Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 22

Total number of words is 4271
Total number of unique words is 2250
36.2 of words are in the 2000 most common words
52.0 of words are in the 5000 most common words
59.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қалғаннан сау ма өзі?!" десетін. Су болған көк шөп шалғы орақтың астында
шылқ-шылқ етіп құлап жатады. Ол барған сайын ауыр тартады. Мұндайда
уақыт та жылжымайды. Денеге жабысып қалған су көйлек сияқты бір
орында қозғалмай тұра беретін сияқты.
Жазғы маусым: құстардың жарыса сайраған үні естіле бермейді. Таяуда
бір жерлерде тек балықшы құстардың тынымсыз əбігер əрекетте жүргені
байқалады. Олар өздерінің таусылмайтын таң қаларлық ұзақ ертегісін
айтудан жалықпайды: дала үстінде қиқылдаған үндері өшпейді. Құстар
шын бақытты ғой: олардың жұмсақ та жылы қалың қауырсындарынан су
өтпейді. Ал мұндағы үдей түскен жаңбырдың тарсылынан тіпті заржақ
кемпір Фриданың даусы да естілмейді. Ал балалар бірнеше сағат бойы
өздерінің ішектері қалай-қалай шұрылдағанын тыңдайды. Үстерінен су
өтіп, қалжырап қалғаны аздай-ақ, əбден ашыққан да еді. Енді олардың
əлдебір аульвалар көмектесер деген үміттері үзіліп бітті.
- Иə, мұндай қатыгез тағылықтан қашып құтыла алмайсың. Бұдан да
жын-перінің қолынан өлген əлдеқайда артық. Құдай да, адамдар да куə,
менің өлердей қиналып жүргеніме көп болды. Шіркеу қауымының
қайыршыға жасайтын қамқорлығы арқасында ғана күн көріп келемін. Бірақ
мен соншалықты сорлы болсам да сырт киімсіз қалуға дейін жеткен
жоқпын əлі. Жұрттың жабыла алдағанына да, қыспаққа салып қинағанына
да, қайыршы халге душар еткеніне де шыдап келемін. Балам, сен менің
мына сөзімді есіңе сақта: қатыгез əкелерің сорлы шешелеріңді азапқа
салып, əбден қинап бітті. Ол бейшара алдағы жазға жетпей өледі. Қарғыс
атқан жексұрын қатыгездік-ай!
Кемпір осылай бір нəрсені қайталап айтып, қақсайды да отырады,
қақсайды да отырады.
Шынында балалардың сорлы шешесінің жаздың күнінде де жиі-жиі
ауыратыны рас. Жұмысқа жарамай қала береді. Ал балаларға келетін
болсақ, олардың де мұрындарынан қан кетіп жүргені өтірік емес.
- Бірақ бəріне де өзім кінəлімін. Əлгі сұмпайы сұрқия старостаның мені
əр жаз сайын сығарға биті, үрерге иті жоқ, кесіп алсаң қан шықпайтын
сараң тақыр кедейлерге жіберіп жасайтын "жақсылығына" неге көне бердім
екен? Олардың қара кофесінің өзі де кофеге ұқсамайды. Құдайдың құтты
күні өлсең де, тірілсең де жейтінің - тұзға қақталған тісті балық немесе
былтырдан қалған удай ащы тұзды тағам ғана. Жесең, ішек-қарның өртеніп
қоя береді. Қышқылдығы сонша - тынысыңды тарылтады. Ең болмаса
жексенбі күні бір түйір ет сұрап көрші - Құдай сақтасын, маңына
жолатпайды! Иусуспетрустың атымен ант етемін, тап солай! Оларда
біреуге қайырымдылық жасау деген адам өлтіргендей күнə саналады.
Қатыгездік - тасқа тырс-тырс үздіксіз тамып тұратын тамшы. Ол əлгі
тасты ақыры бір тесіп тынады. Тап сондай қатыгездік тамшысы да
балалардың жан дүниесіне тынымсыз тамшылап тұрғандай əсер
қалдырады.
Сол бір қарғыс атқыр сіңірі шыққан сараңдардың сырын менен артық
ешкім білмейді. Мен оларға жарты ғасыр дерлік күң болдым, табандарына
басқан жұмсақ та жайлы төсенішке айналдым. Менің оларды бірінші рет
көруім емес қой! Ақылының ең ақырғы қалдығының жеткен жері қолындағы барының бəрін топалаң тиген қойларына жем етіп беруге əзір.
Сайтанның сайтан екенін оның тұяқтарына қарап білуге болатыны сияқты
бұларды да көкейлерін тесіп бара жатқан байлыққа құнығуларына қарап
.айыруға болады. Менменсіп дандайсудан ешқайсысы да кенде емес. Рас,
олар шіркеу қауымының қамқорлығына ене қойған жоқ. Өздерінше ешкімге
тəуелсіз, өз еркіміз өзіміздегі дербес адамдармыз деп ойлайды! Қайдағы
дербестік! Мен ондай жырдың талайын естігенмін, құлағым сарсыған!
Өздерің-ақ айта қойыңдаршы, мұнда тұрған қайдағы дербестік?! Ол
дербестік топалаң тиіп ауырып өлген немесе иелерінің көзінше аштан
қырылған қойлардың ішек қарнында болғаны ма? Мен олардың
байлығының қандай екенін жақсы білемін, балам: кофе сұрасаң, жуынды
береді, тағам сұрасаң, сасып кеткен піскен балық ұсынады! Міне, олардың
азаптан көз аша алмай жүрген сорлы балаларының миын Колумкилли
білдіртпей сорып жүр. Ал ол, əкесі, балаларына қамқорлық жасап жүрмін
деп ойлайды өзінше.
