Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 25

Total number of words is 4324
Total number of unique words is 2279
35.8 of words are in the 2000 most common words
51.1 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Қасақана тап сол күні ауа райы бұзылып, суыта бастады. Кешке қарай жел
күшейе түсті, аспанды қою сұр бұлт қаптады. Үй-іші енді ұйқыға жатар
алдында қар борап қоя берді. Кешке қарай Жазғы мекен иесі Бьяртурдың да
қабағы қатуланып, суыта бастаған болатын. Түн жарымы шамасында ол
шалбарын, аяқ киімін киіп, ауа райын байқау үшін сыртқы шықты. Қар өлі
құйып тұр екен. Қалыңдығы жұлықтан асатын болып қалыпты. Таңға қарай
сақырлаған сары аяз аралас ұйтқыған қарлы боран соқты.
Бьяртур көктемнің ерте шыққанына тіпті де қуана қойған жоқ еді.
Өйткені оның биылғы белгілері көңілін көншіте алмаған: гүлдердің тез
ашылуы да, құстардың шықылықтап сайраған əндері де мерзімінен бұрын
сияқты көрінетін де тұратын. Күннің көзі қаншалықты ашық бола тұрса да,
оның қойлары оңайлықпен қоңдана қоймады: жаңбырлы жаздан кейінгі
пішен шіріп кеткендіктен мал оны жөнді жей алмады, даладағы қар жұқа
ғой, жайылып тойынар деген үмітпен қойды жайылымға жиі-жиі айдап
салғаны пайдалы бола қоймады. Бьяртурды бəрінен бұрын қатты
шошытқан жағдай ішек құрттардың пайда бола бастағаны еді. Олардың
əдеттегі ажырамас серік-дерттері - жөтелден, əлсіз босаңдықтан, іші өтіп,
мазасы кетуден құтыла алмай қойғаны болды. Жем-шөптің жұғымы жоқ
сияқты. Кейбір қойларының арықтағаны сонша, тіпті көтерем болуға
айналды. Бьяртур не істерін білмей, басын қатырумен болды. Оларды үйдің
ішіне алып, өрістен шөп жұлып əкеліп азықтандырмақ, тіпті үн шалып,
ботқамен асырамақ болды. Өстіп жүргенде пасха мейрамы кезінде ауа
райының бұзыла кетуіне қараңызшы! Оның қанша уақытқа созылатынын
кім білсін, балшықты жағалауда емін-еркін көк қуып, ауызданып қалған
малды енді қайтадан қораға қамап ұстауға тура келді. Олардың мардымсыз
жем-шөпке байланып, қанша уақыт қорада тұратыны белгісіз.
Ауа райы мүлде бұзылды. Ұйтқи соққан нағыз қатал қарлы боран көз
аштырмайды. Тау жақтан желдің бейне бір қасқырдың ұлығанына ұқсас
сарылы естіледі. Ол əлдебір жауыз жын-перілердің сырнайлатыпкернейлетіп, хуторға қарай құтырына ұмтылып келе жатқанындай əсер
етеді. Шатырдың бір бұрышында жатқан ит тұла бойы діріл қағып, мұңын
шаға қыңсылайды. Балалар үйме-жүйме болып, төсектің ішіне тығылды.
Сөйтіп пасханың алғашқы күні Халбера кемпірдің ауа райына қатысты
псаломдарды басынан аяғына дейін түк қалдырмай түгел оқитын өте сирек
күндерінің біріне айналды. Дүрліктірген дауыл мен нақұрыс жын-перілер
туралы кімді болса да таң қалдыратын бүл псалом-дұғалар бұрын-соңды
бар қыруар көп дұғалардың қай-қайсысынан да балалар үшін өте-мөте
қорқынышты да үрейлі еді. Оларды псалом-дұғаның жан түршіктірерлік
жексұрын кейіпкердің зұлым күштер азапқа салып, қинай түскен, тырдай
жалаңаш етіп, бұларға өшіктіре айдап салған қорқынышты бейнесі
ұйтқыған қарлы боран басылғаннан кейін де көпке дейін түстеріне кіріп,
шошытумен болды. Тіпті бірнеше жыл өткеннен соң да балалардың түсіне
тосыннан кірген сол бір сұрапыл елестер олардың жаздың жайдары
күндеріндегі қуанышым да су сепкендей басатын болды. Əлгі жексұрын
кейіпкер балалардың ойына күтпеген жерден, тіпті жап-жақсы жағдайда
жүрген кезінде сап етіп, тосыннан орала кететін.
Бұғау, құрсау, кісендерін
Тас-талқан ғып үзіп тастап,
Еркіндікке шыққан бойда
Жыртқыш аңдай айбат шегіп,
Ұмтылады ол адамдарға.
Түн ішінде, қараңғыда
Бұдан асқан сұмдық бар ма?!
Жол тосады ол ұлы түсіп –
Дəндеген ол жолаушының
Етін жеуден, қанын ішіп.
Аямайды ол тіпті өзін де
Адамдарды азапқа сап, қинай түсіп.
