Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 08

Total number of words is 4126
Total number of unique words is 2331
31.0 of words are in the 2000 most common words
43.8 of words are in the 5000 most common words
50.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
досым да, мен де сізге өте-мөте қарыздар болар едік. Біз Үнді жəне
Тынық мұхиттарына аттанып барамыз, сол себептен де бізді
бөгемегеніңіз абзал
- Солай ма? Ал, сендер таңғы асқа қайтып ораласыңдар ма?
- Квикег, мынаның есі ауысқан, - деймін мен. - Кеттік.
Бірнеше қадам алға басып жүре бергеніміз сол еді, "Еһе-һей!" деп
Илия бізді шақырды.
- Оған көңіл аударма, Квикег, жүр тезірек.
Бірақ ол бізді тағы да білдірмей қуып жетіп, аңдаусызда алақанымен
иығымнан қағып қалып:
- Сендерге жаңа ғана кемеге əлдебір адамдар өткен тəрізді боп
көрінген жоқ па? - деп сұрады.
Осы бір қарапайым да айқын сұраққа кілт тоқтаған мен былай деп
тіл қаттым:
- Иə, мен төрт пе, əлде, бес пе, адамды көргендей болдым, бірақ тым
бұлдыр болғандықтан, анық солай деп айта алмаймын.
- Иə, өте бұлдыр, өте бұлдыр, - деп қайталады Илия. - Қош болыңдар.
Біз онымен тағы айырылыстық, ол тықырын естіртпей, бізді тағы
да қуып жетті, сөйтіп, менің иығымнан түртіп, былай деді:
- Ал, сендер соларды енді таба аласыңдар ма, қалай ойлайсыңдар?
- Кімді?
Жауап берудің орнына:
- Жə, қош болыңдар. Қош болыңдар! - деп бір сөзді қайталаған ол
кете беріп, тағы кідірді. - Аһ, иə! Мен тек сендерге ескертейін дегем...
бірақ мұның келіп-кетері жоқ, мұның бəрі баяғы бір жағдай, отбасылық
шаруа... бүгін аяз күшті, ə? Сау-саламат болыңдар. Сірə, сендермен біз
енді жуық арада көріспеспіз, тек Сот Биліктерінің алдында болмаса, деп, өзінің қасарысқан бірбеткей өжеттігімен мені əжептəуір
абыржытып, осы мағынасыз сөздерін айта сала, ақыры, көзін
жоғалтты.
Ақыр соңында "Пекодтың" үстіне табанымыз тигенде бізді бір
меңіреу тыныштық қарсы алды - тырс еткен тықыр естілмеді, жан
баласы көрінбеді. Капитан каютасының есігі іштен бекітіліп, барлық
люк қақпақтары тарс жабық, үстерінен ұмар-жұмар арқандар басып
жатыр. Біз алға қарай өтіп, бұл арадан бір жабылмаған қақпақты
көрдік. Төменнен жарық байқалды. Төменге түсіп едік, ол жақтан
жырым-жыртық матрос бушлатына оранған кеме жабдықтаушы
шалдан басқа ешкімді таппадық. Ол жымдастырып қойылған екі
сандықта ұзыннан созылып, тұмсығын бүгулі қолдарымен бүркеп,
етпетінен түсіп жатыр екен. Қалың ұйқы құшағында.
- Қалай ойлайсың, Квикег, біз көрген матростар зым-зия қайда кетуі
мүмкін? - деп сұрадым мен ұйқыдағы кісіге абыржи қарап.
Бірақ Квикег кемежайда ештеңені байқамаған, егер Илия өзінің
құпия сұрағымен килікпегенде, ендігі өзім де мұның бəрін көзіме қос
көрінді деп есептеуге бейім едім. Алайда, мен тебіндеген үрейімді
басып, тағы да ұйқыдағы сабазды нұсқап, Квикегке қалжыңдай, сірə,
екеуміздің денені күзетіп осында қалғанымыздан жақсысы жоқ,
сондықтан, оңтайлырақ жайғасқаның жөн дегенді айттым. Ол бейне
жұмсақтығын тексергендей, ұйқыдағы кісінің құйрығын алақанымен
басып көрді де, сосын артық лəм-мим деместен, үстіне жайбарақат
отырды да алды.
- Құдайым-ау! Квикег, бұлай отырма, - дедім мен.
- О, не? - деп қарсылық білдірді Квикег. - Мүлдем ыңғайлы орын.
Менікі арал ылғи осылай отырады. Ал, беті бəрібір бүтін болады.
- Беті! - деп баж ете қалдым мен. - Сен осыны беті деймісің! Несі бар,
кейпінің шырайы өте жылы. Бірақ байқа, тыныстауы тым ауыр, тұла
бойы тұтас көтеріліп жатыр. Шапшаң түс, Квикег, сен зілдейсің, байғұс
адамға бүйту ұят емес пе. Түс, Квикег! Қара да тұр, ол қазір сені сілкіп
тастайды. Өзінің осыған шейін оянбағаны қызық екен?