Балалар кемпірдің сандыраған сөзін ұзақ тыңдады. Оны ертегінің бейне
бір қосымша жалғасы сияқты қабылдады. Егер кемпір ұдайы қайталай
берсе, оп-оңай жатталып қалатын түрі бар. Əкесі қайдағы бір жарымес
кемпірдің сөзіне құлақ қоя берудің қажеті жоқ екенін айтты. Бьяртурға
мына иен далада псалом тəрізді, бірақ жұрт ынта қоя тыңдарлықтай емес,
əлдебір жаңа нəрсе кенеттен пайда болған сияқты көрінді. Ал балалар
Фриданы бет-ауыздарын қисаңдатып, жексенбі сайын мазақ етіп отыратын.
Балалар əкесінің беделіне сөзсіз бас иіп, бір айтқанын екі етпеуге
дағдыланған еді. Өйткені Бьяртур - хутордағы ең жоғары билік иесі. Бəрі де
соның айтуымен болады. Осы бір шағын əлемдегі тоқтау салуға бой
бермейтін тегеурінді тағдыр тəрізді. Олар барлық бəленің, қырсық
атаулының басы Бьяртурдан деп білмейтін. Оның жеке-дара жүргізетін
билігі өзгелердің тарапынан айтылатын сын-ескертпелерді түгелдей тыйып
тастап отыратын. Оның берген тапсырмалары мен нұсқауларына бірлесе
отырып, батыл қарсы шығу деген атымен болмайтын. Дегенмен ондай
жағдай да пісіп жетіліп келе жатқандай еді. Бұл ретте шешесінің ұзақ
ауыруы мен нəрестелерін шалажансар туа беруі ең елеулі себеп болды.
Балалар мұның бəріне əкеміз кінəлі шығар деп ойлайтын. Бірақ əлі ашуызаларын ашық білдіре алған жоқ еді. Ал тамыз айында да тоқтаусыз
жауған жаңбыр астында отырып тыңдаған талай əңгімелерге қарағанда,
Фриданың сөзі жарымес адамның сандырағы болудан қалып барады. Онда
əлдебір шындықтың ұшқыны бар сияқты. Суық нөсердің, үздіксіз құйылып
тұрған жаңбыр суы тасқынының салдарынан алба-жұлба киімдерінің
малмандай су болып, жас денелеріне жабысып қалуы туғызған ашу-ыза, он
алты сағатқа созылатын жұмыс күнінің ұзақтығы, жылт еткен үміттің
болмауы мен қат-қабат қатыгездік балалардың жан дүниесінде ешқандай да
қуаныш сезімін қалдырмай, езіп тастаған болатын. Бұған дейін олар
өздерінің төзгісіз ауыр тағдырының əлдебір себебін сұрап біліп, түсіну
мүмкін шығар деп мүлде ойлаған емес еді. Сөйтсе мына жалмауыз
кемпірдің сандырағында өмірде адамдардың еңсесін езіп, бой
жаздырмайтын зіл батпан салмаққа қарсы əділетті наразылық білдіруге
болатын терең сыр бар болып шықты. Ол бостандық жолындағы күреске
шақыратын жігерлі үн екен. Ондай үнді кемпірден соншалықты келеңсіз
түрде естіп жүрсе де енді бұларға ұнап қалды. Саналарына саңылау түсе
бастағандай. Неге екенін қайдам, əйтеуір Хельгидің кемпірді мазақ етіп,
бет-аузын тыржаңдатып, жексенбі сайын ызаландырғысы келмейтін болды.
Сөйтіп ол əкесінің бұйрықтарын бұрынғыдай екі айтқызбай, тез орындауын
сиретті. Егер бұрын əкесінің бір нəрсесі ұнамаса, оған көрсетпеуге
тырысып, ту сыртынан тілін шығарып, бет-аузын тыржитатын болса, енді
бүл қылығын көзінше көрсетуден тайынбады. Шешесінің неге ауыра
беретінін кішкентай Нонниге дейін біліп алыпты. Сөйтсе əкесі мұның
шешесіне пальто сатып əпермепті.
Бұл иен далада жылт еткен жақсылықтың шынымен-ақ жоқ болғаны
ма? Неге болмасын, бар. Ол - тамақ ішетін уақыт: тұзға қақталған балық,
қара суға пісірілген ботқа, қан аралас ескірген шұжық жейтін кез. Мұндағы
өмірдің бар қызығы осы ғана. Сиыр өлі туа қойған жоқ. Көптен күткен
үміттің жылт ете қалатын сəулесі əдетте əкесінің Аустаға үйге барып, түскі
ас əзірлей бер деп бұйыратын кезінде ғана көрінетін еді. Енді ол уақыт та
сағыздай созылып, көп күттіреді. Балалар əкесінің бетіне жалтақ-жалтақ
қараған сайын оның осы бір қас қағымдай ғана сағынышты сəтті қасақана
кейінге ысыра түсіп отырғанын айқын сезді.
