Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 39

Total number of words is 4530
Total number of unique words is 2099
40.3 of words are in the 2000 most common words
56.4 of words are in the 5000 most common words
64.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жағына қарай аздап қисайып, қыңырайып тұр. Ал енді жаңа үй салғанда
оны біржола бекем, мызғымастай етіп салатын боламын. Ондай
жақсылықты күтуге көп қалған жоқ.
Бьяртур осы сөздерді айтып болды да өзінің жұмысына алаңсыз кірісіп
кетті.
АЛПЫС ТӨРТІНШІ ТАРАУ
ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІ ТУРАЛЫ ƏҢГІМЕ
Америкаға кетіп қалу тіпті де ерсі қылық саналмайтын болды. Осыдан
біраз уақыт бұрын алыс жатқан ол елге мұнда шаруасы шалқайып, берекесі
қашқан, əбден кедейленіп, қайыршыланып біткен, ерте ме, кеш пе, əйтеуір
бір приходтың асырауына өтуі, тіпті түрмеге түсуі мүмкін адамдар ғана
кетеді деген пікір қалыптасқан еді. Ал енді Америкаға кетіп қалу шетелге
əдеттегі саяхат шегу сияқты ғана болып көрінеді. Ондай кетіп жатқандарға
жұмыссыз сандалып жүргендер, көшедегі қаңғыбастар деп қарамай,
олардың атына қыршаңқы қалжың айтылатын болды: кетіп жатқандарды
осындағы приходтың іріп-шіріген іске алғысыз тауар ретінде экспортқа
шығарылуы деп бағалады. Жоқ, олар шын мəнінде тіпті де тақыр кедей
емес, қалталарында едəуір ақшалары бар, Батысқа, теңіздің арғы жағына,
өздерінің ондағы бай туған-туыстарына, достарына, мейлінше құрметті
саналатын адамдарға барып жатқандар болатын. Теңіздің арғы жағына
жетіп қоныстанған исландиялықтар да енді кенеттен құрметті адамдар
қатарына қосыла бастады. Өйткені олардың ақшаларының болғанына
ешкім де күмəнданбады. Жазғы мекеннен барған Гвендурды
Фьордтағылардың ешқайсысы көзге ілмеуші еді. Енді ол қалаға қалтасы
тола ақшамен келді - жүздеген, тіпті мыңдаған кронасы болуы мүмкін.
Сөйтіп құрметті де сыйлы жігітке айналды. Ол судьяның үйінде отырып
кофе ішті. Қажетті құжаттарды толтырып бітуін, пароходтың келуін күтті.
Тіпті мұны судьяның əйелінің өзі арнайы келіп, көріп кетті - өйткені бұл
Америкаға кетіп бара жатыр ғой.
Бұған мүлде таныс емес, бірақ сауатты бір адам Гвендурды көшеде
кетіп бара жатқан жерінен кофе ішуге шақырды. Əңгіме үстінде ол бұл
Америкаға барғанда тіл білмегендіктен тосыннан қысылып қалмауы үшін
"йесс", "монни" жəне "ол райт" деген сөздерді қай кезде қалай айту керек
екенін үйретті. Ал пароход кеңсесіндегілер мұның Рейкьявикте өзін қалай
ұстауы, кімді іздеп табуы, оған не айтуы, пароходқа мінгенде билеттің
ақшасын кімге төлеуі тиіс екенін бір сағат бойы ежіктеп, егжей-тегжейлі
түсіндірді. Əлдебіреу бұған сигара ұсынды. Бірақ бұл оның дəмі мен
иісінен теңіз жағасына құсып жіберді. Көшеде келе жатқанда мұны талай
адам арнайы тоқтатып:
- Ей, бұл сенсің бе.? - деп сұрады.
Иə, бұл соның дəл өзі еді.
Əйелдер терезенің пердесін ысырып тастап, бастарын сыртқа шығара
əлдебір романтикалық таңданыспен мұның басынан аяғына дейін мұқият
қараумен болды. Олар да таныған сияқты - иə, бұл соның тап өзі ғой!
Балалар үй-үйдің бұрышына тығылып тұрып: "Америка! Америка ғой!" деп
шуылдап айқайласты. Ол осындай даңққа бөленіп, басы айналып жүргенде
екі күннің қалай өтіп кеткенін білмей де қалды. Гвендур өзіне пышақ пен
арқан сатып алды. Өйткені Америкаға барғанда өте-мөте керек болады.
Пароход ертең таңертең келуі тиіс. Жолға əзірліктің бəрі де біткен сияқты.
Əлі жарты күн уақыты бар. "Енді Ауста Соуллильяға баруым керек" деп
шешті Гвендур. Оны ақыры іздеп тапты. Бір балықшының үй қызметшісі
болып істейді екен. Қызы бес жасқа толыпты.
- Мұның аты - Бьорт, - деді Ауста Соуллилья қызын көрсетіп.
- Бұл қыз жарық дүниеге келгенде менің өзім де үлкен нəресте сияқты
едім. Басқа ат ойлап таба алмадым. Өзінің жасына қарағанда əлдеқайда
ересек көрінеді. Ішіп-жем тағамымыз, Құдайға шүкір, жеткілікті. Бір көзі
қылилау, шешесіне - мына маған тартқан.
Ауста қызын құшарланып сүйді. Ол кəдімгідей бойшаң жас келіншек
болыпты. Аяқтары өте ұзын сияқты. Бəлкім, екі қара санының шектен тыс
жуан, ал екі иығының тым қушиғандығынан да солай көрінетін шығар.
