,
үрейлене
қалтырады,
мəжуен
гарпуншылар
жайбарақаттықтарынан жазбады. Мэн аралының тумасы, ақ шашты
матрос болса - кемедегі ең жасы үлкені ретінде - олар естіген
қорқынышты һəм жабайы сарнау теңіз тұңғиығында жақында қаза
тапқан суға кетушілердің дауыстары деп жариялады.
Ахав өз каютасында ештеңе естімеген, тек таң сəріде палубаға
көтерілгенде Фласк оған бəрін айтып берді, əңгімесіне өз жанынан
əлдебір қаскөй де үрейлі болжамдар қосты. Сол кезде ол жұмбақ
күлкімен қарқылдай күліп, түнгі ғажайыпты былайша түсіндірді.
Түнде "Пекод" қасынан жүзіп өткендейге ұқсас жартасты аралшалар
əдетте шағын итбалықтар үйірлері паналайтын мекендерге айналады,
ендеше, бəлкім, аналарынан айырылған бірнеше жас итбалық, немесе
төлдерін жоғалтқан аналықтар түнде кеменің маңайындағы су бетіне
қалқып шығып, біршама уақыт адамдыкі тəрізді еңіреген зарлы үн
шығарып тұрып алған болар. Бірақ бұлай түсіндіру команданың
абыржуын тек асқындыра түсті, өйткені, көптеген теңіз
саяхатшыларын итбалықтар дегенде ырымшыл үрей билейді, мұны
тудыратын - бір пəлеге ұшырағанда əлдебір таңғаларлық үнмен
шыңғырулары ғана емес, сондай-ақ олар бір түрлі адам бейнелі,
дөңгеленген ойлы бет əлпеттерімен кеменің дəл жақтауларының
түбіндегі судан шығып қарайды. Теңіздегі итбалықтарды адамдар
екен деп қалған жағдайлар көп ұшырасқан.
Команданың жамандықты сезінуі сол таңда бір матростың тағдыр
жазуынан көрнекі айғақтама алды. Бұл адам күн шығар - шықпаста
кереуетінен сүйретіліп тұрып, есін жимастан, тұп-тура форсалингтегі
шолғыншылық орнына аттанады; кім біледі, бəлкім, ол əншейін əлі
дұрыстап оянып та үлгермеген шығар (өйткені, матростар көбінесе
мачталарға ұйқы мен сергектік арасындағы өтпелі жағдайда өрмелейді
ғой), қайткенде де айту қиын, бірақ не болса да, ол өзінің қонақтағыш
бақанында бірнеше минут та тұрып үлгермейді, кенет шырқыраған
айқай шықты - жандауыс пен құлап түскен дыбыс -жоғарыға қарап
қалған адамдар ауада бір нəрсе зу ете түскенін байқап үлгерді, ал
төменге қарағандарында тек теңіздің көк айдынындағы ақ
көпіршіктердің кішкентай бұрқақшасын ғана көрді.
Сол сəтінде-ақ құйрықтағы тілалғыш күрделі серіппеде ілулі тұрған
жерінен құтқарғыш қалқыма - ұзын, жіңішке жəшік түсірілді; бірақ
толқындардың арасынан оған жармасатын қол көтерілмеді, сөйтіп,
тропикалық аптап күннің астында баяғыда-ақ қурап-қаңсып қалған ол
ақырындап суға тола бастады; тіпті, кепкен ағаштың өзі бойындағы
барлық саңылауларымен ылғалды сіңіріп алды да, енді, міне,
шегелермен əдіптеліп, темір құрсаулармен көмкерілген абажадай ағаш
жəшік адамның соңынан, бейне оған, тым қатты да болса, сол жақта
жастанып жатар жастық болғысы келгендей, су түбіне кетті.
Өстіп, Ақ Китті қарауылдау үшін "Пекодтың" мачтасына көтерілген
бірінші матрос осындай кепке ұшырады, оны Ақ Киттің меншікті
иелігіндегі мұхит жылымының тұңғиықтары жұтып қойды. Бірақ
кемедегілердің
бұған
мəн
бергені
кемде-кем.
Дұрысында
"Пекодтағылар" сол шақта жақсы нышанға қуанған: бұл бақытсыз
оқиғадан олар алдағы апатты пəлекеттердің хабаршысын емес, қайта,
бұрынғы жаман аяңдардың жүзеге асуын көрген. Өздері өткен түнде
естіген ана жантүршігерлік зар илеудің сыры енді түсінікті болды,
десті матростар. Тек жалғыз Мэн аралының тума шалы ғана тағы да
басын шайқады.
