Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 20

Total number of words is 4284
Total number of unique words is 2219
37.3 of words are in the 2000 most common words
52.0 of words are in the 5000 most common words
60.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өзгертіп, жаңаша көгілдір түске енгендей. Əлде аспанның өзі көкжиектегі
көгілдір жасыл шынының жарқыраған қалың қабырғасына тіреліп тұр ма
екен? Аспан астындағы бүл жаңаша көгілдір көрініс алдағы алыста жатқан
қыруар құпия атаулыны түгел тұмшалап, қалқалап тұрған сияқты. Осынау
шетсіз-шексіз кеңістіктің қойнында қалғандай болған Ауста кенет бір
минөттей кілт тоқтады. Оған өзі бүл дүниенің қиыр шетіне жеткендей
көрініс елестеді.
- Əке, - деп сыбырлады ол, бір нəрсені сұрауға батылы жетіңкіремей. Біз осы қай жерге келдік?
- Біз иен даланың шығыс шетіне дейін келдік. Енді анау жатқан - теңіз.
- Теңіз дейсің бе? - деп, ақырын ғана қайталады есі шыға абдырап
қалған Ауста, сонау шығысқа қарай кеңінен көсіліп жатқан кеңістіктің
көгілдір жамылғысынан көзін алмастан. Оның тұла бойын мақтаныш
аралас қорқыныш сезімі дірілдетті. Өйткені оның маңдайына ұшы-қиыры
жоқ йен даланың шығыс шетіне дейін жетіп, құрылық аяқталған, теңіз
басталған жерді көру бақыты жазылған екен. Одан əрі дүниежүзілік
мұхиттың өзі! Қандай қорқынышты!
- Мұхиттың арғы жағында енді ештеңе де жоқ па?
- Ол жақта бөтен елдер бар, - деп жауап қатты Бьяртур, бұл көріністің
қызына беймəлім егжей-тегжейін түсіндіре алатын қабілетінің бар екеніне
мақтанғандай болып. - Ол елдер мен корольдіктер туралы жазылған талай
кітаптар бар.
- Иə, солай екен-ау, - деп қызы мақтанышпен сыбыр ете қалды.
Ауста содан кейін ғана өзінің ойланбай орынсыз сұрақ қойғанына
өкінді. Өйткені ол жас кейіпкер батырлардың өздерінің даңқын арттырған
ерліктерін осы теңізде жүзу кезінде жасағанын, олар туралы толып жатқан
кітаптар жазылғанын, бүл теңіздің арғы жағында ертегілерде айтылатын
ғажайып елдердің бар екенін білуге тиіс еді. Енді, міне, сол ғажайып
елдердің бергі шетіне дейін созылатын теңізді өз көзімен көргені қандай
бақыт десеңші! Бұл теңіз - талай ғажайып, адам айтса сенгісіз тамаша
оқиғаларға бастайтын қасиетті жол. Олар аңғардың шығыс жақ қия
беткейіндегі ең жоғары орынға жайғасқан еді. Бұл кезде Ауста өзінің қарны
ашқанын ұмытып кетіп, теңізден көз алмай, оны ұзақ тамашалаумен болды.
Оның ғажайып көрінісіне зор мақтаныш сезімімен қарай берді. Өйткені
теңіз дегеннің көкжиектен аса мұншалықты шетсіз-шексіз созылып
жататынын бұған дейін ешқашан да көз алдына елестетіп көре алған емес
еді.
Иен дала шығысқа қарай барған сайын тік ойыса берді. Көп ұзамай
қаланың төбесі керінді. Жүйектерінің ара-арасы атқан оқтай түзу бақшалар
қарауытады. Қала Аустаны оның əдеттегі түсінігінен тыс əлдебір ерекше
тамаша көріністерімен таң қалдырды. Ол қалада мұншалықты көп
ғимараттар болады деп ойламайтын. Енді қараса, үлкен де сəнді үйлер
қатар-қатар сап түзеп тұр. Утиредсмиридегі тамаша үйден бір де кем емес.
Көшенің шағын бөлігіне рет-ретімен салыныпты. Ол үйлерден будақ-будақ
шығып жатқан түтін де хош иісті дерлік əсер қалдырады - Жазғы мекендегі
жаман шымтезектің қоңырсыған сасық иісінен тіпті бөлек. Аздан соң бұлар
беткейге жапсарлас салынған алғашқы үйлердің тұсына жетті. Қарсы
алдарынан біраз жаяу-жалпы, кейбіреулері салт ат мінген, енді біреулері
арбамен келе жатқан жүргіншілер кездесе бастады. Олардың арасында
кəдімгі жай күннің өзінде соншалықты сəнді киінген, ауыздарында тістеген
папиростары бар, мойындарына галстук таққан бір топ жас жігіт бар екен.
Шамасы, бұлар ойын-күлкіні сүйетін нағыз сауықшыл жастар болуы керек.
Олар Аустаға қарады да қарқ-қарқ күлді. Сөйтті де бірнеше адым ұзап
кеткен бойда мұны ұмытып кетті.
- Əлгі жас жігіттер кім? - деп сұрады Ауста.
Əкесі ол жігіттердің жүрісін тіпті де жақтырған жоқ еді.
Папирос сорғаннан басқаны біле бермейтін сандалбай серілер ғой! - дей
салды.
Бұлар сиді тас төселген көшеге шықты. Оның екі жағында да
терезелеріне перде тұтылған, гүл қойылған үйлер одан əрі жалғаса түсті.