Еңсесі аздап еңкіш тартыпты, екі емшегі де баяғы он бес жасындағыдай
көйлегінің төсін кере тырситып тұрған жоқ. Көздері күмістей ақшыл,
қастары қара, жүзі солыңқы-сұрғылт тартыпты. Бұрын оймақтай ауыз
пішіні өте сұлу əрі жұмсақ көрінетін еді, енді Аустаның бет келбетіне
біртүрлі қаталдық беріп тұрғандай. Күрек тісінің біреуі қарайыпты, көзінің
қылилығы да күшейе түскен сияқты. Бəлкім, мұның бəрі де шаршапшалдығып, қажып жүргеннен болар. Сүйегі білініп тұрған білезігі мен
салалы саусақтары бұрынғы сұлулығын жоғалта қоймапты. Екі иығы
қушиған арық болғанымен мойны жұп-жұмыр əрі аппақ. Даусы салқын əрі
қатаң шығады -бұрынғы сыңғырлаған нəзіктігі жоқ. Аустаның қос
бұрымының біреуі үнемі бір көзіне түсіп тұратын болыпты. Оның бүкіл
сыртқы тұлғасынан əлдебір қажырлы күштілік пен осал əлсіздік - өзіне
тартушылық пен көкіректен кері итерушілік сезімдері бір мезгілде қатар
байқалатын сияқты. Оған назар аудармау тіпті де мүмкін емес еді. Оның
беті жүзінен бірде-бір жігерсіздік белгісі байқалмайды, екі көзі жайнап, үн
қатып тұрғандай. Аустаның əр қимылында өзінің жеке басына қатысты
əлдебір терең сыр жатқандай. Бірақ солардың бəрі де біріне-бірі қарамақайшы келетіндей: қуаныш пен реніш, қорлық пен мақтаныш қосарлана
қатар байқалады. Өйткені оның бүкіл өмірі үздіксіз əрі терең қайғықасіретті жағдайда қалыптасты ғой. Бұған Бьяртурдың соншалықты қамқор
əрі қайырымды болғысы келген, сөйте тұра кейін біржола безгісі келіп,
қуып шыққан. Одан соң оған қайта оралып, жақсылық жасамақ ниеті
болған кездері де кездесті. Өйткені ол мұны жете түсінбеді, бəлкім, өзін-өзі
түсінбеген де болар. Гвендур Аустаның өзімен салыстыруға болмайтын
əлдеқайда жоғары деңгейде екенін бірден сезінді. Қазір мына тау болып
үйіліп жатқан кір киімдерден көз алмай қысыла қарап тұрғаны, бейне бір
тұтас халықтың мыңдаған жылдар бойы адам төзгісіз қорлық көріп, азап
шегіп келген қарғыс атқан масқара кезеңінің белгісіндей болған алба-жұлба
жыртық киім кигені Аустаның кемшілігі бола алмайды. Міне ол мұның
қасында тікесінен тік түрегеп тұр. Қарайып, бүлінген күрек тісі көрінеді.
Некесіз туылған баласының бір қолынан ұстап тұр... Гвендурдың оған таң
қалғаны - бір кезде бұлар Жазғы мекендегі бір шаңырақтың астында қалай
бірге тұрған, ал Ауста бұларға қалай əпке болған?
- Мен Америкаға кетіп бара жатырмын, - деді Гвендур.
- Əлде, байғұс бала-ай! - деді Ауста, оған селқос жауап қатып, бəлендей
жанашырлық та білдіре қоймай.
- Қазір мұнда да заман жақсарып келе жатыр. Бірақ онда барсам,
əлдеқайда көп нəрсеге қол жеткізе алуыма болады деген сенімім зор.
- Сені маған жіберген кім? Соны айтшы.
- Ешкім де жіберген жоқ. Менің сенімен қоштасып кеткім ғана келді.
Ауста салқын жымиды да қойды.
- Мен біздің бəріміздің арамызда ешкімді де сағынбайтын тек қана сен
болатын шығарсың деп ойлаушы едім. Менің ойымша, сен өз еркі өзіңдегі,
ешкімге тəуелсіз, дербес адам болуың, Жазғы мекеннің иесі Бьяртурдың
өзінен айнымай қалуың керек еді.
Ауста "Жазғы мекеннің иесі Бьяртур" деген сөзді əлдебір суық күлкілі
сезіммен əрі берік сеніммен айтты. Ол бұрынғысынан да қажырлы бола
түсті, ешқандай солқылдақ сезімге бой алдырған жоқ.
Гвендур ауыр ойға шомды, Аустаның жүзіне тура қараудан тайсалды.
Өйткені айтайын деген ойымның желісін үзіп алармын деп қауіптенді.
- Сен білесің бе, Ауста... Əлдебір сиқырлы күш бар... Сол күш біздің
бəрімізді билейді, тіпті уысынан шығармай, өз дегенін істетеді. Бірақ оның
не қылған күш екенін анық білмеймін. Мысалға, əкеміздің мінезі қатал,
ерік-жігері мықты, бірақ бəрібір өз еркі өзінде емес, бостандығы жоқ деуге
де болады. Онымен салыстырғанда əлдеқайда қатал мінезді, ерік-жігері
күшті тағы біреу бар. Міне, сол адам əкемізді тырп еткізбейді, өз айтқанына
еріксіз көндіріп келеді.
