Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 30

Total number of words is 4468
Total number of unique words is 2086
40.6 of words are in the 2000 most common words
55.4 of words are in the 5000 most common words
62.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ауста еріксіз отырды. Иə, оның мұнымен шынымен-ақ ашық сөйлеспек
ойы бар екен Өйткені бұл бойжетіп, ақыл-есі толық кірген қыз ғой. Бірақ
Ауста лəм-мим деп тіл қатпады. Ал Бьяртур, ешқандай да кіріспе сөз
айтпай-ақ, əңгімесін бірден бастап кетті:
- Мен Рождество мейрамынан кейін бұл жерден кетемін. Сендерді
осында қалдырамын Пасха мерекесінен бұрын келемін деп айта алмаймын.
Ауста оған үлкен көздерін бадырайтып, таң қалған сұрақ сыңайын
танытты. Жүзінде əлдебір үміт отының ұшқыны өшкендей болды.
- Мен мұнда көп қойымнан айырылдым, - деп сөзін жалғастырды
Бьяртур. – Одиннің* айтқанындай: қойларым қырылып қалды.
- Иə, рас қой, - деді Ауста.
Аустаның оған айтқысы келгені көп еді. Ол өзінің екі інісімен бірге
қойды əлі де көбірек өсіруге көмектесетін ойлары бар екенін білдірмек
болған... Бірақ, амал қанша, ол кетіп бара жатса, не дей алады?
- Мен бұған мұңайып, шағынбаймын, - деп, сөзін жалғастыра түсті
Бьяртур. - Біздің елімізде қойынан айырылған жалғыз мен емеспін.
Халықта мақал бар: "Көктемнің көгі шығып, жетілгенше көтерем көк бие
де өліп тынар" дейді. Құдайға шүкір, өзім өлген жоқпын ғой. Сен бұл
сөзіме қарап, мені өз əмірін қымбат көреді екен, өлімге қимайды екен деп
ойлап қалма. Мен ең ақырғы демім біткенше күресуге бекем бел буған
жанмын.
Ауста əкесіне бұрылып қарады. Қыздың жүрегі аттай тулап қоя берді.
Ол мұның өте маңызды мəселелер туралы сөз етіп отырғанын сезе қойды.
Бірақ, дəлірек айтқанда, не туралы екенін түсіне алмады. Əдетте екі
адамның бірін-бірі тез түсіне қоюы қиын ғой тегі. Ал бірін-бірі түсінісе
қоямыз деп босқа əуре болған одан да жаман.
- Қызым, құлақ сал. Былтыр ма еді, əлде алдыңғы жылы ма екен,
қайдам мен саған келешекте керемет үй салып беремін деп уəде етіп едім
ғой. Сол сөзім - сөз. Айтқанымды орындаймын.
- Үй салып беремін дедің бе? - деп сұрады Ауста. Бұл оның ондай сөзін
ұмытып та кеткен екен.
- Иə, - деді Бьяртур. - Үй салып беремін. Мен оларға көрсетемін əлі
көресіні! Мен... - деп жұдырығы түюлі қолын қыздың иығына жайымен
ғана қойды. - Адамның сен сияқты жайнап өсіп келе жатқан гүлі барда оған
үй салып бергісі келеді.
Аустаның қою қоңыр шашы бұйраланып тұр. Қастары қарлығаштың
қанатындай. Ұзын кірпіктері көзіне үйіріле бастаған ып-ыстық қуаныш
жасын көрсетпейді. Бьяртур қызының нəзік те мəнерлі ойлы жүзіне тағы да
қарады. Ауста жүрегі аузына тығыла демін алып, басын төмен салды да:
- Ертең шынымен кетесің бе?
- Мен осы үйдегінің, осы үйдің іші-сыртындағының бəрін де өзіңе
қалдырып кетсем бе деп отырмын. Ертең саған жəне Гвендурға қойды
қалай азықтандырып, қалай күтуді түсіндіремін.
Ауста жылап қоя берді. Оның тұла бойын қорқыныш сезімі билеп, зіл
батпан дерлік салмақпен еңсесін езе түсті. Ол бəрінен де торыққандай
болды. Торыққан сайын оның жаны мен тəнін толық үмітсіздік сəтіндегі
адам таң қаларлықтай əлдебір ынтықтыра түсетін тəтті сезім билеп алды.
Ал, бір нəрсе айтайын десе, аузына сөз түспеді. Немесе өзінің марқұм
шешесі сияқты қыстың қақ ортасында, иен даланы сірескен қар басып
жатқанда ауруға шалдыққысы, тіпті өліп қалғысы келгенін айтпақшы еді.
- Мен Құдайдан өлім ғана тілеймін. Маған өмірдің де, бақыттың да
қажеті жоқ, тіпті қас қағым сəттік бақыт та сұрамаймын... Өйткені өгей
шешемнің өліміне мен ғана кінəлімін... Мен оған жеткілікті қамқорлық
жасап, күтіп-баға алмадым... Ал бейшара баласы Хельги оны жан-тəнімен
жақсы көруші еді, шешесінің жағдайын күні-түні бірдей ойлаушы еді. Мен
оның өткен күздің бас кезінде сыртқы есіктің табалдырығында отырып,
өзін "Мен өлген баламын ғой" дегенін де естігенмін... Оның орнына сол бір
қараңғы түнде мен адасып кетіп, иен далада мен үсіп өлсемші!.. Өлім
дегеннің сондай жақсы екеніне кəміл сенемін... Егер сен кетіп қалар
болсаң, қымбатты əкем, онда маған ешкім де көмек қолын соза алмайды
ғой... - Ауста осылай деп жылағанын қойған жоқ. Бір кезде ол бəрінен де
үмітін үзгендей болып, əкесінің кеудесіне жабыса түсті де, басын көтермей,
селк-селк етіп жылай берді, жылай берді.
