Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 44

Total number of words is 4318
Total number of unique words is 2178
35.6 of words are in the 2000 most common words
50.0 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Үстінде мерекеде киетін сəнді көйлегі бар. Əлдебір түйіншектің аузын
шешіп, ондағы əртүрлі заттарды өзі ғана қызыға қарап отыр. Бірақ бір
нəрседен көңілі қалып, түңілгендей кейіппен оларды кейін ысырып қояды.
Ол Бьяртурға бұрылып қараған жоқ. Осыдан бір минөт қана бұрын бір
түрлі мақтанышпен маңғаздана түсіп, көңілді отыр еді, енді ұнжырғасы
түсіп кеткендей түнере қалды - манадан күтіп отырған қуанышы су
сепкендей басылды.
- Шамның майын сонша шығындаудың не керегі бар осы?! - деді де,
Бьяртур оның білігін жарықты екі рет кем беретіндей етіп бұрап қойды.
Брунья, өзінің үйреншікті əдетіне қарамай, еш нəрсе деп үн қатпады.
Тек біраз уақыт өткенде барып, оның ақырын ғана өксіп-өксіп жылағаны
естіліп жатты. Бьяртур бəтіңкесінің бауын ағыта бастады. Брунья печенье
сыйлаймын дегенше тез шешініп, мамық көрпені басынан асыра жамылған
бойда үн-түнсіз жатып үлгерермін деп ойлады. Ол Брунья жаққа көз
салудан қашқақтады. Бірақ оның мына қылығы туралы сан түрлі ойға кетті.
"Мынау өзі есінен адасқаннан сау ма?" деп ойлады. Қашан көрсең де ақылесі бүтін əйел сияқты емес пе еді?! Қарап тұрсаң, желігі басылмаған жас
əйел емес. Бірақ сөйте тұра оған осынша ысырапшылдық пен жеңілтектікке
барудың не қажеті бар еді? Өмір бойы тірнектеп жиған-терген қаржысын
орынсыз шашып-төгіп жұмсаудан барынша тартынып, сараң мінез
танытып келген, жеке басының мұқтажына жылына бір рет бір фунт
печенье сатып алудан өзге артық шығын жасай қоймайтын əйелдің
мұнысын қалай түсінуге болады? Енді, міне, Бьяртурдың үйіне, ескі үйіне
де емес, жаңа үйіне неше түрлі тауар түрлерін үйіп-төгіп, артыныптартынып алып келгеніне сүйсіне қуанып, мəз-мейрам болу орнына
түсініксіз таң қалған сезімде қалғаны үшін көңілі қабыржып, бір түрлі
бұртиып отыр. Əрине, ол өз ісіне шын берілген, мейлінше адал əйел, тіпті
де мақтаншақ бөспе емес. Оны ешқандай жамандыққа қимайсың, оған бір
ауыз артық сөз айтудың өзі де ретсіз. Тек өткен жылы оның өзіне қатысы
жоқ іске бір рет орынсыз киліккені ғана бар. Өзі дене бітімі келісті, тұлғасы
жарасымды, бойында күш-жігері жеткілікті, қызыл шырайлы жүзі де
сүйкімді, тəні де көз тартарлық əйел Егер көзіне сəнді қара көзілдірік кигізе
қойсаңыз, Редсмириде осыдан бірнеше жыл бұрын күш-жігері толысып,
нағыз кемеліне келген фрудың тап өзі сияқты болып шыға келетіні
күмəнсіз. Түр-тұлғасы көрнекті де келісті. Бас бəйбішенің өзіне ұқсайды.
Оның үстіне, Брунья үсті-басына кір жуытпайтын. Тазалықты өте-мөте
жақсы көреді. Оның жыртығы бар киім киіп жүргенін де көре алмайсыз. Үй
жинағанда сыпырынды қоқыр-соқырды бір бұрышқа үйіп, қалдыра
салмайды. Тағамды да дəмді пісіреді. Жұмыс істеуден жалықпайды, көңқоқырды күн демей, түн демей таси беруге бар. Оның төсекте жатып алып,
нəуетектенетін, əлдебір маңызды бəйбіше сияқты қылық көрсететін əдеті
жоқ. Оның үстіне, едəуір дəулетті -банкке салып қойған ақшасы, капиталы
бар. Рас, сары биесі тым ойнақшып тұратын сергек жылқы емес. Биенің
аты қашан да бие ғой. Ал Бруньяның кереуетінің өзі неге тұрады десеңші!
Ондай келісті кереует көздің жауын алады. Бьяртурдың жаңа үйіндегі ең
тамаша зат сол ғана. Бəлкім, ондай жұмсақ төсекке Редсмиридегі бас
бəйбішенің өзі де жатып көрмеген шығар, сірə?..
Жоқ, шамасы, Бруньяның бұл жолы Бьяртурға печенье ұсынғысы
келген ниеті болмаған-ау. Бірақ ол екі қолын екі тізесінің үстіне салып,
кереуетінің үстінде ұзақ отырды. Істейтін жұмысы жоқ кезде бұл екі
қолдың да дəрменсіз көрінуі кісі таң қаларлық нəрсе еді. Бьяртур жартылай
жарықта оған қайта-қайта көз жүгіртіп жатты.
Бруньяның жүзінде əлдебір қара көлеңке жүгіріп өткендей болды.