Ауста Гвендурдың жүзіне мұқият қарады. Оның жан дүниесіне терең
үңіліп, соншалықты күрделі көп нəрсені қалай түсінетінін байқап көрмек
болды.
- Сен, немене, Колумкилли туралы айтып отырсың ба? - деп сұрады ол
- Жоқ, - деп жауап қатты Гвендур, - ол адамдарға ешқашан маза
бермейтін, ұдайы жұмыс істеп, тыным көрмеуін талап ететін қозғаушы күш
қана ғой.
- Мен сені тани алмай тұрмын Қалай өзгеріп кеткенсің өзің? Тіпті басқа
Гвендур сияқты көрінесің менің көзіме.
- Оның себебі - қазір менің мол ақшам бар. Ақшаң барда дүниеге тіпті
басқа көзбен қарай бастайды екенсің.
- Сен одан бəрібір ешқашан қашып құтыла алмайсың.
- Кімнен?
- Жазғы мекен иесі Бьяртурдан. Сен оны қаншалықты жек көрсең де
сенің бойыңда оның қаны бар. Сөйтіп сен өзіңді-өзің жек көріп кетесің ғой.
Оны жамандап сөккен адам - өзін-өзі жамандап сөгетін адам.
Гвендур Аустаның не айтып тұрғанын түсіне алмады
- Егер мен алыс елге кетіп қалсам, - деді ол - Онда барып, мүлде жаңа
өмір бастасам, кім біледі, бəлкім, өз еркім өзімдегі тəуелсіз дербес жанға
айналармын.
Ауста соншалық салқын дауыстап, қарқылдап күліп жіберді.
- Мен де тап сен сияқты ойлағанмын. Менің сендерден біржола кеткен
түнім болатын. Ол мені қуып шыққан еді. Оның мені сол түні қуып
шыққаны үшін Құдайға мың мəрте шүкіршілік жасаған болатынмын. Кеңбайтақ иен даламен жалаң аяқ, жалаң бас таң атқанша жүріп отырып, тіпті
басқа елге кеткен едім.
- Сен де ме?
- Иə, мен де өз Америкама сапар шеккен болатынмын. Енді сен өз
Америкаңа кетіп барасың. Жолың болсың əйтеуір.
- Сен де тап менің əкем сияқты ойлайсың ба? Ол маған онда барған соң
қаңғырып далада қаласың, əрекетіңнен ештеңе шықпайды деген еді.
- Мен саған ондай əңгіме айтып тұрған жоқпын, жарқыным Гвендур.
Менің бар білетінім сенің бойыңда Жазғы мекен иесі Бьяртурдың қаны бар.
Оның мінезі, мен оның туған қызы болмасам да, менің бойымда да бар.
- Сен өзің білесің бе, мұның өзі жақсы ғой, - деді Гвендур. - Əкеміз ешқашан ешкімнен айылын жимайтын əрі ешкімнен жеңілмейтін жан.
Жақында оған он бес мың крона ұсынып көрді. Бірақ ол үзілді-кесілді бас
тартып, алмай қойды. Егер осындай қатал мінезімен теңіздің арғы жағына
кетсе, мысалы, малдың саны тек қана мүйізді ірі қарамен ғана саналатын
Америкаға барса, нағыз үлкен де маңызды адамға айналып шыға келер еді.
- Сен жаңа ғана өзің айттың емес пе: оны билеп алған, уысында тырп
еткізбей ұстайтын əлдебіреу бар дедің ғой.
- Мен жай ғана айта салып едім. Мен Колумкилли бар дегенге тіпті де
иланбаймын ғой.
- Иə, ол күштің иесі тіпті де Колумкилли емес, - деді Ауста. - Ол күш бүкіл дүниені түгел билейтін күш. Оны қалай айтсаң, олай ата, өз еркің
білсін, жарқыным Гвендур.
- Сонда ол Құдайдың өзі ме?
- Иə. Адамның өле-өлгенше құл сияқты жұмыс істегенін жəне оны
өмірдің өзінің беретін нəрсесінің бəрінен жұрдай етуді қалайтын Құдай
болмағанда басқа кім болушы еді? Құдайдың тап өзі! Ал, жарқыным
Гвендур, менің сенімен көп сөйлесіп тұра беретін уақытым жоқ - жұмысым
тоқтап қалды.
- Сəл ғана тыңдай тұршы, - деді Гвендур, оның бұл үшін айтқан терең
мағыналы ақыл-кеңесін түсіне қоймай. - Қоштасар сəтте саған бір нəрсе
айтып кеткім келеді... Менің өзіме тиесілі бəсіре қойларымды саған сый
етіп қалдырсам деп едім.
Ауста кетіп қалғысы келіп, қозғала беріп еді, бірақ кілт тоқтады да,
оның бетіне бұрылып қарады. Көзқарасынан бұған қалтқысыз шын
аяушылық белгісі білінді. Əңгіме барысында аңдамай сөйлеп, өзінің кісі
таң қаларлықтай ақымақтығын көрсеткен адамды ғана осылай аяуға
болатын еді. Сөйтті де ішек-сілесі қата күлді.