Квикег ұйықтап жатқан кісінің үстінен түсіп, оның қақ басында
тұрған сандыққа жайғасты да, айбалтасын тұтатты. Мен шалдың аяқ
жағына отырдым. Содан оның үстінде еңкейіп, бір-бірімізге қарқорды
алма-кезек бере бастадық. Осылай отырған кезде Квикег өзінің шымшытырық тілімен қандайда бір жұмсақ жиһаздар атымен жоқ, оның
атамекенінде патшалар, көсемдер мен өзге де құдіретті адамдар əдетте
жайлы диван орнына пайдалану үшін төменгі қауым өкілдерін
семіртетінін менің сұрағыма жауап ретінде айтып берді; сондықтан,
үйіңізді жайлы жиһазбен жасандырғыңыз келсе, сегіз-тоғыз жантайма
сатып аласыз да, оларды өз талғамыңызға сəйкес қабырғалардың
іргелері
мен
қуыстарына
орналастырасыз;
бүктемелі
бақ
орындықшасына қарағанда, бұл серуендеген кезде де өте ыңғайлы,
анағұрлым ыңғайлырақ, - керек болған жағдайда көсем өзіне малайды
шақырып алады да, оған, бəлкім, əлдебір ылғалды саздауыт жерде өсіп
тұрған бұтақты ағаштың саясында диванды кейіптеуге əмір етеді.
Мен Квикегке айбалтаны ұстатқан əрбір жолы ол əңгімесін үзбей,
өткір ұшын ұйқыдағы кісінің тура басына тақай сермеп отырды.
- Неге бұлай істейсің, Квикег?
- Оп-оңай өлтірдім. О! Оп-оңай!
Түсінуімше, ол өзінің қосарлы мəнімен жанына жұбаныш сыйлап
қана қоймай, сонымен бірге жауларының бас сүйегін де қақыратқан
қорқор-айбалта еске түсірген естеліктер иіріміне шомған еді, бірақ осы
арада біздің назарымыз ақырында ұйқыдағы кезге ауды. Өзі де күңгірт
орын төбесіне дейін темекінің қою іші толды, бұл оған өз əсерін
тигізбей қоймады. Əуелі ол бір түрлі аса қиналып тыныстай бастады,
сосын, сірə, оның мұрнын жыбырлатқан болу керек, ол екі рет аунап
түсті де, ақыры, отырып, көзін уқалады.
Ей, сендер, темекішілер, - деді демін əрең алған ол, - сендер
кімсіңдер өзі?
Біз командаға кіргенбіз, - деп жауап бердім мен. - Қашан жүзіп
кетеміз?
- Аһ, солай де! Демек, "Пекодпен" барады екенсіңдер ғой?
Пекод" бүгін жүзіп кетеді. Түнде капитан келген.
- Қандай капитан? Ахав па?
- Енді қандай деп едің?
Мен оған Ахавқа қатысты тағы бірнеше сұрақ қоймақшы болғам,
бірақ осы кезде палубадан шу естілді.
- Еһе, Старбек билеп-төстеп жатыр, - деді шал - Аға көмекшілерің
сондай өжет. Өзі діндар əрі жақсы адам. Əйткенмен, байқаймын, жұрт
түгел ояныпты. Мен де тұрайын. - Осыны айтып, ол палубаға көтерілді,
біз оның соңынан ердік.
Бұл кезде күн шығып, мүлдем жарық болып қалыпты. Көп ұзамай
экипаж жинала бастады; матростар екеуден, үшеуден келіп жатыр;
жабдықшылар
жанталасқан
қарбалас
үстінде,
капитанның
көмекшілері іске қауырт кірісті; əр түрлі адамдар өне бойы жағалаудан
толып жатқан соңғы ұсақ-түйектерді əкеліп жатты. Тек жалғыз ғана
капитан Ахав капитан каютасының қараңғы қойнында бұрынғысынша
көрінбей қала берді.
XXII тарау
ХРИСТОС РОЖДЕСТВОСЫМЕН!
Ақыры, тал түсте, жабдықшылар кемеден кеткен соң жəне
кемежайдан дулы-шулы көптеген құттықтау-сəлемдер жолданып
болған соң, кеме үстіне соңғы сыйлығын - өзіне күйеу бала болып
келетін екінші көмекші Стабқа түнгі қалпақ пен аспазшыға тағы бір
дана Тəурат жеткізген айнымас қамқоршы Хаританы қайықпен жағаға
жөнелткен соң -осының бəрінен кейін қос капитан Фалек пен Вилдад
капитан каютасынан шығып палубаға көтерілді, сосын Фалек аға
көмекшіге қарап, былай деді:
- Ал, мистер Старбек, сіз бəрін тексердіңіз бе? Капитан Ахав та
дайын болды - біз онымен жаңа ғана сөйлестік. Жағада ештеңені ұмыт
қалдырмадыңыздар ма, ə? Олай болса, барлығын жоғарыға
шақырыңыздар! Қарғыс атқырлар, палуба майданына сапқа тұрсын!
- Қандай асығыстық болса да, жаман сөз айту жарамайды, Фалек, деп жұмсартты Вилдад. - Əйткенмен, Старбек достым, біздің
бұйрығымызды жеделдетіп орында.
Ойпырмай десеңші! Кеме жүзіп кеткелі жатыр, ал, капитан Фалек
пен капитан Вилдад болса, құдды теңізде де айлақтағы сияқты
бірлескен билікті мойындарына алғандай, палубада бұрынғысынша
əмірлерін жүргізіп жүр.