Халбера кемпірдің псалом-дұғаны түгелдей оқып шығуды қажет деп
санағаны жердің асты-үстіндегі зұлым күштер бұғаудан босанып кетті
дегенінің белгісі болатын. Ол бұл псалом-дұғаны оқыған кезде бейне бір
қиямет-қайымның қорқынышты сұрапыл сағаты соғып тұрғандай-ақ бүкіл
тіршіліктен безінгендей сезімде болады. Бұл дүниедегінің бəрін де ұмытып,
сіңірі тартылған, құрысып-тырысқан тарамыс торабы сияқты қос қолын
кеудесіне айқастыра қойып, ілгері-кейінді жылжып, зікір салып отырғандай
көрінді. Оның үні жүзі кетіліп, мұқалып қалған қанжармен жас етті
мылжалап кескілгендегідей баяу естілді.
Қыс атаулы тап осындай ерте көктемгі кездегідей қаһарлы көрінбейтінақ сияқты еді. Күнəдан пəк балалардың үнсіз үрейі күшейе түсіп, жүректері
шағын ғана дербес хуторды жан-жағынан қоршап алған қатыгез зұлым
күштілердің алдында аттай тулап, дүрс-дүрс соқты.
Тап осы пасха мейрамының таңы ата бере шешесі байпағын шешті де
тағы да төсекке құлады.
ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ШАЙҚАС
Қарлы боран бес күн бойы құтырына соқты. Осы аз уақыт ішінде
қойлар қаншалықты қажып, жүдеп бітті десеңші! Олар шалшықты
балшықтан өткен жазда орылып, ылғалдан шіріп кеткен пішенді жемей
қойды. Енді Бьяртурдың оларды бұған дейін тек сиыр мен қозыларға деп
жайылымнан шауып алған азын-аулақ пішенмен қоректендіруден өзге
амалы қалмады. Бірақ ол пішен барлық малды азықтандыратын болса,
қаншаға жетер дейсің!? Өзі де, тым аз қалды. Əрине, бірінші кезекте
қойларға қамқорлық жасауы тиіс. Бірақ, екінші жағынан, сиырды құр ауыз
қалдыруға да болмайды. Өйткені шірінді шөптің қиқым-сиқымын ол да
жемейді, жемек түгілі аузына да алмайды: шірінді ақырда толып тұрса да
шағымдана мөңірейді, сүтті өте аз беретін болды. Шамасы, ол өз аяғымен
жүріп жайыла алатын уақытқа дейін аман жетпейтін де шығар. Ал ондай
күнге дейін əлі ұзақ -ең аз дегенде Иванов күніне дейін күту керек.
Дегенмен ауа райы ашылып, жайылымдағы қар еріп кетсе, қойларды жақсы
пішеннің қалдығымен өйтіп-бүйтіп аман алып қалуға болар еді. Ендігі
жерде не қойларды, не сиырды аман алып қалу үшін таңдау жасау қажеттігі
туды. Қарлы боран қаншалықты ұзаққа созылатын болса, екі жақтың
əйтеуір біреуі соншалықты тез жеңіп шығатыны айқындала түсті. Көктемгі
карлы боранның аңғардағы жалғыз хутор үшін қандай қаһарлы да қауіпті
сынаққа айналатынын көруге болады. Мұндайда жүрекке қайдағы бір
үмітсіздік сезімі ұялайтынына, ал ұйқысыз өткен уайымға толы түндердің
ешқандай да қуаныш пен жұбаныш əкеле алмайтынына ешқашан тан
қалуға болмайды. Тіпті ең тамаша деген естеліктердің өзі де бір кезде
жарқ-жұрқ етіп, көз жауын алатын күміс теңгенің үйкеле тозып, көк
өңізденетіні сияқты солғын тартып шыға келеді. Балалар əкесінің ұйқысы
қанбай, ісініп қызарған көздерін уқалап, қабағы түсіп, ерте тұрып кететінін,
ал шешесінің, түні бойы үн-түнсіз жылаудан беті домбыға ісінген бойы əлі
де болса сиырына шығып, оны сипалап, қасып, жұбатып жүретінін өздері
көріп, куə болысты.
- Көп ұзамай ауа райы жақсарады, - деді Финна. - Көп ұзамай саған да,
маған да күннің көзі жарқырайды, қар ериді. Қойлар тағы да шалшықты
балшыққа шығып жайылатын шығар, сонда жақсы пішенге жаритын
боласың.
Көптен күткен көк шөп көрінісімен кішкентай Нонни мен шешесі тау
бөктеріне шығып, сиырын жайып бағуға кіріседі. Құстардың сайраған үнін
тамашалайды.
Құстардың? Жо-жоқ, бұл сөзді айтуға оның тілі оралмайды. Ақырдағы
шірінді шөп сол күйінде жатыр. Сиыр мұңын шаға мөңірейді. Бұл жерде
сөзбен айтып, іске көмек жасай алмайсың. Ал, бəлкім, құстар жазғы
күндерде əн салып, сайрайтын болар. Финна сиырды əукесінен үнсіз
сипалаумен тұр. Ажал аузында тұрған жанды сайраған оймен жұбатып,
тойындыру мүмкін бе? Мүмкін емес! Финна Букодланы үрей үстінде
сипалай түсті. Ал сиыр мұңая шағынып, мөңіреумен болды.
Пасха қарсаңында құтырына соққан қарлы боран ақырында басылды-ау
əйтеуір. Күннің көзі жарқырап шыға келді. Осы бір шұғылалы ұзақ күндері
қар едəуір тез еріді. Бірақ ауа райы əлі де қатал еді – түнде аяз күшейді.
Бьяртур қойларын шалшықты балшыққа айдап шықты. Бірақ қалың
қияқтың жас өскіндері жартылай немесе түгелдей дерлік үстіп кетіпті. Ал
қар астында қара жерден өзге еш нəрсе көрінбейді. Қап-қара балшық қана!