- Рахмет саған, жарқыным Гвендур. Бірақ мен ешқандай сыйлық
қабылдамаймын. Тіпті Жазғы мекен иесі Бьяртурдың өзінен де қабылдамас
едім. Сенің көңіліңе келмесін, ренжи көрме, менің сыйлық атаулыдан бас
тартуым бір бұл ғана емес. Былтырғы қыста бір күні біз кішкентай
қызымыз екеуіміз осы Фьордтағы от жағылмаған суық жертөледе жаурапжасынап отырғанымызда кешке қарай осы өлкедегі ең бай, нағыз шынжыр
балақ, шұбар төс адам сырт көзден жасырын келіп маған: "Сен менің туған
қызымсың" дегенді айтты. Ол маған қыруар көп ақша ұсынды. Маған жəне
кішкентай қызым Бьортқа қалтқысыз көмек жасап тұратынына сендіргісі
келді. Мен оған: "Біздің өліп қалғанымыз əлдеқайда артық. Көмегіңнің
қажеті жоқ!" дедім. Сөйтті де Ауста сақылдап тұрып күлді, сөзін одан əрі
жалғастырды. - Өйткені мен де, менің Бьортым да, өзің көріп тұрсың, өз
еркіміз өзіміздегі, ешкімге тəуелсіз дербес жандармыз ғой. Біз де өзімізше
бостандық елі саналамыз. Біз бостандықты Бьяртурдан, айтпақшы, менің
қызымның аттас адамынан, тіпті де кем жақсы көрмейміз. Біреудің берген
қайыр-садақасына көз сүзіп өмір сүргеннен емін-еркін өле салғанымыз көп
жақсы.
Иен дала арқылы жаяу жүріп, ерте көктемнің таңы бозарып, енді атып
келе жатқанда осы қалаға келіп жеткен мына əйел қандай қажырлы да
төзімді еді. Ол əлі жап-жас қыз кезінде, аяғы ауыр болса да, жалғыз өзі түні
бойы жаяу жүріп келе жатқанда ең қасиетті де қымбат арманын аялаумен
болған. Таңға қарай аяқ киімі жарамай, жалаң аяқ қалған. Сонда ол да өз
Америкасынан үмітін үзген жоқ болатын. Балалық шақты артта қалдырып,
біржола ұмыту, енді амал жоқтықтан ересек адам қатарына қосылу Соуллильяның ашпақ Америкасы осы еді. Енді, міне, ол өзінің ондай
атақты ғажаптар еліне əлі де жете алмай, босқа қиялдап қана жүрген бір
кездегі інісінің алдында осылай мақтанды. Иə, ол Үш құдай күнінің жаңа
атқан таңы болатын. Аустаға теңіздің астынан бейне бір жаңа елдер
көтеріліп келе жатқандай, інжу қабыршақтарын, жарқыраған маржан
моншақтарын жазғы таңның алғашқы нұр шашқан сəулесіне жуа
бастағандай болып көрінген еді. Ал ежелден бар елдерде жаппай жарыса
гүлдеген алма ағаштарының жұпар иісі аңқып, өзге тал-теректердің жасыл
жапырақтары баяу сыбдырлап қана тұрғандай елестеді. Ал теңіз жағасында
жайқалған жасыл орманның ортасындағы ашық алаңда оның сүйікті
жігітінің "ақшаңқан ақ ордасы" мен мұндалап, шақырып тұрған сияқты еді.
Бірақ сол салтанатты сарай ақырында төбесі қара май сіңірілген албажұлба қалың қағазбен жабылған осы қара лашық болып шықты. Теңіз
жаққа қараған кішкентай терезенің алдында гүл өсіруге арналған топырақ
салынған, сыртын тот басқан екі қаңылтыр құмыра тұр.
Лашықтың төбесіндегі түтін шығатын мұржа бір жағына қарай қисайып
кетіпті. Есік сыртында екі сынық тас текпішек көрінеді. Ал жайқалған
жасыл орман дегені теңіз толқыны жағаға шығарып тастаған жасыл балдыр
ғана екен. Таяу жердегі құмды жағаны теңізге қарай кесіп өтіп, ені бір
қадамдай ғана келетін кішкентай өзенше ағып жатыр. Жағасында екі бала
ойнап отыр. Олар ағаш таяқшамен өзен түбінен өлі балшықты сыртқа
шығарумен əлек. Ауста өзеннің жағасына жақындап барды. Жас шамасы
өзімен қатар, бірақ бұған қарағанда əлдеқайда əлжуаз, тыриған арық қыз
есік алдында жылап отырған екі жас баланы жұбата алмай жүр екен. Екі
баланың да құлақтарынан бұлақ ағып, мазасын алғаны көрініп тұр, түрлері
боп-боз болып, тіпті көгере бастапты. Табалдырықтың алдында емізулі
баласын көтерген үй иесі əйел тұр. Бейшара тағы да жүкті көрінеді. Іші
Аустаның іші сияқты томпайып тұр. Ол бір нəрсеге қапа болып, өзіне-өзі
ұрсып қояды. Тек қана ұйқас қуушы ақындардың, адамдарды жантəндерімен жек көретін суайт өтірікшілердің Ауста Соуллилья мен мұның
сүйікті жігітіне арнап қайдағы жоқ жалған кітаптар жазатыны несі екен
осы? Немесе оларда суреттелетін күн нұрына малынып тұратын ғажайып
ормандарға қол жеткізуге болатын, алтын сəулемен жарқ-жұрқ етіп, көздің
жауын алатын пальма аллеялары қайда? Соның бəрін мына біз сияқты
аңқау да адал адамдарды алдап, мазақ қылып масқара күлкі ету үшін
жазатын болғаны ма сонда?! Мұның сүйген жігітінің осындай тəтті
қиялдардан өзге, ішкілік ішіп алып, мас болу қабілетінен өзге еш қасиеті
жоқ қой.