Капитан Ахавқа келетін болсақ, оны əлі ешкім де көзбе-көз көрген
жоқ, тек ол өзінің каютасында деп қана айтылды. Əйтсе де, зəкірді
көтеріп, кемені ашық теңізге алып шығу үшін капитанның қатысуы
түк те қажет емес. Шын мəнінде де, бұл капитанның емес, лоцманның
міндетіне кіретін болғандықтан, оның үстіне, капитан Ахав - бізге
түсіндіргеніндей, - ауруынан əлі де толық айықпағандықтан, оның
төменде қала тұруы əбден орынды. Əсіресе, сауда кемелерінің
көптеген капитандарының да зəкір көтерілген соң палубада ұзақ
көрінбей, күллі уақытын кемеден кейіннен лоцманмен бірге кететін
достарымен арақ-шарап ішіп көңілді қоштасу думанына арнайтын
дағдылары болатындықтан, мұның бəрі маған табиғи жай боп көрінді.
Бірақ бүл жайында кеңінен пайымдауға тап қазір ешқандай
мүмкіндік болмай қалды, себебі, капитан Фалек іске шындап кірісті.
Көбінесе билік айтып, бұйырып жүрген Вилдад емес, сол . - Барлығың
да каютаға барыңдар, кещелер, - деп бақырды ол грот- мачтаның
қасында бөгеліп қалған матростарға. - Мистер Старбек, оларды арт
жаққа қуыңыз.
- Шатырды жығыңдар! - келесі бұйрық осындай болды. Əуелде
айтқанымдай, кит мұрттарынан жасалған шатыр "Пекодта" аялдамада
ғана тігілетін, міне, отыз жыл бойы "Пекодтың" үстінде шатырды
жығу жөніндегі бұйрық тікелей зəкір көтеру жарлығының алдынан
берілетіндігі əмбеге аян-ды.
- Адамдар зəкір қақпасына барсын! Зəнталақтар! Шапшаң! - деген
бұйрық зірк етіп, матростар іле тік қақпаға қарай тұра жүгірісті.
Зəкірді көтерген кезде лоцман тұмсықта тұруы керек. Иə, жұрттың
бəріне мəлім болсын, өзінің басқа да қызметтеріне қосымша əрі
айлақтық лоцман болып тіркелген Вилдад -оның үстіне бөтен
кемелерді ешқашан шығарып салмағандықтан, ол сол лауазымды өз
кемелеріне нантакеттік лоцмандарды жалдамас үшін, тек үнем үшін
алды деген болжамдар да айтылған, - мінеки, тап Впи Вилдад енді
жақтауға асылып, жақындап келе жатқан зəкірге міне сала қарап, оқтатекте зəкір қақпасындағы матростарға зарислам дұғаларын əндете дем
беріп тұрды, олар болса бұған жауап ретінде бар дауыстарымен
барқырап Бубл-Эллейдің сұлу бикештері жайындағы қайырманы іліп
əкетті. Бар болғаны үш күн бұрын Вилдад "Пекодтың" үстінде, əсіресе,
зəкір көтерген əлде əдепсіз əндерді айтқызбаймын деген болатын, ал,
оның қарындасы Харита экипаждың əрбір мүшесінің кереуетіне Уоттс
ұрандарының бір-бір жаңа кітапшасын қойған-ды.
Бұл шақта Фалек қатты құтырына қарғанып-сіленіп, палубада
өмірін жүргізіп жатты. Мен, тіпті, ол қазір кемені батырып жіберіп,
бəкірді көтеріп те үлгермеспіз деп ойлағам. Сондықтан да мен, əлбетте,
зəкір тартқышты қоя беріп, Квикегке менің істегенімді істе деп
айттым, өйткені, мұншалықты есірік командирдің қол астында жүзуді
бастаған біздің əлдеқандай қауіп-қатерлерге тап болатынымызды
ойлаудың өзі қорқынышты еді. Жалғыз үміт сол, жеті жүз жетпіс
жетінші үлесті сол ойлап тапқанымен, құтқару тақуа Вилдадтың
тарапынан келетін шығар деп жұбаттым мен өзімді; бірақ осы мезетте
кенеттен арқамнан төменірек пəрменді соққыны сезіндім, содан жалт
қарағанымда сұмдық көріністен қалтырап кеттім: тап осы сəтте
капитан Фалек аяғын тікелей мен пақырдың қасынан тартып əкетіп
бара жатыр екен. Бұл менің өмірімдегі бірінші айрықтан тебілуім
болатын.
- Ah, бəлем, көпестердің кемелерінде зəкір қақпасында осылай
жүреді екен ғой! - деп ақырды ол - Қане, бұрыл, маубас неме! Сүйегің
шашылып қалса да бұрыл! Ей, сендердің бəрің не өзі, ұйықтап
жүрмісіңдер? Айттым ғой сендерге: бұрылыңдар! Бұрыл, Квебек! Əй,
сен, жиренсары, шотланд сумиы, бұрыл! Бұрыл, сүмелектер! Қане,
қане, бұрылыңдар, барлығың да, шапшаң, көздерің маңдайларыңа
шыққырлар!
Осылай ақырып жүріп ол зəкір қақпасының төңірегінде жын
қаққандай құйындатып, əр жерде аяғын аса еркін сумаңдатты, ал
тұмсықта міз бақпаған Вилдад өзінің псалмдарын өрбітіп балалата
берді. Иə, деп ойладым мен, сірə, капитан Фалек бүгін артығырақ
жұтып қойған-ау.