Алайда, ғайып болған қалқыманы жаңасымен ауыстыру керекті;
бірақ кеменің үстінде ыңғайлы жеңіл жəшік табылмағандықтан əрі
түйіннің таяуда шешілуін тағатсыз əбігермен күткендіктен,
матростардың ешқайсысының осы жүзу сапарының ақырғы, түпкі
кезеңіне тікелей əзірліктен басқа ештеңемен айналысуға мұршалары
болмады, сөйтіп, алдағы көрешектерін тəуекелге тапсырып, кеменің
құйрығын құтқарғыш қалқымасыз қалдыруға шешкен кезде, кенет
шканцыда Квикег пайда бола кетіп, қайта-қайта өзінін табытын айтып
тұрғанын аңғарта, ишаралы ымдар жасап, бірдеңені қоймай дауыстап
айта бастады.
- Табытты құтқарғыш қалқыма етпекпіз бе? - деп дауыстап жіберді
жаны түршіккен Старбек.
- Иə, тұрпайылау дер едім, - деп келісті Стабб.
- Тамаша қалқыма боп шығады, - деді Фласк, - балташы əп- сəтте
бəрін қатырып береді.
- Оныңды əкел мұнда, бəрібір басқа амал жоқ, - деді тұнжырай үнсіз
қалған Старбек. -Балташы, мынаны жабдықта; өй, сен маған өйтіп
қарама - иə, иə, табытты жабдықта. Сен немене, естімеймісің?
- Қақпағын да шегелейін бе, сэр? — Балташы қалай шегелейтінді
қолымен көрсетті.
- Шегеле.
- Тесіктерін де тығындайын ба, сэр? - Ол қолын жылпылдата,
алақанымен сипап өтті.
- Иə.
- Ал үстін тағы қарамайлайын ба, сэр? - Сөйдеп, ол қарамайлы
бақырашты көтергендей болды.
- Доғар! Қайдағы жоқ қайдан келеді басыңа? Табыттан құтқарғыш
қалқыма жабдықтап шығар - осымен бітті əңгіме. Мистер Стабб, мистер
Фласк, менімен бірге баққа жүріңдер.
- Қарай гөр кеткенін, əншейін тұп-тура долданып, қып-қызыл боп
шыға келді. Бүтінді əлі де болса еңсерер, ал мына ұсақ-түйекте, қара да
тұр, сүрініп жығыларсың. Міне, бұл менің көңіліме жақпайды. Капитан
Ахавқа аяқ жасап беріп едім, ол оны джентельменше алып жүр,
Квикегке арнап қорап жасап едім, ол оған басын сұғуға да жарамады.
Сонда менің мына табытқа жұмсаған бүкіл еңбегім шынымен-ақ зая
кетпек пе? Ал, енді содан, міне, құтқарғыш қалқыма жасауды бұйырып
тұр. Бұл ескі киімнің ішін сыртына теріс айналдырып, өңін өзгерткен
сияқты. Мына бүлдіргі шаруа маған мүлдем ұнамайды, жо-жоқ, мүлдем
ұнамайды, маған жараспайды, үйлеспейді. Мейлі, мұнымен кез келген
сандалбай айналыса берсін, бірақ əйтеуір маған лайық емес. Мен тек
таза, дəл, қол тимеген ғылыми жұмысты сүйемін, тап-тұйнақтай
басынан басталатын, ортасында жартысына шейін жететін жəне
соңында аяқталатын сондай бірдеңе, əйтпесе, соңы ортасында, басы
аяғында тұратын мынадай астын үстіне төңкеру емес. Құдайым- ау,
кейбір кемпірлер сондай сандалбайлар мен бүлдірімпаздарды қалай
өліп-талып жақсы көреді десеңші! Бір кездерде мен бір жалтыр бас жас
қаңылтыршымен қашып кеткен алпыс бес жастағы кемпірді білуші
едім. Сол себептен де Вайньярдта өзімнің шеберханам болған кезде
жағалауда жалғызбасты кəрі жесірлерге жұмыс істеуге ешқашан
келіспейтінмін: кенет оның жападан- жалғыз кəрі басына менімен
қашып кету ойы қаңғалақтап келе қалса, қайтпекпін? Алайда, сап-сап мұндағы теңізде ақ жаулықтар жоқ, тек ақ көбікті жалдар ғана. Қане,
қане, қарайық. Қақпақты шегелейміз, саңылауларды тығындаймыз,
сосын солардың үстінен қарамайды баттастыра бір сүйкеп өтіп,
жапсар-жіктерін тығыздай бітеп, мұны құйрықтың үстіндегі ілгешекті
серіппеге салбыратып іліп қою керек. Бұрынғыда табытты осылай
қорлауға жол берілуші ме еді? Қайсыбір ырымшыл кəрі балташы
мұндай жұмысты істеуге келіскенше, арқанда салбырап тұрғанды
артық көрер еді. Мен болсам бұтағы көп Эрустук қарағайынан
түйілгенмін, маған топан су қаптаса да түк емес. Құйысқанның орнына
мінекиіңіз, табыт! Сөйтіп, жалғанды жалпағынан шарлап, ту
сыртымыздағы қабір қорабымен жүземіз. Маған немене? Біз, ағаш
шеберлері, сендерге неке тойының төсегін де, ломбер үстелін' де,
керек болса, табыт не катафалк та жасап бере саламыз. Біз ақыны ай
сайын немесе, əрбір тапсырыс үшін, əйтпесе, мұқтаждықтан, немесе,
жұмысқа орай, немесе, пайдаға бола алып тұрамыз, не үшін, неменеге
деп сұрау бізде атымен жоқ, тек бізді бұзып-бүлдіруге мəжбүр етпесе
бопты, əлбетте, ондай кезде біз мұндай жұмыстан мүмкіндігінше
жалтарып кетуге тырысамыз. һəм! Ал енді аздап-ақырындап іске
кіріселік. Менің жасайтыным... тоқтай тұр, санап алайық та, бізде
командада қанша адам бар? Есімде жоқ- Жə, жарайды, түрік түйіншек
етіп отыз құтқарғыш
' Ломбер үстелі - карта ойнауға арналған төрт бұрышты, шұғамен
қапталған үстел Аудармашы ескертпесі.