Гвендур өзіне жүктелген бір аманат тапсырманы орындап үлгермегенін
айтып, Аустаның жəне бір минөт кідіре тұруын өтінді.
- Əкем саған сəлем айтты. Жазғы мекен əлі сол қалпында тұрғанын,
бірақ ол қалай да жаңа үй салатынын айта кетерсің деп еді.
Ауста жалт бұрылып қарады да, таңдана айқайлап жіберді:
- Əкең саған осылай айт деп шынымен тапсырды ма?
Гвендур "сəлем айт" деген сөздің аузынан абайсызда қалай шығып
кеткенін тез түсіне қойды да өз қателігін түзетуге асықты:
- Жоқ, ол саған сəлем айт деп өтініш жасаған жоқ. Бірақ əлгіндей сөз
айтқаны рас. Ол менен саған мына бір өлең жолдарын оқып беруімді ғана
сұрады.
Гвендур жаттап алған өлеңді оқып берді.
Ауста тағы да күлді.
- Сен оған былай деп сəлем айт, - деді Ауста, Гвендурдың Жазғы
мекенге емес, Америкаға кетіп бара жатқанын есінен шығарып. - Мен оның
қандай қой қора салатынын қазірдің өзінде алдын ала білемін. Ал оның
мəн-мағынасыз өлеңдерді қалай күшеніп-тышанып босқа шығаратыны
маған бұрыннан мəлім. Мен өзімді шын сүйетін бір жас жігітпен некеге
тұрып қойдым. Ол осындағы мектепте оқыды. Нағыз ақын сол. Оның
Сандейрда өзінің жекеменшік тамаша шағын үйі бар. Шешесімен бірге
тұрады. Осыдан екі жыл бұрын менің өзіне тұрмысқа шығуыма ұсыныс
жасады. Біз некемізді қидырдық. Ол мені ешқашан да үйінен қуып
шықпайды. Өйткені мені жанындай жақсы көреді... Жазғы мекен иесі
Бьяртурға, міне, осылай деп айт.
Бұл оның Гвендурға айтқан ең соңғы сөзі болды. Міне, ол қазір қандай
келіншек болған десеңші! Оның сол жақ беті жеңіп шығыпты. Бəлкім, ол
өзінің сол бір шілденің сəтсіз бір түнінде Жазғы мекеннің иесі Бьяртуға
амалсыз тосқан дəрменсіз оң жақ бетін оның шапалағынан дұрыс құтқарған
да болар.
АЛПЫС БЕСІНШІ ТАРАУ
АМЕРИКА
- Бұл сенсің бе?
- Иə, бұл менмін.
Бұл екеуінің таныстығы осылай басталды.
Төрт бұрышты биік қызыл мұнарасы бар үй күн сəулесіне малынып тұр.
Оның айнала төңірегі - жайқала өскен жасыл бақ. Күн кешке айналып бара
жатқан кез. Бақтағы жасыл желек батар күннің қызғылт сəулесіне
шағылысып, жалт-жұлт етеді.
- Сен мұнда келгеніңе қуаныштысың ба? - деп сұрады қыз.
Қыздың аяғына кигені - тізесіне дейін тар, одан жоғары кең қонышты
етік. Оның жетегінде қызу қанды, асыл тұқымды, еліре үркіп келе жатқан
екі мініс аты бар. Екеуі де қоңды, сыртынан қарағанда жүні бейне бір жібек
матадай жалтырап көрінеді. Батуға бет алған күннің қызғылт сəулесі мен
баяу соққан самал жел қыздың сары шашын, қос бұрымын алтындай
құлпырта түседі. Жұп-жұмсақ жас кеудесі ілгері-кейінді сүйсіне
тартылады. Қыпша белі тал шыбықтай бұралады. Екі қолы иығына дейін
жалаңаш. Қиғаш қастары емін-еркін бейқам керіледі. Ал өткір көздері көк
аспанды жəне ондағы шырқау биікте самғап ұшып жүрген көк қаршығаны
қатар елестетеді. Жүзінен жастық шаққа тəн əдемі аппақ ажар байқалады.
Ол дүние жүзіндегі ең бір əдемі түске - жаңа сауылған қою сүттің түсіне
ұқсайды. Біресе қызғылт, бəлкім, біресе жасыл түске ұқсап құлпыра өзгеріп
те тұратын сияқты. Қыздың еркі түгелдей өзінде көрінеді. Оның үстіне,
нағыз сұлулықтың өзі дерсің! Гвендур бұдан асқан сұлуды бұрын-соңды
көріп-білген емес. Қыз сəл ғана мұрнынан мыңқылдаңқырап сөйлейді екен.
Бірақ əр сөйлемін төменгі нотамен бейне бір əндете аяқтағанды ұнататын
көрінеді. Ол əзіл айтса да, сабырмен байсалды сөйлесе де күлкі
араластыратын əдеті екен. Гвендур əйтеуір абыржып, қысылып қалды.
- Сенің мұнда, бақтың ішіне кіруіңе болады, - деді қыз.
Гвендур шарбақтың есігін ашып, ішке кірді.
- Мен үйге кіріп шыққанша мына аттарды ұстай тұр. - Қыз осылай деді
де жым-жылас жоқ болып кетті.
Гвендур аттарды шылбырынан ұстап тұра берді. Аттар ауыздығын
шайнап, тағатсыздана ілгері ұмтылып, біріне-бірі сүйкене түсті. Бұл ұзақ
күтті. Ал қыз əлі көрінбейді. Гвендур енді ол қыз шынымен-ақ келмейтін
шығар деп ойлана бастады. Бірақ ол кенеттен келе қалды.