Алғашқыда Бьяртур не дерін білмей қалды. Өйткені ол адамдардың
неге жылайтынын ешқашан түсініп көрген емес еді. Ол біреудің көз жасын
көруге шыдай алмайтын, кейде тіпті ашу шақыратын... Бірақ қазір өз
өмірінің жайнап өсіп келе жатқан гүлі, күнəдан пəк жас балаға ашу
шақырудың есебін таба алмады. Су мен жастық - бір-бірінен ажырамас
сенімді серіктер ғой... Оның үстіне, мұның өзі Рождество мейрамы түнінде
болып отыр емес пе? Сөйтіп Бьяртур оған үй салып беруге уəде еткенін
тағы да ескертті. "Сен қалайша ұмытып қалып жүрсің?" деді. Өткен күзде,
осы жерден қарт Фрида біржола кеткен кезде берілген уəде еді ғой. Ол
кемпірдің бұларға келгенінен келмей-ақ қойғаны жақсы еді.
Бірақ Аустаның жер үйде емес, ағаш үйде тұрғысы келген қалауы тіпті
де жоқ болып шықты. Бəлкім, бір кезде, бұдан көп бұрын, ондай қалауы
болса, болған да шығар. Бірақ тап қазір емес. Егер əкесі өзінің Соуласымен
бірге қалатын болса, егер ол өзінің əлі кішкентай көретін Ауста
Соуллильясын қалдырып, кетіп қалмайтын болса, бұл қыз осы хутордың
өзінде тұра беруге дəн риза!
- Əке, осында болып өткен оқиғалардың бəрінен кейін мен осында қала
беретін болсам, онда оның ақыры неге апарып соқпақ?
Əкесі оны "Еш нəрсе де болмайды, оған өзім кепілдік беремін" деп
сендіруге тырысты. Ол қызының не туралы айтып отырғанын білетін еді ол сиқырлы зұлым күштердің иелері туралы айтып отыр. Алайда Бьяртур
əдетте итіне айта беретін сөзін қайталады: "Кім не іздесе, соны табады.
Кімде-кім сиқырлы зұлым күштерге сенсе, сиқырлы зұлым күштерге
кездеседі". Əкесі бəрібір кетуге бел буды. Қалаға барып, жұмысқа
жалданбақ, ақша тауып, күзге қарай қой сатып алмақ. Сөйтіп ол өз өмірінде
бірінші рет ақша табу үшін жұмыс істемек. Егер Бруни əлі тірі жүрсе, соған
барып, жұмыс табуды ойлауы керек. Мұнда балалардың тіпті де жеке
өздерінің ғана қалмауы мүмкін. Фьордта сенімді бір адам бар... Бірақ
Бьяртур оның кім екені туралы еш нəрсе де айтқан жоқ. Үйіп-төгіп уəде
бере беруге де болмайды.
- Уайымдап, қайғыра беретін дəнеңе де жоқ, қызым. Сенің шешең
осында, тап осы бөлмеде бұдан көп жыл бұрын жалғыздықты өз басынан
жүз рет артық кешіп жатып қайтыс болған. Менің ойымша, сенің Құдайдың
жарық дүниесін көргеніңе өкінетін ештеңе де жоқ. Көп болса, пешенеңе
жазылған қиындықтарды көрерсің, оны өз күш-қайратыңмен жеңіп шығу
сынағын басыңнан кешірерсің. Ол үшін сенен ешкім еш нəрсе талап
етпейтін болады. Ал мұңайып, қайғыру, зарлап шағым айту бұл дүниеде
емес, о дүниеге барғанда жарасады. Көз жасыңды сүрт те, орныңа барып,
ұйықта енді.
Əңгіме осымен бітті. Бьяртур орнында отыра берді. Ауста басын төмен
салған бойы плита пештің жанына барды. Жылап-сықтағанын қойса да əлі
өксігін баса алмады. Көмейінде бір нəрсе тұрып қалғандай сезінді. Бірақ
онда тұрған ештеңе жоқ. Егер бұл тілінен бал тамып тұрған күміс көмей
атақты шешен болса да, Бьяртурды үгіттеп айтқанға көндіру бəрібір мүмкін
емес. Ол бір алған бетінен қайтпайды.
Əкесі мамық көрпеге бүркеніп жатып қалды. Терезенің арғы жағында
көгілдір тартқан қар көрінеді. Бірақ əйнекте қырау басқан əшекей өрнек
жоқ. Плита пештен жылы леп келеді. Кəстрөлде су қайнап жатыр. Оның
үстінде бу бұрқырайды. Май шам өлімсіреп жанып тұр. Ұзыннан-ұзақ
көлеңкелер байқалады. Бұл - Рождество мейрамы алдындағы түн. Əкесінің
шешімін өзгерте аларлық қатал күш те, нəзік күш те жоқ. Мұндай əкемен
келісімге келіп, мəселе шешу қиын. Солай бола тұрса да Аустаға өзге
əкенің тіпті де қажеті жоқ. Қазір қыз өмірден түңіле жылап-сықтағаннан
кейінгі пайда болатын соншалықты солғын тартқан көңілсіз күй кешті.