"Бұл дүниеде өспейтін нəрсе жоқ екен-ау!" деп ойлады Ауста. Əне, бірімен
бірі қолтықтасқан екі жас қыз қарсы келе жатыр. Екеуі де бау тағылған
ботинка мен пальто киіпті. Біреуінің қызыл, екіншісінің көк қалпағы бар.
Екеуі соншалықты кербез Ауста олардың біреуін Миридегі Одур екен деп
қалды. Ал олар тіпті таяп келгенде екіншісі Одурға қатты ұқсап кетті.
Ауста олардың қайсысы Одурға көбірек ұқсайтынын аңғара алмай,
шатасып қалды.
Ол екеуі қаланың кəдімгі қатардағы қыздары еді. Бұлардың жанынан
өтіп бара жатып, өзара қиқылдап күлді. Шамасы, мұнда, Фьордта, күлкі
мен көңіл көтеріп, шаттықта жүруі үйреншікті əдетке айналып кеткен болу
керек.
Əкесі əлгі қыздарға тіпті де назар аударған жоқ.
- Бұл қыздар ма? - деп қайта сұрады Бьяртур. - Бұлар қайдағы бір
қаңғыбас, ұяттан безген, ешқандай жұмыс істемей, ата-анасына масыл
болып жүрген еркетай қыздар ғой!
Үйлер барған сайын бір-біріне жанасып, тығыз орналасыпты. Олардың
арасында тіпті, аула болатын жер қалмаған, күнге қураған шағын бақша
ғана байқалады. Мал ұстайтын жер туралы сөз етудің де қажеті жоқ.
Көшеде жергілікті тұрғындар мен сырттан келгендер бірімен-бірі өзара
сапырылысады. Жүк артылған аттар да, жеңіл арбалар да бар. Су бетінде
қаптаған қайықтар, үлкен-үлкен кемелер көрінеді. Ауста өзі бұрын көріпбілмеген көптеген нəрселер туралы сұрай беруден шаршамады. Оның басы
қатуға айналды. Бейне бір түс көргендей болып, əрі-бері жүгіріп жүр.
Ерсілі-қарсылы ағылған, бір-біріне бейтаныс адамдар. Олар өзара
амандаспайды да. Ауста Бруни дүкеніндегі зат сатылатын үстелдің
жанындағы əкесімен өзінің қалай қатар тұрғанын байқамай да қалды.
Бұлардың алдында дүниежүзілік мəдениет жетістіктері жасап шығарған
тауарлардың барлығы дерлік жаюлы жатыр. Періштенің қанатындай аппақ
шұлықтар дейсіз бе, жаңбырда киетін жұп-жұқа əдемі плащтар дейсіз бе,
бүйірі томпақ гүлді кеселер дейсіз бе, кəдімгі май шам немесе ауызға
салып шайнайтын темекі жапырағы дейсіз бе - бəрі-бəрі табылады.
Үстелдің арғы жағында - жақсы киінген сатушылар. Шеттерінен сымбатты
да түлғалы жігіттер. Олардың кейбіреуі əлдебір нəрселерді жазумен
айналысып жатса, енді біреулері сатып алушылардың сұраған тауарларын
алып көрсетуде. Əне бір адам бірдеменің жарқ-жұрқ еткен саф алтыннан
жасалған жіп-жіңішке бауын көріп тұр. Аустаның əбден есі шығып кетті.
Ол өзінің үстіндегі кең көйлегі олпы-солпы көрінетініне де,
шұлықтарының төмен түсіп кеткеніне де, аяғындағы кебісінің былғаныш
екеніне де назар аударған жоқ. Мына керемет көріністерді тамашалап,
əлдебір кеңістікке терең ой үстінде қадала қарап қалыпты. Бұлардың
қасына қоймашы кісі келді. Ол сыпайы да сымбатты, сенім ұялататын адам
екен. Бьяртурдың алып келген жүнін өлшеп болғаннан кейін Аустаға екі
рет көз қиығын салып, сынай қарады.
- Мен Бьяртурдың қызы бар екенінен тіпті хабарсыз болыппын ғой. Өзі
бой жетіп те қалыпты. Менің Мангама қалыңдық болуға өте лайық екен, деді ол
Бірақ Бьяртур оған бұл тақырыпта əңгіме қозғауға əлі ерте екенін айтып
жауап қатты. Бойшаң көрінгені болмаса, алдағы көктемсіз əлі шіркеуге де
барған жоқ, ондағы айтылатын уағыздарды да тыңдаған жоқ. Күтпеген
жерден тұспалдап айтылған əлгі сөздерден кейін қыздың екі беті
қысылғаннан ду етіп, қызарып кетті. Ол əңгімені мұның сұңғақ бойлы əрі
ілмиген жүдеулігіне қарай бұрып жібергені үшін əкесіне қатты риза болды.
Ауста аңғарда аңдамай сөйленген аңғал сөз саналатын нəрселерді қалада
қалай болса солай сандырақтай беруге болатынын əлі білмейтін еді.
