Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 03

Total number of words is 4168
Total number of unique words is 2360
34.6 of words are in the 2000 most common words
49.6 of words are in the 5000 most common words
56.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ол иесі Бьяртурдың əлдебір нəрсеге ашуланғанындай болғанын көріп, мына
қойлардың бақайларынан тістеп, өш алып беруге бекінгендей. Ал,
шындығына келгенде, Бьяртур жаңа заманның рухымен жігерленіп, өз
елінің ешкімге тəуелсіз, азат бостандықтағы азаматы болуы жөніндегі
алыстағы арманын аңсаған адам сияқты болып, берік шешімге бел буған
еді. Осы өңірге өзінен бұрын келіп қоныстанған ұрпақтардың бəрі де тап
осындай болған сияқты көрінген еді оған.
- Колумкилли! - деп бір рет айқай салды да өзінің ешнəрседен
қорықпайтынын білдіре сақ-сақ күлді. Сөйтіп итіне жекіре бір балағат сөз
айтып болып, былай деді: - Бəрі де шылғай өтірік! Əлдебір сайқымазақ
біреудің кəрі-құртаң кəрілердің бастарын қатырып, ойдан шығарған түкке
тұрғысыз бос мылжыңы ғана.
ҮШІНШІ ТАРАУ
НЕКЕ ҚИЯР ТОЙ
Жаз жайлауға қоныс аударар көші-қон күндері* Исландияда жасыл
шөптің қаулап өсіп, бой көтеретіні сонша - қолыңа орақ ал да ора бер. Бұл
кезде қойдың қоңы көтеріліп, семіре бастайды; көк шалғын биіктей түсіп,
көл бетіндегі қарауыта қураған ескі бұталарды көрсетпейді. Мұндай кезде
өмірдің өзі де құлпырып, жайнап сала береді. Тап осындай кезде үйленген
бəрінен де жақсы.
Ескі үйлердің орнындағы үйінділер əлдеқашан тегістеліп, атжалман
тышқандардың інінен тазартылған жерде салынған жап-жаңа үй түр - бұл
Бьяртурдың хуторы, яғни Жазғы мекен. Тас əкеп төгіп, ойылған шым
жеткізілгеннен кейін үйдің қабырғалары қаланып, арқалық мəтке салынды,
сырғауылдар орнатылып, шатыр жабылды, қабырғалардағы қуыс-қуыстың
бəрі мүкті жеммен бітелді, пеш салынып, темір плита орнатылды, түтін
тартатын мұржа көтерілді - үй салынып бітті деген, міне, осы! Ол бұл
маңайдың көрінісін көркейте түсіп, сəнін кіргізді
Неке қияр той Нидуркот хуторында, қалыңдықтың ата-анасының үйінде
өткізілді. Тойға келген қонақтардың басым көпшілігі тау етегіндегі тап осы
сияқты хуторлар мен асудың оң жапсырыла салынған хуторлардан
келгендер еді. Ол хуторлардың əрқайсысының жанындағы көгалды кесіп,
шағын өзен ағып өтеді. Одан төменіректе шалшықты батпақ жайылып
жатады, оның орта шенімен ағысы баяу өзен одан əрі кете береді. Егер
ондай хуторларды бірінен кейін біріне барып, аралай берсеңіз, олардың
бəрі де бірдей аталатын сияқты көрінер еді. Олардың тұрғындары да
бірінен-бірі аумайды, тағдырлары да бірдей. Еш жерде болмайтын
құбылыс! Мысалы, Нидуркот хуторының қарт тұрғыны Тоурдурды алайық.
Ол өзеннің ағысы күшті жеріне шағын су диірмен салып алуды, сөйтіп
айнала төңіректегі шаруалардың арпасын тартып, үн етіп, өзіне нəпақа
табуды көптен бері армандаушы еді. Сол арманына əрең дегенде жетті.
Бірақ тап сол кезде, бейне бір қасақана қырсық шалғандай, елеулі жаңалық
болды - Исландияға бұрынғыдай бітеу дəн емес, дайын үн əкеліне бастады.
Жұрт оны жапа-тармағай жабыла сатып алысты. Көктем шыға таң
қараңғылығы сейіліп, жарық түсе бастаған кезде Тоурдурдың балалары
диірменнің жанында ойнауды ұнататын; сол күндердің көгілдір ашық
аспаны олардың есінде мəңгі қалып қойған да болар, сірə. Қарттың ол кезде
жеті баласы бар еді. Қазір олардың бəрі туған жерін тастап, бет-бетімен
тарап кеткен. Екі ұлы алыс жақтың жат теңіздерінде жүріп, суға кетіп əлді,
бір ұлы мен бір қызы ит арқасы қияндағы алыс Америкаға кетіп қалды.
Дегенмен де, шамасы, бір елде, бір жерде тұратын, сіңірі шыққан кедейкепшік туыстарды бір-бірінен бөліп жататын қашықтықтан алыс ешнəрсе
жоқ шығар. Қарттың екі қызы тұрмысқа шығып, таяу маңдағы балықшылар
кенішінде тұрған еді, бір қызы шиеттей бала-шағасымен жесір қалды;
күйеуі көкжөтелден қаза тапқан жəне бір қызы қазір діни қауым ұйымының
асырауымен күн көреді... Өмір деген опасызың, міне, осындай.
Шалдың кенже қызы Роза əкесінің үйінде олардың бəрінен ұзақ тұрды.