Бейне бір жан дүниесіндегінің бəрі де қайнап бітіп, аспанға көтерілген буы
жоғарыдан еңсеңді басып, тұманның қалың қабаты сияқты тұмшалай
түседі. Ауста демін əлі де ауыр алумен болды. Бірақ кірпігіне үйірілген көз
жастары бірте-бірте құрғап, кеуіп кетті. Тіпті көңілінің толқуы да басылды.
Ол əуелі шұлықтарын, содан соң белдемше іш көйлегін шешті. Оларды
орындықтың үстіне лезде рет-ретімен қойып үлгерді. Оң жағына да, сол
жағына да көз салған жоқ. Енді ол қалай əрекет жасаса да бəрі дұрыс
болады. Қыз буы шығып жатқан судың үстінде бейне бір иілген тал шыбық
сияқты ұзақ тұрды. Оның толыса түскен кеудесінің бейнесі шамның əлсіз
жарығында жұп-жұмсақ бейнесімен кескінделді. Будың көлеңкесі көлбең
қақты. Жылап-сықтаған қыздың екі ерні ісініп кетіпті. Кірпігіне үйіріліп,
сортаң тартқан тұзды жас та құрғап бітіпті.
ҚЫРЫҚ СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ОЙ, ТАП-ТАЗА ЖАЛЫН-АЙ!
Өмір іріп-шіри бастаған жердің бəрінде де адамның қайғы-қасіреті
оның қуаныш-қызығы сияқты алуан түрлі болады. Иен далада ажалдан
əлдеқайда кездейсоқ аман қалған балалар бақытсыздық атаулының бəрін
де, үлкенін де, кішісін де бастарынан кешірді: мереке күндері де, жай
күндері де бақытсыздыққа ұшыраудан көз ашпады. Егер сіздің шешеңіз
жаздың алғашқы ашық күндерінің бірінде қиналып жатып өлген болса, егер
сіздің əкеңіз үлкен ұлы жоғалып кетіп, суыққа үсіп мерт болғаннан соң көп
ұзамай-ақ, тап Рождество мейрамы күні ешкімге қараусыз қалдырып,
əлдебір ұзақ сапарға кетіп бара жатса, онда сіз қайғы-қасіреттің қандай
жаңа түрлерін болса да үсті-үстіне көре берер едіңіз, біле түсер едіңіз.
Шағын қайғының үлкен қайғының қасында қайда кеткені белгісіз болып
қала береді. Балалар əкесі кеткеннен кейін жетімдіктің не екенін ерекше
ауыр сезінді. Əкенің орнына əке болар адам аз. Ал шешенің орны бір бөлек
- ондай адам мəңгі-бақи табылмайды. Қыстың дəл орта шамасында балалар
жаздың сол бір тал түсін көздеріне елестетті: ол күні бұлардың шешесі қой
қораның дəл ортасында, дымқылдан пайда болып, көгеріп кеткен сасық
зеңнің арасында тұрған табытта жатқан еді. Күннің көзі бұрынғы қай
кездегіден болса да нұрын мол төгіп тұрған. Күннің ыстық шұғыласына
бөленген үлкен қара шыбын терезенің жарық жақтауына соғылып, бір ғана
нотаның сазымен ызылдады да жүрді. Ол байғұстың бүгін осы хуторда бір
адамның нəзік те сұлу махаббат пен қиын-қыстау қатыгез азапқа толы
өмірінің қиылғанымен еш жұмысы болған жоқ. Үйдің шатыры астында
жүректің аңсаған тыныштығымен үш қайнаса, сорпасы қосылмайтын
əлдебір ауыр ажалға қатысты меңіреу тыныштық орнаған еді.
Ал бүгін терезенің көзін қырбық қар жауып тұрған кезде балалардың
көз алдынан сол бір мүлде басқа дүние өтіп жатыр. Ызыңдаған дыбыс
өзгеріссіз, бір ғана нота əуені. Жанға жайлы, құлаққа жағымды əсерден
жұрдай жат əуен ғана естіледі. Олар бірінің жүзіне бірі қарамастан, ол
күнді əрқайсысы өзінше бөлек елестетеді. Көкжиекпен ұштасқан кең аспан
мұз басып жатқан тау жоталарына күн шұғыласы молынан төгіледі. Бетті
қарып түсетін қатты аязды ашық күнде Блауфьедльдің биік шыңдары ақ
жалын атып тұрғандай. Балаларға олардың өмірі бір күннің ішінде-ақ
күйреп түскендей - əуелі бұларды жан-жағынан қоршап, қорғап тұрған
қабырғалар құлап, қирап қалғандай, одан соң үйдің төбесі ортаға
опырылып түскендей болды. Өзендегі ойық суаттың басында жападанжалғыз тұрған момақан саулық күртік қар басып жатқан йен далаға қарап,
анда-санда бір маңырап қояды. Өзінің осы бір төзімді де момақан мінезін
адамдарға ауыстырып бере қоюға ешқандай мұршасы жоқ. Қойларға шөп
салып, азықтандырып болғаннан кейін екі бала күртік қар үйіндісінің
үстіне шығып отырды. Олар санау алысқа соншалықты самарқаулықпен
еріне көз жіберді, əрқайсысы өзінше ойға шомды... Мойын бұрмай,
тынымсыз жұмыс істеп жүріп өмір сүру қандай қиын! Осындайда енді не
істеп, не қоюың керек екендігі туралы жөн сілтеп, ақыл айтатын адамның
табылмауы бəрінен ауыр! Кіші інісі əжесін еске алды. Ол бəрін де айтып
бере алар еді. Бірақ оның сөйлеген сөзін түсіну қиын. Нонни ағасына
мынаны айтты: əжесі алда не болатынын күні бұрын болжап, көріп-біліп
отыратын, сөйтіп отырып еш нəрсе де болмайтындай-ақ қолынан іс
тоқитын біздерін тастамайтын - əйтеуір бір нəрсені тоқитын да отыратын.
