Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 15

Total number of words is 4085
Total number of unique words is 2406
29.1 of words are in the 2000 most common words
41.4 of words are in the 5000 most common words
48.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бірінші деп Бейтаныс жағалауға жақындап келіп, түнде жағаға
соққан толқын гүрілін естіп ұйқыдан оянған теңіз жиһанкезі аса
сақтықпен құлағын тігіп, сосын күллі қабілетін қайрап ұштауға қанша
қажет болса, дəл сонша қорқыныш сезінеді, бірақ та егер мүлдем ұқсас
жағдайларда ол кереуеттен ысқырықпен түрегеліп, түн ішінде
олардың кемесі -айдындағы ақ көбік жалдар емес, құдды тақаудағы
мүйістен мұнда ақ аюлардың тұтас үйірі жүзіп келгендей сүттей ақ
суда жүзіп келе жатқанын көрсе, міне, сонда ол мылқау əрі ғаламат
үрейді бастан кешеді көбікті теңіздің құр қиялдағы жамылғы шелі оны
нағыз құбыжық елестей үрейлендіреді тереңдік өлшеуіші теңіз түбі əлі
өлшенбейтініне оның көзін жеткізе алмай босқа əуреленеді, бəрібір
оның зəресі ұшып, кеме көлінің астында көк толқын қайтадан
бұрқылдағанға шейін сол арадан тапжылмайды. Мұндай шақта: "Сэр,
мен суасты жартасына соғыламыз деп қорыққаным жоқ, ана сұмдық ақ
шаңқаннан шошып кеттім" деп қайсы теңізші сізге мойындай қойсын?
Екіншіден. Бəлкім, соншалық ғаламат биіктікті жайлаған ұшықиырсыз мұзды атыраптар жайындағы түсініктер болмаса, əлде
осынау меңіреу елсізде жоғалып кету жөніндегі үрейді ұшыратын
əбден табиғи ойлар болмаса, перулік үндісте мəңгілік қар жамылған
айдынның көрінісі басқадай қорқыныш туғызбайды. Немесе Қиыр
Батысқа қоныстанушыларды алсақ, олар да мелшиген мына мызғымас
ақшаңқанға көлеңке түсірер бір бұтағы, бір талы жоқ қарлы жабумен
белдеуленген шетсіз шалғынды таң кешетіні басқа күй, ол жақта кейкейде жаурап тоңып, сілесі құрыған оған, азабына үміт пен жұбаныш
емексітетін кемпірқосақтың орнына, қара құстай шүйілген кеме
апатының қатері төнеді, аязды ауаның əлдебір қитұрқы тозақи ойыны
оның көзіне өзінің шытынап жарылған кембағал мұзды
айқыштарымен аярлана ыржиған таусылмас шіркеу моласын ғана
елестетеді.
Бірақ, бəлкім, сіз маған айтарсыз, ақшаңқандық жайындағы ақиқат
тарау - бұл бар болғаны қорқақ жанның тастаған ақ қорқынышы дерсіз
сені дел-салдық жеңді, Измаил
Онда маған жауап беріңізші, жыртқыш атаулыдан аулақта,
Иермонттың əлдебір бейбіт алқабында дүниеге келген асау да бұла
алдамшы мына мінезін немен түсіндіруге болады? - Егер сіз оның і
ауырында бұқа терісінің жаңа аяққабын сілкіп қалсаңыз, кез кел
шуақты күні ол оны тіпті көрмей жатып-ақ, тек ұрықбездің қолқаны
қапқан иісін сезетіні, сосын міндетті түрде дір ете түсіп, қырылдап,
бойын үрейлі қорқыныш билеп, көздері адырайып, аяғымен жер
тарпитыны несі? Өзінің солтүстіктегі жасыл жазиралы туған өлкесінде
жабайы бұқалардың мүйіздерін шайқастыра сүзіскендері оның есінде
жоқ қой, сондықтан да ұрықбездің иісі оның жадында бұрынғы қауіпқатерлерді оятпайды, өйткені, ол, Жаңа Англияның құнан шығары
алыстағы Орегонның қара бұқалары жайында не біледі дейсіз?
Əлбетте, ештеңе білмейді, бірақ бұл арада, мына тілсіз хайуанның
бойында біз дүниенің сайтани тылсымдарын іштен біліп туған
ғажаппен ұшырасып тұрмыз. Оны Орегоннан, мейлі, мыңдаған
мильдер бөліп тұрсын - бəрібір, ол ұрықбездің сойқан иісін сезген
кезде жайпағыш селдей долыра өкірген бұқа табындары оған, бəлкім,
дəл осы сəтте солар тапап өткен, шалғындағы үйірінен ажырап қалған
құлын сияқты ақиқатқа айналады.
Тап солай, көбікті толқындардың тұншығыңқы гүрілі де, таудағы
қыраудың суық сыбдыры да, шалғынды жазираның бұрқанған желі
қуалаған қар көрпесінің өлеусірей бүлкілдеуі де - осының бəрі Измаил
үшін тайды үркіткен бұқа терісінің аяққабымен бірдей еді!
Ол да, тура мен сияқты, пешенемізге сезінілуі жазылған, сөзбен
жеткізуге болмас сұмдықтардың қайда жасырынып жатқанынан
мақұрым, бірақ екеуіміз де солардың əлде бір жерде бар екенін білеміз.
