Latin Common Turkic

Моби Дик немесе Ақ Кит - 23

Total number of words is 4173
Total number of unique words is 2329
29.1 of words are in the 2000 most common words
41.7 of words are in the 5000 most common words
47.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Аспаз! - деп киліге кетті Стабб шалды иығынан оқыс түйіп Жіберіп:
- Аспаз! Тыңдашы, шайтан алғыр, уағыз айтқанда сонша шайтан
алғырлауға бола ма екен? Күнəкарларды тура жолға бұлай салмайды,
аспаз!
- Кімдерді, кімдерді? Əлгі, қалай еді, күнəкарларға уағызды одан да
өзіңіз айтыңыз. -Сөйтіп, ол қабағын түйген қалпы жақтаудан бұрылып
кетті.
- Жо-жоқ, аспаз, қане, қане, ары қарай.
- Ал, міне. Шүйікті туышқандар...
- Керемет! - деп мақтады оны Стабб. - Мейірім керек, үгіттеу керек.
Бəлкім, сонда əсер етер.
Қойтері ары қарай жалғады:
Шендер, барлық акулалар табиғаттарыңнан өте қомағай болшаңдар
да, дегенмен де, туышқандар, мен шендерге былай деймін, қомағайлык
дегеніміж... қане, құйрықтарыңмен шоғуды қойыңдар, шайтан
алғырлар! Құдай ақы, егер бұлай құйрықтарыңмен ұрып
қырқышшаңцар бір шөж де ешти алмайшыңдар ғой, түге?
- Аспаз! - деп айқайлады Стабб оны жағасынан алып. – қарғап сілегеніңді қой! Олармен мейірбан түрде сөйлес.
Уағыз ары қарай жалғасты:
- Қомағайлықтарың үшін, туышқандар, мен шендерді онша
кінəламаймын: шендердің табиғаттарың шолай, бұл арада ештеңе
іштей алмайшыңдар; бірақ сендер өж табиғаттарыңды өздеріңе
бағындыруларың керек, міне, гəп қайда! Əлбетте, шендердің акула
екендерің - түшінікті жай, бірақ өз іштеріңдегі акуланы тежеңдер,
шонда шендер бірден періштеге айналашыңдар, өйткені, əрбір
дұрыштап тежеліп, жеңілген акула періште болады. Туышқандар,
шендер тым құрша бір рет даштарқан басында өздеріңді шыпайы
ұсташандаршы. Əлде, бұл китке бір акуланың екіншішінен қақышы
кем бе? Шайтан алғыр, бұл китке шендердің ешқайшыңның қақың жоқ;
бұл кит тағы біреулерге тиешілі. Мен білемін, шендердің
кейбіреулеріңнің ауыждарың тым үлкен, башқаларына қарағанда аса
рабайшыж үлкен; бірақ кейде үлкен ауыжға кішкентай қарын болады
ғой; шондықтан, үлкен ауыжбен майды қылғытып жұта бермей, өздері
олжа даштарқанға өмірі маңайлай алмайтын балапан акулаларға
тіштеп əпершеңдерші.
-Бəрекелді, Қойтері, жарайсың, шал! - деп дауыстап жіберді Огабб. Міне, мұны мен түсінемін, нағыз христиандарша, қане, ары қарай
сөйлей бер.
- Ары қарай шөйлеудің мəніші жоқ, миштер Штабб, қарғыш атқыр
жауыждар бəрібір мына үйме-жүймеде тырбыңдап, құйрықтарымен
шабалай береді; олар бір шөж де ештімейді; қарындарын əбден шықап
тойдырғанша мұндай мешкейлерге уағыж айтудың пайдашы жоқ, ал
олардың қарындары түпшіж; кеңірдегінен келе тойып болғасын тағы
ештеңе ештімейді, олар бұл кежде бірден шу аштына кетіп,
маржандардың бір қуышына кіреді де, өліп қалғандай ұйықтайды,
шодан мəңгі-бақи ештеңе ештімейтін болады.
- Құдай ақы, мен сенің пікіріңе келісемін, Қойтері, оларға тезірек
батаңды бер, сосын мен өзімнің ауқатыма оралайын.
Сол-ақ екен, Қойтері топырлаған балықтардың үстінен қос қолын
бірдей жайып, ащы даусымен барқырай айқайлады:
- Қарғыш атқыр бауырлар! Мейлі, шайтан алғырлар, еріктеріңше
шулай беріндер; əбден жарылып қалғанша, қарындарыңды кептей
берулеріңе болады - шонда өждерің-ақ шешпей қаташыңдар!
- Ал енді, аспаз, - деді Стабб зəкір-қақпа үстіндегі өзінің кешкі асына
қайтадан кірісіп -бұрын тұрған жеріңде, менің қарсымда тұр да, мені
мұқият тыңда.
- Құп болады, - деді Қойтері қайтадан өзінің сүйікті қалпымен,
шымшуырының үстінен бүкірейіп.
- Былай болсын. - Стабб аузын қайтадан толтырып алды. Бифштекс мəселесіне қайтып оралайық. Ең алдымен, сенің осы, жасың
қаншада, аспаз?
- Мұның бифштекшке қандай қатышы бар? - деп кəрі зəңгі наразы
түр танытты.
- Өшір үніңді! Жасың қаншада, аспаз?
- Тоқшанға тақаған дейді, — деп тұнжырай жауап қатты аспаз.
- Немене? Мына дүниеде аз-кемі жоқ жүз жыл өмір сүріп, кит етінен
бифштекс пісіруді үйренбегенсің? - осы сөздерді айтқан Стабб бейне өз
сұрағының жалғасындай етіп, тағы бір үлкен түйірді жұтып жіберді. Өзің қайда туғансың?