Осыдан кейін Ауста əкесімен бірге кеңседе отырған көпестің өзіне
кірді. Ол бұл көпестің аты-жөні Бруни екенін бұрыннан білуші еді. Енді
қараса, оның Тулиниус Йенсен деген таң қаларлықтай жəне бір аты-жөні
бар екен. Қыз оған Редсмиридегі діни қызмет кезінде дұға оқып, уағыз
айтылатын орынға шақырылғандай жүрексіне ыңғайсызданды. Бірақ оның
мұндай жағдайда болғаны əкесіне ешқандай эсер еткен жоқ. Ол жалпы
алғанда еш нəрсеге таң қала қоймайды - тіпті Тулиниус Иенсеннің өзі оны
құшақтап амандасқанның өзінде де былқ етпеді. Шамасы, ұлы деп
танылатын адамдардың айқара ашқан құшағының өзі де мұның əкесі үшін
таңсық емес болуы керек.
- Достық дегеніміз қазіргідей қиын-қыстау заманда ілуде бір кездесетін
оқиғаға айналды ғой. Міне, сондай кезде өзіңнің сенімді достарыңды
көргеніңе не жетсін, шіркін! Сен, əрине, болып өткен жиналыс туралы
естіген шығарсың?
- Шет жағасынан хабарым бар, - деді Бьяртур. - Əр түрлі одақтар құру
туралы ойдан шығарылған алып қашпа əңгімелердің біразы маған да жетті.
Өткен көктемде осы мəселеге байланысты Жазғы мекенге арнайы келіп
кеткен қонақтар да болды. Бірақ мен осы уақытқа дейін өзге ешкімнің
сыртымнан айтқан ақылына илікпей, бұрынғы əдетім бойынша оз
ақылыммен жұмыс істеуді қалайтынымды бірден ашып айттым.
- Өте дұрыс жасағансың! Өкілетті өкіл Ингольв Арнарсоп Йоунссон
əлгі бір Тұтынушылар одағы деп аталатын бірлестіктің бастығы болып
шыға келді. Осыдан бірнеше күн бұрын пароходпен түкке алғысыз нашар
тауарлардың алғашқы партиясының жеткізілуі-ақ мұң екен, шаруалар, - иə,
иə, бұрын менімен істес болып келген шаруаларды айтармын - менен теріс
айналып, соған қарай лап қойды. Бұған не дерсің енді! Бірақ, əліптің
ақырын күтейік. Енді бірнеше жылдан соң байлардың шеккен зияны деген
сылтаумен олардың бүкіл борышы кедей-кепшік кішкентай адамдардың
мойнына бөліп жазылған жəне олардың өз меншігіндегі азын-аулақ
жерлерін пайдалануына тыйым салынған кезде, не деп зар қағатынын
көреміз əлі! Былтыр Раппсвиктегі тұтынушылар одағының мүшелері тап
сондай ауыр жағдайға душар болды.
- Қайдам, ол жағын білмеймін, - деді Бьяртур. - Мен біреудің табысын
қызғанбаймын. Басқаның белшесінен шығынға батқанына да жауап
бермеймін.
Көпес Тұтынушылар қоғамының халыққа тигізер бір эйрир де пайдасы
жоқ екенін, қайта оларды қайыршыландыра түсетінін айтумен болды.
Өйткені басқа да барлық монополиялық қоғамдар сияқты олар да халықтың
қанын сүліктей сорып қанау үшін, жеке тұлғалардың өзіндік игі
бастамаларына жол бермей, тұншықтыра басып тастау үшін, олардың
бостандығы мен ешкімге тəуелсіз дербестігін жою үшін ғана құрылып
отыр.
- Оның есесіне, менің дүкенім сен үшін əрқашан ашық. Ондағы бар
нəрсенің бəрі де сендер үшін, қымбаттым Бьяртур! Айтпақшы, есімнен
шығып барады екен-ау, сенің ғажайып қызың қазірдің өзінде-ақ бой жетіп
қалыпты.
- Жоқ, əлі жас, тіпті шіркеу бетін де көрген жоқ. Бірақ өте ақылды. Оқи
алады. Ежелгі ескі сагаларды біледі. Қане, жаным Саула, айта қойшы,
"Қалқан ағашы"* дегеніміз не? Өзіңнің біліміңді көрсетші.
- Бұл үшін сен мақтауға əбден лайықты екенсің, - деді көпес қыз
"Қалқан ағашы" деген сөздің мағынасын түсіндіріп берген соң. - Біздің
қазіргі заманымызда жастар арасынан "Эдданы"* білетіндерді таба қою өте
қиын. Мен бүл туралы өзімнің кішкентай Сванвитама айтып баратын
боламын. Бірақ ол тек қана дат тілінде оқи алады.
- Ім, дат тілінде оқи алады, - деді Бьяртур оның сөзіне таң қала қуаныш
білдіре қоймай, -Мүмкін, өзі үлкен дəрежесі жоғары адамдар үшін жақсыақ болар. Бірақ біздің алып аңғарда тұратын халық байырғы ақындарға
көбірек сеніп, соларды көбірек құрмет тұтады. Айталық, Магнус
ормандарынан шыққан Магнус Магнуссонды* жақсы көріп, сүйіп оқиды.
Исландияда енді қайтып ондай ақын дүниеге келмейді. Қарт ақынның мына
сөздері өте дұрыс.
Оқымысты ақын, бəлкім,
Жазып берер жақсы өлең.
Бірақ одан жай халықтың
Ескі жырын жөн көрем.
Кəне, менің Соула жаным, ақынның ең күшті дастанының кіріспе
бөлімін жатқа оқып берші - көпес атаң тыңдасын.