Өйткені, мына пəни дүниеде көп нəрселер сүйіспеншілікке ірге тепкен,
əйткенмен, көзге көрінбейтін əлемдердің жаратушысы - үрей.
Бірақ қазірдің өзінде де біз шаңқан ақтағы сиқыр күштің жұмбағын
шешкен жоқпыз, əлі оның жанға неліктен бұлай əсер ететінін білген
жоқпыз бұдан да гөрі түсініксіздеуі əрі əсіресе ғажабы - өзіміздің
көргеніміздей, оның рухани бастаулардың астары терең бейнесі жəне
тіпті христиан құдайының өзінің ақиқат бүркеніші бола тұра, сонымен
қатар неліктен адам затының зəресін ұшыратын үрей атаулыны
ушықтыруға қызмет ететінін біле алмадық.
Бəлкім, ол өзінің ұшы-қиырсыздығы арқылы бізге ғаламның жансыз
бос қуыстары мен кеңістіктерін ишаралай меңзеп, Құс Жолының ақ
мұнарлы тұңғиығына қараған кезде туатын қара ниетті ойымызбен ту
сыртымыздан пышақ ұратын шығар? Əлде, күллі гəп мынада болар,
шын мəнінде шаңқан ақ түс емес, қайта кез келген реңнің ғайып болуы
шығар, сол себептен де бізге кең байтақ қарлы кеңістіктер - адамның
құдіреті жетпес құдайсыздықтың алуан түсті түссіздігі мылқау, əрі
мəнді болып көрінетін шығар? Егер біз оз тұрғысына сəйкес жердегі
барлық бояулар, ұлылық пен сұлулықтың барлық түрлі-түсті белгілері
мен рəміздері, күн батардағы аспан мен іңір шапағының əсем реңдері
жəне қызылды - жасылды көбелектердің құлпыруы, əмбе үлпілдеген
көбелектей ару қыздардың ажары - осының бəрі бар болғаны əккі
алдамшы, құбылысқа хас емес, қайта оларға сырттан таңылған қасиетсипаттар дейтін натурпəлсапашылардың басқа бір ілімін еске түсірер
болсақ; демек, біздің бүкіл тəңірдей əспеттеген Табиғатымыз
азғырындысын қараңғы қор ғана жасыра алатын жолтоспа сияқты
опаланып боялған болып шығады; егер біз осыған іле-шала
табиғаттың күллі реңкі мен бояуларын əрлендіретін құпия опа - далап
құралын еске түсірсек - жарықтың өзі ұлы болмысына орай
айнымастан ақ əрі түссіз болып қалады, затқа бөгде күштер арқылы
емес, тікелей тура түсетін болса, ол барлық бұйымдарды ғана емес,
тіпті, қызғалдақтар мен раушан гүлдерін де өзінің меншікті түссіз
түсімен мөлдіретіп бояп берер еді - егер осының бəрін көзге
елестетсек, əлем біздің алдымызда алапес сал аурудай болып
жайылып түсер еді сөйтіп, күңгірт көзілдірік тағудан бас тартқан,
Лапландияны кезген қыңыр саяхатшыларға ұқсап, құдайдан безген
сорлы айналасын құрсаған айбынды ақ жабудан көзі қарығып көрмей
қалады.
Мұның бəрінің моншақталған бейнесі кит-альбинос болатын. Бұл
арада ол тудырған күйдіргі өшпенділікке таңырқауға болар ма?
ХLIII тарау
ТЫНЫШ
- Тыныш! Ана жақтан бір шуды естисің бе, Кабако?
Түнгі кезектің уақыты еді; ай самаладай жап-жарық; матростар
шкафуттағы тұщы сулы күбілерден гакаборт палубасына орнатылған
бос лагун-бөшкеге дейінгі аралықта тізіліп тұрған.
Шелектерді бір-біріне əперген олар бос бөшкені суға толтырып
жатты. Қаңыраған шканцыда тұрғандар тым құрыса бір сөз айтудан
сақтанды, аяқтарын алмастырудан да абайлады. Шелектер жым-жырт
тыныштықта қолдан қолға өтіп жатыр, тек желкеннің анда-санда
желмен жалп ете қалғаны жəне қайтпай заулаған кильбөрененің
астындағы судың біркелкі əндеткені ғана естіледі.
Міне, сол кезде осы үнсіздік арасында құйрықтағы қақпақтың
қасында тұрған Арчи көрші метиске сыбыр етті:
-Тс-с! Ана жақтан бір шуды естідің бе, Кабако?
-Шелекті алсаңшы, Арчи, ашықауызданба. Қайдағы шу?
-Miнe... міне, тағы... люктен шығады... шынымен естімей тұрсың ба?
Жөтеледі... иə, жөтел тəрізді.
-Босаған шелекті бері əкел
-Ə, міне тағы... естимісің? Ана жақта кемінде үш адам қорылдап ұйқы
соғып, дөңбекшіп жатқан сияқты.
- Қарамба! Бос сөзді қой, бауырым. Бұл сенің қарныңдағы кешкі аста
күтірлеткен үш тілім кепкен нан дөңбекшіп жатқан сияқты. Бар
болғаны сол. Ұста шелекті!
-Не десең де мейлің, туысқан, бірақ менің құлағым өте сақ.
-Енді, оныңды білеміз, теңізде, Нантакеттен елу миль жерден тақуа
кемпіріңнің тоқыма сымының сыртылын естіген сен емес пе едің?