- Паромда, Роаноктан өтіп бара жатқан кежде.
- Мəссаған! Паромда! Түсінбедім. Бірақ та мен сенен қай жерде тудың
деп сұрап тұрмын, аспаз?
- Мен айттым ғой, Роанок жерінде, - деп анау ызалана тіл қатты.
- Жоқ, сен мұны айтқан жоқсың, аспаз; бірақ бұл жайында неге
сұрағанымды мен саған қазір түсіндіремін. Кит бифштексін
дайындауды білмесең, сен Отаныңа қайтып барып, қайтадан тууың
керек.
- Егер шіжге енді тамақ пішіретін болшам, құдай таш төбемнен
ұршын, - деп ашулана күңкілдеді кəрі зəңгі зəкір-қақпадан теріс
бұрылып.
- Ей, кейін қайт, аспаз; қане, шымшуырыңды бері əкелші, ал енді
мына бір түйір бифштексті татып көр де, дұрыс пісірілген бе екенін
өзің айтшы? Ал деймін. - Сөйдеп, ол шымшуырды зəңгіге қарай созды. Ал да, өзің татып көр.
Əжімді еріндерін естілер-естілмес шылпылдатқан кəрі аспаз
тамсанып берді:
- Мен жеген бифштекстердің ішіндегі ең дəмдіші, аһ, қандай майлы,
қандай майлы.
- Аспаз, - деді Стабб аяқтарын қайтадан алшайтып. - Сен шіркеуге
барасың ба?
- Кейптаунда, бір рет қашынан өткем, - деген тұнжыр жауап берілді.
- Не? Кейптаунда қасиетті шіркеудің қасынан өмірінде тек бір ғана
рет өтіп, əулие əкейдің ғибадатшыларды сүйікті бауырларым деп
атағанын сонда сырттан құлағыңды тосып естідің бе, солай ма, аспаз?
Осыдан соң сен мұнда келіп, маған осындай сұмдық өтірікті соғып
тұрсың, ə? Сен қайда бармақшысың, аспаз?
- Кубрикке, өзімнің кереуетіме, - деп күңкілдеді анау тағы да теріс
айналып.
- Тоқта! Тапжылма! Өлгеннен кейін, деп сұрап тұрмын мен. Бұл
ғаламат сұрақ, аспаз. Қане, бұған сен қалай жауап бересің?
- Бұл кəрі жəңгі өлген кежде, — деп баяу сөйлей бастады шал, оның
бүкіл кейпі мен даусының өзі кенет өзгеріп кетті, - ол өжі ешқайда
бармайды; оған көктен пəк періште түшіп, алып кетеді.
- Алып кетеді? Сонда бұл қалай? Илья-пайғамбар əкетілген сияқты
төрт ат жегілген күймемен бе? Ау, ол сені қайда алып кетпек?
- Ана жаққа, - деп тіл қатты Қойтері, шымшуырын тура өзінің
басынан асыра салтанатпен көтеріп.
- Аһ, солай де! Демек, сен өлгеннен кейін біздің грот-мачтаның
төбесіне топ етіп түсуге үміт етесің, солай ма, аспаз? Ау, неғұрлым
биікке өрмелесең, солғұрлым суық болатынын сен білмеуші ме едің?
Қарай гөр, грот-мачтаның төбесін қиялдайды.
- Мен олай деген жоқпын, — деп қайтадан қабағын түйе қарсылық
білдірді Қойтері.
- Дедің. Сен "ана жаққа" дедің де, шымшуырыңмен жоғарыны
көрсеттің. Шымшуырың қай жақты көрсетіп тұрғанын өзің қарасаңшы.
Бірақ сен, бəлкім, ит тұмсығы өтпес саңылаудан сығылысып өтіп,
аспанға бармауды ойлайтын шығарсың? Ондайды ойыңа да алма,
аспаз, жұрттың бəрі сияқты, саған да арқанның бойымен өрмелеуге
тура келеді, басқа жол жоқ. Шамыңа тисе де, өрмелеуге тура келеді,
əйтпесе, басқасы бос əурешілік. Алайда, біз екеуміз əлі аспанда емеспіз.
Шымшуырыңды қой да, менің əмірімді тынла. Бұлай кім тыңдайды?
Мен бұйрық берген кезде сен бір қолыңа бөркінді алып, екіншісін
жүрек тұсына қоюың керек. Не? Жүрегің осы арада ма? Бұл бауыр,
аспаз! Жоғары, жоғары, міне, солай, енді дұрыс. Осылай ұста да, мені
мұқият тыңда.
- Құп болады, - деп міңгірледі кəрі зəңгі екі қолын бұйрыққа сəйкес
ұстап, əрі алға қос құлағын қатарынан тосуға тырысқандай, ақшашты
басын дəрменсіз созғылап.
- Мəселе, былай, аспаз, сенің бифштексіңнің нашарлығы сондай, мен
оны мүмкіндігінше тезірек құртуға тырыстым, түсінікті ме саған? Ал
болашақта, міне, осы арадағы, зəкір-қақпадағы жеке дастарқаныма
арнап кит бифштексін дайындайтын кезіңде оны күйдіріп алмау үшін
не істеу керектігін мен саған қазір үйретемін. Сен бифштексті бір
қолыңа алып, ал екіншісімен оған алыстан жайнаған қып-қызыл
шоқты көрсетуің керек те, осыны істегесін үстелге əкеліп қоясың, сен
естіп тұрсың ба мені? Ал ертең, аспаз, біз китті боршалап сойған кезде
маңайымыздан табылып, төстіктегі жүзгіш қанаттардың сүбесін ойып
алуды ұмытпағын; оны тұздап қоясың. Ал құйрықтағы жүзгіш
қанаттардың түптерін маринадтайсың. Міне, осы, ал енді бара беруіңе
болады, аспаз.
