Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 08

Total number of words is 4337
Total number of unique words is 2185
35.9 of words are in the 2000 most common words
52.0 of words are in the 5000 most common words
60.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Шынымды айтсам, осы бір қашаған қозыларды тау мен таста, мидай
жазық кең далада қуалап жүретін қуатым қалған жоқ қой. Мен несіне əуре
боламын, осы? Жасым сексенге келді. Хутордың өзінде де қалт-құлт етіп,
əрең жүремін, - деді ол, атының тізгінін қолына ала беріп.
Ер азаматтар тау беткейінде жүрген иттерін шақырысты. Қотанның бір
шетіндегі қашаға байлап қойған саулық мына абыр-сабыр мен жүгіріскен
иттерді көріп, мазасыз маңыраумен болды.
Қарт Тоурдур қоштасарда қызының маңдайынан сүйді. Сөйтті де атқа
қонуға əрекет етті. Роза оның аяғына үзеңгі тосып, қолтығынан демеді.
Ердің үстінде қарттың құйрығына жұмсақ болуы əрі ерді бүлінуден
сақтауы үшін қара қойдың терісінен жасалған бөстек бар екен. Роза қазіргі
кəрі байтал Глайсаның тұмсығын жұмсақ алақанымен қайта-қайта сипады.
Бұл оны құлын кезінен білетін. Ол кездегі хутор қандай қызық еді! Содан
бері он сегіз жыл өтіп кетіпті. Ол кезде Нидуркоттағы балалардың бəрі де
өзді-өздерінің үйлерінде болатын. Ал қазір дүниенің түкпір-түкпіріне тарап
кетіскен. Осы кезде тілін салақтатып Самур жетіп келді. Шамасы, бөтен
итпен таласып қалған болуы керек. Ол Розаны танып, қуана қыңсылап,
еркелей ұмтылды. Əлгі өзімен таласқан иттерді ұмытып та кетті. Роза
əкесіне еріп келген итіне балық беру үшін үйіне кіріп шықпай тұра алмады.
- Əке, Самур сізге өте-мөте керек қой. Əйтпесе бір түнге маған
қалдырып кетуіңізді өтініп сұраған болар едім. Бьяртурдың маған серік
болсын, ес болсын деп қалдырып бара жатқан қойынан қайран болмай ма
деп қорқамын.
Блесиін жетектеп Бьяртур келді. Ол келіншегін жанына өте бере
асығыс-үсігіс сүйді де əлдебір тапсырмалар бере сала атқа қонды. Ердің
үстінде отырып, итін шақырып алды. Адамдардың бəрі де кетіп болды.
Роза оларды көзімен ұзатып салды. Олардың ең соңында əкесі кетіп бара
жатты. Ол бүкшие түсіп кəрі байтал Глайсаның қос бүйірін əлсін-əлсін
тепкілеп қояды. Бейшара Глайса шалшықты балшықта ілби басып, əрең
кетіп барады.
ОН БІРІНШІ ТAPAУ
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ ТҮНІНДЕ
Көп ұзамай жаңбыр сіркірей бастады. Аспанды қаптаған сұрғылт бұлт
тұтаса келіп, жаңбыр тамшылары бірте-бірте ірілене əрі ауырлай түсті. Бүл
нағыз күзгі жаңбырға айналды. Оның бүкіл айнала төңіректі сатырлатып
ала жөнелген даусы біртүрлі үрей туғызды: аспан əлемінің кеңістігінен
шелектеп құйып тұрған нөсердің шеті-шегі болатыны көрінбейді. Алдыңғы
жақты тұтасқан сұрғылт бүркеніш көлегейлеп тұрғандай, ешнəрсе
көрінбейді: тұтас бір өлкені жабырқаңқы көңіл күй жайлап алғандай, бір
сарынды əрі біркелкі жауған жаңбыр шалшықты жерде өсіп, солғын тарта
бастаған шөпті жуып, көлшіктің бетін астан-кестен етіп, лайландырып
жіберді, сұрғылт құмшауыт қайраңдарды да, көмірдей қарауытып тұрған
тауды да көзден ғайып етті. Хутор біткеннің бəрін де қалың нөсермен
тұмшалап, өзге дүниеден бөліп тастады. Үздіксіз сатырлаған, басылар деп
үміттенуге болмайтын дыбыс үйдің ішіндегі бұрыш-бұрыштың бəрін де
жайлап алған сияқты: құлақты тұндырып, алыс пен жақынның бəрін де
таса етті. Мұның өзі өмірдің өзі туралы күнделікті көңілсіз көп хикаят
сияқты. Бейнебір не шарықтаусыз, не құлдыраусыз тепе-тең əрі елеусіз етіп
жатқан өмірдің өзі деуге боларлық. Бірақ соның өзінде де ол сені
кеңдігімен, тереңдігімен қызықтыра тартып əкете алады. Міне, тап сондай
шулы мұхиттың түпсіз тереңінде жатқан бір ғана оңаша үйде жүрегі
ауыратын жалғыз əйел қалған болатын.