Көптеген қойдың арықтап, қалжырағаны сонша, көтерем болуға айналды
Оларды өріске айдап шығудың өзі қиын. Олар кішкентай өзенді кешіп
өтпек болғанда арғы беттегі биіктігі сирағынан аспайтын жағалауға
тырмысып көтерілуге мұршасы келмейді -алдыңғы екі аяғын əрең дегенде
жарға тірегенімен артқы екі аяғын қия беткейге тіреп баса алмай; босқа
əуре болды. Ал Бьяртур оларды бөксесінен көтеріп, жоғары шығарғанның
өзінде ілгері жылжуға құлық танытпай, бір орында жатып алуға тырысты.
Енді мүйізінен көтеріп, орнынан тұруына жəрдемдескенімен тізерлеп
еңбектеуден ары аса алмады. Несі бар, мұның өзі Исландияны алғашқы
қоныстанушылардың заманынан бері əрқашан болып тұратын үйреншікті
нəрсе ғой. Аз ғана жүргеннен кейін қойлар бір жақ бүйіріне қарай құлай
кетеді. Ал төменде, шалшықты балшықта, ұйықты жерлерге сəл ғана батып
қалса да одан тырмысып шығуға ешқандай əрекет жасай қоймайды.
Қарғалар шалшықты балшыққа қайта оралды. Олар қойдың арқасына
тырнақтарын қадап, тұмсығымен шұқуға, қарнын тірідей жаруға, көзін
шұқып жеуге қолайлы кезеңді күтіп, аңди түседі. Бір күні қора маңында үш
қой жатып қалды. Оларды Бьяртур ит қосып қумақ болса да орындарынан
тұрмады. Ит оларға қарай үре ұмтылса да қимылдаған жоқ - тек көздерін
жыпылықтата қарады да қойды. Бьяртур қалтасынан пышағын алды да əлгі
қойлардың алқым жүндерінің арасын ашып жіберіп, бірінен соң бірін
бауыздап тастады. Содан оларды көмуге кірісті.
Қойлардың бəрі де ішек құртымен ауырды. Бьяртур олардың біразын
үйге кіргізіп, ерекше күтіммен ұстамақ болды. Бірақ онысынан да еш нəрсе
шықпады. Қойлар аузына бір тал шөп алмады. Ал таңға қарай олардың
біреуі немесе бірнешеуі жерде шалажансар сұлап жатады. Тіпті өліп те
қалады. Ал Бьяртур əйеліне қара бидай ұнын шалып, ботқа жасауды
бұйырды. Оны қойдың кейбіреуі жесе де басқалары татып алмады. Қара
бидай ұнының қоры да тым мардымсыз еді. Адамдар өздеріне нан пісіруге
қимайтын. Міне сондай жағдайда ұнның мынадай ысыраппен жұмсалуы
көпке бармайтын. Кешке қарай Бьяртур қойларын қораға қамау үшін
қолына пісірілген жұқа нан ұстап, қызықтыра ертіп кіргізетін болды. Əрбір
екі-үш қадам жасаған сайын қойларға ол нанның шетінен кіп-кішкентай бір
бөлігін бір тістетіп ертіп отырды. Бірақ бұл іс те өте өнімсіз болды. Əр
қойдың өзін жеке-жеке қызықтыруға тура келді. Ал олар қораға кіремін
дегенше қайта-қайта сүрініп, құлай берді. Қойларды қораға жаңа тəсілмен
кіргізіп қамау үшін балалар əкесіне қолдарынан келген көмегін аяған жоқ,
мүмкін болған нəрсенің бəрін де істеді.
Иə, жаздыгүні қойға қарасан, ол менмен жануар, тау жайылымының
сəні болып көрінеді, йен даланың ханшасы сияқты. Ал оның тау беткейінде
тастан-тасқа сергек секіріп жүргенін, бір биікке шығып алып, үрейлі
маңырағанын немесе қалың талдың арасынан қулана қарағанын көрген
адамның көктемде шалшықты балшықта қимылсыз жатқан аянышты
жануарлардың тап солар екенін көзге елестетуінің өзі қиын.
Бьяртурдың күн сайын бірнеше қойын бауыздауына тура келді.
Дегенмен де қойларының басым көпшілігі əлі де үміт күттірерліктей дилы
еді. Дені сау қойлар шөпті де, жемді де құныға жеді. Олар үшін қолдан
келгенше жағдай жасау керек болды.
Олардан сапалы шөпті бір талы қалғанша аямау керек. Ал маядағы шөп
күн санап таусылып барады. Сиырдың қабырғаларының арса-арасасы
шығып, əбден арықтап бітті, сүт беруден қалып бара жатты.
Мұндай жағдайда сүттің жетіспейтіні өзінен-өзі белгілі. Оның үстіне,
Бьяртур, көктемгі көкөзек шақта жиі-жиі орын алатынындай, жаңа тəртіп
орнатты: адамдар күніне бір-ақ рет тамақтанатын болды: адамдар да, мал
да аштықтың азабын тартты.
Бір күні Финна бір басы томпақ түйінді таяқшаны мұқият сүргілеп
тазартты да оған жуан жіптен тоқылған шашақ тақты. Балалар мұндай
құрылғы аспаптың не екенін түсінбей, таң қалысты.
- Бұл не өзі? - десті олар.