Бірақ Қойтері үш адым да аттап үлгермеді, Стабб оны қайтадан
дауыстап шақырды:
- Əй, аспаз, ертең маған ит-ырғылжың кезектегі кешкі асыма котлет
дайындайсың. Естідің бе? Онда əрмен қарай есе бер. Еһей тоқта!
Кетерде иіліп тағзым етуің керек. Тоқта, тұра тұр əлі! Таңғы асқа тартылған кит еті. Ұмытпа.
Құдай ақы, ол китті жегенше, кит оның өжін жеп қойша екен. Мынау
миштер Штабб кез-келген акуладан ашып түшпеше, құдай менің таштөбемнен ұршын, - деп былдырлады шал ақсаңдай басып кетіп бара
жатып; сөйтіп, ол осы данышпансыған дабысымен өзінің кереуетіне
келіп жығылды.
LXV тарау
КИТ ТАҒАМ РЕТІНДЕ
Өзінің шамына əрі қорек те беретін мақұлықтың етін ажалды пенде
тамақ ретінде қолдана алатын һəм оны, былайша айтқанда, Стабб
сияқты, оның өз жарығын түсіріп жейтін бір түрлі тосын жағдай; бұл
жағдайдың оғаш көрінетіндігі сондай, бұл арада тарих пен пəлсапа
саласына сəл-пəл шегініс жасамасқа əсте болмайды.
Бұдан үш ғасыр бұрын нағыз киттің тілі Францияда аса дəмді тағам
деп есептеліп, тым жоғары бағамен сатылғандығын құжаттар
куəландырады. Сондай-ақ, Генрих VII заманында, сіздердің естеріңізде
болар, кит тұқымдастарға жататын дельфинге ғажап тұздық ойлап
шығарғаны үшін бір сарай аспазы көптеген сый-сияпатқа ие болған.
Айтқандай, дельфин еті біздің заманымызда да өте дəмді деп
саналады. Оны тартылған ет күйінде бильярд шарының үлкендігіндей
етіп домалақтап жұмырлайды, дұрыстап дəмін кіргізе тұздықтап,
бұқтырып пісіреді, дайын күйінде ол бұзау етін немесе, тасбақаны еске
түсіреді. Ертеде осы тартылған жұмыр ет Данфермлайн сопыларының
жеңсік асы болған. Олар патша ағзамнан көп мөлшерде дельфин
жəрдемін алып тұрған.
Шындығын айтқанда, егер соншама аста-төк болмаса, кит еті кит
аулаушылар арасында əрдайым тамаша тағам болып саналар еді; бірақ
ұзындығы жүз футтық тұтас ет сүбесінің алдында отырғанда, сенін
тəбетін бір түрлі өзінен-өзі құрып кетеді. Біздің уақытта, Стабб тəрізді,
ырым-жырымға көріп-біле тұра бой алдырмаған теңіз саяхатшылары
ғана кит етін татудан тайынбайды; ал ана эскимостар онша
жеркеншек емес. Олар кит етімен қоректеніп қана қоймай, жоғары
сапалы кит майын да мол етіп қорландыратынын біз бəріміз білеміз.
Эскимостардың Зогранда деген ұлы дəрігерлерінің бірі кит майын
сəбилерге ең пайдалы əрі жұғымды тамақ ретінде ұсынады. Бұл бір
кездерде көлденең кездейсоқтан кит аулайтын кеме Гренландияда
тастап кеткен ағылшындарды есіме түсіреді. Олар бірнеше ай бойы
сонда тұрып, кит майын қорытқаннан кейін жағада қалған, сасып,
бүлінуге айналған тілім - тілім кит етін талғажау еткен.
Голланд кит аулаушылары бұл тіліктерді "құймақ" деп атайды олар өзі соған шынында да қатты ұқсайды - олар да нақ сондай
қоңырқай һəм қытырлақ болып келеді жəне амстердамдық бибілердің
жаңа пісірген тоқаштарындай иісі аңқиды, əрі түрінің өзі тəбет
шақыратыны сондай, тіпті ең ұстамды деген жемпаздар да білмей
қалып, оның дəмін татудан өздерін тежей алмайды.
Өркениетті тағам ретінде кит етінің дəмділік сапасын оның
майлылығы күрт төмендетеді. Кит дегеніміз — дəмді болайын десе
тым семіз, өзгеше жаратылған толағай теңіз өгізі. Тым құрыса оның
өркешіне қарап көріңізші, егер таза майдан түзілген жай ғана үлкен
үйген шошақ болмаса, ол да (өте сирек дəмді тағам болып табылады)
жабайы бұқа өркеші сияқты тəтті-дəмді болар еді-ау. Немесе
спермацетті алайық, ол неткен қою əрі созылымды десеңізші, құдды
пісіп-толысуының үшінші айындағы кокос жаңғағының жартылай
қатқан, мөлдіреген аппақ іші сияқты; сиырдың сары майын алмастыру
үшін бəрібір ол тым семіз. Рас, көптеген кит аулаушылар оған,
айталық, бір түйір кепкен нанды матырып жеуге үйренеді. Кит майы
қорытылып жатқан кезде түнгі кезектегі матростар көбінесе кепкен
нан тілімдерін спермацет толы күбілерге салып, оларға хош иісті
майды сіңіріп алады. Мен өзім де талай рет кешкі асымды өстіп
амалдағам.