Ақырында ол өзінің сатып əкелген базарлығының бəрін де бір жерге үйіп
қойды да оларды енді ешқандай қажеті жоқ нəрселер сияқты бір-бірімен
араластыра сандыққа сала бастады. Сөйтті де ақырын ғана бір күрсініп
алды. Төсектің үстіндегі жамылғыны алып, үйреншікті əдетімен мұқият
бүктеп былай қойды. Қызыл шаршылы əдемі тыспен қапталған мамық
көрпе мен аппақ қардай ақжайманың бір шетін ысыра көтеріп ашты да,
кереуетің шетіне отырып, шешіне бастады. Əне ол көкірекше лыпасының,
кеудеше көйлегінің түймелерін ағытып, белдемше көйлегін шешті. Оларды
мұқият жинастырып, бүктеген қалпында сандыққа салды. Енді оның
үстінде өзі қолдан жүннен тоқып киген қалың іш көйлегі ғана қалды.
Денесіне қонымды киімдерін шешіп тастағаннан кейін оның тұлғасы
толыса түсіп, жайылып сала бергендей болып көрінді. Ерекше мықты,
қайратты бөксесі бұлт-бұлт етіп, икемді қимылдайды, шамасы, оның бала
туу қабілеті əлі де сақталған сияқты. Қуатты қос тізесі мен екі саны жалтжұлт етеді, мойны жұп-жұмыр əрі мықты. Төсі əлі де бой жеткен қыздың
төсіндей - қос алмасы кеудесін серіппедей керіп, дір-дір етеді. Ол енді іш
көйлегін де шешті. Иə, бұл нағыз алып əйелдің тап өзі екен. Бірақ
Бьяртурдың өзі де ешкімнен кем емес, алып азаматтың бірі емес пе? Екі
иығына екі жігіт мінгендей, кең жауырынды. Оның алып кеудесі зіл батпан
салмақты көтеріп кете беретіндей. Брунья түнде төсекте жатқанда киетін іш
көйлегін киіп болғаннан кейін ғана шамды өшірді. Ол жата бере кереует
сықырлап қоя берді.
Бьяртур көпке дейін ұйықтай алмады. Бір бүйірінен екінші бүйіріне
қайта-қайта аударылып, дөңбекши берді. Манадан бері қорылдап жатқан
ұлының ұйқысына қызықты. Өзіне ұйқы бермей, мазалаумен болған
қайдағы бір пайдасыз тəтті қиялдарға берілгеніне өзіне-өзі ызаланып,
кейбір балағат сөздерді де ақырын ғана бірнеше рет қайталады. Енді оның
нағыз таза темекі шеккісі келді! Бірақ ондай темекені дəл қазір қайдан таба
қоясың! "Қарғыс атқыр" "халықтық қазына", - деп ойға шомды ол. - Қарғыс
атқыр несие беретін касса, қарғыс атқыр жаңа үй!" Бұл жаңа үйде əлдебір
жеркенішті жаман иіс бар - Бьяртур өзін содан тұншығып өліп қалатындай
сезінді. Егер тап қазір мына сайтан алғыр "халық қазынасының" орнына
аздаған нағыз темекі болса ғой! Енді не істеу керек? Бұрынғының
адамдары "Ұйқың қашса, өлең оқы!" деп кеңес береді екен Бұл да əлдебір
өлеңді міңгірлеп оқуға кірісті:
Қасірет емі - улы ішкілік.
Ұзақ таңға жан қиналып,
Азап шектім - іштім оны!
Ұлылардың улы балын
Сіміреді сондықтан да
Шерге толы менің жаным.
Осыдан кейін Бьяртурдың ойына қайдағы бір əдепсіз ұят сөздерге толы
өлең жолдары бірінен соң бірі орала берді, орала берді. Олар аса күрделі
келісті ырғақтармен жазылған жақсы өлеңдердің өздерін де есінен
шығарып, аузына түсірмей қойды.
Бөлмеде жатқандардың бəрі де əлдеқашан ұйықтап қалды. Ал
Бьяртурдың көзі ілінбей-ақ қойды, төсекте дөңбекши берді. Ол махаббат
мұңына беріліп, қатты қажығандықтан біраз былапыт сөздерді де айтып
жіберді. Тағы да нағыз темекіге аңсары ауып, шыдамы таусылайын деді.
"Сайтан алғыр түге! Ауыз үйге шығып, темекі тақтасының бір бөлігін
сындырып алып, шайнап-шайнап, сілекей сөлін жұтқаннан басқа амалым
жоқ. Жаным сонда ғана жай табатын шығар!"
Ол дамбалын тарта киіп, дыбыс шығармауға тырысып, төсектен ақырын
ғана түсті де, аяғын көн кебісінің басына сұқты. Бірақ күзгі түнде бөлменің
іші көзге түртсе көргісіз тас қараңғы. Ал мұның тезірек есікке жетуі керек.
Есікке бара жатқан жолында оның қолына домаланған əлдебір кіші шар
тəрізді бір нəрсе ілікті. Апыр-ай, бұл не болды екен? Қолын одан əрі соза
беріп еді, Бруньяның бет-жүзіне ілікті. Шамасы, əлгі шар тəрізді нəрсе
мұның кереуетінің бас жағындағы əшекейлі оюдың бірі болуы керек.
- Бұл кім? - деген сыбыр қараңғыдан анық естілді.
- Мен сені ұйқыңнан оятып жібердім бе? - деді Бьяртур, оны əлдеқашан
ұйықтап қалған болар деген ойынан қайтпай.