Ақыры зəкір көтеріліп, желкендер керілді, сөйтіп, біз жағалаудан
ары сырғи жөнелдік. Қасиетті Рождествоның ызғарлы, қысқа күні енді,
солтүстіктің күндізгі мардымсыз жарығы байқатпай, қою
қараңғылыққа ұласқан кезде біз мұздай суық мұхит қойнауына сіңіп,
көп ұзамай одан шашыраған мұздақ тамшылар үсті- басымызды
жарқыраған мұзды сауыттармен шымқап тастағандай болды. Жақтау
бойында тізілген кит тістерінің ұзын қатары ай жарығымен жалт-жұлт
етіп, тұмсықта құдды алып пілдің аппақ азулары сияқты, үйме-жүйме
үлкен сүңгілер салбырады.
Бірінші кезекті лоцман ретінде тыриған арық Вилдад басқарды. Ескі
кеме өзінің күллі мұз қатқан қаңқасымен дір-дір ете жасыл
толқындарға тереңдей сүңгіп, азынаған желде серпінді арқандар
зыңылдаған əрбір жолы палубада оның байсалды үні естілді:
Дауылдан соң шапағатты өлкеде Кең жазира алқаптарды гүл жапты.
Иаһудиге көне Иордан өтінде Ханнан деген қасиетті жер жатты.
Бұл сөздер бұрын маған ешқашан тап осындай керім болып
көрінбеген. Бұлардан үміт пен салтанат естілді. Біздің үстімізден əмбе
күллі Атлантиканың үстінен аязды түн басқаныңда не тұр,
аяқтарымнан бора-бора су өтіп, бушлатымның одан бетер малмандай
болғанында не тұр, бізді болашақта əлі де талай күншуақ айлақтар,
көгалды жазиралар да, көктемде қаулаған көкмайсасы жаздың нағыз
қайнаған дер шағында да сол ұйысқан балғын қалпынан айнымайтын,
жайнаған жасыл орман алаңқайлары да күтетін болады.
Ақыры жағалаудан ұзағанымыз соншалық, енді лоцманның керегі
болмай қалды. Бізге еріп келе жатқан желкенді қайық кемеге таяп
келді.
Осы сəтте Фалек пен Вилдадтың, əсіресе Вилдадтың қалай
толқығанын көру бір түрлі жан елжіретерлік еді. Ол əлде де болса
кеткісі келмеді, екі мүйістің де арғы жағына асып, ұзақ та қатерлі жүзу
сапарына жөнелген осынау кемені - өзінің тырбанған еңбегімен тапқан
бірнеше мың долларын салған кемені, аяусыз аранның барлық
сұмдықтарына қайтадан қасқайып қарсы ұмтылған өзінің ескілікті
жолдасы, əрі-беріден соң өкшесін басқан құрдасы капитан болып бара
жатқан кемені мəңгілікке тастап кетуге қимай жаны күйзелді, байғұс
қарт Вилдад əрбір шегесіне дейін өзіне сыралғы əрі сүйкімді осынау
кемемен ажырасқысы келмеді, сондықтан да күйбеңдеп кешеуілдей
берді; ол толқулы күйде палубадан жүріп өтіп, тағы бір мəрте
қоштасып шығу үшін капитан каютасына түсті, қайтадан палубаға
көтеріліп, жел бетке көз салды, қиырдағы көз жетпес шығыс
құрлықтарымен шектелген ұшы-қиырсыз салқар мұхитқа қарады,
жағалау жаққа қарады, жоғарыға үңілді, оңы мен солын шолды, көзін
ана-жаққа бір, мына жаққа бір жаутаңдатты, белгісіз нүктеге қадалды,
ақыры, əлдебір сүйреткіні жайдан-жай кофельнагельге орап жеңді
Фалектің қолын жұлқылай ұстап алды да, қолшамды жоғары көтеріп,
құдды "əйткенмен де, достым Фалек, мен бұған төтеп беремін, иə,
төтеп беремін" демекші болғандай, біршама уақыт оның өңмеңіне
өжеттене көзін қадады.
Фалектің өзі мұның бəріне неғұрлым пəлсапалық тұрғыдан қарады,
алайда, күдірейген күллі пəлсапасына қарамастан, қолшам бетіне
таяған кезде жылт еткен көз жасы байқалып қалды. Ол да каюта мен
палубаның екі арасында қолды-аяққа тұрмай зыр жүгіріп, біресе
төменде бірді-екілі тіл қатысып, біресе палубада аға көмекші
Старбекке соңғы ақыл-кеңестерін айтумен болды.
Ақыры ол əлдебір беттен қайтпас батылдықпен досына бұрылып:
- Капитан Вилдад, жүр, қария, уақыт болды. Ей, палубадағылар! Тік
желкенді келтекке байлаңдар! Əй, қайықтағылар! Дайындал!
Жақтауға, жақтауға жақында! Ақырын, ақырын. Ал, Вилдад, қария,
қоштас. Сəт сапар тілеймін, Старбек, жолдарың болсын, мистер Стабб,
жолдарың болсын, мистер Фласк! Барлығың да қош болыңдар, сəттілік
тілеймін! Тура үш жылдан кейін, дəл осы күні ескі Нантакетте сендерді
менің дастарқанымда əйбəт ыстық қонақасы күтіп тұратын болады.
Көп жасаңдар жəне бақытты жүзу сапары болсын!