- Мұның аты - піспек, - деді Финна. - Баяғыда бір кедей əйел болыпты.
Бір күні оның үйіне Иисус келіп, осындай піспек жасауды үйретіп кетіпті.
Бұл піспекпен сүтті піскен сайын, ол көпіріп көбейе түседі екен...
Финна сиырдың желінін қақтап отырып, сауып алған азғантай ғана
сүтке бір түйір мəйек салды. Сөйтті де оны кəстрөлге құйып, əлгі піспекпен
былғай бастады. Сүттің көпіршіп көбейе түскені сонша, ол кəстрөлдің
ернеуінен асып кете жаздады. Егер Финна одан əрі пice бергенде сүттің
қаншалықты көбейе түсетіні белгісіз еді. Балалары майы алынған сұйық
сүтті ішкендеріне мəз болып, Иисустың тапқырлығына таң қала риза
болысты.
Бір күні кешке Финна Бьяртурға былай деді:
- Жарқыным, Бьяртур, төменге, поселкеге түсіп, аз да болса сапалы
пішен əкелгенің дұрыс болар еді.
Бьяртур бүл күндері біреумен əңгімелесуден мүлде қалғандай болатын.
Ажал қатері төніп тұрған минөттегі шкипер, соғыс кемесінің командирі
сияқты қысқа-қысқа бұйрық берумен ғана шектелетін. Бірақ тап қазір
кенеттен жарылып кете жаздап, ашу шақырды: біреу жалаңаш етіне өткір
пышақтың жүзін тақап тұрғандай сезінді. Сөйтті де былай деп сұрады:
- Мына сөзді маған айтып тұрсың ба? Поселкеге барып кел дедің бе?
Поселкеде менің алыс-беріс еш нəрсем жоқ. Ешкімнен ештеңе сұрамаймын
əрі алмаймын да!
- Бірақ, қымбаттым Бьяртур-ау, бір нəрсені түсінсеңші - сиырдың сүті
қалмады. Ол бейшараның қабысқан қарнына қараудың өзі аянышты. Менің
көз алдымда жүдеп-жадап, көтерем болуға айналды.
- Онда менің жұмысым жоқ! - деп, қысқа жауап қатты Бьяртур. - Мені
поселкеге барып, шөп сұрап əкеледі дегенді біржола ұмыт! Біз өз билігіміз
өзіміздегі дербес те тəуелсіз адамдармыз. Мен емін-еркін азат адаммын
жəне өз жерімде өзім тұрып жатырмын. Ешкімге де тəуелді болғым
келмейді!..
- Букодланың бізге жасаған жақсылығын білесің ғой. Оны қалай
ұмытасың? - деп жалбарына тіл қатты əйелі.
- Иə, білгенде қандай! - деді ол. - Ол бізге əлі талай "жақсылық"
жасайды - əсіресе ендігі қалған қойларды түгел қырып бітірген соң
ақырында өзімізді де өлімге душар етіп тынады.
- Тым болмаса, аз ғана шөп сұрап көрші, - деп жалбарына жалынды
əйелі.
- Сенің сұмырай сиырыңа бола мені қойларға опасыздық жасауға
мəжбүр ететін ешқандай күш жоқ. Ондай күшті жердің бетінен де, көктің
жүзінен де таба алмайсың! Бір отар қой өргізу үшін мен он сегіз жыл бойы
бел шешпей жұмыс істедім. Хуторға деген борышымды он екі жыл бойы
төлеп, əзер дегенде құтылдым. Мені ешкімге тəуелсіз дербес адам еткен
менің қойларым ғана! Мен енді ешқашан ешкімнің алдында бас иіп,
жалынышты болып тұрмаймын. Көктемде біреуге барып, алақан жайып,
пішен сұрап, масқара болатын жағдайым жоқ! Ал маған староста мен
Əйелдер одағы еркімнен тыс тықпалап алып келген, сөйтіп менің
балаларымның үйреншікті тағам түрлеріне деген төбетін жойған жəне
менің қойларымның сапалы пішеніне ортақ болып, оларды ашаршылыққа
душар еткен сұмырай сиырдың сазайын тартқызатын кезім келді. Оның
сазайын неғұрлым тез тартқызуым керек.
- Бьяртур! - деп ақырын ғана үн қатты əйелі. Ол екі адамды кейде бірбірінен қарасы көз жетпестей алыстан қарауға мəжбүр ететін жағдайда
Бьяртурға есінен тана көз жүгіртті. Букодланы бауыздағанша, мені
бұрынырақ бауыздап тыншы!
ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
КӨКТЕМДЕ КЕЛГЕН АЖАЛ
Ауа райы жақсармады. Аспанды бұлт торлады, ышқына жел соқты, кейкейде бұршақ жауды. Үйдің ішіне ауру қойлардан шығып жатқан сасық иіс
сіңіп, тыныс алу қиындай түсті. Ішек құрттар қойларды əбден қинады, ол
бейшаралардың қарлыға жөтеліп əзер маңыраған үні сиырдың шағына
мөңіреген даусына ұласып жатты. Таңертеңгісін бір немесе бірнеше қой
қорада өзге қойлардың аяғы астында тапталып, қимылсыз жатады. Олардан
кейде пəлендей тіршілік белгісі білінбейді. Бьяртур оларды жалма-жан
бауыздап, шымтезекті батпаққа қарай сүйрей жөнеледі. Өлген қойларды он
да алып барып көмгеннен кейін пышағын мүкке сүртіп тазартады, жарық
дүниедегі жер бетінде бар нəрсенің бəрін де неше түрлі былапыт жаман
сөздермен сыбап тұрып сөгеді. Өйткені қазірдің өзінде оның жиырма бес
тоқтысы өлді. Олардың бəрін де өзі мəпелеп өсірген болатын.
