Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 34

Total number of words is 4075
Total number of unique words is 2398
29.3 of words are in the 2000 most common words
40.7 of words are in the 5000 most common words
46.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- "Сэмюэл Эндерби" - менің кемемнің аты, - деп оның сөзін бөлген
жалғыз қолды капитан Ахавқа тіл қатып. - Ары қарай, достым.
- ... біздің қария Сэммиді, экваторды жайлаған төзгісіз аптап
ыстықтан шығу үшін, солтүстік бағытына қойды. Бірақ барлық еңбек
зая кетті, мен қолымнан келгенді аянбадым, түндер бойы қасында
отырдым, диета мəселесінде мейлінше қатаң келдім.
- Қатаң болғанда сұмдық деймін, - деп киліккен капитан кенет
даусын өзгертіп айтқаны: -Əрбір түн сайын менімен бірге ыстық
пуншты естен айырылғанша ішіп, таңғышты қайда салып таңғанын өзі
де білмей қалатын. Əбден сілейіп ішкен мені ұйықтауға таңғы сағат
үштен ерте жібермейтін. О, құдайым! Түндер бойы менімен бірге
отырып, диета мəселесінде мейлінше қатаң болған осы ма! Бұл өзі
қайдан шыққан аяғыш күтуші һəм қатаң диета қадағалағыш, бұл
доктор Кляп сабазың (күл, Кляп, иттің баласы, күле түс). Жə, ары қарай
бөсе бер, достым, мені басқа біреудің аман алып қалғанынан да, сенің
өлтіргенің жақсы.
- Құрметті сэр, сірə, өзіңіз де байқаған шығарсыз, - деп жайбарақат
тақуалық түрмен тіл қатқан Кляп Ахавқа сəл-пəл басын иді, - менің
капитаным кейде қалжыңдағанды ұнатады; ол бізге осы тектес
қызықты хикаяларды көбіне-көп ойдан шығарып айтып беріп тұрады.
Бірақ мен түсіндіріп берейін, шынтуайтында, - француздар
айтатындай, en passant, жеке басым, яғни, мен, Джек Кляп, діни
атақтағы (таяудағы өткен уақытта) адаммын, дым татпайтын
салауаттылықтың жақтаушысымын, мен ешқашан ішпеймін...
- Суды! - деп түйіндеді капитан. - Ол суды ешқашан ішпейді. Ол
қояншығы ұстап талып қалады; тұщы су оның судан қорқатын
сырқатын қоздырады. Əйткенмен, əңгімеңді жалғастыр, қолдың жайын
айт.
- Дұрыс, - деп жайымен келісті доктор. - Сэр, капитан Вопли мені
өзінің тапқыр зарымен бөліп жіберген кезде, мен тура, өзімнің барлық
тырысып-тырбануым мен қатаңдығыма қарамастан, жараның барған
сайын меңдеп асқынып кеткенін айтпақшы едім; шынын айтсам, сэр,
бұл медицина тəжірибесінде аса сирек кездесетін, адам шошырлық ұзындығы екі фут жəне бірнеше дюймдық - үңірейген жара болды. Мен
оны лотлиньмен өлшедім. Қысқасын айтқанда, ақырында қол қарайып
кетті; мұның қандай қауіп төндіргенін білдім де, не керек, қолды кесіп
тындық. Бірақ мына сүйек қолға саусағымның ұшын да тигізген емен;
мұндай нəрселер, - ол өзінің үшкір темір таяғымен капитан жаққа
қарай сермеп қойды, - бүкіл ережелерге жат. Бұл капитанның жұмысы,
менікі емес; ол кеме балташысына мұндайды жасауды өзі бұйырып,
адамдардың миын шағу үшін оған мына балғаны жалғауға əмір етті,
бір реткі менің миымды шақпақшы болғандағыдай етем дейтін шығар.
Кейде оның қатты құтырынып ашуланатын кездері болады. Сіз мына
шұқанақты көресіз бе, сэр? - Осы арада ол қалпағын шешті де, шашын
артқа қайырып, бас сүйегіндегі үлкен дөңгелек ойпаңды жалаңаштады,
əйткенмен, онысы бұрынғы жараны да əсте еске саларлықтай емес, əрі
тыртыққа да ешбір ұқсамайды. — Міне, міне, мұның маған қайдан
келгенін біздің капитанымыз айтып береді сізге, ол біледі.
- Жоқ, мен түк те білмеймін, - деп тіл қатты капитан, - одан да
мұның шешесінен сұраңыз; бұл туғаннан осылай. Ah, сайтан, оңбай
кеткір Кляп. Сенің аузыңды жабатын, бұл жалғанда осындай екінші
Кляп табылар ма екен, түге? Ау, Кляп, иттің ғана баласы, өлеріңде айт,
біз сені тұздыққа салып қоямыз; сендей оңбағырларды келер ғасырға
аманаттап сақтау қажет.
- Ал, Ақ Киттің жайы не болды? - Мына екі ағылшын ойнаған
сайқымазақтың соңын дегбірсіздене күткен Ахав ақыры шыдамай
кетті.