Ақырында Ауста Соуллилья ас əзірлеуге үйге кетті-ау əйтеуір. Ол
жылдам адымдап бара жатты. Өйткені əкесі күн ұзаққа созылатын қатал
шайқасты оның бір мезгіл үзуіне қашан рұқсат ететінін шыдамсыздана
күтумен болған еді. Енді əне қолындағы тырмасын тастай салып, үйге
жеткенше, сөйтіп пеш жаққанша асығып барады. Қайран от! От лау етіп
жанған бойда Ауста үстіндегі су киімдерін шешіп, плитаның үстіне қойып
кептіруге жəне ас əзірлеуге кірісті. Ара-арасында қанттың ұсақ қиқымын
алып, тілінің астына сала қояды. Кəстрөлдегі суға кепкен балықты қайната
отырып, жылынып та қалды.
Құдай, өзің қаһарыңнан сақтай гөр!
Өкінетін əр ісіне өлердей
Құдіретіңе бас иетін құл болып,
Абайсызда шалыс басқан өткенде
Құлдарыңа тозақ отын бұйыртпа
Ертеңгі күн қияметке жеткенде.
Бер жазаңды үсті-үстіне аямай,
Біле тұра күнəсіне белшесінен
Қасақана малтығып, Құдайменен
Ісі болмай, бет-бетіне кеткенге!
Əжесі бұл псалом-дұғаны қабағын төмен салған бойы шұқшия іс тоқып
отырып, міңгірлете оқыды. Бірақ қыздың Құдаймен де, оның құдіретімен
де, жазалайтын істерімен де жұмысы болған жоқ. Оның есесіне, қазір
сыртта жаңбыр өлі құйып тұрғанда өзінің жылы жерде ештеңеден қауіпқатерсіз отырғанына рақаттанды. Қалжырап шаршағаны, суға малынған
ауыр көк шөп, балдыр өскен шалшықты балшық, мазасын алған жауын, су
құстарының мұңға толы баяу үні - бəрі-бəрі бір сəтке ұмыт болғандай.
Кострөлдегі ботқа пісуге жақын - бұрқ-бұрқ қайнап жатыр. Бөлменің
ішінде тұзға қақталған балық иісі мүңкиді. Ошақтағы от та лаулап жанып,
жарқырай түсті.
Шабындықтағы балалардың шалғы орақтарының жүзі мұқалып, өтпей
қалғаны қашан. Өздерінің бұлшық еттері де ескі шүберектей босап кетті.
Су болған көк шөпке тартқан шалғылары баяу да ауыр қимылдайды.
Жұмыс өнбейді, су шашырайды, жердің бір түйір балшығы қоса ілінеді.
Былтырғыдан қалған ескі шөптің сабағы шабылады, сынып түседі. "Ауста
хуторға барған соң, Құдай атып, ұйықтап қалған шығар. Ботқа пісіруді де
ұмытқан болар!"
Қолымда құтысы мен ыдыс-аяқтары бар Аустаның қарасы қотаннан
шыға бергенде-ақ көрінді. Ол қандай көз қуанышына айналды десеңізші!
Шабындықтағы түскі ас... Кез-келген қуаныш əдетте оны үмітпен күтіп
отырған кезде болатыны белгілі. Түскі астың дастарқан мəзірі еш
өзгермейді: қара суға пісірілген ботқа, тұзға қақталған балық, қара
бидайдың наны, қан аралас пісірілген ескі шұжық. Ал олардың тұздығы тынымсыз жауып тұрған жаңбырдың сорғалаған суы. Солай бола тұрса да,
бір жақсысы — Жазғы мекен иесі ешкімге жалынбайды, ешкімнен еш
нəрсе сұрамайды. Көпестің де, тұтынушылар қоғамының өкілетті өкілінің
де соңғы жарты жыл бойы бірімен-бірі жарыса "Сені жарылқай қаламыз"
деп үйіп-төгіп беріп келе жатқан үмітіне де, уəдесіне де құлақ асқан
Бьяртур жоқ. Жаңбырмен жібіген тұзды балықтың иісі бұрынғысынан да
күшейе түсті жəне көпке дейін кетпей тұрып алды. Өйткені киімге де, қолға
да сіңіп қалған еді. Тамақ жеп бола бере шөмеледе жатқан жерлерінен
көтерілген балалардың тəбеті енді тіпті күшейе түсті...
Бьяртур ауа райы қандай болып тұрса да түскі астан кейін жеке өзі бір
шетке бөлініп шығып, шөмелеге салынған шөптің үстіне қисая кететін де,
көз шырымын тез ала қоятын. Ұйқылы-ояу жатып, бір жағынан екінші
жағына аударылайын дей бергенде шалшық суға құлап түскен кездері де
болған. Ондайда ұйқысы бірден ашылып кететін. Бұған қуанып та қалатын.
Өйткені ол ер адамға күндіз бірнеше минөт көз іліндірсе, соның өзі əбден
жеткілікті деп санайтын. Ал ұйқысынан тез оянбаса, көңіл-күйі бұзылып,
өзіне-өзі ренжитін. Əйелдер жағы тамақ ішіп болған соң пішеннің астына
кіріп, пана тапты. Су пішеннің асты суық еді - көп ұзамай, қалтырапдірілдей бастады. Саусақтарының жаны кетіп, аяқтары сыздап ауырғанына
қарамай, олар орындарынан зорға дегенде көтерілгеннің өзінде де шалғы
орақтары мен тырмаларына қайта жармасты. Бьяртур олардың: "Шөп əлі су
əрі салқын ғой!" деген қарсы шағымына əрқашанғы əдетінше таңдана
жауап қайтарды: "Сендер не деген ақымақсыңдар өздерің!? Шөп су ма,
құрғақ па, сендер үшін бəрі бір емес пе? Дүниеге осындай да адамдардың
келетіні таң қалдырады!".