- Иə, - деді Гвендур. - Оны қойшы. Жүз жасқа толатын шағында ол
кемпірге бұл түк те қиын емес. Іс тоқымағанда қолынан басқа ме келеді?
Одан да мына өзімізді айтсаңшы. Енді біз не істейміз?!
Кішкентай Нонни едəуір ұзақ ойланып барып, ақырында былай деп
жауап қатты:
- Бізге енді темекі жапырағын шайнау ғана қалды.
- Темекі жапырағын? - деп таң қалды Гвендур, інісінің айтар түпкі ойын
түсінбей.
- Иə, темекінің жапырағы. Кімде-кім жаратушы Құдайын ұмытса
немесе оны түсінбесе, темекі жапырағын шайнау керек. Əжемнің
старостаға осылай деп айтып отырғанын өз құлағыммен естігенмін.
- Жаратушы Құдай? - деп сұрады Гвендур. - Ол кім тағы да. Шамасы,
сен өзің не айтып отырғаныңды білмейсің-ау деймін.
- Менің айтып отырғаным мынау, - деді кішкентай Нонни. - Темекі
жапырағын шайнап, сөлін жұтқан адам еш нəрсені де ойлап қамықпайды,
қайғы-қасіреттің не екенін білмейді. Бəрі де сенің ойлағаныңдай емес,
жаратушы Құдайдың қалауымен болып жатса да, дəл солай сезінетін
көрінесің өзіңді.
- Сен де өзіміздің марқұм болған ағамыз Хельги сияқты қайдағы жоқты
айта беретін болыпсың ғой тегі. Одан да біз де өсіп-жетілеміз, əкемізге
қолғабыс етіп, қойдың санын үш есе көбейтеміз, Редсмиридегі сияқты
үлкен шаруашылықтың иесі боламыз дегенді ойласаң нетті? Сиырларымыз
да болады. Жаңа үй салып аламыз. Кім біледі, бұдан басқа да жақсылықтар
күтіп тұрған шығар. Сен болсаң, осылай деудің орнына қайдағы жоқты
сандырақтайсың.
- Иə, мен де солай деп жиі-жиі ойлаушы едім, - деп жауап қатты
кішкентай Нонни. -Бірақ соның өзі қашан бола қояр екен? Тіпті белгісіз.
Кейде мен былай деп те ойлаймын. Мысалы, егер мұнда əлі жүз жылға
дейін ешқандай өзгеріс бола қоймаса қайтеміз? Ондай болса, басқа бір
жаққа кетіп қалғанымыз жөн-ау. Біздің марқұм болған ағамыз Хельги
мұндай əрекеттен ештеңе де шықпайды деп талай рет айтқан болса да,
бəрібір кету керек. Мен қалай кетіп қалудың талай тəсілін ойластырып та
қойдым. Ал егер ешқандай өзгеріс бола қоймаса əрі бұдан бес жыл кейін
де, он жыл кейін де, тіпті көп жылдар кейін де бұл жерден кетіп қалудың
сəті түспесе, онда саған бəрібір болатындай жағдайда жүре беру керек.
Өйткені сен есейіп ер жетсең де, қойдың саны көбейсе де, сиырың болса
да, бəрібір, қазіргідей ит өмір өзгермей қала береді. Ал сен одан қашып
құтыла алмайсың. Сонда темекі жапырағын шайнамағанда не істемексің?
Гвендур Гудбьяртурссон Ноннидің сандырақ əңгімесін тыңдағысы
келмей, орнынан тұрды да өз жөніне кетіп қалды.
Ертеңінде қайта шыққан күн қалың қарды да адамдардың шайлығып
қалған жұдырықтай ғана кішкентай жүректерін де жылыта бастағандай
болды. Ағайынды екі бала тағы да күртік қардың үстінде отырды. Бүгін де
тап кешегі сияқты айнала төңіректі тұп-тұтас аппақ қар басып жатыр қарайған бірде-бір нүкте көзге шалынбайды. Гвендур Гудбьяртурссон
ешқандай тұспалдамастан, турасын бір-ақ айтты:
- Бері қара, Нонни. Осы сен былтыр келешек қозыларға деп қалдырған
темекі жапырағын ұрлап жүр екенсің ғой! Солай ма? Ол есіктің
босағасында тұрған жəшікте əртүрлі ұсақ-түйек қиқыммен аралас сақтаулы
болатын.
- Сен кеше маған темекі керек емес адам сияқты көрініп едің ғой, - деді
Нонни. - Бүгін неге қажет бола қалды?
- Егер сен ұрлаған темекі жапырақтарын тап қазір қайтарып бермесең,
мен сені төмпештің астына алудан тайынбаймын! - деп, ескерте мəлімдеді
Гвендур.
Сөйтіп күртік қар үстінде ағайынды екі баланың төбелесі басталды.