-Күл, күле түс, ары қарай не болатынын біз əлі көреміз. Маған
илансаң, Кабако, ана трюмде біз əлі палубада көрмеген біреу бар.Мен
соны сеземін, қарт Моғол да бұл жайлы бірдеңе біледі. Таяуда мен
Стаббтың таңертеңгі кезекте Фласқа ауада сол тəріздес бірдеңенің иісі
шығады деп айтып жатқанын естідім.
-Жə, қойшы! Ұста шелекті!
XLIV тарау
ТЕҢІЗ КАРТАСЫ
Өзінің есалаң жоспарын еліріп қызбаланған команда қабыл
алғаннан кейінгі түнде кемеге дүрсе қоя берген дауыл өткен кезде
егер қарт Ахавпен бірге оның каютасына түскен болсаңыз, сіз оның
тасадағы шкафқа қалай жақындап барғанын, одан сарғыш тартқан
теңіз карталарының қырыс-тырыс шиыршық орамасын алып
шыққанын һəм соларды үстелінің үстіне жайып салғанын көрер едіңіз.
Сосын сіз оның жайғасып отырып, назарына ілінген сансыз сызықтар
мен белгілерді мұқият шола бастағанын, сонымен бірге əлі сызық
тартылмаған кеңістіктердің үстінен баяу да болса батыл түрде
қарындашпен жаңа бағыттарды қоса жүргізгенін көрер едіңіз. Оқтатекте басын көтеріп, қасында буда-буда боп үйіліп жатқан ескі кеме
журналдарына көз қиығын салады, одан жылдың қай мезгілінде жəне
қайсы ендіктерде тым құрыса бір кашалот өлтірілгенін немесе көзге
түскенін қарап біледі.
Ол осылай тапжылмастан отырып жұмыс істеді, шынжырдағы ауыр
аспалы шам бас жағында кемемен үйлесе бірқалыпты тербетіліп, оның
түюлі қабағына əрі-бері жүгірген сəулелері мен көлеңкелі жолақтарын
түсірді, сондықтан, ақырында, əзірше ол өзі қырыс-тырыс картаға
сызықтар мен бағыттарды түсіріп жатқанда, көзге көрінбейтін
қарындаш тап сондай сызықтар мен бағыттарды оның маңдайының
əжімдермен айғыздалған картасына да қондырып жатқандай боп
елестеді.
Ахавтың түнде өзінің оңаша каютасында теңіз карталарын
зерттеуге шомып отырғаны бірінші рет емес. Олар құлыптаулы
жерінен əрбір түн сайын шығарылатын; əрбір түн сайын дерлік
олардың беттерінен бір қарындаш белгілері өшіріліп, оның орнында
басқалары пайда болатын. Өйткені, Ахав өз алдына барлық төрт
мұхиттың карталарын жайып қойып, өзінің есалаңдық жемір
мақсатына сенімдірек жету үшін ғана оларға ағыстар мен иірімжылымдардың қат-қабат шытырмандарын түсіріп отырды.
Левиафандардың дағдыларымен онша таныс емес адам үшін күбі
құрсауларымен бекітілмеген біздің планетаның мұхиттарында мұндай
тəсілмен белгілі бір хайуанның ғана ізіне түсу əрекеті қисынға
келместей үмітсіз боп көрінуі мүмкін. Бірақ Ахав мұның бұлай емесін
білді. Оған барлық су тасулар мен ағыстардың бағыттары белгілі
болатын; демек, кашалоттардың азығы қалай қозғалатынын есептеп
алып, көз көргендердің жазбалары бойынша олардың жылдың қай
мезгілінде қайсы ендіктерде кездескендігін анықтаған соң, ол өзінің
олжасын қашан, қай жерде тосып алуға болатындығын бір күнге
дейінгі дəлдікпен болжап біле алатын.
Шын мəнінде, кашалоттардың белгілі бір аймақтарда көріну
мерзімділігі аса кесімді түрде айқындалған дерек болып шыққандай,
сондықтан да көптеген кит аулаушылар егер барлық теңіздегі
кашалоттарды қадағалап бағып отыруға болатын болса, егер күллі кит
аулау флотилияларының бір жылдағы кеме журналдарын мұқият
салыстыруға болатын болса, онда кашалоттардың қайсы бір жерлерде
ұясына қайтқандағы қарлығаштардай немесе майшабақ үйірлері
сияқты тұрақтылықпен пайда болатындығы анықталар еді деп
есептейді. Осыған байланысты кашалоттардың көші-қондарының
тəптіштелген карталарын сызу əрекеттері жасалған да болатын.'
Оның үстіне, бір су жайылымынан екіншісіне ауысқанда, мүлтіксіз
түйсікпен немесе, дəлірек айтқанда, бəлкім, жоғарыдан түскен құпия
нұсқаулар арқылы басқарылған кашалоттар, бізде айтатынындай,
арналар бойымен қозғалып, мұхитта ең егжей-тегжейлі карталармен
жарақтанған бірде-бір кеменің, тіпті, түсіне де кірмеген сондайлық
бұлжымас дəлдікпен бағыт ұстайды. Əрбір жеке киттің бет түзеген
жалпы бағдары жер өлшеушінің тартқан бораздасы сияқты əркез түзу
болатындығына һəм оны қатаң түрде тек өзінің толқынды ізімен
бұлтартпай қуалауға тура келетіндігіне қарамастан, оның жүзетін
арнасының ені бірнеше мильге дейін жетіп (кейде көбірек, кейде
азырақ, əрқалай), қатты айнып құбылуы мүмкін, бірақ ол ешқашан осы
жұмбақ жолдың бойымен заулаған кит аулаушы кеме діңгегінің
үстінен көрінерлік шектен асып кетпейді. Ал бұл жылдың қандай да
бір белгілі мезгілінде мұндай арнаның бүкіл өне бойындағы осы тар
ендіктерде киттермен жалғасуға толық негізбен үміт етуге болады
деген сөз.