Ауста əкесінің айтқанын екі еткен жоқ - Берноут туралы римнің он
екінші жырын оқи бастады. Қыз басын төмен иіп тұрып, жыр оқуға
кіріскен кезде төбе шашына дейін қызарып кетті. Ентіге түсіп, тез оқығаны
сонша, тіпті жырдың кейбір сөздерін айқын аңғару өте-мөте қиын еді.
Жырдың жарым ортасына жете бергенде ол өлең жолдарын шатастарып
алды. Одан əрі оқуға тынысы жетпей, одан сайын қысыла толқып, қинала
түсті. Тіпті тілі байланып қалды. Ауста ұялғанынан жерге кіріп кете
жаздады.
- Қандай ғажап! - деді көпес. - Өте тамаша! Шын шеберлік деп осыны
айтса болады! -Сөйтті де ұялта бермейін деп Аустаға екі қолын бірдей
ұсынды. Мұнысы, шынында да, қызды қысылтаң жағдайдан тез құтқарды.
Көпес мына қыздың ерекше қабілетті өнер иесі болатынына кəміл
сенетінін білдірді. Осы жағдайға байланысты Аустаға он эйрирлік күміс
теңге ұсынды - "Өзіңе ұнаған керемет бет орамал сатып ала ғой" деді.
Шамасы, жасы үлкен адамдардың бəрі де бет орамал сыйлауды ұнататын
болғаны ғой. Содан кейін ол есікті өзі барып ашып, қонақтарды дүкеннен
сыпайы əдеппен шығарып салды. Бұл дүкеннің ішіндегі бүкіл дүние-мүлік
жаңа ғана бұлардың еркіне толық берілген сияқты болып көрініп еді. Енді...
Күннің қалған уақытын бұлар ары-бері жүгірумен өткізді, əр түрлі
заттар іздестірді. Ауста өзіне тұңғыш рет бет орамал сатып алды.
Орамалдың жиегінде əдіп ретінде кестелеп салынған гүл суреттері бар
екен. Тек бет орамал ғана емес, оның жібек жіпке тізілген көк аспан түсті
тамаша моншақтары да бар еді. Ауста қала қызына ұқсау үшін ол
моншақты мойнына таға қойды, ал бет орамалын қолына ұстап жүрді өйткені оны салып қоятын қалтасы жоқ болатын.
Іс мұнымен ғана біткен жоқ.
Менің есімде, - деді əкесі қызына. - Қыстыгүні бірде мен саған Орвар
Одд* туралы сага сатып əперемін деп уəде беріп едім-ау.
Сөйтті де бұлар кітап дүкеніне қарай бет алды.
Дүкен иесі жасы жетіп, қартайған, əбден қаусаған шал еді. Қалт-құлт
етіп, құлап қала жаздап, аяқтарын əрең басатын. Қолындағы таяғына
сүйене бері жақындады. Дегенмен де ол өзін заман ағымынан қалмай, қатар
жүріп келе жатқан жан ретінде аты шығып, кеңінен танымал болған еді.
Оның кітап дүкені ауланың артқы бір шетіндегі өзге құрылыстардың
тасасында құлағалы тұрған ескі үйдің шатырындағы жан-жағынан
қоршалған шағын қуыста екен. Баспалдақ саны таусылмастай көп, аяқ
басқан сайын сықырлап, əндетіп тұратын қара қоңыр сатымен əрең дегенде
жоғары көтерілуге тура келді. Бұлар келгенде шал өзіне жермаймен
жанатын примусқа қойылған кəстрөлге жас балықтан сорпа пісіргелі əуре
болып жүр екен. Бөлме ішін бу қаптап кетіпті. Кітаптардың салмағымен
белі майысып кеткен сөрелер қалың тұман ішіндегі жартастар сияқты бірде
бұлдырап көрініп, бірде мүлде көрінбей кетеді. Шал таяғына сүйеніп,
кəстрөлдің жанынан бері жақындап, келген қонақтармен сыпайы
амандасты.
- Сізден кітап сатып алуға бола ма? - деп сұрады Бьяртур.
- Қандай кітап алғыңыз келетініне қарай көреміз, - деп жауап қатты
шал.
- Менің Соулама қажет кітаптар болса, - деді Бьяртур. - Қызымның
кітапқа деген құмарлығы күшті. Мен бұған өткен қыста Орвар Одд туралы
сага сатып алып беремін деп уəде етіп едім. Соны беріңіз. Мен ақшасын
қолма-қол, нақты төлеймін.
- Құдай жарылқасын сені, азамат! - деді сатушы. - Менің ол кітаптың ең
соңғы данасын сатқаныма отыз жылдан асып кетті. Қазір адамдар мəдени
даму сатысының жоғары баспалдағына көтеріліп кетті ғой. Ондай
кітаптарды оқымайды. Егер қаласаңыз, оның есесіне басқа кітаптар
баршылық. "Соломонның алтын кеніштері" туралы тарих бар. Онда
Умслопогаас деген кейіпкер туралы баяндалды. Менің ойымша, ол да
өзінше ұлы адамдардың бірі, Орвар Оддтан бір де кем емес.
- Бүл сөзіңізге сену қиын, - деді Бьяртур. - Мұныңыз əлдебір жаңа
сарынды сəнқойлыққа ұқсас сандырақ сияқты. Өйткені əлгі айтқан
кейіпкер жігітіңіз бойы тұп-тура жиырма дат шынтағына тең келетін Орвар
Оддпен тең түсе алады деп мені бірде-бір тірі жан иландыра алмайды.