- О! - деп дауыстап жіберді жалғыз қолды капитан. - Иə, иə! Ол сонда
сүңгіп кетті де, біз одан көпке дейін көз жазып қалдық; гəп мынада ғой,
əлгінде де айттым, мен ол кезде өзіме мұндай сойқан жасаған
неғылған кит екенін білмедім ғой. Тек содан кейін ғана, қайтадан
экваторға түскен кезімізде - кейбіреулер оны атайтындай - біз Моби
Дик жайындағы əңгімелерді есіттік, міне, мен сонда мұның сол екенін
ұқтым.
- Оны сосын кездестірдің бе?
- Екі рет.
- Неғып гарпун сала алмадың?
- Салмақ түгіл, əрекеттенген де жоқпын; бір қолымды бергенім де
жетер. Екеуінен бірдей айырылсам, не істемекпін? Моби Диктің тісіне
түскен нəрсе құриды, мен солай ойлаймын. Аузына түссең болды, ол
қылғытып жұта салады.
- Несі бар, тамаша, - деп килікті Кляп. - Оң қолыңызды қайтару үшін
оған жем орнына сол қолыңызды беріңіз. Сіздерге мəлім бе екен,
джентльмендер, - ол капитандардың əрқайсына бір-бірлеп басын иді, Құдайдың құдіретімен киттің ас қорыту мүшелерінің аса тылсым
түзілгендігі сонша, оның тіпті адамның бір қолын қорытуға да шамасы
келмейтіні сіздерге мəлім бе екен, джентльмендер? Оның өзіне бұл
жай əбден мəлім. Сіздердің Ақ Киттің қанқұйлылығы деп
есептейтіндеріңіз, бұл бар болғаны оның ебедейсіздігі ғана. Сіздің
қолыңызды немесе, аяғыңызды асап қою оның ойында да болмайды
ғой, ол мұны сізді əншейін қорқыту үшін істейді. Бірақ ол кейде менің
бұрынғы науқасым, бір кəрі цейлондық амалшының басында болған
жағдайға тап келеді. Ол пышақтарды жұтып жатқандай кейіп
танытқан, алайда, күндердің бір күнінде асқазанына шын мəніндегі
нағыз пышақты түсіріп алған, сөйтіп, ол пышақ онда бір жыл бойы,
тіпті, одан да көбірек жатқан; сосын мен оған құстыратын дəрі
ішкіздім, əлбетте, пышақ оның ішінен кесек-кесек болып шықты. Ол
пышақты қорытып, оны өз ағзасының талшық-еттерінің құрамына
сіңіруге дəрменсіз еді. Сондықтан, капитан Вопли, егер сіз екіншісін
көңілдегідей жерлеу үшін қалған бір қолыңызды кепілге салуға
соншама құштар болып асықсаңыз, ондай жағдайда, лəббай, қол сіздікі.
Тек таяу уақытта киттің сізге тағы бір рет тұмсық тақауына мұрсат
беріңіз, одан арғысы көзді ашып-жұмғанша.
- Жо-жоқ, Кляп, мұныңа рахмет, - деп тіл қатты ағылшын капитаны.
- Əлгі сыбағасына тиген қолмен-ақ ауқаттанып, соны місе тұтсын, бұл
арада қарсы келгеннен бəрібір пайда жоқ, мен ол кезде кіммен
шатысқанымды білген жоқпын ғой; бірақ ол екіншісінен дəмеленбесін.
Ақ киттердің əуселесі маған жетер; бір рет соңынан қуғам, енді зауқым
жоқ. Оны өлтіру, əрине, үлкен абырой, бір өзінің бойындағы спермацет
те тұтас трюмді толтыратынын білемін, əйткенмен, иланыңыз маған,
одан əрменірек жүргеннің өзі артық, сіз менімен келісесіз бе, капитан?
- Сөйтті де ол сүйек аяққа көз қиығын салып өтті.
- Иə, ең жақсысы сол болар еді. Дегенмен де оны қуалау
тоқталмайды. Ант етіп айтайын, жоламау жақсы болса да, қолдан
келмейтін, сондай бір қарғыс атқан нəрселер болады. Ол магниттей
арбап тартады да тұрады! Сен оны соңғы рет көргеніңе қанша болды?
Бет алысы қалай еді?
- Құдай сақтай көр мені, оңбаған албастының аты өшсін! - деп
бақырған Кляп еңкеңдеп, итше иіскелеп, Ахавты айнала жүгірді.
- Мына кісінің қанын-ай! Тезірек ыстық өлшеуіш əкеліңдер; уа, дəп
қайнау нүктесінде тұр ғой! Ал, тамыр соғысынан тақтайлар солқ-солқ
етеді!.. Сэр! - Өстіп, қалтасынан ланцетін' суырып алып, ол Ахавтың
қолына жақындап жармаса берді.
- Аулақ! - деп ақырып жіберген Ахав оны жақтауға қарай жұлқып
тастады. — Ескекшілер орындарына тұрсын! Оның бет алыс бағыты
қалай еді?
- Кешіре гөр, құдайым! - деп дауыстады соңғы сұрақ өзіне
қаратылған ағылшын капитаны. - Бұл не боп барады өзі? Ол маған
күншығысқа қарай бет алған сыңайлы боп көрінді. — Сосын Федаллаға
сыбырлады: - Сендердің капитандарың немене, есі ауысқан ба?
Бірақ Федалла еріндерін саусағымен баса, қайықтағы бағыттаушы
ескек басына отыру үшін жақтау сыртына жалт беріп сырғанап кетті,
бұл шақта Ахав абажадай шығырды өзіне тартып, бөтен матростарға
жүк көтергішті төмен түсіруге дайындалуға бұйырды.