жіп жасаймын, əрқайсысының ұзындығы үш футтан, сөйтемін де
оларды табыттың өн бойын айналдыра бекітіп қоямын. Егер кемеміз
суға бататын болса, менің отыз жайдарман жігітім өзара бір табытқа
таласып төбелесетін болады - мұндайды күн астында көптен-көп көре
алмассыз! Уа, қане, менің балғам, қашауым, қарамайлы бақырашым
мен шегелерім қайда? Кіріселік жұмысқа!
CXXVII тарау
ПАЛУБАДА
(Табыт верстак пен ашық люк арасындағы екі кеспектің үстіне
қойылған; балташы саңылауларды тығындап жатыр; оның
қойнындағы үлкен шумақты домалақтан ширатыла есілген жіп баяу
созылады. Каютадан асықпай Ахав шығып келеді, оның соңынан
Пиптің аяқ тықыры естілді.)
- Кейін қайт, бала, мен кешікпей ораламын. Кеткін! Менің өз қолым
өз ырқыма тап мына баланың елгезектігімен бағынбайды. Құдайдың
Үйі! Мынау немене?
- Құтқарғыш қалқыма, сэр. Мистер Старбектің бұйрығы. Ей, ей, сэр!
Абайлаңыз! Мұнда люк ашық тұр.
- Рахмет, шал Сенің мына табытыңның жатысы жайлы екен, бұл
арадан молаға да қол созым.
- Қалайша, сэр? Ah, люкқа шейін! Рас, рас, сэр.
- Бері қара, аяқ жасайтын шебер сен емес пе ең? Мына кеспелтек
сенің шеберханаңнан шықпап па еді?
- Менікінен шыққан, сэр. Иə, құрсауы қалай, берік пе?
- Берік. Əйткенмен, сен өзі, бұған қоса, табытшы екенсің ғой?
- Иə, сэр. Мен мына табытты Квикегке арнап жасағам; бірақ енді
одан мүлдем басқа бір нəрсе жасап шығаруды тапсырды.
- Олай болса өзің мойындасаңшы: сен əншейін кəрі алаяқ əмбе
(барып тұрған жабайысың ғой. Сұғанақтанасың да жүресің,
тұмсығыңды сұқпайтын жерің жоқ, не болса соған жармасасың, бір күні
аяқ жасап шығарсаң, ертеңіне соны көметін табыт істейсің, сосын əлгі
сол табыттан тағы құтқарғыш қалқыма долбарлайсың ба? Сен,
құдайлар сиқты, таңдап-талғап жатпайсың, əрі солар сияқты, бəріне де
бесаспап шеберсің.
- Бірақ көңілімде қалтқы жоқ, сэр. Не кез келсе, соны істеймін.
- Əне, əне, құдайлар да тап солай. Дегенмен, тыңдашы, табыт жасап
жатқаныңда сен ыңылдап əн айтпайсың ба? Дəулер жанартаулардың
қазаншұңқырларын ойып шапқан кезде ақырын ысқырыпты дейді, ал
қабір қазушы пьесада қолына күрек ұстап жүріп əн салады. Ал сен ше өйтпейсің бе?
- Мен əн салам ба, сэр? Жоға, сэр, маған оның түкке керегі жоқ; əлгі
қабір қазушы, сірə, өзінің күрегі əн шырқамағасын шырқаған болар, сэр.
Ал менің балғамның əні қандай екенін сіз тек тыңдап көріңіз.
- Шын айтасың; бұл арада қақпақ жақсы дыбыс шығарғыш, ал тақтай
астында ештеңе болмағанда жақсы дыбыс шығарғышқа айналады.
