Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 19

Total number of words is 4000
Total number of unique words is 2326
30.9 of words are in the 2000 most common words
43.5 of words are in the 5000 most common words
50.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Біздің Эри көлінің шығыс жағалауындағы қала, дон... Бірақ рақым
етуіңізді сұраймын. Қазір сізге бəрі де түсінікті болады.
Мінеки, мырзалар, сіздердің көне Кальяодан алыстағы Манилаға
аттанатын үлкен де берік кемелерден көлемі қалыспайтын бригтер
мен үш мачталы шхуналарда жүзетін бұл көлдер жігіттері біздің
құрлықтағы тұйық Американың қақ жүрегінде, əдетте, ашық мұхиттың
əсеріне жатқызатын, жүгенсіз флибустьерлік тəрбие алған. Өйткені,
неше түрлі тайпалар мен халықтардың коршауындағы біздің ұлан-байтақ
тұщы теңіздеріміз - Эри, Онтарио, Гурон, Ұлы жəне Мичиган өздерінің өзара байланысты тұтастығында мұхиттың шалқарлығы мен
басқа көптеген мұхиттық асыл қасиеттерге ие. Полинезия
суларындағы сияқты, оларда көркем аралдар сақиналары жатыр;
Атлантикадағы сияқты, олардың жағалауларында бір-бірінен
соншалықты өзгеше екі ұлы халық тіршілік етеді; олар өз суларының
айналасына
орналасқан
біздің
шалғайдағы
көптеген
колонияларымызға шығыс жақтан теңіз жолын ашады, оларға əр
тұстан жағалау қаруларының батареялары қаһарлана көз тігіп, құлама
тік жартастардан қол жетпес Макиноның көне зеңбіректері суға
төнеді; теңіздегі жеңістерді сүйіншілеген флотилияның күркіреген
салюттарын олар естіген; оқта-текте олардың құмдақ беткейлерінде
боялған қып-қызыл жүздері терілер ілініп тасталған сопақ үндіс
лашықтарында қараң' Флибустьер - 17—18 ғасырлар шегінде Кариб теңізі ауданында
əрекет еткен пират, теңіз қарақшысы жəне контрабандашы. Аудармашы ескертпесі.
Қабылдайтын жабайы варварлар пайда болады; көптеген
шақырымдар бойы олар готикалық шежірелердегі корольдер сияқты,
биік қарағайлар иін тіресе тұрған, қанқұмар африкан жыртқыштары
мен жібектей үлпілдеген терілері татар императорларының асыл
киімдерін əсемдеген кішкентай аңдар жасырынған ежелгі, жан
баспаған жыныс ормандармен шектеседі; олардан Буффало мен
Кливлендтің астаналық үйлері, сондай-ақ виннебаг қоныстары көрініс
тауып, кескінделеді; олардың сулары өз айдындарында алаяқ көпес
кемесін, мемлекеттің қарулы крейсерін де, пароходты да, шамшат
каноэсін де жүздіреді; олардың үстінде тұзды теңіз толқындарын
тулататын, сондай сұмдық, жойқын да дүлей солтүстік желдері
өршеленеді; оларға кеме апаттары да мəлім, өйткені, түнгі уақыттарда
олардың тұйық та болса, ұшы-қиырсыз суларында бүкіл шошынған
экипажымен бірге кемелер опат болған. Иə, мырзалар, Стилкилт елдің
ішкері қойнында өссе де, буырқанған мұхит оның жан дүниесіне жақын
болды; ерлік пен өрлікте ол бірде-бір теңізшіге дес бермеді. Рэдниге
келетін болсақ, ол сəби кезінде теңіздің аналық омырауына жабысып,
Нантакеттің елсіз құмды жағасында жатқанымен, кейінірек біздің
айбарлы Атлант жəне сіздердің арманшыл Тынық мұхиттарын талай
шиырлап шарлағанымен, сонда да болса, ол да орманның түкпірінде
пышақтасқан төбелес пен кек жайлаған көлдердің теңізшілері тəрізді,
кекшіл əрі сыйымсыз болды. Дегенмен де Нантакет тумасында жақсы
қасиеттер де бартұғын, ал көлдердің теңізшісі нағыз албасты бола
тұра, егер оған жексұрын құлға да заңды түрде тиесілі адамдық қадірқасиеттерін қарапайым да ашық мойындау арқылы иін жұмсартқан
қажырлы қатаңдықпен қараса, ол ұзақ уақытқа тілалғыш əрі залалсыз
болып қала алар еді. Қалай десек те, кезіне дейін ол өзін солай ұстады
да; бірақ Рэдни дауасыз еді, ессіздік оның маңдайына жазылған-ды,
Стилкилт болса... əйткенмен, мырзалар, қазір сіздер бəрін де
білесіздер.