Роза шұлығының тесігін торлап жамап алмақ еді, бірақ .оның қолының
іске бара қояр түрі болмады; ол терезенің алдында қимылсыз отырып алды
- сырттан естіліп тұрған сатыр-сұтыр дыбыс бейне бір сиқырлап
тастағандай. Терезеден сонау кең алқапты тұмшалап тұрған сұрғылт
тұманға қадала қараумен болды. Терезенің алдында пайда болған
шалшыққа да ара-арасында жас балаша қызыға үңіліп қояды. Кешке қарай
күшті жел тұрды. Ол жаңбырды көтеріп əкетіп, тұтасқан сұр бұлтты
сатырлаған ақ тасқынымен қоса-моса бейне бір топырлата айдаған қойдай
қуа бастады. Жаңбырдан соңғы тасқын су балшықты шалшыққа қарай
көбік ата асығып ақты. Ол кей жерлерде теңіз толқыны сияқты жоғары
көтеріліп барып, өзеннің жарлы жағасына шарпи соқтығысады да бытшыты шыға шашырайды.
Қотандағы байлаулы қой маңырағанын қойды, байланған арқанның
ұзындығына қарай қазықтан ұзаңқырап барады да басын төмен салып, қос
мүйізін желге қарсы тосады. Роза оны аяп кетті: жалғыз өзі аяқ-қолы
матаулы тұтқында қалғандай бейшараның халі шынында да мүшкіл еді.
Роза оны ең болмаса жабынды шатырдың астына кіргізуді ойлады. Ал
Гудлбрау өзіне таянып келе жатқан əйелді көріп, қашып құтылып кетпек
болды, бірақ мықтап байлағандықтан қаша алмады. Роза арқаннан ұстаған
бойы оған жақындай берді, ақырында қос мүйізінен сүйреп, үйге қарай
алып жүрді. Оны қараңғы қораға итеріп кіргізді де есіктің ішкі ілгегін
салып, тарс жауып қойды. Гудлбрау қораға кіргеннен кейін де маңырауын
қоймады. Үстінің суын бір сілкіп тастады да енді еркін бостандыққа
шығуы мүмкін емес екенін сезген ол бұрынғысынан да қаттырақ
маңырады, даусы бүкіл хуторды жаңғырықтырып жіберді. Роза Гудлбрауды
тыныштандыру үшін су əкеліп беріп еді - ішпеді, шоп беріп еді - жемеді. Ол
мына əйелден үркіп, бір бұрыштан бір бұрышқа айналып қашумен
жүрді.Қараңғы қорада əлдебір көгілдір сияқты анда-санда жылт-жылт ете
қалатын көзімен сенімсіз түрде қарап қояды. Бір кезде алдыңғы екі
аяғының тұяғымен тарс-тарс еткізе жер тарпып, əйелдің өзіне айбат
шеккендей болды. Роза оған аздаған балық үгіндісі мен нанның қиқымын
беріп те көрді. Гудлбрау бұл сый табақтан да біржола бас тартты.
Ақырында Роза "Ал ендеше!" дегендей, оны жөніне қалдырды. Бірақ
бейшара қой барған сайын жиі маңырағанын қоймады.
Уақыт өте берді. Іңір қараңғысы түсе бастады. Роза ботқа пісіріп, жеп
алды. Осы кезде көзге түртсе көргісіз қою қараңғылық орнады. Роза
пештегі отты өшірмеуге тырысты. Өйткені үйдің іші əрі суық, əрі сыз еді.
Төбеден екі жерден тамшы ағып тұрды. Оның үстіне, жанып тұрған шам да
жоқ. Ал үйдің іші жарық болса, немесе кем дегенде сөніп бара жатқан
шоқтың сəулесі түсіп тұрса, ол да сеп қой - өзіңді-өзің қауіпсіз сезіне
аласың. Роза пештің жанында ұзақ отырды. Оттың жарығы түсіп тұрсын
деп, оның қақпағын жартылай ашып қойды. Ол өзіне өзі сый жасағандай
мəз болып, шешесі сəлемдемеге беріп жіберген түйіншектен алып, кофе
қайнатып ішті, əдеттегі бір түйір орнына бес түйір қант жеді. Өйткені бұл
өзінің сыбағасына тиген қант еді. Ол бірінен соң бірі бірнеше шыны аяқ
кофе ішіп отырып та пештегі оттың шоғынан көз алмады - бүгінгі түні
өзінің тұла бойын билейтін үрейлі қорқынышты ысырып тастауға
тырысты. Дегенмен денесі дірілдеп, елегізи берді. Роза бір кездегі
қуанышты күндерін əдейі еске түсірумен болды. Мұның өзі оның жанын
əлдебір рақат сезіміне бөленгендей жақсы əсер етті. Гудлбрау да
маңырағанын қойып, жатып қалды. Бірақ жаңбыр терезені бұрынғысынша
сабалап, тынымсыз жауып тұрды. Жел де үдей түсті, - тіпті үйдің өзін
шайқалтып жіберердей көрінді. Уақыттың тым кеш болғаны сонша, Роза
пештің жанынан кетуге қорқа бастады: оған мына қою қараңғылық
қойнында қайдағы бір зұлым күштер қаптап жүрген сияқты болып елестей
берді. Екі аяғын астына басып, екі қолын қойнына тығып отырды - егер ол
екі қолын екі жаққа жазып жіберсе, əлдебір зұлым күш шап беріп ұстаған
бойы мұны сүйреп ала жөнелетіндей болып көрінді. Осы қалпында
қимылсыз ұзақ отырды, қорқыныш та сейіле бастағандай еді. Бірақ жатажата елегізіп, зеріккен қой орнынан атып тұрып, қайтадан мазасыздана
маңырап қоя берді. Қараңғылық қойнынан құлақ жарып жіберерлік əлдебір
ащы айқай естілгендей болды. Бəлкім, мына Гудлбрау да содан шошып
оянған болар. Немесе өзін əлдебіреу қуып, ұстай алмай жүрген шығар.