- Сендерге құдайдың шапағаты тисін, бауырлар, өздеріңе Жаратқан
ием жар болсын, - деп қарт Вилдад естілер-естілмес міңгірледі. - Енді
күн райы жақсарып, капитан Ахав көп ұзамай өздеріңе шыға алады деп
үміттенемін - оған керегі бар болғаны кішкене күн шуағы ғана, ал,
күншуаққа сендер молынан кенелесіңдер, өйткені, өздерің де тропикке
бара жатырсыңдар ғой. Қуалағанда абай болыңдар, көмекшілер!
Вельботтарды құр босқа қиратпаңдар, гарпуншылар! Естеріңде
болсын, жақсы ақ самырсын тақтайының бағасы биыл үш пайызға
қымбаттап кетті! Жəне ғибадат етуді де ұмытпаңдар! Мистер Старбек,
тотияйыңның бөшкелерді бостан-бос жеп бүлдірмеуін қадағалаңыз.
Иə! Желкен инелері жасыл сандықшада жатыр. Құдайдың мерекелі
күндерінде аулауды азайтыңқыраңдар, жігіттер; бірақ əгəрəкім
оңтайлы жағдай тап бола қалса, ондай сəтті құр жібермеңдер,
өйтсеңдер аспанның алқаған сыбағасынан бас тартқандарың болады.
Сірне тұрған күбішені байқаңыз, мистер Стабб, соның кішкентай тесігі
бар ғой деймін. Мистер Фласк, егер аралдарда аялдайтын
болсаңыздар, бұзықтықтан бойды аулақ ұстаңыздар. Қош болыңдар!
Ірімшікті астында тым ұзақ ұстамаңыз, мистер Старбек, əйтпесе ол
бүлініп кетеді. Майға сақ болғайсыңдар, оның фунты жиырма цент
тұрған, жəне де естеріңде болсын, егер...
- Болды, болды, капитан Вилдад, осы алжасқаның да жетер, деген
Фалек оны жайма баспалдаққа итеріп жіберді, сөйтіп, екеуі де қайыққа
түсті.
Кеме мен қайық бір-бірінен алшақтай берді; түнгі ылғалды жсл
екеуін екі жаққа қуалады; ту биікте шаңқылдап шағала ұшып өтті; кеме
де, қайық та қатты шайқатылды; біз тебірене күйзеліп, олардың
соңынан үш мəрте "уралаған" қиқуымызды ілестірдік те, тура
тағдырдың өзіндей, Атлантика құрдымына көзсіз қойып кеттік.
XXIII тарау
ЖЕЛКЕНДІ ЖАҒАЛАУ
Алдыңғы тараулардың бірінде біз Нью-Бедфорд мейманханасында
жолықтырған, жаңа ғана жүзу сапарынан оралған ұзын бойлы теңізші Балкингтон деген біреуді атап өткен едік.
"Пекод" ашулы толқындарды зауалды қанжарын салып қақ айырған
сол бір ызғарлы қысқы түнде мен кенеттен рульде... тап сол
Балкингтон тұрғанын көрдім! Содан, қыстың қақаған шағында төрт
жылдық қатерлі жүзуден қайтып келе сала, қажымастан, қайтадан
жаңа дауылды сапарға аттанған адамға үрейлене, əрі аянышпен, əрі
құрметпен қарадым. Сірə, ол бір қиын жағдайға душар болса керек.
Таңғажайып хақында тіл қатпайды; қайғылы естеліктер аза жырын
туғызбайды; мейлі, осы қысқа тарау Балкингтонға арналған
ескерткішім болсын. Менің бір ғана айтпағым, оның маңдайдағы
жазмышы қаһарлы дауыл желкемді жағалаудың бойымен қуалай
айдап жанталасқан кеменің пешенесіне ұқсас болды. Əлгі кемені айлақ
қуана паналатар еді. Ол оны аяйды. Айлақта -қауіпсіздік, жайлылық,
үй-жай, ауқат, жылы төсек, достар - біздің өткінші тіршілігімізге
аңсарлының бəрі бар. Бірақ дауыл өршелене түскен, енді айлақ пен
құрлық кемеге жойқын қауіп тудырады; ол қонақжайлықтан қашуы
керек; жерге бір ғана жанасып кетуі, тіпті, килінің сүйкеп қана өтуі
оның қаңқасын сілкіндіріп, діріл қаққызар еді. Сондықтан, ол барлық
желкендерін үсті-үстіне үймелетіп, өзін үйіне əкелмекші əлгі желмен
тайталасып, жағалаудан жан дəрмен аулақ кетуге жанталасады;
мұхиттың дүлей ұшанына қайтадан ұмтылады; аман қалу үшін ажал
аранына жармасады; қас дұшпаны - оның бірден-бір одақтасы!
Сен енді білесің, осы рас қой, Балкингтон? Сен ажал қаптыратын
жан түршігерлік ақиқаттың бұлдыр елесін айыра бастадың, ал
ақиқаттың айтуы бойынша əрбір салиқалы терең ой бар болғаны біздің
жанымыздың тəуелсіздіктің ашық теңізіне ұмтылған əркез əрекеті
ғана, ал, бұл шақта жер мен көктің кəрлене долырған күллі желдері
оны құлдық ұрғыш опасыз жағалауға лақтырып тастамақшы болып
жанталасады.