Жас кашалоттың миы тамаша тағам болып саналады. Бас сүйегінің
қуысын балтамен абайлап жарып, одан екі ақшылтым жартышарды
(тура екі үлкен пудинг сияқты) суырып алады; содан кейін оны үнмен
араластырып, одан эпикуршылдар арасында даңққа бөленген бұзау
миының дəміне аздап ұқсайтын ғажап тамақ пісіреді; бұл арада
жұрттың бəрі білетін бір жағдай сол, эпикурлықтардың ішіндегі баз бір
өгізше бұзау миымен күн құрғатпай қоректене жүріп, өзіне де
біртіндеп азын-аулақ ақыл кіретіндігі сонша, ол тіпті өз басын
бұзаудың басынан айыра алатын болады, əлбетте, бұл үшін
бақылаудың өзгеше дəлдігі қажет етіледі. Дастарқандағы ақылды
бұзау басының алдында отырған жас сауықшы осындай жабырқау ойға
батыратыны да сондықтан. Бұзау басы оған кінəлай қарап: "Ау, сен,
Брут!" - деп айтқысы келетіндей.
Дегенмен де, меніңше, құрлықтағы адамның кит етін тамаққа
пайдалану туралы ойды үрейлене мансұқ етуі оның шамадан тыс
майлылығынан ғана емес болуы керек; бұл қандай да себеппен мен
жоғарыда жүгінген ойға байланысты: адам өзі жаңа ғана өлтірген теңіз
тағысының етін, соның майымен жарықтандыра отырып, жеуге
қалайша дəті барады? Əйткенмен, өгізді өлтірген алғашқы адам, еш
күмəнсіз, жендет деп жарияланды; бəлкім, ол дарға да асылған болар;
қалай болғанда да, егер оны өгіздер соттаса, олар оны, сөзсіз, əрбір
қанішер жендетке лайықты жаза - дарға асуға кесер еді. Сенбі күні
кешке ет сататын жайма базарға барыңыз да, қатар-қатар тізілген өлі
төрт аяқтыларға көздерін сүзген тірі екі аяқтылар тобырын
тамашалаңыз. Мұндай думан - топырлардың қасында адам жегіштер
түкке тұрмайтын боп көрінбей ме сізге? Адам жегіш каннибалдар ма?
Біздің қайсымыз каннибал емеспіз? Дұрысында, ауыр күндерге қам
жасап, өз ұрасында арық миссионерді тұздап қойған Фиджи
аралындағы адам жегішке, осынау қор жиғыш сақ жабайыға, деймін
мен, Ақирет күнінде, қаздың ісінген бауырынан pate-de-foie-qras'
таңдаулы тағамын жеп тойлау үшін едендегі қаздарды тепкілейтін
мəдениетті һəм сауатты тамақ талғағышым, сенен гөрі оңайырақ
болады.
Міне, Стаббты алайық, ол китті соның өз майымен жарық түсіріп
жейді, солай емес пе? Сонысымен өз қарекетінің қатыгездігін тек
зорайта түседі, солай ғой? Олай болса, өз пышағыңның сабына көз
қиығыңды сал, сиыр жаясының қуырдағын асаушы менің өркениетті
һəм оқымысты мешкейім, ол неден жасалған екен? Қазір өзің жеп
отырғанның туған бауыры болып келетін өгіздің сүйегінен емес пе? Ал
мына семіз қазды шайнап болғасын тісіңді немен шұқисың? Нақ сол
құстың қауырсынымен. Ал, Ата қаздар- мен Қатынастағы Қатыгездікке
қарсы Күрескерлер Қоғамының хатшысы ресми жарлықтарды қандай
қаламмен жазушы еді? Тек болат қаламұштарды пайдалану жөніндегі
қарарды бұл Қоғам бар болғаны бір немесе екі ай бұрын ғана
қабылдады ғой.
LXVI тарау
АКУЛА ҚЫРҒЫНЫ
Өлтірілген кашалотты ұзақ əуре-сарсаң, ауыр бейнетпен кемеге
арқандап байлаған соң, əдетте, Күнгей теңіздерде ұшаны мүшелеп
союға бірден кіріспейді. Бұл төтенше қиын жұмыс; оған айтарлықтай
көп уақыт кетеді əрі команданың түгелдей қатысуы талап етіледі.
Міне, сондықтан да кең таралған бір ғұрып бар: мұндай жағдайларда
барлық желкендер түсіріледі, штурвал жел жағынан бекітіледі жəне
барша жұрт түні бойы "зəкірлік" кезекте тұру шартымен төмендегі
кереуеттеріне жіберіледі, яғни бүкіл команда əрбір сағат сайын жұпжұбымен ауысып, палубадағы тəртіпті кезектесіп бақылайды.
Бірақ кейде, əсіресе Тынық мұхиттың экваторлық айдындарында
бұл ғұрыптан бас тартуға тура келеді, өйткені, байлаулы кит
мүрдесінің қасында акулалар қосынының қисапсыз көп жиналатыны
сонша, егер оны, айталық, алты сағатқа осылай қалды.Қаз бауырынан
жасалған паштет (фр.).
Баратын болса, таңертең кеме жақтауында киттің қу сүйегі ғана
бұлғақтап тұрар еді. Рас, бұл балықтар мұншалықты мол
мекендемейтін, мұхиттың басқа атыраптарында өткір фленшерлік
күректерді суда күшпен шайқап, олардың жалмауыз обырлығын
əжептеуір тежеуге болады, дегенмен де, жекелеген жағдайларда бұл
тəсіл оларды тек құтыртып, ерегестіріп жібереді. Бірақ бұл жолғы іс
жайы басқаша еді; мұндай сүргіндерге дағдыланбаған адам жүрегі
дауалап, түнде "Пекодтың" сыртына қарар болса, теңіз оған акулақұрттар құжынап жүрген бір алып ірімшік бас болып көрінер еді.