- Сендер үшін шөптің қалай да кебу, құрғақ болғаны керек қой. Бұл
қайдан шыққан бап таңдау өзі? Қарғыс атсын түге сендерді! Мына менің
жаңбыр мен қардың астында малмандай су болып, суыққа тоңғаныма
жарты ғасырдан асып барады. Маған сонда да ештеңе бола қойған жоқ қой!
ОТЫЗ ТӨРТІНШІ ТАРАУ
МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР
Пішен шабу науқаны аяқталуға таянып, күн əдеттегісінен əлдеқайда
қысқарып қалған кез еді. Бір күні кешке қарай орақшылар таудың
беткейіндегі жолсыз ашық даламен жаяу келе жатқан бір адамды көрді.
Жетегінде үстіне жүк артылған аты бар. Ол көлдің шығыс жағалауына
қарай бет алды. Жолаушының кім екені белгісіз. Адам таң қаларлықтай
қаңғып жүргені несі? Бəлкім, соңында қуғыншылары бар қашқын болар?
Басқа біреудің жерінде тентіреп жүргені қалай? Əлде аульв па екен? Қалай
болғанда да бұл бір жұмбақ жан сияқты. Тіпті Бьяртурдың өзі де шөп
шапқанын қоя салып, шалғы орағына сүйенген бойы қадала қарап қалды.
Жолсыз жермен дала кезіп жүрген бұл кім болды екен? Не іздеп жүр?
Жолаушы көлдің жағасына, оның өзіне, тіпті мөп-мөлдір таза ауасына
сүйсіне қарады. Сонда бұл шетелдік ғалым немесе оңтүстіктен келіп, жер
саудасымен айналысатын біреу болды ма? Ондай саудагердің басқа біреудің
жерінде не жұмысы бар? Əлгі жолаушы көлдің жағасына тоқтады. Атының
үстіндегі жүгін түсірді де, оны көлдің шығысына қарай жайылуға қоя
берді: Сонда бұл не қылған сайтан болады екен?!. Содан кейін көлдің
жағасын жартылай айналып өтіп, шөпті хуторлықтарға қарай бет алды. Ал
олар қыбыр етпей қарады да тұрды. Қандай жұмбақ? Қандай құпия? Біліп
болмайды. Айдаладағы шалшықты балшықта бейтаныс біреудің жүруі
əдеттегіден тыс тосын оқиға ғой! Тіпті балалар да он бес сағат бойы жұмыс
істеп қалжырап шаршағандарын ұмытып кеткендей.
Бейтаныс кісі мұндағы адамдарға мүлде ұқсамайды. Жалаң бас.
Үстімде қоңыр көйлегі, жеңсіз тоқыма кеудешесі бар. Жүзі қара торы,
жүдеу тартқан. Дене бітімі еңкіштеу келген. Жағы пышақ жанығандай,
жұп-жұқа. Сақал-мұртын мұқият қырынған. Көздері ақылды көрінеді.
Сонда мұның шетелдік біреу болғаны ма?
- Қайырлы кеш! - деді ол.
- Қайырлы кеш! - деп, ойлана байқап жауап қатты бұлар.
Фрида кемпір жерде жатқан тырмасын қолына жұлқып алды.
Бұл - оның жолаушыны жақтырмаған белгісі.
- Осы жұрт неге тентірейді де жүреді!? Алыстан келген адамға
ұқсайды... Үйлерінде тып-тыныш отыра берсе болмай ма?!. Əлде қаңғырып
жүру қандарына сіңген əдеті ме екен?
- Жазғы мекеннің несі сіздерсіз бе? - деп сұрады бейтаныс адам жақын
келіп.
- Болсақ болармыз, - деп, Бьяртур салқындау жауап қатып, шалғы
орағын қолынан тастамай, қонаққа қарай бірнеше қадам жүрді. - Бұл жер
менің жерім деп саналады. Сіз кім болсаңыз, ол болыңыз - маған бəрібір.
Бірақ басқа біреудің жерін кезіп жүргеніңізге жол болсын! Түсінбедім! Не
тіміскілеп жүрсіз?
Бейтаныс жігіт ешкімге де əдеттегідей қол беріп амандасқан жоқ.
Бірнеше қадам жақындады да іңірдегі күңгірт жарықта жан-жағына
тамсанып, шола қарады. Қалтасынан қорқоры мен темекісін асықпай алды
да:
- Тамаша аңғар екен. Көркіне көз тоймайды.
- Тамаша аңғар дейсіз бе? - деп сұрады Бьяртур. - Бұл өзі мына шапқан
шөбіміз шіріп кете ме əлде аман қала ма, міне соған байланысты. Сізді
мұнда біреулер арнайы тапсырмамен жібергеннен сау ма?
Арнайы тапсырмамен? Құдай сақтасын, ешкімнің де тапсырмасымен
жүрген жоқ екен. Мына аңғардың өте тамаша екеніне қызыққан ол көлдің
анау шығыс жақ жағалауына шатыр тігуіне рұқсат сұрады.
- Иə, бұл - менің жерім. Ол оңтүстігінде йен даланың терең түкпіріне
дейін, солтүстігінде - сонау көгілдір тауларға дейін, батысында - асудың
жартасына дейін, ал шығысында -жыралы сайға дейін созылады. Осы
кеңістіктегі ойпаттың бəрі де менікі.