Ол ақырында Утиредсмиридегі старостаның үй қызметшісі болып істеді.
Хуторда қарт ата-анасы мен олардың үйіне кірген сексен жастағы бір
кемпір ғана қалды. Ол кемпірдің пəтерақысы мен күнкөріс қаржысын
жергілікті діни қауымның ұйымы төлеп тұрады.
Міне, бүгін Роза тұрмысқа шықпақшы. Енді оның үй қызметшісі болып
істеуіне тура келмейді. Ертең əке-шешесінің үйінен ол да кетеді. Олардың
қарауында кішкентай диірмен ғана қалады... Өмір деген опасызың, міне,
осы.
Бьяртур бала кезінен-ақ орталық үлкен елді мекенде тұрып келсе де
оның таныстарының көпшілігі алыс хуторлардағы кедей-кепшік жандар
еді. Олардың ешқайсысы да сауда-саттықпен айналыспайтын, Бьяртур
сияқты тек қой соңында жүріп күн көретін. Көпшілігінің өмірі өле-өлгенше
солай өтетін. Тек ілуде біреуінің ғана əл-ауқат жағдайы жақсарып, кəдімгі
жəшікке ұқсас, шатыры кеңірдек буылтықты темірмен жабылған ағаш үй
тұрғызып алуға шамасы келетін. Ондай үйлерде уілдеп өтпе жел соғады да
тұрады, сыз қаптап, зəктеніп кетеді. Өтпе желден сарыпқа душар болсаң,
сыз бен зəктен өкпе ауруына шалдығып, көкжөтел болып тынасың.
Шаруалардың көпшілігі өздерінің ондай лашығының қабырғаларын ең
болмаса бес жылда бір рет жаңғырта жөндеп алуды армандаумен өтеді. Рас,
тамаша өмір үлесін армандаушылар əр хуторда-ақ жетіп артылады. Олар
əлдебір белгісіз тылсым тəсілмен жоқшылық атаулыны жеңіп шығар күн
туар ма еді деп, жүздеген жылдар бойы тəтті қиялға берілумен келеді,
өзіміздің хуторларымыз, ғажайып қоныс-жайларымыз болып, тамағымыз
тоқ, көйлегіміз көк болатын күнге жетер ме екенбіз деп армандаудан
жалықпайды. Бұл - кедей шаруалардың ғасырлар бойы аңсап келе жатқан
арманы. Олардың кейбіреулері ондай арман аспанның арғы қабатына
көтерілгенде ғана орындалатын шығар деп ойлайды.
Бұл өңірдің адамдары қой өсіруді мақсат етіп, Фьордтағы саудагеркөпес Тулиниус Иенсенмен (Брунимен) сауда жасасуды ғана білетін. Ал бір
ғана адам, староста ғана, өз қойларын Викаға алып барып сататын. Өйткені
ол жерде өз қойларының бағасын өзі белгілейтін. Соған қарағанда, жұрт
оны, шамасы, сауда фирмасының тең ортақ иесі болар деп ойлайтын.
Бруниден несие алудың өзі зор сəттілік саналатын. Алайда саудагеркөпес шаруаға арнап есеп ашты дегенше-ақ оның көзіне мүлде ақша
көрсетпейтін. Бірақ мұның есесіне көпестің қамқор қолтығына енген
бойда-ақ ол бейшара қыстан ө1йтіп-бүйтіп əйтеуір бір аман шығатынына
қалай да сенімді болып, онша уайым жемейтін. Өйткені өз отбасын асырау
үшін одан несиеге қара бидайдың ұнын, екінші сортты кепкен балық,
сондай-ақ кофе алып тұратын. Соның өзінде көктемнің көк өзек шағында
күніне бір-ақ рет тамақтануға мəжбүр болатын Ал өзінің ықыласы түскен
адамға Бруни тіпті жер сатып алуына да көмектесетін. Сөйтіп кешегі шаруа
енді хутор иесі болып шыға келетін – дұрысын айтқанда, мұндай дəрежеге
ол қарызынан толық құтылып, салық квитанциясының түбіртегіне ие болу
жəне жергілікті діни ұйымның мүшелері тізіміне ену арқылы ғана жететін,
ал өлгеннен кейін оның есімі марқұмның қай шежіреге жазылуы тиіс
екенін анық білу үшін шіркеудің кітабындағы тізімге енгізілетін.
Ондай адамдар өздерін құлмыз деп есептемейтін, жалпы кедейлер
бұқарасының ерекше тобымыз деп білетін. Олар өздеріне өздеpi ғанa
сенетін, өзіміздің ең басты ірі капиталымыз ешкімге тəуелсіз дербестігіміз
деп санайтын. Олар шынында өз күштеріне өздері кəміл сенетін, өздерінің
іскерлік қабілетін жоғары бағалайтын, аздап ішкілік ішіп алғаннан кейін
ежелгі сагалар мен өлең-жыр жолдарын жарыса жатқа соғатын. Олар
темірдей берік ерік-жігерінің арқасында ешқандай да қауіп-қатер
кедергілерінен қорықпайтын. Алайда оларды ешкім де күнделікті ішіпжемін ғана күйттеуден ары бара қоймайтын қайдағы бір мейірімсіз
материалистер деп ойлай да алмас еді. Олар көптеген ежелгі
аллитерациялы* өлең-жырларды жатқа білетін жəне оларды өз ырғағымен,
екпінімен нəшіне келтіре шебер орындай алатын. Ал кейбіреулері тіпті өз
жандарынан да өлең шығаратын - өздерінің достары туралы, машақаты мол
ауыр тіршілігі туралы, қайдағы бір қауіп-қатерлер, табиғат туралы
жырлайтын, аспанның арғы қабатында ғана орындалуы мүмкін неғұрлым
жарқын бақытты күндер туралы армандайтын, тіпті мөлдір махаббатты да
ұмыт қалдырмайтын (рас, ол кезде махаббат тақырыбын жырлау ерсі
саналатын). Солардың қатарында Бьяртур да өлең шығаратын. Шаруалар
ақылынан адасып, алжаса. бастаған əпенділеу, қылжақбас шалдар мен
кемпірлер, дарақы пасторлар туралы білетін талай оқиғаны əңгіме ететін.