"Таун-Хоның" ен жақын айлаққа бет түзегенінен кейін көп болса бір
немесе екі күн өткен, судың кіруі қайтадан ұлғайды, рас, бар болғаны
сораптармен күнделікті бір сағат немесе одан сол көбірек жұмыс
істейтіндей ғана көлемде еді. Сіздер білулеріңіз керек, біздің
Атлантика сияқты сондай сырбаз да сыпайы мұхитта кейбір
капитандар бүкіл сапар бойы су төксе де, бағытты өзгертуді
ойламайды. Рас, егер кезектегі капитан жұртты ұйқы меңдететін
мимырт түнде бұл жайында ұмытып кетсе, онда ол да, кемедегі
басқалар да енді қайтып оны, бүкіл команда тып-тыныш су түбіне
бататын себепті, еске алмайтын жағдайлар болады. Əрі сіздерден
батысқа қарайғы шалғайда жатқан елсіз де дүлей теңіздерде,
мырзалар, егер, тіпті, айтарлықтай ұзақ жолдың өн бойында күллі
команда толық құрамында сораптардың қасында алма-кезек жұмыс
істесе, кемелерде мұны ерсі санамайды. Əрине, бұл орайда жолдың
азды-көпті ашық жағалаудан өтетінін немесе тығырықтан шығарар
басқа бір есті амал барлығын ескерту керек. Тесікті кеме алыстағы
ашық мұхитта жүрген жəне жақын маңда ешқандай жер болмаған
жағдайда ғана капитан кішкене мазасыздана бастайды.
"Таун-Ходағы" іс жайы нақ осылай болды, сондықтан, судың кіруі
қайтадан ұлғайғаны анықталған кезде экипаждағы кейбіреулер,
əсіресе капитанның аға көмекшісі Рэдни біршама алаңдаушылық
танытты. Ол бом-брамсельдерді жел дұрыс кеулеп-керетіндей етіп
қоюға бұйырды. Мырзалар, сіздерге Рэдни онша-мұнша қорқақ
болмағанын айтуым керек; құрлықта немесе суда ұшыратуға болатын
кез келген алаңғасар өжет сабаз сияқты, өз ғұмырында ол қандай да
бір күйгелек үрей көрінісіне бейім емес еді. Сондықтан, кеменің
қауіпсіздігі жөнінде ол мынадай қамшылдық көрсеткен кезде,
матростар гəп бұл арада ол кеме иелерінің бірі екендігінде-мыс деген
əңгіме айта бастады. Дəл сол кеште, олар сораптардың қасында тұрған
кезде де оның тарапына көңілді əзілдер аз айтылмады, бұл шақта
матростардың аяқтарын сарқырап келіп мөлдір теңіз суы шайды мырзалар, тура тау бұлағындай мөлдір - бұл су сораптардан атқылап
шығып, палубада жайыла ағып, ық жақтағы суағарлар арқылы теңізге
үздіксіз селдеп құлап жатты.
Сіздерге жақсы мəлім болғанындай, мейлі, сулы немесе кез келген
басқа, біздің шарттылыққа толы дүниемізде көбіне-көп былай болады:
өз бауырластарының үстінен қарайтын бастық етіп қойылған адам
солардың біреуі тəкаппар ер жүректігімен өзінен анағұрлым үстем
түсіп жатқандығын аңғарып білсе, ол соны ит етінен бетер жек көре
бастайды; егер ыңғайлы сəті туа қалса болды, мырзалар, ол оны бір
уыс бейшара тозаңға айналдырып, өз бағыныштысының мысын басып,
жынын жермен-жексен етіп қағып алуға тырысады. Қалай болғанда да,
мырзалар, Стилкилт, римдік сипатты басымен, сіздердің соңғы вицекорольдеріңіздің атқорасындағы асау арғымақ жабуының шашағына
ұқсас, жұмсақ құлаған алтынды сақалымен, тұрпатты да текті азамат
болатын, мырзалар, ақылы, жүрегі мен жаны оны, ол тек соның
əкесінің ұлы болып туса, Карл Ұлы дəрежесіне жеткізер еді. Ал, Рэдни,
капитанның көмекшісі, қашыр сияқты, ұсқынсыз, сондай-ақ, қыңыр,
парықсыз əрі кекшіл болды. Ол Стилкилтті жек көрді, мұнысын
Стилкилт те білетін.
Жақындап келген капитанның көмекшісін байқаған Стилкилт суды
тартып шығарушы басқа матростармен бірге оны өтірік көрмегенсіп,
өзінің көңілді қалжыңдарын қорықпай жалғастыра берді:
- Иə, жігіттер, сорғалайды деп осыны айт! Қанеки, біреуің құмыра
тоса қойыңдаршы, қанеки, адам сияқты, ауыз толтырып ұрттайықшы.
Сайтан алғыр, шөлмектерге кұйып алсақ та күнə емес қой! Сендерге
айтам, достар, қария Рэдтің бүкіл сыбағасы мына ойыққа кетеді-ау. Ол
кеменің өзіне тиесілі бөлігін кесіп алып, үйге сүйретіп апарса артық
болмас еді. Аһ, шындықты айтсам, бауырлар, семсер-балық істі тек
бастап қана қойған, сосын ол ара-балық, балташы-балық, балғабалықтарды тобырымен топырлатып ертіп қайта келген, сөйтіп, сол
күллі тобыр жұмысқа енді жақсылап кіріскен - түбін келістіріп кесіп,
аралап береді; бірдеңе дұрыс болмаса, бірден ретке келтіреді. Қария
Рэд қазір осы арада болса, мен оған жақтаудың сыртына секіріп,
оларды тым-тырақай қууға кеңес берер едім! Уа, олар сенің меншігіңді
бөлшектеп бөліп, түк қоймай таратып əкетеді дер едім мен оған. Бірақ
біздің Рэд, өзі ашық ауыз, оның үстіне өзі сұлу! Жігіттер, ол қалған
бүкіл дəулетін айнаға салды дейді. Шіркін, мен байғұсқа мұрнының
көшірмесін сыйға тартса ғой!