Бейтаныс жігіт бұл ойпатты түгелдей жыртылған егістікке айналдыруға
да болады екен-ау деп, күмілжіте бір нəрсе айтқан болды.
- Егістікке айнала ма, жоқ па, ол - менің жұмысым, - деп наразылық
білдірді Бьяртур. -Өйткені жер менікі. Мен біреудің ісіне қаңғырып жүрген
бөгде біреудің арсыздықпен араласқанын қаламаймын. Қирап қалған ескі
қоныстың орнына осы хуторды салып алғаныма таяуда он торт жылдың
жүзі болды. Редсмиридегі қожайынмен толық есеп айырыстым. Маған
бұрын бұл маңда қайдағы бір сиқырлы құбыжық күштер мекендейді
дегенді айтушы еді. Бірақ мен ондай зұлым күштерден де, айлакер арам
адамдардан да қорыққан жоқпын... Менің тамаша қойларым бар.
Бейтаныс жігіт оның айтпақ ойын толық түсініп, басын изеп қуаттады:
- Кедей-шаруа үшін жақсы бастама екен.
- Қайдам? Олай деп мақтанғым келмейді. Бірақ бір нəрсенің басы ашық:
мен бүл өңірдегі шіркеу қауымының қамқорлығында күн көріп жүрген
жеке басты бейшаралардан əлдеқайда артық тұрамын. Тіпті олардың
көбінен жағдайым жақсы. Өйткені қарызға батып қалудан қатты
сақтанамын. Өзімнің пішенімді пайдасыз малға рəсуа етпеймін. Əйтеуір
биыл қыста əлдебіреулер бір жалмауыз жебір сиырды өзімнің еркімнен тыс
тықпалап кеткенше солай болып келді. Бірақ менің бай-шаруаларға
теңескім келетін ниетім тіпті де жоқ, əрине. Өйткені өз байлығым өзіме
жетіп артылады деп ойлаймын. Сондықтан да менің ісіме өзге біреулердің
ешқайсысының да араласуына жол бермеймін. Қандай одақ, қандай қоғамға
болса да кіргім жоқ. Оларға тəуелді, кіріптар болудың не қажеті бар?!
Бейтаныс жігіт жаңа "Жақсы бастама екен" дегенде бұған жұрттың бəрі
де ірі-ірі жер иеленушілер болуы тиіс дегенді айтпақ ниетті көздемегенін
түсіндірді. Оның үстіне, бұл жігіттің өзінің де бай-шаруалармен
байланысқысы келмейді. Одан да өз ақшасының кедейлеу шаруаның
қолына тигенін қалайды екен.
Бьяртур бұл жігітті əлдебір жаңаша сауда жасау жоспарларымен жүрген
біреу болды ғой ойлап қалды. Сондықтан да өзінің бір ғана көпеспен сауда
жасасуға бұған дейін-ақ бекем бел буғанын алдын ала мəлімдеді. Қиынқыстау күндерде де ол көпес көп адамдарға көмек қолын созған болатын.
Миридегі Йоун тұтынушылар қоғамын ұйымдастыруға жанталаса кірісіп,
шаруалардың оз тауарларынан жақсы жылдардың өзіндегі сияқты мол
пайда табуына уəде етіп жүрсе де, сол пайданың басым бөлігін өз
қалтасына басып қалатын болады деп санайтынын Бьяртур жасырмай
айтып салды. Өйткені Йоунның бір өзінде əр күз сайын үш жүз елуге дейін
қозы болады. Ал сонда əрқайсысында қырық-отыздан ғана қозысы болатын
аз ғана кедей-шаруалардың табатын майдасы жарытымсыз бірдеңеден ғана
айналады. Жыл жаман болған кезде ше? Ондай кезде тұтынушылар
қоғамның өзі тақырға отырып қалып, оның зардабын шаруалар өздері үшін
ғана емес, өзге біреулер үшін де тартуға мəжбүр болады. Ал мына өзі
сияқты ешкімге тəуелсіз пақырдың ісіне келетін болса ...
Бейтаныс жігіт Бьяртурға оның əлгі көпеспен жақсы қарым-қатынасын
бұзу ниетінің ойында да жоқ екенін айтып түсіндіруге асықты. Ол өзінің
бұл жаққа жаздың жайдары жақсы күндерінде қолына мылтығы мен
қармағын алып, серуен сала қыдырып, дем алып қайту үшін ғана келгеніне,
мұның өзі оның жаны жақсы көретін үйреншікті əдеті екеніне сендіруге
тырысып бақты.
- Мен сіздің бүл жерде құс атумен де, балық аулаумен де
айналыспайтыныңызды естіген соң "Бəлкім, менің құс атып, балық
аулауыма рұқсат етер" деген оймен келіп қалып едім. Тегін емес, əрине.
Ақысын төлеймін.
Бұл көлде оңған балық та жоқ, - деді Бьяртур. - Есі бүтін адамның
ондай мардымсыз іспен айналысуға уақыты қайда? Мына шалшықты
балшықтан ауланған құстың да, балықтың да қойға титімдей де пайдасы
тимейді. Мүмкін, бай шаруалар мен олардың балаларының қойына
пайдалы болар? Мен Редсмири старостасының ұлы туралы айтып тұрмын.
Ол қазір өкілетті өкіл деп аталады. Парсы дінінің рухында тəрбиеленген.