Əрқайсысының қай саулықтан туғанынан бастап, одан арғы шыққан тегіне
дейін түгел жатқа білетін. Əр тоқтының, əp саулықтың бүкіл түрі-түсін,
мінез-құлқын, əдетін өзінің ең жақын досының қасиеттерін ұмытпайтыны
сияқты түп-түгел есінде ұстайтын. Өткен жылдардың көптеген естеліктері
сол қойларға тікелей байланысты болатын. Бьяртур оларды мейлінше
сергек, бұйра жүні қалың өскен, күзге қарай таудан түсіп келе жатқанда
өздерінің қутың қаққан қозыларын мақтаныш еткен қалпында есінде
сақтайтын. Тіпті көктемде қоздаған саулықтардың қайсысы қай жасыл
шатқалда өз төлдерінің шаранасын қалай жалап, қалай мекіреніп
маңырағанына дейін ұмытпайтын. Олардың əрқайсысының өз белгілерін,өз
қылықтарын, өз дене бітімін мүйіздерінің өзіндік ерекше түрін бір-бірінен
жаңылыспай ажырата білетін. Бір қойдың маңдай жүнінің қалай үрпиіп
тұратынын, екінші бір қойдың сарғыш нышанын,үшінші бір қойдың
тұмсығы үстінде дөңгеленіп тұратын түймесін есінде ұстайтын. Олардың
кейбіреуі үркек, енді біреулері шаруаның ұялшақ қызы сияқты жуас та
момақан болатын. Қутың қаққан біреулері аласа қоршаудан қарғып кетуді,
тасып жатқан шағын өзеншеден арғы бетке жүзіп өтуді ұнататын. Үшінші
біреулері жырада жасырынып қалуға бейім болатын... Енді міне солардың
бəрін де дерлік бауыздауға тура келді. Олардың қаны сорғалаған
жарасынан ішек құрттар сүйретіліп шыға келеді, өкпелерін шұрық тесік
етіп жеп қойған. Ринга, Скедла, Скесса, Кемпа, Гадла сияқты басқа да
толып жатқан тоқтылары Бьяртурдың бүкіл өміріндегі сенімді сүйеніші,
қозғаушы күші болған еді, Сондай жиырма бес қой... Ендігі кезек қай
қойлардікі екенін кім біледі?
Қар жауып тұр. Қойды өріске шығарудың реті бүгін де жоқ. Үш қойды Каупты, Лаудганы, Спурды - ертең сояды. Хутордағылардың ешқайсысында
да үн жоқ. Маядағы шөп түгел желініп біткен. Шыммен жабылған
қақпақтың астына тіреулер қойылған. Сиыр орнынан тұра алмайтын халде.
Қар үздіксіз жауып тұр. Тағы да ұйтқи соққан боран басталды. Кішкентай
терезе көзін қырбық кар басып қалды. Түтін үйдің ішіне қайта үйірілді.
Қолқа қабатын бықсыған ащы түтін мен жағымсыз қоламса иістен тыныс
алып болмайды.
Ал əлдебір жерлерде бау-бақшалар гүлге оранып, сəнді сарайлардың
көз тартып тұрғаны анық. Сонда мына аңғардағы шағын ғана жалғыз
хуторды бүкіл дүние шынымен-ақ елеп-ескерусіз біржола ұмыт
қалдырғаны ма? Ал мына аты-жөндері өзгелерге белгісіз адамдардың ерлік
істерін шынымен-ақ ешкім елеп-ескермей, даңқын арттырмай кете бере ме?
Олар туралы кітап жазылмайтын болғаны ма? Оларды шынымен-ақ
жұрттың бəрі елеусіз, ұмыт қалдырғаны ма?
Жоқ, тіпті де олай емес екен. Үйдің табалдырығын аттағалы тұрған
қонақтар келіпті. Ұйтқи соққан қарлы боранмен араласа аттардың
пысқырғаны, ат əбзелдерінің сыңғыры, бөгде біреулердің таныс емес даусы
естіледі. Мұның өзі бүкіл үйді басып қалған үнсіз үрейден құтқарып,
жеңілдік орнататын, адамдар үшін де, ит үшін де қуаныш ала келетін оқиға
болды.
Үйдің жоғары бөлмесіне көтерілетін тесіктің қуысынан əлдебір əйелдің
қар басқан бейнесі көрінді. Сəнді киінген оның дене бітімін тығыз
кептелген рейтузы айқын байқатады. Оның сұрғылт көгілдір көздерінен,
суық жел қызартқан екі бетінен жүзі жайдары жан екені көрінеді. Ол
үстінің қарын өзі жоғары көтерілген тесіктің қуысына қағып тұрып: -Хихи-хи! - деп күлген кезде тістерінің мықты екені байқалды, əлдебір
жағымсыз соз айтып, біреуді балағаттағандай болды. Оның қолындағы
солқылдақ шыбық небары жиырма бес эйрир тұратын бірде-бір бұйымы
жоқ мына үйде сəн-салтанат затындай болып көрінді. Бүл Миридегі
Йоунның қызы Одур болып шықты. Оның соңынан іле-шала шатырға жəне
бір адам көтерілді. Ол қыздың жол серігі, старостаның көп
қызметкерлерінің біреуі екен. Оған Одурды Фьордқа дейін шығарып салу
туралы бұйрық беріліпті. Өйткені қыз ертеңгі пошта пароходымен
оңтүстікке, бұл жақпен салыстырғанда неғұрлым бақытты өлкеге сапар
шекпек көрінеді.