Олардың рухани басшысы саналатын дін қызметкерлерінің өзі де қалжыңға
құмар болатын, бірақ ол арсыз ақымақ та, алаяқ алдамшы да емес еді.
Сондықтан да олар пастор Гунмундур туралы толып жатқан қызықты
əңгімелер айтатын. Оның үстіне, олар бұл пасторға қойдың тамаша
тұқымын шығарып бергеніне ерекше риза болатын. Ол бұл тұқымды діни
қауымның өзі басқаратын ұйымы шеңберінде шығарғандықтан "пастор
Гудмундур тұқымы" деп аталып кеткен. Солай бола тұрса да пастор өзінің
уағыздарын айтқан кезде ұйымға мүше шаруалардың қойдың бұл тұқымын
шектен тыс жақсы көріп кеткендіктері сонша, тіпті құдіреті күшті
Жаратқан Иеміздің өзін ұмытып бара жатқанын қайта-қайта айтып, ұдайы
ескерту жасаудан жалықпайтын. Қалай дегенде де пастордың шаруаларға
жасаған жақсылығын елеусіз қалдырудың жөні жоқ еді. Ол шығарған
қойдың тұқымы анау айтқан тым ірі болмаса да өте мықты əрі суыққа
тезімді екендігімен жоғары бағаланды. Сондықтан да шаруалар пасторды
қатты құрметтейтін жəне оның оны-мұны қылжақбас қылығына
кешіріммен қарайтын.
Пастордың ойынша, адамдардың Құдайды ұмытып, одан бойларын
аулақ салуына ақыл-парасатпен тереңірек ойланып, о дүниеге барғанда
жандарын жазадан құтқарудың қамын жеуден мақұрым қалып бара
жатқанына қойдың жаңадан шыққан жақсы тұқымы, оған деген ынтаықыластың күшеюі ғана кінəлі емес, сонымен қатар шаруаларды жазадан
құтқаратын құдіреті күшті Құдайдан - бірден-бір нағыз ақиқат діннен
бездіріп отырған осы Утиредсмиридің билеуші бибісі, қазір жұрт "фру" деп
атап кеткен адуын əйелдің жасап отырған əрекеттері де кінəлі. Ендігі сөз
сол əйел туралы.
Бұл фру Вика қаласынан шыққан шіріген байдың қызы еді. Ол сондағы
қыздар мектебінде оқып, тəлім-тəрбие алды. Содан соң Йоун атты бір бай
хутордың қожасына тұрмысқа шықты. Ондағы басты мақсаты селолық
өмірдің қуанышына құмарын қандырып, рақаттана лəззат алу еді. Ондай
ғажайып өмір шетелдік кітаптарда, əсіресе Бьлрнстьерн Бьлрнсонның
шығармасында керемет суреттелген болатын. Ол кітаптарды əкесінің
үйінде, одан соң қыздар мектебінде жүргенде оқыған еді. Күйеуге тиіп,
екіқабат болған кезінде оған Исландия топырағына алғаш рет аяқ басқан
ізашар Ингольв Арнарсон түсінде аян беріп, оның ұл табатынын, оның
атын Ингольв деп қоюды айтқан екен. Фру өзінің жасау мүлкі қатарында
күйеуіне құны жиырма мың ақша тұратын жер, сондай-ақ жылжымалы
мүлік ретінде өзінің мұралық үлесін де ала келген болатын. Ол кең даламен
шектесіп жататын аңғарда тұратын шаруаларды бүл дүниеде бəрінен де
жақсы көретінін айтып, күмəнсіз сендіретін жəне шетсіз-шексіз кең далада
өмір сүріп, жасыл шалғынды жазирада өлуден өзге ешқандай зор бақыттың
жоқ екенін реті келген əрбір ыңғайлы сəтте дəлелдеп бағуға тырысатын.
Фру бұл округке түгелдей рухани нұр сеуіп тұратын тұлғаға айналды. Ол
осында əйелдердің жергілікті одағын құрды жəне оның алғашқы төрайымы
болды, астаналық орталық газеттерге селодағы тіршілік тұрмыстың
ғажайып сұлулығы туралы мақалалар мен өлеңдер жіберіп тұрды, сондайақ табиғат аясында өткізілетін өмірдің ғана адамдарды тəн сұлулығы мен
жан сұлулығы сияқты ғажайып игілікке бөлей алатынын жазумен болды.