- Бұл сенің өзің бе? - деп сыбырлады Брунья.
Осы кезде оның кереуеті сықыр ете қалды. Шамасы, Брунья бұған қарай
аунап түсіп, бұрылған болуы керек. Енді ол орнынан көтерілмек те еді.
- І-ім, - деді Бьяртур. - Жо-жоқ. Əуре болма!
Бьяртур қараңғыда кереуеттің бойымен қармалай сипап жүріп,
ақырында есікке жетті-ау əйтеуір. Оның мұрнына қымбат бағалы əрі дəмді
бакалея тауарларының хош иісі келді. Өзінің темекі іздеп шыққанын
ұмытып та кетті. Енді ойынан шықпай қойған бір-ақ нəрсе болды. Ол мұның үйіне бөтен бір əйелдің осыншама тауар сатып əкелгені. Сонда
Бьяртурдың кім болғаны: ит пе, құл ма? Масқара! Мұның үйіне, бөтен
біреудің несібесі бірінші рет əкелінді.
Бьяртур аулаға шықты. Жаяу бұрқасын соғып тұр екен. Күн өте суық.
Бірақ ол мұны сезетін емес. Учаскенің бір бұрышында жеңіл-желпі
шаруасын бітіріп алып, көн кебістің басын қоңылтаяқ кие салған бойы
жұқа дамбалмен тұра берді. Үйдің ішін қаптаған зəк пен кірпіштің қолқа
қабар ауыр иісінен кейін даладағы таза ауаны құшырлана рақаттанып
жұтты. Жаңа үйдің ауасы шын мəнінде өте ауыр, денсаулыққа жағымсыз
еді. Өзіне де обал жоқ - осы үйді салып несі бар еді?!
Міне ол таза ауа жұтып, біраз тұрған соң денесі тоңазып сала берді.
Енді ұйықтау керек. Ол үйге қайтып оралды, бес текпішекті қараңғыда
қабырғаны қармалап сипай жүріп, ауыз үйге кірді. Мұрнына бакалея
тауарларының иісі тағы да келді - қолма-қол нақты ақшаға үйіп-төгіп
молынан алып келген тауарлардың аңқыған хош иісі. Жоқ, мұның үйіне
бөгде біреудің несібесін кіргізудің алды да, арты да осы болуы тиіс.
Таңертең Бьяртур əдеттегісінен де ерте тұрды. Сыртқа шығып, едəуір
жұмыс істеп, қайнаған ыстық су ішу үшін үйге кірді. Брунья бұған үлкен
ыдыспен кофе ұсынбақ. Дəмді сусынның бұрқыраған хош иісі мұрын жара
бастады. Шынын айтқанда, Бьяртурдың бұрынғы əйелдерінің бірде-біреуі
кофені Брунья сияқты өте дəмді қайната алмайтын. Бьяртурдың пікірінше,
бұл өңірде кофені ең жақсы əзірлей алатын əйел - тек Брунья ғана. Мұның
пісірген тағамдарының бəрі де өте-мөте ерекше дəмді, аузыңнан сілекейіңді
шұбыртады. Қазір ол Бьяртурға сыртын беріп, теріс қарап тұр еді. Тек кофе
ұсынған кезде ғана қас-қағым сəтке бұрылып қарады. Айтпақшы, бұл өзі
Бьяртурдың "Қайырлы таң!" деген сөзіне жауап қатты ма? Мүмкін, бұл
бүгін "Қайырлы таң!" деген сөзді айтпаған да болар? Бьяртур кофе
құйылған ыдыстан көз алмай, едəуір үнсіз тұрды... Иə, ол кофені өте жақсы
көретін. Бірақ кофенің дəмін де татпастан, ыдысымен қоя салды да,
ешқандай тұспалдап сөйлемей- ақ, сөзінің турасын бірден айтты:
- Брунгильда, мен сенің бұл үйден біржола кеткеніңді қалаймын.
Брунья оған жалт қарады. "Біржола кеткеніңді қалаймын" деді ме?
Оның өңі əлі жас көрінетін, онша көріксіз де емес еді. Кəдімгі жас
келіншектің беті-жүзі сияқты болатын. Ол əлгі сөзден шошып кетіп,
Бьяртурға қадала қарап қалды.
- Сен менің байқауымша, ойлайтын болуың керек... - деп, əлдебір
нəрсені баяу былдырлап айтпақ болды да, кенет ол ойынан қайтып, ештеңе
демей қоя салды...
Алып-əйел бейне бір ауыр соққыдан жасқанғандай болып, бүрісе түсті,
өңі бұзылып сала берді. Ол беті-жүзін қос алақанымен жауып, кішкентай
қыз сияқты барынша дауыстап, өкіре жылап жіберді. Бьяртур есікті тарс
жауып, сыртқа өз жұмысына кетті.
Бұл күні Брунья күні бойы жылап, көлдеген көз жасын тыя алмады. Беті
ісіп кетті. Ақырында үн-түнсіз жүрді. Келесі күні ол біржола кетіп тынды.