- Құрметтім, сіз тыңдаңыз, өмір бір орында, адамдар бір даму
сатысында тұрмайды. Зымыраған заманмен бірге алға кетіп барады. Ал
біздің, кітап сатушылардың, бұл жағдаймен санаспауымызға мүлде
болмайды. Сен өзің айта қойшы, кішкентай жас бикеш, заман ағымынан
артта қалып қоюға бола ма? Көне, бері келе қойшы, жарқыным. Мына
бүгінгі"3аман əдебиеттерін қарап шықшы. Міне, мына роман бүкіл дүние
жүзіне танымал.
Күймеде кетіп бара жатқан адамды біреулердің қалай өлтіргені туралы.
Ал мына кітап -папалық тəртіптің азғындап іріп-шірігені туралы ғылыми
еңбек. Орта ғасырларда өмір сүрген, бұзылған тақуа жандар - монах еркек
пен монах əйелдің бірін-бірі ұятсыз масқара əрекеттерге қалай көндіргені
туралы. Енді сəнқой қыздарға арналған жаңалық. Кішкентай жас бикеш,
мүмкін сендерге осы кітап ұнайтын шығар?
Сатушы соншалықты қаусаған шал бола тұра мұны "Кішкентай жас
бикеш" деп қошеметтеп отырғаны үшін Ауста қатты қысылып, төбе
шашына дейін қызарып кетті. Қыз батыл армандарын аялап аңсаған
кездерінде де өзін басқа біреудің осылай атайтынын ойша болса да көз
алдына елестете алмайтын. Ол ол ма, бүгінгі əдебиет тақырыбына тап
осындай қаусаған қартпен əңгімелесетіні туралы ойлап та көрген емес. Ал
қазір алдында жатқан кітаптың алғашқы бетіндегі суретке көзі түсіп
кеткенде - Ой, сұмдық-ай! - жүрегі тоқтап қала жаздады. Соншалық таң
қаларлық, бірақ елеулі болса да, бұрын ешкімнің аузынан естіп көрмеген,
бірақ мұның өзі викингтер туралы рималармен оқып танысқан,
жануарлардың əдепсіз əрекеттерінен кездейсоқ, еріксіз көрген оқиғалардың
адам өмірінде қалай қайталанатынын көз алдына бұлыңғыр елестететін.
Енді, міне солар туралы тұтас кітаптар туындапты. Соның бірі - мына
"Махаббат құпиялары. Еркектер мен əйелдер арасындағы қатынастарға
қатысты пайдалы кеңестер" деп аталатын кітап.
Қатынастарға қатысты? - осыны ойлағанда қыз əкем шапалағымен тағы
да тартып жіберер ме екен деп шошып кетті. Денесі дір ете қалды. - Мұны
қалай түсінуге болады? Еркектер мен əйелдердің арасындағы қатынастар...
Əкемнің көзі мына кітаптың бас тақырыбына түсіп кете көрмесе еді. Бұрын
ешқандай кітап қыздың ынтыққан құмарлығын мұншалықты қоздырып
көрмеген еді. Ол ешқандай кітаптан тап осылай шошына қорыққан да емес.
Дəл қазір бұл жерде өзінен өзге ешкім жоқ болса да мұндай кітапты сатып
алуға батылы жетпес еді. Бірақ кітаптың бас тақырыбы мұны қатты
қызықтырды. Бірақ көрсе де көрмеген болып, көзін басқа жаққа тез
тайдыра қойды. Енді ол басқа кітаптарға назар да аударған жоқ. Ал əлгі
кітапты əкесі де көріп үлгеріпті. Мұндай жағдайда əрқашан шарт кететін
шатақ мінезін тағы да танытты:
- Қайдағы бір жүрек айнытатын жексұрын қылықтарға толы махаббат
машақаты. Оңтүстіктегі оңбағандар ойдан шығаратын осындай кітаптар-ақ
əйелдерді бұзып болды! -деп ызаланды ол
- Қателесесіз, бұл кітапты əйелдер өлердей сүйіп оқиды, - деп қарсы дау
айтты сатушы. -Соңғы бес жылдың ішінде мен бүл кітаптың кем дегенде
отыз данасын сатып үлгердім. Əлі де сұраушылар көп. Тек қана кісі өлтіру
немесе ғылыми жаңалық ашу туралы кітаптарды оқу жеткіліксіз.
Адамдардың шым-шытырық махаббат машақаты туралы көбірек оқып
білгісі келеді. Рас, Орвар Оддтың бойы биік-ақ шығар, он екі дат шынтағы
болар. Бірақ махаббатты шынтақпен өлшеуге болмайды ғой.
Мұндайда Бьяртурдың күтпеуге болмайтын мінез танытатыны бар еді.
Ол енді сатушымен осы заманғы жəне өткен ғасырлардағы рух пен
шеберлік туралы ұзақ дауды бастап кетті. Ауста əбден абыржыған
қалпында үнсіз тұра берді. Кəстрөлдегі балық сорпасы əлдеқашан тасып
төгіліп жатты. Кітап дүкеніне бас сұғу Бьяртурдың Қар аруы туралы ертегі
кітап сатып алып, оны қызына сыйлағанымен аяқталды.
- Сатып тұрған кітаптарына қарағанда, бүл шалдың кемінде некесіз
туған жеті шата ұлы болуы керек, - деді Бьяртур, өздерін "Махаббат
құпияларына" алып шыққан сықырлауық сатымен төмен түсіп келе жатып.