Ол Исландия өсіп-өркендеуге құқықты əрі лайықты бірден-бір кəсіп түрі
жекеменшікті ұсақ қолөнер деп санады. Бұл ретте оның өзі қолдан
жасалған қарапайым ағаш өрмектің өзімен де көздің жауын алатын көркем
бұйымдар тоқи білетін. Сондықтан да ол əйелдер одағының астанада өткен
съезіне делегат болып сайланған да еді. Онда жекеменшікті ұсақ кəсіпшілік
туралы жəне қазіргі аумалы-төкпелі ауыр кезеңде Исландия халқының
басына төніп тұрған қауіп-катерден құтқаратын күш тек селолық жерлерде
пайда болуы мүмкін моральдық құндылықтар туралы мəселе жан-жақты
талқылаған еді.
Жылдың ауыспалы мезгілдері мен көгілдір таулардың құбыла өзгеріп
тұратын сұлу көріністерін Утиредсмиридегі өз үйінің терезелерінен қарап
отырып-ақ сүйсіне шынайы бағалай білуге тек осындай əйел ғана қабілетті.
Фру ондай сұлулық туралы алуан түрлі жиындарда осы өңірді өздерінің
жазғы демалыстары кезінде арнайы аралап көруге келген туристерден бір
де кем емес шабытпен жігерлене сөйлеп бере алады. Ол табиғат аясында
жұмыс істеуді аса пайдалы дене шынықтыру деп санайды. Оның үстіне,
мұның бəрі де туып-өскен жер аясындағы тамаша табиғатты суреттеуге тіл
жетпейтін ғажайып жаттығу болып табылатынын айтады. Сондықтан да ол
тіпті, өзінің ойынша, атқаратын ауыр жұмысы да, жұмсалатын ақшалай
шығыны да жоқтың қасы кедей шаруалардың жағдайына қызыға да,
қызғана қарайтын. Оның күйеуі, ірі-ірі құрылыстар салдырамын, жер
суландыртамын, ауылшаруашылық машиналарын сатып аламын деп жүріп,
қарызға белшесінен батып қалды. Қазіргідей қиын заманда батырақ
жалдауға кететін қыруар шығын тағы бар. Ал шаруалардың шынымен
толық бақытқа жетуі үшін бір сағат ерте тұрып, бір сағат кеш жатуы,
жұмысты жан-тəндерін сала істеуі тиіс екені белгілі. Əл-ауқаты жақсы
дəулетті адамдар өздерін ілуде бір рет қана бақытты сезіне алады, ал кедейкепшіктер, анда-санда болмаса, барлық уақытта дерлік бақыттымыз деп
біледі. Əлдебір кедей шаруа үйленіп, некесін қидырған соң аңғарға барып
қоныстанса, фру онымен "рухани етене қауышып кетеді", тіпті оның
"басқан ізін сүюге құлықты болады". Бьяртурдың неке қияр тойын өткізуі
үшін жұрттың емін-еркін сыйып, жайғасып отырып, кофе ішуіне,
құттықтау сөз сөйлеуіне, əңгіме-дүкен құруына болатын кең шатыр тіктірді.
Шаруалар əуелі аулаға келіп, жиналып тұрды: біреулер үйдің
босағасына таяу, енді біреулері қабырғасын жағалай сүйеніп тұрды. Олар
насыбай иіскеп, бет-ауыздарын тыржита үсті-үстіне түшкірініп, күйеу
жігітпен əңгіме құрды. Əңгіме арқауы мұндай көктем кезіндегі
қалыптасқан ескі əдет бойынша, қойдың əр түрлі аурулары еді. Қойдың
таспа құрты шаруалардың атам заманнан бергі ең қауіпті жалмауыз
жауының бірі саналатын. Ал қазір иттерді дұрыс емдей бастағалы
бəлекеттің беті қайтқандай-ақ еді. Бірақ соңғы кезде қойға бұрынғыдан да
бетер қауіпті құрттың тағы бір түрі - өкпе құрты пайда болыпты. Таспа
күрт туралы əңгіме əлі де болса көбірек айтылып жүргенімен мына жаңа
қатер жөнінде көктем сайын жаппай сөз ету етек алып барады.
- Мен баяғыдан бері айтып жүрмін ғой, - деді Гильтейгадан келген
Тоурир. - Егер қыс кезінде қойыңды іші өтіп, сатқан болудан сақтай білсең,
ешқандай да қауіп жоқ. Тіпті таспа құрт қойдың танауынан салбырап тұрса
да қорықпаңдар, ең бастысы - жануардың ішкі сарайының, ішек қарнының
сау болғаны керек. Ішек қарны сау мал көктемнің көгін жақсы қорытады.
Менің осы сөзім дұрыс емес десеңдер, айтыңдаршы, қане...
- Иə, дұрыс айтасың, - деді күйеу жігіт, - қазір ажал аузында жатқан
урдарсельдік Тоурарин де тап осылай деген еді. Оның бүл мəселеден
хабары күшті ғой. Жас қозылар сатқан бола бастасымен оларды насыбай
темекісімен емдеуге кіріскенін көргенмін. Əлі есімде, осыдан бірнеше жыл
бұрын мен оның үйіне қонып қалған күні ол маған кейбір қыс кезінде жас
қозыларға бір атым насыбайдың төрттен бірін жегізгенін айтқан болатын.
Қозыдан темекі үнемдегеннен гөрі, қантты былай қойғанда, кофеден
үнемдеген əлдеқайда жақсы.