Ақырында ағасы кішкентай Ноннидің қалтасынан көгеріп, шіри бастаған,
ауызға салып шайнайтын темекі жапырағын күштеп тартып алды.
- Сен, немене, осының бəрін бір өзің шайнап, сөлін бір өзің •сөлін бір
өзің жұтпақ болдың ба, қомағай неме?
- Ақырында екеуі бейбіт келісімге келді. Темекі жапырағын біресе
иіскеп, біресе ауыздарына салып, шайнап көрді, тамсана дəмін алысты.
Олар темекіні ағайынды екеуі тең бөліп алуға, қашан таусылғанға дейін
күніне бір тақтасын ғана шайнап, дəмін алуға өзара келісті. Бірақ кешке
қарай олар өздерін өте нашар сезінді, іштері түйіліп ауырып, екінші
қабатқа əрең дегенде көтерілді. Бастары айналып, қайта-қайта құса берді.
Ауста Соуллильяның оларды зорға дегенде шешіндіріп, төсегіне
жатқызуына тура келді. Бірақ қыз қанша жалынып сұраса да ол екеуі "бəрі
де өздерінің қалауымен емес, Құдайдың құдіретімен жандарын жай
таптыратын дəрі" туралы бір ауыз да жөн сөз айтқан жоқ.
Өтіп жатқан күндерді таусылмастай ұзарта түсетін ондай кештерді қазір
жүн түтіп отырған Ауста Соуллилья қалай есіне алмасын? Ол кеше
таңертең əкесі қалаға кетерде шатырдан ақырғы рет төмен түскенде
сатының қалай шиқылдағанына дейін, əкесінің кəрі Бəлеиді жүгендеп
жүргенде ауыздықтың қалай сыңғырлағанына дейін, оның атқа қалай мініп,
оны-мұны салынған шағын шағын екі жəшікті ердің артқы арқасына
көлденең салып алып жүріп бара жатқанда ат тұяғының астындағы қатып
қалған күртік қардың қалай сықырлағанына дейін есіне түсіруге тырысты.
Бьяртурдың бұл сапары саганың бірінші бөлімі сияқты еді. Ауста осындай
ұсақ-түйек көріністерінің бəрін көз алдынан тізілтіп өткізумен қатар
əкесінің келесі пасха мерекесінде үйге қайтып оралатынын да ойша
елестетіп, рақатқа бата қуанады. Бəлкім, алдағы пасха "қызыл"*болатын
шығар. Өйткені биыл Рождество "ақ"* болды ғой. Содан кейін, сансыз көп
кештер өткен соң Аустаға аулада жүген ауыздығының сыңғыры естіледі,
атының жүгенін сыпырғаннан кейін жоғарыға көтерілетін саты оның əр
қадам басқан сайынғы салмағымен тағы да сатыр-сұтыр етеді де қас қағым
сəтте оның күн қаққан жүзі мен еңгезердей екі иығы көрінеді... Бұл - оның
əкесі. Əрине, əкесі қайтып келді ғой. Міне Ауста əлі алда қаншама
қисапсыз күштерден кейін ғана болуы мүмкін болашақ көрініске ойша
құстай ұшып, ұмтыла түседі. Ең соңғы минөтте ол осындай ұмтылыстың
əйтеуір бір болатынын сезінеді. Бірақ оған дейін əлі сансыз көп кештер өтуі
керек. Ол кештер адамның жан дүниесін аралап өтетін өлі жандардың
тобыры сияқты баяу келіп, баяу кететін болады. Тірі жанды жұбату үшін
онша көп нəрсе керек емес. Сонда ол күнін көріп, өмір сүре береді. Ал
Ауста ше? Дəл қазір оның өзін-өзі жұбатарлық еш нəрсесі жоқ.
- Ал, бұл мереке біткеннен кейін не болады? Айтыңызшы, əже!
- А? Не дейсің? - деді əжесі. - Тағы да бір нəрсе болуы тиіс пе еді?
Меніңше, бəріміздің бақытымызға орай, енді еш нəрсе бола қоймауы тиіс.
- Жаңа жылдан кейін əйтеуір бір нəрсе болуы тиіс емес пе, əже-ау? деді Ауста. "Пасхаға таяу əлдебір мереке болуы тиіс қой" демекші еді,
бірақ батылы барып айта алмады.
- О, менің ойымша, енді қайтып үлкен мерекелер бола қоймайды. Енді
бір аптадан кейін шоқындыру рəсімі болады. Бірақ ол үлкен мереке емес
қой. Жоқ, енді таяу арада үлкен мереке болмайды.
- Иə, шоқындыру рəсімі. - Аустаның сұрап білмегі де осы еді. Мереке
атаулының бəрі де болашаққа бастайтын баспалдақтар тəрізді. Оларды
санай берсең, қисапсыз көп көңілсіз өткен кештерді тез ұмытуға болады. Сонымен шоқындыру рəсімі болсын-ақ. Одан кейін ше?
- Одан кейін көп ұзамай Торри айы туады.
"Торри айы" деп жабырқай еске алды қыз. Өйткені бұл ай оның көз
алдына бірін-бірі жиі алмастыратын аязы күшті қарлы боранның суығы
мен ашық күндердің жылымық шақтарын елестетеді. Олардан келетін
пайда аз. Ғасырдан кейін ғасыр өтіп жататыны сияқты аязды күндер
жылымық күндермен, ал жылымық күндер аязды күндермен қайта-кайта
алмаса береді.