- Шоколад жейсің бе? - деп сұрады қыз. Сөйтті де оған шоколад
ұсынды. - Тағы берейін бе? - Ол жəне бір шоколад берді. - Менің сенімен
бірге кетіп қалуыма да болар еді. Американы көруге қатты құмармын. Сен
қалай қарайсың, сенімен бірге кетіп қалсам қайтеді?
Гвендур қысылғаннан қып-қызыл болып кетті. Мынадай керемет
қызды, ай-шай жоқ, қалай алып кетпек? Бұл қылығы онша дұрыс бола
қоймайтын шығар? Дегенмен оны өзімен бірге Америкаға ала кетуге көніп
қалды. Пароход бүгін түнде келеді де, ертең ертемен кетеді. Қыз қарқылдап
тұрып күлді. Гвендурдың мұны өзімен бірге Америкаға алып кетпек болған
ниеті бар екеніне күлді.
- Сен сондай қайырымды жақсы жігіт екенсің, - деді ол, күлкісін əлі де
бас алмай. - Одан да салт атпен серуен құрып қайтайық! Сен мына сары
атқа жайдақ мін. Рас, оның басында жүгені жоқ, тек ноқтасы ғана бар.
Менің Мириге барып, əжем мен атамды көріп қайтқым келеді. Ер-тоқымы
жоқ деме. Мына тұрған жер ғой. Бар-жоғы бір миля ғана.
Иə, иə, бұған бəрібір, жайдақ атпен бір миля емес, елу миля болса да
жүре алады. Гвендур сары атқа бірден қарғып мінді. Бұл екеуі мінген бойда
тыпыршып тұрған жануарлар ілгері қарай екпіндей заулады. Қыз мінген
боз бие шоқырақтап шаба жөнелді. Одан сары аттың да қалғысы келмеді.
Шылбырын тартып тоқтату мүмкін емес, басын шұлғып, ноқтаны өзіне
қарай тарта түседі. Қыз аттың басын Сауда алаңынан басталып, жоғары
қарай тартатын тас жолға қарай бұрды. Сары ат та желе жортып, шауып
келеді, ара-арасында пысқырып қойып, басын жұлқып ілгері созады.
Бұрын-соңды ауыздық салынбаған сияқты. Қыз анда-санда кейін
қайырылып, жас жігітке қарап қояды, көңілді күлкісі тыйылмайды. Күннің
алтын шұғыласына шағылыса жарқыраған қос бұрымын жел желбіретіп
барады. Ал Гудмундур Гудбьяр- турссон мына сары ат сияқты
ертегілердегідей ерекше елпілдеп ұшып-қонып тұрған, бірақ басы қатты
атты бұрын-соңды мініп көрген жоқ еді! Олар биік төбенің басына оның
едəуір тік қия бетімен тегіс жердегідей екпіндете көтерілді. Аттар еті қыза
келе бұраңдаған қисық жолдың үстімен желдей ұшып шаба жөнелгенде
жас жігіт құлап қалмайын деген қауіппен аттың жалын құшуға мəжбүр
болды.
Салт аттылар көп ұзамай арша өскен йен даланың шетіне де келіп жетті.
Мына бір жардан төмен түссе, тақтайдай теп-тегіс жасыл жылға басталады.
Бұлар жардың жанына жете бергенде боз бие күтпеген жерден жалт
бұрылып, жардың үстінен жасыл жылғаға бірақ қарғыды. Қыз жалп ете
қалып, ұшып түсті. Ол шалқасынан құлаған екен, екі аяғын жоғары көтеріп
ербеңдетумен болды. Боз биеге еліктеген сары ат та артқы екі аяғын қатты
тіреп, бар күшімен ілгері қарғыды - аттың жалын құшып келе жатқан
Гвендур оның басынан аса ұшып түсіп, омақаса құлады. Ойнақшып бос
кеткен аттар жазық жылғада шауып ала жөнелді. Олар бастарын шұлғып,
пысқырып біраз жерге барып тоқтады. Отқа бас қойды, көк шөпті жұлып
жей бастады. Ал қыз шөптің үстінде əлі де күлкісін тыя алмай жатты.
- Сен мертігіп қалған жоқсың ба? - деп сұрады Гвендур, орнынан тұра
бере.
Қыз жауап берудің орнына ішек-сілесі қата күле берді. Аздан соң ол өз
өмірінде мұндай оқиға ешқашан кездеспегенін айтты. Гвендур аттарды
ұстап, шідерлеп келуге кетті. Аттар оқтын-оқтын пысқырып қойып, көк
шөпті сүйсіне жеуге кірісті. Боз биенің ауыздығының сылдыры ғана
естілді.
Гвендур қайтып оралған кезде қыз көк шөптің үстіне жайғасып алып,
ұйпаланған шашын ретке келтіріп отыр еді. Сонау төменгі жақта құс
ұшатын биіктен қарағандағыдай болып Сауда алаңы, оның бақтағы гүл
өсірілетін қара қоңыр кофе түстес үйме топырақтары, үйлерінің төбесі
жабылып, жаңа ғана сырланған түніке қаңылтырлары айқын көрінеді.