Келесі сəтте ол өз вельботының құйрығына қадам басып,
манилалық матростар ескектерін сермелей жөнелді. Ағылшын
капитаны оған құр текке айқайлап бірдеңелерді айтумен болды. Бөтен
кемеге арқасын беріп, гранит тастай қатқан бетін өз кемесіне қаратқан
Ахав "Пекодпен" қатарласқанға шейін қайықтың артында қыбырсыз
тұрды.
Ланцет - хирургияда қолданылатын ұшы сүйір, екі жүзді кішкене
пышақ. - Аудармашы ескертпесі.
CI тарау
ГРАФИН
Ағылшын кемесі көзден тасаланып кетпес бұрын, осы арада омың
Лондоннан келе жатқанын һəм "Эндерби жəне Ұлдары" кит кəсіпшілігі
үйінің негізін қалаушы лондондық көпес, марқұм Сэмюэл Эндербидің
құрметіне солай аталғанын айтқан лəзім; менің жұпыны кит
аулаушылық пайымым бойынша, бұл сауда үйі, тарихи қызметтері
тұрғысынан алғанда, біріккен корольдік "Тюдорлар мен Бурбондар
Үйінен" ешбір кем емес. Аталған сауда үйі Жаратушының 1775-тегі
жазына дейін қанша уақыт ғұмыр кешті -менің қолымдағы көптеген
балық құжаттары бұл сұраққа айқын жауап бермейді; əйткенмен, нақ
сол жылы (1775) ол Англияда алғаш рет кашалоттарды жоспарлы
түрде аулауға арналған кемені жасақтап-жарақтаған; дей тұрсақ та,
біздің Нантакет пен Вайньярдтан шыққан жаужүректеріміз
Коффиндер мен Мэйсилер бұдан қырық-елу жыл бұрын (1726 жылдан
бастап) бұл левиафандарды үлкен флотилиялармен шығып аулаған
болатын, рас, олар басқа еш жерден емес, тек Теріскей жəне Күнгей
Атлантикадан ғана аулады.
Нантакеттік балықшылар адамдар арасында алғашқы болып
спермацетті китті өркениетті болат гарпунның көмегімен аулауды
бастағанын һəм тұтастай елу жыл бойы бүкіл жер шарында китті
осындай əдіспен аулаушы жалғыз солар болғанын осы арада айырып
айту керек.
1778 жылы алымды Эндербидің қаржысына осы мақсатқа бола
арнайы жарақталған сұлу "Амелия" Горн мүйісін тайсалмай айналып
өтіп, ұлт ішінде бірінші болып ұлы Оңтүстік теңіздің суларында
вельбот түсірді. Жүзу сапары оңтайлы да олжалы болды; "Амелия"
қымбат спермацетке трюмдерін сықай толтырып жөніне оралғасын-ақ,
көп ұзамай басқа, ағылшындық та, американдық та, кемелер соның
үлгісіне ерді; осы кезден бастап Тынық мұхиттың байтақ кəсіпшілік
айдындарының қақпасы айқара ашылды. Бірақ талмайтын пысықтар
бұл игі іспен тынышталып тоқтай қоймады. Сэмюэл мен оның барлық
Ұлдары -ал олардың қанша екенін тек шешелері ғана біледі - һəм
солардың тікелей басшылығымен əрі, менің ойымша, ішінара
солардың есебінен, британ өкімет орындары Күнгей теңіздер
бойынша кəсіпшілік жүзу сапарына "Шулы" əскери шлюпын
аттандырды. Əлдебір бірінші рангылы флот капитанының дəргейімен
"Шулы" көп шу-дабыра жасап, əлденендей пайда əкелді, бірақ ол нақты
қандай пайда екендігі бұлдыр күйінде қалды. Алайда, əуселесі жалғыз
бұл емес. 1819 жылы сол баяғы сауда үйі өздерінің жеке іздеушілік кит
аулау кемесін жасақтап, оны алыстағы Жапония жағалауларына сынақ
жүзуге жөнелтті. "Дабыл" деп сəтімен аталған бұл кеме тамаша
тəжірибелік жүзуді атқарып шықты; сол кездеп бастап ұлы Жапония
Кəсіпшілік аймағы кеңінен танымал болып əйгіленді; бұл жүзу
сапарында "Дабылды" Нантакеттен шыққан капитан Коффин деген
біреу басқарды.
Сондықтан, барлық Эндербилердің мерейі өсіп, даңқы арта берсін,
олардың сауда үйі əлі күнге дейін бар ғой деп ойлаймын; дегенмен де,
оның негізін қалаушы Сэмюэл баяғыда-ақ о дүниенің Оңтүстік
теңіздерін саяхаттап кеткені еш күмəнсіз.