ЖЕТПІС ЕКІНШІ ТАРАУ
МҰРАТТАР ЖҮЗЕГЕ АСҚАНДА
Ингольв Арнарсонның мұраттары шынымен-ақ ешқашан жүзеге асып
көрген жоқ па? Қалай жүзеге асқан жоқ! Оның мұраттары əрқашан жəне
барлық салада жүзеге асып келеді. Ауыл шаруашылығы туралы заң жүзеге
асты. Адамдар eгic көлемін арттырып, оны өңдегені үшін мол мөлшерде
сыйлықтар алып жатты. Тіпті аядай аз ғана жерді жыртқаны үшін де
бірнеше крона алды. Бетоннан салынған тамаша мал қоралары мен пішен
сақтайтын сарайлар үшін де сыйлық берілді. Қымбат бағалы
ауылшаруашылық машиналарын - тракторлар, соқалар, тырмалар, егін
оратын, шөп шабатын, тіпті іс тоқитын машиналар сатып алушыларға
ақшалай жəрдем көрсетілді. Көң сақтайтын цистерналар туралы мəселе де
оп-оңай шешілді - шаруаларға ондай тамаша цестерналар салып алуы,
тыңайтқыш қордалар құятын шұңқырлар қазып алуы үшін қаржы бөлінді.
Халық банкінде арнайы бөлім ашылып, ол деревняда тұрғын үйлердің
құрылысын саламыз деушілерге несие берумен болды. Альтингтің көптеген
депутаты құрылыс салуға несие беруді қамтамасыз ететін боламыз деп
берген уəделері үшін ғана сайланған-ды. Шаруаларға шынында да шамалы
ғана өсім пайызымен ұзақ мерзімді несиелер беріле бастады. Бірақ оларға
мынадай шарт қойылды: олар өздерінің жер учаскелерінде осы заманғы
ғажайып тұрғын үйлер салуға тиіс болды. Ол үйлердің қабырғалары
беріктігі күшейтілген бетоннан екі қабатты етіп қаланатын болуы керек. Ол
қабырғалардың беттері фанер тақталармен жабылуы шарт. Едендерге
линолеум төселуі тиіс. Су құбырлары тартылып, канализация, бір
орталықтан жылыту жүйелерінің іске қосылуы, тіпті электр жарығы
желісінің жүргізілуі міндетті түрде орындалуы қажет болды. Сапасы өте
жоғары үйлер ғана салу ұсынылды. Өйткені, тəжірибенің көрсетіп
бергеніндей, арзанға түсетін, нашар жабдықталған тұрғын үйлер мүлде
тиімсіз болады-мыс. Ақырында шаруалардың мол мөлшерде қарызға алған
несиелерінің төлем мөлшерін жүйелі түрде ұдайы кемітіп отыру туралы заң
да қабылданды. Иелігінде жері мол шаруалардың көктен іздегені жерден
табылғандай еді. Олар өздерін бақытқа бөленгендей сезінді - орасан мол
мөлшерде несие-қарыз ала алатын болдық деп қуанды. Тұтынушылар
қоғамының ісі оңға басып, барған сайын күшейе түсті. Олар бауырластық
негізде құрылған сауда кəсіпорындары болғандықтан бұрын өнім
өндірушілердің есебінен арамтамақтықпен күн көріп, олардың қанын сора
қанап келген алыпсатар саудагерлер мен делдалдарды маңайына да
жолатпады. Ал шаруалардың өздеріне олардың тапсырған өнімдерінің
мөлшеріне қарай бірнеше кронадан мың кронаға дейін сыйлықтар берілді.
Мысалы, Утиредемиридегі староста бірнеше мың крона мөлшерінде мол
сыйлық алды. Оған ауыл шаруашылығындағы науқанды жұмыстарды
үлгілі жүргізгені үшін де қыруар сыйлық төленіп тұрды. Ол жыртылған
жер көлемін көбейтіп, егістік алқапты ұлғайта түсті. Оның үстіне, тамаша
үлгі бойынша мал қора да салып алды. Оған ауылшаруашылық қорынан
жəрдем көрсетіліп, жаңа тракторлар, соқалар, тырмалар, егін оратын, шөп
шабатын машиналар, тағы басқа да қымбат бағалы құрал-жабдықтар, тіпті
іс тоқитын машиналар сатып алуына мол мүмкіндік туғызылды. Оған көңқоқыс сақтайтын цистерналар құрылысы қорынан да жəрдем беріліп, бүкіл
приходта теңдесі жоқ тамаша цистерналар салып алды. Содан кейін оның
отырған үйі іріп-шіріп бұзыла бастаған болып шықты. Сөйтіп староста
"құрылыс қорынан" да несие алып, орасан зор əрі мықты үлкен үй салды.
Оның жер төлесінің өзі де тамаша болып шықты. Үй екі қабатты, ал екінші
қабатында қосымша тағы шағын бөлмесі бар еді. Үйдің қабырғалары
беріктігі күшейтілген бетоннан екі қабатты етіп қаланды, олардың беттері
фанер тақтайлармен жабылды, еденге линолеум төселді. Бұл үйде фрудың
жеке өзіне арналған ванна бөлмесі де болды. Үй орталық жылу жүйесіне
қосылды. Оған ыстық жəне суық су үздіксіз келіп тұрды. Электр жарығы да
жеткілікті. Тап осы староста немесе Тау королін түрмеден құтқарып қалған
əлгі бір алаяқ сияқты адамдар - ұлтымыздың нағыз мақтанышы! Оны алаяқ
деуге бола ма? Жоқ, тіпті де алаяқ емес. Ол өзіне енді тек ауыл
шаруашылығымен айналысу керек деген ой дер кезінде сап ете қалған
нағыз осы заманғы қабілетті қаржыгер ғана! Ал анау Тау королі қолынан
ештеңе келе қоймайтын, ешнəрсенің шегін білмейтін қырсыз біреу
болатын. Ол "Əр нəрсенің алтын ортасы бар" деп ұдайы қайталай беруді
сүйгенімен өзі ешқашан қаржыгер болып көрген емес еді. Енді жасы жетіп,
қартайған шағында қалаға барып, күйеу баласының қолында тұрып, əр
жерде бір күндік жұмыс істеумен айналысады. Зорға дегенде тамағын
тауып жүр. Жо-жоқ, Тау королі үйінің қазіргі иесі тіпті де алаяқ жан емес.