- Рас, мені біреуге үлгі болар өнегелі қожайын деп ешкім ешқашанда
санаған емес, - деді əдетте псальмдар мен еске алып, жоқтау өлеңдерін
шығарумен аты кеңінен мəлім болған шыққан ақын Ундирхлидтен келген
Эйнар. - Менің байқауымша, өз қара басының ғана қамын жеп, құлқынның
құлы болған адамдар үшін өте қиын болатын түрі бар. Тағдыр оларды
бейне бір тəлкек ететін сияқты. Егер қозыны жем-шөппен аман алып
қалудың сəті түспесе, темекінің күшімен аман алып қаламыз деу - құр
далбаса. Білмеймін, бəлкім, бəлекеттің беті қайтқан кей жағдайда
насыбайдың да пайдасы болатын шығар. Бірақ, қалай дегенде де, темекінің
аты темекі, ал жем-шөптің аты жем-шөп қой. Солай емес пе?
- Бұл жерде айтылған əңгіменің бəрі де дұрыс, шынайы шындық, - деп
сөзге араласты Истадальден келген Оулавюр. Ол барынша тез, əрі ащы
дауыспен шəңкілдеп сөйледі. -Жем-шөптің жөні бөлек, оған ешнəрсе де
жетпейді. Бірақ жем-шөптің де жем-шөбі бар. Солай ғой? Мұны жұрттың
бəрі де біледі. Мал дəрігерлерінің газеттерде не. жазып жатқанын
білесіздер ғой. Олардың жазуына қарағанда, əлгі жем-шөптің өзінде қарғыс
атқыр микроб деген болады екен. Таспа құртың да, өкпе құртың да содан
пайда болып, бірте-бірте көбейіп кететін көрінеді. Микроб микроб болып
қала береді. Осы уақытқа дейін бірде-бір таспа күрт, бірде-бір өкпе құрт
микробсыз пайда болған емес. Мұны білмейтін ешкім жоқ. Сонда əлгі
микроб жем-шөптің өзінде болмағанда қайда болады? Мен осыны сұрап
тұрмын Айтыңдаршы, қане!..
- Қайдам, бұл сұрағыңа не айтарымды білмеймін, - деп ескертті
Таурарин. – Біз əйтеуір жем-шөпті қойға берерде абайлап, мұқият
іріктейміз. Балаларымызға да Құдай жолынан ауытқымауды, сақ болуды
үйретеміз. Сөйтсек те, қайдан екені белгісіз, қойдың ішінен құрт шыға
келеді. Мұндай жағдай жануарларда ғана емес, адамдарда да кездеседі.
Ал əйелдер жағы үйдің ішінде өсектің өртін өршітіп отырды. Əңгіме
əкесінің шаңырағында оң жақта отырып қалып, бүкіл шаруашылығын
жүргізген гилтейгалық Сдейник туралы еді. Ол өткен аптада босанған
болатын. Əйелдердің біреуі оған арнайы барып қайтқан көрінеді - олардың
некесіз бала туған əйелге барып, қызмет көрсетіп, көмектесуге əрқашан
құлшынып тұратын əдеті. Əсіресе алғашқы апта солай болады. Баланың
əкесі кім екенін білгенше тыным таппайды. Бейшараның толғағы өте ауыр
болыпты, ал шарананың əлсіздігі сонша, тіпті тірі қалуының өзі екіталай
көрінеді. Əңгіме қыза келе əйелдердің əрқайсысы өздерінің қалай толғатып,
қалай босанғанын, қаншалықты қиналғанын, ауру баланы бағып бастары
қатқанын айтып кетті. Қазір ешкім де денсаулығым мықты деп мақтана
алмайды ғой. Шешек, оба сияқты сұмдық ауру соңғы кезде кездеспейтін
болғанымен, қайдағы бір сырқат түрлері көбейіп кетті. Біреудің жанын
көзіне көрсете тісі ауырса, енді біреудің тұла бойына бөртпе шығады,
жүрегі ауырған, буын-буыны ісіп, сырқырайтын, қараптан-қарап жүріп, бір
нəрсеге соқтығып жараланған, ауа жетіспей тынысы тарылатын, онымен
қоймай, жөтел қинайтын, кеудесі шаншығанда шыдай алмайтын, алқымы
ісіп кетіп, мазасын алатын ауру түрлері қаншама десеңізші. Ішегі
шұрылдап, іші кеуіп азап шегетіндер де аз емес. Соның бəрінен де жаманы
жаныңды да, тəніңді де қажытатын, əбден əлсіретіп титықтататын "жүйке
ауруы" шығар, сірə.
Утиредсмиридегі бас бəйбіше əлгіндей əңгімелерден құлағы сарсыған
соң ақырын жылыстап, сыртқа шықты да ауладағы еркектердің арасына
барды. Мұндағы əңгіменің сиқы қандай екенін көріп, "Тоқтаңдар түге!"