Сондықтан,
Ахав
мөлшерлі
уақытта
өз
олжасын
кит
жайылымдарының жалпыға мағлұм аудандарында қуып жетіп қана
қоймай, сонымен бірге мұхиттың кең байтағын шиырлап жүргенде,
тіпті, жол-жөнекей аңсарлы кездесуден күдер үзбес үшін бағытты
асқан шеберлікпен есептей білді.
Дегенмен де оның сандырақ та болса мұқият ойластырылған
жоспарларының жүзеге асуын бір қарағанда қиындатыңқырағандай
болып тұрған бір жағдай барды. (Алайда, тексере келе бұл да басқаша
болып шықты). Кашалоттар үйірімен жүретін жануарлар ретінде
белгілі бір уақытты шынында да белгілі аудандарда өткізетіндігіне
қарамастан, бұдан əлі өткен жылы осы ендік пен бойлықта болған нақ
сол үйір келер жылы да сол арадан табылады деп сеніммен
қорытынды жасауға болмайды; əйткенмен де нақ осындай, күмəн
тудырмайтын жекелеген жағдайлар да айғақталған. Дəл осы ахуал
негізінен - тек неғұрлым тар шеңберде ' Осы тарау жазылып біткеннен кейін Вашингтондағы Ұлттық
обсерваториядан лейтенат Мори 1851 жылдың 16 көкегінде ресми
проспект бастырып шығарды, соған сəйкес таяу уақытта нақ осындай
карта жасалып, жарыққа шығады. Проспектіде осы картаның үлгілері
келтіріледі. "Карта мұхиттарды бес градус ендік пен бес градус бойлық
телімдеріне бөледі; бұл аудандардың əрқайсысы тігінен он екі айға
сəйкесетін он екі жолаққа жіктелген; сондай-ақ осы телімдерді үш
көлденең сызық кесіп өтеді, солардың біреуі əрбір айдын аталмыш
ауданда өткізілген күндерін таңбалауға қызмет етеді, ал қалған екеуі
мұнда нағыз жəне спермацетті киттер байқалған күндер санын
таңбалайды". -Автор ескертпесі.
жалғызбасты киттерге, саяқ дуана киттерге, кəрі тарлан
кашалоттарға да тəн болып келеді. Өстіп, тіпті, егер Моби Дик өткен
жылы, айталық, Үнді мұхитының Сейшель аймағында немесе жапон
жағалауындағы Жанартау шығанағында байқалған болса, мұның өзі
"Пекод" жылдың сəйкес мезгілінде сол жерлерден оны міндетті түрде
кездестіреді деген сөз емес. Сол жерден немесе ол бұған дейін кейде
қарасын көрсеткен қандай да бір басқа аудандардан. Мұның бəрі ол
үшін ұзақ саялап-сабаттайтын жерлер емес, тек қысқа мерзімді
кездейсоқ баспана-бекет, былайша айтқанда, оның мұхиттағы керуен
сарайы ғана еді. Міне, нақ сондықтан да бұған дейін Ахавтың өз
мақсатына жетуі жайында əңгіме қозғалғанда тек болжалды, үстеме,
жол-жөнекей мүмкіндіктер ғана еске алынғанды, ал түптің түбінде
күллі ықтималдылықтың бəрі мүмкін болатын, əмбе Ахавтың арман
етіп, сенгеніндей, мүмкіннің өзі жүзеге асты дерліктей, уақыт пен
орынның əлдебір қапысыз ұштасуына қол жеткізу керек еді. Уақыт пен
орынның бұл қапысыз ұштасуы "экватордағы маусым" деген бір
кəсіпшілік терминмен таңбаланғанды. Өйткені Моби Дикті, міне,
қатарынан бірнеше жыл бойы нақ сол жерде жəне нақ сол мезгілде
байқаған, Күн өзінің жылдық айналысында бір Зодиак белгісінен
тапжылмайтыны сияқты, ол да белгілі бір уақыт аралығында сол
сулардан шықпай қойды. Ақ Китпен арадағы барлық қиян-кескі
қақтығыстар тап сол арада болды, ол жердегі толқындардың өзі оның
ерлігі жайлы аңыздарды сақтаған əрі қиянпұрыс шалдың жын ұрған
кекшілдік желігі қоздаған қасіретті жер де нақ сонда. Бірақ Ахав осы
аяусыз қуғынға айдап салған өзінің шерлі жанының қажымас
қырағылығы мен қалт етпес сақшылдығында барлық үмітін, қанша
сенімді боп көрінсе де, тек жоғарыда айтылған түйінді сəтке ғана
артып қоюға жол бермес еді; өзінің анты хақындағы ұйқысыз
ойлармен азаптанған ол жауыққан жүрегін жуасыта алмайды, із кесуін
болашаққа қалдыра алмайды.