Қазір тұтынушылар қоғамындағы ең мықты шонжар сол. Кінəсіз біреуге
қажет емес сиырды еріксіз тықпалау үшін Əйелдер одағын мұның əкесімен
бірге əдейі құрған өз шешесі, яғни старостаның əйелі сияқты, бар билікті өз
қолына шоғырландырды. Ол оңбаған бұзақы неме көзіне көрінген аң мен
құсты қырып салуға құмар-ақ.
Ай-шайға қарамайтын ожар мінезіне басқан Фрида кемпір де анадай
жерден қабаттаса айқай салды:
- Үстіндегі ағылған битінен арыла алмай жүріп, осы бір оңбағандардың
өзінен жоғары адамдарды жамандауға келгенде алдарына жас салмайтынын
қайтерсің! Ал өздері де ешкімді, еш нəрсені аямайды, өлген-тірілгеніне
қарамай, аяусыз езеді. Үстіндегі биттеріне ғана тимейді.
Бейтаныс жігіт кемпірдің мына сөздеріне қарап, не дерін білмей
қысылған қабақ танытты - темекісінің түтінін солай қарай будақтатты.
- Қарғыс атқыр алжыған қақбастың сөзіне назар аудармаңыз. Аузына не
келсе, соны айта беретін əдеті бар, - деді Бьяртур əлдебір түсініксіздік туып
қалмауы үшін.
Бейтаныс жігіт енді өзінің өтінішін қайталауға мүмкіндік алғандай
болды.
- Жарайды, егер сіз жер саудалап жүрген саудагер қу болмасаңыз,
ешқандай одақтың тапсырмасымен жүрмеген болсаңыз, онда несі бар,
шатырыңызды тігіп алыңыз да, бірнеше күн бола беріңіз. Тек менің
жерімнің шөбін таптай көрмеңіз. Маған ешқандай да саудагердің, ешқандай
да одақ мүшелерінің мүлде қажеті жоқ. Мен ондай одақтарды жастардың
соры деп білемін. Ал менің жерім ешқашан сатылмайды. Біз, өзім жəне
əйелім, балаларымыз, бүкіл отбасы мүшелеріміз, осы жерде бір
шаңырақтың астында тату-тəтті, айқай-шусыз жақсы тұрып жатырмыз.
Бəрі де қойларымыздың қамы үшін. Өйткені қойларымыздың жағдайы
жақсы болса, біздің өзіміздің де жағдайымыз жаман болмайды.
Қойларымызға барлық жағдай жасасақ, өзімізге де бəрі жеткілікті болады
деген соз. Тек ауа райының қолайсыз жауын-шашынынан сақтасын
Құдайымыз.
Бейтаныс жігіт өзінің жер саудалап жүрген саудагер де, əлдебір одақтың
арнайы жіберген өкілі де емес екеніне Бьяртурдың көзін жеткізгеннен кейін
келіссөз басталды. Ол кəдімгі оңтүстік жақтың тұрғыны болып шықты.
Жаздыгүнгі дем алуға, серуен құрып, көңіл аулауға келуді əдет еткен
көрінеді. Біреу оған осы маңдағы көлде балық көп дегенді айтыпты. Бірақ
оның нақты аты-жөні кім екенін ұмытып қалыпты. Осы жерде бірнеше күн
болғысы келетін ойы бар екен. Оған еш нəрсе де қажет емес көрінеді - бəрі
де өзінде бар сияқты. Бұған дəлел ретінде қалтасынан қағаз ақшаға толы
əмиянын алып көрсетті. Нағыз ақшаның дəл өзі! Оңтүстік жақтағылардың
банкісі өздерінің қол астында ғой. Олар мұндай қағаз ақшамен қажет болса,
құйрықтарын сүртеді дейді біреулер. Бьяртур ақшаны қаншалықты
ұнатпайтын болса да уыс толатын мына ақша оған əжептəуір
қызығарлықтай əсер етті. Ол тіпті мына бейтаныс жігіттің шатырын
құруына жəрдемдесуді ұсынды. Бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартты. Өзінің
де оп-оңай құрып алатынын айтты. Келген бойда қалай немқұрайды
амандасса, тап солай қош айтысып, жүріп кетті. Оның соңында адам таң
қаларлық хош иіс пен темекінің көгілдір түтіні қалып, ауаға бірте-бірте
жайылып, сіңіп жатты. Бұл келген адам өте аз сөйлейді екен - өте қысқа
амандасты. Оның ақшасының көптігі мұндағылардың қиялын шарықтатты.
Мұндай адам, мұндай мейірімді мырза, бірақ ертегілерде ғана айтылатын
алыстағы бекзат ханзада енді, міне, ойламаған жерден бұлардың хуторына
көрші бола кетті! Оның көңілінің жақындығы көптеген жай күндер
арасындағы жарқын мереке шұғыласындай, жауынды-шашынды бұлт
арасынан жарқ ете қалған күн көзіндей, сұрғылт көкжиектен көз тартқан
шамшырақтай əсер етті. Мұндағылардың ұйқыдағы санасын оятқандай,
мұң басып жатқан жабырқаңқы өміріне жаңаша жарқын жан бітіргендей
болды. Осы түні Аустаның түсінде өзінің жұтқыншағына тұрып қалған
алма түйірінің қалай ытқып түскені кірді.
Осының ертеңіне сиыр бұзаулады. Сөйтіп бір тəулікке жетер-жетпес
уақыт ішінде үлкен-үлкен екі түрлі оқиға болды.