Алайда, табытта мəйіт жатқан кезде, ол бəрібір жаңғырыққыш
қалпынан жазбайды, балташы. Сен ешқашан табытты зиратқа енгізіп
жəне жолшыбай қақпаға тиіп кетіп көрмеп пе ең?
- Құдай-ақы, сэр, мен...
- Құдай-ақы? Бұл не деген сөзің?
- Құдай-ақы, сэр, бұл əншейін солай айтылады, сондай лебіз ғой, бар
болғаны сол ғана, сэр.
- һм, һм, жə, айта бер.
- Мен тек айтайын дегем, сэр, ана...
- Сен не, жібек құртымысың өзі? Өз киімің үшін жіпті өз бойыңнан
иіресің бе? Андағы қойныңдағы немене? Шығар жылдам! Енді қайтып
мұндай тұзағыңды көрмейтін болайын!
- Кетті. Оның мұнысы оқыстан болды, енді, ыстық ендіктерде
дауылдар əрқашан оқыстан соғады емес пе. Мен Галапагостардың бірі,
Альбермарль аралын қақ ортасынан экватор қиып өтеді деп естігем.
Біздің кəрі капитанды да қақ ортасынан əлдебір экватор кесіп өтеді-ау
деп ойлаймын. Ол бар болмысымен экваторда - оттай қызған! Бері
қарайды -менің оралған жібім қайда? Тездетіп іске кіріс. Қыздыр
жұмысты. Міне, менің ағаш балғам, шөлмектермен ойнау жағынан мен
өзім де дөкей шебермін - тақ-тұқ!
- (Ахав өзіне-өзі) Неткен ғажап! Неткен дыбыстар! Ақбасты
тоқылдақ қуыс діңді ұрғылап жатыр! Саңырау мен соқырға қалай
қызықпассың. Бұл затты ол екі кеспектің үстіне қойған, ал олардың
ішінде - шумақталып бүктелген арқандар. Мынау адам нағыз қаскөй
сайқымазақ. Тық-тық! Тық! Адам өмірінің секундтары осылай
тықылдап соғады! О, бүкіл мəнді атаулының бəрі неткен елеусіз!
Салмақсыз ойлардан басқа, шын мəнінде өмір кешіп жатқан немене
бар? Міне, сендердің алдарыңда кездейсоқ жағдайда күйзелісті өмір
үшін үміт пен медеттің аңсарлы белгісіне айналған қатыгез өлімнің
қаһарлы нышаны. Табыттан жасалған құтқарғыш қалқыма! Ал ары
қарай немене? Бəлкім, рухани мағынада алғанда, табыт - сайып
келгенде, ажалсыздық қоймасы шығар? Бұл жайында ойлану керек.
Жо-жоқ. Жердің қараңғы жағында алысқа ұзап кеткенім сонша, жарық
деп есептелетін оның қарама-қарсы жағы маған тек бұлыңғыр түнек
болып елестейді. Ау, мына қарғыс атқыр тарсылыңды тоқтатар шағың
бола ма, балташы? Мен төменге кеттім; қайтып оралғанымда мұнда
мынаның ешқайсысы болмайтын болсын. Қане, ал енді, Пип, біз
екеуміз .əңгімелесеміз; сенен маған қарай самалдап соққан пəлсапаң
таңғаларлық! Расында да беймəлім əлемдер саған əлдебір тылсым
арналармен өз даналығын құйған болуы керек.
CXXVIII тарау
"ПЕКОД" "РАХИЛЬДІ"
КЕЗДЕСТІРЕДІ
Келесі күні шолғыншылар ық жақтан тура "Пекодқа" бет түзеген
үлкен кемені байқады; оның көлденең келтегінде қаптай тізілген
адамдар көрінді. Бұл "Рахиль" болатын. "Пекод" бұл кезде өз
бағытымен жүрдек жүзіп келе жатқан, бірақ өзімен жалпақ қанатты
бейтаныс ару қатарласқан шақта оның мақтаншақтана қампиған
желкендері кенеттен, тарс жарылған торсылдақтар сияқты, жалп етіп
құлады, сөйтіп, жүрістен жаңылған ол толқындарда бойкүйез
тербетіліп тұрып қалды.
- Жаман хабар; ол жаман хабар əкеле жатыр, - деп міңгірледі Мэн
аралының тумасы шал матрос. Бірақ палубада аузына дыбыс
зорайтқышын тақап тұрған оның капитаны "Пекодқа" тіл қатып
үлгергенше, одан да бұрын Ахавтың даусы естілді:
- Ақ Китті көрген жоқсыңдар ма?
- Көрдік, кеше ғана көрдік. Теңізде вельбот кездестірмедіңдер ме?