"Пекод" Нантакеттен "экватор маусымының" нағыз басталған
шағында аттанып кеткен. Оның командиріне мұншалық қысқа
мерзімде оңтүстікке қарай ұзақ қашықтықты алып, Горн мүйісін
айналып өтуге, сосын алпыс градус ендікке көтеріліп, мұнда кəсіппен
айналысуға үлгеру үшін Тынық мұхиттың экваторлық суларында дəл
уақытында болуға ешқандай құдірет көмектеспес еді. Осылайша оған
тек келесі маусымды күту ғана қалған. Алайда, ой-жоспарының бүкіл
күрделілігін ескерсек мезгілінен ертеректеу болып көрінген
"Пекодтың" аттанысын Ахав, сірə, дұрыс та белгілеген болар. Өйткені,
оның құзырында енді үш жүз алпыс бес күн мен түн болды - егер сейілсеруенін тұрақты жайылымынан ' алыста өткізетін Ақ Кит
жырымдалған маңдайын Парсы немесе Бенгал шығанақтарының
айдындарында, қытай теңіздерінде немесе оның туыстары баратын
кез келген басқа атыраптарда су бетіне қылқитып шығара қалған
жағдайда бұл мерзім жағалаудағы дегбірсіз де əрекетсіз күтудің
орнына, жол-жөнекей аңшылыққа арнау үшін қажет емес пе. Ендеше,
муссондар да, памперо да, солтүстік самалы да, гарматан да, пассаттар
да -əйтеуір левантиндік пен самумнан басқа кез келген жел Моби
Дикті бүкіл жер шарын ақ көбікпен белдеулеген "Пекодтың" жаһанды
айналған шиырлы да шытырман ізіне алып келуі де əбден мүмкін-ді.
Тіптен, бұл шын мəнінде осылай болған күннің өзінде де, бəрібір,
салқынқанды, салауатты пайымға салғанда ұшы-қиырсыз шалқар
мұхитта
əлдебір
жалғыз
китті
кездестірген
аңшы
оны
Константинопольдың дулы көшелеріндегі ақ сақалды мүфти сықылды
ажыратып тани алады-ау деген ойдың өзі ессіз болып көрінбей ме? Иə,
иə, тани алады, көзіңізге елестетіп көріңіз. Өйткені, Моби Диктің ақша
қардай маңдайы мен дəл сондай аппақ өркешін бір рет көргесін, содан
соң ешнəрсемен шатастыруға болмайды. Сосын, бұл китке мен өзім ен
салған жоқпын ба, деп Ахав əдетте карталарға шұқшиып түн
жарымынан аса отырғаннан кейін қайтадан өзінің ессіз қиялдарына
беріле толғанады, ал ол сонда кетіп қоймақ па? Оның жалпақ жүзгіш
қанаттары, адасқан қойдың құлақтары сияқты, шұрқ-шұрқ тесік жəне
кертік-кертік. Сөйтіп ол ақыл-есі ақыры шаршап тұманданғанға шейін
есалаң ойымен жанталасқан қуғынға кірді. Онымен де тоқтамай,
палубаның таза ауасында ол қайтадан өзінің қайрат-жігеріне
жəрдемші тыныс іздеді. Құдіретті Құдайым, орындалмаған бір ғана кек
алу тілегі жегідей жеген адам үшін ұйқы неткен азап еді десеңізші. Ол
жұдырықтарын түйіп ұйықтап жатыр, ал оянған кезде оның алақанға
қадалған тырнақтары өзінің қып-қызыл қанына боялады.
Оны азапты əрі төзгісіз жан-жарық түнгі түстері төсегінен жұлып
тұрғызған кездері аз емес, олар күндізгі қажымас ойды іліп əкетіп, оны
құтырынған ессіздіктің жын-ойнағына өз соңынан ілестіре кетеді;
олар оның алаулаған миында құйын боп үйіріле береді, үйіріле береді,
өмірінің тынысы төзгісіз азапқа айналғанға шейін үйіріле береді; кейде
мынадай да болды: жын-шайтанның құйынына араласқан ол бар
болмысымен жерден көтеріліп, оның ішінен бір шыңырау ашылды да,
сонда жалын мен жасын тілдері сумаңдап, жексұрын сайтандар оны өз
қастарына түсуге ымдап шақыра бастады; төменде тозағы үңірейген
кезде зар еңіреген дауыс күллі кемені басына көтерді; сол кезде
көздері жарқ-жарқ еткен Ахав, құдды отты төсектен қашқандай,
каютадан атып шықты. Бұл өзінің тəуекелінен қорыққан құпия
дəрменсіздіктің белгілері емес еді, бұл осы тəуекелдің қаншалықты
беріктігінің бұлтақсыз дəлелдері болатын. Себебі, оны төсектен
үрейлене атып тұруға мəжбүр еткен күш жаңағы кезде ұйықтауға
жатқан Ахавтың өзі емес, Ақ Китті қайтпай, қаймықпай, қайсарлана
қуалаған есуас Ахав емес. Бұл күш мəңгілік өмір қайнары - оның жаны
болатын; үнемі өз мақсаттарына жетуге итермелеген ақыл-естің
билігінен ұйықтап жатқанда уақытша азаттық алған ол аз уақытқа
онымен бір тұтастығын қоя тұрып, оның долырған ашуының
күйдіргісінен құтылуға ұмтылды. Бірақ ақыл-ес жанынан безген
адамда өмір сүре алмайды: міне, сол себептен де Ахав өзінің бүкіл
ақыл-парасаты мен ерік-жігерін біртұтас, жоғарғы ой-жоспарға
бағындырған кезде, бұл ой-жоспар, сайып келгенде, өзінің осы
күшімен һəм жаны ірілігімен, күллі құдайлар мен сайтандарға
қасақана, өзіне өзі дербес жеке өмір жасап алды. Енді ол өзінің қаскөй
өмірімен алаулай жанып атой салды, бұл шақта оның өз ішінде бүрлеп
пайда болған анау өмір көңілі қаламаған заңсыз перзенттен зəресі
ұшып, тұра қашты. Ахав болып көрінген əлгі нəрсе каютадан жүгіріп
шыққан кезде, тəни көзбен қарап, қасірет шеккен рух шын мəнісінде
бар болғаны бос қабық, пішінсіз кембағал делқұлы, алдында
сəулелендіретін дəнеңесі жоқ андағайлаған жарықтың сəулесі ғана еді,
себебі оның өзі бекершілік, бос қуыс болатын. Сені құдай өзі кешірсін,
шал, сенің ойларың өз ішінде жаңа жан иесін тудырды; ал тынымсыз
ойлары Прометейге айналдырған ана біреу мəңгі-бақи өз жүрегін
паршалап құзғынға жегізеді; оның құзғыны - əлгі өзі тудырған жан
иесі.