Бьяртур ілгері қарай бүкшие түсіп, аяғын ауыр əрі ебедейсіз басып
келеді. Өйткені ол қала көшесімен қалай жүрудің тəсілін жөнді біле
бермейтін. Ауста оның соңынан еріп келе жатты. Əкесіне қарап ірі
адымдағысы келеді. Ілмиген жіп-жіңішке əрі именшек қыздың шұбар
көйлегінің тым кең екені бірден көзге түседі. Ол бет орамалын тершіген
алақанына қысып ұстап, моншағын мойнына тағып алыпты. Ары-бері
өткен жұрттың бəрі бұл екеуіне таңдана қарайды.
Кешке қарай бұлар жолаушылар түнейтін керуен сарайына келді. Ол бір
шатырының үстіне екінші шатыр бой көтерген үлкен ғимарат екен. Бір
шатырдың үстінде - жəне бір шатыр. Ол сырланбаған ақ қаңылтырмен
жабылыпты! Осындай да үй болады екен-ау! Айқай-шу, гүрілдеген азанқазан əр түрлі дауыстар. Есіктер сарт-сұрт ашылып-жабылады. Ac пісіретін
жақта аяқ-табақтың сылдыры. Қыздардың шырылдап шыңғырғаны,
былапыт боқтық сөздер, иттің шəуілдеп үргені - бəрі-бəрі де естіледі! Міне,
нағыз қарапайым бұқара халықтың ырду-дырду ортасы деген, шамасы, осы
болар?
Мұндай үйде бір күннің ішінде не болып, не қоймайды десеңізші!
Мына ырду-дырду, азан-қазан у-шудан есі шыға абыржыған қыз өзін
соншалықты жалғыз жəне ешкімге елеусіз мүсəпір жандай сезінді. Тіпті
өмірден тыс қалғандай еді. Бұл үй "Махаббат құпиялары" туралы ғажайып
құштарлық күшіне толы, бірақ қолға түсуі қиын кітапты ескі түсірсе болар
ма? Өмірдің өзіне еліктіріп, бойды билеп əкететін мынадай қызығы мол,
абыр-сабыр думанды, асханасы бар ортасында жүре алатын жандар қандай
бақытты десеңізші! Ал Ауста өзін ешкімге керек емес, бүл жерде бейне бір
басы артық адам сияқты сезінді. Сөйтті де асхананың бір бұрышындағы
ұзынша орындықтың бір шетіне үн-түнсіз отыра кетті. Ал əкесі көпшілігі
тап өзі сияқты шаруалар болып табылатын əлдебір адамдармен əңгімеге
кірісті: əңгіме əдеттегісінше жайылым жағдайы, сауда-саттық жəне қойдың
ішек құрты туралы болды. Қыз бір-ақ нəрсеге риза: мына шаруалар
мардымсыған қала тұрғындары сияқты бұған қайта-қайта сүқтана қадалып
қараған жоқ. Көпшілігі көздеріне де ілмеді. Қыз қатты шаршаған еді. Оның
үстіне, қарны да ашты, əр түрлі əсерлерден ығыр болды. Оның кебісінен
шеті шыға көрініп тұрған тоқыма ұлтарағын түзетіп кайта салуға да құлқы
қалмады. Ол əбден умаждалған əрі кір болған бет орамалын қысып ұстап
отырған бойы бір жаққа ғана қадала қарап қалыпты. Əне, бөлмеге сұңғақ
бойлы сұлу бикеш кіріп келеді: екі беті алаулап қызарып тұр, көгілдір
көздері де, толық кеудесіндегі тырсиған қос алмасы да өзіне жарасып тұр.
Егер Аустаның үстіндегі көйлегін, шіркін-ай, осы қызға кигізсе, тіпті де
олпы-солпы болып көрінбес еді! Ол асханадағы у-шу мен азан-қазан
дабырдың арасынан адам қызығарлық байсалды сабырлылықпен бері
шығып келе жатты. Қолында жаңа пісірілген, буы бұрқыраған балыққа
толы үлкен сабағы бар. Келді де мына жұртты үстелге жақындап отыруға
шақырды. Ілмиген ашаң Ауста оған көзінің қиығымен ғана қарады. Ол
қандай сұлу болса, сондай пысық, өткір екен. Ол Аустадан кімнің қызы
екенін сұрап алды да əкесінің жанына жайғастырды. Ол əркімнің өзіне
тиісті үлкен үлесін алуын жіті қадағалады.
Алдарына балық келген бойды əлгі дабырласқан топ тып-тыныш бола
қалды.
Олар ұйықтар алдында тілдеріне тағы да еркіндік берді. Тағы да саудасаттық туралы, қойдың ішек құрты жөнінде сөз болды. Мұнда түнеп
шығуға тағы да басқа біреулер келіп жатты. Олар өздерін өте-мөте таң
қаларлық ұстады: əй-шайға қарамай, үйді Пастарына көтере əн салды, тептегіс еден үстінде жоқ жерден сүрініп, құлаумен болды. Үсті-бастарына
қарасаң, балшыққа аунап тұрғандай. Олардан бейне бір ашытқының иісі
сияқты мүңкіген қышқыл иіс шығады. Көздері домбыға ісіп кеткен.