Əйтпесе қораның бір бұрышынан екінші бұрышына жан ұшыра айналып
қаша берер ме еді?! Ол алдыңғы екі аяғының тұяғымен жер тарпып, екі рет
тоқтады. Розаға біреудің бетіне біреу ышқына үрлеп тұрғандай естілді.
Апыр-ай бүл кім болды екен өзі? Бəлкім, ешкімнің бетіне ешкім де үрлеп
тұрмаған шығар...
Ақырында Роза төмен түсетін текпішек сатыға қарай еңкейіп:
- Қошақаным-ау, қорықпай-ақ қой! - деді.
Ол үнсіз меңіреу ішінде жаңғырыққан өз даусын өзі естігенде жүрегі
тулап қоя берді: ол оз даусын өзі таныған жоқ. Роза төменге түсетін тесік
қуысының жанында сілейген бойы тапжылмай тұрып қалды. Иə, иə, бүгінгі
түнде өзі күткен мақұлық зұлым күш тіпті таяу келіп қалған сияқты. Төбе
шашы тік тұрып, тұла бойы қалтырап, дірілдеп қоя берді, жүрегі аузына
тығылып, іші-бауыры тілгіленгендей ауырсынды. Төменде біреу бар, қойды
бұрыш-бұрышқа қуып жүрген де сол Ақыры оны ұстап алып, тамағынан
буындырған соң бейшараның маңырауға шамасы келмей қалған болуы
керек. Содан соң оны қораның бір бүйіріне лақтырып тастаған шығар.
Əлдебіреу, əлдебір нəрсе... Бір кезде Гудлбрау қайтадан маңырап қоя берді.
Енді оның даусы барлық нəрседен үмітін жанталаса біржолата үзгендей
болып, өте аянышты, бұрынғысынан да қорқыныш-үрейге толы сияқты
естілді.
Жоқ, Роза есінен тана құлап қалған жоқ. Ол ошақтағы шоққа тамызық
салып, от жағуға, үйдің ішіне жарық беруге кірісті. Өйткені мына сытырсытыр жанып жатқан отынның жалыны түсірген жарық оның сенім артқан
бірден-бір үміті еді. Сондықтан да отты өшіруге тіпті де болмайды!
"Мүмкін, соншалықты қорқатындай ештеңе де болған жоқ шығар", деп ойлады Роза, жаны кетіп, сіресіп қалған саусақтарымен əрең дегенде
пештегі отқа құрғақ отын тастап жатып.
Əлдебіреу, əлдене... Бəлкім, ешкім де, ешнəрсе де жоқ болар. Өзінін
шағын ғана жеке отбасындағы ошақтың кіп-кішкентай пешінде жанып
жатқан отқа - бостандықтың, тəуелсіз дербестіктің лаулап жана түскен
отына сүйсіне де қызыға қарап қойып, енді елегізіп алаңдамауға бекем бел
буды. Ешқандай да қорқынышты елес, ешқандай да Колумкилли жоқ.
Мына көсіліп жатқан кең далада бостандық пен еркіндіктің қайырымды
Құдайы ғана бар. Ол адамдарды иттерден жоғары қояды (солай болуы
əбден мүмкін). Кім біледі, енді жиырма үш жылдан кейін бүл да қауым
старостасының əйелі, Утиредсмиридегі бас бəйбіше сияқты біреу болып
шыға келер. "Өмір дегеніміз лотерея ойыны сияқты" деген жоқ па бүгін
мұның əкесіне Тау королі. Құдай менің қайырымды қартыма қуат бере гөр!
Əлгі лотерея ойынында өкпесіне суық тигізіп, ауруын асқындырып ала
көрмеген. Оның жасы сексенге келіп қалды. Соған қарамай, бүгінгі түнді
толығымен таудағы лашықта өткізбекші... Жоқ, Розаның мұндай ауыр
ойдан арылуы керек. Ол жамандық туралы емес, тек жақсылық, əсемдік
туралы ойлауы тиіс. "Тау-патшайым, Жер-ана!" Иə жер - өзіміздің анамыз.
Роза көптен бері əн салмаған еді. Енді, міне, пеш алдында отырып,
əлдебір əдемі əннің əсем əуенін сызылтып сала бастады. Бүл - оның осы
өлкеге жас келіншек болып келгелі салған бірінші əні. Бірақ мұндай əдемі
əнді нақышына келтіре салуға дауысы жетпейтін сияқты көрінді. Қалай
тырысып, əрекет етіп бақса да дауысы жетпей қала берді, үрейлі
қорқыныштың салдарынан үні үзіліп шығып, əннің иіріміне келгенде
қайта-қайта сүрінумен болды. Əнді неғұрлым ұзақ айтқан сайын жүрегі
дүрс-дүрс соқты. Отан сүйгіш патриоттық мұндай əнді əлі ешкім де тап
осылай мақтаныш сезімімен айтып көрмеген де болар. Бірақ оның əніне
мұның тап өзі сияқты елегізіп қорыққан қойдың "Ме-е-е..." деп маңыраған
үрейлі үні ұласты.
Иə, бұған дейін отан сүйгіш бірде-бір əн тап осылай неғұрлым
үйлесімді үнмен айтылып көрмеген де шығар.