XLV тарау
АНТ ІШІП КУƏЛІК ЕТЕМІН
Егер осы кітапта қызықты не бар деп айтар болсақ, кашалоттардың
дағдыларындағы кейбір таңсық əрі өзгеше ерекшеліктерді жанама
түрде қозғайтын алдыңғы тараудың осы томдағы кез келген
басқасынан маңызы ешбір кем емес; алайда, оның басты тақырыбы
əлде де болса неғұрлым терең əрі мұқият қарастыруға зəру; олай
болмаған жағдайда көп нəрселер түсініксіз болып қалады əмбе осы
істен
мүлдем
мағлұматсыздығынан,
бəлкім,
кейбіреулерде
суреттелген оқиғалардың анықтығына туған күмəнді сейілтуге менің
шамам келмейді.
Мен іске ғылыми жүйелілік тұрғысынан кіріспекші емеспін; өзіме
кит аулаушы ретіндегі жеке тəжірибемнен немесе сенімді адамдардан
белгілі жекелеген деректерді тізбелеу арқылы қалаған нəтижеге
жетсем, маған сол да жеткілікті болмақ: менің пайымдауымша, қажетті
тұжырымдар өздері-ақ туындайды.
Біріншіден. Менің жеке өзіме мынандай үш жағдай мəлім: жұлынып
шығып қашып құтылған, бүйіріне гарпун қадалған китті белгілі бір
уақыт өткеннен кейін (бір жағдайда -үш жылдан кейін) сол аңшы
екінші рет гарпун шаншып өлтіреді, киттің ұшасынан екі гарпун
алынады, екеуінде де гарпуншының өзінің жеке ен-таңбасы бар.
Гарпунның қос мəрте шаншылуының арасында үш жыл бəлкім, тіпті,
одан да көбірек - өткен жағдайда соларды сілтеп лақтырған адам əлгі
аралықта Африкаға бара жатқан сауда кемесіне кіріп, сосын сол жақта
жағалауда түсіп қалады да, зерттеу экспедициясына қосылып, онымен
бірге құрлықтың терең қойнауларына сұғынып кіреді, онда екі жылға
жуық саяхаттап, жыландардың, түземдіктердің, жолбарыстардың
шабуылдарына, улы шірінділердің əсеріне жəне де əдетте беймəлім
елдің қақ жүрегінде қаңғырып адасушылардың жолында ұшырасатын
басқа да сан түрлі қауіп-қатерлерге тап болады. Ал бұл шақта оның
гарпун қадаған киті де, сірə, саяхаттап жүрген болар; ол, еш күмəнсіз,
Африка жағалауларын жамбасымен сүйкей, жер шарын кемінде үш рет
белдеулеп шыққан болар, бірақ соның бəрі де бекер. Адам мен кит тағы
да бетпе-бет кездесіп, біріншісі екіншісін мерт етті. Мен өз басыма
осындай үш жағдай мəлім деймін; яғни гарпундардың қалай
лақтырылғанын жəне екінші қақтығыстан кейін кит ұшаларынан ентаңбасы бірдей екі майысқан ұстара қалай суырылып алынғанын мен
екі рет көрдім. Ал кит гарпун соққысына екінші рет үш жылдан кейін
тап болған жағдайда, тіпті, екі ретінде де өзім вельботта отырып,
соңғы ретте киттің көзінің астындағы осыдан үш жыл бұрын
назарымды аударған ғаламат зор меңге ұқсас бірдеңені айқын
шырамыттым. Мен үш жыл деймін, бірақ іс жүзінде бұдан артық
екендігіне шүбəсізбін. Сөйтіп, ақиқаттығына өзім кепілдік еткен үш
мысал сізге мінеки; бұдан басқа да көптеген жағдайлар жайында
жұрттан естігем, олардың да шыншылдығына күмəн келтіруге негізім
жоқ.