- Жоқ əже, Торри айы туралы емес, мерекелер туралы сұрап отырмын.
Мерекелер...
- Біздің кезімізде қасиетті Павел əулие күні мен Қарсы алу күнінде ауа
райының қандай болатынын ғана байқаушы едік. Бірақ ол кезде жұрттың
бəрі де ежелгі əдет-ғұрыптарды ұстанатын.
Ауста Соуллилья үлкен оразаның алғашқы аптасындағы сəрсенбіні
асыға күтіп жүрді. Бұл күннің есінде қалған себебі бар еді — пасхаға
жақын болатын. Бірақ пасхаға дейін əлі қайда, көп уақыт бар. Торри айы,
Гоуа айы өтуі керек. Содан кейін барып жеті апта бойы ораза ұсталады.
Жеті апта! Оған кім, қалай шыдайды екен? Ауста сонда да болса, өзін
көңілі көтеріліп қалғандай сезінді. Сол жеті апталық ораза да бітер, содан
соң пасха да тез келіп жетер деген үмітін үзбей, өз ішінен сенімін күшейте
түсті.
- Айпақшы, оған дейін қысты шығарып салу үшін майға құмақ пісіретін
мереке айы да бар екен ғой.
- Содан кейін үлкен ораза келеді. Оның арғы жағында пасха да алыс
емес!
Солай болса, солай шығар, - деп жауап қатты қарт əжесі. Сөйтті де
басын иіп, тоқыма біздеріне бір қырынан қарады. - Біздің кезімізде ораза
майға құймақ пісіретін айдың сəрсенбісінде басталатын əйтеуір.
- Қай оразаны айтасыз?
- Үлкен оразаны айтамын да, балам. Иə, сен он алты жасқа қадам
басқан кезде, меніңше, пасха үлкен оразаның бірінші aптасынан кейін
басталуы тиіс сияқты көрінеді... Біздің кезімізде сен үлкен ораза
дегеніміздің не екенін, одан кейін келетін мерекелерді мысалы, Қуанышты
хабар мерекесін білмейтін болсаң, нағыз алаңғасар ақымақ қыз атанар едің.
- Ал, Құштарлық жұмасы ше? - деді қыз. - Біз кезде ол да келеді емес
пе?
- О, менің ойымша, бұлардың бəрінен бұрын Магнустың* май жағу
мерекесі келеді, -деді əжесі. Ұлы бейсенбі де бар екен ғой.
Осымен жас қыздың бүгінгі əңгіменің басты тақырыбын пасха етy
туралы жасаған əрекеті аяқталды. Ол шынында да жеңілді. Күнтізбенің
шытырман мерекелерінің арасында адасып қалғандай болды, бағытбағдарын жоғалтып алды. Оның қолындағы шүйке ылғалдана түсті, əр жіп
шиеленісіп қала берді, ал олардың түйінін тарқатып шешу қиынға түсті.
"Бəрі де тек жаратушы Құдайдың құдіретімен жəне ол өзі қалаған кезде
ғана болады" деген тұжырым жастарға неге ұнамайды осы?
- Үлкен мерекелер барлық уақытта бірдей жақсы бола бермейді, - деді
əжесі, көңілін жадырата түсіп. - Əлі есімде. Марқұм əкем бір күні, ол Үш
құдай мерекесі күні болатын, сиырын далаға шығарып қоя берді.
Қатпарланған мұздың астынан қылтиып көрінген, бірақ үсік шалған шөпті
үзіп жеп, талғажау етсін деген болуы керек. Ондай кезде біз сиырдың
үстіне жабу жауып, желініне желінқап кигізіп қоятынбыз. Біздің жастау
кезімізде Ивандар күнінде де қарлы боран ұйтқып соға беретін.
ҚЫРЫҚ ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
ЕҢ ЖАҚСЫ КҮНДЕР
Бұл не? Ауыздықтың сыңғыры ма? Əлде келе жатқан ат тұяғының мұз
басқандағы дүбірі ме? Қар үстінде пысқырынған Блеси емес пе? Иə, əрине
Блеси! Балалар жоғары қабаттан таласып-тармаса тез төмен түскен бойда
күртік қар үйіндісінің үстіне жүгірісе шықты.
- Мұнда біреу-міреу бар ма? - деген дауыс естілді. Содан соң бұлардың
дəл қасынан қараңғылық құшағындағы əлдебіреудің: - Құдайға мың да бір
шүкір! Яғни мына жануар ат қараңғы түнекте үйді өзі тауып келген болды
ғой. Мен мұндамын. Бері жақындаңдар.
Балалар жақындап барып еді, қар үстінде тұрған адамды көрді. Ол
бұларға өзінің мұздай болып сіресіп қалған қолын ұсынды. Ол да, балалар
да бірін-бірі көргендеріне қуанысты.
- Үйге кіретін есік осы ма? - деп сұрады бейтаныс адам.
- Жоқ, - деп жауап берді балалар. - Бұл - күртік қардың астындағы үңгір
ғой.
- Қане, тезірек үйге бастаңдаршы, - деді бейтаныс адам. - Мен ауырып
қалдым-ау деймін. Иен далада қалай үсіп кетпегеніме таң қаламын.
Мынадай сұмдық қарлы боранға тап болармын ба!
Гвендур Блесиді ат қораға жайғастырып байлағанша балалар бейтаныс
адамды күртік қардың əлгі үңгірі арқылы үйге ертіп барып, ішке кіруіне
көмектесті.