Ақырында қойдың маңырауы үмітін үзе қажыған, тіпті қарлыққан
дауысқа айналды. Роза енді күдіктене бастады: осы дауыс шынында да
қойдың маңырағаны ма өзі? Өйткені кəдімгідей маңырау емес, əлдебір
торыққан шағым сияқты естілді. Бəлкім, мұны əбден азапқа салып,
қорқытқысы келіп жүрген əлдебір жауыз құбыжықтың өзі шығар?
Машақатты əбігер мен ары-бері жүгіріс аз-кем үзілістен кейін қайта
жалғасты. Əлдебіреу сатыға жармасқан сияқты. Есіктің жанынан оның
мұрнының шуылы естілгендей болды. Тіпті үйдің арқалық мəткесі де
сықырлап қоя бергендей. Содан соң аздап тыныштық орнағандай болды.
Тек боранның терезені соққан дыбысы ғана естілді. Роза боран енді
басылатын болар деп үміттенді. Қой да саябыр тапқандай болды. Жүрегі
бір қалыпты соға бастағандай. Бірақ тап осы кезде кенет үйдің сыртқы
есігін біреу барынша қатты соққандай болды, бүкіл үйді солқылдатып
өткендей сезілді. Боран қайта құтырына түсті, тарс-тұрс еткен, сықыр-
сықыр еткен, шиқ-шиқ еткен дыбыстар үсті-үстіне қабаттаса естілді. Бейне
бір барлық нəрсе қирап бара жатқандай.
Розаға алғашқыда мұның бəрі де тау жақтан естілгендей болып еді. Енді
міне, үйдің алдыңғы бөлігі құлап бара жатқандай эсер етті. Соған іле-шала
төменнен шырылдаған шуыл келді құлағына. Ол енді қойды біреу
буындырып жатыр деген ойға қалды. Роза кереуеттің бір шетіне мықтап
жармасқан бойы қалтырап-дірілдеп, үрейі ұшқан қалпында сіресті де
қалды. Ол бейне бір жан тəсілім етер алдындағы адам сияқты Құдайға
жалбарынумен болды. Ақырында көйлегін шешкісі келді, бірақ шеше
алмады. Өйткені болмашы ғана сыбыс мына қараңғылық құшағында демін
ішіне тартып тым-тырыс жатқан құбыжық зұлым күштің иесін оятып
жіберетін сияқты көрінді. Ол мейлінше сақтықпен құс мамықтың астына
кірді, еш жерден уілдемейтіндей мұқият қымтанды. Тіпті басын да бүркеп
алды. Роза осы жатқаннан бүкіл денесі діріл қағып, жүрегі сыздап ауырып,
ұзақ жатты. Оған ешқандай да естеліктерді есіне алу көмектесе қоймады.
Бұрынғы басынан кешкен қуаныштарының барлығынан да мына бүгінгі
қорқынышы күшті болды. Ол енді əлі ұзақ күтетін таң жарығы туралы
ойлауға тырысты. Адам деген үмітін ешқашан үзбейді екен. Тіпті, əбден
тығырыққа тіреліп, құтылып шығу мүмкін емес сияқты кезде де үмітін
жоғалтпайды. Адамдар көзге түртсе, көргісіз қандай қараңғы əрі ұзақ түнде
де таңның əйтеуір бір атарына кəміл сене үміттенеді.
Роза əлгі сұмдықтан қалшылдап-дірілдеп ұзақ жатты. Ақырында не
ұйқы емес, не демалыс емес, əлдебір қалғып-мүлгіген жағдайда шексіз
дүние арқылы - не кеңестігі, не уақыты жоқ дүние арқылы - тылсым сыры
мол киын сапарға өз еркінен тыс аттанып бара жатқандай сезінді. Ол сонау
бір кезде өткен алыс күндердің ақылға қонбайтын небір оқиғаларын
қайтадан басынан кешіргендей, өзі сол бір кездері таныс болған
адамдармен қайта кездескендей болды. Мейлінше таң қаларлығы сол
елестердің көз алдынан барынша айқын көрінуі еді. Роза əлдеқашан
ұмытылған бір дауысты - бірақ өзі үшін ешқашан да бəлендей маңызы
болып көрмеген дауысты - тағы да естіді. Мұның өмірінде кездейсоқ жылт
ете қалған, қазір ұмыт болған бір жылы жүздің əжімі тағы да айқын
аңғарылғандай еді. Көз алдында пайда болған адамдардың жүздері мұның
миын бейне бір қатерлі ісік сияқты жегідей жеп жатты. Мысалы бұған
бүгін таңертеңгісін осында мейман болып кеткендер, олардың
ұятсыздықпен шектесетін ерсі қылықтары соншалықты егжей-тегжейлі
елес беріп өтті. Сол адамдардың бейнелері неғұрлым айқын əрі дəлірек
елес берген сайын мұны одан сайын үрейлендіре түсті. Олардың Розаның
санасына терең сіңіп қалғаны соншалықты, олардан ойша арылудың өзі
мүмкін болмады. Олар таң қараңғылығында ұйқылы-ояу жатқанда да көз
алдынан кетпей-ақ қойды, өлген адамдардың қатып-семіп қалған
жүздерінің əдетте түске кіретін көріністері сияқты тұрып алды. Бірақ олар
бейне бір тірі адамдар сияқты келіп, өздерін өздері тірі адамдар сияқты
ұстайтынын қайтерсің. Сонда да болса сіз мұның түс екенін, ол
адамдардың дүниеден озғанын, тіпті əлдеқашан жерленіп те қойғанын
айқын білесіз. Олардың жабырқаңқы мұңды күлімсірегені - өлі аруақтың
күлкісі. Олардың қорқынышты əңгімелері - өлі жандардың əңгімелері.