Аустаның зəресі ұшайын деді: өйткені олар бұған əлдебір адам таң
қаларлық көзқараспен қарауын қоймады. Тіпті құшақтағысы келгендері де
болды. Əкесі Аустаның "Қорықпа, əншейін мастар ғой" деп жұбатты. Бірақ
олар бұған тиісуін қоймады, мына бір өрімдей жап-жас əдемі келіншектің
кімнің əйелі екенін сұрап білгілері келді. Бьяртур оларға ашулы тіл қатты жас баланың мазасын алмауын талап етті. Қыздың жасы он үшке жаңа ғана
толғанын, əлі шіркеу есігін ашып та көрмегенін айтты. Ал əлгі еркектер
қыздың күйеуге тиетін уақыты əлдеқашан толғанын Құдай атымен қарғана
дəлелдеуге тырысты. Олардың біреуі еденге лақ еткізіп құсып жіберді. Бұл
дарақы да дөрекі жандарға ешкім де ренжіп, өкпелеген жоқ. Қайта, еш
нəрсе бола қоймағандай-ақ, бəз баяғы сауда-саттық туралы даулы
əңгімелеріне тағы да көшті. Пікірлер, əдеттегідей, əр түрлі болып шықты.
Біреулер шаруаларды көпестердің езгісінен құтқармақ болғандарды қолдап,
мақтай ала жөнелсе, енді біреулер көпестерді қорғаштады - олардың
шаруаларға зиян келтіріп отырғанына мəн де берген жоқ. Ақыры мынадай
ұйғарымға келісті: халық. осыдан отыз жыл бұрын Тингейдегі шаруалар
сияқты тұтыну қоғамдарының негізін қалауы тиіс. Ауста олар көпестерді
қанішер қанаушылар, ұры-қарылар деп атап, тым қатты қиянат жасаған
сияқты деп ойлады. Сонда мұның əкесі көпестерді бекерден-бекер
қорғайтын болғаны ма? Бірақ ол өз əкесінің Ингольв Арнарсонды
соншалықты ұнатпайтын себебін ұға алмай-ақ қойды. Ал ол өте келбетті
сұлу жігіт қой. Оның үстіне, биылғы көктемде мұнымен өте сыпайы əрі
жылы сəлемдесті емес пе? Ал староста, осы өкілетті өкілдің əкесі, буған екі
кроннан екі рет жайдан-жай сый жасады ғой. Ауста өз əкесінің
старостаның ұлымен қырғи-қабақ жау болуын қалаған жоқ еді. Өйткені
Ингольв Арнарсонның жүзінен жақсылық нышаны төгіліп тұр ғой - ол
шаруалар үшін қолынан келгенінше бар күш-жігерін жұмсап, көмек
көрсетуге əрқашан əзір сияқты.
Айтыс-тартыстың қатты шиеленіскені сонша, Ауста ақыр аяғында
өзінің кімге қолдау көрсетуі тиіс екенін түсіне алмай, басын əбден
қатырды: көпес жағына ма əлде тұтыну қоғамының өкілетті өкілі жағына
ма? Ол, бəлкім, əкем жағына жақындағаным жон болар деп ойлауға
тырысты. Хутордан келгендердің біреуі көпестер ұры-қары ғана емес, бас
кесер қанішер де екеніне иландырмақ болып жанталасып бақты. Ол
Брунидің несие беруден бас тартуы салдарынан талай адамның өте қатал
киын жағдайға душар болғаны туралы толып жатқан мысал келтірді. Ол
көпестің жасаған кесапат қылығы салдарынан соңғы жылдарда бір
жапырақ нан таба алмай, аштан өлген талай адамның аты-жөнін атап та
бере алатынын байқатты. Ал тұтыну қоғамы дегеніміз шаруалардың
өздерінің сауда жасайтын кəсіпорны. Онда барып тұрған жарлы-
жақыбайлардың өздері ешкімнің аяусыз тонап кетпейтініне, аштан
өлтірмейтініне кəміл сенімді бола алады. Екінші біреу тұрып, қазіргі
тұтыну қоғамдары, алғашқы кезде Тингейде болғанындай, кедей
шаруалардың қолында емес, басқа біреулердің байлардың қолына өтіп
кеткенін айтып өзеуреді. Миридегі старостаның тұтыну қоғамын құруды
қолдап, жаны шыға шырылдап жүргені мүлде тегін емес. Сонда оның кедей
шаруаларды жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүр деп ойлап, шарқ ұрып
жүрмін дегеніне сенетін аңғал ақымақ табыла қояды деп шынымен-ақ
ойлайтын болғаны ма?! Мəселенің басты мəні мынада: оның өзі шығынға
ұшырап, сазға отырып қала жаздады. Викадағы дүкеннен береке кетіп, іс
ілгері баспай қойды. Өйткені одан тауар сатып алушылар тұтынушылар
қоғамына қарай ауып шыға келді. Міне, ол тап сондықтан да енді Фьордта
қолға алатын жаңа ісімен баюды көздеп тұр. Сөздің қысқасы, ендігі жерде
тұтыну қоғамынан шаруаларға келетін пайда жоқ. Кезінде көпестер
келтірген пайданың кебін киеді. Шаруа белшесінен қарызға батып, тынысы
тарыла түседі. Оның үстіне, бұл жерде монополия деген бəле тағы бар.
Сендер, сайтан алғырлар, газет оқымайсыңдар ма түге?
- Мен ешкімге еш нəрсе қарыз емеспін, - деді Жазғы мекен иесі
Бьяртур.
Дауласып отырған екі шаруа да қарызға белшелерінен батулы екен.