Сондықтан, Стабб кешкі асын ішкен соң зəкірлік кезекті
тағайындап, оның бұйрығы бойынша палубаға бір матроспен Квикег
көтерілген кезде акулалар арасында үрей-дабыра туды, себебі,
теңізшілер бірден жақтау сыртына ұшаны бөлшектеу үшін жалпақ
сөрелер мен бұрқанып бұрқылдаған суға ұзын жолақ жарықтарын
түсірген үш май шамды салбыратып іліп қойды, сөйтіп, ұзын
фленшерлік күректерін оңды-солды сілтеп, акуланың жалғыз осал
жері - бастарынан сойылдап ұрып, акулаларды қырып - жоя бастады.
Бірақ үйме-жүйме, иреңдеген балықтардың көбікке бөккен астанкестеңінде аңшылар нысанаға ылғи дөп тие де бермейді, осы арада
осынау хайуандардың күллі қанқұмарлығы тіптен айқынырақ көрінді.
Олар селебе ақтарып түсірген көршісінің ішек- қарнын талапайлап
жұлмалап қана қоймай, жараланғандарының өздері майысқақ садақтай
иіліп келіп, өзінің ішек-қарнын созғылап жеп жатты, ендеше, үңірейген
жарадан сол арада қолма-қол қайтадан түсіп қалып жатқан өзінің қанжынын бір акула қатарынан көп рет шайнамай қылғытып жұтты. Бұл
аз болса, бұл тағы хайуандардың өліктері мен елестерінің өзі де аса
қауіпті. Олардың шабылған мүшелері мен сүйектерінде, сірə, жеке
акуланың демі таусылғаннан кейін де қалып қоятын əлдебір тылсым,
құдіретті өмір қуаты жасырынатын болса керек. Өлтіргеннен кейін
терісін сыдырайын деп палубаға көтерген акулалардың бірі оның
қанқасап жағының сірескен қақпағын жабуға əрекеттенген кезінде
байғұс Квикегті қолынан айыра жаздады.
- Акуланы қандай құдай жаратты, Квикег білмейді, - деді ауырған
қолын сілкіп, бетін тыржитқан жабайы. — Мүмкін, Фиджи құдай,
мүмкін, Нантакет құдай; тек сол құдай қарғыс атқан үндістің өзі.
LXVII тарау
ҰШАНЫ СОЮ
Мұның бəрі сенбінің түнінде болған уақиғалар, ал содан кейін
қандай жексенбі келді десеңізші! Барлық кит аулаушылар - қызмет
бабында — жаратушының Қасиетті мерекелерін бұзушылар.
Ақсарғыш "Пекод" қасапханаға, əрбір теңізші қасапшыға айналды.
Сырттан қарағанда біз бордақыланған он мың өгізді теңіз құдайларына
құрбанға шалып жатқандай боп көрінер едік.
Ең алдымен, əр түрлі арбиған заттардан басқа, жасыл түске боялған
һəм бір адамның шамасы келместей ауыр тұтас бума шығырлардан
тұратын ұша бұзғыш үлкен жүк көтергіштер орнатылды; бұл бір шоқ
жүзім грот-мачтаның қарауылханасына дейін көтеріліп, палуба
үстіндегі ең сенімді жер - бас діңгекке бекітілді. Күллі осы шымшытырықтың арасынан өткізілген болат арқанның ұшы содан соң
жоғарғы шығырға жалғастырылып, ал алпамсадай төменгі шығыр тура
киттің үстінде салбырап тұрды; бұл шығарға жүз фунт тартатын
жуантық темір ілгек бекітілді. Сөйтіп, міне, жақтау сыртындағы
жалпақ, аспалы бесік-сөрелерде шайқатылып, ұзын күректермен
қаруланған көмекшілер Старбек пен Стабб ұшада бүйірдегі жүзгіш
қанаттың үстінен ілгекті іліндіретін шұңқыр оя бастады. Бұдан кейін
шұңкырдың қасында кең жарты шеңбер шабылып, ілгек салынады,
содан шығырдың маңында топырлаған бүкіл команда əлдебір жабайы
қайырманы барқ етіп, тартуға кіріседі. Сол сəтте кеме бір жағына
жантая бастайды; аязды түнде қаусаған ескі үйдің қабырғасынан
түскелі тұрған шеге сияқты, оның қаңқасындағы əрбір бұрандаға жан
бітеді; кеме дірілдеп, қалтырап, шошынған мачталарымен аспанға
еңкеңдеп иіледі. Ол барған сайын қаттырақ жантайып, сонымен қатар
ыңыранған шығырдың əрбір жұлқуына, ақыр соңында сатыр-сұтыр
еткен шалт дыбыс шыққанға шейін дөңбекши тулаған толқындарын
көмекке жібереді; кеме қатты шалп етіп түзеледі, сөйтіп, ілгектер
жарты шеңбер етіп жұлынып алынған майдың бірінші қабатын
салтанатпен сүйрете, жақтау сыртынан жүк көтергіш көрінеді. Китті
май қабаты тура апельсин қабығындай орайтындықтан, оны да құдды
апельсин сияқты, қабығын шиыршықтап сыдырып тазалайды. Шығыр
үздіксіз айналып тартады, осы күш китті суда шыр көбелек айналуға
мəжбүр етеді; май қыртысы одан өне бойы Старбек пен Стабб
күректерімен жасап тұрған тіліктер бойынша тегіс жолақпен
сыдырылады; осылай тарқатыла отырып, ұша грот-мачтаның ұшар
басына жеткенге шейін осы жылдамдықпен жоғарыға бірқалыпты
көтеріле береді; матростар шығырды айналдыруды тоқтатады, себебі,
енді қаны тамшылаған толағай дене құдды аспаннан салбырап түсіп
келе жатқандай шайқалақтай бастайды, жұрттың бар есіл - дерті одан
дер кезінде жалтарып кетуге ауады, əйтпесе, ол құлағыңнан тұндыра
соғып, байқамасаң, жақтаудың сыртына қас қаққанша ұшырып
жібереді.