Оның атын алған кеме мұндай құрметке əбден лайықты еді; ол аса
жүрдек жəне барлық жағынан да тамаша кеме болды. Мен Патагония
жағалауларында бір рет түн жарымында əлдеқалай оның үстінде
болып, олардың кубригінде ғажап флип ішкенім бар. Біздің олармен
сол жолғы жолығысуымыз керемет болды, олардың бəрі шетінен əйбəт
бөтелкелестер болып шықты. Өмірлері қысқа, өлімдері қызық болғай
олардың. Айтқандай, қарт Ахавтың сүйек өкшесі олардың палубасына
тигеннен кейін көптеген жылдар өткен соң болған осы бір оқиға
жайында əңгіме қозғай отырып, мен олардың мақтауға лайықты
саксондық асқан қонақжайлығы хақында айтпай тұра алмаймын; егер
мен күндердің күнінде олардың осы артықша қасиетін есептен
шығарып тастар болсам, періштем мені ұмытып, албасты бассын. Мен
флип деп айттым ба? Иə, иə, біз оны жұтқыншағымыздан сағатына он
галлондық жылдамдықпен жұттық; содан дауыл соққан кезде (өйткені,
Патагония жағалауындағы ол жерлер аса дауылды боп келеді)
барлығы -соның ішінде қонақтар да - брамсельдердегі желкен
бауларын тартуға жоғарыға шақырылды, бұл шақта біздің
ауырлағанымыз сондай, бір-бірімізді желкен кемелеріне арқанмен
сүйрелеп тартуымызға тура келді; ал ана жақта өзіміз де білместен, өз
күртелеріміздің етектерін желкендермен қоса орап жіберіп, енді
мықтап тұтылған біздер дауыл саябырлағанға шейін ішімдікке əуес
барлық матростар үшін қатаң ескертудей болып салбырап тұрдық.
Қалай болғанда да, мачталарды жақтау сыртына жұлып əкетпеді;
сөйтіп, біз ақырын-ақырын саумалай сытылып шығып, төменге
айығып түскендігіміз сонша, флипті бір-бір стақаннан тағы тартып
жіберуімізге тура келді, əйткенмен, люк арқылы біздің кубрикке
анталап бұрқылдаған теңіз көбігіне бола, оның дəмі маған су тым көп
қосылғандай, тұзы асырып салынғандай кермек татыды.
Ал сиыр еті сондай жақсы, қатты болса да майлы екен. Бұл қодас еті
деп айтты; басқалары түйе еті деп сендірді; шын мəнінде мұның не
екенін табуға өз басым тəуекел етпеймін. Оларда тағы өздері құйттай,
бірақ сондай дəмді, пішіні дөңгеленген шар тəрізді əрі тығыншықтай
үзбе кеспе болды. Бір қарағанда, бірнешеуін жұтып жібересің де, сосын
асқазаныңда солардың қалай аунап-қунап домалағанын кəдімгідей
сезінесің. Егер тым төмен еңкейсең, онда, қара да тұр, əлгілер, құдды
бильярд шарлары сияқты, ішіңнен тура домалап түсердей. Рас,
нандары... бірақ бұл арада ештеңе істей алмайсың; оның үстіне ол
құрлық ауруына қарсы дəру екен; қысқасын айтқанда, нанның
құрамында олардың бірден-бір жаңа қорегі болды. Алайда, кубриктегі
жарық күңгірттеу болғандықтан, нан жегенде қараңғылау бұрышқа
шегініп кету мүлдем де қиын емес еді. Бірақ егер де бушприттен
штурвалға дейінгі жəне мачталардың ұшар бастарынан табанбөренеге дейінгі кемені тұтастай алатын болсақ, егер камбуздағы
аспаз қазандарының көлемдерін, сондай-ақ, тірі қазанның - кеменің
тұмсықтан құйрыққа дейін малмаланып иленген өз қарнының
сыйымдылығын ескерсек, мен айтар едім, "Сэмюэл Эндерби" жақсы да
мол дастарқанымен, бірінші сұрыпты күшті флипімен һəм бəрі де
таңдап алынғандай, төбелі қалпақтарынан өкшелеріне дейін өңшең бір
жайсаң ер жігіттерден құралған командасымен əділетті түрде даңқы
шыққан ғажап кеме болды.
Бірақ, сіздің пайымыңыз бойынша, - бəрі бірдей болмаса да əрқашан кез келген адамды сиыр етімен жəне нанмен, шараппен жəне
əзіл-қалжыңмен сыйлауға əзір тұратын һəм ішіп-жеу мен сауықсайраннан əсте шаршамайтын "Сэмюэл Эндерби" жəне басқа да маған
мəлім кейбір ағылшын кит аулағыштарының соншалық əйгілі болған,
атаққа шыққан ас та төк қонақжайлылықтарының сыры неде? Мен
қазір соны сізге түсіндіріп берейін. Ағылшын кит аулағыштарының
мұншалық жомарт пейілі арнайы тарихи зерттеудің тақырыбы бола
алады. Ал мен қажеттілік туындай қалған жағдайда тарихи кит
аулаушылық зерттеулерге əлі еш жерде тарынған емеспін.
Кит аулау кəсібінде ағылшындардың ізашарлары голландықтар,
зеландықтар мен даттар болды, олар əлі күнге шейін қолданыста
қалған көптеген терминдерді, сондай-ақ, бұдан да мəндірегі, ескілікті
дарқан өмір ғұрыптарын. əсіресе ырғын ішіп-жеу дағдыларын
осылардан қабылдап алды. Өйткені, əдетте, ағылшын көпестерінің
кемелерінде матростарды қатал қысымшылықта ұстайды, ал ағылшын
кит аулағышында əсте олай емес. Ендеше, осынау ағыл-тегіл кит
аулаушылық көңіл ағылшындар үшін əлдебір қалыпты, табиғи жайт
болып табылмайды; ол дағдылы ғадет емес əрі кездейсоқ, демек, біз
осында ашып көрсеткен жəне қазір əлде де ұғындыратын ерекше
себептерден туындаған.