Масайрауын тежеген Ахав осынау күтпеген сұраққа "жоқ" деп жауап
қайтарып үлгеріп, енді өз шлюпкасымен бейтаныстың үстіне жөнелуге
шақ қалған кезде "Рахильдің" капитаны желге оңтайланып, шлюпкаға
өзі түсті. Ескектердің бірнеше сермеуі, ырғақты ілгек грот-русленьге
ілінді де, капитан палубаға көтерілді. Бұл кісіге қарап Ахав бұрынғы
нантакеттік танысын бірден таныды. Бірақ олар сəлемдеспеді.
- Ол қай жерде болды? Өлтірілген жоқ па, өлтірілген жоқ па! - деп
қайталады Ахав оған тақап келіп. - Оқиға қалай болды?
Былай болған екен: кеше күн батарда "Рахильдің" үш вельботы
кемеден бес миль шамасындағы жел жаққа барып, шағын кит үйірін
қуалап жүрген кезде, кеменің ық жағындағы жақын төңіректегі көк
тұңғиықтан кенет Моби Диктің ақ өркеші мен басы көрінген; сол
сəтінде-ақ төртінші, қосалқы вельбот түсіріліп, қуалау басталады.
Төртеудің ішіндегі ең жүрдек осы вельбот біршама уақыт жел қуалап,
желкенмен жүйткиді, сөйтіп, ақыры китті гарпунға іледі, қалай
болғанда да, мачтадағы шолғыншы қадари- халінше осылай
пайымдайды. Ол тез алыстаған қайықты, сосын тек қара нүктені ғана,
сосын көбіктенген судың шайқала толқынданғанын көрген, сосын түк көрмеген, сондықтан, жараланған кит, осындайда жиі
ұшырасатындай, өз қуғыншыларын соңынан сүйретіп алыс теңізге
алып кеткен деген тұжырым жасады. Кемедегілер мазасыздана
бастаған, бірақ əлі үрей кірмеген. Керулі арқандарға жарық беруші
белгілер іліп қойған; түн түседі, енді кеме жел жағында жүрген үш
вельботты жиып-теріп алу үшін, - тура қарама-қарсы жақтағы
төртіншісін іздеуге аттанбас бұрын - өзінің төртінші қайық жайлы
қамқоршылығын түн жарымынан ары алысқа шегеріп қана қоймай,
тіптен, одан тағы да қашықтауға мəжбүр болды. Бірақ алғашқы үш
қайық іздеп табылып, кеме үстіне аман-есен көтеріп алынғасын,
"Рахиль" бастырмалата барлық желкендерді керіп, шамшырақ орнына
май шыжғырғышта от лаулатып һəм бүкіл дерлік команданы арқандар
мен көлденең келтектерге шолғыншылыққа қойып, жоғалған
вельботтың соңынан заулады. Əйткенмен, ол өзін қайықты соңғы рет
көрген жерден бөліп тұрған қашықтықты тез жүріп өтіп, түсірген бос
вельботтары төңіректі түгел шолып шықса да; осы əбігер таңға дейін
жалғасып, сосын, ештеңе таппағасын, қайтадан алға заулап, қайта
тоқтап, вельботтарды қайыра түсірілсе де жоғалған қайықтың
ешқандай белгісі табылмай, зым-зия жоғалды.
"Рахильдің" капитаны əңгімесін аяқтай келе, өзінің "Пекодқа"
келгендегі мақсатын ашуға асықты. Ол қарсы жолыққан кемені
бұлардың бірге қосылып іздеп, өздерімен төрт-бес миль қашықтықта
қанаттаса қатар жүріп, осылайша қосарланған көкжиекті шола
қарағандарын қалар еді.
- Неге де болса бəс тігуге əзірмін, - деп сыбыр етті Стабб Фласкқа мен білсем, жоғалған вельботтағы қандай да бір матрос оның
капитандық салтанатты бешпетін киіп немесе, бəлкім, оның алтын
сағатын тағып кеткен — мынаның тым қатты мазалануы содан.
Кəсіпшілік маусымның қызған шағында құдай жолындағы екі кит
аулағыштың жоғалған бір вельботтың соңынан сабылуы естіпбілмеген өрескелдік емес пе! Өзің қарашы, Фласк, көресің бе, өңі қандай
бозарып кеткен, тіпті, көзінің қарашықтарына дейін боп-боз, - жо-жоқ,
дұрысында, бешпетке бола емес шығар, бұл, бəлкім...
- Менің балам, туған ұлым солардың арасында. Құдай үшін деп
жалынамын, жалбарынамын сізге! - деп осы сəттерде "Рахильдің"
капитаны əзірге оны тым салқын тыңдап тұрған Ахавқа тіл қата,
дауыстап жіберді. - Маған сіздің кемеңізді қырық сегіз сағатқа
жалдауға мұрсат беріңіз. Мен бұл үшін қуана-қуана төлеймін жəне
қажет болса артығымен төлеймін - тек қырық сегіз сағатқа ғана, бар
болғаны сол. Сіз көмектесуге тиіссіз, о, капитан, сіз көмектесуге тиіссіз,
тиіссіз!