деп, тыйып тастады. Еркектер жым болды. Бас бəйбіше келісті келген
денелі, көзілдірік киген, беті жап-жалпақ, еңгезердей ірі əйел болатын - бір
қарағанда Рим папасының суретіне ұқсайтын. "Көктемнің мақпалдай
жұмсақ мынадай маужыраған тамаша күнінде, - деді ол, өзінің сүйікті
көгілдір тауларын, шайдай ашық аспан, көк шалғынға оралғалы тұрған кең
жазираны қолымен кезекпе-кезек нұсқап, сендерге жөні түзу əңгіме
табылмай қалды ма сонша? Араларыңда бүкіл аймаққа белгілі екі бірдей
скальд (жырлайтын, өлең оқитын ақын) тұр емес пе?! Олар - бүгінгі күйеу
бала мен Ундирхлидтен келген Эйнар. Оның үстіне, бұлардың арасында
Истадальдан келген Оулавюр де тұр. Бұл - ғылым десе ішкен асын жерге
қоятын əуесқой əрі "Халық достары" одағының мүшесі. Көктемнің
мынадай көркем көрініске толы əсем табиғатының аясында адамдарға
алуан түрлі небір ғажайып, асқақтаған ұшқыр ойлар келмеуші ме еді!?"
Бірақ бұл əйел бар жерде бүл өңірдегі бірде-бір скальд өлеңдерін оқудан
өлердей бас тартатын. Оның өздеріне деген ыстық ықыласы мен достық
ниеті де олардың тіршілігінің табиғи түріне əрқашан сүйсінуі де иліктіре
алмайтын. Өйткені оның жылы шырай білдірмек болып күлімсірегенінің
өзінен бейне бір сірескен мұз басып жатқан теңіздің салқындығы сезіліп
тұратын. Оның үстіне, мына екі скальд пен Утиредсмиридегі бас
бəйбішенің ой-пікірлері өзара түсінісе алмастай бір-бірінен тым алшақ
болатын. Бас бəйбіше ұлы ақындарды сүйіп оқитын əрі село тұрмысының
өзіндік ерекшелігінен барынша рақат табатын. Ол бүкіл əлемді ашса,
алақандарында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған Құдайдың құдіретіне
құлай сенетін. Құдай кез келген заттың бойынан табылады, ал адамның
міндеті барлық істе де Құдайдың тура жолының бұрмаланбауына барынша
жəрдем жасау болып табылады деп білетін. Бірақ о дүние туралы жұмған
аузын ашпайтын. Ал пастор (шіркеу басшысы) оның мұндай қылығын
пұтқа табынудың тікелей көрінісі деп айыптайтын. Эйнар өмірге сын
тұрғысынан қарайды. Ол өзінің дүниеден қайтқан жерлестері туралы ғана
жоқтау өлеңдер жазады, ал діннен болашақта Құдай кедейлерді де əйтеуір
бір мүсіркеп, жарылқайтын болар деген үміт күтіп, өзін-өзі жұбатуға
тырысады. Бірақ пастор Эйнардың шығарған өлеңдерін діни қауымның өз
ұйымына мүшелерді жерлеу кезінде оқуына тыйым салып тастаған
болатын. Өйткені діни ілімнен хабары жоқ қатардағы қарапайым
шаруалардың жұртқа танылған белгілі псальмашылармен бой таластырып,
бəсекеге түсуіне жол беруге болмайды ғой. Бьяртур болса, халық
поэзиясына тəн ежелгі халықтық рухқа жақын еді, оның үстіне, əркім
йомсборгтік Берноут немесе Борнейяркаппи сияқты викингтер* жəне басқа
да ерте замандағы қаһармандар сияқты өз күшіне, өз қабілетіне сенетін
адамдарды жоғары бағалайтын. Ол өлең жазудың ережелерін ежелгі заман
ақындарына еліктеп үйренген болатын жəне өлеңнің өзінің ішкі ырғағы
сақталмаса, оны өлең деп санамайтынды шығарды...
Бұл үйге келе жатты. Ол ырс-ырс етіп, ентіге қиналып біреудің
демеуімен атынан зорға түсті. Пастор дене пішіні сұлу тұлғалы, ұзын
бойлы сұрғылт жүзді, ақ шашты, түсі суық əрі тік мінезді қатал адам
болатын. Ол біреудің айтқан пікіріне ешқашан қосыла қоймайтын. Бұл
жерде оның назарына бірден іліккен ақын əйел - бас бəйбіше болды. Бұл
оның көңіл-күйін көтере қоймады, кайта су сепкендей басты.
- Мен мұнда шақыртқандарың бекер-ақ болған екен, - деді ол - Бұл
жерде халық алдында суырылып шығып, менен де жақсы сөйлейтін жан
бар екен ғой.
- Оныңыз рас, - деді, мəз бола ыржиған Бьяртур. Сөйтті де оның атын
шылбырынан ұстап, байлауға алып бара жатты. - Бірақ біздің некемізді сіз
қиып, махаббатымызды сіздің заңдастырып бергеніңізді қалаймыз.
- Қайдағы махаббатты айтасың? - деп міңгір ете қалды да пастор үйге
қарай бет алды.
Ол неке кию рəсіміне дейін кофе ішіп алғысы келетінін айтты.
Пастордың уақыты тым тығыз екен - бүгін күн сенбі, біреудің баласын
шоқындыруы, одан қала берсе, діни қауымның өзіне тəн тіркелген
ұйымына, осы жерден солтүстікке қарай едəуір қашық Сандгилдегі
шіркеуге баруы керек. - Мен сендерге кітапта жазылған дұғалардан өзге
ешнəрсе де айтпаймын. Менің неке тойына арнап сөз сөйлеуім жетеді енді!
Өйткені қазіргі жастар еш нəрсеге бет қаратпай, ойланып-толғанып жатпай,
асығыс-үсігіс үйлене салады, ал шын мəніндегі христиан некесінің қандай
болуы керек екенінен бір түйір де түсінігі жоқ. Мұның ақыры не болады?