Олардың бет пердесі - сөзсіз апатқа ұшыраудың алдындағы үрейлі
қорқынышты бүркемелеп тұратын мұздай суық жамылғы тəрізді. Біз кезде
олар да елеулі адамдар қатарына қосылудан үмітті еді. Бірақ ақыл-есі бүтін
бірде-бір адам ондай үміттің актала қоятынына ешқашан сенбейтін.
Мысалы, Бьяртур енді жиырма үш жылдан кейін қауым старостасы
болармын деп ойлайды. "Ал сонда мен кім боламын?" деген ой сап ете
қалды Розаға. Оның əкесі де бақуат шаруа, тіпті, бəлкім, қауым старостасы
болуды армандаумен келді. Сондай мақсатпен ол өзен бойынан диірмен де
салған еді. Бірақ бүгінгі түнде ол қайда қалды екен? Жасы жетпістен
əлдеқашан асып кеткен, кеудесінде əлсіз ғана жаны бар, сарып ауруы
меңдеген, ауру аяқтарын жөнді баса да алмайтын аянышты қарт бүгінгі
түнде елсіз-жұртсыз бір қуыстағы тау қойнауында жатқан болар. Ал оның
өзен жағасында арманына арқау болған диірменін мүк басып қалғалы
қашан! Көп болды, Нидуркоттағы балалар ойнайтын қой асықтары қайда
екен? Бала кезінде бұл да қора-қора қойы, желіндері жер сызған толып
жатқан сауын сиырлары, тау қойнауындағы шөбі шүйгін жекеменшік
жайылымда тай, құлындары аралас асыр салып, жарысқан үйір-үйір
жылқылары бар байлықты көз алдына алыс арманындай елестететін.
Сөйтіп өзі де қауым старостасының бəйбішесі сияқты əрі ақылды, əрі
талантты болуды, үлкен де сəн-салтанатты əдемі үйде тұруды армандайтын.
Ал қазір бүл қайда тұрып жатыр? Мұның өріс толы малы қайда? Тасып
тұрған таланты қане? Жазу-сызудың өзін зорға үйренді. Оның небары
жалғыз саулығы ғана бар. Диірменшінің лашығында өткен бала кезінде бүл
өзінше бай адамның бірі сияқты еді. Роза кəдімгі өлең-жырларда
айтылатындай табын-табын сиырлары, үйір-үйір жылқылары болатындай
үміттенетін. Өзеннің өзіндік ерекше əуені естіліп тұратындай еді. Тіпті əлі
ешқандай іске қосылмаған диірменнің де теңдесі жоқ тамаша өзіндік əдемі
қасиеті бар сияқты болатын. Ол өзен жағасындағы лашықтың жанында
алдына қой асығын шашып тастап, əкесі теңіз жағалауынан тауып əкелген
əдемі ұлу қабыршағымен ойнап отырғанын елестетті. Роза əсіресе ұлу
қабыршағын өте жақсы көретін: оны бұл дүниедегі ең қымбат зат деп
есептейтін. Оны апа-сіңлілеріне де, аға-інілеріне де бермейтін. Олардың
ұлу қабыршағымен ойнауына рұқсат етпейтін... Ені, міне, сол ұлу
қабыршағы қайда қалды десеңізші?..
- Ме-е-е...
Осы бір ащы дауыс оны бірден оятып жіберді. Құлағына адам таң
қаларлық əлдебір үмітсіз торығудың үніндей естілді.
Түсінде оған бұл қой сойылғандай елестеп еді. Енді, міне, арада үш
сағаттай уақыт өткенде оны жын-перілер келіп қайта тірілтіп кеткендей.
Мына жер астынан шыққандай қарлыққан дауыстың тірі мақұлықтан
шығуы мүмкін емес сияқты. Бүл ертедегі жазуларда айтыла беретін,
қорлық көріп, азап шеккен жандардың біреуінің жан айқайы болуы керек.
Иесіз кең-байтақ даладағы барлық жын-перілер мен зұлым күштер
түгелімен бəрі жиналып келіп, осы қойдың бойына енгендей. Ел-жұртсыз
тасты шөл даладағы жартастың астына лақтырып тасталған жас
балалардың елесі де, миын алып жеу үшін өлтірілген кінəсіз
бейшаралардың да немесе Құдайды да, оның ұлы Иисусты да жек көретін
əлдебір папашылдардың да елестері кезіп жүрген сияқты. Олардың бəрінің
де арманы біреу-ақ: барлық жанды мақұлықтар өздерімен бірге мəңгі азап
шегіп, қорлық көре берсе екен дейді.
Бұл қорқынышты түн осылай өтті.
Ақырында Роза құс мамықтан басын шығарып, жан-жағына көз
жүгіртуге тəуекел етті. Ол бөлме ішіне сібірлеп түсе бастаған бозғылт
жарықты көрді. Өзін адам айтып болмастай жеңіл сезінгені сонша, тіпті
бүкіл өміріндегі ең ұзақ жəне ең қорқынышты құбыжық түннің аяқталуға
тақап, таң атып келе жатқанын байқады. Жел басылыпты. Бірақ бүкіл
дүниені сатырлата соғып, толассыз жауған жаңбыр əлі құйып тұр екен.