- Оның ұлы! - деп Стабб безек қақты. - Ол өзінін ұлын жоғалтқан
екен ғой! Бешпетті де, сағатты да кейін қайтып алдым! Ахав не айтар
екен? Біз оның ұлын құтқаруға тиіспіз.
- Ол барлық матростармен бірге өткен түнде суға кетті, — деді
олардың ту сыртындағы Мэн аралының тумасы қарт матрос.
- Олардың жандары қалай шырқырағанын мен естідім, сендер бəрің де
естідіңдер.
Кейін анықталғанындай, "Рахиль" капитанының жаны тым жаман
күйзелуінің тағы бір себебі, оның бір ұлы жоғалған вельбот
командасының арасында кеткен шақта, сол күні түсірілген, ессіз
қуалаудың қызған кезінде кемеден қалып қойған тағы бір вельботта
оның екінші ұлы болыпты, содан бейбақ əке есі шыға абдырап
сасқалақтайды, бұл халден оны бірінші көмекшісі ғана алып шығады,
ол түйсік сезігімен мұндай жағдайлардағы əдепкі əрекет түрін
таңдайды: егер екі қайық көмекке мұқтаж болса, кит аулағыш қашанда
əуелі адамы көбірегін жиып-тереді. Бірақ əлденендей түсініксіз жан
толқынысының ырқына берілген капитан бастапқыда мұның бəрін
еске алудан тежеле тұрғанды, енді тек Ахавтың үскірік үнсіздігі
мəжбүр еткендіктен ғана əлі таппаған ұлы - небары он екі жасқа толған
кішкентай баласы жайында айтып берді: Нантакет тумаларына тəн
қатал да қайсар аталық махаббатпен есіркеген əкесі оны титтей
кезінен бастап есте жоқ ескі замандардан бері бұлардың əулетіндегі
əрбір еркектің пешенесіне жазылып қойылған кəсіптің тауқыметі мен
тамашаларына баулуға шешкен болатын. Олардың кит аулау
кəсібіндегі алғашқы машық-дағдылар мен мағлұматтарды алуына
мезгілсіз көрініс тапқан табиғи əкелік əділетсіздік немесе, тағы сол
тараптан шектен тыс қамқоршылдық бөгет жасамауы үшін, тіпті,
нантакеттік капитандардың өз ұлдарын соншалық балғын кездеріненақ бөтен кемеде үш немесе, төрт жылдық жүзу сапарына
аттандыратын жағдайлары жиі ұшырасады.
Бұл екі арада "Рахильдің" капитаны əлі де қорлана төменшіктеп,
Ахавтың аяушылық етуін сұрап жалынып жатты, ал "Пекодтың"
капитаны бұрынғысынша, бейне төстемірдей, соққыдан соққы
қабылдаса да, өзі титтей де селт етпей, мызғымастан тұра берді.
- Сіз маған "иə" деп айтқанша, - деді қонақ, - мен осы арадан
кетпеймін. Тап осындай жағдайда менің сізге не істейтінімді
қаласаңыз, маған да соны істеңіз. Өйткені, сіздің де ұлыңыз бар,
капитан Ахав - рас, ол əлі мүлдем нəресте əрі қазірде сіздің үйіңізде
қауіп-қатерден тысқары, - оның үстіне ол сіздің қарттық шақта көрген
сəбиіңіз. Иə, иə, сіз жібідіңіз, көріп тұрмын - ау, жігіттер, жүгіріңдер,
жүгіріңдер, көлденең келтектерді бағытқа қоюға дайындалыңдар!
- Тоқтаңдар! - деп айқай салды Ахав. - Желкенбауларға тиіспеңдер, содан кейін əрбір сөзін құдды мүсіндеп құйғандай соза жалғастырды: Капитан Гардинер, мен мұны істемеймін. Тіпті, қазірдің өзінде уақыт
жоғалтып тұрмын. Қош болыңдар, қош болыңдар. Құдай алдарыңнан
жарылқасын, əмбе капитан Ахав өзін- өзі жегідей жемесін, бірақ мен
жолымнан қалмауым керек. Мистер Старбек, нактоуз сағаты бойынша
уақытты белгілеңіз де, тура үш минуттан кейін кеменің үстінде бөгде
ешкім қалмауын қадағалаңыз. Сосын көлденең келтектерді босатып,
бұрынғы бағытқа түсіңіз.