Соңғы апталарда сиыр байғұс қатты қиналып жүр еді. Оның жағдайын
жете білетін жəне жақсы түсінетін Финна ғана. Ол сиырды таңертең өріске
шығаруды да, кешке қарай айдап келуді де ешкімге сеніп тапсырмайтын
болды. Бүл жұмысты оның өзінен басқа ешкім де соншалықты мұқият
сақтықпен атқара алмайтын. Букодла қораның тар есігінің екі жақтауына
екі бүйірі тіреле қысылып-қымтырылып кіріп-шыққанға дейін ешкім де
сабыр сақтап, күтіп тұруды білмейтін. Сиыр сазды балшықта жүруге
қиналып, тым жай жүргеннің өзінде де оны жіңішке шыбықпен жай ғана
үру Финнаның ойына кіріп-шықпайтын. Сиыр оқтын-оқтын тоқтап, ырсырс етіп, қинала демін алатын, құлақтарын қимылдатып, мөңіреп қоя
беретін. Олар бір-бірінен өзен жағасындағы сайда ажырасатын.
Финна сиырдың бүйірінен сипап қойып, былай дейтін:
- Енді көп ұзамай біздің бұзауымыз болады. Ол үлкен басын əзер
көтеріп, əлсіз аяқтарын тарбита талтайып түрегелетін болады əлі!.. Ештеңе
етпейді, бəрі де жақсы аяқталады. Кешке тағы көрісеміз. Алаңдап,
мазасызданба. Біз бір-бірімізді ойымыздан шығармаймыз ғой.
Сөйтіп Финна үйге қайтатын. Ал Букодла өзен жағасындағы балауса
көк шөпті баяу жұлып жеп, сабырмен шайнайтын, тұмсығын рақаттана
көкке көтеріп қоятын.
Бұл кеште Финна сиырды əдеттегі жайылып жүретін жерінен таба
алмады. Мұның өзі таң қаларлық жағдай болды. Бұзаулайтын уақыты
жақындаған сайын ол тынышталып, сабырлы да жуаси түскен сияқты еді.
Бұрынғы келген жағына қашып кету дегенді мүлдем қойған болатын. Əйел
байғұс бір төбеден бір төбені асып, ілгері қарай жүре берді, жүре берді.
Таудың етегіне дейін жетті. Букодланы дауыстап шақырумен болды.
Ақырында сиырдың өзен жағасындағы бір кішкентай сайдан үні естілді-ау,
əйтеуір. Ол жауап қатып, бір-ақ рет мөңіресе де Финна оны тез тауып алды.
Сиыр бұзаулап тұр екен. Бұл оның бошалап келген жері болып шықты.
Бүл кеш Финнаға өте ауыр тиді. Сиыр өз иесінің ырқына көнбеді.
Бұзауын айналып, бір орында тұрып алды. Оны біресе иіскеп, біресе
жалап, тыным тапқан жоқ. Ақырын ғана мөңіреп қояды. Жанымда біреу
жүр-ау деп елең де қылмады. Финна оның бүл жағдайын жақсы түсінді.
Жас төл дүниеге келгенде ол өзінің енесі мен оны бұрыннан жақсы көретін
иесінің екі ортасында болады. Сиырдың тұла бойын бақытты аналық сезім
біржола билеп алып, оның адамға деген сүйіспеншілікпен жақсы көру
сезімін бəсеңсітіп жіберген еді. Бүл күн Букодланың барлық арман-мақсаты
толық орындалғандай болды. Енді оған еш нəрсенің де қажеті жоқ. Тіпті
адамның аяушылық танытып, есіркеуінің өзі де артық сияқты. Финна
сиырды қораға əрең дегенде айдап əкелді.
Үйдегілердің Бьяртурдан басқаларының бəрі де ұмтылыса сиыр мен
бұзаудың алдынан шықты. Жүгіріп жеткен балалар бұзауды
Қызық көргенше тағат таппады. Енесіне ұқсас теңбілі бар сұрғылт
бұзауды жан-жағынан қоршап алды. Ол еркек бұзау екен. Ауста Соуллилья
оны жақсы көргені сонша, дөңес маңдайынан иіскеп, сүйіп-сүйіп алды. Ал
бұзаудың енесі мұны ақырын мөңіреп, сүйсіне қарап тұрды. Əдетте сиырды
артқы аяғынан тістеуге құмар есалаң болса да бұл жолы ол қылығын
қайталамады. Тіпті шəуілдеп үрген де жоқ. Сиыр өзіне қарай ұмтыла
бергенде құйрығын артқы екі аяғының арасына қысып, сыпайы түрде кейін
шегіншектей берді. Өмірге жаңа келген жас төлге ол да құрметпен
қарайтын сияқты. Қарт əже тырманың сынып қалған сабына сүйеніп, дуал
жағалап, қисалаң-қисалаң етіп, əзер жүріп келе жаттық Бұзау мен енесін
оның да еркелетіп, мəпелегісі келеді. Тіпті Фрида кемпірдің өзі де
əдеттегісіне қарағанда əлдеқайда мейірімді бола қалғандай.
- Бейшараға, - деді ол, - Иусуспетрус жар болғай!
Осы кезде үйден Бьяртур де шыққан еді.
- Міне қызық! – деді ол, - Пышақты қайрай беруге болады екен.
- Айттым ғой,бұл қарғыс атқыр қанішер осылай дейді деп! – айқайлап
жіберді Фрида кемпір.