- Аса құрметті фрекен, сенің екі бүйірің қалай толысып кеткен еді! деді Бьяртур оны екі санынан еркелете қағып тұрып. - Тіпті бірде-бір
сүйегің білінетін емес. Ішіп-жемнің мол да жақсы екені бірден көрініп тұр.
Бұл қызға ең жақсы кофе құйыңдар. Қантты да аямаңдар. Дəмсіз сұйық
быламық сияқты анау-мынау кофені ішпейді. Бұл мен алғаш рет
үйленгенімде тіземнен де келмейтін кіп-кішкентай нəресте еді. Енді, міне,
бой жетіп шыға келгенін қарашы!
Балалар тізіле қатарға тұрып, қонақ қызға ауыздарының суы құрып,
таңдана қарады. Қандай үлкен, қандай сəн-салтанатты киінген, қандай
көңілді қыз десеңші! Қалай күшті балағаттай алады! Қандай алыс сапарға
шыққан десеңші! Одур үстінің қарын қағып, сілкініп болды да көптен мəуе
беріп келе жатқан, жаңадан ашылған гүлдерінің, енді дəн байлай бастаған
бүршіктерінің салмағымен бұтақтары аздап иілген жеміс ағашы сияқты
тікесінен тік тұр. Жоқ, мынадай ауа райы бұзылып, құтырына қақап тұрған
суықта иен дала арқылы сапарға шығу - ақылға қонбайтын нəрсе. Ал əйел
баласы үшін ажал аузына ілігумен пара-пар. Сондықтан да ауа райы
жақсарып,күннің көзі ашылғанша осында бола тұрғаны дұрыс. Қыз жанжағына көз жүгіртті: қай жерге жайғасқаны дұрыс? Соны байқап көрді.
Төсек үстіндегі көрпенің тазалығына күмəн келтірді. Ақырында ерлізайыптылар кереуетінің бір шетіне отыра тұруды дұрыс көрді. Ол өзіне
көңіл бөліп, əуре бола бермеуді өтінді, кешке қарай боран басылып, күннің
көзі ашылып та қалар деген үміт білдірді. Сыпайы ізет сақтап, қойлардың
жағдайы қандай екенін сұрастырды.
- Наурыз айының бас кезінде осында əлдебіреу болып кетіпті, - деді
Бьяртур. – Жай кетпепті, менің бір қойым ен салып кетіпті. Ал сендердің
поселкелеріңде бұдан да сорақы нəрселер болып жатады ма емес пе?
- Иə, дұрыс айтасыз,- деді қызметкер жолсерік. – Біздің поселкеден
жақсы хабар күту қиын. Истадальдық Оулавюр тапа-тал түсте қырық
қойынан айырылып қалды. Басын тауға да ұрды, тасқа да ұрды. Бірақ
қолынан еш нəрсе келмеді. Бəрі ғылыми байламға сай өлген болып шықты.
Ал ундирхлидтық Эйнардың отыздан астам қойы опат болды. Ендігі бар
үміт олардың о дүниедегі жайылымдарының жақсы болуында қалып отыр.
Гилтейгалық Тоурир тіпті қанша қойы қырылғанын да айтпайды.Оның
кенже қызы некесіз ұл туып алды.
- Ол неге өзінің сүйген жігітіне тиіп алмаған? — деп сұрады
старостаның қызы.
Бьяртур күлкісін тыя алмай, былай деді:
- "Төсегіңді қалай салсаң, ұйқыңды солай ұйықтайсың" деген сөз бар
ғой. – Сөйтті де былай деп қосып қойды: бар бəленің басы сұмырай
сиырда, қарада тұр ол оңбаған қомағай да мешкей сиыр пішенмен қоса
сенің өзіңді де жеп қоюдан тайынбайды. Оның қарны Жерорта теңізі
сияқты түпсіз терең құрдымның дəл өзі!
- Соның бəрінің есесіне Тау королінің малы дін аман, - деді қызметкер
жолсерік. -Утиредсмириде қойларды ұн шалған ботқамен азықтандырады.
Бірақ соның өзінде де көптеген қой арып-аршып, көтерем болып қалды.
Əдетте көктем кезінде көп кездесетініндей, бірнеше қой пышаққа ілінді.
Иə, Редсмиридегі жағдайдың əрқашан осындай болып жататынын
Бьяртур баяғыдан бері біледі. Дегенмен бірлі-жарым қойдың көп немесе
кем өлгенінде тұрған не бар? Бұл староста үшін шыбын шыққанмен бірдей.
Ол үшін ең бастысы - мініс аттарын ерекше жақсы күтіп баптау.
Қарлы боран басыла қоймады. Қыздың төзімі таусылып, жүйкесі
жұқара бастады. Біресе төмен түсіп, біресе жоғары көтеріліп, тыным
таппады. Қар тікелей есікке, қыздың бетіне ұйтқи жауды. Қар көктемгі
кездегідей ешқашан тікендей өткір қиыршықтанып жаумайды. Қазір де тап
солай. Қыз біресе балағат сөздерді боратса, біресе терең ойға шомып,
уайымдай бастайды. Содан кейін бейне бір қояншық ауруы ұстағандай
мазасызданады, ақырында өзін-өзі ұстай алмайтындай халге жетеді.