- Сайтан алсын сендерді! Сорап ненің ақысына жұмыс істемей тұр? деп ақырып жіберді Рэдни, матростардың əңгімесін естімеген кейіп
танытып. - Қане, іске кірісіңдер!
- Құп болады, сэр! - деп жауап қатты Стилкилт мəз-мейрам болып. Уа, қане, жабылыңдар, жігіттер!
Сол-ақ екен, су тартқыш ондаған өрт сөндіргіш сораптардай
күркіреп жүре берді; матростар шаруаға шындап кірісті, көп ұзамай
адамның күллі қайрат-күшінің қабындап ширыққанын айғақтайтын
өзгеше ауыр тыныс естілді.
Ақыры басқалармен бірге жұмысты тоқтатқан Стилкилт ентіге, су
тартқыштан əрірек кетіп, зəкір-қақпаға отырды да, маңдайына шыпшып шыққан терін сүртті, жүзі қызара бөртіп, көздері қанталап тұрды.
Мырзалар, оның үстіне осындай ашулы күйдегі адаммен байланысуға
мəжбүр етерліктей, Рэдниді қандай сайтан түрткенін білмеймін; бірақ
бұл нақ осылай болды. Стилкилтке менмен түрмен жақын келген
капитанның аға көмекшісі оған сыпырғышты алып палубаны
сыпырып шығуға, сосын палубада серуендеген шошқа қалдырған
нəжісті күрекпен лақтырып тастауға бұйырды.
Мырзалар, теңізде палубаны жиыстыру - қатты дауылдардан басқа
кез келген ауа райында əрбір кеш сайын атқарылатын жұмыс
екендігін сіздерге айтуым керек; ол, тіпті, су түбіне батып бара жатқан
кемелерде де атқарылғандығы мəлім. Теңіз ғұрыптарының
мызғымастығы жəне кейбіреулері əуелі жуынып алмай суға кетуден
бас тартатын теңізшілердің тəртіпке деген түйсікті махаббаты,
мырзалар, міне, осындай. Бірақ барлық кемелерде сыпырғышпен
жұмыс істеу, егер ондайлар бар болса, тек жас теңізшілерге ғана
тапсырылады. Оның үстіне, алма-кезек су тартқыштар қасында жұмыс
істеген ауысымдар "Таун-Хоның" ең қайратты матростарынан
құралған болатын; Стилкилт баршасының ішіндегі ең күштісі ретінде
ұдайы үлкендікке тағайындалатын, демек, өзінің жолдастары сияқты,
сайып келгенде, кемені жүргізу міндеттерімен байланысты емес басқа
ұсақ-түйек шаруалардан босатылуы тиіс-тұғын. Бұлардың бəрін
тəптіштеп айтып жатқаным - бұл екі адамның арасындағы жағдай
əбден түсінікті болсын дегендігім.
Алайда, іс мұнымен мүлдем де біте қоймады: күректі ал деген
бұйрық көпе-көрнеу бейне Рэдни оның бетіне түкіріп жібергендей,
Стилкилттің намысына тиіп қорлауға бағытталған-ды. Мұны кит
аулағышта матрос болғандардың кез келгені түсінеді. Капитан
көмекшісінің пəрменін естіген кезде орман түкпірінің тұрғыны мұның
бəрін түгелдей (тіпті, анағұрлым көбірек) зерделеп ұғынды. Бір сəтке
ол капитан көмекшісінің кекті көздеріне қадала қарап, кеудесіндегі оқдəрі толы күбілердің үсті-үстіне үймелей топырлағанын əмбе соларға
біртіндеп жылдам жақындаған білтенің дыбыссыз жанып бітуге
таяғанын сезініп, қозғалмай отырып қалды; өзіне айқын есеп
бермегенімен, ол мұны сезінді, бірақ, мырзалар, оны бір тосын
ұстамдылық билеп алды, ол онсыз да сабырдан айырылған ашушаң
адамды енді одан сайын ызаландыруды қаламады (көбіне-көп мұндай
естен айырыла мелшию - жалпы, ол туындай қалса - тіпті, олар
ызаланған кездің өзінде шын мəнісіндегі ер жүрек адамдарға тəн
болады).
Міне, сондықтан да Стилкилт дəл сол кездегі аса шаршап
қалжырағаннан аздап қана қарлыққан дағдылы даусымен палубаны
жиыстыру - оның шаруасы еместігін жəне ол жұмыспен
айналыспайтынын айтты. Содан соң, күрек жайындағы əңгімені мүлде
еске алмай, ол палубаны күнде сыпырып жүрген үш матросты нұсқады
- су тартқыштың қасында болмаған олар күні бойы дерлік (немесе
мүлдем) жұмыс істемеген-ді. Бұған Рэдни балағатпен жауап беріп, бір
жексұрын өктемдікпен бұйрыққа сөзсіз бағынуды талап ете, сол
бетінде қасындағы күбіден алған қысқа сапты балғаны жоғары көтеріп,
əлі де қозғалмай отырған Стилкилтке өңмендей төніп келді.