Ол приход кеңсесіне бірден барып, осы заманғы ауылшаруашылық
машиналарын сатып алу үшін жəрдем ақша сұрады. Оны алып болғаннан
кейін осы заманға лайық тамаша мал қорасын салып, үлкен сыйлыққа ие
болды. Көң-қоқыс сақтайтын цистерна салу үшін жəрдем ақша, өзі өндіріп,
тапсырған өнімдері үшін сыйлық алды. Сөйтіп Тау королінің бұрынғы
үйіне электр жарығын кіргізді. Ондай адамдар туралы ойлай қалсаң-ақ,
дүние жүзілік соғыс тектен-тек болған жоқ екен-ау деген қорытындыға
сөзсіз келесің.
Ал Бьяртурдың жəне оның достарының жағдайы не болды?
Əңгімені əуелі гилтейгалық Тоурирден, кезінде биттің қабығындай
жұқа, сала құлаш ұзын шұлықтарға құмар болған көңілді қыздардың əкесі
кəдімгі Тоурирден бастайық. Оның жағдайы қай жағынан болса да жұрт
күткендегіден əлдеқайда жақсы болып шықты. Кенже қызы бір ауқатты
адамға тұрмысқа шықты да қалада тұрды. Ал Тоурир өзіне үлкен
адамдардың қатарына қосатын тым үлкен несие қарыз ала қойған жоқ
болатын. Бірақ жиған-терген мал-мүлкін кепілге қойып, акуциондағы
бəсеке саудаға салып, балғаның бір соққанынан-ақ айырылып шыға
келетіндей мөлшердегі несие-қарыздан кем де емес еді. Соғыс аяқталған
кезде ол орта шаруа дəрежесіне жеткен-ді. Поселке тұрғындары оны Тау
королі етіп сайлады. Ол тау аралап жүргенде қойлар мен иттерді ұстап
емдеумен айналысты. Өйткені мұның өзі оған жүктелген үлкен
жауапкершілік еді əрі қосымша табыс көзі болатын. Тоурир шіркеудегі кіші
дін қызметкері болып та сайланды. Ол өз міндеттерін мұқият əрі жақсы
атқарды. Əйелдердің жеңілтек мінезін жақтырмайтын əдетін қойды, тіпті
ондай əйелдерді приход кеңесінің мүшелігіне өткізуді де ойлап жүрді. Бір
таң қаларлық нəрсе - кешегі қиын-қыстау ауыр жылдарда оған үлкен көмек
көрсетіп, қауіп-қатерден құтқарып қалған жандар оның теріс жолға түсіп
кеткен қыздары болды. Олар əртүрлі сылтау-себептермен əкесінің үйінде
қалып келген еді. Соғыс жылдарында аянбай еңбек етіп, Тоурирге
қолғабысын тигізді, тіпті өздерінің жас балаларын да жұмыс істеуге
мəжбүр етті. Əкесі өзінің бала-шағасына арнап салтанатты сарай салған
жоқ - оған тəуекелі жетпеді. Оның бар салған құрылысы қой қора ғана
болды. Онысы дұрыс та еді. Өйткені жұрттың басынан кешірген азапты
ауыр тəжірибесінің көрсетіп бергеніндей, ең дұрыс нəрсе өзіңе ең жақын
жандарға жақсылықты барынша аз жасау керек екен.
Ал Бьяртурдың басқа достары ше? Олардың мойындарынан баяғы ескі
қамыты түспей-ақ қойды. Салық төлеуден. Жемшөп сатып алуға
жұмсалатын шығындардан, қарызға алынған азық-түлік өнімдері үшін
төленетін төлемдерден көз ашпады. Жер жыртып, егін салғаны, əртүрлі
жұқпалы аурулардан қолдарындағы малының қырылып қалғаны,
адамдардың да ауру-сырқауға душар болып, өлім-жітімге ұшырағаны
салдарынан -қысқасы, -Ингольв Арнарсон идеяларының жүзеге асуының
салдарынан азап шегіп, қиналудан құтыла алмады. Мүмкін болған барлық
игілік пен жеңілдік атаулы тек бай шаруалардың төбелерінен аяғына дейін
таусылмас қазына ретінде құйылып жатты.
Истадальдық Оулавюр өзінің хуторын басқа біреудің иелігіне өткізу
туралы құжатқа қол қойған болатын. Сондықтан да сол баяғы ескі, төбесі
шымтезекпен жабылған шұрық тесік лашығында тұрып жатты. Мұның өзі
əйелі мен балаларының өліміне душар етті. Кедей шаруаның өмірі оның
ауқатты шаруаға айналуы үшін тым қысқалық жасайды. Мұның өзі
кейбіреулердің айтуынша, шетелдік бір ғалымның жазған кітабында да
баяндалған көрінеді.