Екіншіден. Кит аулау кəсіпшілігінің тарихында - құрлықта бұл
жайында аз білетіндігіне қарамастан - көптеген жылдар бойында
əлдебір жалғыз киттің атағы жер жарып, мұхиттардың байтағында
күллі жұрт айырып таныған бірнеше есте қаларлық анық жағдайларға
куəлік етілген. Сайып келгенде, бұл оны басқа киттердің арасында
даралап тұрған дене ерекшеліктерімен түсіндірілмейді, өйткені бұл
ерекшеліктер қанша мəнді болғанымен, егер китті өлтіріп, ерекше
бағалы май етіп қорытып алса, көп ұзамай олардың да күні бітеді. Жоқ,
бұл арада себеп басқада: қайғылы жайттар мұндай киттерді, Ринальдо
Ринальдинидің даңқына ұқсас, қаскөй де қаһарлы даңққа бөледі,
сондықтан, кит аулаушы онымен жолығысқан кездегі көпшілік
жағдайларда неғұрлым жақын таныстыққа талпынбай, амандасу
ишарасы ретінде тек өзінің кең жиек қалпағына қолын апарумен ғана
шектелді. Құрлықта да тап осылай, ашушаң əрі зор адаммен танысбілістігі бар қайсыбір мүсəпір оны көшеден көре сала, жақындайын
десе, бұл мардамсуы үшін түптің түбінде таяқ жеп қалудан қауіп ойлап,
алыстан сыпайы ғана бас изейді.
Бұл аз болса, осы тамаша киттердің əрбіреуі үлкен жеке
мəшһүрлікке немесе, дəлірек айтқанда, бүкілмұхиттық даңққа бөленді;
тірісінде атаққа шыққанды былай қойғанда, жан тəсілім еткеннен
кейін де матрос аңыздарында өлмей өмір сүре берді; сонымен қатар өз
есімінің иесі ретінде де барлық құқықтар мен артықшылықтарды,
өзгешелік белгілерін пайдаланды; Камбиз немесе Цезарьдан кем емес
өзінің есімі болды. Əлде, бұл осылай емес пе, о, Тимор Томы - құдды
мұзтау сияқты, өн бойыңды тыртық қаптаған даңқты левиафан,
бұрқағың Омбайдың тропикалық жасыл жағалауынан жиі-жиі
байқалған, нақ осы есіммен аталатын Шығыстағы бұғаз суларында
сонша ұзақ жасырынған сен өзің айтшы? Бұл осылай емес пе, о
Жаңазеландиялық Джек - ойма суреттер еліне көрші толқындарды
шарлаған барлық кит аулағыштардың дүлей тажалы? Бұл осылай емес
пе, о, Моркан - Жапония əміршісі, қауесетке қарағанда, биік бұрқағың
кейде аспан төрінде қалықтаған аппақ айқышты еске түсірген сен? Бұл
осылай емес пе, о, Дон Мигуэль -арқасы, көрі тасбақаның сауыты
сияқты, жұмбақ шимайлармен көмкерілген чили киті? Қарапайым қара
сөзбен айтсақ: Мариям немесе Сулла есімдері классикалық көнелік
білгірлеріне қандай болса, дүниеде Китнама тарихындағы мамандарға
да сондай жақсы таныс төрт кит болған.
Əлі бұл ғана емес. Сайып келгенде, көптеген кемелердің
вельботтарын тып-типыл еткен қисапсыз шабуылдар жасаған
Жаңазеландиялық Джекке де, Дон Мигуэльге де жоспарлы аңшылық
ұйымдастырылды, олардың екеуін де ер жүрек кит аулаушы
капитандар іздеріне түсіп, өлтірді, бұлар да айлақтарында əлі зəкір
көтермей жатып өз алдарына нақ осы мақсатты қойған еді, бұл
мақсаттың да үндіс королі Филипптің əскербасы көсемі, даңқты əрі
қаныпезер жабайы Аннавонды ұстау үшін Наррагансет ормандарының
шытырманына тереңдеп кірген кездегі капитан Батлердің мақсатынан
айқындығы бір мысқал кем емес болатын.
Менің пайымдауымша, бүкіл осы Ақ Кит тарихының анықтығын,
əсіресе, оның қайғылы ақырын баспа бетінде айғақтауыма
көмектесетін болғандықтан, аса мəнді тағы кейбір мəліметтерді
келтіруім үшін бұдан қолайлы жер табуым қиынырақ болар. Өйткені
бұл арада біз ақиқаттың өзі өтіріктен бетер растауға мұқтаж күйінішті
жағдайлардың бірімен бетпе-бет келіп отырмыз. Құрлықтағы
мамандық иелерінің көп ретте əлемнің көзге көрініп, қолмен ұсталып
тұрған кереметтеріне қатысты хабарсыздығы сондай, егер мен мұнда
кит аулау флотилиясының өткені мен бүгінінен қарапайым деректерді
келтірмесем, олар Моби Дикті əлдебір құбыжық ертегі немесе, бұдан
да жексұрын сұмдығы сол, төзгісіз қорқынышты аллегория деп
ойлаудан тайынбас еді.