Левиафан тарихы саласында ізденіп жүргенімде мен əлдеқалай бір
көне голландық қалың кітапқа тап болдым, одан шыққан дымқыл кит
иісінен шамалауымша, ол кит аулау кəсібі жайында баяндаған. Оған
"Дан Купман" деген тақырып қойылыпты, бұдан мен оның ішінде
амстердамдық кит аулағыштың əлдебір тотияйыншысының баға
жеткісіз мемуарлары бар деген қорытындыға келдім, өйткені, əрбір
кит аулағышта өзінің тотияйыншы шебері болатыны мəлім ғой. Мені
осы пікірге Фитц-Балға деген баспагер сойы да жетелей берді. Бірақ
мен осы кітапты тəржімəлау үшін табыс еткен, еңбегіне алғыс ретінде
бір жəшік спермацет шырағданын соған қоса берген өзімнің досым
доктор Шевелюр, аса оқымысты кісі, Санта-Клаус пен Əулие Сауыт
колледжіндегі төменгі голландық жəне жоғарғы неміс тілдерінің
профессоры, - міне, осы доктор Шевелюр мұқабаға көз қиығын тастап
үлгерместен, бірден-ақ мені "Дан Купман" "тотияйынды' емес, "көпес"
дегенді білдіреді деп қоярда қоймай иландыра бастады. Қалай болса
да, осынау төменгі голландық оқымысты қалың кітап голланд
кəсіпшіліктері жайында баяндапты əрі толып жатқан басқа
мағлұматтардың арасында кит аулау кəсіпшілігі туралы аса
қызғылықты бөлім бар екен. Мағынасы "Май" - "Смеер" деп аталған
нақ осы бөлімнен мен жүз сексен голландық кит аулағыштардың
кілеттері мен шоландары сықай толтырылған азық-түліктердің
ұзыннан-ұзақ тəптіштелген тізімін таптым; доктор Шевелюр
тəржімесіндегі осы тізімнен мен келесі жолдарды аламын:
400 ООО фунт сиыр еті
60 000 фунт фрисландық шошқа еті
150 000 фунт кептірілген треска
550 000 фунт кепкен нан
72 000 фунт жаңа піскен нан
2 800 шөлмек сұйық май
24 000 фунт тексель жəне лейден ірімшігі
144 000 фунт ірімшік (сірə, төменгі сұрыпты)
1 650 шелек джин
10 800 күбі сыра
' Тотияйын - купорос. - Аудармашы ескертпесі.
Əдетте, статистикалық кестелер төзгісіз қатқыл да қасаң болады;
бірақ дəл осы жағдайда олай емес, өйткені, бұл арада оқырманға
бабындағы джин мен жайдарман сауық-сайран күбілеп һəм шелектеп,
кварталап һəм пинталап құйылып жатыр.
Кезінде мен таңбаланған сыраны, ет пен нанды ықтияттап сіңіруге
үш күн жұмсадым, осы орайда мені трансцендентальдық əмбе
платондық жалғамалары болуға лайықты көптеген терең ойлар
қамалады; содан кейін мен өзім де байырғы Гренландия һəм
Шпицберген кит аулау флотилияларының əрбір төменгі голландық
гарпуншысына келетін треска жəне басқа да бүкілісінің шамамен
алғандағы мөлшер-саны көрсетілген бір көмекші кесте құрастырдым.
Ең алдымен, өңешке жұтылатын майдың, сондай-ақ тексель жəне
лейден ірімшіктерінің орасан зор үлес-мөлшерлері қайран қалдырады.
Алайда, мен мұны санамаланған азық-түліктердің болмысынан майлы,
сусымалы табиғатының есебіне жатқызамын, олар аталмыш адамдар
кəсібінің майлы табиғаты арқасында, əсіресе, олардың кəсіпшілікті
сауықты тойларда түземдіктер бір-бірінің денсаулығы үшін доңғалақ
майы
тостақтарын
көтеретін
мұзды
Поляр
теңіздерінде,
Эскимосияның тап жағалауларында жүргізетіндігі арқасында одан
əрмен майлана түскен.
Сыра мөлшері - 10 800 күбі - ол қолапайсыз көп. Поляр суларындағы
кəсіпшілік тек сол жақтың ауа райына хас қысқа жаз бойы ғана
жүргізілетін болғандықтан, Шпицбергеннен аттанған жəне кері
қайтқан жолды қосқанда, голландық кит аулағыштың бүкіл сапары əрі
дегенде үш айға созылады; сонда, егер олардың кит аулау
флотилиясындағы 180 кеменің əрқайсысына 30 экипаж мүшесінен
қоятын болсақ, біз барлығы 5400 төменгі голландық матрос
шығарамыз; олай болса, 1650 шелек джиннің дарқан сыбағасын
есептемегенде, он екі апталық мөлшерлі үлес ретінде əрбір туысқанға
тура екі күбі сырадан келеді. Ал енді спиртпен осыншалық дəрежеде
бөктірілген осынау джин-сыралы гарпуншылардың вельбот
тұмсығында тұруға əм жүйткіп ұшқан китті мүлтіксіз көздеуге
қабілетті болуы -бұл бек мүмкін еместей көрінетін. Соған қарамастан,
олар көздеп те, тигізіп те жүрді. Дегенмен, мұның шалғайдағы
Теріскейде болған жай екенін ұмытпаған жөн, ол жақта сыра
денсаулыққа пайдалы; экваторда сыра біздің гарпуншыларымызды
мачтада маужыратып ұйқыларын келтіріп,
' Кварта, пинта - сұйық жəне сусымалы заттардың өлшем бірліктері.