Оның бəрі де соғыс жылдары халықтың əл-ауқат дəрежесі арта түскенінің
белгісі. Осы жерден теңізді де көруге болатын. Оның айнадай жарқырап
жатқан толқынсыз тынық айдыны сонау көкжиекке дейін созылады, бейне
бір бейбіт мəңгіліктің өзі сияқты əсер етеді. Осы теңіздің арғы жағында
ешқандай дүние жоқ дегенге сенгің келмейді. Онда жаңа дүние, тіпті ең
жақсы дүние бар. Бірақ соның бəрі де шын ба екен өзі?
- Сонау алыс елге теңіз арқылы жүзіп баратын қандай бақытты едің!
- Мен сені мертігіп қалды ма деп, шошып кеттім, - деді Гвендур,
серілерге тəн сыпайы мінез танытып. - Аттар қандай құтырынған қызу
қанды еді!
- Сол да сөз бе екен?! Кəдімгідей аттар ғана. Одан да Америкаға теңіз
арқылы жүзіп барғанды айтсаңшы. Қандай рақат!..
- Сенің атың кім осы? - деп сұрады Гвендур.
Бірақ қыз атын айтпады. Оның бетіне қадала қарады. Маржандай
тізілген əдемі аппақ тістерін көрсете құлаққа жағымды əсем əуенмен күлді.
- Сен өзің Америкаға кетіп бара жатырсың. Менің атымды сұраудың
саған не қажеті бар?
- Сонда да болса білгім келді.
- Жоқ, мен атымды айтпаймын. Өзің Америкадан қайтып келгенше
айтпаймын. Сен маған айтшы: сен Америкаға барғанда кім боласың өзің?
- Ол жағын əлі біле бермеймін, - деді, бұл да өзінше құпия сырын
білдіргісі келмеген адам сияқты.
- Одан да айтқым келмейді десеңші.
- Америкада сен өзің кім болғың келсе, сол бола аласың. Мысалы, менің
Америкаға кеткен інімнің кім болғанын əлі ешкім білмейді. Бір-ақ
білетініміз - онда ақша дегеніңнің есебі жоқ, өте көп. Бəрі де көгілдір
жасыл қағаздар. Ол маған сондай ақшаның тұтас бір бумасын беріп
жіберіпті. Оның үстіне, Америкада орасан зор жасыл ормандарға оранып
жатқан елдер де бар. Ол ормандарда жабайы аңдар көптеп өседі.
- Жабайы аңдар! - деп, таң қала қайталады қыз. - Сен жабайы аңдарды
аулайтын боласың ба?
- Əрине, аулайтын боламын, - деді ол Бұл сөздің аузына сəтті түсе
қойғаны қандай жақсы болды. Гвендур шынында да жабайы аңдарды
аулауды армандайтын.
- Сен тыңдашы, - деді қыз. - Сенің Америкадағы сол ініңнің фотосуреті
жоқ па?
- Гвендурда оның фотосуреті жоқ болатын.
- Ол өзі қандай? Келбетті де сұлу жігіт пе? Ол шынында да сондай...
айталық, нағыз ерекше, нағыз шетелдік жігіт сияқты шығар?
- Ол ұзын бойлы, - деді Гвендур. - Менен де ұзын. Оның үстіне, менен
əлдеқайда күшті. Ол əн сала алады. Салғанда қандай! Тыңдаушыларын таң
қалдырып, бірден баурап əкетеді. Қашан болса да керемет жақсы киінеді.
Оның тек мереке күндері киетін екі, тіпті үш жаңа костюмі бар екеніне
күмəнім жоқ. Ол өте ақылды. Ақылды екені көзінен көрініп тұрады. Білімі
терең, ұшан-теңіз. Өте көп біледі! Ол оқымаған ғылым қалған жоқ! Ол
əрқашан сапар шеккенді өте ұнатады.
- Ол да жабайы аңдар аулай ма?
- Иə, орманнан бұғы, ілбісін сияқты аңдар аулайды. Ондағы орманның
ұшы-қиыры жоқ. Інім сол орманның ортасында тұрады. Мен оған бір ай
дегенде жетемін.
- Шіркін-ай десеңші! Америкаға баруға мен де өте құмартамын.
Жас жігіт өзін нағыз ер адамша ұстай біліп, мынадай сұлу қыздың
барлық сұрақтарына оңай əрі жедел жауап қайтарғанына өзіне-өзі қатты
риза болды. Онымен сөйлесу сондай ұнамды екен. Бұрын бұл ешкіммен де
тап осылай жақсы сөйлесіп, жанға жайлы, жүрекке жылы рақат сезіміне
бөленіп көрген емес еді. Сөйлескен сайын айтайын деген ойларын оп-оңай
жеткізуге болатын сөздер тіліне үсті-үстіне орала береді. Мұның қызға
айтып отырған зəбір сөзі, тіпті жай ғана қарапайым сөзінің өзі де, жұпар
иісі аңқыған гүл сияқты сезілді. Бірақ оның ойын бір жағдай кенеттен
бөліп жіберді.
- Мен бір нəрсеге түсінбеймін, - деді Гвендур: - Сенің неге Америкаға
кеткің келеді? Сенің мұнда мұнаралы əдемі үйің бар, тұтыну қоғамының
дүкенінен жаныңа не қаласаң, соның бəрін де қажетіңше сатып ала аласың.
Сенің мынадай тамаша екі атың да бар екен...
Қыз аз ғана ойланып, жігіттің пікірімен келісті.