Біріншіден. Осынау ұлы кəсіптің қауіп-қатерлері хақында
көпшіліктің азын-аулақ көмескі əрі солқылдақ жалпы ұғымдары
болғанымен, ешкімнің де солар жайында, солардың біздің ісіміздегі
қаншалықты жиілігі жайында өмірлік нақты түсініктері жоқ. Бəлкім,
мұның себебі мынада шығар: атап айтқанда, кəсіпшіліктегі елу
бақытсыз жағдайдың біреуі-ақ, тым құрыса аз уақытқа, айтыла салып
бірден ұмытылу үшін болса да, туған елінде жариялылық игілігіне
айналмайды. Ана бейбақтың есімін - бəлкім, дəл осы сəтте Жаңа Гвинея
жағалауында қарамайланған арқанмен бұғалықталып, сүңгіген
левиафан теңіз түбіне тартып əкеткен осы бейбақтың есімін сіз
ертеңінде тағы бір шыны аяқ кофе үстінде газет азанамасынан көре
аламын деп ойлайсыз ба? Жоқ, біздің тұрақтарымыз бен Жаңа Гвинея
аралындағы пошта қатынасы тым сирек. Өзі, жалпы, сіз бұрын-соңды
Жаңа Гвинеядан хабар-ошар естіп көріп пе едіңіз? Ендеше, мен сізге
айтайын, бірде, Тынық Мұхитта жүзіп жүрген кезімізде біз аңшылықта
əрқайсысы команданың бір немесе бірнеше мүшесін жоғалтқан отыз
кемені жəне вельботтың бір-бір экипажы түгел қаза тапқан үш кемені
кездестірдік. Құдай қақысына, өздеріңіздің шамдарыңыз бен
шырақтарыңызға үнемді болыңыздар! Сіздер жаққан əрбір қадақ май
үшін бері салғанда бір тамшы адам қаны төгілгенін есте ұстаңыздар.
Екіншіден. Жағалаудағы жұрттың, əрине, кит дегеніміз - жойқын
күшке ие, орасан зор мақұлық екендігі жөнінде бірлі-жарымды бұлдыр
түсініктері бар; бірақ та мен осы қосарланған орасан үлкендік көрініс
тапқан бір жеке оқиғаны айтып беруге əрекеттенген кезімде олар
əрбір жолы менің тапқырлығымды мысқылдағандай мақтап-мадақтай
бастады, əйткенмен, құдай көріп тұр, мен тапқырлыққа Мұсаның
Мысырдағы обаны суреттеген кезіндегісінен артық ұмтылған жоқпын.
Бірақ, бақытқа қарай, бұл жолы өз дұрыстығымды дəлелдеу үшін
мен мүлдем бөгде куəліктерге жүгіне аламын. Мен кашалоттың
жекелеген жағдайларда үлкен кемені қасақана соғып, қиратып, суға
батыру үшін жеткілікті күші, жеткілікті машығы мен қаскөй естілігі
бар деп пайымдаймын; ол - ол ма, мен мұның бəрін кашалот талай рет
істеген деп тұжырымдаймын.
Біріншіден. 1820 жылы нантакеттік "Эссекс" кемесі капитан
Поллардтың басқаруымен Тынық мұхитта аулау кəсібінде жүрді. Бір
күні қарауылдағылар көкжиектен атқылаған бұрқақтарды көрді,
вельботтар түсіріліп, кашалоттардың тұтас үйірін қуалауға кірісті. Көп
ұзамай бірнеше кит жайратылды, кенет бір орасан зор кит үйірден
бөлініп шықты да, қайықтарды айналып өтіп, кемеге заулап тартты.
Осылай жүйткіген бетінде ол маңдайымен кеменің жақтауына
соқтығысып, қаңқасын опырып жіберді, сондықтан "он минут өтпейақ", ол аударылып, су түбіне кетті. Теңіздің бетінде жаңқасы да
қалмады. Ауыр тауқымет тартқан команданың бір бөлігі
шлюпкалармен жағалауға жетті. Ақырында еліне оралған капитан
Поллард басқа кемемен Тынық Мұхитқа қайтадан аттанды, бірақ
кемені беймəлім жартастарға соғып қиратқан құдайлар оған тағы да
апатқа ұшырауға бұйырыпты, кемеден екінші рет айырылған соң ол
теңізден біржола бас тартты, сөйтіп, сол шақтан бері ешқашан жүзуге
шыққан емес. Капитан Поллард əлі күнге шейін Нантакетте тұрады.
Мен осы оқиғалардың кезінде "Эссексте" аға көмекші болған Оуэн
Чейспен кездестім; оның қарапайым да шыншыл əңгімесін оқыдым;
оның ұлымен əңгімелестім; міне, осының бəрі апат орнынан небары
бірнеше миль жерде ғана.'
1 Чейс əңгімесінен бірнеше үзінді келтірейін: "Бəрі де іс
қимылдарын басқарып тұрған жалан кездейсоқтық еместігін паш етті;
ол кемеге қысқа үзіліспен екі мəрте шабуылдады, екі ретте де оның
соққыларының бағыты бізге барынша кеп зақым келтіретіндей етіп
есептелді, өйткені ол тұмсықтан тап берді, сол арқылы қозғалушы екі
заттың да жылдамдығын өз соққысына пайдаланды, ал мұны тек өте
дəл айлалы ептіліктің арқасында ғана іске асыруға болар еді. Оның түрі
өте қорқынышты, ашу-ызадан түтігіп кеткен. Хайуан біз жаңа ғана
қуып жетіп, үш китті гарпунмен шаншып үлгерген үйірден бөлініп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.