Бірақ құдайдай құдіреті, ұшы-қиырсыз, түгесіліп болмас асқақ
ақиқат тек шексіз-шетсіз шалқар суда ғана болады, сондықтан, мейлі,
тіпті, құтқаруға дəмелендірсе де, жағалауға лақтырылып масқара
болғанша, алай-дүлей шексіздікте ажал құшқан мың артық. Өйткені,
кімде-кім қорыққаннан құрлыққа құрт сияқты жорғалап шықса, сол
бейшара. О, қаһарлы сұмдықтар! Күллі шеккен мехнат бекерге кетуі
мүмкін бе? Беркіне түс, Балкингтон! Берік болғайсың, уа, түнерген
жарым құдай! Суды көкке шашырата атқылап, сен мұхитқа сіңіп
жоғалдың, солармен бірге шырқау биік аспанға сенің салтанатыңның
бұрқақтаған бағаны шарықтай көтерілді!
XXIV тарау
ҚОРҒАНЫСҚА
Квикег екеуміз енді кит аулау кəсібімен айналысқаннан соңғы
жерде, ал кит аулау кəсібі жағалауда əдетте тым қарабайыр һəм
қадірсіз кəсіп болып саналатындықтан, мен сіздердің, құрлықтағы
адамдардың бізге, кит аулаушыларға қаншалықты əділетсіз
екендіктеріңізге көздеріңізді тезірек жеткізуге тағатсыздана
асығулымын.
Əуел бетте, мұным мүлдем артық болса да, жұрт кит аулау кəсібін
əлгі бекзат мамандықтар дейтіннің қатарына қоспайтындығы əрі оны
неғұрлым төменгі сатыдағы кəсіп деп санайтындығы жайындағы
жалпыға мəлім деректі осы арада тағы қайталаймын. Егерде адам
астаналық алашұбар қауымға кіргенде өзін жиналғандарға, мысалы,
гарпуншы деп таныстырса, мұндай кепілдеменің көпшілік пікірінде
оған бедел əперуі екіталай; ал егер ол теңіз сардарларынан қалып
қойғысы келмей, өзінің ныспыхатында К. жəне Ф. (Кит аулау
Флотилиясы) əріптерін таңбаласа, мұндай қылық нағыз барып тұрған
даңқой əпербақандық ретінде күлкі етілер еді.
Елдің бізді, кит аулаушыларды құрметтемеушілігінің негізгі бір
себебі, əлбетте, кит аулау кəсібі мықтағанда қанды қасапхана - мыс, ал
біз қасапшыларға ұқсап, неше түрлі сұрқиялық пен былғаныштың
қоршауында қаламыз дегенге саяды. Əрине, біздің қасапшы екеніміз
рас. Бірақ өлем-дүние əрқашан қошеметтей əспеттеген барлық жаугер
қолбасылар анағұрлым қанды қасапшылар болып еді ғой. Ластық
жөнінде тағылған айыпқа келетін болсақ, көп ұзамай-ақ сіздердің
қолдарыңызға бұған дейін беймағлұм дерлік боп келген мəліметтер
тиеді, міне, солардың негізінде кит аулайтын кемені біздің мұнтаздай
планетамыздағы ең таза құралдардың қатарына салтанатты түрде қою
керек болады.
Əйткенмен, тағылған мына кінəнің əділеттілігін əзірше мойындай
тұрайық; сарбаздар сол жақтан ханымдардың қолшапалақтауына
құмардан шыға масаттану үшін қайтып оралатын ұрыс алаңында тау
боп
үйілген,
жантүршігерлік
үйме-жүйме
өлекселермен
салыстырғанда кит аулаушы кеменің тайғанақ əрі былғаныш палубасы
не тұрады? Егер сарбаз мамандығының айнымас танымалдығы бұл
кəсіптің қауіп-қатерге толылығымен байланысты болса, маған
иланыңыз: жаудың атыс шебін шабуылдауға сескенбей ұмтылған
жауынгер ардагерлердің бірталайы өз басында алақұйын туғызған
киттің алып құйрығының сермеуінен-ақ шошынып кейін шегінер еді.
Өйткені тылсым құдіретке толы дүлейлер мен кереметтердің қасында
адамның ақылына сыйымды сұмдықтар əншейін айналайын ғой!
Алайда, дүние бізді, кит аулаушыларды елемесе де, сонымен қатар
ол бізді еріксіз мəртебелі сый-құрметке бөлейді - иə, иə, əлем бізге бас
иеді! Өйткені, жер шарында жанып тұрған барлық шырақтар, шамдар
мен алаулар, құдды əулиелі жерлердегі шам-шырақтар сияқты, біздің
құрметімізге жағылған!
Бірақ бұл мəселені басқа тұрғыдан қарастырайық, оны басқа
таразылармен салмақтайық: мен сіздерге біздің, кит аулаушылардың
кім болғанымызды жəне кім екендігімізді əйгілеп көрсетіп беремін.
Де Виттаның заманында голландықтарда кит аулаушы
флотилияның басында неліктен адмиралдар тұрған? Француз королі
Людовик XVI неге өз ақшасына Дюнкеркте кит аулайтын кемелер
жасақтап, тап соның өзі осынау қалада тұруға біздің аралымыз
Нантакеттен жиырма отбасын ілтипатқа алып шақырған? 1750 жəне
1788 жылдар аралығында Британия өзінің кит аулаушыларына неге
табаны күректей миллион фунт ынталандыру сыйлығын беріп
тұрған? Ақыр соңында айтарым, біз, американдық кит аулаушылар
əлемнің қалған барлық кит аулаушыларын қосып алғандағыдан
санымыз артық болып шығуы; біздің қарауымызда толық экипажы он
сегіз мың адамды құрайтын жеті жүз кемеге дейін жететін тұтас флот
болуы; бізге жыл сайын төрт миллион доллар жұмсалуы; желкенді
кемелердің жалпы құны жиырма миллион доллар тұратындығы жəне
жыл сайын біз өз айлақтарымызға жеті миллион доллардың түсімін
жинап əкелетіміз неліктен? Егер кит аулау кəсібі елдің көсегесін
көгертпесе, осының бəрі қалайша мүмкін болар еді?