Ол, өзінің өлердей жалынуына мұншалық сөзсіз де үзілді-кесілді бас
тартуға таңырқап сілейген "Рахильдің" капитанын сол жерде
қалдырып, кілт бұрылды да, ешқайда қайырылып қарамастан,
төмендегі каютасына кетті. Əйткенмен, мінеки, сілейгеннен селт етіп
есін жиған Гардинер лəм-мим деместен жақтауға асығыс келген
бетінде шлюпкаға құлап түскендей болды да, өз кемесіне тайып тұрды.
Көп ұзамай кемелер бір-бірінен аулаққа алыстай берді; бірақ қарсы
жолыққан кеме қайтадан көкжиектен асып көзден таса болғанға шейін
оның теңіз бетіндегі əрең байқалатын əрбір қара ноқатқа тоқтап, біресе
анда, біресе мұнда құлдыраңдай қалбақтап көп жүргені көрініп тұрды.
Оның көлденең келтектері біресе оңға, біресе солға бұрылды, ол біресе
толқындарға көміліп, біресе жалдың қырында қақпақылдай заулап,
əлсін-əлсін жел ыңғайымен оңтайланып отырды, сонда оның
мачталары мен көлденең келтектеріне ұшар басынан етегіне дейін
адамдар қаптай тізіліп, құдды бұтақтарына тəттіқұмар балалар
өрмелеген бақтағы сүйріктей шие ағаштарына ұқсап кетті.
Оның əр жерде тоқтап, коймай шиырлаған шерлі жолына қарағанда,
ащы тамшылы ағындарды ақтарған бұл кеменің, бұрынғысынша, өксігі
басылмағаны айқын көрініп тұрды. Бұл - көзден бұл-бұл ұшып, ғайып
болған балаларын жоқтап зар төккен Рахиль еді.
СХХІХ тарау
КАЮТАДА
(Ахав палубаға шыққалы жатыр; Пип оның қолынан ұстап, онымен
бірге жүргісі келеді.)
- Балақан, балақан, саған айтам, сен қазір Ахавтың соңынан ермеуің
керек. Ахав сені үркітпейтін, бірақ қасынан да көргісі келмейтін
сағаттар таяп келеді. Байғұс бала, сенде менің сырқатыма шипа
дарытатын бір нəрсе бар. Ұқсасты ұқсас емдейді, ал ендігі сүргін үшін
менің сырқат күйім саламат-саулықтың нағыз өзі. Мені осында,
капитан каютасында күте тұр, мұнда өзіңді құдды капитандай
мəпелейді. Сен еденге бұралып бекітілген менің орындығымда
отырасың; сен ондағы тағы да бір бұранда болуға тиістісің.
- Жоқ, жоқ, жоқ! Сэр, сіздің тəніңіз жарақаттанып зақымданған,
екінші аяғыңыздың орнына бүтіндей мені алыңызшы, сэр, мен басқа
ештеңе сұрамаймын, тек сізге қызмет етсем, қолыңыз немесе, аяғыңыз
болсам деймін.
- О, миллиондаған жексұрын сұмырайларға қарамастан, бұл менің
адамның риясыз адалдығына деген көзсіз сенімімді туғызады, ал, бұл
болса қара əнді əрі есуас қой, расында да ұқсасты ұқсас емдейді, мұның
бұған да қатысы бар, ол қайтадан сау-саламат.
- Сэр, Стаббтың бір жолы кішкентай бейшара Пипті тастап кеткенін
маған айтқан, тірлігінде тəні қара болса да, оның қардай аппақ
сүйектері қазір тұңғиықтың түбінде жатыр. Бірақ та, сэр, Стаббтың оны
тастап кеткені сияқты, мен сізді ешқашан тастамаймын. Сэр, мен
сізбен бірге баруым керек.
- Егер сен ары қарай да менімен осылай сөйлесетін болсаң, Ахавтың
жан дүниесіндегі ой-жоспары тас-талқан боп күйрейді. Жоқ, деймін
мен саған, бұл мүмкін емес.
- О, менің мейірбан мырзам, мырзам, мырзам!
- Жылайтын болсаң, өлтіріп тастаймын! Сақтанғайсың, өйткені Ахав
та алжасқан ғой. Құлағыңды салғайсың, сонда сен менің сүйек
аяғымның палубадағы тықырын жиі естіп, менің əлі сол жақта
жүргенімді біліп отырасың. Ал енді мен сені қалдырып кетпекпін.
Қолыңды - міне, осылай! Шеңбер өзінің кіндігіне қалай адал болса,
балақан, сен маған тап солай адалсың. Енді, Құдай мəңгі-бақи
алдыңнан жарылқасын; егер соған дейін жететін болса - мəңгі-бақи
Құдайдың рақымына бөленгейсің, əмбе пешенеге жазылған нəрсе
болмай қалмасын. (Ахав кетеді; Пип бір адым алға аттайды.)