- Тым жылдам жүрмеңдер, - деді ол - Менің таяққа сүйеніп жүруім
керек.
Бейтаныс адам сатымен жоғары өрмелеп шықты да онда отырған
кемпірмен жылы амандасты. Міне, ол қалтырап-дірілдеп бүкшиген бойы
өзі қазір ғана жоғары көтерілген тесіктің жанында тұрып қалды. Тауға
сапар шегуге нашар əзірленіпті. Шамасы, қалада тұратын біреу екені
көрініп тұр. Ол өзіне суық өтіп кеткенін, бəлкім, өкпесін қабындырып
алған болуы да мүмкін екенін айтты. Кейінірек балалар бір нəрсені жиі-жиі
еске алып жүрді: бұл жоғары көтерілетін тесіктен алғаш рет көрінгенде
əлдебір қарт адам сияқты таңдандыра əсер еткен болатын. Сөйтіп соңынан
байқап қараса, жап-жас жігіт екен. Оның бірде-бір қимылы, тіпті үстіне
киген киімдерінің түймелеріне дейін балалардың барынша құмарлықпен
қараған назарынан тыс қала алмады. Өйткені бұлар былайғы сыртқы дүние
атаулыдан біржола қол үзіп, ондағы болып жататын оқиғалардан мүлде
хабарсыз қалған еді. Шетсіз-шексіз қарлы даладағы үйден басқа еш нəрсені
көрмеген болатын. Иə, оның аяғына кигені кəдімгі қалада киетін жұқа
бəтіңке екен. Шамасы, оқыған жігіт болуы керек. Ең алдымен ес жиған
қарт əже оның қайдан жүрген жан екенін сұрады.
- Төменгі жақтан, теңіздің жағалауынан, - деді ол
- Солай екенін өзім де байқап отырмын, - деді кемпір. - Соула,
көгершінім менің, мына жігіттің сыртқы киімдерін, шұлықтарын шешуіне
көмектсс. Ыстық тамақ қамдастыру жағын да ойластыр. Сен, жігітім,
осында қонып шығатын шығарсың?
- Иə, бақытыма қарай, солай болатын шығар. Менің басқа барар жер,
басар тауым жоқ, -деп сыбырлағандай болды бейтаныс адам. - Иə, иə, тап
солай, - Деп сыбырлағандай болды ол, бейне бір осының өзін əлдебір терең
құпия сыр сияқтандырып. - Оның тұрған орнынан қозғалуға да шамасы
келмеді.
Ауста Соуллилья оның өкпесі қабынуы мүмкін емес деп үміттенді. Ол
өзі оған лайықты қызмет ете алмаймын-ау деп қауіптенді. Өйткені оған
əкесі осы үйдегінің ішіндегі жəне сыртындағы барлық мəселеге жауапты
сенсің деп сеніп тапсырған болатын. Міне бүгін бұл үйге бірінші қонақ
келіп отыр. Оның жағдайын қалай жасау керек? Шіркін-ай, бұл оған не
істеу керектігін, не ұсыну қажеттігін, қандай сөздер айтуы тиісті екендігін
білсе ғой! Ақырында үнсіздікті қонақ жігіттің өзі бұзды. Ол былай деп
сыбырлады:
- Жоқ, мен бұл жерден басқа ешқайда кетпеймін. Мені Гудбьяртур
Йоунссонның өзі жіберді. Ол бұларға ыстық сəлем жолдады. Бірақ,
өкінішке орай, оның жолдаған сəлемін жеткізуді ұмытып кетіппін. Ал мен оқытушымын. Мен мұнда бүкіл қыс бойы жұмыс істеуге тиістімін. Осылай
болатынына өзім де сене алмайтын сияқтымын. Бірақ, амал қанша, көнуге
тура келеді.
Ол өзінің қалалық көнетоз киімін жəне жұқа бəтіңкесін шешті, бірақ
екінші бəтіңкесін шешкен жоқ. Шешілмеген бəтіңкесіндегі аяғы тіпті
қимылдамайды, жаны жоқ сияқты. Бəлкім, үсіп кеткен шығар. Ауста оған
екінші бəтіңкесін неге шешпей отырғанын сұрауға сəл-ақ қалды. Оның бұл
аяғына не болғанын білуі керек қой. Бірақ ол ондай сұрақ қойған жоқ.
Бəлкім, жас қыздың өзі сияқты жас жігіттің аяғын қалай үсітіп алғанын
сұрауға, оған қамқорлық жасауға болмайтын да шығар? Қонақ жігіт
кереуетке жайғасып жатты да үстін əлдебір нəрсемен жылырақ жабуды
Аустадан ерекше өтінді. Ауста бұған дейін ер адамды ешқашан да қымтап
жатқызып көрмеген еді. Бұл жолы оның жүрегі қатты соғып,
ыңғайсызданса да мына жігітті иегіне дейін мұқият қымтап жапты. Баяғыда
балаларды, кішкентай інілерін қымтап жапқандай қызмет етті. Бірақ қонақ
жігіттің оң аяғын жабудың реті келмей-ақ қойды. Қонақ жігіт бұл аяғын
мамық көрпенің астына тарта алмады. Оң аяғынан шешілмеген бəтіңкесі
кереуеттің төменгі жағында сорайып тұрды да алды. Қыз мұның сыры неде
екенін қанша ойласа да біле алмады.