Гудлбрау тағы да маңырай бастады. Жарық бірте-бірте күшейе түсті.
Розаның көңіл күйі де өзгеріп сала берді. Ағарып атқан таңның алдында
түнгі құбыжықтың бəрі де тым-тырақай қашып кеткендей. Міне, əбден
жарық болды. Роза қойдан қорыққанын қойды. Енді оны өлердей жек
көрді, өзінің ең зұлым қас жауы санады. Өйткені Гудлбраудың маңыраған
даусы Розаның жүйкесін жұқартып бітті. Жоқ, Роза бұл жын-перінің үнін
өшірмесе болмайды екен! Əлі де сəл-пəл жарық бола түссін. Бүл оның
батылдығын арттырады. Сонда бұның мына қарғыс атқан қойдың
қылығынан біржола құтылуына ешкім де, ешнəрсе де кедергі бола
алмайды. Ақырында өзінің төзімі таусылып, асыға бастады. Ол төсегінен
қарғып тұрды да, киімін киюді де ойламастан, бөлме ішінде құр қол,
кеудесі жартылай жабылған күйде ерсілі-қарсылы жүре бастады. Бүгінгі
ұйқысыз өткен түннен кейін ол əдеттегісінен əлдеқайда бозғылт көрінді, ал
екі көзі тағының жанарындай жарқ-жұрқ етті. Роза шатырдың астындағы
қабырғаны айналып жүріп, Бьяртурдың ілулі тұрған шалғы орағын тауып
алды. Оның жүзін кенеппен орап қойыпты. Роза терезенің жарығына
жақын барып, орақтың жүзі қандай екенін қылшыққа салып, байқап көрді.
Өткір екен. Сөйтті де төмен түсті. Гудлбрау бір сұмдықты сезгендей, бір
қабырғадан екінші қабырғаға қарай атыла қашумен болды. Роза оны қуып
берді. Түнгі астан-кестең кезінде құлап түскен тырма мен бір бума арқанға
сүрініп жығылып қала жаздады. Бірақ енді ол ешнəрседен де қорыққан
жоқ. Оның батыл ойын ешнəрсе де өзгерте алмады. Шаршап-шалдығып
жүріп қойды ақыры ұстап алды. Мойын жүнінен мықтап ұстаған бойы
Гудлбрауды аулаға алып шығу үшін сүйрей жөнелді. Қой төрт аяқтап
тартынып, кері шегіншектеді, осқырынып, пысқырып, қиғылық салды. Роза
оны қотан арқылы өзеннің жағасына сүйреп барды. Бұл өзеннің балшықты
шалшыққа барып құятын тұсы еді. Роза осы жерге қойды жығып салып,
торт аяғын буды. Енді айнала түп-түгел жап-жарық болған еді.
Роза онша асыққан жоқ. Қойдың алқымындағы жүнінің жігін кəдімгі
тəжірибелі қасап сияқты мұқият ашты. Гудлбрау ажалының жетіп қалғанын
білгендей, бүкіл денесін қалш-қалш еткізіп, əйелдің екі қолына ерік
бермеуге тырысты, маңырағысы келіп, аузын ашты, танауын желбіретті,
байлаулы аяқтарын серіппек болып, жанталаса əрекет етіп көрді. Бірақ бұл
кезде Розада ешқандай да аяушылық немесе жанашырлық сезімі қалмаған
еді. Ол қойдың үстіне нық отырып алып, оны екі аяғының арасына салып,
қысып ұстады. Ақырында орақтың өткір жүзімен қойдың алқымын тартып
кеп жіберді. Бірақ орақтың жүзі өткір болғанымен қой бауыздауға пышақ
сияқты онша ыңғайлы емес еді. Роза өзімді жаралап алар ма екенмін деп
сақтанды. Содан кейін ол орақты екі қолымен бірдей ұстап, қойдың
алқымын қиқалап кесе бастады. Бір кезде қойдың жып-жылы қаны бетіне
шапшып кетті. Қансыраған қой аздап əлсірей бастады. Бір кезде оның бас
көтеруге мұршасы келмеді - қимылсыз қалып, қорылдай бастады.
Ақырында қойдың бүкіл денесі бір сілкініп, дір ете қалды. Енді қойдың
құйрығының ұшы ғана соңғы рет қимылдады. Роза қойдың басын
денесінен бөлек кесіп алды да қанын өзенге қарай ағызды. Алайда көк
шөптің үстінде аққан қанның шалшығы қалып қойды. Роза өзеннің
жағасына отырып алып, екі қолын, бетін жуды, орақты мұқият түрде мүкке
сүртіп, тазалады. Розаның денесі қалтырай бастады, ол қатты шаршағанын
енді білді, өзінің не істеп, не қойғанын да ойлап жатпастан, үйге қарай
аяқтарын ілби басып бара жатты - киінгісі келді. Бөлмеге кірген бойда
кереуетке отыра кетті. Абыржығаны басылайын деді. Ол енді өзіне-өзі
келгеннен кейін бұған дейін бүкіл денесін қысып, құрсап тұрған қалпынан
айығып, жанына жағымды бір түрлі əдемі əлсіздікті сезінді. Бөлме ішін
сұрғылт жарық жайлап алды. Роза жалаңаш иықтарын құс мамықпен
қымтап, бірден тəтті ұйқыға кетті.