Қара терге түскен Стилкилт сорап қасындағы ауыр еңбектен соң
қажып, ашулы отырған-ды, бұл істі жанжалға жеткізбеу жөніндегі
əуелгі байыпсыз тілегіне қарамастан, капитан көмекшісінің мұндай
өрескелдігіне ендігі жерде ұзақ төзуі екіталай еді, бірақ, сонда да болса,
бұрыңғысынша, кеудесінде өршіген жалынды басуға тырысып,
ақырында құтырынған Рэдни асқынған ашу-ызамен бағынуды талап
етіп, балғаны бетінің алдында сілкігенге шейін, орнынан тапжылмай,
қасарысып отыра берді.
Стилкилт түрегеліп, асықпай зəкір-қақпаның артына шықты да, бір
қолымен балғаны басынан асыра көтерген қалпы соңынан қоймай
қуалаған капитанның көмекшісіне үзіп-үзіп, өзінің бағыну ниеті
жоқтығын қайталап айтты. Алайда, бейбіт райы құйттай да əсер
етпейтінін көргесін, ол бүгілген қолының сұсты қимылымен жын
буған əумесерді сабырға шақырмақшы болды, əйткенмен, бəрі де бекер
еді. Олар осылайша зəкір-қақпаны баяу айналып жүрді, ақыры,
шегінуді тоқтатуды ұйғарған һəм шамасы келгенше бар қорлыққа
төздім деп ойлаған Стилкилт люктің қақпағына шығып көмекшіге
былай деді:
Мистер Рэдни, мен сізге бағынғым келмейді. Балғаны орнына
қойыңыз, əйтпесе, жаман болады!
Бірақ сайтан түрткен капитанның көмекшісі тапжылмай тұрған
Стилкилтке тіптен жақын келіп, ауыр балғаны аузына тигізе жаздап
сермеп қалды, сонымен қатар төзгісіз боқтық-балағатты аямай
жаудырып жатты. Дюймнің мыңнан бір үлесіне де шегінбеген жəне
дұшпанын өз көз қарасының қайтпас қанжарымен түйреген Стилкилт
арқасына ұстаған оң қолының жұдырығын түйіп, оны ақырын жоғары
көтерді де, өзінің қуғыншысына егер тек балға бетіне тиіп кетсе, ол
(Стилкилт) оны өлтіремін деді. Бірақ, мырзалар, əумесерді бұл шақта
құдайлардың өзі қасаптың қара қарғысымен таңбалап қойғанды. Балға
Стилкилттің бетін жанап өтті, келесі сəтте капитанның көмекшісінің
шықшыты опырылып, кит сияқты, қан түкіріп, люктің қақпағына
құлады.
Айқай-шу капитан каютасына жетіп үлгергенше, Стилкилт өзінше
екі досы шолғында тұрған мачта басына дейін созылған бакштаг
арқанын жұлқып қалды. Олар екеуі де каналдықтар болатын.
- Каналдықтар? _ деп дауыстап жіберді дон Педро. - Біздің
айлақтардан талай кит аулаушы кемелерді көріп едік, бірақ сіздің
каналдықтарыңыз жайында ешқашан естімеппіз. Ғафу етіңіз, олар
кімдер өздері жəне немен айналысады?
- Каналдықтар дегеніміз, дон, біздің үлкен Эри каналындағы
қайықшылар. Сіздер бұл туралы естіген шығарсыздар.
- О, жоқ, сеньор, мына көңілсіз əрі ыстық, сіресіп қалған аса керенау
елде біз сіздердің жігерлі Солтүстіктеріңіз жайында білетініңіз жоққа
тəн.
- Шынымен бе? Несі бар, дон, маған тағы да құйыңыз Сіздердің
чичаларыңыз керемет. Əңгімемді жалғастырмас бұрын мен сіздерге
біздің каналдықтардың жай-жапсарын түсіндірейін, өйткені, бұл
мағлұматтар, бəлкім, менің хикаямның жаңа бір сырларын ашатын
болар.
Мырзалар, дулы қалалар мен көркейген қыстақтар арқылы,
түнерген ұлан-ғайыр елсіз батпақтар мен құнарына тең табылмайтын
бітік егіндіктер арқылы, бильярдханалар мен шарапханалар арқылы,
қасиетті-киелі ұлы ормандар арқылы, үндіс өзендерін белдеулеген
римдік көпірлермен бүкіл Нью-Йорк штатын көктеп өткен үш жүз
алпыс мильдің өн бойында, көлеңке мен күншуақта, шат немесе
қайғылы жүректердің қасында, ырысты Мохок жерлерінің сұлу
табиғатты кең байтағында, мұнаралары жол бойындағы бағаналардай
сорайған ақ шаңқан шіркеулердің іргелерінде венециандық бұзық əрі
кей реттерде қылмысты өмір бір толассыз тасқынмен селдетіп ағады.
Онда нағыз жабайылар елі, мырзалар, ол жақта мəжусилер қырғын
салуда, барлық жерде, сіздің тап қасыңызда да, шіркеулердің саялы
көлеңкесінде де солар, рақым жасалып сенімді түрде паналатылған.
Өйткені, мырзалар, əлдебір таңғаларлық жазмышты заңдылық
бойынша, көп адамдар айтатындай, əрқашан əділ сот ордаларының
маңында қоныстанатын сіздердің Отаңдарыңыздағы қарақшылар
тəрізді, күнəкарлар да негізінен ғибадат орындарының төңірегінде
мекендейді.