Бірақ бұл түгендегеніміз толық емес жəне, тіпті, жартысына да
жетпейді.
Мен соңғы алпыс жылда біздің бүкіл жер шарымызға тұтастай
алғанда тап осы даңқты да дегдар кит аулау кəсібі сияқты соншама
құдіретті əсер еткен адам қолының басқа бейбіт ісін бірде - бір атақты
философ өлтірем деп қорқытсаң да атай алмайтындығыңа кепілмін.
Қандай да бір жолдармен оның тудырған құбылыстарының
тамашалығы мен тізбектелген салдарларының мəнділігі сондай, оны
тек қыздары тура анасының құрсағынан жүкті болып туған əлгі
мысырлық əйелге ғана ұқсатуға болар еді. Бүкіл осы салдарларды тізіп
шығу - шексіз əрі орындалмас міндет. Соның бірнешеуін атасақ та
жеткілікті.
Кит аулайтын кеменің күллі əлемнен белгісіз қиыр жерлерді бірінші
болып шарлай тіміскілегеніне, міне, көп жыл болды. Ол карталарда
таңбаланбаған теңіздер мен архипелагтарды ашты, ол Кук те,
Ванкувер де жүзбеген жерлерге жетті. Егер қазір Америка мен
Еуропаның əскери кемелері бір кездердегі дұшпан айлақтарға бейбіт
реуіште кіріп жүрсе, мейлі, олар сол жаққа жол нұсқап, өздері мен
жабайы түземдіктер арасында бірінші тілмəш болған даңқты кит
аулаушының құрметіне барлық зеңбіректерінен шашу - сəлемдерін
жолдай берсін. Адамдар барлау жорықтарының қаһармандарын,
барлық осы Куктер мен Крузенштерндерді мадақтай берсін - мен
теңізге Нантакеттен нақ сондай немесе барлық осы Куктер мен
Крузенштерндерден əлдеқайда ұлы ондаған атаусыз капитандар
кеткендігіне қол қоямын. Өйткені, нашар қаруланған олар акулалар
құжынаған мəжусилық суларда жəне жабайылардың найзалары қатер
төндірген тылсым жағалауларда өзінің барлық зеңбіректерімен һəм
мүшкеттерімен қол көтеруге Куктің батылы бармайтын алғашқы
құпиялармен жəне қорқыныш-үрейлермен жекпе-жек шайқасты.
Күнгей теңіздердегі жүзу сапарлары жайлы баяндағанда көне
авторлар тіл майын тамыза суреттеуді сүйетіндердің барлығы біздің
Нантакеттік қаһармандар үшін - жай ғана үйреншікті, əдепкі
құбылыстар. Көбіне-көп Ванкувер үш тарау арнайтын шытырман
оқиғалар біздің теңізшілерге кезекшілік журналында əншейін атап
өтудің өзіне де лайықсыз болып көрінеді. Аһ, адамдар, адамдар! Неткен
адамдар!
Кит аулаушылар Горн мүйісін айналып өткенге шейін гүлденгеп
испан иеліктерінің ұзын тізбегі тек өзінің қожасымен ғана сауда
жүргізді, олар мен қалған дүниенің арасында өзге ешбір байланыс
болмады. Испан тəжінің қызғаншақ һəм қырағы саясаты орнатқан
кедергілерді бірінші болып бұзып-жарып өткен кит аулаушылар еді;
егер осы арада орын жеткілікті болса, мен қазір, сайып келгенде, кит
аулаушылардың арқасында ескі Иепанияның езгісінен Перу, Чили
жоне Боливия қалай азат етіліп, осынау шалғай өлкелерде мызғымас
демократия орнағанын көрнекті түрде көрсетін берер едім.
Австралияны да, қарама-қарсы жартышардың осынау ұлы
Америкасын көкірегі ояу дүниеге кит аулаушылар тарту етті. Оны бір
голландық қателесіп ашқаннан кейін де барлық кемелер ұзақ уақыттар
бойы осы бір еліктіргіш жабайы жағалауларға жоламай жүрді, тек кит
аулаушы кеме ғана мұнда тұмсық тіреді. Нақ осы кит аулағыш осынау
орасан зор қоныстың нағыз ата-бабасы болып табылады. Онымен
қоймай, алғашқы австралиялық қоныс- мекендердің сəби шағында,
бағына қарай олардың суларына зəкір тастаған дарқан жанды кит
аулаушының кепкен наны қоныс аударушыларды талай рет аштан
өлуден құтқарып қалған болатын. Поленезияның күллі қисапсыз
аралдары да тап осыны мойындап, ол жерлерге миссионерлер мен
көпестердің жолын ашқан жəне тіпті көбіне-көп жаңа жағалауларға
алғашқы миссионерлерді өзі əкелген кит аулаушыға айнымас
адалдығына ант-су ішеді. Егер сырын ішіне бүккен Жапония елі
қонақжайлыққа үйренсе, бұл да тек кит аулаушылардың рақымымен
ғана жүзеге аспақ, себебі олар жапондарды осы жолға түсіріп үлгерген
сыңайлы.