Əйелі Бьяртурдың жанынан есік жаққа өтіп бара жатып, оған
жалынышты көзімен қарады да:
- Қымбаттым менің Бьяртур! – деді ақырын баяу үнмен. — Аясаңшы
жас төлді.
Сиырды өзінің оңаша қоршауына байлады да бұзауын қасына
қалдырды. Əбден кеш болып, енді жұрт ұйқыға жинала бастаған. Ал
əйелдер сүйкімді жас бұзау туралы əңгімені əлі де жабыла жалғастырып,
хуторда жас төлдің пайда болғанына қуаныштарын баса алмай, бейшара
сиырдың аман-есен бұзаулап, бəрі де сəтті болғанын жасыра айтып жатқан
кезде Бьяртур бұзау туралы əңгімені бастады:
Əттең, алдағы жексенбіге дейін уақытымның жоғын қарашы! Немесе
бұзаудың былбыраған жас етін Фьордқа алып барып, сатып келер едім.
Келесі күні бұлар үй-ішімен уыз ішті. Ең бір жақсы күндер туды. Енді
олар Букодлға шеттерінен сүйсіне қарайтын болды. Ал ол таңертең
бұрынғыдай жалғыз өзі емес, өзін айналып шапқылайтын бұзауын ертіп
алып, аяғын тез əрі жеңіл басып, өріске қарай кетіп бара жатты. Сиырдың
өзіне салса, оған ендігі жерде есіркеп-мүсіркеудің де, еркелете мəпелеудің
де қажеті жоқ сияқты. Ол бұзауын түрткілеп, маза бермейтін балалардан
неғұрлым тезірек ұзап кетуге тырысады. Сиыр бұзауымен бірге өте алыс
кетіп, тау етегіне барып, алаңсыз жайылатын болды. Енді ол адамдарға
тəуелді емес сияқты. Ал бұған дейін Финнаның қамқорлығын қатты қажет
ететін Енді адамдардан қашқақтайтын болды. Кешке таман Финна айдап
қайтуға келгенде Букодла оған бейне бір бейтаныс біреуді көргендей
қарайтынды шығарды. Бірақ Финна оған еш ренжімейді. Өйткені ол ана
болу қуанышын оз басынан талай рет кешірген. Əбден жақсы біледі. Ана
болу адамды аспандата ардақтатады, өзге нəрсенің бəрін де ұсақ-түйек
нəрсе ретінде төмендете түседі. Ал Финна мұны əрқашан терең сезінеді.
Финна сиырдың кешкі сауымда сүтті тым кем бере бастағанын
Бьяртурға айтудан тартынып жүрді. Өйткені ол бұзауды күні бойы байлап
қойыңдар деп бұйыра ма деп қорықты. Финна сиырдың ұзақ уақыт
жалғызсырап күйзелгенінен əрең дегенде құтылған шағында енді оның
жанындағы жалғыз серігі - бұзауынан біржола айырылуы мүмкін-ау деген
ой түскенде төбе шашы тік тұрғандай шошып кететін.
Күн жексенбі еді. Таң жаңа ғана атқан. Мұндай күні əдетте Бьяртурдан
басқалардың барлығы да ұзақ ұйықтайды. Ал ол үшін күндердің бірбірінен ешқандай айырмасы жоқ. Тіпті мереке күндері де таңмен таласа
оянып, əр түрлі жұмыстармен айналыса бастайды -бір нəрсені тыңнан
жасайды, енді бір нəрсені жөндеп жүреді. Бүл күнгі таңда ол үстіңгі
бөлмеге түсіп-шығатын тесіктен көтеріле беріп: "Немене, бүгін бүл
үйдегілердің бəрі қырылып қалғаннан сау ма өзі?" деп дауыстап сұрады.
- Мұның қалай, сен өзің жексенбі күні де маза бермей, қыспаққа
алмақсың ба? - деп, баж ете қалды Фрида кемпір.
- Бұзаудың ішек-қарны есік алдында жатыр, - деді Бьяртур. Жаңбырдың астында қалып, бүлінсе бүліне берсін десеңдер, өздерің
біліңдер, əрине. Мен оның жас етін алып, Фьордқа кеттім.
Бүл күні Финна жатқан орнынан тұра алмады. Қабырға жаққа
аударылып түсіп, теріс қарап жатты. Ауырып қалды. Халбера əже, Фрида
кемпір, балалар - бəрі де өре түрегелді. Бұзаудың жып-жылы ішек-қарны
табалдырықтың сырт жағындағы астау ыдыста əлі буы бұрқыраған
қалпында жатыр екен. Ал Бьяртур көтерем кəрі Блесиге мініп, шалшықты
балшықты кеше-меше шығысқа қарай кетіп бара жатты. Ердің екі жағында
көпестің жылы-жұмсақ қуырып жеуіне арналған жас ет салынған
қоржынның екі басы көрінеді.
- Бұл əлі біздің бəрімізді де тап осылай бауыздайтын болады! - деді
Фрида кемпір. Ол балағат сөздерін əдейі есіттіре қатты дауыстай жүріп,
ішек-қарынды тазалауға кірісті, жуа бастады.
Аң-таң қалған балалар саусақтарын ауыздарына салып, мына жағдайға
мұңая қарады, басқалардың айтқан сөздерін ден қоя тыңдады.
Қайран Букодланың бұзауы!.. Балалар оның əрбір жас нəрестеге тəн
ұқсас қимылын, көзқарасын естеріне алды. Ол кеше ғана бұларға еркелей
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 23
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.