Оны өздерің де көріп жүрсіңдер. Мен бір-бірімізді сүйеміз, күйіп-жанып,
өліп барамыз деген он екі жастың некесін қидым. Ал қазір солардың бəрі
де ырың-жырың болып, ажырасып кетті - діни қауым ұйымының мойнына
масыл болып алды. Ондай жастарға арнап сөз сөйлеп, діни уағыз айтудың
өзі артық! - Ол басын маңдайшаға соғып алмас үшін екі иіліп барып, ішкі
кірді.
- Аздан соң старостаның əйелі ұлттық киім киіп, сəндене түскен
қалыңдықты шатырға алып кірді. Қалыңдық жан-жағына көзінің қиығымен
ғана қарап қойды, бір түрлі қысылып тұр. Олардың соңынан топырлаған
əйелдер, ит жетектеген еркектер кірді. Ең соңынан үсті-басындағы киімі
уқалана мыж-мыж болған пастор келді. Оның кофе ішіп болғаны да сол еді.
Бұл кезде қалыңдық Роза жиырма алты жасқа толған болатын Ол
дөңгелек жүзді, қызыл шырайлы, сүп-сүйкімді қыз еді. Көп сөйлемейтін
ұяң мінезді, көзін қылиландыра қарайтыны, жұп-жұмсақ томпиған, орта
бойлы тұлғасы өзіне жарасымды-ақ. Ол өзінің алжапқышына қадала
қараған бойы көзін жоғары көтерген жоқ.
Шатырдың ішіне шағын үстел қойылды. Ол шіркеудегі мехрабты
алмастырғандай. Пастор оның жанына тұрып алып, дұға жазылған
кітабының беттерін қайта-қайта аударыстырумен болды.
Жұрттың бəрінде үн жоқ. Құстардың сайраған дауыстары ғана естіледі.
Бір кезде əлдебір сүйкімсіз дөрекі дауыстар неке тойында айтылатын
псалом əуенін бұзып-жарып, жарыса бастап кетті. Əйелдер көздерінің
жасын сүрте бастады.
Пастор қалтасын олай шарлап, бұлай шарлап, сағатын зорға тапты.
Тоқтап қалған сағатын күйеу жігіт пен қалыңдықтың тап тұмсығы астына
тақап тұрып бұрады да, қайта жүргізді. Неке қию рəсімін бастап, кітабында
жазылған дұғаларды оқуға кірісті. Енді псалом айту тоқтатылды. Пастор
өзінің борышын өтеу барысында екі жасты құттықтаған болды. Сөйтті де
іле-шала күйеу жігітке қарап, одан өзінің байлаулы атын шешіп əкелуге
біреудің кеткен-кетпегенін сұрады, уақытының тым тығыз екенін тағы да
қайталады. Бьяртур атты алып келуге зор ықыласпен тұра жөнелді, ал
əйелдер жағы қалыңдықты тұс-тұсынан қоршап алып, бетінен сүйіп,
құттықтауға асықты.
Енді кофе ішудің қамын ойластыру керек болды. Бір-біріне жалғастыра
қойылған үстелдердің екі жағына ұзын-ұзын отырғыштар қойылды да
қонақтар дастарқан басынан орын алуға шақырылды. Старостаның əйелі
үйленіп жатқан екі жастың жанына отырды. Пастор кете салысымен
қымбат бағалы тəтті мейіз қосып пісірілген бəліштер, жұқа жайылып,
қуырылған қытырлақ бауырсақтар табақ-табағымен жеткізілді, еркектер
жағы танауларына насыбай иіскеп, əңгіменің бетін тағы да малға қарай
бұрды. Кофе келтірілді. Алғашқыда едəуір үнсіздік орнады. Меймандар бар
ынтасымен кофеге зор баға берді -біреулер төрт шыны аяқ, енді біреулер
сегіз шыны аяқ кофе ішті. Мейіздің майда сүйегін əр ауыздың тістері
шықыр-шықыр шайнағаны естілді.
Бьяртур жүзі бал-бұл жанып, қуанышы қойнына сыймай, ақжарқын
көңілмен меймандостық тынытып отырды.
- Кофені көбірек ішіңіздер, - деді ол - Өзіміз ұнтақтап, өзіміз
қайнатқанбыз. Дəмді-ақ өзі.
Ақырында жұрттың бəрі де кофені мейірлері қанғанша ішіп болды.
Сырттан балықшы құстың бір түрі - кроншнептердің шик-шик еткен даусы
келді құлаққа. Бұл кез - олардың махаббаты оянатын шақ. Редсмиридің бас
бəйбішесі орнынан көтерілді. Оның Рим папасы сияқты айбынды, маңғаз
да тəкаппар тұлғасы меймандардың арасында ерекше көрінеді. Ол
көйлегінің қалтасына қолын сүңгітіп жіберді де толтыра жазылған əлдебір
қағаздарды суырып алды.
Осы бір салтанатты сəтте екі жас жүрек бірін-бірі қалап, қосылған
шақта, өзінің бірнеше жылы сөз айтпаса болмайтынын ескертіп етті.