— Аудармашы ескертпесі.
- Трансцендентальдық - логикалық ойлаудан, тəжірибеден тыс,
идеалистік философиядағы ағым. - Аудармашы ескертпесі.
қайықта бастарын айналдырар еді, осыдан Нантакет пен НьюБедфорд үшін қайғылы шығындарға жол берілер еді.
Бірақ бұл жайында енді жұмған аузымызды ашпайық; бізге дейінгі
екі-үш жүз жылдық бұрында байырғы голландық кит аулаушылардың
рақатты өмір кешуге əуес болғандарын жəне қазіргі кездегі ағылшын
кит
аулаушылары
мұншалықты
ғажап
үлгіні
елеусіз
қалдырмағандарын əйгілеу үшін осы арада аз мысал келтірген
жоқпыз. Өйткені, олар айтатындай, мұхиттарда бос трюмдармен жүзе
жүріп, дүниеден ешбір жақсылық ала алмасаң, одан тым құрыса жақсы
түстік қарпып қалғайсың. Осымен графиннің ішіндегісі де сарқылып
бітті.
СІІ тарау
АРСАКИДТІҢ ЖАСЫЛ
САЯСЫНДА
Кашалотты суреттей отырып, тап қазірге шейін мен негізінен, оның
сыртқы тұрпатының кереметтеріне һəм аса сирек жағдайларда ғана ішкі құрылысының жекелеген сипаттары мен егжей-тегжейіне
тоқталдым. Əйткенмен, енді, оны бастан-аяқ тұтастай зерделеу үшін,
менің оны одан əрі түймелерін ағытып, шешіндіруім, шұлығын төмен
түсіруім, аспа байлауыштарын сыпыруым, оның барлық құпиялы
буындарындағы құлақшалардан қармақтарды суырып алуым жəне
оны сіздердің алдарыңызға мүлдем жалаңаш күйінде: яғни тақыр-таза
қаңқа қалпында жайып салуым керек.
Тоқтай тұр, Измаил, бұл қалай болды? Киттің тереңінде не тылсым
жасырынғанын, вельботтың қарапайым ескекшісі, сен қайдан білейін
деп едің? Əлде, ғұлама Стабб зəкір-қақпаның үстінде өңкиіп тұрып
алып, сендерге кит тұқымдастардың анатомиясы жөнінде лекция оқып
па еді əмбе көпшілік қауымға шығырдың көмегімен көтеріп, кит
қабырғасының үлгісін көрсетіп пе еді? Түсініссеңші, Измаил Аспаздың
қуырылған торайды табаққа жайып салатынындай, сен өзіңнің
палубаңда ересек левиафанды жаймалап қоя аласың ба? Қоя алмайсың
ғой, рас па? Қазірге шейін, Измаил, сен өз көзіңмен көргеніңнің бəрін
шыншылдықпен əңгімеледің; бірақ енді сақтанғайсың, сен өзіңе
Жоһанның ерекше құқығы - левиафанның қаңқасын құрайтын
итарқалар мен білеу бөренелер жайында, арқалық мəткелер мен
тіреулер, төбетақтайлар мен шатырдағы атшалар жайында; сондай-ақ,
бəлкім, оның ішек-қарнындағы сабын қайнататын орындар мен май
шайқағыштар хақында айту құқығын иемденіп алғалы тұрсың.
Жоһанның заманынан бері кит аулаушылардың ішінен ересек кит
терісінің терең астына дендеп кіре алғандары тым сирек екендігін мен
мойындаймын; дей тұрғанмен, маған оның анатомиясын кішкентай
үлгісінен зерттеудің бақытты мүмкіндігі сыйға тартылды. Бірде мен
жүзіп жүрген кеменің палубасына - гарпун мен шанышқы ұстарасына
қынаптар дайындалатын қап немесе дорбаға бола - кашалоттың
кішкентай бұзауы тұтастай көтерілді. Ау, сіз мені осындай сəттілікті
құр жіберді, мөрді сындырып, осынау балғын кашалот балақанының
өн бойындағының баршасын оқу үшін пышақ пен шапқыны
пайдаланбады деп ойлаудан саусыз ба?
Ал левиафанның толық та толағай дамуындағы оның сүйектері
туралы дəл мəліметтерге келетін болсақ, бұл мағлұматтар үшін мен
қазірде марқұм болған, патша құзырлы досым Транкоға, Арсакид
тобындағы Транке аралының патша-көсеміне қарыздармын. Осыдан
көп жылдар бұрын, "Алжир биі" сауда кемесінде жүрген кезімде,
Транке аралында əмірші Транко мені Пупелладағы өзінің оңаша үйжайына, Арсакид мейрамдарына шақырды -бұл, оның астанасын біздің
теңізшілер атайтындай, Бамбук Қалашығының маңайындағы, теңізге
иек артқан алқап болатын.