Міне, қолына фленшерлі семсер деп аталатын ұзын əрі өткір қару
ұстап, алға гарпуншылардың біреуі шығады, сөйтіп, бір оңтайлы сəтін
тауып, шайқалақтаған ұшаның төменгі жағынан əбжіл ептілікпен
үлкен шұңқыр ойып түседі. Бұл шұңқырға екінші зор шығырдың
ілгегін салып, май қабатын қармап іліктіріп алады. Бұдан соң
семсерші-гарпуншы жұртқа əрірек тұрыңдар деген белгі береді,
семсерін шеберлікпен секіре сермеп, бірнеше күшті қиғаш соққымен
май қабатын екі бөлікке шауып түсіреді; сол себептен де енді төменгі
кысқа бөлігі əлі бөлінбеген, ал "жабу" деп аталатын жоғарғы ұзын
бөлігі ілгекте еркін бұлғақтап, төмен түсуге дайын тұр. Тұмсықтағы
шығырдың қасындағы матростар өздерінің əндерін қайтадан іліп
əкетеді, əзірше бір шығыр киттен майдың екінші қабатын тартып
сыдырып жатқанда, екінші шығыр шыжымдап ақырын босатып
отырады, сөйтіп, бірінші қабат май астында "кит майының камерасы"
деп аталатын бос каюта орналасқан бас люк арқылы тура төмен
кетеді. Бірнеше епті қолдар осы күңгірт бөлмеге "жабудың" ұзын
жолағын тықпалап өткізіп, ол онда құдды ирелеңдеген жыландардай
шумақталып, дөңгелене шиыршықталып қалады. Жұмыс осылай
жүреді: бір шығыр жоғарыдағы тартады, екіншісі төменге сүйрейді;
кит пен шығыр зырылдап айналады, матростар шығырдың қасында əн
шырқайды; "жабу" иреңдеп, "кит майының камерасына" жөнеледі;
капитанның көмекшілері майды күректермен кескілеп шабады; кеме
салдырлап шашылып қалардай қалт-құлт етеді, кеме үстіндегі əркім-ақ
жұмыстың жақсы жүруі үшін маймен сылағандай етіп мықты бір сөзді
əйтеуір тұздықтап жіберуге қалайда əзір тұрады.
LXVIII тарау
ЖАБУ
Кезінде мен осы қарғыс атқыр мəселеге - кит терісіне аз көңіл
бөлген жоқпын. Осы тақырыпты қаузап, теңіздердегі тісқаққан кит
аулаушылармен əмбе құрлықтағы табиғатшы-ғалымдармен көп
əңгімелестім. Сонда менің бастапқы пікірім бұлжымай сол қалпында
қалды; рас, ол менің тек жеке пікірім ғана.
Мəселенің мəнісі мынада: кит терісі дегеніміз не жəне ол қай жерде?
Оқырман май қабаты жайында біліп алды. Бұл қабат туралып
кесілгенде жіңішке талшықты қатты сиыр етін еске түсіреді, бірақ ол
неғұрлым қаттырақ, серпімді əрі тығыз, ал оның қалыңдығы сегіз жəне
он бес дюйм арасында ауытқып тұрады. Тіпті, жануардың терісінің
құрылымы мен қалыңдығы осындай болады деген ойдың өзі бізге
алғашында қисынсыз боп көрінгенімен, бұл, шындығын айтқанда, оны
өлі теріске шығара алмайды; гəп мынада: кит ұшасында басқа тығыз
бүркеніш жоқ; сайып келгенде, жануардың терісі дегеніміз
айтарлықтай тығыздықтағы сыртқы бүркеніші емей немене? Рас, өлі
киттің зақымданбаған денесінен жібектей жұмсақ əрі нəзік,
желатиннің аса жұқа қабатына азырақ ұқсаңқырайтын шексіз жұқа
мөлдір үлдірікті қолмен сыпырып қырып алуға болады; бірақ оны ол
кепкенге дейін алып үлгеру керек, əйтпесе, ол жиырылып, қалыңдап,
қатты əрі опырылғыш боп қалады. Менде осындай кептірілген
бірнеше үзіктер бар, мен оларды киттер туралы кітаптармен жұмыс
істегенде бет белгілегіш ретінде пайдаланамын. Бұдан бұрын да
айтқанымдай, бұл мөлдір зат, мұндай үзікті кітаптың бетіне қойып,
мен кейде өзімді ол əріптерді кішкене үлкейтіп көрсетеді деген ойға
жетелеймін. Қалай болғанда да, кит жайында, былайша айтқанда,
оның өз көзəйнегі арқылы оқу жанның бір рақаты емес пе. Осының
бəрін неге тəптіштейді дейсіз ғой? Шын мəнінде киттің бүкіл денесін
жабатын желатин тəрізді қоймалжың затты жануардың өзінің терісі
ретінде емес, дұрысында, оның терісінің терісі ретінде қарастырған
лəзім, өйткені, кит сынды алыптың шын терісі жаңа туған нəрестенің
терісінен де жұқарақ əрі нəзігірек деп пайымдау əншейін күлкілі болар
еді. Жə, мұны қоя тұралық.