Өздерінің отан алдындағы, ең алдымен құдіреті күшті Құдай алдындағы
қасиетті де құрметті борыштарын өтеу үшін өздерінің тағдырын бірбірімен байланыстырып, үлкен өмірге қадам басқалы отырған екі жастың
некеқияр тойында олардың болашағына нұр шаша шешіле сөйлеу, бəлкім,
менің емес, басқа біреудің міндеті де шығар. Ал ондай қасиетті міндетті
атқаруды Құдайдың өзі жүктеп қойған жан бойын аулақ салып, жылыстап
кетіп қалған соң, несі бар, менің өзімнің шағын да болса құттықтау сөз
сөйлемеуге лажым жоқ дегенді айтты. Мұны өзінің парызы деп біледі екен.
Өйткені бір-бірімен бұрыннан-ақ туыстас болып кеткен сияқты бүл екі жас
оның үйінде шын беріле адал қызмет етіпті, күйеу баланың қой бағып келе
жатқанына он сегіз жыл болыпты! Ал олардың ерлі-зайыптылар ретінде
өмірдің ұзақ сапар ақ жолына аттанып бара жатып, менің бір ауыз жылы
сөзім мен ақыл-кеңесімді естімей кетуің көз алдыма тіпті де елестете
алмаймын деп барып, бір тоқталды. Оның Құдай берген табиғи мінезінің
өзі осындай: ол еңбек сүйгіш шаруаны, оның бойыңдағы ғажайып сұлу
қасиеттерді мадақтаудың қандай да болса мүмкіндігін босқа жібермейді.
Рас, мұның езі алғашқыда қалада өсті. Алайда Құдай сəтін салып, шаруаға
тұрмысқа шықты, шаруаның əйелі болғанына тіпті де өкінбейді. Өйткені
көркем табиғат Құдайдың жаратқан игілікті нəрселерінің ішіндегі ең
жоғары дəрежеде тұр. Табиғаттың аясында өткен əмір - ең жақсы, жанжақты жетілген өмір. Онымен салыстырғанда былайғы өмірдің бəрі бос
əурешілік, шаң-тозаң басқан, іріп-шіріген тұл тіршілік қана.
- Қала тұрғындары, - деді фру, - табиғат-ананың бізге арнайтын тамаша
тып-тыныш ғажайып сыйы туралы не түсінеді? Ондай ғажайып өмірге
кенелгенше адамдар өздеріне қайдағы бір абыр-сабыр, əуре-сарсаңға толы
өткінші өмірден жұбаныш іздеумен болады. Олар мазасыздана тыным
таппайды, қас қағым сəттік қызыққа ұмтылады, өз тəндерін өздері үздіксіз
сылап-сипаумен болады, сырт көзге əдемі болып көрінуге тырысады, əр
түрлі сəнқойлыққа салынады, түкке тұрғысыз бос қызықты қуалайды. Ал,
село тұрғындары көсілген кең дала мен жасыл желек жамылған жазиралы
шалғынды жерде тұрады, тап-таза жұпар иісті ауаны көкірек кере емінеркін жұтады. Осының өзінен-ақ олардың жаны мен тəніне жаңадан
əлдебір тың күш-қуат пайда болады. Табиғат аясында түсті кілемдей
құлпырып, село тұрғындарының, аяқ астында жататын көркем көріністің
өзі неге тұрады! Оның бойында сұлулық сезімін күшейтіп, əлдебір хош
иісті дүниеге бөлемей ме? Міне, жер-ананың жанға жайлы, жібектей
жұмсақ лебі есіп, мүлгіп тұрған тыныштықта дем алғанның өзі қандай
рахат десеңізші! Ойдым-ойдым ойпаттар, биіктен құлаған сарқырама сулар,
көгілдір таулар жастық шақтың ұмытылмас жан достары сияқты эсер
қалдырады. Біздің тауларымыз қандай құдіретті, қандай көркем! Жүрек
қылын асқақ та абзал асыл тұлға сынды əрі күшті, əрі шебер шертетін
ешнəрсе де жоқ. Таулар аңғар-аңғарды мекендейтін бізді жан-жағымыздан
қоршап, қамқорлықпен қорғап тұрады, олар біздің өзімізді де барлық əлсіз
атаулыны аяп, аялауға үйретеді. Өздерің айтыңдаршы, - деп сұрақ қоя
сөйледі фру, - бүл дүниеде жайқала өсіп тұрған, мен айтар едім,
періштелердің жанарындай жарқырап, биік көк аспанға қадала қарап,
тұнып тұрған түрлі-түсті гүлдер жауып жатқан тау аңғарларынан асқан
қандай қызық əрі тұп-тұнық керемет тыныштық бар? Олар адамдарды
бейнебір табиғат-ананың құдіреті алдында бас иіп, оның шексіз
сұлулығына, ақыл-парасатқа толы жарасымды болмысына жəне мейірге
толы шынайы махаббатына табынуға шақырып тұрғандай емес пе? Міне,
оның шын мəніндегі жəне жан-жақты ұлылығы да осында.
Орта ғасырларда өткен серілер əлсіздерді қорғап, оларға пана болған
еді. Ал біздің неге тап солар сияқты ізгі іс-əрекеттер жасамауымыз керек?
Ақын əйел бұл жерде əлсіздер деп өздерінің мүмкіндігі жеткіліксіз,
өзгелердің көмегіне мұқтаж адамдарды айтып түр еді.
- Ал сонда қақаған қысқы суықта малға күтім жасаудың өзі де тамаша
ізгілікті іс емес пе? Менің аузыма бір сөздер түсіп тұрған кезде мен саған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 04
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.