Басқа да қасиеттерінің ішінде неше түрлі жабайы ғажайыптарға
деген ыстық сүйіспеншілік дарытқан менің патшазада досым Транко
өзінің Пупелладағы жайында қол астындағы жұртының ең тапқыр
шеберлері жасай алған өзгеше атаулының бəрін жинаған екен - жұмбақ
бедерлі оюлар көмкерген ағаш кесінділері де, қырланған қабыршақтар
да, əшекейлеп безендірген найзалар да, асылзатты ескектер де, хош
иісті ағаштан жасалынған пирогалар да һəм кереметтерге толы теңіз
толқындары ізеттілігінен жаңылмай жағалауға шығарып тастаған
барлық табиғат ғажайыптары түгел осында.
Осы соңғыларының арасында бір ерекше ұзақ соққан дүлей
дауылдан кейін жағаға шығып қалған жерінен тауып алған орасан зор
өлі кашалот ең көрнекті орын алады, - оның басы кокос пальмасының
түбіне дəл келіпті, осының жайқала салбыраған жылауық өскіндері
киттің зүмрəт бұрқағындай болып көрінді. Алып ұша өзінің шамадан
тыс қалың жамылғыларынан арылып, жалаңаш сүйектер күнге кепкен
кезде, қаңқаны асқан сақтықпен Пупеллаға көшірді, сөйтіп, ол, құдды
жасыл ғибадатхананың биік күмбездерінің астында жатқандай,
айбынды
пальмалардың
түбінде
жайланып
жатыр.
Оның
қабырғаларына соғыс олжалары ілініп тасталыпты, омыртқалары
арсакид жылнамаларының жұмбақ шимайларымен тілгілене
толтырылыпты; бейне киттің ажалсыз басы аспанға өзінің бұлыңғыр
бұрқақтарын қайтадан атқылағандай, абыздар бас сүйегінде сөнбейтін
хош иісті от алаулатып қойған, ал қорқынышты төменгі жақ сүйегі
бұтаққа салбырата ілініп, сиынушылардың үстінде бір кездерде
Дамоклды сондай шошытқан қылдағы семсер тəрізді шайқатылды.
Бұл таңғажайып көрініс еді. Бейне Мұзды Алқаптағы мүктей, жасыл
түске малынған тоғай, шипа шырындарды сіміре ішкен ағаштар биік
те өр қалыпта тұр; төменде, құдды үстінде əсем кілем керілген тоқыма
құралындай боп, жарылқаушы жомарт топырақ жатыр; жорғалаған
жүзім сабақтары - оның беті, ал жайқалған гүлдер - оюлары. Барлық
ағаштар, олардың ауыр тартқан барлық бұтақтары, барлық бұталар,
күллі қырыққұлақтар мен шөптер, аңсарға толы ауа - барлығын
толайым қозғалыс билеп алған. Жапырақтар шілтеріндегі ұлы күн
мəңгі жасыл дүниені өрген тоқымашы қайығындай боп көрінеді. Уа,
ынталы тоқымашы! Көзге көрінбейтін тоқымашы, бір сəтке тоқташы,
тіл қатшы маған, сенің матаң қайда ағып барады, ол қандай сарайды
көркейтуге арналған, бүкіл осы қажымас-талмас еңбектің керегі не?
Жауап бер, тоқымашы, қолыңды кідірте тұр, тек бір ғана сөз! Жоқ.
Арқау бұрынғысынша жіпті іліп-шалып, ерсілі-қарсылы зырылдайды,
тоқыма құралынан бұрынғысынша ою-өрнектер жүзіп шығып, гүлді
кілем сарқылмас ағынмен сорғалап ағады. Құдай - тоқымашы, ол тоқи
береді, тоқи береді; тоқыма құралының тарсылы мен гуілі оның
құлағын тұндырып, ол пенделердің дауыстарын да естімейді; оның
тарсылы мен гуілі біздің де, тоқыма құралына қарап тұрғандардың да
құлақтарын тұндырады; тек аулақ кетіп қана біз мыңдаған адасқан
дауыстарды естиміз. Барлық нағыз фабриктер мен зауыттарда нақ
осылай болады ғой. Зыр айналған біліктердің қасында естілмеген
сөздер, дəл осы сөздер ашық терезелерден сыртқа лап қойып,
қабырғаның сыртында анық естіледі. Осы жолмен талай зұлымдықтар
əшкереленген. Ендеше, сақ болғайсың, уа, пенде, өйткені, əзірге
əлемдік тоқыма құралы тарсылдап, гуілдеп тұрғанда, сенің ең асыл
ойларың алыстан естіліп қалуы мүмкін.
Міне, тоқыма құралының қажымас тіршілігімен желкілдепжайнаған Арсакидтің жасыл тоғайының ортасында зор да қасиетті ақ
қаңқа — бейқам дəу жалқаулана жамбастап жатыр. Бірақ айналасында
тоқылып, гуілдеген мына шексіз де шетсіз жасыл мата үстінде оның
өзі, жалқау алып өн бойы өскін-сабақтармен шырмалып. айлар өткен
сайын жасылдана, жайнап, жарқырай түсіп, шебер тоқымашыға
айналады, тек сонда да болса, бұрынғысынша қаңқа қалпында қала
берді. Өмір Өлімді шырмап алды; Өлім Өмірді сүйемелдеді; жас
Өмірмен некелескен жабырқаулы құдай өзінің даңқын асырған осы
бұйра ғажайыпты тудырды.