Май қабаты киттің терісі екенін мойындауға тура келеді; егер осы
тері үлкен кашалотты сойған кезде жүз күбіге шейін кит майын
беретінін ескерсек; егер осы сыдырылған күйіндегі кит майы салмағы
жөнінен бүкіл кит қабығының төрттен үшінен артық болмайтынын
есімізде ұстасақ, — онда сыртқы бүркенішінің тек бір бөлігі ғана ұшантеңіз сұйық зат беретін осынау жанды тау- толағайдың ғаламат
зорлығы туралы қандай да бір түсінік алуға болады. Егер он күбіге бір
тоннадан келеді десек, біз он тонна таза салмақ аламыз, ал соның өзі
бір кит терісі салмағының небары төрттен үш бөлігі ғана болады.
Тірі кашалот ұшасының көзге шалынған үсті оның көп
кереметтерінің бірі. Ол əрдайым дерлік өзіміз итальяндық тамаша
сызбалы ою-өрнектерден көріп жүргендей, қиғаштай қиылысқан
қисапсыз түзу жолақтарға толы болады. Бірақ бұл айқыш-ұйқыш
сызықтар жоғарыда айтылған желатин қабатының үстінен жүрмеген,
тура денеге өрнектелген олар соның арасынан қылаңытып көрініп
тұрады. Бұдан басқа да жайлар бар. Кейде жалт еткен зейінді жанар
сызба-сызықтардың арасынан нағыз ою-өрнектегі сияқты əлдебір
басқа сұлбаларды шалады. Бұл сұлбалар иероглифтерге ұқсайды;
менің айтайын дегенім, егер пирамидалардың қабырғаларындағы
жұмбақ өрнектер иероглифтер деп аталса, бұл арадағы ең оңтайлы сөз
де осы. Мен бір кашалоттың үстіндегі иероглиф шимайларын
зердемде жақсы сақтап қалғам, содан соны Жоғарғы Миссисипидің
əйгілі иероглиф жартастарында қашалған көне үндіс жазуларын
көшірмелеген
суреттен
əлдеқалай
ұшыратқанымда
қатты
таңырқадым. Осынау жұмбақ тастар тəрізді, тылсым таңбалы кит
жұмбағы да əлі күнге шейін шешілмеген күйінде қалып отыр.
Айтқандай, бұл үндіс жартастары менің есіме тағы əлденені
түсіргендей. Кашалотта болатын барлық басқа кереметтерден тыс, біз
көбінесе оның арқасында жəне əсіресе бүйірлерінде түзу сызықты
шимайлар айдақ-сойдақ кездейсоқ қисық сұлбалардың қисапсыз
əжімді сызаттарының астында жасырынғанын көреміз. Менің ойымша,
Агассистің пайымдағанындай, қалқымалы алып мұзтаулармен
соқтығысқан таңбаларын сақтаған Жаңа Англияның жағалау
жартастары, міне, менің ойымша, сол жартастар бұл тұрғыда
кашалоттарға өте-мөте ұқсас. Сондай-ақ, мен кит өзіне басқа
киттермен арадағы қақтығыс шайқастар нəтижесінде сызат түсіреді
деп болжалдаймын, себебі, бұл сызаттарды көбіне-көп үлкен де ересек
тарлан киттерден жиі байқаймын.
Киттің терісі, дəлірек айтқанда, майлы бүркеніш қабығы жайында
тағы бірнеше сөз. Оны кит ұшасынан "жабу" деп аталатын ұзын
жолақтар түрінде сыдырып алатынын бұдан бұрын айтқанмын. Теңіз
сөздерінің көпшілігі сияқты, бұл атау да өте дəл əрі сəтті. Өйткені, май
қабаты да, құдды жабу немесе көрпе сияқты, əйтпесе, дəлірек айтқанда,
басынан киіліп, құйрығына дейін жететін үндіс пончо-жамылғысы
сияқты, шын мəнінде китті орап - шымқап, құндақтап бөлеп қояды. Нақ
осы жылы жабудың арқасында кит кез келген ауа райында, кез келген
ендікте, жыл он екі ай мен күн тəулігінің кез келген мезгілінде өзін
тамаша сезінеді. Үстінде жылы бешпенті болмаса, айталық,
Гренландия киті Терістіктің үскірік, мұзды теңіздерінде не күйге түсер
еді? Рас, осынау солтүстіктің дүлей желі ескен суларда айтарлықтай
өжет басқа балықтар да бар; бірақ, айта кетейік, олардың бəрі өкпелері
жоқ, салқынқанды балықтар, қарны қарын емес, əншейін тоңазытқыш
дерлік балықтар; жолаушының қонақ үйде камин алдында
жылынатынындай, мұзтаудың түбінде жылынып жүре беретін жып жылмағай мақұлықтар; ал кит болса, адам тəрізді, өкпесі мен ыстық
қаны бар. Егер қаны қатып қалса, ол өледі. Тағы сондай таңғаларлык
бір жай, — əлбетте, сіз əлі дұрыс түсінік алып үлгермесеңіз - дененің
жоғары ыстығы адамға қандай қажет болса, ол мына алып құбыжыққа
да сондай қажет; оның мұздай арктикалық суда төбесі ғана қылтиып
бүкіл өмірін өткізетіндігі қаншалық таңғаларлық болса, кеме
жақтауынан құлап кеткен бақытсыз теңізшінің денесін сол судан кейде
көп айлар өткен соң, янтарьдан табылған шыбын сияқты, мұз
алаңының қалың қабатына тікесінен қатып қалған жерінен тауып алып
жатады. Бірақ та егер мен, тəжірибе көрсеткеніндей, жаздың
аптабындағы Борнео тұрғынының қанынан поляр китінің қаны
ыстығырақ екенін айтсам, сіз онан бетер таңданар едіңіз.