- Ана жақта кім келе жатыр - тақуа ма? - деп сұрады дон Педро
қызық үреймен төмендегі қыж-қыж қайнаған дулы аланға қарап.
- Біздің теріскейлік досымыздың бақытына қарай сеньора
Изабелланың инквизициясы Лимада əлсіреп бастады, - деп күлді дон
Себастьян. - Айта беріңіз, сеньор.
- Бір кішкене! Кешіріңіздер! - деп дауыстады осындағылардың
біреуі. - Біздің бəріміздің, Лима тұрғындарының атынан сізге
мəлімдегім келеді, сэр теңіз саяхатшысы, алыста бұлдыраған
Венецияны
осы
замандық
Лимаға
алмастырмаған
сіздің
сыпайылығыңыз біздің назарымыздан тыс қалған жоқ. Өтінемін,
рахмет айтпаңыз жəне таңырқаған болып көрінуге тырыспаңыз - сіз
күллі жағалау жұртының аузындағы "Лима сияқты бұзық" деген
мəтелді білесіз ғой. Əрі бұл оның үстіне сіздің суреттеуіңізбен толық
сəйкес келеді; мұнда бильярд үстелдерінен шіркеулер көп, олар
əрқашан ашық əрі "Лима сияқты бұзық". Венецияда да тап осылай; мен
онда, ізгілікті інжілші Марктың қасиетті қаласында болдым! (Оны
əулие Доминиктің арылтуын тілеймін!). Сіздің стақаныңыз, сэр!
Рахмет, мен құямын! Ал енді қайтадан толтыралық!
- Егер каналдық пен оның міндет-парызын еркін бейнелейтін
болсақ, мырзалар, - өте толымды да көркем күнəкарлығы сондай - одан
тамаша драмалық қаһарман шығар еді. Марк Антоний тəрізді, ол өзінің
шабдалыдан аумайтын саржағал санын күншуақ палубада
қызғылттандырып, қызыл шырайлы Клеопатрасын сұқтана қызықтап,
күн сайын жасыл реңді Ніл бойымен маужырай жүзеді. Бірақ
жағалауда бүкіл осы нəуетектік сап жоғалады. Каналдық нағыз
басбұзардың кейпіне масаттана кіреді; жиегі түсірілген, түрлі-түсті
ленталармен безендірілген жатаған қалпақ оның ғажап кескінін
толықтыра түседі. Ол өзі қасынан жүзіп өтетін қыстақтардың
күлімсіреген пəктігінің қас жауы; оның қара торы өңі мен қайтпас
өжеттігінен қалаларда да қаймығады. Бір күні каналда саяхаттап келе
жатқанымда мені апаттан бір каналдық құтқарды; оған шын жүректен
алғысымды айтамын; жақсылықты білмейтін жан мен емеспін; мұндай
қарақшылардың байғұс бейтанысты бақытсыздықта демеуге жəне
алдынан шыққан байды тонауға бірден əзір тұруының өзі əдетте
олардың барлық күнəларының басты өтеуі де болады. Жалпы алғанда,
мырзалар, каналдардағы өмірдің бейбастығын біздің дырдулы кит
аулау кəсібіне осы мектептің соғылған сұмдары сұғынып кіріп
кететіндігі жəне адамзаттың өзге өкілдерінің ешқайсына да (сірə,
сиднейліктерден басқа) біздің кит аулаушылардың дəл сондай
сенбестікпен қарамайтындығын айқын дəлелдейді. Расында да,
таңғаларлық емес пе? Ал біздің осы су арнасының жағалауларында
туған көптеген мың жас өспірімдер мен жігіттеріміз үшін қиын
сындарға толы Ұлы Канал тіршілігі христиандық бейбіт егін орағынан
мəжусилік теңіздерді ессіз шиырлауға апаратын бірден-бір саты
болып табылады.
- Түсінікті! Түсінікті! - деп қызбалана айқай салды дон Педро, күміс
жіппен кестеленген шілтерлі жең ұштарын чичамен суарып.
- Саяхаттаудың керегі қанша? Күллі əлем - Лиманың тап өзі! Мен
сіздердің қоңыржай Терістікте де адамдар таулар сияқты салқын да
əділетті шығар деп ойласам... Бірақ сіздің əңгімеңіз!
Мырзалар, мен Стилкилттің бакштаг арқаның жұлқып қалған
жерінде тоқтағам. Дəл сол кезде оны капитанның үш көмекшісі мен
төрт гарпуншы қоршап алып, жақтауға ығыстыра бастады. Бірақ осы
сəттерде екі каналдық арқандардың бойымен төменге қатерлі
кометалардай зу-зу етіп жылдам сырғанап түсті де, өз жолдастарының
басқа шығуына көмектесу үшін топырдың ортасына қойып кетті.
Оларға көмекке басқа матростар ұмтылды, сол арада ойран-топан
болды, ал айбынды капитан қауіп-қатерден аулағырақ, қолына
шанышқыны ұстай секіріп, өзінің сардарларына оңбағанды шканцыға
қуып тығып сабауға əмір етті. Анда-санда ол үздіксіз үйіріліп айналған
үйме-жүйме адамдар тобының шетіне жүгіріп келіп, өз өшпенділігінің
нысанасын көздей, қақ ортаға шанышқысын лақтырды. Алайда, олар
Стилкилт пен оның сайыпқырандарын жеңе алмады; бұлар бақты
басып алды, сөйтіп, бірнеше үлкен күбіні домалатып əкеліп зəкірқақпаның қос бүйірінен қатар-қатар қойған осынау теңіз париждіктері
баррикада сыртында бой тасалады.