- Ағам Ингольв мені бүгін кешке дейін келеді деп күтіп отыр. Ол ендігі
мені боранға ұшып өлді деп ойлаған да болар, Құдайым-ау, ертеңгі
пароходқа үлгере алмай қалсам, не болмақ?!
- Жарайды, мазасыздана берме. Ауа райы түнге қарай түзелетін болар.
- Құдайым-ау, тек пароходтан қалып қоймасам етті!
- Қарлы боран көп ұзамай басылады.
- Құдіреті күшті Иисус ием-ау, пароход жүрем дегенше жетіп
үлгермесем, менің жағдайым не болмақшы?!
- Онда тұрған не бар, келесі пароходты күте тұрасың.
- Егер мен ертеңгі пароходқа жетіп үлгермесем не болмақ?
- Егер сен келесі пароходпен барсаң, оңтүстікте еш нəрсе де бүлініп
кете қоймас.
- Менің қайткенде де ертеңгі пароходқа жетіп үлгеруім керек, - деп
қасарыса қарсыласты қыз. - Егер мен иен далада үсіп өлетін болсам да
жетуге тиістімін. Сенбі күні қалай да оңтүстікте болуым керек!
- Соншалықты не болып қалып еді өзі?
Қыз тіс жарып түк айтпады. Бəрінен де торығып, үмітін біржола
үзгендей. Ол мұнда тыныс алатын ауаның да жоқтығын айтып шағынды.
Еш нəрсені ішкісі де, жегісі де келген жоқ. Қалай дегенде де оның бұл түні
осында, мына қоламса сасыған тар үйде тұншыға қонып шығуына тура
келеді. Қолдан келер басқа амал жоқ еді. Ол киімдерін шешкен жоқ, екі
жəшікті бір-біріне жалғастыра қатар қойылған кереует-төсектің үстіне
жамылғы көрпеге оранып жата кетті. Жайлы төсекке жатып дем алуы
туралы ұсынысты тыңдағысы да келген жоқ. Түні бойы аһылап-үһілеп
шықты. Ара-арасында сатымен төмен түсіп, сырттағы ауа райын көріп
келумен болды. Бьяртур одан "Түнгі құмыра-түбек қажет болып жүрген
жоқ па?" деп сұрап та көрді. Жоқ, олай емес екен. Ол ауа райын байқап
қайту үшін біресе ішке кіріп, біресе сыртқа шығып, тыным таппай
жүргенін айтты. Жүрегі айнып, құсқысы да келе ме, қайдам?.. Айтпақшы,
ол сенбі күні қалай да Рейкьявикте болуым керек деп еді-ау.
Бұл түні хутордағы ұйқының мазасы болмады. Соншалықты
асығарлықтай, бұл қыздың қандай шұғыл шаруасы болды екен? Əлде
біреумен кездесуге берген уəдесі бар ма? Байқап тұрса, Аустаның да тап
осы қызға ұқсас кең маңдайы, қияқтай қиылған имек қасы бар екен-ау!?
Қазір Ауста да тек сұңғақ бойлы жасөспірім қыз ғана емес, нағыз бой
жеткен қыз сияқты. Ол да мұңайып уайымдаудан, əлдебір торығудан көз
ашпайтын сияқты. Қыздың ойына сол бір келіп кеткен қонақ жігіт келеді,
оның ормандағы оңаша тұрған тамаша үйі елес береді де тұрады. Үйдің
алдында табаққа салынған сарғыш-қоңыр самса сияқты ешқандай бой
жеткен қыз көрінбейді. Жоқ, қыздың қиялында ол əдемі үй алдыңғы жылы
үйдің жоғары қабатына көтерілетін тесіктен кездейсоқ түсіп кетіп,
қойлардың аяғының астында қалып, мыж-мыжы шыққан түрлі-түсті
күнтізбеге салынған суретке қатты ұқсайтын сияқты. Ауста өз қиялында ол
үйге бірінші барып ие болды, өзін олардың жеріндегі құрметті қонақ
ретінде сезінді. Əрине, ол мына Одурдың иелігіндегі жер емес! Құдайымау, Ауста ол жігіт туралы қыс бойы, тіпті хутордағы қойдың өлім-жітімі
көбейіп кеткен бүкіл көктем бойы үздіксіз ойға шомып, тəтті қиялға
берілген жоқ па еді?! Ол мына бүгінгі түнді де ұйқысыз өткізді,
бұрынғысынша, тіпті одан да күштірек, одан да тəттірек қиял құшағында
көз ілмей жатты. Бірақ тағдырдың салғанына амал қанша, біреулердің
аурудан қырылып жатқан қойдың ортасында өліммен бетпе-бет қала
беруіне, ал екінші берулердің оңтүстікке ғажайып, өлкеге ұзақ сапар
шегуіне тура келеді.