Осы біз ғаламат өмірлік қуаттың, қалың қабырғалар мен кең
құрсақтың айрықша артықшылықтарын көрнекі түрде қай жерден
көре аламыз деп ойға қаламын мен. О, адам! Таңырқа да китке ұқсауға
тырыс! Мұздар арасында сен де өз жылуыңды сақта. Сен де бұл
дүниеден сол сияқты басқа бір өлімнен келгендей болып өмір кеш.
Экваторда қызбаланба, полюсте қан айналымыңды саябырлатпа.
Əулие Петр шіркеуінің ғажайып күмбезі тəрізді һəм құдіретті кит
тəрізді, о, адам, кез келген ауа райында өзіңнің ыстығыңды сақтай біл,
жылуыңды жоғалтпа! Мұндай ақыл-кеңестер беру неткен оңай, неткен
мəнсіз десеңізші! Адам қолымен орнатылған ғимараттар ішінде Əулие
Петр күмбезіне ұқсас күмбезі барлары сонша көп пе! Құдайдың
жаратқандары ішінде үлкендігі жөнінен китке теңдестері сонша көп
пе!
LXIX тарау
ЖЕРЛЕУ
Шынжырларды босатыңдар! Ұша жақтау сыртына түсірілсін!
Алпамсадай жүк көтергіштер өз шаруаларын атқарып берді. Басы
кесілген киттің жыртылып-жұлмаланған ақшыл тұлғасы құдды
мəрмəр құлпытастай жалтырайды; ол реңін өзгертті, бірақ көзге
кішірейетін емес. Ол бұрынғысынша зор. Оны кемеден барған сайын
аулақ алыстатып əкетеді, маңындағы су бұрқылдап қайнап, тойымсыз
акулалардың шоршуынан шалпылдайды, ал оның үстіндегі ауада
қиқушыл құстардың қанаттары тынымсыз суылдап, олардың
тұмсықтары кит бүйіріне сансыз сатқын қанжарларша қадалады.
Осынау ғаламат үлкен, бассыз ақ елесті неғұрлым аулаққа əкеткен
сайын теңіз бетіндегі акулалар мен су үстінде бұлттай үйірілген құстар
көтерген дүлей күріл-сарыл мен даңғаза шу соғұрлым күшейе түседі.
Бір орында қалқыған кеме палубасынан біз осы жексұрын көріністі
бірнеше сағат бойы көріп тұрдық. Шайдай ашық мейірлі аспан
астындағы ерке самалмен аяланған жылы теңіздің айнадай
жарқыраған айдынында осы ажал ұшасы ақыры шексіз қиырға сіңіп
жоғалғанға шейін қалқып жүзе бермек, жүзе бермек.
Осыдан шерлі көрініс болуы мүмкін бе, осыдан мазағы басым
қорлық болуы мүмкін бе? Жүзбелі құзғындар жерлеуге зор ықыласпен
аза тұтып келді, əуе акулалары да жиналды, бəрі де қара жамылған
немесе, тым құрыса қара дақтары бар. Мен ойлаймын, кит тірісінде
пəлеге ұшыраса солардың қол ұшын беретіні кем де кем болар еді;
бірақ оның асына олар асқан тəупиқтылықпен шар тараптан ұшып
келіп жатты. О, біздің планетамыздың қара құзғындары, тіпті, ең алып
кит те сендерден құтыла алмайды.
Бірақ бұл əлі де ақыры емес. Қорланған мүрдеде содан соң , ұзақ
уақыт бойы кекшіл аруақ айналсоқтап, үрей тудырып, үстінде ,ұшып
жүреді. Алыстан əлі құс топырын аңдамаған, бірақ күн сəулелі
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
  • Parts
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 01
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2594
    28.1 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 02
    Total number of words is 4196
    Total number of unique words is 2323
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 03
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2510
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    49.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 04
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2357
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 05
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2447
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 06
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2223
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 07
    Total number of words is 4286
    Total number of unique words is 2247
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 08
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2331
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 09
    Total number of words is 4042
    Total number of unique words is 2154
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 10
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2324
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 11
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2399
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.0 of words are in the 5000 most common words
    46.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 12
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2361
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 13
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2452
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    47.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 14
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2468
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 15
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2406
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.4 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 16
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2366
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2413
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.4 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 18
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2141
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 19
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 20
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2148
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 21
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2419
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    46.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 22
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2394
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 23
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2329
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 24
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2371
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 25
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2302
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 26
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2363
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 27
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2363
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 28
    Total number of words is 4140
    Total number of unique words is 2102
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 29
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2418
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.2 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 30
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2357
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 31
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 2421
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 32
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2468
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.1 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 33
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 34
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2398
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    40.7 of words are in the 5000 most common words
    46.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 35
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2296
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    39.9 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 36
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2367
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 37
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2270
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 38
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2369
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 39
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2288
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 40
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2296
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 41
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2382
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 42
    Total number of words is 4083
    Total number of unique words is 2029
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 43
    Total number of words is 4253
    Total number of unique words is 2263
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 44
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2282
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    32.2 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Моби Дик немесе Ақ Кит - 45
    Total number of words is 2966
    Total number of unique words is 1844
    20.2 of words are in the 2000 most common words
    28.6 of words are in the 5000 most common words
    35.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.