- Қанеки, шығыңдар, қарақшылар! - деп қаһарлана күркіреген
капитан өзіне жаңа ғана аспаз əкеп берген тапаншаларды екі қолында
бірдей шошаңдатты. - Шығыңдар, бұзақылар!
Стилкилт баррикадаға қарғып шығып, өзіне кезелген тапаншаларға
өршелене қасқиып жүріп өтті; алайда, ол капитанға оның
(Стилкилттің) өлімі теңіздің қантөгіс бүлігін бастауға берілген белгі
болатынын айқын білдірді. Іштей дəл солай болады деп қауіптенген
капитан зілін біршама бəсеңдетті, сонда да болса ол бүлікшілерге
дереу қайтып барып өз міндеттерін орындауға бұйырды.
- Егер солай істесек, бізге тиіспеуге уəде бересіз бе? - деп сұрады
олардың басшысы.
- Қанеки, жұмысқа кірісіңдер! Жұмысқа кірісіңдер! Мен ештеңе уəде
етпеймін! Өз шаруаларыңды істеңдер! Сендер немене, кемені суға
батырғыларың келе ме? Бүлік шығаратын уақытты тапқан екенсіңдер!
Барыңдар жұмысқа! - Өстіп, ол тағы тапанша көтерді.
- Кемені суға батыру ма? - деп айқай салды Стилкилт. - Несі бар,
мейлі, батса бата берсін! Бізге қол көтермейміз деп сіз ант бергенше,
біреуіміз жұмысқа оралмаймыз. Не айтасыңдар, жігіттер? - деп сұрады
ол жолдастарына бұрылып. Олар елеурей құптап тіл қатты.
Капитаннан бір сəтке де көзін айырмай, үздік-создық айқайлай
сөйлеп, Стилкилт баррикаданы айналып шықты:
- Біз кінəлі емеспіз; біз мұны қалаған жоқпыз; мен оған балғаны
таста деп айттым ғой; бұл балаға да түсінікті емес пе; ол мені білуге
тиісті еді; мен оған қодасты ызаландырма деп айттым ғой; сайтан
алғыр, шықшығына соғып, саусағымды шығарып алған тəріздімін;
біздің пышақтарымыз қайда, жігіттер, кубрикте ме? Оқасы жоқ,
жігіттер, құдай сəтін салсын деңдер! Капитан, сізге айтарым,
сақтаныңыз! Бізге сөзіңізді беріңіз, ақымақ болмаңыз; мұның бəрін
ұмытыңыз, біз жұмысқа тұруға дайынбыз; бізге адамша қараңыз сонда біз тіліңізді аламыз, бірақ өзімізді сабатпаймыз!
- Жұмысқа шығыңдар! Түк те уəде етпеймін. Жұмысқа шығыңдар
деймін сендерге!
- Қане, тыңдаңыз, капитан! - деп айқайлады Стилкилт қолын
ашулана сермеп. - Біздің арамызда тек бір ғана жүзу сапарына
жалданғандар (мен де солардың қатарынанмын) бірталай, солай ғой?
Сіз жақсы білесіз, сэр, кеме əйтеуір бір жерге зəкір тастасымен біз
босатуды талап ете аламыз. Біз жанжалдасқымыз келмейді, оған
мүдделі емеспіз; біз бəрі де тыныштықпен аяқталғанын тілейміз; біз
жұмысқа шығуға əзірміз, тек сабауға көнбейміз!
- Жұмысқа! - деп күркіреді капитан.
Стилкилт бір сəтке тоқтап, жан-жағына қарады да, сосын былай
деді:
- Сізге айтарым мынау, капитан. Егер тек өздеріңіз
бастамасаңыздар, біз сіздерге тиіспейміз - анадай пасық жексұрынды
өлтіріп, сосын мачтаның көлденең келтегінде салбырап теру маған
сондай қатты керек пе екен? Бірақ сіз бізге тиіспейміз деп уəде
бергенге шейін, саусағымыздың ұшын да қимылдатпаймыз.
- Онда төменге, кубрикке түсіңдер, ақылдарың кіргенше, мен
сендерді сонда ұстаймын! Төменге, деймін сендерге!
- Немене, кеттік пе? - деп айқайлады басшы өзінің жолдастарына.
Олардың көпшілігі қарсылық білдірді, бірақ содан кейін Стилкилтке
бағынып, оның алдынан қара жыраға түсіп, наразы түрде күңкілдей
ұрсып, апанға кірген аюлардай, сонда жоғалып кетіп жатты.
Стилкиттің жалаң басы палуба деңгейімен теңескен кезде капитан
өзінің жасағын ертіп баррикададан қарғып түсті де, люктың қақпағын
тез жауып, барлығы жабылып үстінен баса қойды. Аспазға осындай
сатыда ілулі тұрған ауыр мыс құлыпты əкелуге əмір етті. Содан соң
люктің қақпағын сол ашып, капитан саңылаудан бірдеңе деп
сыбырлады да, қақпақты жауып, сырттарынан құлыпты салдырлатып
салды - олар он еді - ал, палубада бұған дейін бейтарап болған
жиырмадан астам матрос қалды.