Роза ұйқысынан оянғанда күн түске таяп қалған еді. Түсіне не кіріп еді
өзі? Ол алақанымен бетін жəне екі көзін сипап өтіп, түсі мен өңінің, түсінде
көргені мен қазіргі көріп отырғанының екі арасын ажыратқысы келгендей
болды. Оның түсіне Утиредсмиридегі бас бəйбіше кірген еді. Ал бұл, Роза,
бүкіл қауымда құлақ естіп, көз көрмеген бір сұмдық əрекет жасапты: бас
бəйбішені бауыздап тастапты. Жалт бұрылып терезеге қарап еді, таңға
жуық небары қой бауыздағаны есіне түсті. Өйткені ол қой бүгінгі түнгі
жалғыздықта иесінен бетер елегізіп, үздіксіз маңырап, ұйқы бермей,
қорқытумен болған еді. Бірақ Роза бұл əрекетінен қысылып-қымтырылып,
ұяла қойған жоқ. Тек өзіне-өзі таң қалды. Оның бүгінгі ұйқысыз өткен
түннен кейін таң ата бере тап осы төсектен тұрып, бейне бір жан алғыш
əзірейілге ұқсаған əйел сияқты болғанын есіне алғысы келген жоқ. Роза
үстіне киімін киді, басына орамалын тартты. Енді ол болған оқиғаның ізін
жойып, өзінің қылығын Бьяртурға қалай да білдірмей, жасыру керектігін
түсінген еді. Ол қой жатқан жағалауға келіп, оны теуіп көрді. Қойдың тұтас
ұшасы. Шынымен-ақ тұтас ұша ма, Құдайым-ау?! Розаның тəбеті арандай
ашылды, құмарлық пен қуаныштан тұла бойы дір-дір етіп қоя берді. Міне,
қойдың ішек-қарны, жас жігері, дəмді еті - бəрі-бəрі бар!.. Ол өзінің не
істегенін енді түсінгендей болды: кастрюльге сыярлықтай етіп ет кесіп
алды. Оның жаз бойы аңсаған асыл арманы енді орындалғандай еді.
Розаның сілекейі шұбырып қоя берді, ашыққан қарны рақаттана
тоятынын алдын ала сезіне бастады. Тезірек етті мүшелеп бөліп,
кастрюльге салу керек те, отқа қою қажет. Ол қалтасынан бəкісін алып,
қайрап-қайрап, қойдың терісін іреуге кірісті. Бұрын теріні іреу, етті
жіліктеп бөлу дегенді өзі білмесе де өзгелерден кергені бар болатын. Əуелі
қойдың ішін жарып, ішек-қарынын аударды, іш майын сылып, өкпе-
бауырын өті жарылып кетпейтіндей ептілікпен бөлек алды. Ішек-қарынды
өзеннің суына жуып тазалады. Бұл жұмыстардың бəрін атқарып біткен
бойда шыдай алмайтын болған соң үйіне жүгіріп барып, кəстрөлді отқа
қойып, ет салып келді. Ішектің ішіне іш май мен туралған қарын салып,
өсіп жасады. Оны бауырмен жəне бүйрекпен қоса асты. Көп ұзамай
бөлменің ішін пісіп жатқан əуес астың буы бұрқыраған хош иісі жайлап
алды. Ет піскенше Роза қойды түгел жіліктеп, жинап-теріп үлгерді. Қой
сойылған орынның тап-таза болғаны сонша, тіпті қарғалардың шұқып
жеуіне де ешнəрсе қалдырмады. Қойдың тоқ ішегін есіктің жақтауына іліп
қойып, əбден тазалап алды. Етті мұқият тұздап, жəшікке салып қойды.
Бұл жұмыстарды түгел атқарып біткенше кəстрөлдегі ет те езіліп піскен
еді.
Шамасы, ең бай деген хутор иесінің мерекелік дастарқанындағы тағам
да тап бүгінгідей дəмді де бай болып көрмеген шығар. Қалай болғанда да,
Гудмунд Бай* заманынан бері бірде-бір дəмді тағам ешқашан дəл
бүгінгідей ешкімді де сілекейін шұбырта рақат сезіміне бөлемеген болар.
Роза сөзбен айтып жеткізгісіз дəмді, майы сорғалаған əсіпті екі шетінен
алма кезек кесіп жеп, ара-арасында қойдың жұп-жұмсақ етті жүрегі мен
өзіндік ерекше тамаша дəмі бар бүйрегінен де алып отырды. Семіз малдың
майы кілкіген, емге ішерлік бал татыған жас сорпасын тамсана отырып,
сүйсіне ішті. Тəбеті барған сайын ашыла түскен Роза тағамды ұзақ жеді,
қайта-қайта жеді, сонда да тоятын сияқты көрінбеді. Бұл оның күйеуге
тигелі бергі ең алғашқы бақытты күні еді. Содан соң Роза шешесі
сəлемдемеге беріп жіберген кофені қайнатты, оған қантты молынан салып,
рақаттана ішті.
Түстен кейін оның бойы балқып, тағы да рақат сезіміне бөленіп,
қалғып-мүлги бастады. Алғашқыда ол пештің жанында екі аяғын алға
созып жіберіп, екі қолын тізесіне сала отырып еді. Аздан соң бұлай отыра
беруге мұршасы келмейтінін сезінді де төсегіне барып жатты. Сол
жатқаннан тəтті ұйқыға кетті. Ұзақ, өте ұзақ ұйықтады.
ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
ДƏРІГЕРДІҢ КЕҢЕСІ
Бьяртур қойларын айдап төртінші күні кешке қарай келді де өзге
шаруаларымен бірге тағы бір сапарға - бүл жолы қалаға аттанды. Ол
жайлаудағы қойларын түгелдей дерлік айдап келген болатын. Солардың
ішінен жиырма қозыны сатуға бөліп алды. Он екі қозы қауым
старостасының жерін пайдаланған қарызынан құтылу үшін сатылды, ал
қалған қозының ақшасына бір қап қара бидай ұнын, бірнеше фунт кəдімгі
ақ бидай ұнын, тұздалған балық, кофе, қант, сұлы жəне иіскейтін аз ғана
насыбай сатып алды. Сондай-ақ екі қозының ішек-қарнын ала келді. Ол
қала мен екі араға үш рет барып қайтты - басқа біреулердің атын жалдап
қарыздар болғысы келмеді. Көз шырымын шала-шарпы ала салып, күндіз
демей, түн демей, жол жүрумен болды. Өзге бақуат шаруалар сияқты бір-ақ
рет қатынағаннан төрі үш рет барып кайтқанды дұрыс көрді - тасымал
жасағаны үшін тағы да қарызға белшесінен батып қалғысы келмеді.
Тынымсыз түнгі жүрістен əбден қалжыраған, күзгі нөсер жаңбырда
малмандай болып су өтіп кеткен, миы езіліп жатқан жолдың шашыраған
батпағына тізесіне дейін былғанып келген ол əйелінің гүлдей жайнап,
уылжып тұрған балауса жүзін көргенде қуанып кетті: ол бұған күзде пісіп
толысқан шалқан сияқты көрінді. Шамасы, Роза зұлым күштердің елесі
туралы ойлағанды қойып, батылданып алған соң өзі кетерде бұған серік
болсын деп қалдырып кеткен байлаулы қойды босатып қоя берген сияқты.
Бьяртур қалада болған кезінде дəрігерге жолыға кетуді ұмытқан жоқ еді:
жүрек ауруы -қасарысқан қыңыр дерт, аяқ астынан қайталап ұстай салады.
Сондықтан да сақтық жақсы. Құдай да сақтанғанды сақтайды. Бьяртур
қалтасынан домалақ дəрі таблеткалары салынған шыны құтыны алып,
əйелінің қолына ұстатты. Ол дəріні доктор Финсен беріп жіберген болатын.
- Жұрттың айтуына қарағанда, бүл дəрінің күші де, қасиеті де көп.
Ғылымның бүкіл құдіреті де осында деседі. Бұл кəдімгі иттерді емдейтін
дəрі емес. Бірақ сонда да, сенің ішкі сарайыңды тазартады, яғни саған
ешқандай ауру қатерлі болмайды. Дəрінің құрамында əлдебір ғажайып сол
бар көрінеді. Ол барлық зиянды нəрсені өз бойына тартып алады. Ішектің
шаншып, бүріп ауыруы атымен болмайды. Қаныңа да ерекше қуат береді.
Роза шыны құтыны алақанына салып, салмақтап көрді.
- Бұл үшін мен қанша төледім деп ойлайсың? - деп сұрады Бьяртур.
Роза оны білген жоқ, біле де алмайтын еді.
- Қалтама қол салып əмиянымды ала бергенімде маған Финсен қарттың
не дегенін білесің бе? "Қымбатты Бьяртур, болмашы нəрсеге бола қалтаңа
қол салмай-ақ қой, - деді. -Біз бір партияның адамдары емеспіз бе,
есептесіп жатқанымыз жараспайды". "Бұныңыз қалай? - дедім мен. - Мен
бұрын-соңды мұндай құрметке ие болып көрген емеспін! Атақты дəрігер
мені өз партиясының мүшесі деп санайды! Ал мен əншейін қатардағы
қарапайым шаруа ғана емеспін бе? Оның үстіне, өзімнің жеке хуторға ие
болғаныма бір-ақ жыл". Ол маған не деді десеңші: "Қымбатты Бьяртур,
айтып жіберші, соңғы сайлау кезінде біз қандай бағыт ұстанып едік?" Мен:
"Қандай бағыт еді?" дейсіз бе? Оны мен қайдан білейін. Альтингтің мүшесі
өзіңіз білесіз де. Ал маған келетін болсақ, қазір қандай бағыт ұстансам,
онда да сондай бағыт ұстанған болуым керек. Жалпы алғанда, батырақтың
немесе кедей шаруаның мемлекеттік істерге, елді басқаруға араласып,
бастарын босқа қатыруының не қажеті бар? Бəрі де бос əурешілік! Мен
былай деп санаймын - мен ғана емес, жұрттың бəрі де осылай деп санайды
- үкімет əрқашан қалталы байлар мен балталы күштілерді ғана қолдайды,
оның ұсақ-түйек адамдармен жұмысы болмайды. Солай болған соң жалаң
аяқ жарлы-жақыбайлардың бүл заманның шынжыр балақ, шұбар төс
мықтыларымен істес болуының қажеті де жоқ" дедім.
"Қымбатты Бьяртур, - деді ол, мені өзімен терезесі тең адам санап, - бүл
айтқаныңды дұрыс деп ойлаймын. - Үкімет ең алдымен халыққа қажет, сол
үшін өмір сүреді. Егер халықтың дауыс беруге, соның өзінде дұрыс дауыс
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 09
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.