Кельдтегі Хродлогур старостадан жалға алған хуторда ұзақ уақыт
тұрды. Ақырында, халыққа игілікті болған соғыс аяқталған кезде, тіпті оны
сатып алып тынды. Енді оның да, өсім пайызын төлеп құтыла алмай, басы
қатып жүр. Тіпті құрылысын бастап та үлгерген жоқ. Ол үшін тағы бір
игілікті соғыстың болуын күтуіне тура келді. Бəлкім, оған дейін староста
оның хуторын төлеп үлгере алмаған өсім пайыздарының өтемі ретінде
тартып алып қоюы да ғажап емес. Дегенмен бəрі де өз кезегімен жүре
бергені дұрыс. Хродлогур табиғи нəрсені табиғаттан тыс құбылыстардан
айыра білуді үйрене алмай-ақ қойды, өзінің маңдайына не жазылса, соның
бəрін де қарсылықсыз қабылдай береді - тіпті қайыршылық халге түсетін
жағдайдан да бас тартпайды.
Ундирхлидтағы Эйнар соңғы бір-екі жылдың беделінде қарызының
мөлшерін едəуір кеміткен болды. Бірақ бір хуторға ие бола алған жоқ - үй
салып ала алмады. Сөйтіп жүргенде қарыздары қайтадан өсе түсті. Егер
ендігі жерде қой сатудан түскен қаржысы салығын төлеуге жəне жемшөп
сатып алуға жететін болса, соның өзіне бөркін аспанға ата қуанар еді. Дəрідəрмек алғандағы қарыздарын əзірше төлемей қойса да болады - шыдай
тұрады. Балықтың қалған-құтқан қалдықтарын сатып алудан тартына тұрса
да болады -оншалықты қажеті жоқ. Адам өмірі дегеніміз адам өмірі ғой.
Оны бағалау керек. Əйтеуір біреу өлген сайын Эйнар, өзінің дағдылы ескі
əдеті бойынша, оған арнап тамаша еске алу өлеңін шығарады. Онда ол
Жаратқан иеміз шаруаларға бұл дүниедегімен салыстырғанда о дүниеде
соғұрлым мейірімді болады, сонда бұлар барлық игіліктің рақатына
бөленеді деген кəміл сенім білдіреді. Адамдардың тəні өлгенімен жаны
өлмейді, мəңгі тіршілік етіп, ғажайып өмір сүреді деп білетін.
Ингольв Арнарсон мұраттарының жүзеге асып, орындалғанынан
қатардағы қарапайым адамдардың үлесіне тиер қайырымдылықтың
шынымен-ақ жоқ болғаны ма? Бұған не дерсің? Шынын айтқанда, барлық
мəселе мынада болатын: қандай да болсын кедей-шаруаға оның трактор
немесе егін оратын осы заманғы машина сатып алуы үшін мемлекеттік
кассадан жəрдем ақша алуды ұсыну ешқандай да мəн-мағынасы жоқ,
ақылға қонымсыз бос əурешілік еді; оларға қабырғалары екі қабат
қаланатын, оның беті фанер тақталармен жабылатын тас үйлер салуға,
олардың еденіне линолеумдер төсеуге, электр жарығын кіргізуге деп ұзақ
мерзімді несие-қарыз берудің де қажеті жоқ болатын; шаруалардың өздері
өндіріп өткізген өнімі үшін, жаңадан жер учаскелерін жыртып, егіс көлемін
арттырғаны үшін, немесе қорасындағы жалғыз-жарым сиырының көңқоқырын сақтайтын тамаша цистерна орнатқаны үшін сыйлық беру де
қажеті жоқ нəрсе еді. Яғни, бай адамдардан өзге кім-көрінгенге жеңілдіктер
жасап, артықшылықтар берудің керегі жоқ-тын. Ондай жеңілдіктер мен
артықшылықтар бай адамдарға ғана жарасады. Оны солар ғана алуы тиіс.
Кедейліктің өзіне тəн бір белгісі - бай адамдардың төбесінен аяғына дейін
жомарттықпен құйылып жатқан қазынаны қабыл алуға қабілетсіз. Кедей
шаруа болу дегеніміз саяси қайраткерлер ұсынатын немесе үйіп-төгіп уəде
ететін игіліктер мен жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндіктеріне ешқашан қол
жеткізе алмау болып табылады. Ал мұның түпкі мəні байларды байыған
үстіне байыта түсетін, ал кедейлерді одан сайын қайыршылық халге душар
ететін "мұраттар" билігіне бас ие берілуде жатыр.
Бьяртур қыста да, жазда да өзінің жаңа үйінде тұрып жатты. Бірақ ол үй
дүние жүзіндегі ең нашар жəне адам айтса нанғысыз ең суық үй еді.
Рождество мерекесі қарсаңында Халбера орнынан тұра алмайтын халге
душар болды. Бьяртур оны кереуетімен қоса қаңырап бос тұрған қой қораға
жайғастырды. Өйткені байғұс үйдегі суыққа үсіп, өліп қалмасын
дегендегісі еді. Азынаған суық Бьяртурдың өзін де қатты қинап жүрген. Ол
қартайып қалғанымның белгісі осы болды ғой деп шошынған-ды. Бірақ
күш-қуаты тасып, нағыз кемеліне келген ұлы Гвендурдың да тап өзіндей
болып қатты қиналып жүргенін көргенде барып, өзін-өзі жұбатып,
шүкіршілік етіп қоятын болды. Бөлменің іші ешқашан құрғақ болып көрген
емес. Сақылдаған сары аязды күндері үйдің ішін түгелдей мұз құрсайтын.