Түні бойы бүкіл офицерлер ұйқы көрмей палубада, əсіресе кубрик
пен сондай-ақ, егер төмендегі қалқа-қабырғаны бұзуды ойлаған
жағдайда, бүлікшілердің шығуынан қауіптенген тұмсықтағы люктің
маңайында қарауылда тұрды. Əйткенмен, түнгі уақыт тыныш өтті;
жұмысты тастамаған матростар сораптардьң қасында жандарын сала
еңбек етті, соның жабырқау тарсыл-гүрсілі кей шақтарда түнерген түн
құшағындағы күллі кемені жаңғырықтырды.
Таң сəріде капитан каютасынан шыға сала палубаны тақылдата
қағып, тұтқындарды жұмысқа шақырды; олар айқай-шумен бас
тартты. Содан соң оларға су түсіріп, бірнеше уыс қытырлауық жұқа нан
тастады; сосын құлыптың кілтін қайтадан бұрап жауып, оны
қалтасына сүңгіткен капитан шканцыға қайтып оралды. Осы жағдай
үш күн бойы тəулігіне екі реттен қайталанып тұрды; төртінші таңда
тұтқындарға əдепкі талапты айтып тіл қатқан кезде даурығысқан дауталас, содан кейін төбелескен апыр-топыр естілді; кенет люктен атып
шыққан төрт матрос жұмысқа шығуға əзір екендіктерін айтты. Сасық
иісті тымырсық пен ашқұрсақ мəзір міндетті түрде жаза тарту
қаупімен қосыла келе оларды жеңген жақтың ықтиярына көшуге
икемдеді. Осы жаймен қанаттанған капитан өзінің талабын
қалғандарына да жəне қайталап айтты. Бірақ Стилкилт оған төменнен
қайдағы жоқты шатып-бұтқанды қойып, келген жағыңа тайып тұр деп
айбат шегe ақырды. Бесінші таңда өздерін төменде жанталаса ұстап
қалуға тырысқан жолдастарының қайратты қолдарынан палубаға тағы
үш бүлікші құтылып шықты. Енді тек үшеуі ғана қалды.
- Берілгендерің жақсы емес пе, ə? — деп капитан келекелей мырс
етті.
- Бізді тағы да қамаңдар, түсінікті ме? — деп айқай салды Стилкилт.
- Оған күмəндары болмасын, — деп жауап қатқан капитан құлыпты
сарт еткізді
Мырзалар, осы кезде, өзінің бұрынғы жеті жолдасының опасыздығына зығырданы қайнаған, жаңа ғана душар болған келекемазаққа қорланған жəне үмітсіздік құрдымындай қараңғы кубриктегі
ұзақ қамаудан есі шыққан Стилкилт осы кезде бұған дейін өзіне
адалдығын сақтағандай боп көрінген каналдықтарға бұлардың
жүзбелі қамалының гарнизоны шканцыға жиналған мезгілде палубаға
бұзып-жарып өтіп, кит майын кесуге арналған өткір пышақтармен (екі
ұшында да саптары бар ұзын, доғадай иілген ауыр құралдармен)
қаруланып, оңды-солды сермей, бушприттен гакабортқа шейін жетіп,
кемені басып алуға өлермен əрекет жасауды ұсынды. Олар өзіне
қосылсын-қосылмасын, бірақ Стилкилт бұған өзінің тəуекел еткенін
айтты. Ол енді мына қапаста бір түн де қалмайды. Алайда, оның
пиғылы екі каналдық тарапынан ешқандай қарсылық кезіктірмеді;
олар осы немесе басқа кез келген ессіз іс-қимылға, қысқасы, тек
берілмес үшін бəріне əзірміз деп ант етті. Ол - ол ма, палубаға бұзыпжарып өту уақыты келгенде екеуі бірдей бірінші болуға тілек білдірді.
Əйткенмен, олардың басшысы бұған үзілді-кесілді қарсы болып,
біріншілікті өзінде қалдырды; атап айтқанда, бір себептен, бұл таласта
екі жолдасы да бір-біріне жол беруді қаламады, тек ол екеуі ешбір
жағдайда да бірінші бола алмас еді, өйткені, сатыға бар болғаны бір
ғана кісі сыятын. Бірақ осы арада, мырзалар, мен сіздерге ана екі
оңбағанның арам ойынын ашып көрсетуге тиіспін.
Өз басшыларының есуастық ұсынысын тыңдаған соң олардың
əрқайсысы жеке-жеке іштерінен бір опасыздық жоспарын қиялдап
əлпештей бастады. Бұл, атап айтқанда, онның соңғысы болса да, үштің
біріншісі болып берілу үшін палубаға бірінші өту, сөйтіп, осындай
қылықпен қол жеткізуге болатын кешірімге аз-маз үмітті қамтамасыз
ету ниеті еді. Алайда, Стилкилт оларды ақырына дейін бастайтын
өзінің батыл байламын айтқан кезде екеуі бір қисынын тауып,
оңбағандықтың əккі қитұрқысымен, осыған дейін құпия ұстаған
өздерінің сатқындық жоспарларын қосып біріктіре қойды; содан,
басшыларының қалғып кеткені сол, олар екі-ақ ауыз сөзбен ауыз
жаласып үлгеріп, ұйқыдағы кісіні байлап алды, аузына жүн-жұрқа
тығып, түн жарымында капитанды айқайлап шақырды.