Таңертең Ауста Соуллилья көзі ұйқыға енді ілініп бара жатқанда оянып
кетті. Өйткені өмірге құштар бақытты біреудің сыңғырлаған əдемі күлкісі
естілген еді. Күннің көзі шайдай ашылыпты. Старостаның қызы бақыт
құшағына бөленіпті. Ол өзінің үйінен мил шыққан бутербродын жеуге
құныға кірісті. Жоқ, ол енді пароходқа қалай да жетіп үлгереді! Рас, оның
қызметші жолсерігі "Ауа райына сеніп болмайды. Ол ұдайы құбылып
тұрады" деген сөзді қыстырып қойды. Бірақ старостаның қызы оны елең
қылған жоқ, қарқылдап күлді де былай деді:
- Мейлі, сайтан алсын бəрін де. Бізге бəрібір емес пе?! - Қыз қайта-
қайта "сайтан алсын бəрін де!" деумен сыртқа шығып, аттарға таянды. Ол
өзінің қызметші жолсерігін үсті-үстіне іздеп, дауыстап шақырумен болды. Жүріп кететін уақытымыз əлдеқашан жеткен жоқ па? Болсаңшы енді!
Ал қызметші жолсерік шатырдың ішіндегі бөлмеде жайласып отырып
алып, үй иелерімен бірге кофені үсті-үстіне сораптап, асықпай ішуде еді.
- Бұл не қылған айқай-шу?! - деді ол.
- Қыз асығып тұр, - деді Бьяртур.
- Иə, - деп жауап қатты қызметші жолсерік, кофені рақаттана іше түсіп. Байға тиер кезінде əйелдердің бəрі де ақылынан адасады. Бұл да солай ғой.
- Əлде мен қателесіп тұрмын ба, əлде шынында да солай ма, қыздың екі
бүйірі шыға бастаған ба? Қалай өзі? - деп сұрады Бьяртур.
- Меніңше, анықтап қараған адамға бəрі де түсінікті сияқты.
- Сонда, сіздің жақта да əлдебіреу болып кеткен-ау, шамасы?
- Сен қалай ойлайсың? Олар, оңтүстіктен ағылып келіп жататын
мықтылар, тұтыну қоғамының өкілдері тек сенің жеріңде ғана аң аулайды
ғой дейсің бе?
- Е-е, яғни, бізге келген əлгі аңшы жігіттің де солардың жексұрын
тобырынан болғаны ма? - деді Бьяртур. - Мен оның сондай екенін қалай
байқамағанмын?!
Сонымен Бьяртур өзінің қонақтарын жол жиегіне дейін шығарып
салды.
Ауа райы əлі де мəз емес еді - шамасы, тағы да қар жауатын болуы
керек. Осы қар құрдымға кетіп, құрыса екен өзі! Əлгі кішкентай жынсайтандар да мамық көрпенің астынан бастарын шығарып, шынымен-ақ
уақытылы тұра қоймайтын болғаны ма? Бьяртур қолына кенеп матамен
оралған екі үлкен пышақ алды. Олардың орауын ашып, кереуеттің өзі
жататын шет жағына қойды. Сөреде жатқан тас қайрақты алып, оған
түкіріп-түкіріп жіберді де пышақтарын қайрауға кірісті. Одан шыққан ащы
дыбыс барлық өліні де, тіріні де тесіп өтіп бара жатқандай...
- Хельги, тұр енді. Сен маған қажетсің.
Хельги төсегінен ықылассыз тұрып, шалбарын киді, енді шұлықтарын
іздей бастады. Əкесі пышақ қайрауын жалғастыра берді. Басқа балалар
мамық көрпенің астынан сығалап қараумен болды. Бьяртур басынан бір тал
шашын жұлып алып, пышақтың жүзі қаншалықты өткір болғанын байқады.
Содан кейін жəшікте жатқан бұрауышты алды. Оны тот басып қалған екен
Шалбарына сүйкеп-сүйкеп жіберіп сүрткен болды да оны да қайрауға
кірісті.
- Киініп болдың ба, жалқауым?
- Менің не істеуім керек?
- Не істеуім керек? Мен не айтсам, соны істейсің. Түс темен!
Бьяртур баланы желкесінен итерген бойы оның соңынан ілесе отырып,
сатымен төмен түсті. Əйелі төменге түскен күйеуі Бьяртурдың екі
қолындағы қайраулы екі пышақтан бейне бір есінен айырылған адамша көз
алмай, бір түрлі шошына қарады. Осы бір əбден азап шегіп, қорлық көрген,
қинала қалжыраған, ізгілік атаулының түбінде бір жеңіп шығатынына кəміл
сеніммен қарайтын, кезінде Иисус Христостың үйретіп кеткен əдісі
бойынша сүт ұйытып, май шайқаған, аз айранды лажсыздан пісіп, көбейте
білген бейшара əйел дəл осы сəтте мың жыл бойы - Исландия өмір сүріп
келе жатқан мың жылдан бері тұтас ұлттың бостандығы мен тəуелсіздігінің
негізі қаланып, жеңістен жеңіске жету жөніндегі мызғымас берік ерікжігерді мұқалта аламын деп ойлады ма екен əлде?!
Ол екі қолына екі өткір пышақ ұстаған бойы төменге түскелі тұрған
күйеуінің мойнына орала кетті.
- Жалғыз сиырды бауыздағаның - мені бауыздағаның, Бьяртур! деп,
жалбарына жалынды ол. - Менің ендігі жерде балалардың қинала
шырқырап ашыққанын көре алатын халім қалған жоқ...
Əйелі басынан аяғына дейін қалтырап-дірілдеп, көз жасын тыя алмай,
еңіреп жылады. Ол көз жасының мөлдір шығы тұнып тұрған гүл сияқты
болып кетті.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 26
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.