Қонақ жігіттің маңдайы кең, көзіне дейін түскен шашы қалың екен. Бет
əлпеті қаншама келісті болса да терең əжімдері айқын байқалады. Аяздың
қысымы кеміген сайын беті-жүзі əдемілене түсті. Оның беті-жүзін қымтап
жаба жүріп Ауста жігіттің киген көйлегінің қоңыр екенін байқап қалды.
Міне, бұларға тағы да қонақ келді. Біртүрлі сенімді адам сияқты. Бұлардың
үйіне жайғасып та алды. Бұл туралы енді ешкім де білмеуі керек. Ауста
бүкіл қыс бойы бұл хуторға ешкімді де жолатпауы тиіс. Өйткені əртүрлі
өсек-аяңның өріс алып, өршіп кетуі мүмкін. Сонда мұның жастау кезіндегі
келген бір қонақ жігітті біржола алып кеткені сияқты мұны да көзден ғайып
етіп, біржола ертіп кете алмайтын болады.
- Қане, қандай жаңалық бар? - деп сұрады қарт əже.
Қонақ жігіт қазіргі қақаған суық қыстың қақ ортасында онсыз да
денсаулығы нашар адамды мұндай қатерлі қиын сапарға шығуға мəжбүр
еткен тағдырдың түсініп болмайтын тəлкегі туралы айта бастады. Ол
адамның ұзақ жылдар бойы у-шуы мол қаладағы барлық бөлмесі бір
орталықтан жағылатын пештің ғажайып қызуынан жылынатын үйде тұрып
келген басқа біреу емес, тап өзі екенін баяндап берді.
- Иə, иə, - деді кемпір, - ондай пештердің болатыны туралы талай əңгіме
естігенмін. Бірақ оны өз өмірімде бірде-бір рет көрген емеспін. Сонда да
ешқашан ауру-сырқау дегенді білген жоқпын. Тек бір рет қана денеме
есекжем шыққаны бар. Мен ол кезде он бес жасқа енді аяқ басқан едім.
Таңертең ұйқымнан ояна сала жұмысқа кірісіп кететінмін. Бəрі де жаңадан
ауланған балықтың етінен болды. Балалар хуторға жақын жердегі қолдан
ұстап əкелген балық еді... Ол оқиға сонау ерте кезде, яғни өзім туып-өскен
оңтүстік жақта болған.
Соңғы алпыс бес жылдың ішінде бірде-бір рет ауырмаған, қаладағы
ғажайып пештің қандай болатынынан мүлде хабары жоқ осы бір кемпірдің
ұзақ өмірі туралы əңгімесін қонақ жігіт үн-түнсіз отырып, қызыға тыңдады.
Ақырында ол да сөзге араласты. Егер жақсылап тұрып, тереңірек ойлап
көрсе, ондай пештің ішіндегі лаулап жанатын жалынды, бəлкім,
дүниежүзілік өркениеттің жетістігі қатарына жатқызуға да болар дегенді
айтты. Ал ол жалын жүректің азапқа толы өшпес дертін күшейтіп,
асқындыра түседі деуге де болады екен. Жəне бір мəселе бар: адамның тəні
үшін өркениеттің жетістігі саналатын ғажайып пештің жылуынан гөрі,
тіпті, суықтың өзі пайдалы деседі. Рас, мына кең дүниеге қарап отырсаң,
көптеген ғажайып көріністердің куəсі боласың. Мысалы, Колифорнияның
шуылы басылмайтын жасыл ормандарын немесе Жерорта теңізінің
жағасында күннің алтын сəулесіне малынып тұрған пальма ағаштарының
аллеяларын көруге болады. Бірақ табиғат қаншалықты мейірін төге
жарқырап тұрса, адамның жүрегі соншалықты қатыгез, соншалықты
рақымсыз бола түсетіні несі екен?
- Бірақ, құрметті əже, - деді ол, - мен бəрі бір табиғатты керемет жақсы
көремін, одан алуға мүмкін болатын нəрсенің бəрін де жасаймын.
- Иə, - деп үн қатты кемпір. Ол мына мұғалім жігіттің айтқан ғибратты
сөздерінің жартысын ести алған жоқ еді. Шала-шарпы естігендерін оңдысолды талқылап, өзінше түсінді. - Сондықтан да мен Бьяртурдың не ойлап
жүргенін түсінбеймін. Өзі үйінде жоқ, бір жақта жүріп осындай боранда
жап-жақсы жігітті жауратып-жасынатып, мұнда не мақсатпен жұмсады
екен?
- Менің жағдайымды ойлап, мазасызданбаңыз, əже. Мен үшін
өркениеттің ми батпағындағы от-жалыннан аулақ азырақ дем алуыма тура
келді, - деп қысқаша түсіндірді өз жағдайын мұғалім жігіт. - Мен үлкен
өмірдің ортасында көп жүрдім, адамзат өмірінің мұхитында мол жүздім.
Ондай өмірде қайғы-қасіретті көп шеккен адамның, мысалы мені алыңыз,
басқа бір кіп-кішкентай дүниеге - мына сіздердің үйіңіздегі сияқты оңаша,
қарапайым да бақытты өмірге кеткісі келеді де тұрады екен. Алайда мұндай
жақсы орынға келіп жайғасу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қатыгез
дүние өз қолындағы олжасынан оңайлықпен айырылмайды. Кеше мен
таудан асып келе жатқанымда өлді деген осы екен ғой деп ойлаған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 31
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.