Жағдайдың қан тартып тұрғанын сезген капитан өзінің қарулы
көмекшілері мен гарпуншыларды ертіп бакқа ұмтылды. Шамалыдан
кейін люк қақпағы ашылып, серт бұзған сыбайластар аяқ-қолы
байланған, бірақ əлі қарсыласуын қоймаған басшыларын палубаға
лақтырып тастап, өздерінің қантөгіс ойластырған адамды ұстап берген
еңбектері ескеріледі деген үміттерін білдірді. Алайда, оларды ұстап
алып, үшеуін бірдей, сойылған ұшадай, палубада сүйретіп, бизаньмачтаның арқандарына асып қойды, сол жерде олар таң атқанша
салбырап тұрды.
- Сайтан алғырлар-ай, - деп барқылдады капитан олардың алдында,
палубада əрлі-берлі жүріп. - Сендерге, тіпті, құзғындар да тиіспейді,
сұмырайлар!
Таң сəріде ол бүкіл матростарды жинап, бүлікшілерді көтеріліске
қатыспағандардан бөлек қойды да, алғашқыларға оларды жаппай
ұрып-соғу жазасына кесуге үзілді-кесілді ұйғарғанын мəлімдеді жалпы, шамасы, солай істейтін де шығармын, солай істеуге тиіспін,
əділет соны талап етеді - бірақ дəл қазір, олардың дер кезінде тізе
бүккенін ескере келе, тек сөгіспен ғана шектеледі, сөгісін ол тиісінше
аса қатты балағат-боқтық сөздермен айтып та шықты.
- Ал сендерді, алаяқтар, - деп зіркілдеді ол арқанда салбырап
тұрғандарға бұрылып, мен сендерді кескілеп шауып-шауып, май
қорытатын қазанға тастаймын! - Сөйтті де, қарамайланған қысқа
арқанды ала салып, бар пəрменімен екі сатқынның арқаларына
шүйілді, өстіп, оларды дыбыстары шықпай, дарға асылған қос
қарақшыны бейнелеген суреттердегідей, жансыз бастары иықтарына
салбырап қалғанша аяусыз соққылап сабады.
- Сендердің кесірлеріңнен білегімді ауыртып алдым! - деп
барқылдады ол ақырында. -Бірақ сен үшін, көкетай, əлі дырау арқан
табылады. Қане, мынаның аузынан тығынын алыңдар, қайтіп
ақталады екен, тыңдалық.
Діңкелеген бүлікші бір минут шамасында жанталаса өзінің сіресіп
қалған жақтарын қозғауға əрекеттенді, содан кейін мойнын ауырсына
иіп, ызыңдай сыбырлады.
- Менің сізге айтарым мінеки, ал сіз бұл жөнінде ойланыңыз: егер
мені дүрелесеңіз, мен сіздің көзіңізді құртамын!
- Өй-дөйт деген, рақым етіңіз! Мені қалай қорқытқаныңды көрдің бе!
- Өстіп, капитан арқан-қамшыны сығымдаған қолын көтерді.
- Одан да тиіспеңіз! - деп ысылдады Стилкилт.
- Жоқ, болмайды! - Арқан ұстаған қол дүрелеу үшін тағы көтерілді.
Осы арада Стилкилт ысылдап бірдеңе деді, онысын өзінен басқа
ешкім естімеген капитан барлық матростарды аң-таң етіп, ыршып
түсті де, палубада сасқалақтап ерсілі-қарсылы бірнеше рет жүріп өтті,
сосын арқанды оқыстан тастай салып, айтты:
- Мен райымнан қайттым, босатыңдар ананы, жіптерді кесіңдер,
естисіңдер ме?
Алайда, бағыныштылар бұйрықты орындауға ұмтылғанда, оларды
басы таңылған, қанын ішіне тартқан қуқыл жүзді кісі тоқтатты - бұл
капитанның аға көмекшісі Рэдни болатын. Палубадағы қақтығыстан
кейін ол өне бойы өзінің кереуетінде жатқан, бірақ осы таңда у-шуды
естігесін əлсіздігін жеңіп, жоғарыға шығып, не болғанның бəрін көрді.
Ол жағын ашып сөйлей алмайтын дерлік халде еді; алайда,
капитанның тəуекелі жетпеген нəрсені зор зауықпен орындаймын деп
міңгірлеген ол арқаншаны жерден алып, өзінің байлаулы тұрған
жауына беттеді.
- Қорқақ, - деп ысылдады Стилкилт.
- Солай-ақ, болсын, бірақ менен сазайыңды тартасың! - Рэдни
құлаштан сермеді, бірақ тағы да ызыңдаған сыбыр ұрмаққа көтерілген
қолды тоқтатты. Ол сəл тоқталыңқырап қалып, алайда, сосын, қандай
мазмұнда болса да, Стилкилттің қорқытқан қоқан-лоққысына
қарамастан, қобалжусыз, өз ниетін орындап шықты. Содан кейін үш
бүлікші босатылып, бəрі жұмысқа шықты, үн-түнсіз матростар тағы да
су тартқыштардың қасында тұнжырай ауысып, олардың тарсылгүрсілі бұрынғысынша бар кемені жаңғырықтырды.
Сол күні ымырт жабылып, кезегі ауысқанда төмен түсе сала,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.