Ал, егер де, тіпті, бүкіл осы деректерді де құлаққа ілместен, сіз кит
аулау кəсібі ешқандай əсемдік жəне бекзаттық үйлесімдерге қатысы
жоқ деп өзеуреуден танбасаңыз, онда мен өзіңізбен қатарынан елу
мəрте найза лақтырысып, əрбір найза сайын дулға- жарағыңызды
шұрқ-шұрқ тесіп, аттан аударып түсіруге серт етемін.
Сіз бірде-бір атақты автор киттер жайлы жазған жоқ жəне кит аулау
кəсібінің баянын қалдырған жоқ дерсіз.
Кит хақында жəне кəсіпшілік аулау жайында бірде-бір атақты автор
жазған жоқ па? Сонда біздің Левиафанның бірінші сипаттамасын кім
құрастырды екен? Құдіретті Аюптың өзі емей кім? Ал кəсіпшілік жүзу
туралы бірінші есепті қағазға түсірген кім? Əлдекім емес, сол кездегі
норвег кит аулаушысы Охтхердің əңгімесін өзінің меншікті корольдік
қаламымен жазып алған Ұлы Лльфредтің тап өзі! Ал, бізге
парламентте жалпы мадақ арнап өткен кім? Эдмунд Бэрктен басқа
ешкім емес!
Енді, бəлкім, мұның бəрі осылай да шығар, бірақ ана кит
аулаушылардың өздері - бейшара адамдар; олардың тамырларында
аққан асылтекті қан емес.
Олардың тамырларындағы қан асылтекті емес пе? Олардың
тамырларында аққан қан король қанынан да асылырақ. Бенджамин
Франклиннің əжесі Мэри Моррел болған, күйеуге шыққан соң Мэри
Фолджер, яғни бүгінге дейін кертпеш темірді жердің бір шетінен
екінші шетіне ататын Фолджерлер мен гарпуншылардың - кемеңгер
Бенджаминнің бүкіл қандас туыстарының - ұзыннан ұзақ əулетінің
атасы болған алғашқы Нантакет қоныс алушыларының бірінің əйелі.
- Солай болсын-ақ; бірақ кит аулау кəсібі - қадірі кем кəсіп екенін
бəрі мойындайды.
Кит аулау кəсібі қадірі кем кəсіп пе? Бұл асқан бекзат кəсіп! Ежелгі
ағылшын заң қағидаларында кит "король балығы" деп жарияланған
ғой.
- Енді, айтқанда ғана солай! Əйтпесе, китте қандай асылзадалық,
қандай айбын-сымбат бар?
Китте қандай айбын-сымбат пен асылзадалық бар дейсіз бе?
Əлемнің астанасына қайтып оралған кезде римдік бір қолбасшыға
жасалған патшаға лайықты қошемет-жиында күллі салтанатты
шерудегі ең айбынды да сымбатты зат шалғайдағы Сирия
жағалауларынан əкелінген кит сүйектері болыпты.
- Бəлкім, бұл солай да шығар, сіз білесіз ғой, бірақ не десеңіз де, кит
аулаушыларда шынайы ұлылық жоқ.
Кит аулаушыларда шынайы ұлылық жоқ па? Біздің кəсіптің
ұлылығын аспанның өзі айғақтайды. Кит - күнгей аспандағы
шоқжұлдыздардың бірі осылай деп аталады. Осы да жеткілікті ғой
деймін. Патша отырғанда бөріктеріңді шешіңдер, бірақ Квикегтің
алдында да - баста бөрік болмасын! Енді қайтып лəм-мим деме! Мен өз
уақытында үш жүз елу китті қақыратқан бір адамды білуші едім. Бұл
адам менің елестетуімше дəл осынша қамал-қаланы басып алдым деп
мақтанған əлдебір ұлы антик капитанынан əлдеқайда құрметтірек.
Менің өзіме келетін болсақ, онда, егер менің бойымда əлі бұған
дейін көрінбеген маңызды əрі жақсы бірдеңе бар болса, бəлкім, өзім
соншалықты бекер де мақтаныш етпейтін мына тар, бірақ тым жұмбақ
дүниеде күндердің күнінде өзімді əлі де шын мəнінде мойындата
алсам; егер болашақта, жалпы алғанда, із-түзсіз қалдырғанша, істеуге
тиісті қандай да бір нəрсені тезірек істейтін болсам; егер өзім өлгеннен
кейін өсиетімді орындаушылар, немесе, шындыққа неғұрлым
жанасымдысы, қарыз берушілер менің үстелімнен құнды қолжазбалар
тапса - мұндағы бүкіл абырой мен атақты мен күні бұрын кит аулау
кəсібіне жазып қоямын, себебі, кит аулайтын кеме менің Иель
колледжім жəне менің Гарвард университетім болды.
XXV тарау
ПОСТСКРИПТУМ
Кит аулау кəсібінің ұлылығын дəлелдеу үшін нағыз анық
деректерден басқа бір нəрселерге жүгіну парықсыздық болар еді.
Алайда, адвокат өз деректерін алға тартып, өзінен-өзі сұранып тұрған
һəм қорғаныстың пікірін айқын айғақтайтын тұжырым жайында
жұмған аузын ашпай қалса, онда бұл адвокат айыптауға лайықты емес
пе?
Тəж кигізу кезінде, тіпті, қазіргі корольдер мен королевалар əлдебір
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.