Сөйтіп, патша құзырлы Транконың ертуімен осы китке барып, оның
мехраб-бас сүйегі мен бір кездерде нағыз бұрқақ атқылаған жерден
көтерілген жасанды түтін будағын көргенімде, мен мəжуси патшасымағы ғибадатхананы неге өз коллекциясының жəдігері деп
қарайтындығына таңырқадым. Бірақ ол күлді де қойды. Абыздар осы
түтін будағын нағыз кит бұрқағы деп жариялағанына мен одан сайын
таңдана түстім. Қаңқаның бойымен ерсілі-қарсылы жүрдім, өрмелеген
тал-шыбықтарды жан-жаққа жайпап, қабырғалардың арасымен ішке
өттім де, Арсакиданың жетектеген жібіне еріп түнерген шырмауық
бағандар мен көлеңкелі қалқаларды ұзақ кезіп, лағып жүрдім. Бірақ
шумақ жібім көп ұзамай таусылды да, мен жіңішке арқан бойымен
артқа жүріп отырып, дəл кірген жерімнен сыртқа шықтым. Іштен тірі
жанды, өлі сүйектен өзге ештеңені ұшыратпадым.
Содан соң жасыл білеу шыбық кесіп алып, өлшеуге кірісу үшін
қаңқаның ішіне қайтадан кірдім. Бірақ абыздар бас сүйектегі
саңылаудан менің соңғы қабырғаның биіктігін қалай өлшегенімді көріп
қалды. "Бұл немене тағы?! - деп бақырды олар. - Біздің құдайымызды
өлшеуге дəтің қалай барады? Бұл біздің шаруамыз!"
"Жə, жақсы, абыздар, - деп келістім мен. - Сіздерше, оның ұзындығы
қанша?". Осы арада олардың арасында футтар мен дюймдерге қатысты
қиян-кескі талас өршіді; олар бір-бірін бастарынан аса таяқпен
төпелеуге кірісті, соққылар даңғарадай бас сүйегінде қатты
жаңғырықты, ал мен сəтті жағдайдың салдарын пайдаланып, өзімнің
өлшеулерімді тездетіп аяқтап үлгердім.
Осы өлшеулердің нəтижелерін енді жариялауға ниет еттім. Бірақ
алдын ала ескертуім қажет: ойдан шығарылған сандарды мен бəрібір
келтіре алмас едім. Себебі, менің мəліметтерімді тексеру үшін сіз
жүгіне алатын бірнеше қаңқалы беделдер бар. Мысалы, ағылшын
қаласы Гуллада, осы елдің кит аулағыштар айлақтарының бірінде
Левиафан мұражайы бар дейді, сонда жолақ киттер мен басқа да кит
тұқымдастардың бірнеше тамаша үлгілері сақталыпты. Сонымен
қатар, естуімше, Нью-Гемпширдегі Манчестер мұражайында, мұражай
иелерінің растай айтуынша, "Гренланд немесе, Өзен Китінің Құрама
Штаттардағы бірден-бір кемел данасы" тұр. Бұл аз болса, Англияда,
Бэртон-Констэбл деп аталатын Йоркшир қалашығында, сэр Клиффорд
Констэбл деген біреудің меншігінде кашалот қаңқасы бар, рас, ол менің
патша құзырлы досым Транконың алып китіндей емес, үлкендігі тым
шағын мөлшерде.
Осы соңғы екі қаңқа тиесілі екі кит те жағалауға шығарылып
тасталып, бірдей негізде өздерінің қазіргі иелерінің қолдарына тиген.
Патша Транко өз китін көңілінің қалауы солай болғандықтан, ал сэр
Клиффорд - сол жерлердің лорды əрі қожайыны болғандықтан
иеленген. Сэр Клиффордтың киті түгелдей сүйек-сүйегімен ұқыпты
жиналып қойылған; сондықтан, онда, құдды үлкен комодтағы сияқты,
барлық сүйек қуыстарын ашып-жабуға, қабырғаларды бейне алып
желпуіштей жылжытуға, сөйтіп, төменгі жақ сүйегінде күн ұзаққа
тербетілуге болады. Енді тек оның есіктері мен терезе қақпақтарына
бір-бір құлып іліп, зер шекпенді малай тағайындау ғана қалып тұр,
сонда ол белбеуіндегі кілттер бумасын сылдырлатып, болашақ
келушілерді залдарда ертіп жүрер еді. Сэр Клиффорд арқа жотасының
уілдей жаңғырыққан галереясына кіру үшін екі пенс; мишық
үңгіріндегі жаңғырықты есту құқығы үшін үш пенс жəне кашалот
маңдайының теңдессіз сипатына сүйсіну мүмкіндігі үшін алты пенс
белгілеуді ойлайды.
Осы арада келтіргелі отырған қаңқаның мөлшерлерін мен verbatim'
өзімнің оң қолымнан көшіріп алдым, олар мұнда менің өтінішім
бойынша əшекей суретпен жазылып еді, себебі, өмірімнің сол бір
желікпелі, қызулы кезбелік кезеңінде менде осыншалық бағалы
сандық деректерді сақтаудың басқа сенімді амалы болмаған-ды. Бірақ
дəл сол кезде шығарып жүрген бір дастаныма мүмкіндігінше
əлдеқандай телімді жаздырмай таза қалдырғым келгендіктен, орын аз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.