Өйткені, əрине, екеуінің сиыры бар болып шықты. Ал сиыр жүрген жерде
қарыздан қалай құтыларсың?! Олар Бьяртурдың əлгі сөзіне назар аударған
жоқ. Өйткені бұл екеуінің дауы жалпы қарыз туралы емес, кімге қарыздар
болған жеңілірек тиеді деген мəселенің төңірегінде еді. Өзеуреген екеуінің
дауы басылар емес. Барған сайын қыза түсті. Ақырында олардың біреуі
қыза-қыза келе "Өз əйеліңнің алдындағы борышыңды өтей алмай жүрген
сен байғұстан ақылға қонатын қандай жөні түзу сөз шығады деп едім-ау!"
деп қалды. Ал екіншісі қасында отырған біреулерді куəге тартып, "Ал сенің
əйелің өзіңді адам екен демейді. Он екі жыл бойы есігіңдегі батырақпен
көңілдес. Тіпті бірде-бір балаң өзіңнен емес!" деп қалды.
- Қане, "Іріген ауыздан шіріген соз шығады" дегендей, қайдағы былапыт
əңгімені айтқанды доғарыңдар енді. Ең болмаса, мына қыз баладан
ұялсаңдаршы! - деп, Бьяртур олардың сөзін бөлді. - Ал Ауста болса,
əлгілердің сөздерінен бəлендей былапыт ештеңе аңғара қойған жоқ. Қайта
"Сонда некесіз балалардың əкесі кім болды екен?" деген сұраққа нақты
жауап таба алмай қиналды. Əлгілер Бьяртурға дүрсе қоя берді:
"Айқайламай, өшір үніңді!
Бұл жер саған балабақша емес. Ересек еркектердің арасына қызыңды
ертіп келіп нең бар? Қандай сайтан түрткіледі? Біз маңызды мəселе туралы
дауласып отырмыз. Бізде жұмысың болмасын!" Сөйтіп қыза-қыза келгенде
əлгі əйелдің күйеуінің көзіне қай жерде, қай күні қалай шөп салғаны бейне
бір солардың қасында қарап тұрғандай етіп барынша дəлдікпен айтып
берді. Тіпті "...сол күні ол əйелдің бұтында қып-қызыл панталон болғанын"
да айтып салды. Енді оларға сөзбен сайысу аздық етті де жұдырық
жұмсасуға көшті. Бірінің-бірі тісін опырып түсірмекші болды. "Қып-қызыл
панталоны болған" дедің ғой? Ал енді тұмсығың қып-қызыл қанға
боялады! Көзіңнің алдын көкала қойдай, көк торғайдай етіп жібермесем бе
сені, иттің ғана баласы! Ауста Соуллилья осы кезде ғана əңгіменің
шынында да "қаншалықты маңызды мəселе" төңірегінде болғанын толық
түсінді. Жолаушылар түнейтін керуен сарайында қайдағы бір "қызыл
панталонның" дəлелге келтірілгені үшін шыққан мына қып-қызыл
төбелесті қыз оз көзімен көргенде сагаларды оқыған кезінде оның көз
алдына елестейтін тау-тау өліктердің үйінділері де солғын тартып сала
берді. Яғни өмірде жаман адамдардың болатыны рас екен ғой. Қызыл ала
қан болып төбелесіп жүрген екеуін былайғы жұрт арашалаумен болды.
Арашаға тіпті Бьяртур да араласып кетті. Оқиға жұрттың бəрі, кімнің кім
екеніне қарамай, бірін-бірі шеттерінен сұлатып салумен аяқталар түрі бар.
Еден үстінде тырбаң-тырбаң етіп жатқандар қаншама! Ауста əкемді əлдебір
сұмырай өлтіріп қояр ма екен деген қауіппен бар даусымен бақырып,
жылап жіберді. Төбелеске араласқандар бірте-бірте есік жаққа баяу
жылжып бара жатты. Ақырында төбелесті бастаған жаңағы екеуін бірбірінен ажыратып, сыртқа "таза ауаға" шығарудың сəті түсті. Сөйтіп енді
екеуін татуластыруға көшті. Оларға темекі ұсынды. Бьяртур мен өзгелер
бөлмеге қайтып оралған кезде қыз əлі өксігін баса алмай, дір-дір етіп
жылап тұр еді. Əкесі жұбата алмай, көпке дейін əуре болды.
- Əке, - деді ол өксігін баса алмаған бойы, - менің үйге қайтқым келеді!
Айналайын, əкетай, үйге қайтайықшы!
Ал əкесі кішкентай қызынан жылағанын қоюды өтінумен болды.
- Бұл ақымақ немелерге осының өзі қызық. Ішіп алады да, ақылынан
адаса қызады. Болды енді, ұмыт оларды. Шешін де ұйықта. Біз екеуімізге
ортақ бір кереует алып, жиырма бес эйнир үнемдедік.
Кереуеттер екі қабат етіп, қабырғаға бекітілген екен. Қыз төменгі
қабатқа жайғасты. Үстіндегі шұбар көйлегін шешті, бірақ белдемше
көйлегін шешуге батылы бармады.
Татуластырушылар төбелестің неден шығып, қалай басталғанын алуан
түрлі пікірлер тұрғысынан егжей-тегжейлі талқылауға кірісті. Бүкіл
бөлмеде күбір-күбір əңгіме жалғаса берді. Ерлі-зайыпты жандардың бірінің
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 21
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.