- Бір сəт бұрын ол осы арада тұрды; оның орнында мен тұрмын,
бірақ мен жападан жалғызбын. Бұл арада қазір тым құрыса байғұс Пип
болса, менің шыдауым оңайырақ болар еді, бірақ ол жоқ, ғайып болды.
Пип! Пип! Дың-дың, дың-дың! Пипті кім көрді? Ол, сірə, осында,
жоғарыда болса керек. Қалай? Құлып та, ілгек те, ысырма да жоқ, сонда
да болса ашылмайды, ə? Рас, бұл бір сиқыр болар, ол маған осында қал
деп өмір етті ғой. Рас, рас, ол тағы мына орындық - менікі деді. Міне,
солай, мен мұнда жайғасып отырамын, шалқаямын, қалқаймасына
сүйеніп, кеменің қақ ортасында отырамын, оның бүкіл үш мачтасы мен
күллі тұрпаты менің көз алдымда тұрады. Кəрі матростар айтады, қара
флагмандардағы ұлы адмиралдар кейде үстел басына отырып aп,
капитандар мен лейтенанттарды сапқа тізіп қойып, жарлықтарын ал
кеп береді дейді. Ха! Бұл не? Эполеттер, эполеттер, күллі жерде
самсаған эполеттер! Графиндерді шеңбермен жіберіңдер; сізді
көргеніме қуаныштымын; құйыңыз, месье. Қара өңді ұлдың өз
жайында алтын зерлі бешпент киген ақ адамдарды құрметпен қонақ
қылғаны бір түрлі қызық екен! Месье, Пип дегенді - бойы бес фут, түрі
албаты əрі қорқақтау, құйтақандай зəңгіні көрмедіңіз бе? Түсінесіз бе,
бірде вельботтан қарғып кеткен - көрмедіңіздер ме? Жоқ? Несі бар,
онда тағы құйыңдар, капитандар, ішіп қоялық: барлық қорқақтарға
масқара! Мен аттарын атамаймын. Соларға масқара! Үстелге аяқты
салу керек те - барлық қорқақтарға масқара деу керек. Те-е, жоғарыдан
мен тақтайға тиген сүйек тықырын естіп тұрмын. О, менің мырзам! Сен
менің үстімде жүргеніңде маған қандай қиын! Бірақ, тіпті, мына құйрық
жартасқа соғылып, маған серік болу үшін бақа-шаяндар ішке кіріп
кетсе де, мен осы арада қаламын.
СХХХ тарау
ҚАЛПАҚ
Міне, енді, осыншалықты ұзақ жүзу сапарынан кейін Ахав барлық
басқа кəсіпшілік аймақтарын аралап келіп, белгіленген уақыт пен
белгіленген орында өзінің қас жауын жаза баспай жайрату үшін оны
мұхиттың осы бір қиын түкпіріне қуып тыққан кезде; енді, ол тап сол,
өзіне мехнатты жара салынған ендік пен бойлықта дерлік тұрған
кезде; енді, бұларға күні кеше ғана Моби Дикті көрген кеме ұшырасқан
кезде; енді, оның басқа кемелермен барлық жолығысулары, əр түрлі
болғанмен, бірауыздан Ақ Киттің аулаушыларды - өзіне деген
қаскүнемдік жауыз ниетте кінəлі əлде кінəсіздігіне қарамастан шетінен сайтани парықсыздықпен қырып-жойып жатқандығы
жайында баян еткен кезде - міне, енді кəрі капитанның көздерінде
жігерсіз жанарға төзгісіз бір нəрсе жасырынды. Батпайтын Темірқазық
жұлдызы өзінің өткір де байыпты, орта деңгейдегі көзқарасын
аудармастан, бүкіл ұшы - қиырсыз арктикалық алты ай түн бойы
төменге қарап тұратыны сияқты, Ахавтың ой-пиғылы да енді
жабырқау команданың мəңгілік түн қараңғысының үстінен жазбай
жылтылдады. Адамдарды оның мысы басты, сондықтан да олардың
барлық ішкі сезіктері, ойлаған қауіптері, күмəн-қорқыныштары жан
түкпірлерінде жасырынып бұғып қалуға, бірде-бір жапырақшасын
көктетіп сыртқа өсіп шықпауға тырысты.
Осынау қатер алдындағы күндерде кеменің үстінде - мейлі, шын
көңілден шыққан, мейлі көлгірсулі болсын кез - келген жайдарман
сауықтылық сап тыйылды. Стабб енді күлкі шақыруға, Старбек оны
өшіруге бейілсіз болды. Қуаныш пен қайғы, үміт пен үрей - бəрі де
құдды күлдей ұлпа тозаң етіп тартылып, Ахавтың темір жаны
тұтылған, қатып қалған лай етіп бұлғанған сияқты. Кəрі капитанның
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.