Ал оның еруінен үміт етудің өзі қиын. Өйткені үйдің ішінде суық жел
ұдайы гулеп тұрады. Бөлмеге тіпті үрінді қар да кіріп кететін. Биылғы
қыста əкелі-балалы екеуі тамақты өздері əзірлеп ішетін болды. Бұл жағдай
оларды онша қуанта қойған жоқ. Оның есесіне, хуторда күңкілдеген сөз
естілуден қалды. Ешкім де өз ісінің дұрыстығын дəлелдеп, қызыл кеңірдек
болған жоқ.
Жаз шыға Бьяртур өзінің қойларына арнап шөп шаптыру үшін тағы да
бірнеше адам жалдады. Бірақ соңғы кезде дүние жүзінде исландиялық
тұқымдас қойдың етіне деген сұраныс мүлде қалған жоқ еді. Оны тек тау
түлкілері мен ішек құрт қана қорек ететін болған. Күзге қарай қой
өнімдерінің бағасы барған сайын төмендеп, күрт түсіп кетті. Исландия
қойлары ендігі жерде ешкімге керек болмай қалды. Иə, олар бұрын да керек
болып жарытпаған. Үкімет халықтың қалың тобының негізгі қорек көзі
болып табылатын балық шаруашылығына едəуір басым, артықшылық
құқық беруден бас тартты. Оның есесіне шетелдіктер тұздалған балықтың
қыруар мол бөлігін бөшке-бөшкесімен сатып алған еді. Бірақ олар борсып,
иістене бастаған болып шықты. Жеуге жарамсыз болып, шіри бастаған соң
оларды теңізге тастап, зорға дегенде құтылды. Бьяртурдың қой өсіруден
тапқан бүкіл табысы жалданған қызметкерлердің ақысы мен
муниципальды кеңестің салған салығына əзер жетті. Несие-қарызды
қайталауға, оның өсім пайызын өтеуге ешнəрсе қалмады. Егер ол
қолындағы қойларын түгел сатып жіберген күннің өзінде де алатын
ақшаларының мөлшері қарызымен салыстырғанда теңіздегі тамшыдай ғана
болар еді. Ол несие беретін кассаға барып, қарызын өтеу мерзімін кейінге
қалдыра тұру туралы өтініш жасап көрмек болды. Бірақ онда сөйлесетін
адам табылмады. Созылмалы құрт ауруынан əбден қажып, қалжырап
біткен, саудыраған құр сүйегі ғана қалған біреу бухгалтерияның қалың киіз
кітабын парақтап отыр екен. Ол ешкімнің де қарызын өтеу мерзімін кейінге
қалдыруға өзінің рұқсат бере алатын құқығының жоқ екенін айтты.
Сонымен мəселе мынаған тірелді: халық банкі келесі күзге қарай Викте өз
филиалын ашатын көрінеді, Фьордтағы несие беретін касса соған
қосылатын сияқты. Сондықтан да қарызды өтеу мерзімін кейінге
қалдыруды банк директоры Ингольв Арнарсонның өзі ғана шеше алады
екен. Əлгі қызметкер Бьяртурға барынша самарқау кеңес берді:
"Рейкьявикке барып, директорды іздеп тауып, сонымен ғана сөйлесіп көру
керек. Басқа ешқандай жол жоқ". Бьяртур "ойланып көру" үшін үйіне
қайтып кетті. Мүмкін, ойланып көрудің қажеті жоқ та шығар. Қалай
ойлансаң, олай ойлан, халықтың қанын сүліктей соратын кəззаптар бəрібір
алдамай тұрмайды. Бьяртур осылай ойланып-толғанып жүргенде бүкіл елге
маңызды хабар тез тарады: Ингольв Арнарсон халық банкі директоры
қызметін тастап, елдің премьер-министрі болыпты.
ЖЕТПІС ҮШІНШІ ТАРАУ
ИТТЕР, АДАМ ЖАНЫ ЖƏНЕ БАСҚАЛАР
"Аукцион. Осы арқылы мынаны хабарлаймыз: халық банкінің Виктегі
филиалының талап етуі бойынша Редсмири приходындағы Жазғы мекен
хуторы қарыздарды төлеу, сондай-ақ несиенің өсім пайызы мен сауда
шығындарын өтеу мақсатымен аукционда сатылатын болды. Аукцион 29
мамыр күні түскі сағат үште басталады.
Уездік соттың төрағасы ".
Бұл хабарландыру көктемнің бас кезінде-ақ Викте де, Фьордта да жержерге жаппай ілінген болатын. "Заң хабаршысында" да басылды. Жазғы
мекеннің алдағы кезде аукционда сатылатыны туралы содан едəуір кейін
барып Бьяртурға бірнеше рет хабар берілді. Əдетте айырылып қалған
нəрсесіне ешқашан өкінбейтін ол ешқандай қарсы сөз айтпады - ондай
əдеті жоқ болатын. "Егер өзіңде бар нəрсеңнің біразын жоғалтып алған
болсаң, қолыңда қалғанын қанағат тұт" дейтін де жүре беретін. Бьяртур
қойдан айырылмай, оны неғұрлым ұзақ уақыт ұстаудың тəсілін жақсы
білді. Оның əлі де жүз қойы, екі сиыры, үш жұмыс аты, сондай-ақ өзінің
алғашқы қаншығы жағынан есептегенде оның төртінші ұрпағы болып
табылатын сары қаншығы бар еді.