- Иə, əрине, сенің айтқаныңның бəрі де өте дұрыс. Менің қиялым - жан
түршіктірерлік бос мылжың ғана, - деді ол – Менің Америкаға барғым
келмейді. Біреулер барып қайт десе де бармас едім. Егер бара қалсам, тек
əкеммен бірге барамын. Бірақ Америкаға басқа біреулер кетіп бара жатса,
көңілім қобалжып, өзімді-өзім ұмытқандай боламын, қызығып кетемін.
Өйткені Америка бұл жерден өте алыс. Оған ұшы-қиыры жоқ үлкен теңіз
арқылы жүзіп барғанды өте-мөте ұнатамын. Мұның бəрі ғажайып қызық
ертегі сияқты ғой... Ал ол жақтан қайтып оралғандардың бəрі де құрметті
азаматтар, нағыз еркектер болып келеді. Мен əлі кішкентай кезімде шетелге
тек ұлы адамдар, мысалы, менің əкем сияқтылар ғана баратын шығар деп
ойлайтынмын. Олай деп ойлағаным ақымақтық екен. Кім біледі, бəлкім,
дұрыс та болар? Солай емес пе? Ал сен Америкаға барған соң мені ұмытып
кетіп жүрме.
- Жоқ, ұмытпаймын, - деді ол, екі беті қызарып кетіп əрі қыздың бетіне
тура қарай алмай. Бірақ қыздың өзіне сұқтана қарап отырғанын сезген еді.
- Сен білдің бе? - деді қыз. - Мен сенің ініңе сыртынан ғашық болып
қалдым. Інің туралы көбірек айта түсші. Ол бұл жаққа енді қайтып
ешқашан келмей ме?
- Жоқ, ешқашан қайтып оралмайды. Ал менің кайтып келуім ғажап
емес. Əбден мүмкін. - Ол едəуір батылдана түсіп, былай деп қосып қойды. Əрине, сен менің келуімді қалайтын болсаң...
Қыз Гвендурды басынан аяғына дейін түгел шолып шықты. Ол мұның
қазіргісі мен болашағына, нақты өмір шындығы мен арман-қиялына ойша
көз жіберіп, өзінше баға беріп отырды. Оның бір көзімен жігітке, екінші
көзімен ертең ол айдынында жүзіп бара жататын шалқып жатқан теңізге
қарады да отырды. Оның бұл жігітті сүйіп қалған себебі -ертең ол мына
ұшы-қиыры жоқ үлкен теңіздің төсінде алып кемеде жүзіп бара жатады.
Жəне бір себебі - ертең ол Америкаға барғанда құрметке лайық үлкен адам
болады, тағы бір себебі - бұл ол жақтағы жабайы аңдарды аулайтын
болады, ең басты себебі - нағыз ер азамат болып, елге қайтып оралады...
- Мен сенің қайтып оралуыңды күтемін, - деді ол ақырында.
Қыз жас еді, əлі өте жас болатын. Бəлкім, он бесте, тіпті он төртте
шығар. Əйтеуір одан артық емес. Бірақ оның жасының қаншада екенін тап
қазір осы жерде анықтап алуға тырысу - күлкілі жағдай. Өйткені қыздың
өзі нағыз жастық шақ болатын. Мұндай жастық шақтың не екенін Жазғы
мекен балаларының бірде-біреуі білген емес. Рас, шынын айту керек,
Гвендур мұндай сұлу қызды ешқашан кездестіріп көрген жоқ. Шамасы, ол
да мұндай көрікті жас жігітті көріп-білмеген болуы керек.
- Сен қайтып оралған кезіңде бұдан да биік болатын шығарсың. Ал
мына жерлерің қазіргісіндей кең қалпында қалуы тиіс. - Қыз жігіттің
кеудесі мен екі иығын өз құшағын кере көрсетті. - Бəлкім, əлі де кеңейе
түскені дұрыс. Əрине, ол кезде сенің үстіңде ақшыл-сұр жазғы костюм,
аяғыңда сəнді қоңыр туфли болады. Қалпағың да жарасып тұрады. Жолақ
көйлегің болуы керек. Оның үстіне, мыс-мыс мол ақша да болады. Сондайақ жаңбыр өтпейтін үлкен макинтош кигенің жөн. Сол кезде сен Америкада
жабайы аңдарды қалай аулағаның туралы қызық əңгімелер айтып беретін
боласың.
Қыз басын кейін шалқайта түсіп, көгілдір аспаннан көз алмай, əлде бір
тəтті қиялға берілді. Ол рақаттана күліп, жас жігітке қарай еңкейе түсті.
Жігіт қыздың күн шұғыласына шағылысып, алтындай құлпырған сарғыш
шатырының аппақ айырығын көрді. Қыз оның құшағына ене түсіп, бір
жамбастап жатты да көңілді күлкісін тоқтатқан жоқ. Гвендур қатты
қысылып, қызарып кетті. Мұның бəрі түсінде емес, өңінде болып
жатқанына қалай сенерін білмеді. Бұл жағдай неге бұрынырақ емес, мұның
дəл Америкаға кетіп бара жатқанында болғаны несі екен? Жоқ, бұл алыс
Америкадан бəрібір қайтып оралуым керек деп бекем бел буды.
Қыз үсті-басын қағынып, жинала бастады. Өйткені үйге қайтатын уақыт
болып қалды. Қыз көк шөптің үстіне отырып, басын бір иығына қисайта
түсіп, шашын тарауға кірісті. Жас жігіт одан көзін ала алмай, сүйсіне қарап
тұрып, басын бір жағына қарай қалай қисайтқанын өзі де байқамай қалды.
- Аттарды əкелу керек, - деді қыз.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 40
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.