Бұл кеште ескі қой қораға кірген Бьяртур Халбера кемпір жатқан
кереуеттің жанына барып тоқтады да оған былай деді:
- Құрметті Бера, сонау солтүстіктегі Сандгил иен даласында бір кезде
хуторың болғаны есіңде ме?
- Хутор дейсің бе? - Кемпір бұл сұраққа тиянақты анық жауап бере
алмады. Ол көп нəрсені əлдеқашан ұмытып қалған болатын.
- Қалай дегенде де ол хутор əлі күнге дейін сол орнында тұр ғой,
əйтеуір? - деді Бьяртур.
- Иə, иə, ол өзі жап-жақсы-ақ хутор болатын. Мен онда қырық жыл
бойы тұрғанмын, -деді Халбера. - Онда ешқандай төтенше оқиға бола
қоймайтын. Ал мұнда неше түрлі бəледен көз аша алмайсың - əйтеуір бір
нəрсе болады да жатады.
- Енді біздің Жазғы мекенмен біржола қоштасатын кезіміз келді, - деді
Бьяртур.
- Өзім де осылай болатын шығар деп ойлап едім, - деді Халбера.
- Əлгі қарғыс атқан жын-шайтан бұл жерді баяғыдан бері жайлап алған,
əлі де солай қала береді. Бұл хутордың иесін атышулы Колумкилли өзінің
қанды шеңгелінен шығарып көрген емес. Ал мен болсам, Жазғы мекенді өз
үйім екен деп ешқашан есептеген емеспін.
Бірақ Бьяртур сиқырлы зұлым күш елестері туралы əңгімені қолдай
қойған жоқ. Өйткені оның өз басы ешқандай сиқырлы зұлым күштерге де,
табиғаттан тыс құбыжықтарға да сенбейтін. Ол тек поэзиядағы құбыжық
күштердің болғанына ғана иланатын. Сөйтті де ол дереу сөзден іске көшті:
- Қымбатты Бера, сен маған Ударсельді биылғы көктемде тұра
тұруымыз үшін жалға бере алар ма едің? Бұған қалай қарайсың? Ойланып
көрші.
- Ударсельде күннің батуы қандай əдемі еді десейші! - деп, кемпір өз
алдына сөйлеп кетті. - Жарқын жүзіңнің елесінен айналайын Тоурарин
мерекеде киетін сəнді көйлегін киіп алып, атқа мініп ала сала иен даламен
құйғыта шауып жүріп, қашаған қойларды көзді ашып-жұмғанша ұстап
алып, тап сол жерде жүнін қырқа қоятын. Рас, оның жақсы əрі жүйрік
иттері де болатын.
- Иə, қымбатты Бера, оның - марқұм Тоурариннің жақсы иттері бар еді, деді Бьяртур. -Мен оның қоңыр төбетін əлі күнге дейін ұмытқан жоқпын.
Нағыз төбет деп соны айт, шіркін! Басқа иттер күндіз ғана көре алатын
нəрсені ол тас қараңғы түнде де жақсы көре беретін. Сирек кездесетін
қымбат қазына еді. Менің де жақсы иттерім болған, қымбатты Бера. Олар
маған шын берілген иттер еді, өзіме опасыздық жасап көрген жері жоқ.
Бірде менің сары қаншығым болды. Қазіргі қаншығымның үш ұрпағының
арғы өлекшіні еді. Ондай итті қазір тапа-тал түсте қолыңа шам алып
іздесең де табу қиын. Ол маған кей кездері өмірге де, өлімге де бас имейтін
тəуелсіз ит сияқты болып көрінетін.
Қалай дегенде де адам жақсы итті ұмыта алмайды, ол əрқашан есіңде
қалады. Оны ешкім де ұмыттыра алмайды. Тіпті кешегі дүние жүзілік
соғыс та, бір ұлы адамның оның аяғын ала іле-шала құйындай бұрқырата
жалғастырып əкеткен, бейшара шаруаның көз жетер көкжиегін бұлдырата
тұмшалай түскен "ізгілік мұраттары" да көзден таса, көңілден шет ете
алған жоқ.
- Иə, қымбатты Бьяртур, заман осылай өзгеріп шыға келеді ғой, - деді
бірде гилтейгалық Тоурир. Оның үнінен əлдебір өкініштің сарыны
байқалды.
Ерте көктем еді. Бірнеше шаруа қотанның қоршауы жанында отырған
болатын. Олар өздерінің қойларына ен салуды енді ғана аяқтаған-ды.
Қолдарына қан жұғып қалған. Қойлар олардың аяқтары арасында
өжеттікпен ашына маңыраумен болған.
- Келесі кезек сенікі, - деді Бьяртур. - Бірақ біз сенің иттерді емдеуші
болғаныңнан біреуге тигізген көмегіңді көре алмай-ақ қойдық қой осы.
- Қайдам, қымбатты Бьяртур, - деді Тоурир, едəуір ашулы кейіп таныта.
- Мен иттер үшін жауап бере алмаймын. Бірақ маған мынадай ой келеді: ең
бастысы - қандай қиын жағдай туса да өз балаларыңа өзіңнің сенуің керек.
Мен өзім оларға əрқашан кəміл сеніп келдім. Менің балаларымның басына
қандай қиын жағдай туса да оларды үйімнен қуып жіберіп көрген емеспін.
Олар менің пайдама да, өз пайдаларына да жұмыс істеді. Өз балаларыңа
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 45
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.